Жансҥгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2013



жүктеу 70.81 Kb.

Дата25.01.2017
өлшемі70.81 Kb.

     

 

 



77 

 

 



І.Жансҥгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4 / 2013     

 

12. Масанов Н.Э., Абылхожин Ж.Б., Ерофеева И.В., Алексеенко А.Н., Баратова Г.С. 



История Казахстана: народы и культуры. – Алматы: Дайк-Пресс,2000. – 599 с. 

          

 

      УДК 94 (574) 

 

АЗАМАТ СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ТҤРКІСТАН  ҚАЗАҚТАРЫ  

(1945-1949 жж.) 

 

М.Т. Сырлыбаев  

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің магистранты,  

Талдықорған қ. 

 

Мақалада  мәселенің  тек  отандық  тарихнама  ғылымында  зерттелуі  мәселесіне  қысқаша 



көңіл  аударылды.  Сонымен  қатар  Қытайда  1945-49  жылдары  орын  алған  Азамат  соғысы 

жылдарындағы  Шығыс  Түркістанда  қазақтарының  елдегі  саяси  оқиғаларға  араласуы  туралы 

айтылған.  

В статье   рассматривается проблема исследования  отечественной исторической науки.  

Также  говорится  об  участии  казахов  в  политических  событиях  в  Туркестане    в  годы  1945-49  

Китайской Гражданской Войны.  

The problem of the study of national historical science. Also refers to the participation of the Kazakhs 

in the political events in Turkestan during the Chinese Civil War, 1945-49. 

Кілт сөздер: азамат соғысы, Түркістан, ұлт-азаттық көтеріліс, кеңестік идеология, Кеңес 

өкіметі, Қытай 

 

Шыңжаңдағы ҧлт-азаттық кӛтеріліс,  оның кӛсемдері  мен  батырлары,  соның ішінде 

Оспан  батыр  туралы  сол  тҧстағы  қҧпия  дерек  қазақ  оқырмандарына  тҧңғыш  рет  Қ. 

Жҧмаділовтің  «Соңғы  кӛш»  дилогиясы  арқылы  жеткен  еді.  1974  жылы  «Жазушы» 

баспасынан  40  мың  таралыммен  жарық  кӛрген  осы  романның  жазылғанынан  да, 

жариялануы  қиынға  соққандығын  біреу  білсе,  біреу  білмейтін  шығар  [1].  Себебі  кеңестік 

идеологияға  кереғар  келетін  қаттама  деректерінің,  оның  сыртында  Қытайда  да,  Кеңес 

ӛкіметінде де атын атауға тыйым салынған Оспан Исламҧлы (1899-1951)  сияқты кҥрескер 

тҧлғаны алдыға шығару мҥмкін емес болатын. Сондықтан да романды қҧзырлы орындарға 

оқытып,  ӛкімет  тарапынан  рҧқсат  болмаса,  ешбір  баспа  орындарының  жауапкершілікті 

мойнына алып, баспадан шығару және кӛпшілікке тарату мҥмкін емес болатын. Қазақ КСР-і 

ҒА-ның Тарих және этнология институты, Әдебиет және ӛнер институты, Орталық комитет 

те,  тіпті  Мемлекеттік  қауіпсіздік  комитеті  де  Қытаймен  арада  байланыс  болмағандықтан, 

жасырын  жатқан  тарихи  қҧжаттардың  ақ-қарасын  ашып  беруге  шамалары  жетпеді.  Ал 

еларалық  мәселе  тек  Мәскеу  арқылы  шешілетіндіктен,  «Соңғы  кӛштің»  бір  нҧсқасы  сол 

кездегі Қазақстан Жазушылар Одағының бірінші хатшысы Ә. Әлімжановтың қолы қойылған 

хатпен  және  орысша  аударылған  жолма-жол  нҧсқасымен  бірге  Мәскеудегі  Қиыр  Шығыс 

институтына  жӛнелтіледі.  Кітап  институттағы  Қытай  секторының  меңгерушісі,  кезінде 

Ҥрімжіде  жҧмыс  істеген  Шыңжаң  жағдайына  қанық  адам  Тҧрсын  Рахимовтың  қолына 

тҥседі. Араға алты ай ҥзіліс салғанымен, ол кісі романға оң пікір білдіріп, Алтайдағы Оспан 

кӛтерілісінің де басын ашып беретін мақаласы жарық кӛреді [2]. Сӛйтіп, Кеңес Одағындағы 

бірден-бір қҧзырлы мекеменің рҧқсатын алғаннан кейін ғана романға жол ашылады. 

Д.  Жаналтайдың  «Қилы  заман,  қиын  кҥндер»  (2000)  еңбегі  [3],  Моңғолия 

дерекнамалары  арқылы  Оспан  ӛмірін  зерттеп  жҥрген  әдебиетші-ғалым  Ақеділ 

Тойшанҧлының  зерттеуі  де  (2006)  [4],  Д.  Кәпҧлы  мен  Ӛ.  Нәбиҧлы  қҧрастырып,  Д. 

Жолжақсыновтың  алғы  сӛзімен  шыққан  ғылыми  жинақ  та  (2007)  [5],  тағы  басқа  да 



     

 

 



78 

 

 



І.Жансҥгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4 / 2013     

 

зерттеулер  де  Оспан  батырды  әр  қырынан  ашып  кӛрсетеді,  десе  де  бҧлардың  барлығы  да 



тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардың жемісі. 

1991  жылы  Қазақстан  ӛзінің  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін  Тҥркиядан  ата  қонысқа 

кӛшіп  келген  ғалым,  теолог  Халифа  Алтайдың  зерттеу  еңбегі  де  ӛзіндік  тҧрғыда  қҧнды 

болып есептеледі [6]. 

Соңғы кезде қазақ тарихшыларының ішінде зерттеу тақырыбымызға тарихи тҧрғыда 

кӛңіл  бӛліп  жҥрген  ғалым-тарихшы  Г.  Меңдіқҧлованың  есімін  және  оның  «Исторические 

судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие» атты монографиясын ерекше атап 

ӛтуге болады [7]. 

Жалпы  алғанда,  бҧл  жерде  біз  мәселенің  тек  отандық  тарихнама  ғылымында 

зерттелуі  мәселесіне  қысқаша  кӛңіл  аударылды.  Ал  ғылыми  мақалада  Қытайда  1945-49 

жылдары  орын  алған  Азамат  соғысы  жылдарындағы  Шығыс  Тҥркістанда  қазақтарының 

елдегі саяси оқиғаларға араласуы туралы сӛз болмақ.  

ХХ ғасырдың ортасында Шығыс Тҥркістан республикасы КСРО және Қытай сынды 

екі  ҥлкен  мемлекеттің  қыспағына  тҥсіп,  ақыры  1946  жылға  келгенде  барлық  іс  Қытайдың 

пайдасына шешіледі. 1946 жылы 1 шілдеде Шыңжаң ӛлкелік бірлескен ҥкіметі қҧрылады. 

Бҧған бҧрынғы батыс-солтҥстік Қытай әкімшілік мекемесінің бастығы Жаң Жыжҧң тӛраға 

болып  тағайындалады  да,  бҧрынғы  Шығыс  Тҥркістан  республикасының  басшысы 

Ахметжан Қасыми енді сол ӛлкелік ҥкіметтің бастығының орынбасары болып белгіленеді. 

Ал, әйгілі Оспан батыр ӛлкелік ҥкіметтің мҥшесі, қосымша Алтай аймағының губернаторы 

болып тағайындалады. 

Оспан  батыр  1945  жылы  қыста  Сарсҥмбе  қаласына  кӛшіп  барып,  сол  жерде 

губернаторлық міндетін ӛтейді. 1946 жылдың жазғы тҧрымында Кӛктоғай ауданының Қу-ҥй 

деген  жеріндегі  ӛзінің  байырғы  мекеніне  қайта  кӛшеді.  Сарсҥмбеде  тҧрған  осы  бір  жыл 

ішінде  ол  ӛзі  басқарып  тҧрған  ҥкіметтің  қандай  ҥкімет  екенін  толық  танып  біледі. 

Сондықтан  ол  бҧл  ҥкіметтен  бас  тартып,  ӛзінің  бҧрынғы  еркін  ӛміріне,  азат  ӛмірге  қол 

жеткізу мақсатын жҥзеге асыру ҥшін жаңа майдан ҧйымдастыруға кӛшеді. 

Міне,  осылайша  Кеңестер  Одағының,  мейлі  Қытайдағы  болсын,  мейлі  орыс  яки 

қытай  немесе  қазақ  болсын,  қызыл  ҥкімет  десе,  коммунист  десе,  тӛбе  шашы  тік  тҧратын 

Оспан  батыр  1946  жылдан  бастап  коммунистердің,  ашығын  айтқанда,  Кеңес  Одағының 

тікелей басқаруындағы Шығыс Тҥркістан армиясымен соғысуға бел байлайды. 

Оспан  батырдың  «орыстың  ойыншығы»  болған  Шығыс  Тҥркістан  ҥкіметіне  қарсы 

шығуы  Мәскеудің  мҥддесіне  қайшы  болғаны  анық.  Сол  ҥшін  Мәскеу  қалайда  Оспан 

батырдың  кӛзін  қҧртудың  шарасын  қарастырды.  Алдымен  оған  Ҥш  аймақ,  яғни  Шығыс 

Тҥркістан ҥкіметі әскерлерін аттандырып, қазақты қазаққа қырғызды. Бірақ мақсатына жете 

алмаған соң бҧл іске Моңғолияны қосты. Моңғол маршалы Чойбалсанға бҧл істі тапсырды. 

Оспан батыр мен Моңғол маршалы Чойбалсан 1944 жылдан бастап жақын қарым-қатынаста 

болып,  Мәскеу  нҧсқауымен  Моңғол  жағы  Оспан  батырға  бірнше  рет  қару-жарақ  кӛмегін 

берді. Маршал Чойбалсан Оспан батырдың кҥшін гоминдандық қытайға қарсы бағыттағысы 

келді.  Ал  гоминдандық  қытай  әскери  басшылары  болса,  Оспан  батырды  коммунистік 

қытайлар мен Мәскеу ықпалындағы Моңғолияға қарсы бірлесіп кҥресуге ҥгіттеді. Осындай 

екі  оттың  ортасында  жҥріп,  Оспан  батыр  ең  маңыздысы,  ол  ӛзінің  қазақ  халқының  ҧлт 

азаттығы, сол ҥшін кҥресу керектігін тҥсіне білді [5, 43 б.]. 

Қытайға қараған Ӛр Алтай тарихта бірнеше Оспандармен аты шыққан. Олар: «тӛре 

Оспан, қара Оспан, зәңгі Оспан және Оспан батырлар» [8, 78 б.]. Солардың ішінде қарадан 

шығып хан болған, ӛле-ӛлгенше алған бетінен қайтпаған Алтай кӛкжалы Оспан батыр еді. 

Оспан Исламҧлы  – он екі абақ керейдің молқы  руының  Айтуған тармағынан. 1899 

жылы  Алтай  аймағы,  Кӛктоғай  ауданының  Ӛңдірқара  қыстауында  туған.  Ол  1940  жылға 

дейін  Кӛктоғайда  ӛз  тҥтінінің  шаруашылығымен  шҧғылданады.  Ат  жақты,  ҧзын  жал 



     

 

 



79 

 

 



І.Жансҥгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4 / 2013     

 

тҧмсықты, қызыл кҥрең шырайлы, ҥлкен от кӛзді, қою шаш-сақалды әрі бойшаң (бойы — 



1,8 метр), кесек, толықша  денелі, ерен қайратты адам болатын.  Ол тым  аз сӛйлейтін, ішкі 

сырын  оңайшылықпен  жария  етпейтін,  ӛшіккен  адамына  «тістеген  жерімде  тісім  қалсын» 

дейтін  зілі  бар,  бірақ  адамдармен  жалпы  байланыста  –  онша  анайы,  бейбастақ,  әпербақан 

емес болатын. Қағылез, сақ, бел шешіп бейғам жатпайтын, қорамсағы белінен тҥспейтін, бір 

атын отқа қойғанда, бір аты белдеуде ерттеулі тҧратын еді. Әрине, бҧл тҧрмысқа ол неше 

жылдық  ҧрыс  ӛмірінде  дағдыланып  шыққан  еді.  Білім  жағынан  алғанда  еш  оқу  кӛрмеген 

жан еді. Оспанның әкесі едәуір ауқатты, аз да болса дін оқуын оқыған, кейде «молда» аты 

қосанжарлап  жҥретін  адам  болыпты.  Қыстауы  –  Ӛндірқара,  жайлауы  –  Алайғыр,  Арасан, 

Ақбҧлақ,  Қҧжырты  сияқты  жерлер  болыпты.  Әкесі  Ислам  (Сіләм)  бара-бара  кедей  болып 

қалған. Оспанның ат жалын тартып мінгеннен бергі тҧрмысы кедейлікпен ӛткен. 1940 жылға 

дейін Кӛктоғай ауданы Кҥрті деген жердегі Екі қызыл тас бҧлағы бойында арпа, тары салып, 

жер  емшегін  емген.  Оспан  1940  жылғы  Есімхан,  Ақтеке,  Рысхан,  Сҥлеймен  Бектҧрҧлы 

бастаған тҧңғыш халықтық кӛтеріліске, 1941 жылғы Қалел, Рақат бастаған екінші халықтық 

кӛтеріліске бастан-аяқ қатынасып, кӛрнекті ҥлес қосқандардың бірі болған [9, 4 б.]. 

1941  жылы  Германияның  кеңес  ӛкіметіне  қарсы  соғысы  басталғанда,  одан  жалт 

бҧрылып,  Германияға  іш  тарта  бастаған  Шын-шы-сайға  тісін  басқан  Сталин  Моңғолия 

арқылы гоминдаңшылармен аяусыз кҥрес жҥргізіп жҥрген Оспанға кӛп қару-жарақ бергізіп, 

қолдау  кӛрсетеді.  Оспан  батырдың  Кеңес  ӛкіметін  жат  санап,  жақтырмайтынын  Сталин 

жақсы  зерттеп,  білгендіктен  әдейі  Моңғолияның  саяси  қайраткері,  екі  мәрте  МХР-дың 

батыры, аты аңызға айналған маршал Хорлоогийн Чойбалсан арқылы әрекет жасайды. 1944 

жылдың  12  қарашасы  Іле,  Тарбағатай,  Алтай  аймақтарын  қамтыған  Шығыс  Тҥркістан 

республикасының  қҧрылған  кҥні  болып  жарияланғаны  кӛзі  қарақты  оқырманға  белгілі. 

Қазақ  халқының  теңдігін  аңсаған  азаматтардың  барлығы  да  басында  қатты  қуанды.  1945 

жылдың кҥзінде Оспан батыр Алтай аймағын гоминдаңшылардан толық азат еткеннен кейін 

ол Алтай аймағының уәлиі болып сайланады. Тура осы жылы Тарбағатай аймағының уәлиі 

болып Қытайдағы номер бірінші қазақ байы Башбай (романда Жасыбай) сайланады. Жеке 

тәуелсіз ел болуды кӛздеген батыр Қытайға қалай қарсы шықса, кеңес ӛкіметіне де солай тіс-

тырнағымен қарсы болады. Сондықтан да ол 1946 жылдан бастап, Шығыс Тҥркістанды орыс 

бодандығынан  азат  ету  жолында  кҥрес  жҥргізеді.  1950  жылы  гоминдаңшылардан  тазара 

бастаған Шыңжаң аймағына Қытай Халық армиясы бейбіт жолмен кіреді. Себебі Тҧрсынхан 

Зәкенҧлының  мәліметі  бойынша,  бҧл  тҧста  Қытай  қызыл  армиясы  Чанцзян  дариясының 

оңтҥстігіне ӛтіп, Нанкинді басып алған әрі гоминдаңшылар Ҧлы қҧрлықтан Тайванға кетуге 

дайындалып  жатқан  еді.  Мҧндай  жағдайда  Гоминдаңның  Шыңжаң  ӛлкелік  ҥкіметінің 

жаңадан  сайланған  тӛрағасы  Бҧрхан  Шахиди  мен  Шыңжаң  ӛлкесінің  қорғаныс  бас 

қолбасшысы Тао Чжиюэ қыркҥйектің бірінші жаңасында Қытай коммунистік партиясының 

бейбітшілік жӛніндегі ҧсынысын шартсыз қабылдайтындықтарын білдіреді. Сӛйтіп Шығыс 

Тҥркістандағы  гоминдаңшылар  Қытай  коммунистеріне  еш  қарсылықсыз  беріледі  [9,  4  б.]. 

Енді  гоминдаңшылардың  орнында  Қытай  коммунистік  партиясының  ҥстемдігі  орнайды. 

Тибетке  қарай  шегінген  Оспан  батыр  1951  жылы  осы  Қытай  халық  азаттық  армиясының 

қолына тҥсіп, сол жылы Ҥрімжі қаласында ашық сот мәжілісінде ӛлім жазасына кесіледі де, 

ҥкім табанда орындалады.  Кейбір зерттеулерде  бҧл сотқа  елу  мың  адам қатысты  деген  де 

деректер кездеседі. Міне, осы мәліметтердің барлығы да нақты кейіпкерлер арқылы тҧңғыш 

рет Қ. Жҧмаділовтің «Соңғы кӛш» романында ӛзінің кӛркемдік шешімін тапты. 

Шыңжаң ӛлкесінде жҧртшылыққа белгілі ҥш Оспан болған. Олар - Тӛре Оспан, Қара 

Оспан  және  Оспан  батыр.  Осы  ҥш  Оспанның  ішінен  осы  ӛлкеде  Қара  Оспан  мен  Оспан 

батырды  шатастырып  атау  жиі  кездесіп  қалады.  Гоминдаң  билеушілерінен  азат  еткеннен 

кейін Алтай аймағының қазақтары Оспан батырды ақ киізге салып хан кӛтереді. Тіпті оған 

сол  кездегі  ҥкімет  тарапынан  «Батыр  хан»  деген  атақ  та  беріліпті.  Қарадан  шығып,  хан 



     

 

 



80 

 

 



І.Жансҥгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4 / 2013     

 

болғаннан кейін оны да Әбілпейіз ханның тҧқымы Тӛре Оспанмен ауыстырып алмау ҥшін 



Қара  Оспан  деп  атау  ішінара  болса  да  ел  арасында  ҧшырасады.  Алысқа  ҧзамай-ақ  мҧны 

Асқар Алтайдың 1993 жылы «Жҧлдыз» журналына жарияланған «Қайың сауған, ел ауған» 

деген циклді әңгімелерінің ішінен де кездестіреміз. Қытайға да, орысқа да, мойынсҧнбаймын 

деген Оспанды қазақтың ӛз қолымен топшысынан қайырғандығын айта келіп: «Қытай Қара 

Оспан  батырды  қолға  тҥсірді»  деп  жазушы  кӛтеріліс  басшысын  «Қара  Оспан»  деп  алған 

екен [9, 5 б]. 2002 жылы А. Алтайдың  «Ноқталы арман» атты Оспан батыр туралы роман 

жазуына  да  осы  әңгімелер  негіз  болғанға  ҧқсайды.  Бҧл  жерде  А.  Алтай  Оспан  Ісләмҧлын 

Қара Оспан деп ел аузындағы версия бойынша жаңсақ алып отыр. Бірақ ескерте кететін бір 

жағдай,  «Ноқталы  арман»  романында  жазушы  Оспандармен  еріп  жҥретін  «Қара»  деген 

эпитетті  мҥлде  қолданбай,  оның  орнына  «Ошаң»,  «Оспан  батыр»  деген  кең  тараған 

есімдерін ғана алыпты [10, 20 б.]. 

Алтай  аймағында  ХІХ-ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысында  ӛмір  сҥрген  халыққа 

танымал  ҥш  Оспанның  ҥш  тҥрлі  адам  болғандығын,  бҧлардың  әрқайсысының  ӛмірбаяны 

негізінде  жекелеген  романдар  дҥниеге  келгендігін  сол  ӛлкені  кейінірек  зерттей  бастаған 

ғалымдар жақсы біледі. 

1981 жылдың ӛзінде-ақ «Қазақ әдебиеті» газетіне жазған «Соңғы кӛш» осылай туған» 

мақаласында Қ. Жҧмаділов Шығыс Тҥркістан тақырыбының қағаз бетіне тҥспей қағаберіс 

жатқаны  болмаса,  олардың  тарихы,  азаттық  ҥшін  айқасы,  басқыншыларға  қарсы  ерлікке 

толы кҥресі, басқасын былай қойғанда 1945 жылы жеңіске жеткен ҧлт-азаттық тӛңкерісі, бес 

жыл  бойы  дербес  мемлекет  болып  тҧрған  Шығыс  Тҥркістан  республикасының  қҧлауы, 

Оспан  батыр  бастаған  халық  кӛтерілісі  әлі  де  талай  романға  азық  болары  сӛзсіз  екендігін 

атап  кӛрсетеді.  Оның  жарқын  кӛрінісін  жоғарыда  аталған  романдар  легі  мен  жазылып 

жатқан басқа да кӛптеген ғылыми еңбектер растайды. «Соңғы кӛш» романында осы тарихты 

тҥгел кӛрсету мақсат етілмеген. Сондықтан да романның басты оқиғасы Шығыс Тҥркістан 

республикасы  сахнадан  кетіп,  Қытай  Халық  азаттық  армиясының  Тарбағатай  аймағына 

кіруінен  басталады  да,  алпысыншы  жылдардағы  ел  басына  тӛнген  зобалаңмен  аяқталады. 

Мҧның  бірнеше  себептері  бар.  Біріншіден,  Шығыс  Тҥркістан  халқының  романдағы 

қамтылған кезеңдегі тартқан жәбір-жапасы бҧрын кӛріп жҥрген әділетсіздіктердің бәрінен де 

асып тҥскендігін тарихи еңбектер айғақтайды. Сондықтан да жазушы роман желісін халық 

трагедиясының  ең  шарықтау  шегінен  бастайды.  Екіншіден,  бҧл  кездегі  оқиғалардың 

кӛпшілігі қаламгерге жақсы таныс, мысалы шығармадағы Қанағат ауылы  - жазушының ӛз 

ауылы, ақын жігіт Естай жазушының ӛз прототипі болса, ол ӛлкедегі атақты бай Башбай, екі 

ӛкіметке де белгілі этнограф-ғалым Жағда Бабалықов, Оспан батыр, Тҧрсын мҧғалім, әнші 

Шәкен,  Әріп  пен  Әсет  ақындар,  т.б.  сияқты  жҧртшылыққа  кеңінен  таныс  адамдар 

шығарманың негізгі кейіпкерлері [11, 23 б]. 

1970 жылдары Шығыс Тҥркістан туралы не арғы беттен, не бергі беттен тырс еткен 

мәлімет жоқ, қҧлаққа ҧрған танадай болып тҧрған кезінде Қ. Жҧмаділовтің бҧл тақырыпты 

эпикалық деңгейде алғаш кӛтеруін бҥгінгі ҧрпақ ерлік деп бағалау керек деп білеміз.  

 Оспан Ісләмҧлы Шығыс Тҥркістанның ҧлт азаттығы ҥшін шын кҥрескен нағыз батыр 

адам. Орыс, қытай отаршылары Оспан батыр Исламҧлының бҧл кҥресінің мән мағынасын 

тӛмендету  мақсатында  оған  негізсіз  жалалар  жауып  келді.  Оспан  батырдың  ерлік  істеріне 

шетел  ғалымдарының  ӛзіндік  баға  бергені,  ал  Қазақстанда  ол  туралы  дерек-зерттеулер 

тиянақталмағандығы,  арнайы  орталық  ашу  қажеттігі  жӛнінде  пікірлер  айтылды.  Ендігі 

тарихшылар қауымының алдында тҧрған міндет – қазақ халқы тағдырының қалыптасуына 

ӛзіндік ҥлес қосқан осындай батырларымыздың тарихын зерттеу болып табылады. 

Ойымызды  қорыта  келе  айтарымыз,  қазақ  тарихында  алтын  әріптермен  жазылуға 

лайық батырларымыздың бірі Оспан батыр Исламҧлы екені даусыз. «Елу жылда ел жаңа – 

жҥз  жылда  қазан»  дейді  халық  даналығы,  араға  жылдар  тҥсіп,  есімі  кӛмескілене  бастаған 



     

 

 



81 

 

 



І.Жансҥгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4 / 2013     

 

ҧлы  тҧлғамыздың  еңбегіне  лайық  бағасын  беру,  зерттеп-зерделеу  бҥгінгі  ҧрпақтың  басты 



парыздарының бірі болмақ. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



1. Жҧмаділов Қ. Соңғы кӛш. – Алматы: Жазушы, 1974. – 315 б 

2. Рахимов Т. Оспан батыр// Жҧлдыз, 1973. – № 9. – 9-11 бб.  

3. Жаналтай Д. Қилы заман, қиын кҥндер. – Алматы, 2000. 107-108 бб. 

4. Тойшанҧлы А. Тҥрiк-моңғол мифологиясы. – Алматы, 2009. – 192 б.  

5. Кәпҧлы Д., Нәбиҧлы О. Оспан батыр: Деректі зерттеу. – Алматы: Арда, 2007. 184 б. 

6. Халифа Алтай. Алтайдан ауған ел. – Алматы: Атажҧрт, 2000. – 280 б. 

7. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. 

Алматы: Ғалым, 1997. – С. 261. 

8. Уатқан. Б. Оспан батыр Исламҧлының туғанына 110 жыл: "Азаттықтың ӛшпес рухы" атты 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф. / – Алматы: Атажҧрт, 2010. – 215 б.  

9. Қара Ә. Оспан батыр туралы тың деректер // Жаңа Сарыарқа. – 2009. – №1 . – 3-7 бб. 

10. Досан Баймолда. Кҥреспен ӛткен Оспан батыр. // Қазақ тарихы. – 2011. №11. – 18-25  бб. 

11. Зайкенова Р. Оспан батырды танытқан бір дерек. // Қазақ тарихы. – 2010. №2. 23-25 бб 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал