Жастар газеті №1-2 (49-50) 28 ақпан, 2014 ж



жүктеу 388.72 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата26.04.2017
өлшемі388.72 Kb.
1   2   3   4

Жанар ƏБДІҚАЛИҚЫЗЫ

Мереке АМАНТАЙ,

С.Торайғыров атындағы ПМУ 

Гуманитарлық-педагогикалық 

факультеттің студенті:

Қазақстан  Республикасының  Пре-

зиденті  –  Елбасы  Н.Ə.Назарбаевтың 

Қазақстан  халқына  Жолдауын  ерекше 

əсермен  тыңдап  шықтым.  Елбасымыз 

сөзінде:  «Əсіресе,  жастарымызға  мы-

наны  айтамын.  Бұл  Стратегия  сіздер-

ге  арналған.  Оны  жүзеге  асыратын 

да,  жемісін  көретін  де  сіздер»,  –  деп 

жастарға  үндеу  салды.  Жай  бір  үндеу 

салып қана қойған жоқ, Мемлекет бас-

шысы жастарға зор міндет артып отыр. 

Жолдау  барысында  Елбасының  жас-

тарға  үлкен  жауапкершілік  танытып 

отырғаны  байқалады.  Қазақстанның 

2050 жылға дейінгі стратегиясының өзі 

жастарға бола, олардың жарқын бола-

шағы үшін жасалып жатқанын түсіндім. 

Яғни, Елбасы өсем деген жасқа өрлеу жолын айқындап берді. Жастары мық-

ты ел – Мəңгілік ел бола алады. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүд-

де, бір болашақ» атты жаңа Жолдауды тыңдап, алдымызда жарқын болашақ, 

аса үлкен жауапкершілік барын ұқтық. Павлодар өңірі жастарына жаңа серпін 

берген  Жолдау  Қазақстан  жастарына  да  жаңа  мақсат  жолын  айқындауына 

үлес қосады деген сенімдемін.

Екіншіден, Жолдауда ендігі қамтылған мəселелердің бірі – үлгерімі жақсы 

студенттерді қолдаудың тиімді жүйесін жасау жəне студенттердің стипендия-

сының  өсуі.  Əрине,  25  пайызға  стипендияның  өсуі  студенттер  үшін  бұл  да 

қуанышты жайт. Студенттердің стипендиясын көтеру мəселесі, яғни студент-

тердің  əлеуметтік  жағдайын  жақсартуға  бағытталып  отыр.  Жолдау  барлық 

саланы қамтитын жəне үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы екені 

даусыз.  Жастар  тарапынан  Президентіміздің  Жолдауда  бізге  жүктеген  мін-

детін біз ақтаймыз.



Бақытжан ҚАДЫРОВА,

С.Торайғыров атындағы 

ПМУ Қазақ филологи-

ясы кафедрасының 

доценті, филология 

ғылымдарының кандида-

ты:

Биылғы жылғы Елбасымыз-

дың Халқына жолдаған Жол-

дауын  тыңдадық.  «Мəңгілік 

Қазақстан» жобасы аясында-

ғы  мақсат-міндеттермен  та-

ныстық.  Елбасымыз  Н.Ə.На-

зарбаев:  «Қазақтың  Мəңгілік 

Ел ғұмыры ұрпақтың мəңгілік 

болашағын  баянды  етуге 

арналады.  Ендігі  ұрпақ  – 

мəңгілік қазақтың перзенті», – деп айтқаны, бізді жігерлендірді, қайраттандырды. 

Елбасымыз  Мəңгілік  Ел  ұғымын  халықтың  басты  бағдарламасы  –  «Қазақстан  – 

2050»  Стратегиясының  негізі  етіп  алды.  Оның  да  өзіндік  себебі  бар.  Өресі  биік, 

білімді,  салауатты,  зайырлы  əрі  руханияты  биік  қоғамды  қалыптастыру  үшін  əр 

азамт өз ұлтының болашағына сенімді болуы қажет. Сондықтан, біз сол Мəңгілік 

Елдің іргесін берік ету үшін, біз бүгін бəсекеге қабілетті мемлекет болуымыз керек. 

Жаһанның алдыңғы қатарлы мемлекеттерімен тереземізді теңестіру үшін, яғни бə-

секеге қабілеті болу үшін білім мен ғылымды дамытуымыз шарт.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында мемлекетіміздің дамы-

ған  30  ел  қатарына  өту  жолдарын  баяндап  өтті.  Жолдауда  ғылымға  көп  көңіл 

бөлініп отыр. Ел дамуын, экономикалық өркендеу тікелей ғылыммен байланыс-

ты. Сондықтан жалпы ғылымға, жаңашыл ғылыми жобаларға, ізденістегі ғалым-

дарға əрдайым қолдау болатынына мен сенімдімін. Ал, білімге келер болсақ, ба-

ла-бақша жасынан жоғары оқу орнына дейінгі білім беру ісіне жыл өткен сайын 

жағдай жасалуда. Жыл сайын білімге деген талап та күшейтіліп келеді.

Мəңгілік Ел болу мақсатында Қазақстан білім мен ғылымына мəн беру керек. 

Алдыңғы қатарлы 30 ел қатарынан бой түзеу үшін сол білім мен ғылымды дамыту 

біздің əрқайсымыздың міндетіміз.

МӘҢГІЛІК 

ҚАЗАҚСТАН – 

ХАЛЫҚ ЖОЛЫ


4

Студент сырласы 



 



ЖАТАҚХАНА ЖЕЛІСІ



 



БІЗДЕР ДЕ БҰЗЫҚ БОЛҒАНБЫЗ



Əлия Батталова, ПМУ түлегі:

Жатақханада өткізген 

күндерді ұмытпаймын

–  Студенттік  шақты  ұмыту  қиын.  Ал 

жатақханада  өткізген  жайлы-жайсыз 

кездерді  əсте  ұмыта  алмассың!  Ешқа-

шан!

С.Торайғыров  атындағы  Павлодар 



мемлекеттік  университетіне  арман  қуып 

келдім.  Өзім  Ерейментаудан  едім.  Ата-

анам  мені  бірден  жатақханаға  орналас-

тырды.  Төрт  жылда  жатақхана  менің 

жылы  мекеніме  айналды.  Ондағы  қыз-

қыз қайнап жататын отты шақтарды есіме 

алсам, еісмнен танардай күлемін немесе 

тұла бойыма суық қан жүгіреді. Міне, ол 

өмір сонысымен қызық-тын. Жыл сайын 

жаздың соңында студенттер жан-жақтан 

жиналып, үйреншікті əдетімізге басамыз. 

Орындарға  талас  тамызда  басталады. 

Ойран-топан дегеннің не екенін сол кез-

дерде  түсінуші  едім.  Сондықтан  мезгілі-

нен ерте келіп, өз орнымды сақтап қалуға 

тырысатынмын.

Күннің жылы кезінде терезені айқара 

ашып  қоямыз,  аулада  отырып,  гитара-

мен  орындалатын  көңілді  əндерге  құ-

лақ  түре  жүреміз.  Реті  келгенде  дала-

да  шекілдеуік  шағып,  өзара  танысушы 

едік.  Бөлмелер  арасында  жүріп,  шай 

ішуді  де  қызық  көретінбіз.  Мен  төрт 

жыл  қатарынан  жатақхананың  бірінші 

қабатындағы  бөлмеде  тұрдым.  Қыс-

тың  қақаған  аязында  өзімізді  қоярға 

жер таппайтынбыз. Қалың киімдер киіп, 

бірнеше көрпелерге оранып жатқан кез-

дерді  ешқашан  ұмыта  алмайтын  шы-

ғармыз.  Сондай-ақ,  жуынатын  бөлме-

лерге  деген  кезек  еш  толастамайтын, 

кейбіріміз  сол  үшін  сабаққа  да  кешігіп 

жүрдік, интернет желісі жұмыс жасаған-

мен,  компьютер  саны  аз  болатын,  ол 

да  ақшасы  жоқ  студент  үшін  қиындық 

тудыратын.  Бірақ  бұл  қиындықтарды 

қаперімізге алмағанда, жатақхана өмірі 

жалпы қызық болатын. Түрлі конкурстар 

ұйымдастырылып,  сіз-біз  болып  қаты-

сып шығатынбыз.

Университетті  тəмамдап,  Астанаға 

кеткеніме  міне,  үш  жыл  толады  екен. 

Көп кезде жатақханамды сағынамын да, 

сансыз ойға берілемін. Қазіргі студент-

тердің  хал-ахуалы  қалай  екен,  мүмкін 

жатақханамның  жағдайы  үш  жылдың 

ішінде  жақсарған  шығар  деймін  іштей. 

Айтып айтпай не керек, негізінде ПМУ-

дай атағы асқақ, абыройы биік оқу орда-

сына бір жатақхана аздық етеді. Жуыр-

да  С.Торайғыров  атындағы  ПМУ-дың 

жаңа  500  орындық  жатақханасының 

іргесі қаланып жатыр дегенді естіп, қуа-

нып жатырмын.



Сүйікті де сүйкімді студенттер тобы! Сендердің назарларыңа «Студент сырласы» деп аталатын жаңа айдары-

мызды ұсынамыз. Аталмыш бет шын мәнінде баршаларыңның сырлас достарыңа айналатынына кәміл сенеміз. 

Себебі студенттік шақ адам өмірінің мәңгі есінде сақтар, қыз-қыз қайнаған қызық шағы. Сондықтан осы сәт-

теріңді сәтті пайдаланып, біздің бетке белсенді атсалысуға тілектеспіз. Айдарға байланысты сауалдарың болса, 

8-771-357-30-40 байланыс телефонына хабарласуларыңа болады. Ендеше, студенттік өмірдің қызық оқиғалары-

мен бізбен бөлісуді ұмытпа. Қызықтың бәрі бізде.

Құралай РАҚЫМЖАНОВА, тележурналист:

Студенттік кезде біз де 

бұзық болғанбыз

Студенттік  кез  дейсіз  бе?  Иə,  біз  де 

бұзық  болғанбыз…  90-шы  жылдардың 

басында арман қуып үлкен қалаға оқу-

ға келген жастардың өмірі шынымен де 

қызыққа толы болатын. Соның бірін ай-

тып берейін.

Қарағанды  мемлекеттік  универис-

тетінде  оқып  жүрген  кезім.  Студенттік 

өмір  адамды  шынықтырады,  есейтеді 

екен.  Үйде  еркешоралау  болып  өскен 

мен  тамақ  істеу  дегенді  мүлдем  біл-

мейтін  едім.  Əрине,  оңтүстік  өңірден 

келген  құрбыларыммен  салыстырған-

да…  Шырайлы  Шымқаладан  келген 

Нұрлай  дейтін  курстасым  ас  дайында-

ғанда біздің (менің) білгеніміз жіп есуге 

де  келмей  қалатын.  Макоронды  сары 

майға  сарғыш-қоңыр  түске  енгенше 

баптап қуырып, алдымызға шыж еткізіп 

қоя салғанда оның шеберлігіне таң қа-

латынбыз.

Хош… Біз бір бөлмеде төрт қыз тұра-

тын едік. Сол кездегі заманның жақсы-

лығы болар, ештеңеден таршылық көр-

ген  жоқпыз.  Жолаушылар  көлігі  деген 

тіптен тегін. Қазір айтсаң, ертегі сияқты. 

Үйден келетін сəлем-сауқатты тоңазыт-

қыш  болмағандықтан,  терезеден  сырт-

қа іліп қоямыз. Қазы-қарта, сары май… 

дегендей. Ал оңтүстік өңірден қауынның 

қағы,  тосаптың  сан  түрі,  жеміс-жидек 

қысы-жазы  үзілмейтін.  Бірде  сегізінші 

қабаттан жерге түсіп кеткен шұжық, қа-

зы-қарта  толы  сөмкені  «сен  əкел,  мен 

əкел» деп алмай қойғанымыз… Не де-

ген  кесірлік  десеңізші  (мұны  мен  қазір 

айтып отырмын).

Негізі  тамақты  бөлмеде  кішкентай 

плиткада  дайындайтынбыз,  кейбіреу-

лері  «бытовакада»  пісіретін.  Бірде 

қыздар сол «бытовакаға» тамақты пісі-

руге  қойып,  бөлмелерінде  жүрмей  ме? 

Үнемі  орта  құрсақ  болып  жүретін  курс-

тас,  көрші  бөлмедегі  жігіттер  бірігіп, 

əлгі қазандағы піскен тамақты қотарып 

алып, орнына су құйып кетіпті. Бірақ бұ-

ған ешкім де ренжіген жоқ, қайта көпке 

дейін  қызық  əңгіме  ретінде  айтылып 

жүрді. Міне, сіз сұрадыңыз мен айттым. 

Студенттік шағымды есіме салғаныңыз-

ға мың алғыс!

«Мәңгі студент» атанған студент

Бүгінгі  «Танымайын  десең»  айдарының  қонағы  Павло-

дар  өңіріне  танымал  айтыскер  ақын,  «Ойна»  əзіл-ысқақ 

театрының  актері,  С.Торайғыров  атындағы  ПМУ  түлегі 

Оңғар Қабденов.

Оңғар  Қабденов  Шығыс  Қазақстан  облысының  Ақсуа-

тында  туып-өскенімен,  оны  əйгілі  еткен  нағашылар  ме-

кені – Павлодар жұртшылығы. Оңғар деп атаған ата-ана-

сына  да  алғысым  шексіз  менің,  өйткені  ол  сияқты  жаны 

нəзік  жігіт  үшін  Жаратқаннан  жүз  рет  тілек  тілесең  де 

жеткіліксіз. Оңғар сөзінің мағынасы «жарылқа» дегенмен 

тепе-тең.  Ол  өзін  облысқа  мойындаттым  деп  ойлайды. 

Оны əйгілі еткен əрекеті не екенін қайдан білсін, міне əңгі-

менің нағыз майын осы тұстан тамызайық ендеше.

Біздің  студенттік  топ  2007  жылы  ПМУ-дың  журналис-

тика бөліміне түскенде, Қабденов мырза үшінші курстың 

үлгерімі  жақсы  студенті  еді.  Сөзге  шеберлігі,  ақындығы 

тағы бар. Бойы бізге жетпесе де, ойы озық-тын. Радиобағ-

дарламаға да жиі шақырту алып жүрді (түрін көрсетпеудің 

тиімді тəсілі радио болған шығар… ). Сол жылы аламан 

айтыстарға  шығып,  Павлодар  облысының  намысын  қор-

ғады. Сөйтіп жүріп, сабаққа келуді ұмытып кетті ме, келе-

шегін сабаққа келмей-ақ кемелдейтін 

көкелеріне сенді ме, əйтеуір қарасын 

батырды. Біздер болсақ үшінші курс-

тан төртке көштік, түлек те атандық, 

бірақ сол күйі Қабденов деген түлекті 

студенттер сапынан көргеніміз жоқ.

Жылдар  өте  біз  білікті  маман  бол-

дық,  жұмысқа  орналастық,  бір  күні 

дипломын  құшақтап  Оңғар  келді. 

Өз  көзіме  өзім  сенбедім.  Бізге 

берілген  көк  жапырақ  қағаз  оған 

да  беріліпті,  бірақ  ол  бұл  жолы 

да  бізден  асып  кетті,  өйткені 

оған  «вечный  студент»  де-

ген  статусы  қоса  берілді. 

Студенттің  жеті  жоғын 

жоқтап  жүріп,  жур-

налистикада  жеті 

жыл  оқыған  жігітте 

арман  бар  деп  кім 

айтты…

Барғасын айтады

Екі студент кездесіп қалады. Біріншісі 

екіншісінен:

– Қайда асығып бара жатырсың?

– Емтиханға!

– Емтиханың қай пəннен?

– Барғасын айтады ғой…

Қорқыныш

Дəрісханада емтихан өтіп жатыр. Ке-

лесі  бір  студент  келгенде  профессор 

оның əбіржіп тұрғанын байқап:

–  Сіз  неге  соншама  əбіржіп  тұрсыз? 

Менің сұрақтарымнан қорқасыз ба?

Студент:

–  Жоқ,  мен  өзімнің  жауаптарымнан 

қорқып тұрмын!

Компьютер

Студент  қыз  жатақханаға  келсе  дос 

қызы жылап отыр екен. Досына:

– Не болды, неге жылап отырсың?

–  Мен  ата-анама  компьютер  үшін 

ақша керек деп жазып жіберіп едім ғой.

– Ия, олар саған ақша берген жоқ па?

–  Одан  да  жаманы  болды  ғой!  Олар 

маған  компьютер  беріп 

жіберді!


Студенттік 

өмірден

1.  Абитуриент  – 

«Бiз  де  бала  бол-

ғанбыз»


2.  Ауылшаруашылық 

жұмыстары – «Қан мен тер»

3.  Бақылау  жұмысы  –  «100  теңгең  бол-

ғанша, 100 досың болсын»

4. Диплом қорғау – «Соңғы көш»

5. Диплом алу тойы – «Қош бол Гүлсары»

6. Диплом – «Алтын сақа»

7. Дискотека – «Мөлдiр махаббат»

8. Емтихан – «Тар жол тайғақ кешу»

9. Емтихан – «Қатерлi өткел»

10. Емтиханнан құлаған студентке кеңес: 

«Қайта кiрер есiгiңдi қатты жаппа»

11. Жатақхана – «Алтын орда»

12. Каникул – «Ақиқат пен аңыз»

13. Курстық жұмыс «Тас төбедегi айқас»

14. Қабылдау емтиханы – «Аласапыран»

15. Оқу корпусы – «Ақ боз үй»

16. Практика күндерi – «Жекпе-жек»

17. 4-курс – «Аққан жұлдыз»

18. Сынақ – «Мылтықсыз майдан»

19. Староста – «Күлтай болыс»

20. Стипендия – «Алтын құс»

21.  Студенттiк  өмiр  –  «Махаббат  қызық 

мол жылдар»

22.  Стипендия  –  «Ұзаққа  бармаған  қуа-

ныш»


23. Семинар – «Бұғумен өткен өмiр»

24. Семинар – «Елең-алаң»

25. Сессия – «Жанталас»

26. Сынақ – «Қылкөпiр»

27. Шпаргалка – «Отырардан келген сый»

 



ӘЗІЛ ҚОРЖЫН 



Беттің үйлестірушісі 

Эльмира АБЕТЖАНОВА

 



ТАНЫМАЙМЫН ДЕСЕҢ



5

Еркін сұхбат



Сәуле ӘБЕДИНОВА, Тәуелсіз «Алтын жұлдыз» сыйлығының 

лауреаты, «Ақжүніс-Астана» журналының бас редакторы:

Шолақ 

белсенділердің 

таяғы маңдайыма 

тимеді деп айта 

алмаймын

–  Сізге  өткен  жылы  те-

леарнаға  шығуыңыз  мүмкін 

бе деп сұрақ қойғанымда, мені 

ол  жаққа  маңайлатпайды 

деп жауап бердіңіз, бір түсін-

бейтінім – сіз кімге жақпады-

ңыз?

–  Кімге  жақпағанымды  біл-

меймін.  Өзім  аса  құрмет  тұтар 

бір  кісі:  «Сəуле,  белая  зависть, 

черная зависть деген бар…» деп 

еді.  Сол  айтпақшы,  «черная  за-

висть» – қызғаныштан аяғымнан 

шалатындар  бар  шығар.  Оның 

үстіне,  мен  бас  шұлғи  беретін 

көнбіс емеспін, өз ойымды ашық 

айтып  қарап  отыратын  мінезім 

бар.  Басшыларға  ондай  адам 

жақпайды.  Одан  бөлек,  қазір 

тамыр-таныстың  заманы.  Сон-

дықтан  бұл  мəселеге  бас  қаты-

рудың қажеті жоқ, онсыз да бəрі 

түсінікті…

–  Журналистикалық  қыз-

метіңізде  əлдекімнің  сұрауы-

мен  шындықты  бұрмалап 

немесе ақиқатты ашық айта 

алмаған кездеріңіз болды ма?

– Айтқым келген нəрсені тілім 

жеткенше  айттым,  жазғым  кел-

ген  нəрсені  қаламым  жеткенше 

жаздым деп ойлаймын. Алайда, 

«цензураның  қылышына»  ілін-

бесем де, шолақ белсенділердің 

таяғы маңдайыма сарт етіп тиген 

кезі болып тұрды.

–  «Ақжүніс-Астана»  журна-

лын оқып жүргендер оң баға-

сын  беріп  жатыр.  Бірақ  бұл 

басылым республиканың бар-

лық  аймақтарына  тарамай-

ды. Мұның себебі қаржыға кеп 

тіреле ме?

– Иə, бар мəселе қаржыға кеп 

тіреледі.  Жаздырушылар  үшін 

журнал  «Қазпошта»,  «Евразия-

Пресс»  бөлімшелері  арқылы 

республиканың  барлық  айма-

ғына  жетеді,  ал  бөлшек  сауда-

ға  шығаруға  əзірше  қаржылай 

мүмкіндігіміз  болмай  отыр.  Бөл-

шек сауда арқылы тарататын ме-

кемелердің қызметі тым қымбат. 

Бір  дүңгіршекке  1  айға  2-3  мың 

теңге  аралығында  орынды  жал-

ға алу ақысын төлеу керек. Рес-

публика  бойынша  кемінде  300 

дүңгіршекке  қою  керек,  ол  үшін 

қанша қаражат кететінін есептей 

беріңіз… Бір-екі рет қолға қомақ-

ты қаржы түскенде Алматы мен 

Астана  қалаларынан  100  шақ-

ты  дүңгіршекке  жеке  сатылым-

ға  шығарып  көрдік,  журналдың 

жарнамасы  болмаса  да,  саты-

лым  жаман  болған  жоқ.  Бірақ 

неғұрлым  көп  дүңгіршекке  қой-

масаң, таралымың көп болмаса, 

өз-өзін ақтамайды екен…

–  Жалпы,  журналды  ашу 

кезінде  нендей  қиындықтар-

ға  тап  болдыңыз?  Билік  бұл 

бастамаңызды  бірден  қолда-

ды ма? Демеушіңіз бар ма?

–  Журнал  шығару  оңай  емес, 

əрине.  Қаражат  мəселесі,  офис 

мəселесі,  жақсы  мақала  мəсе-

лесі…  толып  жатқан  қиындық-

тар  бар.  Бастапқыда  бəріне 

өзім  жүгіретінмін.  Қазір  бірша-

ма  қолым  ұзарды.  Тұрақты  де-

меушіміз жоқ. Мен журнал шыға-

ра салып бірден биліктің алдына 

«бастамамды  қолда»  деп  бару-

ды ар санадым. Алдымен өзіме-

өзім көзімді жеткізіп, дəлелдеуім 

керек еді. Жалпы жұмыс істеймін 

деген  адамға  билік  қарсы  бо-

лады,  кедергілер  жасайды  деп 

ойламаймын.  Бірден  қолдап, 

шашбауыңды  да  көтермейді, 

əрине.  Өйткені  газет-журналға 

«қоғамға,  мемлекетке  пайдасы 

бар  жоба»  деп  емес,  əркімнің 

жеке тірлігі, əркімнің өз шаруасы 

деп  қарайды.  Кейде  ойлаймын, 

жеке кəсіпкерлікті қолдайтын үкі-

мет  газет-журнал  өндірушілерге 

де  қолжетімді  шағын  несиелер 

беріп,  тарату  мəселелерін  мем-

лекеттік  тұрғыда  жолға  қойып 

т.б. қолдау танытса болар еді-ау 

деп.  Газет-журнал  деген  бүгінгі 

қоғамның  айнасы  емес  пе? 

Бүгінгі  жазылып  жатқан  тари-

хымыз  бен  шежіреміз  емес  пе? 

Мемлекеттіліктің  нышаны  емес 

пе? Жеке меншік болса да, осы 

мемлекеттің  бүгіні  мен  ертеңі 

үшін жұмыс жасамай ма?

Екіншіден,  бастамаңды  билік 

қолдау  үшін  қолыңнан  іс  ке-

летінін  дəлелдеуің  керек.  Бұл 

орайда  біз  өзімізді  дəлелдей 

алдық  деп  ойлаймын.  Биыл  ҚР 

Ақпарат  жəне  мұрағаттар  коми-

теті  қолдау  көрсетіп,  біраз  қар-

жы бөлді. Келесі жылы қаржыны 

көбірек беруге уəде беріп отыр.

Былтыр  осы  журналды  шыға-

рарда  бір  танысым:  «Кімге  се-

несің?  Демеушің  бар  ма?»  деп 

сұрады. «Бірінші құдайға сенем, 

екінші  өзіме  сенем,  үшінші  ха-

лыққа  сенем»  деп  едім.  Деген-

мен,  тұңғыш  нөмірге  Мəжіліс 

депутаты, ұлттың жоғын жоқтап, 

мұңын мұңдаушы азамат – Нұр-

тай  аға  Сабильянов  көмектес-

кенін баса айтқым келеді. Екінші 

нөмірге ұлттық құндылықтардың 

нағыз жанашыры, меценат Өмір-

зақ Сəрсенов ағамыз демеушілік 

жасады.  Одан  кейін  айтайын 

дегенім,  осы  Павлодар  қала-

сындағы  С.Торайғыров  атында-

ғы  Павлодар  Мемлекеттік  уни-

верситетінің 

ректоры 


Серік 

Мəуленұлы Өмірбаев мырза мен 

проректоры  Жасұлан  Құдайбер-

генұлына, университет ұжымына 

журналымызға жазылып, қолдау 

танытқаны үшін алғыс айтамын.

Алматы қаласындағы көптеген 

орта  мектептердің  ұжымдарына 

мектеп  директорларына  да  ай-

тар алғысым шексіз. Осы кісілер 

бізге əркез қолдау көрсетеді. Бір 

сөзбен айтқанда, аяулы апайла-

рымыз бен  асыл  азаматтардың, 

«Ақжүнісін»  сағынған  халықтың 

арқасында  шығып  жатырмыз. 

Демеушіге  зəру  екеніміз  рас, 

сондықтан  демеушілік  көрсе-

темін дейтін аға-əпке, іні-бауыр-

ларымыз  табылып  жатса,  нұр 

үстіне  нұр  болар  еді.  Оқырман-

дарға айтарым, еңбек ету – біз-

ден,  еңбекті  бағалау  –  сізден, 

қадірлі  оқырман!  Журнал  сапа-

сының  артуы  тікелей  өздеріңіз-

ге  байланысты  екенін  ұмытпа-

ғайсыздар. 

Атсалысыңыздар! 

«Ақжүніс-Астана» 

журналына 

жазылуға  шақырамын!  Жазылу 

индексі  –  74505.  «Қазпошта», 

«Евразия-Пресс»  бөлімшелері 

арқылы жазылуға болады.

Тағдырыма 

ризамын…

–  Жеке  өміріңізге  сырлы 

саяхат жасауға қарсы емессіз 

бе?

– Сұрай ғой, не білгің келеді?



–  «Жалғыздық  Құдай  мен 

Күнге  жарасқан»  дегенді  «Ақ-

жүніс»  уақытында  өз  аузы-

ңыздан  естіген  болатын-

мын. Өзіңізге ше, жалғыз болу 

қаншалықты қиын?

–  Əрине,  оңай  емес.  Тырмы-

сып  алға  ұмтылудан  да,  мықты 

болудан  да  шаршайтын  кез-

дерім  болады.  Бір  сəт  əлсіз, 

нəзік,  əйел  деген  жаратылыс 

екенімді  сезінгім  келетін  кездер 

де  болады.  Ол  үшін  қасымда 

арқа  сүйер  азаматым  болу  ке-

рек. Ол болмаған соң, қиындық-

пен жалғыз күресуге тура келеді. 

Үйдегі  күйбең  тұрмыстың  біт-

пейтін тіршілігі де, түздің жұмы-

сы  да  өзімнің  мойнымда.  Алла 

тағала  пендесі  көтере  алатын 

жүкті  оның  мойнына  артатыны 

рас  болса,  демек  менде  басы-

ма түскен қиыншылықты көтере 

алатын,  жеңе  алатын  күшті  де 

құдай өзі береді деген сөз. Сон-

дықтан сол жүкке лайықты жігер 

көрсетуге тырысамын.



–  Жалпы,  екі  балапанының 

қанатын  «жалғыз»  жүріп  қа-

тайтқан  қазақ  əйелінің  сағы 

сынған кездері жиі болды ма? 

Өткен  өміріңізге  кері  шегініс 

жасасақ…

–  Өткен  өмірімді  көз  алдыма 

елестетсем, бір роман жазып, көп 

сериялы керемет телехикая түсі-

руге  болады  (жымиды).  Өткен 

өмірімде  сəулелі  сəттер  де,  со-

нымен қатар көлеңкелі тұстар да 

аз болған жоқ. Өмірдің өзі жарық 

пен  қараңғының,  күн  мен  түннің 

алма-кезек ауысып отыруы емес 

пе?  Əке-шешенің  қасында  жүр-

генде жегеніміз алдымызда, же-

мегеніміз  артымызда,  «ревизор-

дың қызы» боп өмір сүріппіз. Ал 

өз  өмірімді  ғана  емес,  ата-ана, 

туған-туыстың  бəрін  бір  ер-аза-

маттың жолында құрбан етіп, со-

ның етегінен ұстап кете барғанда 

қара орманға сүңгіп адасып бара 

жатқанымды  білмеппін.  Қиын-

дықты  көп  көрдім.  Аш  қалған 

күндер  де  болды.  Адам  қарны 

ашса  ұйықтай  алмайды  екен… 

күйеуімнің  қасында  жатып  қар-

ным  ашқаннан  ұйықтай  алмай 

дөңбекшіп шыққан түндер де өтті 

басымнан.  Сонда  оған  «қарным 

ашты»  деп  айтпаймын,  оның 

азаматтық  намысына  тиермін, 

ол  уайымдап  қалар  деп  ойлай-

мын.  Ал  екі  баламмен  далада 

қалғанда  ағайын-туғанға  бару-

ға  намыстанып,  жатақхананың 

қуықтай  бір  бөлмесінде  жаралы 

ит сияқты, өз жарамды өзім жа-

лап жылдар бойы жата бердім… 

Еден  жудым,  əжетхана  тазала-

дым,  төсек  тартып  жатқан  80-

дегі  кемпірді  де  қарадым,  мил-

лиардер еврейдің үй күтушісі де 

болып  істедім…  Бірақ  ешкімнің 

алдына  бір  үзім  нан  сұрап  бар-

ған  жоқпын.  Сағым  сынған  кез-

дер  болмады  десем  өтірік  бо-

лар.  Тіпті,  өлгім  келген  кездер 

де болған. Бірақ мен өмірді ессіз 

сүйемін. Мендегі ең асыл да ба-

ғалы  нəрсе  –  Алланың  аманат 

етіп  берген  өмірі.  Бар  болмы-

сыммен,  ақыл-парасатыммен, 

күнəммен,  қателіктеріммен,  осы 

өмірді  сүруге  міндеттімін.  Өйт-

кені, өмір қиын болса да, опасыз 

болса да, жалған болса да – мен 

өмірге шексіз ғашықпын. Ал өмір 

барысында  жіберген  қателік-

терім де, кемшіліктерім де, кінəм 

мен  күнəм  да,  қиындықтар  да… 

бəрі де – бақытты болуға ұмты-

лу  жолындағы  баспалдақтарым. 

Өткен  өміріме  көз  жүгіртсем, 

кей  тұстарда  «қандай  ақымақ 

болғанмын» деп ойлаймын. Өкі-

нетін сəттерім де аз емес. Бірақ 

сол  ақымақтықпен  өткізген  күн-

дерімді  де,  сол  өкініштерімді  де 

жақсы  көремін,  өйткені  солар 

мені жақсылы-жаманды осы күн-

ге  жетелеп  əкелді.  Сондықтан 

тағдырыма ризамын.



–  Бір  сұхбатыңызда:  «Мен 

негізі  жалқаумын»  депсіз. 

Сонда  қалай,  жалқау  жанның 

осынша  жетістікке  жетуі 

мүмкін бе?

– Иə, жалқаулығым бір басыма 

жетіп артылады. Өте үйкүшікпін. 

Маған салса, үйден шықпай жа-

тар  едім…  Қазақтан  сөз  артыл-

ған  ба?  «Құдай  жүгірте  алмаған 

сиырды  бұзауы  безек  қақтыра-

ды»  деген  мақал  бар.  Мен  де 

балаларым үшін «əрекетке – бе-

рекет»  деп  тырбаңдап  тіршілік 

қыламын.  Қос  құлынымның 

өмірі, өз өмірім қор болмай, жақ-

сы, лайықты өмір сүруді ойлаған 

кезде  бар  жалқаулықты  ұмыта-

сың ғой…

–  Жеңісім  мен  жемісім  деп 

нені айтар едіңіз?

– Екі баламды бағып-қағып, қа-

тарынан кем қылмай өсіргенім – 

менің жеңісім. Жеңісімнің жемісін 

көремін  деп  үміттенемін.  Кейінгі 

жеңісім  деп  журналымды  айтар 

едім,  қалтарыс,  бұлтарысы  мың 

сан қабат өмірдің батпағына ба-

тып  кетпей,  адамшылығымды 

жоғалтпай, өмірден өз орнымды 

тапқанымды айтар едім…

– Өзіңізден өзіңіз қашатын, 

шарасыз сəттеріңіз бола ма?

–  Жоқ,  өзімнен  қашпаймын, 

керісінше,  өзімді  əркез  қолдап, 

жетектеп,  өз-өзіме  дем  беріп 

отырамын.  «Кері  шегінуге  жол 

жоқ,  тек  қана  алға!.»  деп  əркез 

өзімді  қайраймын.  Адам  өзінен 

өзі қашып кете алмайды.



–  Нəзік  жүрегіңіз  нені  аң-

сайды?  Махаббатыңыздың 

кейіпкері бар ма?

–  Əрине.  Жақсы  көру  деген 

керемет сезім емес пе?!. Жақсы 

көрмей, сүймей, сағынбай, аңса-

май өмір сүру мүмкін бе? Əркез 

жүрегімде  бір  адам  тұрады… 

Мен сырттай біреуді жақсы көріп 

өмір  сүре  беремін.  Ол  адамның 

қасына бару шарт емес…

–  Сізді  өзгелерден  ерек 

етуші  ерекшелігіңіз  қандай 

деп ойлайсыз?

– Əр адам өзінің болмысымен, 

мінезімен,  табиғатымен,  көзқа-

расымен,  сана-сезімімен  ерек-

ше  шығар.  Мендегі  өмір  басқа-

да жоқ. Мендегі тағдыр басқада 

жоқ. Мендегі қиял, мендегі жұм-

бақ өзіме ғана тиесілі…



–  Қандай  сұраққа  жауап  бе-

руден бас тартар едіңіз?

– Жауабы жоқ кемақыл сұрақ-

тарға жауап беруден бас тартар 

едім.


– Сіз үшін өмірдің мəні неде?

–  Өмірдің  мəні  –  өмір  сүру-

де.  Адами  өмір  сүруде.  Менің 

де,  ешкімнің  де  запаста  тоңа-

зытқышқа  салып  сақтап  қойған 

екінші  өмірі  жоқ.  Бір-ақ  өмір. 

Жалғыз  шыбын  жан.  Ажал  да 

əркез  қолсозым  жерде  жүреді. 

Бүгін  бармыз,  ертең  жоқпыз. 

Сондықтан қас-қағым сəттей өте 

шығатын  аз  ғана  өмірді  əдемі, 

адами  өмірге  лайықты  өткізген-

ге  не  жетсін?.  Біз  Алланың  жа-

ратқан пендесіміз, құдай тағала 

бізге  «өмір  сүр!»  деп  жұдырық-

тай  жүрегімізге  шыбын  жан-

ды  салып  берді.  Демек  біз  осы 

өмірдің  отымен  кіріп,  күлімен 

шығуға тиістіміз. Өз өмірі мəнді 

де сəнді, мағыналы да мазмұн-

ды  болуы  үшін  əрбір  адам  ты-

рысуы  керек,  күресуі  керек.  Ол 

үшін  бірінші  кезекте  адамшы-

лықты,  ізгілікті,  мейірімділікті 

серік  етуіміз  керек.  Ал  жүрегі 

ондай  қасиеттен  жұрдай,  осы 

өмірін дұрыс сүрмеген, мазмұн-

ды  өткізбеген  адамды  Алла  та-

ғала  жұмаққа  жеткізеді  дегенге 

сенбеймін.




жүктеу 388.72 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет