Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2014



жүктеу 106.53 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.05.2017
өлшемі106.53 Kb.
түріЛитература

     

 

 



47 

 

 



І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4  / 2014     

 

слуховую,  моторную,  образную,  ассоциативную.  Обучение  в  музыкальной  школе  не 



подразумевает  обязательного  дальнейшего  музыкального  образования.  Далеко  не  все 

выпускники  станут  в  будущем  профессиональными  музыкантами.  Главное,  чтобы 

школу закончил всесторонне развитый человек, достаточно эрудированный, с большим 

кругом  интересов, не просто любитель музыки, а «горячий»  её пропагандист. 

ЛИТЕРАТУРА 

1.  Абрамова,  Г.С.  Возрастная  психология:  Учебное  пособие  для  студентов  вузов 

[Текст].  – 6-е изд. – М.:  Академический проект:  Альма Матер, 2006. – 702 с. 

2.  Зак,  А.  Мадорский,  Л.  Ваш  ребенок  –  ученик  музыкальной  школы  [Электронный 

ресурс].  - http://www.7ya.ru/pub/music/ 

3.  Ильин,  Е.П.  Психология  общения  и  межличностных  отношений  [Текст].  –  СПб.: 

Питер, 2010. – 576 с.:  ил. – (Серия «Мастера психологии»). 

4.  Кирнарская,  Д.К.  Десять  причин  отдать  ребенка  в  музыкальную  школу  [Текст]  // 

Музыкальная  психология и психотерапия, 2009 - №6 - С.75-78. 

5.  Куликова, Т.А. Семейная педагогика и домашнее воспитание: учебник для студ.сред. 

пед.  учеб.  заведений  [Текст].  –  2-е  изд.,  испр.  и  доп.  –  М.:  Издательский  центр 

«Академия»,  2000. – 232 с. 

6.  Левкович,  В.П.  Взаимоотношения  в  семье  как  фактор  формирования  личности 

ребенка  [Текст]  /  В.П.  Левкович  //  Психология  личности  и  образ  жизни.  –  М.:  Наука, 

1987. – С. 68-72. 

7.  Матвеева,  Л.В.  Педагогическое  сопровождение  ребенка  и  семьи  в  процессе 

музыкального  образования  [Текст]  //  Актуальные  проблемы  теории  и  практики 

музыкального  образования:  межвуз.  сб.  науч.  тр. / Урал. гос. пед. ун-т. – Екатеринбург, 

2010. – С. 63-80. 

8. Халилова, Ж.Г. Проблемы сохранения контингента учащихся в детской музыкальной 

школе  (начальный  этап  обучения)  [Текст]  //  Музыкально-эстетическое  образование  в 

социокультурном  развитии  личности:  Материалы  докл.  науч.  практич.конф.,  23-24 

декабря,  1999 г./ Урал. гос. пед. ун-т. Екатеринбург,  2000, Том 4, С.83-85. 

9. Шайгарданова, Л.З. Роль семьи в музыкальном воспитании детей в условиях системы 

дополнительного  образования  [Текст]  //  Художественно-педагогическое  образование 

ХIХ  века:  анализ  состояния  и  стратегия  повышения  качества  профессиональной 

подготовки:  материалы  междунар.  науч.-практ.  конф.,  Екатеринбург,  13-14  февраля 

2007 г. / Урал гос. пед. ун-т. – Екатеринбург  /. 

10.Фейгин   М.Э.   Индивидуальность   ученика   и   искусство   педагога.   М.:   «Музыка»,  

1975.  


 

 

УДК37 

 

МЕКТЕПТЕГІ   ИННОВАЦИЯЛАР  МЕН ӨЗГЕРІСТЕРГЕ  ЖЕТЕКШІЛІК ЕТУ  – 

БІЛІМ САПАСЫН  ЖЕТІЛДІРУДІҢ  ШАРТЫ 

 

Байсова Ләйлә Жанатқызы 

Талдықорған қаласының №2 орта мектебінің директоры 

 

Оқыту мен оқу техникалық, механикалық жұмыс емес, шынтуайтына келгенде 

–  бұл  қарым-қатынас,  өзара  әрекет,  байланыс  және  де  өзін,  басқа  адамдарды  және 

бүкіл әлемді түсіну мәселесі. 

     

 

 



48 

 

 



І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4  / 2014     

 

Преподавание  и  обучение  не  могут  быть  технической,  инструментальной 



деятельностью,  в  сущности  –  это  вопрос  отношений,  взаимодействий,  связи  и 

понимания себя, отношений с другими людьми и с внешним миром. 

Teaching and learning cannot be a technical, instrumental activity but that deep down 

it  is  a  matter  of  relations,  interaktions,  communication  and  making  sense  of  oneself,  the 

relations to other people and the outer world. 

Кілт сөздер: инновация, педагогикалық шеберлік,  стратегия, кәсіби тәжірибе. 

 

Білім  мекемесіндегі  инновациялық  тұрғыда  болатын  басқару  тұлғалардың 



қалыптасуына  зор  ықпал  ететіні  айқын.  Бұл  ретте  зерттеулерге  сүйенсек,  ғалым    В.П. 

Кваша:  «Педагогикалық  инновация  басқарылатын  жүйені  шығармашылықтан-

зерттеушілікке,  жаңа  деңгейдегі  басқарылатын  жүйені  ұйымдастырып  құруға 

қабілеттендіреді»,  -  десе  В.С.Лазарев  пен  Б.П.Мартиросян  инновациялық  үрдісті: 

«біріншіден,  жаңашылдық,  екіншіден,  мектептің  тиімділігін  көтеретін,  үшіншіден 

жаңалықты  ендіруде  жұмсалған  күш  пен  құралды  ақтауға  қабілет  беретін  ұзақ  мерзімді 

тиімділік,  төртіншіден  басқа  да  жаңалықтармен  бірге  жүзеге  асырылатын 

педагогикалық  және  басқарушылық  жүйе»  ретінде  түсіндіреді.  Мектепті  басқаруда 

инновациялық  үдерістерді  нысанаға  алу  тұлғаны  дамытудың  өзекті  мәселелеріне  арқау 

бола  алады.  Оның  мазмұны  «мұғалім-оқушы»,  «мұғалім-мұғалім»  өзара  қарым-

қатынастық  сипатта  өзгерістер  әкелуі  тиіс.  Ал  бұл  өзгерістерді  мектеп  басшысы  жүзеге 

асырады[1].  Басқару  ұстанымдарына  өзгеріс  енгізу  оқу  үрдісіне  қатынасушылардың 

өзіндік  жетілу  қажеттілігінен  туындайды.  Оның  нәтижесі  ретінде  әрбір  мұғалім  өзін 

дамыту  арқылы  оқушыларды  өзін-өзі  жетілдіру,  өз  мүмкіндігін  жүзеге  асыра  алу 

әрекеттеріне  үйрете  алады.  Оны  жүйелі  ұйымдастыру  мен  басқарудың  жаңа  жолдары 

арқылы  жүзеге  асырады.  Осы  ретте  «Назарбаев  зияткерлік  мектептері»  ДББҰ 

Педагогикалық  шеберлік  орталығы  2013  жылдың  қыркүйек  айынан  бастап  Қазақстан 

Республикасы  жалпы  білім  беру  ұйымдары  басшыларының  біліктілігін  арттыру 

бағдарламасы  бойынша  алғаш  рет  Астана  қаласына    Республикамыздың  түпкір 

түпкірінен  250  директорды    жинап,  мектепті  бірлесіп  дамыту  арқылы  оқыту  мен  оқу 

тәжірибесін  жетілдіру  мақсатында  деңгейлік  курс  ұйымдастырды.  Сол  курстың 

алғашқы  тыңдаушыларының  бірі  болғаныма  қуаныштымын,  өйткені  бүкіл  әлем  елдері 

өздерінің  білім  беру жүйелерін қайта қарауда. 

Бағдарлама  директорлардан  мектептің  дамуын  басқарумен  қатар,  бақылауды  да 

талап  етеді.  Басқару  белгісіздікті,  сенімсіздікті  шектеп,  алауыздықты  азайтып, 

тұрақтылықты  нығайтып,  болашақты  болжауға  мүмкіндік  беретін  жүйе  құру  деп 

танылып  отырған  кезеңде    өзгерістерді  басқарып,  жетекшілік  ету  үшін  директорға 

негізгі  үш талап қояды: 

1.

 

Өз ұжымында ортақ ұстаным мен құндылықтарды қалыптастыру; 



2.

 

Мектеп  көшбасшылығы  мен  оны  басқару  туралы  мықты  білім  мен  түсінік 



қалыптастыру; 

3.

 



Тиісті  жеке  қасиеттердің,  әлеуметтік  дағдылардың  болуы  және  адамдармен 

қарым-қатынас жасау өнерін игеру. 

Мектеп  директорының  рөліне  тән  кәсіби  тәжірибенің  басты  төрт  санаттары 

ретінде: 

1.

 

Оқыту мен оқуға  жетекшілік  ету. 



2.

 

Өзінің  дамуы және басқаларды дамыту. 



3.

 

Жетілдіру,  инновациялар мен өзгерістерді  енгізуге  жетекшілік  ету. 



4.

 

Жергілікті  қауымды  бірлескен  жұмысқа тарту - деп көрсетілген[2]. 



     

 

 



49 

 

 



І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4  / 2014     

 

Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасының  орта  білім  жүйесіндегі  орта  мектеп 



бітірушілерін  даярлауды  халықаралық  стандарттарға,  Қазақстанның  әлемдік  білім  беру 

кеңістігіне кіру  талаптарына сәйкестендіру көзделіп отыр.  

Білім  нәтижелерінің  жетістіктерін  қамтамасыз  ететін  логикалық,  сыни  және 

конструктивтік  ойлауды  қалыптастыру,  алынған  ептілікті  оқу  және  практикалық  іс-

әрекеттерде  қолдана білу үшін жаңа тиімді нысандар мен әдістемелерді енгізу қажеттілігі 

туындауда.  

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамыту мәселесі оның міндетті 

түрде ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз етілуін қажет етеді.  

Оқушылардың  функционалдық  дамуы туралы мәселе алғаш рет Елбасының 2012 

жылғы  27  қаңтардағы  Қазақстан  халқына  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  – 

Қазақстанның  дамуының  негізгі  бағыты»  Жолдауында  көтеріліп,  осы  мәселе  бойынша 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  25  маусымдағы  №  832  қаулысымен 

«Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016  жылдарға 

арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды.  

Ұлттық  жоспар  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  арттыруды 

Қазақстан  Республикасында  білім  сапасын  жетілдірудің  өзекті  мәселесі  ретінде  қарап, 

оның  өзектілігін,  толықтығын  және  іс-әрекет  жүйелігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған. 

Осы  стратегиялық  маңызды  мәселені  шешу  тұлғаның  негізгі  функционалдық  сапасын: 

белсенділігін,  шығармашылық  ойлау  қабілетін  қалыптастыру  және  бейтаныс  жағдайда 

мәселенің  шешімін  таба  білуін,  кәсіптік  даму  жолдарын,  өмір  бойы  оқуын 

қалыптастыруға  тікелей  байланысты.  Және  де  білім  алушылардың  функционалдық 

қабілеттері  мектеп жағдайында қалыптасуға  тиісті  екені  баса айтылған[3].  

 «Функционалдық  сауаттылық»  деген  түсінік  алғаш  рет  ЮНЕСКО-ның 

құжаттарында өткен ғасырдың 60-шы жылдарында пайда болған болатын. Халықаралық 

зерттеулердің  нәтижелері  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  арттыруға 

бағытталған Қазақстан Республикасындағы білімнің даму стратегиясын анықтауға жәрдемін 

тигізіп отыр. 

Елімізде  жалпы  сауаттылықтың:  тілдік,  компьютерлік  және  ақпараттық, 

графикалық,  заңдық,  азаматтық,  қаржылық,  экологиялық  және  т.б.  параметрлері 

маңызды болып отыр. 

Қазіргі  қоғамға  постиндустриалдық  әлемдегі  болып  жатқан  өзгерістерге  жылдам 

бейімделетін  мамандар  керек.  Осы  жаңа  жағдайда  мектептегі  оқыту  процесі 

оқушылардың  өмір  бойы  оқуын  қамтамасыз  ететін  құзыреттерінің  қалыптасуына  және 

артуына негізделуі  тиіс.  

Функционалдық  сауаттылық  –  адамның  сыртқы  ортамен  қарым-қатынасқа  түсе 

алу  қабілеті  және  сол  ортаға  барынша  тез  бейімделе  алуы  мен  қарым-қатынас  жасай 

алу деңгейінің  көрсеткіші.    

Еуропалық  Кеңестің  қабылдаған  біліктілік  стандартына  сай  бүгінде  тұлғаның 

бойында    ана  тілінде  сөйлеу,  оқу  іскерлігі,  кәсіби  құзіреттілік,  компьютерлік 

сауаттылық  және  ақпараттық  технологиялар  саласындағы  дағдыларды  қолдану; 

басқарушылық (мәселелерді шешу қабілеті); ақпараттық (өзіндік тану іс-әрекетін жүргізуге 

және  өмір  бойы  оқуға  қабілеттілігі);  коммуникативтік  (қазақ,  орыс,  ағылшын  (шетел) 

тілдерінде  ауызша,  жазбаша,  продуктивтік  коммуникация  қабілеттілігі);    әлеуметтік 

(әлеуметтік  өзара  әсерлесу  қабілеттілігі);  жеке  тұлғалық  (өзіндік  ұйымдастыру,  өзіндік 

жетілдіру,  өмірде  кәсіптік  тұрғыдан  өзін  көрсете  білуі,  толерантты  болу  қабілеттілігі); 

азаматтық  (қазақстандық  мәдениет  және  патриоттық  тұрғыда өз елі үшін жауапкершілік 

міндетін  алып  жүру  қабілеттілігі);  технологиялық  (технологияларды,  оның  ішінде тиімді 


     

 

 



50 

 

 



І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4  / 2014     

 

пайдаланушы  деңгейінде  ғылыми,  сандық  технологияларды  қолдана  білу  қабілеттілігі) 



түйінді құзыреттер ретінде белгіленді [4]. 

 Құзіреттіліктерге  мән  бере  отырып,  деңгейлік  тапсырмалар  беру  арқылы 

оқытуда  жақсы  нәтижелерге  қол  жеткізуге  болатындығы  мектептегі  тәжірибе  кезінде 

нақтыланып,  дәлелін  тапқан  секілді.  Мұндағы  танымдық  үрдістегі  дағдылар  белгілі 

тақырыптардағы  білім,  түсінік  пен  сыни  ойлау  тұрғысынан  қаралуымен  ерекшеленеді. 

Дәстүрлі  білім  беруде  ойлаудың  қарапайым,  төменгі  деңгейі  берілсе,  заманауи  сабақта, 

оқушылардың  ойлаудың  жоғарғы  деңгейіне  жетуі  негізгі  мақсаттардың  бірі  болып 

табылады.  Заманауи  сабақ  заманауи  талаптармен  ерекшеленеді.  Алға  қойылған  дұрыс 

мақсат  -  табыс  кілті.  Демек,  қазіргі  кездегі  заман  ағымына  сай  сабақты  оқушылардың 

құзіреттілігін  дамытуға  бағыттау  жүйелі  үрдістердің  тізбегін  қажет  етеді.  Оқу 

мақсаттары  өлшенбелі  және  нақты,  айқын  түрде  келтірілген  оқу  нәтижелері  арқылы 

көрсетілуі  қажет.  Демек,  оқушылардың  білу,  түсіну  мен  өз  білімін  проблеманы  шешуде 

қолданумен қоса, тақырыпқа талдау жасап, ойын жинақтау, оны өзінше пайымдауының 

маңызы  зор.  Осы  ретте  Блум  таксономиясына  негізделіп  құрылған  тапсырмаларды 

орындау  арқылы  өтілетін  сабақтар  пәнді  оқытудың  тиімділігін  арттырудағы  жаңаша 

жолдардың  бірі.  Ол  туралы  тіпті  ежелгі  замандағы  грек  ғұламалары  да,  кейінде 

ағартушылар, ал ХХ ғасырдың басында ғылыми тұрғыдан Джон Дьюи, Эдвард Глейзер 

сынды тұлғалар өз тұжырымдарын жазған.  

 Қазіргі  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  күн  санап  емес,  сағат 

санап  дамып  отырған  жаңа  заманға  оқушыларды  қалай  бейімдеуге  болады?  Қазіргі 

мұғалім  –  оқушы  білімін  бағыттаушы,  өз  бетінше  білім  алуға  ынталандырушы, 

ақпараттың  қажеттісін  ғана  меңгере  алуын  нұсқаушы,  себебі  жаңа  формация  мұғалімі 

өскелең  ұрпақ  игілігі  үшін  тың  өзгерістерді  тәжірибесіне  оңтайлап  енгізуге  батыл 

қадам  жасау  керек.    Бұл  ретте  жалпы  білім  беру  ұйымдарының  басшылары  да  сырт 

қалмайды. Мақсат – әрбір  балаға жоғары сапалы білім  беруге  қол жеткізу. 

Білім  беру  мен  оқытудың  қазіргі  заманғы  әдістері  негізгі  жеті  модульге 

негізделген.  Бізге  ұсынылып  отырған  осы  курстың  негізгі  бағдарламасы  -  мұғалімнің 

білім  беруі  мен  оқытудағы  әдістерін  өзгертудегі  жаңа  бастама,  яғни  бұл бағдарламаның 

басым  бөлігі  сындарлы  оқыту  теориясының  негіздерін  қамтыған.  Бұл  теория 

оқушылардың  ойлануын  дамытуда  олардың  бұрынғы  алған  білімдері  мен  жаңа  немесе 

сыныптағы  түрлі  дерек  көздерінен,  мұғалімнен,  оқулықтан,  достарынан  алған 

білімдерімен  өзара  әрекеттесуі  жағдайында  жүзеге  асады  деген  тұжырымға негізделген. 

Сабақта қолданылатын модульдері: 

1)

 



білім  беру мен білім  алудағы  жаңа тәсілдер; 

2)

 



сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; 

3)

 



білім  беру үшін  бағалау; 

4)

 



ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды пайдалану; 

5)

 



талантты және дарынды балаларды оқыту; 

6)

 



жас ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту;   

7)

 



білім  беруді  басқару  мен көшбасшылық  [2]. 

Бұл  істе  Педагогикалық  шеберлік  орталығы  Кембридж  университетінің  Білім 

беру 

факультетімен 



бірлесіп 

әзірлеген 

педагог 

қызметкерлердің 

біліктілігін 

арттырудың  деңгейлі  бағдарламасының  мазмұны  мен  әдістерін меңгерген мектептің 12  

(Ідеңгей-3;  ІІдеңгей-4;  ІІІдеңгей-5)  мұғалімі  мектеп  тәжірибесіне  елеулі  өзгерістер 

енгізіп,  әріптестерінің  кәсіби  дамуына,  оқу  мен  оқытудағы  жаңа  тәсілдерді  іс 

тәжірибелеріне  сараптай  енгізуіне  елеулі  ықпал  етуде.      Әріптестерінің  үздіксіз  кәсіби 

дамуына  ықпал  етіп,  жұмыстағы  жаңа  бастаманы  қолдап,  оқу  мен  оқытудағы  жаңа 



     

 

 



51 

 

 



І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4  / 2014     

 

тәсілдерді  мектеп  тәжірибесіне  енгізу  үшін  коучинг  жүргізіп,  бүкіл  педагогикалық 



ұжымның әлеуетін арттыру мақсатында тәлімгерлік  етіп жүр.   

Мектептің  барлық  мұғалімдерін  дамытуға  бағытталған  мектепті  дамытудың 

жоспары  жасалып,  бірлескен  командалық  жұмыс  жүргізілуде.  Қаламыздағы  өзге 

мектептермен  кәсіби  қоғамдастық  құрылып,  қала  мұғалімдерінің  ортақ  пікірлерін 

қалыптастыруға,  білім  беру  барысында  туындаған  күрделі  мәселелер  шешімдерін 

бірлесе  талқылау  арқылы  табуда.  Педагогикалық  ұжымының  әр  мүшесінің  еңбегі  оқу 

үдерісін  қайта  жаңартуға  бағытталуда  және  диалогтық  қатынас  орнап,  қазіргі  таңдағы 

өзекті  мәселе  -  зерттеу  сабағын  бақылау  жолдары  туралы  идеялар  ортаға  салынып 

талқылануда.   

Мектептің  даму  жоспарының  анықталған  басымдықтарын  іске  асыру 

мақсатында  TALIS  сауалнамасы  жоспарға  сәйкес  бірнеше  рет  алынып,  мұғалімдердің 

құзіреттілік  деңгейлері  талаптар  бойынша  сарапталады.  Мұғалім  жұмысының 

тиімділігі,  кез-келген  кедергіні  өз  біліктілігі  мен  шеберлігіне  сай  жеңетіні,  ең  алдымен, 

қазіргі  уақытта  ұжым  мүшелерінің  жаңаша  ойлауын,  өзін  және  өзгелерді  бағалауға 

бейімділігін,  кәсіби  дамуын  басты  назарда  ұстап,  қажетінше  қолдау  көрсетіп  жүргені 

жаңаша ойлап, өзгерісті  қабылдаудың нышаны болып табылады.  

Мұғалімдер  орта  және  қысқа  мерзімді    сабақ  жоспарларын  жасақтауда  сабаққа 

берілген  уақытты  тиімді  пайдалану  оқыту  нәтижелілігін  қамтамасыз  ететін  критерийдің 

ең  бастысы  екендігін  сезінуде.  Бұл  ретте  тағы  да  SMART  мақсат  қою  кезінде 

мұғалімнің  тәжірибесі  мен шеберлігі  сынға түсетіні  белгілі. 

Сындарлы  оқытудың  мақсаты  -  оқушының  пәнді  терең  түсіну  қабілетін  дамыту, 

алған  білімдерін  сыныптан  тыс  жерде,  кез  келген  жағдайда  тиімді  пайдалана  білуін 

қамтамасыз  ету.  Оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  үшін    мұғалім  әр  түрлі 

әдістерді  қолданып,  өз  шеберлігін  танып  отырады.  Осы  ретте  критерий  бойынша 

бағалау  құзыреттілігі  артып,  оқушыны  жетістікке  жетелеуде  жаңаша  көзқарас 

қажеттілігі  үнемі туындап отырары хақ. 

Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  халықаралық  (PISA,  TIMSS  және 

т.б.)  және  отандық  тәжірибелеріне  талдау  жасалып,  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 

анықтаудағы 

олардың 


ерекшеліктері 

айқындалды. 

Олардың  функционалдық 

сауаттылықтарын  бағалаудың  негізгі  шарттары  белгіленді.    РІSA    зертеуі  баланы  оқыту 

мен  тәрбиелеу  процесіне  ата-аналардың  қатысуы  функционалдық  сауаттылық 

деңгейіне  оң  әсер  еткенін  көрсетті[5].  Сондықтан,  ата-аналарды  мектеп  өміріне 

белсенді  түрде  қатыстыруға  бағытталған  шаралардың  тұтас  жүйесін:  қамқоршылық 

кеңесін,  ата-аналар  қауымдастығын,  ата-аналар  университетін  құру  бағытында  мектеп 

ұжымы  тыңғылықты  істер  атқаруда.  Жұмыстың  мазмұны  отбасы  мүшелерінің балалық 

кезеңнен  адамгершілік  құндылықтарды,  парасатты  және  тиімді  өмір  дағдыларын  құру 

бағытын  қалыптастыруына  педагогикалық  және  психологиялық  тұрғыда  ықпал  етуге 

бағытталған.  Мектеп  психологтары    қоғамның,  жеке  отбасының  өміріне  араласудың 

тәсілін  басшылыққа  ала  отырып,  «Ерекше  балалар»  әлеуметтік  жобасы  бойынша 

ауқымды  жұмысты бастады.   

Осы  мәселелерді  басшылыққа  ала  отырып,  2013  жылдан  бастап  Талдықорған 

қаласының  №2  орта  мектебі  «Тиімді  педагогикалық  технологияларды  қолдану  арқылы 

оқушылардың 

әлеуметтік 

құзыреттілігін 

қалыптастыру 

және  функционалдық 

сауаттылығын  арттыру»  атты  өзекті  мәселе  бойынша  жұмыс  атқаруда.  2013-2014  оқу 

жылында  "Өрлеу"  Біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығы"  АҚ  филиалы  "Алматы 

облысы  бойынша  педагог  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институтының 

директоры  Х.Ә.Дюсебаев  бекіткен  «Стратегиялық  серіктестік  -  мектеп  оқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  шарты»  тақырыбы  бойынша  ғылыми-



     

 

 



52 

 

 



І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4  / 2014     

 

эксперимент  жұмысының  бағдарламасына  сәйкес,  аталған  тақырып  бойынша 



экспериментке  енді.  Ғылыми-экспериментті  жүргізуге  жауапты-үйлестіруші  «Басқару 

және  білім  сапасы»  кафедрасының  аға  оқытушысы,  п.ғ.к.  М.У.Валиевамен  бірлесе 

отырып басталған жұмыстың қорытындысы жыл сайын түйінделіп отырады. 

Сонымен қатар, №2 орта мектепте 2013-2016 жылдарға арналған  «Стратегиялық 

серіктестік  -  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  шарты» 

ғылыми-эксперименттік  жұмысының  жоспары  әзірленді.  Ғылыми-эксперименттік 

жұмыстың  мақсаты  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамытуда 

білім  беру  ұйымдары  арасында  стратегиялық  серіктестік  іс-әрекеттерді  қалыптастыра 

отырып,  тұлғаның  сұранысын  қанағаттандыруға  бағытталған  білім  беру  кеңістігін 

ұйымдастыру  болып  табылады.  Жүргізілген  жұмыстың  міндеттерін  төмендегідей 

көрсетуге  мүмкіндік  туды:   

1.

 



ҚР  «Білім  туралы»  Заңын,  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік 

бағдарламалары,  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамытудың 

2012-2016  жылдарға  арналған  мемлекеттік  ұлттық  іс-қимыл  жоспары  негізінде  мектеп 

оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамытудың  отандық  және  әлемдік 

тәжірибелеріне  зерттеу  жасау  арқылы  ғылыми-педагогикалық  эксперименттің 

тұжырымын ғылыми тұрғыда негіздеу; 

2.

 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытудың  негізгі  тетіктері 



мен  факторларының  ерекшеліктері  және  оларды  жүзеге  асырудың  жолдарын  ашып 

көрсету; 

3.

 

«Қазақстандық  функционалды  сауатты оқушы»  моделін дайындау;   



4.

 

Оқушының 



функционалды 

сауаттылығының 

нәтижесі-құзіреттілігін 

қалыптастыруға  бағытталған білім  сапасын дамыту жүйесінің  критерийлерін анықтау;   

5.

 

Педагогтар  үшін  ғылыми-әдістемелік  шаралар  ұйымдастыру,  қажетті 



әдістемелік  нұсқаулықтар  мен ұсыныстар, дәрістер әзірлеу

6.

 



Оқушының  функционалды  сауаттылығының  дамыту  іс-әрекетін  тиімді 

ұйымдастыруды қамтамасыз  етуде мектептің  серіктестік  іс-әрекетін  жүзеге асыру. 

Биылғы  оқу  жылында  мектеп  эксперимент  жұмысының  екінші,  яғни 

практикалық  кезеңін  іске  асыруда.  2014  жылдың  29  қараша  күні  Талдықорған 

қаласының  №2  орта  мектебінде  «Мектеп    оқушыларының    функционалдық 

сауаттылығын    дамыту  –  білім    берудегі  басым    міндет  »  тақырыбында  облыстық 

семинар өткізілді. 

Семинардың  негізгі  мақсаты:  Оқу  мен  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  қолдану 

арқылы  оқушыларды  тәрбиелеу,  олардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытуға 

бағытталған  мұғалімнің  оқыту  үдерісі  мен  оқушылардың  оқу  нәтижелерін

 

қалыптастыру  бойынша  тәжірбие  алмасу.  Семинар  барысында    оқушылардың 



функционалдық  сауаттылығы  мен  құзыреттілігін  дамытуға  бағытталған  оқытудың  

тиімді  әдіс-тәсілдері  насихатталып,  мұғалімдердің  іс-тәжірбиесі  таратылды.  «Мектеп–

отбасы–қоғам»  -  өзара  әлеуметтік  әрекеттің  мазмұны  зерделеніп,  оқушының  кәсіптік 

тұрғыда  өзін-өзі  анықтауы,  шығармашылық  және  инновациялық  қызметке  деген 

қажеттілігін  қалыптастыруда  қосымша  білім  берудің  маңызы  мен  мазмұны,  оған  қол 

жеткізудің  тиімді  жолдары  көрсетілді.  Мектеп  жұмысы  мен  оқушы  жетістіктерін 

өрістетудегі  негізгі  тұлға  -  ұстаз  болғандықтан,  ал  сол  ұстаз  заман  талабына сай болуы 

үшін  әрқашан  ізденуді,  білімін  жетілдіруді,  жан  жақты  білімді  болуды  талап  етеді.  Ұлы 

ағылшын  ағартушысы  Уильям  Уарт  «жай  мұғалім  хабарлайды,  жақсы  мұғалім 

түсіндіреді,  керемет  мұғалім  көрсетеді,  ұлы  мұғалім  шабыттандырады»  деген  екен. 

Бүгінгі  таңда  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытып,  білім  сапасын 


     

 

 



53 

 

 



І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4  / 2014     

 

жетілдірудің  өзіндік  сипатын,  нәтижесін  көрсетіп  отырған  мектептің  педагогикалық 



ұжымы алдағы белестерді  бағындыруға қабілетті  екені  сөзсіз.   

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

 1.  Валиева  М.  Білім  беру  ұйымдарында  менеджментті  жетілдіру  және 

корпоративтік  басқаруды  енгізу//Әдістемелік  нұсқау/Алматы:  ОПҚБАИ, 2013. 

2.  Басшыға  арналған  нұсқаулық.  //Қазақстан  Республикасы  жалпы  білім  беру 

ұйымдары  басшыларының  біліктілігін  арттыру  бағдарламасы/  «Назарбаев  зияткерлік 

мектептері»  ДББҰ Педагогикалық  шеберлік  орталығы, 2013.  

3.  Қазақстан  Республикасының  Президенті-Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  2012 

жылғы  27  қаңтардағы  Қазақстан  халқына  Жолдауы  «Әлеуметтік-экономикалық 

жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» www.akorda.kz. 

4.  Жобалау  және  зерттеу  қызметі  негізінде  12  жылдық  білім  беру  жағдайында 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру.  Әдістемелік  құрал.  – 

Астана:  Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім  академиясы,2013.–45 бет. 

5.  Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі 

2012  -  2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары  (Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2012 жылғы 25 маусымдағы  № 832 қаулысымен  бекітілген). 

    

  

ӘОК 159.9 



 

ҰЛТ  АРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Мамекова А.Т., Кабылова М.С. 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., 

asem_mamekova1979@ mail. ru. 

 

Бұл  мақалада    ұлт  аралық  қарым  қатынастың  психологиялық  ерекшеліктері 

мен  оның стереотиптері баяндалады. 

В  статье  рассматриваются  проблемы  психологического    общения, 

определяется его специфика.   

In  it  the  article    nation  is  given  a  report  interval  my  overhead  part  of  hand 

psychological  features relation  of communication. 

Кілт сөздер: қарым-қатынас, стереотип, этнос, вербалды, бейбербалды. 

 

Қарым-қатынас  адамның  басқа  адамдармен  өзіндік  өзара әсерлесуі және біріккен 

іс-әрекетте  өзара  қатынастарының  дамуы  ретінде  көрініс  береді.  Қарым-қатынас 

адамзат қатынасының күрделі түрі. Кез келген қарым-қатынас адамдар арасындағы жай 

байланыс  қана  емес,  біріккен  іс-әрекет  процесіндегі  адамдардың  бірін-бірі  қабылдауы 

және ақпарат алмасуы болып табылады. Қарым-қатынас-бұл әлеуметтік психологиялық 

құбылыс,  ол  адам  өміріндегі  көптеген  рухани  және  материалдық  құндылықтарды 

қамтиды  және  ең  жоғарғы  қажеттіліктердің  бірі  болып    табылады.  Дегенмен,  бір 

қарағанда  қарым-қатынас  ұғымы  баршаға  танымал  және  қандай  да  мағыналы 

қиындықтармен  байланысты  емес  көрінеді.  «Қарым-қатынас»  сөзімен  біз  кәсіби,  жеке, 

шығармашылық  және  тағы  басқа жалпы қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған 

қарапайым  түсініктерді,  яғни  адамдардың  бір-бірімен  байланысын  және қатынастарын, 



таныс  немесе  бейтаныс  адамдармен  кездесулерін,  жеке  қатынастарын  түсіндіруге 

Каталог: uploads -> files -> 2016-02
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013
2016-02 -> Жансҥгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2013
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №1 / 2011
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 / 2014
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011
2016-02 -> Программа рнцп «Дарын» (республиканский научно-практический центр)- алматы, 1998
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013
2016-02 -> ӘОЖ: 82-1 А.Қ. Тұрысбекова

жүктеу 106.53 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет