Жасына байланысты зейнетақы төлемдері. Орындаған: Қобландина А. С жоспары


-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш жасау тәртiбi



жүктеу 2.02 Mb.
бет6/6
Дата09.02.2022
өлшемі2.02 Mb.
#17108
1   2   3   4   5   6
Жасына байланысты зейнетақы төлемдері.
№ 4 Презентация Практикум, договор об оказании образовательных услуг на основе госгранта (магистратура), мәйітті табылған орнында тексеру хаттамасы, еңбек өтілі, айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау хаттамасы, тергеу эксперименті хаттамасы, документ1

17-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш жасау тәртiбi

  •   1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтініш зейнетақы төлемдерiн есепке жазу үшiн қажеттi еңбек өтілі мен кірісін растайтын құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияға берiледi.
  •       2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді.
  •       3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган зейнетақы төлемдерін тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтарға тиісті құжаттарды ресімдеуде жәрдем көрсетуге міндетті.

18-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау мерзімдері

1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау мерзімі өтініштің қоса берілген құжаттарымен бірге Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайды.

2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттар Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.

3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган Мемлекеттік корпорация арқылы бас тартудың себептерін жазбаша уәждеуге және өтініш берушіге ұсынылған құжаттарды қайтаруға міндетті.



4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

+7 (123) 987-65-54

www.fabrikam.com


жүктеу 2.02 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет