«Жазуға үйрету технологиясы»



жүктеу 0.55 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата30.04.2017
өлшемі0.55 Mb.
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі 

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

 

 

Әлеуметтік-педагогикалық факультет 



 

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы  

 

 

 



 

 

 



 

 

«Жазуға үйрету технологиясы» 

пәнінен 

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН 

 

050102 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 



мамандығына арналған 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қарағанды 2011 

 


 

 



 

Құрастырған: 



 

Сарбасова Қарлығаш Амангелдіқызы -  бастауыш оқытудың 

педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының професоры 

 

 

 



 

 

«Жазуға  үйрету  технологиясы»  пәні  болашақ  бастауыш  білім 



берудің  педагогтарына  жазуға  үйрету  технологиясынан  білім, 

білік,  дағдыны  қалыптастыруды  көздейді  және  оқу  жоспарына 

сәйкес 4 курста 7 семестрде таңдау компонентіне кіретін элективті 

курс болып табылады. 

 

 

 



 

 

 «Жазуға үйрету технологиясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен/ 

Құраст. Қ.А.Сарбасова – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011. - 60 б. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



              

 

 



 

 

© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2011



 

 

 

 

 



 

 

 

1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS 

 

1.1 Оқытушы туралы мәліметтер: Қ.А.Сарбасова – педагогика 

ғылымдарының докторы, профессор

 

Байланыс ақпараты және кафедрада болу уақыты:  



сейсенбі– 13-17 сағ. 

жұма – 10-16 сағ.  

Оқу корпусы №10, ауд.217 

 1.2. Пән туралы мәліметтер: 

Атауы: «Жазуға үйрету технологиясы»  

Кредит саны: 2 кредит 

Өткізілу орны: әлеуметтік-педагогикалық факультет 

 

Оқу жоспарының көшірмесі 

 

Оқ

у 



тү

рі

 



Оқ

у 

м



ер

зім


і 

Ку

рс



  

Се

м



ес

тр

 



Кр

еди


т 

 

Дә



рістер

 

С



ем

ин

ар



 

Лаб


ор

ато


рия

лы

қ 



С

ОӨЖ


 

С

ӨЖ



 

Ба

рл



ы

ғы

  



Ба

қы

ла



у 

тү

рі



 

күндізгі 





15 


15 

30 



30 

90 


емтихан

 

сырттай 





20 


10 

30 



30 

90 


емтихан

 

  



1.3. Пререквизиттер:  

Оқу пәнін студенттер сапалы меңгеру үшін:  

Қазақ  тілі,  педагогика,  бастауыш  мектепте  қазақ  тілін  оқыту 

теориясы  және  технологиясы,  ғылыми-педагогикалық  зерттеулер 

әдістемесі,  педагогикалық  технологиялар  саласынан  білімі  болуы 

қажет;. 


өздігінен  білімін  жетілдіру,  ғылыми-педагогикалық  және 

әдістемелік әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеу, конспект, реферат 

жазу,  ғылыми  баяндамалар  мен  хабарламаларды  дайындау, 

мемлекеттік  ресми  және  номативті  құжаттарды  талдау  икемділігі 

болуы керек. 


 

 



 

1.4. Постреквизиттер:  

 «Жазуға үйрету технологиясы» курсын оқып-үйрену барысында 

студенттер мынадай білім, білік, дағды көлемін меңгереді: 

- бастауыш мектепте жазуға үйрету технологиясын; 

 - жазуға үйретуді ұйымдастыру; 

-  бастауыш  мектепте  жазуға  үйрету  технологиясы  бойынша 

маңызды ұғымдарды  игерту. 

1.5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:  

«Жазуға  үйрету  технологиясы»  пәні  болашақ  бастауыш  білім 

берудің  педагогтарына  жазуға  үйрету  технологиясынан  білім, 

білік,  дағдыны  қалыптастыруды  көздейді  және  оқу  жоспарына 

сәйкес 4 курста 7 семестрде таңдау компонентіне кіретін элективті 

курс болып табылады. Пәнді оқып үйренуге 2 кредит бөлінген. 

 «Жазуға  үйрету  технологиясы»  курсы  050102  –  Бастауыш 

оқытудың  педагогикасы  мен  әдістемесі  мамандығы  бакалаврларына 

әдiстемелiк даярлық беруде таңдау компоненті бойынша оқытылатын 

элективті курс болып табылады 



Курстың  мақсаты  –  бастауыш  оқытудың  педагогикасы  мен 

әдістемесі  мамандығы  бакалаврларына  жазуға  үйрету  технологиясы 

бойынша әдістемелік білім беру. 

Курстың міндеттері:  

-

 



жазуға 

үйрету 


технологиясы 

пәніне, 


мақсаты 

мен 


міндеттеріне сипаттама беру; 

-

 



жазудың жалпы тәсілдерін оқушыларға үйрету әдістемесімен 

таныстыру; 

-

 

бастауыш  сынып  оқушыларының  каллигарфиялық  біліктерін 



қалыптастыру технологиясын меңгерту

- көркем жазуға үйрету технологиясын меңгерту. 



Курсты  оқып-үйрену  нәтижесінде  студенттер  меңгеруге 

тиісті білім, білік және дағдылар көлемі: 

-

 



-  жазуға  үйрету  технологиясы  пәні,  мақсаты  мен  міндеттері 

туралы білуі; 

-

 

жазудың  жалпы  тәсілдерін  оқушыларға  үйрету  әдістемесі 



туралы білім; 

-

 



бастауыш  сынып  оқушыларының  каллигарфиялық  біліктерін 

қалыптастыру технологиясын меңгеруі; 

- көркем жазуға үйрету технологиясын меңгеруі. 

 


 

 



 

1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру 

кестесі 

 

 



Ж

ұм

ы



с 

тү

рл



ер

і 

Тап



сы

рм

а 



м

ақ

са



ты 

м

ен м



аз

м

ұны



 

Ұ

сы



ны

ла

тын



 

әде


би

ет

тер



 ті

зім


іне

 

сіл



тем

е 

Ор



ы

нд

ау



 ұ

за

қты



ғы

 

Ба



қы

ла

у 



тү

рі

 



Ба

лл

ы



 

Есе


п  

бе

ру



 т

үрі


 

Тап


сы

ру

 м



ер

зім


і 







Пәннің 



оқу-

әдістемелік 

кешенімен 

жұмыс 


Білімді 

жүйелеу 


Семинар 

тақыры-


бына 

сәйкес 


 

1 апта 


жазбаша  3  конспект 

1-апта 


Пән бойын-

ша библио-

графия лық 

тізім жасау 

Негізгі 


әдебиеттер

дің 


мазмұнына

талдау  


Семинар 

тақыры-


бына 

сәйкес 


 

1 апта 


жазбаша   7   аннотация 

2-апта 


Ғылыми 


хабарлама 

Зерттеу іс-

әрекетін 

қалыптас-

тыру 

Семинар 


тақыры-

бына 


сәйкес 

 

2 апта 



жазбаша  7 

реферат 


3, 10, 

13 


апта 

СӨЖ 



тапсыр-

масын 


орындау 

Талдау 


және 

таным 


қабілетін 

дамыту 


СОӨЖ 

тақыры-


бына 

сәйкес 


СОӨ

Ж 

кестес



іне 

сәйкес 


Ауызша 

жазбаша  

Тапсырмалар 



жинағы 

4, 11, 


14 

апта 


Жазбаша 


түрде 

аралық 


бақылау 

Кәсіби 


білімін 

шыңдау 


1 жұмыс 

-1-4 


тақырып 

2 жұмыс 


- 5-7 

тақырып 


бойын-

ша. 


Се-

минар  


№ 4 

Се-


минар  

№ 7 


 

Ауызша 


жазбаша 

Бақылау 



жұмысы 

1-8  


9-16 

апта 


 

 

 

 



 

1.7. Әдебиеттер тізімі: 

Негізгі әдебиеттер

1.

 



Бастауыш  кластарда  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі.  Редакциясын 

басқарған Ш. Әуелбаев/ - Алматы: Мектеп, 1987. - 206 б. 

2.

 

Жолымбетов  Қ.    Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі.  –  Алматы:  Қазақ 



университеті,1991. - 20 б. 

3.

 



Кенжебекова  Н.  Оқушылардың  көркем  жазу  дағдыларын 

қалыптастыру // Бастауыш мектеп. - №8 – 2005. –Б.15-16. 

4.

 

Қазыбаев С. Қазақ тілі әдістемесі. – Алматы: Рауан, 1990. - 112 б. 



5.

 

Львов М.Р. Основы обучения  правописанию  в  начальной  шко-



ле.  Учебное    пособие для слушателей  ФПК  и  студентов  началь-

ных  классов/Под  ред. Журжиной М.В. – М.: Просвещение, 1988. – 

229 с. 

6.

 



Меудис  В.Я.,  Негурэ  И.П.  Психологические  основы  формирова-

ния письменной речи у младших школьников. – М.: Международная 

пед. академия,  1994.  – 150 с. 

7.

 



Матюгин  И.Ю.  Тактильная  память.  –  М.:  НВК-центр.  Эйдос, 

1991. – 61 с. 

8.

 

Рахметова С. Қазақ тілі әдістемесі. – Алматы: Ана тілі,1992. 



9.

 

Садовникова  И.Н.  Нарушение  письменной  речи  у  младших 



школьников. –  М.:    Просвещение, 1983. – с.7-8. 

10.


 

Сальникова  Т.П.  Методика  обучения  грамоте.  –  М.,  Воронеж, 

1996. 

11.


 

Тұрдалиева  К.Ж.  Бастауыш  сыныптарда  қазақ  тілін  оқыту 

әдістемесі. – Алматы: Алматы кітап, 2005. 

12.


 

Шаншарова  С.  Сауатты  жазуға  төселдіру//  Бастауыш  мектеп.  - 

№4 – 2005. – Б.22-23.       

Қосымша әдебиет: 

1. Агаркова  Н.Г.  Основы  формирования  графического  навыка  у  

младших     школьников//Начальная школа. – 1999. - №4. 

 2. Агаркова Н.Г. Графический навык. Каллиграфический навык. 

(Программа для     начальной школы)//Начальная школа. – 1994. - 

№7. 


 3. Агаркова Н.Г. Графический навык.  Графический  почерк.  (Про-

грамма  для начальной школы)//Начальная школа. – 1995. - №12. 

4. Безруких М.М., Хохлова Т.Е. Как писать буквы. – М., 1993. – 48 с. 

5. Гурьянов Е.В. Психология обучения письму. – М.: Просвещение, 

1959. 


 

 



 

6. Желтовская Л.Я., Соколова Е.Н. Формирование каллиграфических 

навыков у младших школьников. – М.: Просвещение, 1987. – 124 с. 

 

1.8. Рейтинг-шкала 

 

Бақылау түрі 

Балдары 

күндізгі 

сырттай 

Ағымдық 


30 

30 


Аралық 

30 


30 

Қорытынды 

40 

40 


Барлығы: 

100 


100 

 

1.9. Курстың саясаты мен процедурасы  

- дәріс және семинар сабақтарына қатысу (20 балл); 

-  СОӨЖ  және  СӨЖ  тапсырмаларын  уақытында  орындап, 

тапсыру кестесіне сай өткізу (8 балл); 

-  дәріс  конспектілерінің,  семинар  сабақтарының  орындау 

дәптерлерінің болуы (2 балл). 

Курсты  оқып-үйрену  барысында  студенттерге  қойылатын 

әкімшілік талаптар:  

 

Рефераттың мерзімінде орындалмауы 



 

-5 балл 


Баяндаманың мерзімінде орындалмауы 

 

-2 балл 



СОӨЖ  және СӨЖ тапсырмаларының 

орындалмауы 

 

Тақырып бойынша  минус  балл 



Аралық тапсырмаға қатыспауы 

 

-8 балл 



Сабаққа кешігіп келуі және қатыспауы 

Аралық бақылау бойынша минус 5 

балл 

 

 

 

 

 

 

 


 

 



 

2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

 

2.1 Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары 

Барлығы 2 кредит 

Тақырыптар атауы 

Дәріс 


Сем 

Лаб 


СОӨЖ 

СӨЖ 


1. Жазуға үйрету технологиясының 

пәні, мақсаты мен міндеттері 



    - 



2. Жазуға үйретудің тарихы 



    - 



3. Жазуға үйретудің әдістері 



    - 



4.  Жазу сауаттылығы және калли-



графиясы 





5. Жазуға үйретудің дәстүрлі және 

қазіргі технологиясы 





6. Жазудың түрлері 



    - 

    - 


    - 

    - 



7.  

Қазақ алфавитіндегі әріп 

кескіні мен реті.

 

    - 



    - 

    - 


    - 


8. 

Жазбаша сөйлеу-сөйлеудің ере-

кше түрі

 

    - 



    - 

    - 


    - 


9. Жазуға үйретуде көрнекі 

құралдарды пайдалану 





10. Жазуға үйретуде ақпараттық 



құралдарды пайдалану 





Барлығы (сағат) 

15 


15 

30 



30 

 

2.2 Дәріс сабақтарының тезистері 

№1  дәрістің  тақырыбы:  Жазуға  үйрету  технологиясының 

пәні, мақсаты мен міндеттері  

Жоспар: 

1.Жазуға үйрету технологиясының сипаттамасы 

2. Жазуға үйрету технологиясын оқыту міндеттері 

 

1.  Тіл  өзінің  қатынас  құралы  болу  қызметін  ауызша  түрде  де, 

жазбаша  түрде  де  атқара  алады.  Дыбыстық  тіл  жазу  арқылы 

таңбаланады.  Соның  нәтижесінде  оның  қатынас  құралы  ретінде 

қолдану  шеңбері  кеңейеді.  Жазу  (жазба  тіл)  —  адамдардың  кеңістік 

пен  уақытқа  тәуелді  болмай,  өмірдің  барлық  саласында  кең  түрде 

қарым-қатынас  жасауына  мүмкіндік  беретін  құрал.  Ал  ауызекі  тіл 

жайында  мұны  айта  алмаймыз.  Ауызекі  тілмен  сөйлесіп,  қарым-

қатынас  жасаудың  мүмкіндігі  (телефонды  есептемегенде)  сөйлеуші 

мен  тыңдаушының  арасындағы  кеңістікке  байланысты  болады  да, 



 

 



 

оның  шеңберінен  шығып  кете  алмайды.  Ол  кеңістіктің  шеңбері 

құлаққа  естілудің  мүмкіндігімен  ғана  өлшенеді  де,  адамдар  ауызекі 

тіл  арқылы  жүзбе-жүз  кездескен-де  ғана,  бір-бірімен  сөйлесіп  пікір 

алыса  алады.  Алайда  мұндай  салыстыру  ауызекі  тілдің  қызметі  мен 

құндылығын  ешбір  төмендете  алмаса  керек.  Ауызша  тіл  күнделікті 

өмірде ауызба-ауыз сөйлесіп, қарым-қатынас жасауда, тікелей өз ара 

пікір алысуда айрықша   қызмет  атқарады. 

Жазба тілдің ауызекі тілден (устная речь) кейін пайда болатаны, 

оның  (жазба  тілдің)  жазудың  шығып  жасалуымен  байланысты 

екендігі белгілі. Жазудың шығып жасалуының, соған сай жазба тілдің 

жасалуының  күллі  мәдениет  атаулының  тарихында  орасан  зор 

маңызы  болды  және  болып  та  отыр.  Жазусыз  мәдениет  атаулыны, 

цивилизация  атаулыны  көзге  елестетудің  өзі  мүмкін  емес.  Көрнекті 

жазушы  Леонид  Леонов  жазудың  маңызы  туралы  былай  дейді: 

«Адамдардың  тегін  қорлық  жағдайдан  бөліп  алып  шыққан,  өткен 

замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың ішінде жазу өте-мөте үлкен 

роль  атқарды.  Алфавиттің  туған  күнін  адамның  өзін-өзі  біліп 

ұғынуындағы  дәуір  деп  есептеуге  болады,  осыдан  кітап  басу 

станогының  пайда  болуына  тура  жол  ашылды.  Адам  өзінің  қазіргі 

өміріне нақ кітап арқылы баспалдақпен көтерілгендей көтерілді». 

2.Адам  білімді,  негізінен,  жазба  тіл  арқылы,  жазылғанды  оқу 

арқылы  алады.  Адамзаттың  сонау  көне  дәуірінен  бастап,  біздің 

заманымызға  дейінгі  талай  ғасырлар  бойына  ғылым  мен  техника, 

әдебиет  пен  өнер  саласында  жасаған  күллі  мәдени  байлығын 

ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген де – жазба тіл. Көптеген заман бойында 

жасалған  және  біздің  заманымызда  жасалып  отырған  мол  рухани 

мәдениетті бізден кейінгі ұрпақтарға, дәуірден-дәуірге жеткізетін  де 

— осы  жазба  тіл. 

Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Кене жазуды 

да, қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық  

үлкен   мәні   бар. 

Көне жазу нұсқаларын талдап оқи білу ерте заманда өмір сүріп, 

қазірде  өлі  тілдерге  айналған  тілдермен  танысуға  немесе  қазіргі 

тілдердің  ертедегі  қалпымен  танысуға  және  оны  білуге  мүмкіндік 

береді.  Мұның  тіл  тарихын  зерттеуде  орасан  зор  маңызы  бар. 

Жазудың  тарихын  зерттеп  білу  тіл  білімі  үшін  ғана  емес,  сонымен 

бірге  тарих  ғылымы  үшін  де,  археология  мен  этнография    үшін    де  

айрықша   маңызды. 


 

10 


 

 

Халықтардың  қазіргі  жазуларын  олардың  дыбыстық  тіліне 



қарым-қатынас  жағынан  қарастырып  зерттей  білу  сол  тілдің 

жазуларының ғылыми тұрғыдан дәлелді ережелерін жасау үшін өте-

мөте  қажет. 

 

Негізгі әдебиеттер: 1, 2,3, 4, 7, 8,12 

Қосымша әдебиеттер: 1,2,6 

 

№2 дәрістің тақырыбы: Жазуға үйретудің тарихы  

Жоспар 

1.Жазудың пайда болуының тарихи алғышарттары мен кезеңдері 

2. Жазудың түрлері 

 

1.  Қазірде  біз  жазба  тілді  ауызша  тілдегі  сөздердің  жазбаша 



түрде  әріптердің  тіркесімен  белгіленуі  деп  түсінеміз.  Бірақ 

алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен 

таңбалаудың  кейінірек  пайда  болғанын  көреміз.  Жазу  өте  ерте 

заманда  жасалып,  мыңдаған  жылдар  бойы  өзгеріп,  дамып  келді. 

Жазудың  мыңдаған  жыл  бойына  дамып  жетілуімен  бірге,  оның  

принциптері  де  өзгеріп  отырды. 

Жазудың  жүйесі  таңбалардың  жиынтығынан  құралады.  Ол 

таңбалар  бүтіндей  сөзді,  не  буынды,  немесе  дыбысты  белгілейді. 

Әрбір жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы 

болады. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке 

сөзді,  не  буынды,  не  дыбысты  белгілеуіне  қарай,  жазу  мынадай 

түрлерге  бөлініп  қарастырылады:  1)  пиктографиялық  жазу,  2) 

идеографиялық  жазу,  3)  буын  жазуы  (слоговое  письмо),  4)  әріптік 

немесе  дыбыстық  жазу.  Енді  осылардың  әр-қайсысына    арнайы 

тоқталайық. 

2.  Пиктографиялық    жазу.  Бұл  -  жазудың  ең  алғашқы  түрі. 

Пиктографиялық  жазу  —суретке  негізделген  жазу.  Сондықтан  оны 

кейде  сурет  жазуы  (рисуночное  письмо)  деп  те  атайды. 

Пиктографиялық жазудың таңбалары (суреттері) пиктограммалар деп 

аталады.  Пиктографиялық  жазудың  ескерткіштері  әр  түрлі 

суреттердің  жиынтығынан  құралған.  Әрбір  сурет  (пиктограмма) 

өздігінен  бүтіндей  хабарды  (сообщение)  білдіре  алады.  Ол  хабар 

графикалық  жағынан  жеке  сөздерге  бөлшектенбейді.  Осыған  орай 

пиктограмма  тілдік  формаларды  емес,  оның  мазмұнын  бейнелейді. 



 

11 


 

 

Осылай  болғандықтан  пиктограммалардың  мағынасын  әр  түрлі 



тілдерде  сөйлейтін  адамдар  түсіне  алатын  болған.  Пиктографиялық 

жазуға  таңба  ретінде  адамның,  қайықтың,  малдың,  тоғайдың  т.  б. 

суреттері  қолданылған.  Адамдар  басқа  біреулерге  нені  хабарлап 

білдіргісі  келсе,  соның  суретін  салған.  Мысалы,  «мен  аң  аулауға 

кеттім»  дегенді  білдіру  үшін  адамның  суретіне  қатарластырылып 

тоғайдың және аңның суреті салынған. 

Алғашында  өнер  (искусство)  мен  жазу  бір-бірінен  ажырамай, 

синкретикалық  қалыпта  болды.  Суретті-синкретикалық  жазу  шығу 

тегі жағынан ең алғашқы көне өнерге, сурет өнеріне барып тіреледі. 

Пиктографиялық  жазудың  тұңғыш  рет  шыққан  мерзімі  ең  алғашқы 

сурет  өнерінде  әр  түрлі  суреттерді  бейнелеу  қызметінен  бірдеме 

жайында  хабарлау  қызметіне  ауысу  кезінен  басталады.  Демек 

пиктографиялық  жазу  ең  алғашқы  суретті  жазудың  таңбалары  — 

пиктограммаларға  айналу  кезінен  басталады.  Мұның  өзі  өте  көне 

дәуірге  барып  тіреледі.  Зерттеушілер  суретті-синкретикалық 

(пиктографиялық) жазу ең алғаш рет неолит дәуірінде  пайда  болды  

деп  есептейді. 

Пиктографиялық  жазуды  аң  аулайтын  және  балық  аулайтын 

халықтар  жиі  қолданатын  болған.  Пиктографиялық  жазу  басқа 

тілдерге қарағанда полисинкретикалық тілдерге бір табан жанасымды 

болды.  Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  пиктограммалар  бүтіндей 

хабарды  білдіретін,  бөлшектеп  ажырата  беруге  келе  бермейтін 

күрделі таңбалар болған. Пиктограммалардың синкретикалық мұндай 

сипаты  полисинкретикалық  тілдерге  үйлесімдірек  болғандықтан, 

пиктографиялық 

жазуды 


басқалармен 

салыстырғанда, 

полисинкретикалық  тілдерде  сөйлейтін  халықтар  (ацтектер, 

америкалық  индеецтер,  мысалы,  прокездер,  Қиыр  Солтүстіктің 

көптеген халықтары және т. б.) кең түрде қолданатын болған. Алайда 

бұған 


қарап, 

тілдердің 

полисинкретикалық 

құрылысы 

пиктографиялық  жазуды  тудыруға  себепші  болды  деп  санауға 

болмайды.  Пиктографиялық  жазу  басқа  типті  тілдерде  сөйлейтін 

халықтарда 

да 


болған. 

Бұл 


жерде 

әңгіме 


тілдердің 

полисинкретикалық  құрылысы  осы  тілдерде  сөйлейтін  халықтарда 

пиктографиялық  жазудың  дамуына  мүмкіндік  берген  жағдайлардың 

бірі екендігі жайында болып отыр. 

Пиктографиялық  жазу  өте      жабайы  жазу  болды,    оның  кең 

мазмұнды ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады. 



 

12 


 

 

Пиктографиялық  жазудың  тәсілін  қазірде  де  кездестіруге 



болады.  Мысалы,  көшеде  жүрудің  тәртібін  аңғартатын  әр  түрлі 

белгілердің,  магазиндер  мен  шеберханалардың  жарнамасындағы  бас 

киімнің, аяқ киімнің түрлерінің суреттері, сағаттың, примустың, және 

т. б. суреттерінің пиктографиялық сипаты бар. 

2.Идеографиялық немесе логографиялық жазу. Пиктографиялық 

жазудың  біртіндеп  даму  барысында  идеографиялық  жазу  пайда 

болды.  Идеографиялық  жазудың  таңбалары  идеограммалар  деп 

аталады.  Пиктографиядан  идеографияға  көшу  өте  баяу  болды  және 

пиктограммалардан  пайда  болған  идеограммалардың  алғашында 

пәлендей айырмашылығы да болмады. Идеографиялық жазудың даму 

барысында  идеограммалар  пиктограммалардан  біртіндеп  алшақтап, 

ақырында  олар  (идеограммалар)  белгіленетін  заттың  сыртқы 

формасына  дәлме-дәл  негізделуден  қалып,  шартты  таңбалар  ретінде 

қолданыла  бастаған.  Идеографияның  пиктографиядан  eң  басты 

айырмашылығы 

таңбалардың 

формасында 

емес, 


олардың 

мағынасында.  Идеографиялық  таңба  (идеограмма)  не  жеке  сөзді 

немесе  оның  атауыш  бөлшегін  (мысалы,  қытай  тілінде  бір  буынды 

сөздерден құралған күрделі түбір морфемаларды немесе жапон және 

корей  тілдеріндегі  грамматикалық  жақтан  өзгеретін  сөздердің 

негіздерін) белгілейді. 

Идеографиялық  жазудың,  үлгілерін  өте  ертедегі  қытай  жазуы 

мен  шумер  жазуынан  (древнейшее  шумерское  письмо)  көруге 

болады.  Қытай  жазуының  идеографиялық  жүйесі  осыдан  төрт  мың 

жыл  бұрын  жасалған  болатын.  Қытайдың  жазу  жүйесі  әрбір 

таңбаның  дыбыстық  тілдегі  белгілі  бір  сөзге  сәйкес  келіп,  соған 

телінуіне негізделген. Қытай жазуындағы таңбалар біртіндеп өзгеріп, 

жетіліп, белгілейтін заттар мен құбылыстардың шартты таңбаларына 

айналған. 

Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлар тәрізді; 

олар  сөздің  дыбысталуын  емес,  мағынасын  білдіреді.  Сондықтан 

қытай тілінде омонимдер әр түрлі иероглифтермен белгіленеді, бірақ 

олардың  дыбысталуы  мен  морфологиялық  құрылысы  біркелкі 

болады.  Жазудың  идеографиялық  принципін  қазіргі  тілдердегі 

сандардың  таңбаларынан  да  көруге  болады.  Мысалы,  «5»  деген 

цифрды  алайық.  Бұл  цифрдың  сандық  мағынасын  орыс  та, қазақ  та, 

неміс  те,  ағылшын  да,  басқалар  да  түрліше  емес,  бірдей  ұғынады. 



 

13 


 

 

Бірақ бұл цифрдың атының дыбысталуы әр тілде әр түрлі: орысша — 



пять, қазақша — бес, ағылшынша — five. 

Цифр белгілі бір ұғымды санның таңбасы ретінде көрсе бірақ ол 

таңбаның  цифр  атының  дыбысталуына  (дыбыстық  жағына)  ешбір 

қатысы  болмайды.  Осы  ерекшелік  —  идеограммалар  мен 

идеографиялық  жазуға  да  тән  нәрсе.  Идеограммаларды  цифрлар 

тәрізді таңбалар деп түсіну керек. 

Қазіргі  кездегі  идеограммалар  (математикалық,  химиялық, 

астрономиялық және т. б. ғылыми-техникалық таңбалар) жеке сөзбен 

немесе  сөз  тіркестерімен  айтылатын  ғылыми  терминдерді  білдіреді. 

Мысалы:  О—«кислород»,  V—  «түбір»,  (+)—«Атом  ядросы»,  һ—

«Планк  тұрақтысы».  Ғылым  саласында  жаңадан  пайда  болған  ұғым, 

ең  алдымен,  сөз  тіркесімен  айтылады  да,  осыдан  кейін  барып  ол 

арнаулы таңбамен (белгі)    белгіленеді. 

Пиктографиялық  жазуға  қарағанда,  идеографиялық  жазудағы 

идеограммалар  өзінің  мағыналары  арқылы  тілді  дәлірек  бейнелейді. 

Идеографиялық  жазу  сөйлеудің  мазмұнын  білдірумен  бірге,  оның 

белшектері — сөздерді, сөздердің синтаксистік орын тәртібін, кейбір 

жағдайда сөйлеудің фонетикалық жағынан да ажыратып бере алады. 

Лингвистикалық  әдебиеттерде  пиктографияны  синкретикалық 

жазу  немесе  суретті-синкретикалық  жазу  (картинно-синкретическое 

письмо)  деп,  ал  идеографияны  логографиялық  жазу,  осыған  орай 

идеограмманы логограмма деп атаудың қажеттілігі айтылып жүр. 

Логограммаларды  сөздерді  белгілейтін  таңбалар  ретінде  екі 

түрге  бөліп  қарауға  болады.  Логограммалардың  кейбіреулері 

(мысалы,  қытайдың  идеографиялық  иероглифтері)  сөздердің 

мағынасымен  тікелей  байланысты  болса,  қайсыбіреулері  (мысалы, 

қытайдың  фонетикалық  иероглифтері)  сөздердің  фонетикалық 

жағымен  тікелей  байланысты  болады.  Бұл  логограммалардың  бір-

бірінен  айырмашылығы  мынадан  ашық  айқын  көрінеді:  бұлардың 

біріншілері бірнеше синонимдерді белгілеу үшін қолданылса, екінші 

түрі  бірнеше  омонимдерді  белгілеу  үшін  қолданыла  береді. 

Логографиялық  жазу  бойынша  сөздерді  дәлме-дәл  белгілеу  үшін 

логограммалардың бұл екі түрі бір-бірімен тіркесіп қолданылады. 

Жазу  және  оның  мәселелері  жайындағы  әдебиеттерде 

логограммалардың  бұл  екі  түріне  қатысты  түрліше  терминдер 

қолданылып  жүр.  Мысалы,  логограммалардың  бірінші  түрі  (сөздің 

мағынасымен тікелей байланысты түрі) «идеограммалар» (сөздің тар 


 

14 


 

 

мағынасында), 



«идеографиялық 

иероглифтер», 

«мағына 

айқындауыштар»  («смысловые  определители»),  «детерминативтер» 

делініп,  ал  екінші  түрі  (сөздің  фонетикалық  жағымен  тікелей 

байланысты  түрі)  «фонограммалар»,  «фонетикалық  иероглифтер» 

делініп  әр  түрлі  терминдермен  аталып  жүр.  Логограммаларға 

қатысты  терминологияны  бір  ізге  түсірген,  әрине  қолайлы  болған 

болар еді. В. А. Истрин идеограмма деген терминді логограмма деген 

терминмен 

ауыстырғанда, 

логограммалардың 

бірінші 

түрін 


идеографиялық  логограммалар  деп  атау  дұрыс  дейді.  Бұған  қоса  ол 

идеографиялық  логограмма  және  фонетикалық  логогрмамма  деген 

терминдермен  бірге,  мағына  айқындауыш  (детерминатив)  деген 

терминді  де  сақтаудың  керектігін  айтады.  Бұл  термин  тар 

мағынасында,  яғни  логограммалар  сөздердің  дербес  таңбалары 

қызметінде емес, омонимдес келетін фонетикалық логограммалардың 

мағыналарын 

айқындап 

ажырату 

қызметінде 

жұмсалғанда 

қолданылады.  Мысалы,  қытай  тілінде  gan  деген  фонетикалық 

логограмма, мағына айқындаушысы болмағанда, өздігінен жеке-дара 

күйінде  «төбе,  төбешік»  дегенді  білдіреді.  Бұл  фонетикалық 

логограмма  (gan)  «металл»  деген  мағынадағы  айқындаушы  сөзбен 

тіркесіп  айтылғанда,  «болат»  дегенді,  «пышақ»  деген  мағынадағы 

айқындаушы сөзбен тіркескенде, «қатты» (твердый) дегенді білдіреді 

де,  «жіп»  деген  айқындаушы  сөзбен  тіркескенде,  «аудың  (тордың) 

негізі»  дегенді  білдіреді.  Қытай  тіліндегі  та  деген  фонетикалық 

логограмма  да  осы  тәрізді.  Бұл  логограмма  өздігінен  «ат»  дегенді 

білдірсе,  «әйел»  деген  мағынадағы  айқындаушымен  тіркескенде, 

«ана,  шеше»  дегенді,  «екі  ауыз»  деген  мағынадағы  айқындаушымен 

тіркескенде,  «ұрысу»  дегенді  білдіреді.  Сонымен,  идеографиялық 

логограммалар  мағына  айқындаушыларға  (детерминативтерге) 

ауысқанда,  толық  мағынасындағы  логограммалар  болудан  қалып, 

фонетикалық  логограммалардың  мағыналарын  айқындап  дәлдей 

түсетін идеографиялық көмекші таңбаларға айналады. 

Логографиялық  жазудың  жетіле  түскен  түрі  —  морфема-

логографиялық  жазу.  Бұл  жазудың  таңбалары  (белгілері)  бүтіндей 

сөзді  емес,  күрделі  сөздің  құрамына  енетін  жеке  морфемаларды 

белгілейді.  Осыған  орай  морфемаларды  белгілейтін  таңбалар 

морфемограммалар  деп  аталады.  Қазіргі  қытай  иероглификасы 

морфема-логографиялық  жазу  болып  саналады.  Қазіргі  қытай 

тіліндегі  көп  буынды  сөздердің  көпшілігі  алғашқы  бір  буынды 



 

15 


 

 

сөздердің бірігуінен жасалған. Ондай бір буынды сөздер көп буынды 



сөздердің  түбір  морфемаларына  айналып  кеткен.  Осыған  орай 

алғашында бір буынды сөздерді белгілеген иероглифтер кейіннен көп 

буынды  сөздердің  құрамына  енген  түбір  морфемаларды  белгілейтін 

болды. 


Қазіргі  ғылыми  таңбаларды  (научные  знаки)  логографияның 

айрықша  бір  түрі  ретінде  қарауға  болады.  Бұл  таңбалар  әдеттегі 

сөздерді  емес,  терминдерді  белгілейді,  солардың  «орынбасарлары» 

ретінде  қолданылады. Терминдер  сөздердің айрықша бip түрі болып 

саналатыны сияқты, ғылыми таңбалар да логограммалардың бір түрі 

болып  саналады.  Мұндай  ғылыми  таңбаларды  В.  А.  Истрин 

терминограммалар деп атайды. 

Жазу және оның тарихы туралы еңбектерде гетерограмма

 

немесе 


жалған  идеограмма  (псевдоидеограмма)  деген  термин  де  кездеседі. 

Алғашында  бір  тілдегі  белгілі  бір  сөзді  белгілеу  үшін  қолданылып, 

кейіннен сол сөзге мағынасы жағынан сәйкес келетін басқа бір тілдегі 

сөзді  белгілей  бастаған  логографиялық  таңба  немесе  буын 

таңбаларының комплексі (сондай-ақ дыбыс таңбаларының комплексі) 

гетерограммалар  деп  аталады.  Гетерограммалар  алғашында  өзінің 

жазуы  мен  жазба  әдеби  тілі  болмаған,  оларды  басқа  елдерден 

(халықтардан)  қабылдаған,  ақырында  ол  жазуды  өздерінің  тілі  үшін 

қолданған  халықтарда  пайда  болды.  Мысалы,  қытай  жазуын 

қабылдап,  оны  өз  тіліне  сәйкестендіріп  алған  жапондықтар  қытай 

тілінде  «адам»  дегенді  білдіретін  иероглифті  қытайша  (жэнь)  емес, 

жапонша  (хито)  оқитын  болған.  Сондай-ақ  ежелгі  фарсылар  арамей 

жазуын  қабылдап,  «патша»  дегенді  арамейше  жазғанмен  (т-1-к) 

фарысша оқитын болған (sah). Арамейше «патша» дегенді білдіретін 

дыбыстық  комплекстің  (т-1-к)  фарысша  sah  түрінде  оқылуы  бұл 

дыбыстық  комплекстің  (m-1-к),  фарсы  тілінде  идеографиялық 

логограмма  тәрізді  қызмет  атқаратындығын  көрсетеді.  Бұл 

құбылыстың 

гетерограмма 

немесе 


жалған 

идеограмма 

(псевдоидеограмма)  деп аталуы  да  осыдан.  Гетерограммалар  әсіресе 

хетт сына жазуында, фарсы-арамей жазуында және жапон жазуында 

жиі қолданылатын болған. 

Логографиялық жазу пиктографиялық жазудың даму барысында 

пайда  болды  дедік.  Пиктографиялық  жазуда  бүтіндей  бір  хабарды 

білдіретін  сурет-бейнелер  логографиялық  жазуға  біртіндеп  көшу 



 

16 


 

 

барысында  іштей  бөлшектеніп,  бейнелеуші  ол  бөлшектер  жеке 



сөздерді белгілей бастайды да, осыдан логограммалар пайда болады. 

Логографиялық  жазу  қоғам  дамуының  қай  дәуірінде  пайда 

болды? 

Зерттеушілер логографиялық жазудың пайда болуын құл иелену 



құрылысының  пайда  болып,  ежелгі  мемлекеттердің  жасалуы, 

сауданың  дамуы  осыған  орай  жазбаша  түрде  қарым-қатынас  жасау 

қажеттілігінің  күшеюімен  байланыстырады.  Египет,  шумер,  қытай 

және  т.  б.  логографиялық  жазу  жүйесі  ең  алғаш  құл  йелену 

мемлекеттерінің құралып жасалған кезінде солармен   бір   мезгілде  

пайда   болған. 

Пиктографиялық  жазудан  логографиялық  жазуға  көшуге  және 

оның  қалыптасып  орнығуына  қоғамдық  себептермен  бірге  тілдің 

кейбір  ерекшеліктері  де  себепші  болды.      Ондай  ерекшеліктер  деп 

мыналарды атауға болады: 1) сөйлеудің жігі ажырап, одан сөздердің 

бөліне  алуға  икемділігі;  2)  логограммалар  арқылы  белгіленген 

сөздердің грамматикалық жақтан өзгерілмейтіні және олардың сөздің 

грамматикалық  өзгерісін  қосымша  фонетикалық  таңбалардың 

көмегінсіз  білдіре  алмайтындығы.  Түрлі  тілдердің  ішінде 

логографиялық  жазудың  дамуына  және  қалыптасып  орнығуына 

қолайлы тілдер делініп, әдетте, түбір тілдер аталады. Түбір тілдерде 

сөз  грамматикалық  жақтан  өзгеріске  түсе  бермейді  де,  қосымша 

фонетикалық (буын немесе дыбыстық) таңбалардың болуын әрдайым 

қажет  етпейді.  Осыған  орай  түбір  тілдерде  сөздер  логограммалар 

арқылы  таңбалануға  икемді  келеді.  Түбір  тілдерге  қарағанда, 

агглютинативті  тілдердің  логографиялық  жазуға  сәйкестілігі  азырақ 

икемділігі  кемдеу.  Агглютинативті  тілдерде  форма  тудырушы 

аффикстер  қосымша  фонетикалық  (буын  немесе  дыбыстық) 

таңбалардың  болуын  қажет  етеді.  Мұның  есесіне  агглютинативті 

тілдерде  сөздің  түбірі  (немесе  негізі)  оңай  бөлініп  шығады  да, 

логограммалармен  берілуге  икемді  болады.  Мұнымен  бірге, 

агглготинативті  тілдерде  сөздің  негізін  белгілейтін  логограммалар 

аффикстерді  белгілейтін  фонетикалық  таңбалармен  емін-еркін 

тіркесіп  айтыла  алады.  Ал  логография  флективті  тілдерге,  әсіресе 

полисинкретикалық  тілдерге  тіптен  жанаспайды,  өйткені  бұл 

тілдерде  әсіресе  полисинкретикалық  тілдерде  сөздің  сөйлемнен  жігі 

ажырап  бөлінуге  икемдігі  аз  болады.  Агглютинативті  тілдермен 

салыстырғанда,  флективті  тілдерде  сөздің  түбір  мен  аффикстерге 


 

17 


 

 

ажырауы  әлдеқайда  күрделі.  Осының  бәрі  флективті  тілдер  мен 



полисинкретикалық  тілдер  үшін  логографияның  жанасымсыз 

екендігін  көрсетеді.  Логографиялық  жазудың  қытайда  дамып 

қалыптасуы  оның  қытай  тілінің  құрылысына  (қытай  тілі  түбір 

тілдердің  қатарына жатады)  жанасымдылығымен байланысты  болса, 

шумер  жазуы  мен  жапон  жазуының  логографиялық  буынды 

(логографически-слоговой) жолмен дамып қалыптасуы бұл тілдердің 

(шумер, жапон) агглютииативті тілдер болуымен байланысты. 

Египет,  шумер,  қытай,  ацтек  жазулары  логографиялық  жазу 

болды.  Логографиялық  жазу  жүйелерінің  барлығында  да  нақтылы 

мағынасы  бар  сөздер  заттар  мен  құбылыстардың  бейнесімен  немесе 

схема  түрінде  беріледі.  Мысалы,  египет  жазуында  үкі,  көкаршын, 

арыстан, қоян, аяқ деген сөздер осылардың бейнесімен берілсе, қала, 

су дегендер бейнелі-схемалы түрде берілген.  

Ертедегі  шумер  жазуында  көз,  ағаш,тay,  сабақ  деген  сөздер, 

қытай  жазуында  күн,  тay,  ат,  ауыз  деген  сөздер  де  осы  бейнелеу 

немесе схема түріндегі тәсілдермен берілген. 

Абстракті  мағынасы  бар  сөздерді,  соның  ішінде  етістіктер  мен 

сын  есімдерді  таңбалау  үшін  образды-символдық  сипаты  бар 

бейнелер (изображения) қолданылған. 

Ондай  белгілерді  қолданудың  әр  түрлі  тәсілдері  бар:  1) 

Синекдоха  тәсілі  бойынша  бүтін  бөлшекпен  бейнеленген.  Мысалы, 

«жауынгер»,  «шайқас»  деген  сөздер  екі  колдың  бейнесі  (бірінде 

қалқан,  екіншісінде  найза)  арқылы  берілген.  2)  Метонимия  тәсілі 

бойынша  нәтижесінің  орнына  себеп,  адамның  дене  мүшелерінің 

қызметінің орнына оның өзінің бейнесі белгіленген. Мысалы, мерзім 

мағынасын  білдіретін  күн  деген  сөз  күннің  бейнесі  арқылы 

белгіленсе, жүру деген етістік аяқтың атталу бейнесімен, көру деген 

етістік  екі  көздің  бейнесімен  берілген.  3)  Метафора  тәсілі  бойынша 

белгіленетін  сөз  басқа  заттар  мен  құбылыстардың  ұғымдарымен 

ассоциацияға  түсіп,  солардың  бейнесі  арқылы  берілген.  Мысалы, 

қомағайлық, ашқарақтық, деген сөздер крокодилдік бейнесімен, суық 

деген  сөз  су  ағып  тұрған  түтіктің  бейнесімен  берілген.  4)  Сөздер 

энигматикалық  (жұмбақ)  тәсіл  бойынша  белгіленген.  Бұл  тәсіл 

аңызға  немесе  наным,  түсінікке  негізделеді.  Мысалы,  Египет 

жазушысы  Горапаллонның  (IV  ғасыр)  айтуынша,  египеттіктер 

страустың қанатындағы қауырсындардың барлығы бірдей тең болады 



 

18 


 

 

деп  түсінген  де,  осыдан  келіп  әділеттік  деген  сөз  страустың 



қауырсынының бейнесімен белгіленген. 

Жыл  деген  сөз  пальманың  бұтақтарының  бейнесімен 

белгіленген,  өйткені  египеттіктер  пальманың  бұтағынын,  саны  12 

болады деп түсінген

1



Шумер жазуында абстракті мағыналы сөздерді белгілеу үшін екі 



логограмманың тіркесі 

қолданылған. 

Бұл  ретте  логограммалардың  мынадай  тіркесін  мысалға 

келтіруге  болады:  құс  +  жумыртқа  =  туу;  нан  +  ауыз=жеу; 

жұлдыз+су=жауын.  Шумер  жазуында  абстракті  мағыналы  сөздер  5-

суретте көрсетілген түрде белгіленген. 

Логографиялық    жазудағы  таңбалар  дамудың  барысында 

бейнелеу  сипатынан  біртіндеп  алшақтайды  да,  олардың  графикалық 

формасы қарапайым  түрге  келе бастайды. 

Логографиялық  жазудың  бірсыпыра  кемшіліктері  бар.  Олар 

мыналар:  логограммалардың  көптігі,  логографиялық  жазудың  өте-

мөте  күрделілігі  және  логограммалар  арқылы  грамматикалық 

формаларды  білдірудің қиындығы. 

3.  Буын  жазуы.  Жазудың  даму  барысында  буын  жазуы  пайда 

болады. Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Жазудың 

буын  жүйесі  шығу  тегі  мен  таңбалардың  фонетикалық  мағынасы 

жағынан  бірнеше  түрге  бөлінеді.  Таңбалардың  фонетикалық 

мағынасы  жағынан  буын  жазуын  негізгі  үш  түрге  бөліп    қарауға  

болады. 

Мұның  бірінші  түріне  ассировавилон,  элам,  урарт,  сына 

жазулары  (клинолиси),  майя  жазуы,  лигатуралы  дыбыстық  корей 

жазуы  (корейское  лигатурное-звуковое  письмо)  жатады.  Жазудың 

бұл  жүйелерінде  таңбалар  кез  келген  буынды,  атап  айтқанда, 

буынның мынадай түрлерін белгілейтін болған: дара дауыстының өзі, 

А  (дауысты)+С  (дауыссыз),  С  +  А,  С+А  +  С;  майя  жазуында  сөз 

соңындағы дауыссыздарды да белгілеген. 

Буын  жазуының  екінші  түріне  критмикен  (критско-микенское) 

буын  жазуы,  кипр,  Эфиопия  және  жапон  (кана)  буын  жазулары 

жатады.  Жазудың  бұл  жүйесінде  таңбалар  тек  дара  дауыстыларды 

және дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір дауыстың қосындысын 

белгілейді. 

Буын жазуының үшінші түріне үнді (индия) жазуының әр түрлі 

жүйелері  (кхарошти,  брахми  және  т.  б.)  енеді.  Жазудың  бұл 


 

19 


 

 

жүйесінде  негізгі  таңбалар  (лигатуралы  еместері)  жеке-дара 



дауыстыларды  («а»)  және  дауыссыз  бен  дауыстының  («ка») 

қосындысын белгілейді. 

Жазудың буын жүйесі шығу тегі жағынан да үш топқа бөлінеді. 

Логографиялық  жазудың  даму  барысында  жасалған  крит,  майя, 

кипр буын жазулары. 

Эфиопия,  индия  (брахма,  кхарошти  және  осылардан  жасалған 

жазулар) буын жазулары. 

Жапон буын жазуы (жапондық кана) мен лигатуралы-дыбыстық 

жазу жүйесі (корейлік кунмун). 

Логографиялық жазуға қарағанда буын жазуы оқыту ісі үшін де, 

қолдану  үшін  де  қолайлырақ.  Жазудың  буын  жүйесіндегі 

таңбалардың саны да ықшамырақ. Логографиялық-фонетикалық жазу 

жүйесінде  мыңдаған  таңбалар  болса,  жазудың  буын  жүйесінде 

таңбалардың  саны  (лигатуралы  таңбаларды  қоспағанда)  отыз  бес 

немесе  қырықтан  бастап  (брахми,  кхарошти  және  фарсы-ахеменид 

жазулары) екі жүзге дейін (эфиопия жазуы) жетеді. Буын жазуы тілді, 

әсіресе  оның  фонетикалық  жағын  дәлме-дәл  беруге  икемді.  Буын 

жазуы сөздің грамматикалық формаларын да бере алады. 

Буын  таңбалары  (слоговые  знаки)  ең  алғашында  бір  буынды 

сөздерді белгілейтін идеографиялық  логограммалардың 

негізінде   

пайда  болған.  Мұндай  логограммалар  о  баста  омонимдес  сөздерді 

таңбалап,  фонетикалық  логограммаларға  айналған  да,  кейінде  көп 

буынды  сөздердің  олармен  (омонимдермен)  ұқсас  дыбысталатын 

бөлшегін  белгілейтін  болған.  Осылайша  жиі  қолданыла  келіп,  ол 

таңбалар  дербес  сөздердің  таңбасы  емес,  буынның  таңбасы    ретінде 

ұғыныла  бастаған. 

Ертедегі  буын  таңбалары  біздің  заманымызға  дейінгі  үш  мың 

жылдықтын  бас  кезінде  шумер  жазуында  бір  буынды  сөздерді 

таңбалаған  логограммалардан  пайда  болған.  Мысалы,  «садақтың 

оғы»  деген  мағынаны.  білдіретін  сөзді  (шумер  тілінде  ti)  белгілеген 

таңба  ti  деген  буынды  да  таңбалау  үшін  қолданылған.  Шумер 

жазуында  біздің,  заманымызға  дейінгі  үш  мың  жылдықтың  бірінші 

жартысында  буын  таңбалары  кең  түрде  тарайды  да,  бұл  жазу  біздің 

заманымызға  дейінгі  үш  мың  жылдықтың  ортасында  логографиялы 

буын жазуына айналады. 

Шумер  жазуындағы  идеографиялық  логограммалар  мен 

фонетикалық  логограммалар  кісі  аттарын,  әсіресе  шетелдік  кісі 



 

20 


 

 

аттарын  немесе  жаулап  алынған  қалалардың  аттарын  таңбалауға 



икемсіз  болды.  Мұның  үстіне  шумер  тілінін  құрылысы  да  буын 

таңбаларын  қажет  етті.  Өзінің  грамматикалық  құрылысы  жағынан 

шумер тілі агглютинативті тілдерге жақын. Бұл тілде сөздің түбіріне 

аффикстер  агглютинативті  принцип  бойынша  жалғанған.  Ондай 

аффикстерді логограммалар арқылы таңбалау қиын болып, олар буын 

таңбаларымен белгіленген. Шумер жазуының буын жазуына көшуіне 

тағы бір мынадай қолайлы жағдай болды: шумер тілінде бір буынды 

сөздер  көп  болған  да,  олар  1)  жеке-дара  дауыстыдан  (мысалы:  і— 

«бес», е—«үй»), 2) дауыссыз бен дауыстыдан s — „кол", lи—„адам") 

немесе 3) дауысты мен дауыссыздан (as— „бір", an—„көкаспан"), 4) 

дауыссыз  бен  дауысты  және  дауыссыздан  (Rиy—,,e")  құралған. 

Осындай  бір  буынды  сөздерді  белгілеген  логограммалардың  буын 

таңбаларына айналуы оңай болған. 

Шумер  буын  жазуын  ассириялықтар  мен  вавилондықтар 

қабылдайды.  Бұл  жазу  "эламиттер  мен  хеттерге  және  урарттарға  да 

тарайды. Крит (критское) буын жазуы да алғашқы логограммалардың 

буын таңбаларына айналуынан жасалған. Ал кипр жазуы осы аталған 

крит  жазуынан  пайда  болған.  Кипр  жазуынын  бізге  белгілі  55 

таңбасы   бар. 

Оның ішінде бесеуі жеке-дара дауыстыны таңбалайды да, қалған 

елуі  дауыссыз  бен  дауыстының  тіркесін  таңбалайды.  Тарихи   

жағынан   мұнан кейін пайда  болған  буын  жүйелі  екінші бір жазу 

—  индиялық  брахми,  кхарошти  жазулары  мен  осылардың  негізінде 

жасалған    басқа    жазулар  және  Эфиопия  жазуы.  Бұл  жазулар 

логографияның  негізінде  емес,  консонантты-дыбыстық  жазудың 

(консонантно-звуковое  письмо)  вокалдануының  (вокализация)   

негізінде  жасалған.  Брахми  жазуы  Индияның  қазіргі  мемлекеттік  

жазуы - деванаггари   жазуына дейін күллі Индияға кең тараған жазу 

болды.  Брахми  алфавитінде  жеке-дара  дауыстыны  (әдетте,  сөз 

басындағы  дауыстыны)  белгілейтін  4  таңба,  буынды  (дауыссыз+ 

қысқа дауысты   а   дыбысы) белгілейтін 31 таңба және анусвара деп 

аталатын  арнаулы  таңба  (соңғы  дауыссыздың  мұрын  жолды  болып 

айтылатын  көрсететін  таңба)  болған.  Басқа  бір  дауыстымен,  атап 

айтқанда, а дыбысынан басқа дауыстылармен айтылатын буындарды 

белгілеу  үшін  буын  таңбасының  астынан  немесе  үстінен  сол 

дауыстыны көрсететін қосымша белгі    қосақталған   (мысалы:     ta   

(буын -таңбасы) +і (арнаулы қосымша белгі) = ti ). 


 

21 


 

 

Буын жүйелі жазудың жоғарыда аталған екі түрінен кейініректе 



пайда болған үшінші бір түрі — жапонның к а но деп аталатын буын 

жүйелі  жазуы  мен  корейдің  к  у  ң  м  у  н  деп  аталатын  лигатуралы-

дыбыстық  жазуы.  Жапон  жазуында  сөздің  түбірі  қытай 

иероглифтерімен беріледі де, аффикстермен кептеген көмекші сөздер 

буын таңбаларымен белгіленеді. 

 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 0.55 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет