Жамбыл Омари



жүктеу 5.01 Kb.

бет7/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

6.Найман мемлекеті және билік қызметі 
   
         Азаулы елінің ағасы Доспамбет жырау  «Кетбұғадай билерден, Кеңес сұрар күн 
қайда  ?»  дегенде  қандай  мәселені  нұсқап  тұр    ?  Доспамбет  жанына  өзіне  туыс  болып 
келетін жүз шақты жігітін ертіп шекаралық аймақта сауда керуендерін тоқтатып қойып, 
тонап, немесе момын елдің барымталап малын ала қашып жүрген батыр емес, Доспамбет 
бірер атаға билігі жүргенге мәз болып отырған би де емес, ол тұтас бір аймақтың басшысы. 
Ендеше  Доспамбет  Кетбұқадан  өзі  басқарған  мемлекеттің  басқару  жүйесі,  сыртқы 

72 
елдермен саясаты туралы кеңес сұрамақ десек шындыққа жарасады емес пе ?! Доспамбет 
жырау  сөзі  Кетбұқаның  мемлекет  қызметіндегі  аталық  болғанын  дәлелдейді  лдеген 
пікірдеміз.  Әрине,  Шығыс  деректерінде,  Қазақ  шежірелерінде  Кетбұқаның  аты  Жошы 
өлімімен  байланыстырылып, оның образы  не дәулескер күйші, не ұлығ жыршы  түрінде 
көрінес береді.  Бңрақ естеріңізде болса орта ғасырлық анонимдік шығарма «Шаджарат-
ал-атрак» Жошы ханның өлімін маңайындағы уәзірлерінің Шыңғыс ханға батып жеткізе 
алмағандығы туралы баяндайды. Шыңғыс хан алдына баратын адам мемлекет қызметіне 
тікелей араласқан, қағанға етене жақын, ел мүддесін ойлаған адам болуы заңды. 
  Мемлекет басқару тәжірибесі оңайшылықпен келмейді. Мемлекет пайда болуының 
басты  шарты  -жер  иеліктері.  Рашид-ад-дин  наймандардың  Шыңғыс  ханға  дейінгі 
қоныстанған жерінің шекарасын былай белгілейлі: «Найманның бір бөлегі биік тауларда 
жайласа, екінші бөлегі жазықты жерді мекендеді. Жоғарыда айтылғандай негізгі жері -
Алтай таулары, Қарақорым, Элуй (Алай)  -Сирас және Көк Ертіс, Моғолстанға дейінгі 
аймақ деп атайды. Патшасының жайлайтын жазғы жайлауы Талақ деген жер. Осы 
тұста Джаджиз-наур деген алаңқайда ордасы тұрады десе,  қысқы қонысы Адари-Эбке, 
Бакрас-олум, Ачирик -наур таулары, Ала-Етрин өзенінің бойы». Найман елінің қонысы 
Ертістің жоғарғы жағында қырғызбен шекаралас аймақ жатыр, екі арада жаугершіліктің 
көп болуы осы себепті дейді тарихшы. Рашид-ад-дин наймандардың Ертістен Енисейге 
дейінгі өлкеде қырғызға бірнеше соққы бергенін де сипаттап жазады, яғни жер мәселесі 
наймандар қашанда ауыр және өзекті болған.  
  Найманның  шекаралас  елінің  бірі  Он  ханның  елі,  яғни  керейлер  еді,  сол  себепті 
керей  мен  найман  арасында    бітейтін,  өшпейтін  жаугершілік  жүріп  жатты.    Найман 
жерімен  шекаралас  көрші  үшінші  ел-  ұйғырлар  екені  жоғарыда  айтылды.  Қырғыздың 
жабайы  тайпалары    840  жылдары  Ұйғыр  қағанатын  талқандағаннан  кейін  олардың 
көпшілігі  бір  жағы  Ертісті  бойлап  кетсе,  екіншілері  Шығыс  Түркістан  аймағына  бет 
бұрды, сонымен бірге Орталық Азия үстіртінде қалғандары да аз емес еді. Олардың ішінен 
Найманның хан ордасына  қызмет еткен Тата Тунга сияқты сауаттты азаматтары  да аз 
емес еді. 
  Қарап  отырсаң  бүкіл  өмірі  көршілерімен  жаугершілікте  өткен,  негізгі  халқы 
көшпелілікке  бейім  найман  елінің  мемлекет  құруы  оңай  болмаған.  Бірақ  бізге  белгілі 
деректер наймандардың заманында өте күшті мемлекет құрғанын айғақтайды. Рашид-ад-
дин  «Эти  племена  найманов  и  их  государи  были  уважаемыми  и  сильными,  они  имели 
болтьшое и  хорошее войско,  их  обычаи и привычки  были подобны  монгольским» дейді 
(с.137). 
  С.Е.Малов  құрастырған  түркі  жазба  ескерткіштерінің  жинағы  ішінде  Абақан 
өзенінің бойынан  Ачура деген жерден  табылған  Орхон жазуымен жазылған құлпытас 
бар. Ол жазудың мазмұны бір ғана Найман еліннің тарихын суреттейді.: 
Ег өгесі Инанч -білге (Бұқа хан), 
Оғлы аты Куч -Оре оғлан. 
Ер атыңыз Оре бек, 
Еліңіз учун қызғану... 
Ағыға тегміш су теңі, 
Еті бің оғлан ерті (65, с.48-49 ). 

73 
   
  Найман  мемлекетінің  хандары  мұрагерлік  жолмен  сайланды.  Белгілі  тайпа 
билеушілері, батыр, қолбасшылары хан кеңесінің құрамына кірді. Хан ұлыс жасағының 
бас қолбасшысы болды. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықтары хатқа түсіріліп, 
оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылған. Деректерге қарағанда найман 
патшаларын  ертеде  Күшліқ  хан,  Бұйрық  хан  деп  аранайы  титулдармен  атаған.  Осыған 
қарағанда әуел бастан найманда екілік, яғни  дуальді одақ есебінде өмір сүрудің бір тәртібі 
болған.    Бұл  тәртіп  Орталық  Азияда  мемлекет  құрған  көптеген  халықтардың  саяси 
жүйесінде бар нәрсе, ол шамасы көшпелі елдердің   батыс және шығыс болып бөлінетін 
екілік этноқұрылымымен байланысты.   
  Тарихи  анықтамаларға  қарағанда  «Күшлік»  атауы  -өте  күшті  және  ұлы  дегенді 
білдіреді. Рашид-ад-дин бұл титулдың басқа да мағыналары бар дейді: «Значение слова 
кушлук-хан-сильный и великий государь. Говорят, что была и другая прничина названия 
кушлук.  Некий  государь  этого  племени  повелевал  джинами  и  людьми,  имея  над  ними 
такое могущество, что доил молоко у джинов, делал из него кислое молоко, дуг (айран), 
кумыс и кушал. После того, эмиры сказали: «Грех это !» и царь оставил это дело. Это в 
виде легендарного рассказа». Осы сияқты ертегіге бергісіз әңгімелер қазақ ортасында күні 
кешеге дейін айтылып келді.... 
  «Бұйрық» сөзін тарихшылар сол қалпында түсіндіреді, яғни орындауды талап ету, 
бұйыру мағынасында. Орысша «дающий приказ» делінеді. Сонымен бірге Рашид-ад-дин 
найман  басшыларының  өздерінің  әке-шашелері  азан  шақырып  қойған    шын  аттары  да 
болғанын айтады.  
  Найман мемлекетінде орда, яғни патша резиденциясы болғанын, кеңсе жұмысының 
жүргенін біз Тата Тунгаға қатысты мәліметтерден анықтаймыз. Енді сөздің кезегін «Құпия 
шежіреге» берейік. «Шыңғыс хан Алтай өлкесінде Найманның еліне ойран салып тұп-
тұтас  бодан  етті,-  деп  басталады  бұл  әңгіме.    Сол  шапқыншылықта  Таян  ханның 
ордасынан бір адам сай-сайды қуып, бой тасалап қашады. Хасар оны тірі ұстап әкел 
деген соң Бат деген жауынгер қуып жетіп, тірідей ұстап әкелді. Хасар байқаса жаңағы 
адамның қойнында мөр (таңба) бар екен. 
  Мөр сияқты кеңсе затын өмірінде көрмеген Хасар: 
-Сендердің  тайпалдарыңның  бәрі  бізге  қарағанда,  сен  мынаны  қойныңа  тығып 
қайда алып бармақсың,-дейді.  
  Жау  шауып  жатқан  уақытта,  орда  сыртындағы  өзекте  бой  жасырып  кетіп 
бара  жатқан  адам  Найман  мемлекетінің  кеңсе  қызметін  басқаратын,  хатшы  Тата-
Тунга еді. Ол Хасарға: 
-Мен  шыбын  жаным  шыққанша  бұйрықты  орындауға  тиіспін.  Мына  мөрді 
бұрыңғы иесіне табыс етемін деп едім. Бақытсыздықтан ұсталдым,-дейді. 
Хасар  кеңсе  қызметі  деген  хабары  жоқ,    мәселен  әлі  де  түсіне  қоймай,  Тата-
Тунгадан: 
-Өзің қай русың ? Қандай мансабың бар ?-деді. 
Тата-Тунга:  
-Менің ата-тегім ұйғыр еді. Есімім-Тата-Тунга. Менің қожайыным бұл мөрді маған 
өткеріп, азық-түлік жинау және оны жұмсау ісін маған міндеттеген еді,-дейді. 

74 
Хасардың; 
-Бұл мөрді неменеге керектенушң еді,-дегеніне Тата-Тунга: 
-Абзал адамды сайлап жарлық, әмір шығару тәрізді әртүрлі іске керектенеді,-дейді. 
Оның жауабын енді түсіне бастаған Хасар: 
-Нақ адал адам екен, -деп, Темучинге таныстырыпты. 
Темучин де істің қанығына жеткен соң Тата-Тунганы хатшылық қызметке қойып, 
хат-қағаз жүргізгенде қолдану үшін әлгі мөрді өзіне қайтарып береді» (77, 59 б. ). 
  Кейіннен Темучин Тата-Тунгаға қамқорлық етуді Хасарға тапсырып, оны мұғаклім 
тұтып, заң-жоралғы, әскери саясат, алым-салық жиану шаруасына басшы қылып қойды. 
Сонымен  қатар  Тата-Тунга  Хасардан  бастап  Шыңғыс  ханның  өз  балалары  мен 
жанындағы  көмекшілерінің  балаларын  оқыта  бастады.  Тата-Тунга  мектебін  бірінші  
аяқтап шыққан шәкірт Хасардың өзі болды. Белгілі ғалым Зардыхан Қинаятұлы «Қазақ 
мемлекеті және Жошы хан» кітабында «Қалай дегенмен Жошы 1204 жылы өз ордасында 
ашылған Тататунга мектебінде дәріс алғаны сөзсіз. Бірақ ол Жошының жасы жиырма 
беске  жетіп  ысылған  қолбасшы  болып  толысқан  тұсы  болатын»  дейді  (58,  55  б.). 
Моңғол басшылары өздерінің мемлекет құру саясатын осы Тата-Тунганың ақыл-кеңесімен 
жүргізді.  
       Сонымен  Шыңғыс  хан    әулетінің  білімге  бет  бұруы,  кеңсе  шаруасының  қолға 
алуы т.б. шаруалар 1204 жылы Найманның бас бітікшісі,  әрі хатшысы  Тата-Тунга қолға 
түскеннен басталады. Бұл туралы Юань Ши (Юань әулетінің тарихы) жылнамасында : 
«Шыңғыс хан 1204 жылы найман бітікшісі Тататунганы орда бітікшісі етіп тағайындап, 
хан    балалалырн  Ойғыр  әліпбиімен  моңғол  тіңлінде  жазу  үйрете  бастады»деп  жазба 
қалдырған.   Әлкей  Марғұланның пікірінше «Ғалымдардың анықтауынша моңғолдардың 
мәдениетіне зор әсер еткен найман мен керейлер. Олар көп уақыттан бері үкімет жасап, 
саяси тұрмысы мен мәдениетіне ойғыр жазуын жақысылап пайдаланған соң, оны көрші 
елдерге де таратты» (69, 100 б.). 
  Наймандардың  ежелгі  ұйғыр  жазуын  қолданғаны  туралы  деректер  аз  емес. 
Наймандардың түрік тілімен жазылған есукерткіштері Гоби шөліне таяу тұратын «Қара 
Хото» қаласын қазғанда табылған. Найман таңбалары екі түрлі, бірі -ергенек н, ергенек 
қамалының қақпасы,  екіншісі бақан таңба ү.  
  Найман  тілі  Шыңғыс  ордасында  ресми  кеңсе  және  әкімшілік  тілі  есебінде 
қолданылғаны  туралы  Рашид-ад-диннің  жазбаларынан  аңғаруға  болады.  Ол  баяут 
тайпасынан шыққан Унгуз деген әмір туралы сөз қозғай келе ханның дастарханына жауап 
беретін «бауыршы» және ханның алдында  тамақтан ауыз тиетін «бақауыл» қызметтеріне 
сипаттама жасайды. Осы аталған Унгуз бақауыл қызметін атқарған екен және Унгуз-қысат 
деген  атақ  алған:  «оны  Унгуз-қысат  деп  атады,  себебі  найман  тілінде  бақауылды 
«қысат» деп атайды» дейді  ұлы тарихшы (100, т.1,кн.1,с.176). 
  Найман  патшаларын  жеңу,  найман  елін  бағындыру  тайпалық  қауымдастық 
деңгейінде  жүрген  моңғолдарды  мемлекеттік  билік  дәрежесіне  көтерді.  Бұл  мәселе 
Шыңғыс  хан  туралы  жазылған  шығыс  тарихшыларының  еңбектерінде  арнайы  атап 
көрсетіледі.    Рашид  -ад-дин  өзінің  атақты  «Жами  ат  -тауарихында»  «Бартан  батырдың   
ұлы Есугей  баһадүр туралы баян»  деген тарауында «Есугейдің үлкен ұлы және бәрінен де 
жақсысы  Темучин,  елу  жасында  найман  елінің  патшасын  өлтіргеннен  кейін  билеуші 

75 
атанып, оған Шыңғыс хан атағы берілді» дейді (100, т.1,кн.2, с.51).  
  Бұл  жерде  Шыңғыс  ханның  билеуші  атағына  тек  Найманның  Таян  ханын 
өлтіргеннен кейін ғана қолы жеткені айтылады. Мәселе уақыт мерзімінде де емес, мәселе 
Орталық Азия үстіртіндегі тайпалардың ішінде белгілі бір иерархия бар екендігінде және 
олардың  ішінде  біреуінде  ғана  патшалық  атақтың  болатындығында.  Тата-Тунганың 
әңгімесіне қарап және Рашид-ад-диннің ескертпесін ескере отырып Найман мемлекетінің 
деңгейі сол кезеңде патшалық жағдайында болды  деп есептеуге болады. 
  Тағы  бір  ескеретін  мәселе.  Рашид-ад-диннің  жоғарыда  айтылған  пікірін  ескере 
отырып Темучиннің Таян ханға дейінгі соғыстарын шын мәніндегі үлкен соғыстар емес, 
тайпалардың  арасындағы  қақтығыстар  деуге  келеді.  Осы  себептен  сол  заманның 
тарихшылары Темучиннің  Найманмен соғысын «ұлы соғыс» деп  атайды.  Бұл соғыстың 
мәні туралы әңгіме  Темучиннің інісі Жошы-Қасарға қатысты да айтылады: «Есугейдің 
екінші ұлы – Жошы -Қасар. «Қасар» деген атау оның жасынан өте күшті және қайтпас 
мінезді болғаны үшін берілген. Айтушылар Жошы -Қасардың иығы кең және кеуделі, ал 
белінің жіңішке болғаны сондай, ол бір жағымен ұйықтап жатқанда бүйірінің астынан  
ит жорғалап өтіп кетуші еді дейді. Күштілі сондай адамды екі қолымен ұстап  шидан 
жасалған ағаш оқты сындырғандай екі бүктей салушы еді дейді. Сол кезде омыртқасы 
сынады  да  адам  өледі.  Жошы  -Қасар  өз  өмірін  көбінесе  ағасы  Шыңғыс  ханмен  бірге 
өткізді.  Бірақ  Он  ханмен  соғыс  кезінде  ол  Шыңғыстан  бөлектеу  қалды,  басқа  да 
жағдайлар  болды,  оның  адалдығына  күмән  келтіретіндейй.  Дегенмен  найманның 
патшасы  Таян  ханмен  болған  ұлы  соғыста  Шыңғыс  хан  Жошы-Қасарға  әскердің 
ортасын  басқаруды  жүктеді.  Жошы  болса  осы  соғыста  тамаша  жігерлілік  және 
сайыпқыран ерлік көрсетті. Осы себептен Шыңғыс хан басқа інілері мен балаларынан 
Жошы-Қасарды  ерекше бөліп жоғарғы атақ берді. Бүгінгі күнге дейін үлкен кеңестерде 
Шыңғыс  ханның  басқа  інілері  мен  немере  ағайындарының  бәрі  Шыңғыс  тұқымымен 
қатар  отыра  алмайды,  тек  Жошы-Қасар  әулеті  ғана  хандар  мен  ханзадалардың 
ортасында жүреді» (100, т.1,кн.2, с.51). 
  -Міне,  қысқарта  суреттесек  Шыңғыс  ханның  империя  құрмақ  талабына  саяси 
тұрғыдан  үлгі  болған  Найман  мемлекетінің  саяси  құндылықтары  мен  құрылымының 
жалпы сипаты осындай.   
 
 
7. Айсаның діні 
   
  ХІІ  ғасырдың  соңы  -ХІІІ  ғасырдың  басындағы  Орталық  Азиядағы  ахуал  туралы 
қазақ  тіліндегі    тарихи  әдебиетте  «Кетбұқаның  бүкіл  саналы  ғұмыры  халықты 
қансыратқан    сұм  заманда»  өтті  деген  пікір  үстем.  Бұл  шындыққа  жанаса 
қоймайтын пікір екенін ашық айту керек. Себебі қай заман болмасын соғыссыз, 
жаугершіліксіз  болмайды,  бірақ  олардың  бейбіт  уақытпен  салыстырғанда 
мөлшері  аз.  Мысалы  ХУІІІ  ғасырдағы  қазақ  тіршілігін  де  тек  «Елім-айлап» 
жылап өтті детін түсінік бар, ал шын мәнінде бұл қазақтың бүкіл Еуразиялық 
далаға ие болған, саны да, сапасы да өскен уақыты.  
  Найман туралы деректер оны әуелде Хинганнан Қарпатқа дейін созылып 

76 
жатқан  Ұлы  Даланың  шығыс  алқабындағы  алапат  үлкен  тау  жүйесі  Алтайды 
айнала  ежелден  көшіп  жүрген  елдердің  қатарында  таниды.  Біздің  ойымызша 
наймандар  біздің  жыл  санауымызға  дейінгі  бірнеше  мыңжылдықта  дәуірлеп 
тұрған  Оғыз  қаған  жұртының  быр  сынығы.  Одан  кейін  найман  тағдыры  Сары 
өзеннен  бастап  Орталық  Азияны  түгел  меңгерген,  байтақ  аймақты  жайлаған 
Хунну  (ғұн)  ұлысының,  біздің  жыл  санауымыздың  бастапқы  ғасырларында 
қытай  жазбаларында  «байырғы  киіз  туырлықты»  атанған  қандас  тайпалар 
қауымдастығының  бір  мүшесі.  Әбілғазы  баһадүрдің  жазуынша:  «Наймандар  – 
көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық».  Сонымен бірге бұл 
аңызға  айналған  кезеңдерде  Орталық  Азияның  шүйгін  алқаптарын  жайлаған 
найман    қауымдары  ескі  тәңірішілдік  түсініктердің  панасында  өсіп-өнді  деп 
толық сенімді айтуға болады.  
  Халықтың  руханиятының  іргелі  бөлегін  қамтитын  діни  түсініктер 
революциясы  Орталық  Азияға  Оғыз  қаған  дәуірінде  ене  бастады.  Жоғарыда 
келтірілген  Оғыз  (Уыз)  хан  туралы  қазақ  аңыздарынан  біз  Ұлы  даладағы  ірі 
дүниетанымдық  өзгерістерді  сезезміз.  Шежіре  де  Уыз  ханнан  бастап  Еуразия 
далалық  тұрғындарының    Бір  Тәңіріні  мойындағынан  айғақтайды,  ал  оны 
мойындамағандармен екі арадағы соғыс әлем саяси картасына үлкен өзгерістер 
әкелді. Біздің шежіреде бұл кезең тым қарапайым суреттеледі, бірақ «Қара хан 
мен Оғыз хан арасындағы соғыс» ең алдымен қоғамның бір сапалық деңгейден 
екіншісіне  өткенін  көрсетсе  керек.    Ғұн  дәуірінен  кейін  Еуразия  халықтары 
мидай  араласты.  Алтай  өңірінен  аттанған  жауынгер  тайпалар  Қырым  мен 
Кавказды көктей өтіп Еуропаның ортасына шейін ойып жаулап алды, көпшілігі 
сол  жерлерде  қоныстанып  қалды.    Батыс  әлемі  Рим  империясынан  басқа  да 
дүние  бар  екенін  осы  жолы  сезіне  бастады.    Осы  алапат  революциялық 
өзгерістердің  кезінде  батыс  алқапта,  ерте  заманнан  бері  семит  халықтары  мен 
еуразия  халықтары  бір-бірімен  кездесетін  Таяу  Шығыс  аймағында  жаңа 
дүниетанымдар  өмірге  келе  бастады  және  олар  шығысқа  да  ене  бастады.  Бұл 
өзгерістерге  бастама  болған    Жібек  жолы  және  оның  бойында  пайда  бола 
бастаған сауда факториялары еді. Алдымен біз Еуразиялық құрылықтық керуен 
жолдарының пайда болуына себеп болған оқиғаларды талдап өтелік. 
  Ғылыми  ортада  қазақ  жері  ежелден-ақ  қуатты  металлургия  орталығы 
және сол  дәуірге  тән  транспорттық байланыстар  дамыған ел  болғаны,  адамзат 
өркениетінің  алғашқы  талпыныстарына,  жетістіктеріне  белсенді  қатысқаны 
белгілі.    Біздің  заманымыздан  25  мың  жылдай    бұрын  Орталық  Азия 
тұрғындары    Америка  жерлерін  ашқаны  анық.  Екі  Американы  игеруге  де 
Орталық  Азия  халықтары,  соның  ішінде  қазіргі  түркі-монғол  этностарының 
ата-бабалары  белсенді  қатысқан  деп  болжай  аламыз.  Белгілі  зерттеуші  И.Л. 
Кызласов  өзінің  «Закономерности  Евразийских  степей  с  древности  до  нового 
времени»  деген  мақаласында  «Сібір  кеңістігінде  оңтүстік  өркениетімен 
меридионалдық  байланыс  ертеден  басталған  және  ол  үнемі  болып  түрған 
табиғи байланыстар болды. Оған өзендердің бағыты мен кең дала ықпал етті» -
дейді  (53, с. 8-10 ). 

77 
  Неолит  дәуірінде  меридионалдық  жол  оңтүстік  пен  солтүстіктіктің 
арасындағы  белсенді  сауда  магистраліне  айналды.  Бүл  кезде  Сібір  қымбат  
бағалы    аң  терісін  басқа    елдерге  шығарушы  болды.  Ал    оңтүстіктен  сауда 
керуендері  Шығыстың  түрлі  тәтті  тағамдарын,  қолөнер    бұйымдарын,  сәнді  
әшекейлер мен маталарды т.б. жеткізді. Б.э.д. Ү мыңжылдықтың соңында Батыс 
Сібірдің  түрғындары  өздерінің  байлықтарын  қорғау  ниетімен  ағаш  қабырғалы 
қорғанды бекіністер сала бастады. 
Сол  кезде  Қазақстанның  даласында,  Үлы    меридионалдық  жол  бойында 
неолит   дәуірінің   ірі   мәдени   ошақтарына айналған кремнийлік   индустрия 
орталықтары  -  шағын  қалалар  пайда  бола  бастады.    Осы  уақытта  далада 
алғашқы қорғанды бекіністер, жеке қарауыл   мұналары, ирригациялық  жүйелер 
пайда болды. 
Ұлы  меридионалдық  жол  әсіресе  қола  дәуірінде  дамыды.    Бұл    уақытта 
Ұлы далада өмір сүрген түрғындардың этникалық негізін түрлі саяси одақтарға 
біріккен  арийлік-түркілік  тайпалар  қүрады.  Бұл  тайпалардың  өмір  сүрген 
жерлері  «Арианам-Вайджа»  аталатыны  «Авестада»  көрсетілген.  Ол  жерлер 
қазіргі  зерттеулердің  бірқатарында  Қазақстанның  кең  даласымен    тікелей 
қатысты.      «Авестаның      суреттеулеріне      Шығыс      және      Солтүстік-Шығыс 
Арал    маңының    табиғаты  мен  ауа-райы  сәйкес  келеді”-  дейді  Б.  И.  Вайнберг 
(20, с. 198).  
Ұлы  мериональдық  жолдың    негізгі  үш  стратегиялық  бағытын  атап 
өткеніміз  дұрыс. 
Біріншіден,  Еділ  бойы  мен  Оңтүстік  Орал  маңынан    Бұхараға    қарай 
кететін батыс  бағыты. Бұл  бағыттың көне соқпағы (онымен ХІҮ ғ Ибн Баттута  
саяхаттаған)    Астрахань,  сарай,Сарайшық,  Үргеніш  т.б.  арқылы  өтеді.  ХҮІІІ-
ХІХ ғғ.  Орынбор, Тройцкі (Үй бекінісі) қалаларынан  бастап Мұғалжар, Арал 
Қарақұмы, Сырдарияның  төменгі ағысы арқылы  (Сырдарияның сол  жағында 
50  км    орналасқан  ежелгі    Жанкенттің  қалдықтары  арқылы)  өтетін  бағыттар  
көпке  белгілі  болған.  ХІХ  ғасырда  Орынбордан  Бұхараға  саяхат  жасаған  Е.К 
Мейендорф барлығы 1500 км. жүріп  өткен. Бірақ бұл ең ұзын бағыт болмаған. 
Осы    бағыттың  Петропавловск  (Қызылжар),  Торғай,  Ырғыз  арқылы,  одан  әрі 
Сырдарияның  төменгі  ағысымен  өтетін  Шығыс саласы болған. Бұл бағытты 
әсересе  Батыс  Қазақстан    тайпаларының    жаугершілігі  кездерінде  көпестер  
пайдаланған (75, с. 25-26).  
“Ноғай  жолы”  деп  аталған  Астрахан-Үргеніш  бағыты  орта  ғасырда 
жолаушыларға    арналған    керуен-сарай  т.б.  жағдайлардың    болуымен  
ерекшеленді.  
Екіншіден,  орталық  бағыт.  Бұл  Сібірден  Мауреннахрға  қарай  созылып 
жатыр. Ол Тобыл (Ескер) мен Бұхараны  байланыстырған. Осы  бағыттың  түрлі  
салалары  Солтүстік  және  Орталық  Қазақстанды  басып  Сарыарқа  және  Бетпақ 
даласы  арқылы  өтеді.  Сондықтан  ертеде  бұл    бағытпен  түсті металды,  бағалы 
теріні  артқан, табын-табын жылқыны айдаған керуендер өтетін болған. ХҮІІІ 
ғасырда  бұл    бағытпен    орыс    көпестері  (негізінен  татарлар),  дипломатиялық 

78 
миссиялар, түрлі тыңшылар  жүрген. 
Ежелде бұл жолды қазақ даласынан, одан әрі  Сібірден сауда  серіктестерін 
іздеген  парсы  және  араб  саудагерлері  игерген.  Бұл  Керуен  жолының  ең  толық 
сипатамаларын  қалмақ  –  қарлұқ елдеріне  жол  тартқан  көпестер  жасаған:  «Что 
касается  пути к кимакам, то  из Фараба  (Отырар-Ж.О.) идут  в Янгикент, на 
пути  из Янгикента  в страну  кимаков всречают реку, переправляются  через нее  
и приходят в пески; тюрки называют это место  Уюкман (Жетіқоңыр ?). Дальше   
приходят    к  реке  Сокук  (Сауық-Торғай-Ж.О.);  после  переправы  через  нее 
начинаются солончаки. Дальше  приходят  к горе  Кендир- тагы (Ұлытау-Ж.О.). 
(Путешественник  )  идет    все    по  берегу    той  же    реки,  среди  зелени,травы  и 
деревьев, до истока реки; гора высока. После  этого  поднимаются на гору  по 
узкой  тропинке. От горы  Кендир-тагы  приходят  к  реке  Асус(Есіл ?); по этой 
дороге    в  течение  пяти  дней    на  людей    совсем    не  падает  свет  солнца 
вследствие    тени      деревьев,  до  самого    берега  Асус  вода  в  реке    черная;  она 
течет  с  востока    и  доходит  до  ворот  Табаристана  (Ібір-Сібір  ?).  После    этого  
приходят  к реке Иртыш, где  начинается  страна кимаков. По обеим сторонам  
реки пасутся  дикие  кони; иногда можно  видеть  в одном  месте  тысячу  или  
две  тысячи  их;    они  происходят    от  одичавших    царских  коней;    они  
продолжают размножаться. Этих  лошадей  нельзя поймать  иначе, как  арканом; 
поймав  их,  садятся    на  них  и  укрощают  их;      они  поддаются  укрощению    и 
привыкают   к людям. Иртыш – большая река, так что  если  кто-нибудь  встанет 
на  этом  берегу    реки,  то    с  другого  берега    его  нельзя    узнать  вследствие  
отдаленности    расстояния.  Вода  реки    черная.  Переправившись    через  реку  
Иртыш,  приходят  к шатрам кимаков...»   (15, с. 45).                                                                                                                                                                                                                                     
   Шығыс    жазбаларының  көбінде  көпестер  арасында  түсті    металл  үлкен  
сұранысқа  ие    болғаны  жазылады.  Орталық  Қазақстанның    қазақтары  ХІХ 
ғасырдың    басына      дейін  кезде    өз    жерлерінен  өткен  керуендерге  және  
дипломатиялық  миссияларға мыс ұсынатын болған: “ Близ реки Сарысу нашли 
мы  кочующих  Ченгар-Каракерсецкую  волость,    из  коей  Киргизы  вывозят  на 
тракт  к  проходящим  караванам  выработанный  свинец  в  слитках,  который  они 
достают поблизости гор сих в большом количестве ” (81, с. 29) Бұл  бағыттың  
ең    киын      да  қауіпті  тұсы    Сарысу  өзені  бойымен  өтетіндіктен  (Бетпак  дала 
арқылы),  әдебиеттерде бұл жолды Сарысу жолы деп атайды. Сарысу жолының 
өзі бірнеше тармақтардан тұрады. 
Ұлы    меридионалдық  жолдың  үшінші    бағыты  Шығыс    Қазақстан  мен 
Жетісудың  территориясы  арқылы  өтеді.  Бұл    жағдайда    солтүстіктегі  Ертістің 
орта  ағысы бағыттың соңғы пункті болған /Семей жағы, сонымен бірге біздің 
болжауымызша    Павлодар    облысының    Май  ауданы    жерінде  болған  Қимақ 
қағанатының  орталығы- Калабалғасын/. 
Егер керуендер қимақтардың көне қонысы Қалабалғасыннан жүрсе,  мұнда 
осы  күнге  дейін  Ертістен    өтетін  ескі өткел  бар    екені  белгілі  /Бірауыз/,    олар  
Түндік өзенін бойлап  Қарқаралыға шығатын  болған.  Осыдан  әрі Шу    өзенінің  
орта  ағысына  шығып,  сонда  саудагерлер  әрі  қарай  жүру  бағыттарын  

79 
айқындайды. Ол жерден  Жетісу қалаларына, атап айтқанда көне қала  Таразға, 
не оң  жаққа бұрылып,  Түркістан мен  Ташкентке қарай  жүруге  болады. 
Бұрынғы  кездерде  бұл    бағыттың  мұнан    да  қызық  тармақтары  болған. 
Дешті Қыпшақ  тайпалары орта ғасырларда  уақытты үнемдеп, жол  қысқарту 
үшін  Балқаш көл  арқылы мұз үстімен өткен. Өйтіп олар біраз  уақыт Жетісу  
жерінде  қыстаған. Балқаштың шығыс жағалауы да бұрынғы кезде  сауда  жолы 
есебінде  қолданылған.  Бірақ  сонша  жиі  емес.  Сауда    керуендері  үшін  шығыс 
тармақпен жүру осы  бағытты кесіп өтетін  көптеген  өзендермен  байланысты 
қиынға  соғатын / Іле, Жоңғар, Алатау тауынан бастау алатын өзендер/. 
Біздіңше, аталған бағыттардың ішінде ертеде ең  белгілі болғаны Орталық, 
яғни  Сарысу  бағыты.  Бұл    бағыттың  көне  кездерден  белгілі  болғанын  осы 
бағыттың  кей  тармақтарымен  байланысты    айтылатын    аңыздардан  да  көре  
аламыз.  Мәселен,  Орталық  Қазақстанның  даласында  қасиетті  Талмас  ата  
туралы  аңыз    кең    тараған  (осы  атты  кесененің  қалдығы  Жезқазғаннан  50  км  
қашықтықта орналасқан). Аңызда Талмас ата  құстар пен жануарлардың  тілін  
білген  екен дейді:  Оның үш  әйелі болған. Бәйбешесі – Болған  ана Сарысудың  
жоғары    ағысында  (яғни  Кеңгір  өзені  мен  Сарысу    өзендерінің   қыйылысатын  
жері), екінші  әйелі, тоқалы – Белең ана Сарысудың төменгі ағысында (Телікөл-
Таты    маңында),  ал  кіші  әйелі  Ақбикеш  Қаратаудың  етегінде  (яғни 
Қазақстанның  оңтүстігіндегі көне Созақ  қаласына  жақын) тұрыпты.  
Қасиетті    Талмастың  таңертең  кіші  тоқалы  Ақбикештен  шығып,  түсте 
ортаншы  тоқалында  түстеніп,  кешке  бәйбішесіне  келіп  қонатын  әдеті    болған  
екен. Бірде ол осы әдетін бұзып,  ортаншы әйелінде  қонып  қалыпты. Осыған  
қатты  ашуланған  бәйбішесі,  Талмас  әулие  арам  сумен    дәрет  алып,    күнәға 
батсын  деп    өзенге  кіші  дәретке  отырыпты.  Осыдан  өзен    суы  сарғайып  кетіп 
Сарысу атанған екен-мыс.  
Бұл  аңыз  Ұлы  меридиональдық    жолдың  ең    ауыр  бөлігіндегі  негізгі  
бағытты  анықтауға  себі  тиеді.  Бүгінгі    күні    біз    осы    топонимикалық  
нысаналарда    қалалар  мен  ірі  сәулет  ғимараттарынын  қалдықтары  бар  екенін 
білеміз. Бұл  бағыттың бойы  тұтас құмды-шөлді ландшафтты  құрайды/ Бетпақ  
дала    т.б./  сәулет  өнерінің    қалдықтары  /  кірпіш,  ою  т.б./    олардың      ерте  
уақыттың  мұралары  екенін    көрсетеді.  Сондықтан    жоғарыда  айтылған  аңыз 
Ұлы  меридионалдық жол тарихының  ерте  дәуірінің куәсі  дей  аламыз.  
Қола  дәуірінде    Қазақстаннан  шығарылатын  тауарлардың    негізін    мыс,  
алтын, қорғасын  құймалары мен қола сияқты түсті   металдардың  қоспалары 
түрлі  металл    бұйымдар    құраған.  Қ.  И.  Сәтбаев  атап    көрсеткендей,  металл 
өндіретін  ірі  металлургиялық    орталықтармен  қатар,    ежелгі    Жезқазғанда  1 
млн. тонна, Успен-Нілдіде 200000 тонна, Кенқазғанда  800000 тонна мыс рудасы  
өндірілген,  сонымен  бірге  Шығыс  Қазақстан  (Риддер,  Зырян)  және  солтүстік 
Қазақстан  (Имантау)  территорияларында  да    металл  осыдан  кем    өндірілген, 
сонымен қоса  өңдеу орталықтары да  (Атасу т.б.) болған.  
Ұлы  меридионалдық жолдың бағыты бойында  тығыз  мәдени және  саяси 
байланыстар  жасалды,  ауыс-түйістер  мен    сауда    жанданды,  өркениет 

80 
құндылықтарының    дамуы  мен  технологиялардың  дендеп  енуі  байқалды  деп  
болжай аламыз. Оның  тарихтың түрлі  кезеңдеріндегі ерекшеліктерін анықтап,  
солтүстік  пен  оңтүстік  арасындағы  ауыс-түйіс  артериясы  екені  дәлелді  қажет 
етпейді.  Біз    аталған    меридионалдық    бағыт  бойында    қалалардың  пайда 
болуының  басты  себебі  сауда  деп    қараймыз.  Біріншіден,  қала  сауда  орны 
ретінде, екіншіден, қолөнер орталығы  ретінде,  үшіншіден, әкімшілік орталығы 
ретінде өседі. Осы ретте Түркістан  - өңіріндегі қалалық мәдениеттің ірге тасы 
ең  алдымен  меридионадық  сауданың  негізінде  өте  ерте  заманда  қаланғанын 
ескерткенді жөн деп санаймыз. 
Меридионалдық  жолдың  пайдасы  мен  артықшылығы  оңтүстікте  дамыған 
егін    шаруашылығы  аймақтарына  жақын  болуымен  байланысты.  Отырықшы 
мәдениеттің  Мауереннахр  сияқты  ошағына  Ұлы  даламен    тығыз  байланысты 
маргиналды  Түркістан-Ташкент  оазисі  үштасып  жатты.  Неолиттік  дәуірде, 
оңтүстікте Намазға мен Жейтүн өркендеп түрғанда, Қазақстанның оңтүстігінде 
екі  мәдени-шаруашылық  типтің  үштасуымен  алғашқы  қалалар  пайда  болды. 
Түркістан-Ташкент  оазисінде  /Сырдария  бойымен/  көне  қалалардың  пайда 
болуының  негізгі  себебі  көшпелілер  мен  оңтүстіктің    отырықшылар  арасында 
жүрген сауда қарым-қатынасы. 
Қола  дәуірінде  бір  кезде  жылқышылар  мен  аңшылар  жолы  болған 
меридионалдық жол Ұлы дала мен Шығыс өркениетін жалғастырушы ірі сауда 
жолы металл таситын күрежолға айналды. Ұлы Далада мыс, қорғасын, қалайы 
сияқты түсті металдар өндірісі дамыды. Кейбір болжаулар бойынша мыс рудасы 
миллиондаған тоннадан өндіріліп, ішкі сүраныстан да көрі, сыртқы сүранысты 
өтеуге  жүмсалып  түрған.  Сыртқа  дайын  мыс  қана  емес,  қола  және  т.б.  өндіру 
технологиясы да шығарылған. Сондықтан басқа аймақтарда қоланың кеш пайда 
болуын осымен байланыстыруға болатын болар /Алдыңғы Азия, Қытай т.б./. 
Орталық  далалық  аймақтарда  көне  металлургияның  және  протоқалалық 
бекіністер  пайда    қатар,  оңтүстікте  тасымалдау  станциялары  мен  металл 
сатумен  айналысатын  қалалар  пайда  болды.  Орталық  Қазақстанда  өндірілген 
мыс,  қорғасын  және  т.б.  металдар  Сырдария  бойындағы  қалаларға  түсіп,  сол 
жерлерден Алдыңғы Азияға, Солтүстік Үндістанға т.б. жіберілді. Сырдарияның 
орта ағысындағы ең ірі қалалардың бірі Дизроин /мыс қаласы/ деп аталды. М. 
Қашғари  Жанкент  қаласының    көне  атауы  мыс  қорғаннан    шыққаны  туралы 
жазады. Ерте ортағасыр дәуірінде тауарлар қозғалысы Ертіс-Сырдария, қимақ-
оғыз қалаларының бағытында белсенді болды. Оңтүстік шөлдері арқылы өткен 
меридионалды жолдар алыс жол шеккен дала руларына да қызмет етті.  
 Кей  кездерде  қандай  да  бір  ішкі  себептерге  байланысты  немесе  сыртқы 
жағдайлардың  қысымымен  тайпалардың  біразының  Еуразияның  Ұлы 
даласының шегінен шығуы байқалады. Еуразиялық қарым-қатынастардың өзегі 
Ғұн  заманынан  бастап  өзгерістерге  түсті.  Бұндай  қозғалыстар  Шығыс  пен 
Батыстың  отырықшы  мәдениеті  тағдырына  елеулі  ықпал  етті.    Бірақ  тағы  бір 
ескеретін мәселе Қытай өркениетінің де Батыс және Шығыс арасындағы қарым-
қөатыанстардың  пайда  болуына  және  дамуына  тікелей  әсері.  Ғұн 

81 
империясымен  күрес  үстінде  құрылған  және  шыңдалған  Ши-хуанди  әулеті 
билеген заманында басталған бұл үрдіс кейін Еуразия тарихында «Жібек жолы» 
деген атақпен белгілі болды. 
  Көне түркі заманында «Жібек жолы» Батыс және Шығыс өркениеттерінің 
арасындағы  алтын  көпірге  айналды.  Еуразия  халықтарының  ерте  замандардан 
бері  бір-бірімен  сауда  қарым-қатынасында  болғаны  анық.  Түрік  қағанаттары 
заманында    өзінің  шырқау  шегіне  жеткен  Еуразиялық  екі  кеңістік  арасындағы 
сауда  кейіннен  моңғол  империясының  дүниеге  келгенде    дәуірледі.  Біз  бұл 
қарым-қатынастарға  Орталық  Азияны  мекендеген  бүкіл  ірі  ұлыстар,  соның 
ішінде  наймандар да  белсене  қатысты  деп білеміз.    Зерттеушілер  бұл  тайпа  Х 
ғасырдан «найман» деп атала бастаса да, ХІІІ ғасырға дейінгі бұрынғы «сегіз» 
аты да қосарлана байқалып келгенін де ортаға тартады. Кезінде Жапон теңізінен 
Шығыс Түркістанға дейінгі байтақ өңірді қоластына бағындырып, наймандарға 
да  біраз  уақыт  билік  жүргізген  Ляо  әулетінің  (Ұлы  Қидан  мемлекеті  тарихы 
туралы  жазылған  жылнамаларда  (Х  ғасыр)  наймандар  батысында  (Ертістен 
ары)  қанлы,  қыпшақ,  шығысында  (Орхон,  Тола  және  Оңғын  өзенлерінің 
алқабы)  керей,  меркіт,  теріскейінде  (Селеңгеннің  салалары)  қырғыз, 
оңтүстігінде ұйғыр, таңғұттармен шекаралас, қоңсылас болғаны айтылады. 
  Рашид-ад-диннің  «Жәми  ат  тауарихы»  мен  «Моңғолдың  құпия 
шежіресінің»  көрсетуінше,  Арғұн  өзенінің  Хайлар  деп  аталатын  саласы  мен 
Халқын гол өзені алқабында қоңыраттар мекендеді. Екінші мыңжылдықтың бас 
кезінде  осы  қоңыраттардан  батысқа  қарай  Керей,  Меркіт  жеріне  дейінгі 
аралықта  (Онон,  Керулен  өзендерінің  алқабы)  ғұн  (хунну)  және  дунхулардың 
бір  сынығы  болып  табылатын  түрк-моңғол  жұрттары  да  қанатын  жайып  өсіп 
жатты.  Бұл  кезеңде  де  найман  тайпалары  әлі  дәстүрлі  тәңіршілдік  түсініктер 
ықпалында  болғаны  анық.  Оның  бір  мысалы  әлі  күнге  дейін  Ібір-Сібір 
жұртының шығыс алқаптарын, Тува (Ұранқай)  мен Таулы Алтайды мекендеген 
наймандардың тәңіршілдікпен өмір сүруі дәлел бола алады.   
  Жоғарыда  аттары  аталған  тайпаларға  өздерімен іргелес,  кейіннен  моңғол 
тілі деп ен тағылған тілде сөйлейтін Қидан (осы сөзден «қытай» атауы шыққан) 
мемлекетінің  үстемдігі  мен  ықпал-әсері  тым  етене  байқалатын.  Түрк 
тайпаларының  қақ  ортасында  жатқан  осы  жұрттардың  соңыра  моңғол  тілді 
атанып  кетуінің  де  бір  себебі  –  түп-тегі  Ішкі  Моңғолиядан  шыққан  сол 
қидандардың  жегі  құрттай  дендеп  кеткен  жойқын  ассимиляциясына  тығыз 
қатысы  бар.    ХІІ  ғасырдың  басында  Ұлы  Қидан  (Ляо)    мемлекеті  ыдырап, 
қидандардың біраз бөлігі Жетісу мен Орта Азияға өтіп, енді Қарақытай атанған 
мемлекетін  (1140-1213)  құрғаны  белгілі.  Қазақ  жеріне  ислам  шапағатын 
алғашқы  кіргізген  атақты  Қарахан  империясы  жасаған  құндылықтар  бұл 
кезеңнің  сынына  шыдады.  «Жібек  жолының  ұзын-сонар  алқабына  үстемдік 
еткен  Қарақытай  мемлекеті  Батыс  пен  Шығыс  мидай  аралдасып  жатқан  осы 
уақытта  белгілі  бір  дінді  ұстанған  жоқ,  бірақ  Сирия  (Шам)  аймағынан  келген 
сауда адамдарының жергілікті жерде христиан ілімін таратуыларына да кедергі 
жасамады.  Қарақытайлар  кейінірек  жергілікті  түркі  және  иран  тілдес 

82 
халықтарға араласып кетті, бірақ осы қара қытайлық кезеңде найман ортасына 
несториан діні тарай бастады.  
  Бізге  тарихи  деректерден  белгілі  Найманның  алғашқы  ханы    Наркеш  Дайын  хан 
сырттан  келген  бөгде  діндердің  ықпалын  қабылдамай,  ежелгі  түркілік  тәңірілік 
түсініктермен өмір сүрген адам. Найман мемлекетінің күшейген кезі 1160-1203 жылдары, 
әсіресе  Наркеш Дайын ханнан кейін таққа отырған Инаныш Білге хан билігі тұсында да 
рухани өмірде үлкен өзгерістер байқалмайды.  Бұл жерде билеушінің аты  таза түркіше 
түсініктерге  негізделетінін  атап  өткен  жөн.  «Инаныш»  —  сенімді,  «білгі»  —  білгір, 
кемеңгер деген сөздер. Сол Инаныш Білгенің заманында наймандар жеке ел құра бастаған 
екен  дейді.    Ол  өз  заманында  Қидан  мемлекетінің  (қарақытайлардың)  қарамағынан 
құтылып, елін бостандыққа бастайды. Инаншы Білге хан  өлгеннен кейін Найман ұлысы 
оның екі баласына енші болды. Үлкені Байбұқа (қосалқы аты –  Таян хан). Қидандар оған 
Дауаң  «үлкен  әмірші»  деген  атақ  берген,  сол  сөз  келе-келе  Таянға  айналған-мыс,  әке 
тағына  ие  болды.  Кішісі  Бұйрық  -бұл  кезеңде  келте  хан  тәртібімен    жеке  ұлыс  құрды, 
екеуінің  арасында мемлекет халқы  ұлыстық жүйе тәртібімен бөлінеді.  
  Міне, осы кезең біздің ойымызша найман елінің несториандыққа бас қоя бастаған 
уақыты. Саяси өмірінде найман басшыларының  көп үлгіні бір жағы Шың-Машын, екінші 
жағы Орта Азияны билеген қарақытайлардан алғаны белгілі. Мемлекетті бір орталыққа 
бағындыру, билікті күшейту жаңа идеологиялық құралдарды қажет етеді, ал бұл жағынан 
діннің орыны ерекше екені белгілі.  Әрине, бұл шаруаны билеуші әулет өкілдері бастады 
және ол белгілі дәрежеде Сириядан келген несториан көпестерінің найман ұлыстарының 
ішіне ішкірнелей кіріумен байланысты. Бірақ несториан діні наймандардың басын қоса 
алмады, ақыры ағайынды екеу арасындағы араздық бір мемлекетті  екіге бөліп тынады. 
Таян хан үлкені болғандықтан, әкесінің орнында жазық аймақты, оның інісі Бұйрық таулы 
өңірді мекендейді. 
  Әлкей Марғұлан Рашид-ад-дин жазбаларына сүйене отырып «Найман мен керейлер 
тарихи  заманда  саудагерлер мен  миссионерлер арқылы  несториан  (Айса)  дінін  дәстүр 
етіп,  солар  арқылы  олардың  Армениядағы,  Сириядағы  басқармасымен  хат  жазысып 
отырыды» дейді (70, 98 б.). 
  Несториан  діні  Шығыс  Рим  атағымен  белгілі  Византия  жерінде  пайда  болған 
христиандық  ағым.  Оның  ту  баста  уағыздаушысы  Константинополь  қаласының 
патриархы  (428-431  жылдар)  болған  Несторий.  Ол  Ғайса  пайғамбардың  өмір  баянын 
жақсы білген және сол кезеңдегі реалистік ағымдардың әсерімен «Ғайса пайғамбардың 
табиғатында адамдық және құдайға тән қасиеттер бірге,  бірақ оларды бөліп қарауға 
болады» деп үндеді. Оның уағызы бойынша Ғайса әуелі кәдімгі  адам болып жаратылған, 
кейін Құдайға тән қасиеттерге ие болды. Несторий Ғайса пайғамбардың анасы Мәрияны 
аса дәріптеуге қарсы болып, оны ағаш ұстасымен көңілдес болған қарапайым әйел деп 
атады. Дәл осы көзқарас, яғни Мәрияны Құдай ана есебінде қабылдамау кейін Несторидің 
жауларын көбейтті.  Ақыры оны 431 жылы Эфес қаласында өткен үшінші әлемдік собор 
«дін бұзушы» (еретик) деп православиеден шығарды. Несторидің қалған ғұмыры қуғында, 
жоқшылықта өтті, бірақ ол салған жол христандықта жаңа бағыт есебінде әлемге тарай 
берді.  Несториандық  дүниетанымды  Батыс  пен  Шығыстың  арасында  жол  салған 
византиялық  көпестер  қатты  қолдады,  солар  арқылы  бұл  діни  жол  Орталық  Азия 

83 
аймағына  жетті.  Кезінде  керейіттер  мен  наймандардың  ата-бабалары  мойындаған 
несториан ілімін  бүгінде Солтүстік Иракты мекендеген аз санды айсор (ассириялықтар) 
ғана ұстанып отыр  (30, с. 25). 
  Найман  және  Керей  ұлыстары  1007  жылдары  христиан  дінін  қабылдайды,  бірақ 
даланың еркін жүрген жауынгер халқы бұл діни ағымның бүкіл теориялық догмаларын 
түгел  қабалдады  десек  ағаттық  болар.  Шамасы  нестроиандық  таңсық  ғұрыптарға 
қызыққан,  сырттан  келген  көпестердің  алтыны  мен  күмісіне  сатылған  және  оларды 
өздерінің дәулетіне, мемлекет басқару ісіне пайдалуды көздеген осы елдердің патшалары 
болуы  тиіс.    Христиан  дінінің  наймандар  қабылдаған  несториан  тармағы  өзінің  бастау 
көзін Византия шіркеуінен алады.  Әуел баста латын әлемінен алшақтану құралы болған 
бұл  дүниетаным  өзіне  жақтастарды  сырттан  көп  тартты.    Бір  ғажабы  қанша  қуғын 
көргенімен  қатоликтер  мен  православие  тармағынан  қуғындалған  Несторий  әулие 
шәкірттері  өз  ілімдерін  Иран,  Орта  Азия,  Қазақстан,  Моңғолия  жерлеріне  таратты. 
Христиандық  -  несториан  дінін  ұстаған  түркілердің  «Айса  Бабай!-деп  бастап  мінәжат 
жасайтыны, креш тағатындығы туралы Иран жылнамаларында деректер кездеседі. Орта 
ғасырдағы  Батыс  Еуропа  тарихшылары  Шыңғысханның  немересе  Хулагудың 
жауынгерлерінің  көпшілігі  ұрысқа  кірер  алдында  маңдайларына  қара  бояумен  крештің 
суретін салып алатындарын жазады.  
  Жазба  дәстүрі  қалыптасқан  діни  ағымның  жолымен  жүру,    сауатты  дін 
қызметкерлерінің болуы тағы да басқа жағдайлар  наймандар мен керейлердің ортасында 
ерте кезден дағды болғандықтан  бертіңгі дейін олардың ортасында бітікші абыздардың да 
аз  болмағаны  белгілі.  Ертедегі  керей  және  найман  қоныстарынан  зерттеушілер  толып 
жатқан  жазба ескерткіштер мұрасын тауып алады. Кейбір деректерге қарасақ Керей Он 
ханның ұлы бітікшісі  және хатшысы Құтты Бұқа барлық керей елін жазуға үйретеді-мыс. 
Нестроиан  діні  керейлер  мен  наймандар  арқылы  моңғол  ордасына  да  енді.  Тағы  бір 
ескеретін  мәселе  несториан  дінін  қолданатын  керей  мен  наймандардың  қыздары  тегіс 
Шыңғыс ханның балаларына тұрмысқа шығып, олардың рухани тіршілігіне үлкен әсер 
еткен.  Шыңғыс  ханның  кенже  ұлы  Төленің  бәйбішесі  және  сол  замандағы  аса  беделді 
әйелдердің бірі  Сорқұқтани -бегім керей Тоғырыл ханның жақын туысы, інісінің қызы  
еді. Моңғол шежірелері Сорқұқтани бегімді өте ақылды әйел болған деп суреттейді, ол 
моңғол империясының жаңа басшылары Мөңке, Құбылай, Хулагу, Арықбұқа   хандардың 
анасы.  
  Наймандарға  қайта  оралып  келетін  болсақ,  олар  несториандықты  қабылдаған 
уақытта  екі  иелікке  бөлінген  ұлыстың  әрқайсысы  өз  алдына  дербес  әрекет  етіп,  өзара 
дүрдеараздық  күшейіп  отырды.  Бұл  ішкі  саяси  дағдарыс  Шыңғыс  хан
 
әскери  күшінің 
артуымен тұстас келді. Олардың Джамуха
 
бастаған моңғол тайпалар одағының күшімен 
бірігіп, Темучинге қарсы тұрмақ болған әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Алтайдың шығыс 
бұйраты  Хангай    тауында  болған  сәтсіз  соғыстан  кейін  найманның  бір  бөлегі  Жетісу 
жеріне келіп қоныстана бастады. Осы өлкеде Найман және Қара қытай арасындағы ескі 
одақтастық  қайта  жаңғырды.    Найман  мемлекетін  саяси-әлеуметтік    жағынан  қайта 
күшейтуге тырысқан Таян ханның ұлы Күшілік ханды Шыңғыс ханның Жебе бастаған 
қолы өлтірді. Осылайша Найман мемлекеті толығымен күйреп, тарих тұғырынан тайды. 
Күшілік хан бастаған найман қауымдары  қарақытайлар билігіндегі Жетісу  мен Шығыс 

84 
Түркістан өлкесіне жетті. 
  Деректерге қарағанда бұл заманда найман ішінде христиан-несториандар да, пұтқа 
табынушылар  да  бар.  Күшіліктің  өзі  алдымен  несторианда  болып,  кейінгі  әйеліні 
Қарақытай  патшасының    қызы    Күңкенің  әсерімен  пұтқа  табынушылыққа  өтті  дейді 
деректер.  Бұл  жерде  қашанда  билеуші  әулеттердің  саяси  жоспарының  талаптарына 
байланысты дінді  елді өз жағына қарату, не билікке жету құралы ретінде қолданатынын да 
ескерген жөн болар.  Осылай дей тұрғанмен Күшіліктің  басқа емес, дін мәселесін дұрыс 
есепке алмаған себепті жеңіліске ұшырағаны да өкінішті. Алғашқыда Қарақытай билігін 
алып  Жетісу мен Шығыс Түркістанды бағындырғанмен Күшілік тоқтамады, Сырдария 
бойындағы қалаларды иелігіне ала бастады. Оған қарсы шығуға Хорезмшахтың қауқары 
болмады,  ақыры  Күшілік  оны  да  мойындатты.  Заманында  бүкіл  Орта  Азияны 
бағындырған  Катуан  шайқасында  өздерін  көрсете  білген  қарақытай  жұртының  жаңа 
иесіне ол қалай қарсы шықсын ?!  Бірақ  жергілікті елмен екі арадағы жағдай жарасып кете 
қоймады. Наймандардың христиан-несториандық сенімдері Қарахан дәуірінде жергілікті 
халықтың  ортасына  әбден  орныққан  мұсылманшылығымен  сыйыспады.  Күшлік  болса 
бұл теке-тіресте өз туыстарын жақтады және  өзі де пұтқа табынушылыққа өтіп елінің 
алдында беделін жойып алған еді.  
  Рашид-ад-дин бұл жағдай туралы : «Жыл сайын Күшілік мұсылман аймақтарына 
(Қашғария  т.б.)  әскер  аттандырып  олардың  егіп  қойған  егіндері  мен  жинап  қойған 
астықтарын өртеп отырды. Бағынышты аймақтардың әр үйіне өзінің бір жауынгерін 
орналастырды.  Осы  себепті  мұсылмандардың  арасында  наразылық  және  қарсылық 
басталды.  Көп  Құдайға  табынушылар  бұл  жердерде  ойына  келгенін  істеді...Осы 
Қашғариядан  Күшлік  Хотан  аймағына  аттанды  және  оны  да  басып  алды.  Хотанда 
Күшілік жергілікті халықты мұсылман дінінен шығып христианға өтіңдер деп талап 
қойды. Жергілікті мұсылмандардың алдында не үштікті мойындап христиан дініне кіріп  
шоқыну, не мәжүсилік қалыптарына кіру ғана қалды...» деп жазады. 
  Бұл оқиғалар туралы сол заманда Таяу Шығыста болған француз кардиналы Жак де 
Витри    латын  тілінде  жазылған  «Иерусалим  тарихында»  баяндайды.  Ол  кейбір 
қағаздарында  Күшілікті  «Давид  патша»  деп  те  атайды.  Осыған  байланысты  біздің 
Сарыағашта маңайындағы жергілікті халық әлі де керемет көретін «Дәуіт үңгірі» сияқты 
қасиетті орындар қызықтырады. 
  Шын  мәнінде  Күшіліктің  аты  Дәуіт  болуы  керек,  ал  «Күшілік»  Найман 
патшалығындағы лауазым, патшалық қызмет дәрежесі. Расында да «Күшілік» сөзі күшті, 
мықты деген мағынаны беріп тұр емес пе ?! В.В.Бартольд жазғандай Күшіліктің Жетісу 
мен Шығыс Түркістанды жаулап алуына байланысты Еуропаға енді  Керейіттің Уан ханы 
туралы лақаптармен (Иоан патша)  қатар Дәуіт патша туралы да әңгімелер тарай бастады. 
Осыдан бірер жыл өткенде Шыңғыс хан Хорезм империясын жаулап алғанда, Орталық 
Азиядағы саяси жағдайдан хабарсыз еуропалықтар Дәуіт патша мұсылмандарды быт-шыт 
қылып Хорезмді алыпты, енді Кіші Азиядағы христиандар да мұсылмандардан азаттық 
алады деген сияқты әңгімелер тарай бастады.      
  Орталық  Азия  халықтары  арасындағы  христиандық  дәстүрлер  Шыңғыс  ханнан 
кейін билікке келген оның ұрпақтары тұсында да жалғасты.  Орталық Азиядағы христиан 
мәселесі  Гильом  Рубрук  жазбаларында  суреттеледі.  Ол  1253  жылы  француз  королі 

85 
Людовиктің  және  Рим  папасының  тапсырмасымен  Константинопольден    Қарақорымға 
аттанды.    Оның  негізгі  міндеті    мұсылман  әлемімен  соғысып  жатқан  Еуропа  үшін 
одақтастар табу еді. Сол себепті Рубрук жүрген жерінде дін мәселесіне ерекше көңіл бөліп 
отырды. Әрине, оның жазбаларында наймандар айтылмай қалған жоқ: 
  «Тап сол франктер Антиохияны алатын жылы теріскей елдеріндегі билік Кон-хам 
есімді бір кісінің қолында болды, -дейді Гильом Рубрук.  Осынау Кон қара қытай болған. 
Сол  қытайлар  өзім  басып  өткен  бір  тауда  тұрады,  ал  үшбу  таулар  арасында  бір 
бақташы,  Найман  деп  аталып,  христиан-несториандар  болып  саналатын  халықты 
бимлеп-тьөстейтін  құдіретті  кісі  тұрады.  Кон-хам өлгеннен  кейін  әлгі  несториандық 
өзін корольмін деп жар салған, сосын несториандар оны король Иоан деп атағанды. Ол 
жөнінде ақиқат шындықтан көрі он есе артық сөздер айтылады. Сол елдерден келетін 
несториандар  тап  осыны  жасайды,  жоқ  жерде  еш  себепсіз  желбуаз  әңгімелер 
туғызады» (104, 115 б.). 
  Осы жазбадан біздің бір аңғаратынымыз Еуропаға  Орталық Азия несториандары 
туралы деректердің жеткен уақыты Қара қытай билігінің Мәуреннахр өлкесіне игеріумен 
байланысты. Елюй Дашидың Катуан соғысында сельжүктерді жеңуі мұсылман әлеміміен 
күрес  майданында  жүрген    батыс  христаиндары  үшін  үлкен  үміт  отын  жаққандай  еді.  
Осыдан  шығатын  қорытынды    мынау  болса  керек,  Орталық  Азияда  несториандық  
догмаларды алғаш мемлекеттік деңгейде енгізген қара қытайлар. Осы қара қытайдан оны 
қабылдаған наймандар болып шығады.  
  Ал біздің кітаптың қаһарманы Кетбұқа ноян қаншалықты христиан еді және оның 
христиан әлемімен қарым-қатысы қандай болды деген сұраққа біз келесі бір тарауларда 
жауап береміз. 
   

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал