Жазылу мерзімі Қала Ауыл 6 айға



жүктеу 487.44 Kb.

бет3/5
Дата31.01.2017
өлшемі487.44 Kb.
1   2   3   4   5

Білім 

және ғылым 

министрі Ерлан 

Сағадиевтің 500 

мың баланы 3 

жылда қазақша 

сөйлетемін дегені 

қоғамда әлі қызу 

талқыланып 

жатыр. Жұрт 

оның үш 

тұғырлы тіл 

реформасына 

түбегейлі қарсы. 

«500 мың 

баланы емес, 

алдымен Мәсімов 

басқаратын 

Үкіметті қазақша 

сөйлетіп алсын» 

дейді қоғам 

белсенділері.

С

онымен 



қатар 

халық 


қалаулылары 

137-есептік 

орамның 

атын 


өзгерту 

туралы 


бастаманы 

да 


қолдап 

шықты. 


Тағдыры  аянышты  халде  аяқталған 

«Бесоба» 

тұрғын 

үй 


кешені 

орналасқан бұл орамға енді Кеңестер 

Одағының 

батыры 


Бауыржан 

Момышұлының есімі беріледі.

Бұл  көшелердің  атауын  өзгерту 

туралы 


бастама 

өткен 


жылы 

көтерілген 

болатын. 

Тіпті, 


2015 

жылдың 


тамыз 

айында 


қарағандылықтардың 

басым 


көпшілігі 

қатысқан 

қоғамдық 

тыңдалым 

да 

өткізілді. 



Қала 

тұрғындарының 

көпшілігі 

137-орамның 

атауын 

өзгертуді 



қолдағанымен,  Луговой  көшесін 

Сабыр  Рахымовтың  атымен  атауға 

қарсы 

шыққан. 


Себебі 

Сабыр 


Рахымов осыған дейін Өзбекстанның 

тумасы  делініп  келген  еді,  бертін 

келе  оның  Оңтүстік  Қазақстан 

облысында  туғаны,  ұлты  қазақ 

екені анықталды. Оның есімін көше 

атауына  беруге  қарсы  шыққандар 

әйгілі  генералдың  Қарағандыға  еш 

қатысы  жоқ  екендігін  алға  тартып 

отыр...

Даудың  соңы  жалпы  дауысқа 



салуға  ұласқан  еді.  Үш  мәрте 

өткізілген дауыс берудің нәтижесінде 

12 адам қарсы болып, 19 адам қостап, 

Луговой көшесінің атауын ауыстыру 

туралы шешім қабылданды 

білмеГен у ішеді



Қарағанды облыстық 

мәслихатының 

депутаттары Луговой 

көшесінің атауын 

ауыстыру туралы 

шешім шығарды. 

Бұдан былай Луговой 

көшесі Ұлы Отан 

соғысының ардагері 

Сабыр Рахымовтың 

атымен аталатын 

болды. Ол соғыс 

уақытында Беларусь 

майданындағы 

37-гвардиялық 

атқыштар 

дивизиясының 

қолбасшысы болған. 

Майдан даласында 

ерлікпен қаза тапқан.

akshamy@mail.ru

№25 (159)

7 шілде 2016 жыл

7

Көкейкесті



Ерболат ҚУАТБЕК 



  erbolat_q@bk.ru



Ерболат ҚУАТБЕК 



  erbolat_q@bk.ru

Көше атауы ауысады


Ақиқатын  айтар  болсақ,  адам 

баласы  жаратылғанға  дейін,  жер 

бетінде өзге бір тіршілік болғанын 

бүгінгі ғылым жоққа шығармайды.

Ғалымдардың  кей  болжамына 

қарасақ,  көктен  түскен  беймәлім 

тіршілік  иелері,  жерге  тірі  ағзаға 

айналатын ұрық шашқан. Біз содан 

өсіп-өнген  ұрпақпыз.  Өкінішке 

қарай,  адам  баласы  қазір  өзінің 

даму  сатысына  жеткен  сияқты. 

Одан  әрі  өзін-өзі  жою  кезеңі  күтіп 

тұрғандай. 

Бірақ 

адамзаттың 



аман  қалуы  не  жоқ  болуы  бізді 

көктен  бақылап  отырған  беймәлім 

саналы тіршілік иелерінің қолында 

көрінеді-міс.

Бір  қызығы,  ХХ  ғасырдың  орта 

тұсынан бастап баспасөз беттерінде 

жиі  қылаң  беріп,  тосын  әңгімелер 

туғызған  ұшатын  табақшалар  сол 

кездің  өзінде  болғанға  ұқсайды. 

Оған 


мыңдаған 

ғасырлық 

ұлттардың  аңыз,  жыр-дастандары 

куә. 


Мәселен, 

Ирландия 

мен 

Франциядағы  Ла-Плата,  Но,  Каро 



Лоома  үңгірлерінде,  Испания  мен 

жапонияның  Кюсю  аймағында 

жерленген  патшаның  табытында 

ұшатын  табақшалар  кескінделген. 

Ғалымдар  осы  суреттердің  жасын 

зерттеп,  біздің  дәуірімізге  дейінгі 

2000-3000  жылдықта  салынған 

деген  болжам  жасаған.  Демек, 

ол  заманның  адамдары  ұшатын 

табақшадан 

хабардар 

болғаны 


ғой.  Ежелгі  Тибет  әдебиетінде  де 

аспанда  кенеттен  пайда  болып, 

ілкім  сәтте  ғайып  болатын  белгісіз 

нысандар жайында сөз болады. Бұл 

ежелгі  Мысыр  жазбаларында  да 

бар.  Мысалы,  қамысқа  түсірілген 

бір жазбада: «Аспанда жарқыраған 

шамы  бар  белгісіз  нысандар  пайда 

болды.  Олар  көкте  біраз  тұрды  да, 

көкжиекке  сіңіп  жоқ  болды»,  – 

делінген.

Ғалымдардың 

зерттеуіне 

қарағанда, 

жазу 

папирусқа 



біздің  заманымызға  дейінгі  ХV 

ғасырда  түсірілген.  Ол  кез  Мысыр 

перғауыны  Тумос  V  патшалық 

құрған  кезбен  дөп  келеді.  Сондай-

ақ папируста: «Тумос бүкіл әскерін 

ертіп  жорыққа  шыққан.  Талай 

құмды белдерден асып қалжыраған 

әскер  бір  қырқаға  көтерілгенде, 

көктен от шашқан белгісіз нысандар 

көрінді.  Перғауыннан  бастап  бүкіл 

әскердің  құты  қашты.  «Құдай 

біздің 


шапқыншылығымызды 

қабыл  алмай,  бізге  лағынет  айтып 

жатыр.  Кері  қайтайық»,  –  десті 

әскербасылары. 

Бірақ 

Тумос: 


«Алған 

бетімнен 

қайтпаймын. 

Мына Құдайдың жібергендері бізге, 

керісінше,  жеңіс  тілеп  тұр»,  –  деп 

бет  бақтырмады.  Сосын  әскерін 

ертіп  алған  бағытына  жөнелді. 

жеңіске  жетті.  Олжалы  болды. 

«Мені  Құдай  қолдады»  деп  Тумос 

перғауын той жасады», – делінеді.

Бұл жолдар түсірілген папирус әлі 

күнге  Ватикандағы  мұражайдың 

Египет  бөлімінде  сақтаулы  тұр. 

Әлгі  жолдарды  оқуға  болады... 

Демек, бұл жазбада бір шындықтың 

жатқаны – ақиқат. Сыры беймәлім 

ұшатын 

табақшалар 



жөнінде 

Үнді  жазбаларында  да  кездеседі. 

Бұдан  біздің  дәуірімізге  дейінгі 

1-2  мыңжылдықта  дүниеге  келген 

«Вайманика  шастра»  жырында 

белгісіз нысандардың аспан төрінде 

ойнақ 

салғанын 



үтір-нүктесіне 

дейін 


керемет 

келтірген. 

Ал 

жырдың  бүгінгі  адамзат  ғарышқа 



ұшқан  заманында  емес,  мыңдаған 

жыл 


бұрын 

дүниеге 


келгенін 

ескерсек,  сол  кезде-ақ  адамдар 

зеңгір 

көкте 


белгісіз 

ұшатын 


табақшалар  барын  білген.  Соны 

әдіптеп жырға енгізген. Мұның бәрі 

–  аңыз,  көңілге  қонбайды  дейтін 

болсақ, одан да нақты, өмірде болған 

адамдар  жөнінде  тілге  тиек  етелік. 

Мәселенки,  аты  шулы  қолбасшы 

Александр Македонскийді алайық, 

біздің дәуірімізге дейінгі 332 жылы 

ұлы  қолбасшы  Тир  шаһарына 

шабуыл 


жасайды. 

Бірақ 


ала 

алмайды.  Кенет  аспанда  ұшқан 

тырна  тізбегіне  ұқсас  жұмбақ 

нысандар 

пайда 

болып, 


олар 

қала  қабырғасына  жарқырата  оқ 

атқан.  Қабырға  құлап,  Александр 

әскері 


шаһарға 

басып 


кіреді. 

Бұл  туралы  ұлы  қолбасшы  «мені 

Құдай  қолдады»  деп  мәлімдеген. 

Шаһардың  қабырғасын  күйреткен 

соң,  белгісіз  нысандар  лезде  ғайып 

болған. Александр Македонскийдің 

бүкіл 

соғысын 


тасқа 

түсіріп 


жүрген  жылнамашылар,  болған 

жайды  бүге-шігесіне  дейін  жазып 

қалдырған.  Бұл  жазбалар  әлі 

сақтаулы тұр.

Ежелгі  грек  жазбаларында  да 

ұшатын 


табақшалар 

жөнінде 


айтылған. 

Тіпті, 


Плутарх, 

Аристотель, 

Цицерон 

бастаған 

ғұламалар  да  көзімен  көргендерін, 

естігендерін  қаттап  жазып  кеткен. 

Олар  көзі  жетпеген  дүниені  хатқа 

түсірмесе керек-ті...

Америка  үндістерінің  ұшатын 

табақшалар  жайында  айтқандары 

мен 

тасқа 


шекіп 

кеткендері 

жеткілікті.  Қытай  жазбаларында 

да  бұл  ғажайып  құбылыс  жайлы 

көп 

жазылған. 



Мұның 

бәрін 


жоққа  шығаруға  бола  ма?  Әрине, 

жоқ.  Демек,  бөтен  ғаламшарда 

өмір  сүретін  ақыл-ой  иелері  сонау 

ес  білмес  заманда-ақ  жер  бетіне 

келіп  тұратын  болған.  Ал  өзіміз 

өмір  сүрген  кезге  келетін  болсақ, 

1947  жылы  ең  алғаш  ұшатын 

табақшамен  кездесіп  қалған  – 

АҚШ  ұшқышы  Кеннет  Арнольд. 

Оның қалай кездесіп қалғаны, нені 

көргені  көп  уақытқа  дейін  құпия 

сақталды.

Тағы бірер мысал: өткен ғасырдың 

ортасында  Испанияның  солтүстігі 

мен 

Францияның 



оңтүстігінен 

біздің  заманымыздан  12  мың  жыл 

бұрын жартасқа салынған суреттер 

табылған. 

Ондағы 

кескіндер 



ұшатын 

беймәлім 

табақшаға 

ұқсайды  екен.  Б.д.д.  1482  жылы 

Мысыр  аспанында  белгісіз  ғарыш 

нысандары  пайда  болған.  Олар 

көкте  от  шашып,  ойқастап  жүріп, 

лезде  ғайып  болған.  Мұны  тым 

арғы тарих дейтін болсақ, бертінгісі 

–  1883  жылы  алғаш  рет  суретке 

түсірілуі.  Оны  түсірген  –  астроном 

Хосе  Боннило.  «Бұл  –  ешқандай 

құс  емес.  Соңына  керемет  жарқыл 

қалдырып,  көкте  жүйткіп  бара 

жатқан беймәлім ғарыш кемесі», – 

деп жазады ол күнделігіне.

1896  жылы  бөгде  ғаламшар 

иелерімен  алғаш  рет  адам  баласы 

кездесіп  қалды.  Ол  Калифорния 

штатында тұратын полковник Шоу 

деген  азамат  еді.  Кешкілік  орман 

ішінде  қыдырыстап  жүрген  ол 

кенеттен  шу  естиді.  Көзді  ашып-

жұмғанша шағын алаңқайға сұп-сұр 

дирижабльге ұқсас бір кеме қонып, 

одан жалғыз көзі бар, ұзын бойлы, 

қолдары  салбыраған  адам  тектес 

сұлбалар 

шығып, 

полковникке 



тап берген көрінеді. Бірақ Шоу дер 

кезінде қашып үлгереді. Сәлден соң 

әлгі белгісіз ұшақ жерден дыбыссыз 

көтеріліп, жоқ болған. Бұл оқиғаға 

тек полковник қана емес, сол маңда 

қыдырып  жүрген  өзге  азаматтар 

да  куә  болған.  Бұл  жайт  кейіннен 

бүкіл штатқа жайылған таң-тамаша 

әңгіменің арқауы болады.

Мұндай 


мысалдарды 

тізе 


беруге  болады.  Ең  бастысы,  адам 

баласы  жаратылғалы  бері,  көк 

жүзінде  сыры  жұмбақ  ұшатын 

табақшалардың 

сайран 

сап 


жүргені.  Рас,  бүгінде  техника 

жетілді,  адам  санасы  толықты, 

он  сегіз  мың  ғаламның  сырын 

жартылай  аштық  дегеннің  өзінде, 

біз сонау ықылым заманда адамдар 

көріп, 


үңгір 

қабырғаларына, 

жартастарға 

шекіген 


ұшатын 

табақшалардың  сырын  аша  алған 

жоқпыз.  Бұл  құпиялық  қашанға 

дейін сақталмақ?

 



Әлемнің 



атлас 

картасына 

үңілсең, 33 параллель деген сызық 

бар.  Бұл  сызық  кейде  «қарғыс 

атқан  сызық»  деп  те  аталады. 

Өйткені  сол  сызық  бойына 

орналасқан  елді  мекендердің 

барлығы  –  әлемдегі  ірі-ірі  сойқан 

оқиғалардың 

куәсі. 

Мәселен, 

сол  сызық  бойында  орналасқан 

Далласта  АҚШ  президенті  Джон 

Кеннеди  оққа  ұшты,  «Араб 

көктемі»  деп  аталып,  араб  әлемін 

шарпыған 

төңкеріс 

Триполи 

шаһарында Ливия көсемі Муаммар 

Каддафидің  басын  жұтты,  атақты 

«Мың бір түннің» керемет ғажайып 

оқиғалары  өткен  алтын  бесік  – 

Бағдатта  Саддам  Хұсейн 

АҚШ  армиясынан  жеңіліс 

тапты,  қолға  түсті,  дарға 

асылды,  Құдайдың  құтты 

күні  қырғын  болып  жатқан 

Сирия  елінің  орталығы  – 

Дамаск  Башар  Асадтың 

көзін 

құртудың 

аз-ақ 

алдында тұр. Бұлардың бәрі 

33  параллель  сызығында 

жатыр. 

Жапонның 

осы 

ендікте  жатқан  Нагасаки 

қаласына  атом  бомбасы 

тасталды, 

апта 

сайын 

текетірес алаңына айналып, 

қанды  қасап  болып  жатқан 

Кашмирдің  тірлігі  мынау,  сырын 

да,  құпиясын  да  ашпай,  бүк  түсіп 

жатқан Тибет анау...

Хиросима  –  Нагасаки.  АҚШ-

тың 

33-президенті 



Г.Трумэн 

33  сызықтың  бойында  жақын 

жатқан жапонияның екі қаласына 

атом  бомбасын  тастауға  бұйрық 

берді.  Бұйрыққа  қол  қойылып 

жатқан  сәтте  түсірілген  сурет 

бүгінде 

Вашингтон 

түбіндегі 

Александрия 

қаласындағы 

Джордж  Вашингтонның  масондық 

мемориалында 

ілулі 


тұр. 

Бомбылаушы ұшақ Enola Gay 1945 

жылдың  6  тамызында  «Бөбек»  деп 

аталатын атом бомбасын Хиросима 

төбесіне  тастады.  Бұл  бұйрық 

«№13»  деп  аталатын.  Тіпті,  бұл 

күн  бекерге  алынған  жоқ.  АҚШ 

мемлекеті құрылғаннан (1776 жыл, 

4 шілде) бері 169 жыл (13 бөлімнен 

13  жылдан  есептегенде)  және  33 

күн өткен.

Розуэлл.  Осы  ендікте  жатқан 

Розуэлл  қаласына  1947  жылы 

белгісіз  ұшатын  табақша  құлаған. 

Онда  өзге  ғаламшарлық  адамдар 

болғаны  белгілі.  АҚШ  әскери 

адамдары  бұл  жайды  ұзақ  жылдар 

халықтан құпия ұстап келді.

Даллас. 

Бұл 


қалада 

АҚШ 


президенті  Кеннедиге  қастандық 

жасалып,  соңы  оның  қайғылы 

қазасымен 

аяқталғаны 

әлем 

жұртына  белгілі.  Бұл  «33-ендікте 



корольді 

өлтіру» 


деген 

атпен 


тарихта  тіркелген.  Оқиға  1963 

жылдың  22  қарашасында  (11  ай, 

22 күн) болды. Қанды оқиға болған 

жер  –  33-ендіктен  бар-жоғы  он 

шақырым  жер.  Ол  жерде  Dealey 

Plaza  деп  аталатын  Далластағы 

ең  алғашқы  масондық  храм  бар. 

Бұл  көше  ХІХ  ғасырдың  өзінде-ақ 

«Вязов қанды көшесі» деген атқа ие 

болған екен.

Исламабад. 

мамыр 



күні 

Исламабад қаласының түбінде «Әл-

Қаида»  басшысы  Ұсама  бен  Ладен 

өлтірілді.  Бұл  да  –  сол  қарғыс 

атқыр сызық бойында болған қанды 

оқиға...


Сиань. Көне қала. Кем дегенде 1100 

жыл  Қытайдың  орталығы  болып 

саналып келген. Айналасында 300-

ге  тарта  пирамида  бар.  Биіктігі 

25-тен  100  метрге  дейін.  Олардың 

арасындағы  «Ұлы  ақ  пирамида» 

деп 

аталатын 



ірі 

ғимараттың 

биіктігі  300  метр.  Мысырдағы 

атақты Гизе пирамидасынан екі есе 

биік.  33-ендікте  орналасқан  Қытай 

пирамидалары  қандай  құпияны 

бүгіп  жатыр?  Бұл  әзірге  белгісіз. 

Қытай билігі ол жаққа адам баруына 

тыйым салған. Айтар уәждері: «Бұл 

алып  құрылыстардың  құпиясын 

келер ұрпақ зерттеуі тиіс». Болды.

жалпы, 33-ендікте болып жатқан 

оқиғаларды  рет-ретімен  тізе  беруге 

болады. Бірақ оның керегі шамалы. 

Тек оқырман «33 сызық» дегенннің 

не екенін біле жүрсе болғаны



Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

Көне ПаПирустаҒы жаЗба шындық Па?

қарҒыс атқан ПараллелЬ

akshamy@mail.ru

8

№25 (159)



7 шілде 2016 жыл

Тылсым


Мәссаған! 

Дау


Билік 

ЭКСПО 


Астана  қашан  миллион  халқы 

бар 

қала 

атанады? 

Оның 

миллионыншы  тұрғыны  қашан 

тіркеледі?  Бұл  сауалдар  көптен 

бері  әлеуметтің  талқысында  жүр 

еді.  Шешім  табылғандай  болды. 

Астана  күні  мерекесі  қарсаңында 

Арайлым  Мұхамедияр  мен  Олжас 

Мұхамедиярдың  тұңғышы  дүниеге 

келді.  Олардың  қызы  Астананың 

миллионыншы  тұрғыны  аталды. 

Бірақ...

Бірақ танымал журналист Дина 

Елгезек  ханымның  ойынша,  бұл 

–  шенеуніктердің  кезекті  PR-

шоуы  ғана.  Оның  айтуынша, 

Әсет  Исекешев  министр  кезінде 

де  күмән  тудыратын  деректерді 

жариялап  келген.  Бұл  туралы 

ол  Facebook-тегі  парақшасында 

мәлімдеді.

«Исекешев  екінші  лауазымды 

қызметін 

тағы 

өтіріктен 



бастады...  «Астана  қаласында 

миллионыншы  тұрғын  дүниеге 

келді», – деп елді бір шулатты... 

Ресми  статистика  бойынша,  880 

мың адам тұрады... Өткен жылы 

қалалықтар  саны  20  мыңға 

көбейген... 

Сонда 


деймін-ау, 

жарты  жылда  астаналықтар  120 

мыңға  қайдан  көбейе  қалған?.. 

Әлде  Президенттің  туған  күні 

қарсаңында  өтіріктен  құралған 

сыйлықтарды  таратып  жатқан 

түрлері  ме  екен?!  Президент 

басшысының  еркесі  болса  өзіне, 

бірақ ел алдында бұл жолы өтірігі 

өтпеді», – дейді журналист.

Естеріңізге  салайық,  шілденің 

3-інен 4-іне қараған түні дүниеге 

келген 

сәбидің 


ата-анасына 

Астана  қаласының  әкімі  Әсет 

Исекешев  екі  бөлмелі  пәтердің 

кілтін табыстаған болатын 



Өткен  аптада  қырғыз  Президентінің 

Ала-Арша 

резиденциясында 

алтын 

сертификаттарды 

табыстау 

рәсімі 

өтті.  Мемлекет  басшысы  Алмазбек 

Атамбаев  орта  мектепті  үздік  бітірген 

түлектерге  алтын  сертификаттармен 

бірге  президенттік  стипендияларды  да 

үлестірді.

–  Мен  сіздерге  толқумен  және  үлкен 

мақтанышпен  келіп  отырмын.  Сіздердің 

нұрға толы көздеріңізді көрген кезде біздің 

еліміздің  жарқын  болашағы  бар  екеніне 

сеніммен  қараймын.  Елде  жаңа  толқын 

өсіп келеді, еркін ойлайтын, біздің елімізді 

әлемдегі 

алдыңғы 

қатарлы 


елдердің 

тізіміне  енгізетін  жастар  өсіп  келеді.  Мен 

үшін  сіздерге  алтын  сертификаттарды 

табыстау  –  мәртебе,  өйткені  сіздер  өте 

ауыр  жолдан  өттіңіздер.  Бірақ  сіздердің 

еңбектеріңіз  еш  кетпейді.  Білім  алуға 

жұмсаған әрбір уақыт, күш 10 есе, 100 есе 

болып  кері  қайтады.  Өзім  мектепті  үздік 

бітіріп  шықтым.  Алайда  университетте 

жақсы  білім  алуыма  уақытым  болмады, 

қосымша  жұмыс  істеп  ақша  табуыма  тура 

келді, – дейді қырғыз Президенті Алмазбек 

Атамбаев.

Салтанатты  жиын  барысында  сондай-

ақ  оқушыларды  еңбек  етуден  қашпауға 

шақырды.


– Кейбір министрлер «міне, біреулер еден 

жуып  жүр»  деп  айтатын  көрінеді.  Ал  мен 

еңбектен қашпауға шақырамын, менің өзім 

аула сыпырушы, от жағушы, жүк тасушы 

болып 

жұмыс 


істегенмін. 

Ешқандай 

жұмыстың  ұяттығы  жоқ.  Ұры  министр 

болғанша,  еден  сыпырып,  аула  тазалаған 

–  әлдеқайда  сауапты  іс.  Ешбір  жұмыстан 

ұялмаңыздар, – деп атап өтті А.Атамбаев.

Естеріңізге 

салайық, 

биыл 

халық 


алдында  есеп  берген  ҚР  Мәдениет  және 

спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 

Ресейде  еден  жуып  жүрген  қырғыз 

қыздарын 

көріп, 

жанашырлықпен 



қарағанын айтқан болатын 



Парламент  қос  палатасының  бірлескен 



отырысы  барысында  Мәжіліс  депутаты 

Омархан  Өксікбаев  сәләфизм  идеясына 

қарсы  емес  екенін  айтты.  Бұл  туралы 

baq.kz порталы жазып отыр. Депутаттың 

пікірінше,  біздегі  сәләфилер  қой  терісін 

жамылған  қасқырлар  көрінеді.  Ал  нағыз 

сәләфизм  ағымын  ұстанушылар  Сауд 

Арабиясында.

–  Енді...  оны  қазір  олай-былай  болады 

деп айта алмаймын. жалпы, сәләфизмнің 

өзінің идеологиясы бір кереметтей теріс деп 

айтқым да келмейді. Себебі Сауд Арабиясы 

мемлекеті осы бағытты қолдап, діндерінде 

қолданып жүр. Оның өзінде радикализмнің 

ештеңесі  көрініп  тұрған  жоқ.  Бізде  – 

соны  бұрмалап  алып  кететін,  соның  атын 

жамылып,  бірақ  басқа  бағытта  адамның 

өміріне 

қауіп 


келтіретін, 

мемлекет 

құрылымына  қауіп  төндіретін  мәселелер, 

ол  –  басқа  дүние.  Сондықтан  ол...  мынау 

қойдың  терісін  жамылып  алғанымен, 

қасқыр қой болмайды. Иә, сондықтан ішкі 

құрылысын білуіміз керек. Сол себепті заң 

да, жалпы қабылданатын шешімдер де сол 

ішкі  құрылысын  танып  барып  жасалуы 

қажет деп ойлаймын, – деді О.Өксікбаев.

Айта  кетейік,  Ақтөбедегі  лаңкестік 

оқиғадан 

кейін 

шұғыл 


Қауіпсіздік 

кеңесінің  жиынын  өткізген  Мемлекет 

басшысы терактінің артында сәләфилердің 

тұрғанын  айтқан  болатын.  Мұнан  кейін 

қоғамда  аталған  бағытқа  тыйым  салу 

мәселесі  көтерілді.  Ал  теолог-ғалымдар 

сәләфизм идеясының қазақ қоғамына жат 

екенін әліге дейін түсіндірумен келеді




1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал