Жамбыл Омари


Олардың  аты-жөндерін  атап  өткіміз  келеді



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Олардың  аты-жөндерін  атап  өткіміз  келеді...  Алла  тағала  мейір-шапағатына  бөлеп, 
жақсылық жолына бастасын, Кетбұқа сияқты ұлы аруақтар қандай да бір қадамдарына  
қолдау жасап, желеп-жебеп жүрсін. 
 
   
   
   
 
   
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
 
   
 
 
 
 
 
 
   
 
 

12 
1.Кетбұқаны өсірген ортаның тарихы 
  Найман елін Инаншы-Білге қаған билеген, атағы аспанға дүрілдеген заман 
еді.  «Найман мемлекеті гүлдеп, жайнап тұрды» деп жырлайды Шыңғыс пен 
Таян  ханның  замандасы  болған  Құба  тегін  жырау.  Таян  ханның  тұсындағы 
аласапыран  кезеңді  көріп,  оның  алдындағы  бейбіт  тіршілікті  сипаттап,  бір 
жамандықтың боларын ішінен сезіп меңзеп отыр. Сол қалың найманға ақылшы 
болған Құба-тегіннің заманында туған ұл еді Кетбұқа ноян.  Атағы жер жарған 
Күшлік  хан,  Жошы  ханмен  жасы орайлас,  заманы  құрдас азамат.    Кетбұқаның 
жастық  шағы    көшпелілередің  жаңа  империясы  дүниеге  келіп  жатқан 
аласапыран уақытқа тап келді. 
  Орталық  Азияда  Шығыс  Түркі  қағанатының  орнында  пайда  болған, 
қарлұқ,  басмыл,  оғыз  қауымдарын  біріктірген  мемлекет  840  жылдары  Енисей 
қырғыздарының  соққысынан  құлағаннан  кейін-ақ  қой  үстіне  бозторғай 
жұмыртқалаған  заман,  ұлы  мемлекет,  жақсы  азаматтар  жиналып  беймарал 
маслихат  құратын  орта  аяқталды.  Жазба  әдебиетте  бұл  мемлекетті  «Ұйғыр 
қағанаты»  деп  те  атайды,  шын  мәнінде  саяси  өмірде    әуелде  басмылдардың, 
кейін келе оғыздардың үлес салмағы мол болатын.  «Ертістің суын жайлаған, 
Найзасын  кекке  қайраған,  Иемектер  серттен  таймаған,  Бет  алар  бізге  олар 
да.  Серттесіп  уәде  қылады,  Ханнан  көмек  сұрады,  Басмылдар  да  жиылды» 
дейді «Жабақыларға қарсы күрес жырлары»(57, 1 т, -210 б.). 
  Қытай деректерінде басмылды «басими» деп атайды. Енді Н. Я. Бичурин 
аудармасындағы мәліметтерге көшейік: «...Басими в первый раз явился к Двору в 
двацать  третье  лето  правления  Чжен-гуань,  649.  В  первое  лето  правления 
Тьхянь-бао, басимисцы с хойху
 
 убили тукюеского хана и басимиского главного 
старейшину Ашинами Хэли Тюцзуйе поставили ханом, и отправили посланника 
ко  двору  с  благодарностью.  Сюань-цзун  пожаловал  их  пурпуровыми 
травчатыми  кафтанами,  золотыми  венчиками,  поясами  и  шагреновыми 
сайдаками  /колчанами/.  Не  прошло  и  трех  лет,  как  разбитый  Гэлолусцами  и 
Хойху Ашинами Хэли бежал в Бэй-тьхин, а потом переехал в столицу и получил 
военный чин, а земли и народ его поступили к Хойху» (18, т.1, с. 355-356). 
Жоғарыдағы  дерек  «Танши»  жылнамасынан  алынған.  Ең  бастысы  бұл 
жазба  басими  тайпасының  көне  ұйғыр,  яғни  оғыз  қауымына  жақын  болғанын 
айғақтайды.  Тіпті  деректің  өзі  де  «Танши»  кітабының  Гаогюй  руларына 
қатысты  толықтыру  аталатын  бөлігінде  орналасқан.  Бұл  жерде  он  төрт  ру 
туралы  сөз  болады.  Олар:  сеянто,  байегу,  бугу,  дубо,  гулиган,  байси  және  т.б. 
Осылардың  ішінде  көк  түркілерге  қарсы  күресте  мемлекеттік  билікке  қысқа 
уақытта  болсын  қолы  жеткені  басими  тайпасының  басшысы  Ашинами  біраз 
жыл қаған болып ұйғыр қауымдастығына кірген тайпаларды басқарды делінеді. 
Ол  ұйғырлар  билікті  тартып  алғаннан  кейін  өмірінің  соңын  Қытайда  өткізді. 
Сонымен  басими  тайпасының  Орталық  Азиядағы  дербес  билігі  742-745 
жылдарды қамтиды.  
Осы екі арада басими тайпасымен одақтас болған гэлолу және оғыз-ұйғыр 
тайпаларына  қысқаша  түсініктеме  керек  сияқты.  Қытай  деректеріне  қарағанда 

13 
Гэлолу  тайпасы  Алтай  тауынан  батысқа  қарай,  қазіргі  Тарбағатай  тауының 
қыраттарында, Ертіс бойында көшіп жүрген: «Гэлолу произошло из тукюеского 
Дома,  кочевало  от  Бэй-тьхин  на  северо-запад,  от  Алтайских  гор  на  запад,  по 
обеим сторонам реки Пугу-чжень /Ертіс -?/... (18, т.1,  с.354). Гэлолу – жоғарыда 
қысқаша  сипатталған  қарлұқ  тайпалық  одағы,  ал  Хойху  деген  атпен  ұйғырлар 
белгілі.  Мәселе  бұл  жерде  қытай  жазбаларындағы  «р»  дауысының  түсіп 
қалуына байланысты. Басими, Қарлұқ және Ұйғыр (көбінесе оғыз-түркілер) бір-
бірімен  көрші  және  кейде  одақтас  ұлыстар.  Наймандардың  бұл  дәуірде  оғыз 
қауымдарының    ішінде  екендігі  сөзсіз,  шамасы  Шығыс  Түркі  қағанаты 
құлағаннан кейінгі уақытта шығыстағы ұйғырлар тоғыз-оғыз, сегіз оғыз болып 
әлі  де  бөліне  қоймаған,  дегенмен  тайпалық  құрамға  қатысты  тоғыз  және  сегіз 
сандары  тізімде  аталады.    Бұл  көптеген  көне  деректерден  көрініп  тұрады:  «В 
правление  Тьхян-бао  они  с  Хойху  и  Басими  соединенными  силами  напали  на 
Усумиши хана и убили его, потом с Хойху напали на Басими и принудили хана 
его  бежать  в  Бэй-тьхин  и  наконец  в  столицу.  Гэлолу  и  девять  родов  опять 
поставили хойхуского Шеху, известного Хуай-жень хана...» (18, т.1, с.355). Бұл 
жерде  айтылатын  Усумиши-хан  ашина  түріктерінің    Өзміш  аталған  белгілі 
билеушісі.  
Басмыл,  немесе  басими  аталған  тайпалар  ҮІІІ  ғасырдан  кейін  тарих 
сахнасынан  осы  атаумен  кездесе  қоймайды.  Гэлолу  /қарлұқ/  мен  хойхудан 
/оғыз-ұйғыр/ жеңілген ел көбінесе сол жеңімпаздардың құрамына еніп кеткенге 
ұқсайды.  Орта  ғасырлық  жазба  және  ауызша  деректерден  басими  аты  аз 
кездесетіні  осыдан  болса  керек.  Көшпелілердің  дәстүрі  бойынша  әлсіз  рулар 
күшті  саяси  одақтарға  еніп,  солардың  атымен  жүре  берген.  Бірақ  өз  арасында 
бұрыңғы  атын  сақтап  қалады.  Осы  тұрғыдан алғанда  Орталық  Азия өлкесінде 
ең ірі одақтардың бірін құрған, көне түркі мәдениетінің дамуына керемет үлес 
қосқан,  көптеген  жерлерде  қалалық  қоңыстарды  көтерген,  кейін  бірнеше  ірі 
мемлекеттердің  негізін  салған  басими,  қарлұқ,  оғыз-ұйғыр  тайпаларының 
тағдыры  қызық.  Дегенмен  орта  ғасырлық  деректердің  ішінде  де  алтыны  мен 
мысы  бар.  ХІ  ғасырдағы  Қарахан  ренессансы  кезінде  еңбек  жазған  Махмұд 
Қашқари  түрік  халықтарының  тілдік  және  ауыз  екі  әдебиетінің  қорынан  осы 
ұлыстарға қатысты тамаша деректерді алып шықты. 
Махмұд  Қашқари  түрік  елдері  мен  олардың  тілдері  туралы  мынадай 
сипаттама береді:  
«Рұмға  (Византияны  айтып  отыр  –  Ж.О.)  бәрінен  жақын  орналасқан 
тайпа бажанақ, одан кейін қыпшақ, оғұз, иемәк, башғырт, басмыл, қай, ябақу, 
татар, қырғыз тайпалары... Қырғыздар Шыңға жақын орналасқан» (57, 1 т,-
10  б.).  Бұл  тексте  ерекше  айтатын  мәселе  оғыздың  түріктің  ірі  тайпалары 
қыпшақ,  башқұрт,  басмылмен  қатар  аталуы.  Екіншіден  оның  көне  түрік 
этномәдени қауымдастығына жататын тайпалардың жуан ортасынан орын алуы. 
Шығыс оғыздары  орналасқан жердің шамасы да Орталық Азияның орта тұсы, 
яғни Алтай аймағы,  үлес салмағы да орташадан күшті. 
М.Қашқари  жазуына  қарағанда  бұл  тайпалардың  кейбіреуінің  өз  тілдері 

14 
бар,  кейбірі  ерте  замандардан  тек  түрік  тілінде  сөйлейді:  «қай,  ябақу,  татар, 
басмыл тайпаларының да өз тілдері бар. Олар түркі тілін әлімсақтан біледі. 
Қырқыз, қыпшақ, оғыз, тохси, яғма, шігіл, оғрақ, жарұқ тайпалары тек түрік 
тілімен ғана сөйлеседі. Иәмәк пен башқұрт тілдері оларға жақын» (10, 1 т, 54-
55 бб.).  
Түрік  тілінің  ұлы  маманы,  сол  кезеңдегі  ғылыми  әлемде  жоқ,  теңдессіз 
сөздікті жасаған Махмұд Қашақари басмыл, қай, ябақу, татардың тілінің өзіндік 
нұсқасы, негізі болды десе ол жалған болмас. Мүмкін бұл тіл түрік тілінің бір 
диалектісі    болар,  не  моңғол  тілі  сияқты  туыс  тілдердің  бірі  болар.  Дегенмен 
ұлы  тілшінің  деректері  Орталық  Азия  жерін  мекендеген  түрік  тайпалары 
одағындағы  әрқайсының  орынын  аңғартады.  Ол  заманда  ең  көп  тараған  түркі 
тілі  оғыз  тілі,  ал  ғылым  мен  жазуға  ыңғайлысы  тоқси  мен  яғма  тілдері  деп 
саналатын.  Ғалым  оғыздарды  көбінесе  «қаған  елі»,  кейде  «хақания  түркілері» 
деп  арнайы  көңіл  бөліп,  олардың  тілдік  қорынан  небір  сөз  жауһарларын 
мысалған алып, ең таза тіл деп дәріптейді. Сонымен наймандардың ең алдымен 
түрік тайпасы екені, ертеден оғыз қауымының ішінде бар екені анық. 
Адамзат  қоғамында  мемлекет  деген  құбылыстан  қасиетті  еш  нәрсе  жоқ. 
Себебі мемлекет қандай бір халықтың тәуелсіздігінің көрінісі, кемел еркіндігі, 
оның  өзін  өзі  басқару  дәстүрі.  Әрине,  мемлекеттердің  ішінде  де  әр  түрлісі 
болады,  олардың  ішінде  өз  халқын  көтермелеп,  өзгеден  асырып,  халықтың 
байлығын ұқсатып, сыртқы, ішкі жаудан қорғап отыратын елге жанашыр билік 
жүйесін  жасаған  мемлекеттер  бар.  Сонымен  қатар  мемлекеттік  билікте  өз 
қарақан  басынан  басқа  ештеңе  ойламайтын,  өз  қалталарының  құлы  болып 
жүрген, азаматтық түсініктерден жұрдай, мемлекетті құрған халықты, ұлтты кім 
көрінгенге  көз  түрткі  қылып  жүргендері  де  кездеседі.  Бұл  әлмисақтан  бері  әр 
елдің  даму  дәрежесіне  сай  туындайтын  жағдай.  Көшпелілер  мемлекеті  ең 
алдымен  рулық  қауымдардың  ынтымағына  негізделген  одақ.  Ал  рулардың 
бейбіт тіршілігіне кепіл болатын құрылым көшпелі түркі-моңғол халықтарының 
туыстық жүйесі. Ол жүйеде бір ата тәртібі қолданылады, ағалары үлкен, інілері 
кіші, бірқатары тұрғылас, мұрагерлік ағадан ініге қалады, жастары үлкен болса 
да  жолы  кіші  аталар  бар.  Міне  осы  тәртіп  көшпелі  қоғамдағы  мемлекет  құру 
жүйесінің негізінде тұр. 
 Шығыстың  ұлы  тарихшысы  Рашид-ад-дин  /ХІІІ-ХІҮ  ғғ./  оғыздың  арғы 
тегін тарата келіп Оғыз оның әкесі Қарахан, оның әкесі Диб –Бақуй, оның әкесі 
Алаша  хан,  оның  әкесі  Яфес  /Жаппас/,  оның  әкесі  Нұх  пайғамбар  деп  осы 
насаб-наманы  Топан  су  басқан  заманға  алып  барып  сабақтастырады.  Оғыздың 
жанына ерген елдің хан үшін күреске түскендері ұйғыр атанған екен-мыс дейді. 
Тарихшы  «ұйғыр»  сөзі  түріктің  ұю,  ұйым,  ұйыды  сөздерінен  шықты,  яғни 
сүттің  ұйығанын  көрсетеді  дейді.  Түркі  халықтарының  ескі  аңыздарына 
қарағанда  Оғыз  ханды  қазақ  Уыз  деп  те  атайды,  дін  үшін  өз  туыстарымен 
соғысқан-мыс. Сол кезде оның жанына жиналған жақтастары «ұйғыр» аталған, 
ал елдің жалпы атауы «оғыз». 
Шыңғыс  ханға  дейінгі  түрік  халықтарының  тарихын  сипаттай  отырып 

15 
Рашид-ад-дин  «Ұйғыр  елі»  деген  түсінікті  қолданады,  ортасында  ұйғыры  бар, 
өзгесі  бар,  жалпы  оғыз  елінің  мекен  еткен  қонысы  Қарақорым  тауының  маңы 
болса  керек:  «Ұйгырстан  елінде  өте  биік  екі  тау  бар.  Бірінің  аты  -Букрату 
Бозлук,  екіншісінің  аты-  Ашкунлук  Тангрим,  ал  Қарақорым  тауы  осы  екі 
таудың  ортасында  орналасқан,  және  Қаған  салған  қала  сол  таудың  атымен 
аталады» (101, т.1, кн.1, с.146). Рашид-ад-дин бұл жерде Шыңғыс  хан астана 
қылған,  оның  ұлы  және  мұрагері  Үгедей  тамаша  қалаға  айналдырған 
Қарақорымның ертеде Оғыз иелігі болғандығы туралы  айтып отыр.  
Енді  бір  қызығы  Қарақорым  атауының    тек  Орталық  Азияның  Шығыс 
бөлігінде ғана емес, сонымен қатар қазақтың бауырына басқан Сарыарқасында 
да кездесетінін. Ертеден бері әр түрлі деректерде айтылып, бірақ ертегі сияқты 
сенімсіз болып жүрген Қаңлы елінің астанасы Қарақорым атауы ортағасырлық 
Ватикан карталарында да кездесетіні жақында анықталды. Бұл Ұлытаудан тым 
қашық  емес,  Торғай  бен  Ырғыз  өзендерінің  құярына  орналасқан  көне 
мегополис.  Қазақ  даласында  біздің  жыл  санауымызға  дейінгі  уақытты 
тіршілігін  бастап,  Иса  пайғамбар  дүниеге  келген  уақытта  іргелі  мемлекет 
есебінде  танылған  Қаңлы  атауы  дала  тұрғындары  дегенді  білдірсе    керек 
(Қаңлы  туралы  әдебиет).    Олай  болса  Қарақорым  қазақ  даласындағы  ежелгі 
астана қалалардың бірі деп есептейміз.  
Ежелгі  заманда  оғыздың  қонысы  Сарыарқа  жері  болғанымен,  орта 
ғасырлық  деректерге  қарасақ  тоғыз  және  сегіз  оғыз  жерлері  қазіргі  Моңғолия 
өлкесінің батыс бөлігін және Жоңғарияның бұрынғы иеліктерін қамтиды. Қара 
Ертіс  өңірі  де  осы  мемлекеттің  қоныс  тепкен  жері  болған.  Көне  деректерде 
ұйғыр  атауы  көбінесе  қытай  жылнамалары  тарапынан  қолданылса,  шығысқа 
қарай  көп  сапар  шеккен  араб-парсы  географтары  мен  саяхатшылары  көбінесе 
«тоғыз-оғыз»  атауын  қолданады.  Осыған  байланысты  В.В.  Бартольд  «араб 
географтары  тоғыз  -оғыздарды  орналастырған  жерде,  қытай  деректері 
бойынша  840  жылы  Моңғолия  жерінен  қырғыздар  ығыстырып  шығарған 
ұйғырлар өмір сүрді…» деп оғыз елінің ұйғыр атауымен байланысын нұсқайды 
(15, с.554). 
Найман  тайпасының  алғашқы  бетте  оғыз  конфедерациясына  енгенін 
Әбілғазы  баһадүр  хан  да  жазады.  Хиуаның  атақты  ханы  және  шежірешісі 
Әбілғазы    Рашид-ад-диннің  «сүт  ұйыды»  сөзінен  ұйғыр  атауы  шықты  деген 
тұспалын жақтай отыра, сол кезеңдегі көшпелі ұйғырларға көңіл бөледі. Оның 
пікірінше  олар  екіге  бөлінген.  Оның  біріншісі  «он  ұйғыр»,  екіншісі  «тоғыз 
ұйғыр».  Олардың  алғашқысы  он  өзеннің  бойында,  ал  екіншісі  тоғыз  өзеннің 
бойында  қоныс  тепкен  екен-мыс.  Барлығы  оғыз-ұйғыр  ішінде  120  ру  болса 
керек.  Осылай  біраз  жыл  өмір  сүріп  ұйғырлар:  «бір  жолы  олардың  бәрі  де 
жиналды, ақылдасып отырып «біз екі бөлек халықпыз, әр қайсымыз өзімізге деп 
патша  сайлайық...Ол  өзіне  бағынбаған,  тыңдамаған  адам  болса,  малын 
тартып  алып,  басын  шапсын»  -  депті-мыс.  Міне,  ұйғырларда  мемлекет 
құрылатын уақытқа жаңа келдік. Өкінішке орай аңыздарда айтылатын он және 
тоғыз  ұйғыр  тайпаларының  өз  ішінде  қашан  басшы  сайлағаны  анық  емес. 

16 
Алғашқылары ел басшысын «Ел-Елтір» деп, екіншілері «Көл-Елтір» деп атаса 
керек, кейін келе «Идиқұт» атады: «көп заман олар патшаларын Көл Елтір деп 
атады,  бірақ  кейіннен  оларлды  «Идиқұт»  атай  бастады...  яғни  бүкіл  халықты 
өзінің құтымен жарылқайтын адам ...» (1, с.55).  
-Міне,  оғыз  қауымының  кезекті  бір  ыдырауы.  Бұл  аңызға  сүйенген 
әңгіменін  әр  жағында  шындық  бары  сөзсіз.  Тарихта  «тоғыз  ұйғыр»,  «тоғыз 
оғыз» аталатын көшпелі ұғымдар бар. «Ыдық-құт» байлық иесі, құт иесі деген 
көне  ұғым.  Көне  түркілер  «Ыдық  жер-су»  деген  ұғым  да  көп  қолданады.  Ол 
қасиетті жер-су деген мағынаны білдіреді.  
Әбілғазының  жазуына  қарағанда  Моңғолия  жерінде  оғыз  тайпалары  үш 
мың  жылдай  өмір  сүрген:  «олар  ақыры  ыдырап,  әркімге  олжа  болып,  жан-
жаққа шашырап кетті. Бір бөлегі жұртында отырып қалды, бір бөлегі Ертіс 
өзенінің жағасына келді. Бұлардың өзі тағы үшке бөлінді. Бір бөлегі Бешбалық 
шаһарына  барып,  егін  егіп,  дәулетті  ел  болды.  Енді  бір  бөлегі  жылқы,  қой 
бағып,  Бешбалық    маңында  көшіп-қонып,  көшпенді  өмір  сүрді.  Үшінші  бөлегі 
Ертістің тоғанында балық, құндық, тиін, сусар  аулап, етін жеп, терісін киіп 
күнелтті.    Жібектен,  не  мақтадан,  не  басқа  материалдан  істеген  киімді 
тұқымында  киіп  көрмеген  еді.  Егер  қыздарын  қарғаса,  «жылқылы,  қойлы 
жігітке тұрмысқа шығып, ет жеп, қымыз ішіп, басыңа жаман күндер тусын» 
дер еді (12, -33 б.).  
Бұл  аңыздардың  тарихи  шындыққа  қаншалықты  сиымды  екенін  анықтау 
өте қиын. Дегенмен көне шежіреде тарихи процестердің негізгі сұлбасы көрініс 
тапқан.  Соның  ішінде  Ұйғыр  мемлекетінің  840  жылы  Қырғыз  қағанаты 
тарапынан үлкен соққыға ұшырауы, тонаушылыққа ұшыраған елдің жан-жаққа 
қаша  көшіп  кетуі  көне  аңыздың  мазмұнынан  байқалады.  Осы  көп  көшкіннің 
ішінде басмылдар мен қарлұқтардың болғаны жазба деректермен анықталады. 
Әбілғазы жазбасындағы Ертіс бойындағы тоғайларға келіп жан сақтаған елдің 
суреттемесі  тарихнамада  әлі  күнге  жұмбақ  болып  жүрген  кемек-қимақтарға 
қатысты  деректерді  еске  түсіреді.    Бірақ  біз  ең  алдымен  таза  оғыздар  мен 
басмылдың  қарым-  қатынасына  қатысты  деректердің  бір-екеуін  анықтай 
кетейік. 
В.В. Бартольд ұйғыр қағандарының «идиқұт» атануы басмылдардың әсері 
деп  есептейді:  «...  владетель  басмылов  носил  тот  же  титул-  идикут,  как 
впоследствии уйгурский владетель той же местности» (14, с.207). 
В.В. Бартольдтің пікірі бойынша Шығыс Түркістан өлкесін түріктендіруде 
басмылдар  мен  ұйғырлардың  рөлі  жоғары  болған.  Олар  ұйғырлардың 
алдарында-ақ бұл құнарлы өлкеге өтіп, жергілікті халықтың тілі мен әдебиетіне, 
әдет-ғұрпына қатты әсер еткен. «В восточной части этой области сохранились, 
по  видимому  традиции,  установленные  первыми  турецкими  поселенцами-
басмылами.  В  орхонских  надписях  упоминается  титул  басмылского  владетеля 
«идук кут», букв. «священное счастье» или «величие»... Тот же самый титул, в 
форме «идикут» носил уйгурский владетель той же местности в ХІІІ в».  
Жоғарыда  айтылған  деректердің  негізінде  тарихты  қайта  жаңғырту  қиын. 

17 
Дегенмен  сегіз  және  тоғыз  тайпалардың  өзара  одақтастығы  оғыз 
қауымдастығындағы  орыны  өте  жоғары  болғандығын  жасыра  алмаймыз. 
Батысында  Еділ-Жайықтан  бастап  шығысында  Жоңғар  қақпасына  дейінгі 
өлкені, оңтүстігінде Сырдариядан бастап Алтай мен |Сібір  аймақтарына дейінгі 
алапат  аймақты  мекендеген  Уыз  (Оғыз)  ханның  елі  атанған  көптеген 
тайпалардың  ортағасырларда  құрылған  өзге  этностар  мен  мемлекеттерге  үлгі 
болғаны  сөзсіз.  «Ыдық  құт»  -  есепсіз  құт,  қасиетті  байлық  сияқты  көне  түркі 
тілінің  аса  бір  мәнді  ұғымы  оғыз  елінің  тамыры  көне  тарихқа  терең  бойлап 
кеткенін  білдіреді.  Ең  бастысы  «ыдық  құт»  мемлекет  басшысы,  елдің  құты 
деген  ұғымды  білдіретін  саяси  ұғым  және  институт.  Көне  тайпаларындың 
көпшілігі тоғыз рудан құралған. Мысалы ұйғырлар тоғыз (яғлақар руы бастаған 
тоғыз  ру),  байырқу-  тоғыз,  татарлар-тоғыз  т.б.  Тан  әулетінің  жазбларында 
«тоғыз  рулы  басмылдардың  түрік  /тукю/  қағаны  Өзмішті  шапқаны  жайлы» 
айтылады  (66,  с.7).  Жалпы  «ұйғыр»  атауына  тағы  да  оралатын  болсақ,  оның 
Рашид-ад-дин  мен  Әбілғазы  түсініктемесін  қабылдағанымыз  дұрыс.  Себебі 
көпшілік  деректерде  ұйғыр  атымен  (шығыс  әдебиетінде)  көрші  елдердің 
деректерінде  «теле»  (тоғыз  таңбалы  теле)  рулары  белгілі.  Осы  топқа  енген 
байырқу,  шивей,  татар,  басмыл,  тонра  т.б  басқаларының  заманның  ағымына 
байланысты  Орталық  Азия  тарихындағы  алған  орыны  ұйғырлардан  бірде  кем 
емес. Екінші мәселе, «ұйғыр» атауы түрік тілді тоғыз- оғыз тайпасының ұйымы 
есебінде  қолданылып  барып,  кейіннен  жеке  тайпаның  меншігіне  өткен  болуы 
керек. 
Тарихи  шолу  бұл  тайпалардың  тарихында  үш  кезең  бар  екенін  анық 
көрсетеді.  Ол  көне  заманнан  бері  қағанатқа  дейінгі  кезең  –  663-745  жж.  одан 
кейін  қағанаттың  гүлденген  шағы  –  745-840-шы  жылдары,  және  үшінші  кезең 
одақтастардың Моңғолия жерінен Алтай аймағына, Ертіс бойына және Шығыс 
Түркістанға қарай көшуі. 
  Қазақ  этносының  құрамына  енген  негізгі  рулардың  қайсы  болмасын  өз 
тарихын  қадым  заманның  қараңғы  түкпірлерінен  бастайды.  Бір  ерекшелігі 
олардың ішінде көне атауларын сол қалпында сақтап қалғандары да бар. Қазақ 
шежіресін  ақтарып  отырып  үш  жүзге  негіз  болған  үйсін,  арғын,  алшын 
атаулары осындай көне дүниенің жәдігерліктері екеніне көз жеткіземіз. Қазақша 
айтқанда  бұлар  тұрғылас  аталар,  себебі  қазақтың  ру  құрылымындағы  атақ-
деңгейлері, қызметі бір. Бұл жөнінде қазақтың белгілі шежірешісі Құрбанғали 
Халидұлы  әдемі  пікір  білдіреді:  «Ұлы  жүзден  Үйсін,  Кіші  жүзден  Алшын 
туады.  Үйсін  ұлдары  ішінде  аршындысы  Жалайыр,  Алшын  балаларынан 
ақылдысы  Жаппас болған  соң, атағанда  аталарымен  қатарластыра «Үйсін  – 
Жалайыр»,  «Алшын  –  Жаппас»  деп  қосарланып  айтылады.  Қазақта  «құрбы, 
тұрғы»,  деген  екі  сөз  бар,  «құрбы»  –  жасы  қатар,  «тұрғы»  –  қарама-қарсы, 
тұтас,  деңгейлес  адамдар.  Мысалы,  Үйсін  мен  Алшын  тұрғыда  бірдей,  ал 
Жалайыр    Алшынмен  бір  жылда  туып,  туысқан  болса,  құрбы  деп  айтылады, 
тұрғылас  демейді...».  Автор  атап  өткендей  бұл  жерде  «шарт  үлкендік 
деңгейінде» (125, -92 б.)

18 
Сонымен бірге қазақ құрамындағы қыпшақ, жалайыр, қаңлы, адай, шекті, 
керей,  найман  руларының  да  ерте  заманнан  бері  өздерінің  түпкілікті  атауын 
сақтап қалғанын анықтаймыз. Олар кезінде Орталық Азия мен оған шекаралас 
аймақтарға  да  атақтары  кеткен  елдер.  Іштерінде  мемлекет  құрғандары  да  бар, 
бірақ соған қарамастан түпкілікті атауларын сақтап қалғанына қайран қаласың. 
Найман  атауы  «сегіз  оғыздан»  келіп  шыққаны  бізге  күмән  келтірмейді,  бұл 
атауды  сегіз  оғыздармен  көрші  моңғол  тілдес  тайпалар  бергені  де  сөзсіз. 
Әлемдегі көптеген елдердің  атауын  жақын көршілері бергені дау тудырмайды 
және ол уақыт өте келе түпкілікті атауға айналып кетеді. 
  Енді  наймандардың  сегіз-оғыз  атанып  жүрген  кезеңдегі  қонысы  қай  жер 
болды,  соған  келейік.  Түрік-Орхон  сына  жазуларының  ішінде  «Білге  қаған 
жазуы» аталатын тамаша ескерткіш бар. Зерттеушілердің айтуына қарағанда ол 
түрік  заманының  тамаша  ел  басшысы  Құтлық  қағанның  үлкен  ұлы  екен. 
Құтлықты кей ескерткіштерде Елтеріс қаған деп те атайды. Білге қағанның інісі 
атақты  Күлтегін  қолбасшы.  Осы  Білге  қаған  734  жылы  қайтыс  болып,  бір 
жылдан  кейін  түрік  баласы  жиналып  Орхон  өзені  бойында  жоғарғы  елді 
шақырып  жорға  бие  сойып,  төменгі  елді  шақырып  төбел  бие  сойып  ірі  ас 
береді. Білге қаған басына орнатқан құлпытастың сөзін жазған Йоллығ тегін: 
«... әкем қаған ит жылы /734 ж/ оныншы айдың 
жиырма алтыншы күні ұшты /өлді/. 
Доңыз жылы /735 ж/ бесінші айдың 
жиырма жетінші күні ас бердім... 
алтын-күміс шексіз келтірді. Азалық 
жұпарды үйе берді, сандал ағашты да келтірді 
/Қытай болуы керек?- Ж.О./ 
Бодан халық /өз халқы/ шашын жұлып, бетін кесті. 
Өзінің тәуір атын, қара кісін, көк тиынын сансыз көп келтірді»,- деп осы 
аста  болған  оқиғаларды  сипаттап  отыр.  Сонымен  бірге  жоқтаудың  негізгі 
тексінде Йоллығ тегін алыс-жақын елдер туралы да аздаған хабар береді. Соған 
қарағанда  оғыздар  көне  түркі  қағанатын  билеген  әулетке  тым  жағымды  да 
болмаған сияқты: 
«...  Жиырма  жасымда  оғыздың  Ыдықұт  /Ыд-ұқ/  бастаған  халқы  бодан  ел 
еді.  Елші  жібермей  содан  соғыстым,  кейін  қайтардым»  деуі  шығыс 
оғыздарының    елінің  түрік  қаған  әулетіне  қатысты  алым-салығын  уақытында 
төлемей,  сыбағасын  бермей,  өз  бетімен  кетіп  бара  жатқанын  көрсетеді.  Қалай 
болғанда да Білге қаған жауласып барып тіл табысқанға ұқсайды. «Ыдық-құт» 
деп көне түркі дәуірінде кей ұлыстар өз басшыларын, көсемдерін атайды.  
Одан кейінгі жылдары Білге қаған қырғызбен де біраз соғысып «Кем өзенін 
/Енисей/  кешіп, сүңгі бойы қарды аршығанын» жазады.  
Одан  кейін  Білге  қаған  түргеш  елімен  жау  болып  «Алтай  қойнауын  аса, 
Ертіс  өзенін  кеше  жүріп»  ол  елді  ұйқыдағы  қалпында  басады.  Сол  себепті 
түргештер «оттай, боршадай» болып кетсе керек.  
«Білге қаған» дастанының бір жерінде Ашина әулеті бастаған түріктердің 

19 
ханның  отыздан  асқан  жасында  Бес  балық  қаласына  аттанғаны,  көп  әскерді 
қырғаны  айтылады.  Бірақ  Білгенің  жазуында  Бес  балық  ішіндегі  «қай  кісіге 
тимегені үшін, мал мүлкін алмағаны үшін» қала елі тұтас бағынғаны айтылады. 
Осылайша  Бесбалық  қаласы  қираудан  аман  қалды.  Себебі  Бесбалық  қаласы 
оғыз елінің мекендеген ірі қалалық орталықтарының бірі. 
Білге қағанның және бір айтқаны: 
«...Отыз екі жасымда басмыл, қарлұқ жиналды, 
Оларды қырдым, өлтірдім.  
Күн жеткені үшін жау болды.  
Бір жылда төрт жолы соғыстым...» (3, 82-91 бб.). 
Дастанның  бұл  жолдары  оғыздардың  одақтастары  басмыл  мен 
қарлұқтардың бірінші көтерілістен кейін басылып қалмағанын, одан он екі жыл 
өткен соң басы қосылып қайта бас көтергенін көрсетеді. Көне түркі дәуріндегі 
деректер  Ашина  әулетімен  соғыстарда  бәсимилердің  жалғыз  болмағанын 
айғақтайды. Ертістің жоғарғы ағысы, одан әрі Орхон жазығы, оңтүстікке қарай 
Қашқария аралығын мекендеген басими ұлысы көрші ұйғыр, қарлұқ елдерімен 
бірде бейбіт араласса, бірде кантөгіс соғыс жағдайында болған. Бұл одақтастық 
Орхон өзенінің бойында ұйғыр бірлестігі бастаған оғыз, қарлұқ, басмыл одағы 
күшейген  тұста  көрінеді.  Осы  кезде  оғыздар  Орталық  Азияның  жауынгер, 
көшпелі тайпаларының одағы есебінде белгілі. 
Оғыздар  туралы  аздаған  деректер  ұйғырдың  атақты  көсемі  Мойын-шорға 
арналған тас жазуында да бар. Бұл жазу Селенгі өзенінің бойында 1909 жылы 
табылған. Жазбада Орталық Азияны мекендеген  көшпелі түрік тілді рулардың 
өзара  қым-қуыт  соғысы,  жаугершілігі,  билік  үшін  күрестің  сан  қырлы 
оқиғалары  сипатталған.  Оғыз  тайпасымен  қатар  Орталық  Азияға  кеңінен 
тараған  басмыл  және  қыпшақ  елдерінің  де  тарихына  қатысты  мәліметтер 
баршылық. 
Тоғыз  оғыз,  татар  елдерімен  Ашы  Алтыр  көлде,  Касуйден  өте  соғысып 
жеңген соң, Мойын чор тардуш, телес халқын өзінің екі ұлына бөліп берді. «Екі 
ұлыма жабғу және шад деген атақ бердім» дейді қолбасшы. Осы соғыстардың 
кезінде  қарлұқ  және  басмыл  елдері  қағанның  шақыруына  қарамастан  одақтан 
шығып, әскерін бермей қойса керек. Мойын-шор «Одақтастан қол келді, Қарлұқ 
одақтасқа келмеген» дейді. Осы хабар «Ертіс өзені Арқар басы Ер қамыстан өте 
он  бірінші  ай  он  сегіз  жаңасында  Болчу  өзені  жағасында  қарлұқты  жеңдім» 
деуге  себеп.  Осы  соғыстан  кейін  Мойын-шор  чик  /қырғызға  туыс  ел/  елін 
бағындырып,  оған  «жаңа  бастық  бердім,  тархандарды  сонда  тағайындадым» 
дейді (Айд, 140 бет).  
Бірақ  бұл  жеңістер  түпкілікті  саяси  мәселені  шешпеген  сияқты.  Келесі 
жылдары  тағы да қаған  қалың  әскерді бастап  түріктер  оғыз,  қарлұқ  елдерімен 
соғысып  жүргенін  көреміз.  «Бесінші  ай  жиырма  алтысында  оғызға  қарсы 
аттандым. Сонан соң түргеш, қарлұқты жеңдім. Табарын /дүние-мүлкін/ алып, 
үйін құлаттым» дей келе Мойын шор басмылдың тағы да қарлұқпен қосылып, 
бірігіп кеткенін, бірақ өзінің оларды қайтарғанын, «Орхон-Балықта ел сарайын, 

20 
ел үйін тұрғызғанын» жазады.  
Бұл жерде Орхон-Балық деп аталып отырған қала Орхон өзенінің бойында 
салынған  Қара  Балғасун  болуы  тиіс.  Ата  Мәлік  Джувейни  моңғол  ордасына 
барған  сапарында  оғыз-ұйғырлардың  ескі  астанасы  Орду-Балықтың 
қирандыларын  көргенін  жазады:  «Қарақорым  өзенінің  жағалауында  үлкен 
патша  сарайының  қалдығы  жатыр,  оны  ел  Орду  балық  деп  атайды...Бұл 
ұйғырларға Бұқа қаған патша болған кезде салынған құрылыс. Бұл Бұқа ханды 
олар Афрасиябтың өзі деп дәріптейді» (Джувейни, с.36).  Бұл ірі қала туралы 
біз бірнеше зерттеуді білеміз. Осы Қала Балғасун қаласы қарлұқ, басмыл, ұйғыр 
елдерін біріктірген үлкен қағанатқа орталық болды. «Қара» деген сөз көне түркі 
тілінде  үлкен,  көп  деген  мағына  береді.  Ал  «балғасын»  -  балық  және  сағун 
деген  екі  сөзден  құралған.  «Балық»  -  қала  дегенді білдірсе,  «сағун»  -  билеуші 
әулет  деген  ұғым.  Ертеде,  мысалы  Ханбалық  –  Пекин  қаласы,  Баласағұн  – 
Қарахандар  мемлекетінің  астанасы,  Бесбалық  –  Шығыс  Түркістандағы  түркі 
жұртының қалалары. 
Сегіз-оғыз мемлекеті деген ұғымды алғашқы қолданған ғалымдардың бірі 
Қаржаубай  Сартқожа  ұлы.  Ол  көп  жылдар  Ел  Етміш  Білге  қаған  жазуымен 
айналысып (оны Могойын Шине ус деп те атайды) 739-759 жылдардағы түркі 
тайпаларының  өзара  күрес  тарихын  жарқын  баяндады.  Осы  оқиғалардың 
ішінде  автор  ұйғыр  қағандарының  басмыл,  қарлұқ,  түргеш,  чик,  қырғыздарға 
қарсы  соғыстарын  суреттеді.  Оқиғалардың  екінші  бір  тобы  ұйғыр,  басмыл 
тайпалары  бастаған  көшпелілердің  Тан  империясымен  қарым-қатынасы. 
Әсіресе  Ань-Лушань  көтерілісі  кезінде  ұйғырлар  қытайлықтарға  жақсы  көмек 
көрсетті.  Үшінші  деректерде  мемлекеттің  орталығы  Орда  Балық  (Қара- 
Балғасын)  және  сауда  орталығы  Бай  Балық  қалаларының  салыну  тарихы 
айтылады. 
  Бұлғақпен  берекесі  кеткен  билікті  оғыз  ябғуының  /жабағы/  баласы 
Тұрайын пайдаланды. Ол әкесімен бірге түркі-ашина билігіне қарсы көтеріліске 
шықты. «Мен Тұрайын  –жиырма сегіз жасымда Жылан жылы /741 ж/ түркі 
билігіне  қарсы  көтерілдім»  -  деп  жазады  ол  осы  қадамы  жөнінде.  Түркі-
ашинаға  қарсы  қозғалыс  кезінде  оғыздар  басмыл,  қарлұқ,  руларымен  жең 
ұшынан жалғасты. 742 жылы осы намысқой, азаматтық күрес жолына шыққан 
тайпалар  өз  билігін  басмылдың  қолбасшысы  Гйеде  Ел-  теріс  /  Гие  де  Иши/ 
батырға берді. 
Оғыздың  Көл  білге  мен  Тұрайын  сияқты  көсемдерінің  билікті  басмылға 
тапсыруында қандай жұмбақ бар? Біріншіден басмылдардың өзге тайпалардан 
жолы, үлкен болуы мүмкін, көшпелілер жолға, жөнге қарайды. Екіншіден егер 
көтеріліс сәтсіз болған уақытта оғыздардың жауаптылықтан қашуы да, қорқуы 
да заңды?! Басмыл бастаған тайпалардың жауынгер одағы түрік-ашинаға қарсы 
739,  741,  және  742  жылдары  үш  рет  ірі  соққы  берді.  Ақыры  742  жылы 
одақтастар  түркі  –ашина  /сир/  ордасына  басып  кірді.  Озмыш  тегін  өлтірілді, 
оның  әйелін  басмылдың  көсемі  алды  т.б.  Қырғыннан  аман  қалған  ашина 
топтары бір жағы Құлынды даласына, бір бөлігі Наньшань мен Бэйтин арасына 

21 
тарап кетті. 
Түрік-ашина үстемдігін құлатқан одақтастар мемлекетте жаңа дәстүрлерді 
қалыптастыра  бастады.  Екі  қолдың  да  өз  тіршіліктері  мақсат-мүддесі  болғаны 
анық,  дегенмен  шартты  түрде  болсын  олар  басмылға  бағынды.  Аса 
қиыншылықпен,  бірнеше  соғыспен  алған  билікті  арқалап  жүру  жаңа 
одақтастарға  оңай  болған  жоқ.  Тіпті  соғыстың  шығынын  жабу  да  оңайға 
соқпайтын.  Үштік  одаққа  кірген  тайпалардың  ішінде  тоғыз-  оғыздар  өте 
айлакер  саясат  жүргізді.  Олар  тікелей  соғыстарға  шығудан  жалтарып,  түрік 
тайпаларымен  болған  соғыстарда  көбінесе  басмыл  күшін  пайдаланды.  Кейде 
Ел–теріс  идиқұт  саяси-экономикалық  шаруаларды  өткеру  түгілі,  сыртқы 
жаугершілікті  де  толық  тия  алған  жоқ.  Мемлекет  ішінде  бейбітшілік  орнап, 
орталық биліктің қалыптасқан кезінде күшейіп алған оғыздар Көл- Білге бастап 
қарлұқтармен  бірігіп  745  жылы  басмыл  идиқұты  Гиеде  Ел  Терісті  өлтіріп, 
басмылдың билеуші әулетінің көзін құртты. 
Бірнеше жылғы соғыстардан кейін 757 жылы басмылдардың батысқа қарай 
кеткен топтары ұйғыр билігін мойындады, ал қарлұқтармен бірге жүрген топтар 
766 жылы жаңа мемлекет құрды. Түптен келгенде бұл қысқа мерзімге созылған 
басмыл  билігі  осымен  аяқталады,  ал  болашақ  саяси  оқиғалар  көбінесе 
тайпалардың батысқа жылжуымен қатар болып жатады. 
Негізгі  талас  болған  жер  Өтукен  көңі.  Оғыздың  көсемі  Тұрайын  басмыл, 
қарлұқтарды  қуып  Шуя  өзенінен  асырып  жіберді  делінеді:  «захватило  скота  и 
имущества  тюргешей  и  карлуков,  разрушило  их  лагерь.  В  восьмом  мясяце  в 
местности Ерсеген усмирили басмылов, но Огузы узнав, что басмыли, карлуки 
и  тюргеши  снова  заключили  союз,  вновь  навязали  им  жестокий  бой  в  степи 
Ярыш» деректеріндегі жер аттары көбінесе Алтай, Моңғолия, Ертіс бойындағы 
жерлерді нұсқайды. 
Түрік-ашина  ішіндегі  талас  Білге  хан  қайтыс  болған  735  жылдан 
басталады.  Одан  кейін  билікке  Ежен-хан  келді,  ол  өлген  соң  жас  патшазада 
Құтлық  Тәңірі  келсе  керек.  Ол  жас  болғандықтан  шешесінің  кеңесі  бойынша 
мемлекеттік  қызметке  Юйси  (Жүз)  деген  қолбасшыны  жақындатыпты.  Ол  өзі 
тархан атағы бар адам екен, ел ішкі бұлғаққа түсті. Осылай бас-аяғы екі жылда 
үш қаған өлді. 
Мойын-шор  «қой  жылы  /755  ж./  басмыл-қарлұқты  жоқ  қылдым»  дейді, 
бірақ жазбаның келесі бір тұсында «қарлұқтың тірісі барып түргешке қосылды» 
деген  де  мәлімет  бар.  Бұл  дегеніңіз  басмыл-қарлұқ  одағының  жаңа  жақтастар 
іздегенін  көрсетсе  керек.  Енді  қағандарға  қарсы  бұрынғыдан  да  күшті 
тайпалардың қауымдастығы қарсы тұрғанын аңғаруға болады (3, 141-145 бб.). 
Қарлұқ  туралы  Әбілғазы  Бахадур  хан:  «Карлұқ  елі  Моңғолиядағы  биік 
таулардың  арасында  тұратын  еді,  егін  егіп,  мал  өсіретін,  бір  жақсысын  хан 
көтеріп, ол өлсе екіншісін хан сайлар еді. Өздері көп халық емес, заманның түзу 
кезінде екі мың үйден аспайтын. Сол жұртта төрт мың жылдай отырды. 
Шыңғыс  моңғол  еліне  хан  болғаннан  кейін  барлас  Құбылай  ноянды  елші 
қылып, «маған бағынсын» деп қарлұқтарға жіберді. Ол  уақытта қарлұқтардың 

22 
патшасы Арслан хан деген еді. Шыңғыс ханның сөзін қабыл қылып, басы өзінің 
қызы  етіп,  көп  сыйлықтар  алып,  ханды  көруге  елшімен  бірге  барды.  Шыңғыс 
хан да өз жамағатынан Арслан ханға бір қыз беріп өзі қамқор болатынын айтып 
қайтарды.  Қайтарында  Шыңғыс  хан  бектеріне  қарап  «мұны  неге  Арслан  хан 
дейміз,  бұдан  соң  Арслан  сирақ  деп  аталсын»  деді.  Моңғол  тілінде  тәжікті 
сирақ дер еді», - деп әңгімелейді (12, 31-32 бб.). 
Сонымен,  Әбілғазы  шежіресі  Шыңғыс  заманында  қарлұқты  Арслан  хан 
басқарғанын  дәлелдейді  және  сол  заманда  қарлұқтың  тәжікке  жақын 
екендігінен хабар береді. Моңғолдың «Құпия шежіресі» бұл оқиғаны құлпырата 
суреттеп:  «Чингис  хаган  Арсланды  соғыспай  берілді»  деп  риза  болып, 
«қызымды берейін» деп әмір етті. Харлагтардың Арсланына Алха бэхиді беріп, 
Чингис хаган бүй деді: 
Қарғығанда аяқ боп, 
Қисайғанда таяқ боп, 
Тайған кезде таға боп, 
Тарыққанда пана боп, 
Қорған болар Алха бэх 
Құртымыш тән- әңгүдік, 
Құрметті есім – мәңгілік 
Асыл ойдан кәлетсіз, 
Артық сірә, дос та жоқ (77, 123 б.). 
Түрік-Орхон сына жазуларынан бастау алатын жазба деректерге сүйенсек, 
қарлұқтардың  ерте  кездегі  қонысы  -  Алтай  таулары  «қарлұқтар  бұрынғы 
уақытта  Алтай  тауында  өмір  сүрді  және  тоғыз-оғыздарға  бағынышты  болды. 
Одан кейін өз қожайындарына қарсы көтеріліп, түркеш елін жаулап алды, одан 
әрі  мұсылман  елдеріне  қарай  қозғалды»,  деп  жазады  араб  тарихшысы  әл-
Марвази  (ХІІ  ғасыр).  710-734  жылдары  көк  түріктердің  басшылары  Күлтегін 
мен  Білге  қаған  тұсында  мемлекет  ішіндегі  күресте  қарлұқтар  аса  белсенді 
болды. «Білге қаған» жырында /734 ж./: 
«Мұңсыз емін-еркін көшіп жүрген, 
қарлұқ халқы жау болды. 
Таңбалы-ұйық баста соғыстым. 
Қарлұқ халқын қырдым, жаулап алдым. 
Отыз екі жасымда басмыл - қарлұқ жиылды, 
Оларды қырдым, өлтірдім»,- деп өзара соғыс лаңы суреттеледі.  
Осы  соғыстардың  нәтижесінде  қарлұқ  елінің  үлкен  тобы  Алтайды  тастап 
Жетісу мен Сыр бойына жылжыды, бір тобы Сарыарқа даласына бекінді. Көне 
түріктің  Терхин  жазбасында  «Ит  жылы  үш  қарлұқ  елі  азаттық  туын  көтеріп, 
бөлініп  шықты,  көшті.  Батысқа,  он  оқ  елінің  жұртына  олар  келді»,  -  делінеді. 
Осы кезден бастап енді қарлұқ пен дала оғыздарының арасындағы жер үшін, ел 
үшін соғыс басталды. 
766  жылы  қарлұқтар  Жетісу  жеріндегі  Талас  пен  Суяб  сияқты  ірі 
қалаларды бағындырып, өздеріне орда жасады. Ол кезде қарлұқтың басшысын 

23 
«жабғу» деуші еді, олардың тілдерінде сөз басы «дж» көп айтылатын. Оғыздар 
«яғбу» десе, қарлұқтар «жабғу» деуші еді. Қарлұқтың ішіндегі шығыл деген ата 
/Чигил/  өздеріне  жеке  иелік  көтерді  «алтыннан  көтерілген  Арғу-Талас  пен 
Қашу, Ордакент пен Шығыл-балықтың иесіміз», - деуші еді. 
Үш қарлұқ дейтін себебі, оның ішінде болат, шығыл, ташлық /тухси/ дейтін 
ірі-ірі үш үлкен ру бар. Оңтүстікке жылжу барысында қарлұқтың ішіне-қалаш, 
әзкіш,  шарық,  арғу  сияқты  Орта  Азияның  елдерінен  көптеген  рулар  қосылды. 
Сонымен  мемлекеттік  тарихы  бірнеше  ғасырға  созылған  қарлұқ  елі  бір  шеті 
Алакөл  мен  Ыстықкөл,  бір  жағы  Сырдың  орта  ағысы  мен  Тохарстан  /Жиделі-
Байсын/  арасында  ірге  көтерді.  Жазғы  жайлауы  Сарыарқаның  кең  даласы 
Қарқаралы-Қазылық,  Бұғылы-Тағылы  мен  Ортау.  Қысқы  қонысы  мен  жаз 
жайлауының  арасындағы  шекаралық  алқапта  Болат  тауы,  Болат  қаласы  деген 
жерлер де кездеседі. Араб саяхатшысы және географы әл-Идриси /ХІІ ғ./ қарлұқ 
елі  туралы  мынадай  мағлұмат  береді:  «Тараз  қаласы  мен  кемек  елінің 
қағанының  жұртына  дейін  /Ертіс  бойы/  шөл  дала  мен  қарлұқ-  түрік  жері 
арқылы  81  күн  жүру  керек.  Қарлұқтар  жер  өңдемейді,  бірақ  қонысы  өте 
құнарлы.  Бедуиндер  сияқты  жүннен  жасалған  шатырларда  /киіз  үй/  тұрады. 
Шығыс  жағында  Хайхам  бекінісі  бар,  патшалар  тұрады.  Патша  жақсы 
қаруланған,  көп  әскерді  ұстайды.  Бекініс-қорған-таудың  басына  орналасқан, 
оның  сыртында  су  толтырылған  шұңқыр  бар,  көл  сияқты».  Географиялық 
есептер  бойынша  Әл-Идрисидің  суреттеп  отырған  өлкесі  Орталық 
Қазақстанның алқабына сәйкес келеді (118, 65-70 бб.).  
  Осы жерде тағы бір маңызды мәселе есте болуы керек. Бұл ислам дінінің 
қазақ  жеріне  қашан  және  қандай  жағдайда  келгендігі  туралы  сұраққа  жауап 
беру.  Оғыз-қарлұқтардың 751 жылы болған араб-қытай арасындағы соғысында 
мұсылмандарды  жақтап  шығуы  Орталық  Азияда  ислам  діні  үшін  бетбұрыс 
оқиға  болды.  Талас  өзені  бойында  болған  бұл  соғыс  түрік  көшпелілерінің 
арасында  ісләм  шапағатына,  шығыс  мәдениетіне  жол  ашты.  Сонымен  қатар 
қарлұқтардың  түрік  тайпалары  арасындағы  орынын  көтеріп,  Қарахан 
империясын құруына мүмкіндік берді.  
  Орталық  Азиядағы  дағдарыстың  кезінде    Шығыс  Түркістанға  аттанған 
оғыз, басмыл, қарлұқ аралас тобы амал жоқ Тибетпен соғысуға мәжбүр болды. 
783  жылғы  Тибет  пен  Тан  империясы  арасындағы  /бейбіт/  келісім  Тибеттің 
таңғұт/  батыста  аса  белсенді  саясат  жүргізуіне  мүмкіндік  берді.  Осының 
арқасында  олар  Шығыс  Түркістан  оғыздарының  орталығы  орналасқан 
Бешбалық қаласын бағындырды. 
Бұл  кезеңдерде  шығыс  оғыз  қауымдастығына  жататын  рулар  Орхон  өзені 
бойындағы Қарабалғасұн қаласынан бастап Шығыс Түркістандағы Бешбалыққа 
дейінгі  ұлан-байтақ  өңірді  игерді.  Олардың  ішіндегі  малшылары  көшіп  жүрді, 
ал отырықшылары егін, бау-бақшамен айналысты. Тибетпен күрес бірнеше жүз 
жылға созылды. Тіпті 840 жылы Ұйғыр қағанаты құлап, оның құрамындағы ел 
жан-жаққа қарай бытырап кеткенде де Шығыс Түркістан өңірінде күрес жүріп 
жатты. Х ғасырдың ортасына қатысты қытай деректерінде «Во время правления 

24 
И-цзуна  /859-873/  большой  вождь  Буку  Чин  из  Бэйтина  /Бешбалыка/  напал  на 
Турфан и Луньта!». Бұл қазіргі Үрімші қаласы орналасқан аймақ болуы тиіс (66, 
с. 131). Бұл жердегі аты аталатын Бұқа Чин (Бұқа шона) Шығыс Түркістандағы 
түріктердің атақты қолбасшысы.  
  Әуелі  ұйғырлармен  одақтас  болған,  ал  кейін  (750-753  жж.)  ішкі  азамат 
соғысы  кезінде  тас-талқан  болып  жеңілген  сегіз-оғыз  (найман)  тайпалары, 
әрине  қайтсе  де  кек  қайтаруды  ойласа  керек.  Бірақ  бұған  бір  жағынан  кедергі 
жасаған, мәселе олардың Бешбалық маңындағы отырықшы елдермен араласып 
кетуі,  жаугершілік  дәстүрлерін  жоғалтуы.  Көшпелілердің  жауынгер  тайпалары 
отырықшы  өлкені  жаулап  алу  барысында  біртіндеп  бейбіт  тұрмысқа  көшеді. 
Егін,  бау-бақша,  саудамен  айналыса  бастаған  көшпелілер  тез  арада  өздерінің 
жауынгерлік дәстүрінен айырылады. 
Түрік-теле тайпаларының Шығыс Түркістанға келуі, көп жылдық соғыстар 
саяси құрылымның ерекше сипаттарының қалыптасуына негіз салды. Оның бірі 
жергіліктіге  айналған  теле  (ұйғыр)  тайпаларының  ел  басшысын    ерте 
көшпелілер    дағдысымен  «ыдық  құт»  атауы.  «Ыдық  құт»  лауазымын  ең  көп 
сақтағандар  Шығыс  Түркістандықтар  еді.  Олар  туралы  хабарды  моңғолдың 
«Құпия  шежіресінен»  кездестіреміз.  Бұл  кезде  Шыңғыс  хан  маңайындағы 
елдердің  көпшілігін  бағындырған  еді.  Олардың  ішінде  қарлұқтар,  ойраттар, 
ұйғырлар  соғыссыз  бағынды:  «Ұйғырдың  Идууд  (Ыдық  құт)  ханы  Чингис 
хағанға Адхираг пен Дарбайды елші етіп: «бұлт кетіп жарық күн шыққандай, 
мұз  еріп  ару  өзен  аққандай  Чингис  ханға  айтарым:  алтын  белбеуінің  тіліне 
ілініп, асыл ішігінің түгіне жабысып, бесінші ұлы болып қолғабыс етейін» деп 
өтінді.  Бұл  сөзді  естиді  де  Чингис  хаган  ұйғарып:  «қызымды  берейін,  бесінші 
ұлым  болсын.  Алтын  алқа,  жібек  қамқа,  күміс-маржан  сияқтыларды  алып 
келсін» деп айтқызғанда Идұұт ұйғарған екен ғой деп қуанып, алтын алқа, жібек 
қамқа, күміс маржан сияқты дүниелерді әкеліп, Чингис ханға хағанға кездесті. 
Чингис  хаған  Идұұдты  ұнатып,  Алалтұн  бэхи  деген  қызын  береді.  Ұйғырдың 
Идұқұтіне  бэхиді  беріп  Чингис  хаған  былайша  өсиет  етеді:  «Келіншектің  үш 
күйеуі  болады.  Алғашқы  күйеуі  –алтын  елі,  екінші  күйеуі-  ар-намысы,  соңғы 
күйеуі  –  алған  ері.  Алтын  елге  болаттай  берілсе,  адалдықпен  аты  шығады. 
Адал атын сақтаса алған жары қайда бармақ» деп жарлық етеді (77, 123 б.).  
Мәңгілік мемлекет жоқ. Тіршілікте бәрі де өтпелі, жалған. Басмылдардың 
саяси тарихына қатысты аздаған деректер осы шындықты нұсқайды. Бірақ бір 
рет  тәуелсіздіктің  дәмін  татқан  ел  ешқашан  құлдыққа  көнбейді.  Оғыз  елінің 
арғы-бергі  тарихы  осыны  дәлелдейді.  Бұл  сайып  келгенде  қазақ  елінің 
дербестігі, егемендігі үшін жүргізген күрестеріне ұласқаны белгілі. 
  Қазіргі  уақытта,  ортаңғы  Ертістің  территориясында  ерте  ортағасырлық 
деректерден  белгілі  Кемек  мемлекетінің  құрамына  кірген  тайпалар 
конфедерациясы  өмір  сүргендігі  еш  күмән  тудырмайды.  Соңғы  кезде 
зерттеушілер  қимақ  атауының  «кемек»  деген  жаңаша  нұсқасын  ұсынып  жүр. 
Орта ғасырлық араб деректерінің оқылуына қатысты ғылыми  ортада дау да аз 
емес.  Бізге  осы  кемек  атауы  дұрыс  сияқты  көрінеді.  «Кемек»  сөзі  жалпы  өзен 

25 
бойын  мекендеген  адамдар»  деген  мағына  береді.  Біз  осы  мәселеге  арнайы 
тоқталамыз. 
Кемектің  тарихы  және  этникалық  құрамы  жайлы  генеалогиялық  аңызды 
сақтап  қалған  әдемі  дерек  ол  парсылық  ғалым  Гардизидің  “Заин-ал-ахбар” 
еңбегі  болып  табылады.  Бұл  аңызда  кемектердің  пайда  болуы  былайша 
суреттелген: “Татарлардың басшысы қайтыс болып, артынан екі ұлы қалған; 
үлкен ұлы патшалықты билеген, бұл әрекетті кіші ұлы көре алмаған, кішісінің 
есімі Шад еді. Шад ағасына қастандық жасап, онысы сәтсіз аяқталып, содан 
өз  өміріне  қауіп  төңгендіктен,  өзімен  бірге  көңілдес  күң  әйелді  ертіп  үлкен 
өзеннің жағасына, ағашы мен жабайы аң-құсы мол жерге барып, шатыр тігіп 
орналасыпты. Екеуі күнде аңға бірге шығып, етті қорек етіп, бұлғын, тиін мен 
ақ  тышқан  терісінен  өздеріне  киім  киіпті.  Біршама  уақыт  өткеннен  кейін 
оларға туыстарының ішінен 7 адам келіп қосылыпты: біріншісі Ими, екіншісі 
Имақ,  үшіншісі  Татар,  төртіншісі  Байандүр,  бесіншісі  Қыпшақ,  алтыншысы 
Ланиказ,  жетіншісі  Аджлад.  Бұлар  өз  билеушелірінің  жылқысын  баққан 
жылқышылар  екен,  жылқыларының  көптігінен  табындары  өткен  жерлерде 
жайылым қалмай, содан Шадтың жайлаған жеріне келіпті. Таныс адамдарды 
көрген күң әйел “Ер түс” деп айғай салған екен, мағынасы тоқтаңдар, аттан 
түс  деген  сөз.  Осындай  себептерге  байланысты  өзен  Ертіс  аталып  кеткен 
екен.  Күң  әйелді  танып,  барлығы  тоқтап,  жайғасып,  шатырларын  тіккен. 
Аңға  кеткен  Шад  олжалы  болып  оралып,  келген  жолаушыларды  дәмге 
шақырады. Жердің жайлылығы ұнап келген адамдары қысқа дейін қалды. Қар 
түскеннен  кейін  елге  қайтып  оралу  мүмкін  болмады  да,  бір  жағынан 
жайылымның кеңдігі мен молдығына қызығып сол жерде қысты өткіземіз деп 
қыстап  қалды.  Қар  еріп,  жер  қарая  бастаған  уақытта,  олар  өз  жұртына  - 
татарлар еліне бір адамды жіберген еді. Мақсаты сол тайпа жайлы хабардар 
болу.  Жіберілген  адам  бұрынғы  жұртқа  келгеннен  кейін  тұрғылықты  жердің 
қаңырап  бос  қалғандығын,  халықтың  жоқтығын  көреді,  елді  жау  шауып, 
байлығын  тонап,  бүкіл  халықты  қырып-жойып  кеткеніне  көзі  жетеді. 
Қырғыннан аман қалғандары жаңағы адамды көріп таудан түсіпті, содан ол 
адам  Шадтың  жағдайы  жайлы  өз  қауымдастарына  әңгіме  айтып, 
қызықтырып, ертіп әкетіпті. Шад еліне келгеннен кейін барлығы оны өздерінің 
басшысы  ретінде  қошеметтеп,  құрмет  көрсетті.  Басқалары  да  бұл  хабарды 
естігеннен кейін бас-аяғы 700 адамдай болып сол маңға жиналды. Ұзақ уақыт 
Шадтың  қол  астында  болғаннан  соң,  олар  саны  жағынан  ұлғайып,  айналаға 
тарап, аталған жеті адамның есіміне байланысты жеті тайпа құраған” (14, 
с.89)
Бұл  аңыз  нақты  тарихи  оқиғаны  нұсқамайды.  Себебі  жеті  адамның  аты 
жеті түрлі елдің атын білдіреді. Мысалы татар елі моңғолдардан да ерте тарихқа 
белгілі болған, жауынгер ел. Байандур-оғыз елінің жалпылама аты болса керек, 
осы аттас тайпа түркімен-оғыз арасында ертеден белгілі. Қыпшақтың тарихын 
біз  айтпасақ  та  белгілі,  өз  бетімен  ел-жұрт.  Ланиказ  -  бұл  жерде  ғұн 
қауымдарынан қалған кіші ру болуы мүмкін, не алан еліне қатысы бар. Аджлад- 

26 
(әжі)  –  шамасы  Енисей  бойындағы  қырғыз  елі.  Ал  ими,  имақ  атаулары 
түсініксіз, мүмкін орхон жазуларындағы «иемек» руларына қатысты болар. 
Әбілғазы шежіресінде татар елінің баяны Алақшың шаһары, Ертіс дариясы 
сияқты  атауларға  толы:  «Оның  аты  ерте  замандардан  мәлім.  Ертеректе 
жетпіс мың үй болатын, көп рудан тұратын еді, олар бөлек-бөлек отырар еді. 
Татардың  жақсырағы  және  көбірегі  Қытайға  жақын  Биұрнаур  деген  жерде 
отырар  еді.  Қытай  патшаларына  қызмет  қылар  еді,  оқта-текте  олармен 
шайқасып қырып-жойып, елдерін шауып, өздеріне бағындырар еді. Бірсыпыра 
елі  Айқара-Мұран  деген  судың  жағасында  отырар  еді.  Айқара-Мұран  қырғыз 
уәлаятының  тұсынан  өткеннен  кейін  оған  жан-жақтан  кішкене  өзендер 
қосыла-қосыла үлкен өзенге айналып, Ащы теңізге барып құятын. Құяр жерде 
теңіз жағасында үлкен шаһары, айнала кенттер көп болар еді. Көшіп жүрген 
малды  ауылдары  да  болады.  Жылқылары  ірі  болады,  жабағысы  біздің  құнан 
жылқымыздай, жылқыларының бәрі ала, өзге түсі болмас еді. 
Шаһарының  аты  Алақшын  еді,  шаһарға  жақын  жерде  күміс  кені 
болатын.  Ол  елдің  қазаны  мен  аяқ-табағы  бәрі  күмістен  жасалар  еді. 
Өзбектің «ала жылқылы, алтын ошақты» деуі содан. 
Шыңғыс  хан  өлгеннен  соң  қырғыз  жұрты  және  оның  төрт  жағындағы 
жұрттардың  баршасы  Толы  ханға  бағынды.  Толы  хан  өлгеннен  кейін  билікті 
оның  үлкен  әйелі,  барлық  балаларының  шешесі  Сүйіркөктай  бике  алды.  Ол 
өзінің  үш  бегін  бас  қылып,  мың  кісіні  «қолдарыңнан  келсе  шабыңдар,  келмесе 
хабар  алып  келіңдер»  деп  Алақшын  шаһарына  жіберді.  Көп  уақыттар 
өткеннен соң жіберген мың кісінің жеті жүзі үш бегімен қайтып келді.  
Олар айтты: 
-  Естігеніміздің  бәрі  рас  екен.  Күмісті  көп  алып  едік,  өзеннің  жоғарғы 
жағында  кемені  жүргізе  білмейтіндігімізден  көбін  тастадық.  Ауасы  жаман, 
ыстық болады екен» (12, 35 б.)
Сонымен Гардизи баяндайтын аңыздың мазмұны қазақтың «бұл жерге жеті 
ел келіп, жеті ел деп кеткен» дейтін сөзін еске түсіреді. Мәселе жетіде болуы да 
мүмкін.  
С.М.Ақынжанов  Гардизи  әңгімесін  негізге  ала  отырып,  Ертіс 
территориясындағы  кемектерді  сырттан  келген  халық  деп  пайымдайды. 
Зерттеуші Гардизи әңгімелері сол уақытта болған нақты оқиғаларды суреттейді 
дей  келе  кемектерді  алғашқы  отаны  Солтүстік-Шығыс  Монғолияның  жері  деп 
көрсетеді.  С.М.Ақынжанов  пікірінше  кемектер  Ертіс  бойына  ІХ  ғасыр 
шамасында бірнеше толқын болып келіп қоныстана бастаған. Кей зерттеушілер 
Ертісте кемек тайпаларының пайда болу себебін 840 жылы Ұйғыр қағанатының 
құлауымен  байланыстырады.  Біздің  көзқарасымыз  бойынша,  шынында 
Моңғолия  жерін  мекендеген  тайпалардың  шағын  топтарының  Ертіс  өңіріндегі 
ерте ортағасырлық этногенетикалық процестерге араласы бар. 
Біз жоғарыдағы әуелі Шығыс Түрік қағанатының, кейіннен Ұйғыр атанған 
қағанаттың  құрамына  кірген  оғыз,  қарлұқ,  басмылдардың  Орта  Ертіс  бойына 
қоныстануын  сипаттадық.  Тарихи  деректер  дәл  осы  уақытта  өзге  де  елдермен 

27 
бірге Ертіс бойына наймандардың ішінен Бура мен Ақ наймандардың тұрақты 
қоныс  сала  бастағанын  көрсетеді.  Әлкей»  Марғұлан  «Наймандар  әсіресе 
Қаңлымен  бірігіп,  Өр  Алтайда,  Көк  Ертісте,  Жоңғар  Алатауында  бір  қауым 
болып  тұрған...олардың  атасы  Бура-Найман  қаңлылармен  аталас,  оларды 
яғмаут (яғма) деп атайды. Олардың Бура-Найман аты Қарахан басшыларына 
лақап  болып  шығады»  дейді  (70,103  б.).  Бірақ  та  генеалогиялық  аңыздың 
текстіне  мұқият  көңіл  аударатын  болсақ,  онда  жергілікті  негізді  де 
кездестіруімізге  болады.  Бұл  аңыздың  қорытынды  бөліміне  қатысты.  Гардизи: 
“Бір  күндері  Шад  халқымен  бірге  Ертіс  жағасында  тұрған  екен.  “Шад?  Сен 
менің суда жүргенімді көрдің бе?” деген дауыс естілген. Шад су бетінде қалқып 
жүрген шаштан басқа ешнәрсе көре алмаған еді, мінген атын тұсап, суға түсіп 
шашты  қолына  алды,  сөйтсе  ол  өз  жұбайы  Қатын  болып  шықты.  Шад:  “Сен 
қалайша суға түсіп кеткенсің” – деп сұраған еді. Қатын: “өзен жағасынан мені 
крокодил  жиһан  бас  салды”,-  деп  жауап  берді.  Кемектер  бұл  өзенге  бас  иіп, 
табынады, “Өзенді – кемектер құдай деп құрмет көрсетеді…” – деп жазған.  
  Ұлы өзенді “Құдай” деп қасиет тұту Ертіс өңірінің бұрыннан келе жатқан 
дәстүрі.  Бүкіл  тіршіліктері  өзенге  байланысты  болғандықтан  Ертісті  дәріптеу, 
құрметтеу бұл өңір халқына тән. 
  -Міне, Орталық Азияның кіндік ортасында Найман мемлекетінің дүниеге 
келуіне  бірден-бір  себеп  болған  оқиғалар  осы.  Көріп  отырғаныңыздай 
аласапыран  дәуірде  бірнеше  мемлекет  дүниеге  келіп,  бірнешеуі  тарих 
сахнасынан кетті.  
  Бүкіл  Шығыс  алқапты  меңгерген,  сол  заманда  әлемдегі  ең  басты 
күштердің  біріне  айналған  Ғұн  империясы  құлағаннан  кейін  жеке-жеке 
тайпалар  бастарын  қоса  алмай  өз  ара  күреспен  уақыттарын  өткізді. 
Империяның  қаусаған  қабырғасының  арасынан  кейде  Шығыс  Түркі  болып, 
кейде  Басмыл  болып,  кейде  Ұйғыр  болып  бірнеше  мемлекеттердің  ірге 
көтергенін  баяндадық,  бірақ  олардың  бірде-біреуі    Еуразия  көшпелілеріне 
тағдырдың өзі тартқан сиы, әлемді бағындыруды іске асыра алған жоқ.  
  Ерте замандардан бері шығыс өңірді мекендеген сегіз-оғыз қауымының да 
Найман атты мемлекеттің туын көтерудегі басты жүгі Ғұндардың салған жолын 
жалғастырып, жаңа империя құру болатын.  Сегіз оғыз жұртын әуелі «найман 
аймақ» (сегіз тайпа) деп Х ғасырда моңғол тілдес қидандар атай бастаған екен 
деген дерек бар. Атақты академик Әлкей Марғұлан «Мураяманың зерттеуінше 
бұл тайпаның бұрыңғы аты найман емес, «сегіз», «сегіз ата». Найманды түркі 
тайпалары өздері қойып алған болуы керек. Наймандар, керейіттер, оңгіттер 
түрік екені анық, олар түрікше сөйлеген» деп жазады (70,104 б.). 

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет