Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық університеті



жүктеу 0.54 Mb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата03.05.2017
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3   4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22 

 

Профессор Т. Х. Рысқалиевтің «Философия тарихына шолу»  



атты оқу құралы туралы 

 

П  І К І Р Л Е Р 



 

Ғарифолла Есім – академик, философия  

ғылымдарының докторы, профессор. 



 

 

Философия  -  даналық  туралы  ілім.  Қазақ  даласында  дана, 



данышпандар аз болмаған, бірақ кешегі тарихымызда даналарды 

ӛзге  жұрттан  іздеу  дәстүрге  айналып,  ӛзіміздің  кім  екенімізді 

біліп,  танымаған  заман  болды.  Осы  мәселені  жанымен  сезінген 

Тілекжан  Хасенұлы  «Даналық  пен  түсініктің  үлгілері»  деген 

тамаша  кітап  жазды.  Даналықтың  үлгілерін  ұсынған  әлем 

халықтарында  да,  қазақ  халқында  да  ойшылдар  болған.  Тілекең 

осы мәселені оқырман алдында кӛлденең тартты. Бұл кісі жалпы 

философия білімі саласынан мол білімдар  ғалым. Тілекең батыс 

философиясын  терең  меңгерген  адам,  енді  сол  біліммен  ӛзін 

туғызған  халық  дүниетанымын  ғылым  пәніне  айналдырып, 

нақтылы нәтижелерге келген. 

 

Мен  Тілекжан  Хасенұлын  кӛптен  бері  білемін  және 



ұлтымыздың санаулы ойшылдарының бірі деп есептеймін. Бұдан 

бірнеше  жыл  бұрын  жарық  кӛрген  «Даналық  пен  түсініктің 

үлгілері»  деген  монографиялық  еңбегі  философияның  мән-

жайын,  басты-басты  қызметтерін,  мәдениет  аясындағы,  адам 

және  қоғам  ӛміріндегі  орны  мен  рӛлін  тың  жағынан  жете  ашып 

кӛрсеткен  құнды  еңбек  ретінде  оқырмандар  назарына  ілікті, 

студенттердің,  аспиранттардың,  оқытушылардың  іздеп  жүріп 

оқитын  кітабына  айналды.  Бірақ  таралымының  аздығынан  кең 

тарай  алмады.  Тілекеңнің  «Философия  тарихына  шолу»  деген 

жаңа еңбегін аталған кітаптың жалғасы, толықтырылған күйі деп 

қараған  дұрыс.  Мұнда  да  жалпы  философия,  танымал  классик  – 

философтардың  ілімдері,  еңбектері,  дәстүрлі  философиялық 

мәселелер  белгілі  бір  тұрғыдан  –  даналықтың,  даналыққа 

бастайтын,  даналықты  жүзеге  асыратын  түсініктің,  дүние,  адам, 

ӛмір,  рух,  тарих  жӛніндегі  кӛзқарастың,  тәлім-тәрбиенің, 

қисынның,  реттіліктің,  үйлесімділіктің  үлгілері,  алуан  түрлі 

жолдары ретінде – кӛбіне кӛп осы бағытта – қарастырылады. Ал 


23 

 

бұл  –  турасын  айту  керек  –  философиялық  әдебиетте,  атап 



айтқанда, оқулықтарда кездесе бермейтін кӛзқарас. 

 

Кітапта  бастан  аяқ  нысана,  алғышарт  ретінде  алдымызда 



адам,  адамның  дүниеге,  адамдарға,  әр  алуан  жағдайларға 

қатынасы, адам ӛмірі, адам тағдыры тұрады. Философия даналық, 

түсінік  туралы  ілім  болса,  даналық  та  түсінік  те  тек  адамға 

байланысты құбылыстар ретінде суреттеледі. 

 

 Бұл  кітапта  философияның  осы  кезге  дейін  жарық  кӛрген 



әдебиеттерде  тасада  қалып  келе  жатқан  тағы  бір  қыры  кеңірек 

және  тереңірек  ашылады.  Бұл  –  философияның,  соның  ішінде 

қазақ,  орыс  философиясының,  Монтень,  Паскаль,  Кьеркегор, 

Ницше,  Достоевский,  Толстой  ілімдерінің  экзистенциалдық 

сипаты. 

 

Автордың ойлары,  тұжырымдары – тың, кӛңілге қонымды. 



 

Оқулық  оқушы    жастарға  философия  тарихынан  құнды  әрі 

мол  мағлұматтар  береді,  оларды  ойландырады,  кӛзін  ашады, 

ӛздерін  ӛздері  тануға  септігін  тигізеді.  Тілекеңнің  кітабы 

сонымен бірге оқытушылар қауымына да, маман – философтарға 

да пайдалы болары сӛзсіз. Зор ризашылықпен Т. Х. Рысқалиевтің 

«Философия  тарихына  шолу»  деген  кітабын  жариялауға 

ұсынамын. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


24 

 

Мұрат Сәбитұлы – философия ғылымдарының 

 

 

 



 

 

 докторы, профессор, Мемлекеттік  



                                                    сыйлықтың иегері. 

 

     Кеңес кезеңінен кейінгі қазақ философиясында философияны, 



соның ішінде  -  ӛзінен ӛзі  түсінікті  –  қазақ  философиясын ӛзінің 

тӛл  бағыты  -    даналыққа  бұрған,  үш  мыңжылдық  философия 

тарихындағы  даналықтың  үлгілерін  паш  еткен,  90  жылдардың 

басынан  бері  әдебиетімізде  түсінік  мәселесін  қойып,  жан-жақты 

талдап  келе  жатқан,  даналық  пен  түсінік  арқылы  әлем 

философиясынан  қазақ  философиясына  тура  жол  тартқан, 

тұңғыш  рет  қазақ  философиясының  экзистенциалдық  сипатын 

ашып  берген  елімізге  танымал  философ  Тілекжан  Хасенұлы 

болды деп айтуға толық хақымыз бар. 

 

Тілекжан  Хасенұлының  ертеректе  жарық  кӛрген  «Даналық 



пен түсініктің үлгілері» деген мамандар жылы қабылдаған кітабы 

библиографиялық  сиректікке  айналды.  Ал  қазір  алдымызға 

ұсынылған  еңбек  философияға  арналған  ана  тіліміздегі  оқу 

құралдарындағы    олқылықты  толтыратын,  философия  тарихын 

жаңа  қырынан  ашып  кӛрсететін  аса  құнды  еңбек  болғалы  тұр. 

Мұндай  оқулыққа  студент  –  оқушылар  да,  аспиранттар  да, 

оқытушы-ұстаздар да зәру еді. 

 

Бұл  кітапта  философия,  философияның  ӛткен  жолы,  негізгі 



бағыт-бағдарлары, әр кезде, әр жақта атқарып келген қызметтері 

туралы, 


тарихта 

болған 


классик-философтар, 

күрделі 


философиялық  мәселелер  тӛңірегінде  терең  толғаулар  мен 

түсініктер 

кездеседі. 

Гегель 


бір 

кезде 


ӛзінің 

«Рух 


феноменологиясын»  «жаңалықтарға  саяхат»  деп  атап  еді. 

Тілекжанның бұл кітабын ден қойып оқыған адам да  философия, 

философтар,  философияның  ӛзекті  және  мәңгі  мәселелері 

жӛнінде  әдебиетте  бұрын  –  соңды  айтылмаған  соны 

жаңалықтарға  тап  болады.  Киниктердің  ешбір  ережеге,  қалыпқа 

сыймайтын  ӛмір  салты  жӛнінде  ана  тілімізде  бұған  дейін  кім 

жазып  еді?  Паскальді  экзистенциалдық  ойшыл  ретінде  тап 

осылай  кім  кӛз  алдымызға  келтіріп  кӛрді?  Кьеркегор, 

Достоевский,  Кант  жӛнінде  осы  кітаптағыдай  пікірлерді 

басқалардан  біз  әлі  кездестіріп  кӛрген  жоқпыз.  Махамбеттің 

экзистенциалдық  күйзелістері,  толғаныстары  жӛнінде  осы  кезге 


25 

 

дейін  ешкім  жаза  қойған  жоқ.  Мына  бір  ойға  назар  аударсақ 



дейміз:  «Исатай-Махамбет  кӛтерілісінің  жеңіліске  ұшырауы 

заңды,  яғни  оңды  құбылыс  болған.  Соның  салдарынан 

Махамбеттің  мұң  мен  зарға  толы  жырлары  дүниеге  келді. 

Махамбет  феномені  пайда  болды».  Кітаптағы  мұндай 

жаңалықтарға  кӛптеп  мысал  келтіруге  болады.  Бірақ  мұның 

қажеті болмас. 

 

Автор  ӛз  кітабында  философия  тарихын  тұтас  қамтуды 



мақсат  тұтпайды,  оны    бір  адамның  қолынан  келмейтін  іс  деп 

мойындайды. 

 

«Философия  тарихына  шолу»  деген  оқу  құралын  құнды, 



қажет  кітап  деп  бағалап,  оның  тезірек  жарық  кӛргенін  маман-

ғалым ретінде де, ұстаз ретінде де қалайтынымды білдіремін. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



26 

 

Н. Г. Аюпов –философия ғылымдарының 

докторы,  профессор. 

 

             Тілекжан  Хасенұлының  жазу  стиліне  тән  қасиет  -  не 



жӛнінде  жазса  да  мәселені  ашуда  тереңдік  пен  кӛпшілік 

оқырманға 

жетерліктей 

түсініктілікті 

ұштастыра 

біледі. 


Тілекеңнің жаңа жұмысымен таныса отырып, осы жайға тағы да 

куә болып отырмын. 

            Автор  философия  мен  философия  тарихының,  тарихилық 

пен логикалықтың біртұтастығы жӛніндегі принципті бастан аяқ 

тиянақты  түрде  жүзеге  асыра  білген.  Батыс,  Шығыс,  орыс  және 

қазақ  философиясының  кӛрнекті  ӛкілдеріне  автор  тарихи 

тұрғыдан  ғана  емес,  қазіргі  заман  тұрғысынан  адам  баласының 

ұстаздары,  ақылшылары  ретінде  қарайды.  Автор  атап 

кӛрсеткендей, Платонның заттарға, құбылыстарға олардың нақты 

болмыс –бітіміне қарап баға берумен шектелмей, олардың қандай 

болуы  керектігіне  байланысты,  яғни  мәніне,  идеясына,  ұғымына 

қарап  баға  беру  керек  деген  пікірі  бүгін  де  мәнін  жойған  жоқ.  

«Матералистер,-деп  жазады  автор  орта  ғасыр  философиясына 

арналған  тарауда,-  болмыс  ұғымын  дүниеде  бар  кез  келген 

заттарға қолдана береді. Ал олардың атына заты сай ма? Кӛбінің 

болғанынан  болмағаны  жақсы  емес  пе?  Басқаша  айтқанда, 

болмыс ұғымын ӛзіне ӛзі тең болып келетін, ӛзін ӛзі ақтай алатын 

заттарға,  құбылыстарға  қолданған  жӛн  болады».  Кӛптеген 

философия  классиктері  жӛнінде  (Платон,  Августин,  Монтень, 

Данте, Паскаль, Руссо, Кант, Кьеркегор, Ницше т.б.) кітапта соны 

тұжырымдар  жасалып,  әділ  баға  берілген,  ілімдерінің  құнын 

жоймас  ӛміршең  жақтары  атап  кӛрсетілген.  «Бұрынғы  Кеңес 

кеңістігінде  –  деп  жазады  автор,  -  соңғы  кезге  дейін  Кантты 

дұрыс түсініп, орынды бағалау деген болған жоқ ...  Кант біздер 

үшін  Гегельдің  тасасында  қалып  қойды....  Маркстік-лениндік 

философияның  ӛкілдері  Канттың  алдында  үлкен  қарыздар»-  дей 

келіп,  Кант  ілімінің  «рационалдық  жақтарын»  ашып  кӛрсеткен. 

Бұрынғы Кеңестік республикалардағы (Ресейдегі, Қазақстандағы 

т.б.) әдебиетте осы кезде Марксті қалай болса солай сынау орын 

алып  келеді.  Автор  болса,  Маркс  ілімінің  ӛткінші  жақтарымен  

бірге  (пролетриаттың    әлемдік  –тарихи    миссясы,  әлеуметтік 


27 

 

тӛңкеріс , тап күресі, пролетарлық диктатура, халық бұқарасының 



шешуші рӛлі, материализм мен идеализмнің ара қатынасы туралы 

т.т.) ӛміршең тұстарын да жайып салады. 

             Тілекжан  Хасенұлының әңгіме болып отырған  еңбегінде 

философия  тарихы  философия  классиктері  тұтас  қамтылды  деп 

айта  алмаймыз.  Бірақ  автордың  ӛзі  философияның  негізгі 

бағыттары    мен  нысаналары  деп  таныған  (даналыққа,  түсінікке, 

философиялық  кӛзқарасқа  қатысты)  жақтары  жан-жақты 

талданған. 

              Автордың бұл еңбегі де талғампаз оқырмандар кӛңілінен 

шығатынына ешқандай күмән жоқ. Баспаға ұсынамын. 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28 

 

Профессор Т. Х. Рысқалиевтің қазақ философиясы туралы 



ой-толғауы 

 

 

Философия  –  күрделі,  сан  қырлы,  әр  алуан  қызметтер 

атқаратын  ілім,  ғылым,    кӛзқарас.  Барлық  халықтарға,  барлық 

ӛкілдеріне  бірдей  болып  келетін  әмбебап  философия  болмайды. 

Шығыс  философиясының  Батыс    философиясынан  айтарлықтай 

айырмашылығы  бар.  Гегель  және  Маркс  заманында,  кейін  де 

осыны  арқау  етіп,  Батыс  философиясы  Шығыс  философиясына 

немқұрайлы  қарап,  мән  бермей  келді.  Гегельдің  пікірінше, 

Шығыс  философиясы  балаң,  әлі  дамып  жетілмеген,  діннің, 

моральдың және даналықтың қосындысынан тұратын қойыртпақ 

дүние. 

 

Қазір  де  Шығыс  философиясы  ӛзінің  осы  классикалық 



философияға  ұқсамайтындығымен,  адамдардың  ісі  мен  қарым-

қатынасына  айрықша  мән  беретінімен  ойшылдардың  назарын 

ӛзіне  аударуда.  Батыс  философиясы  болса,  кейбір    кӛрнекті 

ӛкілдерінің  пікірінше,  сциентизмге,  рационализмге  салынып, 

ғылым  деңгейін  ұстанып,  күнделікті    тіршілік  түйткілдерінен 

теріс айналып, күрделі дағдарысқа ұшырады. 

 

Ғылым  жолына  түскен  философия  бара-бара  даналықтан, 



түсініктен  алшақтайды.  Сӛйтіп,  ӛзіне  ӛзі  ұқсамай,  софия  – 

даналық  болудан  қалады,  кез  келгеннің  тісі  батпайтын,  элитаға, 

таңдаулыларға 

арналған 

теориялық 

жүйеге 


айналады. 

Дұрысында,  философия  адамдарға  ықпал  етіп,  жақсы  жағына 

ӛзгерте алатындай тартымды және түсінікті болуы керек. 

 

Философияның  қарапайымдылығын,  нақтылығын,  жалпыға 



түсінікті  болғанын  ғылымға  берілгендер  философияның 

тайыздығы, жете дами алмағаны деп түсінеді. Әсте де олай емес. 

Ойдың  түсінікті  болғаны,  қарапайымдылығы,  керісінше,  оның 

тереңдігін, жан-жақты ойластырылғанын білдіреді. Абайдың тілі 

түсінікті,  қарапайым,  ден  қойған  кез  келген  адам  оның 

туындыларын  түсіне  алады.  Осыған  қарап,  Абайды  тайыз  деп 

тануға    бола  ма?  Жоқ.  Абай  –  сұңғыла  терең.  Кӛпшілік  ӛзінің 

тайыздығына байланысты Абайды әлі түсіне алмай келеді. Абай 

кӛрсеткен  жолмен  жүріп  жатқан  жоқ.  Абай  атап  кӛрсеткен 

кеселдер әлі де қазақтың алға басқан қадамын кері кетіруде. 



29 

 

 



Егерде  философияны  тек  қана  ғылым  деп  қарастыратын 

болсақ,  онда  кӛптеген  Батыс  және  Шығыс  философтары  ондай 

философияның  құрамына  кірмей  қалады.  Бұлар:  Конфуций  мен 

Будда, Сократ пен Платон, Августин мен Монтень, Паскаль мен 

Кьеркегор, Достаевский мен Л.Толстой, Абай мен Шәкәрім және 

басқалары. Бұларсыз философияны кӛзге елестету мүмкін бе?! 

 

Осы тұрғыдан бір кезде Плеханов, Бердяев, Розанов,   Ленин 



Л.Н.Толстойды  философиядан  алыстатты.  Кеңес  заманында 

ресми  идеологияның    ықпалымен  Мұхтар  Әуезов  Абай 

туындыларының  философиялық  сипатын  жоққа  шығарды.  Сол 

сияқты  кеңес  заманында  мектебі,  жоғарғы  оқу  орындары 

болмаған кӛшпенді халықтарда теориялық ойлаудың үлгісі болып 

табылатын  философия  болуы  мүмкін  емес  деп,  қазақтарда 

философия  болған  жоқ  деген  түсінік  болды.  «Қазақ 

философиясы» деген ұғым  әдебиетте қолданылмады. 

 

Толстойды,  Абайды  мазалаған  қандай  мәселелер  еді? 



Адамға  қатысты  нәрселер  ғой:  ӛзін  ӛзі  тануы,  басқаларға 

қатынасы,  ойы,  кӛзқарасы,  кӛңіл  күйі,  ынта-жігері  т.т.  Осы 

мәселелерге  кӛңіл  бӛлмейтін  ол  қандай  философия?  Демек,  оны 

қызықтыратыны сыртқы дүние, адамнан тыс дүние. Демек, бұл – 

ғылыми философия. Мұндай философия Толстойда, Абайда жоқ. 

Онда олардың философияға қатысы жоқ деген сӛз. Осындай пікір 

орнықты. 

 

Атақты  француз  ғалымы  Б.Паскаль  ӛмірінің  соңына  таман 



сүйіп  айналысқан  математикасынан  бас  тартып,  дінге  және 

философияға  бұратала  бет  бұрды.    Аз  уақыттың  ішінде  Құдай 

туралы,  адам туралы  қашан да мәнін  жоймайтын терең ойларға 

толы  «Ой  түйіндері»  («Мысли»)  деген  еңбек  жазып  қалдырды. 

Неге  Паскаль  математиканы,  ғылымды  тастап  кетті  екен?  Бұл 

сұраққа ӛзі былай жауап береді: «Мен кӛп уақытымды абстракты 

ғылымдарды зерттеуге арнадым, бірақ соңынан оларға қызығуым 

басылды.  Ӛйткені  олар  берген  білім  мені  қанағаттандырмады. 

Кейін мен адамды зерттей бастағанымда абстракты ғылымдардың 

маған  кӛмектесе  алмайтынына  кӛзім  жетті.  Математикамен 

айналыса  отырып,  мен  ӛзімнің  дүниедегі  орнымды  түсіне 

алмайтын болдым». 

          Ф.  Ницше  24  жасында  ӛзіне  профессураны  алып  берген 

филологияны  тастап,  философияға  ден  қойды.  И.  Кант 



30 

 

творчестволық  ӛмірінің  екінші  кезеңінде  жаратылыстану 



ғылымдарымен  айналысуын  қоя  тұрып,  философияның  басты 

саласы  ретінде  адам  туралы  ілім-антропологияны  құрды  және 

оның  негізгі  мәселелерін  жаңаша  анықтады:  1.  Мен  не  біле 

аламын? 2.Мен не істеуім керек? 3.Мен неге үміт арта аламын? 4. 

Адам деген не? Мұндай сұрақтар ерте ме, кеш пе, қай адамныңда 

алдында  тұрады  және бұл сұрақтарға, Канттың пікірінше, нақты 

ғылымдар  жауап  бере  алмайды.  Тумысында  ӛте  кішіпейіл  адам 

Кант ӛзінің «Антропологиясын» ӛте жоғары бағалайды: «Адамға 

адам  болып  ӛмір  сүруді  үйрететін  ілім  ол  –  мына  менің 

философиям», - деп жариялайды. 

 

«Таза зердеге сын» деген басты шығармасында Кант ғылым 



бетке  ұстайтын  таза  ақылды  сынайды.  Атақты  орыс  философы 

В.Соловьев  дерексіз  бастауларды  теріске  шығарады.  Неліктен? 

Бәрінің  де  жауабы  біреу:  қай  ғылым  да  адам  мәнін  ашып  бере 

алмайды.  Сонда  философия  ғылымдарға  еліктеп,  нағыз  ғылым 

болуға  тырысып,  не  ұтады?  Ол  ӛзін  ӛзі  жоғалтып  алмай  ма? 

Шынында да солай болды. 

 

Философияны  ғылым  жолына  бағыттаған  Аристотель  еді. 



Оның  ісін  Батыста  Фр.Бэкон,  Декарт,  Кант,  Гегель,  Маркс 

ойдағыдай  жалғастырды.  Бұлар  ғылыми  танымның  дамуына  зор 

үлес  қосты.  Бұлардың  қай-қайсысы  да  тек  қана  философ  болып 

қойған  жоқ,  сонымен  бірге  энциклопедиялық  білімі  бар  жан-

жақты  ғалым  болатын.  Бірақ    бұлар  философияны  ӛзінің  тӛл 

ісінен  -  даналықтан  –  алшақтатып,  сыртқы  дүниеге,  объектерге 

бұрып жіберді. 

 

Кант,  жоғарыда  айтқанымыздай,  нағыз  философияға  – 



антропологияға қайтып оралды. 

 

Гегель орасан зор философиялық жүйе құрды. Онда логика, 



гносеология,  онтология,  диалектика,  методология  –  ғылымға 

керек,  ғылымды  құратын  нәрселердің  –  бәрі  бар.  Тек  бір  нәрсе 

жетіспейді:  онда  нақты,  тірі  адам  жоқ.  Абстракты  адам,  жалпы 

адам,  абстракты  ұғымдар  бар.  Гегель  философиясы  танымды, 

ұғымдарды,  идеяны  тамаша  түсіндіреді.  Тек  адамды,  адамды 

қоршаған дүниені түсіндіре алмайды. Түсіндірер еді, бірақ Гегель 

философияны  ғылым  деп  түсініп,  оның  алдына  мұндай  міндетті 

қоймайды. 



31 

 

 



Маркстік  философияда  да  ғылыми  философияға  қажетті 

нәрселердің бәрі бар. Адам туралы, тұлға туралы да сӛз болады. 

Бірақ  онда  адам  тұтастың  жай  бӛлшегі,  мемлекеттің,  таптың, 

ұлттың  ӛкілі  ретінде,  қоғамдық  қатынастардың  жиынтығы 

ретінде қарастырылады. Бұл да керек, бірақ жеткіліксіз. Адамды 

дара  тұлға,  ӛзінде  керек  нәрселердің  бәрі  бар  субъект  ретінде 

қарастыру Марксте кездеспейді. 

 

Ӛздерінің  философиялық  жүйелерімен  Гегель  де,  Маркс  те 



сыртқы  дүниеге,  заттар  дүниесіне  жақын,  бірақ  қарапайым 

адамнан,  сіз  бен  бізден  қашық.  Ӛзімізді  қинайтын  ӛмір  -  ӛлім, 

ізгілік  –  зұлымдық,  сенім  –  күдік,  жақсылық-жамандық,  Құдай, 

дін  туралы  сұрақтарға  біз  Гегель  мен  Маркстен  жауап  ала 

алмаймыз.  Бұл  сұрақтармен  біз  Будда  мен  Конфуцийге,  Диоген 

мен  Сократқа,  Монтень  мен  Паскальға,  Достоевский  мен 

Толстойға, Абай мен Шәкәрімге жүгінуіміз керек. Міне, ғылыми 

философия 

мен 

даналық 


философиясының 

арасындағы 

айырмашылық осыған келіп тіреледі. 

 

Классикалық  философия  дегенде  есімізге  Декарт,  Гегель, 



Маркс  дамытқан  ғылыми  философия  түседі.  Шопенгауэр, 

Къеркегор, Ницше негізін қалаған, кейін Хайдеггер, Сартр, Камю 

және  басқалар  алға  апарған  қазіргі  классикалық  емес 

философияның  ерекшелігі  -  жалпыға  емес,  жекеге,  дараға, 

абстракты адамға емес, ӛзімізге ұқсайтын, ет пен сүйектен, ақыл 

мен  сезімнен  тұратын  тірі,  нақты  адамға  баса  кӛңіл  бӛлетіні. 

Мәдениетті,  ӛнерді,  әдебиетті,  ғылым  мен  техниканы,  заттар 

дүниесі  мен  қоғамдық  қатынастарды  құратын  жалпы  адам  емес, 

белгілі  бір  қоғамда,  белгілі  бір  уақытта  ӛмір  сүретін  нақты 

адамдар.  Нақ  осы    адамдарды,  біздерді  классикалық  философия 

кӛзіне де ілмейді. 

 

Философияның  негізгі  нысанасы,  пайымдарының  негізгі 



предметі -  нақты адам. Ғылым да, идеология да, қоғамдық пікір 

де  адамды  объект,  зат  түрінде,  бірдеңенің  (қоғамның, 

мемлекеттің,  таптың,  партияның)  құралы  немесе  функциясы 

ретінде  қарастырады.  Философия  мұндай  кӛзқарасты  ұстана 

алмайды.  Оның  түсінігінде,  Кант  сӛзімен  айтсақ,  адам  ешкімге 

де, ештеңеге де құрал болмауы керек, бәріне де, ӛзіне де мақсат 

болуы керек. 


32 

 

 



Оқырман  мені  дұрыс  түсінсе  екен:  мен  ғылым  ретіндегі 

философияның  күні  ӛткен,  енді  ол    дамымайды,  сұранысқа  ие 

болмайды  деп  айтудан  аулақпын.  Ғылым  философиясы  қазір 

қарқынды дамып келеді. Менің айтайын дегенім – философияны 

тегістей  ғылымға  апарып  телуге  болмайды,  ғылым  – 

философияның кӛп қырларының бірі ғана. 

 

Қожа  Ахмет Иасауи мен Жүсіп Баласағұннан  бастау алып,  



ақын  –  жыраулар,  би  –  шешендер  тұсында  ӛзіндік  философия 

болып  қалыптасқан  қазақ  философиясын  біз  ғылым  деп  тани 

алмаймыз.  Ол  -  тоқсан  ауыз  сӛздің  тобықтай  түйіні  етіп 

тәмсілдерді, мақал – мәтелдерді, нақыл сӛздерді ӛз бойына жинай 

білген тұнып тұрған даналық. 

 

Қазақ  философиясы  –  даналық  және  бастан-аяқ  даналық 



болып  қалды.  Батыс  философиясы  даналықтан  ауытқыды, 

ғылымға ойысты. 

 

Қазақ философиясындағы, айталық, Абай туындыларындағы 



адам бейнесі жұтаң, жадағай, сыңаржақты емес, қыры-сыры мол, 

бірде кең, бірде тар, бірде биік, бірде аласа,  бірде кӛл, бірде шӛл 

болып келетін жұмбақ құбылыс. Мұны Абай бір сӛзбен «адамның 

кейбір кездері» деп сипаттайды. 

 

Қазақ  философиясы  туралы  сӛз  болғанда  ойымызға  бірден 



би-шешендер,  ақын-жыраулар,  Ыбырай,  Абай  сияқты  сӛз 

зергерлері  түседі.  Қазақ  ойшылдары  адамға  сӛз  арқылы  ықпал 

етті. Солардың арқасында қазақ сӛзді түсінді, сӛзге тоқтады,  «сӛз 

тапқанға қолқа жоқ» деп,  сӛзді бағалады. 

 

«Дау  шешеді  дана  сӛз»  деп  қазақ  талай  дауды  сӛз,  уәж 



арқылы,  қисын  арқылы  шешті.  Классикалық  философияда  ой, 

идея негізінде  ұғымдар, категориялар арқылы жеткізіледі. Қазақ 

философиясында  терең  ой  шешендердің,  билердің,  ақындардың 

киелі сӛздері арқылы мәлім болады. «Жақсы сӛз – жарым ырыс» - 

дейді қазақ. «Сӛз сүйектен ӛтеді, таяқ еттен ӛтеді» деп те айтады. 

«Сӛз  қадірін  кім  білген»  деп  қапаланды  қазақ  ойшылдары.  Бұл 

жӛнінде  Майқы би: 

 

 



 

Естіге айтқан тура сӛз 

 

 

 



Шыңға тікккен  тумен тең. 

 

 



 

Езге айтқан тура  сӛз 

 

 

 



Құмға сіңген сумен тең, - дейді. 

 

 



 

«Қайран тіл, қайран сӛз –  



33 

 

 



 

Наданға  қадірсіз»,  -  деп  Абай  замандастары  үшін 

күйінді. 

 

«Ӛнегелі  ой  қайдан  шығады?»  деген  қиын  да  күрделі 



сұраққа қазақ философиясы былай деп жауап береді: 

 

 



 

Аспанның астынан шығады. 

 

 

 



Жердің үстінен шығады. 

 

 



 

Ӛнерлінің ісінен шығады. 

 

 

 



Ғалымның күшінен шығады. 

 

 



 

Жақсының сӛзінен шығады. 

 

 

 



Тарихтың ізінен шығады. 

 

 



 

Шешеннің тілінен шығады. 

 

 

 



Әншінің үнінен шығады. 

 

 



 

Жаманның кӛрген күнінен шығады. 

 

Бұл  сӛздердің  кӛркемдігін  былай  қойғанда,  тереңдігіне, 



философиялық  мазмұнына  таңданбасқа  болмайды.  Бәрін  талдап, 

таратып жатпай-ақ, тек соңғы жолына назар аударайық. 

 

Шынында да, жаманның кӛрген күнін Құдай басқа бермесін 



дейік.  Қазақта  «жаман»  деп  адамның  мінін,  кемтарлығын 

айтпайды,  сӛзін,  ісін,  түсінігін,  мінез-құлқын  айтады.  Ӛзін  ӛзі 

сыйламайтын  адамды  ешкім  де  сыйламайды.  Философияда 

«қорлық»  деген  ұғым  бар.  Адам  болып  туып,  адам  қатарына 

қосыла алмау – қорлық. Адам болып туып, надан болу – қорлық. 

Абай айтады: «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» - 

деп. Адамның надан болуға хақы жоқ. Қазіргі Құдай беріп тұрған 

заманда  надан  болу  ақылға  сыймайды.  Ӛкінішке  орай,  надандар 

арамызда  толып  жатыр.  «Надандық»  деп  философияда 

сауатсыздықты  айтпайды,  істің  жайын,  құбылыстың  мәнін 

білмеуді,  түсінбеуді  айтады.  Философияда  «қорлық»  деп 

басқаның  зорлығымен  болған  нәрсені  емес,  адамның  ӛзінің 

бейшаралығынан, 

әлсіздігінен, 

қырсыздығынан 

тапқан 


тауқыметін  айтады.  Ар  –  намыстан  жұрдай,  әлсіз,  қорқақ  адам, 

дейді  Гегель,  түбі  басыбайлы  құл  болады.  Ал  намысқой,  ӛжет, 

батыл адам қожайын болады. Абай батырып, қатты айтады: 

                              Еріксіз түскен ылдидан 

                              Еркіңмен шығар ӛр артық. 

                              Қорлықпен ӛткен ӛмірден 

                              Кӛсіліп жатар кӛр артық. 


34 

 

            Басқаларға  әсер  етер,  ой  салар,  есте  қалар  ұлағатты  сӛз 



қайдан  шығады?  деген  сұрақ  қазақ  философиясында  жиі 

кездеседі. Әрине, Батысша айтсақ, оқып білуден, танымнан туады 

дер  едік.  Сонымен  бірге  ойланудан,  толғанудан,  күйзелуден,        

торығудан    пайда  болады.  Философияның  пайда  болуын 

Аристотель  «таңданудан»  деп  түсіндіреді.  Дат  философы 

Къеркегор  болса  «торығудан»  (отчаяние)  дейді.  Бәрі  орынды. 

Әйтеуір,  сӛз  кездейсоқ,  қалай  болса  солай  пайда  болмайды. 

Ондай сӛзде мағына да болмас еді.   Асан Қайғы тауып айтқан: 

                              Таза мінсіз асыл тас 

                              Су түбінде жатады. 

                              Таза мінсіз асыл сӛз 

                              Ой түбінде жатады. 

                              Су түбінде жатқан тас 

                               Жел толқытса шығады. 

                               Ой түбінде жатқан сӛз 

                               Шер толқытса шығады. 

           Осы сӛздердің ӛзі «таза мінсіз, асыл», ӛлмес, ӛшпес сӛздер. 

Қазақ ойлауында зар, шер, қайғы, мұң, ӛкініш, опыну туралы жиі 

сӛз болады. Сондай кезде кӛкірек кӛзі ашылып, небір таңғажайып 

дүниелер  ӛмірге  келеді.  Махамбеттің  ӛлеңдері,  күйлері  сол 

ӛкініштен  туған.  «Зар  заман»  ақындары  Дулат,  Шортанбай, 

Мұрат халықтың басына түскен қияметті, қорлықты, бодандықты 

ашып кӛрсетті. Шортанбай:  

     «Мына заман қай заман? 

                                         Азулыға бар заман, 

                                         Азусызға тар заман 

                                         Тарлығының белгісі. 

                                         Жақсы жаннан түңілген, 

                                         Жаман малға жүгінген,  

                                         Мұның  ӛзі  зар  заман»  -  деп  халықтың 

шерін жырына арқау етті. 

         Қазақ халқында кәсіби, ғылыми философия тек XX ғасырда, 

кеңес  дәуірінде  қалыптасты.  Бұған  дейін  де  ерте  кезден 

қазақтарда  философия  болған.  Бірақ  ол  шешендік  сӛз,  мақал-

мәтел,  ӛнер-әдебиет,  ӛсиет  түрінде  кӛрінетін  синкреттік    ойлау 

ӛнері болатын. Орыс философы М.Бахтиннің бір сӛзі бар: «Нағыз 

философтар, әрине, Германияда. Ресейде тек ойшылдар болған»-


35 

 

деген.  Сол  сияқты  қазақтарда  да  Кант,  Гегель,  Маркс  сияқты 



философтар болған жоқ. Бірақ ойшылдар болды. 

          Ойшылдық  XX  ғасырдағы  ағартушыларды  айтпағанның 

ӛзінде  би-шешендерге  (  Майқы  би,  Аяз  би,  Жиренше,  Тӛле  би, 

Қазыбек  би,  Сырым  т.б)  ақын-жырауларға  (Асан  Қайғы, 

Ақтанберді, Шалкиіз, Бұқар жырау, Махамбет т.б.) тән. 

 

   Әрине,  философия  –  нақты  адамның,  ойшылдың  ӛнері, 



кәсібі. Қазақ философиясында «Мен» бар, субъект бар, авторлық 

ұстаным бар. Біз  ӛнегелі сӛзді «анау айтты», «мынау айтты» деп, 

атын  атап,  түрін  түстеп  жатамыз.  Бұл  да  –  философияның  оңды 

кӛрінісі. 

             Асан Қайғының жоғарыдағы сӛзіне орай айтайын дегенім: 

қазақ  ойшылдарының  сӛздері  астарлы,  бейнелі,  салыстырмалы, 

қайшы  мағыналы  болып  келеді.  Махамбет  дүниені,  адам  ӛмірін 

«ӛте  шыққан  қызыл  гүлге»  теңейді.  Бернияз  ақын  ӛмірді 

«қызғалдаққа»  теңейді,  «қамшының  сабындай  қысқа»,  ӛтеді  де 

кетеді. 


                                      Қызғалдақтай қызық ӛмір, 

                                      Күні келсе, солмай ма? 

                                      Еркін жүрген ерке кӛңіл, 

                                      Қайғы-зарға толмай ма? 

                                      Тасқан қайтып, толған солып, 

                                      Сарғайтпай ма сондайда? 

                                      Алтын жастық жалған болып, 

                                      Аһ ұрар күн болмай ма? 

         Бұл  сӛздерді  ғылыми  тілде  диалектикалық  пайымдау  деп 

атауға  болады.  Классикалық  философияда  том-том  трактаттар 

арқылы  баяндалатын  философиялық  ойды  қазақ  ойшылдары 

бірер  шумақ  ӛлеңге  сиғызып,  бір  ауыз  сӛзбен  білдіре  береді. 

Қазақ ойы қысқа да нұсқа болып келеді. 

          Шәнгерей Бӛкейұлына сӛз берейік: 

                                      Ағаш едің құрма ӛскен, 

                                      Ұршық болдың шуда ӛскен. 

                                       Бір қалыпта тұрмақ жоқ

                                       Шығармалық мұны естен. 

 Мұнда  диалектика  да,  даналық  та,  түсінік  те  бар.  Кӛптеген 

философиялық  ұғымдар  –  болмыс,  жалпы,  ӛзгеріс,  терістеу, 

қарекет – бір шумаққа сыйып кеткен. 


36 

 

              Абайдың  қай  ӛлеңі  де,  қара  сӛздері  де  осындай 



философиялық пайымдаудың үлгісі болып табылады. 

                                       Ӛмір, дүние дегенің 

                                       Ағып жатқан су екен. 

                                       Жақсы-жаман кӛргенің 

                                       Ойлай берсең у екен. 

           Бірден  ойымызға  Фалес,  Гераклит,  Шопенгауэер,  Ницше 

сияқты классиктер түседі. 

            Тағы да Абай: 

                                    Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған ӛлмек, 

 

 



 

 

Тағдыр жоқ ӛткен ӛмір қайта келмек. 



 

 

 



 

Басқан із, кӛрген қызық артта қалмақ, 

 

 

 



 

Бір Құдайдан басқаның бәрі ӛзгермек. 

 

Тұнып  тұрған  диалектика.  Тек  классикалық  философиядан 



айырмашылығы  -  ӛмірден  алынған,  әркімнің  басынан  ӛткен, 

әркімге түсінікті, таңғажайып кӛркем. 

 

Шәкәрім  де  шындықты  кӛркем  философиялық  тілде 



ұршықтай үйіреді: 

 

 



 

Шаранамен туып едің, 

 

 

 



Бӛз оранып ӛтесің. 

 

 



 

Бір сағымды қуып едің, 

 

 

 



Қай уақытта жетесің? 

 

 



 

Қанша дәулет жиып едің, 

 

 

 



Бәрі қалды нетесің. 

 

 



 

Мал үшін жан қиып едің, 

 

 

 



Қайтіп алып кетесің? 

 

Тағы  да  теңеу,  бейнелеу.  Кӛтеріліс  жеңіліп,  Исатай  ағасы 



ӛліп, жалғыздық кешкен кезін Махамбет «мұнар күнге» теңейді. 

Кезіндегі  қиын-қыстау  алмағайып  заманды  Бұқар  жырау  «кӛк 

тұманға» теңейді: 

 

 



 

Ай, заман-ай, заман-ай, 

 

 

 



Түсті мынау тұман-ай

 

 



 

Істің бәрі күмән-ай. 

 

Шәкәрім дүниені, ӛмірді «сағымға» теңейді. 



 

Шал ақында: 

 

 

 



Шешен жігіт дүрмен тең, 

 

 



 

Имансыз кӛңіл кірмен тең. 

 

 

 



Ақылы жоқ надандар 

37 

 

 



 

 

Іс бітірмес жамандар 



 

 

 



Жүз болса да бірмен тең,- 

деген жолдар бар. 

 

Кӛп дейміз, кӛпке ден қоямыз. Бірақ кӛп болса да, жай топ, 



тобыр  болып,  ештеңені  шешпеуі  мүмкін.  37  қара  сӛзінде  Абай: 

«Кӛпте  ақыл  жоқ.  Ебін  тап  та,  жӛнге  сал»,  -  дейді.  Қазақ 

ойшылдары  сӛзін  кӛпке,  жұртқа,  халыққа    арнаса  да,  кӛптің 

жайын  түсінген, дараны, тұлғаны дәріптеген. 

 

«Сәулең болса кеудеңде» деген ӛлеңінде Абай: 



 

 

 



Единица – жақсысы, 

 

 



 

Ерген елі бейне нӛл. 

 

 

 



Единица нӛлсіз-ақ, 

 

 



 

Ӛз басындық болар сол. 

 

 

 



Единица кеткенде, 

 

 



 

Не  болады  ӛңкей  нӛл?  –  дейді  «Единица»  деп 

тұрғаны  сол  дара  тұлға,  ӛзін  танып    білген,  ӛзінің  борышын, 

міндетін,  қоғамдағы  орнын,  рӛлін  түсінген  есті  адам.  Қазіргі 

заман  сондай  тұлғаларға  зәру.  «Ӛңкей  нӛл»  деп  тұрғаны  – 

кӛпшілік топ, «тобыр», «дүрмек». 

 

Қазақ 


философиясында 

философияны 

құрайтын 

нәрселелердің  бәрі  бар:  даналық,  түсінік,  диалектика,  тәлім-

тәрбие,  қисын,  жӛн-жосық,  аксиология.  Қазақ  ойшылдары 

«Ананың  мұраты  не?»  «Мынаның  мұраты  не?»,  «не  қымбат?», 

«не асыл?» деп құндылықтарды тізіп тереді. 

 

Бірақ  бұлардың  бәрі  қазақ  халқының  ӛміріне,  діліне, 



салтына,  жағдайына  сай  басқаша,  қазақ  ойлауына  жарасатын, 

қазақ  ойлауын  кәсіби  философиядан  бӛліп  тұратын  тұрғыда 

бейнеленеді. 

 

Философияда экзистенциалдар, экзистенциялық тақырыптар 



жиі ұшырасады. Батыста «экзистенциализм» деген Къеркегордан, 

Шопенгауэрден,  Ницшеден  бастау  алатын,  ХХ  ғасырда  кең  ӛріс 

алған  бағыт  бар.  Бұл  ағымның  ӛкілдерін  толғандырған  нәрселер 

жеке  адамның  ӛміріне  қатысты:  кӛңіл  күйі,  қуанышы,  реніші, 

күйініші, қайғы-зары, шері, үрейі, жалғыздығы, таңдауы, тәуекелі 

т.т. 


Мұндай 

тақырыптар 

тек 

Батыс 


философиясында, 

экзистенциализмде  орын  алған  деп  ойлау  ағаттық.  Бұл  жӛнінде 

би-шешендер,  жыраулар,  Махамбет,  зар  заман  ақындары,  Абай, 

Шәкәрім, Мағжан жиі-жиі толғанады. 



38 

 

 



Қорқыттың қайда  барса да, кӛрге тап болуы; «Жерұйықты» 

таба  алмай,  халқының  қамын  ойлап  қайғырған  Асан 

Сәбитұлының  Асан  Қайғы  атануы;  Махамбеттің  Жәңгір  ханға, 

Баймағанбет  сұлтанға  ашынып  айтқан  уытты  сӛздері;  Абайдың, 

Шәкәрімнің  трагедиясы  сол  экзистенциалдық,  шекаралық 

жағдайды сипаттайды. 

 

Осыларды  ескеріп,  қазақ  философиясын  экзистенциалдық 



философия деп атауға әбден болады. 

 

Батыстағы  «герменевтика»  деп  аталатын  философиялық 



бағыттың  негізгі  проблемасы  –  түсінік,  басты  мақсаты  -  діни, 

әдеби, философиялық мәтіндерді түсіну және түсіндіру. 

 

Қазақ  философиясында,  би-шешендерде,  жырауларда, 



Ыбырайда, жап-жас Шоқанда,  Абайда дүние, ӛмір, адам, ізгілік-

зұлымдық, шындық-жалған, ар-ұят, махаббат, обал-сауап туралы  

таңғаларлық терең түсінік бар.  

 

Түсінік те - философияның бір қыры, тағы бір анықтамасы. 



Философия біліммен де, таныммен де айналысады. Бірақ бәрінен 

де  гӛрі  түсінікке  айрықша  мән  береді.  Кейбір  нәрселерді  – 

тарихты,  дінді,  әдебиетті,  Құдайды,  адамды  –  танып  білу 

жеткіліксіз,  түсіну  керек.  Қазақтың  «оқу  бар,  оқығанды  кӛңілге 

тоқу бар» дейтіні осы түсінікті меңзеп тұрғаны. 

 

Батыста  түсінікті  таныммен,  ғылыммен  байланыстырады, 



теориялық  пайымдаудың    салдары  деп  есептейді.  Бұл  тұрғыдан 

кӛшпенділерде,  далалықтарда терең түсінік болуы мүмкін емес. 

Жоқ.  Қазақ  даналарында  ӛмірден,  тәжірибеден,  қарым-

қатынастан,  кӛріп  білуден,  оны–мұны  ой  елегінен  ӛткізуден 

туатын  дұрыс  түсінік  бар.  Қазақ  қариялары  бұрында  күн  ӛткен 

сайын қапаланып, әр күнді елеп, шығарып салады екен: «тағы бір 

күн ӛтеді-ау, ажал аяндап жетеді – ау» - деп. Бүгінгі адамдар күн 

ӛткеніне  қуанады,  «тезірек  демалыс  болса  екен,  тезірек  жаз 

шықса  екен»  деп  асығады.  Қайда  асығамыз?  Баратын  жер  біреу 

ғой. 


 

Қазақ мақал-мәтелдеріне, қара ӛлеңдеріне назар аударыңыз: 

даналықтың,  түсініктің  небір  үлгілеріне  тап  боласыз.  «Ер  жігіт 

бір  күнде  бір  кісілік,  бір  күн  -  де  мың  кісілік»  деген  мақал  бар. 

Бұл сӛзде ӛте кең әрі терең мағына жатыр. Адам – жұмбақ, адам – 

шексіз.  Оған  біржақты  анықтама  бере  алмайсың.  «Жаман  адам 

кетсе,  дүние  кеңіп  қалғандай  болады.  Жақсы  адам  кетсе,  дүние 


39 

 

кеміп қалғандай болады». Қандай ауыр сӛз. Бірақ қандай әділ сӛз. 



Осындай  сӛздермен    кемеңгер  халқымыз  жамандықтан  

безіндіріп,  жақсылықты  сезіндіріп  отырған.  Жақсылардың  орны 

ешқашан  да  толмайды.  Сондықтан  олар  әрдайым  есімізде, 

қасымызда  жүреді.  Қазақта  «шын  ӛлік»  деген  сӛз  бар.  Жаман 

адамның  ӛлгені.  «Тірі  ӛлік»  деген  сӛз  бар.  Жақсы  адамның  

ӛлгені. 


 

Қара ӛлеңдерден бәрімізге таныс бір мысал: 

 

 

 



Дүние, қудым сені жалықпай-ақ, 

 

 



 

Судағы ұстатпайсың балықтай-ақ. 

 

 

 



Кӛрсетіп бірде алдыңды, бірде артыңды, 

 

 



 

Қойдың ғой дидарыңды танытпай-ақ. 

 

Бұдан  артық  қандай  философия  болуы  мүмкін?  Нағыз  ӛмір 



философиясын  паш  етіп  тұр.  Айтпақшы,  Батыста  «Ӛмір 

философиясы» деген де бағыт бар. Шопенгауэр, Ницще, Бергсон 

дегендердің  ілімі.  Қазір  де  күшінде.  Қазақ  философиясын  да 

Ғұмар Қараштың сӛзімен ӛмір философиясы деп анықтай аламыз. 

Адам  адам    болғасын  дүниенің,  ӛмірдің    қызығына  тоймайды. 

Бәріне де  қызығады, бәрін де танып білгісі келеді. Бірақ дүние- 

шексіз, ӛмір -  қайшылық. 

 

Сӛйтіп,  қазақ  философиясын  да  түсінік  философиясы  деп 



танып, әйгілі герменевтикаға жақындата аламыз. 

 

Қазіргі  қазақ  философиясы  адамды  түсінікке  баулуға  баса 



кӛңіл бӛлсе екен деген тілек айтамыз. 

 Тағы  не  керек  философияға?  Түсінікпен  байланысты, 

түсінікті аша түсетін философиялық тәсіл – сұхбат, пікір  алмасу, 

айтыс,  диалог.  Диалог  тек  қана  Батыста,  гректерде,  Сократта, 

Платонда  деп  ойлап  қалмаңыз.  Диалогтың,  сұхбаттың  кӛкесі 

қазақтарда,  би-шешендерде,  жырауларда,  Ыбырайда,  Абайда. 

Гректердің  диалогы  алдын-ала  әзірленіп,  ойластырылып 

құрылады.  Қазақ  билерінің,  шешендерінің  сұхбаты  алдын-ала 

әзірленбейді.  Олар  кіммен  кездесетінін,  не  жӛнінде  әңгіме 

болатынын  білмейді.  Сондықтан  олар  ӛз  ойларын    қалыптасқан 

жағдайға  сай  табанда  тауып  айтады,  жауапты  ойдан  шығарады. 

Қазақ  шешендерінің  бір    ерекшелігі  -  суырып  салып  айту 

(импровизация). 

 

Қазақ  философиясының  тағы  бір  қырын  атап,  ӛтпесе 



болмайды, ол – оның тәлімгерлік  қызметі. Даналыққа жүгінетін, 

40 

 

түсінікті  бетке  ұстайтын,  адамға  бағытталған  философия  тәрбие 



мәселесіне  ерекше  кӛңіл  бӛлетіні  хақ.  «Түзетпек  едім  адамды» 

деп  Шәкірім  ғана  емес,  қазақ  даналарының  бәрі  айта  алар  еді 

және  тәрбие  ісімен  бәрі  де  тиянақты  айналысты.  Құдай  беріп 

тұрған,  ғылым,  білім,  мәдениет  жете  дамыған  қазіргі  замандағы 

тәрбие  Асан  Қайғы,  Бұқар  жырау,  Тӛле  би,  Ыбырай,  Абай 

заманындағыдай  пәрменді,  ықпалды  емес.  Сол  кездегі  қазақ 

даналары  есті,  үлгілі,  әдепті,  ұятты  адамдарды  тәрбилей  алды. 

Қазақтардан  қандай  билер,  шешендер,  ақындар,  батырлар, 

кӛсемдер  шықты!  Бір  Шоқанның  ӛзі  неге  тұрады?!  Ол  кезде 

жастар да, үлкендер де құйма құлақ болатын. Айтылған сӛзді  екі 

айтқызбай, қағып алатын, түсінетін, бірінен біріне жеткізетін. 

 

Мәдениеттің де, ӛркениеттің де басты  кӛрінісі таңғажайып 



техника  емес,  тәрбиелі  –  білікті,  алғыр,  іскер,  инабатты  -  адам. 

Станок жасау – оңай, адам жасау, адам тәрбиелеу  - қиын. 

 

Тәрбие  ісі  бүгінде  ақсап  тұр  деуге  болады.  Адамды    адам 



ететін үлгілер, қалыптар, құндылықтар іске қосылмай жатыр. 

 

Қазіргі  қазақ  философиясына    қойылатын  талап  –  тәрбие 



мәселесімен шындап айналысу. Бізге жетіспей жатқаны осы. 

 

Кейбіреулерге қазақ философиясын тым  дәріптеп жіберген 



сияқты  кӛрінермін.  Әлі  де  қазақ  философиясын  мойындамау, 

немқұрайлы    қарау  кездесіп  қалады.  Мұның  бір  себебі  –  қазақ 

философиясына  Батысша,  Гегельше,  классикалық  философия 

тұрғысынан  қарау.  Қазіргі  қазақ  философиясында    бұрын 

болмаған  ғылым  да,  теориялық  таным  да  бар.  Кеңес  дәуірінде 

маркстік  философияға    еліктеп,  бұл  жағына  баса  кӛңіл  бӛлінді. 

Бірақ, бұл жолмен қазақ философиясы ерекшелене алар ма екен, 

байырғы болмысын сақтап қала алар ма екен? Бұған күмәнім бар. 

 

Кеңес  дәуірінде  бізге,  қазақтарға  маркстік  –  лениндік 



философия  сырттан  таңылды.  Бірақ,  ол  біздің      салтымызға,  

дінімізге,  ойлау  ӛнерімізге  сәйкес    келмеді.  Осы  бағытта  дами 

берсек,  біздің    ұтарымыз  шамалы.  Осыған  орай  кӛрнекті  орыс 

ойшылы  И.  В.  Киреевскийдің  сӛзін  келтіру  орынды.  «Бізге 

философия  керек,  -  дейді  ол.  Оны  біз  қайдан  аламыз?  Әрине, 

алдымен біз философиялық ойы жете дамыған елдің тәжірибесіне 

жүгінеміз».  Киреевский  бұл  арада  ӛзі    мектебін  ӛткен 

классикалық  неміс  философиясын  меңзеп  отыр.  «Бірақ,  -  дейді 

Киреевский,  -  неміс  философиясы  бізге  философия  бола 


41 

 

алмайды. 



Біздің 

философиямыз 

ӛз 

ӛмірімізден, 



ӛз 

болмысымыздан  ӛріп,  дамуы  керек».  Ӛте  орынды  айтылған.  Біз 

ӛзіміздің  тӛл  философиямызға  тек  тәуелсіздік  алғасын  оралып 

жатырмыз. Осы бағытта дами беруіміз керек. 

 

Қазақ  философиясын  түсінбеудің,  елемеудің  бір  себебі  – 



онда  қаралатын  мәселелер  тым  жұпыны,  қарапайым,  күнделікті 

тіршілікке қатысты болып кӛрінеді. Белгілі нәрселер тӛңірегінде: 

ӛмір  мен  ӛлім,  жан  мен  тән,  жақсылық  пен  жамандық,  ар-ұят, 

қалай  және  не  үшін  ӛмір  сүру  керек  т.т.  Адамдар  әдетте  бұл 

жайттарды белгілі деп санайды да, түпкі мәніне үңіліп жатпайды. 

Гегель  айтқандай,  қай  сұрақтың  да  түбіне  үңілу  керек.  Қазақта 

сӛз  бар:  «Түйеші  тайы  мен  тайлағын  айтады,  шаштараз  қайшы 

мен    қайрағын  айтады.  Ал  есік  алдында  отырған  қариялар 

қайдағы  мен  жайдағыны  айтады»  -  деген.  Осы  «қайдағы  мен 

жайдағыда»  терең  мән  бар:  ӛмір  туралы,  адам  туралы,  бұрынғы 

мен бүгінгі туралы, жақсы-жаман туралы әңгіме болады. Мұның 

қазақ философиясына тікелей қатысы бар. 

 

Қазақ философиясын мойындамаудың тағы бір себебі – бұл 



философия  шешендік  сӛзде,  мақал-мәтелде,  поэзияда  кӛбірек 

кӛрінеді.  Бұларды  кәсіби  мамандар  кӛркем  туынды  ретінде 

бағалайды,  бірақ  философияға  қатысы  жоқ  деп  есептейді.  Абай 

ақын ғана емес, сонымен бірге – нағыз философ, дана, ойшыл. 

 

Тағы  бір  мәселеге  назар  аудару  керек  болып  тұр.  Басқа 



тілдерде,  тіпті  бізге  жақын  орыс  тілінің  ӛзінде  билер  сӛзі, 

шешендік  сӛздер,  жыраулар  туындылары,  Махамбеттің, 

Абайдың,  Шәкәрімнің  ӛлеңдері  түп  нұсқасындағыдай  кӛркем, 

мәнді, терең болып шықпай жүр. Осы кезге дейін, басқаларды қоя 

тұрғанда, ұлы Абайдың кӛңіл толтырарлық аудармасы жоқ. Орыс  

тіліндегі  Абай  мен    қазақ  тіліндегі  Абай  екі  түрлі.  Махамбет  те 

солай. 

 

Осы    олқылықты  біз  қалай  еткенде  де  толтыруымыз  керек. 



Би-шешендерімізді,  Асан  Қайғы,  Шалкиіз,  Бұқар  жырауды, 

Махамбетті,  Абайды,  басқа  да  кӛрнекті  ақындарымызды  басқа 

тілдерде ӛз тіліміздегідей сӛйлетуіміз керек. 

 

Жуық  арада  бүкіл  әлем  қазақ  философиясына,  қазақ 



ойшылдарына  кӛңіл  бӛліп,  олардың  даналығын,    терең  түсінігін 

лайықты бағалайды деп үміттенеміз. 

 

1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет