Жазғы демалыс Бар жақсылық балаларға Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялап, өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалығы біздің жалпыұлттық міндетіміз екенін атап өткен болатын



жүктеу 17.48 Kb.
Дата01.09.2022
өлшемі17.48 Kb.
#20978
лагерь мақала
Балдырған лагері, әдебиет, пед, Ежелгі немесе антика әдебиеті

Жазғы демалыс
Бар жақсылық балаларға
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялап, өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалығы біздің жалпыұлттық міндетіміз екенін атап өткен болатын. Осы ретте аталған жылы бар жақсылықты балаларға арнап, оларды сапалы біліммен, көңілді демалыспен қамтамасыз ету - мектебіміздің алға қойған мақсаттарының бірі.
Осы мақсатта Манашы жалпы білім беретін мектеп жанынан «Балдырған» жазғы сауықтыру лагері ашылған болатын. Әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасылардың 300 бүлдіршіні лагерімізде 2 ауысымда демалды. Ауысым ұзақтығы 6 күн, әр ауысымда 150 бала. Жазғы лагерьді өткізу қажеттілгі жазғы жағдайда оқу үрдісін жалғастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, балаларды жазғы уақытта іспен қамту мәселесі секілді жайлардан туындап отыр. Лагерь бағдарламасы балалардың қызығушылығы мен психологиялық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалды. Мектеп жанындағы лагерьдің мақсаты – педагогикалық ұжым, ата-аналар қоғамдастығы, оқушылар, мектептен тыс ұйымдардың өзара қарым-қатынасын орната отырып, оқушылардың жазғы демалысын өткізуі үшін қажетті әдістемелік, ұйымдастырушылық, ақпараттық жағдайларды қамтамасыз ету.
Лагерь жетекшілері Нұралы Баймұратов, Қарашаш Кошкинбаева, Қарлығаш Сәрсенбаева, топ тәрбиешілері Жайсан Сейтова, Айнұр Дүйсенова, Шынар Өтенова, Әлия Джамаладинова, Сандуғаш Султанова, Гүлмира Қалбай, спорт тренері Асан Шарападинов бекітілген жоспарға сәйкес балалар арасында ойындар, түрлі эстафеталар, сурет көрмесін ұйымдастырып, Маңғыстау облыстық Әбіш Кекілбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайының Бейнеу аудандық филиалындағы түрлі тарихи құндылықтармен таныстырды. Аудан әкімдігінің қолдауымен Абыл мәдениет үйінде World Disney мультфильмдерін тамашалады. Лагерьде демалушыларға сапалы, түрлі дәрумендерге бай асхана мәзірі ұсынылды. Осы орайда мектеп директоры Аманов Қайрат Ағаділұлына алғысымыз шексіз.
Лагеріміздің жабылу салтанатында балалар 12 күн ішіндегі өздерінің көңіл-күйлерімен бөлісіп, ән айтып, би билеп, белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталады. «Балдырған» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері әрқашан балалардың жазғы демалысын ұмытылмастай етіп іске асыруға бар күш-жігерін салады. Жаздағы жақсы демалыс – жыл бойына қажетті күш –қуат.

Қарлығаш Сәрсенбаева,
Манашы жалпы білім беретін мектептің психологы.
жүктеу 17.48 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет