Жамбыл Омари



жүктеу 5.01 Kb.

бет9/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

10. Ежелгі наймандар мен көршілері 
   Тарихи  деректерге  сүйенсек,  «Найман»  -  қазақ  шежірелерінде 
айтылғандай  жеке  адамның  аты  емес  орта  ғасырлардың  ішінде,  Алтайдың 
төрінде мемлекет боламыз деген сегіз тайпаның ортақ атауы. Әлкей Марғұлан 
Шараф-ад-дин  Йезди  т.б.  бірнеше  ортағасырлық  деректерге  сүйене  отырып 
«Наймандардың  тұрмысын  суреттей  отырып,  әдемі  жазуын  еске  түсіретіні 
«сегіздердің  жолы»,    «сегіздердің  әскері»,  «сегіздердің  шөлі»  деген  атаулар 
дейді  (104  б.).  Алайда  халық  ауызша  шығармашылығы  тарихты  баяндай  келе 
Найман атауын арғы  бабаның есімі етіп, өзін найманбыз дейтін үлкен тайпаны, 
олардың  арасында    аласапыран  замандарда  басқа  елдерден  келіп  сіңген 
жұрттарды бір қариядан тарқатып қояды.  
  Рашид-ад-дин  «Жәми  ат-тауарих»  моңғол  тайпаларын  екіге  бөлетіні 
белгілі.  Олардың  бірі  «жалпы  моңғол»  атымен  белгілі  тайпалар.  Тарихшы 
оларға қатысты  -дарлекин атауын қолданады. Екінші   бөлігі «нирун» аталады, 
олар  Алан-Гоадан  тарайтын  балалардың  ұрпақтары,  белгілі  дәрежеде  ақсүйек 
рулар  дегенге  де  келеді.  Сонымен  бірге  Рашид-ад-диннің  шежіресінде  үшінші 

98 
топ  бар.  Олар  ертеде  моңғолдардан  аталары  бөлек  елдер,  бірақ  Шыңғыс  хан 
заманынан  бері  моңғол  атымен  танылып  жүр.  Өз  кезегінде  олар  да  екіге 
бөлінеді,  біріншісі  жалайыр,  татар,  ойрат  сияқты  әуелде  тәуелсіз  өмір  сүрген, 
өздерінің  көсемдері  болған  тайпалар,  ал  екіншілері  жәй  ғана  тәуелсіз  тайпа 
емес,  мықты  мемлекеттік  құрылым  құрған  елдер.  Рашид-ад-диннің  «Жәми  ат-
тауарих»  кітабына  кіріспе  жазған  шығыстанушы  И.П.Петрушевский  олар 
туралы «вожди племен последней группы были могущественными государями» 
дейді. Бұлар керейіттер, наймандар, қарлықтар т.б. (100, т.1, кн.1, с.28). 
  Ежелгі  наймандардың  қоныстанған  отаны  қай  жер  деген  сұраққа  да 
Рашид-ад-дин  жауап  береді:  «Точно  так  же  народы,  которых  с  древнейших 
времен  и  до  наших  дней  называли  и  называют  тюрками,  обитали  в  степных 
пространствах,  в  горах  и  лесах  областей  Дешт-и  Кыпчака,  русов,  черкесов, 
башкиров, Таласа и Сайрама, Ибир и Сибира, Булара и реки Анкары, в пределах 
областей,  которые  известны  (под  названием)  Туркестана  и  Уйгуристана;  по 
рекам и горам в (областях) народа найман, как, например, Кок -Ирдыш (Синий 
Иртыш), Ирдыш, (гора) Каракорум, горы Алтая, река Орган (Орхон), в области 
киргизов  и  кам-камджиутов,  в  местностях  с  многочисленными  летовками  и 
зимовками,  известных  под  названием  Могулистана  и  принадлежащих  народу 
кераит,  как  то    Онон,  Келурен,  Талан-Балджиус,  Буркан-Калдун,  Кукана-наур, 
Буир-наур,  Каркаб,  Куйин,  Эргуне-кун,  Калайр,  Селенге,  Баргуджин-Токум, 
Калаалджин-Элэт  и  Уткух,  кои  смежны  с  Китайской  стеной...»  (100,  т.1,  кн.1, 
с,73-74). 
  Рашид-ад-дин  сол  заманның  шежіреші  қарияларының  сипаттауына 
сүйеніп  Орталық  Азияны  мекендеген  түркі    тайпаларының  орналасуын  нақты 
көрсетіп  береді.  Осы  сипаттаманың  ішінен  біз  наймандар  мен  керейлердің 
қонысының жалпы нобайын арнайы бөліп көрсеттік.  
  Осыған қарағанда наймандардың қонысы Шыңғыс хан заманынан бастап  
моңғолдарға  астана  болған  Қарақорымды,  Орталық  Азияның  дәл  ортасында 
орналасқан алып таулар жүйесі Алтайды, Ұлы Ертістің жоғарғы ағысын, Орхон 
(Орган)  атымен белгілі ежелгі Ғұн жұртының мекен қылған өзенінің  ағысын  
қамтиды.  
  -Міне,  найман  аталатын  елдің  ата  қонысы  осы  жерлер,-дейді  ұлы 
тарихшы. Біз де осы пікірге толық қосыламыз.  
  Рашид-ад-дин  «Түрі,  тілі  мен  мәдениеті  бір  біріне  ұқсас  болғанымен,  әр 
аймақтың  жерінің,  ауа-райының  ерекшелігіне  байланысты  түрік  халқының  әр 
біреуінің    түрі  мен  тілінде  аздаған  ерекшеліктер  бар»  дейді.  Бірақ 
моңғолдардың  ортасынан  «боғдо»  Шыңғыс  хан  шықты  да  өзге  тайпалардың 
өкілдері  сияқты  наймандар  да  моңғол  атала  бастады  дейді  сол  заманның 
куәгерлері: «... в настоящее время, вследствие благоденствия Чингиз-хана и его 
рода,  поскольку  они  суть  монголы,  различные  тюркские  племена,  подобно 
джалаирам,  татарам,  ойратам,  онгутам,  кераитам,  найманам,  тангутам  и 
прочим, из которых каждое имело определенное имя и специальное прозвище,-
все они из-за самовосхваления называют себя (тоже) монголами, несмотря на 

99 
то, что в древности они не признавали этого имени. Их теперешние потомки, 
таким  образом,  воображают,  что  они  уже  издревле  относятся  к  имени 
моноглов и именуются (этим именем), а это не так, ибо в древности монголы 
были  лишь  одним  племенем  из  всей  совокупности  тюркских  степных  племен» 
(100, т.1, кн.1, с.103). 
  Ол  заманда  Ертіс  өзенінің  орта  ағысы,  одан  оңтүстікке  қарайғы  аймақта 
қыпшақ  топтары,      Сарыарқадан  Сырдарияға  қарай  қаңлылар,  Жетісу  мен 
Мәуреннахр  алқабына  қарай  қарлық-арғындар  мекен  етсе  солтүстігінде 
қырғыздар,  шығысында  Орхон,  Селенга  бойын  алып  жатқан  керей,  меркіттер 
аралас  өмір  сүрді.  Найман  қоныстарының    оңтүстік  қапталында  Шығыс 
Түркістанның қалалары орналасты. Бұл қалалар тек Найман мемлекетінің ғана 
емес,  сонымен  бірге    бүкіл  Орталық  Азия  көшпелі  малшы  тайпаларының 
саудасының қайнайтын жері еді. 
   
  Керейіттер 
  Шығыс  тарихшылары  найман  мемлекеті  туралы  көптеген  хабарлар 
қалдырған.  Соларға  қарағанда  наймандардың  жақын  көршілері  де,  ара  тұра 
жауласып қоятын басты қарсыластары да керейлер.  
  Керейіттердің билігі Шыңғыс хан заманында Тоғырыл ханда болды, бірақ 
оның  билігі  оңайлықпен  орнықпағаны  анық.  Қытайлықтар  «Ван  хан»,  өз  елі 
«Он  хан»  атаған  бұл  билеуші  бірнеше  ағайынды  еді.    Тоғырылдың  әкесі 
Курджакуз-Бұйрык  қайтыс  болған  уақытта  өзге  туыстары  оны  шеттетіп 
шекаралық аймаққа жібереді. Орталықта, әке ордасында, Тай Темір тайшы мен 
Бұқа  Темір  қалды.  Шекара  аймақта  күш  жинап  алған  Тоғырыл  орданы  шауып 
екі туысын да өлтірді. «Тоғырыл» деп ертеде керейлер жыртқыш құсты атайды 
екен,  ол  адам  көзіне  түспейді.  Оның  тұмсығы  мен  тырнақтары  темірдей,  бір 
кіріссе жүздеген қаз-үйректің тас-талқанын шығарады деп сенеді. Тоғырыл хан 
да өзінің атына сай еді, билікке қан-жоса қарғынмен келді. 
  Тоғырылмен  бірге  өзге  ағайындарын  құртуға  қатысқан  туған  інісі  Ерке 
кара  кейін  өзінің  одақтасынан  қорқып  наймандарға  қашып  келді.  Наймандар 
Тоғырыл  ханнан  елін  тартып  алып  оны  Ерке  караға  алып  берді.    Енді  өзіне 
одақтас  іздеген  Тоғырыл  Есугей  баһадүрге  келіп  пана  тапты.  Екеуінің  анда 
болатын  себебі  осындай  дейді  тарихшылар.  Осы  күрес  бірнеше  жылдарға 
созылды және керей ордасынан қашқандар не моңғолдардың, не наймандардың 
арасынан өздеріне пана тауып отырды. Керейіт ордасындағы тақ таласына кейін 
Тоғырылды қолдап Темучин де араласты. 
  Рашид-ад-диннің  «Кераиты  много  враждовали  с  многочисленными 
племенами,  особенно  с  племенем  найманов»  деуіне  осы  жағдайдар  себеп  (100, 
т.1,  кн.1,с.127).  Керей  мен  моңғолдың  арасындағы  ұзақ  жылдарға  созылған 
қарым-қатынастарды  шешуші  соғыс  алдында  Шыңғыс  хан  өзінің  елшілері 
Архай  Хасар  мен  Сухэхей  Жэун  арқылы  Тоғырыл  ханға  жолдаған  сәлемінде 
әжептеуір    сипаттайды.  «Хан  әкем  неге  ренжіп,  неге  мені  қорқытады.  Жаман 
бауырлар  мен  жаман  келіндер  бізді  тыныш  ұйықтатпай  үрейлендіреді»  деп 

100 
басталады бұл ауызша айтылған хат (77, 85 б.). 
  Бұл  жерде  Темучиннің  «Хан  әке»  деп  тұрғаны  керейдің  ханы  Тоғырыл 
(Уан),  болса  «жаман  бауыры»  Тоғырылдың  ұлы  Сангүм  болуы  керек.  Себебі 
осы  елшілікке  барғандардан  Темучин  «Сангүм  досыма»  деп  арнайы    сәлем 
айтады. Оның мазмұны мынадай: «Мен әкейдің киімшең туған баласы едім. Сен 
жалаңаш туған баласы едің. Хан әкем екеуімізді бірдей көріп әлпештеуші еді. 
Сангүм  сен,  осыны  көре  аламай,  мені  ығыстырып  қуғыздың.  Енді  сен  хан 
әкемнің  көңілін  күйіндірмей,  жүрегін  жараламай,  ертелі-кеш  кіріп-шығып, 
сансын сергітіп, көңілін көтеріп жүр...».  
  Хат  екі  жүзді  жазылған.  Жаугершілік  басталып  кеткен  еді.  Темучиннің 
жаулары  Жамуха,  Алтан  Хашар,  тағы  басқалары    Тоғырылдың  маңына 
топтасып  жатқан.  Әкесінің  жанында  жүріп  Орталық  Азия  жеріндегі  тайпа 
аралық  саясатқа  араласып  қалған,  көп  нәрсені  жанама  білдіретін  дала 
дипломатиясының  тілін  меңгерген  Сангүм  де  ауызша  айтылған  сәлемнің 
артында ауыр салмақ барын бірден түсінді.  
  Бұл сөзді естіген Сангүм «Жуықта ғана менің әкемді жаналғыш мыстан 
деп  қарғап-сілеп  еді,  енді  ақ  ниетті  аяулы  әке  деп  қалыпты.  Және  де  мені 
жамандап  жүр  еді,  енді  жарқын  мінезді,  жақсы  дос  деп  мақтай  қалыпты. 
Мен бұл сөздің сырына түсіндім. «Соғысайық» дегені екен. Бұған бас қатырар 
ештеңе де жоқ. Билгээ бэхи мен Толойн екеуің сәйгүліктеріңді семіртіп, соғыс 
туын көтеріңдер» деп қолбасшыларға жарлық берді.  
  Бірнеше  күннен  кейін  басталған  осы  соғыс  Керей  мемлекетін  жалмап 
кеткені белгілі. Кезінде Орталық Азияның ең күшті мемлекеттерінің бірі талан-
таражға ұшырады. Бейбіт ел жан сақтап батысқа қарай қашты, жауды тоқтатам 
деп  қарсыласқаны  қырылды,  бұл  додадан  аман  қалып  қолға  түскені  жалшы 
болды.  
  «Моңғолдың құпия шежіресінде» айтылатын: 
Керейітке дес бермей
Ешкімнен де сескенбей, 
Елін бөліп алыстық...  
дей келе: 
Ақтабанды жалшы етіп, 
Атыңызды әкелтіп, 
Асыңызды әпертіп, 
Сауытыңызды кидіртіп, 
Салауытың бір қансын, 
Туысыңның туысы  
Телім  етіп  жырғасын,-деген  жолдар  керейлердің  тағдырына  тікелей 
қатысты.  Қырғын    соғыстан  кейін  Темучин  осындай  жарлығымен  керей 
тағдырын шешкені рас еді. 
  Керейдің  бейбіт  елі    талан-таражға  түсіп  жатқанда  олардың  патшасы 
Тоғырыл  мен  оның  баласы,  ханзада  Сангүм,  жан  сақтап  қырғыннан  қашып 
шығады.  Сол  қашқан  беті  Алтай  тауларына  келіп,  Найман  мемлекетінің 

101 
шекарасына ілінді. Бұл жерде қарауылда найманның Хорису-бэчи деген батыры 
өзінің жасағымен тұр еді.  
  Жаудан қашқан адамда не бір сүйкімді түр болсын ? Тоғырылды хан деп 
айтсаң ешкім де  сенбейтіндей бейшара жағдайда еді. Түнгі ұзақ жолдан әбден 
шаршаған, ашыққан, шөлдеген  Тоғырыл шекара алқабындағы бір бұлақтан су 
іше қояйын деп бұрылып қарауылдың қолына өзі түсті. Қарауылдың бастығына 
қаншама  жалынып  «Мен  Уан  ханмын»,  «Мен  Керейдің  ханы  едім»  дегенімен 
сенген  жоқ,  қолында  жалақтап  тұрған  қылышпен  шапты  да  жіберді.  Қаншама 
жылдар  Орталық  Азия  тағдырын  шешкен,  билік  үшін,  патша  тағы  үшін 
талайдың обалына қалған Тоғырыл басы домалап жерге түсті.  
  Темучиннің жоғарыдағы хатында мынадай әдемі жолдар бар: 
«Хан  әкей  !  Мен  аз  болсам  да  көптен  кем  емес,  жаман  болсам  да 
жақсыдан қор емеспін. Екі жақтаулы арбаның бір жақтауы сынса, оны сиыр 
сүйрей  алмайды  ғой.  Сол  сияқты  бір  доңғалағың  мен  емес  пе  едім  ?!  Сонау 
кезде Хурчахус Бұйрық ? Хан әкейдің қырық ұлының үлкенімін деп сіз хан болған 
едіңіз. Сіз хан болдыңыз да бауырың Тай төмөр тайшы мен Буха Төмөр екеуін 
өлтірдіңіз.  Және  ініңіз  Эрх  Қара  өлтіреді  деп  үрейлене  қашып,  найманның 
Инанча  Билге  ханына  барып  бас  сауғаладыңыз.  «Бауырларын  өлтірді»  деп 
немере  ағаң  Гүр  хан  (бұл  жерде  керейдің  билеуші  әулетінің  ішіндегі  Гүр  хан 
есімді  адам  туралы-Ж.О.)  сенімен  шайқаспақ  болып  келгенде  сіз  жүз  кісімен 
әрең  Селеңгіге  қашып,  Харауын  Хавчил  деген  жеріне  барып  тығылдың. 
Меркіттің  Тоқтасына  Ужаур  ужин  деген  қызыңды  бет-перде  етіп  беріп, 
Харауын-Хавчилдан  шығып  Есугей  әкеме  келіп:  «Немерем,  Гур  ханнан  ел-
жұртымды құтқарып бере көр» деп жалындыңыз...» дейді.  
  Бір  өтірігі  жоқ, бәрі  де  шын  сөздер.  Темучин  де  мансапқұмар  жан,  бірақ 
Тоғырылдың басынан өткен тарихты шынайы баяндап отыр. Мансап пен билік 
адамды аздырады, әсіресе жеңіл жолмен, еңбексіз және бейнетсіз келген билік 
қауыпты. Тоғырыл хан биліктің азабын жалғыз өзі татып қойған жоқ, захар  уды 
бүкіл халқы бірге  ішті. 
  Тағы  бір  айта  кететін  сөз.  Тоғырыл  соғыс  өртін  Найман  жеріне  де  ала 
келді.  
  Көп  заман  бірде  тоғысып,  бірде  соғысып  жүріп  Темучин  1203  жылы 
Керей мемлекетінің түбіне жетті. Ертеден малы өрісте, басы төсекте қосылған, 
азаматы  екі  жаққа  да  тел    өскен    елдер  еді.  Темучиннің  өзі  де  жас  шағында, 
жанында  андасы  Джамуха  бар,    Тоғырыл  ханның  қолында  болған  ғой.  Бірақ 
Орталық Азия көшпелілердцің жаңа империясының құрылу сәтін бастан кешіп 
жатыр, ал ондай кезде біріне-бірі аяушылық болмайды.  Шыңғыс хан да анадан 
туғанда Тәңірі ерекше нышан беріп, қан уыстап туған еді. Тайчуидтер неге жас 
Темучинді  соншалықты  қудалады  дейсіз,  себебі    болашақ  император  сондай 
қудалауды  көріп,    ауыр  сыннан  өтуі  керек  еді.    Бір  жағы  Гоби  шөлі,  бір  жағы 
Ібір-Сібір  жұрты,  бір  жағы  Қыпшақ  иеліктері  ортасындағы  аймақ  бірнеше 
ондаған  жылдар    түсініксіз,  беймаза  тіршілік  соқпағымен  жүріп,  енді  жаңа 
империялық құрылым құрудың соңына  түсті. 

102 
   
  Татарлар 
  Рашид-ад-дин «ерте заманда татарлардың саны жетпіс мыңнан асушы еді, 
олар  Қытай  шекарасын  мекендеген  өте  жауынгер  тайпа  болды»  дейді.  Негізгі 
орда  тіккен  жері  қазіргі  Моңғолияның  солтүстік-шығыс  өлкесіндегі  Буир-наур 
көлінің  маңайы  болса  керек  (100,  т.1,  кн.1,  с.101).  Кейін  келе  олар  дүрбэн, 
салджиут  тайпаларымен  қосылып  Анкара-мурэн  өзенінің  бойын  мекендеген. 
Зерттеушілердің пікірлеріне қарағанда бұл Анкара (Ангара) өзенінің Байкалдан 
шығатын  тұсына  ұқсайды.  Әбілғазы  осы  шежірені  тарата  келіп  бұл  татардың 
қонысында күміс көп еді, олар туралы «ала атты, алтын ошақты» деген мақал 
айтылушы  еді  дейді.  Шыңғыс  хан  заманынан  беріде  Төле  ханның  бәйбішесі 
Сорқұқтани  бегімнің  сол  алтын  мен  күміске  қызығып  арнайы  экспедициялық 
корпус  жіберетін  әңгімесі  де  тарихшыларға  белгілі.  Қазақ  арасында    да  «ала 
атты, алтын ошақты» ел туралы аңыздар бар және оны Орта Ертіс бойымен де 
байланыстыруға болатын сияқты. 
  Шығыс  тарихшылары  татарларды  кекшіл,  қатыгез  халық  ретінде 
суреттейді. Рашид-ад-дин «егер осынау көп санды халықтың ауыз бірлігі болса, 
олар қытай және басқа халықтар түгілі, тіпті тірі жанның барлығы оларға 
жабылса жеңе алмас еді. 
  Ерте  заманда  осындай  ішкі  қарама  -қайшылықтарына,  өз  ара 
жаулығына  қарамастан  татарлар  көптеген  тайпалар  мен  уәләйаттарды 
жаулап алыцп, өздерінің ұлылығын, құдыреттілігін және даңқын паш етті. 
  Осы  себептерге  байланысты  өзге  түрік  тайпалары  татар  атанып 
кетті» дейді (100, 1 т,1 кн,с.102). 
  Моңғолдардың да шығыс халықтары арасында «татар» атануының  себебі 
осында  болса  керек.  Иран  мен  Таяу  Шығыста    Кетбұқа  бастаған  моңғол 
империясының  қалың  әскері  «татар»  деген  атақпен  жүрді.  Бұл  тек  халықтың 
арасында  ғана  емес,  жазба  тарихи  шығармаларға  да  енген  атау.  Рашид-ад-дин 
«Қытай,  Хинд  пен  Синд,  Шың  мен  Машын,  қырғыз  жұрты,  келар  мен 
башқұрт, Дішті-Қыпшақ елі, және содан солтүстікке қарайғы аймақтар, араб 
тайпалары, Сирия мен Египет, Марокко елдері бүкіл түрік тайпаларын татар 
деп атайды» дейді» (100, 1 т,1 кн,с.102). 
  Шын    мәнінде  татар  дегеніміз  алты  тайпа  ел:  тутукулйат,  алшы,  шаған, 
куин,  терат,  баркуй.  Осылардың  әрқайсысы  бірнеше  атаға  бөлінеді.  Мысалы 
алшы  татарлар  алчитай  мен  алшын  аталарына,  куин  татарлар  -куитай  мен 
куичин  аталарына  т.б.  Татар  тайпаларының  ішіндегі  күштісі  және  билік 
жүргізушісі  тутукулйат аталатын мықты ел. 
  Татар мен қият-боржігіндер арасында жаугершілік ертеде басталған дейді 
деректер.  Қабыл  ханның  заманында,  оның  балдызы,  Қоңырат  тайпасының 
шыққан Сайн-тегін деген азамат ғайыптан ауырады екен. Емдеп ала қоямыз деп 
қоңыраттар татардың белгілі бақсысы Шарқылды шақырады, бірақ бақсы зікір 
салып  жатқан  уақытта  Сайн  тегін  өліп  қалады.  Азаматының  өлімін  бақсыдан 
көрген  қоңыраттар  Шарқылды  өлтіреді.  Қоңыраттар  мен  татар  арасындағы 

103 
жаугершілік  кезінде  қияттар  өздерімен  құдандалас  қоңыраттарды  қолдайды. 
Ақыры бұл соғыс бірнеше атаға кеткен тұрақты жаулыққа айналады.  
  «Моңғолдың  құпия  шежіресінде»  татарлардың  Қабыл  ханның  баласы 
Хамбағайды  Алтын  хан  еліне  ұстап  бергені,  оны  қытайлардың  ағаш  есекке 
шегелеп  өлтіргені  айтылады.  Бұл  екі  арадағы  наразылықты  тіпті  өршітіп 
жібереді.  Шыңғыс ханның әкесі Есугей баһадүрді де татарлар у беріп өлтірді 
деген әңгіме бар. Әкесінің кегін алмақ болып Шыңғыс хан Қытай мен Татардың 
кезекті  жанжалы  кезінде  татар  қоныстарын  арқа  жағынан  соғып,  бір  жағынан 
қолына түскен еркек кіндікті қырып, екінші жағынан дүние-малын тып -типыл 
қылып тонап алады. 
  Шыңғыс  хан  күшейіп  батысында  Найман  мемлекетін  жеңгеннен  кейін 
бұрыннан  өшті  болып  жүрген  татарды  шауып  жалпы  қырғыншылықты 
бастайды.  Шежірелердің  айтуынша  бірлі-жарым  татар  болмаса,  бұл  қырғында 
арбаның оқпанынан биік татардың еркек кіндігінінің бәрі ажал тапты. Осыған 
байланысты Шыңғыс ханнің інісі Жошы-Хасардың бір ерлігін айта кету керек. 
Оның  әйелі  татар  жұртынан  екен.  Шамасы  атақты  батыр  атанған  Жошы  -
Хасардың  адамшылық  қасиеттері  де  мол  болса  керек.  Ол  өзіне  Шыңғыс  хан 
түгел  қырып  таста  деген  бір  мың  татардың  жартысын  тірі  алып  қалып, 
жасырын  жан-жаққа  қашырып  жібереді.  Кейін  осы  ісі  жария  болып  қалып, 
ағасы Шыңғыс ханнан талай рет сөз естуге тура келеді. 
   
Меркіттер 
  Найман елінің беймаза көршілерінің бірі меркіттер еді. Кейбір деректерде 
«удуит»  (удут)  аталатын  меркіттер  төрт  тайпа  дейді  белетіндер: ұйғыр,  мудан, 
тудаклин  және  жиын.  Меркіттердің  өте  жауынгер  ел  болғанын  сол  заманның 
деректері  жақсылып  сипаттайды.  Олар  заманында  керейіттермен  де, 
моңғолдармен де аз күрескен жоқ. Рашид-ад-дин Шыңғыс ханның жас кезінде 
меркіттердің  қолында  тұтқында  болғанын  жазады.  Кейін  ағайын-туысы  қайта 
сатып алса керек. Мүмкін Шыңғыс ханның меркіттерге өштігінің бір себебі осы 
бозбала кезінде тұтқында болғаны шығар, кім біледі ?  
  Одан  кейін  меркіттердің  Темучиннің  ауылын  шауып  Бөрте  ханымды 
олжалап алып кетккен әңгімесі бар. Темучиннің әкесі Есугей баһадүр  жас жігіт 
кезінде  бір  меркіттің  азаматының  қалыңдығын  тартып  алғаны  белгілі. 
Темучиннің  шешесі  сол  меркіттің  қалыңдығы.  Меркіттер  сол  кекті  ұмытпай 
жүреді  екен.  Рашид-ад-дин  Темучин  тұтқынға  түскен  кезеңде  меркіттер  Он 
ханмен  жақсы  еді,  ал  оның  інісі  Джакамба  тіпті  олардың  басшыларымен  дос 
еді,  сол  себепті  Он  хан  Бөрте  ханымды  саф  таза  күйінде  Темучинге  қайтарып 
берді  дейді.    Меркіт  тайпасы  Шыңғыс  ханға  қарсы  күрестің  кезінде  Найман 
хандарының сенімді одақтасы болды. 
  Меркіт  басшысы  Тоқтай  бектің  Тоғыз,  Құса,  Құды,  Жылауын,  Жибұқ 
және  Құлтұқан  мерген  деген  алты ұлы  болған  екен.  Олардың бәрі ден  Он хан 
мен Шыңғыс ханмен болған соғыстардың кезінде қаза тапты. Тоқта бектің інісі 
Құды қыпша даласына қарай қашып бара жатқанда қолға түсіп өлтірілді.  Тоқта 

104 
бектің  кіші  ұлы  Құлтұқан  мергеннің  тағдыры  туралы  ерекше  баяндамасақ 
болмайды.  
  Құралайды көзге атқан ғажап мерген еді дейді замандастары. Ағасы Құды 
сияқты  Құлтұқан мерген де моңғол мен меркіттердің соңғы жойқын соғысынан 
кейін қыпшақ даласына қарай қашады. Мүмкін әкесі Тоқтай бек ең болмағанда 
осы  кіші  ұлым  аман  қалсын  деп  жіберді  ме  екен  ?  Құлтұқан  мергенді  қуып 
оның  соңынан  қуған  Жошы  жіберген  әскери  қосын  аттанды.  Шыңғыс  ханның 
тәртібі  бойынша    өздеріне  жау  болған  елдердің  билеуші  әулеттерінің  түгел 
көздері  жойылуы  керек  еді.  Жошының  жіберген  әскері  Құлтұқанды  ұстап 
әкелді.  Қалай  ұстағаны  тарихи  шежірелерде  айтылмайды,  бірақ  Жошының 
Құлтұқанның  мергендігінен  ертеден  хабардар  болғанын  анықтауға  болады. 
Жошы  алыстан  бір  белгі  қойып  Құлтұқанның  мергендігін  сынамақ  болады. 
Меркіт ханзадасы Жошының қойған белгісіне тигізеді, онымен қоймай бірінші 
атқан  жебесінің  соңынан  екінші  жебе  жіберіп,  ол  алғашқы  жебенің  соңынан 
барып тиіп, масағын қақ айырып жібереді. 
  Жошы  хан  Құлтұқанның  мергендігіне  риза  болып  меркіт  ханзадасын 
өлімнен аман алып қалмақ ниетпен  әкесі Шыңғыс ханға осы туралы өтінішпен 
нөкерлерінің бірін аттандырады.  
  Шыңғыс  хан  өзінің  қайтпас,  қатал  мінезімен  Жошының  өтінішін 
қабылдамай қойды дейді шежіре. «Меркіт тайпасынан нашар бірде -бір тайпа 
жоқ:  біз  олармен  қаншама  соғыстық;  қаншама  олардың  кесірінен  зардап 
шектік және қиындық көрдік,-қалай оны тірі қалдыруға болады, ол қайтадан 
көтерілісті бастасын деп жібереміз бе ?! Мен сендер үшін қаншама тайпалар 
мен  уәләйаттарды  алдым,  әскер  құрадым,  бұл  адамның  бізге  қанша 
қажеттілігі бар ?! Мемлекеттің жауына көрден басқа жақсы жер жоқ !,-деп 
жауап беріпті қаған хабаршыға. Осылайша Жошы Құлтұқанды өлтіруге мәжбүр 
болады. 
  Тоқтай  бек  сонда  да  күресті  тоқтатпады.  Батыр  ұлдарынан  айрылған 
меркіт  бегі  енді  найманның  Таян  ханына  келіп  қосылды  және  Жамуха  сияқты 
қиын уақытта қашып кетпей, соғыстың аяғына шейін майдан даласында болды. 
Таян  хан  жараланып,  өлген  соң,  Тоқтай  бек  өзінің  селдіреп  қалған  қолымен 
найманның екінші ханы Бұйрыққа  келді. Шыңғыс хан оны бұл жерде де аман 
қоймады,  ақыры    майдан  даласында  өлді.  Тоқтай  бектің  інісі  Құду  өзінің 
балаларымен  ағасының  денесін  алып  жерлемекші  болып  еді,  асығыста  денесі 
ауыр болғандықтан көтеріп жүре аламады. Амал жоқ Тоқтай бектің басын кесіп 
алып Шығыс Түркістанға қарай тартты. Бұл жерде ұйғыр идиқұты көмектесер 
деп  еді,  ол  ойлары  болмады.  Осылайша  іргелі  елді  билеген  әулеттің  соңғы 
өкілдері  азып-тозып әр жерде жан сақтауға кірісті, көпшілігі соңынан өкшелей 
қуған моңғолдардан қырғын тапты. 
  Батысқа  қарай  жан  сақтап  қашқан  меркіттер  кейіннен  қазақтың  абақ-
керей  тобына  қосылды.  Меркіттердің  үлкен  қырғыннан  аман  қалған  аздаған 
өкілдері  Шыңғыс  хан  ордасында  да  кездеседі.  Оның  бір  себебі  Шыңғыстың  
үлкен  бәйбішелерінің  бірі  Құлан  ханым  меркіттің  Тайыр  Усун  деген  бегінің 

105 
қызы еді. Шыңғыс ханның осы Құлан бикеден туған Құлқан деген ұлы болды. 
Ол азамат болған шағында Бату әскерінің құрамында батыс жорығына қатысып, 
сонда қайтыс болды делінеді.  
  Осы  Құлан  ханым  ақылды  әйел  болғаны  әр  түрлі  деректерде  айтылады. 
«Моңғолдың  құпия  шежіресінде»  мұрагерлік  туралы  әңгімені  алғаш  көтеретін 
осы  Құлан  қатын  дейді.    Құланның  бір  інісі  Шыңғыс  ханның  жеке  өз  басын 
күзететін  мыңдықтың  құрамында  жүз  басы  болғаны  анық.  Атақты  Сартауыл 
еліне жорықтың кезінде, 1219-1224 жылдары,  Құлан бикенің Шыңғыс ханмен 
бірге  жүргені,  осы  жорықтың  барлық  ауыртпашылығын  қағанмен  бірге  
көтергені белгілі.  
  Құлан ханымның өмірінің соңғы сағаттары Ұлытау жерінде соқты. Оның 
қайтыс  болған  жерінде  үлкен  кесене  салынған.  Бүгінгі  күні  Сарысу  мен 
Кеңгірдің  қиыласатын  жерінде,  Болған  ана  кесенесіне  таяу  осы  Құлан 
ханымның басына соғылған күмбездің орыны көрінеді.  

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал