Жел жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта, жоғары қысымды аумақтан төменгі қысымды аумаққа қозғалысы. Бриз (француз тілінде жеңіл жел) теңіз, көл жағалауында соғатын жел



жүктеу 13.26 Kb.
Дата16.05.2022
өлшемі13.26 Kb.
#19962
жел

Жел – жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта, жоғары қысымды аумақтан төменгі қысымды аумаққа қозғалысы.Бриз (француз тілінде – жеңіл жел) – теңіз, көл жағалауында соғатын жел. Құрлық пен су үстіндегі ауаның біркелкі жылынбауынан пайда болады. Тәулігіне бағытын екі рет өзгертіп отырады. Күндіз теңізге қарағанда құрлық тез жылынады. Құрлық бетіндегі ауа қызып, ауа қысымы төмендейді. Су бетіндегі ауа салқын, тығыз болады да, ауа қысымы жоғарылайды. Ауа қысымы жоғары аймақтан, төменгі аймаққа қозғалып, жел соғады. Бұл – күндізгі бриз.
Түнде су жылы болады. Оның бетіндегі ауа жылы, қысымы төмен болады. Құрлық тез суып, оның бетіндегі ауа салқындайды, қысымы жоғары болады. Жел құрлықтан теңізге қарай соғады. Оны түнгі бриз дейді.
Муссон (араб. муссон – маусым) – бриз сияқты тұрақты жел. Бұл желдердің бағыты қыс пен жаз айларында байқалады. Қыста құрлық қатты салқындап, жоғары қысым орнайды, теңіз жылы, қысым төмен болады. Жел жазда теңізден құрлыққа, қыста құрлықтан теңізге қарай соғады. Өздерің байқап отырғандай, жел өзінің бағытын жыл маусымдары бойынша өзгертеді. Сондықтан жазғы және қысқы муссон деп аталады. Муссондар – Еуразия материгінің Тынық мұхит жағалауларына тән, табиғи құбылыс.
Аңызақ – ауа ылғалының тапшылығынан қалыптасатын ыстық ( +20˚C+25˚C) және құрғақ жел. Жылдамдығы 5 м-ден 15-20 м/сек.қа дейін өзгеріп отырады, ылғалдылығы 30%-дан төмен болады. Көбінесе, Қазақстанның оңтүстік аудандарында, әсіресе, Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала, Каспий маңы ойпаты, Маңғыстау, Үстірт өңірлерінде жиі әрі ұзақ болып тұрады.
Дауылдар – жылдамдығы 30–50 м/сек-қа дейінгі аса қатты сұрапыл желдер. Олар көбінесе тропиктік циклондар құрамында кездеседі. Теңіздер мен ірі көлдерде (мысалы, Қазақстандағы алакөл желі) дауылдар кейде құйын аралас сұрапыл толқынды су қозғалысын туғызады.
жүктеу 13.26 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет