Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012



жүктеу 91.02 Kb.

Дата14.01.2017
өлшемі91.02 Kb.

     

 

 



164 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     



 

 

 



 

 

 



 

   ӘОЖ378.147.2:811.112.2. 

 

ЭЛЕКТР  ЭНЕРГЕТИКА  САЛАСЫНДАҒЫ  ТЕРМИНДЕРДІҢ  ҚАЛЫПТАСУЫ 

 

А.Н. Бестібаева  

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ-сы 

ba_n@mail.ru

 

 

Қазақ тілінде техникалық терминдерді қалыптастырудың негізгі  көзі  – аударма. 



 

Перевод является важнейшим способом в формировании  технических терминов в 

казахском языке. 

 

 



Translation is the main way in forming  technical terms in Kazakh language. 

 

      Тілдік өзгерістерге себепші болатын сыртқы  факторлардың ең  күштісі   -  қоғамдық 



прогресс, қоғамның рухани өміріндегі, өндірістік күштер мен техникадағы, ғылымдағы, 

шаруашылықтағы  өзгерістер.  Қоғам  өмірінде  болатын  мұндай  прогресс  тіл  дамуына 

елеулі  ықпал жасайды. 

Тіл дамуына себепші болатын сыртқы  факторлардың тағы бір елеулі түрі-тілдердің 

бір-бірімен  байланысы,  қарым-қатынасы.  Басқа  тілдермен  байланыссыз,  томаға  тұйық 

өмір  сүретін  тіл  болмайды.  Қандай  халық  болса  да,  өзімен  көршілес  басқа  бір 

халықтармен  экономикалық  немесе  мәдени  байланыссыз  тұра  алмайды.  Мұндай 

байланыс, яғни әртүрлі тілде сөйлейтін  қауымдардың байланысы, тілдердің де  қарым-

қатынасын  күшейтеді.  Олардың  қайсысының  қайсысына  көбірек  ықпал  жасауы  толып 

жатқан  әлеуметтік  факторларға  тікелей  байланысты.  Оған  қарым-қатынасқа  түскен 

тілдер  иелерінің  мәдени  дәрежелерінің,  ол  тілдерде  сөйлейтін  адамдар  санының  

тигізетін  әсері  аз болмаса керек.   

 Тілдер  қарым-қатынасының  тіл  дамуына  тигізетін  елеулі  әсері  барлығы  тіл 

білімінде  бұрыннан  белгілі.Тілдер  қарым-қатынасының  соңғы  түрінің  тамаша  үлгісі 

ретінде  халықтар  тілдерінің  бір-біріне  тигізіп  келе  жатқан  игілікті  әсерлерін  айтуға 

болады. Тілдің  қоғамның басқа салаларынан айырмашылығын оның түрлі өзгерістерге 

бейімділігімен  түсіндіруге  болады,  яғни  тілдің  лексикасы  ішкі  және  сыртқы 

өзгерістерге  ұшырап,  дамып,  толығып  отырады.  Бұл  дегеніміз  -  тілдің  лексикалық 

құрамына жаңа атаулар мен ұғымдар үздіксіз еніп отырады деген сөз.  Сол лексиканың 

дамып, баюының бір көзі  – терминдер.  

Мәселен,  энергетика  терминдерін ің  қалыптасуы  осы  саланың,  яғни  энергетика 

ғылымының  пайда  болуымен  байланысты.  Сондықтан,  энергетика  саласы 

терминдерінің  қазақ  тіліндегі  ерекшеліктерін  білу  үшін,  энергетика  ғылымның 

қалыптасу, даму  жолы мен тарихына тоқталып кеткен жөн. 

Кез  келген  халық  шаруашылығы  саласының  пайда  болуы  мен  дамуы  қоғам 

сұранысынан  туындайтыны  белгілі.  XVI-XVII  ғасырларда  У.Гильберт,  И.  Ньютон, 

және басқа да әйгілі  ғалымдар бастаған істер XVIII  ғасырда Б.Франклин, М.Ломоносов 

және  басқалар  еңбектерінде  жалғастырылып,  ХIX  ғасырда  нағыз  ғылыми-техникалық 

жетістіктерге  қол  жетті.  Осы  өзгерістер  атақты  А.Ампер,  А.Вольт,  Г.Ом,  М.Фарадей, 


     

 

 



165 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     



 

А.Ладыгин,  Н.Славянов,  П.Яблочков  және  де  көптеген  оқымыстылар  еңбектерінде 

көрініс  тапты.  Сондықтан  да  олардың  есімдері  электр  энергиясы  өлшемдеріне 

түпкілікті  енген.  

      Кейбір  терминдерде  өзінің  авторы  болады,  яғни  қандай  да  бір  ғалым  өзінің  ойлап 

тапқан затына, жаңалығына атау беру үшін жаңа сөз ойлап табады. Мәселен, анод (anode), 

катод  (cathode), ион  (ion) Фарадейдің  ұсынған  терминдері  болып  есептелінеді.  Сондықтан 

терминологияның  даму,  қалыптасу  ауқымы  өте  зор.  Сонымен  қатар,  жалқы  есімдер 

қатысуымен  жасалған  терминдер  де  болады.  Олар,  негізінен,  жалпы  есімдер  болып 

келеді.  Олардың  қатарына  физика,  химия  салаларында  жиі  қолданылатын  эпонимдер 

немесе  фамилия  терминдер  де  (фамильные  термины)  кіреді.  «Жалқы  есімдер  күрделі 

терминнің  сыңары  ретінде  қолданылады.  Мысалы:  Ньютон  заңы,  Пифагор  теоремасы, 



Ом  заңы,  Матросов  тежеуіші  (тормоз  Матросова),  Бэр  заңы,  Ферми  энергиясы 

(энергия  Ферми),  Есаки  эффекті  (эффект  Есаки),  Вильда  буландырғышы  (испаритель 



Вильда)  т.б.  тіркесті  терминдер  құрамында  –  Вольт  доғасы  (Вольтва  дуга),  Торичелли 

бостығы  (Торичеллиева  пустота),  аристофанов  өлеңі  (аристофанов  стих),  пифагор 

жүйесі  (пифагорова  система),  Нернст  коллориметрі  т.б.  Немесе  жалқы  есімдердің 

метонимиялануы  арқылы  жасалған  вольт,  ватт,  ампер,  герц,  кюрий,  генри,  ом,  джоул 

сияқты терминдерді қосуымызға  болады.»  

     XIX 

ғасырда  ең  алғаш  электр 

ғылыми  айқындалып,  электростатика, 

электродинамика,  электр  магнит  өрісі  ашылды;  су  және  жылу  динамикасы  зерттелді; 

электр  энергиясын,  су  және  жылу  энергияларын  пайдалану  жолдары  анықталды. 

Электрді  жарық,  электрлік  доға,  электр  қозғалтқыштарына  қолдануға,  телеграф  пен 

радио жүйелеріне жаратуға  мүмкіндік  туды.   

1882  жылы  әлемдегі  тұңғыш  электр  стансасын  американдық  өнертапқыш, 

кәсіпкер  Т.А.  Эдисон  тұрғызды.  Осыған  байланысты  энергетика  саласының  

терминдері ең алғаш ағылшын тілінде пайда болып, қалыптасты.  Орыс инженері М.О. 

Доливо-Добровольский  үш  фазалы  электр  тоғының  тиімді  екендігін  дәлелдеді,  1888-

1889 жж. үш  фазалық электр  қозғалтқышын жасады да, 1891 жылы Алманияда бірінші 

үш фазалық  электр тасымалдауды жүзеге асырды.  

 

Ресейде  елді  электрлендіру  ісі  1920  жылдан  басталып,  Г.М.  Кржижановский 



бастамасымен  үкімет  арнайы  қарар  қабылда  ды  да,  «ГОЭЛРО»  атанған  жоспар  жасау 

ісі  қолға алынды.  

Қазақстан  сол  аталған  жоспарға  енді,  оның  Батыс  Сібір,  Орал,  Түркістан 

өңірлерімен  шаруашылық  байланыстары  ескерілді.  Жоспар  жасаушылардың  ішінде 

Қазақстанды біршама білетін тұлғалар су энергетикасның көрнекті маманы Г.О. Графто 

«Алтайдың  ақ  көмірі»  баяндамасында  Уба  өзенінің  45  мың  кВт  энергия  қоры  туралы, 

белгілі  географ-геолог  В.А.  Обручев  Екібастұз  және  Риддер  жөнінде,  айтулы  инженер 

Л.К. Рамзин Қарағанды мен Екібастұз  көмірлерін  игеру жайында мәселе көтерді  [1]. 

Бұл  жоспар  қалыптасқанға  дейін,  елімізде  дамыған  энергетика  шаруашылығы 

жоқтың  қасы  еді  –  энергетика  қондырғыларының  қосынды  қуаты  2 500  кВт  болған. 

Қазақстан  тұрғындарының  электр  туралы  хабары  да  нашар  еді.  XIX  ға сырдың  бергі 

жартысында-ақ  еліміздегі  минералдық  шикізат  бай  қорларын  игеру  ісін  дамытудың 

қажеттілігі біліне бастағандықтан, 1892 жылы Березовка өзенінде, Зырянов кен орнына 

жақын  жерде,  қуаты  180  кВт  тұңғыш  су  электр  қондырғысы  тұрғызылды.  Елді 

электрлендіруді жедел жүзеге асыра бастаған кезде, алғашқы кезекке Алтай өңірі, Ембі 

мұнай  орындары,  Павлодар,  Петропавлдар  жатқызылды.    Ендігі  кезекте  Қарағанды 

көмір  комбинатын  құру,  түсті  металлургия  кәсіпорындарын  салу  (Өскемен)  басталып 

кеткен.  Осыларға  қажетті  электр  стансаларының  қуаттылығы  мыңдаған  кВт  болып, 

кейіннен  олар  басқа  да  тұтынушылар  үшін  негіз  болатындығы  қаралған.  1940  жылы 

қондырылған жабдықтар  қуаты 224 мың кВт  құрады – мұның өзі энергетиканың күшті 

қарқынмен дамуын көрсетіп  тұр [1]. 


     

 

 



166 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     



 

Қазақ  халқының  өмірінде  өндіріс  орындарының  онша  болмағаны  белгілі. 

Сондықтан өнеркәсіп, техникаға қатысты ұғымдарды білдіретін  сөздер тілімізде өте аз 

болды.  Тек  ХХ  ғасырда  шет  мемлекеттермен  қарым-қатынас  жасап,  араласа 

бастағаннан кейін, заман талабына сай өнеркәсібіміз өркендеп, техникалық сауатымыз 

ашыла бастаған кезден былай қарай сөздік қорымызға техникалық терминдер легі келіп 

қосылды.  

      Өнрекәсіп  құралдары,  өндіріс  процестері,  түрлі  мамандықтардың  сөздері:  завод, 

фабрика,  шахта,  мұнай,  көмір,  мыс,  молибдень,  станок,  механик,  инженер,  лифт  т.б. 

толып  жатқан  сөздер,  негізінен,  тікелей  жазылуы  бойынша  қолданылса,  енді  біразы 

қазақ  тілінің  байырғы  сөздерін  пайдалана  отырып  жасалды.  Мұның  қай-қайсысы  да 

қазір  әдеби  тілімізге  сіңіп,  әдеби  тіліміздің  айшықты  элементтеріне  айналып  кетті. 

Одан  бері  қаншама  терминдердің  қалыптасып,  қабылдануын  тізіп  шығу  мүмкін  емес. 

Мұның  бәрі  ғылымның,  техниканың,  өнердің,  халық  шаруашылығының  бұрын 

болмаған дәрежеде дамып, мүлде басқаша  сапаға көтерілуіне  байланысты болып отыр.  

      Энергетика  саласының  терминдерін  қарастыру  барысында,  байқағанымыздай, 

техника  саласында  көптеген  терминдерді  ағылшын  тілінің  жазылуы  бойынша 

қабылдануымен  қатар,  байырғы  қазақ  сөздерінің  де  толып  жатқан  мүмкіндік  көздері 

ашылған. Яғни халық қолданысында бұрыннан бар сөздердің көбі техниканың дамуына 

сәйкес мағыналық мән арқалап, жаңаша қызмет атқара бастаған. Мысалы, электр шамы 

(бұрынғы май шам), желдеткіш,  шаңсорғыш,  кіржуғыш, оқтауша,  шілтер, жонарғы т.б. 

сөздер  қазақ  тілінің  өзіне  тән  заңдылықтарына  орай  жасалған  терминологиялық 

лексиканың  бір  қабаты  болып  саналады.  Сөйтіп,  қазақ  тілі  сөздік  құрамындағы 

өнеркәсіп,  техникаға  байланысты  ұғымды  білдіретін  сөздер  мен  сөз  тіркестерін 



техникалық  терминдер  деп  атаймыз.  Бұлардың  ғылыми  терминдерге  қарағанда  өрісі 

кеңдеу  болып  келеді.  Мәселен,  энергетика  саласы  техникалық  ғылымдар  қатарына 

жатады.    Осы  салада  қызмет  ететін  мамандар,  жұмысшылар  және  инженерлер 

қауымының күнделікті  сөйлеу тілінде  энергетика терминдері үнемі қолданылады.  

Салалық  терминдер  дегеніміз    -  ғылым,  техника,  өндіріс,  т.б.  саласындағы 

арнаулы  ұғымдар  мен  зат  атауларын  дәл  білдіру  үшін  жасалған  сөздер  мен  сөз 

тіркестерінің жиынтығы. Демек, термин сөздердің термин емес кез келген сөздерден ең 

басты айырмасы -  ғылым, техника т.б. саласындағы арнаулы ұғымдарды дәл анықтап 

білдіретіндігінде.    

 

Электр  энергиясы  концепциясының  келуімен,  тілімізге  аталған  салаға 



байланысты  жаңа  ұғымдар,  түсініктер  және  атаулар  орыс  тілі  арқылы  ене  басатағаны 

жасырын емес. 

Халықаралық терминдердің тілімізде қалыптасуы мен қолданылуына мән берген 

ғалымдардың  бірі  –  Құдайберген  Жұбанов  «Орыс  тілі  арқылы  басқа  тілдерден  қоғам 

өмірінің барлық салаларына байланысты тілімізге өте  көп мөлшерде терминдердің ену 

процесі басталғанын»[2] айтады.   

Оған осы саладағы әлі күнге дейін қолданыстағы орыс тіліндегі женский род “a” 

“я”жалғауымен  аяқталатын  “energetics-энергетика”,  “station-станция”,  “  energy-

энергия”,  “modulation-модуляция”  “radiation-радиация”  “matrix-матрица”  немесе  әлі 

баламасын  таппаған  күйі  қолданылып  жүрген  “turner-токарь”,  “plug-штепсель”,  

“nucleus-ядро”,  “hatch-люк”,  “anchor-якорь(зәкір)”  кірме  сөздер дәлел бола алады [3]. 

        «Қазан  төңкерісінен  кейін  көптеген  халықтар  ғылымды  ана  тілінде  игеруге 

мүмкіндік алды. 1920 жылдардағы қоғам дамуындағы  ірі өзгерістер, оның ішінде түрлі 

жаңалық, ақпараттардың ана тілінде берілуі, ғылым, мәдениет, техника дамуы  – жалпы 

қазақ  тілін  жаңа  сатыға  көтеріп,  оның  ғылым  тілінің  қалыптасуына,  қолдану  аясының 

кеңеюіне ықпал етті. 1920 жылдары мәдени-ағарту саласында өзгеше бір серпіліс туған 

дәуір  болды» [3]. 


     

 

 



167 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     



 

Қазақ тілінде энергетика терминдерін ана тілімізге аудару нақты егемендігімізді 

алған  жылдардан  бастап  қолға  алынған,  оған  сол  кездерде  шыққан  орысша-қазақша 

кішігірім  энергетикалық сөздіктер  дәлел бола алады [4].  

Қазақ 

тілінде 


энергетика 

терминдері 

мен 

техникалық 



атауларды 

қалыптастырудың негізгі   көзі  – аударма.   

          Қазақ  тілінде  энергетика  терминдері  аударманың  негізгі  екі  тәсілі  арқылы 

қалыптасқан:  калька  және транслиттерация. 



Калька  тәсілі  -  ана  тілінің  мүмкіндігін  пайдаланудың  тиімді  жолы,  энергетика 

саласындағы  ағылшын  тілінің  терминдерін  мағыналық  және  тұлғалық  (құрлымдық), 

жағынан сөзбе сөз берілуін  былай көрсетуге  болады: 

 

1. Мағыналық калька                   2. Тұлғалық/ құрылымдық калька 

heater  –қыздырғыш                            heat absorption  – жылудың  жұтылуы  

mixer  – араластырғыш                        light  absorption  – жарықтың жұтылуы 

multiplier  - көбейткіш                         slow-acting  accelerator  – баю үдеткіш 

exciter  – қоздырғыш                           power amplifier  – қуат  күшейткіш 

 

       Калькалау  өзге  тілдердің  терминдерінің  жасалу  үлгісі  мен  мағынасын  пайдалана 



отырып, ұлт тілінде термин жасау болып табылады. Калькалау барысында өзге тілдегі 

сөздің  мағынасы,  құрылымы  пайдаланылады.  Калькалау  барысында  бір  тілден  екінші 

тілге  сөз  мағынасы  да,  сөздің  құрылымы  да  алмасуының  нәтижесінде  қабылдаушы 

тілде жаңа термин жасалады. Яғни мұнда тіларалық терминдену мен терминжасамдық 

сипат  бар.  Калькалау  өзге  тілдердің  сөздерін  дайын  қалпында  өзгеріссіз  көшіру  емес. 

Жалпы  калькалауды  шет  тілдерінің  сөздерін  игерудің  тәсілі  деп  қараған  жөн. 

Ағылышын тілінен қазақ тіліне аударылған терминдердің  ішінде синтаксистік тәсілмен 

жасалған сөз тіркесі  түріндегі  калька  басым.  

 

Электр  энергетика  саласына  байланысты  сөздіктерде  көрсетілген  терминдердің 



құрылым-құрылысына, олардың жасалуына негіз болған тілдік материалға мән берсек, 

өзге  тілдің  сөздері  арқылы  жасалып,  қалыптасқан  терминдердің  басым  екендігін 

аңғаруға  болады.  

Транслиттерация  тәсілімен  жасалған    терминдердің  жіктемесін  екі  тұрғыдан 

қарастыру  жөн. 1) семантикалық (мағыналық) тұрғыдан, 2) құрылмдық тұрғысынан. 

1.  Семантикалық    тұрғыдағы  терминдер :  бір  мағыналы  терминдер  carbide  –  карбид, 

carbonate  –  карбонат,  diesel  –  дизель,    coke  –  кокс,    conveyor  –  конвейер,    cascade  – 

каскад және т.б;  Ал,  camera – камера,  calorie – калория, calorifer – калорифер, deaerator 

– деаэратор, channel – арна,  канал және т.б. түрлі   ғылым салаларында  көптеп кездесе 

беретін болғандықтан, көп мағыналы кірме  терминдер болып табылады.  

2.  Ағылшын  тілінен  осы  тәсілдермен  берілген  терминдерді  құрылымдық  сипатта 



қарастырсақ, оларды терминдік элементтеріне қарай саралаймыз:   

а)  бір  түбірлі  терминдер,  ешқандай  қосымша  жалғамай,  ағылшын  тілінен  тұтастай 

алынған,  тек  дыбысталуы  өзгерген  терминдер.  мыс:  atom–  атом,amplitude  – 

амплитуда,  ballast  –  балласт,  cable  –  кәбіл,  calorie  –  калория,  camera  –  камера,  gas  – 

газ,  element  – элемент, carbide  – карбид т.б.  

ә) күрделі терминдер, екі немесе одан да көп түбірлердің бірігуі арқылы жасалған 



терминдер:  electrocoagulation  –  электрокоагуляция,  electrophysics  –  электрофизика, 

electromagnet  –  элетрмагнит,  electrodialysis  –электродиализ,  electrodynamics  – 

электродинамика, electrochemistry  – электрхимиясы   және т.б.  

б)  аффиксальды  терминдер,  түбірі  сақталған,  жекелеген  аспектілері(тұлғасы, 

құрылымы)  алмасқан,  аударылған  күйі  алынған.  ionization  –  иондану,  ionizer  – 

иондағыш,  inductance  –  индуктивтілік,    induction  –  индукция,      electrification  -  



     

 

 



168 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     



 

электрлендіру  және  т.б.  Бұл  терминдер  суффикстер  жалғануы  арқылы  туынды 

мағыналарға ие болған. 

Ғылым  мен  техника  тілінде  терминдердің  құрылымы  әртүрлі  болып  келеді. 

Термин  сөздерді  жасауда  сөздерді  жалпы  лексикадан  бөліп  қарастыруда  басшылыққа 

алатын негізгі қағида – оның құрылымы. Құрылым – тәртіп, орналасу деген ұғымдарды 

білдіреді.   

Ағылшын  және  қазақ  тілдерінің  терминдеріне  ортақ  бір    ерекшелік  -  олардың 

құрылымында.  

       Энергетика саласы бойынша терминдер, негізінен, сөз немесе сөз тіркесінен болып 

келеді.  Ал  жаңа  жүйе  бойынша  екі  немесе  одан  да  көп  сөздердің  тіркесуінен  тұратын 

сөздер  жиі  кездеседі.  Терминнің  бір  сөзден  немесе  бірнеше  сөзден  құралғанына 

қарамастан, ол белгілі  терминология мүшесі  ретінде ғана өз мағынасы болады.  

Мысалы, heat abstraction – жылу бөліп алу, nuclear attraction – ядролық тартылыс, 

dynamic  mutual  inductance  – динамикалық өзара индуктивтілік  т.б 

Энергетика  саласы  бойынша  термин  жасаудағы  ең  негізгі  және  өнімді 

тәсілдердің бірі – сөз тіркестер арқылы, тіркесу жолымен жасалу болып табылады. Бұл 

тәсіл  арқылы  сөздер  күрделі  тіркестер  құрап,  бір  ұғым  ретінде  қолданылады. 

Энергетика  саласының  терминдері  қазақ  тіл  білімінде,  сондай-ақ,  қазақ 

терминологиясында  тілдік  тұрғыдан  бұрын-соңды  зерттелмеген.  Терминология 

мәселесі,  оның  ішінде  энергети ка  терминдерінің  құрылымын  және  берілу  тәсілдерін 

зерттеу,  бүгінгі  күннің басты талабы ретінде  мәселенің өзектілігін  көрсетеді.   

      Қазіргі  кезде  ғалымдар  арасында  екі  түрлі  пікір  белең  алып  жүр.  Бірі  –  термин 

атаулының  бәрін  өз  тілімізге  аударып  алу,  екіншісі  –  термин  деген  тәржімаға 

көнбейтін,  халықаралық  болып  кеткен  сөздер,  сондықтан  оларды  өзгеріссіз  қабылдау 

керек  дейтін  осы  екі  көзқарас  тұрғысы  арасынан  дұрыс  жол  табу  көзделеді.  Әр 

терминге өз тілімізден терезесі тең балама табу, қиюы келмейтін реттерде халықаралық 

қолданыстағы  сөздерді  тіліміздің  ішкі  заңдылықтарына  өлшемдестіріп  алу  басты 

бағдар, негізгі  арқау  болуы тиіс.  

Әрбір  ұлт  тілінің  терминологиясын  жасап  қалыптастыру  қандай  да  бір  ғылыми 

принципке  негізделуі  керек.    Еліміз  егемендігін  алып,  төл  туын  көтергелі  бері, 

мемлекетімізде  елеулі  өзгерістер  болып  жатыр.  Олардың  бірі  –  қазақ  тілінің 

мемлекеттік тіл мәртебесін алуы. Осыған байланысты бүгінгі таңда барша ұғымдар мен 

мекемелердің қазақ тіліне толық көшу үрдісі орын алып отыр. Сондықтан қазіргі еңбек-

нарығында қазақ тілінің аудармашылары ерекше сұранысқа ие.  Оларды  дайындауда  

арнайы  ғылым  -  аударма   теориясына  арналған  сапалы  оқулық,  бағдар  беруші 

ғылыми еңбектер қажет болатыны белгілі.  

Энергетика  саласының  терминологиялық  сөздіктерін  саралай  келе, 

терминдерді  қабылдау,  аудару  ісінде  жүйелілік,  бір ізділ ік  жоқ  екендігін  айтуға 

болады. Сондықтан терминдерді  дұрыс  аудару,  бір  ізге салудың  маңызы  өте  зор, 

ол бірнеше ұрпақтың ғылыми сауатына әсер етеді.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



1.

 

Кежек Ысқақ. Шыным да, сырым да... - Алматы:  Саға, 2006.  



2.

 

Жубанов К. Исследования по казахскому  языку.  Алма-ата: Наука  Каз ССР, 1966. 



3.

 

Бекеқожанова  Г.Қ.  Қазақ  тіліндегі  терминдердің  лингвистикалық  сипаты. 



//Халықаралық  ғылыми  конференция  материалдары.  Қайнар  унив.  7  атау. 

Алматы, 2005.  

4.

 

Берікұлы  Ә.  Ж.  Шотанов  Орысша-қазақша-ағылшынша  радиоэлектроника 



аталымдарының сөздігі.  – Алматы:  Республикалық  баспа кабениеті,  1992. 

     

 

 



169 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     



 

5.

 



Құсайынов, Ж.Шоатнов, С. Балабатыров, Т. Жұмаханов. Электр техникасы және 

электр  энергетикасы  терминдерінің  орысша-қазақша  сөздігі.  –  Алматы: 

Республикалық  баспа кабениеті,   1993. 

6.

 



Гольдьерг  А.С.  Англо-русский  энергетический  словарь  в  2.т.  около  70000 

терминов и 12000 сокращений. М.: РУССО, 2006. 

7.

 

Goldberg A.S.  English-Russian dictionary of energy and environmental protection.  – 



2001. 

 

 



 

     ӘОЖ 883.015.59: 



 

ҰЛТТЫҚ  ӘДЕБИЕТТАНУ  ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ІЛИЯСТАНУ ІЛІМДЕРІ 

 

Ш.Ә. Кыяхметова, ф.ғ.к., доцент 

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ-сы,  Aset_Shara@mail.ru  

 

Мақалада Ілияс шығармашылығының  зерттелуі жайлы сөз болады. 



 

В статье рассматривается  проблемы исследование творчества И. Жансугурова.  

 

The article is considered with the researching of the creation of  I. Zhansugurov . 



 

Тірек сөздер: Ілияс, ұлттық әдебиеттану, шығармашылық зерттеу. 

 

ХХ  ғасырдың  елуiншi  жылдардың  аяғына  қарай«жылымық»  кезең  келiп, 



репрессия  жылдарында  атылғандарды  ақтау  мәселесі  көтерiлдi.  Жазушылар  Одағында 

құрылған  комиссия  репрессияға  ұшырағандардың  ісін  қайта  қарау  туралы  ұсыныс 

жасады.  Кеңестер  Одағы  Жоғары  сотының  Әскери  коллегиясы1956  жылы  19  қазанда 

істі  қайта  қарауды  бастап,  1957  жылы  4  сәуірде  жазықсыз  жапа  шеккендерді  ақтау 

жөніндегі  шешiм  қабылдайды.  Осы  шешімнен  кейін  1957  жылы  26  сәуірде  Қазақстан 

Жазушылар  Одағыны  президиумы  отырысы  болып,  С.Сейфуллин,  І.Жансүгiров, 

Б.Майлиннiң  әдеби  мұраларын  қайта  қарау  туралы  комиссиялар  құру  туралы  қаулы 

қабылданған.  Iлияс  Жансүгiровтiң  әдеби  мұралары    бойынша  комиссияға  М.  Әуезов 

төраға болады.  

1959  жылы  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының  Тіл  және  әдебиет  институты 

ұйымдастырған 

қазақ 


әдебиеті 

мәселелері 

жайындағы 

ғылыми-теориялық 

конференцияда сөйлеген сөзінде академик М.Әуезов: «Жазушылар туралы  монография 

жазғанда С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтің мұраларын тереңдеп, сапалы түрде 

саралап зерттеу  шарт»,  - [1,167] деп айырықша атап көрсеткен. 

Қысқа  өмірінде  қыруар  еңбек  қалдырған  халқымыздың  қалаулы  перзентінің  

әдеби  мұрасын  жинастыру,  қарау,  қайтадан  жариялау  мақсатында  әдебиетші-

ғалымдарымыз тынбай жұмыстар жүргізді. Ілияс жайында документті  фильм түсірілді, 

пьеса  жазылды,  «Құлагер»  поэмасының  негізінде  көркемсуретті  фильм  жасалды. 

Ақынның  жеке  кітаптары,  шығармалары,  жинақтары  баспаға  дайындалып,  оған 

алғысөздер,  рецензиялар,  түсіндірмелер  жазылды.  Кандидаттық  және  докторлық 

еңбектер дайындалып,   қорғалды. 

1957  жылдан  бастап  республикалық,  облыстық  басылымдарда  Ілияс 

шығармашылығы  туралы  мақалалар  жариялана  бастады.  Шыққан  мақалалардың 

бірқатары  Ілиястың  шығармашылық  өмірбаянын  қамтыған  таныстыру  сипатында 

болса,  енді  бірі  шығармашылығы  жөнінде  тұжырымды,  салиқалы    пікір  айтқан  құнды 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал