Жамбыл Омари



жүктеу 5.01 Kb.

бет5/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

   
 
 
 
4.Оғыз қаған елі 
   
  Жазба  дәстүрде  Оғыз  хан  атанатын,  ал  ауызша  әңгімелерде  Уыз  хан 
атымен  жүрген  әфсаналық  және  тарихи  тұлғаның  бейнесі  қазақ  шежіресінде 
елеулі  орын  алады.  Шежіренің  әр  түрлі  нұсқаларынан  осы  бір  аңыздық  тұлға 
туралы талай қызықты фактілерді кездестіреміз. Қазақ шежіресі Оғызды «Уыз» 

49 
деп  атау  себебін  оңай  түсіндреді,  ол  біздің  қариялардың  пайымы  бойынша  
«сүттің  уызы»  дегенге  келеді.    Батыс  және  Шығыс  тарихшыларының 
еңбектерінде Оғыз деген атпен белгілі әфсаналық тұлғаның ата-тегі аты аңызға 
айналған Алаша ханға өрлейді. Шежірелердің Рашид-ад-дин көшірген нұсқасы 
бойынша:  «Алаша  хан,  оның  баласы  Диб-Бакуй,  оның  баласы  Қара  хан,  оның 
баласы  Уыз  хан  (Оғыз)»;  Әбілғазы  нұсқасы  бойынша  :  «Алаша  хан,  оның 
баласы  Моңғол,  оның  баласы  Қара  хан,  оның  баласы  Уыз  хан  (Оғыз)».  Қазақ  
шежірешілері 
Уыз 
ханды 
тікелей 
қазақтың 
үштік 
құрылымымен 
байланыстырады:  «арғы  атамыз-Ер  Түрік,  екінші  буын  атамыз-Моңғолға 
қосыламыз. Үшінші буын атамыз –Уыз хан. Ай мен Күн, Жұлдызына таласпай-
ақ  қоялық.  Үш  оқты  бізге  қимайды  ма  ?.  Біз  неге  бұл  күнгеше    «Үш  жүз» 
атанып, «Үш алаш» атанып жүрміз ?» дейді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (50, 8 
т,15 б.).   
Бізге  белгілі  шежірелердің  бәрін  салыстыра  келсек    Уыз  ханның    тегі, 
өскен  ортасы  туралы  тамаша  деректерді  әртүрлі  жүйелеуге  болады. 
Генеалогиялық  жүйеге кіретін тұлғалардың арасында Уыздың әкесі саналатын 
Қара  хан  ерекше  тұр:    «Моңғол  хан  көп  жылдар  патшалық  құрды,  төрт  ұлы 
бар еді. Үлкені – Қара хан, екіншісі - Өз хан, үшіншісі – Көз хан, төртіншісі – 
Көр  хан. Моңғол хан бұл дүниеден өтерінде орнына балаларының үлкені Қара 
ханды  қойып  кетті  –  дейді  ұлы  шежіреші.  Қара  хан  әкесінен  кейін  бүкіл  елге 
патшалық құрды. Жазды күні ол Ер тақ және Кер тақ деген тауларды жайлар 
еді,  қазіргі  күні  бұл  таулар Ұлы  тау және Кіші  тау атанады.  Ал  қыс  түскен 
кезде Қарақұмды және Сыр өзенінің жағасын қыстар еді. Қара хан заманында 
елдің бәрі кәпір болғаны соншалық, олардың арасында Құдайға сенетін бір де 
адам қалмады». 
Күндердің күнінде Қара ханның бәйбішесінен ай мен күннен де сымбатты 
бір  ұл  туды.  «Ол  үш  күн  бойы  анасының  емшегін  ембей  қойды.  Әр  түні 
анасының түсіне еніп «Ай, ана! Құдайға сиын; егер мұсылман болмасаң, өлсем 
де  сенің  емшегіңді  ембеспін»  деуші  еді.  Анасы  баласын  аяап  Тәңірінің  біріне 
иман  келтірді.  Осыдан  кейін  бала  анасының  емшегін  емді.  Бірақ  анасы 
мұсылман  болғанын,  түс  көргенін  ешкімге  де  білдірген  жоқ»  –  дейді  «Түрік 
шежіресі». 
Әбілғазы  сүйенген шежіре  түрік  халқының  Яфет  заманынан  Алаша  ханға 
дейін мұсылман болғандығын айтады. Ал Алаша хан ел билеген уақытта елдің 
дәулеті  тасып,  байлықтың  құлы  болып,  Құдайды  ұмытып,  күпірлік  жасаған-
мыс.  Қара  хан  заманында  түрік  елі  діннен  тіпті  безіп,  Құдайды  аузына 
алғандарын өлтіре берсе керек. Егер дінді мойындады, мұсылман болды дегенді 
естісе  баласы  атасын,  немесе  атасы  баласын  өлтіретін  жағдайға  жеткен  екен-
мыс. Осындай кереғар заманда дүниеге келген Уыз бала кезінен бастап «Алла», 
«Алла»  деп  жүрер  еді,  онысын  өзге  жұрт  түсінбегендіктен  бұл  не  айтып  жүр 
деп таң қалады да қояды. Баласы бір жасқа келгенде Қара хан елді жинап үлкен 
бір  той  жасапты,  халқын  риза  қылыпты.  Ол  кездегі  елдің  бір  дәстүрі  бала  бір 
жасқа  келгенше  ат  қоймайды  екен,  тойдың  қызған  шағында  Қара  хан  өзінің 

50 
билеріне  қарап  «Мына  біздің  ұлымыз  бір  жасқа  толды,  бұған  қандай  ат 
бересіңдер» дейді. Билер аузын ашып үлгергенше жас бала «Менің атым Уыз 
болар,  оны  білмек  баршаңызға  парыз  болар»  депті.  Тойға  жиналған  қалың  ел, 
үлкен-кіші таңырқап жас баланың айтқанына «бала өзіне өзі ат қойды, осыдан 
артық жақсы ат болушы ма еді» десті. Сонымен Уыз хан (Оғыз) осылай дүниеге 
келіп, ат алды. 
Әбілғазы  шежіресіндегі  «Құдай»  мен  «мұсылмандық»  сөздерінің 
қолданылуы  Еуразия  халықтарының  ең  алдымен  Бір  Тәңіріге  табынуына 
қатысты  деген  пікірдеміз.  Бұл  қазіргі  мұсылманшылықтан  тым  арғы  заман 
болса керек, дегенмен «Алла» атауы қолданылады: 
«А!»- деп тілі шыққанда: 
-Алла, Алла!- деп, тілі шықты дейді.  
Естіген жанның бәрі: 
-  Жас  бала  тілі  орамға  келмегендіктен,  өзіне  айтуға  оңай  болғаны    сол 
ғой!- деседі дейді. «Алла»- араб тілі. Жеті ата, жетпіс пұштында араб тілін  
Мұғол жұрты естіген емес. Құдай өзі Уызды жаратуда уыз қылып жаратқан 
екен. Уыз ер жетті, жігіт болды. Қарахан  өзінің  бір туысқан інісі Көрханның 
қызын алып берді. Уыз кісі жоқта қатынына айтты: 
- Айдай  әлемді, сені, мені жаратқан біреу бар,  оның аты- Алла, сен соны 
«Бір!»  біл!-деді. Қатыны: 
 -Ол  жағымда,  бұл  жағымда  естіген  сөзім  емес.  Жұрт  айтпаған  сөзді 
айтпаймын!- деді.  
Уыз бел шешіп, қойнына жатпай кетті. Жұрт аузында 
сөз бола бастады: 
- Уыз қатынын менсінбей, жақтырмай,  қойнына жатпай кетті!- десіп.   
  Бұл сөз Қараханның  құлағына тиіп: 
- Оны менсінбесе, онан да сұлу қыз  алып берейін!- деп, тағы  өзімен  бір 
туысқан  Көзханның қызын алып берді.  
  Оған да айтып еді, о да: «Алдыңғы арба қайдан жүрсе, соңғы арба соның  
ізімен жүреді»- деген бар ғой, солай болды. Мұның да қойнына жатпай кетті.  
  Айлардан ай өтті,  жылдардан жыл өтті. Уыз бір күн ит жүгіртіп, құс 
салып, күні бойы аң аулап, үйіне қайтып келе жатса, әкесінің інісі Көзханның  
тағы  бір  бойжеткен  қызы    көп  қатындармен,    өзімен  бастас  қуыршақ  дос 
қыздарымен  бірге  көлге  кір  жуа  барып,  қайтып  келе  жатқандарында  Уызға 
оқтай  ұшырасып,  Уыз  қызды  оңаша  шетірек  шығарып,  бұрынғы 
қатындарымен  тұз еңбегі жараспағандығын айтты: 
-  Сен  менің  айтқаныма  көнсең,  айдауыма  жүрсең,  мен  өзіме  басыбайлы 
жолдастыққа сені  алар едім!- деді. 
- Жарайды, сен: «Өл!»- десең, өлейін; «Тіріл!»- десең, тірілейін! Сен өлген 
жерде бірге өлейін!- деді.  
  Үйге келе әкесіне кісі салды: 
- Әкем  маған қатын алып беретұғын болса,  өзім сүйген пәлен қызды алып 
берсін!- деді. Әкесі: 
- Жарайды, мен жалғызымнан не жанымды  аяймын?!- деп,  зор тамаша 

51 
той қылып, өзі сүйген қызды алып берді.  
  Уыз мұны жанындай  жақсы көрді. Бірді-екілі жыл өтті. Бастапқы екі 
келін  төркіндеп келген әйелдердей: «Ханның  келін-кепшегі»- дегенге мәз болып, 
сопайып отырып қала берді  .  
Осыменен бірнеше жылдар өтті. Уыз хан ер жетті. Күндердің күнінде Қара 
ханға  баласының  мұсылман  болғандығы  жөнінде  хабар  да  келіп  жетті.  Бұл 
әңгімені  ханға  жеткізген  өзінің  келіндері  еді:  «Уыз  өзінің  бала    күнінде  
төсекте бірге жатысқан, асық ойнап, сақа мен деней  атысқан, бір үзім  нан 
болса,  бөліп  татысқан  құрбы-құрдастарымен:  «Елсіз  жерден  аң    аулап 
келеміз!»- деп кетісті. «Аң көздің құрты ғой», көрінген аңды қуа-қуа ел-жұрт 
ойларынан шығып кетіп, жуырда қайта қоймай, кешікті. 
  Қарахан    баласы  жуырда  келе  қоймаған  соң,  іші  пысты.  Қатын-қалаш, 
келін- кепшектерін қонаққа шақырып, «шүлен тамақ» деген тамақ берді.  Хан 
бәйбішесінен сұрады: 
- Біздің Уызжан  бастапқы алып берген  келіндерді қалай ұнатпады екен? 
Соңғы келіннен екеуі де  көш ілгері  өңді ғой!- деді. 
Бәйбіше: 
- Жастар өзі біледі де, мен қайдан білейін, -деді. 
  Қатын-қалаштан    араға  кісі  жүргізіп,  келіндерден  сұратты.  Бұрынғы 
екі келіні айтты: 
-  Мына  жақта  «Біреу»  бар.  Мен  бұл  әке-шешеден  туғаным  жоқ,  сонан 
туғанмын.    Сендер  де  соны:  «Бір!»-  деп  біл,  «Бар!»-  деп  біл!-  деді.    Біз  бала 
бастан,  құлын  жастан:  «Осы  бәйбішеден  туған»-  деп  естіп  едік.  Көрінбеген  
Біреу  бар,  мен  сонан  туғанмын!-  деген  сөзіңе  нанбаймыз,  бұл  тіліңді 
алмаймыз!- дедік. Сондықтан бізді  жек көрді. Соңғы алған нақсүйер тоқалы 
айтқанын қылып,  айдауына көніп, тілін алған соң, оны жақсы көргендігі сол!- 
дейді”. 
Бұл  сөзді  естіген  соң  Қара  хан  өзінің  бектерін  жинап  алып  ақылдасты, 
ақыр  түбінде  Уызды  өлтірмек  болды.  Қара  ханның  маңайындағы  ел  екіге 
бөлінді,  бірі  ханды,  бірі  баласын  жақтады.  Екі  әскер  сапқа  тұрып  соғысты. 
Құдай тағала қолдап жеңісті Уыз ханға берді. Қара хан жеңіліп қашты. Соғыс 
кезінде кім атқаны белгісіз, Қара ханның басына садақтың жебесі тиіп еді. Сол 
жарадан  Қара  хан  қайтыс  болды,  ал  Уыз  хан  әкесінің  тағына  отырды. 
Көшпелілер тарихының жаңа беті осылай қантөгіспен ашылды. 
Мәшһүр  шежіресінде  бұл  қантөгіс  соғыс  қазақтың  жалпақ  тілімен  әдемі 
баяндалады: «Қарахан бұл сөзді естіген соң,  жұртын жиып, көпке есіттірді. 
Көп жағасын ұстап, шошыды: 
-Мынау бір жұрт естімеген сұмдық екен! –деді. – Мынау жұртты бұзар, 
мұның қарашығын батырып, көзін жоғалту керек!- десті.  
-Жә,  бәсе!-деп,    сөзді  осыған  қойды.-  Мұны  елге  жуытпай,  түзде 
жүргенде,  жайын  табайық!-  десіп,  Қарахан  атқамінер  азаматқа:-  Үйде  бір 
жан қалмасын!- деп, жарлық қылып, қосын қылып аттана бастады. Бұл сөзді 
Уыздың  соңғы  алған  қатыны  естіп,  Уызға  хабар  жіберді:  «Әкесі    өлтіргелі, 

52 
қарашығын  батырғалы  бара  жатыр.    «Қатын-ердің  жеті  дұшпаны»-  деген. 
«Үйде  қатыным  қалады-ау!»-  деп,  алаңдамасын,  басының  қамын  қылсын!  Өзі 
тірі болса, қайда барса,  бір қатын табылар!- деп. Бұл хабар барған соң, Уыз 
да елге кісі шаптырды: 
-Әкем  мені  өлтіргелі  келеді.  Мен  деген-  маған  келсін,  әкемді    көксеген- 
әкеме  барсын!-  деп.  «Партия»-  десе,  жаны  құмар  бурыл  бас,  көк  тұқыл 
қауқылдаған  шалдар  Қараханға  қарай  гулесіп  жөнелді.  «Жас-жастың  тілеуі 
бір,  жібектің  түйіні  бір!»-  деп,  жастар,  замандастар,  құрбы-құрдастар 
Уызға  барды.          Қараханның  туысқан    бауырларының    бала-шаға,  өндірдей 
жастары  көп  еді,  көтеріле бәрі  Уызға  кетті.    Уыз  оларға:  «Ұйғыр»-  деп, ат 
қойды. «Ұйғыр»- түркі тілі, мәнісі: «шап етіп, жабысқыш»- деген сөз. Ұйғыр 
деген халық- солардың жұрағаты. 
Әке  мен  бала    айдалада  ұрыс-төбелес  бастап  соғысты.    Бір  болысушы 
жанға көрінбей келіп, Уызға болысты. Болысқандық белгісі сол, Қараханға оқ 
тиіп,  аттан    мұрттай  ұшты.  Ол  заманда  «оқ»,  «жақ»  дегенді  жұрт 
көрмеген, білмеген нәрсе. Қарахан  халі бітіп қалған соң, қасындағылар  үркіп, 
шошып  қашты.  Уызға  ергендер  сол  бойымен  топтанып  келіп,  Уызды  
атасының орнына таққа отырғызып, хан көтерді”.  
Біздің  ойымызша  әке  мен  бала  арасындағы  қарама-қайшылық,  ақыр 
соңында  екеуінің  тіл  табыса  алмай  Қара  ханның  садақ  оғынан  өлуі  Еуразия 
рухани тіршілігінде өріс алған Бір Тәңірі үшін болған үлкен күрес майданының 
символға  айналған  белгісі.  Бұл  тым  адамзат  тарихында  ерте  заманда  болған 
сапалық  өзгеріс.  Қазіргі  қазақтың    тарих  және  әдебиет  ғылымдарында  орын 
алып отырған Уыз ханның Қара ханды, яғни әкесін өлтіруін, тікелей қабылдау 
қандай жағынан да жаңсақтықтың басы болады.  
  Қазақ  шежіресіндегі  Уыз  хан  заманы  туралы  баянның  үлкен  бөлігі 
Еуразия көшпелі елдерінің жаугершілік тарихын баяндауға арналды. Алдымен 
ескерте  кетуге  тұратын  бір  мәселе  көшпелілердің  ішкі  тартысының  өзі 
Әбілғазыға  сүйінсек  жетпіс  үш  жылға,  ал  Рашид-ад-динге  құлақ  ассақ  жетпіс 
бес жылға созылған. Осы ұлы  азамат соғымында Уыз хан өзінің соңынан ерген 
туыстарына  және  руларға  «ұйғыр»  деген  ат  берді.  Рашид-ад-дин  бұл  ұйғыр  
деген сөз түрік тілінде сүттей ұйыды, басы қосылды және бір-біріне көмектесті 
деген  ұғымды  береді  дейді.  Екінші  бір  руды  «қаңлы»  атады,  оның  да  тамаша 
тарихы  бар.  Қыпшақ,  қалаш  және  ағаш  ері  сияқты  ірі  тайпалар  да  Уыздың 
соңынан  ерген  ер  –  азаматтардың  тұқымы  дейді  шежіре  дерегі:    «Уыз  ханды  
мойындамаған  тоң  мойын  шу  асаулары  Татар  хандарына  барып,  қорғалады.  
Татарлар  да  көп  жұрт  болып,  өсіп-өніп,  Шүршітке  жақын  маңайлас 
отырушы  еді.  Шүршіт  деген  көп  жұрт,  кент  салған,  шаһар  салып,  атар-
шақар  болған. Қытайдың темірқазық жағында.   Һинд, тәжік:  «Шын»- деп 
атаған.    Патшаларын  «Фағпур»  атап,  «Фағпур-  Шын»-  аталған    мақтаулы 
жұрт болған. Уыз  хан  аттанып, Татарды шапты.  Татар көп  қосын жасап 
ұрысты.  Уыз  қолы  басым  болып,  Татар  қосыны  бәсең    болып,  Уыз    жеңді.  
Олжа  көп  түсті.  Айдап      қайта  қоятұғын    мал  емес,  тастап    кетуге  көзі 

53 
құрғыр қимай,  көпте  не жоқ,  бір шебер кісі екі аяқты арба жасады. Арбаға:               
«Қаңқ-қаңқ»-  деп  ат  қойды.  Жүргенде,  қаңқылдағанынан-  оны  жасаушыны 
«Қаңқылы»- деді. Бұл күнгеше ат қалды. «Қаңлы» деген жұрт- соның ұрпағы, 
жұрағаты. Уыз хан  жетпіс екі  жыл мұғол-татармен жауласып, жетпіс үш 
жылда  бәрін  өзіне  бағындырып,  пұсырман  қауымына    кіргізді.  Сонан  соң  
жүріс  қылып,  Қытайды  алды,  Шүршітті  алды,  Таңғұтты  алды.  Таңғұтты   
тәжік:  «Дибет»-деп  те  айтады.  Сонан  кейін  барып  Қарақытайды  алды. 
Қарақытай атанғаны- кісілерінің  өңі-түсі һинді халқындай қара түсті болады 
екен. Һиндістан мен Қытайдың аралығында болады екен.  Бұлардан әрі  дүние 
айналған    мұхиттың  жағасында  заңғар  биік  тауларда  қоныс,  тұрақ  қылған 
жұрттар бар екен. Патшаларының аты «Итбарақ» екен. Солармен соғысты.  
Итбарақ  хан  басым    шықты  да,  Уыз  қосыны    бәсең  тартып,    жеңіліп  бара 
жатқан  соң,  қашты.  Ұрысқан  жерінің    бір  жағында  ағатұғын  екі  дария  бар 
еді. Сол дарияларды көрген соң Итбарақ  хан  қосыны қайтып кетті. Уыз хан  
қосыны есін жиып, етегін жауып,  демалып, қашқан-босқан, қалған-құтқанын  
жинады.  Ол  заманда    соғысқа  аттанғанда,  қатын-қалаш,  бала-шағасын 
қалдырмай, бірге алып жүреді екен. Уыз ханның бір өзіне жағымды жігіті бар 
екен. (Ол) соғыста өлген екен де,  қатыны қашып құтылып, ел соңынан келіп, 
үйірін тапқан екен». 
   Осы  жерде  шежіреге  қыпшақ  мәселесі  кірігеді.  Шежіренің  барлық  
нұсқаларында  әдемі  суреттелетін  бұл  оқиға  Қыпшақтың  дүниеге  келуінен 
басталады. Жоғарыда мұхиттың жағасында, биік таулардың арасында көп елдер 
өмір  сүргені,  сол  елдердің  патшасы  Итбарақ  аталатыны  айтылды.  Бұл  жерде 
Итбарақ  деп  мүмкін  қасқырды  киетек  тұтқани  халықтар  айтылады  ма,  кім 
білсін, сол патшалыққа Уыз хан шабуыл жасап, үлкен бір ұрыс болды. Соғыста 
Итбарақ жеңіп, Уыз қашты делінеді. Сол жерде екі үлкен өзен бар еді, сол екі 
араға келіп әскерін жинады. Уыз ханның бір сенімді бегі бар еді, осы соғыста 
әйелін  алып  барып  еді.  Өзі  ұрыста  өліп,  қатыны  қашып  құтылып,  екі  судың 
арасында  тұрған  ханның  артынан  жетті.  Әйел  жүкті  еді.  Толғағы  келді.  Күн 
суық  еді,  кірейін  десе  үй  жоқ,  бір  іші  шіріген  ағаштық  қуысына  босанды,  ұл 
тапты. Мұны естіген хан: «Әкесі менің көз алдымда соғыста өлді, қамқоршысы 
жоқ»  деп  атын  Қыпшақ  қойып,  өз  қарамағына  алды.  Әбілғазының  айтуынша 
түрік  тілінде  іші  қуыс  ағашты  «қыпшақ»  дер  еді.  Қыпшақ  азамат  жасына 
жеткенде хан оған көп ел және нөкер беріп орыс, аулақ, маджар, башқұрт елдері 
мекендеген  Еділ  мен  Дон  (шежіреде  Тең  деп  аталады)    арасындағы  жерге 
жіберді.  «Қыпшақ  үш  жүз  жыл  бойы  патшалық  етті.  Барша  қыпшақ  елі 
соның  нәсілінен  шықты.  Оғыз  ханның  заманынан  Шыңғыс  ханның  заманына 
шейін  Дон,  Еділ,  Жайық  аталатын  үш  судың  жағасында  қыпшақтан  өзге 
халық жоқ еді. Ол жерде қыпшақтар төрт  мың жылдай отырды, сондықтан 
ол жер Дешті Қыпшақ  атанды» деп жазады Әбілғазы баһадүр хан (12, 19-20 
бб.).   
  Мәшһүр  Әбілғазы  шежіресін  негізге  ала  отырып  Итабарақ  еліне  қарсы 
соғысты,  Қыпшақтың  дүниеге  келуін  құлпырта  суреттейді:  «Өзі  буаз  екен, 

54 
толғақ  тұтып,    баспаналауға  үй  жоқ,  бір    іші  қуыс,  шірік  ағаштың  ішіне  
қорғалап, босанып ұл тапты. Ол заманда  іші қуыс шірік ағашты: «Қыпшақ»- 
деп атайды екен. Уыз хан бұл баланың атын «Қыпшақ»  қойып, өзі бала қылып 
алды. Осы бала өсіп, жігіт болған соң, қолбасы қылып, көп жігіт-желең беріп, 
Орыс,  Ұлақ  (Олақ),  Башқұрт,  Мажар  жақтарына  жауласуға  жіберді.    Бұл 
айтылған жұрттар  «Тең» деген судың  бойында болады екен. Қыпшақ келіп, 
Орыс, Ұлақ, Башқұрт, Мажарды- өзіне қаратып алып, үш жүз жыл патшалық 
қылды.  Бұған  қараған  ел  «Қыпшақ  елі»  атанды.  Тең,  Еділ,  Жайық,-  осы  үш 
судың өлкесінде төрт жүз жыл тұрақ қылып, тарихларда  «Дешті Қыпшақ» 
атанды.  
  Уыз хан Итбарақ ханнан жеңіліп қашқандығын ар-намыс көріп, он жеті 
жыл  арада  өткеннен  кейін,  қайта  қам  қылып,  аттанып  барып,  ұрысып,  
Итбарақ ханды өлтіріп, елін жебір-жесір қылып шауып: «Пұсырман болдық»- 
дегеніне  тимей,  болмағанын  қырып,  қиратып,  ордасына  қайта  келіп  түсті. 
Сондағы «Орда» деп жүргендері- керегесіз ағаш шаншып, кигіз жапқан жолым 
үй». 
  Шежіреде  сипатталған  бұл  оқиғалар  оғыз  жұртының  қыпшақтың  көрі 
көне  ел  екеніне  нұсқайды.  Тарихи  жазба  деректерде  «ғұз»,  «уз»,  «оғыз» 
аталатын  ел  мемлекет  ретінде  ұлы  дала  төсінде  қыпшақтардан  ертерек  өмір 
сүрген. Сонымен бірге шежіреден тағы бір сыр бар сияқты, ол қыпшақтың ата 
қонысы,  кіндік  қаны  тамған  жері  ағашты,  сулы,  нулы  жер  болуы.  Бұл  сурет 
қыпшақ  негізі  Ертіс  дариясының  солтүстігіне  қарай  орналасқан  өлкеге 
байланысты дейтін ғылыми жорамалдың дұрыстығына дәлел. 
  Уыз  хан  туралы  шежіреде  Иран  мен  Тұранға  қатысты  толып  жатқан 
мағлұматтар  бар:  «Уыз  хан  Мұғол-Татар    елінің  азаматын  жинап,  Талас, 
Сайрам,  Ташкентке  аттанды.  Ол  заманда  бұл  айтылып  отырған    шаһарлар 
шаһар  болып  ат атанған  емес.  Басы Қожакент, аяғы  Өзкент-  Шыршықтың 
бойында «тоқсан мың үйлі Қыбырай Дүрмен» деген жұрт бар екен.  Бір шеті: 
Шымкент, Сайрам; бір шеті-Түркістан,- «Қырық қақпалы Қарашық» аталған 
жұрт бар екен. Отырықшы болған халықты «Кент халқы» деп атайды екен. 
Не  десе,  о  десін.  Осы  айтылған  жер-суды,  отырған  жұртты-  бәрін  өзіне 
қаратып,  алты  айда  апа-сапа  қылып,  Зарафшан,  Аму  суының  бойындағы 
жұртты жайластырып, Құндыз, Талқан, Балқ, Бадахшаннан арман асып, Ғұр 
уалаятының үстіне барды.  Зымыстан қыс түсіп, күн суық болып, қар қалың 
жауып,  қосы-қолаңды  қосын  жүруге  жол  ауырлық  қылып,    жұрт  жүдеубас 
болайын деді. Өктеп отырып жүріп барып,  Ғұрды алды. Жыл  шығып,  жаз 
болды. Қосын санына қараса, бұрынғыдан аз болды.  «Бұл қайда қалды?»- десе,  
қардан  жүре  алмай,  тау  арасында  қалған  екен.    Жаз  шыққан  соң    келіп 
қосылды. Хан оларға:  
-Сендерге  қарлық  тисін!-деп,  қарғады.  «Қарлық»  деген  жұрт  солардың  
жұрағат, үрім-бұтағы дейді. Бұл күнгі атымен атай берейік. Кабул, Ғызойын, 
Кашмир  дейді.  Алды  бәрін  өзіне  қаратып.  Балқ,  Бадақшан  үстімен  Бұхара, 
Самарқан  топырағын  басып,  қайтып  келіп,  Мұғолстан  жұртына  орнықты. 

55 
Бір  жыл  жатып,  тынығып,  екінші  жыл  Иран,  Шам,  Мысыр    жұртын  ойға 
алып аттанды. Ол күнде Талас бойы отырықшы жұрт болған екен. «Талас»- 
шаһарға  қойылған  ат  екен.  Таласта  жатып  алды.  Артын  қоғамдап 
жинағанда,  жұрттан  кейін  қалған    бір  үйлі-баранды  болған,    өзі  жалғыз  үй 
қалған біреуді тауып ап келді.  
     -Не ғып қалдың?-дегенде: 
    -  Өзім  аш  болдым,  ат-тоным  жоқ,  жалаңаш  болдым.  Қатыным 
екіқабат еді, босанып, бала тапты. Қалжаға жеуге – сойып жерлік мал жоқ. 
Емшегінен сүт шықпай, баласын жарытпады.  Сөйтіп алақтап тұрғанда, бір 
шүиебөрі анадай көз алдымда бір қырғауылды алды. Жүгіріп бардым,  шиебөрі 
қаша жөнелді, қырғауыл қала берді.  Алып келіп, қатыныма қалжа қылып, етін 
асып  беріп,  сорпасын  ішкіздім.    Емшегінен  сүт  шығып,  баласын  жарытты. 
Сонан  кейін  сіздің  жігіт-желеңдеріңіз  оқтай  ұшырап  келіп,    жеткенім-ақ 
осы!- деді. 
  Уыз хан бұған  ат, азық, ешкі, лақ, қой, қозы беріп: 
- Енді сен  шұбатылып жүрмей-ақ  қой, қал аш!- дейді. 
  Сонан  «Қалаш»  атанып,  бұ  да  өсіп-өніп,  көп  жұрт  болды,  «Қалаш  елі» 
атанды.  Бүгінде  «Халаж»-  деп  атайды.    Мауралнаһрда  үрім-бұтағы  көп  
жұрт  болып  өсті.  Аймақ  елімен  аралас  болады.  Қорасанда,  Ғирақта  да 
халаждар бар. 
  Ол  шақта  Иран,  Тұранда  атақты    патша  жоқ  еді,  Кеймарыс  өліп, 
Һушаң    таққа    отырмаған  күні  еді.    «Өз  үйіне  әркім  өзі  қожайын.  Үй  басы- 
қара  хан»  аталған заман  еді.  Бассыз  елді  баудай  орып,  қирата  берді.    Ғирақ, 
Ғараб, Әзербайжан, Армен, Мысыр, Шамға  шейін алды.  Бір  заманда дәуірі  
жүрген,  бақ- талайы жоғары өрлеген патша болды». 
 
Уыз  хан  жайындағы  әңгімелер  «Оғыз-наме»  эпикалық  дастанында  да 
әдемі көрініс тапқан. «Оғыз-наме» ХІІІ ғасырда хатқа түскенімен оқиғалар мен 
аңыздардың  жүйелі  сюжеттері    өз  бастауын  өте  көне  замандардан  алатыны 
анық.  
  Шам  жерінде  болған  екен-мыс  деген  бір  әңгіме  біздің  тарихымызға 
тікелей  қатысты.  Ол  әңгіме  Уыз  хан  балаларының  Бұз  оқ  және  Үш  оқ  болып 
бөлінуі.  Шам  уалайатында  тұрған  заманда  Уыз  ханның  жанында  бір  ақылгөй 
қария бар еді. Оның аты Ұлық Түрік еді. Сол қария бір күні түс көрді, түсінде 
бір  алтын  жақ,  үш  күміс  оқ  көрді-мыс.  Ұйқыдан  тұрып,  түсте  көргенін  Уыз 
қағанға білдірді: 
«… Содан соң таңертеңгі шақта балаларын шақыртып айтты: 
-
 
Ей, менің балаларым, көңілім аңға шығуды тілеп отыр, 
Кәріліктен менің бұрынғы ерлігім жоқ. 
Күн, Ай, Жұлдыз (Уыздың үлкен балалары), 
Таң сәріге сендер барың. 
Көк, Тау, Теңіз (Уыздың кіші балалары), 
Түн сәріге сендер барың, -деді… 
Күн, Ай, Жұлдыз көп аң-құс аулаған соң

56 
Жолда бір алтын жақты тауып алды
атасына әкеп берді… 
Тағы онан соң Көк, Тау, Теңіз көп аң-құс аулаған соң, 
Жолда үш күміс оқ тауып алды
атасына әкеліп берді…» 
  Осылайша  оғыз  тарихына  ру-тайпралық  құрамды  және  әскери 
құрылымды реттейтін «Бұз оқ» және «Үш оқ» атаулары енді. Шежіренің негізгі 
қызметі де әркімнің қоғамдағы орынын нақты анықтау болып табылады емес пе 
?    Мәшһүр  бұл  оқиғаның  соңын  былай  баяндайды:  «Балаларына  және  кеп: 
Жасы үлкен үшеуің алтын жақ тауып келдіңдер. Өздеріңе байлап едім, бұзып, 
бөлшектеп  алдыңдар,  аттарың:  «Бұзық»-  болсын!  Сендерден  болған  үрім-
бұтақты: «Бұзық»- атасын. Мүйізді қошқар бола туасыңдар. Екі қошқардың 
басы бір қазанға сыя ма? Бір атадан екеу тусаңдар, біріңді-бірің мүйіздеп,  бақ 
күндестікпен әуре боласыңдар. Үш оқ тауып  алып келген үш бала  -  ол пенде 
жұмысы    емес,  Алла  жұмысы.  Жақ-  патша  есепті,    оқ-жақтың    атып 
жіберген жұмыскері. Жақ оқты қалай нұсқап атса, оқ солай кетеді. Мен өлген 
соң, Күн хан таққа мініп, менің орнымда отырып, әділдік қылсын! Сонан былай 
Бұзық  тұқымының  іске  жарарлығы  хан  болсын  да,  хан  болмағаны  оң  қол 
болсын!  Үш  оқ  тұқымы  сол  жақта  отырсын,  сол  қол  болсын!  Бір  түйеде  екі 
өркеш: бірінсіз бірінің күші бола ма? Бір биеде екі емшек: бірінсіз бірінің сүті 
бола ма? Осы сөзді ұмытпаған- оңбақ,  мұны ұмытқандар- тоңбақ!”. 
  «Уыз  хан  жаулап  алған  жерлерінде  көп  жылдар  тұрып,  дұшпандарын 
құртып,  достарын  күлдіріп,  «басы  Сайрам,  аяғы  Мысырға  дейінгі 
уалаяттардың  баршасына  әкімдерін  қойып,  қайтып  өз  жұртына  оралды» 
дейді шежіре. 
Уыз хан өз жұртына аман-есен келген соң ұлық той жасады: «Бір үй тікті 
алтыннан  ол  шадияр,  ол  үйді  безендірді  жұрт  таң  қалар  дейді.  Тойға  арнап 
тоқсан  тоғыз  саба  тіктірді,  тоғызына  арақ,  тоқсанына  қымыз  құйғызады, 
барша  халқын  тамаққа  тойғызда.  Осы  тойдың  үстінде Уыз  хан алты  ұлына 
ақылын  айтып,  бектеріне  билігін  айтып,  қарамағындағы  барша  жерді,  елді 
үлестірді.  
-
 
Сіз  үш  үлкен  ұлым,  -  деді  Уыз  хан,  алтын  жақ  тауып  әкелдіңіздер 
және оны бұзып алдыңыздар. Сіздер бүгіннен бастап қиямет- қайым болғанша 
“бұзық” атанасыңдар.  
-
 
Сіз үш кіші ұлым, үш оқ тауып әкеліңіздер, сіздер “үшоқ” атасыздар.  
-
 
Жақты және оқты тапқандарың адамның ісі емес, Тәңірінің бұйрығы. 
Бізден  бұрын  өмір  сүрген  халық  жақты  патшаға  теңеп,  өздерін  оқпыз  деп 
білген. Мен өлгеннен кейін Күн хан менің тағыма отырсын, - деп өсиет қылды 
Уыз хан. Ақыр заман болғанша Бұзықтың бір жақсысы патша болып, өзгелері 
тақтың  оң  жағында  отырсын,  үшоқтар  сол  жайында  отырсын,  өмір  бойы 
дүние таусылғанша нөкерлікке риза болсын». 
-
 
Міне, Оғыз елінің Бұзоқ, Үш оқ атану себебі осы әңгімеге байланысты 
делінеді. Сарыарқаның солтүстік өңірінде «Абылай аспас Арқаның Сары белі» 

57 
делінетін  Есіл-Нұра  арасында  Бұзоқты  көлі,  оның  жағасында  ерте  орта 
ғасырлық  Бұзоқ  қонысы  бар.  Бір  қарағанда  ертегі  көрінетін  Уыз  өсиетіне 
қатысты әдемі жәдігерлік осы Сары бел емес пе екен?! 
  Зерттеушілер  Рашид-ад-дин  дайындаған  «Оғыз-наменің»  алғашқы 
нұсқасында оғыздардың әскери ұжымы туралы тарау болған екен деген пікірде, 
өкінішке орай бүгінгі күнге дейін оның тек кейбір фрагментері ғана сақталған. 
Осы  аздаған  деректерге  көңіл  аударайық:  «Уыз  хан  армиясы  жеті  бөлімге 
бөлінді. Бірінші бөлім моңғолша-бұлчынгар,ал  түрікше –қарашыл атанды, ол 
әсердің  негізгі  күштерінің  алдына  орналасты;  екінші  бөлім  моңғолша  -
манголай,  түрікше –йерауыл, ал араб тілінде мукаддима ал-джайш. Ол бөлім 
ер жүрек жас жауынгердерден құралған...». Бұдан әрі шежіреші «оң қол», «сол 
қол»,  «қол»,  «кючунгар»,  «бухтарме»,  «карму»  т.б.  сипаттама  жасап,  олардың 
қалай орналасатынын  көрсетеді. Әскер құрамында «урун», «солгай», «унюш», 
«кюшюк» сияқты арнайы бөлімшелер де бар. Егер біз осы әскери құрылымды 
жоғарыда  айтылған  «Бұз  оқ»,  «Үш  оқ»  құрылымның  үйлесуі  туралы 
деректермен салыстырсақ, үлкен бір жүйені көреміз: «осыдан кейін олар былай 
деп шешті: Оғыз ханға жақты берген ұлдардың орыны жоғары болуы керек, 
сол себепті әскерде олар оң қолды құрайды. Ал кімге оқтарды берді, олар бір 
саты  төмен  тұруы  керек,  сондықтан  олар  сол  қол  болады.  Себебі    жақ 
падишах  сияқты,  ал  оқтар  өздеріне  берілетін  жолдауға    бағынышты.  Осы 
тәртіппен  Уыз хан балаларының жұрттарын орналастырды».  
  Біздің  ойымызша  оғыз  ру-тайпаларының  өздеріне  бөлінген  жұртқа 
орналасу  тарихын  өте  ұқыпты  талдағанымыз  жөн.  «Оғыз-намеде»  мынадай 
деректер  айтылады:  «Уыз  ханның  балалары  мен  оған  бағынышты 
жұрттардың  шаруалары  әбден  шешіген  соң,  мынадай  бұйрық  берілді:  оң 
қанатты  құрайтын  Бұзоқ  тайпасы  жаз  жайылымына  Сайрам  шекарасынан 
бастап  Башқұрт  тауларына,  одан  әрі  Қарабаққа  дейін  алады.  Сол  қолды 
құрайтын Үшоқ тайпасы  Құртақтан бастап, Йериуда (Қарасынур ?), Туглак 
(Куңлук  ?),  және  Бозйак  Ақатау  мен  Алмалыққа  дейінгі  жерге  ие  болады.  Оң 
қанаттың  қысқы  қонысы  Борсық,  Ақтау,  Намалмыш  (Тамалмыш)  және 
Басарқұм  белгіленлі.  Сол  қанаттың    қысқы  қонысы  Қайы  (Қарлу  ?),  Дере, 
Асанаш  (Сал  Гечдум  ?),  Кум  Сенгри,  Кайы  Дурду  және  Жар  Сенгри»  (101,  50 
б.).  Жекелеген зерттеушілер бұл аңыздық деректе көрсетілген жер-су атаулары 
Қазақстанның  солтүстік  өлкесіне  қатысты  деп  есептейді.  Оғыздың  оң  қанат 
тайпаларының қысқы-жазғы қонысы қазақтың Орта жүзі мен Кіші жүзінің, ал 
сол  қанаттікі  Ұлы  жүздің  жаз  жайлауы  мен  қысқы  қыстауын  еске  түсіреді. 
Қалай  болғанда  да    оғыздардың  қысқы  және  жазғы  жайылымдары  ежелден 
Еуразияға көшпелілеріне тән аумақты қамтыды деген пікірдеміз.  
Сегіз  қиыр  шартарапқа  атағы  жайылған,  піл  сауырындай  тұтас  жатқан 
Евразия құрлығын бір шыбықпен айдаған Уыз хан қай заманда өмір сүрді екен? 
Шәкәрім  қажы  Әбілғазы  шежіресіндегі  Қара  хан  мен  Уыз  ханның 
әңгімесін  баяндай  келіп,  Уыз  ханның  заманы  туралы  “мұның  хан  болғанын 
мұсылманша  шежіре  кітаптар  біздің  пайғамбарымыздан  3400  жыл  бұрын” 

58 
дейді.  Бұл  “Оғыз  хан  бек  мықты  хан  болып,  жер  жүзінің  талай  жерін  алған 
хан еді. Оғыз хан деген атақты хан болғанын барша шежіренің бәрі айтады. 
Қайсыбіреулер жоғарғы Мете, яки Мете деген хан осы десе де оның уақыты 
дұрыс  келмейді”  деп  тұжырымдайды  (59,73  б.).  Дегенмен  Уыз  хан  заманын 
нақты  хронологиялық  жобаға  түсіру  үшін  біз  Әбілғазы  «Түркімен 
шежіресіндегі»  «Уыз  ханнан  Козы  Йавы  ханға  дейін  біз  қалай  баяндасақ 
дұрысы  солай...  Ал  енді  Қозы  Йавы  хан  мен  Уыз  хан  арасында  қандай  жыл 
өткенін  біз  анықтай  алмадық...мүмкін  төрт  мың  жыл  өткен  болар.  Осыдан 
басқа Оғыз ханның Кеймарс заманында өмір сүргенін білеміз, ал Инал ханның 
уәзірі Қорқыт ата болған...» деген есептерді қайта талдау қажет деп есептейміз 
(49,55-56 бб.). 
Құрбанғали  Халид  жазбаларында    Қара  хан  Моңғолдың  18-ші  тұқымы. 
Оған дейін моңғол мен татардың жігі ашылмаған. Тек татар ханы Сүйініш хан 
өлген  соң  оның  орнында  қалған  үш  ұлы  (Тайынғұн,  Душун,  Кешул)  өз  ара 
жауласып  биліктен  айрылып  қалған.  Татарлар  өз  ара  соғысып  “әбден  әлсіреп, 
мезгілі  келгенде  моңғол  тайпалары  бөлініп  өз  ханзадаларынан  Қызыл  Бұға 
баласы Қара ханды хан көтереді” (125, 221 б.). Жоғарыда баяндалған жетпіс бес 
жылға созылған татар мен моңғол соғысы осылай басталған еді. Құрбанғалидің 
айтуынша Оғыз әуелі Душун мен Кешулмен кеңесіп Тайынғұн ханмен соғысып, 
оны  өлтірген.  Сәл  кейін  өз  ажалынан  Душун  хан  өліп,  бар  қауымы  Уызға 
қарады. Жалғыз қалған Кешул қорыққаннан тақтан өзі  безіп шықты. Осылайша 
Оғыз хан татар-моңғолға бірдей хан болды”.  
Құрбанғали имам деректеріне қарағанда “Оғыз хан шаһарларға көңіл бөліп 
Хами, Турфан, Яркент, Хотан, Сағун, Қашғар шаһарлары салынып, моңғолша 
“Әубалық”  –  алты  шаһар  атанған…  Балхты  да  Оғұз  хан  салып  моңғолша 
“Балық” дейді, бірақ ғылыми хаттарда соңғы әрпін “х” етіп жазады”.  
Уыз  ханнан  кейінгі  тарих,  оның  балалары  мен  немерелерінің  билігі, 
Құрбанғали  шежіресінде  біршама  нақты  сипатталған.  Хандықтың  реті-  Уыз 
хан,  одан  Күн  хан,  одан  кейін  Ай  хан,  содан  кейін  Жұлдыз  хан,  одан  кейін 
Меңлі хан (ибн Ай хан), одан кейін Теңіз хан (ибн Жұлдыз хан), одан кейін Жел 
хан  (ибн  Күн  хан)  болып  жалғаса  береді.  Осы  Тау  ханды  Құрбанғали  ерекше 
атап  “Тау  хан  Илхания  мемлекетін  барынша  кемеліне  келтірген”  дейді.  Біздің 
пікірімізше  осы  Тау  хан  ғұндарға  байланысты  деректерде  көп  айтылатын 
Тумань (Тауман), Мода шаньюйдің әкесі болуы да мүмкін. Анығын, әрине, Алла 
біледі.  
 
Соныменен  Уыз  ханды  қай  заманда  өмір  сүрген  тарихи  тұлға  деп  айта 
аламыз  ба?  Менің  ойымша  жоғарыда  көрсетілген  деректер  бұл  сұраққа  нақты 
жауап  бере  алмайды.  Бір  қарағанда  Уыз  туралы  шежірелер  мен  жырлар  сақ-
скиф  заманын  нұсқайтын  сияқты.  Б.з.б.  VІІІ-VІІ  ғасырлардағы  Ишпақай  мен 
Партатуа  басқарған  скифтердің  Мысырға  және  Таяу  Шығысқа  (Ассирия) 
жасаған  28  жылдық  жорығы  еске  түседі.  Бірақ  бұл  көшпелілердің  Бабыл  мен 
Мысырды  алғаш көруі  емес.  Тарихтың  қойнауына  үңілсек  шумерлердің  өзі  де 

59 
осы  Ұлы  даладан  Ефрат  пен  Тигр  жағалауларына  б.з.б.  ІV  мыңжылдықта 
аттанған  сияқты,  одан  кейінгі  касситтер,  хеттер,  гиксостарды  қайда  қоямыз?! 
Қалай болғанда да деректер Еуразия көшпелілерінің ертегідей алыс кеткен ерте 
кезеңін айтып отырған сияқты.  
Егер  Уыз  ханның  Еуразиялық  көшпелі  ортаның  мәдениет  үлгілерін 
туғызушы  есебіндегі  орнына  келсек,  қазақ  шежіресінің  терең  білгірі,  ғұлама 
Мәшһүр Жүсіп қазақтың түп-тамырын Нұқ пайғамбардан бастап тарата келіп: 
«Моңғолдан  бел  бала  Қара  хан,  мұнан  Уыз  хан.  Моңғол  нәсілінен  әуелі 
мұсылман  болған  осы  Уыз  хан  еді.  Мұның  заманында  не  кітап,  не  пайғамбар 
бірден бірі жоқ еді. Іштен туа ел ханы болып, Алла деп туды Уыз. Бұл өскен 
соң Ұлы патша болып, дүние жүзіне әмірі жүріп, көп уәлаяттар алып, қанша 
жұртты мұсылман қылды. 
Уыздың  алты  бел  баласы  болды:  Айхан,  Күнхан,  Таухан,  Теңіз  хан, 
Жұлдызхан, Көкхан. Мұнан бұрын бұл аттарды ешкім баласына қойған емес. 
Кигіз  үйді  осы  Уыз  жасатып,  уызынан  шығарып,  соның  хақында  үлкен  той 
жасатып, тоғыз жүз жылқы, тоқсан мың қой сойғызады. Былғарыдан тоқсан 
тоғыз саба тіктіріп, тоқсанына қымыз, тоғызына шарап толтырып, барлық 
нөкерлерін шақырып сол кигіз үйді тігіп қойған. Сол үшін атамыз Уыз екендігі 
анық  аталады.  Уыз  арғы  бабам  Түріктен  өзіме  дейін  тоғыз  атаға  шейін 
хандық үзілмей келді деп, әр нәрсенің дара  жасы тоғыз-тоғыздан болсын деп 
ырым  қылған  екен.  Сол  үшін  қазақ  жұртында  түйе  бастатқан  тоғыз  мал 
байлайды.  Торқалы  тойға  тоғыз,  топырақты  өлімге  тоғыз  бастатып  сый-
сыяпат қылысады. 
  Кигіз  үйді  қолдан  жасатып,    жұртқа  өрнек-өнеге  қылған  Уыз  хан 
болғандықтан: «Кигіз туырлықты, Уыз үйлі»- атанып қалды. Және: «Түркіден 
дәл  өзіме шейін тоғыз атаға хандық үзілмей келді. Және өзімнен кейін тоғыз 
атаға толғанша үзілмейді!»- деп, «тоғызды» толық сан қылды. Қазақта киіт 
те  тоғыз,  сыйыт  та  тоғыз-  сонан  жол-жоба  болып  қалды.  Уыздың  алты 
баласынан-  жиырма  төрт  немере  болды.  Бұл  айтылған  балалар  -  немерелер 
қадірлеп, қастап алған қатындарынан . « Құма»-деп,  айтылатұғын қатын да 
болады  екен.    Оны  қатын  есепті  алған  емес:  олжаға  түскен  соң,  сұлулығына 
қызығып,  басқаға  қимай,  жинай  береді  екен.  Мұндайдан  болғандары  биттей 
быжынап, құрттай құжынап толып жатыр.  
  Балаларының  аттары:  Күн  хан,  Ай  хан,  Жұлдыз  хан,  Көк  хан,  Тау  хан, 
Теңіз  хан.  Күн  ханнан  төрт  бала:  Қали,  Баят,  Алқаүйлі,  Қараүйлі.  Айханнан 
төрт бала: Ұшат, Қонақ, Дудорға, Дөкір (Дүкір). Жұлдыз  ханнан төрт бала: 
Салар,  Әміре  (Емүр),  Алажұнтты,  Өзкер  (Үркер).  Теңіз  ханнан  төрт  бала: 
Екдүр, Бектұр, Ауа, Құниқа (Қанық). Көк хан, Тау ханның балаларының  аты 
жазылмапты.  Қумаларынан  болған  бел  балалар:  Кене,  Көне,  Тұрбат,  Керейлі 
(Гирайлы),  Сұлтанды,  Оқты,  Көкті,  Сушыл,  Арасан,  Жұртшы,  Жамшы, 
Тұрымшы, Қойсорқы, Қошық, Қазығұрт, Қырғыз, Лақай, Тикен, Лала (Лаккал), 
Мүрдем, Шот. 
  Бұл  шежіреден  біздің  алып  отырған  үлес-сыбағамыз:  Уыз  хан 

60 
балаларына  өз  пайым-  парасатымен  көзіне  көрінген  нәрсенің  толымды, 
жарамдысын ат қылып қоя беріпті: «Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз»- деп.  
Сол  аттар  күні    бұл  күнге  шейін    біздің  қазақта    айдың  басында  туған 
баланың атын «Айбас» қояды. Таң ата туған баланың атын «Таңатар» қояды. 
Күн  шыға  туса «Күншығар» қояды,  түн  ортасында  туса  «Түнқатар»  қояды. 
Көл  басында  туса  «Көлбай»  қояды.  Тау  басында  туса  «Таубай»,  жайлауда 
туса «Жайлаубай», қыстауда туса «Қыстаубай», күзекте туса   «Күзекбай», 
«Күзеубай»,  Есілде  туса  «Есілбай»,  Нұрада  туса  «Нұрабай».    Уыз  ханнан 
ұстап қалған өрнек-үлгісі- осы. 
  Екінші  өрнек-үлгісі-  кигіз  үй.  Бір  нәрсені    біреу  іздеп  таба  алмай  келсе: 
«Осы Уыз үйлі Айдаболдан таппағаның ба?»- дейді. 
  Үшінші  өрнек-үлгісі-  топырлатып  жылқы  сою,  қой  сою,  қара  сабаға 
қымыз толтыру. 
  Төртінші    өрнек-үлгісі-  тоғыз-тоғыздан  сый-сияпат,    өлген  өлігіне  мал 
шығарса да- тоғыздан. Байлар өлсе,  жаназаға барып келушіден: «Неше тоғыз 
шығарыпты?»- деседі.  
  Арғы  атамыз  Ер  Түрік.    Екінші  буын  атамыз-Мұғолға  қосыламыз. 
Үшінші буын атамыз- Уыз хан. Ай мен Күн, Жұлдызына таласпай-ақ қоялық. 
Үш оқты бізге қимай ма? Біз неге  бұл күнгеше: «Үш жүз» атанып, «Үш Алаш» 
атанып  жүрміз?  Қазақтың  бұрынғы  «қаздай  қалқып,  үйректей  жүзіп»,  өз 
бетімен жүрген күні  аса мақтаулы, жақсы еді. Орысқа бағынып қараған соң, 
сарт-сауанның  өлімнен  басын  қорыттап  (құрттап)  қашқан  қаңғырмасы, 
ноғайдың  солдаттықтан  қашқан  ношалшігі  (пошелшігі):  «Сендер  енді  орыс 
боп  кетесіңдер,  кітаптың  айтқанын  қылмасаңдар?!»-  деп,  тамақ  асырап, 
күнелту үшін қазақты әурелеп, көк  ми қылып жіберді...». 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал