Жеке ерекшеліктеріне сүйену



жүктеу 43.73 Kb.
бет1/3
Дата15.02.2022
өлшемі43.73 Kb.
#17267
  1   2   3
Жарты макала

Мұғалімдерді курстық дайындықтан өткізу кезінде мынадай мақсат қойылады: оқытуды жоспарлы да жүйелі жүргізу арқылы мұғалімнің тиімді оқыту тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасай отырып мектептің оқыту үдерісін өзгертуге ықпал ету.

Ол үшін педагогтерді жақсы оқуға итермелейтін факторларды анықтау көп ізденіс пен зерттеуді талап етті. Оның ішінде:



  • жеке ерекшеліктеріне сүйену;

  • жұмысты қызықты етіп ұйымдастыру;

  • оқуға, ізденуге мүмкіндік беру;

  • топтағы әріптесімен келісімге келу;

  • қызығушылығы мен бейімділіктерін есепке алу;

  • әдет-қылықтарының себебін анықтау;

  • топтағылармен жақсы қарым-қатынаста болу;

  • дайындық соңында сынақ тапсыру;

  • курстың нәтижелі аяқталуына сәйкес көтерме жалақының болуы;

  • жетістіктерін мадақтау.

Осы факторлар сабақ барысында үнемі жүзеге асқан сайын, тыңдаушы өзін оқуға жауапты сезіне бастайды, сабаққа деген қызығушылығы артады. Сонымен қатар, оқуға қатысты белгіленген ойлану мен даму туралы зерттеулердегі өз интеллектісі мен жеке қасиеттерін икемді, көнгіш деп есептейтін тыңдаушылар үшін бұл жағдайда оқыту оңтайлы қарым-қатынасқа қол жеткізетіні анықталды.

Жұмыс барысында байқалғанындай, жекелеген тыңдаушылардың оқуға ынтасының жоқтығы оның психологиялық ерекшелігі мен топтағы орнына да байланыстылығынан көрінді.

Осыған дейін тәжірибемізде орын алған білім мазмұнын мұғалімнің дайын күйінде ұсынуы оқушының өзіндік ізденісіне мүмкіндікті шектесе, жаңартылған білім мазмұны курстарында қолданған түрлендірілген әдіс-тәсілдер мұғалімдердің тиімді қолдануы а нәтижесінде оқушылардың өз бетінше ізденіп, білім мазмұнын меңгеруіне жол ашатындығына курстың тәжірибелік кезеңінде қол жеткіздім. Ол тыңдаушылармен жұмыс барысында да жүзеге асып отырды.

Қандай да бір топ болмасын алғашқы кезде тыңдаушылардың бірлесіп әрі дербес ойлауы үшін сөйлесу мәдениетінің жұтаңдығы топтық тапсырмаларды талқылаған кезде көп байқалады. Тапсырмалар күрделіленген сайын олардың сөздік қорын молайып, тіл мәдениетін дамытуға тырысулары олардың қоршаған ортасы мен басқа топ мүшелерінің ынтамен тыңдауларына тығыз байланысты екендігінен көрінді. Біз тыңдаушылар тәжірибелі мектеп мұғалімдері болғандықтан олар әңгіме жүргізу мен ойлау үшін қажеттінің бәрін біледі деп түсінеміз. Шындығында олай еместігін курс барысында көзіміз жетті. Ол көбінесе жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер мұғалімдерінде сөз саптауларында, материалдарды талдау, пікірталастар кезінде байқалып жатады. Сол сияқты, тақтаға жазылып, кері байланыста қолданылатын негізгі сөздерді жетілдіріп, өз бағалауларын жеткізулерінен де көрінеді.



  1. Бүгін менің білгенім…

  2. Қызық болғаны…

  3. Қиын болғаны…

  4. Мен орындаған тапсырма…

  5. Менің түсінгенім,…

  6. Енді мен істей аламын…

  7. Менің білгенім…

  8. Мен үйрендім…

  9. Менде сәтті шықты …

  10. Мен жасап көремін…

  11. Мені таңқалдырғаны…

  12. Алдағы тәжірибем үшін…

  13. Жасағым келгені…

Дегенмен, осы мәтінде жасалатын кері байланыстағы мұғалімдер ойларының жұтаңдығы, сөз саптау мәнерлерінің келісімсіздігі олардың сөздік қорларының жеткіліксіздігін, мағыналы да мәнді сөйлеуге деген құлшыныстарының нашарлығын да көрсетеді. Осы келеңсіздіктердің барлығы педагогтердің мазмұнды диалогтік қатынасқа түсулеріне кедергі келтіреді. Оның көркем әдебиеттерді оқу арқылы тілдерін жетілдірмегендігінен бастау алатындығын байқатады.

Сондай-ақ екі жылдан аса курс тыңдаушыларымен жұмыс барысында диалогтік тәсіл арқылы мынадай топтық жұмыс түрлері жүргізіледі:



  • Ақпараттар алмасу;

  • Өзара әрекет;

  • Өзара түсіністік;

  • Барлық деңгейдегі тыңдаушылар бірдей диалогтік әрекетке жұмылдырылады.

Топтық жұмыстар кезінде мұғалімдер қарым-қатынас жасау арқылы тапсырмалар орындауда, оларды талдау, пікірлесу және қорғауда жиі кездесетін қиындықтар қатарына:

  • Ақпараттардың (тәжірибелерінің, сыни ойлауларының жеткіліксіздігі) аздығы;

  • Қарым-қатынас құралдарының жұтаңдығы (тілдік қорлары, мәтіндер, т.б.);

  • Өзара байланыстағы қиындықтар.

Біз келесі тәсілдерді (немесе кейбіреуін) қолданған кезде ғана тыңдаушылардың белсенділігі артып және жақсара түскендігі анықталды:

  • мұғалімдердің идеяларын зерттеу үшін кейбір «ашық» сұрақтарды пайдалану;

  • мұғалімдер өздерінің ойлары мен сөздері арқылы білімін көрсететін кезде оларды көтермелеу (сондай-ақ мұғалімдер жаңа идеялар ойлап табу үшін жаңа сөздік қорын ұсыну);

  • мұғалімдердің «Сіз бұл туралы қалай білдіңіз?», «Неліктен?», «Сіздің тағы бірдеме айтқыңыз келе ме?» деген сұрақтарға жауап бере отырып материалды өңдеуге және өз көзқарастарын білдіруге ұмтылуы;

  • мұғалімдерге кезек бойынша өз ойларын білдіруге және жете түсінбеушілікті ашуға мүмкіндік беру;

  • кейбір мұғалімдердің идеяларын тыңдап болмайынша сабақтың материалын түсіндіруді бастамау (түсіндірулер айтылғанмен және олар көтерген проблемалармен байланысты болуы үшін);

  • мұғалімдерге түсіндірулер өткізуге, талқылау бағытын өзгертуге мүмкіндік беру (және, мүмкін, тіпті сабақ бағытын);

  • мұғалімдер басқа жауап, тапсырма үлгілерден үйренуі үшін орынды даулар барысында қарым-қатынасты және оны қолданудың үлгілік тәсілдерін қолдану.

Сонымен бірге жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерімен жүргізілген курстық жұмыс олардың өз оқуларына жауапкершілікпен қарайтындықтарын байқатты.




жүктеу 43.73 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет