Жамбыл Омари



жүктеу 5.01 Kb.

бет22/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

  Кетбұқа Айн-Джалут бойына келгенде Байдардың  қатары сиреп қалған шолғыншы 
қосындарымен  жолықты,  қарсы  жақтың  да  нышаны  көріне  бастады.  Кетбұқа  жинаған 
әскери  кеңес  пікір  таласпен  басталды.    Хулагу  ханға  бекітілген  моңғол-татар  әскерінің 
негізгі бөлігі Иран жерінде еді.  Кетбұқаның қарамағында он мыңдай ғана алдыңғы шепте 
жүретін жасақ болды. Бұлар Кетбұғаның өзіне шын берілген, өзінің ағайындары бағаналы-
наймандардан құралған жасақ болатын. Сол замандағы тәртіп бойынша жауынгерлердің 
бала-шағасы, баққан малы да қосынның артында жүруші еді. Осы он мыңдық түменнен 
басқа Кетбұқаға үш мыңдық армян-грузин жасағы қосылды. Бұл Армян билеушісі Гетум 
және  оның  күйеу  баласы  Боэмундтың  жасақтары  болатын.    Кеңесте  сөйлеген  әскер 
басылардың  ішінде  шегініп,  ордадан  қосымша  әскер  келгенше  шешуші  айқасқа 
шықпайық дегендер болды, бірақ өмірінде жеңіліс тауып көрмеген Кетбұқа ноян бастаған 
көпшілік  шегінбеуге  бет  бұрды.  «Қашқан жауға  -қатын ер»  бір  шегінгеннен  кейін,  беті 
қайтқан  әскерді қайтадан жауға салу қиын. 
  Сонымен  хижраның  658  жылы  рамазан  айының  15-де,  григориян  жыл  санауы 
бойынша 1260 жылдың 3 қыркүйегінде Айн-Джалут өзенінің бойында Кетбұқа бастаған 
моңғол-татар  мен  Құдыз  бастаған  мәмлүк    әскерлері  кездесті.  Күш  ара  салмағы  көзге 
көрініп  тұрды.  Он  мыңнан  сәл  ғана  асатын  Кетбұға  әскеріне  Құтыз  жағынан  қырық 
мыңдай жауынгер қарсы тұрды дейді деректер. 
  Ақ  боз  атқа  мінген,  екі  қолына  екі  қайқы  қылыш  ұстаған  Кетбұқа  ноян    саптың 
алдында  тұр  еді.    Екі  жақтан  түйіліп  келген  қалың  әскермен  бірге  қазіргі  болатын  қан 
қасапқа  асыққандай  Кетбұғаның  ақ  боз  тұлпары  тағатсызданып  жерді  тарпиды.  Қарсы 
жақта  енді байқады, екі қанатты  мәмлүктің тәжірибелі жауынгер қосындары алған екен. 
Сол қанаттың  алдында Байбарыс, оң  қанатында Бахадүр тұр.  
  Ортада, түріктер мен моңғолдар «қол» дейді негізгі әскер тұрды, оның тасасында, 
Айн-Джалут  өзектерінде  «тосқауыл»  деп  атайтын  жауынгер  жасақтар  тұрды.  Мәмлүк 
әскерлерінің  үлкен  бөлігі    негізгі  қолдың  артында  тосқауылға  қойылған  еді.  Қолдың 
алдында  шұбар  арғымаққа  мінген  Құтыздың  өзі  тұр.  Кенет  жауынгерлік    ұрандар 
айтылып, дабыл қаға бастаған кезде қолбасшының  артында тұрған саптан бір жас бозбала 
жанында тұрған мәмлүктің садағын жұлып алып  Құтызды көздеп тартып жіберді.  Бұл 
жас бала осының алдында Хулагудың атынан  келген елшіліктің атшы баласы еді. Құтыз 
бүкіл  елшіні  қырып  тастаған  уақытта  найманның  осы  жас  баласы    аттардың  жанында 
болғандықтан  ғайыптан аман қалып еді. Мәмлүктер  Кетбұқаға  қарсы аттанамыз дегенде 
аттарыңа  ие  боламын  деп  жалынып-жалпайып  әскерге  еріп  келген.  Бала  жігіт  қас  пен 
көздің  арасында  Құтызды  дұрыстап  көздеп  те  үлгермеді,  садақтың  оғы  зу  ете  түсті  де 
Құтыздың астындағы арғымағын омақаса түсірді.  Сол сәтте атшы бала осындай ерлікке 
барады деп ойламаған мәмлүк жауынгерлері естерін жиып, баланы қылышпен кескілеп 
тастады. Соғыс осындай ауыр көріністермен басталды. 
  Саптың орта шеніндегі қозғалысты көріп сол қанаттағы Байбарыс бастаған қосын 

220 
Кетбұқа  әскеріне  қарай  қиқулап  қарсы  шапты.  Кетбұқа  болса  моңғол-татардың  әскери 
тәртібімен алдымен садақшыларына белгі берді.  Олардың екі тобы ортаңғы қолдан екі 
қанатқа  қарай  ойыса  бере,  шауып  бара  жатып  мәмлүктерге  қарсы  садақ  оғын  қарша 
боратты. 
 
  Бұл екі ортада мәмлүктердің атты жауынгерлері қоян -қолтық айқасқа да жақындап 
қалған еді.  Енді кезек қылыш пен найзаға тиді. Табан тіреген шайқас басталды. Екі жақ та 
жанқиярлықпен айқасты.  Мәмлүктердің соңын ала мысырлық қара халықтан  құралған 
топ та  майданға енді. Осы кезде наймандардың сол қанаты  алдыңғы қатары  сиреп қалған 
Бахадүр бастаған мәлүктерді шегіндіре бастады. 
  Құтыз  моңғол-татардың әскери өнерін де игерген, Мысыр жерінде оны жетілдіріп 
қитұрқы пайдалана алатын айлалы адам болатын. Шайқастың алдындағы әскери кеңесте 
егер моңғолдар бір қанатты шегіндірсе онымен қатар тосқауыл  қол да шегінсін деген тәсіл 
қарастырылған. Бұл Еуразия көшпелілерінің сүйікті тәсілдерінің бірі толғаманы жасауға 
ыңғайлы еді. Қалай болғанда да санының көптігіне, мәмлүктердің ер жүректілігіне сенген 
Құтыз толғама әдісін қолданып көруді ойластырды. Оның бұйрығымен оң қанатпен қоса 
ортаңғы  қол  да  шегінді.    Тек  Байбарыс  бастаған  мәмлүктер  майдан  даласын  тастамай 
табан  тіреп  тұрып  алды.  Құтыз  армиясының  оң  қанаты  пен  ортаңғы  қол  шегінді  деп 
ойлаған моңғол-татар жасақтары Байбарысты қоршауға ала бастады.  
  Мысырлықтардан  шығын  көбейіп,  шегіну  қашуға  айнала  бастаған  сәтте  араб 
тарихшыларының сипаттауына қарағанда «уассалама» деп ұранды ортаға тастап Құтыз 
шегініп  бара  жатқан  өзінің  оң  қанаты  мен  ортаңғы  қолды  қайта  майданға  бастады. 
Тосқауылда  тұрған  әскери  жасақтар  да  Құтыздан  белгі  тосып  тұр  еді,  олар  келіп 
Кетбұқаның алға  тым  шығандап кеткен   жасағына бір  бүйірден тиді. Кетбұқа бастаған 
найманның шағын  қолы екі жақты соққының астында қалды. Оның үстіне Бахадүрдің 
қарамағында мәмлүктің атты жауынгерлерінің шайқастан аман қалғандары  Кетбұқаның 
сол қанатын орай бастады.  
  «Көп қорқытады, терең батырады» дейді қазақ мақалы.  Қан майданнан Кебұқаның 
нөкерлерінің  санаулылары  ғана  аман  шықты.  Ешқашан  жеңіліс  дәмін  татып  көрмеген 
бағаналы-найман  жасағы  осы  жолы    бөтен  елде,  жат  жерде  өзіне  бауырлас  қыпшақ-
мәмлүктердің  қолынан  қырғын  тапты.  Соғыс  таң  сәріден  басталып  күн  тас  төбеден 
қайтқанша созылды. Қайрат Сәки «Талай шайқастарда жеңіліс дәмін татып көрмеген 
Кетбұқа ноянның наймандары Палестина жерінде жусап қалды» дейді (106, 108 б.). Бұл 
да  тарихтың  бір  заңдылығы  болар..  Қазақтың  ұлы  даласына  сыймаған  ержүрек 
көшпелілердің  жігер  күш  тасқыны  бұрын  да,  қазірде  қиян  түкпір  болып  саналытын 
Палестина жерінде Шыңғыс хан заманында өрт болып бірі-бірі өзін-өзі шарпып жатты.  
Тарихтың дөңгелегін қайта айналдыратын құдірет адам баласына берілмеген. Біріңді-бірің 
неге қырдыңдар, жасампаз бір шаруаға арнасаңдар етті дегің келеді. Қарап отрырсақ олар 
қалай  болса  да  жасампаз  шаруа  үшін  қандарын  төкті,  бірі  моңғол-татар  империясы 
құрамын десе, екіншісі Мысырды құтқарамын деп бастарын ажалға тікті.  
  Арабтың  бір  тарихшылары  Кебұқа  ноян  соңғы  жауынгері  қалғанша  соғысып  ең 
соңында  қолға  түсті  дейді.  Рашид-ад-дин  «Кетбұқа  ноян  қан  майданның    ортасында 
жүрді. Адам таң қалатын ерліктер жасады. Оңынан келгенін де  солынан келгенін де 
шауып құлатты. Кейбіреулер оған қашып құтылайық деп ұсыныс жасаса да, ол «тура 

221 
келген өлімнен қашып құтыла алмайсың, қорқақ қояндай қашып ардан тайып, жұртқа 
күлкі болып өлгенше, намысты қолдан бермей даңқты өлген жақсы. Күндердің күні осы 
әскердің ішінен не кәрі, не жас, әйтеуір біреу болмаса біреу тірі қалып патшаға қызмет 
етуге  барады  да  менің  сөзімді  жеткізеді,  Кетбұқаның  өзінің  қорқақтарша  бұқпай, 
арсыздарша шегінбей, ерлікпен тәтті өмірін құрбандық шалғанын  айтады.  Тек біздің 
иеміздің қасиетті жүрегі қан жыламасын моңғол әскері бұл жерде қырылды деп,  біздің 
жауынгерлеріміздің  әйелдері  бір  жыл  екіқабат  болмаған  шығар,  біздің  жылқы 
табындарымызда  биелер  бір  жыл  құлындамаған  шығар  деп  шүкіршілік  қылсын. 
Патшамызға бақ берсін. Егер басшымыздың қасиетті тұлғасы аман болса, әлі жоғалған 
табылады, дүние орнына келеді, ал біз сияқты оған қызмет қылатын нөкерлердің өмірі 
деген не, тәйірі ?! » деп жауап берді ондайларға атақты аталық.  
  Кетбұқа ноян майданның ортасында бірнеше нөкерімен жалғыз қалып, жан-жақтан 
қоршаған жау ортасында қайтпай соғысты. «Бір өзі мыңға төтеп берді» деп сипаттайды 
шығыс  тарихшысы  эпос  тілімен.  Ең  соңында  аты  сүрініп  қолға  түсті.    Тарихшы 
Хамаданидың жазуына қарағанда Кетбұқаны Құтыздың алдына алып келіпті -мыс. Сонда 
Құтыз  «Жазықсыз  адамлдардың  қанын  төккен,  ұлы  батырларды  өтірік  уәделерімен 
алдаған, ақсүйектер отбасыларын жалған сөздерімен алдаған , ақыры қолға түстің бе ?-
деп сұрақ қойған- мыс.  
   Кетбұқа ноян сонда «Менің ажалым сенен емес,  Жаратқаннан. Сен бұл оқиғаны 
өзіңнің ақылыңмен қол жеткен табыс деп мақтанба және алдама, бәрі кездойсоқтық. 
Менің  өлімім  туралы  хабар  Хулагу  ханға  жетісімен  ол  теңіздей  буырқанып  моңғол 
әскерінің  атының  тұяғы  Әзірбайжаннан  Мысыр  қақпасына  дейінгі  жерді  таптап 
шығады. Мысырдың топырағын ат торбамен тасып әкетеді. Хулагу ханның Кетбұқа 
сияфқты үш жүз мың жауынгері бар, сен мені өлтіргенде біреуі ғана азайады» деді 
  Құтыз  «Мақтанба  өзіңнің  Тұраныңның  әскерімен,  олар  өзінің  жеңістеріне 
қулықпен және амалмен жетеді. Рүстем Дастан сияқты ер азаматтықпен жетпейді-
деді .  Сонда Кетбұқа; 
-Мен туғаннан патшамның құлымын, сен сияқты иемді сатып, өлтіріп бек атанып 
жүрген жоқпын. Меніің шаруамды жылдам бітір» деген екен-мыс.  
  Хамаданидың айтуына қарағанда Кетбұқаның басы шабылып, Каир көшелерімен 
алып жүреді де, қақпалардың біріне ілініп қойылады.  
  Бұл    жазба  аса  сенімді  емес  сияқты.  Өзі  өтіріктің  ортасында  жүрген,  талай 
жазықсыз адамның қанын ішкен, солайша Мысырдағы билікке жеткен Құтыз Кетбұқаға 
мұндай сөздерді айтпаса керек еді. Оның үстіне Құтыз қалай дегенмен Хорезмшахтардың  
жиені емес пе? Құтыз қалай да ақсүйектер арасындағы жөн-жоралғыны білсе керек еді. 
Екінші жағынан Құтыздың Хулагу аттандырған елшілікті түгел қырып жіберуі оған ар-ұят  
жат па деген  сұрақты да тудырады. 
  Осыдан  кейін  мәмлүктер  майдан  даласында  әр  жерде    қалып  қойған  Кетбұқа 
жасақтарын іздестіріп жоюға кірісті. Айн-Джалут қамысының арасында бірді-екілі  татар-
моңғол  жауынгерлдері  жүр  еді,  Құтыз  бүкіл  қамысты  жағып  жіберуге  бұйрық  берді. 
Мәмлүктер    Сирия  өлкесін  Ефратқа  дейінгі  жерлерді    татар-моңғолдарды  қуып  сүзіп 
шықты. Қолына түскендерді  адам болса өлтіріп, дүние болса тонап отырды.  Осындай 
қарбаласта Кетбұқаның өзінің ордасы мен бала-шағасы да  жау қолына түсіп қалды дейді  

222 
көзі  көрген  куәлер.  Мәмлүктер  оларды  тұтқынға  алды,  ал  орда  қызметіндегі 
қызметшілердің көпшілігін өлтірді.  
  Кетбұқа  моңғол-татардың  билеуші  әулетінің  өкілі,  ертеден  хандардың  тәрбиешісі 
қызметін  атқарған  аталық.  Біздің  пікірімізше  Кетбұқаның  шын  кейпіне  Тәңрібердінің 
жазғаны келіңкірейді: «Кебұқа ноянның татарлар арасындағы орны ерекше еді. Оның 
сөзі,  батырлығы  және  ісі  әрдайым  есепке  алынып  отырар  еді.  Ол  ер  жүрек,  батыл, 
бекіністерді алуда, жаңа елдерді бағындыруда нағыз соғыс ісінің шебері болатын. Парсы 
жерін және Иракты жаулап алған Кетбұқа ноян еді. Хулагу хан оған толық сенетін, 
ешқана қарсы келмейтін, сөзін жерге тастамайтын, Кетбұқаның шайқастары туралы 
таңғажайып әңгімелер айтылатын» деп бастайды бұл тарихшы. 
  Тәңірбердімен  сөзі  үйлесіп  жататын  Құтбуддин  Юнини»  «Кетбұқа  ноян 
сұлтан  Құтыздың  әскерімен  қарсы  шыққанын  естігенде  шайқасқа  құлшынды. 
Әдеттегідей жеңемін деп ойлаған болуы керек. Құтыз әскерінің оң қанатын тас-
талқан етті, алайда Құдай жеңісті мұсылмандарға берді. Осы шайқаста Кетбұқа 
ноян қаза тауып,  оның ұлы тұтқынға түсті. Әдемі жігіт екен. Ұтыздың алдына 
әкелгенде  ол  одан  «Әкең  қашып  кетті  ме  ?»  деп  сұрады.  «Ол  ешқашан 
қайшпайды»  деп  жауып  берді  ұлы.  Біраздан  соң  Кетбұқа  ноянның  денесі 
өлгендердің ішінен табылды. Әмір Аққұш аш-Шамси қолынан қаза тапқан екен. 
Баласы оны көргенде қатты жылап, жоқтау салды ? Құтыз оны сұрауға салғанда 
ол «Кетбұқа -татарлардың бақыты еді, оның өлімімен олардың бағы тайцды» 
деп  жауап  берді.  Шынында  да  солай  болды,  Ел  хандар  қанша  тырысқанмен 
мәмлүктер  оларға  беріспеді.  Мәмлүктерге  қарсы  соғыстарда  олар  бірде-бір 
рет жеңіске жете алмады». 
  Кетбұқа  өлімі  Хулагу  ханға  жеткенде  «Мен    өлім  алдында  мемлекет  деп 
адал  қызмет  атқарған,  осындай  шын  берілген  сенімді  нөкерді  енді  қайдан 
табамын»  хан қатты қайғырды дейді  жазба деректер. Кетбұқа отбасынан аман 
қалғандарға    көмек  көрсетіп,  маңдайынан  сипады,  оларға  қашанда  сый 
құрметінен тастаған жоқ.  
  Хулагу  хан  Кетбұқаның  кегін  алуды  ойластырды.  Кейде  қаттылықпен,  кейде 
кездейсоқ  Кетбұқа  өліміне  қатысы  барлар  жазаланды.  Шешуші  соғыстың  алдында 
моңғолдарда мәмлүктер туралы мардымды дерек болған жоқ еді.  Араб тарихшысы Әл-
Юнини : «Моңғол әскерлерінің Айн Джалут жерінде талқандалуы сол кезде Кіші Азияның 
Тебриз қаласында болған Хулагу ханның ашу-ызасын тудырды....  Ол Дамаскіге қайтып 
бара жатқан Шам билеушісі Салахуддин Юсефті жарты жолдан қайтарып алды. «Мысыр 
елінде мәмүк саны аз, айтарлықтай күштері жоқ», -деп мені алдадың. Мен сенің сөзіңе 
сеніп  аз  әскер  жұмсап  жеңіліске  ұшырадым,-  деп  қасындағы  нөкерлерімен  қоса 
Салахудиннің  басын  шапты.  Баласын  қоса  өлтірмекші  еді,  Хулагудың  бәйбішесі  Тоғыз 
қатын оны өлімнен арашалап қалды» дейді (106, 110 б.). 
  Салахуддин Мысыр мәмлүктері өз ара тіл табысып кетеді деп ойламаған да болар, 
бірақ шешуші сәтте Құтыз бен Байбарыс тіл табысты. Сонымен мәмлүктердің жауынгер 
атты әскерін және Мысырдың қара халқынан жиналған  қосындарын ертіп 1260 жылдың 
тамыз айның  соңында Қүтыз Ғаззаға қарай аттанды. Бұл жерде әскердің алдында жүрген 
Байбарыстың  жасақтары  Кетбұғаның  шекараға  қойған  шағын  отрядын  қоршап  алып, 

223 
жойып  жіберді.    Бұл  жеңіс  мұсылман  жасағын  қанаттандырып,  кәдімгідей  рух  берді. 
Әсіресе,  осыған  дейін  татар-моңғолдың  атын  естісе  үркетін  мысырлық  қара  тобыр 
феллахтардан  жиналған  әскер  қатты  масаттанды.  Әйтпесе  әл-Макризи  жазғандай 
«мұсылмандардың жүрегінде татарлардан үлкен қорқыныш бар еді».  
  Рашид-ад-дин Хулагу хан Дамаск әкіміне тағайындалған Насыр- ад-динді  жанында 
үш жүз сириялық атты нөкері бар  еліне шығарып салды дейді. Осыдан кейін хан Кетбұқа 
хабарын алады. Хан Кетбұқаның кегін қалай аламын деп  ашу-ыза кернепи отырғанда  бір 
сириялық  адам  Насыр  сізге  шынын  ацта  қоймайды,  ол  Кетбұқаны  өлтірген  Құтызға 
қашып  кетпекші  болып  жүр»  десе  керек.  Хулагу  Насырдың  соңынан    өзінің  сенімді 
моңғол  қосынын  аттандырып,  Насырды  үш  жүз  нөкермін  жолда  қырып  тастайды.  Бір 
ғанаи  жұлдызшы  Мухидден  Магриби  ғана  тірі  қалып  бұл  оқиғаны  кейінгі  ұрпаққа 
жеткізіпті.    
  Осындай оқиғаның бірін Рашид-ад-дин жазады. Әңгіме Сунит тайпасынан шыққан 
Саларбек туралы. Ол Айн-Джалут соғысында Кетбұқа ның жанында болып, ноян өлген 
соң елге қашып келген еді. Хулагу хан оны өлім жазасына кесіп, әс керін өзге  әмірлерге 
таратып  берді  дейді  тарихшы.  Заманында  оның  ағасы  Хандучак  та  Иран  өлкесінің 
Исфахан  аймағында    билік  жүргізіп,  әлдебір  себептермен  Кум  қаласының  басшысын 
өлтірген  екен.  Бұл  хабар  Мөңке  қағанға  жетіп,  қала  басшысын  кінәсәз  өлтірді  деген 
айыппен ханның жарлығы бойынша Әмір Арғын қолынан жаза тартқан (100, т.1, кн,1, 
с.100).  
  Кетбұқа ноян өлімімен Хулагудың Египетке қарай бағытталған соғыстары 
бір сәт тоқталды. Енді Сирияның өзін қайта тәртіпке салу керек болды. Осыған 
байланысты  Элке  ноян    қалың  қолмен  аттанды.  Оған  қарсы  Мысырдан 
Байбарыс  қосыны  келді.  Әрине,  талай  жорықтар  мен  шайқастар  болды,  бірақ 
Кетбұқа  заманында  жеткен  жерлер  Хулагу  әулетінің  шекарасына  айналды.  
Хулагу  хан  талай  жылдар    Мысырға  жаңа  шабуылды  ойластырумен  болды, 
бірақ  сәті  келмеді.  Онымен  бірге  осы  бағыттағы  жаулап  алуға  бірге  келген 
Шайбан  баласы  Бұлға  ханзада  қайтыс  болды.    Бірталай  уақыттан  соң  Орда 
Ежен  баласы  Кули  о  дүниеге  аттанды.  Бұлардың  қарамағындағы  ел  кезінде 
Дәшті  -Қыпшақтан  жиналған  еді.  Олар  да  өз  отандарына  қайтқанша  асықты. 
Дербент арқылы өз беттерімен қашып кетекендер де көп болды.  
  Осылай  жүргенде  Хулагу  хан  мен  Берке  хан  арасында  қақтығыстар 
басталды. Беркенің жолы үлкен еді. Оның айтқанына Хулагу көне бермеді. Екі 
елдің  арасында  ертеден  келде жатқан шекаралық  алқыптар  туралы  мәселе  бар 
еді.  Ол  мәселелер  наразылық  кезіңінде  жарыққа  шықты.  Оның  үстіне  Дәшті-
Қыпшақтан барған Жошы әулеті сұлтандарының Бұлға, Тутар, Кули өлімі де екі 
ортаны ашты. Бұл соғыстар Алтын Орданы да, Ел хан мемлекетін де әлсіретіп 
кетті. Мысыр мәселесі біртіндеп ұмытыла бастады. 
   Ислам тарихында Айн-Джалут шайқасын керемет бағалайлы. Расында да 
сол күнге дейін мұсылман әлемінде моңғол-татарларға қарсы тұра алатын бірде-
бір  күш  болмайтын.  Мәмлүктер  осы  жеңістен  кейін  тек  Мысыр  мен  Сирия 
жерінің басын қосып қана қойған жоқ, сонымен бірге бірнеше жүз билікке карт 
бланш алды.  

224 
  Біз  үшін  Ұлы  дала  перзенттерінің  сонау  Палестина  жерінде  бірі  Моңғол 
империясының  әскерін  бастап,  екіншісінің  Мысыр  тәуелсіздігін  қорғап 
шайқасқаны сабақ болса керек. Екеуі де Ұлы дала ұлы перзенттері, екеуі де біз 
үшін  қадірлі,  екеуінің  де  тағдыры  біз  үшін  сабақ.    Еуразиялық  далалық 
аймақтарды  ерте  замандарда  және  ортағасырларда  кіндік  қаны  тамған  талай 
азаматтарға  топырақ  жат  жерде  бұйырды.    Себебі  біздің  даламыз  әлемдік 
геосаясаттың  ортасы  болатын.  Біздің  жерімізде  туған  азаматтардың  қолында 
тарих диірменін айналдыратын күш болды, олар сол заманда адамзат тарихын 
жасады.  Тіршіліктің  мағынасын  іздеген  адам  үшін  далалық  екі  тұлғаның  жат  жердегі 
күресі  тарихты  жасаушы  әлемдік  орталықтың  сол  дәуірде  біздің  жерімізде  болғанын 
аңғарса керек. Бұл біздің тарихшылар әлі де қалам тартпаған, өресі биік тақырыпты ашу 
болашақтың міндеті. 
   
 
 
 
 
 
   
 
 
 
Қорытынды 
   
   
  Моңғол-татарлар    ислам  әлемінің  орталығы  Бағдатты  алып,  енді  Шам  шаөарына 
енгеннен кейін-ақ ислам тағдыры қыл үстінде тұрды. Шығыста  Мысыр мәмлүктерінен 
басқа дін исламға қорған болатын күш қалған жоқ еді. Христиан әлемі жеңісті тойлауға 
дайындалды. Бірақ Еуропа  адамы үшін  Орталық Азия көшпелілері мұсылмандардан да 
қауіпті болып шықты.  Бір ғажабы олардың өздері  бірнеше мың жыл бойы  батысқа қоныс 
аударған Еуразиялық дала адамдарының тұқымы еді, өзінің отанынан от жалын болып 
шыққан  жаңа  тасқынның  астында  қалудан  қорықты.  Француздың  атақты  тарихшысы 
Жан-Поль  Ру  бұл  ахуалды  былай  деп  суреттейді  «Христиане  совершили  особо 
подчеркнутое  клятвопреступление,  предательство,  настоящее  безумство,  когда  Акра 
пропустила  на  свою  территорию  египетскую  армию,  снабдив  ее  продолвольствием, 
сделала возможным уничтожение монгольских сил в Сирии, хотя последними командовал 
христианин.  Мало  того,  что  монголы  больше  не  верили  слову  франков,  но  так  и  не 
простили  их.  Считая  ответственными  за  свое  первое  отступление.  У  христиан,  
которые предпочли мусульман монголам, были свои резоны.  
  Первых  они  знали,  вторые  были  им  незнакомы.  Западная  Европа  слишком 
перепугалась, когда Азиатские орды подступили к воротам Вены; слишком сильный ужас 
внушало ей это племя, «извергнутое Тартаром», по словам Людовига Святого. Разве она 
не читала в посланиях ханов, что должна покориться, что они притязают на верховное 
владение всем миром» (102, с.277). 
  Кетбұқа  ноян  Айн-Джалут  өзені  бойында  қазақ  тапқанымен  оның  тарихы 
аяқталмайды. Әр азаматтың тарихы оның балалары мен немерелері, үрім-бұтағы арқылы 
болашақпен жалғасып жатады, әсіресе ұлы азаматтардың тарихы. Шоқан да кезінде: «ұлы 
аруақтар өздерінің тұқым-жұрағаттарына қамқорлық жасайды», – деп айтып кеткен,  адам 
тәні  шірігенмен,  оның  рухының  аруақ  түрінде  өмір  сүре  беретінін  дәлелдеуді  қажет 
етпейтін  шындық.  Кетбұқа  балалары    бірнешеуі  Сирия  жерінде  өзге  де  орда 

225 
қызметкерлерімен бірге мәмлүктер қолына түсті. Олардың тарихы мен тағдыры Мысыр 
жерінде жалғасын тапты.  
  Кетбұқаға қатысты тағы бір әңгіме. 1260 жылғы Айн-Джалут бойындағы шайқаста 
мәмлүктердің қолына Кетбұқа деген бозбала сарбаз тұтқынға түседі.  Оның шыққан тегі 
ойрат екен дейді араб тарихшысы Ибн Касир.  Кетбұқа ноян қол астында он екі мыңдық 
әскери  қосын  болғаны  белгілі,  оның  ішінде  басты  күш  бағаналы-  найман  болғанымен 
басқа тайпалардың өкіледір де аз болмаған сияқты. Бұл Кетбұқа аласа бойылы, бидай өңді, 
көсе адам болғаны  айтылады.  Осы бозбала Мысырда біраз уақыт иесіз жүріп, біраз жыл 
өткен  соң  Қалауын  сұлтанның  қолына  түседі.  Қалауын  оны  750  дирхемге  сатып  алды 
дейді деректер. Қалауын Байбарыстан кейін ұзақ уақыт Мысырдың сұлтаны болды, осы 
уақыт аралығында Кетбұқа да қызмет бабымен көтеріліп ірі мансап иесіне, сұлтан тағына 
жақын наиб, яғни орынбасар  қызметіне көтеріледі. Осыдан кейін тарих диірменінің бір 
айналған тұсында Мысырдың сұлтаны болды. Бейбарыстың сұлтан болуы  1260 жылдың 
оқиғасынан «тура 36 жыл өткен соң болды»  дейді Қайрат Сәки ( 106, 192 б.). 
  Мысырды осы Кетбұқа билеген заманда Хулагу немересі Ғазан хан билеген Иран 
елінен  қашқан Тарағай батыр бастаған ойрат көші келеді.  Олардың жалпы саны он мың 
болды  дейді  деректер.    Олар  Хулагу  әулеті  ішіндегі  Ел  хан  иеліктерін  жайлаған  ішкі 
жанжалдардан мезі болып келген еді. Кетбұқа  көшкен елдің басшыларына бек мансабын 
беріп,  жайылымға  және  қысқы  қонысқа  жер  бөліп,  қамқорлық  жасаған  екен.    Хулагу 
тұсында Иран аймағында қоныстанған  ойраттардың осындай бір тобы Ауғанстан жеріне  
көшіп хазарей халқы деген атақпен әлі де бар, ал Мысырға барғандары жергілікті халық 
ішіне сіңіп кетті.   
  Бір  қызығы  Кетбұқа  Мысыр  тағында  көп  жыл  отырып  отырып,    бейбіт  өліммен 
өлген  сирек  басшылардың  бірі.  Мәмлүктердің  сұлтандарының  ішінде  ақ  өліммен 
өлгендері сирек болған. 
  Тағы  бір    есте  болатын  оқиға  Мысырдың  атақты  бектерінің  бірі  Байдараға 
байланысты  еске  түседі.  Байдара  Халил  сұлтанды  өлтіруге  басшылық  жасаған  атақты 
мәмлүктердің  бірі.  Бұл  да  Қалауын  тұсында  билікке  көтеріліп,  кейін  оның  баласы 
Халилмен  тіл  табыса  алмаған  адамдардың  ішінде  болды.    Халил  сұлтанның  аумалы-
төкпелі  мінезінен  олар  әбден  запы  болып,  оны  өлтіруге  бел  байлайды.  Аңда  жүргенде 
сұлтанды  өлтіріп,  Байдарыны  сұлтан  сайланады.  Бірақ  бұлар  сыртта  жүргенде 
Мысырдағы сұлтанның жеке өзіне ғана тәуелді мәмлүктер билікті алып қойып, бұларды 
бүлікшілер есебінде жазалайды. Байдара  сұлтан мәмлүктерімен қақтығыста өліп, оның 
жақтастары ауыр азаппен көз жұмады. 
  Кетбұқа  сияқты  Байдара  да  1260  жылы  Айн-Джалут  шайқасынан  кейін  мәмлүк 
қолына өткен бала. Деректерге қарағанда  ол заманда жауынгерлердің соңынан олардың 
үй  іші  де  еріп  жүреді.    Кетбұқа    мәмлүктермен  соғыста  қаза  тапқан  соң,    аман  қалған  
найман әскерінің  біраз бөлігі Хулагу ханның ордасына жетті дейді. Бірақ Хулагу «Кетбұқа 
сендердің кесірлеріңнен өлді, ал сендер аман келдіңдер» деп Шамға қарай қайта қуады-мыс. 
Сол себепті Кетбұқа қосынынан аман қалғандар әйтеуір бір өлім деп Алеппо қаласына 
маңында мәмлүк қолына  шабуылдайды.  Ер азамттардың барлығы осы соғыста қырылып, 
ал олардың  әйелдері мен балалары қолға түседі.  Сөйтіп құл және күң болып Мысырдың 
құл  базарларына  жетеді.    Сол  топтың  ішінде  құндақтаулы  Байдараны  арқасына  таңып 

226 
алған шешесі де бар еді дейді тарихшылар.  Кішкентай Байдара шешесімен бірге сұлтан 
Қалауынның қарамағына түседі де бірте -бірте мәмлүк ортасынан ойып тұрып өз орнын 
алады.  
  Кетбұқаның  өз  кіндігінен  тараған  балалрдың  ішінде  аман  қалғандары  Хулагу 
әулетіне  қызмет  жасағанын  біз  Ғазан  хан  заманындағы  кейбір  деректерден  көреміз. 
Олардың ішінде Кетбұқа ноянның ұлы Қонышының баласы Араги бар. 1300 жылы Ғазан 
хан Дамаскі қаласын кезекті рет жаулап алған соң, ол жерге жаңадан басшылар сайлап, 
тәртіп орната бастайды. Оның алдында Насир Альфиұлы  деген адам қалаға иелік жасаған 
екен. Ғазан  хан    алаңда жиналып  тұрған  қаланың азаматтарынан  «Мен  кіммін ?-дейді. 
Қаланың басшы  азаматтарының ішінен Ел хан әулетін білетіндер:  
-Сіз Ғазан хан,  Арғын ханның ұлысыз, ол Абаға ханның ұлы, ол Хулагу ханның ұлы, ол 
Төле ханның ұлы, ол Шыңғыс ханның ұлы,- дейді екен. 
-Ал енді Назірдің әкесі кім ?- дейді Ғазан хан. 
-Альфи,- дейді халық. Ғазанның: 
-Оның әкесінің аты кім ?-дегеніне ешкім үндей алмапты, шыққан тегі анық емес 
адам болса керек.  
  Дамаск тұрғындары өз еркімен қамалдың кілтін ашты деп Ғазан хан оларға ешкім 
де тиіспесін деп жарлық шығарады. Сонда әскердің ішінде шаруашылық жұсмыстарында 
жүрген  армян,  грузин  жәнек  басқа  да  кәпірлер    хан    әскерінің  көзін  ала  бере    бейбіт 
халықты  тонай  бастайды,  кейбіреулерін  байлап  әкетпек  болады.  Осы  хабарды  естіген 
Ғазан хан бұл бейбастықты тоқтату үшін Араги Кетбұқа немересін  жасағымен жіберді. 
Олар  келіп  бейбіт  халыққа  араша  тұрыпты.  Кейін  армяндар  мен  грузиндердің  үйлерін 
тінтіп, ол жерлерге  жасырып қойған дүние- мүлкіті және тұтқын адамдарды бостандыққа 
шығарды (100, т.3,с.185). 
  Біз жоғарыда Жошы хан ұлысынан Хулагу жорығын қолдап барған елдің көпшілігі 
біртіндеп  Иран  жерінен  кейін  қарай  қайтты  дедік.  Осы  көшке  Кетбұқа  өлімінен  кейін  
Сирия,  Ирак,  Иран  жерлеріне  жаулап  алудан  аман  қалған    бағаналы-  наймандар  да 
қосылды. Олардың бір бөлегі Сырдария бойына қарай келсе, екінші жартысы Мауреннахр 
өлкесінде  қалды.    Хиуаның  ханы  және  тарихшысы  Әбілғазы  баһадүр  хан  өзінің 
«Шаджарат-  түрк»  еңбегінде    Хорезм  өңіріндегі  наймандардың  тарихына  қатысты 
бірталай қызықты деректерді жазады. Бұл өңірде қоныстанған наймандар ХV ғасырдың 
соңында Мұхаммед Шайбани ханның ықпалында болды. ХУІ ғасырда Марыға найманнан 
шыққан  Қобыз  би,  Жолым  билер  әмір  жүргізді.  Найман  Назар  би  Балхты  биледі. 
Нұраталық  көшпелілерді  найман  Ахметәлі  басқарды.  Шайбан  тұқымы  Бабаханның  бір 
әскербасысы  найман  Жанмұхаммед  би  болды.  Шежіреші  Әбілғазы  найман  Сопы 
мырзаның  1604  жылы  оның  әкесі  Араб  Мұхаммед  ханды  өлтіру  үшін  қастандық 
ұйымдастырушылардың  бірі  болғанын  тілге  тиек  етеді.  Осы  мысалдардан-ақ 
наймандардың  Орта  Азия  аймағында  қабырғалы  күштердің  бірі  ретінде  әрекет  еткенін 
байқау  қиын  емес.  Бұл  наймандар  біртін-біртін  жергілікті  халыққа  сіңісіп,  өзбек, 
қарақалпақ  қауымдастығының  бір  тармағы  болып  кетті.  Өзбектерде  қазақ-найман, 
қарақалпақта бағаналы, терістаңбалы, қырғызда бүйе найман, күн найман, мырза найман, 
жуанбұт найман руларының кездесуі сол араласудың бір нышаны. 
  Бірақ заманында бір ажырап кеткен найман елі екінші қайтара басын қоса алмады. 

227 
Найман мемлекетінің күйреуі атамекендерінде қалың отырған бұл елдің құрамына кірген 
рулардың  жан-жаққа  кең  ыдырап  кетуіне,  басқа  тайпалар  арасына  сіңуіне  әсер  етті. 
Шыңғыс  хан  және  оның  ұрпақтары  заманында  Еуразиялық  кеңістікке  тарыдай 
шашыраған  елдің  қазақ  жеріне  қайтқаны  некен-саяқ  қана.  Олардың  көпшілігі  ежелгі 
қонысы  Ібір-Сібір  мен  Алтайда  қалып,  өзге  халықтардың  құрамына  енді.      Ертіс 
алқабында орныққандары  Шыңғыс ханның баласы Үгедей ханның қол астына қарады. 
Күшілік  соңында  болғандары  Памир  мен  Алай  тауларында,  қырғыздың  ішінде  қоныс 
тепті.    Кетбұқаға  ергендері  алдымен  Балқаш  төңірегіне,  Алакөл  маңына,  Сыр,  Ырғыз 
алқабына орналасқан еді, олардың көбі Хулагу ұлысы, немесе Ел хан мемелекеті аталатын 
Иран мен одан батысқа қарай аймақта қалды. Құбылай ханның жанына Қытайды билеген 
найман қосындары Ежен ханның  жерінде қалды және көпшілігі  қазір Ішкі Моңғолияда  
тұрады.  
  Қазақ  жеріндегі    наймандары  ХУ  ғасырдың  ортасында  құрылған  Қазақ 
хандығының шаңырағын көтеруге  белсене  қатысты.  Бірнеше ғасырға созылған қазақ-
қалмақ жаугершілігі тұсында да біз наймандарды жаудың бетінен, желдің өтінен көреміз.  
1630  жылдары  дүрбен-ойраттардың  батысқа  бағытталған  алғашқы  қозғалыстарының 
кезінде  наймандар  Шығыс  және  Орталық  Қазақстан  алқабын  тастап  оңтүстікке  қарай 
шегінді.  Найман елі өзге қазақтың баласымен бірге  ХҮІІІ  ғасырдың  басына  дейін  қыс  
қыстап  Бұхар  жеріне  дейін  баратынын  «қалың  найман нуынан»  шыққан  арқалы ақын  
Дулат та  жырлайды: 
Әуелгі  қазақ  деген  жұрт 
Миығыңды  көрсетпей, 
Ұстарасыз  өскен  мұрт. 
Емін  еркін ен  жайлап
Өсіп  едің  Бұхарда.  
………………………… 
Сен  Бұхарда кезіңде , 
Келелі  биің  сенімді
Қара бір  халқы көнімді,   
Тыныш  еді  еліміз.  
Шаңына  малың аунаған. 
Дәулетің  өсіп  қаулаған
Тел емес  малды саумаған
Бұхар-ай  шәрі   дейтұғын 
Өскен, өнген  жеріңіз. 
Тай  туып, тайлақ  қайыған, 
Тоқты қоздап  байыған, 
Малың  қысыр  қалмаған, 
Әзірет  қонған  Каратау, 
Аса  алмаған  онан жау
Болмаған  онда  хан  талау
Ел  соқпағы  даңғыл  жол -  
Қасымның  қасқа  жолы  екен. 

228 
Көнелерден  сұрасам, 
Сөзін  жинап  құрасам,  
Сауысқандық  Түркістан- 
Сенің  туған  жерің  сол  екен. 
(33, 91-92 бб.). 
  Дүрбен-ойраттардың  ішінде  де  найман  тектес  тайпалар  бар  еді.  Найман  қаны 
әсіресе дербеттер мен чоростарда көп. Жапон ғалымы Джуно Мияваки ХУІІ ғасырдағы 
дүрбен-ойрат  (жоңғар)  тайшылары  туралы  еңбегінде  «Дербеты  вместе  с  джунгарами 
составляли ойратскую группу чоросов. По словам Х.Окады, у легенды о происхождении 
дербетов и джунгаров есть много общего с легендой о происхождении предка тюрков-
уйгуров,  и  следовательно,  чоросы  по  всей  видимости,  являются  потомками  племени 
найман, которое во времена Монгольской империи обитало в районе Алтайских гор. Их 
собственная  родословная  также  сообщает  нам,  что  дербеты  и  джунгары  являются 
потомками  Тогон-тайши  и  его  сына  Эсен-хана,  которые  в  ХУ  веке  установили  свою 
власть над всей Монголией» (76, с.71).   
  Бұл  жерде  Х.Окада  мен  Дж.Миявакидің  пікіріне  қатысты  бірнеше  анықтамалар 
керек.  Біріншіден,  қалмақтардың  өзі  «жоңғар»    деп  тек  чорос  тайпасын  атайды,  бұл 
моңғолша «сол қол»  деген ұғымға келеді. Шыңғыс хан заманында чоростар әскердің сол 
қанатында  болған  деп  есептейміз.  Жоңғар  ұғымына  дербеттердің  нояндары    да  кіреді, 
себебі  ата  тарату  кестелерінде    арғы  түптері    бір  атаның  баласы  болып  табылады. 
Екіншіден, Чорос (Шорос) атауы түркі тіліндегі «шор» ұғымынан шығады деген дұрыс, 
бұл  жерде  аңшының  баланы  ағаштың  шор  болып  қалған  түбіртегі  астынан  тауып 
алғандығы  сөз  болып  отыр.  Енді  чорос  тайпасының  шығу  тегі  туралы  қалмақ  аңызын 
орысша нұсқада берейік. Батыр Түмен Убашы сияқты қалмақтың соңғы ақсүйектерінің 
қолынан шыққан «Дербен-ойрат елі туралы аңыздар» сонау ХІХ ғасырда зерттеушілерге 
белгілі болған.  Батыр Түмен Убашы былай деп жазады: «Когда то в древности были 
Аминай и Демене; они кочевали в безлюдной стране. У каждого из них было по десяти 
сыновей,  потомство  которых  постепенно  размножалось.  Из  числа  их  один  охотник 
отправился  в  лес  ловить  зверей;  он  там  нашел  маленького  ребенка,  лежащего  под 
деревом, и взял его. Так как форма нароста дерева, под которым находился мальчик, была 
подобно форме цорго (трубе, употьребляемой при перегонке арзы), то охотник назвал 
мальчика  Цорос.  Потом  накормил  его  соком  дерева,  вливая  по  капле  в  рот.  ...Тайчжи 
этого народа,  назвав Цороса, вследствие и такой случайности судьбы, внукам Тенгрия по 
матери,  воспитали  и  сделали  его  нойоном.  Нойоны,  произошедшие  от  этого  ребенка, 
стали обладателями тех, которые призрели и воспитал их родоначальника. Вот отчего 
произошел злобный зюнгорский нутук» (44, с.24). 
  -Міне,  Найман  елінің  Шыңғыс  заманында  моңғол  билігіне  көшкен  қоныстарда 
қалғандарының тағдыры. Осыдан кейін бірнеше ғасыр өткенде оларды біз моңғол тілді 
тайпалардың  арсынан  көреміз,  енді  бірнеше  ғасыр  өткенде  Қытай  империясының 
қыспағына шыдамай  дүрбен -ойраттардың бір бөлегі қазақ жері арқылы батысқа қарай 
көшті. Олардың ішінде қазақтың Ертіс бойы, Сарыарқа, Жетісу сияқты құнарлы өлкелерін 
мекендеп қалып қойғандары да болды.  Торғауыттардың көпшілігі Еділ асып кетсе, Еділге 
дейінгі жерде дербеттер көп болды.  Бір заман олар қазақпен одақтасып жүрсе, бір заман 

229 
қиян-кескі соғыстарды көреміз.  Атақты Қара Құла, Батыр қонтайшы, Бошоқту хан, Сыбан 
Раптан, Қалдан Серен болып жалғасатын қалмақтың патша әулеті осы Чоростан шыққан 
еді.  
  Енді бір уақыттар өткенде ХУІІІ ғасырдың ортасына жеткенде біз тас-талқан болған 
Жоңғар  мемлекетін  көреміз,  осы  кезеңде  ертеде  әр  ұлыстың  құрамына  еніп  кеткен 
наймандардың  біразы    енді  қайта  қазақтың  қатарына  қосылды.  Тарих  кейде  осындай 
ғажап құбылыстарға толы,  ешқашан ештеме ізсіз-тозсыз жоғалып кетпейді.  Кейде бір 
халық су түбіне кеткендей зым-зия жоғалып кетеді, енді бір қарасаң өмірдің ағысы оны бір 
жерден қайта айналдырып шығарады. 

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал