-жеңілдетілген негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақы;
-арнайы заңды негіздерге негізделген жасына байланысты зейнетақы.
Жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақыны тағайындау үшін, жоғарыда атап өткеніміздей, белгілі бір жасқа толу және белгілі бір ұзақтықтағы еңбек стажының болуы қажет.
Жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақыны тағайындау үшін, жоғарыда атап өткеніміздей, белгілі бір жасқа толу және белгілі бір ұзақтықтағы еңбек стажының болуы қажет.
Жеңілдетілген негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақы еңбек стажының жалпы ұзақтығы болған жағдайда немесе жасқа да, еңбек стажының ұзақтығына да талаптар бір мезетте төмендетілген жағдайда зейнетке заңда көзделгеннен ертерек шығуға мүмкіндік береді. Жеңілдетілген зейнетақылық қамсыздандыру құқығын бес және одан да көп балаларды туған және оларға 8 жасқа толғанға дейін күтім жасаған көпбалалы аналар иеленеді. Бұл ретте аталған құқық тек туған балаларға қатысты ғана туындайды.
Жасына байланысты зейнетақыларды тағайындау үшін арнайы заңды негіздер азаматтардың кейбір санаттарына, мысалы Чернобыль апатынан, Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға бағытгалған.