Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін



жүктеу 0.99 Mb.
Pdf просмотр
бет9/9
Дата14.01.2017
өлшемі0.99 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Динара мӘліК

Өлең – сӨздің патшасы 

Ұмытылмас әсер қалдырған жолаушы ойы...

Музейдің ашылуы ордалық тардың 

өміріндегі үлкен оқиға, санасындағы 

ояну болды. Жәңгір хан қала жоба-

сында салдырып, өз кезіндегі  алдыңғы 

қатарлы біраз жаңалықтарға бастаушы 

болған мекен, бұл кезде патшалық 

кезеңнен өтіп, дүбірлеткен революция-

ны да артқа қалдырып, кеңестік жарқын 

болашақ үшін жұмыла еңбекке кіріскен 

кезде, 1952 жылы жерінің көлемді бөлігі 

әскери полигонға беріліп, Орда ауданы 

таратылып, полигонға берілген жердегі 

колхоздардың халқы басқа аймақтарға 

көшіріліп, Орданың қара басы  жай ғана 

кент болып қалған еді. Содан бергі он 

жылдың ішінде түп көтеріліп көшіп кет-

пегенмен қызмет бабымен амалсыздан, 

оқуына, тұрмысына байланысты  деген-

дей қоныс аударушылар шықты. Сондай 

жағдайда өлкелік тарихи музейдің ашы-

луы жергілікті халыққа, әсіресе үлкендер 

жағына ел қайтарғандай әсер етті. Жұрт 

өзінің қолындағы тарихи құжаттарын, 

маңызды деген дүниелерін өздері әкеліп 

өткізді. Исатайдың найзасы сияқты 

құнды жәдігерлерді сақтаушылар да 

бар екен. Бірнеше жылдың ішінде 

бірнеше көрме ауыстыруға жеткендей 

қор жиналып, бұл қоғамдық  музей де-

ген ауқымнан асып кетті.  Сондықтан 

енді оны  мемлекет қаржыландыратын 

болып, бірнеше адамға штаттық  орын 

берілді. Әуелі ғылыми қызметкер болған 

Шарап Сиранов, кейін музейдің жалақы 

алып қызмет істеген тұңғыш директоры 

болды. 


1990 жылы Ордаға Нұрсұлтан 

 Назарбаев келді. Бұл бірінші келуі. 

Әрине, музейде болған. «Орданың  тари-

хи музейінен зор әсер алдым. Өз жерінің, 

өз елінің тарихын, атақты азаматта-

рын құрметтей білу  деген халық сана-

сезімінің өсуіне себеп болмақ. Орда 

жұртшылығына, музей қызметкерлеріне 

зор  бақыт, табыс тілеймін. Назарбаев. 

1.09.1990ж.» деген қолтаңбасы музейдегі 

кітапта тұр.

Сол келгенде халықпен кездесу 

өткізген. Бәріміз де білеміз, ондай кез-

десулер протокол бойынша жүреді 

ғой. Сондықтан протоколдан шығып 

кететіндерді ондай жерге жақындатпауға 

тырысады. Шәкеңнің де кедір-бұдыр 

кездері болушы еді. Сондайын байқап 

қалған кейінгі жастар қонақты айна-

ла қоршап жол бермейтін көрінеді. 

Олардың да жұмысы ғой енді... Сол 

жердегі келеңсіздікті байқап қалған 

Нұрекеңнің өзі «Ақсақалдың мәселесін 

тыңдайық» деп бұрылыпты. «Бұл 

халықтың ойындағы нәрсе. Орда қай 

заманда да, басына қандай жағдай туса 

да мәселесін өзі шешіп отырған ел. 

«Ұлыққа пара берме, бара бер» дейді. 

Көктем кеп, көк майсасын төсеген бе,

Гүлдер өлең оқып тұр көшелерде!

Жиырма төрт жыл жүрегім жайқалғалы,

Қанша көктем қалды екен пешенемде?!

Көктем кеп, көгерткен бе айналаны,

Қыз-ғұмыр қыр басында ойланады.

Көбелек-көңіл құрғыр алып-ұшып,

Көктемнің бұрымына байланады.

Гүл-әлем, шымылдығын ашқаны ма,

Көркемдік, қонап алды аспаныма.

Түннің ғана исі шығушы еді-ау,

Күннің исі сіңіпті шаштарыма!

Шынымен, қанат бітіп ұшқаным ба?

Ғашық боп қалсам қайтем, қас-қағымда?

Әр сәулесін кеудеме құйып тұрмын,

Айырбастап ала алмай басқа мұңға.

Көктем кеп көк майсасын төсеген бе,

Гүлдер өлең оқып тұр көшелерде!

***

Бір жұлдыздың сәулесіне жалғанып,



Жерге түскен бір өмірді жалға алып.

Саған ғашық болған екем, қайтейін,

Бұйырмаған тағдырыңа алданып.

...Бір өткінші нөсер болып селдетіп,

Дала дертін мөлдір сумен емдетіп.

Кетіп қалсам, сөніп қалсам деп едім,

Ешкім білмес жалғыздықты әндетіп...

Ошағымда мені күткен жар қалып,

Ол адамға жалғыз өлең арналып.

Оқып тұрсам сені сүйген қыздарға,

Саған жазған жүз өлеңді қолға алып!

...Сосын, сосын кінәласын Жарық Күн,

Түн ішінен таң іздеген ғаріппін.

1962 жылы 15 желтоқсанда орда-

да өлкелік тарихи музей ашылды. 

Бұл нағыз жаңалық еді. музей 

деген үлкен қалаларда, зәулім 

ғимараттары бар орталықтарда 

болады деп, ойымызда лувр, пра-

до, Эрмитаждар тұратын кез ғой. 

ал біздің музей клубқа жапсар-

ластыра салынған кітапхананың 

бір бөлмесінде ғана орналасты. ең 

қызығы, оның басшысы  ахметфай-

ыз Юсупұлы тәжетдинов бізге ариф-

метикадан сабақ берген байырғы 

мұғалім еді. музейдің директоры 

да, қор жинау мен сақтаушысы да, 

экскурсоводы да өзі. Ұзын бойлы, 

селдіреген шашы аппақ, әжімді 

бетіндегі  кішкене көздері әрбір 

оқушыға, енді әрбір келушіге 

мейіріммен қарайтын, музейдегі 

әрбір нәрсеге тікелей қатысы бардай 

көрінетін бұл кісінің өзі де  музей-

ата болатын. Көптеген құжаттар мен 

фотосуреттерді, тарихқа қатысы бар 

бұйымдарды музейге өткізген де 

өзі. өйткені осы ордадан музей ашу 

керек,  бұл жердің тарихы ерекше, 

оны уақыт өткен сайын тереңірек 

түсінесіңдер, бірақ уақыт өткен сай-

ын елдің қолындағы тарихи құнды 

нәрселер жоғала береді деп, әртүрлі 

дәрежедегі әкімқараның мазасын 

алып жүрген екі ақсақал – осы Фай-

ыз атай мен Қазақстанның еңбегі 

сіңген мұғалімі, әдебиетке терең

өлкенің тарихын жақсы білетін 

ғұмар зарипов  болатын. алғашқы  

қордың негізін салған да осылар 

болды. Бұлар орданың тірі тари-

хы болатын. өздері мұғалім, осы 

өлкенің әрбір баласына  туған жерге 

адал, беріле қызмет етудің үлгісін өз 

еңбегімен, өмірімен көрсетіп өткен 

зиялы адамдар еді.

мұражай: жадының жаңғыруы

Қ

ұрақ көрпе



Қ

ұрақ көрпе



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

Бара беруге бізге астана алыс, тіпті 

облыстың өзі қазір алыстап кетті. Де-

генмен, біз осы елдің халқы болған 

соң, еліміздегі жаңалықты, болып 

жатқан уақиғаларды уақытында біліп 

отырғымыз келеді. Сондықтан өзіміздің 

Қазақ телевидениесін үзіп-жұлып 

көшіріп емес, өзіміз тікелей көруге 

жағдай жасасаңыз». «Оны ақылдасуға 

болады. Тағы не?» «Басқа ештеңе жоқ. 

Семейден Нарынға дейін тура жол тарт-

са Қазақстанды диагонал бойынша кесіп 

өтетінін өзіңіз де білесіз ғой... Аман 

жүріңіз». 

1975 жылы Орал облысына хат-

ш ы   б о л ы п   М ұ с т а х и м   Б і л ә л ұ л ы 

Ықсанов  келді, – деп әңгімелейді 

Шәкең. Жаңа хатшы облыс аралау-

да алғашқы бағыттың бірінде Ордаға 

келіпті. Ол кісінің өңірдің тарихын 

жақсы білетініне, кейбір мәселелерді 

ашық айтатынына таңғалдым. Денелі, 

салмақты, артық сөзі жоқ адам екен. 

Экспозицияны  қарап келе жатып: 

«Мынау кім, бұл жерде неғып тұр?» 

деп қалды. Қарасам, Панченконың 

суреті екен. Музейлік деректер бойынша 

түсіндіруге кірістім. «Ол деректеріңіз 

қате, мұндай адамдар тұратын болса 

бұл музейдің ешқандай мәні болмайды, 

алып тастаңыз» деді. Хатшы болса да 

музейдің өз тәртібі болады ғой, абыр-

жып қалдық. Алды ауыр адам-ау деп 

қалғам. Бірақ музейдің ішіндегі қазына 

сақтайтын бөлікті көргенде мүлде 

өзгеріп, жас баладай қызықтап, «Ой-

пырмай, мына қабырғаның қалыңдығы 

метрдің маңайында ғой, кірпіштерінің 

арасынан ұстара өтпес, мынадай 

есікке  мынау сияқты кілт пен белтемір 

құятын ұсталар қазір жоқ қой. Мы-

надай қазынашылық қойма болса бұл 

өңірдің сол кездегі қаржы айналымын 

біз дұрыс шамалай алмай жүр екенбіз» 

деп, кәдімгідей тәптіштеп қарады. Осы-

ны пайдаланып музейдің біраз ша-

руасын айттым. Жөндеу жұмыстары, 

штатты өсіру, қор  жинау үшін қаржы 

мәселелерін зейін қоя тыңдап, кейін 

көмектесті. Шекаралас орыс облыс-

тарымен қарым-қатынасты тұрақты 

ұстауға кеңес беріп, қажет болса еркін 

хабарласуды ескертті. «Мұнда Ғұмар 

Қарашев бар ма?» деді кенет жағалай 

қарап келе жатып. Бар, ол Бөкейлік 

ақын, өнерпаздардың арасында, ілгеріде 

көресіз. Біртүрлі қуанғандай, риза 

болғандай көрінді. Тарихтан болсын, 

шаруашылықтан болсын шын білгісі 

келген жанашырлықпен сұрақтар қоя 

жүріп асықпай аралады. Арасында ойла-

рын айтып, кеңестерін бере жүрді. Елім 

дегенде шын мазасызданып тұратыны 

байқалды. Ақырында «Бұл тарихты 

жазып жүрген, назар аударып зерттеп 

жүрген адам бар ма?» деп сұрады. Мен 

ондай адамды білмейтінімді айттым. 

«Мұны жазу керек, жаздыру керек» деді 

қоштасарда. 

Ол халықты сыйлайтынын, елін 

сүйетінін, тарихын құрметтейтінін кейін 

өз еңбегімен көрсетті. Өзі  қызмет ет-

кен оншақты жылда Оралды мүлде 

жаңа қалаға айналдырды. Лауазымды 

халықтың қажетіне, елдің игілігіне 

пайдаланудың үлгісін көрсетті, деп 

Ықсановтың  ұлтжандылығын, әсіресе 

халықтың тарихына, өнеріне деген  

ерекше ықыласын және соларды жоғары 

дәрежеде талдай білетінін риза бола 

отырып айтатын.  

Ашылған кездегі қор жанашыр-

лар дың ықыласымен жиналған бол-

са, кейін қаржының бөлінуіне қарай,  

қажет орталықтарға іссапарға шығудың, 

сондағы музейлерден, мұрағаттардан 

б ө к е й л і к к е   қ а т ы с т ы     қ ұ ж а т т а р , 

жәдігерлер алудың жолы ашылды. 

Көптеген нәрселерді сатып алатын 

мүмкіндік туды. Жаратылыстану-гео-

графия пәні бойынша мамандығы  осы 

жерде пайдаға асты. Музейдің  жұмысы 

тек қор жинап, соның  көрмесімен 

таныстыру емес. Шынын айтқанда, 

музейлік мәдениетті қалыптастыра 

білудің өзі де осы мекеменің өз мой-

нында болды. Көршілес аудандарға, 

облыстарға  көрме-лекциямен шығу, 

мектептермен байланыса отырып та-

рихи, эстетикалық сабақтар өткізу 

музейдің маңызын жоғарылатып, таны-

лу ауқымын кеңітуге себеп болды. Со-

нымен бірге ол директордың жұмысын 

да көбейтті. Жан-жаққа тарап кеткен  

бөкейліктермен байланыс орнату, ер-

терек өткендердің өздерін немесе үрім-

бұтағын іздестіру сияқты жұмыстар да 

қызметтің бір саласы болатын. Сон-

дайда  аймаққа танымалдығы, ұстаздық  

тәжірибесі көп көмектесті. Кейін Орда 

мектебін бітірген балалардың арасынан 

музейде қызмет істеп, алдыңғылардың 

үлгісін жалғастырушылар шықты. Аман-

тай Хамзин, Шафхат Шәріп қалиевтар 

осы музей қабырғасынан шығып, қазір 

елдің сөзін сөйлеп жүрген қайраткерлер. 

Музейде қызмет еткен он  жылдан 

астам уақыттың ішінде Москва, Орын-

бор, Астрахан, Саратов  қалаларының  

мұрағаттарынан бөкейлікке қатысты 

қаншама деректерді әкелді. Соны-

мен бірге қаншама құжаттардың әлі 

қаншама уақытқа дейін жарыққа 

шығарылмайтынын біліп қынжылған 

к е з д е р   б о л д ы .   Б і р а қ   ж а у а п т ы 

қызметкер ретінде негізгі міндеті: 

халыққа мәдени рухани  тәрбиесін 

б е р у ,   к е й і н г і   ұ р п а қ қ а   т а р и х и 

құндылықтардың маңызын, әсіресе 

туған жердің қасиетін түсіндіру 

бағытындағы жұмысын музейдің ди-

ректоры кезінде де, кейін бұл орын-

ды өз еркімен босатып, қатардағы 

қызметкер болып қалғанда да үздіксіз 

жалғастырды. Шындығында, бұл 

үздіксіз ұстаздық еді. Мүмкін сол 

еңбектің жемісті болғандығы, ұрпақ 

тәрбиесі жұмысын музей мен мек-

теп біріге жүргізгені ордалықтардың 

ұлтжанды болып өсуіне әсер ет-

кен шығар. Өйткені тәуелсіздіктің 

алғашқы абыржыңқы жылдарында да 

Орданың халқы көбеймесе азайған 

жоқ. Мүмкін сондықтан да музейдің 

Шәкеңнен кейінгі директоры болып 

Темірболат Махимов тағайындалған 

болар. Былай қарағанда математиктің 

музейге қандай қатысы болуы мүмкін? 

Бірақ ол ең алдымен Орданың тумасы 

және патриоты болатын. Сонан соң  

тамаша ұйымдастырушылық қасиеті 

болды. Ұйымдастырушылық жұмысты 

математикалық есеппен жүргізетін. 

Сол себептен ол музей жұмысын 

жаңа, жетістікті деңгейге көтере білді. 

«Шәкең өзінің білігімен, беделімен 

музей қорын көбейткені соншалық, 

оларды таяудағы жылдарда көрмеге 

шығару мүмкін емес еді, өйткені  

біздің орнымыз тар болатын. Мен 

мәселеге осы жағынан келдім» дейтін 

Темақаңның өзі. Шыны солай. Ол му-

зей ғимаратын кеңітетін тетіктер тапты. 

Рухани құндылықтарды түсінетін және 

қолдайтын орта қалыптастыра білді. 

Инемен құдық қазғандай  еңбектеніп, 

Жәңгір ханның резиденциясының  

архитектуралық жобасын тауып, оны 

сол қалпында қайта көтеру керек 

дегенді әр деңгейдегі билікке жеткізе 

білді. Бұл пікірді қызу қолдаған, ба-

рынша көмектескен адамның бірі 

Өзбекәлі Жәнібеков болатын. «Орда-

ны ашық аспан астындағы музей жасау 

керек, ол үшін ең басты  қажетті нәрсе 

халықтың түсінігі мол екен» деген 

пікірді ел алдында айтып кеткен бола-

тын. Әрине, айту тез, іс ұзаққа созыла-

тыны белгілі. Бірақ іс басталды, қазір 

толық аяқталды. Бұл уақыттарда музей 

алғашқы атын өзгертіп «Бөкейордасы 

тарихи-музей кешені» атауымен 

2003 жылы Халықаралық  Музей-

лер Кеңесінің [ІСОМ] мүшесі болып 

қабылданып, Парижде тіркелді. 

Негізі бұл Орданың іргесін қалаған 

Жәңгір ханның  да музей жасау ниеті  

болған. Ол 1827 жылы Петербургте 

болып, сондағы музейлерді көргеннен 

кейін өз ордасында «қару-жарақ 

бөлмесін» ұйымдастыруды жоспар-

лайды. Сөйтіп, өзінің  ағайындарынан  

жәдігерлік құнды бұйымдарды, әулетке 

тиісті болған көне дүниелерді, әсіресе 

қару түрлерін жіберуді өтінеді. Кейін 

әртүрлі мақсатпен  Ордада болған  

саяхатшы, тарихшы, жылнамашы, 

тексерушілердің бәрі өз естелік жаз-

баларында ханның жұмыс бөлмесі 

есептелетін бөлмедегі әртүрлі әдемі, 

б а ғ а л ы   з а т т а р д ы ,   ә с і р е с е   А н н а 

патшайымның Әбілхайыр ханға 

сыйлаған алтынмен апталған, өте бай 

әшекейлі қылышынан бастап неше 

түрлі қарудың жиналғанын, оның өзі 

музей тектес екенін сипаттап көрсеткен.

Жәңгір хан біздің  әр кезеңдегі 

көзқарасымыздың ешқайсысына да сай 

келмейді. Ол хан болып туды, хан болып 

өлді. Ақ киізге салып хан көтерген орны 

күні бүгінге дейін бар. Ақыры уақыты 

келіп билікті қолына алғаннан кейін 

көздеген мақсатына жетуге қызмет етті. 

Сөз жоқ, Жәңгір қатал, қанаушы хан 

болды. Өйткені оның көргені, алған 

тәлімі солай болатын. Жалпы қатал 

емес, қарашасымен бірдей өмір сүретін 

хан бола ма екен?! Сол қаталдығымен 

және айлакерлігімен айдалаға қала сал-

ды. Көшіп-қонатын емес, қабырғасы 

қақырайған орда тұрғызды. Өз балала-

рымен бірге қара халықтың  да балалары 

қатар оқитын мектеп ашты, әрі сол 

мектептің балалары кейін қай қоғамда 

болса да өз еліне қызмет етті. Халқының 

денсаулығын бақылап отыру үшін адам 

емдейтін, малының жағдайын біліп 

тұру үшін малдәрігерлік мекемелер 

аштырып, оған жұмыс істейтін адам-

дарды оқытып дайындауға жағдай жа-

сады. Мал мен жанның  жағдайы үшін 

табиғатты сақтаудың мәнін түсініп, 

соны елге де түсіндіру үшін тұтас орман 

шаруашылығына бастаушы болды. 

Сол шаруашылық күні бүгінге дейін 

үзілмей жұмыс істеп келеді. Әрине, 

мұның бәрі: оқыған балалар, сауатты 

әрі дені сау халық, ауру-сырқаудан 

аман өскен мал, ауасы таза, тұрмысқа 

жайлы мекен ең алдымен ханның өзіне 

керек еді. Бірақ  «Хан – қарашаның 

тұсында» дегендей, қосшысы мен 

қолпаштауы болмаса, разы, наразы 

халқы болмаса, Хан да болмас еді. 

Сонымен айналып келгенде Жәңгір 

хан ордасы бар хандықтың нақты 

көрінісін қалыптастырды. Мүмкін 

ол аңыз қылғандай  алтынмен апта-

лып, күміспен күптелмеген болар. 

Бірақ  қазақ жеріндегі хандықтың 

белгісіне толық жарап тұр. Күні кеше 

өзіміз тойлаған Қазақ хандығының 

550 жылдығының тірі куәсіндей, 

Қазақстанның  еуразиялық кеңістікке 

тәндігінің нақты белгісіндей, еліміздің 

батысындағы ұлтарақтай хандықтың 

Ордасы қазақтың ғасырлардан жеткен 

сөзін тірілтіп тұр. Жәңгір хан көзінің 

тірісінде жетпеген биікке оның ісі жетіп 

отыр. Оның бастаған ісінің бәрі кейінгі 

ұрпақтың игілігіне қызмет етті. Өзі  

салдырған  ордасы түгелімен қалпына 

келтіріліп, бұдан екі ғасыр бұрынғы 

қалпында «Бөкей ордасы тарихи-

музейлік кешені» болып  көкжасыл ор-

ман аясында көз тартып тұр. Музей де-

ген  тарихи, рухани құнды бұйымдарды 

жинап, сақтап және солардың мәні мен 

маңызын халыққа эстетикалық  тұрғыда 

жеткізуші әрі кеңірек таратушы болса, 

бұл музей сол міндетін толығымен 

атқарып тұр. Бұған өз елімізді қойып, 

Ресейдің көршілес Астрахан, Са-

ратов, Волгоград (бұларға кезіндегі 

бөкейліктің біраз жері қосылып кеткен 

ғой)  облыстарынан келіп жататын 

өлкетанушылардың, оқушылардың, 

туристердің үзілмейтіні куә. 

Қазір  музей өзінің барлық мақсат-

міндетін толық атқара алатын дәрежеге 

жетті. «Хан ставкасы» кешеніне кіретін 

ғимараттардың бәрі тарихи қалпына 

келтіріліп, жоспарлы жұмыс істеп тұр. 

Музей өзінің  рухани жоспарларына 

қоса, біздің әр күніміз тарихтың еншісі 

деген түсінікте өзіндік өнегелі үрдістер 

қалыптастыруда. Сол ниетпен музей 

жұмысына ерекше еңбегі сіңген үш 

адамға ескерткіш тақта қоюды ұйғарды. 

Біріншісі – музей ашылған күннен 

бас тап бірнеше жыл бойы қоғамдық 

негізде жұмыс істеп, ордалықтарға 

шын мәнінде патриоттықтың, елі үшін, 

келер ұрпақтың игілігі үшін қызмет 

етудің үлгісін көрсеткен Ахметфай-

ыз Тәжетдинов. Екіншісі – музейді 

Халықаралық деңгейге көтеріп, шын 

мәнісінде «Хан ордасын»  құмнан ар-

шып алуға өлшеусіз еңбек сіңірген 

Темірболат Махимов. Үшінші – музей 

қорын өзі келген кездегіден бірнеше 

есе арттырған, музей қызметкерлерін 

тәрбиелеп қалыптастырған алғашқы ди-

ректоры, биыл туғанына 100 жыл толып 

отырған  Шарап Сиранов. Бұлардың 

бәрі де осы  жерде туып, осы топырақта 

есейіп ел қажетіне жарап, бар білімін, 

өмірлік білігін туған халқына қызмет 

етуге жұмсаған. Туған жерге туын 

тіккен азаматтар. Ел де сол еңбектерін 

ұмытпай еске алып, Ата деп, Азамат 

деп, Ақсақал деп құрмет көрсетуде. 

Жып-жылы сағынышқа толы құрмет. 

Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын құрмет. 

Өнеге боларлық құрмет.  

Батыс Қазақстан облысы

Ұлы Пирамиданы кім тұр ғыз-

ды? Шынында да, Атлантида мен 

Му континенті болған ба деген 

орынды сұрақ туындайды. 

П е р ғ а у ы н д а р д ы   ж ә н е 

бас қа да әмірлерді неліктен 

«Күн нің ұлдары» деп атаған? 

Біздің бабаларымыз космос-

тан «келушілердің» куәгерлері 

болды ма? Жердің өткендегі 

тарихында әлі де ашылмаған 

құпия сыр бар ма? Бұған Иоахим Палдың «Жұлдыздан 

келген адамдар біздің арамызда» (Мюнхен, 1971) 

деген кітабында келтірілген ғылыми болжамдар се-

беп болды. Автордың пікірі бойынша космостан 

келген меймандардың болуы әбден мүмкін. Себебі 

олар адам ойында «жатталып» мифтер мен эпикалық 

шығармаларда, аңыздарда бейнеленген. Иоахим Пал 

космостың араласуы туралы айтыс шеңберінде бұл 

«құдайлар» («жұлдыз адамдарын» ол осылай атайды) 

Жерде бір емес, қайткенде де одан көбірек болуы, 

белгілі дәуір ішінде олар қайта оралып, тағы да келуі 

ықтимал деген пікір ұсынады. 



Самалдық шөп – биіктігі 1 метрге жуық, біржылдық, 

шөптектес өсімдік. Сабағы тік өседі әрі қысқа, ұштары 

сүйір, шеттері бүтін, жоғарғы жағында қара қоңыр 

дақтары бар, бұтақтары көп, жапырақтары кезектесіп 

орналасқан. 

Гүлдері ақ немесе қызғылт түсті, 5 гүл жапы-

рақ шадан тұрады, жапырақтарының қуысына 

масақша тәрізденіп шоғырланған. Жемісі – 

жұмыртқа сықылды қара түсті жылтыр жаңғақша. 

Күз мезгілінде гүлдейді. Самалдық шөп өзендердің, 

арықтардың жағаларында, ылғалды жерлерде, 

арамшөп ретінде егістік жерлерде өсе береді. Дәрі 

жасау үшін оның жер бетіндегі бөлігінің жоғарғы 

жағын гүлдеген кезінде жинап алады. Құрамында 

К дәрумені, флавонды гликозидтер, эфир май-

лары, қоймалжың, илік заттар, С витамині бар. 

Өсімдіктің қан тоқтататын, несеп айдайтын, іш 

жүргізетін қасиеттері бар. Бас ауырғанда кісінің 

желке тұсына өсімдіктің жас шөбін басуға болады. 

Дене сыртындағы жаралардың жазылуын тездету 

үшін майдәрі жасап та пайдаланады. 

В ь е т н а м н ы ң   Ф о н г н я -

Кебанг ұлттық саябағында 

орна ласқан Шондонг үңгірі 

әлемдегі ең үлкен үңгір болып 

саналады. 

Оның тереңдігі – 200, 

ені – 150 метр, ал жалпы 

ұзындығы – 5 шақырымды 

құрайды. Алып үңгірдің көлемі 

– 38 миллион текше метрді 

құрайды. Шондонг вьетнам 

тілінен аударғанда «таулы өзен үңгірі» дегенді 

білдіреді. 

Ғалымдардың зерттеуінше, бірегей үңгір жерасты 

суларының жарықтар арқылы жер қыртысын үздіксіз 

шаюынан 2,5 миллион жыл бұрын пайда болған.  

Жергілікті тұрғындар  үңгірге 1991 жылы кез болды, 

бірақ үңгірді зерттеу жұмыстары 2009 жылы ғана Го-

вард Лимберт бастаған ағылшын спелеологтарымен 

жүргізілді.  



Бұрын Күн жүйесінде 9 пла-

нета бар деп келсе, қазір оның 

саны қысқарып 8 ғаламшармен 

шектелді. 

Бір ғалымдар оны планета 

деп атамауға бірқатар себептер 

барын айтса, кейбірі оның пла-

нета болуға лайықты тұстарын 

талдап беріп жатты. 1992 жылы 

шуға айналған тақырып «Плу-

тон неге планета емес?» деген 

сауал болатын. Бұл мәселенің қозғалуына да ергежейлі 

ғаламшардың басқа планеталарға қарағанда өзінің 

аймағында ғаламат нысан болып табылмайтындығы, 

яғни оның маңында осыған ұқсас бірқатар аспан 

денелері бар екендігі себеп болады. Жұртшылықтың 

болжамы бойынша, 2005 жылы Эрида деп аталатын 

Плутонмен аумағы шамалас транснептундық нысан 

табылған кезде, осы аспан денесінің де планета деген 

атқа лайықты болу ықтималдығы айтылады. Онда, 

«Плутонды планета деп атайтын болсақ, неге Эриданы 

да планета деп атамасқа?» деген сауал туындады. Тап 

осы тұста Эриданың ашылуына орай астрономдық 

бірлестік біздің ұғымда әлі күнге дейін «планета» де-

ген сөзге дұрыс анықтама берілмей келе жатқандығын 

ұғынды. 2006 жылы Халықаралық астрономиялық одақ 

Чехия астанасы Прагада өткен Жалпы ассамблеяда пла-

нетаны басқа нысандардан ажырату бойынша белгілерді 

талқылады. Аталған ассамблея мүшелері бірауыздан 

Плутонды планета деп санамауға шешім қабылдады.

ғАрыш


Денесі тышқан, қанаты – құс, 

Шешуін, кәне, ойлана түс. 

Сары атанның жүгі бар, 

Алатаудың шыңы бар. 

Сары атанның жүгі көп пе, 

Алатаудың шыңы көп пе? 

(Жарқанат)

жАсырДым жұмБАқ

қАйТАлАп көріңіз

Плутон неге ғаламшар емес?

қыр-сыры мол ДүнИе 

өсімДікТер әлемі 

әлемДе ТАлАй қызық БАр



Жер бақылауда ма?

Самалдық шөп 

ең үлкен үңгір

Құшағыма-ап кетсем бе екен даланы! 

Жарты жолдан, бұрылам ғой, о, тоба, 

Ақын етіп жарата ма ананы! 

Күндіз-күлкі, жаныңды арбар жалған-бақ, 

Мені қойшы, өлең қалай қорғанбақ? 

Ағыл-тегіл жылап алды ол, бүгін, 

Аспан жақты жалғыз өзі армандап... 

***

Жалғыз ғана бар еді ғой, шындығым,



түбіне тірлік жетті ме?

Қай қиырда жүр екенсің мұңлығым,

менсіз өмір тәтті ме?

Жалғыз ғана бар еді ғой арманым,

Тек періште күйінде.

Бұл өмірдің біліп тұрып жалғанын,

Бола ма екен сүюге...

Келер күндер жауабы жоқ жұмбақтай,

Қалсақ қайтем түйісіп?

Сен де тұрсаң, мен де тұрсам тіл қатпай,

Көлеңкеміз сүйісіп...

Келер болсаң бұл шаһардан кет алып,

(Сен жақтың да таңы осылай ата ма?)

Сенсіз өмір сүре алмаймын деп алып, 

...Әлі тірі жүр екенмін о, тоба?! 

***


Қала мені шамдарымен арбайды,

Бұл қалаға болмайды екен ар-қайғы.

Жарықтардың жанарына мұң сіңген,

Жанымды бір шарықтата алмайды.

Бұл қалаға керек екен махаббат,

Сезімім жүр суық қарды аралап.

Бір досым кеп, сезімімді жылатты,

Бір досым жүр тағдырымды табалап.

***

Шынымды айтсам – шырмалдым,



Мұңымды айтсам тыңдар кім?

Жұдырықтай ғаламда,

Лүпілдеген мен бармын!

Сүюге де үлгірмей,

күз келердей күлдірмей...

Құбылады-ау, дүние,

Құрығымда сыр бермей...

Төнсе бұлттар төбемнен,

Қара жерді көрем мен.

Тағдыр кетіп барады,

Табанымда түнерген.

Қайдан табам өзімді,

Ардай аңғал кезімді.

Жанымды шерге көндірген...

Қайғыға балап, шүкір күнімді,

Тағдырға телген бүкіл мұңымды...

Тілімнен шыққан тоғыз күнәмді,

Айтылып қалған күпірлігімді...

Өшіре алам ба кеудемнен?

***


Қыс та кетті өртеніп,

Құшағында көктемнің!

Құлап кетті еркелік,

Қанатына кептердің!

Сәуір сүйген армандар,

Мамырлаған таңдар бар!

Жып-жылы түн жүректер,

Жолығыспай қалмаңдар!

Аппақ-аппақ сезімдер,

Қара жердей төзім бер.

Оралмаса сол бір жан,

Үмітімді үзіңдер!

Керек емес ойланып,

Кетем десе Айға алып.

Жұмыр жерді жүз көрем,

Жүрегімде айналып.

Бұлтта болса тұрағым,

Жұртта қалса жыр-әнім.

Періштеге айналса,

Пенде кейіп сыңарым.

Келген жаңа көктемдей,

Өмір сүрсем кектенбей...

Жердің бетін сүйемін,

Жауымды да жек көрмей!

Арда қалсам биіктеп,

Арманымды ұқ, сүйіп кеп.

Аллаға паш әлемде,

Ақ некемді қиып кет.

***

Ерекше көңілдімін,



Алтын түске бояды көгімді кім?

Күтпеген сый көрердей

күмілжимін,

Келетін кезің бе еді сенің бүгін?

Ауамен тілдесемін,

Жыр жазуға асығам түнде несін?

Дала мені құшады әлсін-әлсін,

Кешір енді... жалғыздық күндемесін!

Сен бардай назданамын,

Саған жетер бірінші жазған әнім.

Мен сыйлаған бақыттың бәрін сезін,

Сен сыйлаған жетеді аз ғана мұң.

Ақ қардай алып-ұштым,

Сырын ұққым келді ме сағыныштың.

Қауырсын қанатымнан қалам жасап,

Жұп-жұмсақ жерге түсіп жаңылыстым.

Ал бүгін қуанамын,

Жанын жайған шыршалар куә, жаным!

Адам болып жүргенім қандай бақыт,

Ақ қар болып қайтадан туа аламын!

***

Гүлден де нәзік жанымның,



Керегін таппай жаңылдым.

От болып жанған өмірдің,

Шоқ болар сәтін сағындым.

Базары басым көңілдің,

Жүзіне қарап жеріндім.

Көппенен бірге күліп ап,

Елеусіз қалып егілдім.

Достың да білмей ниетін,

Сенім бар бірге жүретін.

Құдай-ау, бір жан бар шығар,

Күнәсіз келіп сүйетін!

Сезім жүр мені басқарып,

Ақыл тұр одан жасқанып.

Көзімде уақыт көктейді,

Барады өмір басталып.

Адалмын десем – пендемін,

Жаман да емен, сенбегін.

Күрсінгім келген... шүкірмін,

Жалғызбын десем, Елдемін.

Тағдырдан нені таба алдым?

Табайын десем таландым.

Еркекпен құны өлшенген,

Әйел боп қана жаралдым!

***


Анамның көз жасында іркілемін,

Мұңсыздау сұқтанды екен көркіне кім?

Жырымды жайнамаз ғып жайдым, Алла,

Құлыңның қабыл етші бір тілегін!

Әкемнің қиялында үзілемін,

Ілесе алар оның ізіне кім?

Өмірдің саусағынан сүйіп тұрмын,

Тірі боп одан қалай безінемін?

Әжемді әнге қосты дала бүгін,

Ғасырлар жазып алып даналығын.

Ақылымен есейтіп жіберді ме,

Жаулығына байланып бала күнім.

Ауылды аңсағанмен бара алмадым,

Жат жер үшін рас екен жаралғаным.

Қара жолда қалды ма аласарып,

Әке сенің аяулы ақ арманың?

Бүгінде неге сонша мұңданамын,

Табанында тозамын бір қаланың.

Жаныңның ауырғанын жаным сезді,

Осы екен ғой өмірде мұздағаным...

қыр басында ойланады

Ақ қағазға армандарым төгіліп,

Күндей ыстық күнәһар боп қалыппын... 

***


Мен гүлмін ғой,

Су құйып жүрші сезіммен.

Мен Күнмін ғой,

Көрініп тұрам көзіңнен.

Мен желмін ғой,

Алдыңнан шығам ұмтылып.

«Сағындым» дедің келдім ғой,

Жүрекпен бірге ынтығып.

Мен жыр екем,

Жазылмай жүрген түндерде.

Сүйген бір шақта тірі екем,

Сезініп сен де көрдің бе?

Мен жас екем,

Жан адам оны көрмейтін.

Өмір дегенің осы екен...

Жанарға сыймай сырғитын...

***

Қара жер де жүр ме мені кешірмей, 



Неге кеттім өз-өзімді түсінбей. 

Бірауыз сөз қалатындай айтылмай, 

Бір ұрттам су қалатындай ішілмей.

Сені сүю мендік сырдың құны ма? 

Сені сүю тар ғұмырдың шыны ма? 

Мен өмірге бара жатсам жұтылып, 

Сен жүректің шығып алдың шыңына!

Бір сен үшін жаратқандай көркімді, 

Елесің кеп, ұрлап алды еркімді. 

Бір-ақ жұтым ауа жетпей тұрады, 

Өзің келіп емдейтіндей дертімді...

Бір-ақ қадам алға баспай тұрамын, 

Жарық ғалам, сөндірердей шырағын! 

Кінәм менен күнәм кетті күрмеліп, 

Сен шығарсың бұл өмірде сынағым...

***


Ерік берсе, жыр жазар ем көз ілмей, 

Алғаш рет ақын болған кезімдей. 

Ей, тәкаппар!  

Ей, аяулы қарт-ғасыр, 

Болмысымнан жүрмін әлі безінбей. 

Жыр жазар ем, жұрттың бәрін таң қылып, 

Тауларды да, бауларды да ән қылып. 

Қазанымды айырбастап қаламға, 

Кетер едім ен далаға қаңғырып. 

Өлең шіркін, болар ма едің, тым аппақ, 

Кетсек пе екен, көшсек пе екен, жырақтап. 

Соңғы демде сөйлермісің сезім боп, 

Жүрегімде қалармысың тұрақтап. 

Ошағыма жарды тастап, баланы, 

Адамдарға тән болған соң жаңылу,

Жүректерде болады екен жабығу.

Бұл қалаға керек екен мен құсап,

Бір адамды, бір жүрекпен сағыну!

Керек екен бұл қалаға жылылық,

Дала туған, ана туған ұлылық.

Қызыл гүлдер бүршік ашса қыста да,

Аппақ қардың жалғыздығын ұғынып.

Ал, көктемдер серік болса күзге ше?

Жылы жаз кеп, желтоқсанды іздесе.

Бұл мезгілдер қосылмайды ешқашан,

Біздің тағдыр сондықтан да өзгеше.

Біздің қала содан болар суықтау,

Сіздің қала содан болар тұйықтау.

Құмарымды сезсең, жаным шегі жоқ,

Қиялымды керек шығар құлыптау…

***

Қара жолдар, сені сүйсін маңдайым,



жүректегі сәбиімді алдайын... 

Маған қарай әкелмесең жетелеп

Біліп берші сол адамның хал-жайын...

Қай қиырға тиді екен табаны, 

Мекен етіп, жүр ме осы қаланы...

Жолдар... жолдар...

жырларымды құшақтап, 

Көз-жасымнан үміт жасап алады...

Әкелердей сол бір жанның дерегін,

Жол бойына жаутаң қаға беремін...

Көшелерде көше алмаған күлкім жүр,

Сенсіз осы бар ма менің керегім...

Бір хабарың жететіндей елеңдеп, 

ғұмырымды ұзартамын «келер» деп.

Сағынышым хатқа айналып жауапсыз, 

Сенен бұрын алар ма екен Жер емдеп... 

***

Пендеге керектің бәрі бар,



Әйелмін, баласы, жары бар!

Адам боп жүремін ақылды,

Жан екем жалғанда бағы бар.

Бақытты болуға талпынып,

Ешқашан болмады жарты үміт.

Түн сайын тілеймін тыныштық,

Күн сайын атады таң күліп.

Қуантқым келеді барлығын,

Өзім боп күледі әр күнім.

Құдай-ау қалайша жүре алам,

Жүректің тыңдамай жарлығын?

Жүректің мазасыз шақтары,

Жанымды өртейді оттары.

Сенгісіз сезімдер бар онда,

Белгісіз қай кезде тоқтары.

Ақынның жуырда Алматы қала-

сындағы «Арна» баспасынан жарық 

көр ген «Ақ тілек» атты жыр кітабын 

оқы ғаннан кейін осы ойымызды 

орнықтырғандай болдық. Ақынның 

бұл кітабына негізінен Елбасы, Елор-

да, туған жер, өскен өңір, көрнекті 

қоғам, өнер қайраткерлері және асыл 

ана, елге еңбегі сіңген ел азаматтары 

туралы арнау жырлар енгізілген. 

Сондай-ақ, ақын жайлы белгілі 

ақындар мен қоғам қайраткерлерінің 

арнау жырлары мен жылы лебіздеріне 

де орын берілген.

Кітаптың «Елбасы, Елорда, 

елім жайлы» деп аталатын алғашқы 

тарауындағы өлеңдерінде ақынның 

ел мүддесі жо лындағы Елбасы 

атқарған аса ірі жұ мыстарға деген 

шынайы ризашылық, мақтаныш 

сезімі айқын аңғарылады.

...Бар жақсымыз жағымды,

Елбасымен танылды.

Жарқыраған ғажайып,

Жаңа Астана салынды.

Елбасы мен халық бір,

Бірге қуат тауып тұр.

Бірге туып жұлдызы,

Көкте биік жанып тұр, – деп 

толғайды ақын «Елбасы мен халық 

бір» өлеңінде.

Автор Елбасының туған жері «Үш-

қоңырға» жиырма шумақтан тұратын 

көлемді толғау жырын арнапты. Ар-

нау жырда мынадай жолдар бар:

... Үшқоңыр жасыл жайлау, тау аты да,

Қоңыр қыр, қоңыр төбе, тау аты да.

Күш берген қасиетті, киелі өңір,

Талпынған талайлардың қанатына.

Кеңдік те кемеңгерлік бір басында,

Даладай дарқандық бар тұлғасында.

Таныған бүгін әлем Елбасымыз,

Нұрсұлтан Әбішұлы туды осында.

... Халқымның орындалып 

басты арманы,

Елім де, Елбасым да аспандады.

Үшқоңыр, жас Сұлтанның тал бесігі,

Белгілі бәрі сенен басталғаны.

Үшқоңыр, көкке ұшырған 

дара құсың,

Есіңе Сұлтаныңды аламысың.

Мәңгілік биігіңде тұрса деймін,

Жарқырап жас Нұрсұлтан – 

бала мүсін.

Бұл өлеңде жақсы тілекпен бірге 

нақты ұсыныс та бар.

«Ақ тілек» кітабының екінші 

тарауын да туған жер, өскен өңір ту-

ралы арнау жырлар топтастырылған. 

Бұлардың бар лығында да туған жерге 

деген ыстық сезім, ықылас, шынайы 

махаббат, сағы ныш сезіледі.

... Ғажайып бау да, қырат та,

Теңіз де көрдім жоқ теңі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіз-

дігінің 25 жылдығына орай Жамбыл 

облыстық көрме залында «Тамаша 

әлем!» атты көрме ұйымдастырылды. 

Шараға Тараз мемлекеттік педа  го-

гикалық институтының оқыту шылары 

мен студенттерінің картиналары мен өнер 

туындылары көрермендерге ұсынылды. 

Көр меге институттың «Кәсіптік оқыту 

және дизайн» кафедрасының оқы-

тушылары мен студенттерінің 70-тен 

астам қолданбалы өнер, кескіндеме 

жанрындағы туындылары және ұлттық 

нақыштағы киім үлгілері қойылды. 

Атап айтқанда, Қ.Нұрбайқызының 

«Айша бибі», С.Тынысбаеваның «Қазақ 

хандығына – 550 жыл», А.Аманжолдың 

«Шебер қолы», А.Нейфельдтің «Бала 

бесік», А.Жанқожаеваның «Караван» 

және М.Алжановтың «Халық өнер та-

 Конкурсқа мынадай маршруттардың 

пакеттерi (маршруттар) шығарылады: 

№1 ЛОТ – «№3» маршруттың пакеті шы-

ғарылады.

Конкурсқа меншiк нысанына қара-

мастан, меншiк құқығында немесе өзге 

де заңды негiздерде автокөлiк құ ралдары 

бар кез келген жеке және заңды тұлғалар 

қатысады.

Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiру-

шiлер конкурстық құжаттардың жиын-

тығын алуға жазбаша өтiнiмдi аудандық 

әкімдіктің 2-қабатына «Бейнеу аудандық 

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 

Алыс жолға шыққан кейбір сапарлас-

тар ортақ әңгіме шертілгенде бірінің сөзін 

бірі тосып сөйлесе, ал енді кейбіреулері 

қызыл кеңірдек болып айтысып кететіні 

де бар. Әріптің артын бағып, қозғалып 

жатқан мәселелердің ауқымдылығын, 

өзектілігін байқадым.Әдетте, алыс жолға 

шыққандар ортақ әңгімеге арқау бо-

лар тақырыптың кілтін іздейтіні белгілі 

ғой. Қоғамда болып жатқан оқиғалар, 

заманның өзгергені, ұлттық мәселелер...

Пойыздың тоқтаған соңғы бекетінен 

мінген қария кешегі заманмен бүгінгі 

уақытты салыстыра сөйледі. Ойлы 

тұжырымдары жоқ емес.Қоғамдық іс-

тердегі кетіп жатқан кемшіліктердің 

себеп-салдарын дәлелді түрде айтып бер-

Төгіп алдым абайсыз,

Көңілшектеу сезімді.

Көз-жасымда түрленіп,

Жырға қояр тіл беріп.

Биіктігім, бақыттым,

Қолын созып тұр келіп….

Тым жақындап арамыз,

Нәрестедей ғанамыз.

Өлең, Әлем үшеуміз,

Құшақтасып барамыз.

***

Тағдырыма жазсам ба екен арызды,



Жоғалттым деп, аяулымды жаны ізгі...

Басым, кеудем, жүрегім де Құдай-ау,

Менікі емес тәрізді...

Көздерімнен мұң ауырлап кеткендей,

Сөздерімнің құны жерге шөккендей.

Сүре алатын адам көп қой өмірді,

Сүйе алатын жан жоқ деп ем тек мендей!

Жаратқанға ауыр өкпе айта алмай,

Сені сүйген жар жолымнан қайта алмай...

Тыныш ұйықтап жүр ме екенсің түндерде,

Жер үстінде қалай жүрсің шайқалмай!

Үнсіздігім шексіздікке тығылып,

Түн ішінен тағы шықтым тіріліп.

Жанарымнан жылап түскен сағыныш,

Кірпігіңе қалды ма екен ілініп...

Әлде оны жүр ме екенсің жасырып, 

Құлатуға, ұмытуға асығып.

Екеумізді бір адамбыз деп жүргем,

Қай қиырда қалдық екен шашылып... 

***


Көзге көрінбес күнәларымды,

Оқылмай қалған дұғаларымды...

Алладан бұрын пенде біткенді,

Бес күнге қимай сынағанымды...

...Өшіре алам ба кеудемнен?

Есімді білмес ессіз күнімді,

Түгесілген төзім... көзсіз мұңымды...

Жария етіп... жалғаннан бездім,

Қараңғы дедім, Сізсіз ғұмырды...

Өзгерерін бәрін кім білген?

«Жалғызбын» деппін... сезбеді жаным,

Түннің де тұнық көздері барын.

Сезімге ұйып сыңар етіппін,

Өзіме тілеп, өзгенің бағын...

Көңілді қалай сендіргем?

Бағалай алмай бақыттарымды,

Жалғанға қиып жақұт-таңымды.

Нұрынан Күннің жасқанды жүзім,

Кім білсін...бүгін ғаріп халімді...

Барлығы соның бірақта,

Туған жер, саған жетпеді.

Исін сездім қаншама,

Қарағай, шырша, қайыңның.

Бәрі де ғажап болса да,

Шеңгел, жыңғылымды сағындым, 

– деп толғанады автор «Туған жерге» 

өлеңінде.

Автор «Сыр елі» атты көлемді толғау 

жырында:

...Сыр елім, жері жомарт, тауы мүсін,

Сен менің алыс кетсем сағынышым.

Жүректің өзің ғана аңсағаны,

Жанымның жанған лаулап 

жарығысың.

Дария толқындары жарды ұрады,

Құлайды Сырға қарай тау бұлағы.

Шуағың жүрегімді нұрландырып,

Жыр-әнің жылдармен бір жаңғырады, 

– деп Сыр еліне деген шынайы ыстық 

сезімін білдіреді.

Автор «Қос шырақ» деген арнау 

жырында:


...Түнді сүйем таңға жол 

ашқаны үшін,

Күнді сүйем шуағын шашқаны үшін.

Туған жердің сүйемін топырағын,

Табанымен жан анам басқаны үшін.

Белдерімнен анамның ізін көрем,

Көлдерімнен аяулы жүзін көрем.

Туған жерім, жан анам – 

қос шырағым,

Жүрегімде сәулесі үзілмеген, – деп 

туған жер мен асыл ана бейнесін көз ал-

дына қатар елестетеді.

Кітаптың үшінші, төртінші та-

рауларында көрнекті қоғам, өнер 

қайраткерлері, асыл ана, ел азамат-

тары жайлы арнау жырлар енгізілген. 

Олардың қатарында көрнекті қоғам, 

өнер қайраткерлері Ыбырай Жақаев, 

Қашақбай Пірімов, Елеу Көшербаев, Ела-

ман Жүнісбаев, ақын, жазушылар Қасым 

Аманжолов, Әбділда Тәжібаев, Сырбай 

Мәуленов, Тұманбай Молдағалиев, Зей-

нолла Шүкіров, сондай-ақ ғарышкер 

Айдын Айымбетов, олимпиада чемпион-

дары Илья Ильин, Зулфиялар бар.

Махмұтбай Әміреұлы «Ақ тілек» 

кітабына енген «Бата-тілек» деген 

өлеңінде:

... Көгімізде күн болсын,

Жерімізде нұр болсын.

Ер-азамат жиналған, 

Әр қадамың гүл болсын,

Өмір жолың мың болсын! – деп 

жазған екен. Біз де әрдайым жақ сылыққа 

жаны жақын, айналасын дағы барша 

жанға ақ тілегі, адал пейілі дайын ақын 

досымызға ұзақ ғұмыр, шығармашылық 

табыс тілейміз.



Әскербек РАХЫМБЕКҰЛЫ,

Қазақстан Жазушылар 

одағының мүшесі

мыры» атты картиналары тарихтың 

терең қойнауынан сыр шертеді. Ал  

Ж.Тұрмаханованың «Бәйтерек та-

рихы», Ш.Жұмалиеваның « Астана 

ж о л ы » ,   Г . Н ұ р п а ш т ы ң   « Е р т е г і 

әлемі», Ж.Қилыбаеваның «Көктем 

көңілі», А.Фиешканың «Нежность» 

тақырыбындағы өнер туындыларында 

егемен еліміздің жеткен жетістіктері 

мен толайым табыстары көркем бей-

неленген.  Сонымен қатар ұлттық 

музыкалық аспаптар мен «Ақ қербез», 

«Томирис» және «Ханшайым» топта-

маларымен қатар, күнделікті тұрмыс-

тіршілікте қолданылған заттар да орын 

алды. Көрмеге қойылған өнер туынды-

лары екі апта бойы Тараз қаласының 

тұрғындары мен қонақтарының  назары-

на ұсынылмақ.



А.ДӘУЛЕТ

жолаушылар көлігі және автомобиль 

жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 

ұсынуы тиiс.

Конкурстық құжаттарды алуға 

өтiнiмдердi қабылдау конкурс жария-

ланған күннен басталады және конкурсқа 

қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы 

мерзiмi: 2016 жылғы 30 мамыр.

 2016 жылғы 18 мамырда конкурстық 

Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi 

жөнiндегi конкурс алдындағы конферен-

цияны өткiзедi.

Анықтама алу үшiн телефондар: 

2 20 41; 2 22 73.

Исатай Тайманұлының өзінің сарбазы Шотұлы Аренге сыйлаған қанжары

генде иландырып та тастайды. Тілді қалай 

дамыту керек, дінді қалай орнықтыру 

керек, руханиятымыздың бағыт-бағдары 

қандай құндылықтарға негізделуі ке-

рек, міне, осы жайттарға ақсақал ақыл 

көзімен үңіліп, байыпты байламдарын 

алға тартты. 

Қария өзінің бекетіне жеткенде, бізбен 

қош айтысып түсіп қалды да, орнына бір 

жасамыстау жігіт келіп жайғасты. Есімі – 

Ерлан екен.

Бір әттеген-айы, ана тіліне шорқақ бо-

лып шықты. Алайда онысына қымсынып 

тұрған жоқ. Аздан соң қазақша білмей-

тінін айтты. Қазақ тілін білмеген қазақ 

қалайша елдің жанашыр азаматы болады 

деген ойда қалдым. 

Менің осы ойымды қостағандай, 

Берік аға туған тілді білудің қаншалықты 

маңызды екенін түсіндіре келіп, «сен 

белгілі бір маман ретінде  еліміздің дамуы-

на өз үлесіңізді қосып жүрген шығарсың. 

Бірақ ана тіліңді,  білмесең қалай өзіңді 

қазақпын деп айтасың? Алдымен өзіңнің 

ана тілінді жетік білуін керек» деді. Менің 

бір қуанғаным, Ерланның тілге деген 

ниеті дұрыс.

– Оқимын, жазамын және балаларым 

да қазақша оқитын болады, – деді. 

Сөйтіп ол әңгімесін әрі қарай жал-

ғастырды:

– Мен ана тілімді үйреніп болған соң, 

міндетті түрде қорытынды шығарамын. 

Білімімді тексеріп «Қазтест» тапсырамын. 

– «Қазтест» дегенді қайда тапсырасың, 

сен ол туралы ақпаратты жақсы білуші ма 

едің? – деп сұрады Берік ағай. 

– Мәселен АҚШ, Ресей елдерінде 

мемлекет қызметкері болуы үшін 

міндетті түрде сол елдің мемлекеттік 

тілінен сынақ тапсырады. Ол, әрине, 

Қазақстанда да бар. Мен мектепті де, 

университетті де орысша бітірдім. Ана 

тілімді жетік білмейтінім содан. Мұныма 

өзім де ұяламын. Шынында, біз секілді 

азаматтарға «Қазтест»жүйесі таптырмай-

тын мүмкіндік. Яғни осы сынақ жүйесі 

арқылы  тілді меңгеруге талаптанамыз, 

– деді. 

– Міне, азамат! Мақсатыңа жет, бауы-

рым! Сонда өз тілін білмейтін талай қа-

заққа үлгі боласың, – деді Берік аға. 

Өзім «Қазтест» саласында қызмет 

істейтін болғандықтан, халық арасында 

жүріп, осындай пікірлерді есту қашанда 

маңызды.


Егер де Ерлан сияқты азаматтар «Қаз-

тестке» үлкен үміт артып, тіл мең геруін 

жетілдіру жолында еңбектеніп келе жатса, 

демек біздің атқарып отырған жұмы-

сымыздың зая кетпегені деп түсіндім.

Нұргүл БЕКТҰРСЫНОВА,

ҚР Білім және ғылым министрлігі 

Ұлттық тестілеу орталығы 

Мемлекеттік тілді дамыту 

басқармасының қызметкері 

сара латиеВа


12

№19 (1329) 

13 – 18 мамыр 

2016 жыл


АНА ТІЛІ

Құрылтайшы және шығарушы: 



«ҚазаҚ газеттерI» 

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Бас директор – 

Редакторлар кеңесiнiң төрағасы 



Жұмабек КенЖалин

қабылдау бөлмесi 394-42-90 

жарнама бөлiмi 394-41-27

kaz_gazeta@mail.ru

www.kazgazeta.kz

Бас редактор 



самат иБраим

Бас редактордың 

бiрiншi орынбасары 

нұрперзент ДомБай

Бас редактордың 

орынбасары 

Дәуіржан төлеБаеВ

Бөлiм редакторлары:

Ақбота ИСләМБЕК – Тіл мәселелері және мәдениет

Бағдагүл БАлАУБАЕВА – Білім және ғылым

Аян МЕЙРАШ – әлеумет және ақпарат



Фототiлшi

Азамат ҚҰСАЙЫНОВ



Беттеуші

Нұржан АСАНОВ



 

Корректор

Динара МАСАКОВА



Хатшы-референт

лунара АТАМҚҰлОВА

Апталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң 

Ақпарат және мұрағат комитетiнде қайта тiркеуден өтiп, 2006 жылғы 4 маусымда 

№7345-Г куәлiгi берiлдi.

Газет аптасына бір рет шығады.

«Ана тiлi» газетiнде жарияланған материалдардың авторлық құқы «Қазақ 

газеттерi» ЖШС-ға тиесiлi, жарнаманың мәтiнi мен тiлiне редакция жауапты емес.

«Ана тiлiнде» жарияланған материалдарды көшiрiп немесе өңдеп басу үшiн 

редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сiлтеме жасалуы мiндеттi.

Жарияланған мақала авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. 

Газет авторларынан мақалалардың 3 беттен (14 кегль) аспауын, электрондық 

нұсқасымен қоса әкелуiн сұраймыз. Редакция оқырман хаттарына жауап 

бермейді, қолжазба кері қайтарылмайды. 

Газеттiң терiлуi мен бет қатталуы «Қазақ газеттерi» ЖШС-ның компьютерлiк 

орталығында жасалды. Индекс 65367. Офсеттiк басылым.

Газет: Алматы қаласы, Мұқанов көшесі, 223 «в». 

 «Алматы-Болашақ» АҚ, Тел: 378-42-00 (бухг.), 378-36-76 (факс); 

 Ақтөбе қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, 190, «А-Полиграфия» баспаханаларында басылып шықты

тапсырыс №709/733

«Қазақ газеттерi» Жшс-ның 

аймақтардағы өкiлдiктерi:

Толымбек әБДІРАЙЫМ 8 701 345 7938 (Астана)

Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ 8 771 769 6322 (Ақтөбе обл.)

Батырбек МЫРЗАБЕКОВ 8 (7102) 90-19-73 (Қарағанды обл.)

Бектұр ТөлЕУғАлИЕВ 8 (7292) 40-41-01 (Маңғыстау обл.)

«Қазақ газеттері» Жшс-і сайтының веб-редакторы – 

Сұлтан ТАЙғАРИН



меншікті тілшілер:

өтеген НәУКИЕВ (Атырау) 8 701 518 46 81

Орал ШәРІПБАЕВ (Семей) 8 705 661 14 33

Оразалы ЖАҚСАНОВ (Қостанай) 8 777 230 71 84

Жарқын өТЕШОВА (Мәскеу) Zharkyn-1@yandex.ru

Қоғамдық негіздегі кеңесшілер:

ғарифолла әНЕС – филология ғылымының докторы

Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰлЫ – филология ғылымының докторы, профессор

Аягүл МИРАЗОВА – педагог-ұстаз, Қазақстанның Еңбек Ері

Талас ОМАРБЕКОВ – тарих ғылымының докторы, профессор

материалдың жариялану 

ақысы төленген

кезекшi редактор



Ақбота ИСЛӘМБЕК

Таралымы 20020

РЕДАКцИя ТЕЛЕфОНДАРы: 

394-42-46 (қаб.бөлмесi/факс), 

394-41-30

E-mail: anatili_gazetі@mail.ru

МЕКЕНЖАйыМыз:

050009, Алматы қаласы, 

Абай даңғылы, 143, 6-қабат

А

мерей 



Сырлы жүрек сазы

ілия Жақанов есімі жұртшылыққа 

кеңінен таныс. ол – компози-

тор, жазушы, өнер зерттеушісі, 

еліміздің еңбек  сіңірген 

қайраткері, Қазақстан мен Қырғыз 

елінің еңбек сіңірген мәдениет 

қайраткері. 

Композитордың әндері ел ара-

сында жақсы танымал. олар 

– «Әселім – әнім», «Даниярдың 

әні», «еділ мен Жайық», «алматы 

кешінде»,  «Жайлаукөл кештері» 

және т.б. «екі жирен», «Бірінші 

концерт», «махаббат  вальсі», 

«ықылас», «аққулар қонған айдын 

көл», «Қарабура» секілді бірнеше 

кітаптың авторы.  Қазақтың 

атақты өнер иелері жайлы зерт-

теу еңбектер жазды. Жақында 

алматыдағы  Ұлттық  кі тап ханада 

ілия Жақановтың 80 жас қа толуы-

на орай шығармашылық кеш өтті. 

оны Ұлттық кітапхана директоры 

Әлібек асқаров ашып, жүргізіп 

отырды. 

өнер иесімен жүздесуге мәдениет 

және өнер қай рат керлері, ақын-

жазушылар және әнші лер қатысты. 

м.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын-

да  у.шекспирдің «Король лир» пьесасы желісінің негізінде «лир патша» 

қойылымы сахналанды. у.шекспирдің атақты трагедиясын қазақ тіліне 

тәржімалаған Әбіш Кекілбаев болатын.

БАспАсөз – 2016

ТеАТр

Махаббат пен ғадауат



«Денсаулық», №5

ҚР Мәдениет және спорт ми-

нистрінің орынбасары Ғалым Ах-

м е д и я р о в   м и н и с т р   А р ы с т а н б е к 

Мұхамедиұлының Құттықтау хатын 

табыс етті. Ол алдымыздағы шілде 

айында Астанада мерейтой иесінің 

ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ   к е ш і   ө т е т і н і н 

 ха бар лады.  «Төле  би»  қоғамдық 

қорының директоры Оралжан Масат-

баев «Бауыр жан Момышұлына – 100» 

мерекелік медалін табыстады. 

Кеште Ілия Жақанов жөнінде пікір 

білдірушілер көп болды. 

– Ілиямен студент кезімізде бірге 

оқыдық, қатар жүрдік. Оның тұрған 

пәтеріне өнер адамдары, ақын-

жазушылар көп келгендіктен, «штаб» 

деп атайтынбыз. Оның үйіндегі келін 

де жайдары, келген кісіні қабағын шыт-

пай қарсы алатын. Сол ән айтып, өлең 

оқып дуылдатып жататын кездерді 

сағынышпен еске алатын болдық, – 

десе жазушы Ғаббас Қабышұлы, ал 

ақын Абдрахман Асылбеков өз ойын 

былайша білдірді: 

– Ілия Жақановтың шығарма-

шылық кешіне келген жандарды үлкен 

театрға жиылған көрерменнен артық 

деп есептеймін. Ұлттық кітапханаға 

нағыз өнерді сүйетін азаматтар келіп 

отыр. Ілекеңмен ауылымыз жақын 

болғандықтан, көптен бері араласып 

келеміз. Қазақ радиосының музыкалық 

редакциясында бірге қызмет еткен 

кезіміз де болды. Қазақ өнерінің 

майталмандары мен марғасқалары 

– Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали 

Нүсіпжанов, Мансұр Сағатов, өзге де 

Жаңа қойылымның көрер-

менін бірден өзіне тартып, бау-

рап алуы аударманың құнар-

лылығында болса керек. Аз сөзге 

көп мағына сыйғызып, жүрекпен 

үндесіп жататын қойылымның 

кейіпкерлерін сомдау да іскерлік 

пен туа бітті талантты қажет ететіні 

даусыз. Лир патшаның рөлін 

Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері Дулыға Ақмолда шебер 

сомдады. Актердің шеберлігі сон-

да, көрерменін кейіпкерінің іс-

әрекетіне сендіріп қана қоймай, 

бүгінгі қоғаммен астасып жатқан 

адамдардың арасындағы қарым-

қатынасты шынайы жеткізіп, 

жүрек тебірентті. 

Қойылым бастан-аяқ отбасын-

дағы тәрбиемен үндесіп жатады. 

Бақталастық, ұрпақтар арасын-

дағы қарама-қайшылық, яғни 

әке мен бала қарым-қатынасы 

төңірегінде өрбиді. Бүкіл елін ашса 

алақанында, жұмса жұдырығында 

Бүгінгі қазақ тілінің 

т ү й і н д і   м ә с е л е л е р і 

жетерлік. Оның бірі 

– ғылым тілі, яғни 

о н   д а ғ ы   а л а - қ ұ л а -

лық, терминдер қол-

да нуда  бірізділіктің 

жоқтығы, т.б. Бұл сан-

да ұсынылып отырған 

С . Ж . А с ф е н д и я р о в 

атындағы ҚазҰМУ до-

центі  Т.Зайсан баев-

тың «Ғылым тілінің дамуы – мемлекеттік 

тіліміздің болашағы» атты мақаласы осы 

мәселеге арналған. 

Қазақтың басты асы – ет. Ал осы еттің пай-

дасы мен зияны қандай? Оны қанша мөлшерде 

жеу керек? «Ет дегенде – бет бар ма?» ма-

қаласынан оқырман осы сұрақтарға жауап 

алмақ. 


Журналдың бұл санында сондай-ақ сала-

матты өмір қағидалары, әртүрлі сырқаттардың 

алдын алу, емдеу жолдары туралы мол ақпарат 

бар: «Актиномикоз», «Артроз – ХХІ ғасыр 

індеті», «Жіті панкреатит», «Ішектегі құрт», 

«Шипалы сүлік», «Безгек», «Баланы өзін күтуге 

үйрету», «Тіс неге ауырады?», «Демікпе туралы 

дерек», т.б.

А л   « Қ и с ы қ   и н е » ,   « Ш а б ы т т ы   ш а қ » , 

«Ғибратты сөздер» айдарларында әдеттегідей 

көркем әрі танымдық дүниелер ұсынылған.  

өнер иелері музыка әлеміне жаңалық 

алып келген, ерекше жандандырған аза-

маттар болатын. Олардың бәрі өнерге 

бір-бірін қайталамай, өз жолымен, 

өз әуенімен келді. Ілия Жақановтың 

әндері де ешкімге ұқсамайтын, өзгеше 

туындылар болды.

Жазушы Еркінбай Әкімқұлов, 

– Ілиямен Қазақ мемлекеттік уни-

верситетінде оқып жүрген кезінен 

бері араласып келе жатқанын: «Іле кең 

— қазақтың маңдайына біт кен ком -

позитор, жан-жақты талант иесі. Бүгінгі 

Ұлттық кітапханадағы кездесу үлкен 

тойдың басы. Жас кезінде «Асылжан» 

атты ән шығарған еді. Бү гін сонау Аты-

раудан Алматыға ке ліп, шығармашылық 

кешін өткізіп отыр. Қандай баға берсек 

те, Ілияға жа расатын үлкен талант» де-

ген ойын білдірді.

Қазақстан Республикасы Пар ла-

менті Сенатының депутаты Сәрсенбай 

Еңсегенов былай деді:

– Атыраудан Ілия ағамыздың 80 

жасқа толған шығармашылық ке-

шіне қатысу үшін келген едім. Ілия 

ағамыздың Атырауға баруы ерек-

ше құбылыс болды деп айтуға бола-

ды. Елдің мәдениетке, өнерге деген 

құлшынысы артты. Атырау – Ілия 

ағамызға жаңа шабыт, күш-қуат берді. 

Сол өңірдің өнерін зерттеген талай 

кітаптары жарық көрді. Елбасымыз 

Атырау өңіріне барғанда да Ілия ағамыз 

елдің ақсақалдары атынан тілегін 

білдіреді. 

 Сазгер Қалдыбек Құрманәлі ком-

позитордың «Жайлаукөл кеш тері», 

«Әселім», «Еділ-Жайық» әндері жө-

нінде жылы лебізін білдірді. 

– Ілекеңнің бүгінгі шығармашы-

лық кешіне Шымкенттен арнайы келіп 

ұстаған Лир патшаның өмірінің 

соңы осылай болатынын кім 

ойлаған?.. Адам бойындағы ма-

хаббат пен ғадауат, адалдық пен 

ашкөздік тайталасы кімді де бол-

са ойландырып, мына жалған 

өмірде адамгершілік қағидаттары 

алдыңғы орынға шығады. Сал-

қынқанды зерделенетін қойы-

лымнан көрерменнің өн  бойын 

мазасыздық билеп, сан сауал 

арқалап қайтады.

Қойылымнан бүкіл ұжымның 

еңбегін көруге болады. Траге-

дияны сахналаған М.Омарова, 

қоюшы режиссері Е.Нұрсұлтан, 

қоюшы суретшісі Т.Есімбаев, 

музыкамен көркемдеуші Е.Есен-

баев, режиссердің көмекшісі 

С.Гениярова еңбектенген қойы-

лым өзінің діттеген мақсатына 

толық жетті деуге негіз бар. 

Лир патшаның қыздарының 

рөлін театрдың жас артистері 

Әсел Сай лауова (Гонери лья), 

отырмын. Ән адамды тәр биелейді, рух-

тандырады. Өткен ға сырда Ілекеңмен 

қатар шыққан композитор – Әбілахат 

Есбаев, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші 

Қалдаяқов, Әсет Бейсеуовті ерекше 

атар едім. Ілия Жақановты не үшін 

құрметтеймін? Бұл кісі әнді көп жазған 

жоқ. Бірақ, бір адамға жетерлік ән 

жазды. Керең — еститіндей, мылқау – 

түсінетіндей, соқыр – көретіндей ән 

жазды. Мектепте оқып жүргенде көп ай-

татын әніміз – «Жайлаукөл кештері» еді. 

Осы әнді естіп, Жайлаукөлге барғымыз 

келді. Сол кезде жазда студенттер 

құрылыс отрядына Жайлаукөлге барып, 

масаға таланып қайтқан екен. Бұл – 

әннің құдіреті. «Әселім» әнін естігенде 

осы аттас қыздарға ғашық болдық. Бұл 

ән де сағыныштан туып, тыңдаушының 

жүрегін жаулап алды. «Еділ-Жайық» 

әні – Ілекеңді биікке көтерген бөлекше 

шығарма болды.

Кеш барысында әншілер  Қайыр жан 

Бердібаев, Алма Аманжолова ком  пози-

тордың елге кеңінен тараған әндерін 

орындап, жиналғандарға жақ сы әсер 

қалдырды. Ілия Жа қанов тың өзі де ара-

арасында сөз  алып, әндерінің тарихы 

жөнінде әңгімеледі. Ән де шырқап, 

басқосудың мазмұнын арттыра түсті. 

Кеште қатысушылар мерейтой 

иесінің кітаптары, музыкалық ең-

бектері қамтылған «Дарқан дала дары-

ны» атты көрмені қызығушылықпен 

тама шалады. Сондай-ақ осы жолы 

І.Жақановтың Астанадағы «Күлтегін» 

баспасынан жарық көрген «Дүние, 

шіркін» атты кітабының тұсаукесер 

рәсімі өтті. 

Нұркен СМАЙЫЛ 

Жанарг үл Жаныаманова (Ре-

гана), Динара Үсенова (Корде-

лия), а л Кент бейнесін Ермек 

Бектесов сомдады. Қай кейіп-

керді алсақ та оның рөлін бере 

білген артистердің шеберлігіне, 

ж а н  д ү н ие сі н і ң  т ер ең д і г і не 

сүйсінесің. Әпкелі-сіңлілі Гоне-

рилья мен Регананың арасын-

дағы бәсекелестік, әпке сінің 

сіңлісіне у беріп өлтіруі, қарттық 

шағында өмірдің көлең келі тұс-

тарына тап болған Лир патшаның 

қ ыздарына деген махаббаты, 

т.с.с. бір сөзбен айтып жет кізу 

мүм кін  емес  тұстары  же тер лік. 

Әр кейіпкердің өзіне тән өмірі, 

тағдыры, мінез-құлқы бар.  

Бір сөзбен айтқанда, көрер-

меніне ой салып, рухани байы-

тып, тіпті өткен өмірін еске тү-

сіртіп, болашағына бейжай қара-

мауға жетелейтін, сол арқылы 

адамдық пен мінез-құлықтың 

үйлесімділігін, ақ пен қараны 

ажыратып, биікке шығар тұсын 

меңзейтін қойылымның үлкен-

кішіге берері  мол. 

Бағдагүл БАЛАУБАЕВА

Жалпы жарқанаттардың түрлері өте 

көп. «Майтабан жарқанат» деп атала-

тын түрлері шіркейлер мен масаларды 

ауласа, ұзын қанатты жарқанаттардың 

40 000-ы тек бір түннің ішінде 150 келі 

зиянды жәндіктерді қорек ететіндігі 

есептелген. 

«Ақбауыр жарқанат» қолқанаттылар 

тобының жалтыртұмсықты жарқанаттар 

тұқымдасына жатады. Денесі ірі, тұрқы 

66-82 мм, қол сүйегінің ұзындығы 59-66 

мм, арқасы құм түстес, бауыры ақшыл 

болады. Ұясын жартастарға және тұрғын 

үйлердің қабырғаларындағы қуыстарға 

салады. Көктем мен жазда еркектері 

жеке-жеке, ұрғашылары топталып 

тіршілік етеді. Жемтігін күн бата ау-

лайды. Көбіне жемтігін жер бетінен 2-3 

метр биіктікте ұшып жүріп күн батқан 

соң ұстайды. Негізінен қоңыздармен, 

инеліктермен және көбелектермен 

қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді. 

Жаз мезгілінде көбіне ұрғашысы 2 

жарқанат табады. Сирек кездесетін түрі 

тасты, сазды жарларды мекендейді. 

Елімізде – Сырдария Қаратауының 

басындағы Ақмешіт үңгірі мен Үстірттің 

батыс жағындағы Қарамая тауынан 

табылған. Қаратауда аса терең емес 

тасты жарларда өмір сүреді. Ақбауыр 

жарқанаттың тіршілігі әлі толық зерт-

телмеген. Саны мен оған әсер ететін 

факторлар белгісіз. Үстірт қорығында 

қорғалады.

Бұл құстың ерекшелігі ұя салмайды, 

үңгірлерді, ағаш қуыстарын, үй, құрылыс 

шатырларын, жарқабақтардағы құс 

індерінде болады. Күндіз жеке не топ-

танып, бастарын төмен салбыратып, 

аяқтарымен тасқа, ағашқа, жарға жа-

бысып демалады. Кешкі ымыртта және 

түнде жемтігін қалықтап ұшып жүріп, 

тасадан тосын шабуыл жасап, шап беріп 

аулайды. Әртүрлі омыртқасыздармен, 

әсіресе, түн жәндіктерімен қоректенеді. 

Күз мезгілінде қысқы ұйқыға кетеді. 

Б ұ л   к е з д е   ж а р қ а н а т т а р д ы ң   д е н е 

температура сы қоршаған орта темпе-

ратурасынан 1-2 градусқа ғана жоғары 

болады. Наурыз айында оянады. Ал қыс 

жылы болған жылдары қысқы ұйқыға 

кетпейді. Жарқанат табиғи жағдайда 20-

25 жылдай тіршілік етеді. Жылына бір-

ақ рет жалқы кейде егіз балапан табады. 

Балалары анасына жабысып өмір сүріп, 

бір айдан соң өз бетінше ұша бастайды.  

Жарқанат ұшқанда өзінен уль-

т р а   қ ы с қ а   д ы б ы с   т о л қ ы н д а р ы н 

тарататындығын зерттеулер нәтижесі 

көрсетіп берді. Ол толқындар кездескен 

кедергіге шағылысып, оны жарқанаттың 

құлақтары дереу қайта қабылдайды. 

Сөйтіп, өзін қоршаған ортадағы зат-

ты айқын болжай алады. Міне, осы 

дыбыстың келу жылдамдығына бай-

ланысты жарқанатқа кедергінің қай 

жерде екендігі, оның пішіні көзбен 

көргендей айқын болады. Жарқанат 

шығаратын дыбыс жиілігі 49-51 мың 

герц аралығында екендігін ғалымдар 

дәлелдеген. 

Құрсақтары ұлғайған жарқанаттарды 

к ө р г е н   с о ң   о л а р   б а л а с ы н   қ а л а й 

дүниеге әкеледі деген оймен ғалымдар 

жарқанат тардың бірнеше ұрғашысын 

торға орналастырады. Біраз уақыттан 

соң ғалымдар торға келсе, ұрғашы 

жарқанаттардың барлығының да 

қ ұ р с а қ т а р ы   қ а б ы с қ а н   ж ә н е   о л 

төңіректен ешқандай жарқанат бала-

сы көрінбейді. Бұған ғалымдар қатты 

таңғалды. Оның құпиясы соңынан 

анықталды. Сөйтсе, бұлар қарындарына 

бала емес, өсімдіктің нектары мен 

тозағынан құралған ақ түсті желімді 

затты толтырып алған жарқанаттың өте 

сирек кездесетін түрі – «нектаршылар» 

екен.

«Кеңқұлақты жарқанат» Оңтүстік 



Еу ропа мен Солт үстік Африка дан 

б а с т а п, О ң т үс т і к-ш ы ғ ыс Қ ы т а й 

мен Ж апони яға дейі нгі ара лық та 

т а р а ғ а н.  Қ а з а қс т а н д а  т ек  т ау л ы 

жерлердегі үңгірлерді мекендейді. 

Топтанып тіршілік етеді. Кеңқұлақты 

жарқанат – Қазақстанда кездесетін 

жарқанаттардың ішін дегі ең ірісі: 

дене тұрқы 81-92 мм, қар сүйегінің 

ұзындығы 57-63 мм Құлақ қалқаны 

жалпақ, кең. Әуеде өте шапшаң ұшады. 

Түрлі түн жәндіктерімен қоректенеді. 

Ұрғашысы жылына бір жарқанат туа-

ды. Алайда кеңқұлақты жарқанаттың 

тіршілігінің көп жағы ғылымға әлі 

беймәлім. Өте сирек кездесетін түр 

бол ғ а н д ы қ та н  қор ғ ау ғ а  а л ы н ы п, 

Қазақстанның Қызыл кітабына 1996 

жылы енгізілген. 

Нұрлан ҚҰМАР

Қазақстанда жарқанаттардың 

20-ға жуық түрі кездеседі. ал 

дүниежүзінде олардың 1000-ға 

жуық түрі тіршілік етеді екен. 40 

түрі бұрынғы тмД мемлекеттерінің 

аумағында мекендейді. 

қызыл кіТАп 

ҚҰПияСы 

КӨП ҚҰС


спорТ

аҚш-тың 

Флорида шта-

тына қарасты 

лейкленд 

қаласында 

өткен кәсіпқой 

бокстан WBA 

Fedelatin және 

WBA FideCaribe 

нұсқалары 

бойынша әлем 

чемпионы 

Қанат ислам 

колумбиялық 

кәсіпқой бок-

сшы Хуан де 

анхельмен 

бокс тасты.

Жекпе-жектің алғашқы секунд-

тарынан бастап алға ұмтылған отан-

дасымыз бірінші раундтың өзінде 

бірнеше жойқын соққы жұмсап үлгерді. 

Дегенмен, қарсыласы Қанаттың ша-

буылына лайықты тойтарыс беріп, 

өзі де қарымта шабуылға шықты. 

Екінші раундта да жерлесіміз үздіксіз 

шабуылдап, Хуан Де Анхель көбіне 

қорғануға мәжбүр болды. Кездесудің 

үшінші кезеңінде Қанат қарқынын сәл 

бәсеңдеткенімен, соққылары діттеген 

жеріне дөп тиіп жатты. Әрі қарай да 

отандасымыз жаттықтырушысының 

сөзіне құлақ асып екпінін баяулат-

ты. Алайда раунд соңында шабуы-

лын күшейткен ол Де Анхельді қарша 

бораған соққылардың астына алды. 

Бесінші раунд та алдыңғыларындай 

ЖАрАйСың, ҚАнАТ!

жерлесіміздің басымдығымен өтті. 

Қарсыласының ауыр соққыларынан 

есеңгіреген колумбиялық қандай амал 

табарын білмей дағдарды. Алтыншы 

раунд та нокдаун алып, төреші есеп 

ашты. Алайда жекпе-жекті жалғастыруға 

мүмкіндік тапқанымен, есін толық 

жинап үлгермеген ол шайқасты әріге 

жалғастыра алмады. Нәтижесінде 

төреші кездесуді тоқтатып, Қанат 

Исламның жеңіске жеткенін хабарла-

ды. Осылайша қарсыласынан айласын 

асырған  Қанат Ислам шаршы алаңға 

қазақ тақиясын киіп, Көк Туымызды 

жамыла желбіретіп шықты. Өз жеңісін 

барша Қазақ еліне арнайтынын айтты. 

Жарайсың, Қанат! 



Салтанат ҚАЖЫКЕН

Document Outline

  • _GoBack

Каталог: wp-content -> pdf
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> «АҚылдың ТҮбі қҰт болар»
pdf -> Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен
pdf -> Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де таяп қалды. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше ажарланатын, жаңаратын кезеңі саналатын Наурызда
pdf -> «Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »
pdf -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
pdf -> 5 Көзіқарақты оқырман білуі тиіс, жақында Тілдерді дамыту мен қолданудың
pdf -> Күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі

жүктеу 0.99 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет