Жеке ерекшеліктеріне сүйену



жүктеу 43.73 Kb.
бет3/3
Дата15.02.2022
өлшемі43.73 Kb.
#17267
1   2   3
Жарты макала
Шектілігі (500сөз):

Жобаны жүзеге асыру барысында тренер кездескен қиындықтар туралы пікірлер, шекті факторларды талдау.



Рефлексия мен даму:

  • Заманауи теориялар, идеялар мен оқыту мен оқуға көзқарастар нәтижесінде тренердің болашақтағы тәжірибеге өзгерістер енгізу бағыттары;

  • Нақты өзгерістерді келешекте қолдануға арналған сабақтар/ тренингтерді жоспарлау.

Оқытушы ретінде деңгейлік бағдарламалар курсына дейінгі қысқа мерзімдік біліктілікті арттыру курстарында өз тәжірибеме оқытудың жаңа стратегияларын қолданғаныммен, өз әрекетімнің шашыраңқы, жүйелі емес, талапқа сай білім берудің мазмұнын толық аша алмайтындығын сезінетінмін. Педагогтерді 7 модуль негізінде оқыту білім беру мақсатым мен әрекеттерімді айқындап, тыңдаушылармен, жалпы кез-келген субъектпен қарым-қатынасымды қайта қарап, әдістемелік шеберлігімді кешенді түрде нәтижеге бағыттай құруыма нұсқау бергені анық.

Ғұлама ғалым әл Фараби «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез - құлыққа байланысты» деп ой түйген екен. Ғалымның бұл пікірі оқушы мен мұғалімге тікелей қатысты деуге болады. Шынымен де, мұғалімнің жақсы мінезі оқушыға дариды және әсер етеді. Яғни, нәтижелі оқу жақсы мінез-құлыққа тікелей байланысты.


Атап айтатын болсам, сертификатталған мұғалім өз есебінде: «мен үнемі оқушы білмей қалса өзім айтып түсіндіріп кететінмін. Сонымен қатар оқушыларды тым қатал бағалайтын сияқты болып көріндім. Осы жерде дана ұстаз, дара ұстаз Қ. Бітібаева апайдың «Мен 45 жыл мұғалім болып келемін. Әр сабағымда өлгендерді тірілтіп әуре боламын, тірілерді ұлықтап әуре боламын, соңғы 30 жылдың ішінде, балаларға екі деген баға қоймаймын» деген сөзі үнемі жадымда болды. Бала үйге берілген тапсырманы, не жаттығу жұмысын орындамаса: -Отыр! Екі! , -деп сыныпта алған білімін бағаламай, қадалып қалатынмын. Қазір ол ойымнан айныдым. Себебі, курста алған білім мені мүлдем өзгертті. Тағы да Қанипа апай: «Бала сабақтан шыққанда зілденіп кетпеуі керек, жағымды атмосфераның бәрі өз қолыңда» деп еді. Бұл да жақсы нәтиженің бастамасы болды. Әр оқушыға жеке көңіл бөліп, келер сәтіне сәттілік тілеп отыратын болдым», -деп сабақтағы ахуалды мұғалімнің өзі жасайтындыған жазған болатын.

Жеті модульдің барлығында қарастырылатыны білім берудің жаңа тәсілдері болып табылады. Бұл модульде «Қалай оқыту керектігін үйрету» қарастырылады. Яғни алдағы уақытта сабақ бүгінгідей монологқа емес, диалогқа құрылады.. Диалогтік оқыту барысында оқушылар жұп болып та, топ болып та, ұжым болып та бір – бірімен тілдік қарым – қатынасқа түседі. Бұл – диалогтік сөйлеудің өзіндік белгілері. Диалогтік оқыту амал – тәсілі оқушыларды сөйлеуге, белсенділікке, өзара пікір алысуға итермелейді..

Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсайтын білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады.

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Зертеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптасымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір – бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналды және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолдану қажет, жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға үйренеді.

Диалогтік әдісті қолданғанда оқушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді: терең ойлануға; ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға; ақпаратты жан-жақты талдауға; өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға; пікірталастарға қатысып, өз ойымен пікірін дәлелдеуге; шешім қабылдауға және қиын мәселелері шешуге; басқалармен тиімді қарым – қатынас құрауға үйренеді

Тәжірибеде қашықтықтан оқыту бақылау арқылы жүзеге асты. Алдымен мұғалімдер таңдаған белгілі тақырыпты үйлестіру жұмыстары жасалды. Барлығы дерлік берілген тапсырмаларды орындады дегенімізбен, тәжірибеге ынтасыздау немесе материалдық базасы нашар мектеп мұғалімдері де ішінара кездесіп қалып жатты. Олар әсіресе өз жұмыстарын атқаруда байланысқа шығуда төмен белсенділік танытты. Сондықтан тренерлер тарапынан қосымша эл. почталары, агенттері, тіпті ұялы телефондары арқылы сұрақтар беріліп, әңгімеге тартуға тура келді, соның өзінде ойлары шашыраңқы, жүйесіз айтылған пікірлер де болды. Тренер -Мұғалім арасында тек нұсқау беру жиі жүзеге асқан кездер басым болды.

Мұғалімдердің бірлесіп әрі дербес жұмыс атқаруы және олардың тапсырмаларды орындау деңгейлерін білу үшін олардың мәдениетінің бірінші кезеңде байқалуын басшылыққа алдық.

Олардың көпшілігінің талқылаудан тәжірибесі аз болды, осылайша осы курс олар үшін әңгімелесу, тыңдау мен ойлаудың кейбір аса маңызды дағдысын үйренуіне мүмкіндік беретін жалғыз орта болып табылады. Тіл пәндерінің мұғалімдері ғана емес, барлық мұғалімдер өз шәкірттері үшін де осындай қарым-қатынаста өмірлік маңызды тәрбие бере алады. Ол үшін қашықтықтан оқыту жүйелі жүргізілуі қажет болды.

Біз келесі тәсілдерді (немесе кейбіреуін) қолданған кезде мұғалімдердің белсенділігі артып және жақсара түскендігі анықталды:


  • Мұғалімдердің идеяларын зерттеу үшін кейбір «ашық» сұрақтарды пайдалану;

  • Мұғалімдер өздерінің ойлары мен сөздері арқылы білімін көрсететін кезде оларды көтермелеу (сондай-ақ мұғалімдер жаңа идеялар ойлап табу үшін жаңа сөздік қорын ұсыну);

  • Мұғалімдердің «Сіз бұл туралы қалай білдіңіз?», «Неліктен?», «Сіздің тағы бірдеме айтқыңыз келе ме?» деген сұрақтарға жауап бере отырып материалды өңдеуге және өз көзқарастарын білдіруге ұмтылуы;

  • Кейбір оқушылардың идеяларын тыңдап болмайынша сабақтың материалын түсіндіруді бастамау (түсіндірулер айтылғанмен және олар көтерген проблемалармен байланысты болуы үшін);

  • Мұғалімдерге түсіндірулер өткізуге, талқылау бағытын өзгертуге мүмкіндік беру (және, мүмкін, тіпті сабақ бағытын);

  • Мұғалімдер біз ұсынған үлгілерден үйренуі үшін орынды даулар барысында қарым-қатынасты және оны қолданудың үлгілік тәсілдерін қолдану.

Қашықтықтан оқыту кезінде де түрлі жұмысты ұйымдастыруда диалогтік оқытуды тиімді қолдану жақсы нәтижелер беретінін байқадық. Бірақ бізге осыны барлық мұғалімдердің орындағаны және мұғалімдер тренингінде, білім беру саясатында сөйлеу дағдыларының мәселесінде тиісінше жүзеге асырылуы қажет.

Тиімді педагогика аясында сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады. Ол үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынамалау, қайта бағыттау сияқты әр түрлі технологияларды пайдаланылады.

Оқушының оқуын сұрақтарға берген жауаптар негізінде бағалау мүмкін болады. Себебі, кейбір оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып, тапсырманы орындау мүмкіндігіне ие болса, кейбір оқушылардың сұраққа жауап бергеніне риза болуға тура келеді. Қабілеті әр түрлі оқушылар үшін сұрақтарды шектеп отырамыз. Балаларды барынша мұқият оқыту үшін сұрақтар қою техникасын анықтаймыз.

Балалардың ойлау қабілетін барынша жоғары деңгейде дамыту үшін сұрауды қолдануға қатысты курстардағы мұғалімдер түсінігінде болған өзгерістер:

- бірден көп сұрақ қоймау.

- оқушыларға ойлауға уақыт беру.

- орынсыз сұрақтар қоймау.

- ойлауды дамыту үшін проблемалық сұрақтар пайдалану.

- оқушылардың жауап беру ниетін басатын сұрақтарды қоймау.

- оқушылардың алдыңғы жауаптарын дамытатын сұрақтар құрастыру.

Адам күнделікті өз өмірінде жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасау керек.

Ол адамға ғана тән тәбиғи қасиет және адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт.

Қарым-қатынастың негізгі бағыттары:


  • әңгімелесушіңізді сөйлетуге тырысыңыз;

  • қызықты түрде ақпаратты жеткізуге тырысыңыз;

  • әрбір адам «жаңалықты» қажет етеді;

  • зор қызығушылықпен және ынтамен тыңдай біліңіз;

  • тыныш, байсалды атмосфера сақтауға тырысыңыз;

  • өзіңізді ашық-жарқын адам ретінде көрсетіңіз;

  • әңгімелесушіңізді ашық-жарқын, емін-еркін сөйлесуін қолдап отырыңыз.

Қазақ тілі бай, икемді болғанымен, әркімнің сөздік қоры әртүрлі. Сөздік қорымыздың көлемі мен сапасы білімімізге, өмірдегі тәжірибемізге, т.с.с. жағдайларға байланысты. Сөздік қоры аз адаммның жазуы да, сөйлеуі де орашолақ болып келеді. Ондай адамдардың бір сөзді қайталай беруі немесе диалектизмді көбірек қолдануы басымболады. Тіл тазалығына кемшіліктер грамматикалық ережелерді дұрыс пайдаланбаудан да көрінеді

Мұғалімдер сабақ барысында сауалнама түріндегі кері байланыс әдісін қолданады және тапсырмалар орындатуда көптеген сұрақтар қояды.



Қорыта айтқанда, көптеген мұғалімдер сынып оқушыларының өзара білімін дамыту мақсатында бірлескен сұхбат арқылы: оқушылар бірін – бірі оқытады, пікірлеседі, ой бөліседі, әңгімелеседі. Бұның бәрі де диалогтық оқыту әдістері негізінде жүзеге асып отырады. Олардың оқушылардың тілдік қорын молайтуға, білім деңгейін көрсете алуына, білімін әділ бағалауына оң әсерін тигізетініне сеніміміз мол.

Егер мұғалімдерге  педагогикалық шеберлік туралы теориялық және практикалық бiлiмдерді  меңгеру жағдайы туғызылса, және кәсiби қызметтерде  оларды қолдана  алатын болса, онда оқу-тәрбиелiк процесінің барлық кезеңдерiнде оқушылармен олардың қарым-қатынасқа түсу тиiмдiлiгі жоғарлайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 17 қаңтар 2014 жыл.



жүктеу 43.73 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет