Жамбыл Омари



жүктеу 5.01 Kb.

бет8/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

 
8.Найман қалалары 
  Алтайдың  қойнауы  малдың  кіндігі  екені  белгілі.  Жер  бетінде  адам  өмір  сүруге 
қолайлы бір жер болса ол Алтай тауы. Шоқанның досы Г.Н.Потанин 1877 жылы Ертістің 
жоғарғы жағында экспедицияда болып былай деп жазған екен: «Эта местность, где мы 
живем, настоящая родина человека. Здесь возник первый культ (солнца). Реки здешние 
представлялись  первым  людям  материнскими  лонами,  отцов  они  видели  в  горных 
вершинах. Рай Адама и Евы, я  теперь уверен, находился в верховьях Иртыша...» (96, т.1. 
с.11).    Алтайдың  қойын-қойнауын  жайлаған  сегіз  -оғыздар  да  ертеден  малды  кәсіп 
қылғаын  белгілі.  Кейін  жеке  мемлекет  құрған  уақытта  да  Найман  хандығының 
тұрғындары  негізінен  көшпелі  мал  шаруашылығымен  айналысты.  Кейбір  деректерде 
наймандардың  Орхон,  Қара  Ертіс  өзенінің  бойында  арпа-бидай  егіп  келгені, 
отырықшылыққа көше бастағаны  туралы мәлімет кездеседі. Қият-боржігін әулетінің өкілі 
Темучин  билігі жаңа қалыптаса бастаған уақытта Найман мемлекеті Орталық Азияның 
шығысындағы  көшпелілердің  ең  күшті  ұлыс  ғана  емес,  сонымен  бірге  ең  өркениеттісі 
болды.    Осы  кезеңде  Орхоннан  бастап  Жетісуға    дейінгі  кең-байтақ  өлкеде  Ақбалық, 
Шамбалық, Қаялық
 
(Қойлық), Бесбалық ,  Найман  Сүме қатарлы қалалар салды.  
  Ә.Х.Марғұлан  өзінің  «Найман,  керей,  оңгіттердің  жазулары»  атты  мақаласында 
наймандардың Гоби шөліндегі атақты Қара-Хото қаласына қатысы бар дейді: «Езен(Эдзин 
гол-Ж.О.) өзенінің төменгі оң жақ жағасында  несториан (тарса) .лгісімен жасалған. 

86 
Керейіттер,  оңгіттер,  наймандар,  ойғырлар,  таңғұттар  отырған.  Онда  тарса 
(несториан) дініне табынатын көп аббаттар, мектептер, көп үйлер болған»(70,  110 б.). 
Әлекең  бұл  деректі  Марко  Поло  саяхатының  күнделігінен  алып  отыр.  Атағы  аңызға 
айналған саяхатшы Танғұт елі туралы баянында  ол жерде христиан-нестроиандардың да 
бар  екенін  жазған  (48,  с.73.).  Негізінен  тибеттіктер  жайлаған  бұл  патшалық  Хуанхэ 
(Қарамурен) өзенінің орта ағысында, Ордос үстіртінде, Көкінор көлінде, Эдзин гол және 
Сулэхэ өзендері бойында орналасқан.  Эдзин голдың төменгі ағысына салынған Қара-Хото 
расында да ірі сауда орталығы және діни ғибадатханалардың көп кездесетін жері. 1227 
жылы осы патшалықты, қытайлар Сися, моңғолдар Таңғұт деп атайды, жаулап алғаннан 
кейін  империяның  құрамында  болды.  «Моңғолдың  құпия  шежіресінде»  Таңғұт  еліне 
жорық нақты суреттеледі.  
  Әлекең  бұл  қаланың  қолөнер  орталығы  болғанын  да  жазады:  «Бұл  қаланың 
ерекшелігі  ерте  дәуірде  қолданылған  орхон,  ойғыр,  сирия  жазулары  көп  табылған, 
сонымен бірге қолөнер бұйымдары көп кездескен. Шіркеу-аббаттардың қағазға, жібекке 
жазылған «тарса» (икон) жазушылары шыққан. Оларды түркі және сирия тілінде жазған 
керейіттер,  оңгіттер,  наймандар,  ойғырлар».  Бұл  тақырып  Советтік  шығыстануда  біраз 
қарастырылған  және  Н.В.Пигулевская,  Е.И.Лесенченко,  Т.К.Шафрановская  сияқты 
зерттеушілердің еңбектері бар (94, с. 220-223; 62). Н.В.Пигулевская зерттеулерінде Хара-
Хота түркіше жазуларының  Шығыс Түркістаннан көрі бізге бір табан жақын болғаны 
айтылады. 
  Найман  мемлекетінің  Оңтүстік  Алтайда  орналасқан  қаласының  бірі  Ақбалық. 
Әлекеңнің  жазуынша  Ақбалық  қаласы  Қарақорымда,  яғни  астанада  тұратын    ел 
басшыларының -хандардың, сұлтандардың, бектердің аң аулайтын -қорық -жерінің шетіне 
орналасқан.  
  Атақты саяхатшы Марко Поло Ақбалық қаласы туралы деректерді Қарамүрен, яғни 
Хуанхэ  өзенін  сипаттап,  одан  кейін  Шэнси  аймағының  бас  қаласы  Кенжин-фу  туралы 
баяндай келе жазған. Соған қарағанда Ақбалық түркі  халықтары Сары өзен, моңғолдар 
Қара мүрен, қытайлар Хуанхэ атаған өзенге жақын орналасқан. Сары өзен қазіргі уақтытта 
|Қытай территорясында болғанымен, ежелгі жәіне ортағасырларда  түркі  халықтарының 
иелігі. Сарыөзен туралы  деректер әсіресе Ғұн дәуіріне қатысты, олардың сүйікті қонысы 
ретінде көп айтылады. 
  Марко  Поло:  «Как  проедешь  двадцать  дней  тамошними  горами,  тут  область 
Акбалек Манги, вся она на ровном месте, и много тут городов и замков. Область эта 
лежит на запад. Народ идолопоклонники, торговый и ремеслами занимается. Много в 
этой области рождается инбирю, и расходится он по всей большой области Катай; а 
тамошним жителям большая прибыль и выгода от него. Есть у них и пшеница, и рис, и 
всякого  другого  хлеба  вдоволь,  и  он  дешев;  земля  тут  плодородная.  Главный  город 
называется Акбалек Манги, а значит это -город пограничный с Манги» дейді.  
  «Манги», немесе «Манзу» деп ол заманда Қытайды атайды. Сарыөзеннің (Хуанхэ) 
жағалауынан  оңтүстікке  қарайғы  аймаққа  қатысты  қолданылатын  бұл  атау  қазақ  және 
қалмақ арасында ХУІІІ ғасырға дейін қолданынылып келді. Сонымен Шығыс әдебиетінде 
қытайлықтардың ата жұрттарына қатысты Шың-Машын атауы да қазаққа белгілі. Машын 
атауы жоғарыда көрсетеілген «Манги», «Манзу»  атауларынан шығады.  Ал енді Қытай , 

87 
немесе  Қатай  атауы  бұл  аймаққа  Қидан  (Қарақытай)  билігінен  кейін  ғана  тарап  бекіне 
бастады. 
  Марко Поло жазбасында «Как пройдешь пять дней из упомянтых десяти городов, 
говорят, есть город красивее и больше других, называется Акбалук, здесь заканчиваются 
в этом направлении заповедные места охоты государя, где никто не смеет охотиться 
кроме  государя,  его  семейства  и  тех,  чьи  имена  записаны  у  начальника  сокольничьих» 
деген Ақбалыққа қатысты дерек  бар (48, с.271). Бір заманда моңғол императоры, шамасы 
Құбылай  туралы  айтылып  отыр,  бұл  қорыққа  ат  ізін  салмай,  қорықта  жабайы  аңдар, 
әсіресе қоян тым көбейіп кеті, маңайдағы елдің егінін түгел жеп қоя беріпті. Осыдан кейін 
елдің наразылығы ханға жетіп, ол бүкіл ордадағы нөкерлерін ертіп келіп аңдарды азайтқан 
екен.  
  Найманның  Ақбалық  қаласы  моңғол  үстемдігі  тұсында  Шаған-Балғасын  атала 
бастады.  Бұл да Ақбалықтың тікелей аудармасы, «шаған» -ақ, ал «балық»- «балғасын», 
яғни қала деген сөз. Кейін ежелгі Найман мемлекетінің жерлері Қытай иелігіне көшкен 
уақытта  бұл  қала  Чжэндин  аталған  дейді  деректер.  Шаньси  (қазіргі  уақытта  Хэбэй)  
аймағының ірі қалаларының бірі болса керек. 
  Енді  Шамбалық  қаласы  туралы  деректерді  түгендеп  көрейік.  Әлкей  Марғұлан 
В.Бартольд жазбаларына сүйеніп бұл қала «наймандардың қирап қалған қаласының бірі 
Шамбалық Ертіс аймағында орналасқан»  дейді. Онда тұрған халықтар -найман, меркіт, 
оңгіт (70, 111 б.). Әлкей Марғұлан Жоңғар Алатауында да наймандардың бір қаласы болды 
дейді.  Ол  ерет  уақыттан  берің  белгілі  қала  Махмұт  Қашғари  картасында  Кемі  -Талас, 
Марко Поло кітабында Жингин-Талас (Чингин-талас, Шинжин-кала) аталса, өзінің ежелгі 
атауы кіші Талас еді дейді.  Жоңғария жеріндегі Кіші Талас наймандардың жалғыз қаласы 
емес, ол жерде ертеде нестриандар мекен еткен Тарса Кент деген қала да болған. Алакөл 
жағалауында  наймандар  мен  қарлұқтар  мекен  еткен  бір  қала  белгілі.  Сонымен  бірге 
зерттеушілер  Найман  хандығының  бас  қаласы,  саяси  орталығы  Найман-Сүме  туралы 
жазады. Ә.Марғұлан «Найман -Сүме  Моңғолия жеріндегі бір үлкен қала» дейді. 
  Енді бір мәселе «Хан Шыңғыс» атауына байланысты, осы атау аты қалай 
пайда  болды,  оған  Наймандардың  қатысы  бар  деген  әңгіме.  Шәкәрім 
«Шежіресінде» Шыңғыс тауының не себептен олай аталғаны туралы қызықты 
әңгіме бар: 
«Біздің  қазақтың  ескі  сөзінше:  -  Бұл  Шыңғыс  тауының  Шыңғыс 
атанғаны,  баяғыда  Шыңғыс  хан,  тамам  моғол,  татарды  алып,  үлкен  хан 
болғанда,  осы  Шыңғыс  тауында,  қол  астындағы  елдердің  тап  басы  бектері 
келіп,  мына  Қарауыл  өзенінің  күншығыс  жағындағы  Хан  биігінің  басына,  ақ 
киізге салып, хан көтеріп Шыңғысты алып шыққан. Сонда Ұлы жүз қазағынан 
үйсін  Майқы би барған  екен.  «Түгел  сөздің  түбі  бір,  түп  атасы  –  Майқы  би» 
деп  мақал  болған  сол  кісі.    Және  Орта  жүзден  Қонырат  Сәнгеле  би  барған. 
Сонда Шыңғыс хан бектеріне ұран, құс, ағаш, таңба беріпті. Ұлы жүз Майқы 
биге:  таңбаң  –  сүргі,  яғни  малатемір  болсын    (тамга  встав.)      құсың  бүркіт 
болсын, ағашың – караағаш болсын, ұраның – салауат болсын депті. Орта жүз 
Сәнгеле  биге:  ұраның  қоңырат,  құсың  –  сұңқар,  ағашың  –  алма,  таңбаң  ай 
болсын депті. Ай таңба -    . 

88 
Шыңғыс  ханның  шын  аты  Темучин  еді.  Сол үлкен  хан  болғанда,  Шыңғыс 
қойды,  мағынасы  –  бек  мықты,  зор  деген  сөз.  Бұл  таудың  аты  Шыңғыс 
атанғаны сол. Ана биіктің Хан биігі атанып, осы біз қыстап отырған өзеннің 
–  Хан  өзені  атанғаны  –  бәрі  де  сол  Шыңғыс  хан  атыменен,  Әбу-әл-Ғазы  хан 
сөзінше, бұл таудың бұрыңғы аты – Найман Кере болса керек. 
Жоғарыда  айтылған  қалмақ  бүлініп,  хандығы  жоғалған  соң,  бұрынғы 
қалмақтаң  қашып  кеткен  қара  қырғыздардың  көбі  қайта,  Үлкен  Алатаудағы 
орнына келді. Ұлы жүз қазағы Күнбатыс Алатаудан Қаратал өзеніне шейін өз 
орнын  алды.  Орта  жүзден  керей  менен  найман  Тарбағатайға  келіп,  ақырына 
қытай жеріне де кіріп, найманның шегі Ебін- Нұра басына шейін барып (Ебін 
Нұра – Алтайдағы көл аты) , керей Қара Ертіске барды» . 
Тобықтының  Шыңғыс  тауға  келіп  қонған  уақыты  ХVІІІ  ғасырдың  20-30 
жылдары.  Қазақ  аңыз  деректерінде  Мамай  батыр  бастап  келген  екен  делінеді. 
Қанжығалы руы әуелде бірге бармақ болып жолда қалып қойған /тобықты мен 
қанжығалылар/  туке  рулары  Мамай  мен  Боқтыбайдың  арасындағы  араздыққа 
байланысты  болса  керек/.  Шыңғыс  тау  атын  Шыңғыс  ханға  байланыстыру  
мәселесінде әлі де анықтай түсетін мәселелер бар. Бірақ жалпы қисыны дұрыс 
сияқты.  Мүмкін бұл мәселе Жошының үлкен ұлы Орда Еженге тікелей қатысты 
болар. 
Әбілғазы  шежіресінде  «Найман  куһ»  деген  тау  аты  бар,  бірақ  оның 
Шыңғыстауға қаншалықты қатысы бар екенін  анықтау қиын.  
Шәкәрім  «Қытай  жері»    деп  Жоңғарияның  Қытай  басып,  жаулап  алған 
бөлігін айтып отыр. Негізінде ХVІІІ ғ. ортасында қазақ ру-тайпалары өздерінің 
ата-бабаларының ескі қоныстарына келіп  орнықты. Мысалы керейлер ертедегі 
Керейіт  мемлекетінің  территориясына  жақындады,  наймандар  да  Алтай  мен 
Тарбағатай  және  Жетісуға,  арғындар  Сары  арқаға,  қыпшақтар  Ертіс  бойына 
келді т.б. Өзге қазақтың рулары да осы тәртіппен келді.  
  Қала  тақырыбын  әрі  қарай  жалғастырып  Әлекең  Орталық  Қазақстан  өңіріндегі 
Қарақорым қаласы туралы да көптеген мәліметтерді келтіреді. Соның ішінде академиктің 
Қарақорым  қаласында  ертеде  мекендеген  бітікшілер  туралы  да  сөз  қозғағаны  қызық. 
Әлекең  «Демек,  Бұланты,  Байқоңыр  өзендері  бойындағы  қаптап  тұрған  суреттерді, 
жазуларды, тамғаларды түсірген осы Қарақорым қаласында тұрған бітікші, абыздар 
екені  сөзсіз»  дейді  (70,113  б.).  Бұл  қазіргі  ғалымдардың  қашанда  есінде  жүретін  пікір. 
Найман  қалалары  мен  мәдениеті  туралы  айтқанда  Қарақорым  қайта-қайта  еске  түсіп 
отырады. 
   
  9Қарақорым туралы аңыз 
 
  Біз  Рашид-ад-дин  жазбаларына  қарап  отырып  ежелгі  заманда  Найман  жерінің 
шекарасы Шыңғыс хан әулеті астана қалаға айналдырған Қарақорымды да қамтығанын да 
білеміз. Бір қызығы Кіндік Азияның ұлан-байтақ алқабында бұл жалғыз Қарақорым емес. 
Ескі  деректерге  қарағанда  Сарыарқаның  Бетпақ  даламен  шектесетін  жерінде  де 
Қарақорым  атты  қоныс  болғаны  анық.  Рашид-ад-дин  «Жами  ат-тауарихты»  осы 

89 
Қарақорымнан  бастайды:  «Булджа-хан  (Алаша-хан)  көшпелі  болған;  оның  жазғы 
жайлауы керемет үлкен және биік таулар болып табылатын Ортау мен Казтауы (Баян 
аула Қазылық, Қарақаралы Қазылық, Қу Қазылық  таулары-Ж.О.), сол шамада Инандж 
(шамасы Сарысудың басындағы  Жұбан ана қалашығы-Ж.О.) атты қала болған. Булджа 
(Абулджа)-хана қысқы қонысы да сол маңайда болған, Бурсун (Борсық. – Ж.О.), Какьян 
және  Қаркорым (Кейбір тарихшылар Қарақұм деп түсіндіреді – Ж.О.), оны Каракорым 
деп  те  атайды,    аталатын  жерлерде.  Осы  жерге  жақын  Талас  және  Кәрі-Сайрам 
сияқты қалалары орналасқан» (100, 80-81 бб.). 
  Бұл  сөзімізге  Әлкей  Марғұланның  да  «Қыпшақ,  Қаңлы  қалаларынан  Орталық 
Қазақстанда  болған  атақты  қаласының  бірі  Қарақорым-Торғай  өзенінің  аяқ  арнасында 
болған»  деген  сөзі  де  дәлел  (113  б.).  Әлекеңнің  жазуына  қарағанда  1216  жылы 
моңғолдардан  қашқан  меркіт  және  найман  ұлыстары  осы  Қаракорым  қаласына  келіп 
тығылады. Моңғол әскері оларды Қайдауыл өзенінің бойында тегісімен қырып бітіреді.  
  Ата  Мәлік  Джувейнидің  баяндауынша  Жошы  хан  Отырар  қаласын,  Сырдария 
бойындағы  өзге  де  қалаларды  бағындырған  соң  Торғайдағы  Қарақорым  сияқты  ежелгі 
астана қалаға барып дем алады.   
  Осы Қарақорым мәселесі әлі де зерттеуді қажет етеді. Түркі-моңғол тайпаларының 
ата-қонысы  Орталық  Қазақстан  болғаны  көптеген  көне  деректерден  аңғарылады.  Тіпті 
алысқа  бармағанның  күннің  өзінде  Шыңғыс  ханның  өзі  де  шыққан  тегі  қазақтың  ұлы 
даласы  деп  есептегені  аңыздарда  айтылады.  Қазақ  тарихшысы  Зардыхан  Қинаятұлы 
«Қазақ мемлекеті және Жошы хан» атты монографиясында Жошы ханның өлімін анасы  
Бөртеге естіртудің аса қиын болғанын, өзі айтға бата алмай Шыңғыс ханның Елюй Чу 
Цайға әдейілеп жарлық жазғызғанын баяндайды: «Шыңғыс хан үшін басы азар көндіккен 
үлкен  қайғыны  Жошының  анасы  Бөртеге  естірту  тіптен  оңайға  түспесе  керек. 
Жошының  өлімі  жайлы  қайғылы  хабарды  оның  анасы  Бөрте  эжеге  тура  естіртіуге 
жүрегі дауаламаған Шыңғыс хан кеңесшісі  Елюй Чу Цайға әдейі жарлық жаздырады. 
Онда  «Хан ұлым Жошы Қыпшақ даласының бір үстіртінде дүниеден өтіпті. Ол мекен 
еткен жер бұрын біздің ата-бабамыз Бөрте бөрі мен Сүлу Марал мекен еткен Марал 
(Арал  ?)  теңізінің  жағалауы  екен.  Жошы  ата  затына  сай  Тәңірінің  әмірімен  біздің 
боржығындарға  жіберген  қонағы  екен,  міне  ол  Тәңіріне  қайтып  аттанып  кетті...» 
делінген (58, 157 б.). 
  Бұл  әңгіме  жапон  жазушысы  Иноуе  Ясашидің  «Көкжал  (Шыңғыс  хан  туралы)» 
романында  да  Шыңғыс  ханның  ата-баба  жері  туралы  айтқаны  түрінде    көркем  тілмен 
баяндалады: «Ұлым Жошы хан қыпшақ жерінде дүниеден көшіпті. Ол жер моңғолдардың 
ата-бабасы әрі Құдай тағаланың әмірі бойынша туған Көкжал мен Ғауа Марал өтіп 
келген Каспий теңізі дейтін жер екен. Төтенше ер жүрек, ерен қабілетті Жошы хан 
талай  ұрысқа  қатысып,  моңғол  әскерлері  мен  сардарларына  өнеге  көрсетті,  тоқсан 
қаланың қамалын бұзып, екі жүз қаланы бағындырды. Алтын патшалығына ойсырата 
соққы беріп, Хорезм еліне шабуыл жасап, Арал, Каспий, Қара теңіз сияқты жерлердің 
солтсүтік жағында Қыпшақ хандығын құрып, өзі соның тұңғыш ханы болды.  Жошының 
ұрпақтары  қыпшақ  хандығын  мәңгі  билесін,  Жошының  әскерлері  мен  сардардары  сол 
жерді мекен етіп, Жошы хан құрған хандықты қорғасын» деді ол» (130, 216 б.). 
  Моңғолдың  билеуші  әулетінің  негізін  салған  Бөрте  Шино  мен  Гао  Маралдың 

90 
батыстан  келгені  тарихнамада  дау  тудырмаса  керек.    Жоғарыдағы  айтылған  әңгіме 
«Моңғолдың  құпия  шежіресіне»  негізделетінін  біз  айтпасақ  та  болар  еді,  себебі  қазақ 
тарихшысы  да,  жапон  жазушысы  да  ең  алдымен  «|Моңғолдың  құпия  шежіресіне» 
сүйенеді.  
  Енді  шежіре  мәтінін  берейік:  «Шыңғыс  қағанның  тегі:    Тәңірі  бақытты  етіп 
жаратқан Бөрте -Чино  зайыбы Гуа Маралмен бірге талай теңіз-дарияны кешіп  өтіп 
келіп, Онон өзенінің жоғарғы бойы Бурхан Халдун тауын тұрақ еткен кезде Батцагаан 
атты бір ұл туады. 
  Батцагаан ұлы Тамаша, Тамаша ұлы Хоричар мерген, Хоричар ұлы Уужин буурал, 
Уужин буурал ұлы Саль хачау, Саль Хачау ұлы Ихнүден, Ихнүден ұлы Шинсочи, Шинсочи 
ұлы Харчу. 
  Харчу ұлы Боржигидай мерген еді. Боржигидай мергеннің зайыбы Монголжин гуа, 
онан туған ұл -Торгожин бай. Торголжин байдың Борогчин гуа зайыбы, Боролдай суялби 
деген жас жалшысы, жауыр екі көк аты болатын. Торголжин байдың ұлы Дуа соқыр, 
Добу мерген екеуі еді».  
  Осы  жерде  «Моңғолдың  құпия  шежіресі»  келіп  қазақтың  арасында  жиі  тараған 
Домбауыл  туралы  аңызбен  астасып  кетеді.  Моңғолдың  «Добу  мерген»  дегені  қазақтың 
Домбауылы  болып  шығады.  Оған  дәлел  моңғолдың  шежіресінде  де,  қазақтың 
аңыздарында да айтылатын Домбауыл мергеннің  жолдасы Дува (Дуа)  соқыр маңдайында 
жалғыз көзі бар, сол  жалғыз көзімен қияндағыны көретін қырағы  адам. 
  «Моңғолдың  құпия  шежіресіндегі»  деректерді  жалғастырайық:  «Бір  күні  Дува 
соқыр Добу мерген бауырымен бірге Бурхан Халдун тауына шығады. Дува соқыр Бурхан 
Ъхалдун тауынан қараса Түнхелег бұлағына қарай бір топ ауыл көшіп келеді екен.  
Сонда Дува соқыр: «Мына көшкен ауылдың ішінде, бітеу арбаның алдында бір сұлу 
қыз кетіп барады. Егер біреудің жары болмаса, бауырым, Добу мерген, саған айттырып 
алып берейін,-деп оны көріп келукге Добу мерген бауырын жібереді. 
  Добу  мерген  манағы  көшке  барып,  қызды  көрсе,  шынында  хас  сұлудың  өзі  екен 
және біреудің жары емес екен. Есімі Алан-гуа екен»
  -Міне, осы Алан-гуа Добу мергенге тұрмысқа шығып, одан  Бүгүнтай, Белгүнтай 
деген екі ұл туады. Бір замандарда Добу мерген қайтыс болыпты. Осыдан кейін Алан гуа 
Бұқа Хатаги, Бұқату салджи, Боданшар-мунхаг атты үш ұл туады.  Осы үшеуі қайдан туды 
дегендерге  Аолан-гуа  «Алланың  асасынан  берген  ұлдар,  күннің  нұры  болып  келіп 
жатырыма енді. Оларды  тобырларға теңеуге болам ма ? Қарапайым адам қаған болса ғана 
оның мәнін түсінер,-деп бой бермейді екен.  
  Осы Добу мерген мен Алан гуа ұрпағы моңғол шежірелерінде және олармен көрші 
елдердің арасында « қият»  аталады. Мысалы Темужин тоғызға жасқа келген уақытта оған 
қыз айттырам деп Олхонут еліне келе жатқан Есугей батыр жолда қоңырат Дай шешенді 
кездестіреді.  Сонда  Дай  шешен  Есугейге  түнде  көрген  түсін  айтып,  ай  мен  күнді 
шеңгелдеп ұстаған бір аппақ сұңқар қолыма қонған екен дей келе: «Сіздің қиат руының 
киесі келіп, маған түс болып көрінген шығар» дейді.  
  Енді қазақ арасында белгілі осы әңгіменің бір нұсқасын берейік:  «Бір Алтынбел 
деген хан болған. Ханның жалғыз ұлы бар еді, аты- Қайшылы хан. Сонан басқа 
баласы  жоқ еді. Бір күндерде ханның  қатыны құрсақты болды. Бір уақытта 

91 
бір қыз бала келтірді: «Ай дейін   десе, аузы бар, күн дейін десе, көзі бар.» Ол 
қызды    тапқан  шешесі  қызын  көріп,  көркінен  талып  қалды.  «Сондай  бір  қыз 
келтірді!»- деп, ханға айтады. Хан балгер, бақсыларын алдырып: 

 
Осы туған баланың бақ- талайына бал ашыңдар!- деді. 

 
 Балгерлер  бал  ашты:  Бақ-талайы  зор,  бұрын  ешкімнен  мұндай  бала 
тумаған. Бұған екі нәрседен қатер бар: Осы қыз он бес жасқа жеткенде, ер ұл 
табады. «Ол қайдан табады?»- десең, не желден табады, не күннен табады. 
Бұған күн көрсетпей, жел тигізбей, бағу керек!- десті. 
–  Не  желден,  не  күннен  бұл  баланы  күн  көрмейтұғын,  жел  тимейтұғын 
қараңғы  жерге  бақтырыңыз!-  деді.  Хан  да:-  Өзім  де  осыны  ойлап  едім!-  деп, 
адамға көрсетпей, кісі көрмесін- деп, жасырын асыратты. 
  Сонан соң ханның қатыны  бір кемпірді шақырды. Кемпірге жылына жүз 
ділда  берді.  Кемпір  баланы  алып,  қараңғы  темір  үйге  салып  асырады.  Қыз 
түтіктен су ішіп,  түндіктен (түндүктен) Күннің өзі емес, сәулесін көріп, он 
бес жасқа жетті.  
Бұ  қыз  бір  күндерде  кемпірден  сұрайды:-  Сен  қайда 
барып жүрсің? 
Кемпір айтады: 
- Ей, балам,  бір жарық дүние бар. Бұ жарық дүниеде әкең бар, шешең бар, 
талай жандар бар. Анда-сонда  мен барамын. Қыз айтты 

 
- Ай, енеке, ешкімге айтпайын, маған со жарық дүниені көрсетші! 
Кемпір айтты:- Жарайды, ешкімге айтпасаң, көрсетейін,- деп,  кемпір бұ 
қызды тысқары шығарды.   Шығарғаннан соң, о қыз  бұ жарық дүниені көріп,  
өне бойы балқып, есі ауып, талып қалды.  Со тысқары шыққан күндерінде оған 
Алла  тағаланың көзі түседі.  Алланың  әмірімен сол қыз құрсақты болды. Бір 
күндерде  іші өсіп, зорайды. О қыз буаз болғанын кемпір  білді 
-  Енді  мені  өлтіреді!-  деп  қайғы  жеді.-  Енді  мені  өлтірсе  де,  қаным  ақ, 
ханның қатынына айтамын!- деді. 
Кемпір келіп,  ханның қатынына айтты: 
-  Қызыңыз  құрсақты  болды.  Еш  адамға  көрсеткенім  жоқ.  Өлтірсең, 
қаным- ақ.  Тірі қалсам, жолым- ақ! 
Ханның қатыны айтты: 
- Сен онан басқа не қылдың? 

 
Кемпір  айтты:-  Қылғанымды  жасырмаймын.  Менің  қылған  жазығым- 
бір-ақ  рет  жалынған  соң  тысқары  шығарған  едім.    Шыққаннан  бері    қарай 
құрсақты болды. Ханның қатыны айтты: 
- Сен жамандық  қылмаған болсаң,  ханға жауабын мен  өзім берейін!-деп. 

 
 Солай айтып ханға барды. Ханға келіп айтады: 

 
-  Қызыңыз  құрсақты  болды-  Алланың  әміріменен.    Оны  еш  адам  көрген 
жоқ!- деді. 

 
Хан айтты: Олай болса, өлтір оны!- деді. 
Қатыны  айтты  ханға:-  «Хан  қызын  өлтіріпті!»-  деген  атақ  жаман 
болар. 

92 

 
Хан айтты: 

 
- Енді не қылсаң-дағы көзімнен жоғалт!- деді. 

 
  
Қатын өлтіруге қызын қимады.  Бір алтындатқан әбдіреге салып, 
аузын жауып, кілтін сыртына байлап, ағып жатқан дарияға салып, қоя берді. 
Бұл қыздың аты - «Алмалы-Көрікті» еді. Салып жіберген дариясы- ұзын аққан 
Ертіс.  

 
 
Сол  судың бойында көшпелі болып жүрген Қалмақ деген жұрт бар 
екен.  Домбауыл  деген  мерген,  Шабасоқыр  деген  түрікпен  қарауылшысы  мен 
екеуі аң аулап,  елсіз, күнсіз су бойын жағалап жүр екен. Шабасоқыр түрікпен 
күндік  жерден  көреді  екен  де,  түстік  жерден  есітеді  екен.  Дарияның 
ортасында ағып келе  жатқан әбдірені көрді: 

 
- Ай, жолдас,  дарияның ортасында судың ағыны  еріксіз айдап, бір нәрсе 
ағып келе жатыр!- деді. 

 
 
Домбауыл мерген айтты: 

 
Көкте  тәңірім  жар  болса,  біз  оны  алармыз.  Ала  қалсақ,  сен  ішін 
аламысың,  тысын  аламысың?    Күн  бұрын  үлеселік,  қолымызға  келген  соң, 
қызықты  нәрсе  болса,  бірімізге  біріміз  қимай,  таласып,  араз  болармыз! 
Шабасоқыр түрікпен айтты: 
- Менің көзім жалғыздық қылмаса, жарқ-жұрқ етіп, алтын мен күмістей 
күнге шағылысып келеді.  Не болса да, мен сыртын аламын!- деді.  

 
Домбауыл мерген айтты: 
-  Мен  ішін  аламын,  не  шықса,  ол  шықсын.  Мейлі  дәнеме  шықпасын, 
бағымды    байқаймын!-  деді.  Жақындап  келген  соң,  алтын  әбдіре  екендігін 
таныған соң, жібектен жіп есіп, оққа байлап, атпақшы болғанда, Шабасоқыр 
түрікпен қарауылшы: 
- Қия ат, қия ат!- деді.- Туралап атпа, ішінде жанды нәрсе бар болса, оқ 
тиіп, өліп қалар!- деді. 
Сол: «Қия ат!»- дегендігінен, «Қият»- атанып кетіп,  мұның үрім-бұтағы 
өсіп-өніп, көп ел болды.  Қобыланды батырдың  жырауында: «Қалың Қыпшақ, 
Қияттан,  Озушы  едің  жарыста!»-  дегендегі  Қият-  Шабасоқыр  Түрікпеннің 
ұрпақ жұрағаты. 
  Тура  атпай,  қия  атып,  оқ  барып  әбдіреге  қадалған  соң,  шыжыммен 
тартып алып, әбдіренің аузын ашса, он төртінен туған айдай бір қыз жатыр. 
«Он төртінен  туған ай» далада  қалды, бір қыз!  Бұл екеуі көрген соң, көркінен 
есі ауып, талып қалды. Ауыздарынан су ағып, мұрындарынан  сіңбірік төгіліп, 
естерін жиып, өзі-өзіне келген соң: 
- Не кісісің?  Не еткен жансың?- дейді. 
Қыз  айтты:-  Мен  Алтынбел  деген    ханның  қызымын.    Туғаннан  маған 
жарық  дүние  көрсетпей,  түтіктен  су,  түндіктен  нәр  тастап,    темір  үйге  
асыраған екен. Мен: «Жарық дүние бар!»- деп естіп, бір көруге іңкәр болып, он 
бес  жасымда  жарық  дүниеге  шықтым.    Жарық  дүниені  көрген  соң,  сілейіп 
талып  өліп  қалыппын.  Бұ  дүниеде    бар  жазығым-сол.  Сонан  кейін  кідірмей, 
құрсақты болыппын. Әкем естіп: «Өлтірсін!»- депті.  Өзімді көтеріп тапқан  

93 
шешем  өлтіруге  қимай:  «Қайда  кетсе  де,  тірі  кетсін!»-  деп,  осы  әбдіреге 
салып, суға ағызып қоя беріпті. 
Домбауыл мерген айтты: - Сені біз аламыз, бізге тиемісің?Қыз айтты:-
Осы ішімдегі пәледен  құтылған соң, тиейін! –деді. 
Домбауыл мерген: 
-Жарайды!- деді. 
Ерлі-байлы  кісідей  болды.  «Піскен  астың  күйігі  жаман»,-  деген  бар  ғой, 
Домбауыл  мерген    шыдамсыздық  қылды.  Көзі  жәудіреп,  емшегі  бұлтиып, 
қасында  қыз  жатқан  соң,    зорлық  қылды.  Алмалы-Көріктінің  балдағы  шарт  
етіп сынып кетті. 

Бұл  жұмыс  үшін  маған  өкпелеме!  «Өзі  буаз,  өзі  қыз-  ораздыға  кез 
болады!»- деген екен.  «Бағымды сынайын!»- деп едім. Бақытты екенмін!- деп 
қуанды.  Мезгіл  уақыты  да  таянып  қалған  екен,  Алмалы-Көрікті  ер  ұл  бала  
тапты,  сұлулығы    шешесінен  де    асып  туды.    Бір  қолы  жұмық    туды,  уысы 
тола  қан  екен.  Пайғамбар  тарихынан  бес  жүз  елу  тоғызыншы  жылда,  
қазақша  доңыз  жылында  Моғылстанда    жарық  жалған    дүниенің    жүзіне 
келді. 
-Мұны  тапқан  шешесі  өтірік  емес,  шын  қыз  болып  шықты.    Бұлтарма, 
жалтармасы жоқ, еркек көрмей, тапқандығына біз куә болып, ақ мылтықтың,  
міне,  аузын  жаладық!-  деп.  Қалмақ  анты  ақ  мылтықтың  аузын  жаласады 
екен.  Шабасоқыр  түрікпен  мен  Домбауыл  мерген  баланың  атын  «Шынқыз» 
қойды. 
Бала  жасында  не  деп  атаса,  сонымен  атанып  кетеді  ғой:  «Шынқыз» 
атанып кетті. 

 Енді  қаңғып    далада  жүрмейік!-  деп,  еліне  келді.  Бала  қыздан  қылықты 
болып,  ұлдан  құлықты  болып,    бөтен  жат  бала  болып  өсті.  Мергенге  
басыбайлы қатын болған соң,  алты айда  бір бала, алты айда  бір бала таба 
берді.  Бұлардың  аты:  Бөденетай,  Бүргелтай,  Жөргемтай  болды.  Ойнауға 
жарап, ойын баласы болғанда, ана үшеуі бірыңғай ойнайды, Шынқыз өзі жапа-
жалғыз  жүріп,  бірыңғай  ойнайды.  Сонда  Алмалы  –Көрікті  айтып  отырады 
дейді: 
-  Бұланға  ерген    таза  жерге  аунап  ойнайды,      Доңызға  ерген    балшыққа 
аунап ойнайды!- дейді екен.  
  Шынқыз оннан  асқан  шағында бұл елдің    бұрынғы патша  болып  тұрған 
патшалары  өлді.  Жұрт  патша  қоюға   жақсы кісіні  таба  алмайды:  «Бала  да 
болса, сол Шынқызды патша қоялық!- деп, патша қылады,- Өл деген жеріңде 
өлеміз!  Қал  деген  жеріңде    қаламыз!»-  десіп,  ақ  мылтықтың  аузын 
жаласты.Бұл Шынқыз патша болып, әділ болды, зорлық-зомбылық жоқ болды,  
ұрлық,  өтірік  жоқ  болды.  Жұртқа  бұл  жағымды,  сүйкімді  болды.     
Бөденетай,  Бүргелтай,  Жөргемтайлар-  ұялас  туған  күшіктер,  ұяластығын 
қылып,  шабаланып, шәуілдеп үріп,  мазасын ала бастады:  

94 
-  Бұ  –атасы  жоқ  бала.  Мұны  патша  қылмаймыз!  Біздің  атамыз  бар. 
Біздің бірімізді патша қылыңдар!- деп, ұрыс-қағыс, төбелесуге айналды. 
Сонан соң Шынқыз: 
- Мен жалғыз едім де, бұлар үшеу-төртеу.  Мына көп ел  және бұлардың 
қандасы. Қой, бір күн ұйықтап жатқанымда жазым қылар!- деп,  қашпақшы 
болып, шешесінің қасына  келді. Айтты: 
-  Ай,  шешем,  кетемін  қашып.  Мына  үш  жаман  балаң  мені  өлтіретұғын 
болды!- деді. Шешесі сұрады: 
-  Енді,  балам,  қайда  барасың?    Барған  жеріңді  маған    айтып  кет.    Мен 
сенің өлі- тірі  хабарыңды қайдан  білемін?!- деді.  
  Шынқыз айтты: 

 
Қайда барайын? Ұзыннан ұзақ ағып жатқан  судың  басына барып,  
атамның  ел-жұртының  тұсына  барып,  сонда  жатамын.  Атам  судың  ар 
жағында  болса,  судан  өтсем,  өтермін.  Өте  алмасам,  судың  бір  жағында 
жатармын.  Ай,  шешекем,  менің  өлі-тірі  хабарымды  мен    білдірермін.  Саған 
осы  ұзын  ағып  келген  судан  құстың  жүнін  салып  тұрармын.  Құстың  жүні 
өтіп  тұрар.  Өтіп  тұрса,  менің  тірі  болғаным.  Құстың  жүні  ағып  өтпесе,  
менің  онда  өлгенім-  дағы!-  деп,  уәде  қылды  да,-  Аман  бол,  шеше!-  деп,  кетіп 
қалды. 
Сол  кеткеннен  мол  кетіп,  суды  өрлей-өрлей  барып,  атасының  елінің 
тұсына  келіп,  судан  өте    алмай,    бер  жақта  жатып  қалды.    Аң  атып,  құс 
атып, аң терісінен үй қылып алды.  Құстың жүнін  таудай қылып үйіп қойды.  
Желмен ұшып, бұрқырап, суға түсіп жатады, шешесі тірілігін біліп  тұрды. 
Шынқыз кеткен соң, ел патшасыз болды.  «Кімді патша  қыламыз?»- деп, 
дағдарды. «Осы қатынның баласы жақсы болушы еді»,- деп, Бүргелтай деген 
баласын патшалыққа сайлады. Оны жаратпай, Бөденетайды қойды.  О да сол 
болды,  ұры-қары  көп  болды.  Бұлардың  тілін:  «Мынау  хан  екен-ау,  тірі  жан 
екен-ау!»-деп,  адам  алмады.  Өздерін  кісі    санына  санамады,  жұрт      жұрт  
болудан қалды. Жұрт болып бір жерге жиылып, кеңес құрды: 
-  Біздің  патшамыз  әділ  болмады,  жаман  болды.  Ол    жұртты    тұтып 
тұра алмады.  Шынқыз хан патшамыз тұрған уақытта  жұртымызда ұрлық, 
өтірік,  өсек,    зорлық,  зомбылық  жоқ  еді.  Еліміз  тоқ,  қайғы-уайым  жоқ,  мал-
басымыз бәрі көп еді, қазір азды, азайды. Еліміз азайып, азып таусылатұғын 
болды.    Мына  көк  жамандар  патша  бола  алмас.    Со    Шынқызды  іздеп 
табайық,- деп ақылдасты. 
- Мұны қайдан табамыз? Қайда  кеткенін кім біледі? 
- Оны бір білсе, шешесі біледі, онан сұралық! 
  Жұрты жиылып, со шешесінікіне келді, айтты: 
-  Шынқыздың  қайда  кеткенін  білемісің?-  деді.-  Мына  жаман  балаларың  
патша бола алмады.  Жұртты  бүтін тұтып тұра алмады. Шынқызды іздейік 
десек,  біз қайда екенін  білмейміз. Сіз соны білсеңіз, айтыңыз, сіз білерсіз! 
  Шешесі айтты:  -  Мен  айтайын.  Барсаң-дағы  ,  тауып  алсаң-дағы,  
мұнда келмес. Келсе, түзу жөн сілтейін! Осы ұзын аққан  Ертісті өрлеп жүре 

95 
беріңдер!  Осы  судың    бойында  Шынқыз  бар.  Табарсыңдар,    барып, 
жалынсаңдар, келер!  Жаман сөз айтпаңдар. Көптен кісі  көрген жоқ, шошып 
кетпесін! 
- Жарайды!- деп,  жиырма бес  азамат,- бәрі жақсы кісі, іздеп кетті.  Бір 
күндерде  Шынқыз    жатқан  жеріне  келіп  жетті.  Аң  терісінен  қылған  үйін 
көрді. Таудай қылып үйіп тастаған құстың жүнін көрді.  Орнатып қойған ат  
байлайтұғын діңгегін көрді: 
-  Шынқыз  осында  екен!-деді,-    Өзі  жоқ  екен,  аң  аулағалы кеткенін  білді.- 
Бізді  көрсе,  қашып  кетер.  Аттарымызды  жасырып,  өзіміз    құстың  жүнінің  
арасына кіріп, жасырынып жаталық!- деп, жатты.  
  Бір  заманда Шынқыз келді. Діңгекке: 
-  Хан  келді,  хан  келді!-  деді  өзі.-  Ханның  атын  ұстаңыз!-  деді.  Аттан 
түсті. – Ханның атын байла!- деді өзі. Өзі байлады. Аты- Керкудан  деген аң 
екен, мүйізді болады екен.  Үйіне қарай жөнелді: 
- Ханға есік ашыңыз!- деді өзі.  
  Өзі есікті ашып үйге кірді.  
– Төр алдына ханға  төсеніш төсеңдер!- деді өзі.  Тағы өзі төсеніш төсеп 
отырды. 

 
Ханға  ас  ап  келіп,  алдына  қойыңдар!-  деді  өзі.  Өзі  даярлап,  түрлі 
тамақты алдына қойды. Өзіне- өзі:  «Алыңыз, тақсырлап» отырып,  ас жеді.              
–  Ханға  төсек  салыңдар!-  деді  өзі.    Өзі  төсек  салып  жатты.  Жатып  қалған 
жерінде жиырма төрт кісі: «Ұстап аламыз!»- деп,  келіп бас салды. Жиырма 
төрт кісінің бірін олай лақтырды, бірін былай лақтырды. 
Кісілер айтты: 
-  А,  тақсыр  хан,  «құлдық  қыламыз!»-  деп,  жалынып  –жалпайып  келдік! 
Шешең  жіберді.  Сіз  кеткен  соң,    ел  ел  болудан,  жұрт  жұрт  болудан    қалды.  
Кейінгі  інілерің  ер  жеткен  болды,  ер  жеткені  құрысын,    кер  кеткен  болды.  
Ашуыңызды  басыңыз,  райдан  қайтыңыз!  Жүріңіз,  патша  болып,  орныңызға  
тұрыңыз!- деген соң,  бұларға еріп жүрді.  
  Еліне алып келді: 
-  Бұрынғы орнына хан қыламыз!- дегенде,  соңғы байдан туған үш інісі: 
- Мұны патша қылмаймыз! Бұл кетсін, кетпесе, мұны өлтіреміз!- деді. 
  Сонан соң жұрт жиылып, кеңес құрды: 
-  Мұны  қайтеміз.  Мұны  патша  қылсақ:  «Өлтіреміз!»-  дейді.    Өздерін 
патша  қылсақ,  жұртты  тұтып  тұра  алмайды.  Мұның  қайсысын  патша 
қылса да, шешесі білсін!- деді.  Шешесіне үшеуін жіберді: 
- Төрт баласының қайсысын патша қылса, біз соған разымыз!- деді. 
  Төрт  баласы  шешесіне  келді,  бірісі:  «Мен  боламын!»-  деді.    Төртеуі 
таласып келді.  Төрт баласына шешесі айтады: 
-  Бәрің  де  менің  баламсың!-  деді.  –Сендер  таласпаңдар!  Мен  төртеуіңді 
әділ    сарағат  (шариғат)  қылайын!  Мына    сағымға  садағыңды  іл!  Сағым  
қайсыңның садақтарыңды көтерсе,  соның патша бол! 
  Төртеуі  апарып  сағымға    садақтарын  ілді.    Үшеуінің  садақтары  жерге 

96 
түсіп кетті. Шынқыздың  садағын көтеріп тұрды сағым. Астынан тіреу жоқ, 
үстінен  байлау  жоқ.  Со  жерде  қатын    сол  жұрттың  бәрін  жиып  алып:- 
Мынаны көріңдер!- деді.- Бұл бала Алланың  әмірімен  бала болған. Мұның, сол 
Алланың    әмірімен  сағым  садағын  көтеріп  тұр.  Мұны  патша  қылыңыз!  Анау 
үшеуі зорлық қылса, оның үшеуін де өлтіріп, қарашығын батырыңдар! Жұрт, 
сендер көпсіңдер ғой, зорлық қылдыртпаңдар!- деді. 
  Сол  жерде  Шынқыз  хан  болып,  «Шыңғыз  хан»  атанды.    Бара-бара: 
«Сағымнан пайда болған, садағын сағымға ілген Шыңғыс хан!» аталды. Қашып 
кеткені  он  үш  жасында  еді.  Жиырма  жеті  жасында,  барыс  жылы,  таққа 
отырды.  Күн асқан сайын дөкейленді: «Хандардың ханы» болды.  Бір заманда 
Құдайдың бір бөлек жаратқан жаны болды.  Өзі бір жақсы қатын алды. Үш 
ұл,  бір  қыз  тапты.    Сол  патша  болып  тұрғанда,  тамам  патшадан  артық 
болды.  Ешбір  жауға  алдырмады,    жұртына  қайғы  салдырмады.  Сонан  соң: 
«Сондай бір жақсы патша бар!»- деп, Рұм шаһардың кісісі келіп: «Бір баласын 
бізге  бер!-  деп,  сұрап  келді,  -  оны  біз  патша  қыламыз!»-  деп.  Рұм  шаһарына 
берді бір баласын. Қырым шаһарынан кісі  келді: «Шыңғысханның бір баласын 
біз патша қыламыз!»- деп. Ол бір баласын алды. Патшалыққа халифа жұрты 
келді: «Бір баласын біз де  патша қыламыз!»-деп, оған бір баласын берді.  Онан 
соң: «Сол Шыңғыстың  бір баласын біз де аламыз!»- деп, Орыстан келді.  Оған 
ұл баласы қалмаған соң, «Ақбибі»- деген қызын берді. Оны: «Патша қыламыз!» 
- деп, Орыс алып кетті. 
Бұл  Шыңғыс  хан  ақылды,  данышпан,  терең  ойлы  адам  болды.      Қанша 
жұртты  қырып,  қиратып  алып  жүргенде,  ешкімнің  дініне  қарсылығы 
болмаған. Бұхарай-Шәріфке барып,  дін жайын сұраған:- Құдайдың  бірлігіне, 
барлығына, күштілігіне өзім әбден сенулімін!- деген. 
Намаз,  ораза,  зекетке    қарсылық  айтпаған.  Жалғыз-ақ:  «Қағба  тасы»- 
деген сөзге: 
-  Өзі  осындай  айдай  әлемді  жаратқан  Құдай    болады  да,  бір-ақ  үйден 
табылады деген сөз ғақылға  сыймайды!- деген» 
  Қазақтың  ортасында  сақталған  аңызда  айтылатын  «Домбауыл  деген 
мерген,  Шабасоқыр  деген  түрікпен  қарауылшысы  мен  екеуі  аң  аулап,    елсіз, 
күнсіз  су  бойын  жағалап  жүр  екен»  деген  тұлғалар  -бұлар    түркі-моңғол 
халықтарына ортақ әфсаналық  кейіпкерлер, аңызда түркімен атының аталуы да 
оның  көне  (прото)  оғыздық  тамырына  байланысты  болса  керек.  «Моңғолдың 
құпия  шежіресінде»  Дува  соқыр  мен  қазақ  шежіресіндегі  Шаба  соқыр  бір 
аңыздық тұлға: «Торголжынның екі ұлы болды-Дува-сокыр мен Добун-мерген. 
Дува-соқыр,  қақ  маңдайында  жалғыз  көзі  бар,      сонысымен  үш  көш 
жердегіні  көретін.  Бірде  Дува-соқыр  інісі  Добун-мергенмен  Бұрқан-Халдун 
тауына  шықты.  Тау  басынанан  қарап  еді,  Дува  –соқыр  Түңкелек-бұлаққа  бір 
елдің  жақындап  қалғанын  көрді  және  «Анау  көшіп  келе  жатқан  елдің 
арасында,  күйменің  алдында  бір  ғажап  қыз  отыр.  Егер  ол  күйеуге  шықпаған 
болса, оны біз саған айттырамыз» деді інісі Добын-мергенге...» (113, с.8). 
  Моңғол 
шежіресінде  Шыңғыс  әулетінің  неге  «қият»  атанғаны 

97 
түсіндірілмейді,  ал  қазақ    аңызына  қарасақ  -«Қия  ат!»-  дегендігінен,  «Қият»- 
атанып кетіп,  мұның үрім-бұтағы өсіп-өніп, көп ел болды...». Біздің ойымызша 
көне  жырларда,  ортағасырлық  тарихи  жазбаларда  Домбауылдың    ұрпағы 
аталатын  Қият  деген  ел  байырғы  заман  жазбаларындағы    хион,  хон  т.б.  Бұл 
тайпа  белгілі  дәрежеде  Орта  Азиядағы  эфталит  үстемдігі  кезеңімен  де 
байланысты. 
   «Садағын  сағымға  ілу»-бұл  ұғым  билік  жүргізетін  әулеттің  ерекше 
қасиеттілігінің  белгісі  ретінде  (харизма)  қазақ  эпикалық  жырлары  мен 
аңыздарында жиі қолданылады. 
  Боржыгын аталатын бұл атаның шежіресі Бөрте Чинодан бастап Жошы ханға дейін 
жиырма үш ұрпақ болады. Егер біз әр атаға жиырма бес жас беріп санайтын болсақ, Бөрте 
Чино  мен Жошы хан аралығында бес жүз жылдай ғана уақыт өткен болдып шығады. Бұл 
қарапайым  есеппен  алғанда  біздің  жыл  санауымыздың  УІ-УІІ  ғасырлары  болмақ,  яғни 
Түркі  қағанатының  өмірге  келген  дәуірі.  Осыған  қарап  боржігін  шежіресі  Түрік 
қағанаттарының дәуірінде қайта бір електен өтті деп пайымдауымызға болады, ал Бөрте 
Чино сияқты аңыздық тұлғаның тарихы тым ерте дәуірлерге жалғасып кеткен  Бөрте Чино 
және Гао Марал есімдеріне қатысты тотемдік түсініктерден белгілі. Оған бір себеп моңғол 
ғалымдары жиі жазатын Бөрте Чиноның Қият тайпасынан шығатын тегі. 
  Қарақорым атауын Торғай өзені бойынан сонау Орхон өзені бойындағы Орталық 
Азия даласына алып барған кім ? Бұл қай заманда болған оқиға  ? Қият деген ел қай ел, ол 
қай  заманда  қазақ  жерін  мекендеді  ?  Ұлытауда  зәулім  дыңы  тұрған,  Орхон  бойында 
аңыздың кейіпкері болып жүрген Домбауыл кім ? 
  Осы сияқты сұрақтарға жауап таппайынша біз қазақ тарихы толық жазылып бітті 
деп айта алмаймыз. 
   
   
 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал