Жеке ерекшеліктеріне сүйену


Мәліметтерді талдау (1000 сөз)



жүктеу 43.73 Kb.
бет2/3
Дата15.02.2022
өлшемі43.73 Kb.
#17267
1   2   3
Жарты макала
Мәліметтерді талдау (1000 сөз):

Өзгерістер нәтижелерін бағалау:

  • Құрылымдылығы (конструктивизм);

  • Жүзеге асқан өзгерістерді қолдауға деректердің жеткіліктілігі;

  • Алынған зерттеу нәтижелерін жақсартуға арналған болашақтағы жоспарлы өзгертулер.

Мәліметтерді талдау – зерттеу жүргізуде қолданылатын мәліметтерді ұғыну негізі. Мәліметтер ешқашан өздігінен талданбайды. Мұны есте сақтау аса маңызды. Біздің сөзіміз ең бірінші талдау құралы болып табылады. Курстық дайындықтарға байланысты мәліметтерді талдау Бағдарлама идеясында жасырынған мағына сыры мен тарихына үңілу, оны баяндау үдерісі болып саналады. Оның үстіне талдау арқылы 7 модуль негізінде оқытылатын сындарлы оқыту идеясының және тренер жеткізуге тырысатын мағыналардың дәлелдемелерге негізделгеніне күмәндана қарайтын қауымның көзін жеткізуге тиіспіз.

Сондықтан да Кембридж Бағдарламасы негізінде біліктілікті арттыру курсының сабақтарын жоспарламас бұрын:



  1. Мен бүгін нені үйретуім керек?

  2. Бүгінгі берілетін білімнің маңызы не болмақ?

  3. Тыңдаушының ойын ояту, пікірін айтқызу үшін қандай мүмкіндіктер жасауым керек? - деген мәселелер төңірегінде және мұғалімнің бұрынғы білімін жаңа ақпараттармен ұштастыра отырып, пікір айта алатындай етіп жоспарлауды мақсат етемін. Сонымен қатар, әрбір сабақтан соң:

  • Сабағымның мақсаты қандай еді?

  • Мақсатқа жеттім бе?

  • Осындай сабақтар жалпы не береді және жекелеген пәндер үшін не беруі мүмкін?

  • Топтық жұмыстағы қарым-қатынас қандай деңгейде жүрді?

  • Тапсырмаларды орындау барысында топтың бірлігі, ынтымақтастық деңгейі сақталды ма?

  • Тыңдаушылардың белсенділігі қандай болды?

  • Сабақ барысында тыңдаушыларда сыни ойлау тәсілін қолдана алу қабілеттері қаншалықты іске асты?

  • Сабақ бойынша қандай қорытынды жасауға болады?

  • Сабақтың тиімділігі қандай?

  • Келешекте сабақтың қай тұстарын өзгертуге болады?

  • Неге көңіл аудару қажет? Педагогтер белсенділігін қалай жақсартуға болады?,- сұрақтарына жауап іздеуге тырысамыз.

Осы мәселелердің жеткілікті деңгейде қарастырылғанын дәлелдейтін мәліметтердің екі негізгі дереккөзі бар. Бірінші дереккөз – өтілетін тақырыптар бойынша өзімін жинаған мәліметтер және бақылайтын үлгілеріміз. Екіншісі – бұл тақырып бойынша басқалардың үйренгені. Егер тренер ретінде өтілетін тақырып бойынша Тренерге арналған нұсқаулық, Мұғалімге арналған нұсқаулық, таратылым материалдарынан басқа зерттеулерді және теорияларды әлі оқымасақ, қазір орындайтын уақыт келді. Бұл – біздің жұмысымыздың өрге басуының алғышарттарының бірі. Сөйтіп, өзіміз қоланған шаралардың басқа зерттеушілердің нәтижелеріне ұқсас нәтижелерге қол жеткізгендігін анықтасақ, өз таңдауымыздың дұрыстығына көзіміз жетеді.

Мысал келтірсек, 2012 жылы 2 лекте оқып кеткен сертификатталған ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Деңгейлік бағдарламалар курсын аяқтаған соң американдардың жаңаша бағалау жүйесі бойынша оқыту әдістемесі жайлы 1 айлық қашықтықтан оқыту курсын аяқтады. Тәжірибелі мұғалім өз тренері ретінде бізбен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, түрлі конференциялар, семинарлар, т.б. шараларға белсене қатысады. Сөйте отырып біздің де басқа да шетелдік білім беруді бағалау жүйесі туралы мәліметтерімізді молайтуға мүмкіндік жасады.

Осы бағдарламаны негізге ала отырып, мектептегі тәжірибе кезіндегі өз жұмыстары бойынша курстағы мұғалімдер оқушылар жайлы бес негізгі тұжырымды айшықтап көрсетеді және ол мәліметтер институттың курстық дайындықтарды бақылау, талдау мониторингінде де көрініс тапқан:


  • Оқушылар өздеріне сенгенді және құрметтегенді қалайды. Олар мұғалімнің өздеріне деген қамқорлығын сезінгісі келеді, көмектесуге деген ниетін, оларды кейін қалушы емес, үлгеруші ретінде көргісі келетінін білдіргенін қалайды.

  • Оқушылар өздерін отбасы мүшесі ретінде сезінгісі келеді. Олар мектептің директорынан бастап барлық қатысушылар бірлесе жұмыс істей алатындай қоғамдастыққа ұқсас болғанын қалайды.

  • Оқушылар рұқсат беруді емес, еркіндікті, мақсатқа қол жеткізу үшін өз ойын айту еркіндігін қалайды.

  • Оқушылар жауапкершілік алу мүмкіндігі берілгенін қалайды, олар оқыту туралы шешім қабылдауда белсенді қатысушы болу үшін жеткілікті түрде оларға сенім білдірілгенін қалайды.

  • Оқушылар таңдау жасағанды қалайды. Олар белгілі бір дәрежеде өз оқуын өзі басқаруын қалайды.

  • Деңгейлік бағдарламалар бойынша мұғалімдер біліктіліктерін арттыру курстарында тыңдаушылардың ойлау қабілетін барынша жоғары деңгейде дамыту үшін диалогтік оқытуда сұрақты қолдануға қатысты менің тренерлік жұмысымда болған өзгерістер:

- бірден көп сұрақ қоймау.

- тыңдаушыларға ойлануға уақыт беру.

- бір-біріне орынсыз сұрақтар қоймауларын қадағалау.

- ойлауды дамыту үшін проблемалық сұрақтар пайдалану.

- мұғалімдердің жауап беру ниетін басатын сұрақтарды қоймау.

- оқушылардың алдыңғы жауаптарына сай дамытушы сұрақтар құрастыру.



  • Сұрақтардың сапасы және жоспарлау таратылым материалдарының «І бетпе-беттің» соңғы аптасындағы «Үздік сабақтың 6 белгісіндегі» айқын дәлеліне айналуы күмәнсіз. Іс жүзінде біз сұрақтарға көп сенім артамыз. Сұрақтарды қоя білу стратегиясынсыз үздік прогресс, сабаққа етене кіріп кету және бағалау болуы мүмкін емес.

  • Нейл Мерсер, А.Дайалогос пен Литлтон еңбектеріндегі сапалы оқытудың бір көзі, әңгімелесу яғни, адами когнитивті және әлеуметтік даму негізінде оқушылардың қызығушылығын диалогтық стратегияларды қолдану арқылы жүзеге асыру қажетті десе, ал Рэгг және Браун ұсынған зерттеулеріндегі оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етуінің түрлерін тиімді қолдануды ұсынады. Ендеше, өзімнің тыңдаушылармен сабақтарымда диалог пен әңгімелесу тиімді екенін, оның өзара әрекеттесу дағдыларын дамытатынын тәжірибе жүзінде енгізіп, зерттедім. Және де тыңдаушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беруді жоспарлап, оларды сабақта әрбір тақырыпқа сәйкес оқытудың мақсатымен таныстыруды дағдыға айналдырдым.

2 лек бойынша сертификатталған мұғалімнен курсты аяқтау кезінде алынған сұхбатынан үзінді келтірсек:

«- Қайта даярлаудың жаңа жүйесі арқылы қандай үміт артасыз, олар сіздің көзқарсыңыз бен жұмысыңызды өзгертті деп ойлайсыз ба?

- «Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп Мұхтар Әуезов айтқандай, қайта даярлаудың жаңа жүйесі оқушы білімінің өрістеуіне ұйытқы болса, оған артатын үмітім зор. Елімізде әр өткізген сабағы өмірге сабақ болып, сөзі - маржан, үні - ән ұстаздардың көп екендігін жоққа шығармаймыз. Заман ағымына қарай, білім берудің жаңаша әдіс-тәсілдері мен технологиялары да дамып келеді. Яғни, заманымызға қарай білім де, осы білімді оқушы санасына дарытатын мұғалім де өзгеруі әбден мүмкін.

Сондықтан да қайта оқытудың жаңа жүйесімен танысу мақсатында мен де осы 3 айлық курсқа келдім. Бірақ курстан кейін менің қөзқарасым ұстаз туралы ұғымдарым өзгерді деуге болады. Үш айда мен баспалдақпен бір емес бір сәтте бірнеше сатыға жоғарылағандаймын. Осы курстың мақсаты да бала әрекетінің нәтижесін бақылау мен бағалаудағы оң өзгерістер, сыни тұрғысынан қарастыру, өзара әрекеттесу барысында үнемі кінәламай ыңғайлы жағдай жасауға талпыну, олардың өздеріне деген сенімін қалыптастыру екенін түсіндім.



- Жаңа жүйедегі оқуға жеке қызығушылығыңыз болды ма?

- Әлбетте, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізін салушы Қ.О. Бітібаеваның: «мұғалім-ізденуші», «мұғалім-зеттеуші» -деген ойларымен келісе отырып, ұстаз ретінде әрқашан жаңалыққа жақын болып, өмір ағымынан қалмай, үнемі ізденіс үстінде болып қызығушылығымды арттырып отырамын.

- Сіз қазір әдістемеңізде жаңаша көзқарасты сезіндіңіз бе?

- Жаңаша көзқарасты шәкірттерімнің бойынан сезіндім. Бірақ сол әдіс-тәсілдерді оңтайлы қолданып, бала санасына дарыта білу, ұстаздың шеберлігіне байланысты деп ойлаймын. Оқушылардың оқуға деген ынталарының артуы мен үшін үлкен жетістік болды.


  • Сізде 3 айлық курс мазмұны мен бағыттары туралы ақпарат болды ма?

  • Әрине болды, біздің мектептен үш мұғалім осы курсты аяқтаған. Әріптестерім ретінде бізге де оқудан алған әсерлерімен бөлісе білді. Бірақ есту бір бөлек те, оны егжей-тегжейіне дейін дәлелдей отырып, тәжірибеден өткізе отырып білім алу бір басқа.

  • Курстан кейін мектепке немен барасыз?

  • Осы курста үйреніп, білген әр әдіс- тәсілдерді ары қарай жетілдіріп сабақтарымда үнемі қолдануды ұйғардым. Бұл курс маған қанат бітіріп, мектепте жаңаша жұмыс істеуіме ынталандырды деген ойдамын. Яғни, менің ұстаздық ұстанымымының өзгеруіне ықпал етті».

. Осы курстың мақсаты да бала әрекетінің нәтижесін бақылау мен бағалаудағы оң өзгерістер, сыни тұрғысынан қарастыру, өзара әрекеттесу барысында үнемі кінәламай ыңғайлы жағдай жасауға талпыну, олардың өздеріне деген сенімін қалыптастыру екенін түсіндім. Сертификатталған мұғалімнің берген сұхбатын дамыта келе, өз жұмысымыздағы өзгерістерді жоспарлау бойынша ең алдымен «Мен сабақта неге қол жеткіздім?», «Нені жасап үлгердім?», «Алдағы уақытта нені шешуге тиіспін?», «Нені жетілдіруім қажет?», «Сабақ тиімділігін қалай арттырамын?» мәселелері төңірегінде жұмысты ұйымдастыруға тырысамын.

Кез келген тақырыпты өткенде мәліметтерді талдаудағы диалогтік тәсілдің артықшылықтары мынадан көрінеді:


•   ес пен тілді дамытуы;
•   оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
•   оқушылардың білімінің белгілі болуы;
•   жақсы диагностикалық құрал;
•   үлкен тәрбиелік күші барлығы байқалады.


жүктеу 43.73 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет