Жамбыл Омари



жүктеу 5.01 Kb.

бет4/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

  Біздің  ойымызша  «Алаша»  атауының  тарихын  осы  сөздің  этимологиясы 
арқылы  шешуге  болады.  Егер  тарихи-салыстырмалы  әдістерді  пайдалансақ 
«Алаша» сөзінен көне славяндардың «лошадь», «лачуга», «алашить» аталатын 
сөздері  бастау  алады.  Үндіеуропа  тілдерінде  осы  сөзден  көшірме  «пеку»    бар, 
мағынасы -жылжымалы дүние, байлық, мал,  ал осы сөзден шыққан  «то алаго» 
мал - байлық, жылқы, «то аланта» – байлық, ақша түрінде кездеседі. Еуропалық 
«пеку»,  орысша  «пегий»  қазақ  тіліндегі  ала  ұғымының  аудармасы  емес  пе  ?! 
«Пегас»  атауы  қазақ  жеріндегі  Бегазы  атауында  әлі  де  сақталып  тұр  деп 
есептейміз. Еуропа халықтарының әлі күнге қасиет көретін қанатты аты «пегас» 
Алашадан  шықты  деп  неге  болжам  айтпасқа  ?  «Алаша»  атауы  жылқы  деген 
ұғымға  саяды,  әлі  күнге  татар,  башқұрт,  чуваш  халықтары  «алаша»  деп 

39 
жылқыны  атайды.  Алашамен  қатар  көшпелі  тұрмыстың  негізгі  элементтері 
болып  табылатын  «алашық»  (лачуга)  –  кішкене  үй,  үйшік,  қос;  «алаша»  – 
көшпелілердің  кілемшесі,  төсеніші  шығады  т.б.  Сонымен  «алаша»  деген  атау 
жылқылы  ел  дегенді  білдімейді  ме,  ендеше    осы  атаудың  тарихы  қай  заманға 
барып сабақтасады ? 
  Еуразия құрлығында жылқыны  қолға үйрету  неолит дәуірінің соңы және 
энеолит  дәуірінде  іске  асқаны  күмән  келтірмейді.  Біздің  қолымыздағы 
салыстырмалы  –тарихи  тілдік  материал  «алаш»  ұғымының  осы  кезеңде  Ұлы 
даланы    мекендеген  алтайлық  және  үндіеуропалық  тайпалардың  ішінде 
қалыптасқанын көрсетеді. Оның таралу және қолданылу ауқымы Қазақстанның 
далалық  өлкесін,  Шығыс  Европа  жазығын,  Солтүстік  Кавказ  және  Каратеңіз 
Солтүстік  жағалауын  қамтиды.  Екі  тілдің  де  түпкілікті  негізі  бір  біріне  туыс, 
ностратикалық  жүйеге  енетіні  де  осы  мәселенің  айғағы.    Бұл  тайпалардың 
тіршілік  негізі  жылқышылыққа  тікелей  байланысты,  ал  оның  үлес  салмағы 
шығыс  аймақтарда  молырақ  болған.  Мысалы  В.Ф.  Зайберт  зерттеген  Ботай 
қонысында  /Көкшетау  жері/  жүздеген  мың  жылқы  сүйегі  табылса  және  олар 
осы қоныстағы  барлық сүйек қаңқаларының 99,9 пайызын құраса, Днепр өзені 
бойындағы  Деревки  энеолит  қонысында  жылқының  үлесі  60  пайыз  құрайды. 
Осы  екі  энеолит  мекенінің    арасына  орналасқан  Дон  өзені  бойындағы  Репин 
Хутор  қонысында  жылқының  үлесі  80  пайыз.  Жоғарыдағы  мысалдар  көне 
дәуірде жылқышылық орталығының қазақ жерінде болғанын дәлелдейді.  
Энеолит  жықы  мәдениеті  белгілі  дәрежеде  үндіеуропа  және  алтай 
халықтары  үшін  ортақ  құндылық.  Екі  үлкен  тілдік  жүйенің  шеқарасы    ол 
заманда    Орталық Қазақстан өнірі   /Сарыарқа/ арқылы  да  өтуі  мүмкін.  Себебі 
қазақтың  көне  өркениетінін  тамаша  ескерткіші  Бегазы  үндіеуропалық  
«Пегаспен»  байланысты  қарастырылса  ғана  түсінікті  болмақ.  Бегазының 
басқаша этимологиялық түсіндірмесі көңілге қонбайды. Шығыс үндіевропалық 
қауымдастыққа    жататын  кельт,  герман,  балтық  тайпалары  Батыс  Европаға 
ертерек    қоныстанғанда  (ІҮ-  ІІІ  мыңжылдықтар),  грек    (дориліктер),  славян 
тайпалары олардың соңын ала барған. Дегенмен бертінгі ғұн  дәуірінің өзінде 
көптеген герман тілдес тайпалар  Кара теңіздің маңында көшпелі – бақташылық 
тіршілікпен  жүрген.  Тіпті  батыс  герман    топтарының  да  отырықшылыққа 
өтпегені  Рим  тарихшыларының    (Тацит)  еңбектерінен  белгілі.  Міне  осы 
тайпалармен бірге толығырақ Европада «алаша» ұғымы  «пегас» түрінде  тарай 
бастады.  
  Қола  дәуірінде  «Алаш»  культі  одан  әрі  дамып  кешенді  шаруашылықпен 
айналысқан  тайпалардың  мемлекет  құру  және  көші  қонына    әсер  етті.  Бір 
қызығы  бұл  дәуірде  Қазақстан  жерінде,  әсіресе  оның  орталық  өңірінде  қола 
металлургиясы  өте  қарқынды  дамып  Еуразияның  шет  аймақтарына,  көне 
отырықшы  өркениеттерге  мыңдаған  тонна  түсті  металл,  әсіресе  мыс 
аттандырылды.  Тау  –кен  ісінің  осыншама  деңгейде  жедел  дамуы  екі  түрлі  
нәтиже берді деп айта аламыз: біріншіден, оңтүстік пен солтүстік арасында ірі 
сауда жолы қалыптасты және бұл меридианалды бағыт Үндістан, Қытай, Иран 

40 
мен  Грекияны    Еуразияның  далалық  аймағымен  байланыстырды.    Егер  біз 
тілдік  деректерге  көңіл  бөлсек  осы  аталған  өлкелердің  бәрінде  де    қазақтың 
«жез» деген сөзінің еш өзгеріссіз әлі күнге дейін қолданылатынын көрер едік. 
Бұл  меридианалды    жол    ХІХ-ХХ  ғасырлардың  басында  өлкетанушылық 
әдебиетте  көбінесе  «Сарысу  жолы»  деп  аталады,  себебі  маршруттың  негізгі 
бөлігі  Түркістан  мен  Сарыарқа  арасын  жалғап  тұрған  жалғыз  су  бассейні 
Сарысу өзенін жағалап Бетпақ даладан асады. Қазақтың ауызша дәстүрінде бұл 
бағытқа  қатысты  «Ұлы  жол»  деген  атау  қолданылады;  екіншіден,  әлеуметтік-
экономикалық өмірдегі осындай процестер күшті саяси жүйенің пайда болуына 
алып  келетіні  сөзсіз.  -Міне,  дәл  осы  уақытта  көшпелі  тайпалардың  бірлігі, 
туыстығының  кепілі  Алаш  культі  де  орнығып,    биліктің  қасиеттілігі  туралы 
ұғымдар беки бастады.  Бірақ бұл культке тамызық болған түсініктер  энеолит 
дәуірінде жылқышылық мәдениеттің негізін салған тайпалардың аңыздары мен 
қария сөздері екені күмәнсіз.  
  Қазақ даласының кіндік ортасы, талай тарихтың куәсі Ұлытауға сән беріп 
тұрған  Алаша  хан  күмбезінің  салыну  тарихы  Қазақ  хандығының  тарихымен 
қатарлас,  шамалас.  Мен  бұл  күмбез  «қасқа  жолдың  иесі»  Қасым  ханның 
тұсында салынды ма деп жобалаймыз. Ел болғанымызды, жұрт болғанымызды 
өзгеге танытайық деген белгісі, ең бастысы Шыңғыс хан, немесе Жошы ханды 
емес,  Алаша  ханды  мемлекеттің  символы  қылып  алу,  туыстық  идеологиясын 
соған  бекіту  жас  Қазақ  мемлекетіне  мықты  іргетас  жасап  берді.  Өте  күрделі 
рулық құрамы бар қазақ халқы үшін Алаша хан таптырмас негіз еді. 
Алаша  аты  қазақ  жадынан  ешқашан  да  шыққан  жоқ.  Оның  атын  әр  түрлі 
дәуірлерге  қатысты  шежірелерден  көріп  қаламыз-сақ,  ғұн,  түрік-моңғол 
дәуірлері.  Тарихтың  белдігі  сияқты.  Осы  себептен  Алаша  ханды  ХІV-ХVІ  ғғ. 
өмір  сүрді  деушілер  де  кездеседі.  Алдыменен  Ш.  Уәлихановтың  өзі  де,  оның 
артынан осы тақырыпқа жазған А.П. Чулошников та шамалап ХІV ғ-дан асыра 
алмаған. Ол түсінікті – тарихтың сол кездегі деңгейі сондай еді. 
Шоқан  өз  пікірін  Темір  (ақсақ)  заманына  байланыстырады.  Темір 
Тоқтамысқа  аттанған  алғашқы  жорығында  Қарақұмды  жайлаған  қазақтардың 
ұлыстарын  тас  талқан  қылып,  олардың  Әмет,  Сәмет  деген  екі  ханын  дарға 
асыпты,  содан  кейін  ісләмға  қарату  үшін  қазаққа  молдаларды  жіберіпті-мыс. 
Біріншіден, Әмет пен Сәметтің Алаша хан балалары екенін дәлелдейтін дерек 
жоқ, болғанда да ол мифтік Алаша хан болуы мүмкін емес. Ш. Уәлихановтың 
баяндағаны Темір мен Орыс хан арасындағы соғыстар болса керек. Ақ Орда елі, 
ол кезде Алаш елі (Алаш мыңы) аталған ел, Орыс хан мен оның ұлдары бастап 
Ақсақ Темірге қарсы шыққан. Орыс ханның тірі кезінде Дәшті Қыпшаққа Темір 
басын да сұға алған жоқ. 
А.П.  Чулошниковтың  Шоқанның  соңынан  «Казахский  народ  сложился  
еще  в  первой  половине  ХІV  века  и  первым  ханом  его  называют  Алача, 
прокаженного  и  гонимого  сына  туранского  или  туркестанского  государя»  - 
деуі  осыған  байланысты.  Біз  ескерткіштің  ХV-ХVІ  ғғ.  салынғанын  жоққа 
шығармаймыз,  бірақ  оған  негіз  болған  Алаша  хан  бейнесінің  өте  көне 

41 
замандарға қатысты, атап көрсетсек: 
-
 
«Алаша  хан  заманы»  неолиттің  соңғы  кезеңі,  немесе  энеолит  дәуірі 
болуға  тиіс.  Бұл  далада  бақташылықтың  жаңа  қалыптасқан  уақыты.  Негізгі 
шаруашылық  жылқы  бағу  болғанын  Ботай  қоныстарын  қазған  ғалымдар 
дәлелдеп отыр.  
-
 
«Алаша»  атауы  жылқы  деген  ұғымға  саяды.  «Алаша»-  татар,  башқұрт, 
мордва  т.б.  халықтарда  жылқы  сөзінің  орнына  қолданылады.  Славян 
тілдеріндегі «лошадь» «алаша» сөзінен шығады. В.Радлов «лошадь на русском и 
древнеславянском языках от «алаша»-мерин в тюркском языке. В ряде языков 
маленькая, низкорослая лошадь»(97, с.136).  
-
 
Алашамен  қатар  көшпелі  тұрмыстың  негізгі  элементтері  болып 
табылатын  «алашық»  (лачуга)  –  кішкене  үй,  үйшік,  қос;  «алаша»  – 
көшпелілердің кілемшесі, төсеніші, тіпті киімі шығады т.б. 
-
 
«Алаша»  –  ұғымы  үндіевропалық  аудармада  «пегий»  мағынасын 
білдіреді.  Европаға  кейіндеу  қоныс  аударған  гректердің  аталары  –  дорийлер 
өзімен бірге «Пегас»- қанатты тұлпар хикаяларын, аңыздарын алып келді. 
-
 
«Пегас»  атауы  қазақ  жеріндегі  Бегазы  атауында  әлі  де  сақталып  тұр. 
Бегазының  қанатты  тұлпары  туралы  әфсана-әңгімелерді  қараңыз.  Бегазы  – 
қыздың аты делінеді – ол да көнелікті білдіреді. 
-
 
Үндіеуропа  тілдерінде  «пеко»  байлық  (движимое  имущество)  дегенді 
білдіреді,  ал  сонымен  қатар  «то  алаго»  мал  –  байлық,  жылқы,  «то  аланта»  – 
байлық, ақша түрінде кездеседі. 
 
«Алаш»  ұғымы    мыңжылдықтар  мен  ғасырлар  шаңына  көміліп  қалмай 
бізге  қалай  жетті?  Қазақ    тарихының  ең  шешуші  кезеңдерінде  дала 
кемеңгерлері    бұл  ұлы  тұлғаға,  дара  мемлекеттік  символға  аса  көңіл  бөліп, 
жаңғыртып отырғанға  ұқсайды. Бізге белгілілерін санамалап көрейік. 
  Біздің  дәуіріміздің  VI  ғасырында  түрік-ашина  руы  Тұран  мемлекетін 
қайта көтерді. Ел жадында ұмытыла бастаған “алаш” ұғымы түрік руларына бас 
қосуына  ұйытқы  болғанын  Құрбанғали  Халид  жазбаларындағы  деректер 
растайды:  
«… татарлар Алынша (Алаша) ханның аруағына сыйынып, бүкіл моңғол, 
татар,  ұйғырларды  қозғап,  бұл  ұранға  Еділ,  Дон,  Хазар  айналасындағы 
татарлар да үн қосып, бұған Алтай түркілері, Тұрақ хан бастап қосылып, бәрі 
200 мың қол болып, Сағұн ханы Бұғықра (Бура) хан бәріне бас болып хундарға 
қарсы  шықты…  бәрі  Жайсан  көліне  жиналған…Монғол,  татар,  ұйғыр, 
түркілердің  осы  жиынында  хан,  байғұр,  т.б.  мансаптағы  басшыларының  
бастары  қосылып,  енді  бұдан  былай  Алынша  хан  атын  ұлылап,  ұран 
шақырғаннан көмекке баруға дайын болуға, жауды жау, досты дос деп білуге 
шақырып,  келісім  жасады.  Келісім  қолдарын  қанға  малып,  арнайы  ырыммен 
белгіленді» (125, 228 б). 
  Бұл  оқиға  бірнеше  ғасырға  созылған  ғұн  үстемдігінен  кейін  дала 
тайпаларының  империялық  жүйеден  бас  тартып,  өздерінің  көне  саяси 
бастауына келетін сәтте болған сияқты. Құрбанғали имам  қолданған деректер 

42 
Алаша ұғымына күн сәулесіндей жарық беріп тұрғанын мойындау керек. 
Алтын  Орда    дәуірінде  ноғайлы  ұлысы  /суперэтнос/  құрамында  «алаш» 
қауымының  болғанын  біз  бірталай  ортағасырлық  тарихи  шығармалардан 
кездестіреміз.  Солардың  ішінде  аса  бір  назар  салатын  еңбек  Масуд  бен  Усман 
Кухистанидің  «Тарихи    Абу-л-хайр-хани»    аталатын  ХҮІ  ғ.  алғашқы 
жартысында  жазылған  дүние.  Бұл  тамаша  шығармада    Алтын  Орда  /  Ұлығ 
ұлыс/ ыдыраған уақытта Дәшті  – Кыпшақтың шығыс бөлігінде билікке келген  
Шайбан  тұқымы  Әбілхайырдың    өмірі  мен  саяси  күрес  тарихы,  оның  жолын 
жалғастырған    Мұхаммед  Шайбанидің  Мәуреннахрды  жаулап  алған  жанкешті 
ерлігі,  қазақ  және  өзбек  хандарының  арасындағы  бітіспес  жаулық  тарихы  сөз 
болады.  Біздің  тақырыбымызға  ең  керек  мәселе  жас  Әбілқайырдың  Дәшті  – 
Кыпшаққа  ие  болу  тарихы.  Масуд  бен    Кухистанидің  баяндауына  қарағанда  
1420-шы жылдары Едіге бидің баласы Қазы Алаш  қаумының қолынан өлгенге 
ұқсайды: «когда эмиры и вожди  Дешт- и- Кыпчака вышли из терпения от зла 
Гази  бия  и  возопили  от  его  насилия  и  угнетения,  и  когда  счастье  и 
благоденствие  отвернули  от  него  лицо,  они  сговорившись,  умертвили  его  и 
отвратили зло от голов обитателей страны» (72,с.141). 
Шайбан  тұқымынан  шыққан  Жүмәдүк  хан  Қазиды  өлтірген  Алаш 
қауымына  қарсы  жорыққа  шығады.  Екі  әскердің  майдан  даласында  түйіскен 
жері  Жайтар-Жалқын деген жер болса керек. Осы жорықта он жеті жасқа жаңа 
келген    Әбілқайыр  сұлтан  Жүмәдүк  ханның  әскерінің  сол  қанатын  басқарды 
делінеді  деректе.  Дәшт-  Кыпшақтың  жауынгер    көшпелілері  ханның  әскері 
келді  деп  айылын  да  жиған  жоқ,  тас  талқанын  шығарды.  Байқожа  батыр 
күрзімен Шайбан тұқымының он екі оғланын жаһаннамға жіберді дейді Масуд 
Кухистани.  Әбілқайыр  осы  соғыста  тұтқынға  түсіп,  ақыр  соңында  Алаш 
қауымының сұлтаны атанды. Арқа көшпелілеріне жас та болса қиындықты көп 
көрген,  ерлігі  ел  аузында  айтыла  бастаған  Әбілқайыр  сұлтан  ұнаған  еді.  Орда 
Ежен  тұқымынан  ол  кезенде  көшпелі  ұлыстардың  тізгініне  ие  болатындай 
жігерлі азамат бола қоймады. Барақ оғлан қайтыс болған. Шайбан тұқымының 
белең ала бастаған кезі. «Тарих  и Абу-л-хайр-ханида» айтылатын «юрт Алаша 
бахадура», «Алаш бахадур и его аймак» ұғымдары тікелей алаш еліне қатысты. 
Алаш  тек  дала  көшпелілеріне  ғана  тән  этносаяси  ұғым  болғандықтан  оны 
Масуд  Кухистани  да  осы  шығарламаны,орысшыға  аударған  тамаша 
шығыстанушы С.К. Ибрагимов те онша айыра қоймағанға ұқсайды.  
  Қорыта  айтсақ  қазақ  жерінде  мемлекеттіліктің  бастауы  б.з.д.  ІІІ-ІІ 
мыңжылдықтарға  бастайды.  Ал,  Алаша  культінің    өзге  әлемге  тарауы,  Яфетке 
замандас  болып  шамалануы,  оның  түркі  және  моңғол  тайпаларының  түпкі 
атасы деген сенім,    алғашқы мемлекетке негіз салу Батыс және Шығыс тарихи 
жинақтарына  қарасақ  одан  да  ерте    дәуірлердегі ұлы  қозғалыстардың    кезінде 
барады деп есептейміз.  
   
   
 
3.Алаша ханнан Кетбұқаға дейін 

43 
   
  Қалай  болғанда  да  жылқының  алғаш  қолға  үйретілген  және  Алаша 
ұғымының  шыққан  ортасы  қазақ  жері  Еуразиялық  өркениеттің  алтын  бесігі 
деуге келеді. Атақты саха ғалымы Г.В.Ксенофонтовтың сөзімен айтсақ: «Бұқа, 
арба, ұсталық, ат, ер тоқым, үзеңгі, садақ пен оқ, найзалар, қылыш, қанжар, 
қалқан-міне  бүкіл  Ескі  құрылықта  халықтардың  ұлы  қоныс  аударуларына, 
этностардың 
араласуына, 
сонымен 
бірге 
әфсаналық 
аңыздардың, 
астрономиялық  түсініктердің,  халықтық  фольклордың,  әдет-ғұрыптарда 
байқалатын  ортақтығына  және  ұқсастығына  қызмет  еткен  негізгі 
материалдық-техникалық  факторлар.  Бұл  жерде  өзінен  өзі  күн  сәулесіндей 
радиустармен  ортақ  және  бірегей  мәдениет  тараған  кең  байтақ  далалық 
алқаптың  орталықта  ұтымды  орналасқанын  есепке  алу  керек.  Көшпелі 
тұрмыс егер бір жерде гүлденсе, ол әрине Памирдің шыңында емес, мал өсіруге 
қолайлы  кең  байтақ  далада  болды.  Көне  Кавказдың  таулы  шатқалдары  да 
малшылық  мәдениеттің  ошағы  деуге  келмейді.  Таулар  ғалымдарды  тек  бір 
себептен  қызықтырады,  ол  жерлерде  адамзаттың  баяғыда  өтіп  кеткен 
мәдениет үлгілері қыстырылып қалады да, сол жерден адамзаттың мәдениеті 
басталғандай иллюзия туғызады» (52, с.270). Біздің ойымызша бұл жерде қыр 
өңірінде  шумер,  хет,  үндіеуропалықтар  мен  орал-алтай  т.б.  халықтардың 
аталары  мекен еткен заман туралы  сөз еткен орынды.    
  Егер  әңгіме  Ұлытау  өлкесіндегі  ғажап  ескерткіштердің  бірі  Алаша  хан 
күмбезі  туралы болса, оны біз Қазақ хандығының тарихымен  шамалас, «қасқа 
жолдың  иесі»  Қасым  ханның  тұсында  салынды  ма  деп  жобалаймыз.  Алаша 
ханды  мемлекеттің  символы  қылу,  туыстық  идеологиясын  соған  бекіту  жас 
мемлекетке мықты іргетас жасау үшін керек болды. Өте күрделі рулық құрамы 
бар  қазақ  халқы  үшін  түп  ата  ретінде  Алаша  хан  таптырмас  негіз  еді.  Алаша 
туралы шежіре-аңыз қайта жаңғырып  қазақ атанған елге   барынша кең тарады. 
Ш.Уәлиханов  «бұл  жалпы  халықтық  аңыз  ақсақал  және  кәрі  құлақ  атануға  
сәл  үміті  бар  әрбір  қазаққа  белгілі»  деп  айту  себебі  осылай.  Қазақ  шежіресі 
Алаша ханның өмірбаянын әкесі бас тартып қаңғыбас өмір кешкен ханзададан 
алып  шығады.  Сол  заманда  оның  мекені  –Сырдарияның  оң  жағалауы,  Алатау 
мен  Қаратудың  бөктерлері.  Ханзаданың  ерекше  белгілері  денесі  сауысқанның 
аласындай  болып  тууы.  Қазақ  аңыздарындағы    ала  баланың  әкесі  Қызыл 
Арыстан  хан  еді  деген  сөз    Қарахан  әулетінің  билігі  кезінде  қосылған  болуы 
керек.  Орта  ғасырлық  жазба  деректерін  қарасақ  бұл  кезеңде  қарлұқтардың 
негізгі  бөлігін  Қызыл  Арыстан  хан  басқарған.  В.В.Бартольд  Арыстан  хан  
салғызған  атақты Бұхара мұнарасы туралы жазады: «Қарахан дәуіріне биіктігі 
52 метр, Арыстан хан Мұхаммед (Қызыл Арыстан хан) тұсында  1127 жылы 
салынған құрылысты жатқызуға болады» (14, 246 б.). 
  -Міне,  осы  Алаш  бабамыздан  Ақарыс,  Жанарыс,  Бекарыс  тарайды.  Ұлы 
жүз  -Бекарыс  ұрпағы  саналады,  Жанарыстан  Орта  жүз  баласы,  Бекарыс  Кіші 
жүздің ұйытқысы. Жанарыстан Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Керей, Уақ 
алты  арыс  ел  тарайды.  Бұлардың  бәрі  де  заманында  жеке  ұлыс  болған  елдер, 

44 
бірақ  ХУ  ғасырдың  ортасында  Қазақ  хандығы  құрылғанда  соның  құрамына 
жаңа мемлекетті, оның негізі болған туыстық жүйені мойындап енген. 
   Сол  алты  арыстың  бірі  –  Найман.  Ақселеу  Сейдімбектің    «Балталы, 
бағаналы  ел  аман  бол»  атты  шежіресінде  Найман  екі  әйел  алады.  Қырғауыл 
деген  әйелінен  –  Ақсақал,  Үйелші,  Күйелші;  Шүңірекей  деген  әйелінен    –  
Тоқпан  атты  ұл  туады.  Жаугершілік  заманның  кесірінен  Найманның  төрт  ұлы 
бірдей  қаза  табады.  Тоқпанның  келіншегі  Әлпеш  жесір  қалады.  Қазақстанның 
шығыс  аймақтарын  мекендеген  наймандардың  арасында  бұл  шежіреден  сәл 
өзгешеліктер де бар, сондай жинақтардың бірінде Найманның  баласының аты  
– Тоқмақ, келінінің аты  – Ақсұлу делінеді. Және Тоқмақ  –Найманның жалғыз 
ұлы  екен-мыс.  Одан  әрі  әңгіме  былай  өрбиді:  «Найманның  Тоқмақ  деген 
жалғыз ұлы өліп, Ақсұлу 18 жасында жесір қалады. Найман ол кезде 83 жаста 
екен. Найман Бұқардан оқыған молда, ғалым кісі болыпты. Киімді ақ матадан 
киген, атты қылаңнан мінген, өзінің де өңі аққұба кісі екен. Сопы молда болған 
соң Ақсопы атанған. Кейбір тарихи шежіреде Ақсопыдан Найман туған дейді. 
Ол  дұрыс  емес.  Бұл  уақытта    арғынның  алты  ауыл  болған  екен.  Найманның 
жесір  қалған  келіні  Ақсұлудың  Арғынның  кіші  баласы  Сүйіндік  әмеңгерлікке 
аламын  деп  маза  бермеген  соң  Ақсұлу:  «Атам  тұқымсыз  кетіп,  түтіні  өшіп 
қалмасын»,    -  деп  атасына  қыз  айттырып  беруді  ойластырады.  Арғынның 
кенжесі Сүйіндікті шақырып алып: «Мен саған тимеймін. Найман да сенің бір 
әкең ғой. Оны тұқымсыз қалдыра алмаймын»,  -  деп оған әмеңгерліктің жолын 
беріп, сый-сияпатымен еліне қайтарады-мыс».   
  Шежіренің  екінші  бір  нұсқасында  Найман  шалдың  келіні  Ақсұлу  керей 
қызы  еді  дейді.  Жесір  қалағаннан  кейін  оған  Арғынның  алты  ұлы  әмеңгерлік 
етеді-мыс.  Ақсұлу,  қалай  да  ұрпақ  қалу  үшін,  атасына  сіңілісі  Момын  сұлуды 
алып    береді  де,  сіңілісіне,  атамның  белінен  қатты  қысып  құшақтап,  тамырын 
иіт  деп  ақыл  айтады.  Сөйтіп  Момынның  бойына  бала  бітеді,  үш  айдан  соң 
Ақсұлудың  атасы  қайтыс  болады.  Туған  ұлдың  атын  Белгібай  қояды,  одан 
Сүгірші,  одан    Төлегетай,  Төлегетайдың  төрт  ұлы    –    Қаракерей,    Төртуыл, 
Садыр,  Матай.  Найман  ортасындағы  «кереймен  енеміз  бір,  арғынмен  атамыз 
бір» дейтін сөздің шешімі осы дейді білетіндер. 
  Осы  жерде  «бұл  уақытта  арғын  алты  ауыл  болған  екен»  деген  мәселеге 
түсінік  керек.  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  жазбаларында  Найман  атаның  
шежіресіне  қатысты  бірсыпыра  деректер  бар.  Бұл  жазбалар  «Жанарыстың 
бәйбішесінен  туған  төрт  қожаның  бірі-Қарақожа,  одан  Арғын  дедік.  Бірі-
Аққожа,  бұл  Аққожадан  -Найман,  кейбір  сөйлеушілер  Момынқожа  дейді. 
Найманнан  жалғыз  бала-Шұбартай.  Бұл  Шұбартайды  да  зарығып  көрсе 
керек. Шұбартай қыршын жасында өліп, келіншенгі жесір қалса керек. Сонда 
Арғынның  көп  балалары  «Мен  алам!»  ,  «Мен  алам!»-  деп  таласты»  деген 
әңгімеден  басталады.  Осылай  дей  келе  Мәшһүр  «Арғын  алты  ауыл  болғанда, 
Найман  жалғыз  үй  екен»  деген  сөз  ертеден  айтылып  жүретұғын»  деген 
қызықты деректің құлағын шығарады (50 ,10 т.,30 б.).   
  Найман  ортасында  «Арғын  -аға  баласы»  деген  сөз  де  ертеден  бар  екені 

45 
белгілі.  Ендеше  ел  аузындағы  әңгіме  Арғынның  Найман  қауымынан  ертерек 
пайда болғаны, мемлекетінің ертерек қалыптасқанын меңзеп тұрған болар деген 
пікірдеміз. Бұл дерек бізді Арғын қауымын Найман хандығы дүниеге келгенге 
дейін  әлемді  дүр  сілкіндірген  Ғұн  империясымен  тікелей  байланыстыруға 
мүмкіндік беретін маңызды ақпарат деп білеміз.  
  Найман шежіресінің негізгі сүрлеуіне қайта оралайық:  
«Содан  кейін  Ақсұлу  өзінің  әкесі  Алшын  Адай  биге  (екінші  шежіреде    – 
үйсіннің,  үшінші  деректе  керей  руының  қызы  делінеді)  келіп,  барлық  мән-
жайды  білдіріп:  «Әке,  атама  бір  қыз  айттырып  берсем  бе  деген  оймен  сізге 
ақылдаса келдім. Артында тұқым қалса деймін. Шауқатын шамаласам, әлі де 
ұрпақ қалдыратындай қауқары  бар  көрінеді.  Не   уәж айтасыз?»    -    деп жөн 
сұрайды.  Қызының  бұл  тілегін  мақұл  көрген  Алшын  Адай  би:  «Балам,  ниетің 
дұрыс  екен.  Тілегің  қабыл  болсын!»    -  деп  батасын  береді.  Ауылына  қайтып 
келген соң Ақсұлу қыз айттыру үшін үйсін еліне (екінші шежіреде керей еліне) 
аттанып, сол елден атасына қалыңдық таңдап алып, қалың малын сол арада 
беріп, жасау-жабдығымен еліне алып келеді. Көпшіліктің арасына кең тараған 
аңыз  бойынша  Ақсұлу  өзінің  Момын  не  Гүлше  деген  сіңілісін  айттырды-мыс 
делінеді.   
  Ақсұлу әлгі қызды ертіп келгенде Найман атасы: - Балам, мынау ертіп  
әкелген қызың кім? – деп сұрапты. Сонда :   
-
 
Бұл қыз менің әрі енем, әрі қызым, - деп жауап беріпті. 
  Ақылды келінінің ойын сөзінің астарынан түсінген 83 жастағы Найман 
қарт некесін қидырыпты. Содан бастап жас қызды елдің бәрі  «Қызене» деп 
атап кетіпті. Ақсұлу тоқтының нәрлі сүтінен сүзілген құрт езіп, оған тұмса 
туған  түйенің  сүтін  қосып  қымыз  етіп  ашытып  береді.  Қуат-күші  бойына 
жиналған  Найман  қарттың  жас  әйелі  ұзамай  екіқабат  болады  да,  өзі  көз 
жұмады. Қайын атасына осындай  қамқорлық жасаған Ақсұлудың ел-жұрты 
қадірлеп «Әулие келін» деп атап кетеді. Қызене тоғыз ай, тоғыз күн толғанда 
бір ұл туады. Атамның соңында қалған белгі ғой», деп ол баланың атын Ақсұлу 
келін  «Белгібай»  қояды.  Белгібайды  өз  бауырына  басып  тәрбиелеп  өсіреді. 
Қызенені өзі қолынан ұзатып, одан туған баланың барлығын атасының атына 
еншілетеді.    Арада  18  жыл  уақыт  өтеді.  Белгібай  он  сегізге,  Ақсұлу  отыз 
алтыға  келеді.  Әулие  келін  Белгібайға  неке  қосады.  Одан  Сүйінші  деген  ұл 
туады. Кей шежіреде ол баланың атын Сүйініш еді деп айтады. Сүйініштен  – 
Төлегетай, Төлегетайдан  -  Қытай, одан Қаракерей, Садыр, Матай, Төртуыл 
арайды.  Кейін  Ақсұлу  тағы  да  жүкті  болып,  Сүгірші  атты  бала  өмірге 
келіпті.  Алайда  «Әулие  келін»  атасының  тұқымын  жалғастырамын  деген 
уәдесіне  жеткен  соң,  Белгібайға:  «Мен  атамның  аруағына,  орнын 
сыйлап,Тоқпанның  тұқымын  жалғастыру  үшін  сен  ер  жеткенше  тостым. 
Жеңгелей  қосылып,  кейінгіге  ұрпақ  қалдырдым.  Атам  мен  әкеме  берген 
сертімді  орындадым.  Енді  сен  өзің  таңдап  қыздай  қосақ  ал»,-  дейді.  Сөйтіп, 
Белгібайға өзінің Тоқсұлу есімді сіңілісін айттырып береді. Одан Өтеген деген 
ұл  дүниеге  келеді.  Екінші  қалыңдықтың  атын  Таңсұлу,  Момынсұлу  деп  те 

46 
атайды.    Исі  найман  жұртының  түп  тамыры  осы  Әулие  келіннің  тұсынан 
бастап бұтақтаныпты-мыс».   
  «Әулие  келін»    -  Ақсұлудың  әулиелігі  сонда,  ол  өзінің  Қызенесінен  де 
тұқым өсіріп, Найман атасының ұрпағын көбейтіпті. Ақселеу Сейдімбек өзінің 
шежіресінде Найман ұрпағын былай таратады: «Қызенені... Найман өліп, оның 
асын берген соң, Найманның ұлы атасы Сарымен бірге туысқан Шолмақтың 
немересі  Елтайға  Гүлшені  «Қызенені»  қосады.  Ұлытау  төңірегінің 
шежіресінде  Найманның  інісі  Наймантайдан  Елата  туып  еді  дейді.  Сол 
Елтайды Әлпеш (Ақсұлу): Атамның орынына ата болды», деп «Елата» атап 
кетеді.  Кейін  Елата  мен  Гүлшенің  арасынан  бір  ұл  туады.  Оны  Белгібайға 
серік  болсын  деп  Серікбай  қояды.  Кейбір  шежіре  бойынша  Серікбайдан 
Келбұға, Кетбұға атты екі ұл туады. Келбұғадан  -  Балталы, Кетбұғадан  – 
Бағаналы тарайды» дейді (107, -91 б.).  
  Аңызға  қарағанда  Серікбайды  Әлпеш  өзінің  бауырына  салып  алады. 
Қашан ұрпақтары  өсіп-өнгенше Найманнан тараған балалардың ешқайсысына 
енші  бермей,  өз  қарауында  ұстайды.  Ұрпақтары  жиырма  ауылдан  асқанша 
Әлпештің:  «Байдың  малы  ортақ  болсын,  батырдың  күші  ортақ  болсын, 
шебердің  қолы  ортақ  болсын,  шешеннің  тілі  ортақ  болсын,  палуанның  білегі 
ортақ  болсын.  Біріңнен-бірің  ажырамаңдар,  бөлінбеңдер»,  деген  өсиетін 
бұлжытпай  орындапты.  Әулие  ана  көз  жұмарында  Найман  атасының  тұқымы 
енді  құрымасына  көзі  жеткен  соң,  еншілерін  бөліп  береді.  Ақаң  жасаған 
шежіреге  қарағанда  найман  ішінде  еншіні  Елатаның  ұрпағы,  Ұлығ  жыршы, 
дана  абыз  Кетбұқа  бөледі:  «Сол  кезде  Найманнан  тараған  ру  саны  тоғыз 
тарауға  бөлініпті.  Малға  таңба  салғанда,  Кетбұқаның  өзіне  тиесілі  еншіге 
таңба  жетпей  қалыпты  да,  оны  теріс  басыпты.  Содан бастап  Кетбұқаның 
елі  «терістаңбалы»  деп  аталып  кетіпті.  Әрі  исі  найманның  «ноқта  ағасы» 
деп танылады» (107, -92 б.).   
  Міне,  қазақ  шежіресіндегі  деректерге  сүйеніп,  Кетбұқаның  арғы  атасы 
туралы  Ақселеу  Сейдімбек  осылай  сыр  шертеді.  Адам  аттары  мен  олардың 
орын  ауыстырып  айтылатыны  болмаса,  жалпы  оқиғаның  ұзын-ырғасы 
шежіренің барлық нұсқаларында қайталанып отырады. Дегенмен қазақтың өзге 
де  ірі  тайпаларының  шежіре  деректеріндегідей  Найманның  тарихы  мен 
құрылымында  да  өз  ара  айырмашылық  көп.  Жалпы  қазақ  деген  ел  бір  атаның 
баласы  болып  бір-бірімен  әр  түрлі  деңгейде  туысады.  Бұл  ата  тарату  және 
руларды  жасақтау  үлгісі    туыстыққа  негізделген  Қазақ  хандығының 
идеологиясына  қажетті  тетік  екенін  көрсетеді.    Орталық  Азия  тарихында  ел 
тағдыры  шешілер  сәттерде  ру-тайпалық  құрамды  қайта  жасақтау  шаруалары 
іске  асады.  Бұл  тұрғыдан  біз  соңғы  рет  ру-тайпалық  құрылымды  іргелі 
жасақтау,  яғни  жаңа  әкімшілік-территориялық  реформа    Қазақ  хандығы 
құрылған дәуірде, Бетпақ далада «Таңбалы тас» атты қасиетті жерде болды деп 
есептейміз. Бірақ ел бұрыңғы үлгілерді де бірден ұмыта алмай жадыда сақтап 
жүреді,  осы  себепті  шежіреде  бір-біріне  кереған  дүниелер  де  қатар  айтылып 
жүреді.  

47 
  Ел  аузындағы  шежіре  деректерін  жүйелей  отырып  Кетбұқаның  тегін  бір 
ізге  түсіруге  де  болады.  Ақселеу  Сейдімбек  «Балталы,  Бағаналы  ел  аман  бол»  
кітабында  мынадай  жобаны  ұсынады:  «Орта  жүздің  атасы  атанған 
Жанарыстан  Семізбұға еді дейді, Семізбұғадан  – Жұртбай, Жұртбайдан  – 
Сары,  одан  –  Шал,  Шалдан  –  Ер  Қаптағай,  Ер Қаптағайдан    –    Найман мен 
Наймантай,  Найманбай  тарайды.  Мұнан  әрі  Найман,  оның  жаугершщілікте 
өлген төрт ұлы, сол төрт ұлдың бірі Ақсақалдан (Тоқпан) жесір қалған Әлпеш. 
Сонан соң Найман атасына Әлпештің Гүлшені алып беруі, одаен Белгібайдың 
тууы,  кейін  Белгібай  есейген  соң  әмеңгері  ретінде  Әлпшеке  үйленуі  сияқты 
әңгімелерге  ұласады.  Найманнанн  Ақсақал,  Үйелші,  Күйелші,  Тоқпан,  Белгібай 
туған.  Ал,  Белгібайдан  Сүйінші,  Сүгірші,  Өтеген  туады.  Осылардың 
Сүйіншісінен Төлеген, одан Қытай туады. Қытайдың бәйбішесінен Қаракерей, 
Матай, Төртуыл, Садыр, тоқалынан Келбұқа, Кетбұқа туады.  
  Қытайдың  бәйбішесі  ертерек  қайтыс  болып,  одан  туған  Қаракерей, 
Матай,  Төртуыл,  Садыр  деген  балалары  Төлегетайдың  баурында  өседі. 
Сондықтан  бұлар  «Төрт  Төлегетай»  деп  атанып  кеткен.    Төрт  Төлегетай 
ұрпақтары қазір Семей, Жетісу өңірінде. Ал, Келбұқа мен Кетбұқа, біріншіден 
-тоқалдан  туғандықтан,  екіншіден  -бәйбіше  балаларынан  бөлек  шаңырақта 
өскендіктен, кейін еншілері де бөлек болып, Төр Төлегетай ұрпақтары шығыс 
пен оңтүстіктен қоныс іздеп көшкенде  оларғпа ілеспей Арқада қалып қойған.  
Сөйтіп,  Келбұқа  мен  Кетбұқа  ұрпақтары  Ұлытау  мен  Шу  өзенінің  арасын 
ертеден  қоныс  қылып  келеді.  Осы  күні  Қаражал  қаласының  түбінде  Қытай 
аталатын жер  Келбұқа мен Кетбұқаның әкесі Қытайдың құрметіне аталған 
атау» (107, 92-93 бб.). 
  Әбілқайыр  ханнан  бөліне  көшіп,  Бетпақтың  қыратында  жеке  мемлекет 
боламыз  деп  ту  көтерген  Қазақ  хандығына  жаңа  әкімшілік-территориялық 
құрылым  керек  болғаны  заңды.  Сол  кезде    хандыққа  кірген  көптеген  ру-
тайпалар (жалпы саны бес жүзден артық болса керек)  не өздерінің қалауымен,  
не ақсақалдар кеңесінің ұйғарымымен, не хан-сұлтандарының пәрменімен  бір-
бірімен одақтасқан.  Осылайша  қазақтың  жүздері  пайда  болды,  ол  өз  кезегінде 
ру-тайпалардан құралған ұлыстарға бөлінді, ұлыстар өз кезегінде тайпалар мен 
рулардан  құралды.  Енді  осы  құрылымды  бекіту  үшін  идеология  керек  болды, 
осылайша  Ақарыс,  Жанарыс,  Бекарыс  аталатын  туыстық    таксономиялық 
деңгейлер пайда болды.  Сонда Жанарыстың алтыншы ұрпағы  Найман  болып 
шыға келеді. Шын мәнінде Жанарыс өмірде болмаған адам, сол сияқты Найман 
атауы да сегіз тайпаның одағы дегенді білдіреді.  
  Енді  жоғарыда  аталған    генеалогиялық  жүйеде  тарихи  дәуірде  өмір 
сүргеніне айғақ бар, қолдан жасалмаған қаһарман бар ма деген сұрақ болса, біз 
бар дейміз, ол жалпы Найман баласы ұран қылып көтерген Ер Қаптағай. Оның 
ең  мықты  дәлелі  якут  (саха)  халқының  ауыз-екі  мұрасындағы  Қаптағай  батыр 
туралы деректер.  
  ХІХ  ғасырдың  соңында  якут  (саха)  арасында  жұмыс  жүргізген  ұлты 
поляк, лингвист, этнограф, фольклоршы, СССР ҒА-ның құрметті мүшесі, әйгілі 

48 
3 томдық «Якут тілі сөздігінің» авторы  Э.К. Пекарский (1858-1934 ж.) патшалы 
Россия уақытында 1881 жылы Якут еліне  айдауға жіберіліп, Боотур ұлысында 
20  жыл  тұрды.  Өзі  жер  ауып  жүріп  1887  жылға  жеткізбей  7  мың  якут  сөзін 
жинаса, одан кейінгі 11 жылда – 20 мың, ал 1930 жылдарға қарай  25 мың сөз 
жинап,  теңдессіз  якут  тілі  сөздігін  жасап  шықты,  бұл.  Оның  алғашқы  кітабы 
1907 жылы бастырылса, толығымен 1925 жылы шықты. Ол сөздікке  якут елінің 
ертеректегі, әлі өзгерістерге көп түсе қоймаған және якуттардың бәрі дерлік өз 
тілдерін  еркін  білетін  уақытындағы    бай  сөздік  қоры  кірді.  Осы  сөздігінің 
үшінші  томында  Пекарский  Ер  Қаптағай  туралы  мынадай  бірнеше  мәлімет 
береді.  Біріншіден  «Хаптағай  батыр  -имя  якутского  героя»,  екіншіден 
«Хаптағай  ус  -имя  кузнеца,  одного  из  сыновей  шамана  Баканча-Бытаны», 
үшіншіден «название наслега (Хаптагайского) в Восточно-Кангаласском улусе 
(Якут. Окр.)» (93, 3 т, с.3323). 
  Бұл  жерде  біз  көңіл  аударатын  бірнеше  мәселе  бар.  Алдымен  айтатын 
дүние  якуттардың  қазақ  жерінен  Солтүстік  Мұзды  мұхит  аймағына  ислам 
келмей тұрып қоныс аударғаны. Ендеше якуттың сөздік қорында сақ және ғұн 
заманындағы  біздің  тарихымыз  кетті  деп  айта  аламыз.  Екіншіден  Қатпағай 
атының  Баканча-Бытаны бақсымен бірге аталатыны. Бұл жерде Бағаналы атауы 
еріксіз  ойға  оралады.  Сонымен  найман  баласының  ұраны,  Найман  шалдың 
атасы Ер Қаптағай сонау сақ және ғұн заманынан бері белгілі аңызға айналған 
тұлға деп айта аламыз.  
   Сөздің  басы  аңыздан  өрбісе  де  соңы  ақиқатқа  айналған  тарихи 
шындықтың бір үлгісі, міне, осындай. «Ата күшімен ер өседі, ана тілеуімен ел 
өседі», деген сол. «Тілеу  - анадан, тіреу - атадан» деген сөз бар. Әйтеуір, үзіліп 
бара жатқан ұрпақты жалғаған тұста Кетбұқа сияқты дана өмірге келгені тарихи 
шындық.   
  Міне,  тоғыз  таңбалы  найман  елі  осылай  тарап  еді  дейді  аңыз.  Әрине, 
шежірелерде  сәйкессіздік  болғанымен,  аңыздың  ұйығын  мәйегі  шындық  екені 
анық. Ал оның барлығын бір ізге түсіріп, нақты тарихи шындық мынау еді деп 
кесіп-пішіп айту мүмкін емес. Орта жүз елдері арасында дәл наймандардағыдай 
мол  таңбаны  кездестіре  алмайсың.  Олардың  ірі  рулық  бірлестігі  ғана  емес, 
кейде  жеке  руларының  өзі  де  дербес  ұран-таңбаға  ие.  Дәл  осы  ерекшеліктің 
өзінде  оның  сонау  бірінші  мыңжылдықта  «сегіз-оғыз»  деп  көрініс  берген 
сипатының  әсері  болуы  да  ғажап  емес.  «Сегіз  тайпа»  -  демек,  найман  жұрты 
осынша тайпадан құралған. Енді сегіз-оғыз деген қай ел, оның шыққан тегі кім 
еді, осы мәселеге келейік.  
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал