2
SMS-ақпарат
Депутаттар мәдени
ескерткіштерді
қиратқандарды
қылмыстық жазаға
тартуды ұсынды
Депутаттар мəдени ескерткіштерді қират-
қандарды қылмыстық жазаға тартуды ұсын-
ды. Себебі, қазір қазба жұмыстарын қара
саудаға айналдырғандар көбейіп кеткен. Ал,
кей жерлерде, тіпті, билік өкілдері алдын-ала
зерттеу жүргізілмеген жерлерді жекеменшік-
ке беріп жатқан көрінеді. Бүгін тарихи жəне
мəдени мұралардың жай-күйі талқыланған
Мəжілістің комитет отырысында мұндай мы-
салдар көптеп айтылды. Халық қалаулыла-
ры жаңа заң қабылданбай бұл салада тəртіп
орнамайды деп отыр. Бұл туралы «Хабар»
арнасының сайты жариялады.
Кез келген жер учаскесі бөлінбес бұрын
ол жерге археологиялық зерттеу жүргізілуі
керек. Бұл қолданыстағы заңның талабы.
Алайда, тарихи-мəдени ескерткіштерді қор-
ғау туралы құжаттың бұл баптарын қазір қа-
перге алатындар некен-саяқ көрінеді.
Белгілі ғалым Бауыржан Байтанаев бол-
са, заңның бұл талабын орындауға былайғы
жұрт қана емес, билік өкілдерінің өзі де сел-
қос қарайтындығын айтады.
Салыстыру үшін айтсақ, көрші Ресейде
мəдени мұраға зиян келтіргендер 6 жылға
түрмеге тоғытылады. Ал, Қытайда көне ес-
керткіштерді қиратқандар мүлде өлім жаза-
сына кесілуі мүмкін. Біздің елде де көне жəді-
герлерді қара саудаға айналдырғандар бар.
Бірақ, оларға қолданылатын жауапкершілік
түрі қарастырылмаған.
«Тарихи-мəдени мұраларды қорғау жəне
пайдалану туралы» жаңа заң жобасын əзір-
леуге депутаттар кірісіп те кетіпті. Құжат ав-
торларының бірі Камал Бұрханов, – алдағы
бір айдың көлемінде заң жобасы Мəжіліс қа-
рауына түседі, – дейді.
BAQ.KZ
Жер тұрғындарының саны
7,2 миллиардқа жетті
2014 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бо-
йынша, Жер ғаламшарындағы адам саны 7,2
миллиардқа жетіп отыр.
Бір жылдың ішінде, яғни 2013 жылы адам
саны 77 630 563-ға (немесе 1,1 % –ға) артқан
екен. Мұндай статистиканы ұсынып отыр-
ған – АҚШ-тың көшірме бюросы.
Ғаламшар тұрғындарының санын көбейту-
ге ең көп ат салысқан – Үндістан халқы. Олар-
дың саны 15,6 миллионға көбейген. Үндістан
осылайша өсу жөнінен Қытайды, Нигерияны,
Пəкістанды жəне Эфиопияны артқа қалдыр-
ды.
Естеріңізге сала кетейік, Жер тұрғындары
2012 жылы 7 миллиард адамға жеткен бола-
тын. 2025 жылы бұл көрсеткіш 8 миллиардқа
жетеді деген болжам бар.
АҚШ тұрғындарының саны 317, 3 миллион,
Ресей халқы 143,5 миллион болса, 2013 жыл-
дың қазан айындағы есеп бойынша, Қазақс-
тан халқының саны 17 075,7 мыңды көрсет-
кен. Оның ішінде қала халқы – 9 384,6 мың
(55 %), ауыл халқы – 7691,1 мың (45 %) екен.
XXI ғасырдың ортасында халық саны 15 %-ға
қысқаратын елдердің қатарында Украина,
Ресей, Белорусия, Болгария, Куба, Румыния
бар.
Ал халық саны жөнінен əрдайым көш бас-
тап келе жатқан Қытай жəне Үндістан 2028
жылы 1,45 миллиард адамға жетіп, теңеседі.
Сонан кейін қытайлықтар азайып, үндістер
керісінше көбейе түседі деген болжамдар жиі
айтылып жүр.
Қазіргі таңда Үндістан мемлекеті халық
саны жағынан əлемде екінші орында тұр.
Нақтырақ айтсақ, Үндістандағы жалпы ха-
лық саны – 1,21 млрд адам. Бұл Жер плане-
тасының 17 %-ын құрайды. Осыдан тұп-тура
60 жыл бұрын, Ұлыбритания бодандығынан
босап, өз тəуелсіздігін жариялаған жылдары
Үндістанның халық саны 350 млн. адамды
ғана көрсеткен екен. Алпыс жыл ішінде үндіс-
тандық азаматтардың саны үш есеге өскен.
Ал Жер тұрғындарының қартаю үрдісі бірне-
ше жыл бойы бір қалыпта болатындығымен,
2100 жылы 60 жастағы адамдардың саны 3
миллиардқа жетеді деп күтілуде.
Массагет.кз
ДҮРБІ
Бұл байлықты бабаларымыз айт-
қан сөздердің өзінен бағамдауға
болады. Аталарымыз қарапайым
сөзбен емес, сөздің жілігін шағып,
майын тамызып, əсемдеп, көркем-
деп, жұмбақтап, астарлап, мақалдап
жеткізген əрбір ойдың мəйегін. Тұ-
ғырлы Тəуелсіздігі қолында, дербес
елміз деп кеуде кереміз. Ал бүгінгі
күндегі туған тілдің жағдайы қалай?
Əлемдік тілдер тізбесіндегі кейбір
тілдердің жағдайы мүшкіл, бұған тіл
ғалымдары алаңдаулы. «Тілдің аман
қалуы немесе жоғалып кетуі, алты жа-
сар баланың қолында. Алты жасар ба-
ланың тілді үйрену талабын тілді күн-
делікті қолдану қажеттілігі тудырады»,
дейді американдық профессор Дэвид
Харрисон. Елдің болашағы, алты жас-
тағы бала өз ана тілінде сөйлемесе тіл
тіршілігін тоқтатары сөзсіз. Ал тілдің
жоғалуы сол елдің діл мен дінінің,
салт-дəстүрінің, əдет ғұрпының, ұлт-
тығының жойылуына əкеп соғады.
Əлемдегі əр алуан тіл мен мəде-
ниетті сақтау үшін 1999 жылдың 17
қарашасында өткен UNESCO Бас
ассамблеясының
конференция-
сында 21 ақпан күнін дүниежүзілік
ана тілі күні деп жариялады. Оған
себеп, 1952 жылдың 21 ақпанында
шығыс Пəкістанның Дакка қаласын-
да өздерінің ана тілі – бенгал тілін
қорғаған күн құрметіне яғни, елдегі
ресми мемлекеттік тілдің бірі ретінде
тануын талап еткен осы оқиғаға бай-
ланысты белгіленген.
Дүниежүзінде 7000-ға жуық тіл
бар деседі. Бірақ көптігіне қарамас-
тан əрбір екі апта сайын бір тіл өз
тіршілігінен жойылуда. Мұндай де-
ректен ғалымдар тілдер жағдайының
мүшкілдігін аңғарып келеді. Линг-
вистер тілдердің күн санап «өлуін»
сырттан келген алпауыт тілдердің
алауыздығынан деп топшалайды.
Сондықтан тілін тұғырына қондыра
алмай отырған елдер үшін бұл үлкен
қауіп. Əлемде əмбебап тілдердің қа-
тарына кіретін, кеңінен таралған 40
шақты тіл бар. Жар шарының 3 тен
2 бөлігі де осы тілдерде сөйлейтін
көрінеді. Кең таралған тілдердің
ішінде əрине қытай, ағылшын, ис-
пан, араб, орыс, француз сынды тіл-
дердің мəртебесі биік. Бұл тілдердің
өшпей керісінше өсіп, өмір сүруін
жалғастыра беруіне бірден бір себеп
отарлаушы мемлекет болғандығы.
«Тілінен айрылған ұлттың дүние-
танымы, мəдениеті сол күйі жабық
есіктердің ар жағында қалып қояды»
дейді Ресей ғалымы Владимир Плун-
гян. Ол тілдердің жоғалуына əсер
етіп отырған себеп ретінде адамдар-
дың бір-бірімен тығыз байланысуын
алып отыр. Яғни, ол да сол баяғы
жер шарын жалмап жатқан жаһанда-
ну əсер етіп жатыр деген ойда. «Күн
артқан сайын əлем «кішірейіп» бара
жатыр» дейтін ол, əр елдің адамда-
ры бір-бірімен жақын араласқан са-
йын тілдік кедергілер жоғалып, əлсіз
тілдер əлдінің ықпалына төзе алмай,
көлеңкесінде қалып қояды деген
пікірде. Мысалы 2009 жылы ЮНЕС-
КО бір Ресей аумағының өзінен жо-
ғалудың аз алдында тұрған 136 тілді
анықтаған болатын. Одан бері бір-
шама уақыт өтті. Егер екі аптада бір
тілді өлді десек, бүгінде сол 136 тіл-
ден қалғанын есептей беріңіз.
Африкадағы Сенегалда жоғалу-
дың аз-ақ алдында тұрған бандиал
тілі бар. Ондағы халық та өз тілінде
сөйлеуді құлықсыз көріп отыр. Фран-
цуз жəне де басқа, хип-хопқа қатысы
бар тілдерде сөйлеуді алға тартып
отыр. Ал мамандардың болжауын-
ша бұл тілде сөйлемек түгілі, бұл тіл
туралы біршама уақыт өте ешкім біл-
меуі де мүмкін.
Жақындағылардың да жанайқа-
йы естіледі. Украина халқының 50
пайызы орыс тілді екен. Сондықтан
болар украин тілі мамандарының
ойынша украин тілінің де аясы кеми
беруі мүмкін деген үрейде. Олардың
болжамына сенсек украин тілі 2030
жылдарға қарай мүлдем қолданыс-
тан шығып қалуы да ғажеп емес. Бұл
Украина мамандарының тұжырымы.
Сөз түйін. Ғалымдардың алаң-
даушылығын тудырған мəселе
бізді де бей-жай қалдырмағаны
анық. Бұл тақырып та көкке кө-
теріліп, айта-айта ауыз талып, жа-
за-жаза жауыр болған мəселенің
бірі. Бірақ ел болып еңсемізді
тіккен тұста, қазақ тіл – əлемдегі
ең ғажап тіл ұлт болғанымызша
айтыла берері анық. Өзге тілді үй-
рену бүгінгінің талабы. Дегенмен,
өз ана тілінде сөйлей алмайтын,
шүлдірлеген орыс тілді жастар-
дың саны бізде де жетіп артыла-
ды. Құдай сақтасын, бірақ кім бі-
леді бұлай жалғаса берсе…
Мереке АМАНТАЙ
ҚОШ БОЛ
ФАРИЗАДАЙ
АЯУЛЫ АҚЫН!
Жаңа жыл мерекесі жылу сыйлағанымен, қаңтар айының соңы
күллі қазақтың қабырғасын қаусатты. Жүрек жасын жасыра
алмаған жұртшылық поэзия падишасы, қоғам қайраткері,
әрі қазақтың аяулысына айналған Фаризасын ақтық сапарға
шығарып салды.
Жетпіс беске қараған шағын-
да алты алашын шыр еткізген ел
қызы жайында қазақстандық теле-
бағдарламалар мен жаңалықтар
желісінде жиі айтылды. Теле-радио
студияларында сансыз адам жина-
лып, ақынның қасиеті, мəрт мінезі
мен болмысы турасында естеліктер
айтылып жатты. Əсіресе, Фариза
апаймен үзеңгілес достары мен көзі
көрген ізбасарлар ақындардың еске
алуларында есеп болған жоқ. Сон-
дай-ақ, өр өлеңінің жанкүйер жан-
дары марқұмды жоқтап, жан-жақтан
жиылды. Əр қазақтың өз Фаризасы
бар. Несіпбек Айтұлы Фаризаны
жоқтап өлең жазды, танымал ақын
Бауыржан Қарағыз да өз кезегінде
Фариза апайы туралы терең тебі-
реніспен сыр шертті. Аяулы ақын
əпкесіне ауруханаға барғанын, қан-
ша қиналып жатса да барлық ақын-
дардың атын тізіп, жағдайларын
сұрағанын тілге тиек етіп те жатты.
Соңғы күндері бағдарламаларда
Фариза Оңғарсынованың отты өлең-
дері оқылып, ақынның сөзіне жазыл-
ған əндері жиі шырқалды.
Фариза Мұқағалидай ақиық ақын-
ның мұңдасы, енді біріне сырлас,
біріне жанашыр, ал кейбіріне діңгегі
биік тұлға бола білді. Қазақстан Рес-
публикасының Парламентінде депу-
тат болған жылдары 9 заңның шы-
ғуына мұрындық болса, екі заңды
тікелей өзі жазып шығыпты. Ол заң
жолдары ана мен баланы қорғауға
арналған екен.
«Кеш емес» бағдарламасы «Ақын
көп, Фариза жалғыз» атты тақы-
рыпта дайындалған ақын өмірінің
барлық тұстарын бір арнаға тоғыс-
тырыпты. Онда Фаризаның доста-
ры, апа-сіңлілері, əнші Роза Əлқожа
өздерінің ерекше естеліктерімен
бөлісті. Есімде қалған ерек естелік
бар. Ол – Фəкеңнің қазақи дəстүрге
берік болғандығы мен төл салтын
өзгеге сыйлата білгендігі. Бір жылы
Германиядан немістің ақын қызы
мейман болып біздің елге келген
екен. Аудармашысы тағы бар. Фа-
риза апайымыз өз кезегінде қаза-
қи қонақжайлық көрсетіп, шетелдік
меймандарды өз шаңырағына ша-
қырыпты. Ет асып, қонақтарға бас
ұсынған кезде аудармашы қыз əлгі
басқа қарап күле береді екен, неге
күлесің деп сұраса да күледі екен,
сөйтіп күлкісін сəл тыя тұрып, мына
басқа қарасам, маған қарап күліп
тұрған сияқты, сол үшін күліп отыр-
мын деп одан бетер күле жөнеліпті.
Сол кезде қазақтығына берік қайсар
қыз көп ойланбастан қонақтарын
үйінен қуып шығыпты. Менің сал-
тымды сыйламаған адамға, менің
төрімде орын жоқ деген екен.
Түйін. Əр қазақты жалғызындай
сүйген Фариза ақынның артында
ұлы Айбар мен немерелері қал-
ды. Ал ең бастысы, өлмес мұра-
сы мен өшпес өлеңі бар. Ендеше
ел өз Фаризасын ешқашан есінен
шығармақ емес.
Эльмира АБЕТЖАНОВА
ТІЛІММЕН МӘҢГІ ЖАСАЙМЫН
Талай тығырықта тосылмай, қиын заманда жасымай бүгінге
жеткен тәуелсіз еліміз, ұлан-ғайыр жеріміз, асыл дініміз, ана
тіліміз, табиғаттың тылсым тартуындай қазыналарымыз бар.
Сонымен қатар, мақалама мәйек еткен, бабаларымыз бұрымындай
баптаған, сан сүрлеуден өтсе де көркемдігін, табиғатын сақтаған,
бойымызға дарыған ана тіліміз бар. Біздің тіліміз ұлтымыздың
тірегі, өніп-өсуіміздің айғағы, бүгінгі келбетіміздің айнасы. Ұлы
ойшылдарымыздан қалған ұлағатты сөздер, дана да дара ақындардың
өлеңдері, жыраулардың жырлары, батырлардың өр рухты сөздері
бәрі-бәрі осы туған тіліміз арқылы бізге жетіп отыр. Ана тіліміздің
өзі тұнып жатқан байлық екені жалғандық емес.
3
Жолдау
Міне, 2014 жылқы жылы Мемле-
кет Басшысы он сегізінші рет халқына
Жолдауын жариялады. Биылғы Жол-
дау негізінен «Қазақстан – 2050» Ст-
ратегиясының жалғасы, жəне əрі қарай
тарқататын бағыты деуге де келеді.
Алайда, Бұл Жолдаудың арқалаған
жүгі артық, жөні бөлек.
Жыл сайын жыл басымен бірге қазақ
халқы Елбасының Жолдауын торыға
күтетін əдет қалыптасты. Биылғы жылы
Ел Басшысы қазақстандық қоғамның
дамуы мен өркендеу жолында мемле-
кет қызметкерлері мен атқамінерлерге
нендей тапсырмалар жүктейді, қарапа-
йым халыққа қандай жағдайлар жаса-
лады деген сауалдарға жауап іздеген
жұрт телміре Жолдауды тыңдайды.
Осы күні кəсіпорындар мен ұйымдар,
мекемелер мен ұжымдар барлығы
даму жоспарларын мемлекеттік мақ-
сат-міндеттерге сəйкестендіреді, ел
өркендеуінің басты басымдықтарын са-
ралап, Жолдау мақсатына сай міндет
арқалайды. Барша қазақстандықтар
үшін Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың Жол-
дауын тыңдау игі дəстүрге айналғаны
сөзсіз. Еңбегіне ынта, шығармашылы-
ғына табыс, əрбір бастамаға шабыт,
ұлы армандардың орындалуына ұлы
мақсаттар жəне ел игілігі үшін маңызды
істерге жауапкершілік бертін қазақстан-
дықтардың өмірін жарқын етуге жол
сілтейтін Президент Жолдауы Елбасы
мен Елді жақындастыратыны хақ.
Президент аталмыш Жолдауды
«Мəңгілік Қазақстан» жобасы аясын-
да бағдарлап, ел тарихындағы жаңа
дəуірдің кемел келбетіне балады.
Қазақстан Республикасының Прези-
денті – Елбасы Н.Ə. Назарбаев Қа-
зақстан халқына арнаған «Қазақстан
жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ» Жолдауында: «Бүгінде
дамығандықтың іргелі көрсеткіштерін
Экономикалық ынтымақтастық жəне
даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемле-
кеттер көрсетіп отыр. Оған əлемдік ішкі
жалпы өнімнің 60 пайыздан астамын
өндіретін 34 ел кіреді. ЭЫДҰ-ға кіруге
тағы 6 ел – Бразилия, Қытай, Үндістан,
Индонезия, Ресей жəне Оңтүстік Афри-
ка Республикасы үміткер болып отыр.
Ұйымға мүше барлық елдер терең жаң-
ғыру жолынан өтті, инвестицияның,
еңбек өнімділігінің, шағын жəне орта
бизнесті дамытудың, халық өмірі стан-
дарттарының жоғары көрсеткішіне ие
болып отыр. Əлбетте, ЭЫДҰ елдерінің
болашақ ұзақмерзімді қарқыны ескеріл-
гендегі индикаторлары – жер жүзінің
дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру
жолындағы біздің базалық бағдарымыз
осы», – деп биылғы Жолдаудың басты
басымдығы жаһанның дамыған 30 ел
қатарынан бой түзеу екендігін жеткізді.
Жəне де Мемлекет Басшысы Қазақс-
танның дамыған 30 елі қатарына кіру
тұжырымдамасында алдағы жұмыстың
ұзақмерзімді басымдықтарын белгі-
леді:
1. Инновациялық индустрияландыру
трендін түзеу жəне күшейте түсу ма-
ңызды.
2. Қазақстанның агроөнеркəсіп ке-
шенін инновациялық бағытқа түсіру
маңызды.
3. Ғылыми қамтымды экономика
құру – ең алдымен Қазақстан ғылымы-
ның əлеуетін арттыру.
4. Инфрақұрылымдық үштаған – аг-
ломерацияның, көліктің, энергетика-
ның қарқынды дамуын қамтамасыз ету
керек.
5. Шағын жəне орта бизнесті дамы-
ту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды ин-
дустриялық жəне əлеуметтік жаңғырту-
дың басты құралы.
6. Біздің болашаққа барар жолымыз
қазақстандықтардың əлеуетін ашатын
жаңа мүмкіндіктер жасауға байланыс-
ты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел де-
геніміз – белсенді, білімді жəне денсау-
лығы мықты азаматтар.
7. Мемлекеттік институттар жұмы-
сын жетілдіру. Əлемнің дамыған 30
елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге
адал бəсекелестік, əділеттілік, заңның
үстемдігі жəне жоғары құқықтық мəде-
ниет ахуалы қажет.
Елбасының айтуынша дүниенің да-
мыған 30 ел қатарынан көрінуімізге
деген ұмтылысымыз XXI ғасырдағы
«мүмкіндіктер көзін» пайдалана оты-
рып, жаңғыру серпілісін жасау қажет
болатын 2030 жылға дейінгі кезең
мен 2030 – 2050 жылдар аралығында
еліміздің ғылыми қамтымды жəне жа-
сыл экономика қағидаттарына негіз-
делген екі кезеңде жүзеге асады.
ҚР Президенті – Елбасы Н.Ə.Назар-
баев тəуелсіздігімізді алған жылдардан
бері қазақстандықтарға ортақ ел бола-
шағының іргетасын қалаған басты құн-
дылықтарды атап өтті: 1. Қазақстанның
тəуелсіздігі жəне Астанасы
2. Қоғамымыздағы ұлттық бірлік,
бейбітшілік пен келісім.
3. Зайырлы қоғам жəне жоғары руха-
ният.
4. Индустрияландыру мен иннова-
цияларға негізделген экономикалық
өсім.
5. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
6. Тарихтың, мəдениет пен тілдің ор-
тақтығы.
7. Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі жəне
бүкілəлемдік, өңірлік мəселелерді ше-
шуге жаһандық тұрғыдан қатысу.
PS. Халықты бірлікке шақыратын
ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ бо-
лашақ екені анық. Баршамызға ортақ
бірлікті нығайтуда ата-баба дəстүрі,
заманауи жаңалықтар, білімді ұрпақ,
рухы биік азаматтарды қалыптастыру
өте маңызды. Ел болашағын, ұрпағы-
мыздың келешектегі жетістіктері кім-
кімді болса да қызықтыратыны сөзсіз.
Сол болашаққа өзімізден кейін индуст-
риялды жəне ғылыми-техникалық өр-
леуді, экономикада, мəдениетте жəне
саяси əлеуметіміз жоғары деңгейде
көтерілген елді мұра етуіміз шарт. Бұл
биылғы Елбасының Жолдауындағы
басты мақсат, басты мүдде, басты бо-
лашақ.