Жамбыл Омари



жүктеу 5.01 Kb.

бет3/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

  Шығыстың ұлы  тарихшысы  Рашид-ад-дин наймандардың Шыңғыс  ханға дейінгі 
қоныстанған жерінің шекарасын: «Найманның бір бөлегі биік тауларда жайласа, екінші 
бөлегі жазықты жерді мекендеді. Жоғарыда айтылғандай негізгі жері -Алтай таулары, 
Қарақорым,  Элуй  (Алай)    -Сирас  және  Көк  Ертіс,  Моғолстанға  дейінгі  аймақ»  дейді. 
Тарихшының  сипаттамаларына  қарағанда  Найман  патшасының  жайлайтын  жазғы 
жайлауы  Талақ деген жер.  Рашид-ад-дин  «осы  тұста  Джаджиз-наур  деген алаңқайда 

28 
ордасы тұрады десе,  қысқы қонысы Адари-Эбке, Бакрас-олум, Ачирик -наур таулары, 
Ала-Етрин өзенінің бойы» (100, т.1, кн. 1, с. 102).  
  Наймандардың  солтүстік  шекарасы  Ертістің  жоғарғы  жағы,  ол  жақта  наймандар 
қырғызбен шекаралас аймақта жатыр, екі арада жаугершіліктің көп болуы себепті дейді 
тарихшы. Рашид-ад-дин наймандардың Ертістен Енисейге дейінгі өлкеде қырғызбен жиі 
соғысып,  бірнеше соққы бергенін де сипаттап жазады.  
  Найманның  шекаралас  елінің  бірі  Он  ханның  елі,  яғни  керейлер  еді,  сол  себепті 
керей мен найман арасында  бітпейтін, өшпейтін жаугершілік жүріп жатты.  Дегенмен сол 
заманның  деректерін  ақтарып  отырып  осы  екі  елдің  бірін-бірі  жақсы  танитынын, 
арасында құдалық қарым-қатынас  бар екенін анықтаймыз. Әлкей Марғұлан «Наймандар 
мен  Керейлер  көп  ғасыр  бойы  көршілес  туысқан  елдер.  Рашид-ад-диннің  барлауы 
бойынша олардың мекен еткен жері күншығыста Орхон өзені, Енесайға дейін жетсе, 
күнбатыста  Өр  Алтай,  Ертіс  бойы,  Тарбағатай,  Жоңғар  өлкесі,  Шыңғыстау  болған. 
Әбілғазының айтуынша бұл тау Шыңңғыс ханнан бұрын «Найман тауы» деп аталған» 
деп жазады (70, 103 б.).  Найман жерімен шекаралас көрші үшінші ел- тоғыз-оғыз атанған 
ұйғыр  тобы  екені  жоғарыда  айтылды.  840  жылдары  Қырғыздар  Ұйғыр  билеуші  әулеті 
басқарған  қағанатты  талқандағаннан  кейін  олардың  көпшілігі  бір  жағы  Ертісті  бойлап 
кетсе, екіншілері Шығыс Түркістан аймағына бет бұрды. Бұл кезеңде оғыздардың екі тобы 
да  (тоғыз  -оғыз  және-  сегіз  оғыз) осы  көші  -қонның  ішінде  жүрді.  Сонымен бірге осы 
мемлекеттен қалған елдің Орталық Азия үстіртінде қалғандары да аз емес еді.  
  Кетбұқа елі жоғарыда баяндалған аударыс-төңкерістердің кезінде ата-баба 
жұртынан қозғалмай Алтай баурайында қалды. Аңыз-әңгімелерге қарағанда сол 
жерде  қазіргі  жыл  санау  есебімен  1185  жылы,  хижра  есебімен  580  жылы 
Кетбұқа ноян дүниеге келді дейді.   
  Құдай  тағала,  адамға  бір  сын  жасамай  қоймайды.  Инаншы-Білге  қаған  өлгеннен 
кейін  Найман  мемлекетінде    билік  өрге  баспай  қойды.    Билеуші  әулеттің  өз  ішінде 
ынтымақ  болмағаннан  кейін  -ақ  елдің  берекесі  болмайды.    Тақ  үшін  талас  ағайын 
арасындағы дүрдеараздыққа алып келді.  Рашид-ад-дин Шыңғыс ханға дейін найман елін 
Нарқыш-Таян мен Эниат-қаған билеп еді дейді. Инаншы-Білге хан осы Эниат қағанның 
ұлы еді. Толық аты Инаншы Білге Бұқа хан. Бұл жерде «Инаншы» сөзі -сену, сенімді -
дегенді  білдірсе,  ал  Білге  -данышпан,  ақылды  деген  мағынада  қолданылады.    Инаншы 
Білге хан заманында наймандар қарақытайдан бөлініп, жеке ту көтерді дейді деректер. Ол 
өлген соң найман мемлекеті екіге бөлініп кетті, сол заманның тарихшылары барлық әңгіме 
әкелерінен қалған бір күңнен басталды, соны бөлісе алмай Таян мен Бұйрық кетісті деп 
жазады. Инаншы Білге ханның баласы Таян хан әкеден қалған мұра -үлкен хан тағына 
отырды. Таян ханның шын аты Бай-Бұқа делінеді деректерде, ал Таян сөзі қытайша «бір 
аймақтың бегінің ұлы» деген мағына береді. Рашид-ад-дин Бай-бұқаны қытай билеушілері 
«Ай-Ван» деп  атады, наймандар тілі келмегендіктен «Таян» атап кетті дейді (Рашид, т.1, 
кн.1, с.139). Моңғол шежірелері Таян ханды үлкен сынға түспеген, үйдегі бұзау сияқты 
суреттейді. Таянға қарағанда оның інісі Бұйрық батыл, ержүрек  болатын, бірақ ол қанша 
қарсыласқанмен екеу ара соғыстарда Шыңғыс ханның бағы аса берді. «Ағайын араз болса 
-береке кетеді» дейді, солай болса солай шығар, мемлекет біртіндеп өзінің байырғы күш 
қуатынан айрылы бастады.  

29 
  Рашид-ад-дин  найман  мемлекетінің  дағдарысын  былай  суреттейді:  «Әкелерінің 
өлімінен кейін ағайынды екі ұл әкелерінің сүйікті  құмасына бола дауласып және ренжісіп 
қалды, ақыры бір-біріне жау болып екіге айрылып кетті. Бектердің және әскердің бір 
бөлегі  ағайындылардың  біреуінің  соңына  ерсе,  екіншілері  екіншісінің  соңынан  кетті. 
Алайда  әке  тағы,  үлкен  ұлы  болғандықтан,  Таян  хан  иелігінде  қалды.  Оның  жайлаған 
жері жазық далалы жерлер  еді, ал Бұйрық хан -жоғарыда аталған тауларды мекендеді. 
Олар өз ара сиыспай, бір -бірін жек көрумен өмірін өткізді.   Олардың әкесі, өзінің көзі 
тірісінде  балаларының  мінезі  мен  табиғатына  қарап  осы  жаулықтың, 
түсініспеушіліктің  болатынын  біліп  кетсе  керек.    «Бұйрық  хан  егер  Таян  хан  менің 
орныма бірнеше күн менің орныма отырса өзінің ағасымен бейбіт тұра алмайтынын 
мен білемін. Бұйрық жарты санын қасқыр жеп кеткенде ғана орнынан қозғалатын түйе 
сияқты !»  деп айтып отырады  екен. Әңгіменің тоқетері кейін расында да дәл осылай 
болды» (100, т.1,кн.1.с.139). 
  Кетбұқаның жастық шағы туралы деректер біздің қолымызда жоқ, бірақ оған 
дәлелді  сипат  беру  үшін  қажет  қазақтың  шежіресі  бар.    Бірнеше  ғасырлар 
сақталған  тарихи  аңыздарда  да,  қазіргі  ауызекі  әңгімеде  де  Кетбұқаның 
найманның  бағаналы  табынан  шыққанына  ешқандай  күмән  келтірмейді. 
Кетбұқаның  өмірі  де  сол  найман  руының  шежіресімен  қатар  өрледі.  Әрине, 
шежіре  нақты  тарихи  дерек  емес,  дегенмен  шежіреге  қарап  отырып  біз 
бағаналы-найманның  көне  тарихынан,    Орталық  Азияда  Кетбұқа  дәуірінде 
өрістеген  небір  қызық  оқиғалардан  сыр  тартамыз.  Шежіреде  айтылған 
мәмілелерді назардан тыс қалдыруға да болмайды. Дегенмен де, әр шежіредегі 
адам аттары өзгеше болғанымен де, ондағы баяндалатын оқиғалар бір сарындас 
келеді.  
  Мұхамеджан  Тынышбаев  «Материалы  к  истории  киргиз-казакского 
народа» кітабында Кетбұқаның найманнан шыққан  ұлы абыз екенін айта келіп, 
«Кетбұқа,  одан    –    Мәмбет  пен  Рысқұл,  Мәмбеттен    –    Ақтана  мен  Ақтаз, 
Ақтанадан – Боқбасар, Боқбасардан – Шоқай, Шоқайдан – Күшік, Күшіктен – 
Қожагелді,  Қожагелдіден  –  Есіркеп,  Жарылқап,  Айтқұл,  Сарықұл,  Жайылмас 
тарайды. Осы Жарылқап, Айтқұл, Сарықұл Қожагелділер (төретаңбалы), Шүрек 
Құдайқұлов  (бура),  Кенжебай  Алдияров(садыр)  1738  жылы  Ресейдің 
бодандығын  қабылдап  ант  бергендігін»  жазады.  Бұл  аталған  адамдардың 
тұқымы, яғни шыққан тегі Кетбұқадан бастау алатын ұрпақ  қазір де арамызда 
жүр деген сөз. Қазақ шежіресінің М.Тынышбаев сияқты зиялылар көшірген ескі 
нұсқаларына  қарасақ  Кетбұқа  найман  аталатын  тайпаның    бастауында  тұр. 
Әрине,  қазақтың  ұлан-байтақ  даласының  әр  жерінен  жинақталған  шеіжерінің 
бәрін  алып  салыстырып  шығу  мүмкін  емес.  Дегенмен  олардың  барлығына 
ортақ  бір  заңдылық  қазақ  тегінің  Алаша  ханнан  шығатыны.  Кетбұқаның  тегі  
туралы  мәліметтерді  де  Алаша  ханнан  бастап  берген  дұрыс  деген  пікірдеміз. 
М.Тынышбаев  «Алаш-  Алаш  болғанда,  Алаша  хан  болғанда»  деген  қанатты 
сөзге қазақтар  ерекше  мән  береді және  шежіреде аса маңызды  тарихи кезең 
есебінде  атайды...  Қазақтардың  бұл  қанатты  сөзге  мән  беретін  себебі,  сол 
бақытты шақта бүкіл Алаш, яғни Қазақ баласы  бір күшті мемлекетке бірікті 

30 
және оның басын қосушы бірінші ханы Алаша хан болды»   дейді (121, с.146). 
Бұл жерде біз Алаш ұғымының мемлекет құру ісімен  байланысты екенін атап 
өткеніміз жөн.   
   
2. «Атамыз -Алаш, керегеміз-ағаш» деген сөздің мағынасы 
  Жоғарыда келтірілген Алаша хан туралы әңгіме қазақ шежіресінің белгілі 
маманы  «Аягөз  -туған  жеріміз,  Найман-жүрген  еліміз»  дейтін  Құрбанғали 
Халид  еңбектерінде  өз  жалғасын  тапқан.  Ол  қазақ  шежіресін  «Алаша  хан 
жалпы  хандардың  бабасы,  татар  мен  моңғолдың  атасы»  деп  бастайды  (  55 
б.).  Алаша хан заманы Орталық Азия халықтарының түрік және моңғол болып 
бөлінбеген,    алтай-орал  біртұтас  семьясының  әлі  ыдырамаған,  бірлігі  күшті  
уақыты: 
  «Бағзылар  уәжі  бойынша  Алаш  деп  Алынша  ханды  атаған.  Алынша  хан 
жалпы хандардың бабасы, монғол мен татардың атасы.  
 
   
 
 
 
Алаш, Алаш болғанда, 
 
Алынша хан болғанда. 
 
Қазақ, қалмақ, ноғайлар, 
 
Бәрі сонда бір болған. 
 
Ынтымағы жарасып, 
 
Жайқұн көлдей бай болған
 
Еділ, Жайық, Оралға, 
 
Ортан көлдей жайылған. 
 
Өзбек хан, Жәнібек өлген соң, 
 
Тоқтамыс, Темір болған соң. 
 
Ел ішінде жік түсіп, 
 
Үш бөлек болып айрылған, 
 
Қазақ, Ноғай қыблада. 
 
Мұсылманға жан тартып, 
                                         Дін үшін қатты қайғырған
                                         Қалмақ, Манғұл бөлініп, 
 
Кәпірлігі білініп, 
 
Күн шығысқа қайрылған, 
 
Ішін буды сонда кеп
 
Алтайды мекен-жай қылған, - 
 
деген  сияқты  көне сөздерінен аңғарылатын  мағынаға  қарағанда  Алынша 
хан заманында Ноғай, Қазақ, Қалмақ осы атаулармен айрылмай бәрі бір атпен, 
бір тақтың билігінде болған. Тоқтамыс хан мен Ақсақ Темір дәуіріне дейін бір 
хандық  болып  өмір  сүріп,  енді  ыдырауы  басталады.  «Қазақ,  қалмақ  бір  кісі, 
ноғай, қазақ бір кісі» деген нақыл осыдан қалған болса керек»
       Қ.Халид  баяндауындағы  екінші  аңыз  кең-байтақ  қазақ  даласының  әр 
бұрышында  кәрі  құлақтың  аузында  айтылады,  бірақ  оны  негізгі  нұсқа  деуге 

31 
болмайды:  
   «Бір  ханның  ұлы  алапес  болғаны  үшін  қасына  жүз  кісі  қосып  қаладан 
шығарып  жіберген.  Олар  сахара  мен  тауларда  мекендеп  өмір  сүрді,  одан 
керуендерді  тонап  тыным  бермеген.  Оларды  тыймақ  болған  хан  тағы  жүз 
жасақты  жібереді.  Алайда  бұлар  барып  көрсе,  өз  еріктері  өзіне  тиген  олар 
байып алған, тамақ тоқ, жақсы киім, ат әбзелдері сай», алаңсыз күн кешуде 
екен.  Келгендер  де  соларға  қосылады.  Хан  тағы  жүз  кісі  жібереді,  Олар  да 
қосылып  осыдан  келіп  үш  жүз  жасақ  құралады.  Соңынан  жіберген  талай 
әскерлер осылай қала беріп, көбейіп, елге кірмей қашып жүргендіктен «қашақ», 
осыдан кейін «ш» дыбысының орнына «з» қолданылып, қазақ болған.Ала ханға 
ергендіктен  «алаш»,  жалпы  саны  үш  жүз  болғандықтан  «ала  үш  жүз» 
атанған деседі. Десе де бұл нақыл аса тарихи анықтамаға келмейді. Өйткені 
бір  адамды  ұнатып  соңынан  ергендер,  оның  кемшіндік  атын  атамас, 
жақсылық  жағын,  болмаса  өз  атын  ескерген  болар  еді.  Екіншіден,  оларды 
елдік,  достықпен  шақырса  оларға  бірдей  жүз  адам  жібермес  еді.  Соншалық 
жасақ  жіберу  қажет  болмаса  еді.  Мүмкін  елшілікке  бес-он  кісі  жіберсе  де 
жеткілікті болар еді. Ал, еріксіз келтіруді мақсат етсе, ханға неше жүз болса 
да  әскер  шығару  қиын  соқпас  еді.    Осы  уәждердің  ішінде  әуелгісі  тарихты, 
шындықты мақұлдатады. Алынша ханға ыңғайлап «Алаш ұранды ағайынбыз» 
деген  ақылға  қонымдырақ.  Себебі  Алынша  хан  заманында  халық  мұншама 
өспей,  аз  кезде  татар,  маңғұл  айрылмай,  бәрі  «Алынша  ханның  елі,  Алынша 
ханның жұрты» атанып бұл сөз осы кезге шейін ұмтылмай «алты сан алаш» 
деп  айтылады.  Сонда  «сан»  маңғұл,  татар  тілінде  он  мың  басшысына 
қойылатын  атақ.  Осыған  қарағанда Алынша  ханның  60 мың  жасағы,  мүмкін 
60  мың  түтін  болып,  осынша  сан  бір  әміршіге  бас  игені,  ол  заманда 
мемлекетке есеп берілетінді. Ал «алты сан алаш» сөзі көпке ишара болса керек. 
Кезінде  бұл  сөз  өте  анық  мағынаға  ие  болғандығынан  қазір  де  асыра 
сілтегенде айтылады. Алынша Нұқ пайғамбардың баласы-Яфастың төртінші 
немересі.  Ал  Алынша  ханның  39-шы  немересі  Шыңғыс  хан.  Алынша 
ұрпақтарының ахуалы өз кезегінде келеді» 
 Қ.Халид өзінің уәждерін дәлелдеу үшін қазақтың тарихи фольклорындағы 
материалдарға  жүгінеді.  Зертеуші  «Алаша»  атауының  парсы  тіліндегі 
«Абулджа»,  «Алынша»  деп  жазылатын  нұсқасын  қолданады,  бірақ  бұлардың 
бәрі  де  біздің  жерімізден  бастау  алатын  көне  нұсқа  Алашаға  барып  тірелетіні 
анық.  Ал  шежіредегі  «қашақ»  «қазаққа»  айналуы  туралы  алып-қашпа,  бос 
әңгіме  еш  негізсіз  деп  білеміз.    Қ.Халидтың  «Алаш»  атауын  алапес  аурудан 
шықты  деп  түсіндіретін  пікірді  сын  көзімен  қабылдағанын  қолдаймыз. 
Екіншіден «жүз» атауының елшілікке келген адам санымен тікелей байланысы 
жоқ екені ақиқат болуға тиісті. Осылайша автор «Алаш» атауын ежелгі дәуірде 
өмір сүрді –мыс делінетін Алынша (Алаша) ханмен байланыстыруы өте дұрыс. 
Тек  мәселе  Алаша  атауының  тым  ертеде  жылқышы  тайпалардың  ортақ  атауы 
болғандығы  жөнінде  мәселені  ескеру  керек.  Ал  «Алты  сан  алаш»  сөзі  көпке 
ишара  болса  керек»  деген  Қ.Халид  болжамы  дұрыс.  М.Тынышбаев  жазғандай 

32 
мүмкін әуелде нақты адам санын нұсқағанымен, кейін келе Әз Тәуке заманында 
«алты  сан»  Қазақ  хандығы  құрамына  енген  алты  аймақ  ел  деген  мағынада 
қоданысқа кіруі әбден мүмкін. 
  Алаша  хан  тұлғасының  маңайына  шежіре  Ұлы  дала  тарихының 
тұжырымды  жобасын    жинақтаған.  Алаша  хан  қазақ  дәстүрлі  қоғамының 
идеологиялық  және  туыстық  бірлігін  қамтамасыз  ететін  дәнекер,  осы  сапалық 
деңгейде  көптеген  мыңжылдықтар  бойы  аңыздық  кейіпкер  көшпелі  түркі-
моңғол халықтарына қызмет жасап келді. Қазақтың «Атамыз –Алаш, керегеміз- 
ағаш»  деген  қанатты  сөзі  бұл  көшпелі  әлемнің  сиволының  тым  көне  және 
түпкілікті  екенін  дәлелдейді.  Егер  ауызша  тарихтың  әртүрлі  фольклорлық  –
тарихи  материалдарын  салыстырар  болсақ,  онда  Алаша  хан  туралы  аңыздар 
циклының  ең  көне  және  кіндік  екенін  аңғарар  едік.  Бұл  бізге  дейінгі 
тарихшыларға  да  (А.Левшин,  Ш.Уәлиханов,  А.Чулошников  және  т.б.)  белгілі 
болған. ХХ ғ. басында қазақ тарихы туралы тамаша еңбек жазған өлкетанушы 
А.П.  Чулошников  қазақтың  тарихи  аңыздарын  зерттей  отырып,  мынадай 
қорытындыға  келеді:  «біз  өз  шыққан  тегін  баяндайтын  қазақтың  халықтық 
әңгімелерін  «тарихи  аңыздар»  деп  үш  бөлікке  бөлуді  ұсынамыз:  1)  ұлттық 
«қазақ»  атауын    түсіндіруге  ұмтылған  өз  аңыздары  мен  қария  сөздері...;  2) 
қазақ-қырғыз  халқын  арабтар  мен  исламның  алғашқы  сахабаларымен 
байланыстыратын  аңыздар  мен  әңгімелер...3)  ең  соңында,  қарапайым  еш 
қулықсыз, оны Алланың сүйікті діні –мұсылмандықпен байланыстырмай, оның 
атауынан  бір  ерекше  мағына  іздемей-ақ      өз  халқының  шыққан  тегін 
қарапайым  баян  қылатын  аңыздар  мен  қария  сөздер....  Осылардың  басым 
көпшілігі  әфсаналық  Алаша,  қазақтың  бірінші  ханы  туралы  айтылатын 
аңыздар мен қария сөздер біздер үшін ең қымбаттысы болып табылады, себебі 
оларда  қазақтың  өзінің  тым  алыс  тарихы  туралы  баяндайтын  халықтық 
дәстүрі орын алған...» (127, с.218).  
Қазақ  шежіресінің  әр  түрлі  нұсқаларында  Алаша  ханның  әкесі  деп  Орта 
Азияның  атақты  билеушілері  аталады.  Бірде  Қызыл  Арыстан  хан,  бірде  
Абдоллах  хан,  бірде  Абдул-Әзиз  хан  т.б.).  Мысалы  Шоқанның  жазбаларында 
Алаша хан турлы аңызды қарастырайық: «Ерте, ерте, ертеде Тұранда Абдолла 
деген  патша  болған  екен,  өзгелер  Әбду  Әзіз  деп  те  атайды,  осы  патшаның 
алапес туған, сол себепті Алаша атанған  баласы болыпты. Әкесі алапес болып 
туған баланы қуып жіберетін көне заңға бағынып, өзінің баласында қуды. Сол 
заманда  Абдолланың  қаталдығына  наразы  болған  көптеген  бағыныштылары 
және  аш  адамдар  Сырдан  солтүстік  қарай  далаға,  Қарақұм  мен  Борсық 
құмдарына  барып  қазақ  шығады  екен.  Ер  жүрек  және    батыл  батырлар  үш 
жүз адамға дейін көбейіпті және тез арада танылып, күшке және байлыққа 
ие  болыпты.  Сонымен  бірнеше  жыл  өтеді  үш  жүздің  арасына  Алаш  атты 
ғұлама қария  келеді және оларға қанат беретіндей қанатты сөздерді айтып, 
қазақтар  Алашты  өздеріне  ру  басы  және  би  қылып  атақ  беріпті,  соның 
айтуымен  Абдолла  ханның  баласы  аларпес  бала  Алашаны  шақырып  хан 
сайлайды.  Осылайша  даланың  қаңғыбастары  –қазақтар    бірлігі,  байлығы 

33 
жарасқан  ел  болыпты,  ұлт  құрыпты  деуге  болады  (егер  бұл  сөзді  көшпелі 
халыққа  қатысты  пайдалануға  болса),  өздерінің  тәуелсіздігінің,  бөлектігінің  
белгісі  ретінде  ,  өздерінің  Алаша    мен  Алаш  ата-биінің  құрметіне  Алаш 
атаныпты,  ал  жүздіктердің  саны  бойынша  –Үш  Алаш.  Осылайша  Алаш  ел 
болды, Алаша оның ханы болды» (22,с.159).  
  Алаша  хан  туралы  жинақталған  дерек  аңыздардың  көптеген  нұсқаларын 
саластыра  келе,  біз  М.Ж.  Көпейұлы  жазбасын  ең  толық  түрі  деп  тоқтадық: 
«Қырық сан Қырым, отыз сан Ұрым, он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт, он 
сан  Ноғай  бүлгенде  Ормамбет  би  өлгенде,  Ноғайлының  елі  бір  ала  тайдан 
бүлініпті.  «Ала  тайдай  бүлдірді»  деген  сөз  сонан  қалыпты.  Сол  заманда 
Қондыкер, Құбан, Құтан, қоғам дегендер болыпты. «Түгел сөздің түбі бір, түп 
атасы –Майқы би» деген болыпты. «Тоғыз ханды қолынан таққа отырғызған 
кісі» дейді. 
Қырық ханның бірі болған Қызыл Арыстан деген Бұхарада тұрыпты. Осы 
күнгі бір өзінде он бес азаншы азан айтатұғын мұнараны сол Қызыл Арыстан 
жасатқан  екен  деседі.  Бәйбішесінен  бала  болмаған.  «Қызыл  аяқ»  деген  елді 
шауып,  ат  көтіне  салып  әкелген  бір  қызға  аяқ  салып,  онан  бір  бала 
сауысқанның аласындай туады. Бәйбіше өзінен тумай, тоқалдан туғандықтан, 
іші  тарлық  қылып,  күндеп,  бұл  баланы  балам  деп  сақтама,  көзін  жоғалт, 
қарашығын батыр. Мынау өскенде жұртыңды ала қылып ұстайды, еліңді ала 
тайдай бүлдіреді» – деген соң, хан қырық жігітке бұйрық беріпті: 
-Мына  баланы,  тапқан  шешесін,  Сырдариядан  әрі  өткізіп  қоя  беріңдер. 
Өлсе өлсін, өлмесе өз бетімен қаңғып күн көрсін,  - деп жер аударады. Зинхар 
қайтып бұл жұртты мына қатын мен бала да көрмесін, сендер де көрмеңдер, - 
депті. 
Бұлар  Сыр  суынан  өтіп,  Алатау  мен  Қаратаудың  алқабына  келіп  жан 
сақтап  күн  көріпті.  Дәл  он  екі  жасында  бала  Майқы  бидің  баласы  Үйсінге 
оқтай  ұшырап  кез  болыпты.  Оған  бір  ауыз  тіл  қатпайды.  Үн-түн  жоқ  қала 
береді.  Үйсін  үйіне  барған  соң,  Майқы  биге  сөйлепті:  «Бір  ағаштың 
көлеңкесінде жас баланы көрдім. Ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, көрген кісі 
қызығып,  бір  қасық  сумен  жұтып  жіберерлік.  Жалғыз  айыбы  тілі  жоқ»  – 
депті. 
Майқы би өзі ақсақ екен. Өмір бойы арбамен жүреді екен. Арбасын көлікке 
жектірмей, жаяу кісіге тартқызады екен.  

 
Мені арбамен алып барыңдар, оны мен көрейін – депті. 
Бала Майқы биді көргеннен-ақ ұшып тұра келіп: «Ассалаумағалейкум, хан 
біткеннің қазығы, бұқара жұрттың азығы» – деп сәлем беріпті. 
     -Уағаләйкүм  әссәлем,  әмсе  аман  бол,  балам.  Болайын  деп  тұрған  ұл 
екенсің, қолына алып салушының жоқтығынан кем болып тұр екенсің. 
       -Кел,  балам,  қасыма  мін  –  деп  арбасына  мінгізіп  алып,  үйіне  алып 
келіп: Төрт көл ошақ қаздырып
 Төбел  бие сойдырды, 
 Төменгі елді шақырды.  

34 
Жорға бие сойдырды, 
Жоғарғы елді шақырды. 
Ала бие сойдырып,  
Аймақ елді жи !-деді.  
«Ердің  ері,  егеудің  сынығы»  деп  баласы  Үйсінді  бас  қылып  жүз  жігіт 
қосып берді де: 
    - Қара таудан арман қарай асыңдар, Ұлытау, Кішітау деген таулар бар. 
Қаракеңгір,  Жездікеңгір,  Құдайберді  деген  жерлерге  барып,  ірге  теуіп,  салық 
салыңдар. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ел болуды, жұрт болуды 
ойлаңдар. Күндердің күнінде осы бала хан болады. Сендер қараша боласыңдар. 
«Хан әділ болса, қарашасы табанды болса, қара жерден кеме жүргізеді деген» 
деп батасын беріп, жүргізіп жіберіпті. 
Бұл  жорықшылар  Қаратаудан  асып,  Шу  мен  Сарысудан  көктей  өтіп, 
Майқы бидің айтқан жеріне келіп, ұйқыны бұзып жылқы алды, күймені бұзып 
қыз алды. Көш елді көш жөнекей алды, ереуіл елді отырған жерінде шапты. Өз 
алдына  мал  малданып,  жан  жанданып  үйлі-баранды  болды.  Сатусыз  дүние, 
қалыңсыз қатын ала бастаған соң, ел болмасқа немене, жұрт болмасқа немене 
?!  Бұлардың  мұндай  болғанын  баяғы  Қызыл  Арыстан  хан  естиді.  Қотан, 
Қоғам, Қоңдыгер, Қобан, Майқы билерге елші жібереді. 
       -Менің  баламды  жігіт-желең  беріп  желіктіріп  жібергені  несі? 
Баламды  өзіме  әкеп  берсін.  Менен  қалағанын  алсын  –  деп.  Сонан  соң  бұлар 
Қотанұлы Болатты жүз жігітпен жібереді. Сендер барып шақырып келіңдер 
– деп. 
Бұлар келген соң бұрынғы келгендер: «Қайт деген сөзді айтпаңдар, өздерің 
де қайтпаңдар» дейді. 
Аты бестісінде қартаятын, 
Жігіті жиырма бесінде қартаятын
Көк шөпті жұлғаннан басқа ісі жоқ, 
Еркегі ат болатын, ұрғашысы жат болатын, 
Тымақты тақияға айырбастайтын, 
Тары мен бидайдың нанын жегенге
Жаумен көженің суын ішкенге құтыратын, 
Бөдененің бір санын жегенге күпті болатын, 
Сарттың  жаз  болса  тұзын,  қыс  болса  отыны  мен  көмірін  тасығаннан 
басқа қызығы жоқ жерде не ақыларың қалды? – деген соң: 
-
 
Рас-ау, рас – деп шақыра келгендер де қайтпай қалып қойыпты. 
Қызыл  Арыстан  хан  қайта-қайта  кісі  жіберіп  болмаған  соң,  Қоғам  ұлы 
Алшынды бас қылып жүз кісімен тағы жібереді. Он үш ақсақал қосты. Есеп 
саны үш жүз он үшке жетсе, дүние жүзі жиылса да бетіне шыдамайды деген. 
«Түгел  сөздің  түбі  бір,  түп  атасы  Майқы  би»  аталған  кісі  осы  болса 
керек.  Бұлар  енді  ел  болғанымызды  жұрт  көзіне  түсірейік  деп,  баяғы  ала 
баланы  алашаға  салып,  Ұлытаудың  басына  алашамен  көтеріп  шығарып  хан 
сайлапты. Оған «Алаша хан» деп ат қойды. 

35 
Бастапқы бірге келген жүз жігіттің бастығы – Үйсін. Бұл Ұлы жүз Үйсін 
деп  аталды.  Түп  қазығы  –  Салықшы.  Жауға  шапқанда  бұлар  шаппасын.  Тас-
түйін  болып  тұрсын  депті.  Ортада  келген  жүз  жігіттің  бастығы  Болат 
қожа. Бұған Орта жүз деп ат қойысыпты. Бұл Орта жүз тосқауылшы орта 
буында  жүрсін.  Ханның  бақташысы  болсын  депті.  Бұл  Орта  жүз  «Ақ  жол» 
атансын дейді. 
Соңғы келген жігіттердің басшысы  – Алшын. Жаудан  беті қайтпайтын 
жаужүрек, қарсы алдында жүріп жан қадірін білмейтін, бұлар кезуілші болып, 
ең  алдында  жүріп жауға  шабатын  болсын.  Бұған Кіші жүз  «Алшын»  деп ат 
қойды. Қазақтың үш жүз аталған жері осы». 
 «Алаш»  деген  атты  ұранға  қойып,  жауға  шапқанда  «Алаш-Алаш»  деп 
шабыңдар,  «Алаш»  демегенді  әкең  де  болса  ұрып  жыға  беріңдер»,-деп  бата 
қылысты: 
-Кеше Алаш, Алаш болғанда, 
Алаша хан болғанда, 
Үйіміз ағаш болғанда, 
Ұранымыз Алаш болғанда, 
Үш жүздің баласы қазақ емес пе едік?! – 
деп айтылған сөз содан қалған». 
 
 «Бұл  Алаша  ханнан  бұрын  қазақ  ел  болып,  жұрт  болып  көзге  көрініп, 
ауызға  ілінген  емес.  Өз  алдына  отау  тіккен  емес.  Әр  жұртқа  қоңсы  болып 
жүрген. 
«Болат  қожа»  дейді,  «Ақжол»  дейді,  екеуі  бір  кісінің  аты.  Өзінің  шын 
аты Жанарыс екен. Жұрт алдында Ақжол атанған. 
Ұлы жүз ұраны – Бақтияр, 
Кіші жүз ұраны – Алдияр, 
Орта жүз ұраны – Ақжол. 
Қазақтың қаза болып, көзге түсіп, ауызға ілінгені осы Алаша ханның хан 
болып  тұрған  кезі.  Қазақтың  басын  қосып,  біріктіріп,  орын  тептірген  де 
Алаша  хан.  Сонан  бері  Алаш  ұранды  Қазақбайдың  баласы  жанжал,  ұрыс-
төбелес  болса,  «Алаш-Алаш»  деп  айғай  салса,  естіген  қазақта  ес  қалмайды» 
(50, 8 т.,309-310 бб.).  
  Қазақ    этногенезі  мен  саяси  тарихындағы  өзекті  тұлға  Алаша  ханға 
қатысты қолданылатын «Ала тайдай бүлдірді» деген сөз -өте ерте замандардан 
келе  жатқан  ұғым  болса  керек  деген  пікірдеміз.  Бірақ  қазақ  шежіресінде  «ала 
тайдай бүлдірді»деген сөз тіресі ноғай-қалмақ арасындағы  қарсы тұру кезеңіне 
қатысты  қолданылады.  Ноғай  елі  қалмақ  іргелес  қонып,  күнде  жаугершілік 
тосып отырғанда түнде жылқының ішінен бір  ала тай анасынан адасып қалып 
шарқұрып  анасын  іздеп,  одан  жылқы  үркіп,  жылқының  үріккенінен  өздері 
үрейленіп  отырған  ноғай  ауылдары  қоныстарын  тастай  қашып  ел  бүлінді 
делінеді. Осыған байланысты Ш.Уәлиханов «ала тайдай бүлдірді деген сөздің 
қалмақтар арасында белгілі екенін қалмақтың бір жыршысынан естідім» деп 

36 
жазады  (22,  с.166).  Біз  «ала  тайдай  бүлдірді»  деген  ұғымды    көптеген 
мыңжылдықтар  бойы  үдере  көшкен  қозғалыстарының  себептерін  көрсететін 
оқиға есебінде ертеден бар ұғым деп есептейміз. 
  Қондыкер, Қоғам, Құтан, Майқы би – аңызға айналған көсемер. Қондыкер 
біздің  ойымызша  оғыз  жұртына  қатысты  болса,  Құбан  қыпшақ  елінің  арғы 
аталарының бірі, Майқы би –үйсін арасында көп айтылса, Құтан-ғұн тайпалық 
одақтарының шығу тегіне қатысы тұлға. Бұл аты аталған тұлғалар қазақ қазақ 
болмаған  ерте  заманға  бастайды.  Сөз  жоқ  қазақ  даласындағы  алғашқы 
мемлекеттік дәстүрлердің қалыптаса бастаған уақыты тым ерте заман. Оның бір 
дәлелі  шежіреде  айтылатын  «салық  салыңдар»  деген  сөз  қоныс  сал,  тұрақты 
деген  мағынаны  білдіреді.  Ерте  уақытта  әскердің  шаруашылық  бөлігін,  бір 
орында  тұрақтап  ас-су  әзірлейтін,  ат  жарататындарын  «салықшы»  деп  атау 
содан қалған. Ал шежіренің «Алаш» ұранына қосылмағанды әкең де болса ұрып 
жық»,-деген  сөзі  мемлекет  болудың  қағидасы.  «Алаш»  мемлекеттілік  ұраны, 
мемлекет  мүддесіне  үшін  өзіңнің  туған  әкең  де  болса  аяма  деген  мағынада. 
Аңызда  нақты  хронологиялық  шекаралар  болмағандықтан  қарапайым 
тыңдарманға  басты қаһарманның  атының жалпы есім екенін аңғаруға оңайға 
соқпайды.  Екінші  жағынан  Алаша  хан  аты  мемлекеттіліктің,  елдіктің 
символына айналып культ дәрежесіне жеткендіктен  оны талқылап, тәпсірлеудің 
де  қажеті  болмаған.    Сол  себепті    қазақ  шежіресі  аңыздың  кейіпкерлерінің 
заманынң  көнеліге  қарамастан    қазақ  тарихының  бастауларын    Алаша  ханмен 
бірге өрбітеді.   
Қазақтың ауызша дәстүрінің басты кейіпкері қазақтың бірінші ханы Алаша 
хан қай заманның тұлғасы ? Қай зерттеуші болмасын оқиғаның және тұлғаның 
хронологиялық  межесін  анықтау  мәртебе.  Жоғарыда  баяндалған  аңыз 
нұқсқалары  бізге  тек  жанама  ориентирлер  береді.  Басты  мәсле  біз  олардың 
мазмұына  арқылы  көне  заманды,  хаостан  жаңа  түзіліп  келе  жатқан  тәртіпті, 
ойдан-қырдан  жиналған  адамдардың  мемлекет  құруға  бағытталған  күресін 
сеземіз.    Аңыз  мазмұнында  айтылатын  ағашқы  мемлекеттік  құрылымды 
Еуразия  даласында  бақташылық  тіршілік  жаңа  басталған  кезеңмен 
байланыстыруға мүмкіндік берілді.  Сонымен бірге аңыздың кейбір шешімдері 
алтай,  үндіеропа  және  басқа  халықтардың  этномәдени  құндылықтарында 
сақталған Алаш туралы ортақ культтен параллельдер арқылы аңғарылады.   
Енді жазба деректерге мойын бұрайық, сонымен бірге олар да өз кезегінде 
ауызша  шежіреден  хатқа  көшкендігін  ескеру  керек.  Жазба  деректерінен  бұл 
мәселе туралы Рашид ад-диннің ХІV ғасырдың ортасында жазылған  «Жами-ат 
тауарих»  тамаша  баяндайды.  Көп  жағдайда  Рашид  ад-диннің  жазбалары  қазақ 
шежіресінің  мәліметтерімен  қабысып,  дәлелдеді.  Оның  себебін  тарихшы  көп 
деректерді  белгілі  шежіреші    Болат-чиңсаннан  алған:  «…түріктер  Яфетті 
Булджа-хан (Алаша-хан) деп атады және қазір де солай атап келеді және осы 
Булджа-ханның  (Алаша-хан)    Нұқтың  не  ұлы,  не  немересі  екенін  анық  біле 
қоймайды,  бірақ  соның  әулетінен  екеніне  және  уақыт  жағынан  соған  жақын 
екендігіне келгенде олардың барлығының да  жауаптары бір. Бүкіл моңғолдар, 

37 
түрік  тайпалары  және  барлық  көшпелілер  (мәтінде:  далада  өмір  сүрушілер) 
соның әулетінен тарайды. Осы мәселенің анық-қанығын былай түсіндіреді.  
Булджа-хан  (Алаша-хан)  көшпелі  болған;  оның  жазғы  жайлауы  керемет 
үлкен  және  биік  таулар  болып  табылатын  Ортау  мен  Казтауы,  сол  шамада 
Инандж  атты  қала  болған.  Булджа  (Абулджа)-хана  қысқы  қонысы  да  сол 
маңайда болған, Бурсун (Борсық – Ж.О.), Какьян және  Қаркорум (Қарақұм деп 
түсіндіру бар – Ж.О.), оны Қарақорым деп те атайды,  аталатын жерлерде. 
Осы жерге жақын Талас и Кары-Сайрам сияқты қалалары орналасқан. 
Соңғы  қала  өте  көне  және  тым  үлкен.  Осы  қаланы  көргендер,  оның  бір 
шетінен  екінші  шетіне  жету  бір  күн  жүру  керек  дейді  және  оның  қырық 
қақпасы  бар  дейді.  Бүгінгі  уақытта  онда  түрік-мұсылмандар  мекен  етеді.... 
Булджа (Абулджа)-ханның Диб-Якуй (Диб-Бакуй) аталатын ұлы болған. «диб» 
деген сөз сөзжарыс немесе қызмет орыны, ал «якуй» сөзі барлық тайпалардың 
үстінен қарайтын (адамды) білдіреді...»  (100,80-81 бб.). 
Әбілғазы  баһадүр  ханның  «Түрік  шежіресі»  жоғарыда  айтылған  әңгімені 
толықтыра  түседі.  Ол  да  өзінің  алдындағы  тарихшылар  сияқты  түрік 
халықтарының  шежіресін  Таураттың  аңыздарынан  бастайды,  бірақ  ел  аузында 
сақталған  түрік  халықтарының  өз  ауызша  дәстүрін  де  қосып  жіберген. 
Әбілғазының  айтуы  бойынша  Алаша  хан  Яфеттің  замандасы  емес,  оның 
алтыншы ұрпағы (ата санағанда): Яфет – Түрік – Түтік – Елшехан – Диб Бакуй 
–  Киік  хан  –  Алаша  хан.  Бұл  тәпсір  біздің    ойымызша  шындыққа  жақын. 
Дегенмен  Алаша  ханның  өмір  сүрген  уақыты  атақты  жер  бетін  топан  су  басу 
оқиғасынан тым бері емес екені анық.  
Әбілғазы  хан  Алаша  ханның  билік  құрған  әфсаналық  заманына  келесі 
сипаттаманы  береді:  «Алаша  хан  (көптеген  аудармаларда  Алынша  хан  деп 
берілген-Ж.О.)  көп  жылдар  патшалық  қылды.  Нұх  пайғамдар  заманынан 
Алаша  ханға  шейін  барша  Иафес  әулеті  (көп  шежірелерде  Яфет-Ж.О.) 
мұсылман  еді.  Алаша  хан  заманында  жұрт  байып,  дәулеті  тасыды.  «Ит 
семірсе иесін қабар» деген өзбек мақалы бар еді. Әр кісі өзінің ең қиас адамы не 
ұлы , не қызы, болмаса аға-інісі өлсе соған ұқсатып қуыршақ жасап қояр еді, ас 
келгенде  оның алдына ас қосып, оның жүзін көріп, көзін сүртер еді, оған бас 
ұрар еді. Бұндай әдет қайталана келе пұтқа табынуға әкелді. 
Алаша ханның егіз туған екі ұлы бар еді, бірі –Татар, бірі-Моңғол. Алаша 
хан  қартайған  соң  елін  екі  ұлына  бөліп  берді.  Бұл  екеуі  бір-біріне  жамандық 
ойламай, тату –тәтті, бақытты өмір сүрді» (12,17 б.).  
Осы  сияқты  аңыздар  ерте  заманда  Шығыстың  атақты  тарихшыларының 
қолына  дала  қариялары  арқылы  түседі.  Тек  қана  Шығыс  елдері  ғана  емес, 
сонымен  бірге  Батыс  өлкесі  де  Алаша  атымен  ертеден  таныс.  Өзінің  «Тарих» 
аталатын  кітабында  Геродот  скиф  халықтарының  ішінде  «Борисфена  дан 
бастысқа  қарай  ағатын  Гипанис  өзенінің  бойын»  мекендейтін    «алазон» 
аталатын  халық  мекендейді»  дейді.  Геродот  «еркегі  де,  әйелі  де  ала  болып 
келетін»  аргиппейлер  туралы  жазады  (27,294  б.).  Бұл  әңгімелер  Орталық 
Азияның көне тайпаларының арасында сақталған аңыздардың сілемі емес пе!? 

38 
Қазіргі  уақыта  неміс  халқын  құрап  отырған  германдық  тайпалардың  бірі 
аламандар (аллеман) атауы осы Алаша атымен байланысты емес пе екен деген 
жорамал да бар. 
Қазақтың  ауызша  дәстүрінде  елдік  дәстүрлердің,  әдет-ғұрыптың,  адам 
сүйгіштік  пен  қайырымдылықтың  үлгісі  Алашамен  байланысты  қалыптасқан. 
Соның  ішінде  «қонақасы»  дәстүрі  де  бар.  Қазақ  түсінігі  бойынша  әрбір 
жолаушы адам «құдайы қонақ». Оның ас-суын беріп, қондырып, мұқтажын ашу 
міндет. Ертерек уақытта жолаушы қонағасы жемесе сол елдің биіне барып, арыз 
айтып,  кінәлілерден  «ат-тон»  айып  алатын  тәртіп  болған.  Осы  «қонақасы» 
дәстүрі  тек  қана  қазаққа  тән  «Алаштан  қалған бөлінбеген енші»  деген  ұғымға 
негізделеді.  Аңызға  жүгінсек:  «Қазақтың  алғашқы  ханы  Алаша,  жасы  келіп 
қартайған  уақытында,  малының  бір  бөлігін  өзіне  қалдырып  қалғанын    бүгінгі 
күні  ұлы,  орта,  және  кіші  жүз  атанған  үш  ордалардың    атасы    өзінің  үш 
ұлына  бөліп  береді,  оларға  бөлінген  үлес  әр  біреуінен  ешкім  де  тиіспейтін  
ешкім де ала алмайын «еншісі» деп атанды.  
Бірақ,- деді Алаша хан ұлдарына,-сендер көшпелі өмір салттарыңмен, мал 
баққан  шаруашылық  дәстүрлеріңмен,  өздерінің  кез  келген  жолаушы 
қалтасында ақшасы болса (пұл) тамағы мен жатар орынын сатып алар сауда 
мен  базары  бар  отырықшы  қоныстардан  алыстықтарыңмен,  бір-бірлеріңе 
барғанда  тамақтарыңды  тасып  жүргендерің  қиын  болады.  Бұл  әіресе 
сендерден  тарайтын  ұрпақтарыңа қиындық  туғызады.  Жарты  күндік  жолға 
шыққан  да  жейтін  қойларыңды  өңгеріп  алып  жүрмейсіңдер  ғой.  Ал  одан  да 
алыс дерге жолаушы шықсаңдар не болмақ ?! 
Сол  себептен  сендерге  өсиет-бір-бірлеріңе  жолаушылап  барғанда  тамақ 
бергенің үшін ақы сұрама, бір –біріңе арнайцйы шақырылған қонақтай бол, бір 
бірлеріңнен «қонақ асы» яғни жатар орын мен тамақ   талап ету заң болсын. 
Сол    менде  қалған  мал  мен  дүниенің    төртінші    бөлігін  өзара  тағы  бөліп 
алыңдар,  бірақ  бұл  сендердің  жеке  меншіктерің  емес,  бұл  ғасырдан  ғасырға 
кететін сендердің араларыңдағы ортақ меншік. 
«Қонақасыдан»  басқа  данагөй  Алашадан    ұрпақтарына  қалған  тағы  бір 
өсиет,  бұл  «жылу»,  яғни  өртке  ұшыраған,  жау  шабуылына  ұшыраған  немесе 
қатал қыста малынан айрылған туыстарына көмек»  (73,285-286 бб. ).  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал