Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



жүктеу 1.05 Mb.

бет5/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.05 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ат кісінемегі, 

түйе бозламағы, үй (сиыр) мүңгремегі, 

ишек (есек) инграмағы, ит ұлымағы 

деп атаса, парсылар аттың кісінеуін 

ғана «шиһе» деп атап, қалғандарына сөз 

қолданбайтындығын да ашып көрсетеді. 

Ал, ат әбзелдері, аттың түрлерінің бәрін 

де парсылар түркіше атайтынын жазады. 

Әрине, қашан да отырықшылықпен күн 

көрген парсылардың ат құлағында ой­

нап, көшпенділік өмір салтын ұстанған 

түркілерден  жылқы  малы  мен  киіз 

үйге қатысты сөздерді алуы қалыпты 

жағдай.  Алайда  аңдар  мен  құстарға 

қатысты көптеген атаулардың парсы 

тілінде кездеспейтіндігіне де Науаи 

нақты дәлелдер келтіреді. Мысалы, түркі 

халықтары үйректің аталығын «сона», 

ал аналығын «барчын» деп атаса, пар­

сылар екеуін де бір­ақ сөзбен «морғәк» 

деп атайды екен. Шайыр ағайын­туысқа 

қатысты атауларды да санамалап шығып, 

түркі тілінің бай сөздік қорын көрсетеді. 

Түркілер үлкен бауырды «аға» десе, 

кішісін «іні», үлкен қыз туысты «әпке», 

кішісін «сіңлі» деп атайтынын, алайда 

парсылар  ер­азаматтың  бәрін  «бро­

дар» деп, әйел затына «хохәр» сөзін 

қолданатындығына тоқталады. Расын­

да,  бүгінгі  парсы  тілінде  «ағаны»  – 

«бродар­е бөзөрг» (үлкен бауыр), «ініні» 

– «бродаре­кучек» (кіші бауыр), «әпкені» 



пөке, алма бас, бағчал, чақыр қанат, 

чөрке,  ірке,  соқсұр,  темүр  қанат

құстың  түрлері  – 



чағрұқ,  чайлақ, 

чығчығ, қара құс, қылқұйрық, құладу, 

құла пұрға, леглек, тілбеқұс, тоғдақ, 

тоғдары, йапалағ; аттың түрлері – 

арғымақ, тату, тобұчақ, йабұ, йәкә

аттың жастарына қатысты – 



құлын, тай, 

ғұнан, дөнен, тұлан, чырғауланға; ат 

әбзелдері – 



жазлық, ғанжұға, хана, 

иер, қом, құшқұн, олаң, оланчағ, тоқа, 

тоқұм,  жібілгер,  қантар,  чылбұр, 

қамчы, бүлдүрге, чұпчұрға. Бұлардан 

басқа  және  қару­жарақ,  тамақ  және 

ішімдіктің бірнеше түрлері мен олардың 

атаулары берілген. Осында келтірілген 

біраз сөздер бүгінгі сөздік қорымызда 

болғанымен де, кейбірі қолданыстан 

мүлдем түсіп қалған. Әсіресе, бір ғана 

үйректің он үш түрінің берілуі түркі 

жазба тілінің байлығын көрсетсе керек. 

Осыншалықты бай сөздік қоры бар түркі 

тілі «поэзия тілі» атанған парсыдан 

ешбір кем түспейді дейді автор. 

Жоғарыда  айтып  өткеніміздей, 

Науаи бұл еңбегін өзінің «фарсигуи» 

яғни парсытілді замандастарына арнап 

жазған. Түркі тілінің бай сөздік қорын 

терең зерделеген ғалым түркіше өлең 

жазудың  кейбір  артықшылықтарын 

ғылыми тұрғыдан түсіндіріп береді. 

Өлең  сөздің,  негізінен,  ұйқастан 

тұратыны белгілі. Әр жолдың соңындағы 

рәдиф  пен  қафияның  өзара  ұйқасқа 

құрылуы классикалық шығыс мұсылман 

поэзиясының басты шарты. Осы жағына 

жіті назар аударған Науаи фонетикалық 

жағынан  да  түркі  тілінің  парсыдан 

анағұрлым артық екендігіне тоқталады. 

Әдетте әр тармақтың соңғы сөзі қандай 

дыбыспен бітсе, келесі жолы да соны­

мен үндес дыбыспен аяқталуы тиіс. Бұл 

қағида, әсіресе, аруз ұйқасына түсетін 

өлең жолдарына тікелей қатысты. Дауыс­

ты дыбыстарының ұзақ әрі қысқалығына 

байланысты ұйқасатын араб һәм парсы 

өлеңдерінде рәдиф немесе қафия бірдей 

дыбыспен аяқталуы қатаң сақталады. 

Мәселен, ұзақ «йәй» – «ى» мен қысқа 

«кәсра» – «ِ» екеуі де түркі тілінде «и» 

дыбысын беретін болғандықтан да, өзара 

ұйқасқанымен де, арузға түсетін парсы 

тілінде бұлар арқылы ұйқас жасалмай­

ды. Себебі біреуі созылыңқы болса, 

екіншісі қысқа. Сондай­ақ, «Әлеф» – «ا» 

пен «һәмзә» – «ﺀ» да түркі тілінде «ә» 

болып ұйқасқанымен де, парсы тілінде 

«әлеф» «а» немесе «о» болып оқылса, 

«һәмзә» жіңішке «ә» болып дыбыста­

лады да, өзара ұйқаспайды. Ал, түркі 

тілінде қолдануға бола беретіндігін На­

уаи: «Сондықтан да «әлеф» пен «һәмза» 

арасында өзара байланыс бар, (сол үшін 

де) бір сөздің соңын «әлеф» пен қафия 

жасаса болады. Мысалы, «ара» – «

ارا» 

сөзін «сәра» – «سرا» және «дәра» – «درا» 

деп қафияласа да, немесе «сәрә» – «سره» 

және «дәрә» – «دره» деп қафия жасаса 

төңірегінде  көптеген  пікірталастар 

өрбіген. Әр халық өзіне қарата тартқан. 

Тура осындай мәселе басқа жанрларға 

да қойылған. Алайда тұйық жанрының 

дүниеге келуіне түркі шайырларының 

тікелей  ықпа л  еткенін  әдебиет 

теоретиктерінің  бәрі  де  бірауыздан 

мойындаған.  Себебі  бұл  жанрдың 

табиғаты түркінікі. Тұйықтың басқа 

төрттіктерден басты айырмашылығы 

– оның ұйқасының яғни қафиясының 

омонимдес сөздермен бітуі дер едік. 

Науаидың бір ғана «اﻮﺖ» сөзінің бірнеше 

мағынаға ие екенін дәлелдеп жатуының 

сыры да осында. Өзінің пікірін дәлелдеу 

үшін шайыр:

Чүн пәри­у хурдур 

атың бегім,

Сурәт ічрә дию ерүр 



атың бегім,

Һәр хәдің кім улус әндин қачар,

Натәуан жаным сәрі 

атың бегім.

Осы тұйықтағы үш рет қайталанған 

«ат» сөзі үш түрлі мағынаға ие. Бірінші 

қатарда ат, есім болса, екінші жолда ат, 

яғни жылқы, төртінші қатардағы ату 

етістігінің бұйрық райы. Науаи осы 

әдеби жанрды талдап көрсету арқылы 

түркі тілінде кез келген төрттікпен өлең 

жазуға бола беретінін, алайда парсы 

тілді шайырлардың тұйыққа келгенде 

тығырыққа тірелетінін нанымды жеткізе 

білген.


Н

ауаидың  «Екі  тіл  тура­

лы  пікір»  атты  еңбегінде 

кездесетін  тағы  бір  әдеби 

өрнектің бірі – тарсиғ өлең құрылысы. 

Әдебиет теоретиктерінің жазуынша, 

бұл шығыс мұсылман әдебиетіндегі 

ең  күрделі  ұйқас  болып  есептеледі. 

Тарсиғтың басқа ұйқастардан басты 

айырмашылығы – мұнда тек қафия мен 

рәдифтің ғана ұйқасы жеткіліксіз, со­

нымен бірге әр бәйттің әр жолы, қатары 

да өзара іштей ұйқасқа құрылуы керек. 

Тарсиғ – төрт аяғын тең басқан ұйқас. 

Сондықтан да бұл ұйқасқа әдебиет айды­

нында әбден төселгендер ғана ат басын 

бұратын болған. Алайда олардың бәрі 

де өлең жолдарын сәтті шығара алмаған. 

Науаидың қасида жанрының шебері 

Хожа Кәлимиддин Салманның осы өлең 

құрылысымен қалам тербегенін, алайда 

ұйқастарын сәтті шығара алмағанын 

талдап көрсетуі, сондай­ақ өзінің де 

тарсиғпен төрттаған жазуы да түркі 

тілінің  парсышадан  артықшылығын 

дәлелдеуден туса керек. Тіпті ең қиын 

саналатын шайырлық шеберліктің өзін 

де түркі жазба тілімен оңай жеткізуге 

болатындығын уәждеген.

Парсы мен түркі тілін терең зерт­

теп, ғылыми тұжырым жасаған Науаи 

осы шығармасы арқылы түркі тіліне 

немқұрайдылықпен қарап, өзге тілде 

қалам тербейтін ақын, шайырларға қатты 

соққы берген. Ол бір тілдің екінші тілден 

айырмашылығы жоқ, алайда әрбір жан 

өз ана тіліне шынайы жанашырлықпен 

қарау керек деген қағиданы ұстанған. 

Шайырдың бұл еңбегі жазылған уақытта 

сол ортада біраз қозғау салғаны анық. 

Себебі, ол заманда ғылым, біліммен 

айналысқысы келген мұсылман үмметі 

өз еңбектерін араб тілінде жазса, әдебиет 

әлемінде із қалдырғысы келген ақын, 

шайырлар  парсы  тіліне  жүгінетін. 

Мәураннәһір мен Хорасан аймағынан 

шыққан  ғалымдардың  басым  бөлігі 

өздерінің ғылыми еңбектері мен көркем 

туындыларын сол тілдерде жаратуға 

тырысатын. Сондықтан да құр жанайқай 

емес,  нағыз  ғылыми  дәлелдермен 

жазылған  «Мухәкәмәтул­луғәтәин» 

(«Екі тіл туралы пікір») ұзақ уақыт бойы­

на өз тілін сүйетін жандардың жастанып 

оқитын еңбегіне айналғаны ешбір талас 

тудырмаса керек.



Төрәлі ҚЫДЫР,

әл-Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық университетінің 

доценті, филология 

ғылымының кандидаты

Қысқаша сөздік – Краткий словарь

Сайлау

выборы


Кезектен тыс сайлау

внеочередные выборы



Сайлау құқығы

избирательное право



Сайлау учаскесі

избирательный участок



Сайлау жүйесі

избирательная система



Сайлау комиссиясы

избирательная комиссия



Дауыс беру

голосовать



Жасырын дауыс беру арқылы

при тайном голосовании



Бюллетеньмен дауыс беру

голосование по бюллетеням



таңдау

выбирать


шешім

решение


Нәтиже

результат



Бірлескен отырыс

совместное заседание



тағайындалады

назначаются



Қайта сайлауға жатпайды

переизбиранию не подлежит



заң

закон


Қаулы

постановление



Бап

статья


тарау

глава


Құқық

права


Құқылы

вправе


азамат

гражданин



Ерікті

добровольный



– Құжат тілінде қордаланған түйінді 

тарқатсаңыз? 

 Құжат тіліне байланысты мәселе 

жетерлік. Бір жағынан алғанда, бұл түсінікті 

де. Қазақ тілі кеңсе тілі ретінде енді қалыптаса 

бастады. Дегенмен, қоғам үшін, әрбір азамат 

үшін қажетті бір мәселеге нақты тоқталсақ. 

Ол – өзге тілдерге аударылмайтын атау 

сөздерді дұрыс жазу нормасы. Мысалы, 

«Тіл туралы» Заңда: «мемлекеттік тілдегі 



атаулар қазақ тілінің әдеби тіл нормасымен 

жазылуы керек, басқа тілдерде жазылған 

кезде транслитерация нормасына сәйкес 

жазылуы керек» деп көрсетілген. Трансли-

терация – бір тілдегі жалқы есімдерді екінші 

тіл жазуында әріппе-әріп беру. Мәселен, 

орыс тілінде бұрын «Боровой, Алма-Ата, 

Чимкент, Актюбинск, Джамбейта, Чингир-

лау» нұсқасында жазылып келген сөздерді 

қазір жоғарыдағы ережеге сәйкес «Бурабай, 

Алматы, Шымкент, Актобе, Жымпиты, 

Шыңгырлау» деп жазып жүрміз. Бұған 

қатысты түсінбеушіліктер нәтижесінде қате 

қолданулар әлі де жетерлік. Сөйтсе де, қазақ 

атау сөздерін орыс тілінде жазудың үлгілері 

қалыптаса бастады.

Ал қазір атауларды латын нұсқасымен 

жазу қажеттілігі пайда болды. Жалқы 

есімдерді транслитерациялау нормала-

ры латын жазуымен жазбайтын барлық 

елде қабылданған. Мысалы, Ресейде, 

Украинада, т.б. Ал бізде атаулар түрліше 

қолданылуда, өйткені ортақ стандарт жоқ. 

Айталық, «Қазақстан» деген атаудың өзі 

латынша түрлі басылымдарда әртүрлі 

(Kazakistan, Qazaqstan, Kazakhstan) жазы-

лып жүр. Сондықтан да өзге елдердегідей 

қазақ атауларының қазақша, орысша 

және ағылшын әліпбиі негізінде латынша 

жазылымының бірыңғай жазу үлгілерін, 

транслитерация нормаларын қабылдау –

уақыт талабы. 

– Мемлекеттік тілді оқыту курстары 

бойынша оң қорытындылар алуға қандай 

қадамдар жасалуда?

 «Сана мен ниет болса, тіл үйрену 

 Қазақстандағы мемлекеттік тіл 



саясатының қазіргі ахуалы бойынша басты 

назар аударатын маңызды мәселе неде деп 

ойлайсыз? 

– Алдымен, мемлекеттік тіл мәселесі 

бірегей, біртекті мемлекет болуға ұмтылып 

отырған жас тәуелсіз еліміздің ішкі 

саясатының ең маңызды басым бағыт-

тарының бірі ғана емес, бірегейі екенін айта 

кеткен жөн. Елбасымыз «Кез келген ұлт – 

мемлекет – бұл, бірінші кезекте, оның бірегей 

мемлекеттік тілі» деп тегін айтып отырған 

жоқ. Қазақстан сияқты кешегі тарихында 

ұлттық тілі мен ділінен айырылып қала 

жаздаған ел үшін мәселенің маңыздылығы 

айтпаса да түсінікті. Сондықтан да 

тәуелсіздік алған нан бері елімізде тіл саяса-

тына, мемлекеттік тілдің қолданылу өрісін 

кеңейтуге қатысты қыруар іс атқарылды. 

Солай болса да бүгінде осы жылдар ішінде 

тіл саясатын жүргізуде мемлекеттік тілге 

қатысты шешімін таппаған өзекті мәселелер 

әлі де күн тәртібінде тұр. 

Ақиқаты сол – қазақ тілі, заң жүзінде 

мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанмен, 

іс жүзінде мемлекеттік тіл мәртебесінде 

қолданылу деңгейіне көтерілген жоқ, 

тиісінше, қазақстандықтардың өмірлік 

қажеттілігіне айналған жоқ. Сондықтан 

да бізде тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында 

субъективтік факторға байланысты. 

Түрлі деңгейдегі лауазым иелері, меке-

ме, кәсіпорын басшыларының, халық 

қалаулыларының тіл мәселесіндегі жеке 

жауапкершіліктерін жете сезінетін, 

мемлекеттік тілді құрметтеуде көпке үлгі 

болатын уақыты келді деп есептейміз. Қазақ 

тілін үйрету, тілді меңгеру, қарауындағы 

қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуіне 

қажетті жағдай жасауда басшылар өз 

міндеттерін толық түсінуі қажет. Был-

тыр Елбасымыз БҰҰ мінберінде қазақ 

тілінің абыройын асқақтатты. Осы жарқын 

үлгіден үлкен-кіші лауазым иелері, халық 

қалаулылары сабақ алса деймін. 

ұлы дала атаулары


6

№8 (1318) 

25 ақпан – 2 наурыз

2016 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

7

№8 (1318) 



25 ақпан – 2 наурыз

2016 жыл


С

ұңқар ТУраЛЫ СЫр

заМандас

Алматы облысы, Қарасай 

аудандық мемлекеттік кіріс тер 

басқармасында  24 жыл қызмет 

істеген Садық Дәулетовтің өмір 

және еңбек жолына риза боласың. 

Бүгінде осы  мекеменің ар дақ ты  

ақсақалы атанып отырған аза мат­

тың көпшілік ортасындағы сый­

құрме ті мен ұжым  арасындағы 

беделі бекер ден бекер емес.

дәуір дауысы

Парижде жарық көрді



Францияның Халықаралық Кон-

корд Ғылым Академиясының 

мүше-корреспонденті, филология 

ғылымының докторы, Қ.Жұбанов 

атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекет-

тік Университетінің  профессоры Ал-

пысбай Мұсаұлы Мұсаев Париждің 

«JIPTO» баспасынан «Poеtics of 

satire» («Сатира поэтикасы») атты 

монографиясын шығарды.

Поэтика әдебиеттану ғылымында 

көркемдік дүниетанымнан жанрлық 

пішімге дейін, сюжеттік, тілдік, 

стильдік кестеге дейін шындықты бей-

нелеу тәсілінен өлең құрылысына дейін 

қолданылып келе жатқан көпқырлы 

ұғым. Қарастырылып отырған пробле-

маның өзектілігі сол, нысанаға алынған 

көркем шығармалардың танымдық-

тәрбиелік мәні идеялық-эстетикалық 

мағына, идеялық-тақырыптық мазмұн 

және көркемдік пішін тұрғысынан 

айқындалады. Сондай-ақ тарихи-әдеби 

талдау жанрлық-құрылымдық саралау-

мен ұштасып, онда жанрлар дамуы 

типологиясының желілері тартылады. 

Жаңа монография Францияның ұлттық 

кітапханасынан орын алды.

Бұл еңбек әдебиет зерттеушілеріне, 

ЖОО оқытушыларына, магистранттар 

мен аспиранттарға арналған.



H.НҰРАЛИН

Бәрекелді!



Қазақ білімпаздарының өткен 

тарихын көктей шолғанда рухани 

орталық болған мекендердің бірі 

Қарқаралы еске түседі. Көзі ашық, 

көкірегі ояу жандар қашанда ұлтының 

болашағына алаңдап, патшалы 

Ресейдің отарлау саясатының 

әділетсіздігіне қарсы шығып 

отырғаны мәлім. ХХ ғасырдың 

басында қазақтың марғасқа ұлдары 

шоғырланған Қарқаралыдан ескен 

үн империялық билікке тегеурінді сес 

көрсетті. Натуралды шаруашылықпен 

айналысатын көшпелі қазақ елінің 

жоғын іздеп табатын, барын 

айырбас жасайтын әйгілі «Қоянды» 

жәрмеңкесі осы Қарқаралыда 

орналасқан. Әлеуметтің бас қосып, 

жиналатын бұл жәрмеңкеге 

келгендер материалдық қажетімен 

қатар дүниедегі жаңалықтардан 

құлағдар болып, көкейіндегі сан 

түрлі сауалдарға білікті азаматтардан 

жауап тауып, халықтың маңдайына 

біткен саңлақтарының өнерлерін 

тамашалап, ғибратты әңгімелерінен 

бойына рухани қуат, нәр алып, көңілі 

өсіп қайтатын. алайда жылдан-жылға 

патша үкіметінің қыр қазағына саяси-

әлеуметтік, рухани-экономикалық 

қысымы күшейген үстіне күшейіп, 

қалың бұқараның берекесін қашы-

рып, төзімінің шегіне жетті. 

Наразы халықтың арыз-шағымдарына 

жергілікті билік иелері пысқырып та 

қарамады. 1905 жылы 26 маусымда қазақ 

оқығандары Әлихан Бөкейхан, Ахмет 

Байтұрсынұлы, Жақып Ақбайұлы бас 

болып, жәрмеңкеге жиылғандармен 

бірге Петербордағы патша ағзамға қазақ 

халқының атынан петиция (арыз-тілек) 

жібереді. Петицияға 14 500 адам қол 

қояды және Әлихан Бөкейханның сенімді 

 саяси серіктері арқылы мәртебелі патша 

ағзамның қолына тигізуді ұйымдастырады. 

Арызда патша үкіметіне 11 түрлі талап 

қояды. Олар: 1. Діни сенімге қысым жаса-

уды тоқтату; 2. Қазақ мектептерінде қазақ 

тілінде оқыту; интернат, пансионат, жоғары 

оқу орындарының жайы; 3. Қазақ тілінде 

газет шығару, 4. Переселендердің көшіп 

келуін тоқтату, жерді қазақтікі деп жария-

лау; 5. Қазақтарды атамекен қоныстарынан 

көшіруді тоқтату; 6. «Далалық билеу» 

ережесін өзгерту; 7. Болыстық кеңселер 

мен халықтық соттарда істі қазақ тілінде 

жүргізу, өтініштерді қазақ тілінде қабылдау 

правосын қалпына келтіру; қызметке 

қазақ тілін білетін тілмаштарды алу; 8. Сот 

ісін қазақ тілінде жүргізу; 9. Бастықтар 

мен урядниктердің санын қысқарту; 10. 

Генерал-губер  на тордың  бұйрығымен  жер 

ауда руды тыю; 11. Жоғары хүкіметте қазақ 

депутаттарының болуы. Ұлт зиялыларының 

бұл әрекеті патша әкімшілігінің төбесінен 

жай түскендей әсер етті. Алайда Ресейдің 

бас қаласы Петербордан басталып жалпы 

халықтық сипат алған 1905-1907 жыл-

дар аралығындағы мемлекеттік басқару, 

билік жүйесіне қарсы бағытталған 

төңкерісті жаншып, өкімет босаңсыған 

тізгінін қатайтып, қаһарына мінгенше қыр 

қазағының көңіл күй толқынын тудырған 

талап-тілектерін ұйымдастырушылармен 

шындап айналысуға шамасы болмады. 

Өрекпіген төңкерісшілердің желігін басқан 

соң, билік мемлекеттік құрылысқа қарсы 

кез келген әрекеттің себеп-салдарын іздеп, 

кінәлі саналғандарды аямай жазалауға 

кірісті. Сөйтіп, патшаға қарсы арыз-тілекті 

ұйымдастырушылардың қатарында бар де-

ген күдікпен Ахмет Байтұрсынұлы, Жақып 

Ақбайұлы, Смахан Бөкейхан бастаған алты 

адам тұтқындалып, абақтыға жабылады.

1896-1907 жылдар аралығында қа зақтың 

ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы Қар-

қаралыда тұрған еді. Ақаң Қарқара лының 2 

кластық училищесінің меңгерушісі болып 

қызмет атқарған. Содан петицияны желеу 

еткен патша жандармдары Ахмет Бай-

тұрсынұлын жанындағы жолдастарымен 

Семей абақтысына қамайды. Он екі жылғы 

еңбегінің жемісін көре алмай өкініште кетіп 

бара жатқан Ақаңның:



«Қош, сау бол, Қарқаралы, жуылмаған

Айдай бер, қалса адамың қуылмаған»  деп 

басталатын әйгілі өлеңі туатын тұсы осы. 

Сол шақта абақтыдағы қанаттас Ахмет, 

Жақып сынды серіктері мен туған бауыры 

Смаханды құтқару үшін Әлихан қолынан 

келгенінің бәрін жасап, Мемлекеттік Дума 

депутаты Н.Скалазубов сияқты орыс до-

стары арқылы жоғары билікке ықпал 

етті. Петерборда шығатын «Современное 

слово» газетіне «Қазақтың халық ақыны 

абақтыда» деген мақаланың басылу-

ын ұйымдастырып, сотсыз, тергеусіз, 

нақақтан-нақақ Ахмет Байтұрсынұлының 

ұзақ мезгіл қамауда ұсталып отырғанын 

жария етті. Сөйтіп лауазымды мемлекет 

және қоғам қайраткерлері араласып « саяси 

сенімсіз саналған» Ахаңды Орынборға 

жер аударып, қалғандарына да әкімшілік 

айыппұлмен жазаларын жеңілдеткен 

еді. Елдің ауызына іліккен азаматтарын 

қудалаған жандармерияның қулығына 

құрық бойламайтын сұрқия айласы сын-

дыра алмаған Смахан Бөкейхан осы жолы 

сыннан абыроймен өтіп, өзінің Әлихан 

сияқты қазаққа пана болған тұлғаның 

лайықты ізбасары екенін дәлелдеді. Ол 

бұған дейінгі Тоқырауыннан Мемлекеттік 

Думаға депутаттыққа түскен Әлиханды 

сайлатпауға тырысып баққан жергілікті 

билік орындарының заңсыз әрекеттерін 

сот жолымен жеңіп шыққан аяулы анасы 

Бегімханымның табандылығына қолғанат 

болуға жараған-ды.

Әлекеңнің  інілерінің  ішінде  Сма хан  нан 

көп үміт күтуі де осындай қайсар мінезіне 

сенгендігінен болса керек.

1906 жылы Қарқаралы уезі бойын-

ша Мемлекеттік Думаға депутаттыққа 

анық білмеймін. Жазықтары 25-інші иун 

жарлығының жүзіндегі істердің жаласы. 

Жабылғандардың көбі атқа мінген пар-

тия басы пысықтар мен болыстардың 

айтуымен абақтыға түсті. Жақын арада 

следователь келіп жабылғандардан жауап 

алып жатыр. Қайсыбірі ағарып шығып 

жатыр. Бірақ ағарғандар тегін ағармай, 

жала жабушыларды майлап, жалынып, 

құтқара көр деп, өз бастарын өздері сатып 

алып жатыр. Бірауыз сөзді он ауыз қылып, 

көбейтіп жем қылу жолын жақсы білетін 

мырзаларымыз көбейді. Құдай ақырының 

қайырын берсін. 

5-6 ауыз орысша сөз білген кісі 

адвокаттық қылып Қарқаралыда мал тауып 

отыр. Бүгін біреудің үстінен арыз жазып 

қарайтады да, ертең ағартамын деп ақша 

алады; ақшаға құнығып, адал мен арам 

қайсы екенін айырмай, әп-әдемі адамдар-

ақ күйсей беретін болды. Қаршыға.

«Қазақ» газеті, Ұлу – 1917, 20 иануар, 

№214, 3-4 беттер». 

Осы қысқа да нұсқа хабарға түсінік 

берудің өзі артық деп білеміз. Оймақтай 

ақпаратта империяның жергілікті билік 

орындарының шектен тыс бұқараға 

тізе батырып, білгенін істеген әділетсіз, 

бассыздық әрекеті қаз-қалпында шебер 

баяндалған. Бір ғасыр бұрынғы хабар-

дан елді аздырған империялық тәртіптің 

анайылығы мен жалақорлығы, парақорлығы 

мен сатқындығы, екіжүзді, желбағарлық 

сая сатынан көз ұялып, көңіл құлазиды. 

Аңғал, дарқан қазақты жасытудың небір 

әдіс-тәсілін тәжірибе жасаудың нысаны-

на айналдырған отаршылдық биліктің 

сұрқынан шошырлық. Бейкүнә қазақты 

жәбірлеудің, теспей сорудың құралы болған 

патшалық соттың сиқын айнаға түскендей 

автор анық көрсеткен. Жүз жыл бұрын 

орыстың тілі қалың қазақтың басына 

әңгіртаяқ болып тиіп, ойнақ салды, күшпен 

қиянат жасау –  отаршылдық саясаттың 

үйреншікті дағдысына айналды. Қазақты 

жем қылған патшалықтың билік жүйесіне 

заманында түңілген Абай: «Қу тілмен қулық 

сауған заңы құрсын» деп ашынса, Смахан 

жазған жайдан да қоғамдық-әлеуметтік 

індеттің асқынғандығынан төбе шашың тік 

тұрады. 

«...Біздің қазақ ішінде екі-ақ іргелі дау 

бар: жер һәм жесір. Осындай жас балаға 

құда бо латын жұртта көп, мұндай құдалық 

арты бей шара жастық көз жасы, ағайын 

арасы дау.

Шұбартау елінің қазағы Әзімбай Бижан 

баласы сайлауда партия көбейтем деп, бір 

кедей қызын немересіне әперген. Қыз 

әкесі Әзімбаймен құда болғанына мәз, 

Әзімбай тас көбейгенге мәз. Жігіт қызды 

менсінбейді. Жас келіншек Әзімбай ауы-

лында зарлап отыр!

Бұл екі қыз біреуге бала, біреуге қарын-

дас, біреуге ене болмай ма? Осылардай 

зар лаулы біздің жұрт та аз ба? Жас балаға 

құда болғанды қоятын заман жеткен жоқ 

па? Партия деп неге құда боламыз? Сұңқар.

Автор хабарынан ащы шындық 

пен қазақ қоғамына тән әлеуметтік 

қасіреттің бет-бейнесі көз алдымызға 

тұра қалады. Өзінің бауыр еті баласының 

тағдырын мансапқорлық пен партия 

үшін мансұқтап, көз жасын көлдеткен 

м е й і р і м с і з д і к   п е н   қ а т ы г е з д і к д і ң 

аяғы ағайын арасына жік түсіретін 

дүрдараздыққа апарып соқтырады, 

түбі оңдырмайтын тұйыққа тірейтінін 

ескертеді. Ел ішіндегі дәстүр мен тәрбиені 

бұзған теріс әрекеттер Смахан қаламына 

ілініп, қоғамдық пікір туғызу арқылы 

жөнге салуды көздеген. Смахан жазған 

хабарлардың ұлтты жақсылыққа баулу-

да, қазақ қоғамының әлеуметтік-рухани 

дамуына кедергі кез келген құбылысқа 

қарсы күресіп, әділеттік жағын қорғауға 

бар күшін сарп еткені аңғарылады. 

Отызыншы жылдары кеңестік қызыл 

коммунистер қазақты түгел қырудың жо-

басын ойластырып, ашаршылық саясатын 

жүргізді. Қазақ даласын жаппай аштық 

жайлады. Осының салдарынан қырда 

босқындар көбейді. Үкімет халықтың 

жаппай сырт мемлекеттерге ауып, ажал 

құрығынан аман құтылып кетуінен 

қорқып, ауылдан ешкімді қия бастыр-

май қояды. Аштықтан қырылғандардың 

арасында Смекеңнің ағасы Әзіхан да бар 

еді. Қолдан ұйымдастырылған нәубеттен 

отбасын аман алып қалу үшін Смахан 

төре бәйбішесі мен екі қызы Сәулеш пен 

Әйішті әйелінің сіңілісіне жеткізеді де, 

өзі ағасының баласы Мағауияны алып 

Балқашты жағалап Алматыға тартады. 

Келесі жылы үлкен ұлы Жақанжан ше-

шектен қайтыс болады. Алайда шолақ 

белсенділердің көрсетуімен Смаханның 

үй іші үнемі қудалауда жүрді. Алматы-

да байыз тауып тұрақтай алмаған ол 

Семейге қарай ойысады. Отбасы мен 

Бөрілітөбеге көшіп барып, 1935 жылға 

дейін сол арада мекендейді. Бірақ бұл 

да ұзаққа созылмайды. Кеңес өкіметі 

«Жау қалғымайды!» деген ұранды қайта 

көтереді. Смаханды қудалау қайта баста-

лады. Ақырында Смаханды отбасымен 

қосып Сібірге, темір жолдың бойындағы 

аты қызық «Топчиха» деген қалаға жер 

аударады. Ол жерде бір жылдай тұрып, 

қайтадан жолға шығады. Ендігі ат басын 

тірегендері Алтайдағы Алейская стансасы 

болады. Осындай сәттерде оның ойына 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал