Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін


«...Абақты қатар-қатар болады екен



жүктеу 1.05 Mb.
Pdf просмотр
бет7/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.05 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

«...Абақты қатар-қатар болады екен,

Ішіне жақсы, жаман толады екен.

қалап алғаны ма, ол турасында біздің қо-

лымызда нақты сүйенетін дерегіміз жоқ. 

Дегенмен, осы псевдонимде белгісіз жұм-

бақтың, ашылмаған сырдың бары анық. Біз 

бұл пікірге Смаханның жазған дүниелерін 

оқып, танысып шыққан соң келдік.

Ең алдымен Сұңқар – бүркіт тұқымдас 

дене бітімі сұлу жаратылған құс. Саятшы 

қазақ құс төресі – Сұңқар деп дәріптейді. Ел 

ішінде маңдай алды азаматтарды «жігіттің 

сұңқары» деп те теңейді. Сұңқардың басты 

қасиеті – қырағылығы мен шапшаң ұшып, 

жемін шалт қимылымен тез қағатындығы. 

Атақты Шалкиіз жырау сұңқардың осы 

қасиетін:



«...Көк қоянның қос құлағын тұндырған,

Көгілдірдің жез қанатын сындырған»  

деп ғажайып көркем бейнесін дәл берген. 

Шалкиіздің ізін жалғастырушы Махамбет 

ақын: «Мен ақ сұңқар құстың сойы едім» 

деген болатын.

Смахан Бөкейхан туралы сөз бола қалса, 

ұмытпасам 1984 жылы Алматыдағы Мұхтар 

Әуезовтің мұражай-үйінде әрбір жұма  сайын 

Рақманқұл Бердібаевтың жетекшілігімен 

өтетін «Халық университетінің» акаде-

мик Әлкей Марғұланға арналған кезекті 

сабағы менің есіме еріксіз түседі. Сексеннің 

сеңгіріне шыққан Әлекеңнің мерейтойы-

на орайластырылған бұл дәріске зал 

ішінде ине шаншар орын жоқ, лық толды. 

Қызыл империяның тізгіні босап, құлар 

алдындағы жылдар – бұрын-соңды біз 

естіп білмеген Алаш азаматтарының тағдыр 

талайына қатысты құлыпқа салынған, 

жабық деректердің саңылау тауып, шыға 

бастаған қоғамдық рухани серпіліс туғызған 

кезеңі еді. Сондықтан да болар зал толған 

жаңалыққа құмар қауым білімпаз Әлекеңнен 

Алаштың көсем тұлғаларына байланысты 

тың ақпарат дәметуі орынды еді. Әлекеңнің 

Алаш тарихын қаузаған ауқымды әңгімесі 

көпшіліктің қызығушылығын туғызды. 

Сол кеште мәртебелі академик аузынан 

Әлихан Бөкейханның Смахан есімді туған 

інісі бар екенінен сырттай таныс болдық. 

Ғұлама Әлекең сонда: «Смаханның 20 

дәптерден тұратын Алаш азаматтары 

хақында, өз ағасы Әлихан Бөкейханға 

арналған естеліктері бар. Сол қолжазба 

естеліктері табыла қалса, көптеген ақиқатқа 

көз жетеді» деген еді. Арада бірсыпыра 

жылдар өтті. 1994 жылы ҚР Ұлттық Ғылым 

академиясы кітапханасының сирек кітаптар 

бөлімі залында Смахан Бөкейханның 

«Әлекеңнің өмірі» атты аманат естелігін 

Сырым Райымжанұлы зерттеуші Сұлтанхан 

Аққұлыұлына табыстады. Бұл арнайы ұйым-

дас тырылған іс-шараға марқұм Міржа-

суінен зәре-құты қалмай саяси астар іздеген 

тәрізді.

Одан ары автор Жақып басына жала жа-

былып абақтыда жатқанына өкініш білдіріп: 

«1910-ыншы жылдан бері Қарқаралы қазағы 

«Үкіметке қарсы талап қылып жүр» дегенді 

шығарды. Біздің қазақтың осы нахақ жа-

ласына қарағанда, бет түгіл, қалам ұялып 

қызарады. Иағқұбты жамандаған адамдар 

не саиасат ісін, не қазақ жұртына келетін 

өшпес ұятты білмейді: надан, жүзі қара нені 

білсін!»  деп жаны қинала мұқым жұртқа 

баяндайды. Сөз арасында ол Жақыптың 

болмыс-бітімін «Иағқұб жуан ауылдың 

баласы, тілі, мінезі жалпы, закон жолын 

біледі. Қазақ дауына кірісіп, сыңар езу, 

ұрыншақ аттай жан-жағына соқтығып, 

тікен артқан түйедей жан-жағын іле жүреді. 

Бұл Құдай туысынан берген Иағқұбтың 

мінезі»  деп белгілі тұлғаның өжеттігі мен 

асаулығынан хабар береді. Дегенмен, 

Смаханның Жақыпқа жабылған жаланың 

түбінің шикілігін ашып айта алмай «надан, 

жүзі қара нені білсін!» деп қиналуының 

астарында бір гәптің бары шүбәсіз.

Смахан Бөкейханның шығармашылық 

мұрасын зерделеген сайын қазақ мәдениеті 

мен тарихының ақтаңдақ беттерін толық-

ты ратын сан алуан тың деректерді кездес-

тіреміз. Айталық, «Қазақ» газетінің 1916 

жылғы №170 санында жарияланған хабар-

дың көлемі шағын болғанмен, көтерген 

жүгі зор. «Қарқаралы абақтысында өзі 



Ішінде абақтының кіріп барсаң,

Көңілің су сепкендей болады екен.

Сүйендім абақтының шарбағына,

Сыйындым атам Қазыбек аруағына.

Бір күнде қаршығадай қалықтадым,

Бұл күнде мен аңшының қарма ғында...»  

деуі, серінің қазақтың қолымен от көсеген 

империяның қуғын-сүргініне түскенінен 

хабар беріп тұр. Еркіндік сүйгіш ұлт 

ұландарының сағын сындырып, жігерін құм 

етуді көздеген дұшпанының әрекеті шек-

тен шыққан «ат жақсысы – кермеде, жігіт 

жақсысы – түрмеде» деп мәтелдеген шақ. 

Ресей патшалығы тұсында қазақтың небір 

нар тұлға азаматтарының өмірі қасіретпен 

ерте үзілді...

Автор Мәди Бәпиұлының абақтыға тү-

суі не елдегі қазақтың жуандары кінәлі деп 

са найды. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда 

соны іледі. Қазақтың атқа мінгенінің бәрі 

оңай дан мал таппақ, ұрлық, ұры сүйеу 

кәсібі. Ақын, аңғал Мәди абақтыдан пәтер 

алып жүргені осы»  деп усойқы тілмен 

түйреп, сері Мәдидің атына «ұры» деген 

атақ тың жамылғанына күйіне отырып жа-

зады...

«Қарқаралы – нойәбір ішінде жүзден 

астам кісі абақтыға жабылған еді. 20 ша-

малысы бұлардың Шұбартау, 20 шама-

лысы Ақсары, 10 шақтысы Темірші, 6-7 

Берікқара, 7-8 Тоқырауын қазақтары. 

Басқа болыстардан қанша жабылғанын 



Смахан тәті апамен

Академик Әлкей Марғұлан тарих ғылымының докторы, профессор Халел Арғынбаев және 

журналист Ержан Уайсовпен бірге. 1984 жыл. 

1906 жыл. Әлиханның анасы Бегімханымның сотқа берген арызы.



«менің заңды түрде шаңырақ иесі емес екендігім енді белгілі болды. Бұл менің 

зығырданымды қайнатып, ашуымды келтіреді. Саған және қоғам мүшелерінің бәріне 

менің шаңырақ иесі екендігім, меншігімде малым бары, оған шаңырақ ақысы мен 

жер салығын жыл сайын төлеп тұрғандығым мәлім. Шындығында, тәтіхан баламның 

тірі кезінде менің қалауым бойынша шаңырақ иесі тәтіхан нұрмұхамедұлы болып 

саналды. енді оның 29 ақпан 1905 жылы дүниеден озуына байланысты халықтық 

ғұрып бойынша шаңырақ иесі маған тиесілі, өйткені шаңырақтың үлкені менмін. 

Осыған орай сүйікті ұлым, саған мұнан былай 40 жылдан бері шаңырақ иесі деп 

таныған тоқырауын болысының 7-ші ауылының басшы қызметкерлері мен үкімет 

мекемелерінің менің атыма жіберілетін іс қағаздардың барлығына, арыз-шағымдар 

мен салықтарға, өтініштер мен пікірлерге жауап беруге, менің атымнан құжаттардың 

бар түріне көшірме алуға, анықтамалар мен арыздар жазуға, менің атыма келген 

телеграммалар, шақыртулар, хабарландыруларға, ауызша сұрақтарға жауап беруге 

сенімхат тапсырамын. Бір сөзбен айтқанда, Смахан ұлым, заң күшімен шаңырақ иесі 

деп таныған маған қатысты туындаған жайдың барлығына менің атымнан араласуға 

толық құқықтық рұқсатымды беремін. Осы сенімхат шеңберінде сенің әрекетің мен 

ісіңнің бәрі заңды. мен саған сенемін, сенімен таласпаймын, бәс тесіп, ерегеспеймін. 

30 сәуір 1906 жыл. тоқы рауын дуаны.

Бұл сенімхат Қарқаралы уезі, тоқы рауын болысының сұлтаны Смахан нұрмұ ха-

мед ұлы Бөкейханға тиесілі.

(Смаханның анасы Бегімханымның «Сүйікті ұлым Смахан 

Нұрмұхамедұлы» деп аталатын сенімхатынан) 

8

№8 (1318) 

25 ақпан – 2 наурыз

2016 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

9

№8 (1318) 



25 ақпан – 2 наурыз

2016 жыл


алдыңғы толқын ағалар 

көңіл күнделігінен

Өнеге мен Өлшем

«Жұ мекең істеген ісін тиянақтап, 

үс тінен  біреу  қарап  жөндемей тін дей

 етіп бітіруші еді. Қысылған кезде 

оған елдің бәрі қолқа са лып жататын». 

Серік Қирабаев

Әдетте көпті көрген аға ұрпақ кейінгі 

буынға сынай қарап, қадамын бақылап, 

қарымын бағалап отырады. Сол сияқты 

бүгінгі жастар да алдыңғы толқын ағалардың 

өн бойынан өнеге іздейді. Әсіресе, Қасым 

ақын айтқандай, жер сарайын жаңғыртып 

келген, тектілігінен гөрі ептілігі басым 

осы күнгі жас перілер самайын қырау 

шалған салиқалы сардарлардың салақұлаш 

өмірбаянынан гөрі сындарлы тұлғасына 

көбірек көз салады. Қазіргі жастардың 

ақыл толған баста, селдіреген шашта 

шаруасы бола бермейді, олар: «Ағамыз 

ақсақалдықтың ауылына қалай, қайтіп 

бара жатыр?», – деп қарайды. Сосын әдемі 

қартайып келе жатқан аға буын туралы әдемі 

сөзін айтады. 

Өмірден өткенше кейінгі толқын 

інілердің ықыласына бөленген, сы-

нын бұзбаған, сырын жоғалтпаған аб-

з а л   а ғ а л а р ы м ы з д ы ң   б і р і   Ж ұ м а ғ а л и 

Ысмағұлов деп ойлаймыз. Журналисти-

ка мен әдебиеттанудың, қоғам ісі мен 

аударманың қай-қайсысына да жаттығы 

жоқ Жұмағали ағаны саналы ғұмырында 

жолы болған адам десек, қателеспес едік. 

Әдепкіде ұстаздан жолы болып, уызында 

жарыды. Бастауыш мектепті бітіре сала 

аты аңызға айналған педагог ақын Бекет 

Өтетілеуовтің өзінен дәріс алды. Қазақ 

ұлтының марқасқалары Ыбырай Алтын-

сарин мен Ахмет Байтұрсыновтың шара-

паты тиген білім шаңырақтарында тәлімге 

қанықты. Республиканың маңдай алды ба-

сылымдарын басқарды. Жоғарғы Кеңестің 

депутаты болды. Талайлар қызмет істеп, бірі 

ар-намысын, бірі қадір-қасиетін саясаттың 

шоғына күйдіріп алған Орталық Комитеттің 

оты мен суынан аман шықты. Қайта ұлтқа 

пайдасын тигізіп, жазықсыз жазаланған 

Ғабит Мүсіреповтің партиялығын қайта 

қалпына келтіруге арналған анықтаманы 

әзірлеп, әйгілі жазушының толық ақталуына 

атсалысқан. 

Қазақ телеграф агенттігін бес жыл 

басқарған Жұмағали Ысмағұловтың 

қызметтен түсуінің өзі – кісі қызығатын 

с ә т с і з д і к .   Ж е л т о қ с а н н ы ң   ы з ғ а р л ы 

күні алаңға шыққан қазақтың қайсар 

ұландарының сот залында сүміреймей, 

қасқая қарап тұрған суретінің жарияла-

нып кеткені үшін күйді. Ұзамай жеткен 

ақжарылқап заман ол күйініштің де орнын 

толтырды. Дау-дамай мен шырғалаңнан 

арылған соң алаңсыз ғылыммен айналыс-

ты. Бұл жерден де бақ-несібе Жұмағаңды 

қайта тапты. Ғылымдағы жанкешті еңбегі 

докторлық дәреже, профессорлық атақ сый-

лады. Өңіріне талайға арман болған тәуелсіз 

елдің мемлекеттік сыйлығының белгісі 

қонақтады. Егер сол кезге дейін қызметтің 

құлағын ұстап отырғанда бұл жетістіктер 

Жұмағали ағамызды жанап өтер ме еді, кім 

біледі?! Ырысқа құшақ жайған жеріне де, 

табаны тайған жеріне де бақ қонған, өмірде 

жолы болған адам дейтін себебіміз сол. 

Ең алдымен жұрт Жұмағали Ысмағұлов-

ты журналист-публицист ретінде тани-

ды. Ол – қазақ баспасөзінің бар буы-

нында қабілет-қарымын байқап көрген 

кісі. Аудандық газеттің баспаханасында 

құйылатын қорғасын әріптерді өз қолымен 

терген. Одан соң редакцияның жауапты 

хатшысы болып, газеттің макетін сызған. 

Сөйтіп, журналистиканың майданына 

техникалық дәліз арқылы келіп кірген. Әуелі 

әріп терген, сосын әрлеп макет сызған қол 

бірте-бірте салмақты сын, маңызды мақала, 

ойлы очерк жазуға машықтанған. Универ-

ситет қабырғасында жүріп-ақ «Қазақстан 

коммунисі» (бүгінгі «Ақиқат») журналының 

бөлім меңгерушісі, кейін жауапты хатшысы 

болып қызмет атқарған. Ал оқу орнын бітіре 

сала бүгінде біреу біліп, біреу білмейтін, ал ол 

кезде атының өзінен ат үркетін «Үгітші блок-

ноты» журналының бас редакторлығына 

тағайындалған. Әлі күнге дейін дәстүрін 

үзбей келе жатқан әдебиет пен өнердің 

қара шаңырағы – «Қазақ әдебиеті» газетін 

басқарған бас редакторлардың тізімінен 

Жұмағали Ысмағұловтың да есімін көреміз. 

О н   т ө р т   ж ы л   б о й ы   Қ а з а қ   т е л е -

граф агенттігінде қызмет істеген кезеңі 

желтоқсаншылар суретінің жарияланған 

күні аяқталды. Егер Қайрат Рысқұлбеков 

бастаған бес жігіт суретке еңсесін тік 

ұстамай, бастарын төмен тұқыртып тұрып 

түскенде, Жұмағаңның Каз ТАГ-тағы 

жұмысы жалғаса бере ме еді, қайтер еді? Ұлт 

тарихында елеулі орны бар осы оқиғадан соң 

Каз ТАГ-тың директоры қызметінен босап, 

партиялық жазаға тартылды. Ал суретті 

жариялаған «Жетісу» газетінің бас редакто-

ры Мамадияр Жақып Алматы облысындағы 

бір аудандық газеттің техникалық қызметіне 

кетті. Екеуі де қиын күндерде байсал-

ды қалпын сақтады. Екеуі де желтоқсан 

желі жылымыққа ұласқанда базбіреулер 

секілді қаһарман кейіпкердің кейпіне енуге 

ұмтылған жоқ. 

Журналист Жұмағали Ысмағұловтың 

қаламынан публицистикалық толғаулар, 

очерктер, эсселер, әдеби-сын мақалалар 

туды. Ұлт тарихындағы ұмытылмас тұлғалар 

Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Сәбит 

Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден 

Мұстафин, Ілияс Есенберлин, Ілияс Омаров, 

Тахауи Ахтанов, Ғафу Қайырбековтердің 

әдеби-шығармашылық портреттерін жа-

сады. Ал аса көрнекті қоғам қайраткері, 

халқымыздың тұлғалы перзенті Бәйкен 

Әшімов туралы арнайы кітап жазды.

Біздіңше, аудармашы Ысмағұловтың 

с а л м а ғ ы   п у б л и ц и с т   Ы с м а ғ ұ л о в т а н 

ешқандай кем емес. Бұл кісі – көркем 

аударманың теңдессіз шебері. Қазіргі күні 

дәстүрі үзіліңкіреп қалғанымен, кезінде 

шығармашылық мектеп ретінде қанат 

жайған көркем аударманың арқасында 

шетел және орыс әдебиетінің классиктері 

мүлтіксіз қазақша сөйледі. Олардың құнын 

кемітпей, қаймағын бұзбай, сөлін сақтай 

отырып, ұлт тіліне тәржімалаған Мұхтар 

Жанғалин, Хасен Өзденбаев, Әбілмәжін 

Жұмабаев, Ісләм Жарылғаповтармен бірге 

Жұмағали Ысмағұлов есімі де қазақ аударма 

тәжірибесінің тарихында қалды. Бүгінгідей 

тілдік қолданыстар өрескел бұзылып, 

ақпарат құралдарының бірқатарының тілі 

жүгенсіз кеткен тұста енді бір заманда 

аудармашылардың дәл осындай талант-

ты шоғыры қайта қалыптасады деп кесіп 

айтудың өзі қиын. Тілдің құдіретін таны-

та білген шебер тәржімашы мағынасын 

дәл жеткізбегені былай тұрсын, бір 

әрпін қисайтып алсаң басың пәлеге 

қалатын заманда марксизм-ленинизм 

классиктерінің шығармаларын абыроймен 

аударып шықты. Көсемханада қызмет істеп, 

көсемдердің еңбектерін қазақша сөйлеткен 

Жұмағали Ысмағұлов әдебиетті сүйетін 

оқырмандар үшін де қыруар іс тындырды. 

Оның аудармасы арқылы қазақ жұрты 

М.Горькийдің, А.Чеховтің, И.Тургеневтің, 

Н.Добролюбовтің, А.Островскийдің, 

Бальзактің, Стендальдің, П.Коэльоның, 

В.Дальдің, Э.Казакевичтің, Ю.Бондаревтің 

оның зерделілігі мен тиянақтылығына тәнті 

болады. 


Сөйтіп, Жұмағали Ысмағұлов студент 

кезінде «Әуезовтің өзінен бес алған» (Өтеген 

Оралбаев) алыптар тобының қатарын 

толықтырады. Оқу бітірген соң да тағдыр 

оны ұлы Мұхаңмен талай рет тоғыстырады. 

Бұлай болатын жөні де бар-ды. Жұмағали 

аға жас күнінен орысшаға өте жүйріктігімен 

көзге түседі. Қазақша ойлайтын, бірақ 

орысша оралымдары да ешкімнен кем 

соқпайтын ұланға ұстаздары үнемі үміт ар-

татын. Университеттен кейін «Коммунист» 

журналының жауапты хатшысы қызметін 

атқарып жүргенде талайдың тісі батпай-

тын Добролюбовтің бір томдық жинағын 

қазақша сөйлетіп, кәсіби аудармашылардың 

жоғары бағасын алғаны бар. Сол тұста оған 

тағы бір аса жауапты міндет жүктеледі. 

1954 жылы Қазақстан жазушыларының 

үшінші съезіне әзірлік жүріп жатады. 

Сондағы негізгі баяндамалар қазақша 

әзірленсін деген талап қойылыпты. 

Қазақ драматургиясы туралы баяндаманы 

Мұхтар Әуезовтің өзі жасайтын көрінеді. 

Ал Қазақстан Компартиясының екі 

тілде шығатын саяси журналы – «Үгітші 

б л о к н о т ы н ы ң »   б а с ш ы с ы   Ж ұ м а ғ а л и 

Ысмағұлов сахна сыртындағы микрофон 

арқылы осы баяндаманың орысша нұсқасын 

қазақшаға ілесіп, шашау шығармай оқып 

АқпАрАт пен АудАрмА

«Сөйлем аударылған, 

бәрі де дұп-дұрыс секілді, 

бірақ оқысаң, кібіртіктеп қаласың, 

бірдеңе жетпей тұрады. 

Соның талайының сырын 

Жұмекең үйретті»

 Нұрмахан Оразбек

«Мәскеу» қонақ үйіндегі жүздесудің 

әр сәті жадында таңбаланып қалды. Бұл 

оның Әуезовпен соңғы рет тілдесуі екен. 

Одан соң Склифосовский атындағы 

орталық клиниканың жаназалық бөлмесіне 

Мұхаңмен қоштасуға келеді. Сол күнгі 

оқиғалардың бәрі оның көз алдында өтеді. 

Алматыдан арнайы келген Сәбит Мұқанов, 

Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, 

Әбділда Тәжібаевтармен кездеседі. Жазу-

шылар одағы ғимараты ауласында өткен 

шығарып салу рәсіміне қатысады. Лео-

нид Соболевтің азасөзін тыңдайды. Жас 

Жұмағали осының бәрінен тағылым алады. 

Сөзіміздің басында оның ұзақ жыл бойы 

бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет 

істегенін айттық. «Қазақ әдебиеті» газетінің 

бас редакторлығынан босағаннан кейін Ал-

маты облыстық «Жетісу», Шығыс Қазақстан 

облыстық «Коммунизм туы» газеттеріне 

жіберіледі. Қызметтің үлкен-кішілігіне 

қарамай, бәрін де тиянақтылықпен 

атқарады. Бұдан соң Жұмағаңның қайта 

өрлеу дәуірі басталады. Қазақ КСР Ми-

нистрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік 

ақпарат агенттігі (Қаз ТАГ) директорының 

орынбасары болып тағайындалады. Бұл 

мекемеде басылымдар үшін ресми материал 

әзірлейтін аудармашылардың тұтас мектебін 

қалыптастырады. 

Қазақтың қара сөзінің қадірін білетін 

адамның бірі – көрнекті көсемсөзші 

Нұрмахан Оразбек. Сол Нұрекеңнің өзі 

Жұмағали ағамызды өмір бойы ұстаз са-

нап өтті. 1962 жылы «Қазақ әдебиеті» 

газетінің редакторы Жұмағали Ысмағұлов 

Әбіш Кекілбаевтың айтуымен Нұрмахан 

Оразбекті фототілші етіп жұмысқа алады. 

Елгезек фототілші сол газетке жарияланған 

Әнуар Әлімжановтың Мырзашөл тура-

лы жазылған очеркін оқып сүйсініпті. 

Тілінің көркемдігіне таңдай қағады. Лез-

деме үстінде редактордың орынбасары 

Ғафу Қайырбековтың өзі «Аударма емес, 

қазақша жазылғандай болып шығыпты» деп 

ризалық танытады. Сөйтсе, жұрттың бәріне 

ұнаған очеркті аударған Жұмағали ағаның 

өзі көрінеді. «Е, бұл кісінің сондай өнері 

де бар екен ғой деп түйгем» деп еске алады 

Нұрағаң. Сол кезде жігерлі де жас фототілші 

Нұрмахан Оразбек бұл кісімен жолы әлі 

талай тоғысатынын, кейін бірі Каз ТАГ-тың 

директоры, екіншісі орынбасары болып 

бірге қызмет істейтінін қайдан білсін?! 

Шығыс Қазақстаннан оралып, Партия 

тарихы институтының марксизм-лени-

низм классиктері шығармаларын аудару 

секторының меңгерушілігіне тағайындалған 

Жұмағаң «Социалистік Қазақстанда» 

жүрген Нұрағаңды қарамағына қызметке 

шақырады. Шәкіртін саяси аударманың 

қазанында қайнатады. Тіл заңдылықтарын 

пайдаланып, түпнұсқа мен қазақшаның ара-

сын жымдастыратын сан қырлы тәсілдерді 

үйретеді. Ұстаз ұлағатының арқасында 

қызметкерлердің бәрі аударма дегенге 

сенгің келмейтін қазақы сөйлемдерді 

құрауға машықтанады. Кейін Каз ТАГ 

директорының орынбасарлығына ауысқан 

Жұмағали Ысмағұлов көп ұзамай шеберлігі 

шыңдалған шәкіртін бас редакторлық 

қызметке қалап алады. Баспасөзге арналған 

аудармадағы тіл ұстарту сабақтары қайта 

басталады. Жұмағаң қыз-жігіттерге ресми 

мәтіндегі ілік септігінің, көптік жалғауының 

орны, қысқарған сөздерді аудару ерекшелігі 

жөнінде айтудан жалықпайды. Соның 

арқасында бұл саланың аузымен құс істеген 

мамандарының қатары көбейеді. 

1982 жылы Каз ТАГ-тың директоры 

болып тағайындалған Жұмағали Ысмағұлов 

ө з і н і ң   б ұ р ы н ғ ы   о р н ы н а   Н ұ р м а х а н 

Оразбекті бекітіп алып, телеграф агенттігін 

компьютерлендірудің алғашқы қадамын 

бастайды. Компьютердің арғы атасы – 

ЭВМ, монитордың арғы атасы – добалдай 

қалың экран шетелден жеткізіледі. Сөйтіп, 

жанкешті жұмыс жүргізіледі. Агенттіктің 

жаңа директоры ұйымдастыру жұмыстарына 

аса епті екенін таныта біледі. Ол тұста ком-

пьютер атаулы еңселі кеңселердің өзінде 

де бола қоймапты. Мекеме басшысының 

алымдылығы мен шалымдылығын осыдан-

ақ аңғаруға болады. 

Жұмағаңның қызметтен кетуіне себеп 

болған әйгілі сурет оқиғасын Нұрмахан Ораз-

бек былайша баяндайды: «Сексен жетінің 

жазы да кеп қалды. Желтоқсаншыларға сот 

болды. Мәскеудің шетелдерге хабар тарата-

тын бас редакция сы мен фотохроникасынан 

соттан хабар, сурет беріңіздер деген нұсқау 

түскен. Юра Беккер барып суретке түсірген. 

Таңертеңгі лездемеден кейін Жұмекең 

Орталық Комитетке кеткен. Содан күн 

ұзағына дейін сонда жүрді. Кешке қарай 

ТАСС-тан «керегі жоқ» деген хабар түсіпті. 

Фотохрониканың бас редакторының орын-

басары Мечислав Венгловский күте-күте 

шаршаған болуы керек, кешкі сегізден кейін 

соттан түсірілген суреттерді Алматыдағы 

редакцияларға беріп жіберген де, үйіне 

қайтқан. «Социалистік Қазақстан» мен 

«Казахстанская правда» «суреттер кеш түсті, 

бермейміз» депті. Сол күні кезекті нөмірі 

шықпайтын газеттер «Жетісу», «Коммунизм 

туғи», ұмытпасам, «Огни Алатау» да бар, ма-

териалды да, фотосуреттерді де күн аралатып 

жариялап жіберген». 

Бұл кезде біз жастар басылымын-

да қызмет істейтін едік. Аға газеттерде 

басылмаған соң, үнемі соларға қарап бой 

түзейтін «Лениншіл жас» пен «Ленинская 

смена» сол күні дау-дамайға ұрынбай аман 

кетті. Жұмағали аға, суретті жариялаған 

газеттердің бас редакторлары, агенттіктің 

басқа да жауапты қызметкерлері қызметінен 

босатылып, партиядан шығарылды. 

Ол тұста алпысқа да толмаған біздің 

кейіп керіміздің бұқаралық ақпарат құрал -

дарындағы қызметі осы жерден тұйық-

талады.


АбАйтАну мен

АдАмтАну

«Біз журналистиканың 

жуан тобық, еңбек торысы болсақ, 

ол бәйгеге салар сәйгүлік сияқты 

көрінген сонда маған».

Сарбас Ақтаев

Енді публицист және аудармашы 

Ысмағұловты қоя тұрып, әдебиетші-ғалым 

Ысмағұловтың тұлғасына көз салайық. 

Әдетте есік-терезесі қалың кеңселердің 

қызметінде істегендердің арасынан 

шығып, ғылыммен айналысқандарға жұрт 

күдіктене қарайды. Бұл күдікті көңілге 

терең ұялатқан шетінен ғылыми дәреже 

иеленген қазіргі бастықтар. Бір әйел тоғыз 

айда бір перзентті өмірге зорға әкелсе, 

бір шенеунік тоғыз айда екі рет толғатып, 

кандидаттық және докторлық диссер-

тацияларын бірінен соң бірін ұсынады. 

Біздің кейіпкеріміз әдебиеттанумен ай-

налыса бастағанда ғылымды әкімдер мен 

әкімқаралар қолжаулық қылатын заман 

қыр астында жатыр еді. Әрине, Жұмағали 

Ысмағұлов та ірі кеңседе қызмет істеді. 

Бірақ ол кеңсенің есігін нығыздап жау-

ып барып, ғылымға кетті. Мәскеуге, 

талайдың қолы жете бермейтін Қоғамдық 

ғылымдар академиясының аспиран-

турасына түсті. Сол оқу ордасының 

әдебиет пен өнер теориясы кафедра-

сында зерттеу жүргізді. Зиялылардан 

тәлім, ғұламалардан білім алды. Даналық 

дариясында еркін жүзді. Кандидаттық 

диссертациясын адал еңбегімен, маңдай 

терімен қорғап шықты. Бірақ оны кеңсе 

қызметі қайтадан иіріміне тартып әкетті. 

Темірдей тәртіп пен сірескен жүйе 

әдебиеттанумен шындап айналысуына 

кедергі жасап бақты. Алайда жиырма 

жылдан соң төрткүл дүниеге танымал бес 

жігіттің суреті Жұмағаңды ғылымның 

ауы лына қайта жетектеп әкелді. Ұлы 

Әуезов көзін ашқан қасиетті қайнар бұлақ 

– абайтанудың қақпасына кеп туын тікті. 

Тұғыр лы тұлғалар түрен салған, талайлар 

шиырлаған соқпақтан шығып, тыңнан 

жол табу оңай болған жоқ. Тумысынан 

эстет Жұмағали Ысмағұлов ұлы ақынның 

болмыс-бітіміне көркемдік-эстетикалық 

көзқарастар арқылы зер салды. Ұзақ 

жылдық тынымсыз еңбегінің нәтижесінде 

«Абай: ақындық тағылымы» деп атала-

тын монографиясы дүниеге келді. Абай 

абайтанушының басына бақ қондырды. 

Әдебиет және өнер институтының бір 

топ ғалымдарымен бірге мемлекеттік 

сыйлыққа ие болды. Күні кешеге дейін 

ғылыми элитаның көш басындағылардың 

қатарында жүрді. 

Кейіпкеріміздің қабілет-қарымына 

белгілі журналист-жазушы Сарбас 

Ақтаев мынадай баға берді: «Жұмағали 

Ысмағұлов – білімге де, тілге де өте бай 

публицист. Оның қай шығармасының 

да тілі жібектей есіліп, төгіліп тұрады. 

Сол кестелі көркем тілді ол ғылымға 

да ала келді». Сол шұрайлы тіл зерделі 

зерттеушінің еңбектерін тезірек оқып 

ш ы ғ у ғ а   ж е т е л е й д і .   Ә р   ж ы л д а р д а 

әдебиеттанушы ғалымның «Маржан мен 

махаббат», «Адам мейірі», «Абай: даналық 

дәрістері», «Алтын ғасырдың ақ таңы» 

атты жинақтары жарық көрді. «Ғабит 

Мүсірепов туралы тоғыз толғам», «Бәйкен 

Әшімов» атты тұлғалық кітаптары да 

оқырманнан лайықты бағасын алды. 

Мен Жұмағали ағамен М.Әуезов 

атындағы Әдебиет және өнер инсти-

тутында үш жыл бірге қызмет істедім. 

Бүгінгі әңгімелердің біразы сол күндерде 

көңіл күнделігінде қатталған-ды. Көкірек 

кеніші бай әдебиеттанушы зиялылардың 

зиялысы екеніне сәт сайын көзімізді 

жеткізіп отыратын. Сол жылдарда сек-

сенге бет бұрғанына қарамастан есте 

сақтау қабілеті ерекше еді. «Сен ана 

«Лениншіл жасқа» қызметке жаңа барған 

кезіңде маған телефон шалып, бауыры-

мен жорғалаушыларды зерттейтін зо-

олог балам Елдос туралы сұрағаның 

есіңде ме?», – деп өзіміз ұмытып қалған 

нәрселерді қайта қозғап, жас болсақ 

та, жаңылып тұратын жадымызды 

жаңғыртып қоятын. Қазір қай салада 

қызмет істейтінін білмеймін, ол тұста 

Елдос Жұмағалиұлы Ысмағұлов қазақтан 

шыққан аз ғана герпетолог маманның бірі 

болатын. Іздеген кезімізде Елдос ағамыз 

жыланның тіршілігін зерттеу үшін Барса-

келмеске ме, Бетпақдалаға ма, әйтеуір бір 

жаққа ұзақ сапарға кетіп, менің алдын 

ала жоспарланған «Герпетолог» деген 

мақалам жазылмай қалғаны бар. Оның 

есесіне, Жұмағаңның балаларының ілім-

білімге бейімділігі жөнінде жеткілікті 

мәлімет алдық. 

Қоғамның қайраткері ғана емес, сол 

қоғамның қатардағы қарапайым мүшесі, 

азамат Жұмағали Ысмағұловты да естен 

шығармағанымыз жөн болар. Ілгеріректе, 

кейіпкеріміз бір ғасырдың төрттен үшін 

артта қалдырған тұста: «Егер сіз жүріс-

тұрысынан мәдениеттің лебі сезілетін, сөзі 

орнықты, уәдесінен айнымайтын, шаруа-

сына ұқыпты, жалықтырмай әңгіме айта-

тын, шаршатпай доғара қоятын, не болса 

соны сұрап, жүйкеңді жұқартпайтын, 

көбінесе айтқысы келгенін көзімен 

ұқтыратын, сонысымен кірпияз кейінгі 

буынның алдында құрметі бар, қысқасы 

әдемі қартайған ақсақалды көргіңіз келсе, 

көп іздеп қиналып әуре болмай, Әдебиет 

және өнер институтына келіңіз. Абай-

тану бөлімінің есігін ашсаңыз, жетпіс 

бестегі жігіт ағасы жастарға ақыл-кеңес 

айтып отырады. Іздеген кісіңіз – сол!» 

деп жазған едік. Осы құндылық қазыналы 

қартпен бірге кетті. Бірақ соңынан ерген 

буынға өшпес өнегесін қалдырды. 



Каталог: wp-content -> pdf
pdf -> «АҚылдың ТҮбі қҰт болар»
pdf -> Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен
pdf -> Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де таяп қалды. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше ажарланатын, жаңаратын кезеңі саналатын Наурызда
pdf -> «Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »
pdf -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
pdf -> 5 Көзіқарақты оқырман білуі тиіс, жақында Тілдерді дамыту мен қолданудың
pdf -> Күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін

жүктеу 1.05 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет