Жамбыл Омари



жүктеу 5.01 Kb.

бет18/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

22. Иракты жаулап алу және халиф өлімі 
  Енді Бағдатқа жол ашылды. Бұл кезеңде Бағдаттың да ішкі жағдайы мәз емес еді, 
дағдарыс патша сарайы маңынан басталды. Билік басында уәзірлердің өз ара келіспеушлігі 
халықтың  арасындағы    наразы  топтардың    анда-санда  бас  көтеріп  қоюына  алып  келіп 
отырды.  Бірақ  қалай  дегенмен  500  жылдан  аса  Бағдат  өлкесіне  билік  жүргізген  Аббас 
әулеті  тақтан  оңай  ажырамайтыны  белгілі.  Оның  үстіне  бүкіл  мұсылман  әлемінің 
билеушісіміз деген сенім тек халиф әулетін ғана емес, сонымен бірге қарапайым халықтың 
да  менмен мінезін туғызды. 
  Хулагудың   жорықтың алдында бірінші атқарған  ісі Хамаданнан Бағдат халифіне 
1257 жылдың шілде айында арнайы хат жіберді.   Бұл хаттың мазмұнын  ультиматум десек 
те болады, моңғол-татарлардың талабы- не жау болып қырылу,  не дос болып Шыңғыс 
әулетінің дәргейіне бас ұрып, тату  тұру: 
«Біз  дін  бұзушылармен  соғысып,  олардың  бекіністерін  алып  жатқанда  саған 
қарамағыңдағы  елден  әскер  жинап,  көмек  көрсетуіңді  сұрадық.  Сен  болсаң  «Мен, 
бағынатын болдым» деп бізді алдарқатып, сұраған әскерді жібермедің. Біауыздылық пен 
бағыныштылықтың белгісі  ортақ жауға қарсы жорық кезінде көмек еді, ондай көмекті 
сен жасай алмадың.  
  Әрине, сеенің әулетің талай замандар билік құрған күшті және көне әулет. Саған 

185 
сенің  бектеріңмен  қара  халқың  лемдегі  өзгерістерді  айтқан  болар.  Шыңғыс  хан 
заманынан  бері  қарай,  қазіргі  уақытқа  дейін  Хорезмшахтар,  Сельджуктер,  Дейлемп 
мәліктері, Атабектер біздің дәргейімізге бас ұрды, олар да заманында ұлы да еді, күшті 
де  еді.    Осы  аталған  билеушілердің  барлығына  дпа  Бағдат  қақпасы  ашылды,  олар 
Бағдатты  орда тұтты. Енді қалайша Бағдат қақпасы, біздің қолымыздағы орасан күш 
пен салмақтың алдында ашылмайды ?  
  Біз бұрын да саған сан рет айттық, қазір де ескертеміз, бізге қарсы келуші болма, 
күресемін  деп  әуре  болма,  күннің  көзін  балшықпен  жауып  қоя  алмайсың,  инелікті 
жұмырдықпен ұрамын деме, түбінде таяқ жеп қаласың !  
  Болған  іс  болды  енді.  Егер  сен  қаладарыңның  бекініс  қамалдарын  қиратыпғ 
орларын топырақпен бітеп, патшалығыңды ұлыңа тапсырып  және біздің алдымызға 
көрініске келсең біздің кешірімімз мол. Өзің келмесең онда уәзірді, Сүлеймен шахты, және 
дауатарды    үшеуін  қосып  жібер,  олар  бізге  жолығып,  саған  айтар  сөзімізді    төгіп-
шашпай,  шашау  шығармай    жеткізсін.  Бір  сөзбен  айтқанда  егер  сен  біздің 
жарлығымызға бағынып, жаулықты тоқтатсаң, ондща бізге соғысқа себеп болмайды,и 
сенің  иелігің  де,  әскерің  ден  өзіңден  қалады.  Ал  енді  біздің  кеңесімізді  алмасаң,  бізге 
қакрсылық жасамақ болып, жауласа бастасаң, онда соғысқа дайындал, кездесетін жерді 
белгіле. Егер мен Бағдатқа әскерді бастасам, онда аспанға ұшсаң да, жерге кірсең де 
қоймаймын, сенің патшалығыңды жер бетінен жойып, адамын қырып, қаласын өртеп 
жіберемін. Сен егер өзіңнің ежелгі әулетініңді сақатағын келсе менің айтқаныма құлақ 
ас, егер құлақ аспасаң, онда Құдайдың бұйырғанын көресің» (100, т.3, с.34-35).  
  Бұл хат халифаға да жетті. Сарайда бірнеше түрлі пікір бар еді, бір жағы Хулагумен 
тіл табысу керек десе, екінші жағы қарсы тұру керек деді. Бағдаттың қара халқы көшеге 
шығып кетіп, татар-моңғол әскері келе қалса оларды күл қылып жібереміз деп өршеленіп 
тұр еді. Осы екінші бағыттағы пікрдің әсерімен жазды жауап хатты халифа: 
«Сен жаса бала, тәжірибең жоқ, ал өзіңді мәңгілік өмір сүретіндей көресің, бақ пен 
бақыт  саған  он  күндей  қонып  тұрса  бүкіл  әлемнің  падишасы  сезінесің,  сен  өзіңнің 
жарлықтарыңды  тағдырдың  өзі  бұйырған  және  қайтса  де  орындалуы  тиіс  үкім  деп 
ойлайсың, мен саған айтайын өзіңнің іздегеніңді менен таппайсың. 
  Жас ханзада шамасы Шығыс пен Батыс арасындағы, патшалар мен қайыршыларға 
дейін, жас пен кәріге дейін, кім Құдайға мойынұсынса және дінді ұстанса,-олардың бәрі де 
біздің тақтың құлы және менің әскерім. 
  Менен  бұйрық  болса  оның  бәрі  тас-түйін  жиналады,  сол  әскермен  мен  алдымен 
Иранның шаруасын бітіремін, содан кейін Тұранға аттанамын, және әркімді де өз орнына 
қоямын.  
  Сөз  жоқ  бүкіл  әлем  толқиды  және  бұзылады,  ал  мен  бірақ    адамдар  арасындағы 
жаулықты көздемеймін, жорыққа шыққан әскердің табынында бейбіт халықтың қалғанын 
жақтырмаймын. Қарапйым елдің қарғысы мен баатсы ауысып тұрады. 
  Менің  ұлы  қаған  мен  Хулагу-ханға  деген  құрметім  шексіз.  Егер  сен  мен  сияқты 
достықтың дәнін іздесең, онда саған менің бекініс -қамалдарым мен қызметшілерімнің не 
керегі бар. Достықтың жолына түс те Хорасанға қайта бер.  Ал егер жау боламын десең, 
майданда  кезлдесемін  десең  менің  қол  астымда  миллион  жауынгер  бар,  олардың 
өшпенділігі тұтанса теңізден тамшы қалмайды».  

186 
  Осы хатпен, қоржындарына ұсақ-түйек сыйлық салып, жнадарына екі тілді адамын 
қосып,    ол  хабаршыларды  кейін  қайтарды.    Моңғол  елшілері  қамалдың  сыртына 
шыққаннан  кейін оларды    Бағдаттың  қара халқы жүргізбей  қойды,  моңғол  елшілерінің 
шапанының етегінен жұлқылап,  түкіріп,  топырақ лақтырып, қарсы бір сөз айтса өлтіруге 
де дайын еді. Қара халықтың мына бет алысын көргеннен кейін уәзір түрік гулямдарынан 
жүз адамды жіберіп оларды жолды қуды.  
  Міне, Хулагу мен Бағдат халифы арасындағы келіссөздер осылай басталып еді. Екі 
арадағы жаулық өрші келе қиян-кескі соғысқа алып келді.  
  Хулагу  Бағдаттың  маңына  жан-жақтан  мұсылман  әскері  топан  судай  құйылып 
жатқанын естіді.  Осы себептерге байланысты Хулагу алдымен өзінің әскерлеріне тексеру 
жүргізіп, қару-жарағын реттей бастады.  
  Екіншіден  Хулагу  Бағдат  маңындағы  уәләйаттардың  басшыларымен  укеліссөздер 
жүргізе бастады. Солардың бірі Дертенг пен оный аймағында билік жүргізетін Хусам-ад-
дин  Акка  еді.  Оның  халифпен  арасының    нашар  екенін  білеитін  Хулагу  оған  арнайы 
шақырушы жіберді. Хусам болса бұл шақыруды қабылдап , қаланы балсмы әмір Саидқа 
тапсырып  Хулагуге  көрініске  келді.    Ханзада    бұл  әкімді  жылы  қабылдап,  көптеген 
сыйлықтар беріп риза қылды. Кетерінде Хулагу Хусамға Диз-и -зар, Диз-и Мардж сияқты 
бірнеше бекіністің иелігін тапсырды.  
  Бұл  бекіністьердің кілттері қолына  тимген  соң  Хусам-ад-дин  тым асқақтап  кетті,-
дейді  Рашид-ад-дин.  Жалма-жан  Ирбил  қаласының  билеушісі  Ибн  Салайя  Алявиге 
хабаршы  жіберіп    өзін  халифпен  татуластыруды  өтінееді  және  Хулагу  ханның  жолын 
бөгеуге дайын екенінт жеткізеді. Мен егер халфи атты іскер берсе, осы ерден түркмен мен 
күрдден жүз мың әскер жинап, Хулагу ханды Бағдат маңына жолатпас едім-мыс делінді 
хабакрда.  
  Бұл  әңгіме  Бағдат  халифына  да  жетеді,  бірақ  ол    бұл  ұсынысқа  аса  мән  бермеді 
делінеді деректерде. Бірақ бұл әңгіме моңғол-татардың жансыздары арқылы Хулагу ханға 
жетеді. Ол Хусам-ад-диннің бұл қылығына мән береді. Сөйтеді де Кетбұқа бастаған отыз 
мың әскерді  Дертенг аймағына аттандырды. 
  Кетбұқа ноян Дертенг түбіне келіп  өзінің шатырына «Бағдатқа шабуыл біржолата 
шешілген  әңгіме,  ақылдасатын  шаруалар  бар»  деп    алдымен  Хусам-ад-динді  кездесуге 
шақырды.  
  Өзінің  сатқындығы  туралы  әңгімеден  моңғол-татарлар  бейхабар  деп  ойлаған 
Хусам-ад-дин  Кетбұқаның  шақырғанынан  жетіп  келді.  Кетбұқаға  да  керегі  осы  еді,  ол 
Дертенг билеушісін қамаққа алып,  қашып кетпесі үшін жанына күзетші бекітті. Содан 
кейін: 
-Сен егер басыңды аман сақтағың келсе  және осы бекіністердің әкімі болып бұдан да 
әрі отырыцамын десаең бекіністердегі өзіңнің от басыларың бар, өзге халық бар, әскер бар, 
барлық  халықты  түгел  шығар,  мен  оларды  санақтан  өткізіп,  көпшүр  мен  салығын 
саламын,-деді. 
  Хусам  амал  жоқтықтан  бекінстерді  тастап  шықсын  деген  жарлығын    жаңағы 
қалашықтарға жіберді, басқа амал жоқ еді. Халықтың бәрі тысқа шықты. Осыдан кейін 
Кетбұқа: 
-Сен  гер біздің патшамызға шын берілген адам бослаң, енді мына халыққа  бекініс 

187 
қамалдарын қират деп жарлық бер,-деді. 
  Хусам сонда ғана өщзінің көпірме сөздерінің  Хулагуге жетукенін білді. Амал жооқ 
қалалрдың бекініс-қорғандарын бұзуға жарлық берді.  
  Дертенг  аймағы  осылайша  татар-моңғолдың  қол  астына  енді.    Хусам-ад-дин 
маңындағы жақын адамларымен өлім құшты. Тек бір ғана бекініс бұл жолы аман қалды, 
оның  ішінде  Хусмамның  ұлы  Саид  бар  еді.  Ол  Кетбұқаның  бекінісвті  босат  дегеніне 
көньбей  қарсылық  жасауға  бекінді.  Бірақ  оның  Кетбұқаға  қарсы  шығуға  күші  жоқ  еді. 
Саид  болса  бірсыпыра  уақыт  тау  ішінде  жасырын  жүрді,  анда-санда  соңына  ерген 
нөкерлерімен  татар-моңғолдың  қоныстарына  барымта  да  жасап  қояды,  ақыры  Бағдат 
түбіндегі  соғыста  өлді.  «Дертенг  өңірін  бағындырып  Кетбұқа  үлкен  жеңіспен  және 
даңқпен Хулагу  хан ордасына қайтып келді»,- дейді Рашид-ад-дин (100, т. 3, с.39).  
  Хулагу  хан  осыдан  кейін  де  Бағдат  шаһарына  жорық  мәселесін  әскер  басылар 
алдында да, өзінің жанында бақсы-балгерлерінің арасында да талқыға көп салды. Шыңғыс 
хан заманынан қалған дәстүрдің бірі  әр әскери жорықтың тыңғылықты дайындалуы еді. 
  Шығыс тарихышалры бір қызық әңгіменің шетін шығарады. Бір жолы Хулагу хан  
елдің  арасында  керемет  делінетін  жұлдызшыны  шақырды  дейді  сарайға.  Жұлдызша 
бұрын да хан алдында болып, ойына келгенін ірікпей айтатын батыл адам болыпты. Оған 
осылай- да осылай Бағдат шаһарына жорыққа шыңғайын деп отырмыз, сен осы жорық 
сәтті болады ма, жоқ па,соны жұлдыздарға қарап біліп бер дейді. 
  Жұлдызшы  әрі-бері  есеьбін  жасап  «Бағдатқа  жорық  жасау  мен  Аббас  әулетімен 
соғыстың  сізге  беретін    бақыты  жоқ.  Осы  күнге  дейін    Бағдатты  алмақ  болып,  Аббас 
әулетіне  қару  көтерген  патшалардың  ешқайсысы  да  не  өзінің  патшалығына,  не  өзінің 
өмірінен қызық көре алмай кетті.  Егер хан бұл менің сөзімді тыңдамай сол жаққа жоырққа 
шықса алты түрлі жамандыққа ұшырайды» дейді. 
  Бұл жолдың  алты түрлі жамандығы бар: 

біріншіден, аттар қырылып, жауынгерлер ауырады; 

екіншіден, күн тұтылады, күннің көзі көрінбейді; 

үшіншіден, жаңбыр жаумайды, жұт басталады; 

төртіншіден, құйын көтеріліп, әлем бұзылады; 

бесіншіден, жерге шөп шықпайды; 

алтыншыдан, ұлы билеуші сол жылы қайтыс болады,- дейді. 
      Хулагу  жұлдызшыға  осы  сөздеріңді  хатқа  түсіріп  бер  дейді.  Жұлдызша  барлық 
көріпкелін қағазға жазып береді. Кетбұқа мен басқа әмірлер, ханның жанындағы бақсылар 
«Бұның айтқаны сандырақ, Бағдатқа жорықты бастайық» дейді. 
Осыдан кейін хулагу Нәсір ад-дин Туси деген белгілі қожаны шақырады.  

 
Ол  мән-жайды  білгеннен  кейін,  бұл  айтылған  көріпкелдіктің  біреуі  де 
келмейді дейді. Хулагу -ал сонда не болады десе керек. Қожа: 

 
-Хулагу хан халиф орнына отырады,- дейді.  
  Хулагу  хан  осыдан  кейін  жұлдықшыны  шақырып,  оны  қожамен  екеуін  дауға 
салады. Сонда  Нәсір ад-дин Туси қожа айтқан екен: 
  -Мұхаммед  пайғамбардың  жанына  ерген  сахабалардың  талайы  заманында 
өлтірілді,  одан  кейін    табиғаттың  апаты  болды  деген  хабар  жоқ,    мұны    мұсылман 
баласының бәрі де біледі.  Ал  енді  Аббас  әулеті  ерекше  бір  жаратылған  дар  деасеңдер, 

188 
Хорасаннан  келген  Тахир  Мамуннің  бұйрығымен  келіп  оның  ағасы  Мұхаммед  Әмінді 
өлтірді, ал Мүтәуаккилді өзінің әмірлдерінің көмегімен өзінің баласы өлтірді, ал Мүнтасир 
мен  Мутазаны  өздерінің  әмірлері  мен  гулямдары  өлтірді.  Осы  сия\қты  бірталай 
халифтарды әр түрлді адамдар өлтірді, оған бола ешақнадай табиғат апаты болған жоқ,- 
деп дәлелді сөзін айтты.  
  Осыдан  кейін  көңілі  орнына  түскен  Хулагу  Бағдатқа  жорықты  бастады  дейді. 
Алдымен  Ұрым  жерінде  тұрған  Байджу  ноянға,  өзінің  және  Шормағанның  әскери 
қосындарын  алып  Бағдаттың  батыс  жағынан  жақындауын  тапсырды.  Олар  Ирбилиден 
шығып, Мосул көпірінен өтіп, Бағдатты батыстан қоршауы керек. Шығыстан негізгі қол 
келгенде олар да шабуылға кірісуі керек.  
  Хулагу әскерінің оң қанатын  1252  жылғы Құрылтайдың шешімімен  Хулагу қол 
астына  келген  Жошы  немерелері  Бұлғай  Шайбан  ұлы,  Тутар  Сонкур  ұлы,  Кули  Орда 
Еженұлы құрады.  Бұларға Бұқа Темір мен Сунджак ноян қосынлдары қосылды.  
  Сонтай  ноян,  Кетбұқа  -еноян,  Кудусун  мен  Елке  сол  қанат  болып    Луристан, 
Текреит, Хузистан, Баят тарапынан шқты. Бұл 1257 жылдың қаңтар айы еді.  
  Бағдат шекарасына жақындағанда Халиф тарапынан  уақытылы алым-салығыңды 
төлеп  отырамыз,  әскеріңді  шегіндер  деген    сәлеммен  елші  келді.    Хулагу  кеңесшілері 
халиф уақыт ұту үшін, бұл сәлемді әдеілеп айтып отыр, алға жылжи берейік деді. 
Хулагу  Бағдат  халифіне  «Біз  осыншама  жол  жүріп  үлкен  мехнатпен  сіздің  елдің 
шекарасына жеттік, енді қалай сізді көрмей, сәлем бермей, қайта қайтамыз ? Сіз бізді 
қабылдағаннан кейін, кездесуден соң және әңгімеден соң, сіздің рұқсатыңызбен қайтамыз 
да» деп жауап жіберді.  
  Бағдатқа  жақындаған  уақытта  Сунджак  ноян,  Байджу  батыр,  Сонтай  әскерлері  
бағдат  халифының  жақын  адамдары  бастаған  әскери  шептерді  ала  бастады.  Солардың 
басты  адамлдарын  алып  Хулагуге  тапсырды.  Хан  олардың  кейбіреуін  қайтпас  сапарға 
жіберіп, кейбіреуін қызметке қалдырды.  Жаңғы аты аталған нояндардың әскері Бағдатты 
батыс жағынан шабуылдауға аттанды.  
  Тарихшылар  қызықты  оқиғаларды  да  жазады.  Бағдат  бағытындағы  моңғол 
әскерінің ішіенде түбі хорезмдік Сұлтаншақ деген бек бар елі дейді. Ол Бағдат халифы 
жағындағы алдыңғы әіскердің басшыларының бірң қыпшақ Қарасұңқарды білсе керек. Ол 
өз бетімен бе, әлде ханның тасырмасы болды ма Қарасұңқарға хат жазады. Осылай да 
осылай, «біздің түбіміз бір, сен қаруыңды таста да бізге бағын, біз бірнеше жыл қағанға 
қызмет  жасап  жүрміз,  жаман  емес,  жағдаймыз  жақсы.  Бала  шағаң,  мал-дүниең  аман 
қалсын  десең  менің  ұсынысымды  қабылда.  Мен  ара  ағайын  болайын»  дейді  ғой. 
Қарасұңұқар болса Аббас әулетінің күштілігене аса сенімді болса керек : «Моңғолдардың 
Аббас  әулетіне  тиісетін  не  жөні  бар  ?  Бұл  әулет  500  жыл  болды  ешкімнен  жеңіліп 
көрген  жоқ.  Хулагу  бір  құйын  сияқты,  ол  соғып  өтеді,  халиф  орнында  қалады.  Оның 
атасы  Шыңғыс  хан  да  ештеңе  жасай  алмаған.  Бағдатқа  қарсы  келген  жан  тірі 
қалмайды.  Егер  Хулагу  жанын  сақтаймын  десе  тез  арада  Түркістан  мен  Хорасанға 
қайтысын, Рей өзенін шекара қылсын. Халиф қатты ашулы. Егер Хулагу алған бетінен 
қайтса, өзінің жасаған шаруасына өкініш білдірсе  біз халифты бұдан әрі соғыспауға, 
қудаламауға  көндерейік.  Мүмкін  ол  қантөгісті  жасамаймын  деп  бейбітшілікке  де 
көнер»,-дейді.  

189 
  Осыдан  -ақ  Бағдат  халифатында  елдің  ахуалын-түсінігін  көруге  болпадыв.  Олар 
дың көпшілігі Бағдат мәңгілік ел сияқты  міз   бақпайды деп ойлады.  
Дегенмен 
бұл 
кезеңде де Хулагу Бағдат халифына елші салып, моңғол билігін бейбіт түрде, қантөгіссіз  
мойындауды талап етумен болды.  
  Хижра  есебімен  655  жылдың  зулхиджа  айында  (1257  жылдың  желтоқсаны) 
Кетбұқа Луристан аймағындағы  көпитеген қалаларын біреуін күшпен, біреуін амалмен  
бағындырып, өзінің шатырын Хулагу ордасының жанынан тікті.  
  Алғашқы  соққыны  Байджу  ноян  мен  Сунджак  ноян  қосындары  Бағдатқа  жақын 
жерде   (тоғыз фарсанг, яғни 60 шақырымдай) жерде берді. Халиф әскері моңғолдардың 
Бағдатты батысынан орап келгенін еатіп, Тигр өзенінінен өтіп жаңа лагерь құрып жатқан 
жерге жақындады. Тікелей соғысқа  кірмей шегінген   Байджу ноян мен Сунджак ноян 
қосындары  қолайлы  сәтті  іздестірді.  Ондай  сәт  Бағдат  әскерінің  сол    маңдағы  тоған 
тоспалардың  жанына  келгенде  болды.    Моңғол-татар  әскерлері    Бағта  әскері 
жақындағанды тоғанды ағытып қоя берді.  Тоғаннан босаған су  топан су сияқты  Бағдат 
әскерінің  артын  шайып  кетті,  алдынан  сол  кезде    моңғол-татар  әскері  лап  берді.    Бұл 
қақтығыста    Бағта  тық  әскередн  20  мыңы  өліп,  қалғанджары  бас  сауғалап  қашты. 
Жоғарыда Бағдатты мақтап, Аббас әулетіне шаң жуытпаған қыршақ Қарасұңқар сияқты 
әскер  басылар  осы  соғыста  құрбан  болды  дейді.    Қырғыннан  аман  қалғандары  жан  
сауғалап қашумен болды.  
  1258  жылдың  қаңтарының  соңына  қарай  Хулагу  қосындары  Бағдатты  түгел 
қоршады  да,  оны  тас  атқыш  қарулармен  атқылай  бастады.  Хулагудың  өзі  Аджам 
мұнарасының түбінде тұрып, соғысты бақылап отырды. Кетбұқа  жанында Элкей ноян бар 
Кальваз  қақпасының  алдында  шатырын  тігіп,  шабуылды  сол    жерден  жасап  отырды. 
Қалған  ханзадалар  Базар  сұлтан  қақпасының    маңына  орналсты.      Байджу  ноян  мен 
Сунджак ноян әскерлдері Бағдатты батыс жағынан төмпештеді. 
  Халифтың  жаны  қысылды.    Тіл  табысудың  жолын  іздеп,  қымбат  қазынасын 
бермпек болып қайта-қайта Хулагуге кісі салумен болды.  Халифаның жанындағы беделді 
орынбасарлары мен бектері  күн құрғатпай әр түрлі ұсыныспен хан ордасыфна асықты. 
Бірақ  Хулагу    Бағдатты  алуға  әбден  бекініп  еді,  шегінерге  жол  жоқ.  Тарихышалр  осы 
кезеңде Хулагу алты түрлді жарлық шығарды дейді және оларды садақ жебесіне бекітіп  
қала бекінісінің ішінле  атты. Олардың бірі ғалымдар мен  дін иелеріне тимейміз деген 
уәде болса, екіншілері  Әзіреті Әлидің ұрпақтарына қорлық көрсетпейміз деген сияқты еді.  
  Бағдат  халқы  да  оңайлықпен  жауға  берілгісі  жоқ.  Екі  жақтан  да  қым-қуыт 
шайқастар жалғаса берді.  
  Қоршаудан шықпақ болған патша маңындағы қызметкерлер кемелрді дайындап еді, 
оларды  Бұқа-Темірдің  қосындары  тас  атқыштармен,    жанғыш  от  деп  аталытн  мұнай 
толтырылған  шөлмектермен  атқылып  тас-талқанын  шығарды.  Кемелер  қолға  түсті, 
адамдар қырғын тапты. Уәзірлердің аман қалғандары қашып Бағдатқа қайта келді. Бұл 
жағдайды  естіген  соң  халиф  Хулагуге  бірнеше  дүркін  сыйлықтармен  өзінің  балалрын, 
уәзірлерін  аттандырды.  Бағдат  тағдыры  шелітеніне  әбден  көзі  жеткен  Хулагу  оларды 
қабылдамады.  
  Қамал  үстін  алып  алған  моңғол-татар  жауынгерлері  қаланы  түгел  оқтың  астына 
алып, қала ішінде әркімнің де ойлағаны бұл қырғыннан өз басын аман алып шығу болды. 

190 
Ақпан айының басында қаланы әскербаылар Сүлейман шах бастап тастап шықты. Хулагу 
болса оларға өздеріңнің әскерлеріңді бірге алып шығыңдар, сендерің қосындарың Мысыр 
мен  Сирияны  алуға  кероек  болады  деп  қайта  қалаға  енгізді.  Бірер  уақыттан  кейін 
әскербасылардың соңына еріп қаладан бірталай шерік шықты. Моңғол-татарлар оларды 
мыңдық,  жүздік,  ондықтарға  бөліп  тастап  қырып  жіберді.  Қалада  қалғандары  жан 
сақтамақ болып жер  астындағы  қуыстарға, пештердің ішіне тығылды.  
  Ең болмағанда қаланың қалған бейбіт тұрғындарын аман алып қалмақшы болып 
Хулагу алдына бірнеше қалалық бектер келген еді. Хан оларды тыңдап тұрған уақытта 
Хулагудың  кеңсе  ісін  басқаратын  Ханду  бітікшінің  көзіне  садақ  оғы  келіп  тиді.  Ашу-
ызыдан  жарылып  кетуге  дайын  тұрған  Хулагу  осыдан  кейін  қалаға  еш  аяушылық 
болмасын, тезірек қаланы алыңдар деп әскерлеріне қосымша жарлық жіберді.  
  Бірақ Бағдат халифына жақын, соған қызмет жасаған бектер түгел от басы, туыс-
туғанымен қырғын тапқаннан кейін Хулагу қалған қара халыққа кешірім жасады. Қожа 
Нәсір ад-дин Туси қаланың орталық бөлігіндеігі алаңға барып енді кешірім болатынын 
жариялады.  
  1258 жылдың ақпан айының онында халиф үш баласымен, үш мың қызметкерімен 
қамалдан шықты. Хулагу олдарды күзетуді Кентбұқаға тапсырды. Бұдан әрі  Халифтың 
тағдыры  шешілгенше  олар  Кетбұқа    ордасы  тігілген  Кальвазда  тұтқында  отыратын  
болады (100, т.3 , с.44).  
  Ақпанның  13-і  моңғол-татар  әскері  әскері  қалаға  енді.  Бұрыңғы  бұрыңғы  ма, 
қырғын  жаңа басталды. Екі күннен кейін Хулагудың өзі қалаға кіріп халиф сарайына ат 
басын тіреді. Осы жерде үлкен дастархан жайылып, той басталды. Осы тойға Хулагу әл-
Мұстағасам Билляхты  халифты да алғызды дейді. Хулагу:  
  -Сен  осы  сарайдың  иесі  емессің  бе,  ал  біздер  қонақпыз,  кәне  көрсет 
қонақжайлығыңды,- десе керек.  
  Есі  шыққан  халиф  қазына  сақтаған  бөлмелерінің  есіктерін  ашатын  кілтті  қайда 
тыққанын  білмей  бірнеше  есікті  күшпен  ашып,  ішінен  мыңдаған  шапан,  он  мыңдаған 
динар  ақша,  алтынмен  апталған  қымбат  дүниелерді    алып  шығыпты.    Сарайда  тек 
халифтің өзі ғана білетін осындай бірнеше бөлмелер болса керек. Шығыс тарихшылары 
халиф  аса  сараң  адам  болды,  ол  тіпті  өзінің  әскерінен    өзі  аяп  жалақысын  бермей, 
қинайтын дейді.  
  Сырттан  жиналған  әскер  халифтың  сараңдығынан  уақытында жалақысын алмай, 
наразы болып қаланы қорғауда да аса ерлік танытпағанға ұқсайды..  Ежелгі замандардан 
бері әскер тегін соғыспайды, барлығының да бала-шағасы, туыс-туғаны бар. 
  Хулагу әскерінің Солтүстік Ирак жеріндегі Мосул қаласын алуы ерекше баяндауды 
қажет  етеді  .    Рашид-ад-дин  бұл  қаланы  Мавсиль  деп  атайды.  Заманында  бұл  Мосул 
қаласы Жоғарғы Месопотамия өлкесіндегі ең ірі қала болған. Мосулдың билеушісі атабек 
Бадр-ад-дин Лулу (1165-1261 жылдар) Кетбұқа арқылы Хулагу ханмен танысып, одақтас 
болып сеніміне кірді. Осылайша Мосул қаласы моңғолдарға қан төгіссіз бағынды. Бірақ 
Бадр-ад-диннің  баласы  және  мұрагері  Салық  мәлік  біршама  уақыттан  кейін  көтеріліс 
ашып,  әскер  жинап,  моңғолдарды  қумақ  болды.  Екі  жақтың  басы  қосылған  шайқаста 
Кетбұқа  қолынан  жеңіліс  тапқан  Салық  мәлік  қаланың  шетіндегі  бекініс-қорғандардың 
біріне  тығылды.  Амал  жоқ  Салық  мәлікке  Хулагу  әскерін  басқарған  Кетбұқаға  елші 

191 
жіберуге мәжбүр болды,  «егер қан төкпесе берілеміз» деген хабармен.  
Кетбұқа: 
-Жарайды, қан төкпейміз, -деді. Бірақ көтеріліс ашқан адам қалай жазасыз қалады ? 
Шыңғыс ханның «Жазасы» ондай осалдықты кешірмейді. Рашид-ад-дин бұл жазалауды 
былайша суреттейді: «Хулагу хан Салыққа қатты қаһарланды да оның сыртынан білеу-
білеу  қылып  қойдың  құйрық  майымен  айналдыра  қалап,  оның  сыртынан  кигізге  орап 
тастауды бұйырды.  Кигіздің сыртынан мықты жіппен айналдыра байлап тастады да 
далада  жазда  қайнап  тұрған  күннің  астына  тастады.  Бір  жұмадан  кейін  қойдың 
құйрығы  арасында  құрттар  пайда  болды,  бейшараны  бақыртып  жей  бастады.  Бұл 
ауыр азап бейшараның жаны шыққанға дейін бір айға созылды» (100, т.3, 58 б.). 

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал