Жастар газеті №1-2 (49-50) 28 ақпан, 2014 ж



жүктеу 388.72 Kb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата26.04.2017
өлшемі388.72 Kb.
1   2   3   4

Сұхбаттасқан 

Эльмира ЕРМЕКҚЫЗЫ

ӨМІРГЕ 

     ШЕКСІЗ 

ҒАШЫҚПЫН...

6

Қазақтың ардақты аналары

Сонау сақтардың ұрпағы қазақтар əйел-

дердің ақылына ғана емес, жау жүректігі-

не де жүгінгені анық. Олардың бала тəр-

биесіне  сіңірген  үлесі  бір  бөлек  əңгіме. 

Ұлына тегіне қарап əйел алып беру үрдісі 

тек  қазақтарда  ғана  мықтап  бекінген  игі 

дəстүр. «Тең теңімен, тезек қабымен» де-

ген  сөздің  астарында  мағыналы  ой  жат-

қаны  да  белгілі.  Олар  болашақ  ұрпағын 

қалыптастыратын,  ошақ  отын  сөндірмей 

берекесін  кіргізетін  болашақ  отанасын 

таңдау ісіне ерекше мəн бергені де шын. 

Сондықтан  қыз  баланы  ақылға  салып 

тəрбиелеген қазақ оларды тыя да білген. 

Ұяттың отынан басын аулақ ұстайтын на-

мысты халқымыз ағайын, туыс, ауылдас-

тарынан  артық  сөз  естімесі  үшін  қызда-

рын барынша өнегелі етіп өсіруді мақсат 

тұтқан. Қыз тəрбиесінің қиындығы мен қа-

рапайымдылығы да осында жатса керек.

Бір  шаңырақтың  ғана  емес,  үлкен  бір 

əулеттің,  тайпа  мен  елдің  берекесін 

келтіріп,  несібесін  тасытқан  асыл  анала-

рымыз қазақта баршылық. Оның бірі абыз 

аналардың  бірі  – 

Домалақ  ана.  Ол  кісі 

Бəйдібек бидің жары болған. Ел ішінде ол 

кісіні «Дихнат мама» деп атап кеткен. Қа-

зақ тілінде «Əулие ана» дегенді білдіреді. 

Уақыт өте «Дихнат мама» сөзі дыбыстық 

өзгерістерге  ұшырап  Домалақ  анаға  ай-

налған. Одан тараған ұрпақтарының бəрі 

де білімімен, ақылымен ерекшеленіп, ел 

билеген.  Өзі  де  жас  кезінде-ақ  парасат-

тылығы мен даналығымен танымал бол-

ған. Оның ақылы мен көрегендігі хақында 

аңыз əңгімелер əлі күнге дейін ел арасын-

да айтылып жүр.

Əлпеш ана

Найман əулетіне дұшпан жолын тауып 

елге  жойқын  шабуыл  жасапты.  Тұтқиыл-

дан тиген жау еркек кіндіктіні қырғындай 

қырып,  қарт  Найманның  төрт  ұлын  көз 

алдында  өлтіріп  кетіпті.  Найманның  Тоқ-

бан ұлынан Əлпеш (Ақсұлу, Мəзбура деп 

те айтылады) деген келіншегі жесір қала-

ды. Əлпеш үйсін Дулат бидің қызы болса 

керек.  Шабылған  əулет  пен  қорғансыз 

қарт  Найманның  ауыртпалығы  енді  Əл-

пештің иығына түседі. Сол үміт жетегімен 

Əлпеш  төркін  жұртына  барып,  туысқан 

сіңлісі Гүлшені Найманға айттырып алып 

қайтады. Гүлше бір ұл табады. Бұл кезде 

Найман  шаңырағының  бас  иесі  болып 

отырған  Əлпеш  алты  алаштың  басын 

қосып,  ақ  түйенің  қарынын  жарып,  ұлан-

асыр той жасайды. Осы тойда үйсін Дулат 

би:  «Найман  −  қаны  араласқан  қадірлес 

құдам еді, мына нəресте артында қалған 

белгі  ғой,  атын  Белгібай  қояйық»  дейді. 

«Балаға ат қою жолы біздікі еді, Найман 

атамыздың  Тəңірден  өкіріп  жылап 

жүріп тілеген баласы ғой, атын Өкі-

реш қоямыз»,− деп арғындар да 

тілек білдіреді…

Қазақтың бүгінгі қалың рулы 

елінің  болашағына  осылайша 

Əлпеш ана сеп болып, əулеті-

не  ұйытқы  болыпты.  Найман-

ның  кіндігінен  тараған  ұрпақ 

жиырмашақты  ауыл  болған-

ша «жат болып кетпесін» деп, 

енші бермей, мал-жанын ортақ 

ұстатыпты  дейді.  «Байдың  малы  ортақ 

болсын,  батырдың  жаны  ортақ  болсын, 

шебердің  қолы  ортақ  болсын,  шешеннің 

тілі  ортақ болсын,  балуанның  күші ортақ 

болсын,  біреуге  біреу  зорлық  жасама-

сын!» деген өсиет осы Əлпеш анадан қа-

лыпты деген сөз бар (Дерек беруші Қож-

банұлы Шайхыбасар, Қарағанды облысы, 

Ұлытау ауданы).



Ақбикеш Ару

Есім ханның шолғыншы батырларының 

бірі.  ХVII  ғасырда  өмір  сүрген.  Есім  хан 

жасақтарының  Бұхараға,  Қашғарға  Қал-

мақ жеріне жасаған жорықтарына қатыс-

қан  ержүрек  қыз.  Ол  негізінен  алыстағы 

жау жасақтарының орналасқан тұсын дəл 

болжау арқылы Қазақ жасақтарына көп кө-

мектескен. Аңыз бойынша оның көргіштік 

жəне  болжағыштық  қасиеті  ерекше  бол-

ған екен. Ақбикеш еліне оралған соң, Қа-

ратау өңірінен биік мұнара тұрғызып, сол 

мұнарадан төңіректі шолып тұратын бол-

ған.  Жəне  сол  аңыз  бойынша  Ақбикешті 

жоңғарлар  қапыда  қолға  түсіріп,  өшікен-

нен оның көздерін ойып алған дейді.



Бопай ханшайым

Əбілқайыр  хан  зайыбы.  Қазақ  халықы 

бастан кешкен аса күрделі кезеңдердің бірі 

ХVШ ғасыр болса, сол кездің саяси-əлеу-

меттік істеріне белсене араласқан көрнекті 

қайраткерлердің  бірі  Бопай  болған.  Сол 

заманда қазақ халқының басына ел болу 

немесе  елдігін  мүлде  жоғалту  қауіпі  төн-

генде  Əбілқайыр  ұстанған  саяси  бағытты 

Бопай  жалтақсыз  қолдап,  шешуші  кезең-

дерде  айырықша  икемділік-тапқырлық 

танытып отырған. Мұны Бопай ханымның 

орыс  патшайымдары  Анна  Ивановнаға, 

Елизавета  Петровнаға,  бригадалық  гене-

рал  А.И.Тевкелевке,  Орынбор  губернато-

ры  И.И.Неплюевке,  канцлер  А.П.Бесту-

жев-Рюминге жазған хаттарынан жəне ол 

хаттардағы  ел  мүддесіне  қатысты  ұстан-

ған  əрекет-ниеттерінен  айқын  аңғаруға 

болады.  Тарихшы  А.И.Левшин:  «Бопай… 

өзінің  ақылдылығы  арқасында  бүкіл  Кіші 

жүздің құрметіне бөленді жəне кейде оны 

басқаруға үлкен ықпал етті»,− деп жазды 

(А.И.Левшин.  Описание  киргиз-казачьих 

или киргиз-кайсацких орд и степей. − Ал-

маты, 1996. 217-бет).



Гауһар ару

Қазақ  пен  қал-

мақ 

арасындағы 



ұлы  сүргін  соғыс 

кезінде  (ХVШ  ғ.) 

ерлік  істерімен  ел 

есінде қалған аяулы 

арулардың  бірі 

−  Гаухар. 

Ол  əйгілі 

Қараке-


рей  Қа-

банбай 


батыр-

д ы ң 


жан  жары,  бəсентиін  Малайсары  батыр-

дың  туған  қарындасы.  Саны  мол,  қауіп-

қатері  көп  жорық  жолдарында  Гаухар 

айырықша  табандылық  көрсетіп,  Қабан-

бай батырмен тізе қосып талай рет қанды 

шайқастарға  қатысқан.  Гаухар  қылышын 

қынапқа салмаған батыр атанған. Қабан-

бай  мен  Гаухардың  тұла  бойы  тұңғышы 

− Назым қыз да ерлік істерімен танылған.

Қарашаш сұлу

Бұл кісі əйгілі Жиренше шешеннің əйелі 

болған.  Ол  аңызда  өзінің  тапқырлығы 

жəне данагөй ақылдылығымен Жиренше 

шешеннің өзіне лайықты жары бола біл-

ген ерекше адам ретінде суреттеледі.



Сапура (Көктемір) батыр

22  жасар  жас  келіншек  Сапураның 

бірінші  күйеуін  қашқын  қалмақтар  өлтіріп 

кетіп,  əмеңгерлікпен  қайнысы  Жанболат-

қа қосады. Ол Досалы сұлтанның ауылы-

мен қоңсы екі мың кісімен Қобда бойында 

көшіп-қонып жүреді. Ресей патшалығында 

шаруалар күресін басуға шыққан орыс əс-

керлеріне қарсы күрестің аңызға айналған 

қолбасшысы. Əйел басымен қол бастауға 

қымсынғандай,  далада  жүретін  бір  құпия 

тұлға – «Көктемір» туралы аңыз таратады. 

Барлық іс-қимылды соның атынан жүргізіп, 

көзге  көрінбейтін  күрескер  келіншек  шай-

қасқа  шығады.  Алайда,  орыс  əскерлері 

оның əйел екендігі туралы ғана емес, тіпті 

кім екенін білмейді, «Көктемір» деген атын 

ғана білетін болған. «Көрінбейтін Көктемір 

батыр» туралы алып-қашпа əңгімелер ел 

арасында тараған.

Орыс  дерек  көздерінде  Пугачев  кө-

терілісі  кезінде  қазақ  даласындағы  «ұс-

татпайтын  ұстын»,  «көзге  көрінбейтін 

жан» деп аталған Сапура Мəтенқызы да 

жұмбақ  жағдайда  өмірден  өтеді.  Алай-

да азаттықтың ақ таңы үшін арпалысып, 

жанын құрбандыққа шалғандардың арқа-

сында  армандай  бостандық  жолы  бізге 

жақындай түсті.

Көктемір  Сапура  қыз  туралы  ғалым 

Н.Бекмаханова   «Көрінбейтін  адам  ту-

ралы аңыз» атты зерттеу еңбегін жазған. 

Көктемір  (Сапура)  батыр  туралы  Əбіш 

Кекілбаев,  Аян  Нысаналин  т.б.  жазушы-

лардың мақалалары жарық көрген.

Ұлбике ақын

Жанкелдіқызы Ұлбике – қазақтың əйгілі 

ақын қызы, майталман айтыскер, жезтаң-

дай əнші, дəулескер домбырашы. Тал бо-

йына алуан түрлі өнер дарыған ару.

М.Ж. Көпейұлы Ұлбикенің қара түсірмес 

дүлдүл ақын екенін аңғарып қана қоймай, 

сонымен  бірге  қазақтың  сөз  өнерінде 

ақындық  айтыстың  негізін  салушы,  ор-

нықтырушы  ақын  ретінде  даралайды. 

Ұлбике – ойы ұшқыр, өлеңі сұлу, кісілік – 

парасаты биік, өрелі ақын. Ұлбике ұтқыр 

уəждердің небір тама-

ша  үлгілерін  жүр-

ген  жерлерінде 

маржандай 

ш а ш ы п 

о т ы р -

ғ а н . 

Сол мол мұрадан бүгінгі ұрпаққа жеткені 

мың шумақтай өлең.

Ақын Сара

Тастанбекқызы  Сара  –  қазақтың  əйгілі 

айтыскер  ақын  қызы.  Өзінің  қысқа  ғұмы-

рында  тауқыметтің  талайын  көріп,  əлеу-

меттік  теңсіздіктің  тəлкегіне  ұшыраған 

Сараның шығармашылық жолы тым ауыр 

да күрделі жол. Ол үш жасында əкесінен 

айырылып,  содан  бері  еңсесін  басқан 

жетімдік  пен  жоқшылықтың  зардабын 

көріп өседі.



Айғыз Көшкінбайқызы

Айғыз  –  елдегі  1916-1918  жылдардағы 

көтерілістерге  жəне  елдегі  азамат  соғы-

сына қатысқан, Семей облысы Аягөз ау-

данында туған. Сермопольдегі қорғаныс-

қа қатысып, жаралы жауынгерлерге көмек 

көрсеткен, тамақ тасыған. Ақ казактардың 

атаманы  Колчактың  əскерлері  Айғызды 

азаптап өлтірген. Батыл арудың өмірі мен 

ерлік істері туралы жазушы Қ.Исабаевтың 

«Айғыз» атты романы бар.

Нұрпейіс келіні Дина

Қазақтың  «Күй  Анасы»  атанған  əйгілі 

күйші-сазгері.  Бала  кезінде-ақ  Құрман-

ғазының  өзі  сүйсініп  тыңдаған  талантты 

шəкірті болған. Ол 1944 жылы Қазақстан-

ның  халық  əртісі  атанған.  Халық  өнер-

паздарының 1937 жылы өткен республи-

калық  байқауына  қатысып,  75  жасында 

халық аспаптарын тартатын өнерпаздар-

дың Москвада өткен Бүкілодақтық бірінші 

байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жа-

сында  Орта  Азияның  бес  республикасы-

нан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он 

күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды 

жеңіп алады.

Тарихта ақыл-парасатымен, тапқырлы-

ғы  мен  батылдығымен,  дуалы  сөзі  мен 

дара  өнерімен  көзге  түсіп,  бүгінгі  күнге 

дейін ел жадында қалған асыл аналары-

мыз бен дана қыздарымыз өте көп болған. 

Басылымдарда жиі жариялана бермейтін 

өткен  уақыт  белестеріндегі  ардақтады 

аналардың қасиеттері хақында паш етуді 

жөн көрдік. Ал, газет бетіне сыймай қал-

ған  өр  тұлғалы  аяулы  жандарымыз  өте 

көп екенін ескертеміз.



Түйін.  Шежірені  парақтап  отырса-

ңыз ақылымен ел билеген, айбатымен 

жауға  қарсы  тұрған  аналарымыздың 

атымен бүтіндей ру мен ел аталып кет-

кен оқиғалар жиі кездесіп жатады. Бір 

ананың ақыл-парасаты бір рулы елдің 

өсуіне жол салған. Гендрлік саясат деп 

еркек  пен  əйел  болып  жауласып  жат-

қан бүгінгі күні бір сəт ертеректе өткен 

қасиетті  аналарымыздың  өмірін  өне-

ге  еткеніміз  абзал.  Олар  сонау  қиын-

қыстау  жаугершілік  заманында  елін 

қорғаса  да,  бір  əулеттің  киелі  отын 

сөндірмеуді  бəрінен  маңыз  тұтқан. 

Бұл да қазақ əйелдерінің отбасындағы 

білгір саясаткерлігі мен бойына сіңген 

болмысы. «Еркекті ер қылатын да, ез 

қылатын  да  əйел»,  дейді  данагөй  қа-

зақ. Бұл нақыл сөз бойжеткендерімізге 

ақыл  сөз  болып  жүрегіне  жатталсын 

деген ниетте ойымызды түйіндейік.

Жанар ЕЛЕШОВА

Қазақтың аяулы әйелдері! Қазақ қашанда қыз-келіншектерді құрмет 

тұтып, алақанының аясына 

салып,  ардақтап  келген.  «Бір  қолымен  бесік  тербеткен  аналар, 

бір  қолымен  әлемді  тербетеді» 

деседі дана халық. Ол ақиқат. Қазақ әйелдері ғана ошақ қасындағы 

тіршіліктен бір уақыт бой тү-

зеп, ел бірлігі мен болашағы үшін маңызды істерге атсалысқан. Оған 

тарих күә. Анау сақ дәуірінде 

батылдық  дәурен  құрған  уақыттары  сақ  әйелдері  ат  үстіне  мініп, 

ерлермен  қатар  елін  жаудан 

қорғаған. Бұған Тұмар ханымның Кир патшасымен соғысындағы жеңісі дәлел.

Мәңгі естен кетпес 

асыл жандар


7

Алаш ардақтылары 

ОЛ ҚАПАСТАҒЫ 

ТҮРКІЛЕРДІҢ ҮМІТІ ЕДІ

Шоқай  барған  тұтқын  лагерлерінің 

бірінде  болған  жəне  соғыстан  кейін  Қа-

зақстанға  қайтқан  Мақсұт  Нəбиев  ес-

телігінде  осыған  байланысты  былай 

дейді:  «Бір  қазақ  зиялысы  келіп,  түркі 

тектес тұтқындардың барлығын бір жерге 

жинады.  Оның  сол  кезде  не  айтқаны  дəл  есімде  жоқ. 

Бірақ  сөздері  жүрегімізге  жылы  тиді.  Айтқан  пікірлері 

ұнады.  Оның  қарапайым  кісі  еместігі,  өте  мəдениетті 

жан  екендігі  көрініп  тұрған  еді.  Кейіннен  білдік,  ол  кісі 

Мұстафа Шоқай екен».

Бұл арада Шоқай тұтқындармен өткізген кездесулері-

нен Түркістанның саяси жағдайын білуге мүмкіндік тап-

ты. Сан жылдар шетелде босқында жүріп Түркістандағы 

кеңес билігі туралы жасаған тұжырымдары мен сында-

рында жаңылыспағандығына көз жеткізді. Оларда əсіре 

кетпеген еді. Тұтқын комиссиясы өз жұмысын жалғасты-

рып жатқан кезде нацистік өкіметтің жоғарғы басшылық-

тарында  тұтқындардан  көмекші  отрядтардың  жасақта-

луына  деген  қарсылықты  бəсеңдеткен  дамушылықтар 

болып жатты. Бұл мəселеде Германияның Анкарадағы 

елшісі Франц фон Папен маңызды рөл ойнады. Папен 

Түркияның бейтараптығын Германияның пайдасына бұ-

зып, соғысқа қатыстыру үшін жанталасуда еді. Бұл мақ-

сатын іске асыру үшін Түркияның саяси қайраткерлері 

мен  зиялыларының  түрікшілік  сезімдерін  қозғалысқа 

түсірмек  болды.  Папенмен  етене  жақын  байланыс  ор-

натқандар  бұрынғы  əскери  генералдар  еді.  Олардың 

бірі Əнуар Пашаның інісі – Нури Паша (Киллигил) еді. 

Папен қыркүйек айында Нури Пашаның Берлинде Гер-

мания  Сыртқы  Істер  министрлігінің  қызметкерлерімен 

кездесуін  қамтамасыз  етті.  Бұл  кездесудің  хаттамала-

рына қарағанда, Нури Паша мұсылман жəне түркі тек-

тес  соғыс  тұтқындарынан  жеке  отрядтар  жасақталуын 

жəне бұл мəселеде өздерінің қол ұшын беретіндіктерін 

айтты.  Соғыс  тұтқындарынан  легиондар  құру  пікіріне 

Гитлердің келісімін алуда да Папен маңызды рөл атқар-

ды. Папен ұзақ уақыттан бері басқа екі түрік генералы-

мен де жақын қарым-қатынас орнатып жүрді. Олардың 

бірі – Стамбул Соғыс Академиясының қолбасшысы (ко-

мандирі) генерал Али Фуад Эрден, ал екіншісі – «Жум-

хуриет» пен «Сон Поста» газеттерінің ұлтшыл жазушы-

сы, зейнеттегі генерал Хүсни Əмир Эркилет еді. Папен 

олардың 1941 жылы қазан айында Берлинге сапар ше-

гуін  қамтамасыз  етті.  Германияның  кеңестерге  қарсы 

соғыста жеңіске жететіндігіне сенген екі генерал басып 

алынатын кеңес территориясының түркі халықтары тұ-

ратын өлкелерінде ұлттық мемлекеттер құрылуын жүзе-

ге асыруды көздеді. Розенберг мұсылман жəне түркі тек-

тес тұтқындардан көмекші отрядтар жасақтау жөніндегі 

жобасын желтоқсан айының басында Гитлерге ұсынды. 

Гитлер  жобаны  бекітіп,  1941  жылы  22  желтоқсан  күні 

неміс  қарулы  күштері  құрамында  түркістандықтардың, 

армяндардың,  грузиндердің  жəне  кавказ  мұсылманда-

рының легиондарын құру туралы бұйрық берді. Гитлер-

де Түркістан халықтарын қорлау шамадан тыс болатын. 

Оның пікірінше Германия Кеңес территориясына билігін 

жүргізер болса, Орта Азияның түркі халықтарымен еш-

қандай да қарым-қатынас жасалмайтын еді. Тек оларды 

неміс ықпалы астында ұстап отыру мақсатында жыл са-

йын бір топ қырғызды неміс астанасына саяхатқа алып 

келуге болатын. Бұдан басқа олармен ешқандай да бір 

байланыс  орнатуға  болмайтын  еді.  Ал  шындығында 

Шоқай  бір  саяси  қайраткер  ретінде  халқын  төмендет-

кен халықтармен байланыс жүргізе алмайтын еді. Шо-

қай  үшін  халқының  намысын  қорғау  барлық  нəрседен 

жоғары  тұратын.  Большевиктерге  қарсы  саяси  салада 

талай  жылдар  бойы  бірге  күрес  жүргізген  Керенский-

ден ат құйрығын кесісіп жолдарын айырудың ең басты 

себебі  –  оның  басқаруындағы  «Дни»  газетінде  түркіс-

тандық  əйелдерді  орангутанға  балаған  бір  мақаланың 

жариялануы  еді.  Бұл  теңеу  Шоқай  үшін  адам  төзбес 

қорлау  болды.  Алайда  нацисттердің  барлық  Түркістан 

халқын  қорлауы  бұдан  да  бетер  еді.  Мұндай  қорлауға 

Шоқайдың шыдауы мүмкін болмады. Шоқайдың өзі де 

нацистік  нəсілшілдіктің  түркі-татар  халықтарын  қорла-

ған көзқарастарының салдарына тап болды. Бір жолы 

тұтқын лагерлерін аралап жүргенінде азиялық болғаны 

үшін  өзін  төмен  көрген  бір  гитлершіл  əскер  өзіне  жол 

бермегендігін желеу етіп шапалақпен тартып жіберді.

Бұдан  да  ауыр  оқиғаға  Шоқай  Берлин  көшелерінің 

бірінде душар болды. Жолда кездескен бір эсэсшіл есер-

соқ Шоқайға тиісіп, қол көтерді. Фон Менденің 

мұралары  арасында 

сақтаулы «Кав-

каз  Саясаты»  атты  басылмаған 

бір еңбекте келтірілуінше, ол жігіт дереу тұтқындалып 

жауапқа тартылған. Ол таяу арада төменгі адам туралы 

бір кино тамашалағанын жəне солардың алғаш кездес-

кен  өкіліне  жек  көрушілік  сезімін  көрсеткісі  келгендігін 

айтты. Осы оқиғаға байланысты бір үкіметтік қызметкер 

Шоқайдан кешірім сұрады. Расында да желтоқсан айын-

да соғыстың басталғанына шамамен алты айдан артық 

уақыт өтуіне қарамастан нацистік өкімет жаулап алынған 

кеңес жерлерінің болашағы туралы саясатын əлі белгі-

лемеген еді. Бұл мəселе туралы неміс өкіметі төңірегінде 

басты екі көзқарас талқыланып жүрді. Біріншісі КСРО-ны 

тұтастай неміс отарына айналдыру еді. Бұл көзқарас ке-

ңестік  республикаларда  жергілікті  халықтарға  басқару-

да ешқандай да бір билік құқы жоқтығында еді. Барлық 

билік  неміс  басшыларының  қолында  болатын  еді.  Ал 

екінші көзқарас болса, Кеңестер Одағын автономиялық 

əкімшілік  аймақтарға  бөліп,  жергілікті  өкілдерге  билік 

беруді  жақтады.  Бірінші  жəне  қатаң  көзқарасты  Шығыс 

Министрлігі, ал екінші идеяны болса, Сыртқы Істер Ми-

нистрлігі  жақтады.  Дегенмен  екі  көзқарастың  ешбірінде 

нацистік басшылықтың Түркістанға тəуелсіздік беру ниеті 

байқалмайды.

ШОҚАЙДЫҢ АРМАНЫ – 

АДАМЗАТТЫҢ БЕЙБІТ ӨМІРІ

Нацистердің Түркістанға беруді ойлаған ең байсалды 

деген саяси құқтарының өзі, кеңестер берген құқтармен 

салыстыруға да тұрмайды. Алайда Шоқайдың саяси кү-

ресінің  негізін  Түркістанның  толық  тəуелсіздігі  құрады. 

Ол  бұдан  басқа  ешқандай  да  бір  саяси  мақсатты  қа-

былдамады.  Нацистермен  бір  болмағанының  тағы  бір 

себебі – Шоқайдың жеке қасиеттерін айтуға болады. Ол 

қантөгіс  соғысқа  əрқашан  қарсы  болды.  Саяси  күресті 

үнемі бейбіт жолмен, яғни пікір жолымен жүргізуді жақ-

таған  ол  соғыс  пен  қаруды  еш  ұнатпайтын.  Сондықтан 

оның əскери жасақтарға қолбасшылық етуі мүмкін емес 

еді.  Шоқайда  соғыс  пен  соғыс  униформасын  жек  кө-

ретіндігі соншалық, əлемде армия аты берілген қандай 

да бір мекеменің болуының өзін қаламады. Сонымен қа-

тар бейбітшілік пен тəртіпті сақтау үшін əскер мен поли-

ция секілді қарулы күштердің керек екендігін де мойын-

дайтын. Дегенмен мұндай мекемелердің бірінде қызмет 

атқарғысы келмейтін. Əлемде соғыссыз, бейбіт тіршілік 

орнауы үшін адамдардың не істеуі керектігі туралы ұзақ 

толғанатын. Ақырында адамзаттың ол деңгейге көтеріле 

алмайтындығы  жəне  мұның  бір  утопия  екендігі  туралы 

қорытындыға келетін.

КЕУДЕГЕ КҮДІК ҰЯЛАТҚАН ӨЛІМ

Қорытындылай  келе,  Шоқайдың  Түркістан  легионы-

на қатысудан үзілді-кесілді бас тартқанын тарих факті-

лері  арқылы  түсінеміз.  Шоқайдың  «Яш  Түркістан» 

журналын  шығаруында  ұзақ  жылдар  бойы  жанқияр-

лықпен көмектескен Тахир Чағатайдың жұбайы Саадет 

Чағатай  да  осындай  пікір  айтады.  Чағатай  Шоқайдың 

немістердің  тұтқын  жерлестерін  орыстарға  қарсы  өз 

шептерінде соғысуға ынталандыру туралы талаптары-

на келіспегендігін атап өтеді. Оның айтуынша, Шоқай 

мұндай бір іс-қимылға үлес қоспайтынын ашық түрде 

білдірді. Шоқай немістерге түркі кеңестік тұтқындарды 

майданға  жібермеуге  кеңес  берді.  Оның  орнына  оқу-

ларын аяқтамай жатып, кеңес армиясы қатарында со-

ғысқа айдалып, тұтқынға түскен жастарды білім алула-

рын жалғастырулары үшін оқуға жіберулерін, ал басқа 

тұтқындардың болса майдан тылында жұмыс істеуіне 

ұсыныс  етті.  Шоқай  жұбайына  жазған  соңғы  хаттары-

ның  бірінде,  мұндағы  жағдайдың  өзін  қанағаттандыр-

мағанын жəне бірнеше күн ішінде Парижге қайтатын-

дығын  мəлімдеді.  Шоқай  бұған  ұқсас  тағы  бір  хатты 

Стамбулдағы Тахир Чағатайға жіберді. Хатында былай 

деді:  «Бұл  жердегі  кездесулерім  аяқталды.  Парижге 

қайтуға  шешім  қабылдадым…  Германияда  бізді  қы-

зықтыратын мəселелер туралы мағлұмат алғың келсе, 

бұл  жұмыстарға  тікелей  араласып  жүрген  Уəлиге  хат 

жаз. Осы қысқа хатты бұрынғы досымыз Вичи арқылы 

поштаға салғызып отыр-

мын.  Парижге  оралған-

нан  кейін  жазатын  ег-

жей-тегжейлі  хатымды 

күтерсің». Бұл хат Шо-

қайдың  легион  жоба-

сына  келіспегендігін, 

сонымен  қатар,  енді 

тұтқын  комиссиясын-

дағы  қызметін  тастап 

Парижге  қайтуға  бет  ал-

ғандығын  бізге  айқын  көрсетеді. 

Егер  Шоқай  Парижге  орала  ал-

ғанда,  Чағатайға  жазатын  хатын-

да  бəлкім  де  Түркістан  легионы 

туралы  ой-пікірлерін  ашық  түрде 

жазатын еді. Бірақ Парижге қайту 

Шоқайдың  пешенесіне  жазыл-

маған  еді.  Шоқай  енді  тұтқын 

лагерінде жұмыс істеуді қалама-

ды. Ченстахов лагері Шоқайдың 

барған соңғы лагері болды. Бұл 

жерден  жұбайына  жолдаған  хатында 

былай  деді:  «Жұмыстар  қызықты  емес,  тұтқындарды 

санау ғана. Тез арада бұл жұмыстан босану керек жəне 

карантинде  қамалып  қалмауым  керек».  19  желтоқсан 

күні комиссия Берлинге оралды. Шоқай Берлинге кел-

генінде дене қызуы 40 дейін көтерілді. Ол сүзек ауруы 

деген күмəнді диагнозбен Виктория ауруханасына жат-

қызылды. Бір апта бойы көрген емі еш нəтиже бермей, 

1941 жылы 27 желтоқсан күні қайтыс болды. Немістің 

ресми  қызметкерлері  өлім  себебі  ретінде  Ченстохав 

лагерінде  жұқтырып  алған  сүзек  ауруын  көрсетті.  Бі-

рақ  жұбайы  Мариядан  бастап  оның  жақын  достары 

оның  өліміне  күмəнмен  қарады.  Шоқай  1942  жылы  2 

қаңтар, жұма күні Берлиндегі түрік шəйіттері зиратына 

жерленді.

Мұстафа – табанды қайраткер, қайсар болды. Ол жал-

ғыз бола тұра социалистік жүйеге қарсы шықты. «Қазақ, 

өзбек,  қырғыз,  түркімен,  тəжік  халқы  бірігіңдер,  Кеңес 

бодандығынан  өздеріңді  босатыңдар,  жікке  бөлінуден 

қашқақтаңдар, жойылып кетесіңдер», – деп ұрандатудан 

тайынбады. «20 ғасырдағы Түркістан» жəне «Ресей мен 

Қытай  аралығындағы  Түркістан»  деп  кітап  жазып  шы-

ғарған Баймырза Хаит өз еңбегінде: «Түркістан – Кеңес 

Одағының отары» деп жазды. Осы еңбектерді жазып шы-

ғаруыма Мұстафа Шоқайдың архивтері мен жазбалары 

көп көмек тигізді деп атап өткен. Кейбір басылымдарда 

Мұстафа Гитлерге қызмет етіп, соның қолшоқпары бол-

ды дегенді жазды. Мұстафаны немістер Парижды алған-

да  абақтыға  жапты.  Кейіннен  Гитлердің  тапсырысымен 

босатып Берлинге жібертті. Мұстафаның гитлершілердің 

тапсырысымен  тұтқын  мұсылмандармен  жұмыс  жүргіз-

гені рас. Ол тұтқындар лагерьлерін аралап, ондағы хал-

ахуалмен танысып отырды. Бұл турасында Мұстафаның 

нақты нені аңсағаны белгісіз, бір ғана шындық – Мұста-

фа ақиқатты ғана аңсады. Оны гитлершілердің легионға 

пайдаланбақ болғандары да анық. Мұстафа 1941 жылы 

27 желтоқсанда оқыстан дүние салды. Оның өлімін та-

рих  беттері  Мұстафаның  дертімен  байланыстырады. 

Ауырып қайтыс болды деген де талай тарих парақтары 

жазылды. Мұстафаны у беріп өлтірген Каюмхан деп те 

жазылды.  Бірақ  бұл  ой  қисынсыз.  «Түркістан  легионы-

на»  үміткер  болған  Каюмханның  Мұстафаға  деген  қыз-

ғаныш  сезімі  болған  шығар,  бірақ  оны  өлтіруге  дəйегі 

болмаған, өйткені Мұстафа Түркістан легионына бастық 

болып үлгерген жоқ. Сонымен қатар, Мария жеңгеміз де 

өз естеліктерінде Каюмханды күдікті етіп көрсетпейді, тек 

Мұстафа қайтыс болғаннан  кейін, Каюмханның  ол  үйге 

баруын сиретіп кеткенін айтады. 



жүктеу 388.72 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет