Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



жүктеу 1.05 Mb.

бет12/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Ғазиз АРНАЛҰЛЫ

СЕМЕЙ


мектебінің оқушысы. Ол 2015 жылы 

Шымкентте қазақ романстарын орын-

дау шылардың XVIII ашық өңірлік 

байқауында бас жүлде иегері атанған. 

А.Скибин Каринамен бірге Таллин, Ма-

арду, Тарту қалаларында өткен концерттік 

бағдарламаларға қатысып, эстон тың дау-

шыларына қазақ классикалық музыкасын 

таныстырды.

Нұрым АЙБАРҰЛЫ

– Әр баланың бойында қабілет те, да-

рын да болады. Мәселе соны дамыта білуде. 

Жетістіктің сыры – еңбек пен ізденісте, 

– дейді Қуаныш Жәлелұлы. Иә, қазақ 

мұндайда «Бұлақ көрсең, көзін аш» демей ме? 

Білімді оқытушы күй өнерінің қыр-сырын 

үйрету арқылы оқушыларын адамгершілікке 

тәрбиелеп, қайырымдылыққа, ізгілікке 

баулып келеді. Олардың арасынан күні 

ертең-ақ елге, қоғамға қызмет ететін са-

насы биік азаматтар шығатынына сенім 

мол. Бұл орайда бабалардан қалған асыл 

мұраларды жас ұрпақтың бойына сіңіру,  

ұлтына жанашыр тұлғаларды қалыптастыра 

білу – өнегелі істің бірегейі. Біз «Талапкер» 

ансамбліне көп үміт артамыз! Ансамбль 

мүшелері бұдан да зор биіктерден көрінеді 

деген сеніміміз мол. 

Ж.ДІЛМАҒАНБЕТОВА,

Балалар шығармашылығы

 үйінің оқытушысы

Павлодар облысы 

Ақсу қаласы

Шәкірттерін 

ізгілікке 

тәрбиеледі

Тамсандырған «Талапкер»

өнер – жастан



Желқобыз туралы не білеміз?

Биылғы жасөспірімдер арасында 

өткен дүбірлі додада біздің спортшылар 

сәтті өнер көрсетті. Алғашқы жүлдені би-

атлоншы Арина Пантова еншіледі. Алты 

шақырымдық қысқа қашықтықта бақ 

сынаған Арина неміс қызы Джулиана 

Фруевирт пен норвег Марта Кракштад 

Йохансенге есе жіберді. Германиялық 

спортшы мәреге 18 минут 23,5 секунд 

уақытта келсе, норвегиялық одан 5,6 

секундқа қалып қойды. Ал отандасымыз 

мәреге жеңімпаздан небәрі 17,1 секундқа 

кешікті. Осы сайыста бақ сынаған тағы 

бір қазақстандық Евгения  Красикова 

15-орыннан көрінді. Ал спринттік 

жарыстың ерлер бәсекесінде жерлесіміз 

Иван Дарин 26-орынды місе тұтты.

Аралас командалық конькимен 

жүгіру сайысында Әнуар Мұхамадиев 

күміс жүлдеге ие болды.  Бұл жарыста 

италиялық Ноэми Бонацца, Моңғолия 

өкілі Сумия Буянтогтох, кореялық Джа 

Вун Чун және қытайлық Ханян Шен 

жеңіске жетті. Қазақстандық Әнуар 

Мұхамадиев және америкалық Остин 

Клиба, сонымен қатар, голландиялық 

Элиза Дуль және польшалық Каролина 

Гасечка күміс медальға ие болды. Қола 

медаль италиялық спортшы Кьяре 

Кристелли, румыниялық Михаэле Хо-

гаш, неміс Оле Йеске және Алан Даль 

Йоханссонға бұйырды.

Шорт-тректен аралас командалық 

жарыс бойынша 6-топта сынға түскен 

отандасымыз Анита Нагай болгар қызы 

Катрин Манойлова, латыш спортшысы 

Карлис Крусбергс және жапониялық Ка-

зуки Йошинагамен бірге өнер көрсетіп

Олимпиаданың қола жүлдесіне қол 

жеткізді. Жарыс қорытындысы бойын-

ша олардың көрсеткіші – 4:17,181 ми-

нут. Бұл сында алтын жүлде 2-топқа 

бұйырды. Аталған топтың құрамында 

Ана Фаршиада (Норвегия), Джи Ким 

(Оңтүстік Корея), Стейна Десме (Бель-

гия) және Квенте Феркока (Франция) 

бар. Өз кезегінде чемпиондар жарыс 

жолын 4:14,413 минутта жүріп өтті. Ал 

күміс медаль Петра Язапати (Венгрия), 

Джулия Мур (Австралия), Тьерк Де Боер 

(Нидерланды) және Киичи Шигеиро 

(Жапония) өнер көрсеткен 3-топтың 

еншісінде кетті. Олардың көрсеткіші 

4:14,495 минутқа тең болды. 

Мәнерлеп сырғанаудан сынға түскен 

отандасымыз   Элизабет   Тұрсын  баева  екі 

жаттығу қорытын дысы бойынша 167,88 

ұпай жинап, қола жүлдеге қол жеткізді. 

Бірінші жаттығу – қысқа бағдарламадан 

кейін 16 жастағы қаршадай қазақ 

қызы 59,11 ұпаймен екінші орында 

тұрғанын атап өткен жөн. Алайда, еркін 

бағдарламадан кейін ол бір саты төмен 

сырғуға мәжбүр болды. Нәтижесінде 

Олимпиада «алтыны» 186,04 ұпай жиған 

ресейлік Полина Цурскаяға бұйырды. 

Ал күміс жүлде 169,50 ұпайға ие болған 

оның отандасы Мария Сотсковаяның 

еншісінде кетті.

Бүгінде ересектер арасында бақ 

сынап, отандық жанкүйерлерге таны-

лып қалған Э.Тұрсынбаева аталған бұл 

дүбірлі додада бұдан да жоғары орынға 

лайық болған еді. Жасыратыны жоқ, 

одан көбіміздің тек «алтын» күткеніміз 

де рас. Десек те, бұл жолы бұйырғаны 

«қола» болды. Енді оның бұл жеңісі 2018 

жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан 

қаласында өтетін қысқы Олимпиадада 

жалғасын тапса деген тілегіміз бар. 

Бұл дүбірлі жарыстың қорытын-

ды сында  Оңтүстік Корея, АҚШ, Ре-

сей, Германия, Швейцария, Норвегия, 

Қытай, Канада, Словения, Жапония 

мемлекеттерінің жастары көп жүлде 

алып, алғашқы ондықтың қатарынан 

көрінді. Ал біздің балғын жастарымыз 

26-ншы орынды місе тұтты. 2020 жылы 

Швейцарияның Лозанна қаласында 

өтетін ІІІ Қысқы жасөспірімдердің 

олимпиадасында жерлестеріміз сәтті 

өнер көрсететініне сенімдіміз. 

Жасөспірімдердің Қысқы ІІ олим-

пиадасымен қатар Алматыда VІ Ұлттық 

Қысқы республикалық Универси-

ада ойындары өткізілген болатын. 

Республикалық Универсиада бары-

сында 10 спорт түрінен жарыс тар бол-

ды. Ойындарға республика бойынша 

35 жоғары оқу орнынан құрамында 

жалпы саны 1072 спортшы бар 141 

спорт командасы қатысып, 103 ал-

тын, 103 күміс және 103 қола медальді 

сарапқа салды.

Жарыс қорытындысы бойынша 

ең көп медаль жинаған Қазақтың 

спорт және туризм академиясының 

сту денттері болды. Павлодар мемле-

кеттік педагогикалық институты 

екінші орынды иеленді. Ал үшінші 

жалпыкомандалық орынды Қазақ 

ұлттық аграрлық университеті мен 

М.Қозыбаев атындағы Солтүс тік 

Қазақстан мемлекеттік университетінің 

студенттері өзара бөлісті. Марапат-

тау рәсімінен кейін қатысушылар мен 

қонақтардың құрметіне отандық эстрада 

жұлдыздарының қатысуымен концерт 

ұйымдастырылды.



Нұрлан ҚҰМАР


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал