Жастар газеті №1-2 (49-50) 28 ақпан, 2014 ж


Мұстафамен  жұмыс  жасаған  фашистер  тобының



жүктеу 388.72 Kb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата26.04.2017
өлшемі388.72 Kb.
1   2   3   4

Мұстафамен  жұмыс  жасаған  фашистер  тобының 

Мұстафаны  өлтіруге  негізі  бар-тын.  Біріншіден  – 

өз  елінің  патриоты  болды,  елін  Кеңес  Одағының 

құрсауынан  босатуға  бар  күшін  салды,  көптеген 

құрбандықтарға  да  барды.  Екіншіден  –  Орта  Азия-

ның  болашағын  ойлаған  адам  немістің  мүддесін 

қалайша  қорғасын.  Орта  Азияны  Кеңестің  отары-

нан қорғап шығып, фашистке тəуелді етіп қоймақ ұл 

Мұстафа емес еді. Ендеше фашистер оған қалайша 

сенім білдірсін, қазақ жігітінің көздегені айдан анық 

еді.  Демек,  Мұстафа  гитлершілерге  де  ұнамағаны 

түсінікті. Бірақ біздің бұл ойларымыз бен кезіндегі 

Мария  жеңгеміздің  күдігі  əлі  тарихи  дəлелденген 

жоқ.

Эльмира Абетжанова

МҰСТАФА КІМНІҢ 

ҚОЛЫНАН 

ҚАЗА ТАПТЫ?



МЕНШІК ИЕСІ:

С.Торайғыров 

атындағы Павло-

дар мемлекеттік 

университеті

Редактор: 

Жанар Елешова



Дизайнер: Н. Яницкая

Тілшілер: М. Амантай, 

Ə. Абетжанова, М. Сағидолла.



Ақылдастар алқасы: 

Қ.Алдабергенов, Ж. Бижан, 

А.Тойшыбайұлы, Г. Кенжебалина.

Редакция мекен-жайы:

Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, 

каб.427-А, тел.673648

• ГАЗЕТ  Қазақстан Республика сы ның 

Мəдениет жəне ақпарат ми нистр -

лігінде есепке алынып (04.12.2008), 

ол туралы №9722-Г куə лігі берілген.

• ГАЗЕТ бетіндегі автордың 

мақала лары, хаттары редакция ның 

көзқарасын білдірмейді

• ГАЗЕТ  Павлодар облыстық 

«Баспасөз үйі» ЖШС баспаханасын-

да басылды. Павлодар қ., Ленин к., 

143 үй, тел. 61-80-26

• ГАЗЕТ  айына бір рет шығады, 

таралымы 500 дана. 

Тапсырыс № 444

ДемAll


Қаңтар қандай ай?

Қаңтар  –  күннің  «қаңтары-

лып байланатын», одан əрі то-

қырап  қысқара  алмайтын  айы 

болғандықтан  осылай  аталған. 

Бұл  айдың  түс  кезінде  күннің 

көзі аспанның оңтүстік жағында 

жəне сол күнгі ең биік деңгейде 

тұрады.  Күн  сайын  бұл  деңгей 

өзгеріп  отырады.  Оның  жыл 

ішіндегі  ең  биік  қалыпта  бола-

тын  кезі  –  жазғы  күн  тоқырау 

(22 маусым), ең төмен болатын 

кезі қысқы күн тоқырау (22 жел-

тоқсан).

Қаңтарулы тұрған аттың басы 

жерге  қалай  жетпесе,  қаңтар-

дағы  күн  көзі  де  одан  əрі  тө-

мендеп,  көкжиекке  жақындай 

қоймайды.  Мұны  қазақтар  бағ-

зыда-ақ байқаған. Қаңтарда күн 

қысқарып, түн ұзарады. Осыған 

орай ежелгі түркі тілінде безбен 

таразысының  таяғы  да  қаңтар 

деп аталған. Безбеннің бір басы 

көтеріліп, екінші басы төмендеп 

барып тоқтайды.

Чуваш тілінде оңтүстік жақты 

жəне  түс  уақытын  қаңтар  деп 

атайды.  Бұл  қаңтардың  қазақ-

ша мағынасына жақын. Қаңтар-

дағы  ауа  райы  күн  құлақтанып 

шықса, не боран соғады, не аяз 

болады.


Күн  құлақтанып  батса,  ауа 

райы жылынуға тиісті.

Соған сəйкес біздің ата-баба-

ларымыз:  «Ертеңгі  күн  құлақ-

танса,  еліңді  жау  шапқандай 

қорық,  кешкі  күн  құлақтанса, 

келінің  ұл  тапқандай  қуан»,  – 

деген.


Күннің  таласуы:  Қаңтардың 

алғашқы  күніне  күннің  бой  кө-

теруі  сəйкес  келеді.  Ауа  райы 

өзгеріп,  сырғыма  жүреді,  қар 

жауады.

Қыс  шілдесі.  Бұл  сары  аяз 



туатын  осы  айдың  соңғы  күн-

дері.  Қаңтарда  туғандар:  қа-

зақтың  белгілі  ақыны,  ғалым, 

қоғам қайраткері Ахмет Байтұр-

сынов  (23.01.1873  ж.),  мем-

лекет  қайраткері  Дінмұхамед 

Қонаев (12.01.1912 ж.), өнер 

қайраткері, Халық Қаһарма-

ны Роза Бағланова (01.01. 

1922 ж.).



 



КӨЗІМНІҢ ҚАРАШЫҒЫ



Ақпан қандай ай?

Ел  аузында  өтіп  бара  жат-

қан қаңтар ақпанға мынандай 

аманатын  айтыпты:  «Ақпан-

Тоқпан,  Ай  мүйізді  алты  күн. 

Айқайлап  соқпа  жеті  күн.  Қа-

һарлы  келсе  қатты  күн,  Қы-

рына алса қырық күн. Боз тоқ-

тыда  құйрық  қалды,  Қырлан, 

Ақпан, қырлан!».

Ақпан  –  «ақ  жəне  ықпа» 

сөзінен  шыққан.  Ақпандағы 

ауа-райы  аумалы-төкпелі,  құ-

былмалы.  Ақ  ықпа  сол  мағы-

наны білдіреді. Біздің данагөй 

бабаларымыз қаңтар, ақпанға 

мынандай  сипат  берген:  Қаң-

тар – аяз айы, ақпан – боран 

айы.  Қаңтар  бөгет  салады, 

оны  ақпан  бұзады.  Ақпан  – 

қайталаманың ақ бораны.

Ақпан:  «Білмесең  білдірем, 

білсең бүлдірем», – дейді.

Ақпан 


алдамшы. 

Бір 


бүйіріңді  қыздырса,  екінші 

бүйіріңді  мұздатады.  Бір  қо-

лымен  маңдайдан  сипап, 

екінші  қолымен  маңдайдан 

шертеді. 

«Жақсылығына 

барса  –  құт,  жамандығына 

барса  –  жұт»  айы.  Ақпан  тұ-

рақсыз,  кейде  аяздың  беті 

қайтып,  сынады,  кейде  ас-

пан  түнеріп,  жапалақтап  қар 

жауады.  Оның  бұрқасынды 

да,  шуақты  күндері  алма  ке-

зек. Ақпанда қыс пен көктем 

белдеседі.  Қаңтарда  бұрқа-

сын боран тəулік бойы соқса, 

ақпанда  түнде,  таң  алдында 

соғады.  Ақпан  борандайды, 

келер  наурыз  –  жылауық. 

Ақпан  аяғында  аяз  айылын 

жиып, қыс қаһарынан айыры-

лады.  Ақпанда  күн  ат  адым 

ұзарады.  Ақпан  –  жылдың 

қысқа  айы.  Кейде  28,  кейде 

29  күннен  бітеді.  Қазақтар 

ақпан  айы  туралы:  «Құт  ке-

леді – жұт келеді» деген.

Ақпан  айында  кешкісін  ас-

панда жұлдыз быжынап көрін-

се,  қыстың  ұзаққа  созылуы 

мүмкін.  Қырау  түспей,  күн 

желді  болса,  боран  соғады. 

Жұлдыз  жымыңдаса,  боран 

соғады,  жарқыраса  аяз  тұра-

ды,  күңгірттенсе  күн  жылырақ 

болады. Қарағаш бұтағына жа-

бысып қар түспесе, күн жылы-

нады.  Салқын  жəне  ылғалды 

болса,  келер  тамыз  –  ыстық 

болады.  Айдың  соңғы  жарты-

сында  ауа-райы  ашық  болса, 

жаз қуаң болады. Жер көлкіл-

деп,  ылғал  молайса,  жазда 

жер  отты,  дала  қарлы  болса, 

келер  жазда  жер  нəрлі  бола-

ды.  Алқап  қалың  қар  жамыл-

са,  көкекте  көл  суға  толады. 

Ақпанның  он  бесінші  жұлды-

зы – қыс пен көктемнің алғаш 

ұшырасатын  күні.  Бұл  күнгі 

ауа-райы  қандай  болса,  көк-

тем  райы  сондай  болмақ.  Екі 

аралықта  қар  жауса,  көктем 

жаңбырлы болады. Айдың ая-

ғында  бұршақтан  кіші,  мұзды 

қар  түйіршікті  сырғақ  жүреді, 

қатты боран соғады, сол кезде 

қасқырдың  арланы  мен  қан-

шығы  жұптасады,  мұны  «Бөрі 

сырғақ» дейді.

Ақпанда туғандар Шығыс ғұ-

ламалары Ə. Науай (9.02.144), 

З.  Бабыр  (14.02.  1483),  өнер 

мен  ғалым  қайраткерлері 

К.  Кенжетаев  (25.02.1916), 

С. Зиманов (19.02.1921).

Сен сұлу!

8

Бүгінгі  əңгімеміз  əр  бойжеткенді  тол-



ғандыратын мəселе шаш туралы болмақ. 

Қыс уақытында бас киімнің астына басы-

лып,  аязға  əбден  тоңған  шашыңыздың 

қазіргі  жағдайы  қандай??  Көктем  жақын-

дағанда  шашыңызға  ерекше  көңіл  бөл-

геніңіз абзал.

Шашымыздың əдемі болып, əр түрлі хи-

микаттарға зақымданбауы əр сұлудың ар-

маны емес пе?! Олай болса шашты қалай 

күту  керектігін  жəне  қалай  күту  пайдалы 

екендігін назарларыңызға ұсынамын.

Ең  алдымен,  шашты  кептіруді  үйре-

нейік.

Дені  сау  шаш  өте  нəзік  жəне  бос  бо-



лады.  Алдымен  шашыңыздың  арала-

рын  саусақтарыңызбен  бөліп,  жуан  тісті 

тарақпен  тарау  керек.  Сондай-ақ  шаш-

тың  саулығына  зақым  тигізбейтін,  оны 

ұшынын  бастап  тарақпен  тарап  отырып 

кептірген  дұрыс.  Бірақ  уақыттың  азды-

ғына  байланысты  шашымызды  фенмен 

кептіруге тура келетін жағдайлар болады. 

Ал,  осындай  жағдайларда  оның  режимін 

жылыға  қойып,  15-20  см  қашықтықта 

кептіру керек. Бұлай кептірген шашқа еш-

қандай  зиян  келмейді.  Егер  шашты  тез 

кептіргіңіз келсе, феннің режимін күшейту 

керек. Мұндайда ыстық ауамен кептірмес 

бұрын, шашқа арнайы ласьон жағу керек.

Шаштың  табиғи  əдемілігімен  жылтыр-

лығын сақтау үшін күнделікті ішіп жейтін, 

тағам құрамындағы дəрумендер мен ми-

нерал құрамына мəн беруіңіз тиіс. Мыса-

лы, А, С, Е дəрумендері шашқа əдемілік 

пен көлем береді.

Бас терісіне ерекше күтім қажет. Шашы-

ңыздың дұрыс өсуі үшін шаш түбірлері ор-

наласқан бас терісінің  күтіміне де дұрыс 

көңіл бөлу керек. Шаш түбірлері орналас-

қан  бас  терісі  аймағында  қан  айналым 

дұрыс жұмыс жасаса, онда шаштың өсуі 

дұрысталады.

Ал  енді  дүкендерден  немесе  дəріха-

налардан шашыңыздың өсуіне көмек бе-

ретін маскаларды немесе кондиционерді 

пайдалансаңыз  химиялық  қоспасы  жоқ 

немесе  химиялық  күші  əлсіз  қоспалары 

бар нəр бергіш заттарды пайдаланыңыз.

Шаштың  саулығы  үшін  арнайы  маска-

ларды  жасауды  əдетке  айналдырыңыз. 

Шаштың  тез  өсуіне  көмектесетін  қол-

дан жасалатын маска түрін де қолданып 

көріңіз.

Маска құрамы: 2 ас қасық қыша (горщи-

ца)

2 ас қасық ыстық су



1 жұмыртқанын саруызы

2 ас қасық зəйтүн майы

2 шай қасық қант ұнтағы

Құрамдас  бөліктерді  қосып,  араласты-

рамыз. Шашымызға 15 минуттан 1 сағат-

қа дейін қалдыруға болады. Нақты уақыт 

масканың басыңызды қаншалықты ашыт-

қанына  байланысты  болады.  Шыдамды 

болған  жағдайда  1  сағат  күте  тұрсаңыз 

болады. Алайда, басыңыз күйіп бара жат-

са, 15-20 минутта жеткілікті.

Маска  нəтижесінде  шаштың  өсуін  тез-

детіп, шаш қалың əрі əдемі болады. Сон-

дай-ақ  бұл  маска  шаштың  түсуіне  тос-

қауыл бола алады.

Ал,  осындай  маскалар  жасауға  қолы-

ңыз тимей жатса немесе ауырлау тиетін 

болса,  тиімді  жолын  таңдаңыз.  Ол  үшін 

сусабынға дəріханаларда сататын мумие 

табиғи таблеткаларын сатып алып, оның 

он  данасын  сусабынға  салып  қойыңыз. 

Басыңызды  жуар  кезде  сусабынды  шай-

қап  бір  жуып  алыныз  да,  екінші  рет  жу-

ғанда  сусабынды  шашыңызға  жағып  3-5 

минуттай  ұстап,  шайып  тастаңыз.  Бұл 

тəсіл  шаштың  тез  өсуіне  жəне  түсуінен 

қорғайды. Сондай-ақ, шашыңыз жібектей 

жылтырап, керемет иісін жоғалтпайды.

Салтанатты  кешке  барарда  немесе 

жай  күндері  болсын  шашыңызды  бұй-

ралап  не  болмаса  əр  түрлі  шаш  үлгісін 

жасап жүріңіз. Қыз балаға бұл өте əдемі 

жəне тартымды көрінеді. Ал, шашты сəн-

деу үшін  бұйралайтын құралды (плойка) 

пайдаланбауға  тырысыңыз.  Себебі,  ол 

шашқа зиян келтірмесе, пайда əкелмейді. 

Одан  да,  шаш  сəндеуге  арналған  басқа 

құралдарды  пайдаланыңыз.  Қолыңызға 

көлем  беретін  көпіршікті  (мус)  молынан 

жағып,  сулы  шашыңызға  бөліп  алып  жа-

ғыңыз. Кейін шашыңызды бірнеше иірім-

дерге бөліп, үлкен көлемді бигудилермен 

ұшынан бастап ораңыз. Шаш кепкен соң 

бигудилерді шешіп, үстіне қатыратын не-

месе жылтыр реңк беретін лак себіңіз.

Ал күнделікті күнге жай ғана шаш үлгісі – 

бантик  жасауға  болады.  Шашыңызды 

төбеге  буыңыз.  Шаштың  ұшын  маңдай 

жағыңызға қарата тағы буыңыз. Бос қал-

ған шаштың ұшын екіге бөлінген буманың 

үстінен артқа қарай қайырып, 

жан-жағын тиянақтап, 

қыстырғышпен 

қыстырыңыз. Əдемі шаш 

үлгісі дайын!

Сұлулық 

əлеміне 

сапар шеккен 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Мына өмірде табиғат 

пен қыз баланың сұлулығына шек жоқ. 

Табиғат әр уақыт сайын жаңарып мезгілін ауыстырып отырса, 

қыз балада да қалыспай әр мезгіл өткен сайын өзгеріп отырады. 

Қыз баланың көз тоймастай сұлу болып жүруі өз қолында деп ойлаймын. 

Әр бойжеткен өзінің алтындай уақытының бір бөлігін айна алдына арнаса 

дұрыс болады.  Сонымен қатар, қыз бала тек сыртқы кейпімен ғана 



емес, ішкі жан дүниесімен де сұлулыққа бай болуы тиіс.


жүктеу 388.72 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет