Жамбыл Омари


 Байбарыстың билікке келуі



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет20/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

 
24. Байбарыстың билікке келуі 
  Байбарыс сұлтан туралы бірнеше тамаша еңбек жазған Қайрат Сәки оның шыққан 
тегіне де көңіл бөлген екен. «ХІУ ғасырда өмір сүрген мысырлық тарихшы әл-Айни «Иқду 
ал-джуман фи тарих аһл ал-азман» кітабында «Байбарыс бин Абдорлла, ұлы Қыпшақ, 
түркінің Бурш углу тайпасына жатады» деп жазады, Тарихшы арабша «бурдж» деп 
жазады, алайда кірме сөздегі «дж» әрқашан арабша «ш» болып оқылатын болған және 
араб әдеби тілінде «е» дыбысы жоқ. Мысыла: «қибджақ» -қыпшақ, «джаркаш»-шеркеш, 
«Джинкиз  хан»  -Шыңғыс  хан.  Тарихшы  сонымен  қатар  Байбарыстың  титулына 
айбатты арыстан сөзін қосып жазады» дейді зерттеуші (106, 12 б.).  
  Сонымен қатар араб жазушыларының ішінде ан-Нуайри (Ниһая ал-араб фи фунун 
ал-адаб» етты еңбегінде Мысыр жеріндегің түркі мемлекетінің төртінші патшасы нағыз 
патша сұлтан Байбарыс ас -Салихи-ұлы түркі, Бөрілі (ал Бурули) тайпасынан деп жазған 
деген дерек бар. 
  Қазақ    жазушылары  мен  тарихшылары  арабтың  жазба  әдебиетіндегі  жоғарыда 
көрсетілген  деректерге  сүйеніп  Байбарыс  Кіші  жүз  құрамына  енетін  Беріш  руынан 
шыққан деген пікірді қалыптастырып үлгірді. Жоғарыда көрсеткен «бурдж» сөзін Беріш 
деп  те,  Бөрші  деп  те  оқуға  болатынын  анық.    Бөршісі  көбірек  қисынға  келеді,  себебі 
Байбарыс  тұтқынға  түсетін  Қырым  аймағында  Бөрші  атауы  нақты  топоним  есебінде 
қалыптасқан. 
  Біздің  тарихшылардың  ендігі  міндеті  Бөрші  мен  Беріш  арасындағы  байланысты 
зертеу болып табылатын сияқты, бұл екі атаудың да арғы түбі араб тарихшылары жазатын 
ал-Бурули болып шықпасына кім кепіл ?  
  Деректерге  қарағанда  Байбарыс  1225  жылы  туған.  Бұл  моңғол-татардың  батысқа 
аттанған  алғашқы жорықтарының  аяқталған  кезеңі.  Дегенмен  Қырым  мен  Еділ-Жайық 
бойындағы  ел  осы  толқын  арасында  орнынан  қозғалып  кеткен.  Оны  1239  жылдары  
Байбарыстың Бұлғар ханы Анардың тұтқынына түскенінен  болжауға болады. Сүбедейдің 
Еділ болғарларына қатты соққы бергені белгілі, ал Байбарыстың ауылын шауып жүрген 
бұлғарлар  кімдер  ?  Олар  алдымен  Байбарыстың  бөршілеріне  екі  таудың  арасынан  жер 
бөліп  бермек  болады  да,  кейіннен  аярлықпен  шабуыл  жасап,  бейбіт  ауылдардың  тас-
талқанын  шығарады.  Қалай  болғанда  да  Байбарысты  Мысырға  құлдыққа  сатқан 
моңғолдар  емес,  түркілекрдің  өзі  деп  шамалауға  болады.    Байбарыспен  бірге  тұтқынға 
түскен  Әмір  Байсары  өзінің  естеліктерінде  «Тұтқынға  түскендердің  ішінде  мен  және 
Байбарыс бар еді. Сол кезде оның жасы шамамен он төртте еді. Тұтқындарды Кіші 
Азиядағы Сиуас құл базарына жөнелтті. Содан мен Байбарыстан ажырап қалып, кейін 
Халаб  қаласындағы  Хан  ибн  Қылыш  базарында  кездестік.  Оның  иесі  әмір  Айтегін  әл 
Бундукдар    тұтқындалғанда  Байбарыс  сұлтан  иеліген  көшті»  деген  екен.  Міне, 
Байбарыстың карьерасына жол ашқан да осы оқиға болса керек.  

204 
  Әмір    Айтегін  әл  Бундукдар  1240  жылдары  Мысырдың  аймағындағы  Аджалун 
қаласын  басқарып  жүріп,  әлде  бір  себептермен,  жазушылар  бір  кәнизәкке  бола  дейді,  
сұлтанның қаһарына ұшырайды да  түрмеге түседі. Бундуктар деген сөз сұлтанның құс 
ататын «бундук» атты қаруын тасушы деген мағынаны білдіреді. Бундук қазақтың бертіңгі 
заманға  дейін  қолданған  сақпан  деген  қаруы.  Оның  иелігіндегі  дүние  -мұлкі  және 
мәмлүктері  сұлтан  қарамағына  көшеді.  Өзге  мәмлүктермен  бірге  Байбарыс  та  сұлтан 
қызметіне кіреді. Мысыр мен Шамды қатар билеген Наджмуддин Айюбтың қарамағына 
өту Байбарысқа үлкен жол ашты. Байбарыс бұл кезде он тоғыз жасқа жаңа толған еді. 
Қайрат Сәки Байбарыс өмірін зерттей келе «Байбарыстың өмір жолы-оны періштелер 
қолынан жетелеп отырғандай әсер қалдырады» дейді, бұл пікірге біз де қосыламыз.  
  Біраз жыл өткен соң Байбарыс  Наджмуддин Айюб сұлтанның қызметінде жүріп 
«жандар»  атағын  алады.  Бұл  сұлтан  канцеляриясына  басшылық  жасайтын  және 
мәмлүктерді  сатып  алуға  жауап  беретін    өте  беделді    лауазым  еді.  Осы  кезден  бастап 
Байбарыс атына «ас-Салихи ан-Наджами әл-Айюби» теген тіркес қоса айтылатын болды, 
яғни  Айюб  әулетінен  шыққан  Наджмуддин  ас-Салихтың  мәмлүгі  деген  мағынаны 
білдіреді. 
  Байбарыс  осы  атақ-дәрежеге  қанағат  етіп  қалар  ма  еді,  кім  білсін,  бірақ  1248 
жылдың  күзінде  Франция  жерінен  60  мың  жауынгерді  соңынан  ертіп  король  Льюйс 
Фрэнсис  Иерусалимді  христаиандарға  қайтарып  беремін  деп  жетінші  крес  жорығына 
аттанды.  Жолда  Кипр  (Алаш)  аралына  тоқтаған  француздар  моңғол-татарлар  мен 
Мысырға қарсы келісімсөздер жүргізді, күш толықтырды, болашақ жорықтың жоспарын 
талқылады.  Әскер басылардың ішінде екі түрлі пікір бар еді, бірі тікелей Иерусалимге 
аттануды қолдаса, екіншілері Иерусалимді мұсылмандардың әскери күш-қуатының көзің 
болып  тұрған    Мысырды  құртпай  алуға  болмайды  дейді.  Осылайша    еуропалықтар 
кемелеріне  мініп  Ніл  атырауына  қарай  бағыт  алды.  Крес  жорығы  түркі  тектес 
мәмлүктердің  сұлтандық  билікке  таласыуына    жол  ашқан  жаңа  саты  болды.  Бұл  кезде 
бірталай  жылдар  Мысыр  мен  Шамды  қатар  билеп  келген  Наджмуддин  Айюб  сұлтан 
қартайып қалған еді және қатты ауыратын.  
  Француз  әскерлері  1249  жылдың  4  мауысымында  Ніл  жағалауындағы  Думият 
қаласының түбінде соғысты бастады. Жергілікті арабтардан жинақталған қала гарнизоны 
мен  әмірдің  әскерлері  француз  шабуылына  төтеп  бере  алмай  Думият  қаласын  тастап 
шықты. Осы кезеңде шайқас болатын аймаққа келген  Наджмуддин Айюб сұлтан өзінің 
әскерлерінің  жігерсіздігіне  назаланып  Думият  гарнизонының  басшыларынан  елу  араб 
әмірін асып өлтіруге бұйрық береді.  Әскер басы әмір Фахруддин де сөгіс алып, мәртебесі 
төмендеп  қалады.    Бұл  әскер  басының  сұлтандықтан  үміті  барды,  ол  ауру  меңдеген 
сұлтанның  дүниеден  жылдам  өткенін  ішінен  тілеп  амал  жоқ  жазаға  көнді.  Сұлтанға 
тікелей қарсы шығуға оның жанындағы жауынгер мәмлүктерден қәуіптенді. 
  Қалған  әскермен  сұлтан  Мансура  қаласына  қарай  шегініп,  қала  алдындағы  Ніл 
өзеніне  кемелерді  көлденең  байлап,  қорғанысқа  ыңғайлай  бастайды.  Француздар  болса 
Еуропадан тағы да күш алып жаңа шабуылды ойластырды. Осындай жаугершілік қызған 
тұста  Наджмуддин Айюб сұлтан 1249 жылдың қараша айында қайтыс болды. Сұлтанның 
өлгенін жариялауға қорыққан мәмлүктер ақылдаса келе, Кайфа қаласына билік жасайтын  
Наджмуддин  Айюбтың  жалғыз  ұлы  Тураншахты  шақырады.  Ол  келгенге  дейін  

205 
Наджмуддин  Айюбтың  әйелі,  сұлтан  қандай  жорыққа  аттанса  да  жанында  жүретін 
Шаджарадур хан ием науқастанып жатыр деп сұлтан сарайына ешкімді жібермей күзетеді.  
  Дегенмен  сұлтан  өлімі  туралы  хабар  ақырындап  елге  белгілі  бола  бастады.  Араб 
жансыздары арқылы осы жағдайды білген француз королі Мансура қаласына шабуылды 
жылдамдатты. 1249 жылдың 19 желтоқсаны күні француз әскері тұтқиылдан сұлтанның 
орталық  әскери  қосындарына  шабуыл  жасап,  осы  шайқастың  барысында  жайбарақат 
моншадан  жаңа  шығып  келе  жатқан  әскер  басы  Фахруддин  өлтірілді.  Бір  жағынан 
сұлтандары  Наджмуддин  Айюб  өліп  жатса,  екінші  жағынан  бас  қолбасшы  Фахруддин 
ажал  тауып Мысыр  тағдыры  француз рыцарларының  пайдасына шешілген  сияқты  еді. 
Аса  шиелініскен  жағдайда  сұлтан нөкерлігін атқарған  мәмлүктер  ерлік көрсетіп, қалаға 
кіріп кеткен 1500 -дей   француздардың рыцарларын  қырып тастайды.  
  Осыдан  бір  ай  өткеннен  кейін  әмір  Ақтай  бастаған  мәмлүктер  күш  жинап  алып 
француздарды Мансура түбінен қуып Думиятқа шегінуге мәжбүр етеді. Бұл соғыстардың 
бәріне де Байбарыс белсенлді түрде қатысып, жауынгерлердің арасында үлкен беделге ие 
болды.  
  Жанқиярлық соғыстардың кезінде Каффадан Тураншах келіп әскер билігін қолына 
алады.  Бәрі  де  уәзірлер  мен  әскер  басылар  ақылдаса  келе  Думиятты  қоршап, 
француздардың келген жолын жолын жабуды жоспарлады.  Қоршауға түсе бастағанын 
сезінген француздар Фараскару бағытында қараңғы түнді пайдаланып шегіне бастайды. 
Мұсылман  әскері  осы  шегіністі  пайдаланып  французды  өкшелей  қуып,  осы  Фраскару 
маңындағы  шайқастарда  мұсылман  әскері  30  мыңнан  астам  еуропалық  рыцарларды 
өлтіреді.  Шегіністің аты шегініс, қашқан жауға қатын да ер дейді, үрей билеген француз 
рыцарлары өздерінің шатырлары мен ат көліктерін, тіпті қару-жарақтарын  жолға тастап 
кетеді. Араб тарихшылары Мансура шайқасы туралы сипаттап айта келіп мәмлүк әмірлері 
Ақтай мен Байбарыстың ерліктерін аса жоғары бағалайды. Қайрат Сәки араб тарихшысы 
Айбек  ал-Дауадардың  мынадай  сөзін  мысалға  келтіреді:  «Сол  күні  ислам  діні  қайта 
тірілгендей болды. Барлық түркі арыстандарының жүректері темірден де күшті. Бір 
сағат та болған жоқ фаранджалар өз сазайын тартты. Түркі арыстандары фаранджа 
шошқаларын  жаншыды.  Бұл  түркі  арыстандары  фаранжа  иттерін  жеңген  бірінші 
шайқас еді» (106, 59 б.).  
  Ақыр түбінде әскерінің көп бөлігі қырылыс тауып,  біраз бөлігі жан сақтап қашып 
кеткен француз  королі  Льюйс  Фрэнсис   жанындағы  нөкерлерімен тұтқынға түсті.    Бұл 
анау-мынау  қарапайым  рыцарь  емес,  француздың  жауынгер  ел  билеушісі  еді.  Оның 
Оңтүстік  Испаниядағы  Андалусия  жерін  мұсылмандардан  тазартқанын  Еуропа 
тарихшылары мақтана жазады. Осындай король артын ойламай, күшін есептемей ақыры 
Мысыр тұтқынына айналды. Ибн Тәңірберді деген араб тарихшысы: «достарын қорғауға 
әскерінің арьергардымен қалып, амал жоқ сұлтаннан жанына аманат сұрап тұтқынға 
түсті. Кресшілердің королі мен оның нөкерлері тұтұқынға алынғаннан кейін олар әскер 
ортасына әкелініп, корольге күніне бес жүз дүре соғылып отырды. Тураншах корольдің 
басы үшін еуропралықтардан екі жүз мың динар ақша талап етті». 
  Мансура  жеңісі  Мысырдағы  билік    мәселелерінің  жаңа  сапаға  өтуіне  жол  ашты. 
Оған  бірінші  себеп  жаңа  ғана  ел  билігіне  келген  Тураншахтың  әкесінің  жесірі 
Шаджарадурмен және мәмлүк нөкерлерімен тіл табыса аламауы еді.   Наджмуддин Айюб 

206 
сұлтан өліп, Тұраншах әлі Мысырға жетпеген өліара уақытта мәмлүктер өз ақылдарымен 
Еуропа  рыцарларына  қарсы  алғашқы  соққыны  ұйымдастырды.  Олар  аздап  та  болса 
биліктің дәмін татты.  Енді келіп оны біржолата, тұтас қалпында Тұраншахқа қалай беріп 
қоймақ ? 
  Тұраншах болса елді өз бетімен билегісі келді. Тарихшылар Тұраншахтың шарапқа 
тойып  алып,  қыпшақтардың  басты  адамдарының  есімдерін  айтып  отырып,  балауыз 
шамдарды қылышпен шабатынын жазады. Әр балауызды шауып түсіргенде «мен ертең 
қыпшақтарды  осылай баудай түсіремен» дейтін болса керек. Бұл сөз әрине мәмлүктерге 
де  жетіп  жатқаны  анық.  Олар  да  жаңа  патшадан  қауіптеніп,  одан  қалай  құтылудың 
айласын  ойластырды.  Екіншіден,  Тұраншах  Мысырға  келген  сәттен  бастап 
Шаджарадурмен  тіл  табыса  алмады.    Алдымен  ол  жесірден  әкесінен  қалған    дүние-
мүлікті, алтын-күмісті, қазынаны қайтаруды талап етті.  Жесір болса ол қазынаның бәрі де 
джихад  жолына  сарп  етілді  дегенді  дәлелдеумен  болды.  Шаджарадур  өзінің  түпкі  тегі 
түркі болғандықтан және қашанда сұлтанның жанында еріп жүргендіктен әскер арасында 
да беделді болатын. Ақыры осы қарама-қайшылық Тұраншахтың өліміне алып келді.  
  Ол 1250 жылдың 2 мамырында мәмлүктердің қолынан өлді. Жас сұлтанның қазасы 
өте  ауыр  болды,  ол  туралы  араб  жазушылары  «сұлтан  қылышпен  шабылып,  садақпен 
атылып,  отқа  күйіп,  суға  батып  өлді»  деп  жазыпты.  Расында  да  солай  болды.  Осы 
бүліктің  кезінде  тұтқында  жүрген  француздар  бас  көтеріп,  қол-аяқтарындағы 
бұғауларынынң  тас  -талқанын  шығарып,  мұсылмандарды  өлтіре  бастады  дейді  шығыс 
әдебиетшілері. Тек бұрын сұлтанның гвардиясын құрайтын түркмен мәмлүктерінің келуі 
ғана қала халқына тыныштық алып келді. Франктерді қоршап алған түркмен мәмлүктер 
қылышты  қынаптан  шығарып  әп  сәтте  отыз  мың  французды  жер  жастандырды. 
Жазбаларда «осыдан кейін арабтар үйлеріне қайтты, күрдтер Каир қаласына қайтып 
келді, тек түріктер Мансурияда қалды» делінеді.  
  Тұраншах  өлгеннен  кейін  Мысыр  билігі  қолдарына  тұтас  тиген  мәмлүктер 
сұлтандыққа  Шаджарадурды  отырғызып,  оның  жанына  ата  бек,  яғни  аталық    қылып 
Айбек  ат-Туркуманиді    бекітті.  Енді  билікке  мәмлүктің  атақты  әмірлерінің  бірі  Ақтай  
ренішті болып, өзінің шеттеп қалғанына наразылық білдірді. Қай елде болмасын, қашанда 
бір әулет билікке орныққанға дейін осындай қарама-қайшылықтар болады. Мәмлүк билігі 
де Мысырда өз -өзінен орнай қалған жоқ.  
  Алғашқы қарама-қайшылықтар тұтқындағы француз королі Льюйсті босатар кезде 
пайда  болды.  Ақтай  бастаған  мәмлүк  әмірлері  кресші  рыцарлар  басшысының 
босатылуына қарсы болды, себебі бұл жауынгер король  Мысырдың әлсіз тұстарын жақсы 
біледі, ертеңгі күні бостандыққа шыққасын жаңа крес жорығын бастамасына кім кепіл ?  
Ал жаңа билікке келген Шаджарадур мен оның ақылшысы Айбек атабек кресшілермен 
болған соғыстың бітімге келіп, елдің жайбарақат тіршілікке енуіне мүдделі болды. Себебі 
ат үстіндегі, қарулы  ел қауыпті ел, оны кешегі  Тұраншахтың өлімі де дәлелдеп тұр емес  
пе ?  
  Қалай  болғанда  да  жесір  ханым    Шаджарадурдің  билігі  көпке  созылған  жоқ.  Ол 
түркі мәмлүктерінен шыққан бірінші патшайым деген атақпен тарихта қалды. Тұраншах 
өлімінен кейін бірнеше ай өткен соң Шаджарадур Айбекпен некеге тұрып,  сұлтандық 
билік Айбекке көшті. Мәмлүктердің басқа амалы да болмады, себебі Алеппо қаласының 

207 
билеушісі ескілікті Айюби әулетінің өкіңлі Юсеф Салахуддин Шамды өзіне бағындырып 
енді  Мысырды шабуға дайындала бастады. Оның билікке таласатындай да жөні болатын, 
оны мәмлүктер жақсы түсінді. Екіншіден  Юсеф Салахуддин әсері ме, жоқ әлде өзінің 
есебі  болды  ма,  Бағдат  халифасы  Мустансир  Билля  Мысырға  ашулы  хат  жазып,  
патшалыққа әйелдің отырығанынан қарсылық білдірді. Егер Мысыр тағына лайықты адам 
ол  жерден  тьабылмаса,  оны  өзі  жіберуге  дайын  екенін  білдірді  мұсылман  әлемінің 
басшысы-халифа.  Сонымен  сөз  ұстайтын  еркек  керек  деген  әңгіме  Мысырдағы  сұлтан 
тағының маңын шарлап жүріп алды.  
  Осы  әңгіменің  алдын  алу  үшін  мәмлүктер  Айюбид  әулетінің  өкілі  алты  жасар 
Мұзаффар әд-дин Мұса деген баланы таққа отырғызып, оның жасы кәмелетке толғанша 
басқарады деп  жанына регенттікке Айбекті бекітті.  
  Бұл  амалдардың  алдын  алмақ  болған  Айюби  әулетінің  өкілі  Юсеф  Салахуддин 
Шам әскерін бастап Мысырға жорыққа аттанды. Екі әскердің соғысы Кураг деген жерде 
болды.    Шам  әскерінің  молдығы  орасан  еді  және  Мысыр  ішінде  де  Айюбид  әулетінің 
шоқпарын  соғатында  аз  емес  болатын.  Салған  бетте  мысырлық  әскер  шамдықтарға 
қарсылық  көрсете  алмай  шегінумен  болды.  Енді  болмағанда  Мысыр  билігі    Юсеф 
Салахуддинге өтетін күн де жақын қалғаны анық еді. Осы арада мәмлүк қосындары тағы 
да шешуші сәтте барын салып, жанқиярлықпен Шам жауынгерлеріне тойтарыс берді. Бір 
жағынан егер Мысыр жеңіліс тапса олардың түгел қырылатыны да анық еді.  
  Осы жеңістен соң мәмлүктер билігі тіпті күшейді.  Атаақты тарихшы әл-Макризи 
«қыпшақ  мәмлүктердің  Мысырға  көп  зардабы  тиді,  адамдарды  өлтіріп,  тонады. 
Әйелдерді  ұрлады.  Елді  бұзды.  Фаранджылар  елді  басып  алса,  дәл  осындай  істерге 
бармас еді. Айбек мемлекеттік істерде үш қыпшаққа арқа сүйенді, олар-әмірлер-Ақтай, 
Байбарыс және Балапан» деп жазды. Мәмлүк билігіне жергілікті ел де наразы еді. Бір 
жағынан  соғыс  шығыны  тұралатқан  қарапайым  шаруалар,  екінші  жағынан  жат  елдік 
адамдардың билікке келуіне наразы араб текті  көсемдер, екі мәселе де оларды  көтеріліске 
итермеледі. Бірақ Мысыр тарихындағы қарапайым елдің сан жүздеген көтерілісі сияқты 
бұл  бас  көтерулер  де  қан-жоса  болып  басылып,  наразылық  басшылары  ауыр  азаппен 
өлтірілді.  Тарихи  жазбаларда  Ақтайдың    он  екі  мың  атты,  алпыс  мың  жаяу  адамнан 
тұратын  көтерілісшілер әскеріне небәрі екі мың адамдық мәмлүк қосынымен шабуылдап 
тас-талқан қылғаны айтылады. Тарихшылардың айтуынша  мәмлүктердің бірде-бір садақ 
оғы  далаға  кеткен  жоқ,  ал  қашанда  өзгенің  тепкісінде  жүретін,  су  жүрек  мысырлық 
шаруалар  үшін  өз  қатарынан  бірді-екілі  адамдардың    садақ  оғынан  өлуі  жеткілікті  еді. 
Бүкіл араб әскері тым-тырақай қашып үйлеріне бас сауғалап, киімдерін ауыстырып, қару-
жарақтарын  тыға  бастады.  Ақтай  әмір  Мысырдың  қара  халқын  енді  қайта  бас  көтере 
алмастай  қылып  жазалау  шараларын  ұйымдастырды.  Наразылыққа  басшылық  жасаған 
арабтар Мысыр қамалының түбінде қатар-қатар дарға асылып, біршама уақыт өлі денелері 
жергілікті елдің жүрегін үрейге бөлеп  тұрды.  
  Тарихи жазбаларда бұл соғыс Ақтайдың «Мен білемін оларды» деген сөзі арқылы 
қалды. Бұл кейін мысырлықтардың қорқақ мінезін қысқаша ғана сипаттап беретін қанатты 
сөзге айналған еді. 
  Ақтай  беделінің  тым  шарықтап  кетуі  Айбектің  шошындырса  керек.  Бұл  кезеңде 
мәмлүктер  арасында  екі  топ  анық  қарама-қайшылықта  өмір  сүріп  жатты.  Бірінші  топ 

208 
шыққан тегі Қырыммен байланысты Дәшті- Қыпшақ мәмлүктері болса, екінші топтың 
басшылары түбі Хорезмдік түркілер еді.  Бірінші топқа жетекшілікті Ақтай мен Байбарыс 
жасады,  ал  екінші  топқа  жетекшілікке  Құтыз  көтерілді.  Бұл  соңғы  топ  Айбектің 
сарайының  маңына  топтасып,  бірте-бірте  шешуші  күшке  айналды.  Құтыз  сұлтанның 
жанындағы әскерді басқаратын атабек атағын алды. 
  Деректерге қарағанда Мысыр билігін қолына алған Айбек сұлтан Ақтайдың көзін 
жоюды осы соңғы топ басшыларымен ақылдасып іске асырды. Ол үшін Айбек сұлтан 
әлдебір себептермен 1254 жылы Ақтай әмірді ордаға шақырады. Әңгіме барысында Ақтай 
қыпшақ  мәмлүктеріне  қазынадан  көмек  көрсетуді,  сый  -сияпат  беруді  сұрайды. 
Қазынаның бос екендігін айтқан Айбек Ақтайды соны өз көзімен көруді ұсынады. Қазына 
үйіне  апаратын  жол  жер  астындағы  тар  дәлізбен  жүруші  еді,  Ақтай  жанына  өзінің 
мәмлүктерін ерте алмады, амал жоқ жаяулап сұлтанның соңынан еруге тура келді. Алдын 
ала  дайындалған  Құтыз    өзінің  он  көмекшісімен  тосқауылда  тұр  еді,  сұлтанды 
жандарынан өткізіп жіберіп, енді қатарласа берген Ақтайды қылыштың астына алды.  
  Іштерінен  бір  жамандық  боларын  сезген  Ақтайдың  сенімді  нөкерлері,  іштерінде 
Байбарыс та бар, сұлтан ордасының сыртында жиналып ереуілдеп тұрды. Бірақ бәрі де 
кеш еді. Қамалдың биік қабырғасына көтерілген Айбек олардың алдына  Ақтайдың басын 
лақтырды.  Басшысынан  айрылған    жауынгер  жігіттер  не  істесін,  өз  ара  даурығып  бір 
шешімге  келе  алмай  күнді  батырды.    Кресшілерге  қарсы  соғыстарда  қанша  бедел 
жинағанымен Байбарыстың да басшылықты қолына алып, тығырықтан шығатын жолды 
табуға бұл жолы дәрмені жетпеді. Амал жоқ  соңына ерген мәмлүктермен түн жамылып 
Мысырдан қашып шығуға мәжбүр болды. Шамға қарай шығып кеткендердің ішінде әмір 
Балапан,  Айтемір,  Сұңқар  ар-Руми,  Ашқар,  Байсары,  Қалауын,  Сегіз,  Барамық  деген 
басшылықта жүрген азаматтар бар еді. Соларды бастаған Байбарыс Ғазза қаласына жетіп, 
Юсеф Салахуддинмен келіссөз жасай бастады. Бұл  ірі топтың басшысы Байбарыс еді.  
  Қыпшақ мәмлүктердің бірталай азаматтары Айбектің жазалау шараларынан қашып 
сонау Конья аймағындағы түрік-осман сұлтаны Алау-ад-дин Кейқауысқа барып паналады.  
Мәмлүктердің Мысырда қалғандары түгел қырғын тапты, қырғыннан аман қалғандары 
түрмеге түсті, жинап-тергені, бала-шағасы кім көрінгенге олжа болды.  
  Шегінетін  жол  жоқ  -Байбарысқа  Айбекпен  ұстасуға  тура  келді.  Шиеленіс  тіпті 
күшейіп,  оған  тіпті  Мысыр  тұтқынынан  босатылған  соң,  тым  алысқа  ұзамай  Аккада 
отырған Франция королі Фрнэнсис Льюйс те кірісті. Шам билеушісі Юсеф Салахуддин 
оған жәрдем жасамақ болып, одақтас болуы шақырса, Айбек француздар шамдықтарға 
одақтасса олардың Мысырда тұқтында жатқан үш мыңнан аса рыцарларын түгел қырып 
жіберемін деп қорқытты. Ақыры екі ортада делдал салып Фрнэнсис Льюйс Мысырдағы 
үш мың рыңарды түрмеден босатып алды. Екі арадағы қақтығыс күшейе берді. 1251-1252 
жылдар  Мысыр  мен  Шам  әскерлерінің  арасындағы  соғыстармен  тарихта  қалды.  Бұл 
кезеңде Мысырдан қашып шыққан Байбарыс бастаған мәмлүктердің қиын жағдайда, екі 
оттың ортасында қалғаны анық еді. Ақыры 1253 жылдың жазғұтұрым уақытында екі жақ 
арасында бейбіт келісімге қол қойылды.  Юсеф Салахуддин бастаған Айюбид әулетінің 
өкілдері мәмлүктердің Мыср мен Шамдағы Иордан өзеніне дейінгі иелігін мойындаса, өз 
кезегінде  Айбек  бастаған  мәмлүктер  айюбидтердің  Шам  жеріндегі  үстемдіктерін 
заңдастырды.  

209 
  Бірақ  бұл  келісім  Айбек  билігін  күшейткен  жоқ.  Қайта  ол  тақта  шартты  түрде 
отырған айюбид әулетінің өкілі Мұсаны  биліктен алыстатып, қамал түрмесіне жөнелтем 
деп бәлеге қалды. Екіншіден биліктен алыс болады деген Шаджарадур жесір Айбектің 
шаруашылығына қайта араласа бастады. Бұл мәселе қыпшақ-мәмлүктердің сұлтанға деген 
жаппай наразылығы кезінде тіпті асқынып кетті. Шаджарадур Қарақ бекінісінде Айбектен 
паналап  жүрген  мәмлүктерге  хабарласып,  Шам  билеушісі  Юсеф  Салахуддинмен 
астыртын  байланыс  жасап    оларды  одақтастыққа  шақырды.  Бұл  шиеленестің  түбі 
Айбектің өлімімен аяқталды.  
  Жеті жыл сұлтандық ғұмырында бірталай іс атқарған, Айюбидтерден кейін биліктің 
тұрақтап, шаруашылықтың қайта гүлденуіне еңбек сіңірген Айбек өз ара тең атаның ұлы 
болып  есепетелетін  мәмлүктер  арасында  сұлтандық  атағын  мойындата  алмай  өмірден 
кетті.  Бірақ  Айбекті  сұлтан  есебінде  мойындаған  Құтыз  бастаған  хорезмдік  мәмлүктер 
өлтіруді ұйымдастырған Шаджарадур мен оның жақтастарын бір түннің ішінде қырып 
салды. Тағы да Мысыр тағы бос қалды. Енді  Құтыз бастаған мәмлүктер Айбектің он бес 
жасар ұлы Әлиді таққа отырғызып, оған адалдық туралы ант берді.  
  Тарихтың  1257  жылы  Мысыр  аймағына  осындай  саяси  төңкерістермен  келді. 
Байбарыс тобы да қарап жатпай сарайдағы аласапыранды пайдаланбақ болып шабуылға 
шықты.  Бір-екі  жыл  бойы  екіге  бөлініп  алған  мәмлүктер  арасында  тағы  да  қиян-кескі 
шайқастар жүрді. Құтыз бой бермеді. Осы уақытта моңғол-татар әскері Бағдатты алды, 
халифаны кілемге орап тепкілеп өлтірді деген хабар жетті.  Енді бірде Кетбұқа бастаған 
моңғол-татар әскері Шам шаһарының өзін соғыссыз алды, жау іргеге келді деген ақпарат 
жетті. Тарихшы Ибн Тәңірберді тасыған дариядай моңғол-татар әскерінің екпіні туралы 
«олардың  жаулап  алмаған  жері  жоқ,  жеңбеген  әскері  жоқ.  Мұсылман  иеліктерінен 
олардың  қолдары  жетпегені  тек  |Мысы,  Хиджаз  және  Иемен  ғана»  деп  осы  кезде 
жазады. 
  -Міне,  осы  алып-қашпа  әңгімелер,  моңғол-татар  алдындағы  қорқыныш  Мысыр 
мәмлүктерінін басын қайта қосты. Сұлтандық билікке Құтыздың өзі отырып, Байбарыс 
оның әскерінің оң қанатына басшылық жасайтын болып келісімін берді.  
   
жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет