Жазылу мерзімі Қала Ауыл 6 айға



жүктеу 487.44 Kb.

бет2/5
Дата31.01.2017
өлшемі487.44 Kb.
1   2   3   4   5

Балқаш қаласында террорлық топ құрды 

деген күдікпен бес ер адам екі ай мерзімге 

тұтқындалды.  Лаңкестік  топ  мүшелері 

жарылғыш  затты  заңсыз  иеленіп,  Гүлшат 

ауылында сақтаған. Ұстау кезінде бір лаңкес 

өзін-өзі  жарып  жіберді.  Басқа  құрбандар 

мен зардап шеккендер жоқ.

–  2016  жылғы  сәуірде  дәстүрлі  емес 

ағымдағы  дінді  ұстанатын  Балқаш  тұрғыны 

У.К.Б.  қалада  лаңкестік  топ  құрады,  олар 

–  Балқаш  қаласы  мен  Гүлшат  кентінің 

тұрғындары.  Олардың  мақсаты  –  қолдан 

жарылғыш зат жасап, Қазақстанда террорлық 

акт  жасау,  елде  қызметіне  тыйым  салынған 

«ДАИШ»  халықаралық  лаңкестік  тобына 

жәрдемдесу,  –  деп  түсіндірді  облыстық  сот 

баспасөз қызметінде.

Тергеу 


нұсқасы 

бойынша, 

топты 

Балқаштың  36  жастағы  тұрғыны  басқарған. 



Сөйтіп,  топ  мүшелерінің  әрқайсысына 

жарылғыш  зат  іздеу,  оны  қолдан  дайындау, 

автокөлік 

пен 


ақшаны 

қылмыстық 

қажеттілікке  пайдалану,  лаңкестік  жасау 

орнын  іздеу  міндеттері  жекелей  жүктелген. 

Лаңкестердің  оқ-дәріні  қайдан  алғаны 

әзірге  белгісіз.  Соталды  тергеу  амалдары 

жүргізілуде 



Қарағанды  облысында  балабақша  кезегіне  тұрған 



бүлдіршіндердің саны артып келеді. Қуанарлық жайт. 

Бірақ  олардың  бәрін  балабақшамен  қамтамасыз 

етуге биліктің күші жетпейді. Сондықтан шенеуніктер 

кәсіпкерлерге иек артып отыр.

Расымен  де,  соңғы  уақытта  кәсіпкерлер  арасында 

балабақша  бизнесіне  деген  қызығушылық  артып 

келеді. Өткен аптада Майқұдықта 75 орынға есептелген 

шағын балабақша ашылды.

– Шынымды айтсам, балабақша ашу туралы шешімге 

келу  оңай  болған  жоқ.  Егер  Білім  басқармасы  қолдау 

бермегенде,  бұл  істі  бастау  қиынға  түсер  еді.  Біз 

арнайы  ұйымдастырылған  дөңгелек  үстел  отырысына 

қатыстық.  Осыдан  соң  балабақша  ашу  керек  деген 

шешім  қабылдап,  бос  орын  таптық,  –  дейді  кәсіпкер 

Елена Ерш.

Балабақшаның 

ашылу 


салтанатында 

Білім 


басқармасының 

жетекшісі 

Асхат 

Аймағамбетов 



жылдың соңына дейін 2000 орынға дейін жекеменшік 

балабақшалар ашу жоспарланғанын атап өтті. Олардың 

бәрі  мемлекеттік  тапсырыс  негізінде  жұмыс  істейтін 

болады.  Яғни  ата-аналар  бар  болғаны  баласының 

тамағы үшін ғана ақша төлейді.

–  Әрине,  біз  тек  жекеменшік  мекемелерге  ғана 

иек  артып  отырған  жоқпыз.  Осы  жылы  Балқаш 

қаласында  мемлекеттік  балабақша  аштық.  Тамыз 

айында  Оңтүстік-Шығыстан  тағы  бір  балабақша  ашу 

жоспарлап отырмыз, – дейді Асхат Аймағамбетов 



Полицейге зәрін шашқан жүргізуші Қайрат Елубаев 

сот  алдына  әкелінді.  Ағымдағы  жылдың  көктем 

айында  ол  өзін  тоқатып,  қан  құрамын  тексеру  үшін 

наркодиспансерге  алып  келген  Жол-патрульдік 

полициясы  инспекторының  үстіне  сынамаға  деп 

алынған зәрін шашып жіберген болатын.

Эмоциясын  басқара  алмайтын  жүргізушіге  төрт 

бірдей  бап  бойынша  айып  тағылған:  «Билік  өкілін 

масқаралау», «Билік өкіліне бағынбау», «Билік өкіліне 

күш  қолдану»  және  «Бұзақылық».  Әйтсе  де  Қайрат 

Елубаев  өз  кінәсін  мойындамайды.  Оның  айтуынша, 

оқиға  орын  алған  күні  ол  арнайы  бөлмеден  шығып 

келе  жатып  сүрініп  кеткен.  Салдарынан  қолындағы 

құтыға  құйылған  зәрі  полицейдің  үстіне  төгілген. 

Ал  инспектор  ашу  шақырып,  мұны  ұрып  жіберген. 

Дегенмен сот процесіне қатысушылар оның айтқанына 

сенбейді.  Себебі  бөлмедегі  бейнекамера  жазбасында 

оқиғаның қалай орын алғаны анық көрсетілген.

Айта кету керек, әуелде бұл оқиғаның жәбірленушісі 

ретінде жүргізуші, ал жәбір көрсетуші ретінде полицей 

танылған  болатын.  Үстіне  зәрін  шашқан  жүргізушіге 

қол  көтерген  полиция  инспекторы  Төлеген  Игібековті 

сот  бес  жыл  мерзімге  бас  бостандығынан  айыру 

жазасына  кескен.  Бірақ  халықтың  наразылық 

танытуына  байланысты  үкім  шартты  мерзімге 

ауыстырылды

 



қылмысКердіҢ де құқы бар

сауданыҢ да жөні бар, жөнсіЗі бар

КүідКті бесеу

балаҒа балабақша жеПтПейді

сүрінГенГе сот 

akshamy@mail.ru

4

№25 (159)



7 шілде 2016 жыл

Шаһар шыжығы



Ерболат ҚУАТБЕК

К

ім  ол?  Несімен  адал  болды? 



Ерлігі  неде?  Оған  атқарған 

игі ісі ғана жауап бере алады. 

Роза  Балбатырқызы  1933  жылы 

1  қыркүйекте  Ақтөбе  облысының 

Темір  қаласында  дүниеге  келген. 

Оның  заң  саласын  өмірлік  мұраты 

қылып  таңдауы  тектен-тек  емес. 

Себебі  әкесі  Балбатыр  Құлжақаев 

–  халық  сотының  хатшысы,  сот, 

тергеуші, прокурор болған адам.

Әке  жолын  қуған  қыз  1950 

жылы  Алматы  мемлекеттік  заң 

институтына  түсіп,  «құқықтану» 

мамандығын 

үздік 

біліммен 



тәмамдайды. 

Оның 


полиция 

полковнигіне  дейінгі  жолы  1954 

жылдан  бастау  алады.  жетпісінші 

жылға 


дейін 

прокуратурада, 

Ішкі 

істер 


министрлігінде 

қызмет  атқарады,  Ақтөбе  облысы 

прокуратурасының  тергеушісі,  әрі 

қарай Қарағанды облысы Ішкі істер 

басқармасы  тергеу  бөлімінің  аға 

тергеушісі лауазымын атқарды.

Роза  Балбатырқызы  1970  жылы 

Қарағандыға 

қоныс 

аударады. 



Қарағанды 

жоғары 


мектебі 

ашылысымен,  қызметке  тұрады. 

Өмірінің  соңына  дейін  ҚР  ІІМ 

генерал-майор Б.Бейсенов атындағы 

Қарағанды  академиясында  тәлім 

берді.


1995 жылдан бастап академияның 

қылмыстық 

құқық 

және 


криминология 

кафедрасының 

профессоры, 

заң 


ғылымдары 

бойынша  кандидаттық  диссертация 

қорғалатын 

диссертациялық 

кеңестің  мүшесі,  адъюнктер  мен 

ізденушілердің  ғылыми  жетекшісі 

болып келді. Оның жетекшілігімен 6 

адъюнкт  кандидаттық  диссертация 

қорғаған. 

60-тан 


аса 

ғылыми 


жұмысы жарыққа шыққан. Ғылыми 

баяндамаларымен 

халықаралық, 

республикалық 

ғылыми-

тәжірибелік 



конференцияларға 

қатысады.  Бір  атап  өтерлік  жағдай 

–  ол  көп  жылдар  бойы  академияда 

қылмыстық 

құқық 

және 


криминология пәндерін мемлекеттік 

тілде  оқытуды  жетілдіруде  оқу-

әдістемелік 

кеңестің 

жетекшісі 

болды.


Адалдық – құлдық қылу емес, тазалық. «Еңбегінің 

жемісі» деген сөздің мағынасын жоғалтып барамыз. 

«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам 

баласын» деп Абай қалай дөп айтқан?! Қоғамның 

азуы да осыдан болса керек. Аталған дүниелерді 

білмей һәм сезінбей жатып «тұңғыш» болғысы 

келеді. Алғы шепте жүруден дәмесі зор. Дәмесі 

несі, «міндет» санайды. «Мақсатыңыз не?» 

деген сұраққа не деп жауап берер едіңіз?! 

«Адам болу» дер едім. Адам болмай

мақсат атаулының барлығына жетуіңіз 

неғайбыл. Мұны түсінетін жан некен-саяқ. 

Солардың бірі – полиция полковнигі 

дәрежесіне жеткен тұңғыш әйел, 

профессор Роза Құлжақаева.

Ол мемлекеттік және ведомстволық 

марапаттаулармен,  атап  айтқанда, 

«Құрмет», «Қажырлы еңбегі үшін», 

«Еңбек ардагері», «ҚР Тәуелсіздігіне 

10 жыл», «КСРО ІІМ мінсіз қызметі 

үшін», «ҚР ІІМ үздік қызметі үшін», 

КСРО  ІІМ  Қазақ  КСР  «Милиция 

үздігі» 

ордендерімен, 

сонымен 

қатар  ҚР  ІІМ  «Мінсіз  қызметі  үшін 

және  лайықты  жетістігі  үшін»,  ҚР 

Білім  және  ғылым  министрлігінің 

«ҚР  Білім  беру  үздігі»,  «Қазақстан 

Республикасында 

білім 

берудің 


Құрметті 

қызметкері» 

құрмет 

грамоталарымен 



марапатталған. 

ҚР  ІІМ  Қарағанды  академиясының 

басшы 

құрамдарының 



көптеген 

алғысхат, 

мадақтауларымен 

марапатталғаны да бар.

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті  Н.Назарбаевтың  2011 

жылғы  5  желтоқсандағы  №188 

жарлығымен Әскери және қызметтік 

міндетін 

мiнсiз 

атқарғаны, 



заңдылықты 

және 


қоғамдық 

тәртіпті 

сақтауды 

нығайтқаны, 

ұлттық қауіпсіздікті және қорғаныс 

қабілетін  қамтамасыз  еткені  үшін 

«Құрмет» орденімен наградталған.

Соңында  қалған  ұрпағы  қазіргі 

таңда  беделді  қызметтер  атқарып 

келеді. 


Ұлы 

– 

Досмағамбетов 



Ерлан,  экономика  ғылымдарының 

кандидаты,  «Достар-Әлем»  кешені 

директорлар  кеңесінің  төрағасы, 

СЭВ  Ассоциациясының  Орталық 

Қазақстандағы 

бөлімшесінің 

төрағасы. Ал қызы – Досмағамбетова 

Раушан,  медицина  ғылымдарының 

докторы,  профессор.  Қарағанды 

мемлекеттік 

медицина 

университетінің 

ректоры 

болып 


қызмет атқарады.

Роза Балбатырқызы өзінің ұзақ та 

ауыр  қызметі  жайлы  былай  деген 

екен:  «Алдыңғы  толқын  ағалардан 

үйренер  үлгі  қашан  да  аз  емес 

қой.  Менің  де  өнеге  тұтқан,  асыл 

қасиеттерінен  үйренген  алдымда 

ағаларым  аз  болған  жоқ.  Өмірлік 

тәжірибемді 

ғылым 


әлемінде 

негіздесем  деген  ниет  ақыры  осы 

салаға  да  ден  қойғызды.  Ғылыми 

еңбектер  жазып,  оны  оқу  үрдісіне 

пайдаланып 

жүрдім. 


Ондай 

дүниелерім 

ж и н а қ т а л а 

к

е



л

і

п



д и с с е р т а ц и я ғ а 

айналды.  Ұлттық  Ғылым 

академиясының  құқық  және 

философия 

институтында 

академик  М.Баймаханов  ағаның 

жетекшілігімен 

кандидаттық 

диссертация 

қорғадым. 

Бас 


оппоненттікті 

қазақ 


заң 

ғылымының  қазіргі  ақсақалы, 

ғұлама  ғалым,  академик  Салық 

Зиманов  аға  атқарды.  Мен  осы 

кезеңде  ол  кісілердің  адамдық, 

адалдық қасиеттеріне тәнті болып 

қана  қоймай,  шамам  жеткенше 

үйрендім.  Соны  күні  бүгінге 

дейін  бағдаршамдай  есімде  ұстап 

келемін.  Өмірден  алар  бір  тәлім, 

осы  ұрпақтар  сабақтастығының 

үзілмей келе жатқан алтын арқауы 

ғой.  Бір  кездері 

сол  ағаларға  шәкірт  болып,  соны 

бүгінге  дейін  мақтан  етсем,  енді 

өз шәкірттерім де ұлттық үлгімен 

маған да ілтипат көрсетіп жатады. 

Осыған 


ерекше 

риза 


болып, 

халықтық  қасиет  жалғаса  берсе 

екен деп отырамын».

Ал  Роза  Балбатырқызы  жайлы 

Серік  Ақсұңқарұлы:  «Ол  адамзат 

қоғамындағы  бостандық,  теңдік, 

әділдік  дейтін  асқақ  идеяларды 

ту  ғып  ұстаған  қоғамда  өмір 

сүріп,  көңілі  көншіген  ұрпақтың 

соңғы  көзі  еді!  жер  астынан  жік 

шығып,  дүние  дәл  бүгінгідей 

ұлтқа, 


руға, 

діни 


сектаға, 

экстремистік  топтарға  бөлініп, 

ырың-жырың болады деп ойлаған 

жоқ-ты...  Қазақстан  егемен  ел 

болғанда,  алғашқылардың  бірі 

болып  қуанған  осы  буын  еді. 

жамандықтан көзі ашылмай, ата-

баба  аруағына  тәу  етіп,  көресінін 

көрген буын – бұл! Апай осы кезде 

өзінің бойындағы барлық қабілет-

дарынын  тәуелсіз  Қазақстанның 

заңгер  кадрларын  дайындауға 

бағыштады», – деген.

Осы  жерде  құқық  саласына 

қатысты  атап  өтерлік  үлкен  бір 

мәселе бар. Оқытушылық болсын, 

орган бағыты болсын қазақ тілінің 

кемшін  түсуі.  Барлық  салада 

солай  ғой.  Дегенмен...  Орган 

қызметкерлері  мемлекеттік  тілге 

басымдық  берсе,  құрмет  танытса. 

«Құрмет  танытса»  дейтін  болдық 

қазір. Роза Балбатырқызы туралы 

әңгіме  қозғауымыздың  бір  себебі 

де  –  осы.  Оның  қазақ  ғылымына 

қосқан үлесі зор.

«Қазақ  әйелдерінің  арасынан 

шыққан  алғашқы  полковник, 

құқық 

және 


криминология 

бойынша 


тұңғыш 

профессор 

дәрежесіне 

жеткен 


Роза 

Балбатырқызы 

Құлжақаеваның 

бойынан 


әділдіктің 

туын 


көтерген  асыл  қасиетпен  қатар 

әйел 


жанының 

нәзіктігін, 

аналық  мейірімін  күнде  көріп 

жүреміз. 

Өмірлік 

ұстанымы 

«жылтырағанның 

барлығы 


–  алтын  емес»  деген  даналық 

қағидаға 

негізделген 

жанның 


қайсарлығы, бір сөзділігі кімді де 

болса сүйсінтпей қоймады.

Өмірге 

адам 


болып 

келіп, 


адам  болып  кетудің  өзі  –  ұлы  іс. 

Оған  жеңіл  қарауға  болмайды. 

Сенің  алдыңда  мыңдаған  ұрпақ 

тұр.  Олар  өзінің  парызы  мен 

қарызын  адал  атқарса,  сен 

неге сол жолды ұстанбайсың? 

Ұстанып 

қана 


қоймай, 

кейінгі  ұрпаққа  қалыбын 

бұзбай,  қадірін  кетірмей 

тапсыруға міндеттісің.

Біз  мұны  ол  кісінің 

аналық 


ақылы, 

жұдырықтай 

жүрегіне 

өмір  бойы  жиған  өлмес 

өнегесінің 

көрінісі 

деп 

білеміз.  Кез  келген  ұстаз 



шәкіртінің  көңіл  түкпірінен 

ойып тұрып орын ала алмайды. 

Ал  біз  Роза  Балбатырқызының 

алдына  қаршадайымыздан  келіп, 

одан  қанаттанып  ұшып,  бүгінгі 

дәрежеге  жеттік.  Ендеше  ұстаз 

үмітін  ақтаған  шәкірт  ұстазын 

қашан  да  есінен  шығармайды. 

Соның  бір  дәлелі  жан  дүниеден 

шығып, ой орамында қорытылған, 

ұстазға  арнаған  осы  ізетті  де 

инабатты  жылы  сөздер  болса 

керек»,  –  деп  еске  алған  екен  заң 

ғылымдарының докторы Асылбек 

Смағұлов.

Міне,  Роза  Балбатырқызының 

өнегелі 

де 


үлгілі 

өмірбаяны 

осындай.  Адалдық  пен  тәртіпті 

қатар  ұстанған  жандардың  бірі 

Роза Құлжақаева еді...

 



алҒашқы Әйел ПолКовниК

Роза Балбатырқызы 

өзінің ұзақ та ауыр қызметі 

жайлы былай деген екен: 

«Алдыңғы толқын ағалардан үйренер 

үлгі қашан да аз емес қой. Менің 

де өнеге тұтқан, асыл қасиеттерінен 

үйренген алдымда ағаларым аз болған 

жоқ. Өмірлік тәжірибемді ғылым 

әлемінде негіздесем деген ниет 

ақыры осы салаға да ден 

қойғызды.

akshamy@mail.ru

5

№25 (159)



7 шілде 2016 жыл

Шын мен Сын



Г

еннадий 


Головкиннің 

айтуынша, 

ол 

ел 


экономикасына  қаражат 

құю туралы ойға Елбасымыздың 

сөзінен  кейін  келген.  Өткен 

жылы Нұрсұлтан Әбішұлы оған 

Қазақстанның  дамуына  үлес 

қосуды тапсырған болатын.

Ол  әзірге  боксты  тастап 

кетпейді. Әлі де болса шығамын 

деген  асуы,  жеңемін  деген 

алыптары бар. Бірақ қолындағы 

қаражатын  бизнеске  жұмсауға 

бұл 


мақсаты 

еш 


кедергі 

келтірмейді  екен.  Себебі  оның 

кәсібін  жүргізуге  қолғабыс 

болып,  бизнесін  басқаратын 

сенімді адамдары бар.

Генаның  әкесі  –  өмірінің 

35  жылын  шахтада  өткізген 

жан.  Ал  өзі  болса,  кеншілер 

қаласында 

дүниеге 


келіп, 

ержетті.  Достары,  туыстары, 

таныстарының  өмірі  шахтамен 

тікелей  байланысты  болды. 

Сондықтан 

ол 


бизнестегі 

ірі  жобасын  өзі  туып-өскен 

қаладан  бастамақшы  болған. 

Біздің  облысымызда  әлі  күнге 

дейін 

жаңа 


технологиямен 

жабдықталған 

өндірістік 

кешен 


жоқ. 

Қолда 


бар 

кәсіпорындардың 

барлығы 

дерлік 


кеңестік 

кезеңде 


салынған.  Темір  де  тозады 

емес пе? Олардың көпшілігінің 

жай-күйі  қазір  адам  аярлық 

халде.  Шетелдік  инвесторлар 

жерасты 

қазынасын 

іске 

жаратып,  пайда  табуға  әуестік 



танытқанымен,  технологияны 

жаңартуға келгенде құлықсыз. 

Геннадий Головкин инвестиция 

құйып, 


акционері 

атанған 


«Kaz Феррит» кәсіпорны көмір 

өңдеумен 

айналысады. 

Ал 


боксшы  қаржы  құйған  жоба 

–  осы  кәсіпорын  базасында 

ашылған 

көмірді 


қайта 

өңдеу  өндірісі.  Оның  барлық 

технологиясы 

заманауи 

талапқа 

сай 


жаңартылған. 

Яғни 


табиғатқа 

барынша 


аз  мөлшерде  зиян  келтіре 

отырып,  өнім  алу.  Мәселен, 

өндіріске  пайдаланылатын  су 

басқа  зауыттардағыдай  бірден 

сыртқа  шығарылмайды,  қайта 

PR

тазартылып, әрі қарай өндірісте 



қолданылатын 

болады. 


Әрі 

заманауи 

технология 

ауаға  зиянды  қалдықтарды, 

түрлі  шаң-тозаң  мен  газдың 

таралауының алдын алады.

– 

Маған 


шетелдік 

компаниялар 

тарапынан 

бірлескен 

жобаларды 

іске 


асыру  туралы  бірнеше  ұсыныс 

түскен  болатын.  Бірақ  мен 

қазақстандық 

кәсіпорынды 

таңдадым. Неге дейсіз бе? Себебі 

Қазақстанда 

инвесторларға 

қолайлы  жағдай  жасалған. 

жұмыс  істеп,  кәсіп  ашамын 

деушілерге  қажеттінің  бәрі 

бар.  Рас,  кейбір  қолайсыздық 

пен  түрлі  кедергі  де  кездесіп 

қалып  жатады.  Бірақ  олар  да 

қазір  шешіліп  жатыр.  Егер  біз 

кемшілік  іздейтін  болсақ,  оны 

барлық  жерден  табуға  болады. 

Сондықтан  мен  осы  әрекетім 

арқылы  біздің  кәсіпорындарға 

инвестиция  салуға  болатынын 

және 


қажеттігін 

көрсеткім 

келеді.  Бұл  –  дұрыс  шешім, 

–  дейді  Геннадий  Головкин 

tengrinews 

порталының 

тілшісіне берген сұхбатында.

Расымен  де,  еліміз  бизнеспен 

айналысамын, 

кәсіпорынға 

қаржы 

саламын 


деушілер 

үшін 


қолдан 

келгеннің 

бәрін  жасап  бағуда.  Мұны 

шетелдік 

компаниялар 

тиімді  пайдаланып,  жерасты 

байлықтарын шамасы келгенше 

өндіріп,  қызығып  көріп  отыр. 

Ал  өзіміздің  байлар  ақшасын 

ел 


экономикасына 

құюға 


асығар 

емес. 


жаңалықтар 

таспасын  қарап  отырсаңыз, 

қазақ  байларының  шетелден 

қымбат 


виллаларды 

сатып 


алып  жатқанын  жиі  көресіз. 

Не үшін? Кім үшін? Халықтың 

қаражатын 

жеп 


тауысқан 

соң  қашып  кету  үшін  алдын 

ала  қам  жасап  жатқандары 

ма?  Әлде  басқа  ойлағандары 

бар  ма?  Осы  тұста  қаражатты 

жеп  қашқан  қара  қазақтан  ел 

экономикасына  қаржы  құйып, 

бокс пен бизнесте Қазақстанның 

атын  қатар  шығарып  жүрген 

сары қазақ артық болып тұрған 

жоқ па? 



Жұмыс істеп, кәсіп ашамын деушілерге 



қажеттінің бәрі бар. Рас, кейбір 

қолайсыздық пен түрлі кедергі де кездесіп 

қалып жатады. Бірақ олар да қазір шешіліп 

жатыр. 

akshamy@mail.ru

№25 (159)

7 шілде 2016 жыл

6

Анық-қанық



Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ 



  nurlyhan93@mail.ru



Геннадий Головкин – енді тек танымал спортшы ғана емес, өз елінің экономикалық 

дамуына үлес қосушы кәсіпкер. Күні кеше Қарағандыда әйгілі былғары қолғап шебері 

инвестиция құйған көмір байыту фабрикасы ашылды. Ол жылына 500 мың тонна көмір 

өндірмек, сондай-ақ 150 адамды жұмыспен қамтымақ. «GGG зауыт салады екен» деген 

гу-гу алғаш таралған кездің өзінде халық арасында «Головкин бокстан кете ме?», «Басқа 

танымал адамдар сауда орындарын, мейрамханалар салып жатқан кезде, оның өндірісті 

таңдауына не себеп болды?» деген бірнеше сауал туындаған еді. Осы сауалдарға жауап 

іздеп көрейік.

КӘсіПқой боКсшы – КӘсіПКер



Х

алықтың 


олай 

дейтіндей 

себебі 

де 


бар. 

Осымен 


екінші  рет  премьер  болған  Кәрім 

Қажымқанұлының 

кезінде 

қазақшаны 

үйренбекке 

ант-


су  ішкені  есімізде.  Иә,  аталған 

қызметке 

алғаш 

рет 


келген 

тұста 


Мәсімов 

былдырлап, 

екі  сөздің  басын  әзер  қосып 

қазақша 


амандасатын. 

Қазір 


онысын  да  қойды.  Өзге  ұлт  өкілі 

ретінде  мемлекеттік  тілде  өзі 

ғана  сөйлемесе  мақұл,  көз  жұма 

қарауға  да  болар  еді.  Бірақ  ол 

басқаратын  министрлер,  Үкімет 

мүшелерінің  бәрі  жиындарын  тек 

орыс  тілінде  өткізеді.  Ал  Сыртқы 

істер  министрі  Ерлан  Ыдырысов, 

Энергетика 

министрі 

Қанат 

Бозымбаев,  бұған  дейін  министр 



болып, бүгінде Астананы басқарып 

отырған Әсет Исекешев ана тілінде 

нан да сұрап жей алмайтын шығар. 

Тіпті, 


«оқушылардың 

бәріне 


қазақша  үйретемін»  деп  жүрген 

Ерлан Сағадиевтің өзі қазақ тіліне 

шорқақ.

жалпы, Мәсімовтің өзі қазақша 



үйренуге  уәде  беріп,  уәдесін 

орындамаса, оның қарамағындағы 

Сағадиевтен 

қандай 


қайыр 

күтуге  болады?  Өздері  үйрене 

алмай  жүрген  ана  тілін  біреудің 

баласына  олар  қалай  үйретпек? 

Демек, 

министрдің 



пафосқа 

толы  бұл  уәдесі  жай  ғана  қазақ 

қоғамының назарын аулау секілді. 

Аңқау  халыққа  арамза  молдалық 

жасап, 

кезекті 


реформасын 

жүзеге  асырғысы  келіп  отырған 

шығар,  кім  білсін?!  Бірақ  ұлт 

зиялыларының 

көпшілігі, 

қоғам  белсенділері  Сағадиевтің 

көтеріп  жүрген  үш  тұғырлы 

тіл 


реформасына 

түбегейлі 

қарсы. 

Олардың 


айтуынша, 

білім  саласына  аталған  реформа 

енгізілсе, болашақта дүбәра ұрпақ 

өсіп шығады 




1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал