Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013



жүктеу 77.44 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.02.2017
өлшемі77.44 Kb.
#3378

     

 

 



153 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

ӘОЖ 811.512 



 

АВТОРЛЫҚ  БАЯНДАУ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР 

(С. Мұратбеков шығармалары негізінде) 



 

А.Қ. Ахмежанова  

І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қаласы 

 

 

Мақалада  авторлық  баяндау  тіліндегі  фразеологизмдердің  қолданылу  ерекшеліктері 

қарастырылады.  С.  Мұратбеков  шығармаларынан  алынған  мәтіндер  арқылы  дәлелденеді. 

Фразеологиялық мәтінтүзушілік сипаты ашылады.  

 

В  статье  рассматриваются  особенности  употребления  фразеологизмов  в  языке 

авторского  повествования.  Доказывается  на  примере  произведении  С.  Муратбекова. 

Раскрывается текстообразующая сущность фразеологизмов.  

 

The article considers the using pecularities of phraseologisms in author`s reporting language. 

It is proved in S. Muratbekov`s work`s. Also is opened the phraseologics text forming. 

 

          Кілт 

сөздер: 

авторлық 

баяндау, 

кейіпкер 

тілі, 

фразеологизмдер, 

этнографизмдер, құлпырту, синонимдер.  

 

          Көркем  әдебиет  тілі  туралы  сөз  болғанда,  оны  құрайтын  екі  компонент  міндетті 

түрде аталады. Олардың бірі - авторлық баяндау тілі, бірі – кейіпкер тілі. Автор тілі мен 

кйіпкер  тілі  дегеніміз  –  шығарма  композициясын  құрайтын  бірліктер.  Авторлық 

баяндау кейіпкерге қатысты оқиғаларды баяндап, сипаттап, әңгімелеуге құрылады. Осы 

баяндауда жазушы көркем сөзді, көркемдегіш құралдарды, фразеологизмдерді, мақал - 

мәтелдерді,  экспрессивті-эмоционалды  сөздерді  орынды  қолдану  арқылы  мәтіннің 

«көркін» арттыра түседі.   

Қазақ  әдеби  тіліндегі  әсірелеу,  көркемдеу  тәсілінің  ішінде  фразеологизмдердің 

алатын  орны  ерекше.  Фразеологизмдер  –  көркем  шығарма  тілін  жандандырып, 

астарлап  бейнелей  суреттеудің  тілдегі  дайын  құралы.  Бұлар  –  халық  даналығына 

суарылған  образды  ойлау  үлгісі.  Халықтың  талай  ғасыр  сомдап,  шыңдап  шығарған 

тұрақты тіркестерін – тіл қазынасының бір бөлшегін өз қажетіне, шығарма мақсатына 

сай қолданбаған бірде – бір жазушы, суреткер жоқ. Ақын-жазушы – сөз шеберлерінің 

бір сыналар жері де, өзін-өзі көрсетер тұсы да осы – сөз қолданысында. «Дертпен тең» 

сөз өнерінің шырқау биікке көтерілуі, ең алдымен жазушыға қойылатын үш шарттың – 

сөздерді дұрыс қолдану, сөз байлығын жете меңгеру және тіл нормасын сақтау – толық 

орындалуына байланысты. Көркем сөз негізгі жетігін сөз қолданыста деп білсек, оның 

екі түрі бар екен: біріншісі – сөзді орнымен, өз жүйесімен дұрыс қолдану да, екіншісі – 

сөзді  дұрыс  қолдану  кезінде  әсем  де,  әсерлі  етіп  қолдану.  Біріншісі  –  елдің  бәріне 

қойылатын  жалпы  талап  болса,  екіншісі  –  ақын-жазушылар  үшін  міндетті  де  ерекше 

талап.  Көркем  шығармада  сөз  барлық  бояу  нақышымен,  экспрессивті-эмоционалды 

реңкімен,  қысқа  да  нұсқа  үнемділігімен  көрінуге  тиіс.  Оны  көрсетіп,  сөз  құдіретін 

танытатын – жазушы. Жазушының тіл байлығы оның қолданған сөз, сөз тіркестерінің 

аз-көптігімен бағаланбаса керек. Бар сөзді қолдану, «құлпырту» ерекшелігімен өлшенсе 

керек.  


Біздің  алдымызда  ескі,  жаңа  сөздердің  құрылған  сөз  мұхиты  жатыр,  осы 

мұхиттан  сөз  таңдап  алуға  ұстамдылық,  қанағат  сезімі,  талғам  керек.  Әр  нәрсе  өз 

орнында  жарасымды,  мәселе  –  сол  орынды  таба  білуде.  Шын  еңбек  осында.  Осы 

бағыттағы – сөз қолданыстағы тұрақты сөз тіркестерін қолдану, оны  «әсем де әсерлі» 

қолдану  тұрғысынан  жазушымыз  Сайын  Мұратбеков  әңгімелеріне  «барлау»  жасап 

көрелік.  



     

 

 



154 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

Халық  «Орнын  тапқан  сөз  -  асыл»  деп  бекер  айтпаған.  Сайын  Мұратбеков 

қолданысында  (әңгімелерінде)  «асылға  айналған»  фразеологизмдер  саны  біршама. 

Олардың  қолданылу  принциптері,  әдіс-тәсілдері,  таңдау-талдау  амалдары  да  әр  қилы. 

Алдымен осы фразеологизмдерді семантика – тақырыптық жағынан топтастырамыз: 1. 

Сөйлеу,  ойлау  фразеологизмдері;  2.  Көңіл-күй  фразеологизмдері;  3.  Қарым-қатынас 

фразеологизмдері; 

4. 


Адамның 

физиологиялық 

қалып-сапасын 

білдіретін 

фразеологизмдер,  т.б.  ең  негізгілері  осылар  [1].  Осы  фразеологизмдерді  атқаратын 

функциясына  қарай  жіктейік.  Біріншіден,  образ  жасау,  кейіпкерге  мінездеме  беруде, 

екіншіден, белгілі бір жағдайға (ситуация) қорытынды жасауда, үшіншіден, әзіл-оспақ, 

әжуа-күлкіні  аңғартуда,  төртіншіден,  адамдың  әртүрлі  психологиялық  жай-күйін 

білдіруде  қолданылатыны  байқалады.  Жазушы  қай  әңгімесінде  де  кейіпкердің  көңіл-

күйлерін  жағымды  –  жағымсыз  эмоцияға  байланысты  жан  құбылыстарын  оқты 

көзімен  ату,  қаны  қараю,  ыза  болу,  қабақ  шыту,  мырс  етіп  күлу,  зығырданы  қайнау, 

көңілі су сепкендей басылу, жымың-жымың қағу, іші  удай ашу, зәресі ұшу, жүрегі зу 

ету,  тіс  қайрау,  үрейі  ұшу,  төбе  құйқасы  шымырлау,  көзі  шарасынан  шығу,  екі  көзі 

боталау,  көңілдері  жарасу,  жүрегі  сыздау,  көзі  шатынау,  көзі  жасаурау,  сай-сүйкгі 

сырқырау,  тамағына  жас  тығылу,  ала  көзімен  ату,  екі  езуі  екі  құлағына  жету,  шала 

бүліну,  зәре-құты  қалмау,  езу  тарту,  қабағынан  қар  жауу,  т.б.  тұрақты  тіркестерді 

пайдалана отырып жеткізеді [2]. 

Кейіпкерлерінің қалып-сапасын суреттеуде: сай-сүйегі сырқырау, міз бақпау, 

бесіктен белі шықпай жатып, көзі ілініп кету, үстінен ауыр жүк түскендей болу, бір уыс 

болып бүрісу, кежегесі кейін тарту, қара терге түсу, мұрттай ұшу, кірпігі айқаспау, қара 

басу, қызып қалу, жақ жүндері үрпию, екі көзі төрт болу, сең соққандай, қол қусырып 

отыру,  ат  жалын  тартып  міну,  демін  ішіне  тарту,  кірпідей  жиырылу,  кілт  тоқтау, 

ұйқысы  шайдай  ашылу,  тер  басу,  қалпақтай  ұшу,  айызы  қану,  иегі  иегіне  тимеу,  т.б. 

қолданады [2].  

Ой –сезімді білдіретін фразеологизмдер жалпы, қазақ тілінде көп емес. Десек 

те  Сайын  Мұратбеков  оларды  кейіпкер  іс-әрекетін  баяндауда  жиі  қолданып,  оқырман 

мен  кейіпкер  арасындағы  байланысты  қоюландыра  түседі.  Көз  тастау,  құлағын  тосу, 

қалың ой, ойға бату, асау сезім, көз жіберді, көз қиығын салу, құлақ аспау, үш ұйықтаса 

ойына кірмеу, кірерге жер таппау, құлақ түру, секем алу, күдікпен қарау, сырттай есту, 

есіне  түсу,  көзі  тайып  кету,  көңілге  тоқу,  есінде  жоқ,  көрген  түстей,  сыр  білдірмеу, 

қабырғаңмен кеңес, ой түбіне жете алмау, үш ұйықтаса түсіне кірмеу, т.б. [2]. 

Табиғат  құбылысы,  негізінде,  авторлық  суреттеулерде  баяндалады.  Сайын 

Мұратбеков  әңгімелеріндегі  ауыл,  табиғат  көріністері,  табиғат  құбылыстарын 

сипаттауда  жиі  кездесетін  фразеологизмдер:  таң  қылаң  бере,  көз  байлану,  ақша  бұлт, 

ала  қыстай,  қазбауыр  бұлттар,  көз  тұндыру,  қоңыр  салқын,  өкпе  тұс,  қоян  жон 

(жоталар), хош иіс, көз байлану, жеті түн, тас қараңғы, ымырт үйірілу, қас қараю, көзге 

түртсе көргісіз, тастай қараңғы түн, жалғыз аяқ жол, төте жол, екі кештің арасында, күн 

ұясына қонғанша, күн райы бұзылу, күн ұясынан шығу, сары шұнақ аяз [2]. 

Этнографизмдер  де  жазушы  шығармаларында  қолданылады:  жат  жұрттық, 

сүйекке  таңба,  от  жақ,  оң  жаққа  салу,  жылу  жинау,  сыбағасын  жеу,  ат  суыту,  басын 

құбылаға беру, сүйінші сұрау, сегіз өрім қамшы, қара шаңырақ, құтты орнына қондару.  

Кейіпкер портетін мінездеу, сипаттауда:  қара қайыстай қату, арыстай азамат, 

бармағынан бал тамған, пісте мұрын, қып-қызыл нарттай, қаз мойын, көздің жауын алу, 

ұрты суалған, түрі суық, ақ жарқын, жағы суалу, ер мінезді, салт басты, түсі суып сала 

беру,  шымыр  денелі,  жылы  шырайлы,  екі  иығына  екі  кісі  мінгендей,  қара  торы,  іші 

бауырына  кіру,  түлкідей  бұлаңдау,  қанын  ішіне  тарту,  т.б.  халық  аузындағы,  жиі 

айтылатын  тұрақты  теңеуге  айналған  фразеологизмдер  қолданылып,  авторлық 

баяндаудың «әрін» кіргізеді [2]. 


     

 

 



155 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

Сөйлеу мәнді фразеологизмдер: тілінің уын төгу, тіл қату, аузынан ақ ит кіріп, 

көк ит шығу, артық ауыз сөз, әңгіме басын шалу, тіл қатпау, дәті жетпеу, ауыз жаппау, 

жер-жебіріне  жету,  шер  тарқатысу,  арыз-армандарын  айту,  ернін  қыбырлату,  баж  ете 

түсу, жағы тынбау, жан дауысы шығу, есіп сөйлеу, тіс жармау, сөзге ілінісу, шымбайға 

батар  сөз,  суық  хабар,  т.б.  Хабарлау,  сырласу,  сөзге  келісу  сияқты  сөз  қызметтерін 

атқарып, «айтты», «де, деп, деді» тәрізді етістіктердің орнына жұмсалады [2]. 



Қозғалысты  білдіретін  фразеологизмдер:  үкідей  ұшу,  зыта  жөнелу,  дедектей 

жөнелу, т.б. 

Фразеологизмдерді көркем әдебиетте қолданудың екі түрлі тәсілі бар:  

Фразеологизмдерді өзгеріссіз, қаз-қалпында қолдану

Фразеологиялық тіркестердің жаңғыртылып қолданылуы. 

С. Мұратбеков авторлық баяндауда бұл екі тәсілдің екеуін де қолданады. 

Соғыстан  кейінгі  жылдарда  армияда  талай  нәрселерді  біліп,  көп  жерді  аралап, 

көп дүниені көріп, көңілге тоқып қайтқан сияқты еді, қазір соның анық бәрі есінде жоқ. 

Көрген түстей ғана еміс-еміс қана оралады. Сол есіне түсіп, әуелде көңілі біраз  секем 

алып  калды.  Мойындарына  ақша  мінген  адамдардың  өстіп  шопандардан  жылу 

жинайтын  әдеттері.  Күсен  де  атын  тарағанын  тоқтатып  құлақ  түрген:  машинаның 

дүрілі  естілді  (Күсен  - Күсеке).  Қыз  үрейі  ұшып,  қалшылдап,  көзі  шарасынан  шығып

екінші  қолымен  кабинаның  есігін  қармай  берді.  Ұзақ  от  жаққа  өзі  жатқан  соң, 

көкірегін  толтыра  тыныстап,  тың  тыңдады.  Қыздың  тамырын  басып  байқап  көрмек 

оймен  әзілдеп,  бір-екі  тіл  қатты.  Тамағына  тас  тығылғандай  боп  көзі  жасаурап 

жұтына берді. Ұзақ кінәлі пішінмен жалтақтап әкесіне бірер рет көз қиығын салған. Өз 

баласын  бауырына  сыйғызбаған  қытымыр  атанып,  бүкіл  ел-жұрттың  алдында  сүйекке 

таңба  болар  дәл  осындай  қорлықты  кешу  қай  ата-анаға  жеңіл  тиер  дейсің.  Әкесі 

қайтып тіл қатқан жоқ. Танаға деп айтқандарының бәрі өзінің зағын да аяздай қарып 

жатқанын  сезбей  ме  екен?...  тек  таң  алдында  ғана  көзі  ілініп,  бір  сәтке  тынығып  еді. 

Осы  кезде  атасының  ащы  дауысы  шықты  (Отау  үй).  Әкесі  сонша  әлжуаздығына 

зығырданы қайнайды. Жанай сілейіп отырып қалды. Енді Бақыттың көңілі су сепкендей 

басылды. Оның долбарлап сөйлегенінен әдебиет жапа шекпес-ау, ал шаруашылықтың 

жапа шегіп жүргені хақ. Сауыншылар сиырлардың алдына жем-шөп салған болып, енді 

кешкі сауынға кіріскелі халаттарын киіп, шелектерін жуып, үй мен қораның ортасында 

қолды-аяққа  тұрмай  зыр  жүгіруде.  Сөйтіп,  бүгін  түнде  көп  жұртқа  дабыра  қылмай 

қызды  құтты  орнына  қондырудың  қамы  басталған  көрінеді.  Жаңағы  айтқандарының 



шыбын шаққандай да қауқары болған жоқ (Көкорай).  

С.  Мұратбековтің  фразеологизмдерді  жаңғырта,  өзгерте,  арасына  сөз  кіріктіре 

қолданатын тұстары жиі кездеседі.  

Ыза  кернеу  –  ашуға  булықты,  күйіп-жанды  деген  мағынаны  білдіреді.    «Кенет 

Жанайдың  бойын  әлдеқандай  бір  ыза,  ызақорлық  кернеді»  деген  сөйлемде  «ыза 

кернеу»  тұрақты  тіркесін  жазушы  өз  баяндауында  ашу-ызаға  булығумен  қатар, 

кейіпкер  бойында  ызақорлық  қаситеттің  барлығын  сыйыстыра  беруді  көздеген. 

«Мысалы  бұрын  ауылдағылар  Жанайды  түктің  исі  кірмейтін  боқмұрын  бала  ғой  деп 

есептеп келсе, ендігі жерде оған деген көзқарас мүлдем басқаша» сөйлемінде «мұрнына 

иіс  келмеді»,  «түктің  иісін  сезбеді»  -  ештеңеден  хабары  жоқ,  дәнеңе  білмейді 

мағынасындағы мәндес тұрақты тіркестерді «түктің исі кірмейтін» деп өзгерте отырып, 

ол  сөз  тіркесті  «боқмұрын»  кемсіту  мәніндегі  сөзбен  толықтырып,  қиыстырады  да, 

фразеологизмдердің бастапқы мағынасына қосымша реңк береді.  

Бұрынғы  жағымсыз  істі  қайта  еске  салды,  өткен-кенткенді  қайта  қозғады 

мағынасындағы  «ескі  жараның  аузын  ашу  (тырнау)»  тұрақты  тіркес  жазушы 

баяндауында:  Әрине,  әзіл  орайына  қарай  әзілдеп  айтты.  Бірақ  жараның  аузын  удай 

ашытып,  тырнап  кетті.  Бұл  сөйлемде  тұрақты  тіркес  сыңарларының  арасына 

экспрессивті  сөздер  (удай  ашыту)  кіріктірілген,  бұл  кіріктіру  тіркес  экспрессиясын 



     

 

 



156 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

қоюландырып, мақсатты стильдік қызмет атқарып тұр. Айтылған тәсілді С. Мұратбеков 

жиі  әрі  орынды  қолданады:  Қылау  жоқ,  қылтанақ  жоқ  томпиған  қоян  жон  кішкене 

жоталар бірінен кейін бірі қалып жатыр (Қылау). Өзін қойшы оның көзінен жас емес, 

қан  аққанына  қарамастан  атып  тастасаң,  обалы  жоқ  (Қылау).  Осы  сәтте  ғана  байқады 

Ұзақ:  әкесінің  жасаурай  беретін  шүңірек  көкшіл  көзі  отқа  түскен  тұздай  шатынай 

қызарып, кемпірін жеп қоярдай ежірейе қадалып қапты (Отау үй) [2].  

С.  Мұратбековтің  фразеологизмдерді  авторлық  баяндауда  қолдануына 

байланысты мынадай қорытынды жасауға болады: 

1. Жазушы фразеологизмдерді халық тілінде қалыптасқан күйінде, даяр күйінде 

пайдаланады.  

Мең-зең  болған  күйде  біраздан  соң  басын  көтерген,  кешкі  аспанның  ымырт 

пердесінде,  ауылдың  батыс  жағындағы  биік  жотадан  үкідей  ұшып,  асып  бара  жатқан 

біреу  көрінді  (үкідей  ұшу  –  көз  ілестірмей  жүгіру,  қашу).  Сөйтіп,  әжем  екеуіміз 

тобылғыны дәу бір арбағып шауып қойып, терең сайдың ішінде шер тарқатысып, күн 

ұясына қонғанша отырдық (Ананың арманы). «Шіркін, ұл-ай!» дегенде ішкен астарын 

жерге қойып, көкіректері қарс айырылып жүрген ата-анасы бұл туғанда мұны қателесіп 

туған  ұлға  балап,  атын  Ұлтуған  қойыпты  (Ұлтуған).  Былай  шыға  бере,  долы  тиектің 

аузын  қайта  ағытты,  аузына  ақ  ит  кіріп,  көк  ит  шығып,  бүкіл  көшені  басына  көтеріп 

барады (Ұлтуған) [2]. 

2. Кейбір фразеологизмдердің бір сыңарын басқа сөздермен алмастыру арқылы 

мағынасын сақтай отырып, жаңғыртады.  

Тек Темірқазық  қана қаққан шегедей (қазықтай) сол бір орнында бедірейіп тұр 

(Ананың арманы).  

3.Фразеологизмдердің  экспрессивтілігін,  эмоциялық  бояуын  қанықтыру 

мақсатында  тіркес  компоненттерінің  арасын  алшақтатып,  арасына,  алды  мен  соңына 

сөз қосып, өзгертеді.  

Тана  сол  үйде  отырған  киімімен  зытып  алды  да  жөнелді  (зыта  жөнелу  – 

тырағайлап тез қашты, тайып тұрды) (Отау үй) [2]. 

4.  Синонимдес,  вариант  фразеологизмдерді  бір  сөйлем  ішінде,  немесе  іргелес 

сөйлемде қолданады.  

Ауылдан ұзаған соң, ымырт үйіріліп, қас қарайды. Көзге түртсе көргісіз тастай 

қараңғы түн орнады (Отау үй). Тіпті мінезі бір тоға, көп үндемейді дейтін құдағиының 

өзі де мақтанышын жасыра алмай ділмарсып кетті (Құданың фоексы).  

5. Сөз бен фразеологиялық тіркестер арқылы жасалған синонимдерді қолданады.  

Ендігі  жерде  Ұзаққа  секем  алып,  күдікпен  қарайтын  сияқты.  Қатша  бұл  түні 

ұйықтаған жоқ, атар таңды көзімен атқызды (Құданың фокусы) [2].  

6. Екі фразеологизмдерді кіріктіріп қолданады. 

Жалғыз  аяқ  төте  жол  жота-жотаны  асып,  ирелеңдеп  құзға  да  түсті,  шамамен 

ауылдан  он  шақырымдай  жер  (жалғыз  аяқ  жол  –  тек  жаяу  адам  ғана  жүретін  соқпақ 

жол;  төте  жол  –  тіке,  қысқа  жол)  (Отау  үй).  Кіріктіру  тәсілі  арқылы  төте  соқпақ  жол 

ұғымы сәтті берілген.  

Жазушының халық  тіліндегі  фразеологизмдерді  мақсатты түрде өзгертіп айтуы 

мәтін тілінің әсерін күшейтіп, сөз өрнегінің жүзі өткірлене түсуіне мүмкіндік береді. 

Дайын  тілдік  материалдар  –  фразеологизмдерді  мағынасын  «құбылта»  қолдану 

тәсілдері автордың сөз саптау ерекшелігін, авторлық даралықты көрсетеді.  

Фразеологизмдердің  көркем  шығармада  атқаратын  қызметі  сан  алуан:  образ 

жасау, кейіпкерді мінездеу. 

С.  Мұратбеков  баяндау  тілінде  тұтастай  фразеологизмдерден  құралған,  не  бір 

сөйлемде  бірнеше  фразеологизмдерді  кездесіп  отырады.  Білек  сыбанып,  сырттай 

долданып, қызыл өңеш боп күпілдегендер, біріне-бірі ерсілі-қарсылы айбат шегіп, дос 

пен  қасқа  айнала  қалған  адамдар  (Көкорай).  Қап-қара  көзі  ойнақшып,  екі  беті  қып-



     

 

 



157 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

қызыл  нарттай  боп,  бал-бұл  жанып,  аппақ  ірі  тістерін  көрсетіп  сақылдай  күлді 

(Үскірік). Мүлдем кірпігі айқаспай қойды (Отау үй). Етінен ет кесіп алсаң, қабақ шыту 

дегенді  білмейді.  Үкідей  ұшып,  сар  желіп  келеді.  Соңғы  сөйлем  толығымен 

фразеологизмдерден құралған, бірақ сәтті қолданыс деу қиын. 

Жазушы  қолданған  фразеологизмдер  көркемдегіш  құрал  қызметін  атқарады: 

тұрақты эпитет, тұрақты теңеу, тұрақты әсірелеу, тұрақты литота, шендестіру, дамыту, 

параллелизм,  анафора  сияқты  поэтикалық  синтаксиске  құрылған  фразеологизмдер 

молынан кездеседі. Әрине, бұлардың бәрі тек жазушының баяндау тілінде емес, жалпы 

шығарма бойында ұшырасады.  

Мәтін  түзуде  фразеологизмдердің  орны  бөлек.  Тұрақты  сөз  тіркестерінің 

дағдылы,  қалыптасқан  түрлерімен  қатар,  оларды  мақсатты  түрде  өзгертіп  қолданумен 

қатар, жазушы өзі де жаңа тіркестер тудырып отырады. Ол заңды да. Мұның бәрі – тіл 

заңдылығы,  тіл  байлығы,  тіл  мүмкіндігі.  Тың  тіркестер  –  міндетті  түрде  бейнелі, 

образды, көңіл күйі туғызған әсерлі тіркестер.  

Жер  түстен  кейін-ақ  қаспағын  қырған  қазандай  алақ-жолақ  боп  шыға  келді 

(Көкорай).  Шаңқай  аппақ  қар  көзді  суырып  тұр.  Бір  ойдан  бір  ой  қоздап,  қат-қабат 

жайлар көз алдына тіркеле берді (Көкорай). Өткен кеш пен бүгінгі түнді оқиға ойынан 

кетер емес. Айналған ұршықтай орала берді (Көкорай).  

Автор қаламынан туған ерекше қолданысты – окказионал қолданыс деп білеміз. 

Бұл  қолданыс  –  С.  Мұратбековтің  қазақ  тілін  байыту,  көркейту,  қырлап  айшықтау 

бағытындағы еңбегі, ізденістерінің жемісі.  

Біздің  мақсатымыз  С.  Мұратбеков  қолданысында  фразеологизмдердің 

мәтінтүзушілік  мүмкіндіктерін  анықтау  болғандықтан,  қайсыбір  басы  ашық 

мәселелерде, тұжырымдарды қайталауды жөн көрмедік. Десек те,  

С.  Мұратбеков  шығармаларындағы  фразеологизмдерді  арнайы  зерттеу, 

синтаксистік,  морфологиялық,  семантикалық  тұрғыдан  тереңдете  қарастыру  қазақ  тіл 

білімінде қыруар тіл фактілерін берері анық.    

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ: 



1.

 

Сарбасова Қ. Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдер. Астана, 2008. 



2.

 

Мұратбеков С. Таңдамалы шығармалары 1, 2 том. Алматы, 1982. 



 

 

         ӘОЖ 811. 512. 122 373 



 

ТІЛ  САБАҚТАРЫНДАҒЫ  ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ 

 

Қ.Б. Дармишева  

Пограничник орта мектебі. Мектепке дейінгі шағын орталығы мен коммуналдық 

мемлекеттік мекемесі 

 

Мақалада  қазақ  тілі  сабақтарындағы  жазба  жұмыстар  қарастырылады.  Атап 

айтқанда,  жаттығу  жұмыстарының  түрлері  ажыратылады.  Тіл  сабақтарындағы 

орындалатын  жаттығу  жұмыстарына  қойылатын  талаптар,  орындау  шарттары 

көрсетіліп, мұғалім  іс-тәжірибесімен бөліседі.  

В  статье  рассматриваются  организация  и  проведение  письменных  упражнений  на 

занятиях  казахского  языка.  Они  классифицируются  по  видам.  Указаны  требования  к 

письменным  заданиям,  способы  выполнения.  Эти  задания  взяты  из  опыта  работы 

преподавателя. 

The article deals with the  written tasks at the lessons of Kazakh language, also shown the  

types of  written tasks. Demands on written tasks at language classes, the ways of doing  tasks. The 

teacher  deals with her practice at a given article. 

Каталог: uploads -> files -> 2016-02
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013
2016-02 -> Жансҥгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2013
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №1 / 2011
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 / 2014
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011
2016-02 -> Программа рнцп «Дарын» (республиканский научно-практический центр)- алматы, 1998
2016-02 -> ӘОЖ: 82-1 А.Қ. Тұрысбекова
2016-02 -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет

жүктеу 77.44 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет