қайтқан екен.
5
12 маусым,
№24 (452)
– Мемлекеттік университеттің филология
факультетін бітіріпсіз. Қазақ радиосында
музыка редакциясын басқардыңыз. Филолог
бола тұра музыкалық, композиторлық салаға
қалай, қандай мақсатпен бет бұрдыңыз?
– Менің балалығым Жамбыл жерінде өтті.
Сарысу ауданы, бұрынғы Ілгерібас колхозының 7
жылдық мектебінде білім алдым. Əкем – Жақан
мұғалім еді, сол жеті жылдық мектептің алғашқы
директорларының бірі болды. Біздің əулеттен
есімі елге белгілі екі əнші шыққан. Бірі – Түсіп
атамның інісі Баржақсы, екіншісі – əкемнің туған
ағасы Шəуен. Көкеміз Сəкен Сейфуллиннің досы
болған. Сəкен 1919 жылы Шуға келгенде Шəуеннің
əнін көп тыңдаған, ауырғанда Əулиеатаға алып
барып, емдеткен де екен. Екеуі сол тарихи
қалада 40 күн бірге сайран салып жүрген. Əкем
– Жақанның ойлы, қоңыр дауысы бар еді. Біржан
салдың, Абайдың əндерін үлкен тебіреніспен,
ыңылдап айтып отыратын.
Менің
филологияда
оқығаным
рас.
Бірақ, барлық уақытым негізінен музыкаға,
композиторлыққа бағытталды. 1956 жылы
20 жасымда алғашқы əнім туды. «Түн ортасы
болғанда» деген, сөзі Қасым Аманжоловтікі.
Содан бастап, Алматыдағы композитор, музыкант,
əнші қауымның ортасына кіріп кеттім. Оқуым
болса сəтіменен жалғаса берді. 1957 жылы
қарашада Шəмші Қалдаяқовпен таныстым. 1958
жылы өтетін бүкілодақтық онкүндікке орай еліміз
бойынша əн конкурсы жарияланған болатын.
Сол байқауға Шəмші «Қайықта» əнімен қатысып
жатыр екен. Қалдаяқовпен достық осылай
басталды. Осы жылы «Салтанат» (сөзін жазған
Қадыр Мырза Əлі ), «Сағыныш» (сөзін жазған
Əнуарбек Дүйсенбиев) атты əндерім жазылды.
Осы əндер 1958 жылы радиоға қабылданды.
1958 жылдың Қазақ радиосының Жаңа жылға
арналған бағдарламасында Шəмшінің «Жүрек
сыры», «Қаракөз» əндерін əнші Мəдеш Ниязбеков
орындады. Осы жылдың келесі айында Қазақ
радиосы менің «Салтанат», «Сағыныш» деген
əндерімді еліміздің кең байтақ даласы мен
қаласына паш етті. Осылай музыка əлеміне ене
бердім.
– Əңгімелер жаздыңыз, романыңыз бар.
Жазушылығыңызды бағалайсыз ба, əлде
композиторлықты жоғары қоясыз ба?
– Суреткер адам идеясын жүзеге асырарда
жан тəнімен беріледі. Барымды салып əн
жазсам, онда – композитормын, бүкіл қабілетім
мен тəжірибемді арнап «Дудар-ай» əнін
зерттесем, онда зерттеушімін. Қағаз бетіне
бейнетімді қалдырып, кітап жазсам жазушымын.
Ештеңені бірінші орынға қоймаймын. Ал, қалай
еңбектенгенімнің бағасын көпшілік береді, себебі,
жұмысыңды өзің емес, басқа кісілер бағалауы
тиіс.
– «Жайлаукөл кештерін» жаздыңыз.
Жайлаукөлдің қазіргі жағдайын білесіз бе,
барып тұрасыз ба?
– Жайлаукөлдің қазіргі жағдайын мен
білемін, хабардармын. Арнайы барған кездерім де
болды. Ол ауыл қайта құру кезеңінен кейін ерекше
құлдырауды бастан кешті. Жайлаукөл жұрты
сондай керемет берекесінен, сүттей ұйыған
бірлігінен, тыныштығынан айырылды. Қоғам мүлкі
сатылып, мал өсіріп, егінін еккен қарапайым
тұрғындардың əлеуметтік өмірі құлдырап, кері
кете берді. Хаосқа айналды. Мұндай күйді жалғыз
Жайлаукөл емес, көрші ауыл да бастан кешірді.
Қамқалының бұрынғы берекесінен түк қалған жоқ.
Еліміз бойынша Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары
барлық ауылдардың жағдайының күрделенгені
даусыз шындық. Жылдар бойы жиналған байлық
көрінгеннің қолында кетті. Ал, «Жайлаукөл
кештері» əні 1971 жылы ауыл тұтастығын сақтап,
ырғалып отырғанда, кеңшардың байлығы тасып,
проблемасы жоқ кезде жазылған болатын.
Жайлаукөл құлдырағанымен, ол ауылға арналған
əн əлі сол шарықтаған күйінде тұрған секілді.
– «Енді ешқашан қазақтың классикалық
əні болмайды» – депсіз бір сұхбатыңызда.
Сонда қалай, кейінгі буын композитор іні-
қарындастарыңызға сенбегеніңіз бе, əлде
көңіліңіз басқа бір жағдайға алаңдаулы ма?
– Қазіргі əндерде көркемдік қасиет жоқ.
Шетелдік идеологиялық экспанция бізге енген
күннен бастап, жастар орындайтын əндер
құнарынан айырылды. Қазақ əні классикалық
əуезінен ешқашан дəл бұлай айырылмаған еді.
«Қорлан» , «Дудар-ай», Сыдық Мұхамеджановтың
əн-романстары тумайды енді. Қазіргі əндер
де хаос. Шын жүректен шығып, жан сезіміңді
қозғайтын əуез жоқ. Əндердің құнарсыздығы
өткен ғасырдың 70-ші жылдарының аяқ кезінде
індет, шетелден жұққан дерт болып кірді.
Жастар шетелдің даңғазасына бой ұрып,
желпілдеді. Осындайда данышпан Абайдың
«Қорқамын кейінгі жас балалардан...» – дегені
еске түседі. Қазақ əндері терең мазмұнынан,
сырлы сезімінен, сипат-бітімінен айырылды.
Əннің сүйегі, құрылысы бұзылды. Жастардың
түкке татымайтын əнсымағы сəнге айналды.
Қазақтың классикалық əні туылуы үшін, қазақтың
классикалық əндері жалғасуы үшін ендігі жағдайда
бүгінгі толқын Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш»,
«Ақ көгершін», Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі»,
«Бұлбұл», «Отан», Евгений Брусиловскийдің
«Алтай», «Шолпан», Мұхан Төлебаевтың
«Кестелі орамал», «Тос, мені тос», Бақытжан
Байқадамовтың «Домбыра», «Водавоз», Сыдық
Мұхамеджановтың «Жарық етпес қара көңілім
не қылса да», «Тербеледі тың дала», Садық
Кəрімбаевтың «Ақтамақ», «Сағындырған сəулем-
ай», Əблахат Еспаевтың «Маржан қыз», «Жайық
қызы», «Əлі есімде», Нұрғиса Тілендиевтің
«Құстар əні», «Алатау», Бекен Жамақаевтың
«Махаббат
вальсі»,
Шəмші
Қалдаяқовтың
«Ақмаңдайлым», «Бақыт құшағында», Əсет
Бейсеуовтың «Сырласу вальсі», «Алтыным»,
Мыңжасар Маңғытаевтың «Ақмаржан», «Іздедім
сені», Алтынбек Қоразбаевтың «Сағындым
Алматымды», «Сырғалым» əндерінен нəр алуы
тиіс. Міне, жоғарыда мен атаған əндер біздің
алдымызда жəне біздің кезімізде бүкіл халыққа
кең тарады. Осы шығармалар кеңестік əн өнерінің
Қазақстандағы ең үздігі саналып, қазақтың əн
мəдениетін, əн өнерін көркемдіктің кəсіби деңгейге
көтерген таңғажайып тарихи құбылыс болды. Мен
өзім осы аталған композиторлардың ортасында
жүріп, əндерімді жаздым. Оның қандай деңгейде
екенін күні бүгінге дейін бүкіл халық жақсы
біледі. Менің композиторлық жұлдызым осы
ортада биіктеді.
Бүгінгі жастар жақсы əн жазу үшін қазақтың
«Елім-айынан» бастап, халық əндерін жəне халық
композиторларының əндерін, кешегі кеңестік
кезеңде туған əндердің бүкіл рухын, əуезін
ана сүтіндей бойға дарытуы керек. Сонда қана
қазақтың есті, ақылды, мəйегі төгілген, жарқын,
жан жүректі тербейтін, сырлы сезімді, «О,
шіркін, мінекей əн!» деп бағаланатындай əндері
жазылады. Əн – халықтың бет-бейнесі, мінезі,
асқақ рухы, жаны мен жүрегі, ділі мен діні, пəк
сезімі, асқақ ойы. Міне, əн деген осы!
– Қазақстан мен Қырғыз Республикасының
еңбек сіңірген қайраткері екенсіз. Айыр
қалпақты
ағайындармен
байланысыңыз
қандай?
– Қырғыз ағайындармен байланысым ежелден
бар. Бала кезімізде біздің өңірге қырғыздың
артистері, өнер адамдары жиі келетін. Қырғыз
шешелеріміз, қырғыз жеңгелеріміз болды. Менің
жүрегіме айыр қалпақты ағайындар ешқандай
бөтендігі жоқ ел ретінде осылай қалыптасты.
Бертін келе қырғыздың біртуар классик
жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Жəмила»
повесі бойынша «Даниярдың əні», «Жəмиланың
əні», «Қызыл орамал – шырайлым» повесі
бойынша «Əсел», «Асылым», «Қош бол,
Гүлсары!» повесі бойынша «Бүбіжан» деген бес
əнімді жазып, «Кертолғоо» деген атпен Ықылас
жайлы романымды қырғыз тілінде шығарып
(«Қайта оралған», «Қош бол, вальс» повестерім
де қырғызша шығарылды), қырғыздың аса
көрнекті жазушысы Төлеген Қасымбековтың
«Сынған қылыш» атты тарихи диологиясын қазақ
тіліне аударып, осы еңбектерімнің нəтижесінде
қырғыз елінің үш атағына ие болдым. Олар:
«Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері»,
Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық
сыйлық жəне «Дəнекер» ордені. Қазір менің
əндерім Қырғызстанда дəл Қазақстандағыдай
шырқалып жатыр. Қырғыз əншілері əндерімді
əлемге танытып келеді.
– Суретшілік əлеміңіз жөнінде тереңірек
айтып бересіз бе? Ең жасы үлкен кəсіби
суретші атандыңыз, жақында 78 жасыңызда
диплом алдыңыз, құтты болсын!
– Рахмет. Мен осы жасымда Х.Досмұхамедов
атындағы Атырау мемлекеттік университетін
бейнелеу өнері мамандығы бойынша тəмамдадым.
Енді мен кəсіби суретшімін. Осыдан бір ай шамасы
бұрын Атырауда Шаймерден Сариев атындағы
музейде дипломдық жұмысымды қорғадым. Оған
қоса 40 шақты суреттерім көрмеге қойылды.
Елу-алпыс адам қатысқан көрме залында менің
дипломдық жұмысым сəтті қорғалды. Бұл көрме
«Жерұйық» дап аталды. Осынау триптихым
Алтай көрінісі, Сарыарқа көрінісі, Жетісу көрінісі
жəне Ақжайық-Атырау көріністері деп бірнеше
бөлімге бөлінді. Біздің əулетте туған қарындасым
Зейнеп Түсіпова жəне немерем Əйгерім суретші.
Мен Қазақстан көркем сурет академиясының
академигімін, бұл салада да əулетімізде барлығы
менен басталып жатыр. Сөйтіп, мен 78 жасымда
жоғары оқу орнының дипломын алған кісі атанып
отырмын. Менің жасымда университет бітірген
студент мүмкін əлемде де онша көп емес шығар.
– «Мыңмен жалғыз алыстым» – деді Абай.
Сіз қанша адаммен алысып жүрсіз?
– Менің соңғы романстарымның бірі «Мен бір
жұмбақ адаммын...» деп аталады. Мен данышпан
Абайдың «Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен
бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы,
соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым
кінə қойма» деген өлең жолдарын дəйім адалдық
пен тазалық үшін, шын пейіл сенім дүниесінің ұлы
тыныштығы үшін айтып жүремін. Абай мыңмен
жалғыз алысып шаршады, сол шаршаған күйінде
кетті. Ал, менің мына романсым сол мыңдарға
өзін ұғындыра алмай, толғаныс күйге түскен
Абайдың таза сезімін ұмыттырмай, бүгінгі жəне
келешектегі толқындарға жеткізу, сөйтіп жастарға
рухани адалдық, жүректің тазалығы жағынан
тəрбие беру. Абай сияқты мыңмен алыспасам
да, кей сəттерде өзімді басқаға түсіндіре алмай,
түсінісе алмай, азапқа түсетін кездерім болады.
– «Əр қазақ менің жалғызым» деген Сабыр
Адайдың сөзін қостайсыз ба? Руға, атаға
бөліну көбейді ғой. Қалай құтыламыз?
– Қазақтың ынтымағы, бірлігі мен тірлігі,
тұтастығы Мəңгілік ел болуы үшін өте қажет деп
білемін. Ұлы тұтастығымыз сызат түспей сақталса,
еліміздің еңсесі дəйім биік болса деп ойлаймын.
«Елім-ай» трагедиясындай қасірет енді болмасын.
Сол үшін де ру-руға, ата-атаға бөлінуді доғаратын
мезгіл жетті. Жеті атаңды білген жақсы, бірақ тұтас
қазақты сүйген одан да жақсы. Жалпы, қазаққа, өз
Отаныңа деген құрмет бəрінен жоғары тұруы тиіс.
Мен əр қазаққа осындай даналық, патриоттық
тілеймін!
– Еліміздің облыстарынан қандай əсер
алдыңыз аға?
– Алла берген өнердің арқасында өз
елімнің барлық облыс, аудандарында болдым.
Қазақстандай жерұйық жоқ мен үшін. Сəулелі,
тəуелсіз Қазақстандай жерұйықты мен еш жерден
кездестірмедім. Халқымыздың өнерді, мəдениетті
құрметтеген парасаты талай елден биік, біздің
елдің, халқының даналығын, жомарттығын басқа
елге үлгі ретінде де айтуға болады. Сондықтан,
көрмемнің де атын «Жерұйық» деп атадым.
– Шетелге барып тұрасыз ба? Біздің елден
олардың ерекшелігі қандай?
– Мен талай рет шет мемлекетте болдым.
Қытай, Монғол, Иран қазақтарын зерттедім. Туған
топырақтан тысқары жүрген отандастардың бағы
ашылуы тиіс. Олардың жағдайы соншалықты
жоғары емес. Сондықтан, барлық қазақтардың
тарихи Отанына оралғанын қалар едім. Себебі,
қазақтай кең тынысты ел жоқ Жердің бетінде.
Талай елден біздің елдің абыройы биік, еңсесі
жоғары тұр. Ол Елбасымыздың даналығына да,
халқымыздың парасаттылығына да байланысты.
– Туған өлкемен байланысыңыз бар ма?
– Елге барып та тұрамын. Мені іздемесе, елге
емес, сол өңірді басқарып отырған азаматтардың
азаматтығына сын. Жалпы жұртқа өкпем жоқ.
Мен Атырауда туып-өскен жоқпын. Бірақ, мұнда
сыйлымын, өте қадірлі азамат ретінде өмір
сүріп жүрмін. «Еділ мен Жайық» деген əнім үшін
арнайы ескерткіш жасап қойды. Атырауда сыйлы
болып жүргеніммен, жүрегімнің бір бүйірінде
Жамбыл жері, Жамбыл аймағы тұрады. Жалпы,
өзім туып-өскен жамбылдық тұрғындардың бəріне
сəлем жолдап, ондағы əр отбасыға жақсылық,
игілік, ізгілік тілеймін! Қашанда еліміздің абыройы
биік болып, мəртебесі арта берсін! Жамбылдық
жамағаттың да еңсесі биік болсын əманда!
– Əңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан Есет ДОСАЛЫ.
ОҚШАУ ОЙ
Біздің мінбер
«ҚАЗАҚСТАНДАЙ ЖЕРҰЙЫҚТЫ МЕН ЕШ ЖЕРДЕН КЕЗДЕСТІРМЕДІМ»
Илья ЖАҚАНОВ, композитор, жазушы, Қазақстан мен
Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ –
КЕЛЕШЕГІ ЗОР ҚҰРЫЛЫМ
Бұл дегеніміз Қазақстанның
базар-ошары 170 млн.
сатып алушыға жəне, тауар
тұтынушыларға ұлғайды деген
сөз. Егер бұл одаққа Қазақстан
мүше болмаса, Қазақстанда
шығарылған тауарларды
сатып алушылар тек қана 14
млн. адаммен шектелер еді.
Еуразиялық экономикалық
одақ – жастарға кең жол ашып
отыр. Өйткені, осы одақтың
арқасында, жастар қай елде
білім алам десе де өз еркі.
Одақ арқылы жастардың
өрісі мейлінше кеңеймек.
Осыны түсінуіміз керек. 170
млн. адамның бəсекесіне
төтеп беру үшін, мына үш
тетікті үнемі еске сақтап,
мұқият орындағанымыз
лəзім: біріншіден, күнделікті
өндірісте пайдаланылатын
құрал-жабдықтар, жалпы
технология заманауи, өте озық
болуы шартты. Екіншіден,
тауарды сапалы əрі өзіндік
құнын басқалардан төмен етіп
шығара білу керек. Үшіншіден,
кəсіпкер жалпы іс адамы үнемі
өзін-өзі қамшылап, білімін
жетілдіріп отыруы шартты. Бұл
тұста, біз жастарға сенеміз!
Жас буынға сенім артамыз!
Яғни, Еуразиялық
экономикалық одағына мүше
болу – ұрпаққа өте тиімді.
ЕАЭО тиімділігін бүкіл əлем
халықтары бүгінде түсініп
отыр. Сондықтан одаққа мүше
болуға, қазір 30 ел үміт артуда.
Ал, Армения, Əзірбайжан,
Қырғызстан, Тəжікстан
елдері – одаққа кіруге қызу
дайындық үстінде. Еуразиялық
экономикалық одақ Азия
мен Еуропаның – алтын
көпіріне айналмақ. Қазірдің
өзінде үш ел – Қазақстан,
Беларусь жəне Ресей Еуропа
одағымен байланыс орнатып,
олардың жіберген қателіктерін
қайталамауға тырысуда.
Əдетте, кез келген жаңа
іс, жаңа ой кедергілерге
ұшырамай тұрмайды.
Еуразиялық экономикалық
одақтың да жаулары бар.
Олардың негізгі аргументі
– Еуразия одағы біртіндеп,
КСРО-ға алып келеді деп
тон пішеді. Ол ой мүлде
негізсіз. Өйткені, КСРО-лық
экономикалық база жойылған.
Жүз пайыздық мемлекеттік
меншік жоқ. Дегенмен, ол
жаладан да құтылу үшін
үш ел басшылары, ЕАЭО
орталығы Астана қаласы
болсын деп шешіп отыр. Ал,
интеграция, қаржы орталығы
деп Алматыны таңдап отыр.
Мəскеу емес.
Осыған орай,
Елбасымыздың сөзін
қайталасақ: «Біз егемендігімізді
ешкімге бермейміз! Қазақстан
мəңгі Тəуелсіз ел болып қала
береді!»
Яғни, Еуразиялық
экономикалық одақ, тек
экономика секторында оқтын-
оқтын, білім жəне мəдениет,
медицина – салаларында
ғана дамиды! Ал, саяси
бостандығын, егемендігі мен
тəуелсіздігін одаққа кірген
елдер сақтап қалады. Бұған
дейін, үш ел – Қазақстан,
Беларусь, Ресей Кеден
одағын, Біртұтас экономикалық
кеңістікті игерген болатын.
2016 жылы, Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше
елдердің тауар айналымы 900
млрд. теңгеге жетеді деген
болжам бар. Ол дегеніміз – үш
ел халықтарының əл-ауқаты
күрт көтеріледі деген сөз.
Поделитесь с Вашими друзьями: