Жамбыл Омари



жүктеу 5.01 Kb.

бет19/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

 
  Кетбұқа  бастаған  моңғол  әскерлері  1258  жылы  ақпан  айында  Бағдатты  алып, 
бірнеше жыл бойы моңғолдарды  мойындамай келген халифа әл-Мұстағасам Билляхты 
өлтірді. Аббас әулеті осы соғыста түгел қырғын тапты.  Кей деректерде халифті Хулагудың 
өзі  өлтірді  дейді,  кейде  оның  бұйрығымен  кілемге  орап  тепкілеп  өлтірді,  содан  кейін 
денесін  құдыққа  тастады  дейді.  Қалай  болғанда  да  бес  жүз  жылға  созылған  Аббас 
әулетінің  билігі осыменен аяқталды.   
  Бағадатты  алу  оқиғасы  бірталай  жазба  деректерде  бар.  Солардың  ішінде  қызығы 
және дәлдігі тұрғысынан Марко Поло деректеріне үңілген дұрыс. Саяхатшы бір жағынан 
Бағдат қаласына сипаттама жасаса, екінші жағынан Хулагу әскерінің осы қаланы алу үшін 
жүргізген  соғыстарын  баяндаған:  «Богдат-большой  город.  Точно  так  же,  как  в  Риме-
глава всех в мире христиан, так и здесь живет калиф всех в мире сарацин (мұсылман 
деген мағынада -Ж.О.).  
  Посреди города большая река -Тигр, по ней можно спуститься в Индийское море 
(Парсы шығанағы арқылы дегісі келген болар-Ж.О.). Купцы с товарами по той реке взад и 
вперед. От Богдада до Индийского моря, знайте семь добрых осьмнадцать дней пути. 
Купцы, что идут в Индию, спускаются по той реке до города Киси (Кейш қаласы-Ж.О.) и 
здесь вступают в Индийское море. На самой реке, скажу вам еще, между Богдадом и 
Киси,  есть  большой  город  Басра,  а  кругом  него  рощи,  и  родятся  тут  лучшие  в  мире 
финики.  
В Богдаде  выделывают разные шелковые и золотые материи: нассит, нак, кремози; 
по ним, на разный манер, богато вытканы всякие звери и птицы» 
  Марко Поло Бағдатты әлемдегі ең бай қалалардың бірі дейді: «Во всей стране это 
самый  знатный  и  большой  город.  У  богдадского  калифа,  по  истинной  правде,  золота, 
серебра и драгоценных камней более, нежели у кого-либо другого. Вот в 1255 году по Р.Х. 
Алау  (Хулагу  хан-Ж.О.),  великий  царь  татар,  брат  того  хана,  что  ныне  царствует, 
набрал большую рать, напал на Богдад, да и взял его силою. Великое то было дело. В 
Богдаде,  не  считая  пеших,  было  сто  тысяч  одних  конных.  И  когда  Алау  взял  город, 
открыл  он  калифскую  башню,  и  была  она  полно  золотом,  серебром  и  другими 
богатствами; никогда, нигде не видено было зараз столько богатства. Посмотрел Алау 
на эти богатства и подивился. Позвал он к себе калифа, да и говорит ему: 
  -Калиф, на что собрал столько богатства ? Что ты задумал с ним делать ? Или 
ты не знал, что я твой враг и иду с большой ратью уничтожить тебя ? Если же ты это 

192 
знал,  так  почему  не  роздал  ты  этого  богатства  конной  и  пешей  рати,  чтобы  они 
защищали и тебя, и твой город ? 
  Молчал калиф и не знал, что отвечать. Сказал тогда Алау опять:  
-Вижу я, калиф, что любишь ты свое богатство, отдаю его тебе, кормись им. 
Приказал Алау заключить калифа в ту самую башню с казною и запретил давать 
ему есть и пить. 
-Калиф, -говорит он ему потом,-Ешь свое богатство, сколько хочешь, полюбилось 
оно тебе сильно, и не будет тебе никогда другой еды ! 
  Умер калиф через четыре дня после того, как посадили его в башню. 
  И  было  бы  лучше  калифу,  если  бы  он  роздал  свое  богатство  воинам,  чтобы 
защитили они  страну и народ, и не погиб бы он ограбленный, вместе со всеми своими. 
  После него не было более калифа» (48, с.52-53). 
  Марко  Поло  кітабының  басқа  бір  тарауында  моңғолдардың  Бағдат  қаласын  алу 
кезінде  көшпелілердің  ежелгі  әдістерінің  қолданғанын  жазады:  «Алау  (Хулагу)  собрал 
большую рать, стал храбро покорять области и в 1250 году пришел к городу Багдах. Зная 
его  великіую  крепость  и  многолюдство,  он  полагал,  что  взять  его  лучше  хитростью, 
нежели силою. Было у него сто тысяч всадников, кроме пеших. Калифу и его народу, что 
было в городе, войскоэто казалось невеликим. Не приближаясь к городу, он (Хулагу) укрыл 
часть  войска  по  одну  сторону  города,  а  другую  часть  в  лесах,  с  противоположной 
стороны;  а  с  остальными  быстро  подошел  к  вратам  города.  Калиф,  видя  такую 
невеликую рать, не придал ей значения и, положившись на знамение Мухаммеда, положил 
ее разрушить и вышел поспешно из города со своими. Улау, увидев это, сатал как бы 
отступать, пока не завлек врага за дерева и лесные прикрытия,где рать спрятана; тут 
враг был коуржен и разбит, а калиф и город взяты».  
  Рашид -ад-дин бұдан әрі Бағдатты алу оқиғасын толықтыра түседі. Тұтқынға түскен 
Бағдат  халифі  өзінің  сарайында  тойлап  отырған  Хулагуге  қымбат  сыйлық  алып  келеді. 
Оның  ішінде  екі  мың  шапан,  он  мың  күміс  динара,  басқа  да  толып  жатқан  қымбат 
тастармен әшекейленген  заттар бар еді. Хулагу бұлардың бәрін жанындағы әмірлеріне 
таратып берді. Осыдан кейін халифке қарап: 
  -Сенің  жер  бетіндегі  байлығыңның  бәрі  онсыз  да  менің  қызметкерлерімнің 
меншігінде, сен жердің астына тығылған тығылған қазына -байлығыңды көрсет, олар қай 
жерде ?- деді. 
  Халиф  ақыры  өзінің  сарайының  алдындағы  хауызда  тығылған  алтын  байлығын 
көрсетуге мәжбүр болды. Оны ашып қарап еді – асыт толған байлық екен,  жүз миткалдық 
сом алтын құймалар сол жерден шықты. Осыдан кейін бір жұмадан соң халифті өзінің 
үлкен  ұлымен  және  бес  қызметкерімен  бірге  өлтірді.  Бұл  оқиға  1250  жылдың  28 
ақпанында болған еді. 
  Одан  әрі  моңғол  әскері  Алеппоны  бағындырып,  Шам  (Дамаскі)  шаһарына 
жақындады. Дамаскі ешқандай қарсылық көрсете алмай Кетбұғаның алдында тізе бүкті. 
Бұл кезде Мысырдың билеушісі түп-тегі Хорезімдік Құтыз болатын. Моңғолдардан төнген 
қауып  Байбарыс  бастаған  Мысыр  қыпшақтарын  Құтыз  сұлтанның  туының  астына 
итермеледі.  Қыпшақ  -мәмлүктер  бұл  кезеңде    мұсылман  патшаларына  көптеп  қызмет 
атқарды.  Осылайша  Кетбұға  мен  Құтыз  арасындағы  шайқас  1260  жылы  қыркүйектің 

193 
басында Палестина жерінде Айн Джалут өзен жағасында болған. Кетбұғаның бір түмен  
яғни он мың әскері бар екен, Мысырдан жиналған әскерің саны одан төрт есе көп дейді.  
Бейбарыс болса ол кезде Құтыз әскерінің бір қанатын басқаратын қолбасшылардың бірі 
(106, 86 б.). 
  -Міне,  осы  шайқаста,  1260  жылдың  3  қыркүйегінде,  атақты  қолбасшы 
Кетбұға  қайтыс  болды.  Араб  деректерін  пайдалана  отырып  Қ.Сәки  «Моңғол 
әскерінің алдында ақ боз ат мініп, моңғол әдеті бойынша екі қолына екі қылыш 
ұстаған  қолбасы  Кетбұға  ноян  шығады»  деп  сипаттайды  бұл  шайқастың 
басталуын. 
  Біз  үшін  араб  деректерінің  маңыздысы  Кетбұғаның  1260  жылы  қария  жасында 
болғандығы. Осыған байланысты атақты жырау, қолбасшы, аталық Кетбұғаның туған  -
өлген  жылдары  1185-1260  жылдарға  сәйкес  келетіні  туралы    жорамал  жасауға  болады.  
Олай болса Жошының өлімін Кетбұға Шыңғыс ханға    45 жасында жеткізді деуге келеді 
және  сол  кездің  өзінде  Кетбұға  Жошы  ханның  жанында  аталық  қызметін  атқарған 
кемеңгер. Бұл пікірді Кетбұқаның найманның Бағаналы аталатын тайпасының түп атасы 
болғандығы туралы аңыздар да дәлелдейді. Бағаналы елінің ежелгі қонысы Сырдариядан 
бастап батысы Атбасар, ортасы Торғай, шығысы Ұлытау арасындағы кеңістік, яғни кезінде 
Жошы ұлысы аталған елдің дәл ортасы. 
 
23. Мысыр мәмлүктері 
  Енді  Кетбұқа  ноян  бастаған  татар-моңғол  әскерінің  алдында  мәмлүктер 
ықпалындағы  Шам  (Сирия)  уәләйаттары  мен  мәмлүктердің  кереге  көтерген  жұрты 
Мысыр (Египет)  өлкесі бар еді.  Мәмлүк дегеніміз кімдер және олардың Мысырға келу 
тарихы туралы не білеміз ? 
  «Мәмлүк» деген сөздің араб тіліндегі мағынасы «біреудің иелігіндегі адам» дегенді 
білдіреді  дейді.  Ерте  кезде    Еуразия  далалық  аймағынан  Мысыр  өңіріне  тағдырдың 
талқысымен барып қалғандарды «абд мәмлүк» деп атасы керек, яғни «иеліктегі құл» деген 
мағынада. Кейін келіп «абд» сөзі тек құлдарға қатыста қолданыста қалса, «мәмлүк» сөзі 
ресми  терминге,  әскери  қызметшіге  қатысты  айтылатын  болған  екен.  Тарихи  дәуірдегі 
араб  тілінің  маманы,  қазақтың  белгілі  елші  азаматы  Қайрат  Сәки  «мәмлүк»  сөзін 
сұлтандар да өздерінің титулдарына қосып жазатын болған, «малака» -иелену, билеу деген 
етістіктің есімше формасы. Мәлік, мүлк, мемлекет деген сөздер де осы түсбірден өрбиді» 
дейді (106, 41 б.).  
  Ортағасырлық араб тарихшылары мәмлүктердің отаны «Қара теңізден Хазар теңізі 
арқылы  Түркістанға  дейін  созылған  Қыпшақ  даласы»  дейді.  Ал  енді  қазақ 
шежірешілерінің  ішінде  де  «Дәшті-Қыпшақ»  ұғымына  дәл  және  әдемі  анықтамалар 
берген көптеген адамдар болғанын  біле бермейміз. Мәшһүр Жүсіп берген анықтаманы 
қарайық:  «Күнбатысы  -Сырдария,  күншығысы-ұзын  аққан  Ертіс,  оңтүстігі  -Жетісу-
жеті    өзен,  солтүстігі  -Еділ-Жайық.  Осы  төрт  судың  арасы  заман-  қадымда 
тауарихларда «Дәшті-Қыпшақ» атанған. Оль Қыпшақ өзі Уыз хан заманында іші қуыс 
шірік ағаштың ішінде туып, аты «Қыпшақ» қойылып, өсіп жігіт болған соң, Уыз хан 
оны қолына түсіріп, қолбасы қылып: 
-Қытай, Қалмақ, Олақ, Шығмұруа, Смажарды жаула!-деп жіберіпті. 

194 
  Мұның бәрін қырып-жоқйып, өзіне қараатып алып, осы төрт судың бойында бір 
шеті Әмудариясына дейін билеп-төстеп: «Қытай көп пе, қыпшақ көп пе ?» -деп мақал 
болған Қыпшақ осы» дейді (50, 8 т, 276 б.).  
  Әдемі  анықтама,  бірақ  «Дәшті-Қыпшақ»  ұғымының  Еділ-Жайықтан  арғы  батыс 
өлкеге де қанат жайып кеткенін Мәшһүр Жүсіп біле қоймаса керек. Негізінен «Дәшті  -
Қыпшақ»  шығыс  әдебиетінде  жиі  қолданылатын,  ал  ауыз  екі  тілде  айтыла  қоймайтын 
кітаби термин. 
  Алтын  Орда  дәуірінде  алып  империя  құрылуына  байланысты  «Дәшті-  Қыпшақ» 
атауы  сонау  Шығыс  Еуропа,  Қырым-Кавказ  жұртына  қатысты  бекіді.  Мысалы  атақты 
араб-бербер  саяхатшысы Ибн Баттута Мысырдан шығып Кіші Азия мен Сирия арқылы 
Түркия жеріне келеді. Түріктің Алейе, Анталье, Бурдуре, Сабарте, Кайсари, Сивас, Амасье, 
Эрзэрум қалаларын аралағанннан кейін  1331 жылдың соңында Қара теңіздегі портты қала 
Синопқа жетеді. Осы жерден ол 1332 жылдың басында кемеге отырып Қырымдағы Керіш 
(Керч) қаласына ат басын тіреді. «Біздің келген жеріміз Дәшті-Қыпшақ деп аталады, -деп 
бастайды  өзінің  әңгімесін  Ибн  Баттута.  -  «Дәшт»  түркі  тілінде  дала  деген  мағынада 
қолданылады. Бұл шетсіз-шексіз дала жап-жасыл кілемдей және қайырымды, бірақ ол 
жерде өсіп тұрған ағаш жоқ. Ұлан-байтақ далада не тау, не төбе, не құрылыс, не отқа 
жағатын ағаш табу қиын... Бұл ұзындығы алты айлық жол болатын далада арбамен 
саяхаттайды,  оның  үш  айы  Мұхаммед  Өзбек  сұлтанның  иеліктерінің  үстімен  өтсе, 
қалған үш айлығы өзге иеліктердің жерімен өтеді» (40, с.21). 
  Керіште жерге түскен саяхатшы одан әрі Кафа (Феодосия)  портына келіп, одан әрі 
Солдайа (Судак), Солхат (Ескі Қырым шаһары) т.б.  қалаларға аялдап Азау теңізінің батыс 
жағалауын  жағалап  Азак  қаласына,  одан  әрі  Мажар  қаласына  келеді.  Бұл  жерде  Өзбек 
ханның  өзінің  жаз  жайлауы  Бестау  маңында  екені  анықталады,  одан  әрі  сұлтанның 
ордасымен  бірге  көшіп  Астрахан  қаласына  келді.  Астраханда  жүрген  кезінде    Өзбек 
ханның  Байалын  атты  византиялық  әйелі  өз  еліне  төркіндеп  баратын  болғасын,  оның 
көшіне еріп Константинопольге (Стамбул) бір соғып кетіп, одан Астраханға қайта оралып, 
одан Алтын Орданың сол кездегі астанасы Сарай-Беркеге келіп бірақ демалды.  
  Міне,  осы  сипатталған  аймақтың  бәрі  де  Дәшті-Қыпшақ  аталады.  Тарих 
саласындағы ғылыми  әдебиетте ғалымдар өздеріне ыңғайлы болу үшін бұл суреттелген 
аймақты Батыс Дәшті-Қыпшақ деп, ал Еділ-Жайықтан шығысқа қарай жатқан аймақты 
Шығыс Дәшті-Қыпшақ деп атайды.  
  Жоғарыда араб жазбаларында айтылатын Хазар теңізі біз үшін қазіргі Каспий теңізі 
болып  табылады.  Тіршілік  алға  жылжи  береді,  оған  еріп  заман  өзгереді,    оның  ұлы 
оқиғалары шаң беретін жер мен су да өзгеріс үстінде.  Енді келіп кешегі Хазар теңізі  деген 
атауды тек ортағасырлық  тарихи жазбалардан ғана табасыз. Сол сияқты Х ғасырда «Оғыз 
даласы» аталып жүрген дала ХІ ғасырдағы ұлы көші-қондардан соң  «Дәшті- Қыпшақ» 
атана  бастады  дейді  білетіндер.  Бұл  жерде  де  біз  оғыз  мәселесінің  біздің  тарихымызда 
ерекше орын алатынын және көне заман тарихының көмескі бір тұсы екенін ескерткіміз 
келеді. 
  Сонымен мәмлүктер осы ұлы даладан әлдебір себептермен Шығыс елдеріне барып 
қалған  азаматтар  және  олардың  тұқымдары.  Біз  білетін    жазушылардың  көпшілігі 
мәмлүктер өз ара жаугершіліктердің тұсында тұтқынға түсіп, кейін құл ретінде сатылып 

195 
барғандар  еді  дейді.  Тарихи  жазбалардан  біз  Қырымның  жағалауындағы  Судак,  Азау 
бойындағы Кафа сияқты қалалардың құл саудасының орталығы болғанын білеміз.  Түркі 
тектес құлдардың  Шығыс елдеріне келетін тағы бір жолы -Хорезм және оның маңындағы 
сауда  қалашықтары.  Дәшті-Қыпшақтан  барған  азаматтардың  құны  өзгелдерден  көрі 
көбірек  болған  еді  дейді  білетіндер,  себебі  даладан  жаугершілікке  төселген  мықты, 
шыдамды, ержүрек азаматтар саудаға көбірек түсетін. Қайрат Сәки жазуынша «олар ат 
құлағында ойнаған шабандоз, құралайды көзге атқан мерген, шебер найзагер, екі-үш күн 
тамақ ішпесе де сыр бермейтін ыстыққа да, суыққа көнбіс, төзімді».  Шығыс елдерінің 
патшалары мен мырзалары оларды көптеп сатып алып, өздерінің жауынгер жасақтарын 
Дәшті-Қыпшақ даласының азаматтарының  есебінен көбейтіп отырған.  
   Деректерге  қарағанда  сонау  Құтайба  ибн  Мүсілім  заманында  түркі  елдерінен 
барып қалған құлдар Шығыс мемлекет билеуші әулеттерінің жанында өзгеше топ болып 
көзге түсе бастайды.  
  Шығыс елдерінде Аббаси әулетінен шыққан Бағдат халифасы әл-Мұғтасам 830-шы 
жылдары Самарқанд, Ферғана, Шаш (Тәшкент) құл базарларынан арнайы әкелінген түркі 
текті  құлдардан  алғашқы  әскери  қосын  құрады.  Бағдат  халифасы  мәмлүктерінің  үлкен 
тобын  Хорезмнен  келген  жауынгер  түріктер  құрайды.  Біртіндеп  Иракта  Сейхунның 
(Сырдария)  арғы  жағынан  әкелінген  жауынгерлердің  саны  бірнеше  түменге  жетеді. 
Мәмлүктердің өзіне сенімділігіне, адалдығына, ержүректілігіне  риза болған  әл-Мұғтасам 
оларды  жақсы  киіндіріп,  Бағдат  көшелерінде  қару-жарағымен,  атпен  жүріуге  рұқсат 
береді.  Шығыс  елдеріне  тән  бір  тәртіп  қаланың  халқына  қару-жарақпен,  атпен  жүруге  
рұқсат  етілмеген.  Бұл  дәстүр  тіпті  ХУІІІ  ғасырға  дейін  сақталып,  өзіміздің  Тәшкент, 
Түркістанда  қазақтарға  атпен  жүруге  рұқстат  берілетін  де,  жергілікті  сарттарға  қалада 
атпен жүруге тиым салынатын. Олар атқа мінгілері келсе, оны қаланың дарбазасына дейін 
жаяу жетектеп келуге мәжбүр еді.  
  Бағдатта сырттан келген мәмлүктердің қару-жарақ асынып, атпен жүргені оларды 
құл  деп  қабылдайтын  жергілікті  халыққа  ауыр  әсер  етсе  керек.  Біртіндеп  қаланың  тар 
көшелерін  атпен  баса-көктеп  жүретін  мәмлүктер  мен  жергілікті  халық  арасында 
қақтығыстар  басталады.  Осы  себепті    әл-Мұғтасам  мәмлүктеріне  арнап    астананың 
жанынан  жеке  қалашық  салады  да,  оны  Самара  деп  атайды.  «Самара»  атауы  арабтың 
«сарра ман раа» деген сөзінен шыққан дейді Қайрат Сәки, яғни «көрген адам қуанған» 
тамаша құрылыс деген мағынада. 
   Әл-Мұғтасамнан  кейін  билікке  келген  әл-Мутауккидің  заманында  Бағдаттың 
жауынгер  мәмлүктері  мемлекет  билігін  біржолата  қолдарына  алып  алды.  Шығыстық 
әдебиетте  билікке  қатысты  болған  тұтқын  не  жалдамалы  түріктерге  қатысты  «гулям» 
деген  термин  де  қолданылады.  Абу  Шаманың  жазуы  бойынша  «халифалар  олардың 
қолында тұтқын сияқты болатын. Олар оны қажет деп тапса  тақта қалдыратын, 
немесе  қажет деп тапса тақтан тайдыратын, немесе өлтіретін». 
  Осы кезеңде араб және парсы ортасында түрік халықтары және оның жауынгерлік 
қасиеттері  туралы  толып  жатқан  шынайы  және  алып-қашпа  хабарлар  да  көп  тарады. 
Өздерінің санының аздығына қарамастан түрік азаматтары шет жерде тектіліктерін сақтай 
білді.  Олар  тек  әскери  қызметпен  ғана  шұғылданып  қоймай  билік  ісіне  де  белсенді 
араласты. Бір жағынан түріктердің беделінің өсуіне араб-парсының билеушілерінің өздері 

196 
де  кінәлі  еді.  Өзінің  қарамағындағы  халықтан  қорқатын,  оны  күштеп  басып  отыруға 
әдеттенген басшылар тек түрік мәмлүктеріне ғана сүйенді. Өз кезегінде билеушілердің осы 
осалдықтарын түріктер де жақсы пайдалана білді.  
  Қалай болғанда да әл-Жаһиз сияқты араб тарихшылары түрік тегіне қошеметін көп 
білдіріп,  олардың  беделінің  артуына  тікелей  себеп  болды.  Оның  ІХ  ғасырда  жазылған 
«Фатх  ибн  Қағанға  жолдау»  атты  еңбегінде  түріктердің  мінездемесі  берілген.  «Түрік  
жауынгері  жер  басып  жүргеннен    көрі  ат  үстінде  көбірек  болады»  дейді    әл-Жаһиз, 
«олар аңшылықты жақсы көреді және жорықта жүрген кезінде де ат үстінде жүріп, 
кездескен аңын ала береді. Олар аңшылықта аса төзімді, құлан мен жайранның соңына 
түсіп, әп сәтте қағып алады, ал соғыс кезінде садақты төрт жағына бірдей атады». 
Түріктің тағы бір ерекшелігі «ол өзі қолөнердің бәрін игерген, ешкімнен көмек сұрамайды, 
өзгенің ақылы да оған керегі жоқ, олар қару-жарақты, садақ оғын, ер-тоқымды, найза 
мен қалқанды өздері жасап ала береді» (67, с.232). 
  Бұл  ІХ  ғасырда  түрік  жауынгерлігін  сипаттаған  жолдау  текке  жазылмаған.  Оның 
авторы Шығыста белең алған үлкен процессті көрсетіп отыр, ол әскери іске және билікке 
түріктердің  көптеп  араласуы.  Шығарманың  өзі  де  белгілі  дәрежеде  әл-Жаһиздың 
түріктердің  билікке  араласуына  қатысы  барын  және  оларды  дәріптеу  арқылы  көбірек 
келтіруге мүдделі екенін көрсетеді.  
  Шынында  да  Шығыстың  отырықшы  мәдениеттері  сырттан  келетін  қажырлы 
адамдарға  мүдделі  еді.  Себебі  отырықшылық  өрокениет  туындылары  мен  сауда-саттық  
адамды  тез  бұзатын.  Тіпті  түркі  жауынгерлерінің  тұқымдары  да  бірнеше  ұрпақ 
ауысқаннан кейін әлжуазданып, жауынгерлік қасиеттерінен айрылып, мінезі  ұсақтанып, 
азып кететін. 
  Арабтың  жазушысы  Ибн  Йиас  мысыр  шахарының  тұрғындары  туралы 
«Мысырдың  Ніл  өзені  ғажап,  жері    алтын,    бірақ  ол  жер  жаулап  алғандікі,  әйелдері 
ойнақы,  мүлкі  тонаудан  құралған,  байлығы  сырттан  әкелінген,  халқы  щуылдақ, 
қорыққанына ғана бағынады. 
  Мысыр  тұрғындарының  мінез-құлқытары,  жүріс-тұрыстары  бір-біріне  ұқсас. 
Дене  құрылыстары  әлсіз,  өздері  құбылмалы,  шыдамсыз  және  төзімсіз  келеді.  Мінез-
құлықтары өзгергіш, бір заттан келесі затқа тез ауысады. Олар қорқақ, күйрегіш, сараң, 
қиыншылыққа төзбейді, сұлтаннан қатты қорқады. Өздерінің үй-іштеріне селсоқ. Бір-
бірлерін  көре  алмайтын  іштері  тар.  Суайттыққа  жететін  өтірікшілер.  Басқалар 
туралы жаман ойлап тұрады, сыртынан сөз қылуға құмар. Олардың ішінде Құдай ақыл, 
үйлесімді мінезді бергендері бар. «Мысырдың иттері басқа елдің иттерінен жуас» деген 
сөз бар. «Егер арыстан Мысырға енсе бұрыңғы түз мінезінен айрылып, жартқыштығы 
азайады». 
  Білгірлер  мысырлықтардың  денелері  әлсіз,  грек  және  парсы  кітаптарында 
көрсетілген дәрі-дәрмекті көтере алмайды деп айтқан екен. 
  Кейбіреулер мысырлықтар  болатын  оқиғаларды алдын ала болжай алады, оның 
себебі Егіздер шоқжұлдызы олардың төбесіне орналасқан» дейді» (106, 52-53 бб). 
  Осы сияқты пікірлер ежелгі отырықшы өркениеттің жергілікті халықтары туралы 
көп  айтылады. Көбінесе  ауа-райы ыстық,  жері  егіншілікке және бау-бақшаға   пайдалы, 
халқы  ұсақ  кәсіпке  ыңғайлы    Оңтүстік  және  Оңтүстік-Шығыс  Азия  мен  Африканың 

197 
солтүстік  аймақтарындағы      өркениеттер  адамзат  баласының  дамуы    үшін  ерен  еңбек 
сіңірді.  Бірақ  олардың  қоғамдық  дамуына    қозғау  салып,  мемлекет  деген  ұғымды 
саналарына енгізіп,  күнделікті ауыр еңбектен езіліп кеткен тіршіліктерінен бас көтертіп, 
қулық-сұмдық  билеген  өмірлеріне    сәл  де  болса  де  болса  тазалық  енгізетін  Еуразия 
көшпелілері  еді.  Бұл  жағдай  сонау  Шумер  көші-қонынан  басталып  осы  бертіңгі  ХУ 
ғасырға дейін созылды.  Қазақ даласынан  дүркін-дүркін  аттанған жауынгер көшпелілер 
тасқыны  адамзат  табынының  соңындағы  қасқырды  еске  түсіреді.    Олар  дағдарысқа, 
қулық-сұмдыққа,  нәпсіқұмарлық пен  әбестікке батқан отырықшы өркениеттерді  мезгіл-
мезгіл  талқандап,  тірі  қалғандары  мен  көшпелілер  билігін  мойындағандарын    даңғыл 
жолға салып отырды. Бірақ жылдар өте келе өздері де жергілікті елмен араласып, олардың 
мінез  -құлқын,  дәстүр-салтын  қабылдап,  түздік  қасиеттерінен  айрылып  қалып  отырды. 
Біздің  даламызда  ол  кезде  көшпелілердің  жаңа  толқыны  пайда  болып,  ол  толқын  төрт 
құбылаға қарай жөңкіле бастайтын. 
  Міне, мәмлүк мәселесі бізге осы жағымен де қызық.  
  Мысыр жеріне де түркі азаматтарының Дәшті -Қыпшақ даласынан келгені белгілі. 
Оларды  алғаш  әскери  қосын  есебінде  ұйымдастырып,  өзіне  қорғаныс  есебінде 
пайдаланған Мысыр әміршісі Наджмуддин Аюп еді дейді деректер. Жергілікті елмен және 
олардың қауым басшыларымен дұрыстап тіл таба алмаған әмірші өзінің жанына араша 
болар дала азаматтарын көптеп сатып алады да олардың саны мыңға жеткен кезде 1230 
жылдары  Ніл  дариясының  ортасында  орналасқан  Рауда  аралына  мүмлүктерге  арнап 
казарма -қамал салғызады. 
  Қайрат  Сәки  өзінің  «Сұлтан  Байбарыс»  кітабында  мәмлүктердің  екі  тобы  болды, 
олардың алғашқы келгендерін «бахри» деп, ал соңынан келгендерін «бурджи» деп атады 
дейді.  
  «Бахри»  араб  тілінде  теңіз  деген  мағына  береді  дейді  зерттеуші.  Мәмлүктердің 
«бахри»  атануына  олардың  Ніл  дариясының  ортасындағы  аралда  тұрғаны  себеп  болса 
керек.  Сонымен  бірге  тарихшылардың  арасында  алғашқы  мәмлүктер  теңіз  арқылы 
әкелінгендіктен солай атанды деген де пікір бар. Қалай болғанда да осы бахри мәмлүктері 
Мысыр  шахарының  іргесіне  алғаш  қоныс  теуіп,  болашақтағы  мәмлүк  билігінің  негізін 
салды.  
  Мәмлүктердің екінші тобын «бурджи» деп атайтынын жаздық. «Бурджи» деген сөз 
араб-парсы    тілдерінде  «мұнара»  деген  мағынаны  білдіреді.  Олар  да  теңіз  арқылы 
әкелінгені анық болса, неге бірінші топ «бахри», ал екінші топ «бурджи» атанды екен деген 
сұрақ  та  туындайды.  Осыған  байланысты  мәмлүктердің  бәрі  де  қыпшақ  па  еді  деген 
мәселені көтерген дұрыс деп есептейміз. 
  Расында да осы мәмлүктердің шыққан жері Дәшті Қыпшақ болғанымен, олардың 
ру-тайпасы әр түрлі болуы да мүмкін ғой. Қазақтың атақты шежірешілерінің бірі Нұржан 
Наушабаев «Мәнзумат қазақияда» қыпшақты «тоқсан екі баулы», яғни тоқсан екі рудан 
тұратын ел дейді: 
«Ойбас» деп ұран салған дулы Қыпшақ, 
Қоймаған қарсы келген жауды Қыпшақ. 
Баласы Тоқтар абыз-Бес таңбалы, 
Бұл күнде тоқсан екі баулы Қыпшақ. 

198 
  Қыпшақтың тоқсан екі баулы екенін Мәшһүр де жазады және олардың бәрі Шайхы 
бұрқы  диуанының  қасиетімен  пайда  болды  деген  әңгімені  де  қосады:  «Қыпшақтан 
Шойым  (Нұржан  Наушабаевта  -Сүлім  алып-Ж.О.)  алып,  мұнан  Ақкөбік  алып,  мұнан 
Мүйізді алып, Сары алып, мұнан Тоқтар, мұнан Қобыланды. 
Қара,  Сары,  Қытай,  Еділ,  Жайық  атанған  аталары  бар.  Бесеуі  бір 
туысқан  деседі.  Кімнен  өсіп,  өнгенін  айрып  білуші  болмады.  Бұрынғылардан 
айтылып жүрген бір сөз бар еді: қыпшақ бұзады, арғын түзейді. Қыпшақтың 
қарасы  ашуланшақ,  омырау  келеді.  Сарысының  көзі  өткір,  тілі  ащы  келеді. 
“Жақсы кезеңге таласады, жаман отыратын орыннан адасады”. “Жақсылар 
басын  қосқанда  әңгімені  кезек-кезек  айтса  сонда  жарасады”.  “Екі  жақсы 
ерікпес, екі жаман бірікпес”. Бір жүйріктің, аузынан шыққан сөз. Оның арғы 
жағы  кімнен  туып,  қалай  өсіп-өнгендігінде  нем  бар.  «Естіген  құлақтың 
жазығы жоқ» деген, естігенімді сөйлеймін. 
Бес таңбалы қыпшақтың аналары айтқан екен деседі: 
-  Ұзын  бітті  бойыма,  ерлік-батырлық  толды  ойыма,—  депті.  Қол 
таңбалы ұзын қыпшақ атанады. Атыс, Кедел, Бердікей, Қырық жігіт. Анасы 
тағы да: 
-  Бұлтың  бітті  бойыма,  көптік  толды  ойыма,—  депті.  Әліп  таңбалы 
бұлтың қыпшақ таңбасын жақтан басады: Бұғыс, Орыс. Бұғыстан - Жолаба. 
Орыстан — Төбет, Құлатай, Мәдия, Қодас. 
Аналары және айтыпты: 
-  Торы  бітті  бойыма,  кемшілік  толды  ойыма,  —  депті.  Мойын  таңбалы 
торы қыпшақ таңбасын мойнынан басады... 
Аналары тағы айтыпты дейді: 
-  Балық  бітті  бойыма,  байлық  толды  ойыма,  —  депті.  «Қарын  таңбалы 
қара  балық»  атанады.  Таңбасын  қарыннан  басады.  Көсеу  таңбалы  Көлденең 
қыпшақ бар. Бұлардың бәрін бес таңбалы дейді. 
Ел  аузында  ежелден  айтылып  келе  жатқан  әңгіме  Қарақыпшақ 
Қобыланды батыр... Мен Қара, Сарылар Қобыландыдан бұрынғы аталары-ау 
деп ойлаймын. 
Бұл  қыпшақ  екеу.  Бірі  Шайқы-бұрқы  диуананың  дұғасымен  бір  кісіден 
тоқсан екі ұл туған, бәрі де өсіп-өніп, ел-жұрт болған. Қытай көп пе, қыпшақ 
көп  пе  делінген  қыпшақ  осы.  Бұл  қыпшақ  манғол-татардың  манғолынан 
шыққан. 
Бірі арғын- қыпшақтың қыпшағы, мұнан шыққан Қобыланды батыр». 
  Қыпшақ  насаб-намасы  егер  ғылыми  зерттеулер  жүрігізілген  жағдайда  тамаша 
тарихи ақпараттың көзі болатыны мәтіндегі-Сұлым алып, Мүйізді алып, Шойым алып,  
Ақкөбік  алып,  Қобыланды  батыр,  Қара,  Сары,  Қытай,  Еділ,  Жайық  т.б.  атаулардан-ақ 
белгілі. 
  Ақкөбік  алыптың  әңгімесі  Мысыр  мәмлүктерінің  ішінде  аңыз  түрінде  көп 
айтылғанға  ұқсайды.  Сол  әңгімелерді  естіген    белгілі  араб  тарихшысы  Байбарыс  әл-
Дауадар Ақ Көбік туралы: «Түркілер өз жұрттарында тұрып жатқан заманда Дурут 
(Төртуыл)  тайпасының  Қотан  ұлы  Маңғұш  деген  бір  адамы  аңға  шыққанда  Тоқсоба 

199 
(Тоғыз  оба)  тайпасының  Ақ  Көбік  деген  кісісмен  кездесіп  қалады.  Екеуінің  арасында 
ескіден  келе  жатқан  жаулық  болатын.  Ақ  Көбік  осы  жаулық  есіне  түсіп  Қотанұлы 
Маңғұшты  далада  өлтіреді.  Баласының  хабары  кешіккен  соң  Маңғұштың  әкесі 
Жалаңғар  деген  кісіні  жұмсайды.  Ол  Маңғұштың  қаза  тапқанын  айтып  келеді. 
Төртуылдар  кек  қайтаруға  атқа  қонады.  Тоқсобалықтар  да  қарсы  шығады.  Екі 
тайпаның арасындағы шайқас кезінде Ақ Көбік жараланып, тоқсоба тайпасы жеңіледі. 
Ақ Көбік інісін Жошы ханға жұмсап,  Төртуылдардан көрген қорлығын айтып, осыларды 
бір адам  жүгендесе сіз жүгендейсіз деп ханнан көмек сұрайды. Қашанда елдің түбіне 
алауыздық жететіні белгіңлі. Жошы ханның әскерлері  төртуыл ауылдарын шауып, көп 
адамды  өлтіріп,  бір  бөлегін  тұтқынға    алады.  Осы  қолға  түскен  тұтқындарды 
саудагерлер құл базарларына алып шығып, әр түрлі елдерге, соның ішінде Мысырға да 
жеткізеді» деп қызықты оқиғаның шетін шығарады. 
  Қарап отырсаңыз біздің ғылыми тарихнамада  Қыпшақ деп атап жүрген «Төртуыл» 
тайпасы  Арғын  ішінде  де,  Найман  ішінде  де  бар.  Арғынның  үлкен  тармағының  бірі 
Сүйіндіктердің ұраны «Төртуыл» болса, Найман ішінде Төртуыл «Төрт Төлегетайдың» 
(Қаракерей, Садыр, |Матай, Төртуыл)  бірі. Жоғарыдағы  келтірілген Байбарыс әл-Дауадар 
әңгімесі қазақтың ішінде кеңінен танымал  Ақжол би мен Қобыланды батыр арасындағы 
оқиғаны  еске  түсіреді.  Шәкәрім  қажының  баяндауынша  бұл  қарама-қайшылық  Қазақ 
хандығының  құрылуына  алып  келген  маңызды  оқиға:  «Сол  кезде  Шибан  нәсілінен 
Әбілхайыр хан деген 1452-інші жылы Қазақ ханына да, Қырымға да қарамай, өз алдына 
Жошы  ұлысының  күншығыс  жағын  түгел  билеп  тұрды.  Сонда  қазақтың    ханы  Әз 
Жәнібек хан еді. Әбілхайырға қарап тұрушы еді. Әз Жәнібектің шын аты - Әбусағид еді. 
Тоқатемір нәсілінен, Барақ хан баласы еді. 1455-інші жылы (дұрысы 1457 жылы -Ж.О.)  
Әз Жәнібек хан (дұрысы-Кіші Жәнібек хан-Ж.О.)  немере інісі Шаһгерей ханмен тамам 
қазақты алып, Әбілхайырға өкпелеп, Шудағы Шағатай нәсілінен, Есенбұғаның баласы 
Тоқлұқтемір  ханға  қарады.  Әбілхайырға  өкпелеген  себебін  біздің  қазақ  бұлай  айтады: 
Біздің осындағы арғындардың арғы атасы Дайырғожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы 
екен. Әділ айтқандықтан Ақжол атаныпты. Және Қара қыпшақ Қобыланды батыр да 
Әбілхайырға сүйікті екен. Екеуі ішінен жауласып жүргенде, бір күні далада, Қобыланды 
батыр  Дайырғожаны  өлтіріп  кетіпті.  Әз  Жәнібек  хан  біліп,  Қобыландыны  шариғат 
бойынша,  қысас  қылып  өлтіруге  сұрапты.  Әбілхайыр  хан  берейін  десе,  көп  қыпшақ 
бұзылатұғын  болған  соң  бере  алмай,  үш  кісінің  құнын  алып  бітім  қыл  деген  соң,  Әз 
Жәнібек  хан  өкпелеп  кеткені,  біздің  қазақта  мақал  болып  жүрген:  «Қарақыпшақ 
Қобыландыда нең бар еді, құлыным», деген сөз Дайырғожаның сүйегін айналып жүріп 
жылаған әкесі Қыдан тайшы деген кісінің сөзі.  Аты – Қыдан еді, «тайшы» деген өлеңші, 
ақын дегені. Біздің қазақтың арғын атасы Қотан ақын дейтұғыны осы және бұл сөзге 
бір дәлел, арғын Жанақ ақынның уақ Жарқын биге айтқан өлеңі. Жарқын би: «Атаңда 
ақындық бар ма еді?» – дегенде, Жанақ айтыпты:    
Алашта Арғын аға туған зерек, 
Өзгеден ол кісінің жөні бөлек
Арғынның түп атасы ақын Қотан, 
Өлеңге бізден ұста болса керек. 
Жоғарғы Әз Жәнібек хан, қазақты алып ауарда, Ноғай аталған туысқанымыздың 

200 
жақсылары қазақтың жақсыларымен көрісіп, амандасып, жылапты. Соны біздің қазақ 
домбырашылары:  «Ормамбет  хан  өлгенде,  он  сан  ноғай  бүлгенде,  ноғай,  қазақ 
айырылғандағы жылау күй» деп, домбырамен бір зарлы күй тартады».  
  Ендеше  біз  Арғын-Найман    мен  Қыпшақ  арасындағы  қарама-қайшылық  моңғол 
дәуіріне дейінгі кезеңде де болды деп есептей аламыз. Кейін келе Қыпшақтардың Шайбан 
ұлысына қарап, ал Арғын мен Найманның Орда Ежен қарамағында қалғаны белгілі. Қазақ 
хандығының құрылуына осы оқиғаның бір себебі болған болуы керек. Қыпшақтың басым 
көпшілігінің  Шайбани    ханға  еріп  Мәуреннахр  мен  Ферғана  жағына  кетуі  де  ерте 
замандағы  қарама-қайшылықтарға  байланысты.  Осы  сияқты  деректер  ортағасырлық 
Қыпшақ атанып жүрген елдің  өз ішінде қарама-қайшылығы мол құрама екенін көрсетсе 
керек.  
  Дегенмен  Мысыр  уәләйатына  барып  қоныстана  бастаған  мәмлүктердің  ішінде 
қыпшақ болмады деген сөз емес, олар болған. Тіпті араб деректерін атамасақ та, Нұржан 
Наушабаевтың «Мәнзумат қазақиясында» да бұл мәселе аталады. 
Жігітке ата білмек парыз деген, 
Мойыныңда жүрмесін қарыз деген. 
Мекке-Мүкәрәма, Шам жұртында 
Бір шаһар һәмма Қыпшақ-хариз деген,- 
дейді шежіреші. Сөз жоқ бұл жерде Мысырдың мәмлүктері аталып отыр. 
  Сол заманда Еуразияның ұлы даласында қыпшақ атанған тайпалар өзгеден басым 
болды да, олардың маңындағы елдің көпшілігі қыпшақ атанып кетті. Мысырға барғанда 
да олар өздерін өзге елге қыпшақтармыз деп таныстырған болса керек деген пікірдеміз. Ал 
шын мәнінде қыпшақ атанған елдің ішінде Мәшһүр жазғандай Шайхы бұрқы диуанының 
«дұғасымен» өмірге келген толып жатқан алыс-жақын аталар мен рулар  болды. Күшті 
этникалық топтың жанына өзгелердің топтасатыны ертеден белгілі. 
  Екінші бір дерек Мысыр мәмлүктерінің араб тарихшыларының жазбаларында жиі 
кездесетін есімдері.  Қайрат Сәки -Айбек атты есімді 18 адамның иеленгенін, Санжар және 
Ақкүш  есімдерінің  12  адамда  кездесетінін,  Балапан  және  Сұңқар  деген  есімдердің  кең 
таралғанын,  сонымен  қатар  Айтемір,  Айтоғды,  Ақбұқа,  Ақша,  Алмас,  Арғын,  Байқара, 
Байсары, Байтуған, Бақа, Бектемір, Бөрі, Дулатхан, Қарабұқа, Қараша, Қылыш, Қыпшақ, 
Қырық  Шыбық,  Құтлы,  Құтыз,  Кебек,  Кекілді,  Күшік,  Күнтоғды,  Көкбөрі,  Моншақ, 
Сарыбұқа,  Таз,  Тайбұқа,  Тайбарыс, Темір  тас,  Тоғыз темір,  Турабай,  Тұман,  Тұрымтай, 
Шүберек сияқты қазақи есімдердің жиі кездесетінін жазады (106, 23 б.).  Бір қызығы сол 
заманда Мысырда Байбарыс есімін иеленген он бір мәмлүк болыпты. Олардың бәрі де әр 
түрлі  тарихи  оқиғаларға  қатысы  бар,  есімдері  мен  қызметтері  тарихи  шежірелерге 
түскендері. Осы деректердің өздері Мысыр тарихында түркі тектес азаматтардың өте көп 
еңбек сіңіргенін, кейіннен олардың бәрі де жергілікті елмен араласып, мысырлық болып 
кеткенін дәлелдейді. 
  Мәмлүктердің  Мысыр  жерінде  көбейуі  бұл  елдің  өз  тәуелсізідігін  жариялауына 
мүмкіндік  берді.  Кезінде  Бағдат  халифатына  бағынып  тұрған  Мысырда  тек  уәли 
отыруышы еді , яғни Бағдат халифының қызметкері (парсыша -мәлік, орысша-наместник). 
870  жылдары  Мысырға  Бағдаттан  түрік  текті  Тулун  Бухара  уәли  болып  келді,  осы 
кезеңнен бастап Мысырдың оқшаулануы басталады. Оның баласы Ибн Тулун заманында 

201 
жанына 24 мың адамдық мәмлүк  жасағын жинағаны деректерде айтылады. Одан басқа да 
жауынгер жасақтары көп болғанға ұқсайды. 
  Қайрат  Сәки  мысырлық  түркі  жауынгерлдерінің  Еуропадан  Айса  пайғамбардың 
табытын  мұсылман  қолынан  аламыз  деген  желеумен  басқыншылық  жасап  келген 
кресшілерге  қарсы  соғыстарға  белесене  қатысқанын  жазады:  «ХІІ  ғасырда  атақты 
Салахуддин  әскерінің  ең  қадірлі  бөлігі  түркілерден  құралғаны  шындық.  Сол  себепті 
христиан  патшаларының  крест  жорықтарына  қатысқан  тарихшылар  мен 
жылнамашылардың  Салахуддин әскерін түркілер деп көрсетекені дұрыс». 
  Біз  жоғарыда  мәмлүктердің  «бахри»    және  «бурджи»  атанып  екіге  бөлінгенін 
айттық.  Бұл жерде «бахри» қымбат деген мағынаны да білдіруі мүмкін, ал «бурджи», яғни 
мұнара сөзі  атау ретінде  тіпті де мәмлүктердің мінездемесіне келмейтін сияқты. Біздің 
пікірімізшен  «бурджи»  кейінгі  мәмлүктердің  басым  көпшілігі  шыққан  Бөрші  руының 
атауын  да  нұсқап  тұруы  мүмкін.  Себебі  «Бурджиларджың»    көпшілігі  Қырым  жерінен 
әкелінген  әскери  тұтқындар.  Тіпті  Байбарыс  сұлтанның  өзі  де  осы  Қырым  аймағында 
туған,  бала  кезінде  Бұлғар  ханы  Анардың  қолына  тұтқынға  түсіп,  кейін  құлдыққа 
сатылады.  
  Енді  Бөрші  атауы  Қырым  жеріне  қалай  келді  деген  мәселеге  ат  басын  аздап 
бұрайық. Шежіреге қарасақ Арғын ішіндегі үлкені болып саналатын  Қуандықтың алты 
баласының  біреуі -Бөрші.  Революцияға дейінгі патша үкіметінің санақтарда екі старшын 
ғана болатын елдің көпшілігі қазақ жерінен тыс өмір сүретіні күмәнсіз. Оған бір дәлел 
Бөрші  елінің  Қуандықтың  Алтай,  Қарпық  сияқты  азаматының  саны  мол,  іргелі 
аталарымен  тұрғылас  болуы.    Бөршіден  бірнеше  аталар  тарайды.  Олардың  ішінде 
Жоламан  мен  Алатаудың  көпшілігі  Қорғалжын-Теңіз  маңында  мекендеген,  Түркістан 
аймағында да кездеседі. Бөршіден тарайтын үшінші ата Аяпбергеннің тұқымы Қытайда 
дейді  шежіре  білетін  қариялар.  Қай  заманда  олар  Қытайға  өтті,  ол  туралы  дерек  жоқ.  
Бөрші балалары Ғұн заманында Арғын елі бері көшкенде сонда қалып қойды ма, ол жағы 
белгісіз. Қазіргі күні Қорғалжын өңірінде Бөршілдердің тығыз орналасқан жері екі ауыл 
ғана бар. Бірі- Сарыөзен бойы, екіншісі- Сабынды. Сабынды қазақи және бертінгі заманға 
тән көл атауы дейік, ал Сарыөзен атауы қай заманнан бері келе жатыр ? Біздің есімізге 
бірден ерте заманда Ғұндар мен Қытай арасында даулы болатын Хуанхэ (Сарыөзен) түседі. 
Сарыөзен  мен  Ордос  жазығы  кезінде  біздің  ата-бабаларымыздың  қонысы  болған  жер. 
Орталық  Азия  көшпелілері  мен  Қытай  арасында  осы  жерге  талас  бірнеше  жүздеген 
жылдарға созылды. Бұл күрес Ғұн дәуірінде басталып, Түркі дәуірінде жалғасып, Моңғол 
дәуірінің соңына қарай Қытай пайдасына шешілді.  
  Қазақтың  өзге  аталарының  тарихы  сияқты  Бөршінің  тарихы  да  көне  тарихпен 
астасып кетеді.   Бұл Ғұндардың ұлы қоныс аударуы кезінде пайда болған, қалың 
көштің  алдында  жүретін  жауынгер  жасақ.  Батысқа  жылжыған  ғұндар  IV 
ғасырдың  70-ші  жылдарында  оңтүстік  –  шығыс  Еуропаға  аяқ  тіреді.  Жолай 
ғұндар  угор  /естек/  тілдес  елдерді  бағындырып,  одан  әрі  алан,  славяндарды 
қосылып,  Боспор  патшалығын  талқандап,  376  жылы  Римге  найзасын  тіреді. 
Баламер  патша  заманында  Еуропаны  ала  бастаған  ғұндар,  Ругел  тұсында 
жалғасып,  Аттила  /Еділ-Едіге/  тұсында  жаулап  алу  аяқталды.  Бұл  дәуірдің  ең 
ұлы  оқиғасы  деп  тарихшылар  451  жылы  болған  Франция  жеріндегі  Каталаун 

202 
шайқасын  атайды.  Рим  мен  Ғұн  арасындағы  соғыста  200  мың  адам  қайтыс 
болған  екен.  Герман  тайпалары  амал  жоқтықтан  бірі  Рим  жағында,  екіншілері 
Ғұн  жағында  шайқасты.  Осыдан  кейін  Аттила  Рим  империясының  орталық 
бөлігін  талқандап  патшаның  қарындасын,  Римнің  қазынасын  алды. 
Корытындылай  келсек,  ғұндар  бастаған  «халықтардың  ұлы  қозғалысы»  әлем 
тарихында орта ғасырлардың қақпасын ашып, феодалдық дәуірді бастап берді. 
Ғұн  соғысынан  кейін  құл  иеленуге  негізделген  Рим  империясы  ыдырап 
Еуропада  ұлттық  мемлекеттер  пайда  болды.  Бұл  Еуропа  тарихы  үшін  үлкен 
прогресс еді 
 
 
  -Міне, осы алапат қозғалыс кезінде Бөршілердің алдыңғы қосындары өзге 
арғын  топтарымен  бірге,  вестготтарды  ығыстыра  отырып    Солтүстік-Шығыс  
Испания  өлкесіне  барып  қалды.  Олардың  табан  тіреген  жері  кейіннен  Арагон 
облысы  аталды.  Еуропа  траихының  орта  ғасырларында  Бөршілердің  атын 
әлемге шығарған  Борджиа әулеті осы  Арагон өлкесінің тумалары. Осы өлкеде 
билік құрған әулет кейіннен Италия ақсүйектерінің қатарына кірді де Борджиа, 
нақтырақ  Борджа  (италиян  тілінде  -Borgia)  аталды.  Испандық  оригиналды  
транслитерацияда—  Борха  деп  те  аталады,  ал    Арагон    өлкесінің  өз  тілінде  
Borcha,  немесе  өзге  көрші  испандық  иеліктерде  (Каталония,  Валенсия)  Borja 
түрінде  жазылады.  Арагон  тілі    жергілікті  испан  тілімен  қазіргі  күні  жоғалып 
кеткен ғұн тілінің араласуынан туған тілдердің бірі. Біздің пікірімізше бұл тіл 
біздің  қазақ  тіліне  негіз  болған  көне  түрік  тіліне  жақын    болса  керек.  Оны 
арагондық  «Борча»  мен  қазақтық  «Бөрші»  атауларының  жазылуының  және 
айтылуының ортақтығы мен ұқсастығынан да аңғарамыз. 
  Борджиа әулетінің гербі (ел таңбасы)  -қызыл бұқа. Бұл әулеттік ел таңба 
батырлықтың,  жауынгерліктің  белгісі  деп  саналады  және  Мәшһүр  Жүсіп 
Көпейұлының  Алтай  батыр  туралы  әңгімесіндегі  «Алтай  -Арғынның  сәуірі» 
деген  дерегін  еске  түсіреді.  Сәуір  деген  сөз  бұқа  болып  аударылатыны  бізге 
белгілі.  Борджиа  әулетінен  католик  әлемін  билеген  Римнің  екі  папасы  және 
жиырма  шақты  кардинал  шықты.  Тарихи  деректерге  қарасақ  қатысы  аз  емес 
екен.  Қырымның  дәл  ортасында,  Қырым  хандарының  ордасы  болған 
Бақшасарайда  Бөрші  атты  елді  мекеннің  орыны  жатыр  және  Бөрші  аталатын  
елді мекен біреу емес бірнешеу екен. Соның бірі және мықты дәлелі Қырымның 
нақты картасында (подробная карта Крыма масштаба 1 см: 2 см) мен мұндалап 
тұрған  Қотыр  Бөрші  (түпнұсқада  -Котур  Бурчи).    Бұл  елді  мекен  қазіргі  күні 
әкімшілік  жағынан  Қырым  автономиялық  облысының    Красногвардейский 
ауданының жерінде. 
  Қырымдағы тағы бір Бөрші атауын еске түсіретін топонимдер Үлкен және 
Кішік-Бурчи  аталатын  ескі  ауылдардың  атаулары  (Бушаков  В.А.  Тюркская 
этноойконимия  Крыма.  Москва,  1991).  ХУІІІ  ғасырдың  соңында  бұл  ауылдар 
Таврия облысы (Тавр – бұқа  деген сөз, грекше нұсқасы ) Перекоп (Ор бұғазы) 
қаймақандығына  қараған,  оның  ішінде  Қарауыл  қадылығы.  Бөрші  ауылдары 
бертінгі карталарда жоқ, көбінесе Қырымның ескі карталарында кездеседі.  
Бір  қызығы  Қырымдағы  бұрыңғы  «Арғын  қадылығы»  деп  аталатын 

203 
уәләйатта  Найманның  бірнеше  қоныстары  кездеседі  (Жоғары  Найман,  Жаңа 
Найман,  Ашығы  Найман  т.б.).  Осыдан  -ақ  Ғұн  дәуіріндегі  ұлы  қоныс 
аударуларға арғын-найманның бірге қатысқанын мойындауға тура келеді. 
Осы  Бөршілерден  шыққан  Байбарыс  Кетбұқа  бастаған  моңғол-татар 
әскеріне тойтарыс берушілердің бірі болды.  

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал