жүргізген екен.
мəдени іс-шаралар ұйымдастырылмақшы.
тұрады. Бүгінгі күні көлік жөндеу
жатыр.
12 маусым,
№24 (452)
4
АЙНА
ТАЛАСТЫ ТАЛАЙҒА ТАНЫТАТЫН ТАБЫСТЫ ЖОБА
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР АСТЫ БАЙЛЫҒЫН ҚАЙ ЖАҒЫНАН ЖАРЫСА ЖАЗСАҚ ТА ЖАРАСАДЫ.
КЕҢЕСТІК ГЕОЛОГ-ҒАЛЫМДАРДЫҢ АЙМАҚТЫҢ МИНЕРАЛДЫ РЕСУРСТАРЫН ЗЕРТТЕУ ҮШІН ҚАНШАМА
ЖҰМЫС ЖАСАҒАНЫ ӨТКЕН ҒАСЫРДЫҢ ЖЫЛНАМАСЫНДА НАҚТЫ ЖАЗЫЛҒАН. ЖАЛПЫ, ЖАМБЫЛ
ХИМИЯ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА ҮҢІЛСЕК, ОБЛЫС АТЫН АСПАНДАТҚАН САРЫ ФОСФОР ӨНДІРІСІ
ШЕЖІРЕСІ ЖИЫРМАСЫНШЫ ҒАСЫРДЫҢ БАС ЖАҒЫНА БІР-АҚ БАРАДЫ. КЕҢЕС ӨКІМЕТІ КЕЗІНДЕ
ТАРАЗДЫҢ ТӨҢІРЕГІНДЕ ТҮТІНІН БУДАҚТАТҚАН БІРНЕШЕ ЗАУЫТ ӨНДІРІСПЕН ҚАТАР, ӨҢІРДІҢ
ЭКОНОМИКАСЫНА ДА АЙТАРЛЫҚТАЙ ҮЛЕСІН ҚОСТЫ. АЛАЙДА, ОДАҚ ЫДЫРАП, «БАЛАПАН БАСЫМЕН,
ТҰРЫМТАЙ ТҰСЫМЕН» КЕТКЕН ЗАМАНДА ОЛ ЗАУЫТТАР ДА МАНДЫТЫП ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛМАЙ ҚАЛДЫ.
ОЛАРДЫҢ ІШІНЕН БҮГІНДЕ НЕГІЗІН САҚТАП ҚАЛҒАНЫ ТЕК «ҚАЗФОСФАТ» КОМПАНИЯСЫ. ҚАЗІР
ОСЫ «ҚАЗФОСФАТ» ЖШС-НЫҢ АРҚАСЫНДА ОБЛЫСЫМЫЗ ХИМИЯ ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ЕЛІМІЗДЕ
АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА ТҰР. БОЛАШАҚТА САРЫСУДАҒЫ «ЕУРОХИМ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ІРІ ЗАУЫТЫ
МЕН ШУ ҚАЛАСЫ МАҢЫНАН ОРЫН ТЕПКЕН «ТАРАЗ» ХИМИЯЛЫҚ ПАРКІ» ЕРКІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ
АЙМАҒЫНЫҢ 16 ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛЫП ЖАТСА, БҮГІНГІ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ БІРНЕШЕ ЕСЕ АРТАРЫ
СӨЗСІЗ. АЛ, ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫ ІРГЕСІНЕН БОЙ КӨТЕРІП КЕЛЕ ЖАТҚАН «TALAS INVESTMENT СOMPANY»
ЖШС-НІҢ КӨГІЛДІР ҚЫШҚЫЛ ЖƏНЕ НАТРИЙ ЦИАНИДІ ӨНДІРІСІ ЗАУЫТЫ ДА ӨҢІРДІҢ ХИМИЯ ӨНДІРІСІ
САЛАСЫНА ӨЗІНДІК ҚОЛТАҢБАСЫН ҚАЛДЫРМАҚ.
ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЖОБА
«Зауыт соғу идеясы бір-екі күнде, екі-үш адамның арасындағы
əңгімемен біте салатын шаруа емес. Сол себепті біз зауыт жобасын
есептеп, сараптап шығуға ұзақ уақытымызды, көп күшімізді жұмсадық»,
– деп бастады бізбен болған əңгімесін Бақтияр Əбілқайырұлы.
Бақтияр Əбілқайырұлы Алдашов бүгінде «Talas investment
сompanу» ЖШС бас директоры, одан бөлек облыстық мəслихаттың
депутаты. Ол біз мақалаға арқау еткелі отырған ірі зауыттың жобасын
жасау барысында нəтижеге қол жеткізу үшін уақытпен санаспай
ізденіп, көз майын тауысқан адамдардың бірі. Ал, он жыл бұрын
жобасының алғышарттары жасалған натрий цианидін шығаратын алып
зауыт құрылысы бүгінде 95 пайызға бітіп тұр екен. Біз бұған Қаратау
қаласының іргесінен еңсесін көтеріп келе жатқан жаңа зауытқа арнайы
іссапармен барғанда көз жеткіздік.
Бұйыртса, тамыз айында іске қосылғалы отырған бұл зауыт
алтын өндірісіне аса қажетті қымбат химиялық зат – натрий цианидін
өндірумен айналыспақ. Құрылысы 2011 жылы басталған зауыт
кешені жиырмадан астам ғимараттан тұрады. Ең бастысы, еліміздің
индустрияландыру картасын ашып қарайтын болсақ, бұл зауыттың
отандық өзге баламасын таппайсыз. Содан болар, құны қымбат
жобаның жүзеге асу жолы да ауыр болған сияқты.
– Жоба құны бүгінгі таңда 15 млрд. теңгеге жетіп тұр.
Алғашында 12 млрд. теңге болған. Біз жабдықтарымыздың бəрін
Қытайдан валюталық келісім-шартпен ақысын осыдан бір жыл
бұрын төлеп жіберіп алғанбыз. Ал, еліміздегі соңғы девальвациялық
өзгерістерден соң шығынымыз бірден көтеріліп кетті. Жобаның
қаржылық көздеріне келсек, 38 миллион АҚШ доллары «Сбербанктің»
несиелік желісі арқылы алынған. Ал, қалған қаржының бəрі
акционерлерінікі. Бүгінгі таңға дейін 12-13 миллиард теңгесі игеріліп
қойды. Осы айтылған 38 млн. АҚШ доллар несиенің банкке берешегін
Үкімет екі бағдарлама бойынша субсидиялап жатыр. Атап айтар
болсақ, несиенің 12,5 пайызының 7 пайыздық ставкасына «DAMU»
кəсіпкерлікті қолдау қоры бойынша, ал, 750 миллион теңге бөлігіне
шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 10 пайыздық
субсидия беріп жатыр. Бұдан бөлек, мемлекет тарапынан
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 1млрд.
469 млн. теңгеге барлық инфрақұрылымы жүргізілуде, – дейді
Б.Алдашов. Бірақ, бізді зауыт жобасының құнынан бұрын, «Идея төркіні
қайдан шыққан?» деген сауал қатты қызықтырды. Құрылтайшыға да
осы сұрағымызды қойып көрдік.
– Бұл жерде анау айтқандай идея жоқ. Əрине, кез келген
бастаманың басында белгілі бір көзделген мақсаттың тұратыны
рас. Дегенмен, бүгінгі нарықта, бизнесте өнімге деген сұраныс
болса, мемлекет рұқсат беріп, қолдау білдіріп тұрса, инвесторың
табылса, қолыңнан келетін ісіңді жүзеге асыра беруіңе болады.
Бұл зауыт бір-екі жылдың ғана жемісі емес. Біз сонау 2004 жылдан
бері мұның техникалық-экономикалық негіздемесін жасап, талдап,
сараптап бастағанбыз. Сараптау жұмыстарын 2008 жылы
бітіріп, елімізге осындай бір зауыт керек екен деген қорытындыға
келдік. Одан кейін инвестор іздеумен біраз жүрдік. Ақыры 2010
жылы инвестор тауып, 2011 жылы зауыт құрылысын бастадық.
Сондықтан, зауыт жобасын жүзеге асыру екі-үш адам бірігіп,
«осыны салып көрсек қалай болады?» дейтіндей оңай шаруа емес.
Мұндай жоба бізде бұрын-соңды болмағандықтан, осында ақпарат,
бағыт-бағдар беретін адам да табылмады. Сондықтан, шетелге
көп шығуға, ондағы істеп тұрған осындай зауыттарды барып көруге
тура келді.
ЗАУЫТ ЖƏНЕ ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Өндіріс орнының Талас ауданы орталығы маңынан таңдалуы бір
кездері қала тұрғындарының ойын сан-саққа жүгірткен еді. Онсыз да
облыстық тау-кен өндірісінің кішігірім отанына айналған Қаратаудың
экологиясының мына зауыттан кейін қандай болмағы қаратаулықтарды
алаңдатпай қоймас, əрине. Зауыт қожайындары Тараздың төңірегінен
зауытқа лайықты орын таба алмапты. Жамбыл ауданы орталығы
Аса жақтан бір жер шыққанымен ол жаққа темір жолын тарту 15-20
шақырымға жеткен екен. Бұдан басқа қажетті инфрақұрылымды тағы
қосыңыз. Оның бəрін есептегенде, инфрақұрылым шығыны зауыттан
қымбат болып шыққан.
– Біз негізі зауытымызды бұрынғы «Химпромның» бір
бұрышынан соқсақ па деп ойлағанбыз. Өйткені, ондағы сақталған
біраз ғимараттар бізге кішкене жеңілдік туғызар еді. Бірақ, ол
зауыт жеке меншіктің қолында болғандықтан, қожайындары бізді
жақындатпай қойды. Сөйтіп, ойлана келе Қаратауды таңдадық.
Біріншіден, ол қалаға темір жол барып тұр. Қасындағы қаладағы
адам күші де жеткілікті. Оның сыртында қаланы дамыту мəселесі
де ескерілді. Егер біз ол жаққа баратын болсақ, жұмыс орындарын
ашып жатқанымызды ескеріп, Үкімет те барлық мемлекеттік
тетіктер арқылы бізге де көмек береді. Сондықтан, алыс та болса
біздің зауытқа осы қала ең қолайлы болып анықталды, – дейді
Бақтияр Əбілқайырұлы.
Қанша дегенмен, зауыт химиялық заттарды бірнеше реакциядан
өткізіп, өнім өндіретін болғандықтан, оның экологияға кері əсер етуі,
етпеуі де маңызын жоймайтын мəселе. Сол себепті, ол маңдағы
топырақ пен ауаны жəне жер асты суларын сараптамадан өткізіп
тұру жіті ойластырылған. Ол үшін зауытты айнала бес скважина
қазылған екен. Яғни, ол скважиналардан экологтар белгілі бір уақыт
аралығында сынама алып тұратын болады. Сол сынамалар арқылы
арнайы зертхана жұмыс жасап, қоршаған ортаның тазалығы үнемі
бақыланып отырмақ.
–
Алдымен
зауыттың
айналасы
көгалдандырылып,
абаттандырылады. Оған қоса қоршаған ортаны қорғаудың,
экологиялық қауіпсіздіктің кəсіптік деңгейін арттыру мақсатында
жұмысшыларымыз арнайы оқу-семинарлардан өтіп тұратын
болады. Ал, ə дегенде біз зауыт құрылысын бастамай тұрып, оның
құжаттарын еліміздің Қоршаған ортаны қорғау жəне су ресурстары
министрлігіне жоғары деңгейдегі сараптамаға өткізіп, олардың
талапқа сай келетінін растайтын рұқсатын алдық. Ал, енді зауыт
жұмыс істеген күнде ары қарайғы экологиясы қалай болады деген
мəселе төңірегінде осындағы бақалаушы органдармен тығыз
байланысып жұмыс істеп жатырмыз. Одан бөлек, өзіміздің бас
экологымыз да бар, ол өз ісіне білікті, тəжірибелі маман. Зауыттың
барлық талаптарға сай соғылып жатқанын тағы бір мəрте айта
аламын. Мəселен, ол заң бойынша елді мекеннен бір шақырым
қашықтықта орналасуы тиіс. Ал, біз үш жарым шақырымға барып
тұрмыз. Сосын, біздің қасымыздағы химиялық кешеннің өнімдері
мен біздің өнімнің қауіптілігі бірдей санатқа жатады. Ол уақытында
халықаралық сараптамадан өткен кешен, – дей келе зауыт
директоры Б.Алдашов натрий цианидінің зияны ол өнімді шығарған
жерде емес, көбіне оны қолданған жерде анағұрлым қауіпті екенін
ескертті.
Түсінгеніміз, басты шарт – өндіріс кезінде тиісті технологияны,
қауіпсіздік талаптарын жіті сақтап отырса, оның ешқандай зияны
болмайды. Мəселе, пайдаланатын жердегі зиянда болып тұр. Өйткені,
натрий цианиді арқылы алтынды өзге металдардан ажыратып алар
кезде ашық химиялық реакция жүреді. Міне, осы сəтте абай болып,
қауіпсіздікке мұқият көңіл бөлген жөн. Ал, мұндағы реакциялар жабық
реакторлардың ішінде жүзеге асады. Зауыт ерекшелігі сол, егер, сол
реакцияның бір параметрі дұрыс болмай қалса, автоматика барлық
процесті дереу тоқтатып тастайды екен.
ҚУАТТЫЛЫҚ ЖƏНЕ ШИКІЗАТ КӨЗІ
Қуаттылыққа тоқталсақ, зауыт жылына 7200 сағат уақыт жұмыс
істеп, осы уақыт ішінде 15 мың тонна негізгі өнімді береді. Бұдан бөлек
5 тонна тыңайтқышы жəне бар. Қазақстанның натрий цианидіне деген
сұранысы 12 мың тонна. Ал, көршілес Қырғызстан мен Өзбекстанда
Қазақстанға қарағанда алтын өндірісі екі-екі жарым есе жоғары.
Сондықтан, ол жақта да алтын өндірісіне ауадай қажет болып отырған
натрий цианидіне деген сұраныс тіпті жоғары. Бүгінде еліміздің өзге
аймағындағы алтын өндірушілер мен сырт елдердің кəсіпорындарынан
да тапсырыстар түсіп жатыр екен. Бақтияр Əбілхайырұлының
айтысына қарағанда, натрий цианиді зауытының өнімі қоймада жатып
қалатын өнім емес екені байқалады.
Мұндағы өндіріске қажетті шикізаттар аса көп емес. Олардың ең
негізгісі – кəдімгі табиғи газ. Ол «ҚазТрансГазАймақ» АҚ құбырымен
келеді. Ал, аммиакты Ақтаудағы «Қазазот» деген кəсіпорын жеткізіп
берсек. Күйдіргіш натр (каустик) аталатын тағы бір маңызды шикізатты
не Павлодардан, не Қытайдан алу жоспарда бар екен. Бастысы ол екі
жақпен де келісім-шарт жасалған. Күкірт қышқылының жарасы тіпті
жеңіл, ол өзіміздегі «Қазфосфаттың» цехынан жеткізілмек. Бір сөзбен
айтқанда, зауыт үшін шикізат жағынан ешқандай кедергі жоқ.
АДАМ КҮШІ
Адам күшіне келетін болсақ, қазіргі таңда зауыттың басшылық бөлігі
мен негізгі инженерлік саласына 100 шақты маман арнайы конкурспен
іріктеп жұмысқа қабылданған. Енді тамыз айына таман 50-ге тарта орта
буынды шеберлерді алу жоспарланыпты. Өйткені, осы уақыттарда
зауыт нақты жұмысына кірісу керек. Ал, зауыт толық іске қосылған
соң шамамен мұнда 500-дей адам жұмысқа орналаспақ. Одан бөлек,
зауытқа қызмет ететін асхана, дайын өнімді қораптарға салатын цех,
қауіпсіздік қызметі, жұмысшыларды қаладан жұмысқа тасушы сынды
қосымша мекемелерге де жұмысшылар алынбақ.
– Шілде айында зауытты өткізсек деген ойымыз бар. Тек
жоғарыда айтқан автоматикасын іске қосатын, реттейтін
жұмыстары ғана қалды. Айта кетерлігі, бұл жерде адам күші
араласып істейтін жұмыс аз. Көбін автоматика атқарады. Ал, ол
дұрыс жұмыс істеуі үшін барлық талап сақталуы керек. Сондықтан,
біз қытайлық компаниямен арнайы шартқа отырғанбыз. Ол бойынша
біз қай кезде қай мамандарын сұраймыз, олар сол мамандарын жіберіп
тұрады. Ал, біз олардың виза, келіп-кету мəселелері мен жатын
орындарын, тамақтарын реттеп беріп отырамыз.
Сонымен қатар, жұмысшылар үшін Қаратаудан бітіп тұрған
көп қабатты тұрғын үйдің он пəтерлі бір подъезін сатып алдық.
Ол пəтерлерді Тараздан барып-келіп істейтіндерге жатақхана
етіп беріп жатырмыз. Оған 60 адам сыйғызу жəне жоспарда бар.
Пəтерлерде барлық жағдай жасалған. Отбасымен тұратындарға
да болашақта тұрғын-жай қарастырылмақ. Ол үшін басқа компания
жалға алып тұрып жатқан көрші подъезді алдағы уақытта сатып
алуды көздеп отырмыз, – дейді «Talas investment сompanу» ЖШС бас
директоры Бақтияр Алдашов.
Айтпақшы, серіктестік басшылығы М.Х. Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университетінің Қаратау қаласындағы факультетімен де
келісім-шартқа отырып қойыпты. Енді ол бойынша белгілі ғалымдар
зауыт үшін мамандар дайындауда.
ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ
«Talas investment company» ЖШС құрылыс бөлімінің басшысы
Шəріпхан Бейсенов екі нысаннан бөлек барлық нысандардың құрылыс
жұмыстары аяқталып қойғанын жеткізді. Енді жобалаушылар Қытайдан
биотазалау цехы мен жəшік пен барабан шығаратын қосымша екі
цехтың жобасын алмақшы. Қалған цехтардың жобалары бойынша
жұмыстар аяқталып қойған екен.
– Ал, инфрақұрылымнан республикалық бюджеттен тартылуы
тиіс 12 шақырымдық жоғары кернеулі электр желісінің жұмыстары əлі
жүруде. Қазір цехтардың сызбалары бойынша жұмыстар жасалынып
жатыр. Бұйыртса, шілде айында барлық цехтар дайын болады. Қазір,
технология желілері монтаждалу үстінде, оның шамамен 80 пайызы
дайын. Енді оларды іске қосу, жалғау жұмыстарын атқаруға тағы
он алты қытайлық келеді. Ол жұмыстардың майда-шүйде қосалқы
құрылғылары өте көп, яғни, уақыт пен ептілікті талап етеді.
Сондықтан, оны асығыс бітіре салуға болмайды, – дейді Ш.Бейсенов.
Зауыт құрылысының негізгі мердігері шымкенттік «Мұнай Құрылыс
Сервис» ЖШС. Қосымша мердігер ретінде мұнда жамбылдық жəне
еліміздің басқа аймақтарынан да оннан аса компаниялар еңбек етуде.
Ал, қытайлық құрылғылардан басқа құрылыс материалдарының
бəрі отандық. Құрылыс қарқыны артқан былтырғы жылы 800-дей
адам жұмыс істесе, қазір мұнда 350 адам жұмылдырылған. Төңіректі
абаттандыруды қолға алатын – мердігер компания. Ал, зауыт
құрылтайшылары көгалдандыру жұмыстарын жүргізбек. Бүгінде 250
түп тал егілген, енді осы көгалдандыру жұмыстары аясында гүл егу
кезегін күтіп тұр.
Поделитесь с Вашими друзьями: