Жамбыл Омари



жүктеу 5.01 Kb.

бет21/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

25.  Кетбұқаның Шам аймағын бағындыруы 
  Расында  да  Кетбұқа  ноян  бастаған  моңғол-татар  қосындары  Мысыр  аймағына 
жақындап  қалған  еді.  Олардың  Бағдатты  алғаннан  кейінгі  бірінші  кездескен  адамдары 
шекаралық аймақта жүрген еуропалық кресшілер болды. Кіші Азия жері бірнеше әлемдік 
діннің  орталығы  екені  тарихи  ақиқат.  Бұл  жерде  әлемдік  діндердің  көпшілігіне  ортақ 
Иерусалим  атта  қала  бар.    Сирия  болса,  қазақ  Шам  шаһары  дейді,  ерте  заманнан  бері 
христиан дінінің ішіндегі несториан бағытының орталықтары бар ел. Енді оның үстіне 
Еуропадан  оңай  олжа  мен  байлық  іздеген    кресшілері  келді.  Еуропа  халықтардың  ұлы 
қоныс аударуы басылғаннан кейін байырғы шаруашылық-мәдени жүйенің дағдарысынан 
оңайшылықпен  шыға  алмады.  Рим  империясының  қираған  қалдықтарының  орнында 
герман  тайпаларының  үстемдігімен  пайда  болған  мемлекеттер  сол  баяғы  германдық 
жаугершілік моделін ұстанды. Рим империясы тұсында құл иеленуші құрылысқа, тегін 
еңбек  күшін  пайдалануға  негізделген    өндіргіш  күштер  де  жаңа  жағдайға  бейімделіп 
жылдам  дами  қоймады.  Шаруашылықты  дамыту  үшін  сырттан  келетін  ағылып-төгіліп 

210 
келетін  байлықтың  көзі  жетіспеді.    Сол  себепті  Еуропа  жаугершілік  жолына  түсті. 
Кресшілер жорықтары осы себептерден өз бастауын алады. 
  Кетбұқаның  келгеніне  алдымен  қуанған  Шам  несториандары  еді.  Бірақ  олардың 
саны аз болатын және олар бұрыңғы сауда-саттықтағы ықпалды орнынан айрылып қалған 
еді.  Оның үстіне Еуропадан үсті-үстіне келіп жатқан кресшілер  өздерінің тонаушылық 
пиғылымен  жергілікті  елдің  арасында  христиан  дінінің  қадір-қасиетін  жойып  жіберді.  
алғашқы  бетте  Кетбұқа  тарапынан  жүргізілген  келісімсөздер  екі  арада  бейбітшілікті 
орнатуға мүмкіндік берді.  Мөңке қаған Хулагудың  қасына пұтқа  табынатын  ұйғырлар, 
тибеттіктер,  қытайларды  көп  қосқан.  Сенімді  лауазымдарға  керейлер  мен  наймандар 
қойылған еді.  «Хулағудың әйелі Тоғыз хатун христиан ағымындағы керей қызы еді де, 
штаб бастығы найман Кетбұқа ноян несториандық бағытты пір тұтатын, сондықтан  да  
олар  өзінің  дініндегілерді  маңайына  топтастырды»,-  дейді  Лев  Гумилев.  Шын  мәнінде 
Кетбұқа ноян  дін мәселесіне бейтарап болатын, ол сол кезеңдегі Шыңғыс ханның көзін 
көрген өзге де басшылар сияқты «Жасақтан» басқа ештеңені де мойындамайтын адам еді. 
Сол  себепті    Хулагу  ордасына  билігі  жүретін  Тоғыз  қатын  христиандармен  екі  ортада 
дәнекер болуға тырысты. Дегенмен екі жақ та  бір-біріне сенбей аңдысулы еді. Әсіресе, 
кресшілер моңғол-татардың бұл жойқын келісінен қауіптенді, себебі оларға бұрыңғыдай 
еркін жүруге, бас бұзар  бейбастығына  тиым салынатыны айқын бола бастады.  
  Бір жылдың ішінде Бағдатты тас-талқан қылып,  Иран мен Ирак сияқты мұсылман 
елдерін таптап өткенін көрген христиандар ата жауын құртқан Хулагумен  одақ жасауға 
кірісті.  Алдымен Армян патшасы Гетум-І  мен Антиох  кінәзі Боэмунд-IV  монғолдарға 
қосылды. Киликия армяндарының патшасы Гетум болды осының алдында моңғол-татар 
империясының  орталығы  Қарақорымда  болған  еді.    Мөңке  ханның  өзі  оны  қабылдап 
келісім болған. Гетум-І Мөңке қағаннан  осы жолы : 1. Барлық халықты шоқындыруды; 2. 
Христиандар мен монғолдарды татуластыруды; 3. Дінбасыларын салықтан құтқаруды; 4. 
Христиандардың қасиетті жерін қайтаруды; 5. Бағдат халифін құртуды; 6. Барлық әскер 
басыларының мұның жарлығын орындауға жарлық етуін; 7. Мұсылмандар тартып алған  
армян жерін қайтарып беруді өтінген.  Сол себепті армяндар Бағдат  халифатын құлатуға 
белсене  ат  салысты  және    осыдан  кейін  Гетум  моңғол-татарды  Шамға  қарай  жорық 
жасауға  үгіттей  бастады.  Аюбидтер  әулеті  билеген    Иерусалимді  мұсылмандардан  
босатуды моңғол-татардың қолымен жасау мүмкіндігі пайда болды. Гетумға еріп моңғол-
татармен жақындаса бастаған екінші бір христиан билеушісі Антиохия әміршісі Боэмунд 
еді.  Ол  Хулагу  әскерімен  одақтасып  Алеппо  мен  Дамаскіне  алуға  қатысты.  Соның 
нәтижесінде 1259 жылы күзде Кетбұқа қосындары Египет шекарасына  бір-ақ жетті. Ең 
соңғы  мұсылман  мемлекетінің  мойнына  семсер  төніп  тұрғанына  қуанған  Батыс 
Еуропадағы  христиандар  Хулагу  мен  Тоғыз  қатынды  Константин  мен  Еленаға  теңеп, 
«егерде монғол әскері шекараға ілінсе-ақ, Христостың қызметшілерін соғыс майданынан 
көреді»,  -деді.  Кетбұқа  ноянның  кеңес  ордасы  Иерусалимге  ту  тігіп,  Тир,  Сидон,  Акра 
қамалына орналасты. Ал өз еркімен берілген жауға Шыңғыс дәстүрінде барынша құрмет 
көрсетіледі. Сондықтан  да Иерусалим королінің әскері монғолдың оң қанаттағы қолы боп 
бекітілді.  
  Міне,  дәл  осы  кезде  Хулағудың  ең  соңғы  шешуші  майданға  шығуына  екі  үлкен 
кедергі кездесті. Жаз айында  монғол  қызына  үйленген грузиннің Ұлы Давид пен Кіші 

211 
Давид    патшалары  бірінен  соң  бірі  көтеріліске  шықты.  Хулағу  соларға  аттанды  және 
осыған байланысты моңғолдардың бірсыпыра әскери күшінің қолы байланды.  Екі патша 
да  халқын  қырғынға  тастап,  қашып  кетті.    Хулагу  әскері  Грузия  елінің  тас-талқанын 
шығарып  екі  рет  шапты.  Лев  Гумилевтің  пайымдауынша:  «Патшалардың  ақымақтығы 
Грузияны  қызыл қанға  бөктірді,  ал христиандардың мүддесі мүрдеге  айналды.  Өйткені 
монғолдар  Грузияның  әскерінен  сүйеніш  тауып,  Палестинадағы  әрбір  жауынгерді  аман 
сақтаудың  орнына,  бар  күшін  олардың  өзін  талқандауға  жұмсады.  Жағдайдың  дәл 
осындай боп қалыптасуы жаужүрек мамлүктердің пайдасына шешілді» (29, 223 б. ). Осы 
соғыстар Мысырға шығатын аймақты қоныстана бастаған Еуропалық христиандар үшін 
моңғолдардың  қайткен  күнде  тәртіпті  сақтау  үшін  күресетінін  көрсететін  белгі  болды.  
Шыңңғыс ханның өзі бата берген Хулагу де,  оның жаұын айналасындағы  көмекшілері де 
ең алдымен ата-баларынан енші болып қалған   «Жасақ» заңдарын діни сенімнен жоғары 
қоятыны анық еді.  Олар үшін  қағанға адалдық, елдің алдында берілген уәде бәрінен де 
қымбат еді.  Хулагудың  алдымен өздеріне бас иіп одақтас болып, кейіннен  өз бастарының 
ұсақ мүддесі үшін өзгеріп  шыға келген  христиан грузиндерді жазалау себептері де осы 
еді.  
  Хулагу  әскері  жақындағанда  Жерорта  теңізінің  жағасындағы  христиан  иеліктері 
жан-жағына  алаңдай  бастады.  Әуел  баста  моңғол-татарлардың  мысылман  елдерін  тас-
талқан  қылған  екпіні  ескі  христиан  қауымдарын  да,  жаңаден  келіп  орнығып  жтқан 
кресшілерді де қуантты. Олардың көз алдында сонау Хорезмнен бастап Бағдатқа дейінгі 
мұсылман  қауымдары  моңғол-татардың  алдына  бас  иді,  көпшілік  қалалары  қирады, 
мемлекеттері  құлады,  билеуші  әулеттері  қырғын  тапты.  Енді  христиан  иеліктерінің 
шекарасына келген моңғол-татармен тіл табысайын десе, олардың түрі де, мәдениеті де 
жат. Оның үстіне әлемді түгел тізе бүккізген моңғол-татарлар Жерорта теңізінің әр жерінде 
бекінген  христиан  биліктерін  өздеріне  тең  санамайды.  Шыңғыс  әулеті  мен  олардың 
аталықтарының жүректерінде мынау  еуропалық рыцарь еді, мынау христиан дінінің өкілі 
еді  деген  еш  қорқыныш  жоқ.  Әлемге  үстемдік  етіп  қалған,  бүкіл  дүниетанымы  солай 
қалыптасқан, аспанда Бір Тәңірі мен оның өкілі Шыңғыс ханнан басқаны мойындамайтын  
Кетбұқа сияқты нояндар үшін кресшілер  пілдің табанының астындағы ат жалман тышқан 
сияқты.  
          Хулагу  хан  исламның  ордасы  атанған  Бағдатты  алғаннан  кейін  моңғол-татар 
әскері енді Шам шаһарына аттанатыны белгілі еді. Хулагу Бағдатты алғаннан кейін Арық 
ноянды Ирбил қаласына жіберді. Ирбил (Эрбиль, Арбела) Ирак жеріндегі көнеден келе 
жатқан  ірі  қалалардың  бірі,  араб  тайпаларының  және  күрдтердің  ішкі  саясатының 
орталығы болатын.  Арық ноянның міндеті олардың Шамға қатысты көзқарасын анықтау 
еді. Бір жағынан кресшілер, екінші жағынан моңғол-татар жорықтарының астында қалған, 
өз ара ауызбіршілігі жоқ араб әмірліктерінің жағдайы қиын.  
       Моңғол-татар қатері төнгенде Кайфа, Карак, Алеппо, Химс т.б. қалалық аймақтар 
бас қосып қорғануға қабілеті бар ма, Арық ноян осыны аңдауы керек еді. Байқап қараса  
басы  қосылып  қорғану  түгілі,  қорғанамыз  деген  ниет  те  жоқ.  Арық  ноян  келіссөздер 
жүргізген  кейбір  мұсылман  әмірлері  Хулагуге  қарсы  өз  бетімен  соғысуға  дайындық 
жасаса,  екіншілері жаудың іргеге келгенінен де хабары жоқ. Арық ноян сөйлескен Шам 
билеушісі  Салахуддин  Юсеф  қана  өзінің  маңайындағы  кеңесшілерімен  ақылдасып 

212 
отырып  соғыстың алдын алуға Хулагуге елші жібермек болды.  Салахуддиннің баласы 
бастаған бұл  елшіліктің аты ғана елшілік еді, ал шын мәнінде Шам шаһарының билеушісі 
Хулагу сарайына қымбат қазына аттандырды, яғни білігін мойындады.  
  1259 жылдың қыркүйек айының 12-де, хижра бойынша санасақ 657 жылы рамазан 
айының 22-де Хулагу қосындары Сирияны бетке алып жорыққа аттанды. Алғашқы соққы 
беретін қала  сауда-саттығымен атағы шыққан Халеб қаласы еді. Дәл осы кезеңде Халеб 
қаласының  сұлтанынынң  уәзірі  Зейн-ад-дин  Хафизи  Хулагу  хан  ордасына  біржолата 
келген еді. Оның алдында бұл көпті көрген уәзір Мөңке қағанға өте бай тарту-таралғымен 
барып келген.  Содан бері Халеб маңындағы елде оған сатқын сияқты қарайтын көзқарас 
қалыптасты. Содан өз өміріне қауіп төнген уақытта Хулагу ханға келіп пана сұрағаны нақ. 
Уәзірдің  келуі  жорықты  біршама    жылдамдатты  деп  айта  аламыз.  Жорықтың  алдында 
әскери кеңестің бас қосуы болып Кетбұқа ноян алдын ала  үлкен әскермен  аттанып кетті. 
Қашанда  Кетбұқа  қосынының    Хулагудың  алдында  жүріп  жорықтың  ретін  келтіретіні 
дәстүр болып қалыптасқан еді.  
  Кетбұқа қосынының алдында Бадр-ад-дин Лулу ұлысы болды. Бұл тоқсаннан асқан 
кемеңгер басшылардың бірі  қайткен күнде де Хулагумен тіл табысқанды жөн көрді. Өзі 
жорыққа  қатыса  алмаса  да  баласы  Салихты  Кетбұқа  әскерінің  қатарына  қосып  берді. 
Осының алдында Салихты Хулагу хан Жалел-ад-дин қыздарының біреуіне үйлендірген 
еді. 
  Хулагудың  негізгі  әскері  Алатаудан  (Аладаг)  баурайынан  бастады.  Осы  малға 
жайлы жайылымдарды қатты ұнатқан Хулагу тауды  Лабнасагут деп атау туралы бұйрық 
берді. Енді одан әрі  күрд қоныстарын жаулап алу, олардың қарсылық жасаған топтарын 
бағындыру  басталды,  бұл  халық  ол  кезде    тонаушы,  қарақшы,  берекесіз  атағымен 
маңайдағы елге атағы шығып қалған еді.  Осылайша күрдтерді қыра отырып Хулагу хан 
Диярбекер  қаласына  келді.  Осыдан  кейін  Амид,  Дунайсер,  Нисибин,  Харран  бірнеше 
қалаларды  бағындырып    Ел  хан  ұлысының  құрамына  енгізді.    Тек  осыдан  кейін  ғана 
Ефрат өзенінен өтіп тұтқыилдан Халеб қаласын қоршауға алды.  Татар-моңғол тарапынан 
бірнеше  рет  бейбіт  келісім  туралы  ұсыныстар  бролғанысмен  жергілікті  тұрғындар 
қаланың  сыртында  мықты  қоршауына,  ішіндегі  азық-түліктің  молдығына  сеніп, 
қарсыласауды бастады.  
  Осы себепті Урукты ноян әскерлері Еврей қақапасына, Кетбұқа Ұрым қақпасына, 
Сунджак Дамаск қақпасына, ал енді Хулагу хан Антиохия қақпасына келіп ат басын тіреді. 
Қаланы қоршай тын, яғни топырақ жал  көтеріп,  бір апта бойы тас атқыштармен  қаланы 
төмпештеді.  Бір ай өткенде  татар-моңғол қосынлдары Ирак қақпасынан  кіріп, қаланың  
қарсылығын  басып,  қырып-жойып,  бағындырды.  Бұл  бір  жұмаға  созылды  дейді    осы 
оқиғаны көзімен көрген тарихшылар. Сонда да қаланың ішінде орда қамалына бекінген 
жауынгерлер берілмей қойды. Олардың да тас атқыш құралдары болды. Осылайша тағы 
да қырық күн бойы қырғын жалғаса берді. 
  Осы сияқты қарсылық және қырғын Харим қаласын алғанда да қайталанды. Қала 
халқының  қарсылығына  әбден  ыза  болған  Хулагу  бір  ғана  алтынмен  жұмыс  істейтін   
зергер армянды тірі қалдырып, қалғандарын бала-шағасымен қырып жіберді. Әр қалаға 
Хулагу  жергілікті    азамттардан  әкім  сайлап,  оның  жанына  татар-моңғолдың  әскер 
басшыларынан қадағалаушы қойды. 

213 
  Хулагудың  Сирия  қалаларына  жасағаны  қырғыны  туралы  ақпарат  шартарапқа 
жайылып кетті. Моңғол-татар алдындағы қорқыныш Дамаск сияқты шаһарлардың  бейбіт 
түрде  берілуіне  мүмкіндік  берді.    Дамаск  шаһарының  алынуын  тарихшылар  былайша 
сипаттайды.  1259  жылы  Хулагу  әскері  Мияфарикин,  Насибин,  Хиран,  Раһа  сияқты 
қалаларды  түгел  бағындырып,  осы  аймақтағы  ең  ірі  Алеппо  қаласына  келіп  ат  басын 
тіреді.  1260  жылдың  қаңтарында  Алеппо  қаласын  моңғол-татар  әскері  жеті  күн  бойы 
шабуылмен  алды.  Енді  Дамаскі  қалды.    Оның  билеушісі  жоғарыда  аты  аталған 
Салахуддин Юсеф, Айюбид әулетінен шыққан сол замандағы күшті билеушілердің бірі 
еді.  Татар-моңғолдар төніп қалғанда Салахуддин Юсеф өзінің нөкерлерімен, оның ішінде 
Байбарыс бастаған  қыпшақтар да бар, қаланы  тастап Мысыр  жағына  қарай  жылжыды 
және  Газза  маңына  келіп  кеңес  құрды.  Осы  жерде    Салахуддин  мен  Байбарыс  арасы 
ашылады.    Байбарыс  бастаған  мысырлық  мәмлүктер  Салахутдиннің  уәзірі  Хулагумен 
бітімге келу керек деген Зейнуддин әл-Хафизимен ұстасып қалады. 
  Ақыры  Салахуддин  Юсеф  мәмлүктерден  көрі  татарларды    дұрыс  деп  тапты.  Бір 
жағынан мәмлүктердің Мысырдағы Айюбид әулетінің тұқымын құртып, билікті тартып 
алғаны  да  әсер  еткен  болуы  керек.  Шам  аймағының  басшылары  Хулагу  әскерінің 
алдындағы авангардын бастаған  Кетбұқамен кездесіп, өзі өлгенге дейін моңғол-татарларға 
қызмет жасады. Оның мемлекетінің орталығы Дамаскі де патшасы тастап кеткеннен кейін 
амал  жоқ  моңғол-татар  билігін  мойындады  және  тонаушылықтан  аман  қалды.  Сирия 
аймағындағы  бүкіл  қалалар  отқа  оранып,  халқының  қырғын  тауып  жатқанын    естіген 
бойда  қаланы  басқаратын  ақсақалдар  мен  бектер    қала  қапасының  кілтін  алып, 
қашырларға  қымбат  қазынаны  артып-тартып  Хулагу  ханның  дәргейіне  келді  бас  иді. 
Рашид ад-дин «Хулагу қала ақсақалдары мен бектерінің айтқанын тексеру  үшін Кетбұқа 
ноянға Дамаск қаласына баруға бұйрық берді. Қалалықтар Кетбұқаның алдынан шығып 
одан  өз  өмірлерін  сақтауын,  аяушылық  жасауын    өтінді.  Кетбұқа  сол  жердің  белгілі 
бектері  мен  байларын  Хулагу  ханның  алдына  көрініске  жіберді.  Хан  оларға  аяшылық 
жасап,  жалынышты өтінішін қабылдады. Сонымен моңғолдар қоршау жұмыстарын 
жасамай,  қан  төкпей  қалаға  енді  және  Хулагу  моңғолдан  әскер  басшы  қойып,  оның 
жанына үш адам тазиктен (тәжік-Ж.О.) нөкерді қосты, ал Ала-ад-дин Хаши, Жамал-
ад-дин  Каракай  Казвини  және  Шамс-ад-дин  Кумиге  Дамаск  уәләйатын  басқаруға 
жарлық берді» дейді (100, т.3, с.50).  
  Көптеген  деректер  Кетбұқаның  Шам  жерін  жаулап  алуда  шешуші  қызмет 
атқарғанын көрсетеді.  Ол бір жағынан жауға аяушылығы жоқ жауынгер қолбасшы болса, 
екінші  жағынан бас  иіп  келген  мүсәпірге  рахымы  көп  қайырымды  қария  еді.  Арабтың 
Құтбуддин әл Юнан деген тарихшысы «Моңғолдар Ливан жеріндегі Баалбекті алғанды 
Кетбұғаның көрдім. Ұзын, жұмсақ  сақалды, кейде оны құлағына іліп қоятын әдемі қария 
еді.  Сын  сипаты  салтанатты,  мінезі  өктем  болатын»  дейді.    Арабтың  сұңғыла 
тарихшылары  Кетбұғаның  Хулагу  әскерін  бастап  бүкіл  Батыс  Азияны  жаулау  алуын 
сипаттай  келе  аталықтың  тамаша  әскери    әдіс-айлаларды  қолданып,  аз  күшпен  ұлан-
байтақ  жерді  бағындырғанын  жазады.  Тәңірберді  деген  тарихшы  «Кетбұға  ноянның 
беделі татарлар арасына ерекше еді. Оның сөзі, ерлігі және ісі әрдайым есепке алынып 
отыратын. Ол ержүрек, батыл, бекіністерді алудың нағыз шебері еді. Хулагу оған толық 
сенетін,  ешқашан  оған  қарсы  келмейтін,  сөзін  жерге  тастамайтын.  Кетбұғаның 

214 
шайқастары туралы таңғажайып әңгімелер айтылатын» дейді.  
  Бұдан  әрі  Сирияның  белгілі  қалалары  түгел  бағыныштылығын  мойындады. 
Осылайша  қысқа  мерзім  ішінде  Бағдат,  Диярбекір,  Диярраби  және  Сирия  мен  Ұрым  
түгелдей  Хулагу  ұлысына  қарап,  ол  жерлерде  ханның  бекіткен  адамдары  билік  құрды. 
Мысырға дейінгі аймақты жаулап алу және империяға қосу аяқталып қалғандай еді. Енді 
алда ертегідей елес болған  Мысыр аймағы тұрды.  Хулагу қосындары бір қадам басса 
алдарында Мысыр аймағының шекарасына енер еді.  
   
26.  Шешуші шайқас және Кетбұқа ноянның өлімі 
  1260  жылдың  жазы  еді.  Хулагу  Мысырға  жорықтың  мән-жайын  ойлап 
жатқанда,  Мөңке  қағанның  қазасы  туралы  хабарды  естіді.  Мұндай  қаралы 
мезетте  барлық  іс-әрекет  тоқталып,  Шыңғыс  тұқымының  бірі  қалмай, 
құрылтайға  қатысуы  тиіс  еді.  Оның  үстіне,  жаңа  қағанның  кім  боп  сайлануы 
Хулагу үшін шешуші мәселе еді. Рашид-ад-дин қаған өлімінің Хулагуге жеткен 
кезін  былай  сипаттайды:  «Осы  оқиғалардың  кезінде  Шығыстан  хабаршылар 
келді,  олардың  басшысы  Шиктур  ноян  өзгелерінен  озып  Сирия  жеріндегі 
Хулагуге жетті және Мөңке қағанның өлімі тіралы хабарды жеткізді. Хулагу 
хан  бұл  хабарды  естігенде  өте  уаймдады  және  жүрегі  мұңға  толды,  бірақ 
сыртқа түрін берген жоқ. Ол Кетбұқа ноянға Сирияны қорғауды тапсырды да 
өзі  Халебке  қарай  аттанып  кетті.  Хижра  бойынша  658  жылдың  жумада-л-
ахыр  айының  24-де  (біздің  жыл  санаумыз  бойынша  1260  жылдың  6 
маусымында-Ж.О.)  Ахлат  қаласына  жетті»  дейді  (100,  т.3,с.50).  Осыдан  -ақ 
біз  Хулагу 
ханның 
Қарақорымда 
болып 
жатқан 
оқиғаларға 
аса 
алаңдаушылығын сеземіз. Мөңке қағанның қазасы Шыңғыс хан империясында 
жаңа саяси ахуалды қалыптастыратыны белгілі еді. Хан тым асығыс жүрді. 
  Жаңа ғана Ел хан иеліктеріне өткен елді басқаруға, шаруасын қайта жолға 
қоюға,    шекараның  тыныштығын  қамтамасыз  етуге  Кетбұқа  ноян  қалды. 
Кетбұқаға  Сирия  жерін  бағыныштылықта  ұстау  да  оңай  болмайтын.  Атақты 
ноянның  қарамағындағы  әскер  саны  да  онша  көп  болмайтын.  Француз 
тарихшысы Жан-Поль Ру көп әскерді бұл жерде ұстау мүмкін болмады, себебі 
жайылымдық  жер  аз  еді  дейді:  «поскольку  монгольская  коница  не  могла  долго 
оставаться  на  землях,  где  катострофически  не  хватало  пастбищ,  удалился, 
оставив  небольшой  гарнизон  под  командованием  полководца-христианина 
Кетбуги»  деп  жазады  (102,  с.269).  Сонымен  бірге  бұл  әдет-ғұрпы,  дәстүрі 
нақты зерттелмеген жат жер,  ұлан-байтақ иелік құрақ көрпе тәрізді бір басын 
тыншытсаң, екіншісінен бүлік шығып жатады.  
  Хулагудың еліне аттанғанын естіген де алғаншқы бас көтергендердің бірі 
Халебке  әкім  қалып  тағайындаған  Мәлік  Насыр  қаладан  қашып  Керке  атты 
бекініске  тығылды.  Моңғол  әскер  басымен  тіл  табыса  алмады  ма,  жоқ  жеке 
өзінше  аз  да  болса  бір  бекініске  иелік  еткісі  келді  ме  ?  Кетбұқа    оның  ізінен 
қуып  барып  Керке  қаласын  қоршауға  алды,  енді  қаланы  шабамыз  дегенде  
Мәлік Насыр қол көтеріп бекіністен шықты.  Бұл кезде Сирия елі моңғолдардың 
қарсылық  көрсеткен  қаланың  халқын  түгел  қырып-жойып  жіберетінін  әбден 

215 
түсінген,  өз  тәжірибелерінен  көздері  жеткен    еді.    Кетбұқа    Мәлік  Насырды 
Хулагу ханға жіберді, ол кезде Хулагу  жолға дайындықта еді.  Хулагу шамасы 
жергілікті  әкімдерді  қырудан  пайда  таппайтынын  есепке  алды  ма,  қайтып 
келген  соң  саған  тамаша  қызмет  беремін,  Мысырды  алып,  түгел  Сирияға  сені 
әкім қылып қоямын деп еліне қайтарды.  
  Хулагу Мөңке қаған қайтыс болғаны туралы хабар келмес бұрын Мысыр 
билеушілеріне  хат  жазып  үлгерген  еді.  Ол  хатты  моңғолдың  арнайы  елшісі 
қырық нөкерімен Мысырға жеткізді. Ол хаттың мазмұнын Рашид-ад-дин былай 
сипаттайды: 
  «Ұлы Тәңірі Шыңғыс хан мен оның әулетіне жер бетіне иелік және билік 
құруды  жүктеді.  Бізге  мойын  ұсынудан  бас  тартқандар  өздерінің 
қатындарымен,  бабаларымен,  туыстарымен,  құлдарымен  және  қалаларымен 
бірге о дүниеге аттанды, көздері жойылды және біздің әлемді жаулап алушы 
әскеріміздің атағы Рүстем мен Исфандиярдың әңгімесіндей жер бетіне тарап 
кетті.  Егер  солардың  жолына  түскің  келмесе  соғысқа  дайындалма,  одан  да 
аман-сауыңда бізге бас иіп кел, алым-салығыңды аттандыр, өзіңе бізден әскери 
басшы (көрхан) сұра» (100, т.3,с.51). 
  Бұл  кезде  Мысыр  билігіндегі  Айбек  өлген  еді  де,  билік  оның  баласынан 
Құтызға  көшкен  болатын.  Құтыздың  жанына  Хорезм  аймағынан  Шыңғыс 
әулетінен  қорлық  көріп,  жеңіліс  тауып  қашып  келгендер  көп  жиналды. 
Бұлардың дені Жалел-ад-диннің маңында болған адамдар еді. Бәрі де жауынгер 
азамттар  болатын.  Деректерге  қарағанда  олар  -Берекет  хан,  мәлік  Ықтияр-ад-
дин,  мәлік  Сейфуддин  Садык  хан  ибн  Меңбұқа,  Насыраддин  Кельшу  хан  ибн 
Арсылан,  Атлас  хан  және  Насыраддин  Мұхаммед  Кимри  сияқты  соңғдарынан 
ерген қара-құра сарбаздары  тәжірибелі адамдар. Хулагу хан Сирия жеріне келіп 
Мысырға  дейінгі  аймақты  қан-жос  қылып  ұлысына  қаратқанда  бұлар  бас 
сауғалап,  тығылып  қалған  еді.  Енді  Хулагу  қаған  ордасына  Қарақорымға 
аттанғанын  естіп  бұл  ашу-кекті  барар  жері,  басар  тауы  азайған  азаматтар  
Құтызға  келді.    Құтыздың  түбі  хроезмдік  болатын  және  Жалал-ад-динге  туыс 
болып  саналатын.  Екі  жақтың  да  ішінде  жиналған  запыран  көп  еді.  Құтыз 
бұландың бәрін жанына жақын тартып өзінің жанынлда ұстады және олар билік 
үшін  күресте  Құтызға  көп  жәрдем  жасады.  Осылай  мұңдасып  жүргенде 
Хулагудан  елшілері  де  Мысырға  жетті.  Құтыздың  бірінші  ақылдасқаны 
жоғарыда аты аталғандар еді. 
   Бұлар Хулағу илхан әскерінің көпшілігі Иранға қайтқанын,  тек  Кетбұқа  
ноянға қарасты 12 мың жасақты Палестинада қалдырғанын жақсы білетін. Бір 
кезде өздерінің жылы орнын суытып, жат елде қорлықты көрсеткенін хорезмдік 
мамлүктер ұмыта қойған жоқ болатын. Қырым мен Кавказдан келген мәмлүктер 
де  мойнына  қамыт  кигізіп,  құлдыққа  сатылып,  туған  елден  қол  үзгенін 
монғолдардан  көретін.  Туған  жерден  айырғанына  кектенген  олар  өліспей 
беріспеуге серттесті.  
  Хулагуден  үзілді-кесілді  бағыну  туралы  талап  келген  Құтыз  бірнеше 
уақыт    толғақ  қысқандай  ой  үстінде  жүр  еді.  Өзінің  жанындағы  хорезмдік 

216 
азамттарды  кеңеске  шақырды.  Айтқаны:  «Хулагу  хан  Тұран  жерінен  сан 
жетпес  әскермен    Иран  өлкесіне  аттанғаннан  бері  оған  бір  жан,  не  халиф 
болсын, не мәліктер болсын, не сұлтандар болсын,  қарсы келіп тоқтата алған 
жоқ. Барлық елді қырып-жойып Дамаскі шаһарына да келді, гер оған ағасының 
қазасы туралы хабар келмесе, Мысыр да оның иеліктерінің қатарына қосылар 
еді.  Түбінде  Мысырға  жорық  жасайтыны  белгілі.  Сол  себепті  ол  ашулы 
арыстандай  айбатты,  қаөарлы  айдағардай  қайратты  Кетбұқа  ноянды  әдейі 
қалдырып  отыр.  Егер  ол  Мысырға  ұмтылатын  болса  оған  қарсыласып 
тоқтатпақ  түгілі,  басты  аман  сақтаудың  өзі  мүмкін  емес.  Билікті  қалай 
сақтаймыз, енді осыны ойласайық» деді (100, т.3, с.51). 
  Хорезмдіктердің  басшыларының  бірі  Насыраддин  Мұхаммед  Кимри  еді. 
Ақсақал жасына жетіп қалған әскер басы: 
  «Хулагу хан Шыңғыс ханның немересі, Төле ханның  ұлы, Мөңке қағанның 
інісі . Осыдан -ақ бұл әулеттің басына бақ қонғанын, олардың ұлылығын және 
қаһарлылығын сезуге болады. Оны несіне әңгіме қалайық. Қазіргі күні бұлардың 
қолында  Шығ-Машыннан  бастап  Мысырға  дейінгі  жердің  иелігі  олардың 
қолында.  Егер  біз  олардың  алдына  бас  иіп  барсақ,  ол  ұят  емес,  ел  де  бізді 
сөкпейді, бірақ өз өліміңе өз аяғыңмен бару, өзіңді алдап у ішкендей емес пе ? 
Адам  өмірі  деген  жүзімнің  бұтағы  емес,    басын  шабуға  өзі    ұсына  беретін 
тегіңн  жатқан  бас  жоқ.  Бұл  ақылға  сыймайды.  Хулагудың  уәделері  мен 
мойнына  алғандары  орындалмайды,  егер  орындалса  Хуршах,  Мустасим, 
Хумсам ад-дин Акка және Ирбилдің Сахибы тағы басқалары қайды ? Олардың 
бәрі де о дүниеге аттанды. Біз бас иіп алдына барсақ, біздің де тағдырымыз 
солардың жолын құшпақ,-деді. 
  Құтыз сол кезде: 
  -Бүгінгі  күні  Диарбекір,  Диярраби,  және  Сирия  аймақтары  зар  жылауда, 
Бағдат  пен  Ұрым  арасы  тас  талқан  болып  жатыр,  жер  өңделмеді,  егін 
салынбады.  Егер  біз  моңғолдарды  алдын  алмасақ,  оларды  қарсы  тұры  мса 
бетінен қайтармасақ Мысыр да солардың жолын қуады.  
  Бізді  жаулап  аламыз  деп  тұрған  бұл  адамдардың  алдында  біз  үш  қана 
мүмкіндік бар: 
  Біріншісі  -татуласу,  екіншісі  -жауласу,  үшіншісі-елден  қашу.  Елден  көшу 
мүмкін  емес,  біздге  қолайлысы  Магриб  қана,  одан  әрі  шет  жоқ,  шек  жоқ  шөл 
дала.  
  Магриб деп Солтүстік Африканың теңіз жағасындағы елдерін айтушы еді, 
расынлда  да  одан  әрі  Сахара  шөлі,  одан  әрі  ассаңыз  жабайы  зәңгілер 
мекендеген  ыстық  аймаұтар.  Хорезм  түріктері  жағдайдың  нәшік  екеніне  енді 
көзі жеткендей, дағдарып қалды. 
  -Әлде, Кетбұқаға бас иіп бағынамыз ба ?-деді Құтыз. 
  Насыраддин Мұхаммед Кимри, тағы да сөз сұрап:  
-Бітісуден  бізге  пайдалы  нәтиже  болмайды,  олардың  уәделеріне  сеніп 
қалып, алданасыңдар,-деді.  
  Содан кейін сәл ойланып барып  Құтызға қарап : 

217 
-Қазір  Хулагудың  негізгі  әскері  қайтты.  Шекараны  шағын  әскермен 
Кетбұқа ұстап тұр. Бірақ оның өзі  де арыстан мен айдаһардай бізге қауіпті. Сен 
Байбарыспен татулас, екеулерің күш қоссаң, біздің азаматтар қолдаса, жеңіс біз 
жақта болар, талпынып көр,- деді. 
  Өзге  мәмлүктер біраз үнсіздіктен соң: 
-Өзің  ойлан,  қандай  шешім  қабылдасаң  да  біз  сенің  соңыңдамыз.  Біз 
шыдаудан да шаршадық, қарсыласудан да шаршадық. Бұйрық өзіңнен болсын ,-
деді. 
  Құтыз  соғысқа  бел  байлады.  Хорезмдіктердің  тағдыры  қыл  үстінде  еді. 
Оларға не майдан үстінде  ақ өліммен өлуге, не  тұтқын болып азапты өлімге 
бел байлауға ғана болатын. Басқа таңдау болған жоқ. Тек қана соғыс. 
  Осы  күні  кешкісін өзінің  сарайына  Құтыз  Байбарысты  шақырды. Ол  бұл 
кезде  қыпшақ  мәмлүктері  ішінен  шыққан  ең  мықты  әмір  еді.  Оның  Қүтызбен 
жаны  қас  болғанымен,  бұл  жерде  әңгіме  жалпы  мәмлүк  тағдыры  туралы 
болатын. Байбарыс кездесуге келді. 
  Шығыс  тарихшылары  оны  көбінесе  «Әмір  Бундукдари»  деп  атайды. 
«Бандукдари»  Байбарыстың  бұрыңғы  иесінің    атақ-лауазымы  еді,  яғни 
сұлтанның  бұндығын  көтеріп  жүретін  нөкері  дегенді  білдіреді.  Ол 
Бундуктардың өзі де шыққан тегі түркі азаматы, аты Айтегін болатын. 
  Рашид-ад-дин  Құтыз  ақылдасуға  шақырған  Байбарысты  «бас  әмір»  деп 
атайды:  «Бундукдар  мән-жайды  түсіндерген  соң  былай  деді:  «Менің  пікірім 
мынау,  хабаршыларды  өлтірейік  те,  атқа  қонып  Кетбұқаға  қарсы  бірге 
аттанайық. Егер біз оны жеңсек те, не оның қолынан өлсек те, екі жағдайда 
да  біз  ұтылмаймыз,  кешірім  де  болады,  қайырым  да  болады».  Құтыз  бұл 
ұсынысты қабылдап, сол күні түнде моңғол елшілерін өлтіруге бұйырды, ал таң 
шыға  берісте  атқа  қонуға  әмір  етті.    Бәрі  де  бұйрықты  тосып  отыр  еді.  Көп 
ұзамай мәмлүк қолы  Сирия шекарасына бағыт алды. 
  Кетбұқа  ноян  болса  өзінің  шағын  қолымен  бұл  кезеңде  Ливан  жерінде 
Баалбектің  түбінде  қаннен-қаперсіз  тұрды.  Шығысында  оларды  шөл  қорғаса, 
батысында  христиандардың  қамалдары  қоршаған  еді.  Өкінішке  қарай  Кетбұқа 
шөлдің  жағдайын  жақсы  білгенімен,    христиан    кресшілерінің  алдамшы 
табиғатын, арам ниетін  білмейтін.  
  Жан-Поль  Ру  да  Кетбұқа  өліміне  Таяу  Шығысқа  орныққан  кресшілердің 
кінәлі  екенін  жазады:  «Отношения  завователей  и  крестоносцев  на  Ближнем 
Востоке были хорошими, однако случалось невероятное, невыразимое. Кетбуга 
провел  там  всего  несколько  месяцев,  когда  франки  Акры  пропустили  египтян 
через  свою  территорию,  дали  им  провзию  и  позволили  ударять  в  тыл 
монгольской  армии.  3  еснтября  1260  года  при  Айн-Джалуте  она  была 
уничтожена.  Это  было  первое  большое  поражение,  какое  потерпели 
завователи. Первый раз им пришлось оставить завеванную территорию. Они 
десят  раз  пытались  ее  отбить,  но  так  и  не  смогли.  Последствия  этого 
станут видны позже» (102, с.269-270).  
  Кетбұқаның  қазасына  себепкер  болған  оқиға  оқыстан  және  ханзада 

218 
басымен қарақшылық жасап жүрген Сидонның әміршісі Жюльеннің арандатуы 
арқылы  басталды.    “Сидонның  әміршісі  Жюльен  билікті  атасы  мен  әкесінен 
мұрагерлікке    алып  еді,  алғашқысы  мұсылмандарға,  екіншісі    - 
империялықтарға қарсы шайқасқан болатын. Аяқ-қолы батпандай, алып денелі 
Жюльен қанша  батыр  болса  да,  әбден бұзылған адам еді. Құмар ойыны мен 
зинақорлық  жолға  түскен  ол  қарыздан  құтыла  алмайтын,  тіпті,  өзінің  бибісі 
Сидонды да ұттырып жіберді». Р. Груссе оны ”ауыр денелі, жел басты" деп ата-  
ды. Осы Жюльен өзінің ағасы билік ететін Тир аймағын торуылдап қайтып келе 
жатқан жортуылында Кетбұқаның жиенін өлтіріп моңғолдар мен кресшілердің 
арасындыққа араздыққа себеп болды. «Один из этих баронов – граф Жюльен из 
Сидона,  напал  на  монгольский  патруль  и  убил  племянника  Китбуки. 
Приведенные  в  ярость  монголы  разрушили  Сидон.  Так  был  положен  конец 
очевидному  или  молчаливому  альянсу  между  франками  и  монголами»  дейді 
Рене Груссе (28, с.239-240). 
  Лев  Гумилевтің  пайымдауынша,  ұрпағы  үшін  ғұмыр  бойы  арпалысқан 
Кетбұқаға немересінің өлімі Мөңке қағанның қазасынан  кем әсер  етпеді. Қарт 
жүректің басына запыран толып, өз баласын өзі ажал аузына бастап әкелгеніне 
назаланған аталықтың ашуға ерік беруі табиғи.  Себебі  «Кетбұқа француз емес, 
найман еді. Ол адамды соғыстағы еркін қимылы үшін жазғыруға болмайтынын, 
ал  сатқындықпен  кісі  өлтіргенді  кешіруге    болмайтынын    білді.  Сидон 
тұрғындары  мол  олжаны  бөлісіп  үлгермей  жатып-ақ,  қала  қамалын    монғол 
әскері    қоршап  алды.  Сир  Жюльен  франктерге  тән  қайсарлық  танытты.  Ол 
тұрғындар аралға көшіп кеткенше Сидонды қорғай тұрды, ал монғолдар кемесі 
жоқ  болғандықтан  шарасыз  күй  кешті.  Соңынан  оның  өзі  генуялық  кемеге 
отырып,  тайып  тұрды.  Қаланың  құрлықтағы  бөлігі  қиратылып,  қамалдың 
қабырғалары  жермен-жексен  болды.  Сидонның  құлауын  дүниеқоңыздыққа 
жатқызуға  бола  ма?  Жоқ!  Адамдардың  арасындағы  қарым-қатынасқа 
қарақшылық  көпір  бола  алмайды.  Қылмыстың  аты  —  қылмыс,  ол  сөзсіз 
жазалануға  тиісті.  Сидонның  құлаганы  өкінішті,  бірақ    та  монғолдардың 
Жюльенді  ұстай  алмағаны  одан    да    өкінішті.  Оның  қайын  атасы,  армян  
патшасы  Гетум-І:  “Менің  күйеу  баламды  ағашы  ұзын,  тұзағы  қысқа    дар 
ағашына асып қою керек еді деді».   
  Қалай    болған  күннің  өзінде,  екі  жақтың    да    беті  ашылып,  христиандар 
өздері жау болып жүрген мұсылмандарға есік ашып берді.  Құтыз  әскерінің  ең 
алдымен  кездескені  монғол    нояны    Байдардың  шекарада  тұрғын  шолғыншы 
қосыны еді. Мысыр әскерінің желе-жортып шепке жақындап қалғанын байқаған 
Байдар    ол  туралы  Кетбұқага  хабарлап  үлгерді,  бірақ  тас  түйін  мәмлүк  қолын 
тоқтатуға күші жетпеді. Бұларға шабуыл жасаған монғолдар сияқты мамлүктер 
де  даланың  еркін  ұлы  еді,  ал  «әскери  талантқа  келсек,  қыпшақ  Құтыз  бен 
Бейбарыс найман Кетбұқадан кем түспейтін” (29, с.235) .  
  Кебтұқадан  «шепті  ұстап  тұр  және  менің  келуімді  күт»  деген  хабар  жеткенде 
Байдар Ас өзеніне шегініп кеткен еді. Рашид-ад-дин «Мысыр әскері шекараға жақындап 
келді деген Байдардың хабарын алғаннан кейін Кетбұқа асығыс атқа қонды. Құм басқан 

219 
далада артына шаңды боратып, өрт -жалындай болып Кетбұқа әскері шекаралық алқапқа 
қарай тартты.  Бұл Хулагу соңынан еріп Әимудария өзенінен өткеннен бері ешқашан беті 
қайтып, тауы шағылып көрмеген бағаналы наймандардан құралған тәжірибелі жасақ еді» 
деп сипаттайды бұл жорықты.  Өзге Шығыс тарихшалыры да Кетбұқаның соңынан ерген 
қосында талай қырғынды көрген  жауынгерлер еді дейді.  

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал