Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



жүктеу 1.05 Mb.

бет2/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.05 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ардағым» атты тілдер фестивалі өтті.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблея 

Төрағасының орынбасары Любовь Ни, ҚР 

Мәдениет және спорт министрлігі Ш.Шаяхметов 

атындағы Тілдерді дамытудың республикалық 

үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының 

орынбасары Бижомарт Қапалбек, Алма-

ты қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы 

төрағасының орынбасары Қазбек Мамсұров 

және Ассамблея мүшелері, жергілікті этномәдени бірлестіктердің 

өкілдері мен тіл мамандары қатысты. Фестиваль аясында арнайы 

этноағарту кешендері оқытушыларының тәжірибе алмасуы бойын-

ша семинар-тренинг өткізілді. Шараға қатысушылар жексенбілік 

мектептердің қызметін мемлекеттік тұрғыда қолдау мәселелері мен 

ана тілін оқып үйренудегі заманауи ұстанымдарды талқылады. Семи-

нар барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Тәуелсіздігінің 

25 жылдығына арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту 

жобасының тұсауы кесілді. Сонымен қатар шара аясында «Ана 

тілі – халықтың рухани құндылығы» атты көрме ұйымдастырылды. 

Көрмеге мемлекеттік тіл мен этностық тілдерді дамытуға арналған 

оқу құралдары, әдістемелік кітаптар және түрлі әдеби шығармалар 

қойылды. Іс-шара Халықаралық ана тілі күніне арналған концертке 

ұласты. Онда этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздар ұжымдары 

мемлекеттік және өз тілдерінде ұлттық әндерді шырқады. 



Сирек кітаптар – қазынамыз 

«Тәуелсіздікке тарту»

 «Ана тілім – ардағым» 

Мұра


руханИят

шара


Алматыдағы Ғылым ордасында көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованы 

еске алуға арналған «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты кеш болып 

өтті. 

Кешті Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, 

«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Байғали Есе-

налиев жүргізіп отырды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы 

төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, Қазақстанның 

еңбек сіңірген артисі Гүлжамал Қазақбаева, ҚР Мәдениет қайраткері, 

Жазушылар одағының мүшесі Жұмабай Құлиев ақын жайлы 

естелік айтып, өлеңдерін оқыды. Кешке өнер майталмандары 

Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Нұрлан Өнербаев, 

Мақпал Жүнісова, Сүлеймен Ибрагимов, Гүлмира Ақүрпекова, 

Елена Әбдіхалықова, Жұбаныш Жексен және т.б. қатысып, Фариза 

Оңғарсынова сөзіне жазылған әсем әндерді шырқады. Сонымен қатар 

«Серілер» тобы, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі 

де кештің шырайын келтірді. 



Фариза ақынды еске алды

кеш


1996 жылы Қазақстан халқы қазақтың ақындық, жыраулық поэзиясының аса көрнекті өкілі 

Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойын атап өтті.

Бұл жыл Қазақстан тарихында дағдарысқа қарсы күрес шараларының ауқымды бола 

түсуімен де ерекшеленді. Бірақ та, дағдарыс әлі де еңсерілген жоқ болатын. Көптеген 

кәсіпорындарда жалақының кешіктірілуіне байланысты наразылық акциялар өтіп жатты. 

Елбасының «100 нақты қадам – Ұлт Жос-

пары» қаржылық дағдарыс жағда йында 

қиындықтарды еңсеруі мізге жол ашатын 

маңызды бағдарлама. 

Халықаралық байланыс 

аясы кеңейген жыл

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Игіліктерге жол 

ашқан бағдарлама

1995 жылмен салыстырғанда жұмыссыздар 

саны 1,8 есеге артты. Сол себепті кіші 

кәсіпкерлік пен орта бизнесті дамыту 

мәселелері күн тәртібіне қойылды. Дағдарыстан 

неғұрлым жылдам шығу мақсатында елдің 

мұнай, газ, түсті металлдар ресурстарын тиімді 

игеру арқылы пайда табу шаралары іске асы-

рыла бастады. Табиғи ресурстарды экспорттау 

арқылы әлемдік экономикалық жүйеге ену 

мәселесі көтерілді.

1996 жылы Қазақстан үкіметі белсенді 

сыртқы саясат жүргізу арқылы елдің қауіпсіз-

дігін нығайта түсті. Оның ішінде Ресеймен 

екіжақты қатынастарды дамыту шешуші 

орын алды. 27 сәуірде Алматыда Қазақстан 

мен Ресейдің бірлескен Декларациясына қол 

қойылды. Екі елдің одақтастығын барлық 

салаларда күшейту, ортақ 7,6 мың шақырым 

шекараны бейбітшілік шекарасына айналдыру 

көзделді. Бұлай болуының объективті себептері 

бар. Біріншіден, Қазақстан мен Ресейдің эконо-

микалары әлемдегі ең тығыз интеграцияланған 

экономикалар еді. Екіншіден, Қазақстанның 

ең ұзақ шекарасы да Ресеймен. Оны әскери 

күшпен бақылау тіптен мүмкін емес болды. 

Үшіншіден, Қазақстанда сол жылдарда 5 млн 

адамға жуық орыс диаспорасы, ал Ресейде 

1,5 млн қазақ диаспорасы өмір сүріп жат-

ты. Төртіншіден, екі халықтың мәдениет, 

білім, ғылым саласындағы байланыстарының 

ғасырлар бойғы тәжірибесі аса маңызды еді. 

Бесіншіден, Қазақстанның 6 облысы Ресейдің 

9 облысымен тікелей байланыстарға шыға 

алды.

Қазақстанның Қытаймен қатынастары да 



жанданды. 1996 жылы сәуір айында Шаңхай 

келісіміне қол қойылып Қазақстан Шаңхай 

ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) Ресей, 

Қытай, Тәжікстан, Қырғызстанмен бірге 

бестікке енді. Шаңхай бестігінің әлемдік 

саясатқа аяқ басуы басталды.

Қазақстан өзінің бейбітсүйгіштік саясатын 

белсенді жалғастырды. Өзінің жеріндегі 1200 

дана ядролық оқтұмсықтарын Ресейге өткізіп 

берген Қазақстанды әлемдік қауымдастық 

үлгі тұта бастады. 1996 жылы 31 қыркүйекте 

Қазақстан БҰҰ-ға 129 елдің қатарында 

ядролық қаруды тартпау туралы келісім 

шартқа қол қойды. Ядролық қаруға қарсы 

белсенді күресі арқылы Қазақстан АҚШ-пен 

және Евроодақ елдерімен тіл табысты. Жақсы 

Сонымен қатар  Елбасының  «Ұлт Жоспары 

– қазақстандық арманға бастайтын жол» атты 

мақаласын тәуелсіз еліміздің тұрақты дамуына 

септігін тизетін, бағытымызды айқындайтын 

нақты идеологиялық бастама деп білемін. Бұл 

– егемен еліміздің жарқын болашаққа қарай 

ілгерілеуін көздейтін тарихи құжат.

Мақалада айтылған мәселелерге тоқталсақ, 

онда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «5 инс-

титуттық реформаны жүзеге асыру бойын ша 

100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын орындаудың 

практикалық кезеңі басталатыны, мемлекетті, 

экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты 

жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 

заң күшіне енетіндігі айтылған. Мемлекет 

басшысы Ұлт Жоспарын іске асырудағы 

негізгі мақсаттар мен міндеттерге тоқталып

оның әрбір азамат өмірінде алатын орнына 

аса мән берді. Сонымен қатар қабылданған 

з а ң н а м а л ы қ   ө з г е р і с т е р д і   ж а н - ж а қ т ы 

түсіндіріп, қоғам өмірінің барлық сала-

сын дамыту үшін атқарылатын істер мен 

міндеттерге кеңінен тоқталып өтті. Елбасымыз 

халқын Ұлт Жос парын жүзеге асыруға және 

 реформаларды жүргізуге барынша белсенді 

қатысуға шақырды. 

Бүгінде Президентіміздің салиқалы 

саясатының арқасында еліміз қанатын кеңге 

жайып, бақуатты елдермен иық тіресе алатын 

деңгейге жетті. Бұл – баршамыз үшін зор 

мақтаныш әрі  жауапкершілік. Мәңгілік Ел 

болып, биік белестерді бағындыруымыз үшін 

әлі де талай еңбек етуіміз қажет. Еліміздің 

болашағын баянды етіп, ата-бабамыз салып 

кеткен сара жолды жалғастыратын біздер, 

яғни бүгінгі жастар. Елбасымыз осы мәртебелі 

жолды жалғастыратын жас буынға үлкен сенім 

артып отыр. 



Қуаныш ОСПАНБЕКОВ

үлгі Қазақстанның әлемдік қауымдастықтан 

өз орнын табуына көмектесті. Елдің геосаяси 

және геоэкономикалық жағдайы жақсара 

бастады.

Әлемдегі, елдегі өзгерістердің табиғаты 

туралы, ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың 

бас кезіндегі Қазақстан алдындағы міндеттер 

туралы «Ғасырлар тоғысында» атты кітабын 

Президент Н.Назарбаев 1996 жылы жарияла-

ды. Бұл кітабында Елбасы Кеңес Одағының 

күйреу себептерін ХХ ғасырдың аяғында 

ең шиеленіскен, драмалық саяси оқиғалар 

жиынтығы ретінде көрсетеді. КСРО-ның 

күйреу себептері өте көп. Олар: жүйенің 

объективті дағдарысқа ұшырауы, геосаяси 

бәсекелестік, қате жоспарлар, мақтаншақтық, 

басшылықтың қате саясаты. Президент 

Қазақстан өзінің болашақ дамуына осындай 

ауыр қателіктерден сақ болуға шақырады. 

Әсіресе, тәуелсіз елге қарсы ақпараттық 

соғыстар қауіпті. Осы арқылы халықтың 

санасын улап, шын мәніндегі мақсат, 

міндеттерден басқа жаққа алып кетуге бола-

ды. Ондай жағдайда ұлттық құндылықтар, 

тарихи тәжірибе, ұлттық тілі мен мәдениеті 

шетке ысырылады. Сондықтан өзін-өзі сый-

лайтын мемлекет халқының дүбаралануына, 

санасының марғаулауына жол бермеуі 

маңызды. БАҚ халықты мәдени дезори-

ентация жасауға, мемлекетке бағынышты 

тобырға айналдыруды емес, саяси, мәдени 

деңгейі жоғары, белсенді азаматтар ретінде 

тәрбиелеуге көмектескені жөн, – деп білді 

Президент.

Еңбекте елді топтастыратын, халық 

мүддесіне сай келетін, әлемдегі, елдегі 

өзгерістерді есепке алып отыратын мемлекеттік 

саясаттың болуы табыстың кілті деген өте 

маңызды ұсыныс айтылады. Қазіргі жылдам 

даму заманында түрлі себептермен артта қалып 

қойған мемлекеттер өздерін ыдырау жолына 

қарай саналы түрде итермелеген елдер болып 

табылады. Сондықтан перманентті жаңару, 

реформалар, кемшіліктерді, қателіктерді, 

шешілмеген мәселелерді дер кезінде ашу 

және олармен жұмыс істеу ғана бәсекеге 

қабілеттілікті арттырады деген ой бірінші 

орынға шығарылады.

Барлық істе сапа мен даму болуы міндетті. 

Сапасыз өнім, техника, білім бәсекеге 

қабілеттілікті төмендетіп, елді кері кетіреді. 

 Елбасы, партия төрағасы «Үгіт-насихат 

жұмыстары және логистика тобының», 

« Ұ й ы м д а с т ы р у   ж ұ м ы с т а р ы   т о б ы н ы ң » 

және «Ақпараттық-сараптамалық топтың» 

қызметімен танысты. Өңірлік штабтар бас-

шыларымен және мүшелерімен бейнекон-

ференция режімінде кеңес өткізіп, барлық 

облыстық штабтардың үгіт-насихат науқанына 

дайындығы туралы есептерін тыңдады. Пре-

зидент бұл жолғы электоралдық кезең Пар-

ламент Мәжілісімен қатар барлық деңгейдегі 

мәслихаттар сайлауының өткізілетіндігімен 

ерекшеленетінін айтты. 

– Шерулету мен жасандылықтың қажеті 

жоқ. Әрине, бұқаралық үгіт шаралары маңызды, 

бірақ бастысы бұл емес. Әрбір адамға сөзіміз 

жетуі, жұмысымыздың мәнін БАҚ пен 

белсенділер арқылы түсіндіру маңыздырақ. 

Дабыра ұрандатулар аз, нақты істер көп болуға 

тиіс. Бұл үшін партиялықтар қоғамның барлық 

топтарының – ауыл мен қала тұрғындарының, 

кәсіпкерлер мен зиялы қауымның мұң-мұқтажын 

білуі және ескеруі керек. Электораттық кезеңді 

азаматтарымызды топтастыруға, қоғамдағы 

тұрақтылық пен бірлікті одан әрі нығайтуға 

қолдану қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Партияның негізгі міндеті Ұлт Жоспарын 

тиімді орындау, «Қазақстан – 2050» стратегия-

сының басты мақсатына қол жеткізу, сондай-

ақ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын 

жүзеге асыру екенін атап өтті. 

  

***



20 ақпан күні Қазақстан Республикасы 

Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау 

бойынша сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 

басталды. Сайлауға қатысатын партиялар 

өздерінің Сайлауалды бағдарламаларын жария-

лады. 


Қазіргі таңда барлық партиялар жер-

жерлерде, аймақтарда өздерінің сайлауал-

ды үгіт-насихат жұмыстарына кірісіп кетті. 

Олардың сайлаушылармен соңғы уақыттағы 

жүздесулеріне тоқталып өтелік. 

Электораттық науқан аясында кеше «Нұр 

Отан» партиясының республикалық сайлау-

алды штабы Семей қаласына келіп, мұнда 

үгіт-насихат топ мүшелері Радиотехника және 

байланыс колледжінің ұжымымен, жергілікті 

шығармашылық және патриоттық ұйымдар 

өкілдерімен және ардагерлермен, сондай-ақ 

«СемАЗ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесулер 

өткізді.


Ал Көкшетау қаласында Қазақстан Ком-

мунистік халық партиясының сайлауалды 

үгіт-насихат жұмыстарына арналған аймақтық 

партиялық форумы болды.



ТәуелСіздік 

күнделігі 

ТәуелСіздік 

күнделігі 

25

жыл

А

пта айшықтары



А

пта айшықтары



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

8 (727) 394-41-30

елБасы


парлаМент

Байланыс


үкіМет

Бағдар


Елбасы Н.Ә.Назарбаев Республикалық бюджеттің  орындалуын 

бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді 

қабылдады.  

Кездесу барысында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау 

туралы» заңының жүзеге асырылу мәселелері қаралды. Президент 

бұған қажетті жағдайлар жасалғанын, Комитет мәртебесі көтеріліп, 

мақсаттарының аясы кеңейтілгенін, тиісті мамандарды қайта даяр-

лау жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар аудиттің қаржы 

мәселелерін ғана емес, орган қызметінің тиімділігін барлық бағытта 

бағалауды да қамту жайына назар аударды. Қ.Жаңбыршин Есеп 

комитетінің 2015 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері, бюджет 

қаражатын жоспарлау мен пайдалану мәселесі жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік 

аудит және қаржылық бақылау органдары қызметін жетілдіру жөнінде 

бірқатар нақты тапсырма берді. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті 

Режеп Тайип Ердоғанға Анкара қаласында болған террорлық актіге бай-

ланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта көптеген жазықсыз адамдардың қаза болуына, 

жарақаттануына әкеп соқтырған жантүршігерлік оқиға туралы суыт 

хабардың қазақстандықтарды бейжай қалдырмағаны айтылған. Пре-

зидент бауырлас елдеріміз үшін мұның ортақ қайғы екенін атап өтті. 

Елбасы жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан Р.Ердоғанға, 

қаза болғандар мен зардап шеккендердің туған-туыстары мен барлық 

түрік ағайындарға көңіл айтты.



есеп комитетінің жұмысын баяндады 

көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен 

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Отырыста 

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының 

жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ көші-қон сая-

сатын жүргізу жайы қарастырылды.  

Елбасы мемлекет әлемдік экономикалық 

дағдарыстың теріс ықпалына қарамастан, 

мойнына алған әлеуметтік міндеттемелерді 

мүлтіксіз орындап, қорғаныс қабілеттілігінің, 

қауіпсіздіктің және құқық тәртібінің қажетті 

деңгейін сақтап қалатынын атап өтті. Президент 

экономикалық өсімнің қарқынын бәсеңдететін жаһандық факторлар 

ықпалын, көршілес өңірлердегі діни-экстремистік және террорлық 

сипаттағы қатерлердің арта түсуін елеулі қауіптер мен сын-қатерлер 

қатарында атады. Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хат-

шысы Н.Ермекбаев өз баяндамасында мемлекеттік органдардың 2015 

жылғы жұмыс қорытындыларына баға берумен қатар, алдағы кезеңнің 

басымдықтары мен міндеттеріне назар аударды. 



Қауіпсіздік кеңесінің отырысы

Сайлау жайы сөз болды

елшіні қабылдады

еуразиялық одақ аясындағы әңгіме 

достық дәнекері

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни 

басқармасы ақпараттық-ағарту 

жұмыстарын жандандыруға арналған 

«Ислам және зайырлы қоғам» атты 

республикалық конференция өтті.  

Жиынға Бас мүфти Ержан қажы 

Малғажыұлы, ҚМДБ өкілдері, қоғам 

қайраткерлері қатысты. 

алматы қаласындағаы Жамбыл атындағы  Қазақ мемлекеттік филармониясында  қазақ 

ауыз әдебиетінің алыбы, жыр дүлдүлі, суырыпсалма ақындықтың хас шебері Жамбыл 

Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Ұлы дала жыршысы» атты халықаралық 

симпозиум өтті.  шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова, 

ҚР ҰҒа академигі, филология ғылымының докторы Серік Қирабаев, Халықаралық түркі 

академиясының құрметті профессоры, филология ғылымының докторы, мемлекет және 

қоғам қайраткері М.Жолдасбеков, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 

вице-президенті, академик а.ақматалиев, Колумбия университетінің профессоры Р.абазов, 

ш.Руставели атындағы Грузин әдебиеті институтының директоры, филология ғылымының 

докторы, профессор Ратиани Ирма және т.б. ғалымдар қатысты. 

алқалы жиынды  М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒа-

ның мүше-корреспонденті, филология ғылымының докторы уәлихан Қалижанов ашып, 

жүргізіп отырды.

«Заманымыздың небір ірі тұлғалары 

Жамбылдың ақындығына әділ баға беріп, 

шын тәнті болған. Мұхтар Әуезов Жам-

былды: «ақыл-ойдың алғыры» десе, Ғабит 

Мүсірепов: «Жамбыл өмірге жымия 

қарап, сынай өскен ақын еді. Оның ойлы 

көздерінің түбінде қашан да бір сықақ 

тұратын» дейді. Сәкен Сейфуллин: «Жам-

был жырлары теңіз түбінде шашылып 

жатқан маржан сықылды» десе, Тұрар 

Рысқұлов: «Жамбыл қай заманда болса да 

шындықты айта білді. Сол үшін халқы оны 

жақсы көреді» деп жазды. Жамбыл поэзия-

сы – шыншыл поэзия» деп У.Қалижанов 

с и м п о з и у м ғ а   қ а т ы с у ш ы л а р д ы   ж ы р 

алыбының мерейтойымен құттықтады. 

Қ а з а қ с т а н   Р е с п у б л и к а с ы н ы ң 

Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова 

өзінің құттықтау сөзінде Жамбыл Жабаев 

шығармалары қазақ халқының өмірімен 

және тарихымен өзара тығыз байланы-

сып жатқанын, оның шығармаларындағы 

негізгі ой өрімдері Елбасы Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев ұсынған «Мәңгілік 

Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясымен 

үндесетінін баса айтты. «Ұлтымыздың 

ұлы ақыны, жыр дүлдүлі Жамбыл  Жабаев 

өз өмірі мен өнерін адамгершілік құнды-

лықтарды, мейірімді жырға қосуға арнаған. 

Оның туындылары әлемнің 50-ге тарта 

халқының тілдеріне аударылды. Оның 

шығармашылығы тек қазақ қана емес, әлем 

ғалымдарының зерттеу нысанына айнал-

ды. Ел тарихында халқымыздың рухани 

тұғырын көтеруді мұрат еткен екі тұлға 

бар. Олардың бірі Абай болса, екіншісі 

–  Жамбыл Жабаев. Қос бәйтеректің 

де өлеңдері өзектес, тамырлас келеді. 

Олардың екеуі де ел еңсесі биік болса деген 

мұратын жырына арқау етті. Өткен жылы 

ұлы Абайдың 170 жылдығын ел болып атап 

өтсек, ұлы Жамбылдың биылғы мерей-

тойы осынау рухани игіліктің жарасымды 

жалғасына айналуда. «Жамбыл – менің 

жай атым, Халық – менің шын атым» деп 

жырлаған ұлы жырау халықтың ғасырлар 

бойы көкейінде жүрген арман-мұратын 

жеткізді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаев ұлы Жамбылға адамдық пен 

адамгершіліктің, әділеттілік пен ізгіліктің 

алып жыршысы деген тарихи бағасын берді. 

Жамбыл бабамыздың шығармашылық 

мұрасы халқының талайғы тарихи шы-

найы өмірінің айнасы. Қазақтың Гомері 

келеді. Дәлірек айтсақ, Елбасымыз ұсынған 

«Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық патриоттық 

идеясымен тамырласып, мазмұндасып жа-

тыр. Өткен жылы адамзаттың материалдық 

емес, мәдени мұрасының көрнекі тізіміне 

енген халқымыздың айтыс өнерін мазмұны 

мен түр жағынан байытып, оны биік 

көркемдік деңгейге көтерген Жамбыл 

аса дарынды айтыскер ақын ретінде та-

нылды. Ақынның шығармаларының биік 

шоқтығына айналған Құлманбетпен, Сар-

баспен, Майлықожамен, Айкүміспен, 

Шашубаймен айтыстары ұлттық өнерімізді 

жаңа биікке шырқатты. Адамзаттың рухани 

құндылықтарының қатарында ерекше орын 

алып, бүгінде 100 томдық шығарып жатқан 

қазақ халқының фольклорлық, этникалық 

өнеріне Жамбыл ақынның қосқан үлесі 

зор. Сөз зергері Мұхтар Әуезов ақындардың 

ақыны Жамбыл Жабаев шығармаларының 

әр сөзінің салмағын сезініп, оны тәуелсіздік 

тұрғысынан бағамдап береді. Жамбыл 

руханияты – халық өмірі. Жамбыл өмірі 

ұлт тағдырымен тамырлас тамаша тағдыр, 

Жамбыл шығармашылығы ұлағатты 

қазына» деген Г.Әбдіқалықова Жамбыл 

мерейтойын ел-елде атап өту парыз екенін 

атап өтті.

Алматы облысы әкімінің орынбасары 

Бахтияр Өнербаев облыс әкімі Амандық 

Баталовтың атынан құттықтау сөзін арна-

ды. 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыр 



алыбы Жамбылды қазақтың дәстүрлі 

әдебиетінің аса дарынды асқақ алып өкілі 

деген еді. Поэзиядағы даналық қасиеті, 

жыршылдығы мен турашылдығы бүгінгі 

және келешек ұрпақ үшін үлгі-өнеге. 

«Жамбыл – менің өз атым, Халық – 

менің шын атым» дегенінен де өзінен 

халқын биік қойғаны жоғары бағаланады. 

Қасиетті өлең киесі, жыр алыбы Жамбыл 

Жабаевтың шығармалары уақыт өткен 

сайын саф алтындай жарқырай түсуде. 

«Өтірікті сүймедім, Дүние үшін күймедім. 

Алтынына біреудің, Жолда жатса тимедім» 

деп ол халық қадір тұтқан ел қасиеттерін 

ардақтап өтті. Небір дүлдүлдермен сайысқа 

түсіп, «Манас», «Ертөстік» деген эпостық 

жырларды жырлаумен ыстық ықыласқа 

бөленді. 100 жылдық ғұмырының 85-ін 

өлең-жырмен өткізді. Ұлы жыраулар үлгісін 

жаңғыртты, үлттық рухты оятты. Қазтуған, 

Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді, Бұқар 

нан құттықтау сөз арнап, Жамбыл есімін 

ұлықтаудың маңызы зор баса айтты. 

 ҚР Жазушылар одағы басқармасы 

т ө р а ғ а с ы н ы ң   б і р і н ш і   о р ы н б а с а р ы , 

Халықаралық Алаш сыйлығының лау-

реаты Ғалым Жайлыбай, Жамбыл айтыс 

ақыны әрі жырау, жауынгер жыршы, шын 

мағынасындағы биік, парасатты өнер иесі 

екендігіне тоқталып, ақынның өмір жолы 

жайлы сыр шертті. 

Ал Жамбыл шығармашылығына жаңаша 

көзқараспен өз пайымын ортаға салған 

қазақ әдеби сынының сардары, М.Әуезов 

атындағы Әдебиет және өнер институты 

директорының кеңесшісі, ҚР ҰҒА-ның 

академигі, филология ғылымының докто-

ры, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың 

лауреаты Серік Қирабаев баяндамасы да 

мазмұнды болды. 

Халықаралық Түркі Академиясының 

профессоры, филология ғылымының 

докторы, мемлекет және қоғам қайраткері 

Мырзатай Жолдасбеков «Жамбыл және 

айтыс: көркемдігі мен тарихилығы» тақы-

рыбындағы баяндамасында ақын ның 

айтыстағы жырларының өзіндік ерекше-

телевидение кафедрасының меңгерушісі, 

өнертану ғылымының докторы, про-

фессор Гүлнәр Әбікеева «Жамбылдың 

кинодағы бейнесі» тақырыптары бойын-

ша ой-пікірлерін ортаға салды. Соны-

мен еліміздегі Шет тілдері және іскерлік 

карьера университетінің ректоры, тарих 

ғылымының докторы Сабри Хилмет-

ли Түрік әлеміндегі Жамбыл поэзиясы 

жайлы сөз етсе, Қ.А.Иасауи атындағы 

Халықаралық қазақ-түрік университетінің 

профессоры, филология ғылымының док-

торы Құлбек Ергөбек Ұлы Отан соғысы 

жылдарындағы халық поэзиясы хақында 

ой өрбітті. Абай атындағы ҚазҰПУ про-

фессоры, филология ғылымының док-

торы Бекен Ыбырайым «Жамбыл және 

1920-1930 жылдардағы қазақ поэзиясы», 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің профессоры, филоло-

гия ғылымының докторы Серік Неги-

мов «Жамбыл және шешендік өнерді 

жалғастырушы» тақырыптарында баяндама 

жасады. 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал