Зигмунд Фрейдтің өзі растаған.
игілікті жұмыстарға қол жеткізуде.
қалыптастыру.
шақырамыз.
аузына тосады.
айқындай білді. Мұның өзі де үлкен жетістік.
11 жыл алған білімін сын сағатта дəлелдей алды.
балы – 101,8.
анық. Ол үшін кімді кінəлауға болар дейсіз...
9
12 маусым,
№24 (452)
ПАРАСАТ
Мерей
Көркем мінез, кемел ой
«Газет – халықтың көзі, тілі һəм құлағы»
деген ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы.
Баспасөз саласы асқан табандылық пен ерен
еңбекті қажет ететін дүние болғандықтан,
оның азабына, жұмысының қиындығына
шыдас беру де сол мамандықты жан-тəнімен
құлай сүйген жанның қолынан келеді.
Қоғамның барлық болмыс-бітімі, мəнді
мəселелер, түрлі ақпараттар ағыны да газет
бетінен көрініс табуы тиіс. Оның барлығын
да үйлестіріп, тілшілердің түйсігіне қозғау
салып, оларға нақты тапсырмалар жүктеп
отыру да редактордың міндеті. Сондықтан
редакторлық қызмет əрбір журналистке
үлкен-үлкен міндеттер жүктейді. Мақұлбек
Рысдəулет облысымыздағы ата басылым
«Ақ жол» газетін басқарды. Бас редактор
болды. Əрдайым азаматтық көзқарасы
айқын, алдына мақсат пен талап қоя білетін
жəне оны өзгеден талап ете алатын Мақұлбек
аға редакторлық қызметті абыроймен
атқарды.
Бүгінде
облыс
баспасөзінің
қазанында қайнап, майданында шынығып
жүрген танымал да талантты журналистерді
жұмысқа қабылдап, оларды тəрбиеледі.
Қандай мəселе болмасын Мақұлбек
Рысдəулеттің қаламынан қағыс қалған жоқ.
Ол «Егемен Қазақстан» газетінің облысымыз
бойынша тілшісі болғанда да кез келген
мəселенің өзектілігіне көркемдікті қосып өрді.
Халықтың көкейіндегі түйткілді мəселелерді
тап басып, оны биліктің назарына жеткізуге
де қызмет етті. Шеберлігі шыңдалған,
көзқарасы айқындалған, таланты толысқан
қаламгер ретінде көрінді. «Күміс белдік»
секілді прозалық шығарма жазды. Бір ғана
Сұлтанмұраттың бейнесі арқылы қазақтың
қилы тағдырын суреттеді.
Қазақтың
Сейдахмет
Бердіқұлов,
Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкей сынды
аяулы тұлғалары да кезінде еліміздің белді
басылымдарын басқарды, редактор болды.
Күнұзақ мақала қорытып, оны халықтың
рухани
қажеттілігін
қанағаттандыруға
жарату да үлкен жұмыс. Нағыз еңбек. Одан
қала берді редактордың өзіндік идеясы,
тілшіге берер тығыз тапсырмасы тағы бар.
Бір мақаладан оқылатын, татымды дүние
жасап шығару да оңай емес. Сөзден сөйлем
сабақтаудың мехнаты осыдан келіп шығады.
Осы жерде мына бір əдеби мысал еске
түседі. Жазушы Григорович өзінің балаңдау
кезінде «Петербург шарманшысы» деген
очеркін атақты Достоевскийге алып келген.
Достоевский оның «Бес тиын бақыр жерге
түсті де, дөңгелеп кетті» деген сөйлемін
ұнатпаған. Есесіне «Бес тиын бақыр тақыр
жерге ыршып түсті де, сылдыр қағып, секіре
дөңгелеп кетті» деп түзеткен. Редактордың
қызметі де тап осындай. Сөйлемге жан
бітіріп, оны көпшіліктің көкейіне құп ұялату
да үлкен шеберліктің, парасатты пайым
мен ұлттық ұстанымның жемісі. Тұтас
мақаланың бойында жан болуы тиіс деген
ұстаным – кез келген талантты редакторға
тəн. Бұл тұрғыда да Мақұлбек Қайыпбекұлы
жастарға
үлгі
боларлықтай,
облыс
баспасөзінің тарихында қаларлықтай еңбек
етті. Кəнігі бас редакторларша нанымды,
көркем
шығармаларды
газет
бетінде
жариялады.
Одан кейін Мақұлбек Рысдəулеттің
мұрағатшылық таланты да жарқырай
көрінді. Шаң басқан архивтерден талай-
талай тарихи деректерді аршып, оны
халықпен
қауыштырды.
Облыстық
газеттерде Ұлы Отан соғысына, саяси
қуғын-сүргін құрбандарына байланысты
жəне ашаршылық жылдары жайлы нақты
деректерге құрылған мақалалары жарық
көрді. Тарихымыздың ақтаңдақ беттерін
ашып көрсетуде де Мақұлбек Қайыпбекұлы
нағыз қазақтың азаматына тəн мінезбен,
ерекше
ерік-жігермен
белсене
еңбек
етті. Барлық саналы адамның ұлы уəйімі
ұрпақтарының тəрбиелі, текті, өз тарихы мен
əдебиетін біліп өсуі. Бұл қасиет Мақұлбек
ағаның бойынан да табылады.
Мақұлбек Рысдəулеттің кісілік келбеті де, талант-дарыны да қазақтың бойына
ежелден біткен тектілікті, өр мінезділікті, қайсар рухты көрсетеді. Қазақтың тарихы
мен əдебиетіне терең тамыр жіберген, сөз өнерімен ерекше дерттенген жанның
өмірлік тəжірибесі де, көрген-түйгені де мол болмақ. Қоғамның ішкі-сыртқы жағдайы,
алабөтен толғандырар мəселесі де оның назарынан тыс қала алмайды. Адам талантты
болып туғанмен, қалтарыс-бұлтарысы көп өмір жолында, сөз майданында ерекше
ширығып, шынығады. Ақ пен қара айқасқан өмірдің ақеділ жаршысы болуға, ізгілік
пен тектілікті насихаттауға ұмтылады. Əйгілі Толстойдың таланттың бір ғана пайыз
екендігін, қалғанының барлығы да еңбек арқылы келетінін мəлімдегені бекер емес
шығар. Талайдың талантын түлетіп, дарынына дем берген баспасөз майданы, қызу
еңбектің қайнаған ортасы. Небір маңдайлы марқасқаларды дайындап, ұлы дүбірге
қосқан да баспасөз саласы. Мақұлбек Қайыпбекұлы да жастайынан сөз ұстаханасында
тəрбиеленді, тəжірибесі мол редакторлар мен журналистердің кəсіби қырларын
бойына сіңірді. Ақыры өзі де тəжірибелі журналистердің қатарына қосылды, редактор
болды.
Хамит ЕСАМАН
Асқаралы алпыс бес
(Мақұлбек Рысдəулетке)
Аттай ғұмыр,
Алпыс бес асқаралы.
Ел ағасы атанар нақ бағалы,
Бойында бекзаттықты баптағаны,
Елдікті ойлап, ұлт жоғын жоқтағаны.
Алпыс бесте, айтпаса ақыл-кеңес,
Қартаюдың белгісі əжімде емес.
Жақсы менен жаманды айыратын,
Даналықтан тұратын бұл бір белес.
Артық айтпай саралап ой тезімен.
Көп бүлінсе, тоқтатар бір сөзімен,
Алпыс беске келгенде,
Келмеген бар,
Жан-жағына қарайтын сын көзімен.
Журналист, жазушы өнері бар,
Сөздерімен құяды ойыңа нəр.
Тарихқа үңіліп соңғы кезде,
Елдің жүгін көтерген бір қара Нар.
Жерұйығы – Жуалы өскен жері,
Кірін жуып, кіндігін кескен жері.
Сегіз шалдың ақылын айтар Көкем,
Алпыс бесте отырып, сексендегі.
Көгедай ШƏМЕРХАН.
Ақын рухына тағзым
Жыр жампозына құрмет
Жыр жампозына құрмет
Есет ДОСАЛЫ
Қазақтың айтыс өнерінде өзіндік
дара қолтаңбасын қалдырған саңлақ
айтыскердің бірегейі, Ауған соғысының
ардагері Əзімбек Жанқұлиев еді. Шағын
ғана Шақанда туылып жаһанға жыры
жеткен айтыскерді туып-өскен топырағы
Байзақ өңірі еске алып, рухына тағзым
етті.
Бұл күні Əзімбек ақынмен ұзақ жыл
айтыс аламандарында қатар жүрген,
өнердің қиындығы мен қызығын ұзақ
жылдар бірге бөліскен Халық ақыны,
оңтүстікқазақстандық Əселхан Қалыбекова,
шығысқазақстандық
Абаш
Кəкенов,
қарағандылық айтыскер, жұртқа «Сары
тентек» атымен танымал Қуаныш Мақсұтов,
өзбекстандық Бөрібай Оразымбетовтер
Сарыкемерге ат басын бұрып, майдангер
ақынның жерлестерінің жанынан табылды.
Əл-Фараби атындағы аудандық мəдениет
үйінде өткен «Алты алашқа танылған
ақын еді...» атты республикалық ақындар
айтысын Байзақ ауданының əкімі Мұратхан
Шүкеев пен облыс əкімдігі мəдениет,
мұрағат жəне құжаттама басқармасы
басшысының міндетін атқарушы Дүйсеналы
Бықыбаев сөз сөйлеп ашып, аяулы ақынның
өміршең шығармашылығына, айтыстағы
қайталанбас биігіне тоқталып, аламанға
сəттілік тіледі. Белгілі айтыскер Айтмұхамет
Исақов айтысты əуелетіп, жыр жолдарымен
ашып, арнау айтты.
Айтыстың
шымылдығын
Əселхан
Қалыбекова мен Абаш Кəкенов өзара
сөз сайысымен ашты. Халық ақыны
Əселханның:
– Əуелден жомарттығы дамыған ел,
Ұрпағы тəрбиеге жарыған ел.
Жақсылық Үшкемпіров балуанның,
Ерлігін бүкіл əлем таныған ел.
Əзімбегін жадынан шығармайтын,
Ассалаумағалейкум, Сарыкемер! – деген
шумақтары жүрек толқытты. Əзімбекпен
талай мəрте айтыс аламанына түскен
таластық Ербол Қамбатыров тараздық Алик
Бекмұсаевпен айтысында аяулы айтыскер
құрдасына деген сағынышын жаңбырдай
жаудырып, селдей төкті. Қарағандылық
Қуаныш Мақсұтов пен қордайлық Күміскүл
Сəрсенбаеваның
арасындағы
айтыс
та əдемі жарасымын тапты. Тараздық
жас айтыскер Нұрлыбек Құрманов та
жақсы дайындықпен келгенін байқатты.
Өзбекстандық Бөрібай Оразымбетов пен
сарыкемерлік Алтынкүл Қасымбекова залға
сыймай отырған көрерменнің көңілін тапқыр
жырларымен көтерді.
Соңында өзге облыстардан ат терлетіп
келген айтыскерлерге 100 мың теңгеден,
облыс аумағынан қатысқан айтыскерлерге
70 мың теңгеден жоралғы жасалды.
Əзімбектің айтыстағы ұстазы Қасқырбай
Нарбатырға, Мұхаметжан Тазабековтің
айтыстағы ұстазы Айтмұхамет Исақовқа
ақшалай сыйлық ұсынып, құрмет көрсетті.
Осы күні облыстық халық
шығырмашылығы
орталығының
ұйымдастыруымен алдын ала жарияланған
«Жырменен өткен көп күні» атты жас
ақындар
арасындағы
облыстық
жыр
мүшəйрасының қорытындысы жарияланды.
Бұл жыр мүшəйрасының бас жүлдесін жыр
бəйгесіне «Тараз-Талас» атты жасырын
атпен қосылған əріптесіміз, газетіміздің
шығармашылық топ жетекшісі Хамит
Есаманов (200 мың теңге) иеленді. Бірінші
орын Жанғазы Ахметовке ( 150 мың теңге)
берілсе, Мəулен Жаппасбаев (100 мың
теңге) екінші орынға лайық деп танылды.
Арайлы Жақсылық (75 мың теңге) үшінші
орынмен
марапатталды.
Наурызбек
Саршаев
пен
əріптесіміз
Табиғат
Абаилдаев (əр қайсысына 30 мың теңгеден)
ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Жыр мүшəйрасына қазылық жасаған
облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы
Көсемəлі Сəттібайұлы, ақындар Шырын
Мамасерікова мен Азамат Есалы мүшəйра
жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттап,
жүлделерін тапсырды. Əзімбектің қайын
апасы Күлəн Сапаралиева, ақынның аяулы
жары Бақыт Жұмабекқызы тебірене сөз
сөйлеп, ақынын ардақтаған ел-жұртқа
шынайы алғысын білдірді.
Алаштың
аяулы
ақыны
Əзімбек
Жанқұлиевқа арналған осынау іс-шара
елдің есінде ұзақ сақталары анық.
ҒЫЛЫМДАҒЫ ДҮБІРЛІ ДАРЫН
Факультет басшылары оның
ғылымға деген аса зор қабілетін
байқап, университетті аяқтаған
соң кафедрада стажер-зерттеуші
қызметіне қалдырып, кейін 1969
жылы «Химиялық кинетика жəне
катализ» мамандығы бойынша
аспирантураның күндізгі бөліміне
қабылдайды. Жас маман сол
кезден-ақ өзінің болашақта мықты
ғалым, білікті маман болатындығын
дəлелдеді. Құралбек Сəдібайұлы
–
республикамыздағы
жоғары
оқу
орындарында
жетекші-
ұйымдастырушы
ғана
емес,
сонымен
бірге
ірі
теоретик-
зерттеуші. Сонымен қатар, ол
Қазақстанда
жоғары
мектептің
əдістемелік
мəселелеріне
де
жеткілікті көңіл аударып келеді.
Профессор Құралбек Құлажанов
жалпы жоғары оқу орындарында
химия пəнін оқытудың əдістемесіне
арнап, көптеген оқулықтар мен
оқу құралдарды жəне ғылыми
мақалаларды жазған ғалым. Оның
авторлығымен бүгінгі таңда 490-
нан астам ғылыми жəне ғылыми-
əдістемелік еңбектер, соның ішінде
29 оқулықтар мен əдістемелік оқу
құралдары, 5 монография, 54
авторлық куəліктер мен патенттері,
195 мақалалары жəне 210-нан
астам халықаралық, республикалық
жəне аймақтық конференцияларда
шығарылған
баяндамалардың
тезистері жарияланды.
Құралбек Сəдібайұлы жоғары
деңгейдегі маман ғалымдар мен
жас мамандар дайындауға да үлкен
үлес қосты. Оның жетекшілігімен 7
адам ғылым докторы, 8 адам ғылым
кандидаты диссертация қорғады. Ірі
ғалым, зерделі зерттеуші, көптеген
ғылыми еңбектердің авторы жəне
үлкен өнертапқыш, белгілі ғылыми
мектептің негізін қалаушы Құралбек
Құлажановтың тағы бір ерекшелігі
– айтулы талант иесі екендігі. Ол –
нағыз педагог, жоғары оқу орнының
ұйымдастырушысы жəне тəжірибелі
жетекшісі. Ол 1980 жылы Жамбыл
жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі
технологиялық
институтының
Алматыдағы филиалына ауысты.
Мұнда ол институттың ғылыми-
зерттеу
секторын
басқарудан
бастап, филиал директорлығына,
кейін университет ректорлығына
дейін тамаша абыройлы жолдан
өтті. Бұл күнде еліміздегі ірі жоғары
оқу орны – Алматы технологиялық
университетінің
ректоры.
Алғашында
ғылыми-зерттеу
секторының
жетекшісі,
кейін
директордың ғылыми жұмыстар
жөніндегі орынбасары қызметтерін
атқара жүріп, ол өндіріс пен
ғылымды
ұштастыра
отырып,
ғалымдардың зерттеп дайындаған
техникасы
мен
технологиясын
өндіріске енгізумен айналысты. Сол
тұста Құралбек Сəдібайұлы жоғары
деңгейлі
ғылыми
мамандарды
аспирантура мен докторантура
арқылы əзірлеу ісін қолға алып,
институтты еліміздегі үлкен ғылыми
орталыққа айналдыруға атсалысты.
Ол өзін осы тұста жоғары мектеп
жүйесіндегі нағыз ұйымдастырушы,
кең диапазонды теориялық білімі
бар жəне қалыптасқан ғылыми
тəжірибесі мен дағдысы бар ірі
жетекші маман екендігін байқатты.
Құралбек Сəдібайұлы 1988-
1994 жылдарда директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары қызметінде
жүріп
студенттерді
оқытуды
ұйымдастыру
ісіне
көптеген
жаңалықтар енгізді. 1994 жылдан
бастап
филиалдың
директоры
қызметін
атқаруда
Құралбек
Сəдібайұлының нағыз басшылық
қабілеті жарқырап көрінді. Ал
1996 жылы өз алдына Алматы
технологиялық институты болған
кезінде ректор болды, кейін 1999
жылы Үкімет Қаулысымен Алматы
технологиялық
университеті
болып қайта құрылғанда да оның
ұйымдастырушылық,
басшылық
қызметі жалғаса, ұштала түсті.
Бұрынғы институттың филиалын
еліміздегі
қазіргі
заманғы
ірі
жетекші университеттер қатарына
жеткізу үшін ол үздіксіз еңбек
етті.
Оның
бірінші
кезектегі
жұмысы университеттің ұйымдық
құрылымын
жетілдіру
болды.
Қазіргі өмір талабына жан-жақты
талдау жасап, ректор бірқатар
жаңа
қызметтер,
кафедралар
ашты, ректораттың жаңа бөлімдері
мен бөлімшелерін құрды. Сөйтіп,
олар
үлкен
жəне
жауапты
қызметтерді орындай бастады.
Ректор Құралбек Құлажановтың
аса маңызды артықшылығының
бірі – университетті
əлемнің
білімдік,
ғылыми-техникалық
жəне ақпараттық кеңістіктеріне
енуіне бағытталған халықаралық
ынтымақтастықты дамыту болып
табылады.
Жетекші
ретінде
ғылыми
дəрежесі
мен
атағы
бар
оқытушылар
құрамының
сапасын жəне қызметкерлердің
санын арттыруға назар аударып,
ерекше
жауапкершілікпен
қарайды. Ректор ғылыми-педагог
қызметкерлердің сапалық құрамы
жүйелі түрде өскеніне ықыласпен
зер
салып
отырады.
Жылда
ондаған
ұстаз
университеттің
білімді жетілдіру институтында,
басқа ірі өндіріс орталықтарында,
шетелдерде өз мамандықтарын
жетілдіруде. Көпшілігі аспирантура,
докторантураға
түседі,
біразы
ғылыми
қызметкер
жұмысына
ауысып, шығармашылық демалыс
алып, кандидаттық, докторлық
диссертацияларын аяқтайды.
Жоғары
оқу
орын
оқытушыларының
сапалы
құрамына – халықаралық, шетел
жəне Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясының
19
академиктері, 59 ғылым
докторлары мен профессорлары,
170 ғылым кандидаттары мен
доценттері, 50-ден астам (PhD)
философия докторлары мен ғылым
магистрлері кіреді.
Ректордың
бұл
жағдайды
жақсартуға жұмсаған ерен еңбегі
өз нəтижесін берді. Ол сондай-
ақ
талантты
жастарға
шын
ықыласпен қамқорлық көрсетіп,
университеттің негізінде жүйелі
түрде студенттердің республикалық
киім дизайнына арналған «Жас
Өркен» жастар конкурсын жылма-
жыл ұйымдастырып келеді. Бұған
үнемі Алматы, Астана, Қызылорда,
Тараз,
Түркістан,
Шымкент
университеттерінің
студенттері
өздері жасаған жүздеген киім
үлгілерін ұсынып қатысады. Ең
тəуір
дегендері
мамандардың
сынынан өтіп, жоғары бағасын
алып, жалпы халықтың құрметіне
ие болады.
Академик
Құралбай
Құлажановтың
Қазақстан
ғылымына жəне Отандық жоғары
мектепке қосқан ерекше үлесін
Үкіметіміз бен қоғамымыз жоғары
бағалады. Ол «Құрмет» орденімен,
«Қазақстанның
еңбек
сіңірген
қайраткері» құрметті атағымен,
«Қазақстан Республикасы білім
беру ісінің үздігі» төсбелгісімен,
«Мəдениет қайраткері» құрметті
атағымен, «Қазақстан Тəуелсіздігіне
– 10 жыл жəне 20 жыл»,
«Қазақстан
Республикасының
Конституциясына – 10 жыл»
мерейтойлық
медальдарымен
жəне
«Білім
жəне
ғылым
қызметкерлерінің
кəсіподағына
сіңірген еңбегі үшін» медалімен
марапатталды.
Өзінің
үлкен
интеллектуалдық
потенциалы
жəне
адамгершілігі
арқасында
Құралбек Сəдібайұлы Құлажанов
университет
ұжымы
арасында
асқан
абыройға
ие
болып,
еліміздің білім саласында, ғылым
кеңістігінде, жақын жəне алыс шет
елдерде үлкен беделге ие жəне аса
зор құрметке бөленуде. Мен білетін
Құралбек
Құлажанов
осындай
тұлға.
Поделитесь с Вашими друзьями: