Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



жүктеу 1.05 Mb.

бет8/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

* * *

Айтпақшы, ұмытып барады екенбіз

Жұмағали ағаның сонау алпысыншы 

жылдарда қорғаған кандидаттық дис-

сертациясы «Қазақ әдебиетіндегі ұнамды 

қаһарман мәселесі» деп аталады екен. 

Ендеше, өмірден өткенше абырой-

беделінен айрылмаған, қадір-қасиетін 

жоғалтпаған, сырбаз жүрісінен, салиқалы 

сөзінен жаңылмаған, бекзат болмысынан 

ажырамаған Жұмағали Ысмағұловтың 

өз бейнесі де «ұнамды қаһарман» деген 

ұғымның талассыз баламасы секілді 

көрінеді бізге...  



Бауыржан ОМАРҰЛЫ

ш ы ғ а р м а л а р ы н   а н а   т і л і н д е   о қ ы д ы . 

Тұшынды. Түйсінді. Сүйсінді. Өйткені, 

Жұмағаң мұның қай-қайсысын да жүрекке 

жеткізіп аударған болатын. Сондықтан 

оқырман түсініксіз ойлардың тұманында 

адасқан жоқ. Қисынсыз оралымдардың 

теңізіне де малтыққан жоқ. Еркін жүзді. 

Ғажайып дүниелерді қазақ жазушысы жа-

зып шыққандай сезініп, рахаттанып оқыды. 

Жұмағали аға мемлекеттік терминология 

комиссиясының мүшесі ретінде ұғымға 

жеңіл, әрі өзге тілдегі сөздің мағынасын дәл 

танытатын атаулардың біразын айналымға 

қосты. Қазір жиырма бірінші ғасырдың 

қазақтары Жарылғапов енгізген термин-

дерге қоса, Ысмағұлов ұсынған сөздерді де 

жиі қолданып жүр. Бірақ сондай сәттерде 

Жұмағаңның «Мынау менің сөзім еді», – 

деп, кеуде керіп, төс қағып жатқанын көрген 

емеспіз.

«Зовут его ЖумАгАли»

«Ол қазақ журналистерінің

ішіндегі бір сүбелісі еді».

 Тұрсынбек Кәкішев

Оның аты Жұмағали екенін бәріміз де 

білеміз. Бірақ мұны айтқан әр сөзі алтынға 

бағаланатын Мұхтар Әуезовтің өзі еді... Сол 

айтылған күйінде тақырыпшаға пайдаланып 

отырмыз.


Парасатты публицист, алымды аудар-

машы, әлеуетті әдебиеттанушы ретінде 

танылған Жұмағали Ысмағұловтың шығар-

ма шылық әлеміне келуінің өзі қызық. 

Ол кісі әдепкіде өзіне абырой әперген 

осы сала лардың ешқайсысына да мойын 

бұрмапты. Кес кілескен соғыс жүріп жатқан 

кезде Қостанай өңірінің Әулиекөл ауылында 

8-класты бітіріп, одан арғы жоғары кластар 

жабылып қалған соң, облыс орталығындағы 

мұғалімдер институтының алты айлық 

дайындық курсына түседі. Бұдан кейін 

сол оқу орнының физика-математика 

факультетінің бірінші курсына студент 

болып қабылданады. Сол кезде оның жасы 

он төртте ғана. Егер таңдаған жолымен 

тура тартқанда осы саланың ғылымында 

айрықша із қалдырған майталман маманның 

бірі болар ма еді, кім білсін?! Бірақ оған 

журналистиканың наны бұйырып тұр екен. 

Бүкіл елдің басына ауыртпалық түскен 

кезеңде оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бол-

май, күнкөріс үшін жұмысқа тұрады. 

Дайындық курсында оқып жүрген ол 

кітап дүкенінен Ғабдол Слановтың «Дөң 

асқан» атты кітабын сатып алып, біразға 

дейін әсерінен айыға алмай қойған. Тағы 

бір соққанда, Мұхтар Әуезовтің жаңа 

ғана шыққан «Абай» романы сөреде тұр 

екен. Соны жатақханаға алып келіп, бас 

көтерместен қызыға оқып шығады. Оқып 

болған соң өзгеше әлемге енгенін байқайды. 

Бәлкім, болашақ математикті есеп-қисап 

дүниесімен ерте қоштастырған себептің бірі 

де осы шығар. 

Соғыс біткеннен кейін Каз ГУ-дің жур-

налистика бөліміне оқуға түседі. Іздегенге 

– сұраған, қазақ фольклоры пәнінен про-

фессор Мұхтар Әуезовтің өзі дәріс береді 

екен. Ауылдан келген бала дананың дидары-

нан көз алмай, оның әр сөзін аузын ашып, 

тыңдаумен ғана отырады. Алғашқы сабақта 

ұстаздың әсерлі әңгімесіне әбден елтіп, 

лекцияны қағазға қаттауды естен шығарып 

алады. Бірте-бірте жазуға да жаттығады. 

Семестр соңындағы сынақ кезінде ұлы ұстаз 

шығуы керек. Бұл ұсыныс айтылғанда 

жас жігіт қатты қиналады. Бұл басқа емес, 

әйгілі Мұхаңның сөзі болған соң оны 

жаныңды салып, жүрегіңмен оқуға тиіссің. 

Ал жүрегің атқақтап, аузыңа тығылып 

отырғанда қайдағы тебіреніс... Оның үстіне, 

кейін әзірленген орыс тіліндегі мәтінді 

ұлы ұстаз әлі қарап үлгермеген сияқты. 

Сондықтан алдымен олпы-солпы тұстарын 

ретке келтіріп, мұртын басады. Қашаннан 

ұқыптылық қанына сіңген ол бұл тап-

сырманы да тиянақтылықпен орындап 

шығады. Басқа баяндаманы оқығандардың 

біразын жұрт тыңдамай қояды. Ал біздің 

кейіпкеріміздің шын ықыласы, қоңыр дау-

сы, жағымды мәнері, оралымды орысшасы 

залдағыларды тыпыр еткізбейді. Сол жолы 

Мұхаң жас әріптесінің қолын қысып, қалың 

елдің көзінше ризалығын білдіреді. Кейін 

ағамыз өз естелігінде жазғандай, ертеңіне бір 

жиында жолыққан Мұхаң жанындағы зайы-

бына: «Валя, вчера этот молодой  человек 

мой доклад читал в переводе. Зовут его Жу-

магали. Ох, и здорово получилось!», – депті. 

Содан соң оны сол дәуірдегі кеңестің әйгілі 

жазушыларының бірі Леонид Леоновқа та-

ныстырыпты. 

Тоқтай тұрыңыз, ол бұдан кейін де 

Әуезовтен ажырай қоймайды. Үш-төрт 

жылдан кейін «Қазақ әдебиеті» газетінің бас 

редакторы Ісләм Жарылғаповтың тапсыр-

масы бойынша, Мұхаңның «Абай жолы» 

эпопеясы туралы Ілияс Омаровтың орыс-

ша жазылған мақаласын қазақшаға ау-

дарады. Мақала басылып шыққан соң, 

ел-жұрт оның қазақша жазылғандай есіліп 

тұрғанын айтып, тамсанумен болады. Ол 

кезде Қызылжарда қызмет істейтін Ілияс 

Омаров арнайы телефон соғып, ризашылық 

танытып, кімнің аударғаны жөнінде мәлімет 

алады. 

Ол ол ма, ұзамай Мұхаң оны үйіне 



шақырып, аудармасын мақтап, алғыс ай-

тады. Жас жігіттің Мәскеуге Қоғамдық 

ғы лымдар академиясына оқуға кетіп 

бара жатқанын естіп, «Жолың болсын, 

шырағым!», – деп тілегін арнайды. Сөйтіп, 

ол шығармашылықтың құтты мекені – 

Әуезовтің киелі шаңырағында болған зия-

лылардың кейінгі толқынының қата рына 

қосылады. Қосылып қана қоймай, бүкіл өмір 

жолына қара шалдан бата алып шығады. 

Жоқ, оның Әуезовпен кездесетін күндері 

әлі де алда. Ол өзінің «Ұлының шарапаты 

– ұлтының нәсібі» деген естелігінде бы-

лай дейді: «Бір күні осындай қарбалас оқу 

кезінде Алматыдан жеделхат келе қалсын. 

Бір сөзіне дейін ұмытылмай, әлі көңілімде 

сайрап тұр: «Москва. Садово-Кудринская, 

9, комната 640. Исмагулову Жумагали. 

Очень прошу взяться за подстрочный пере-

вод «Караш-Караш». О подробностях до-

говоритесь с Зоей Кедриной по адресу 

Новопесчаная, 16, кв 81, телефон 2572836. 

Ауэзов». Жұмағаң Алматыға арнайы келіп, 

қолжазбаны алып, жиырма бес бетін ау-

дарып, кейін Мәскеуге келген Мұхаңа 

ұсынады. Ол кісінің разылығын көргеннен 

кейін, бұл жұмысқа оқу бітірген соң жегілуге 

рұқсат сұрайды. Ұлы жазушысы сол жолы 

шәкіртін ресторанға ертіп барып, бірге 

тамақтанады. Ертеңіне Әуезов әйгілі Аме-

рика сапарына аттанады. Жас әдебиетші 

әуежайға дейін шығарып салуға үлкен 

ағалардан ыңғайсызданып, қонақ үйге ар-

найы келіп, тілек айтып шығады.

Біздің Жұмағали ағамыз осы бақыттың 

бәрін көтере білді. 



АҚШ-тың 43-президенті кіші Джордж Буш туған 

бауыры – Флорида штатының бұрынғы губернаторы 

Джеб Буштың сайлауалды үгіт-насихат жұмысына 

қатысты. 

Джеб Буш Республикалық партия атынан АҚШ 

президенттігіне үміткер ретінде ұсынылуға қол 

жеткізген болатын. Экс-президент Колумбия қала-

сында өткен сайлауалды шеруге қатысты. Бұл жерде 

ол «Америкалық легион» ардагерлер ұйымының 

мүшелерімен кездесті. Бұрынғы Пре зиденттің 

ағасын қолдап, сайлауалды кампаниясында 

сөйлеген сөзін оның саяси бәсекелесі, миллиардер 

Дональд Трамп сынға алды. Бұдан бұрын баспасөз 

мәслихаты кезінде Д.Трамп Дүниежүзілік сауда 

орталығына Д.Буш президент болып тұрған кезде 

теракт жасалғанын бірнеше мәрте еске салған еді.

Анголада австралиялық 

«Lucapa Diamond Company» 

компаниясы салмағы 404,2 

карат болатын алмаз тас өндіріп 

шығарды. 

Бағалы тасты Солтүстік 

Л у н д а   п р о в и н ц и я с ы н а н 

өндіріп шығарды. Бұл ал-

маз Анголада табылған асыл 

тастардың ішіндегі ең ауыры 

болып есептеледі. Осыған 

дейін аталған маңайдан салмағы 100 караттан аса-

тын үш алмаз өндіріп алынған. Компания басшысы 

Майлз Кеннеди бұрын-соңды мұндай үлкен тасты 

сатып көрмегендіктен нақты құнын біле алмай 

отырғандығын мәлімдеді. Алайда осыған дейін 

салмағы бұл тастан аздап жеңілдеу алмаздар 14 

миллион АҚШ долларына сатылғандығын айтты.

заМандас

Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

Ж

аһанның жүрек лүпілі



Ж

аһанның жүрек лүпілі



Түркия астанасы Анкарада 

бол ған террорлық шабуылға 

бай ланысты елдің Президенті 

Тайып Ердоғанның төрағалық 

ету імен кезекті қауіпсіздік 

кеңесі өтті. 

Осыған орай, шекаралық 

аймақтар мен елдің бірқатар ірі 

қалаларында қауіпсіздік шара-

лары күшейтілді. Жарылысқа 

орай түрік елінің Президенті 

Әзербайжанға жасайтын сапарын кейінге шегерді. 

Таяуда Анкара қаласында болған террорлық 

жарылыстан 28 адам қаза тауып, 61-і жаралан-

ды. Жарақат алғандар қаладағы 14 ауруханаға 

жеткізілген. Бұл туралы түрік елі үкімет жетекшісінің 

орынбасары Нуман Куртулмуш мәлімдеді. Содыр-

лар жауынгерлер мінген әскери автобусты жарып 

жіберген. Әзірге лаңкестік шабуылды ешқандай 

ұйым өз мойнына алған жоқ. Бас прокуратура 

оқиға бойынша арнайы комиссия құрып, тергеу 

амалдарын бастады.

солтүстік аМерИка

афрИка

түркі әлеМі 



Ағасы бардың жағасы бар

Ең ірі алмаз

Анкарадағы лаңкестік әрекет

Ирландияның қос тұрғыны лотереядан ұтып алған 

66 миллион еуроны бөлісетін болды.

Ел астанасы Дублинде сыйлық алған жеңімпаздар 

өз есімдерін жариялағысы келмеді. Өзара ынтымақты 

ұжым 132 миллион еуро көлеміндегі джекпотты 

Франция тұрғынымен бөлісті. «EuroMillions» ло-

тереясы тоғыз еуропалық елдерде атап айтқанда, 

Франция, Ұлыбритания, Испания, Люксембург, 

Бельгия, Швейцария, Португалия, Ирландия және 

Австрияда өтеді.

Боливариан Республикасының президенті Николас 

Мадуро елде екі алмастыру бағамы жұмыс істейтінін 

мәлімдеді. 

Бұл қадам президент жариялаған ұлттық эконо-

миканы дағдарыстан шығаруға бағытталған кешенді 

шаралардың бір бөлігі. Ол жанармай және азық-

түлік тауарларына бағаның өсірілуін, сондай-ақ 

еңбекшілердің еңбекақысын ұлғайтуды көздейді. 

Н.Мадуро елде бірінші наурыздан бастап елдегі 

еңбекақы 20 пайызға өсетіндігін атап өтті. 



Голливудтың атақты актер-

лері Брюс Уиллис пен Деми 

Мурдың ажырасқанына 16 

жыл болғанымен, бұқаралық 

ақпарат құралдарында танымал 

жұлдыздардың қайта үйленетіні 

туралы мәлімет пайда болды. 

Бұл жолы үйлену шынайы 

өмірде емес, телеэкранда бола-

ды. Бұрынғы ерлі-зайыптылар 

ж а ң а   к ө л е м д і   ж о б а д а ғ ы 

рөлдерді сомдамақ. Қазіргі кезде актерлер бір-біріне 

ғашық адамдар туралы баяндалған сценариймен 

танысу үстінде. Жұптың түсіру алаңында қайта бас 

қосатыны туралы жаңалық олардың жанкүйерлері 

үшін ерекше сый болды.

Актерлер соңғы рет 1991 жылы бірлесіп жұмыс 

жасаған. Олар «Қатерлі ойлар» картинасында бірге 

түскен. Ол кезде Б.Уиллис пен Д.Мур үлгілі отба-

сы болған. Атақты актерлер 1987 жылы үйленген, 

олардың отбасылық өмірі 13 жылға созылып, сол 

уақытта үш қызы дүниеге келді. 

Бақ пен Бап 

оңтүстік аМерИка

жұлдыздар әлеМі

66 миллионды бөліспек 

Дағдарыстан шығу үшін...

Араға 16 жыл салып...

ұ

намдЫ



(эссе)

Ол ерте есейді. Еңбекке де ертерек 

араласты. Бұл жөнінде кезінде өзінің 

былай деп те жазғаны бар: «Кішкентай 

күнімнен ата-анамның ауыр еңбегін 

жеңілдетуге ұмтылдым. Бес жасымнан 

әкеммен бірге шөп шабуға барып, мал 

бағыстым. Әлі күнге дейін есімде. 

Анам колхоздың жұмысына бара 

жатып маған қол диірменді тартуды 

тапсыратын. Ауыр диірмен тастарын 

орнынан қозғауға шамам келмесе де 

бар күшімді салып, анамның тапсыр-

масын орындауға тырысатын едім». 

Ауылдың өмірі оған жақсы таныс 

еді. Мектеп бітіретін кезде де ауыл-

шаруашылығы мамандығын таңдауы 

жайдан-жай емес. Ауылда еңбек ету, 

ауылды көркейтуге үлес қосу бала күнгі 

арманы болатын. 

Ақыры өзі ойлағандай болды. 

Алматыдағы Ауыл шаруашылығы 

инс титутын бітіргеннен кейін Ұлытау 

ауданы ның шаруашылығында механик 

болып еңбек жолын бастады. 

Жас маман іскерлігімен, тиянақ ты -

лығымен көзге түсті. Соған орай қызмет 

баспалдығы да көтеріле берді. Кейінгі 

қызметтері былайша тізбектеледі: ау-

дандық ауылшаруа шылығы басқарма-

сының бастығы, аупарткомның екінші 

хатшысы, аудандық кеңестің төрағасы, 

аупарт комның бірінші хатшысы, аудан 

әкімі...


Серік Тілеубайұлының даралығы-

ның, қайраткерлігінің көзге түскен 

тұсы – бұл ауданға басшылық ет-

кен жылдар. Жекешелендіру деген 

науқан басталды. Осы маңызды 

істі талаптағыдай жүргізуде аудан 

басшысына жүктелер міндет зор 

еді. Осыны Тілеубаев жақсы түсінді. 

Әділеттіліктің, заңдылықтың үстемдік 

құруына мән берілді. 

Алдымен Аманкелді атын дағы, 

«Алғабас» кеңшарлары жекеше-

лендірілді. Ол уақытта жеке бөлініп 

шыққан шаруа қожалықтарының 

жағдайы тәуір болатын. Себебі 

өндіріске қажетті құрал-жабдық-

тардың бағасы арзандау еді. Мем-

лекеттің де, үкіметтің де шаруа 

қожалықтарына, фермерлерге 

«мейірімі» түсіп, қол ұшын беріп 

тұрған кез. Осының арқасында пай-

далы несиелерге, басқа да көмектерге 

қол жетті. Нәтижесінде алғаш жеке 

шыққан шаруашылықтар аяқтарынан 

тік тұрып кетті. 

 Ұлытау деп аталатын аудан тізгінін 

ұстағаннан кейін ел, жер тарихын 

тереңірек білу маңызды. Аудан әкімі 

мұны жақсы түсінді. Қазақтың та-

рихында бүгіп қалатындай немесе 

керек десеңіз әлемдік өркениетті тал 

бойына талмай жинаған Әнуарбек 

ағаның білігі келіп қосылғанда респуб-

лика көгілдір экраны мен радиосында 

уақыт үрдісіндегі жаңа бағдарламалар, 

білікті, кәсіби тележурналистер мен 

режиссерлер көптеп дайындалып, өсуіне 

негіз қалады. Студиялық хабарлармен 

қоса, концерт залдары, тікелей эфир 

хабарларының мүмкіндігі өсті. Алғашқы 

отандық деректі телефильмдер түсіріліп, 

ол одақтық  деңгейде бағалана бастады.

Әнуарбек Шыманов білімі, маман-

дығы жағынан Қазақстандағы алғашқы 

кәсіби дипломат болатын. Бірақ ол 

сол кездегі солақай саясаттың саптаяқ 

сабынан қарауыл қараған әдетімен өз 

мамандығы бойынша тер төге алмады. 

Әйтсе де, бойындағы бар білімі, білігін 

халқына, туған елінде тұрып жатқан 

халықтар бірлігі, достығына арнады. 

Ол үшін кезінде омырауына екі рет 

Еңбек Қызыл ту, Октябрь революциясы 

ордендерін тақты. Қазақ КСР Жоғарғы 

Советінің Құрмет грамотасына ие болды.

Ол 1996 жылы 70 жасында дүние 

салды. Артында жары – Нина Юнусовна 

(ол да мамандығы бойынша философ), 

балалары Темір (физик), Мәлік (биолог), 

Рүстем (дәрігер), немерелері қалды.

Әнуарбек аға қолы бос кезінде шахмат 

ойнағанды немесе өзінің бай (он мыңның 

үстінде кітап қоры бар) кітап ханасындағы 

дүниелерді, жаңа кітап тарды оқығанды 

және олардан ылғи да үзінді келтіріп 

отыруды ұнататын. Қайткенде де білсем, 

бәріне үлгерсем деп жүретін. Өмірдегі бір 

нәрсені білмей қалу, оқымау, талқылауда 

тайсақтау ол үшін жат болатын. Ол өле-

өлгенше сол биігінен бір сәт төмендеген 

жоқ. Мәскеулік белгілі журналист, жа-

зушы Сергей Баймұхамбетовтің сөзімен 

айтсақ «Керек десеңіз орталықтағы 

қаламгерлердің өзі онымен ақылдасуға, 

үйренуге баратын аса ақылды, ғажайып 

білімді адам еді».

Шындығында, ол туған ауыл – 

Нұржау өз төңірегіндегі ең бір биік дөң 

басындағы еңселі елді мекен болып 

есептеледі. Мүмкін соған тартты ма, 

Әнуарбек ағаның өзі де өмірде ылғи 

биіктікті ұнататын және сол биіктікте 

оның жұлдызы жарқырап тұрушы еді. 

Өтепберген ӘЛІМГЕРЕЕВ, 

Қазақстанның Құрметті журналисі

АТЫРАУ


Құрманғазы ауданының 

орталы ғы  Ганюшкиннен 

батысқа қарай бет алған күре 

жолдың бойын да Нұржау дейтін 

ауыл бар. оны қазірде біреулер 

кеңес кезіндегі шаруашылық 

атауымен «октябрь», одан 

бұрынғы ұжымшар ныспысымен 

«Қазақстан» дей де салады. 

Бірақ әу бастағы атауы әлгіндей. 

Сол Нұржауда болғанда 

Әбіш Кекілбаев «Бұл ауыл 

халқымызға берген екі асылы 

– Жұмекен мен зейнолласы 

үшін де қадірлі» деген 

болатын. айтса айтқандай, 

Жұмекен мен зейнолла тек 

әдебиеттегі  алыптар. ал 

қоғамның басқа салаларын 

сараласаңыз Нұржаудан ұшқан 

саңлақтар қаншама? Мен қазір 

солардың біреуін ғана сөз 

еткелі отырмын. ол – алғашқы 

жоғары білімді дипломаттың 

бірі, республикамыздағы 

этнобірліктің берік негізін 

қалаушы, мықты идеолог 

Әнуарбек Нәжімеденұлы 

шыманов болатын.

Менің Серік ағам да жетпістің жотасына көтеріліп қалыпты-ау.  зырлаған 

күндер, зымыраған өмір-ай дейтініміз де осындайда ғой. 

«Менің ағам» деп жатырмын. «Жалғыз сенің ғана емес, бізге  де  бөтен 

емес» деп жамырай үн қататын Секеңнің інілері толып жатқанына еш 

күмән жоқ. Жақсыға кімнің жақын жүргісі, жақсыны кімнің жақын  тұтқысы  

келмейді дейсің?!  осының дәлеліндей Серік тілеубайұлы ардақты 

ағалардан да, ілтипатты інілерден де кенде емес. 

Тегінде өткен ғасырдың алғашқы 

ширегінде Нұржауда дінге бет бұрған 

адамдар көп болды. Солардың  бірі 

Әнуарбектің әкесі  Нәжімеден еді. 

Обалы нешік, ол төңкерістің алғашқы 

жылдары, азамат соғысы кезеңінде 

өңірдегі революциялық комитет мүшесі 

ретінде белсенді болды. Дегенмен 

аңдап қараса, түптің түбінде мұның 

ата-бабаларының, керек десе өзінен 

кейінгі інілерінің де дінге бет бұрғаны 

жаңа заман саясатына ұнаңқырамайды. 

Сондықтан, ағайынмен де алыстан 

сыйласқанды ұнататын қазекең ішкі 

сырды да әп-сәтте ақтара салғанды 

жақсы көрмейді ғой. Сөйтіп ол аз 

уақытта саясаткерден қарапайым балық 

батағасының есепшісі болып шыға 

келді. Медресе тәмамдаған  інісі Нәбиді 

Орынбордың жұмысшылар мектебіне 

жіберді. Өзі қоныс аударып, Атырау 

теңізінің терістік батысынан сәскелік 

күнгейіндегі Баутин батағасынан бір-

ақ шықты. Өйткені, жоғарыдағы күдігі 

расқа шығып, иманы ұйып, құдай жолын 

арым деп түсінген адал жанның артына 

тергеу түсті. Себебі жолдасы Шафиға 

Арыстанғалиеваның бір ағасы патша 

азамат бұл іске тәуекел еткен. Ер-

терек шатыр да, киіз де, хан тағы да 

дайындалды. Елбасы Хан ордасына 

табан тірегенде ежелгі рәсімнің 

жүзеге асуына мүмкіндік туды. Ауыл 

ақсақалы ақ батасын берді. Әжелер 

шашу шашты. Мұның бәрі не үшін? 

Ел басқарудың оңай еместігін аңғарту. 

Жауапкершілігі атан түйеге жүк 

артқандай салмақты екенін сездірту. 

Бәрінен бұрын ел тізгінін ұстаған 

ерге қанат бітіру, алдағы өміріне ақ 

жол тілеу. 

– Серік, біз тәуелсіздікке жаңа 

жетіп жатқан елміз. Халқымыз ел, жер 

тарихын жақсы білуі тиіс. Тарихқа 

бай аймақтың бірі де бірегейі – осы 

Ұлытау. Сол тарихты тереңірек білуге 

сен де үлес қос, – деген болатын сапар 

соңында Елбасы. Секең Президенттің 

бұл сөзін тапсырма ретінде сезінді. 

Сөйтіп оқығанын, естігенін, көңілге 

тоқығанын қағаз бетіне түсіре баста-

ды. Нәтижесінде жергілікті қаламгер 

Батырбек Мырзабековпен бірігіп 

жазған «Ұлытау – ұлттың ұясы» деген 

кітап өмірге келді. 

Жалпы, Серік ағамыз журналист 

қауымына жақын. Олардың еңбегін 

бағалай біледі. Өзі де көңілді тербеген 

мәселелерді газет бетінде көтеруді жөн 

санайды. Тарихқа, ұрпақ тәрбиесіне 

қа тысты, елге танымал азаматтар 

жөнін дегі дүниелері республикалық 

басылымдарда жиі шығып жүр. Газеттен 

басқа радио мен теледидар да өзіндік 

ойы, пікірі бар азаматты жатырқаған 

емес. 

 Ұлытау – бар қазаққа ортақ қасиетті 



мекен. Содан да болар өзін нағыз қазақ 

санайтын, елжанды, ұлтжанды азамат-

тар бұл жерде болуды, ауасын жұтып, 

кәусар суынан қанығуды перзенттік 

парыздары санайды. Секең ауданға 

басшылық жасаған жылдары Ұлытау 

топырағын басқан көптеген ұлт зи-

ялыларымен танысып, мұның соңы 

арадағы тығыз байланысқа ұласты. 

Олардың ішінде марқұм Ақселеу 

Сейдімбеков, Фариза Оңғарсынова, 

Кәкімбек Салықов, Камал Смайылов... 

бар болатын. Арамызда жүрген Шерхан 

Мұртаза, Төрегелді Шарманов, Жүрсін 

Ерман да атпал азамат есімімен жақсы 

таныс. 


Кім-кімге де отбасының алар орны 

ерекше. Секеңнің шаңырағына кел-

сек, оның бұл шағын «мемлекеті» 

қазақтың қай отбасына болмасын үлгі 

болатындай. Әсіресе, төңірегіндегілер 

ағамыз бен зайыбы Тамара тәтеміздің 

арасындағы сыйластыққа ерекше 

сүйсінеді. Әрдайым да «Менің Серігім» 

деп отыратын ол кісінің отағасына деген 

құрметі бөлек. Тәтеміз «Азаматтарымыз 

аман болсын. Әйелдің, шаңырақтың, 

тіпті елдің жағдайының жақсы болуы 

солардың арқасы» деп ылғи да ер-

азаматтарды көкке көтеріп отырады.

Ерлі-зайыптылар перзенттері 

шыр етіп өмірге келгеннен олардың 

тәрбиесіне айрықша көңіл бөлді. 

«Әкімнің баласы екенмін» деп 

ешқайсысы да ерсі қылық көрсетпеді. 

И м а н д ы л ы қ т ы ,   б и я з ы л ы қ   п е н 

инабаттылықты бойларына сіңірді. 

Осыдан біршама жыл бұрын жазған 

мақаласында Секеңнің былай дегені 

бар еді: «Бұл күнде мен де еліміздің 

көптеген азаматтары секілді ұлымды 

ұяға, қызымды қияға қондырып, ата 

деген ардақты атқа ие болып отырмын. 

Бес баламды қазақтың тарихы мен 

мәдениетіне қанықтырып өсірдім. 

Бәрі де қазақша білім алды. Қазір бір-

бір отбасын құрап отыр. Немерелерім 

бар. Олар да қазақша сөйлейді. Мен 

кейде тілі орысша болса да жүрегі қазақ 

дейтін пікірмен онша келісе бермеймін. 

Қазақша білмеген қазақ қазақша ойлай 

ала ма? Қазақша ойлай алмаған адам 

қазаққа қорған бола ала ма? Бұл сұрақ 

мені ойландырады». 

Б ә р і н е н   б ұ р ы н   а д а м д ы қ т ы , 

адалдықты қадір тұтатын Секең 

атақ-дәрежеге қызыққан емес. Бір 

қарағанда бұл жағынан құралақан да 

болып жатқан жоқ. Алған медальдары, 

мақтау қағаздары жетерлік. Кеудесінде 

«Құрмет» ордені жарқырайды. ҚР 

Мәдениет қайраткері. Дегенмен де 

ол үшін ең бір қадірлі атақ бар. Ол – 

Ұлытау ауданының Құрметті азаматы 

атанғандығы. Туған жерінің құрметіне, 

абыройына бөлену – марапаттың 

төресі. Осыған қуанады. 

...Серік ағамызбен жүздесіп, кезде-

скен сайын осыдан отыз-қырық жыл 

бұрынғы Ұлытауда өткізген жарқын 

жылдар елес береді. Сол кездегі 

қимылы ширақ, сергек ойлы Секең 

ғой бұл. Тіл-көзіміз – тасқа. Қазір де 

сол қалпы. Арманы асқақ, жүрегі таза 

жандар үлкендіктің дегеніне жығыла 

қоймайды-ау, сірә. Олар қарағайға 

қарсы біткен бұтақ сияқты. 



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал