Жан-жақты айқындалды. Осы ретте Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында



жүктеу 0.61 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата10.09.2017
өлшемі0.61 Mb.
#13201
  1   2   3   4   5   6

№44

(9638)

4 қазан

2014 жыл

e-mail:

janaarkagazeti@mail.

ru

СЕНІМДІ АҚТАУ БОРЫШЫМ

Елбасының    Қазақстан  халқына    арнаған  кең  көлемді,  терең  мазмұнды  Жолдауында

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, ел дамуының болашағы, мақсат-мұраттары

жан-жақты айқындалды. Осы ретте «Нұр Отан.  Нұрлы болашақ жолында!» «Нұр Отан» пар-

тиясы жаңа Саяси доктринасының басты бағыттарында Қазақстанның экономикасы мен

саяси-әлеуметтік жүйесі кең көлемде орын алып, онда ел дамуының  өркенді  өрістері,

бәсекелестікке  қабілеттілік, әлеуметтік бағдарлы мемлекет құру мәселелері жан-жақты

қозғалды. 

Сондықтан  аудандық  мәслихаттың  депутаты ретінде «Нұр Отан» партиясының сайлауалды

тұғырнамасымен және жаңа Саяси доктринасының басты бағыттарың партия жобаларын

басшылыққа  ала  отырып,  бүгінгі  күні    депутаттық  жұмысымды  атқарудамын.  Саяси

доктринаның басым бағыттарының бірі «Бүгінгі әлемде үдемелі экономикалық дамудың өзекті шарты білім мен инновация болып

табылады. Бізге азаматтарымыздың зияткерлік әлеуетін барынша жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар және инновациялық

инфрақұрылым жасау қажет» деп айтылған. Осыған  байланысты  өз округімдегі сайлаушылардың  сұрауы  бойынша  Қараағаш

ауылындағы  Қараағаш бастауыш мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен қаражат бөлдіруге ықпал жасадым.

Бүгінгі күні аталмыш мектептің жөндеу жұмыстары  толықтай  аяқталған, оқушылар білім күнін жаңаша үрдісте жөндеу жұмыстары

жүргізілген мектепте қарсы алып, сабақтарын бастап кетті.

(жалғасы, 2-бетте)

АЙҚЫН ТАРИФ

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ

НАУҚАНДЫ ШАРАЛАР

ПЫСЫҚТАЛДЫ

29-қыркүйек  күні  аудан  әкімі  Ғ.И.Омаров  кезекті

аппараттық  кеңес  өткізіп,  өмірлік  маңызы  бар  бірқатар

мәселелерді  қарады. Кеңесте алдымен аудан әкімі өткен

аптадағы  болған  маңызды  іс-шараларға  тоқталып,  одан

туындайтын міндеттер жайлы айтып, тиісті тапсырмалар

берді.

Кеңестің күн тәртібінде өмірді қамтамасыз ететін және



әлеуметтік  маңызды  нысандардың  2014-2015  жылдарға

жылу  беру  маусымына  дайындық  барысы  туралы  аудан

әкімінің орынбасары Б.Мұқановтың атқарған жұмыстары

туралы және алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы

тыңдалды.  Кеңесте  қаралған  мәселелер  бойынша  аудан

әкімі пікірлерін айтып, сын-ескертпелер жасап, кемшілік-

терді жоюды, нақты жұмыс атқаруды тапсырды. Аудандық

баспасөз бетінде үй кезегінде тұрған азаматтарға олардың

кезегі туралы және қандай азаматтарға жеңілдік берілетін-

дігі туралы түсіндіру жұмыстарын жиі жариялап тұруды

тапсырды. Сонымен қатар, Түгіскен, Ералиев ауылдарында

болған іс-сапары барысында Түгіскен ауылындағы мектеп

құрылысы,  Ералиев  ауылындағы  20  орындық  монша

құрылыстарымен танысқанын осыған байланысты ескерту-

лер жасап,  құрылысты мерзімінде сапалы аяқтау жөнінде

жауапты сала басшыларына тапсырмалар берді. Аудандық

«Жаңаарқа-Жылу», «Таза-Су», «Жаңаарқа-Көркем» меке-

мелеріне  аудит  жүргізуді,  аталған  мекемелердің  кіріс

шығысын  анықтауды,  осы  бойынша  тиісті  жұмыстар

жүргізуді тапсырды. Алдағы айда болатын Парламент Се-

наты депутаттарын сайлау, қарттар күнін, мұғалімдер күнін,

Құрбан  айт  мерекесін,  Астана  қаласында  өтетін

ауылшаруашылық  жәрмеңкесін  жоғары  дәрежеде

ұйымшылдықпен  өткізуді жүктеді.



Апта-Ақпарат

АЛҚА МӘЖІЛІСІ

АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР

АЙҚЫНДАЛДЫ

26-қыркүйек  күні  аудан  әкімдігінің  мәжіліс  залында

келелі  кеңес  өтті.  Кеңесті  аудан  әкімі  Ғабдрахман  Ома-

ров  ашып,   күн  тәртібіндегі  мәселелермен  таныстырып

өтті.  Бүгінгі  күннің  басты  тақырыптарының  бірі  сала-

матты  өмір  салты барысында   аудандық  аурухананың

бастығының  орынбасары   О.Әкібаева   хабарлама  жасады.

Өткен  жылдың  осы  мезгілімен  салыстыра  баяндалған

мәлімдемеде денсаулық  сақтау  саласындағы оң   өзгерістер

байқалады.  Келесі кезекте құқық бұзушылықтың алдын-

алу  мақсатында аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы

Ә.Бөгенбаев  хабарлама жасады.  Аудан әкімі  Ғабдрахман

Игілікұлы  слайдта  көрсетіліп,  баяндалған  мәліметтер

арасындағы  кейбір  деректерге  тоқталып,  тоғыз  айлық

есеп  беруде   келеңсіздік  туындамауын  тапсырды. 

САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ

EXPO-2017  КӨРМЕСІ

ЖАҚЫНДАУДА

EXPO-2017 көрмесі  Қазақстан  үшін

қолайлы  жобаның  бірі  болды.

Қазақстанның байлығын,  сарқылмас

мұрасын  көрсетудің  уақыты  да

жақындап қалды. Болашақ  ұрпақтың

қосып  жатқан  үлесі  зор. Солардың

ішінде  журналист  мамандардың  орны

ерекше. 

Себебі,  барлық  жағдайды  нысана-

сында  ұстайтын  журналист  қауымы. Осыдан  он  үш  жыл

бұрын   журналист  мамандығын  кем дегенде  екі-үш  маман

ғана  бітірген кездері  болды. Ал, қазіргі  таңда  заман талабына

сай журналист  мамандығын таңдаған талапкерлер саны ар-

туда. Жаңалықтарды,  ақпараттарды  халыққа  тарататын  да

тағы  журналист  мамандары. Әр  қазақ  азаматы  өзінің  елі

үшін,  келешек   ұрпақ  үшін  көрмеге өз  үлесін қосу міндеті мен

парызы деп  білемін. Қазақстанымыздың  болашағы  жастардың

қолында. Ал, сол  жастар  біздерміз! Қазақстанның  әрбір  же-

тістіктеріне  өз  үлесімді  қосуға  ат  салысамын!



ҚЫРМЫЗЫ  СЕРІКҚЫЗЫ,

ҚарМУ-дің  журналистика  факультетінің  студенті

«Нұр Отан» партиясы аумақтық филиалдары, бастауыш партия ұйымдары

қызметкерлері  мен партия тәлімгерлеріне әдістемелік құрал

ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ПАРТИЯЛЫҚ

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗІ

«Нұр Отан» партиясының XV съезінен бастау алып, партияның Саяси Доктринасындағы

мақсат, міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған партияның 12 ірі жобасы, қазіргі уақытта

аумақтық, аймақтық филиалдардың іс-қимыл жұмыстарының негізін құрап отыр.  Бұл жобалар

Отан  ана-отбасынан  басталып,  жастарымыздың  жағдайын  жақсартуға,  еліміздің  саяси,

әлеуметтік-экономикалық салаларындағы атқарылып жатқан жұмыстарға және қоғамдағы

кездесетін келеңсіздіктерді болдырмау жолында әрбір азаматтың тыс қалмай қатысуын, зей-

неткерлік жаста да қарап отырмай, ел өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген ардагерлерімізді

ардақтауға, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Біздің Отанымыздағы құндылықтардың қатарында отбасы ерекше рөлге ие. Себебі, дана

халқымыздың Отан-отбасынан басталады деуі тегін емес. Сондықтан да партия жобаларының

бірі «Бақытты отбасы» деп аталады. Отбасы – біздің қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың іргетасы және мемлекеттілігімізді

дамытудың басты кепілі. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетіп отырған әйел-анаға барлық жағдай жасалатын болады.

Отбасын құрған әрбір жұп та әрине, біздің өміріміздің келешегі, ата-аналарының бақыты балалардың дүниеге келетіні белгілі.

Партияның ірі жобаларының қатарында «Бақытты балалық» жобасы ерекше мән, мағынаға ие. «Ел болам десеңіз - бесігіңізі түзеңіз»

-  деген  нақылды  осы  жобамен  бірге  қарастырған  орынды.  Бақытты  балалық  –  бұл  салауатты  дамып  келе  жатқан  қоғам

қалыптастырудың сөзсіз шарты. Бала өміріндегі ер жетіп, етек жиған, жоғары оқу орындарын бітіріп, жұмысқа тұруы сияқты жау-

апты кезеңдерінің әрқашанда сәтті болуына жан-жақты қолдау мейілінше қажет. Осы тетіктерді партияның «Сәтті қадам» жобасы

қарастырады. Жаңа қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, мемлекеттен не аламын емес, не беремін сияқты жастықтың

ұранымен елімізді көркейтуге бағытталған жобаның атауы «Жастар Отанға». Партия жас қазақстандықтардың өзін-өзі танытуға,

өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін толықтай ашуына жәрдемдесетін болады.

Осындай өмірлік ұстанымы бар белсенді жастардан партияның кадрлық резервін дайындау үшін «Жастар кадрлық резерві» жобасы

жүзеге асырылуда. Партия жастардың мемлекеттік және өкілді билік органдарының қызметіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге

әманда қолдау көрсетіп, жәрдемдесетін болады. Жастар жетістігі- ел жетістігі ретіне қарастырылады. 

Ауыл әрқашанда халқымыздың алтын бесігі. Сондықтанда партия әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасы оның тұратын жеріне

қарамастан бірдей жоғары болуы тиіс деген берік қағидатты ұстанады. Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейінің артуына,

әлеуметтік түйіткілдерінің шешілуіне, оның жайлы болуына, сонымен қатар ауылды көріктендіру мен абаттандыруға «Біздің ауыл»

партиялық жобасы ықпал ететін болады. Бұл ретте ауылымызды, жалпы елімізді өркендету үшін партия мемлекетімізде кәсіпкерлік

кластың қалыптасуын қолдайды. Кәсіпкерлікті жүргізу мен дамытуға барынша жағдай тудыратын «Мықты бизнес – қуатты мем-

лекет» партиялық жобасы аталмыш мәселелерді қамтиды.

Қандай да бір жұмысты бастап, қолға алған біздің партия ел азаматының мүдделері мен құқықтары, бостандықтарына қызмет ету

жағына басымдықтар береді. Партияның «Айқын тариф» жобасы барлық мемлекеттік органдар мен құрылымдардың жұмысының

тиімділігін арттырып, әрбір көрсетілетін мемлекеттік қызметтер әрбір адамға, оның отбасына, жұмысына, пайда әкелуі тиіс деген

қағидатты ұстанады. Әрбір адамның ертеңге деген сенімі, өзінің жұмысын алаңдамай  жүргізуі мемлекетіміздегі азаматтық

құқықтардың сақталуы мен заңымыздың салтанат құруына байланысты. Партияның қазақстандықтардың қауіпсіздігі мен олардың

азаматтық құқықтарын мүлтіксіз сақтауға бағытталған «STOP қылмыс» партиялық жобасы азаматтық жауапкершілікті арттыруға,

қоғамдағы құқықтық сананы жоғарлатуға, сыбайлас жемқорлыққа төзгісіз жағдайды қалыптастыруды көздейді. 

Мемлекетіміз елдің барлық азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру мен сапасын жақсартуға, халықтың әлеуметтік тұрақтылығы

мен қорғалуын нығайтуға бағытталған әлеуметтік саясатты іске асырумен келеді. Әсіресе аз қамтылған халықты әлеуметтік қолдау,

мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қажетті жағдайларды туғызу, белсенді қоғамдық және әлеуметтік

жұмыстарға тарту партияның «Кедергісіз келешек» жобасында айқындалып, мүмкіндігі шектеулі жандардың ризашылығы мен

қолдауына ие болуда. 

Қазақстан біздің тарихи да ортақ Отанымыз. Әрқайсымыз жалындаған жастық шағымыз бен зейнет жасына жеткенге дейінгі іс-

әрекетімізді, еліміздің дамуы мен игілігіне арнаумен келеміз. Өз еліне пайдалы болып, өз Отанымыздың тағдыры үшін жауапты

болу – әрбір азамат үшін борыш пен үлкен абырой. Зейнет жасына жетсе де қатардан қалмай, ел мүддесі жолында қоғамдық

жұмыстарда жүрген азаматтар арамызда баршылық. Ұрпақтар сабақтастығын, салт-дәстүрімізді сақтап, үлкендерді қадірлеу мен

құрметтеуге,  өзара  қолдауды  қамтамасыз  етуге  бағытталған  партия  жобасы  «Ардагерлерді  ардақтайық».  Жоғарыда  аталған

партиялық жобалардың барлығы қазақстандықтардың өмірлік маңызды мүдделерін қанағаттандыруға – балалы болуға, лайықты

қарттықа  сенімді  болуға,  жайлы  жағдайда  тұруға,  дербес  жауапкершілігін  іске  асыруға  ұмтылуға  негізделген.  «Нұр  Отан»

партиясының жобаларының қатарындағы «Партияның жаңа 50 тұлғасы» жобасы біз айтып отырған жобаларды жүзеге асыру ба-

рысында белсенділігі мен өз таланттарын жарқырата көрсеткен азаматтардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы партия

жұмысын серпінді жүргізіп, жаңа деңгейге көтеріп, биік мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Қорыта айтқанда, партияның 12 ірі жобасы бізді бір ортақ мақсатқа – Отанымыздың гүлденуі мен игілігіне қол жеткізуге арналған.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған стратегия ынтымағымыздың

негізі, партия қолға алып жүргізіп жатқан жаңа бағыттың идеялық дем берушісі, қоғамды жұмылдырудың шынайы көрінісі болып

табылады. Себебі біздің Отанымыз бір, тағдырымыз бір!



А. НЫҒАТАЙҰЛЫ,

«Нұр Отан» партиясы Жңаарқа аудандық филиалы 

төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Журналистер Одағының мүшесі

4 қазан 2014 жыл

2

ДІН-ДІҢГЕГІМ

Құрбан айт ұлық мереке

Мұсылмандық хиджра жыл санауы бо-

йынша  1435  жыл  Зулхиджа  айының

қасиетті он күндігінің 10-шы жұлдызы

мұсылман қауымы үшін торқалы той, ме-

рейлі  мереке  Құрбан  айт  Милади

дүниежүзілік жыл санауы бойынша биыл

2014 жылы қазан айының 4 жұлдызына

сәйкес  келіп  тұр.  Ежелгі  заманнан  бері

қазіргі күнге дейін мұсылмандар үшін қос

діни  мейрамның  ең  шоқтығы  биігі  де

Құрбан  айт.  Сүйікті  пайғамбарымыз

Мұхамед (Мұстафа сол Аллаһу Ғалай һи

сәләм) Мәдина қаласына келген кезінде

жергілікті тұрғындардың тойлайтын екі күні бар еді. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с) «Алла

Тағала сол екі күннің орнын сендерге олардан ілде қайда жақсысымен алмастырды. Бі-

реуі – Ораза айт, екіншісі- Құрбан айт»,-деді. (Хадисті Имам Тирмизи және Әбу Дәуіт

риуаят етті). «Құрбан айт күнін мереке етуге бұйырылды. Бұл күнді Алла тұтас үмбет

үшін мереке етті», -деді. (Хадисті Әбу Дәуіт риуаят етті). Бұл мереке ағайын арасын

жақындата  түсетін  ұйытқы.  Араздасқан  адамдар  татуласып,  өзара  кешірім  жасап,

туысқандық байланысты күшейтуге себепші ұлық мейрам. Құрбан айттың мұсылман

жамағатын, ұлыстар мен ұлттарды біріктірудегі өзара бауырмалдықты арттырудағы

рөлі орасан зор. Еліміздің ұлт Көшбасшысы тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың

ұлттық мерекеміздің мәртебесі мен мерейін көтеру бастамасының нәтижесінде Құрбан

айт мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мерекеге ұласып, алғашқы күнінде демалыс

жарияланып отыр. Қабылданған бұл шешім Құрбан айт мерекесіне деген зор құрметті

көрсетеді.  Ал  Алланың  қадір  тұтқан  қасиетті  белгілері  мен  күндерін  құрметтеу-

жүректегі тақуалықтың белгісі.

«Кімде-кім Алланың нышандарын (белгілерін) ұлықтаған болса күдіксіз бұл жүректегі

тақуалықтан»- делінген (Құран хат сүресу 32-аят). Мұсылмандардың өзге үмбеттерден

айырықша  ерекшелігі  –  Алла  тағаланың  мұсылман  үмбетінің  көңіл  көтеретін

мерекесінің өзін ғибадатқа айналдыруы. Құрбан айт-мұсылмандар үшін ерекше елеулі

мейрам болуымен қатар Жаратқанға жақындататын құлшылық-ғибадат болып табы-

лады. Құрбан айт мерекесі Құрбан малдарын шалумен ерекшеленетін мейрам. Негізінде

құрбан шалудың шежіресін сонау Адам ата (ғ.с) заманынан бастау алып, Ибраһимнің

(ғ.с) жолы болып қалыптасып, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) жалғасын тапқан ұлық

ғибадат. «Құрбан шалындар! Өйткені, ол Ибраһим (с.ғ) бабаларыңның сүнеті». (Хадисті

иман Бәйһақи және Ибн Мәжа риуаят етті). Құрбандыққа шалынатын малдар дені сау,

семіз (ешкі, қой) бір жасар (қой үлкен болса 6 айлығы да жарайды), сиыр екі жасар,

түйе бес жасар шалынады. Мал шалғанда адамдардың ниетінің негізге алынатындығы

Құран кәрімге былайша баяндаған: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан

Аллаға жетпейді. Оған жететін жалғыз нәрсе-жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға

деген құрмет». Хаж сүресі 37 аят. «Алладан өзіңе ризық ретінде берілген құрбандық

малдары белгілі күндерде Алланың атын айтып, құрбандық шалынсын» Хаж сүресі 27-

28 аяттар. «Раббың үшін намаз оқы және Құрбан шал». Кәусар сүресі 2 аят. Демек

Құрбан малы айт намазынан кейін шалынады. Айт намазы мешіттерде биыл 4-қазан

күні  сағат  таңертенгі  8.30  басталады  да,  алғашқы  күні  ақшамға  дейін  шалынады.

Айттың екінші үшінші күндері таң намазынан ақшамға дейін шалынады. Айт намазы-

нан бұрын шалынған малдардың еті құрбандыққа жатпайды. Ханафи мәзғабы бойынша

құрбан шалу уәжіп және әрбір малдың әрбір қылшығы үшін құрбан шалған адамдарға

сауап жазылады. Құрбандық шалу төмендегі адамға уәжіп:

1.Мұсылман болу;

2.Ақылы және балиғат жасына толуы;

3.Құрбан айт күнінде жолаушы болмауы;

4.Негізгі қажеттерден тыс нысап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы. Нысап мөлшері 85

грамм алтын немесе соның құнына тең келетін ақша. Абдуллаһ Ибн Әмір Ибнул Ас

(р.а) пышақты өткір қылып қайрап өзі шалған «Мұстахап амал болады. Ибн Аббас (р.а)

үштен бірі отбасына, үштен бірі көрші-қолаңға, үштен бірін кәріп қасарларға садақа

қылып таратқан. «Адам баласы Құрбан айт күні (құрбан шалып қан ағызудан да сүйікті

басқа  іспен  Алла  Тағалаға  жақындаған  емес.  Қаны  ағызылған  мал  қиямет  күні

мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге түспей жатып, Алла

тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандықтарыңды көңіл

ризалығымен  шалыңдар»  (Хадисті  Ибн  Мәжә  (р.а)  риуаят  етті).  Сахабалар

Пайғамбарымызға (ғ.с):«Уа, Алланың елшісі (ғ.с) құрбандық деген не?», деп сұрақ

қойды. «Құрбандық сендердің Ибраһим (ғ.с) бабаларыңның сүнеті»,- деді. «Одан бізге

қандай сауап бар?». «Малдардың әрбір тал қылшығы үшін сауап аласыңдар». «Қойдың,

ешкінің, сиырдың, түйенің жүнінен ше?». «Малдардың жүнінің әрбір тал қылшығына

да  сауап  жазылады»,  деп  сүйіншіледі.  Ия!  Алла  Тағаланың  бұйырығымен

Пайғамбарымыз (ғ.с) сүнетін орындау – жаратушы Иеміздің мейіріміне кенелтіп, екі

дүниенің жақсылығына  бөлендіріп, Раббымызға жақындатары сөзсіз. Себебі «Құрбан»

деп аталуының өзі араб тілінен аударғанда «жақындасу» дегенді білдіреді. Сол сияқты

Құрбан  айт  күндерінің  айт  намазынан  кейінгі  үш  күнінде  Алла  Тағаланың

ризашылығын  алу  ниетімен  шалынған  малды  «Удхия»  дейді.  Алла  елшісі  (ғ.с)

құрбандық шалуға жағдайы жоқ адамдардың атынан да мал соятын еді. Әнәс (р.а) са-

хабадан  жеткен  хадисте:  «Пайғамбар  (ғ.с)  құрбандыққа  мүйіздері  үлкен  семіз  екі

қошқарды құрбандыққа шалды. «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар!»,-деп бауыздап жатып:

«Біріншісін өз атымнан,  екіншісін үмбетімнің құрбан шалуға шамасы жетпегендердің

атынан»,-деді.

Зор сүйінші айтайық,

Мұсылман болып туғанға.

Ислам дінін қуғанға,

Намаз оқып зекет бер,

Айналмаңыз құр малға,

Садақа беріп нашарға,

Жақсы  мал  шалғын  құрбанға!,-  деп  Майлы  қожа  ақын  бабамыз  айтқандай  қазақ

қашаннан исламның негіздерін жүректеріне гүл етіп еккен. Құрбан айт мерекесі қабыл

болып, елімізде бейбітшілік, татулық, имандылық, құт береке болғай. Құрбан айтында

Алланың рахматіне бөленіп, әрбір отбасына шаттық болғай.



АМАНГЕЛДІ БАКАРАМОВ,

«Жаңаарқа ауданының «Халық» мешітінің найб имамы

СЕНІМДІ АҚТАУ БОРЫШЫМ

(соңы, басы 1-бетте)

Саяси доктринада «Экономикалық саясат барлық азаматтардың

тұрмыс  жағдайын  жақсартуға  бағытталуға  тиіс»,-деп

көрсетілсе,бұл мәселеде де  көлік инфрақұрылым ақпарат

жүйесін    дамытуға    зор  маңыз    берілуде.  Бұл    тұрғыда

Қараағаш  ауылының  20 үйіне телефон желісі қажет деп

менің тарапымнан  Қазақтелеком басқармасына  депутаттық

сауал жолданған болатын, таяу арада бұл мәселеде түбегейлі оң шешімін тауып, халық

қуанышқа бөленер  шақ алыс емес. Сонымен қоса өткен жылы  сол кездегі ауыл әкімі

М.Ибраевпен бірлесе  жүріп Байғұл елді мекенінің 14 үйіне ОТАУ ТВ сандықшалары

арзандатылған бағамен орнатылды. 

Елді-мекендерді жарықтандыру, абаттандыру

негізінде  Байдалы  би,  Қараағаш  ауылдық

округтеріне көшелерді жарықтандыруға бюд-

жеттен  қаржы  бөлінуіне  көмек  жасадым,

бүгінде өз нәтижесін беріп көшелер жарықтана

бастады. Келешекте осы аталған ауылдарды

толықтай  жарықтандыруға  қаржы  бөлдіру

жағын қарастырудамын. Байдалы би ауылдық

округінің мәдинет үйі, мектеп мекемелерінің

маңайына көктемгі сенбілік абаттандыру мез-

гілінде Қараағаш орманшылығында  уақытша

тұқымбақта өсіріліп отырған қарағай, қайың,

қарағаш көшеттері егілді, бұл шараға  маман

ретінде  кеңес  беріп  отырамын.  Осы  жылы

аталған ауылда хоккей корты салынды бұлда

үлкен жетістік. Ертеден елдің еңсесін түсіріп,

елдің  әлеуметтік экономикалык дамуына ба-

рынша  кері  әсерін  беріп  отырған  Қараағаш

ауылына қатынасатын 27 шақырым тас жолы

кезең  кезеңімен  жүзеге  асатын  мемлекеттік

бағдарлама аясында, өткен жылы 13 шақырымы, ал осы ағымдағы жылы 14 шақырымы

толықтай асфальтталды. Жол салу үшін қыруар қаржы қажет ететініде белгілі 70 па-

йызы республика бюджетінен бөлінсе, 30 пайызы аудандық бюджеттен қарастырылды.

Елдің мұң мұқтажын тыңдап осы іске бастамашы болған билік басындағы азаматтарға,

бастаған істің басы қасында болып толық аяқталуына мұрындық болған аудан әкімі

Ғ.И.Омаровқа халықтың атынан алғысымды білдіремін. 

Қарапайым адамдардың мәселелерін шешу, еліміздегі болып жатқанның барлығына

жауаптылықтарын өз мойына алу, міне, партияның «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жо-

лында» жаңа Саяси доктринасының аясындағы партияның рөлі осындай. Осыған бай-

ланысты халық  қалаулылары  атанған нұротандықтар қарапайым азаматтарға  нақты

көмек  көрсетуді айнымас қағидатқа айналдырған. Осы  орайда  округімде және жұмыс

орнымда азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдап, олардың  өтініштерінің  ше-

шілуіне  баса  назар  аударамын. Мысалы, «Орман және жануарлар әлемін қорғау

жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2 адам

жұмысқа орналастырылды, олар орман шаруашылығы мамандығы негізінде Арыстан-

беков Бақтыбай, жүргізуші тракторист  Байзақов Самат. Әрбір  мерекелерде  тіпті кез

келген уақытта болмасын халыққа қолымнан келгенше көмек беремін. Мәселен, мере-

келік іс шараларда 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай ауылдың ақ жаулықты

аналарына сый сияпат жасалды. Жазғы аудандық спорттық жарысқа қатысу уақытында

Қараағаш ауылына қаржылай көмек көрсетілді.

Елбасының  Қазақстан халқына  арнаған кең көлемді, терең мазмұнды Жолдауында

қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты,  ел  дамуының  болашағы,  мақсат-

мұраттары жан-жақты айқындалды. Осы ретте «Нұр Отан.  Нұрлы болашақ жолында!»

«Нұр Отан» партиясы жаңа Саяси доктринасының басты бағыттарында Қазақстанның

экономикасы мен саяси-әлеуметтік жүйесі кең көлемде орын алып, онда ел дамуының

өркенді  өрістері, бәсекелестікке  қабілеттілік, әлеуметтік бағдарлы мемлекет құру

мәселелері жан-жақты қозғалды. 

Сондықтан  аудандық  мәслихаттың  депутаты ретінде «Нұр Отан» партиясының сай-

лауалды тұғырнамасымен және жаңа Саяси доктринасының басты бағыттары партия

жобаларын  басшылыққа  ала  отырып,бүгінгі  күні    депутаттық  жұмысымды

атқарудамын. Аз қамтылған  отбасы  ретінде Сыздықов Өмір азаматша  Төлеуова

Бағдатқа отындық ағаштан  тегін көмек көрсетілді. Елбасы өзінің сөзінде  партияның

жаңа  саяси  доктринасы  алға  қойған  міндеттерді  шешудегі  депутаттардың  рөліне

тоқталды. «Партия халық мүддесінің бастаушысы болуы үшін депутаттар корпусы та-

рапынан атқарушы биліктің жұмысын тиімді бақылау қажет  етіледі. Бүгінде жүйелі

жаңару талабы қойылып отыр»,- деп атап өтті партия Төрағасы.  Қазіргі таңда депу-

таттар алдына азаматтардың мүддесін тиімді білдіру, бұқара мен биліктің арасында

әрекетті делдал болу міндеті қойылып отыр деп есептеймін. 

Елбасы Саяси доктринада жастар саясатына ерекше назар  аударғаны белгілі. Осыған

орай  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының  ұйымдастыруымен  жастар  саяса-

тын іске асыру  бағыттында жүргізіліп  жатқан  жұмыстарды  бақылау  үшін өзім

тәлімгер болып бекітілдім. Сондықтан тәлімгер ретінде аудан әкімдігінің ішкі саясат

бөлімімен  бірлесе  отырып,  ауданымыздағы  жоспарланған  әртүрлі  іс-шараларға

қатысып, өз үлесімді қосамын. Басты мақсат-жастардың  бойында белсенді азаматтық

ұстанымды, әлеуметтік  жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік

және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.

Депутат  халықтың өкілі ретінде,  өз сайлаушыларының еркін білдіріп, мүддесін

қорғайды. Сондықтан да сайлау округтерінде бұған зор мән беріледі. Фракция және

тұрақты комиссияның мүшесі ретінде  сайлаушылармен кездескенде оларға  аудандық

мәслихаттың  жұмыстары  туралы,  Елбасымыздың  Жолдауы  мен  Партияның  Саяси

Доктринасының аясында  жүргізіліп  отырған ішкі және сыртқы саясаттарының негізгі

бағыттарын түсіндіріп, өзімнің  сайлауалды  бағдарламамды жүзеге асыруда атқарылып

жатқан жұмыстар туралы жылда депутаттық есеп беріп отырамын. Алдағы  уақытта

мәслихаттағы партия тобының мүшесі ретінде аудан өміріне белсенділікпен араласып,

ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесімді қосу, халық сенімінен

шығу борышым деп білемін.


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 0.61 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет