Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013



жүктеу 93.43 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.03.2017
өлшемі93.43 Kb.

     

 

 



20 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

       ӘОЖ 581.1 (075.8) 

 

ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖҰМЫСТАРЫ 

 

 Н.Б. Әужанова, доцент 



І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ., nasqul@mail.ru 

 

Бұл  мақалада  студенттердің  ғылыми  үйірмесін  ұйымдастырудың  кейбір  мәселелері 



келтірілген.  Сонымен  қатар  бір  сабағының  –  «Өсімдіктердің  аталуы  тарихы»  жайында 

материалдар берілген. 

В статье раскрыты некоторые вопросы организации и работы научного кружка студентов. 

Кроме  того  представлен  материал  о  проведении  одного  из  кружковых  занятий  на  тему:  «Из 

истории названий растений». 

Some questions of organization and work of scientific group of students are exposed in the article. In 

addition  material  is  presented  about  realization  of  one  of  кружковых  employments  on  a  theme:  "From 

history of the names of plants". 

 

        Кілт сөздерүйірме, өсімдіктер аталуы, сөздік, қарағалдақ, інжір, жүзім, қына. 

 

       Үйірме  жұмыстары  әдетте  ұйымдастыру  мәселелерін  шешуден  басталады.  Алдымен 



жетекші  студенттерді  жинап  алып,  олардың  қызықтыратын  тақырыптарын  айқындап  білуі 

тиіс,  ал,  содан  соң  үйірме  жұмысының  жоспарын  жасауға  болады.  Жетекшіге  үйірме 

белсенділері: старостасы және редакция алқалары үлкен көмек көрсетеді. Жетекші төмендегі 

жайларды есте ұстағаны абзал: 

Басталған  жұмыс  әр  уақытта  соңына  дейін  жеткізілуі  қажет.  Жұмыстың  нәтижесі  кейбір 

қиындақтарға  кездескенімен  түпкі  мақсаты  жүзеге  асса,  ол  студенттердің  мақсатқа 

құштарлығын арттырады; 

Студенттерге  тапсырманы  бекітіп  бермес  бұрын,  алда  тұрған  жұмыстың  мәнін  ашып 

түсіндіру  қажет.  Бақылаудың  қандай  түрі  болмасын,  жүргізу  қажеттігіне  олардың  көзін 

жеткізгенде ғана, олар оны ынтамен орындайды. 

Жетекші үйірмеде сабақ өткізген кезде материалды студенттердің қызуғушылық сезім пайда 

болатындай  етіп  іріктеп  баяндауы  қажет.  Үйірме  жетекшісі  мезгі-мезгіл  жеке  берілген 

тапсырмалардың  орындалу  барысын  тексеріп,  студенттердің  өз  жұмыстарының  нәтижесі 

туралы  үйірме  отырыстарында  баяндама  жасап  отыруын  қадағалайды.  Студенттерді  бұл 

жұмыстарға  ынталандыру  үшін  оған  конкурс,  жарыс  және  ойын  элементтерін  т.б.  енгізу 

қажет.  


1 Кесте 

«Биологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша» үйірмесінің жоспары 

 

№ 

 

Іс-шаралар 

М

ер

зі

мі

 

Жауапты 

Ұйымдастыру  кезеңі.  Жоспар  құрастыру  және  бекіту. 



Редколлегияны сайлау. Тапсырмалардың ауқымын анықтау. 

ІХ 


Жетекші 

Әдістемелік  және  ғылыми-танымдылық  әдебиеттерге  шолу 



жасау. Картотека даярлау. 

Х 

Барлық 



студенттер 

Биологиялық  кештердің  жоспарын  құрастыру:  талдау, 



талқылау,  жүргізу  сценариін  жазу.  Бейнетаспадан  өткізілген 

кештермен танысу. Кештерге көрнекілік даярлау. 

ХІ 

Жетекші, 



барлық 

студенттер 



     

 

 



21 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

Биология  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстардың  мерзімді 



баспасөз бетінде жарияланған материалдарға библиографиялық 

шолу жасау. Бюллетень шығару. 

ХІ 

Жетекші, 



барлық 

студенттер 

Биологиялық  мазмұнды  көрмелерді  ұйымдастыру  әдістемесі: 



«Бөлме  өсімдіктері»,  «Дәрілік  өсімдіктер»  т.б.  Көрмелердің 

атауларына  картотека  жасау.  Эпиграф  даярлау.  Көрмелердің 

безендірілуіне қойылатын талаптар. 

ХІІ 


Барлық 

студенттер 

Мектептегі  «Жас  натуралистер»  үйірмесінің  жоспарын  жасау. 



Мектепішілік  биологиялық  олимпиаданың  екі  кезеңінің 

сұрақтарын және тапсырмаларын даярлау. Бағалау белгілерінің 

кестесін құрастыру. 

ІІ 


Барлық 

студенттер 

Экологиялық мазмұнды биология пәні бойынша сыныптан тыс 



жаппай  жұмыстарға  талқылау  жүргізу.  Әр  түрлі  тақырыптарға 

арналған  стендтердің  эскизін  жасау.  Стендтердің  атауларына 

картотека жасау. «Қазақстанның Қызыл кітабы» – атты стендтің 

эскизын сызу. 

ІІІ 

Барлық 


студенттер 

Тірі табиғат бұрышындағы жануарлармен қызықты тәжірибелер 



өткізу және фенологиялық байқау ұйымдастыру. 

ІУ 


Барлық 

студенттер 

Биология  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарда  бөлме 



өсімдіктерін пайдалану. Өсімдіктердің атауларының  тарихы. 

У 

Барлық 



студенттер 

10 


Ботаникалық  мазмұнды  топсеруендерді  ұйымдастыру  және 

өткізу әдістемесі. 

УІ 

Барлық 


студенттер 

11 


Қорытынды сабақ. 

УІ 


Жетекші 

 

       Біздің  тәжірибемізден  келтірілген  жоспардың  №9  сабағына  тоқталайық:  «Өсімдіктердің 



атауларының  тарихы». Бұл тақырып әдетте студенттердің қызығушылығын туғызады және 

олар  үлкен  жауапкершілік  танытады.  Осы  материал  болашақ  мұғалімге  КҒА,  «Дарын» 

ғылыми  жобаларды  даярлауға  көмек  ететіні  сөзсіз.  Тақырыпқа  байланысты  сабақтарда  да 

пайдалануға  әбден  болады.  Студенттер  зерттеу,  ізденіс  жұмыстары  арқылы  көптеген 

материалдарды  реферат  түрінде  жазып,  оны  ғылыми  үйірменің  отырысында  жариялап, 

қорғайды. Қабырға газетін шығарып, ондағы көтерілген тақырыптарды талқылайды. 



 

Сабақта пайдаланатын материалдар 

Тіршіліктің  қажетті бөлшегі болып саналатын құнды өсімдіктердің қорын көбейтіп, 

қайтадан  қалпына  келтіру  бүгінгі  ұрпақтың  үлесіне  тиіп  отыр.  Сондықтан  өсімдік  әлемін 

қорғау, оны күтіп баптау әркімнің төл ісі.  

Бұл сабақта өсімдіктер аталуы тарихы туралы қарастырылады.  

Қазақстанның  таулары  мен  далалары,  өзен  жағалары  мен  шөлдері  таңғажайып 

қасиеттері бар алуан түрлі өсімдіктер дүниесіне бай. 

Адамзат  тіршілігінде  өсімдіктер  дүниесінің  маңызы  өте  зор.  Олардың  ішіндегі 

халқымыз  көне  заманнан  пайдаланып  келе  жатқан  шипалық  өсімдік,  тағамдық  өсімдіктер 

көп.  Ерте  кезден  бастап-ақ  ата-бабаларымыз  өсімдіктерді  зерттеп,  танып-біліп,  ат  қойып, 

олардың  жеміс-жидектерін,  дәндерін  азыққа,  ал  жапырақ,  сабақ,  гүл,  тамырларын  дәрі-

дәрмекке,  тері  илеуге,  түрлі  бұйымдарды  бояуға  пайдаланып  келген.  Уақыт  оза  келе  адам 

өсімдіктердің  ішіндегі  бастыларын  қолдан  өсіретін  болды.  Бұл  күндері  олардан  көптеген 

азық-түліктік  қорлар,  әртүрлі  өндірістік  шикі  заттар  аламыз,  құрылыс  материалдарын 

даярлаймыз.  Өсімдіксіз  өмір  жоқ.  Ол  тіршілігімізге  тірек,  өмірімізге  нәр,  күнделікті 

тұрмысымызға көрік [1]. 

Жер беті өсімдіктер дүниесіне бай. Дүние жүзінде олардың 500 000 түрі өседі екен. 

Сол  500 000  өсімдіктің  200  000  суда,  қалғандары  кұрықта  өсетін  көрінеді.  Ал  қолдан 



     

 

 



22 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

өсірілетін мәдени өсімдіқтердің түрі 20 мыңнан асады. 

Табиғаттың  осы  ұшан  теңіз  байлығынан  Қазақ  жеріне  де  аз  үлес  тимеген. 

Республика  ғалымдарының  мәліметтеріне  қарағанда  бізде  өсімдіктердің  6  000  түрі  өседі 

(мұның  ішінде  тек  дәрі  ретінде  пайдаланатындарының  өзі  500-ге  жуық).  Сол  6  мың 

өсімдіктің 760-ы, ягни 12,6 % тек біздің жерімізде ғана өсетін (эндемик) өсімдіктер. 

Қазақ халкының тек қазіргі уақытта ғана емес, тіпті, көне дәуірде де алалы жылқы, 

ақтылы кой айдап, негізінен мал шаруашылығымен айналысып келгендігі бәрімізге белгілі. 

Жер бедерінің түгінсіз осыншалықты мал өспеген болар еді. Сондықтан ерте кезден бастап-

ақ халық өсімдіктер әлеміне зер салып, көңіл қойған. Олардың қайсысы қай малға жұғымды 

екендігін; қай шөп олар үшін пайдалы; қай шөп зиянды екендігін ажырата білген. 

Тек ажыратып  ғана қоймай; ол өсімдіктердің түр-түсін саралап; әрқайсысына жеке-

жеке  ат  қойып,  айдар  таққан.  Өздеріне  керекті  заттардың  бәріне  ат  қою;  оларды  түрлі 

сөздермен  белгілеу  адамзат  үшін  казір  де  қажет,  алғашқы  дәуірде  де  маңызды  болған. 

Сондықтан  тіршілік  тірегі  –  өсімдіктерге  ат  беру  адамзат  жаратылғаннан  бері  қарай  келе 

жатыр десек, артық айтқандық емес. 

Ал, ат қою дегеніміз не? Өсімдік атаулыларда басқа кез-келген заттардың атаулары 

сияқты  қажеттіліктен  туған.  Адам  белгілі  бір  өсімдікке  ат  қойғанда  оны  өзі  сияқты  басқа 

өсімдіктермен шатастырмас үшін, басқалардан ажырату үшін олардың әрқайсысына өзінше 

бөлек-бөлек ат қояды. 

Өсімдік  атаулыларының  ішіндегі  ең  алгашқылары  қайсысы?  –  дегенге  дәл  жауап 

бере кою, әрине, оңай емес. Өйткені, өсімдік атауларының көбі халықпен бірге жасасып келе 

жатқан сөздер. 

Халық  тарихы  тым  ертеден  басталатындығы  мәлім.  Ендеше,  «мына  атау  бірінші 

шықты»,  «ана атау екінші шықты»  – деу үшін, сол халықпен бірге туып, бірге жасасып, әр 

сөздің шыгу тарихына жылнама жазу керек.  Сонда ғана біз ең байырғы өсімдік атауы  –  не 

ағаш  пен  бұтаның,  не жеміс  пен  жидектің,  болмаса  астық  тұқымдастардың  біреуінің  атауы 

болуы мүмкін деп жобалаймыз. 

Қайсысы  болған  күнде  де,  әйтеуір,  алғашқы  қауымдық  құрылыстағы  адамдардың 

күнделікті  тіршілігіне,  күн  көрісіне  аса  қажетті,  маңызы  зор,  пайдасы  мол  өсімдік 

атауларының бірінің аты екендігіне дау жоқ. 

Ондай аса қажетті  «өсімдіктер»  – деп, біз тамаққа пайдаланылатын, онсыз тіршілік 

жоқ бидай, арпа, тары, бұршақ сияқты дәнді-дақылдар мен алма, өрік, шие, бүлдірген, жүзім 

тәрізді  жеміс-жидектерді  айтамыз.  Олардың  қатарына  желден,  суықтан  қорган  болатын, 

басқа пана, жанға сая қарағай, емен сияқты ағаштарды да жатқызуға болады. 

Осылардың  қайсысының  аты  ең  алғашқы  атау  екендігін  біз  бұл  күнде  дәл  айта 

алмаймыз.  Есесіне  дәл  айта  алатынымыз  өсімдіктерге  байланысты  ең  жаңа  атау.  Ол  – 

«Қарағалдақ» деп аталынады. Сида атауының пайда болуына да көп уақыт болған жоқ. Бұл 

1984  жылы  Жезқазған  облыстық  ауыл  шаруашылық  тәжірибе  станциясы  шығарған  мал 

азықтың,  шөптің  ресми  аты.  Ол  –  құлқайыр  тұқымдасына  жататын  мәдени  дақыл. 

Құрамындағы протеиннің мөлшері жөнінен ол бұршақ тұқымдастығына жақын. Сида өте тез 

өседі    және  үнемі  жап-жасыл  күйінде  тұрады.  Оның  қоректік  қасиеті  өте  жоғары.  Силос 

жасауға да жарамды. Сиданың әр гектарынан 32 центнерғе дейін көк масса алуға болады. 

Ойлап  қарасақ,  өсімдіктерге  ат  қоюда  қазақтан  шебер  халық  жоқ  сияқты  көрінеді. 

Айталық:  қараспан,  киіз-киік,  көкзеңгір,  балтасап,  бұкалысілекей,  әсемсары,  қуырдақ, 

сіңбірік. Осылай тізіліп кете береді. 

Кейде тіпті «қалай-қалай тап басып, тауып қойған», «қандай әдемі теңеулер тапқан», 

деп  таңырқайсың,  таңданасың.  Өйткені,  ол  атауларда  поэтикалық  образдар,  нақтылы 

бейнелер бар. Ойнақы әзіл, жеңіл мысқылдар да жок, емес. Бірақ қалай болған күнде де сол 

өсімдіктердің басты қасиеттері мен белгілерін дәл басатын атаулар мен мұндалап тұрады. 

Қазақстан  жері  өсімдік  түрлеріне  қаншалықты  бай  болса,  халқымыздың  тілі  сол 

өсімдіктердің  атауларына  да  соншалықты  бай.  Олар  тілімізге  берік  еніп,  қатынас  құралы 



     

 

 



23 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

ретінде  ауызекі  тілде  кеңінен  қолданылып  жүр.  Табиғатпен  бір  болып,  біте  қайнасқан 

халықта мұндай қасиеттің болуы заңды да. Өйткені, адам мен табиғат егіз. Атақты ақынымыз 

І.Жансүгіров  өзінің  «Жетісу  суреттеріндегі»,  «Жер  түгі»  деп  аталатын  небәрі  54  жолдық 

өлеңінде  30  түрлі  ағаш  пен  60-қа  жуық  шөптің,  құрайдың,  барлығы  90  түрлі  өсімдік 

атауларын  келтіреді.  Өсімдіктер  туралы,  олардың  атаулары  туралы  өлең  жазған  жалғыз  I. 

Жансүгіров  емес.  Ақыңдарымыз  К.Әзірбаев  «Шөп  аттары»,  Ж.  Шантөбетов  «Қызылқұм 

көрінісі», С.Мұсабеков «Шөлдің түгі» – деген өлендер жазып, өздері туған, өскен жерлерден 

өсімдіктер дүниесіне байланысты ой-өрнектерін әдемілеп суреттеген. 

Өсімдік атауларының қазақ тілінде этимологиялық жағынан арнайы зертгелген емес. 

Дегенмен  де  белгілі  тіл  мамандары  –  Ә.Қайдаров,  Ш.  Сарыбаев,  Ә.Нұрмағамбетов  сияқты 

аға  ғалымдарымыздың  еңбектерінен  бірлі  жарым  болса  да  өсімдік  атауларына 

этимологиялық талдау жасалгандығын табуға болады. Мәселен, 1966 жылы шыққан «Қазақ 

тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде» Ш.Сарыбаев «алмұрт» сөзін өз тіліміздегі «ашық 

қызыл»  мағынасындағы,  ал,  сөзі  мен  парсының  алмұрт  (груша)  мағынасындағы  «моруд» 

сөзінің  қосылуынан  жасалган  дегенді  айтады.  Одан  әрі  автор  «қарақат»  сөзін  «қаражидек» 

деп түсіндіреді. 

Ә.Қайдаров  «меңдуана»  (белена,  дурман)  сөзінің  этимологиясына  байланысты  сол 

сөздікте:  «Бұл сөз Иран тілдерінде банг (үнді қарасорасы) және девана (ақылынан адасқан, 

есерсоқ,  есуас)  деген  дербес  екі  сөздің  бірігуінен,  яғни,  қазақ  тілінің  фонетикалық 

ерекшеліктеріне  сәйкес  банг  сөзі  мен  формасына,  «девона»  сөзі  «дуана»  формасына  ауысу 

арқылы жасалған – дейді [2]. 

Ә.Нұрмағанбетов  өзінің  «Жергілікті  тіл  ерекшеліктерінің  төркіні»  деген  кітабында 

«аскелді»,  «боташық»,  «келімдәрі»,  «көмбеқонақ»  –  деген  сияқты  өсімдік  атауларының 

төркінін ашуға талпынған. Автордың айтуынша Маңғыстау, Шымкент облыстарының кейбір 

аудандарында  қолданылатын  аскелді  (асқабақ  сөзі)  ас  және  келді  деген  екі  сөзден  тұрады. 

Мұндағы  «келді»  сөзінің  төркіні  –  парсының  «кәду»  (асқабақ)  деген  сөзі.  Бұл  сөз  парсы 

тілінен  түрікмен  тіліне  –  «кеду»  түріне  ауысқан.  Түрікменде  тұратын  қазақтардың  тілі  сол 

туыстас тіл арқылы ол сөзі «кеді» түрінде енген. 

Орал облысында қолданылатын «боташық» (картоп) сөзінің «түп» төркіні – араб тілі 

екен.  Онда  бұл  сөз  «бататис»  (картоп)  түрінде  айтылатын  көрінеді  Ә.Нұрмагамбетовтың 

пікірінше, келімділі, керімдәрі (қызыл бұрыш) сөздерінің төркіні де – араб-парсы тілдері. Бұл 

сөз Алматы, Жамбыл облыстарының кейбір аудандарында айтылады. Парсы тілінде гәрм  – 

«ыстық  қызулы»  мағынасын  білдірсе,  дару  –  «ем,  шипа»  дегенді  білдіреді.  Сонда  парсыша 

«керімдәрі» – «ыстық», «қызулы ем» деген сөз. Ал «керім» сөзінің араб тіліндегі мағынасы – 

«аса,  өте»  дегенді  білдіреді  екен.  Егер  сөз  төркіні  парсы  тілі  емес,  араб  тілі  деп  білетін 

болсақ, онда«керімдәрі» қазақша айтқанда – «аса ем, өте шипа» болып шығады [3]. 

Э.В. Севортянның пікіріне қарағанда өлең (осока) сөзінің түбірі де ол – деген етістік 

сияқты.  Бұл сөздің көне түркі тіліндегі мағынасы – «су болу, дымқыл тарту». Осы түбірге – 

«ен»  немесе  «ең»  суффиксі  қосылу  нәтижесінде  етістік  негізді  зат есім  яғни  жер  асты,  ыза 

суы мол – жерге өсетін майда шөп-өлең атауы жасалған. Қызғалдақ сөзі «қыз» және «ғалдақ» 

деген  екі  түбірдің  бірігуінен  жасалған.  Мүндағы  «қыз»  сөзі  –  қызыл  сөзінің  қысқарған 

варианты да, ал «ғалдақ» – көне түркі тілінде қазіргі гүл сөзінің орнына қолданылған сөз. 

Өсімдік  атауларының  этимологиясы  туралы  ұзағынан  айта  беруге  болады.  Мәселе 

оларды  түгендеуде  емес,  мәселе  –  бізге  зерттеу  объектісі  болып  отырған  өсімдік 

атауларының  тілімізде  тым  ертеде  пайда  болғандығын,  олардың  тіл  тарихымен  халық 

өмірімен біте қайнасып жатқандыгын дәлелдеу ғана. 

 

Қазақ тілінің өзіне тән өсімдік атаулары 

Қазақ  тіліне  ғана  тән  өсімдік  атауларына  бертінде,  яғни  қазақ  тілі  ұлт  тілі  болып 

қалыптасқаннан  кейін  жасалған,  тек  өзіне  ғана  тән,  бірлі-жарым  болмаса  басқа  түркі 

тілдерінде  кездеспейтін  өсімдік  атауларын  жатқызамыз.  Олардың  мейлі  түбір  сез  болсын, 



     

 

 



24 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

мейлі  туынды  немесе  біріккен  сөз  болсын  мағыналары  түсінікті  болып  дыбыстық 

құрамынан-ақ түп-төркіні, мән-мағынасы сезіліп тұрады. 

Мысалы:  ажырақ  боз  бүрген,  ебелек,  ермек,  жалбыз,  жантақ,  желкек,  изен,  күйреуік,  қияқ, 

қылқан, құрақ, қоға, қылша, қыша, мия, мүк, ошаған, сасыр, селеу, теріскен, шайыр, шырыш, 

шытыр, шекілдеуік т.б. [4]. 

Жоғарыда  көрсетілген  өсімдік  атауларының  көпшілігі  халық  тілімен  бірге  өмір  сүріп  келе 

жатқан  атаулар.  Қазақ  тілінің  өзіне  ғана  тән  өсімдік  атауларына  әсіресе  екі  сөздің  бірігуі 

арқылы  жасалған  атауларды  жатқызуға  болады.  Мысалы:  атқұлақ,  аюбалдырған,  балықкөз, 

биеемшек, дәнді-қара, итмұрын, кәріқыз, киікоты, қарғатұяқ, қоянтобық, шайшөп және т.б. 

 

Түркі тілдеріне ортақ өсімдік атаулары 

Түркі  тілдеріне,  соның  ішінде  қазақ  тіліне  де  ортақ  өсімдік  атаулары  –  тіліміздеігі 

атам заманнан келе жатқан көне атаулар [4]. 

Олар  негізінен  түркі  халықтары  мекен  еткен  аймақтарға  тән,  шаруашылық  маңызы 

зор,  күнделікті  тұрмысқа  пайдалы:  арша,  шырша,  емен,  қарағай,  тал,  қарағаш,  жеке,  шие, 

қарақат, ыргай, арпа, бидай, сұлы, қонақ, кендір, балдыр, бүлдірген, коде, бетеге т.о. осылар 

сияқты ағаш, бұта, жеміс-жидек, астық, шөп атаулары. 

Нақтылы  мәлімет  беру  ушін,  алдымен  көне  түркі  жазба  ескерткіштерінің  тілінде 

қандай өсімдік атаулары кездесетіндігін атап өтелік. 

Ол үшін бірініші кезекте, XI ғасырға тән Махмуд Қашқаридың «Диванына» жүгінеміз, 

онда  түркі  тілдерінің  біразына  ортақ  оның  ішінде  қазақ  тіліне  де  тән  мына  сияқты  өсімдік 

атаулары кездеседі: 

Айва (ayja), алма (alma), андыз (anduz), арпа (агра), арпаған (аграуап), бидай (budai), 

жаңғақ  (iayag),  жуа  (Java),  жусан  (japсаn),  жыңғыл  (jilyun),  жекен  (jekan),  жоңышқа 

(joruncga),  жүзім  (uzum),  кекіре  (kekra),  қабақ  (dabag),  қайың  (gajin/gabin),  қаңбақ  (gabag), 

қамыс  (gamis),  караған  (garayan),  қарамық  (garamie),  қауын  (gayun/gajun),  өрік  (erik),  және 

т.б. 

Бұл  сияқты  ортақ  атаулардың  біразын  XII-XIV  ғасырларға  тән  көне  қыпшақ  тілінің 



әйгілі  ескерткіші  –  Кодекс  Куманикустен  де  ұшыратуға  болады.  Мысалы,  алма  (алма), 

алмұрт  (армут),  арпа  (арпа),  бадам  (бидам),  бидай  (богдай),  бодай  (бугдай),  бұрыш  (бурч), 

жүзүм (йузім/узум), қабақ (қабақ, қаудан/кавдан), қауын (кавун/қоун), өрік (өрік); шабдалы 

(шафталу),  әнжәр (інжір) т.б. Әрине, түркі  тілдеріне ортақ өсімдік атаулары бір бұлар ғана 

емес. Тілімізде түркі тілдеріне ортақ, бұлардан басқа да өсімдік атаулары жеткілікті. 

 

Орыс тілінен ауысқан өсімдік атаулары 

Қазақ  тіліне  орыс  тілінен  сол  орыс  тілі  арқылы  басқа  тілдерден  ауысқан  өсімдік 

атаулары да әжептәуір. Олар үш топқа жіктелінеді. 

Бірінші топ – орыс тілінен немесе орыс тіліндегі күйінде, яғни еш бір дыбыстық, не 

мағыналық  өзгеріссіз  ауысқан  атаулар.  Мысалы:  ананас,  антоновка,  анис,  апельсин,  астра, 

астраган,  бамбук,  банан,  гладиолус,  женьшень,  какао,  кактус,  лавр,  лотос,  магнолия, 

мандарин, нарцисс, пальма, папирус т.б. 

Екінші  топ  –  тілімізде  орыс  тіліндегі  атауымен  бірге  қазақша  баламасы  да  жарыса 

қолданылып жүрген атаулар: алоэ – алоэ, жүз жылдық; акация – акация, ақ қараған; арахис – 

арахис,  жержаңғағы;  капуста  –  капуста,  қырыққабат;  картофель  –  картофель,  картоп, 

картопия;  лилия  –  лилия,  лалагүл;  петрушка  –  петрушка,  ақжелек,  ақжелке,  ақжелкен; 

помидор  –  помидор,  қызанақ,  түйекөтек,  редька  –  редька,  шомырт,  роза  –  роза,  раушан; 

сирень – сирень, гулшетен; фасоль – фасоль, үрмебұршақ т.б. [5]. 

Ал  үшінші  топқа:  аир  (айыр,  иір),  айва  (айва),  арбуз  (қарбыз,  дарбыз),  баклажан 

(бадинжан,  бадинган),  изюм  (жүзім),  инжир  (інжір),  лимон  (лимун),  урюк  (өрік),  фундук 

(кіндік), хна (қына), чай (шай) деген сияқты өсімдік атаулары жатады. Бұлар бір кезде түркі 

тілдерінен орыс тіліне ауысқан атаулар. 



     

 

 



25 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ:

 

1.Арыстангалиев С., Рамазанов Е. Қазақстан өсімдіктері. – Алматы: Рауан, 1977. 



Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы: Қайнар, 1966. 

2.Бекмұханбетов  Е.Б.  Қазақ  тіліндегі  араб-парсы  сөздері.  (Түсіндірме  сөздік).  –  Алматы: 

Рауан, 1977. 

3.Калиев Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары. – Алматы: Ғылым, 1988. 

4.Калиев Б. Өсімдік атауларының орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздігі. – Алматы: 

Қайнар, 1993. 

 

 

           ӘОЖ 37 



 

ҚАШЫҚТЫҚТАН  БІЛІМ  БЕРУДІ  ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ  

ДИДАКТИКАЛЫҚ  МҮМКІНДІКТЕРІ 

 

М.Т. Ержигитова, Г.С. Токенова   



І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университет колледжі, Талдықорған қаласы

tokenova_gulnara@mail.ru

 

 

Бұл мақалада  қашықтан оқыту  технологиясының  ерекшеліктері мен принциптері 

қарастырылады.  

В данной статье рассматриваются особенности и принципы дистанционной технологии 

обучения.   

In this article are considered features of traditional and information – communication technology 

of teaching and principles of distance learning. 

 

             Тірек сөздер: ақпараттық-коммуникациялық технология, қашықтықтан оқыту,  

қашықтан білім беру, ұқсастыру (идентификация).  

 

Стратегиялық  проблемалар  жөніндегі  мамандар  қашықтан  оқыту  формасын  21 

ғасырдың  білім  беру  жүйесі  деп  атап  жүр.  Бұл  күні  оған  үлкен  мән  беріліп  отыр.  Бұрын 

технологияларға  бағытталған  қоғамдық  прогрестің  нәтижелерінің  бүгінде  ақапараттық 

аймақта  орталықтандырылып  жатқаны  қашықтан  оқытудың  маңыздылығын  арыттырды.  

Информатика  дәуірі  басталды.  Оның  қазіргі  мезгілдегі  даму  кезеңін  телекоммуникациялық 

деп  сипаттауға  болады.  Бұл  ақпарат  пен  білімнің  қатынас  аймағы.  Кәсіби  білім  тез 

ескіретіндіктен  оны  тұрақтытүрде  жетілдіріп  отыру  керек.  Қашықтан  оқыту  формасы 

бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы 

білім  алу  жүйесін,  өзара  ақпарат  алмасуын  қалыптастырады  және  жүзеге  асырады.  Одан 

басқа,  қашықтан  оқыту  жүйесі  әлеуметтік  жағдайына  (оқушыға,  студентке,  азматтар  мен 

әскерилерге, жұмыссыздарға ...) қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында 

тұрса  да  адамның  білім  және  ақпарат  алу  құқығын  қамтамасыз  етеді.  Ел  азаматының  білім 

алу  құқығын  қамтамасыз  етуде  және  қоғам  қажеттілігін  өтеуде,  тек  осы  жүйе  мейлінше 

тиімді әрі икемді. Жоғарыда айтылған факторларға сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау 

мен  олдардың    жоғары  квалификациялық  деңгейін  ұстап  тұруда  қашықтан  оқыту  21 

ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады.[4] 

Зерттелетін проблеманың мәнісі мынада: 

-

 

қашықтан оқытудың нормативтік-құқықтық негіздері қабылданбаған және 



жасалмаған; 

-

 



қашықтан оқыту терминін кез-келген білім беру формасына (күндізгі оқудан 

басқа) «тіркей» салу әдеті бар; 



Каталог: uploads -> files -> 2016-02
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013
2016-02 -> Жансҥгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2013
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №1 / 2011
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 / 2014
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011
2016-02 -> Программа рнцп «Дарын» (республиканский научно-практический центр)- алматы, 1998
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013
2016-02 -> ӘОЖ: 82-1 А.Қ. Тұрысбекова

жүктеу 93.43 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет