Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



жүктеу 1.05 Mb.

бет11/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени 

құндылықтары қалыптасады. ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, 

қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азама-

ты ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-

дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала –  қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат 

– ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.  

Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп 

сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше 

тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Сөз жоқ үлкенді құрметтеу әдеті 

жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп 

жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. 

«Әкеге қарап

ұл өСер...» 

Гүлжан ҚАЙЫМОВА, мұғалім, еңбек ардагері:

Кейінгі жылдары ұлдар арасында тым жұмсақ мінезділер де кездеседі. 

Мамандар мұны ер-азаматтардың ұрпақ тәрбиесінен мүлде сырт 

қалуының салдары дейді. Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының 

тәрбиесінде болады. Мектептерде де әйел мұғалімдердің көп екендігі 

баршаға аян. Жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде ұлды тым еркелетіп 

жібергенде, әкенің салмақты сөзі керек.

«Атадан тағылым алмаған ұл жаман», «Атасыз ұл ақылға жарымас», 

«Бала тәрбиесі – бесіктен» деп түйіндей отырып, алдағы уақытта 

арнайы тәрбие бағдарламалары жасалуға тиіс. Өйткені, ер баланың 

дұрыс тағылым-тәрбие алуы, дүниенің сырын танып білуі отбасындағы 

ата-аналардың ақыл-кеңесі мен үлгі-өнеге көрсетуіне байланысты. 

Ұлттық тәрбиенің бұрынғы әдістерін бүгінгі күн талабымен жаңаша 

қарастырған жөн. Ата-бабамыз жасап, сомдап кеткен жігіттің 

моделін одан әрі, бүгінгі күннің талабына сай жетілдіріп өсіп келе 

жатқан өскелең ұрпағымыздың бойына дарыту, тағдырдың қандай 

тәлкегін көрсе де, қайсарлығы мен тектілігін жоғалтпаған дана 

халықтың ұрпағы екендігін ұғындыру, олардың бойына мақтаныш 

сезімін туғызу ата-ананың бірден-бір міндеті. 

Нұргүл БЕЙСЕНОВА, көпбалалы ана:

– Осыдан қырық жыл бұрын Қ. деген азаматтың отбасымен аралас-

құралас тұрдық. Электр жүйесінің инженері болып еңбек ететін 

жігіт балконға шығып алып қай кезде қарасақ та темекінің түтінін 

будақтатын-ды. Кішкентай үш ұлы әкесінің қасына келіп сіріңкенің 

шиін езулеріне қыстырып тұратынын  талай байқадық. Өкінішке 

орай, осы жағдайға ата-анасы дер кезінде мән бермеді. Өсе келе ұлдар 

шылымға құмар болып шықты. Заман ағымымымен біздер басқа жаққа 

көшіп кеттік. Өткен жылы ғана сұмдық хабарды естіп, жағамды 

ұстадым. Ащы шындық сол, үлкен лауазым иесі, белгілі кәсіпкердің 

ұлдары теріс жолға түсіпті... 

Махмұт ТҰРАРОВ, психолог:

– Қазақ ұлын 4-5 жасында атқа отырғызған күннен бастап «сен 

ер жігітсің, еліңді қорғайсың, бізді асырайсың» деп балаға таудай 

жауапкершілік артқан. Тарихта осындай тәрбие алған балалардан 

нар мінезді, бір сөзді, байсалды, жаны да, қолы да жомарт бәрінен 

намысты жоғары қоятын жайсаң жігіттер өсті. Біздің бабалар 

ұлын ежелден батыр, ел тұтқасы болуға лайықты етіп тәрбиеледі. 

Қазір қазақтардың әрбір төртінші отбасының ұл-қызы әкесіз өсіп 

келеді. Олар кімдер? Ажырасқандар, әкесі қайтыс болғандар, ана-

лары өзі үшін некесіз туған балалар мен абақтыда жазасын өтеуші 

ер-азаматтардың балалары. Алдымен, әкелердің басым көпшілігі 

асыраушылар мәртебесінен айырылып қалды. Басты себеп қоғамдағы 

жұмыссыздық, құмарлық, нәпсіге ерік беру, дінсіздік, араққа салыну 

секілді қауіпті індет меңдеп барады. Қазақтар өзгелерге еліктеймін 

деп ұлттық тұтастықты ұл-қыз тәрбиесіндегі салт-дәстүрлерден 

уысынан шығарып алды. Ал қазіргі күні шөп басын сындыруға да, ешбір 

шаруаға да икемсіз ұлдардың қатары көп. Осы жайды әрбір отбасы 

қатты ойланғаны жөн.

Мерекенің рухы сезілуі тиіс

сценарийін құрастырғанымыз жөн. Мәселен, Қыдыр 

ата мен Ұмай ана сынды кейіпкерлерімізді жаңғыртсақ 

құба-құп. Бұлай деп отырғаным, мектеп мұғалімі ретінде 

бүгінгі балаларымыздың келешегіне алаңдаймын. 

Жан-жағымыз батыстық мәдениетті дәріптеген мән-

мағынасы жоқ дүниелерге толы. Осылай жалғаса 

берсе, Наурызды тойлау әншейін науқаншылық 

ретінде қабылдануы ғажап емес.  Сондықтан барша 

жұртқа ортақ ұлттық бағдарлама қажет-ақ.  Меніңше, 

бағдарлама аясында балабақша мен мектептерде 

өткізілетін шаралар легі бір күндік шарамен шектелмеуі 

керек. Наурыз сөзінің түбінде дәстүр мен салт-сана 

жатқанын ұғынып, тәрбиелік сағаттары көбірек 

өткізілгені дұрыс. 



Бағлан БАЙЗЫХАНОВА,

№114 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі 

АЛМАТЫ


«Ана тілі» газетінің №7(1317) 18-24 ақпанда шыққан 

санында журналист  Ақбота Исләмбектің «Наурызға 

дайындығымыз қалай?» деген мақаласы жарық көрді. 

Расында, Ұлыстың ұлы күніне аз уақыт қалды, алай-

да дайындығымыз көңіл көншітпейді. Осы орайда өз 

ойымды білдіруді жөн көрдім. Автор мақаласында 

бүгінгі Наурызды тойлауымыз киіз тігіп, Наурыз 

көже жасаумен ғана шектеліп отырғанын дәл айтқан. 

Наурыз бұл – ұлттық мерекеміз, жыл басы, күн мен 

түннің теңелуі. Сондықтан оның мән-маңызы ұлттық 

құндылықтарымызды жаңғыртуға келіп тірелетіні анық. 

Ал  соңғы жылдары Наурыз мерекесін тойлауға қатысты 

немқұрайлы көзқарасты байқау қиын емес. Бұған 

қарағанда 31 желтоқсандағы Жаңа жылға  дайындыққа 

білек сыбана кіріседі. Өйткені, Жаңа жылдың мән-

мазмұнын, Аяз ата мен Ақшақарды білмейтін жан 

кемде-кем. Сондықтан біз бүлдіршіндеріміздің 

болашағын ойласақ, Наурызды тойлаудың ұлттық 

Наурыздың төл ұғымдарын жаңғыртсақ...



12

№8 (1318) 

25 ақпан – 2 наурыз

2016 жыл


АНА ТІЛІ

Құрылтайшы және шығарушы: 



«ҚазаҚ ГазЕттЕРI» 

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Бас директор – 

Редакторлар кеңесiнiң төрағасы 



Жұмабек КЕНЖалИН

қабылдау бөлмесi 394-42-90 

жарнама бөлiмi 394-41-27

kaz_gazeta@mail.ru

www.kazgazeta.kz

Бас редактор 



Самат ИБРаИМ

Бас редактордың 

бiрiншi орынбасары 

Нұрперзент ДоМБай

Бас редактордың 

орынбасары 

Дәуіржан тӨлЕБаЕВ

Бөлiм редакторлары:

Ақбота ИСлӘМБЕк – Тіл мәселелері және мәдениет

Бағдагүл БАлАУБАЕВА – Білім және ғылым

Нұрлан ҚҰМАР – Әлеумет және ақпарат



Фототiлшi

Азамат ҚҰСАЙЫНОВ



Беттеуші

Нұржан АСАНОВ



 

Корректор

Динара МАСАкОВА



Хатшы-референт

лунара АТАМҚҰлОВА

Апталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң 

Ақпарат және мұрағат комитетiнде қайта тiркеуден өтiп, 2006 жылғы 4 маусымда 

№7345-Г куәлiгi берiлдi.

Газет аптасына бір рет шығады.

«Ана тiлi» газетiнде жарияланған материалдардың авторлық құқы «Қазақ 

газеттерi» ЖШС-ға тиесiлi, жарнаманың мәтiнi мен тiлiне редакция жауапты емес.

«Ана тiлiнде» жарияланған материалдарды көшiрiп немесе өңдеп басу үшiн 

редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сiлтеме жасалуы мiндеттi.

Жарияланған мақала авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. 

Газет авторларынан мақалалардың 3 беттен (14 кегль) аспауын, электрондық 

нұсқасымен қоса әкелуiн сұраймыз. Редакция оқырман хаттарына жауап 

бермейді, қолжазба кері қайтарылмайды. 

Газеттiң терiлуi мен бет қатталуы «Қазақ газеттерi» ЖШС-ның компьютерлiк 

орталығында жасалды. Индекс 65367. Офсеттiк басылым.

Газет: Алматы қаласы, Мұқанов көшесі, 223 «в». 

 «Алматы-Болашақ» АҚ, Тел: 378-42-00 (бухг.), 378-36-76 (факс); 

 Ақтөбе қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, 190, «А-Полиграфия» баспаханаларында басылып шықты

тапсырыс № 292/315

«Қазақ газеттерi» ЖшС-ның 

аймақтардағы өкiлдiктерi:

Толымбек ӘБДІРАЙЫМ 8 701 345 7938 (Астана)

Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ 8 771 769 6322 (Ақтөбе обл.)

Батырбек МЫРзАБЕкОВ 8 (7102) 90-19-73 (Қарағанды обл.)

Бектұр ТөлЕУғАлИЕВ 8 (7292) 40-41-01 (Маңғыстау обл.)

«Қазақ газеттері» ЖшС-і сайтының веб-редакторы – 

Сұлтан ТАЙғАРИН



Меншікті тілшілер:

өтеген НӘУкИЕВ (Атырау) 8 701 518 46 81

Орал ШӘРІПБАЕВ (Семей) 8 705 661 14 33

Оразалы ЖАҚСАНОВ (Қостанай) 8 777 230 71 84

Жарқын өТЕШОВА (Мәскеу) Zharkyn-1@yandex.ru

Қоғамдық негіздегі кеңесшілер:

ғарифолла ӘНЕС – филология ғылымының докторы

Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰлЫ – филология ғылымының докторы, профессор

Аягүл МИРАзОВА – педагог-ұстаз, Қазақстанның Еңбек Ері

Талас ОМАРБЕкОВ – тарих ғылымының докторы, профессор

материалдың жариялану 

ақысы төленген

кезекшi редактор



Ақбота ИСләМБек

Таралымы 20520

РедАкцИя ТелеФондАРы: 

394-42-46 (қаб.бөлмесi/факс), 

394-41-30

E-mail: anatili_gazetі@mail.ru

МекенЖАйыМыз:

050009, алматы қаласы, 

абай даңғылы, 143, 6-қабат

а

дүбірлі дода

ұлттық БолМыс ұғыМдары

МәденИет


«Әсем сазды, 

сырлы үнді әндер-ай»

Жігерлі жастар алға бастар 

Халықарылық олимпиада Комитеті 

дүниежүзілік жасөспірімдердің спортын 

дамыту мақсатында 2010 жылдан бері 

дәстүрлі түрде олимпиада ойында-

рын өткізіп келеді. Жасөспірімдердің 

алғашқы олимпиадасы Сингапурде 

өтсе, ал бірінші Қысқы олимпиада-

сы 2012 жылы австрияның Инсбурк 

қаласында тұсауын кесті. ал биыл 

Норвегияның лиллехаммер қаласында 

жасөспірімдер арасында іі Қысқы 

олимпиада ойындары өткізілді. Бұл 

қалада 1994 жылы XVII дүниежүзілік 

Қысқы олимпиада ойындары өткені 

белгілі. Сол дүбірлі додада Кеңес 

одағынан тараған 15 мемлекет алғаш 

рет олимпиадаға қатысты. Жерлесіміз 

Владимир Смирнов бұл олимпиадада 

50 шақырымдық шаңғымен жүгіру 

бәсекесінде мәре сызығын бірінші 

болып кесіп, тәуелсіз Қазақстан 

Республикасының алғашқы чемпионы 

атанды. 

Желқобыз – қазақтың өте көне 

музыкалық аспабы. Желқобыз ту-

ралы зерттеулер өте аз. Әртүрлі түсі-

ніктер кездеседі. Жалпы желқобыз 

сөзі кейде «желқабыз», «желғыбыз», 

«желбуаз», «жел қобыз» деген сияқты 

сөздерге тіре леді. Желғабызды – 

балықтың ішін дегі жел толған 

«үрлеген» бү йені десе, «желғабыз» – 

желдей ұшатын жүйрік, «Желғабыз» 

бидайдың сыртқы қабы «қауызы» 

деседі. 

Неде болса саралай келсек 

«жел, ауаға» байланысты болып 

шығады. «Көне заманда кәдімгі ұста 

көрігіне» ұқсас үрлемелі музыкалық 

аспап болғаны жайлы дерек көп. Ол 

осы «желғабыз» яғни «желқабыз» 

болса керек. Оның да нұсқасы 

көп. Бір жерде екі тақтайша жаны, 

арасына терілерді керіп салып, кей-

де үрлеген қарынды пайдаланып 

тақтайшадан «дем алатын» тесік 

шығарып, оны үрлейтін түтікше 

істеп үрлеп ойнайды, немесе бір 

жақты тақтайдан сап шығарып, 

« к ө р і к ш е »   б а с ы п   о й н а ғ а н ғ а 

ұқсайды. Ал келесі бір түрі ешкі 

немесе киік, аңның терісін бітеу 

сойып, илеп алып, тері, тұлыптың 

а р т   ж а ғ ы н   қ а р ы н   т ұ с ы н а н 

«сыздықтай» айналдыра тігіп, тері 

басын ағашпен бітеп, алдыңғы 

екі аяғының біріне ағаш түтік, 

келесі аяғына сыбызғы түтік киіліп 

сыбызғы «түтік» жағынан үрлеп 

ойнайды. Кішірек «желқабыз» 

(желқобыз) болғанда бау тағып 

алады. Мұндай тері, тұлыптардан 

істелген аспаптарды кейде «мес 

қобыз» деп те атайтын көрінеді. 

Желқобыз сөзін «қобыз» сөзімен 

қоссақ «қазақ қобызшы келеді» 

онда «желқабыз», «желқобыз» 

музыкалық аспабы болуы мүмкін. 

Мұндай тақтаймен көмкерілген 

«желқобыздар» келешек гармон, 

баян, аккордеондардың бастамасы 

да болуы ықтимал.

Осындай, көне түркілік аспап-

Биыл композитор, Қазақстанға еңбек сіңірген 

өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев мерейлі 

70 жасқа толып отыр. Осыған орай жуыр-

да облыстық Сақтаған Бәйішев атындағы 

әмбебап-ғылыми кітапханасының  ұйымдас-

тыруымен және қаламыздағы Ахмет Жұбанов 

атындағы музыкалық кол леджінің қолдауымен 

«Әсем сазды, сырлы үнді әндер-ай» тақы ры-

бында музыкалық шара өткізілді. 

Ән өнерінің көкжиегінде айрық ша жұлдыз 

болып жарқырап жүрген Кеңес Дүйсекеевтің 

әндері тыңдар мандарына кеңінен танымал. Өнер 

қай раткері К.Дүйсекеевтің 70 жас мерейтойының 

қарсаңында компо зитордың туындыларын на-

сихаттап, оның өмірі мен шығармашылығын 

оқырмандарға таныс тыруды мақсат еттік. 

Кешке мәдениет қызметкерлері, өнер ма-

мандары, А.Жұбанов атындағы музыкалық 

колледждің оқытушылары мен студенттері, 

кітапхана оқырмандары, кітапхана жаны-

нан құрылған «Өнерпаз» клубының мүшелері 

қ а т ы с т ы .   Ш а р а   б а р ы с ы н д а   « Т у ғ а н   ж е р 

әуендері» тақырыбында әдебиет көрмесіне 

библиографиялық шолу жасалды. «Құрмет» 

орденінің иегері, «Ақтөбе облысының Құрметті 

азаматы Ғ.Байдербес композитордың Ақтөбе 

жеріне жиі келетінін, жалпы патриоттық әндері 

арқылы жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелеудегі 

рөлі зор екенін тілге тиек етті.

Кеш барысында Роза Рымбаева, Нағима 

Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Ақжол Мейірбеков, 

Нұрлан Өнербаев сынды белгілі әншілеріміз 

орындап жүрген композитордың «Домбыра ту-

ралы баллада», «Қарағым-ай», «Сәлем саған туған 

жер», «Өкінбе сен» әндерін аталмыш колледждің 

СКД-3 тобының студенттері Е.Саинов, 

Е.Ғайниденов, Ә.Айжігітов, Т.Дүйсенбаев тарту 

етті. 


Шараны С.Бәйішев атындағы Ақтөбе 

облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 

д и р е к т о р ы   Н . Ж ұ м а ғ ұ л   қ о р ы т ы н д ы л а п , 

қатысушыларға алғыс айтты. 



Ақерке САҒИДОЛЛАҚЫЗЫ,

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық 

әмбебап ғылыми кітапханасының Өнер 

әдебиеттері бөлімінің меңгерушісі 

АҚТӨБЕ 


тар әр ұлттарда кездеседі. Мысалы, 

«желқабыз» (желқобыз) мадиярлар-

да «төрекшип» төре – түрік, шип 

– «сыбызғы, ал армяндарда – пар-

кобзук, беларустар мен украиндар-

да – дуда немесе коза, грузиндерде 

– ствири, орыстарда – волынка 

ретінде кездеседі.

Қ а л а й   б о л с ы н   к е л е ш е к -

те зерттеуді қажет ететін осы бір 

«көне түркі сыбызғысы», қазіргі 

қазақтың «желқобызы» өзіміздің 

атадан қалған мұрамыз екенінде 

дау жоқ. Сол сияқты «балқобыз», 

«шалқобыз» деген де атаулар 

кездеседі. Мұны шалдар ойнай ма? 

Жоқ, желқобызды «шалқобыз» деп 

немесе «шаңқобызды» айтып жүр 

ме белгісіз, бұған нақтылы ғылыми 

зерттеулер керек.

Н у ғ а р а .   Қ а з а қ т ы ң   ұ л т т ы қ 

ұрмалы, соқпалы, былғарыдан 

жасалған әуездік-әуендік аспабы. 

Дабылға ұқсас аспап. Ұратын тұсы 

көннен істеледі. Нуғараны ерте кезде 

соғыс, жаугершілік, шайқас кезінде 

пайдаланған. Көбінде «жекпе-жек-

ке» шығарда, қарсы сап, топтағы 

жауға шабарда, нуғараны ұрып, 

дұшпанына айбар көрсетіп, олардың 

зәре-құтын алып, өздері нуғараны 

соғып әуендетіп, нуғараның ды-

бысымен рухтанып, жүректенетін 

болған. Нуғараны ұрып әскер 

жинауға, сапқа тұрғызуға қолданса, 

соғыс, шайқас болатынын, алдын 

ала хабарлауға да пайдаланған. 

Соңғы кезде нуғараны ұлттық аспап-

тар тобына пайдаланып, оркестрлер-

ге қолдануға болады. Қолданып 

та жүр. Өте сиреп кеткен аспап. 

Жаңғыртуды талап етеді.

Сылдырмақты қамшы. Қазақ 

халқы өзінің ұлттық әуен, әуез, саз 

күйінің көркемдігін шыңдау үшін 

әртүрлі қарапайым құралдарды 

қолданып музыкалық аспап ретінде 

п а й д а л а н ы п   к е л г е н .   С о н д а й 

құралдардың бірі – кәдімгі қамшы. 

Қамшылар сан түрлі, әрқилы 

мақсатта қолданыс тапқанымен 

көбінде «сары ала қамшылар», 

«сайтан кашар», «сылдырмақты 

қамшылар», «сәндік қамшылар» 

деп есептелініп келген. Ертеде 

бақсылар, сал-серілер «сары ала» 

қамшылардың «кекіліне» әртүрлі 

кішкене қоңыраушалар, түсті асыл, 

темір металдардан таспа, дөңгелек, 

шығыршық, сылдырмақтарды сал-

быратып тағып, оған үкі қадап, 

қолдарына алып бақсылық ой-

нап «сарын» айтқанда пайда-

ланса, серілер айтыс кездерінде 

қолдарына сылдырмақты қамшыны 

бүктей ұстап, өз ән-әуезін демеп 

тұратын болған. Бақсылар «жы-

нын шақырып» зікір салғанда 

сылдырмақты қамшымен «ауру-

ды ұрып», жерді, үй іргесін ұрып 

«сайтандарды» қуалай қашырған. 

Осылай сылдырмақты қамшыны 

жетілдіріп, музыкалық біріккен 

ойындарға қолдансақ қазақтың төл 

құралы, қамшыға кім таласпақ? 

Сылдырмақты қамшыны қазақтың 

м у з ы к а л ы қ   а с п а б ы   р е т і н д е 

қастерлеу керек.



(Биқұмар Кәмәлашұлының «Қазақ 

халқының дәстүрлі музыка аспапта-

ры» кітабынан)

сандықта сақталған сурет

Байқау

өнер


талантты оқушылардың басын қосып, олардың қабілетін шыңдау жолында 

еңбек етіп жүрген ұжымдар аз емес. Мәселен, солардың қатарына павлодар 

облысы, ақсу қаласының Балалар шығармашылығы үйіндегі «талапкер» 

ансамблін жатқызуға болады.  

«ана тілі» газетіндегі «Сандықта сақталған 

сурет» айдарын үзбей оқып тұрамын. оқи 

келе, өзім де бір сурет және оның кейіпкері 

туралы шағын мақала жазуды жөн көрдім. 

Суретте менің атам Нығман Нәбиев бей-

неленген. Бұл суретке ол Семей қаласында 

түскен екен. Біз үшін құнды жәдігер ұзақ 

уақыт бойы әжемнің сандығында сақталып 

келді. 

Атам 1924 жылы Шығыс Қазақстан 

облысы, Зайсан ауданында дүниеге 

келген. Әке-шешеден ерте қалып, 1936 

және 1940 жылдар аралығында Бала-

лар үйінде тәрбиеленген. Балалар үйі  

директорының жазған мінездемесінде 

ол өзін тек жақсы жағынан көрсеткені, 

қ о ғ а м д ы қ   ж ұ м ы с т а р ғ а   б е л с е н е 

араласқаны туралы айтылады. 

Ұлы Отан соғысы басталғанда 

майданға аттанып, соғыстағы ерлігі үшін 

ІІ-дәрежелі орденмен марапатталды. 

Ауыр жарақаттануына байланысты елге 

оралады. Госпитальге түскені туралы 

берілген анықтамада: «...Ранен осколком 

авиа-бомбы в левую кисть с отрывом ее 

и правую кисть рамозжением большого 

пальца. Был доставлен в состоянии 

большого шока. Там же была сделана 

ампутация в обл.верхний 1/3 левого 

предплечья» деп жазылыпты. Қайран, 

соғыс жылдары-ай десеңізші. Қанша 

азаматтар майданда шейіт болса, қаншасы 

еліне мүгедек болып оралды. Атамыз да 

бір қолынан айырылды. Бірақ мойымады. 

Жан-жары Рәмия Ысқаққызы екеуі ұл-

қыздарын тәрбиелеп, барлығы да жоғары 

білімге қол жеткізді. Екі ұлы Алтай мен 

Ерғали медицина ғылымының кандидаты 

атанды. 

Соғыстан оралған соң тағдырдың 

қиыншылығына қарамастан 1947 жылы 

Семейдегі педагогикалық училищеге 

түсіп, 1950 жылы соның толық курсын 

бітірді. Кейін 1960 жылы Н.К.Крупская 

атындағы Семей мемлекеттік педагоги-

калық институтын орыс тілі және 

әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп 

шықты. Шығыс Қазақстан облысы, 

Қай нар ауылындағы орта мектепте 

орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 



 Эстонияда өткен ІІ ашық халықаралық 

балалар мен жасөспірімдерге арналған 

ән байқауында жерлесіміз 14 жастағы 

Карина Нәжімеддинова  бірінші сыйлық 

лауреаты атанды. 

Байқауға әлемнің әр елінен 50 үміткер 

қатысты. Халықаралық қазылар алқасы 

құрамында облыстық опера әншісі 

 Алексей Скибин болды. К.Нәжімеденова 

Ж.Омаров атындағы №1 музыкалық 

Бүгінгі таңда ансамбльдің жеткен 

жетістіктері аз емес. Атап айтқанда, та-

лантты оқушылар былтыр «Ветер пере-

мен» атты Халықаралық балалар және 

жастар шығармашылығының фестивалінде 

бас жүлдені иеленсе, биылғы жылдың 14 

ақпанында «Айналайын» жас дарындардың 

фестиваль-байқауында 1 орын иеленіп, 

Ақтөбе қаласында өтетін республикалық 

сайысқа қатысуға жолдама алды.  Бұл сөзсіз, 

ансамбль мүшелерінің үлкен жетістігі. 

Мұндай өнер сайыстарына қатыса оты-

рып, олар өздерінің кәсіби біліктіліктерін 

шыңдай түсуде.

«Шәкіртсіз ұстаз – тұл» демекші, 

оқушыларға бар білгенін үйретіп, түрлі 

байқауларға баптап, бәйгеге қостырып 

жүрген жетекшісі Қуанышбек Уәлиевтің 

еңбегін ерекше атап өту ләзім. Ол «Балалар 

шығармашылығы үйінде 2015 жылдан бастап 

қызмет етуде. Осындай аз ғана уақыттың 

ішінде шәкірттерінің халықаралық және 

республикалық сайыстарда биіктерден 

көрінуі мақтар етерлік жайт. 

Шәкірттерін ізгілікке, адамгершілікке, 

зиялылыққа тәрбиеледі. Ұстазынан 

дәріс алған оқушыларының арасынан 

кейін ғалымдар, жазушы-қаламгерлер, 

білікті мамандар көп шықты. 

1953 жылы Қазақ ССР оқу министр-

лі гінің «Қазақ ССР халық ағарту ісінің 

озық қызметкері» атағымен марапаттал-

ды.  Ол кісінің өмір жолы туралы кезінде 

Б.Храмцов есімді журналист «Человек 

из Кайнара» деген мақала жазыпты. 

Бұл мақаланың нақты қай жылы жарық 

көргені белгісіз. Шамасы, Ұлы Отан 

соғысы жылдарынан кейін жазылған. 

Содан үзінді келтіретін болсақ былай 

делінген:  «...В девятнадцать лет он 

окончил Усть-Каменогорское музы-

кальное училище по классу скрипки. В 

двадцать лет стал капельмейстером ор-

кестра. А через год началась война. Му-

зыкант стал солдатом. В сырых окопах, 

на привалах, по грохот далекой кано-

нады он вспоминал, как пела казахская 

степь. И здесь на Западе, он защишал 

эту далекую степь. Он вспоминает тех, 

кто когда-то учился у него. Разные про-

фессии избрали они: Темиргали Садва-

касов стал мастером животноводства, 

работает чабаном. Карл Жуманов – ин-

женер. Медеу Сарсекеев тоже выучился 

на инженера, а затем стал писателем. 

Куаныш Адыкеев – знатный чабан рес-

публики» деп жазады Б.Храмцов. 

Қазір технологияның дамыған зама-

ны ғой, сандықта сақталып келген бұл 

суретті балалары, ұрпақтары көбейтіп 

алып, шаңырағымыздың төріне іліп 

қойдық. 



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал