Жамбыл Омари



жүктеу 5.01 Kb.

бет17/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

  Байджу парсы жеріне ішкернелей кіріп 1245 жылы Исфаханды бағындырды. Оның 
алдында  1237  жылы  Шормаған  бұл  аңыз  болған  қаланы  бір  рет  қоршап,  бұғалық 
салғандай  буындырып  қойған  еді.  1243  жылы  Байджу  ноян  Ұрұм  селжүктеріне  
Арзинджан маңында Көсе тау деген жерде мықты соққы берді. Селжүк билері бұдан әрі 
қарсылықты тоқтатып Байджу ноянмен бітімге келді. Моңғолдарға қарсылық таудан аққан 
селге қарсы шыққанмен бірдей еді. 
  Селжүктердің  көрсеткен  үлгісімен  Трапезунд  өлкесінің  бегі  Мануил  І,  Мосул 
қаласының  бегі  Бадр  ад-дин  Лулу  моңғолдың  жергілікті  басшысы  Байджу  ноянның 
алдына жығылды.  
  Бұл  арада  моңғол  ордасында  бірталай  өзгерістер  де  болған  еді.    1241  жылы  11 
желтоқсанда  Үгедей  қаған  қайтыс  болып  жаңа  сайлаулар  өтті.  Империяға    біраз  уақыт 
Үгедейдің жесірі меркіт тайпасынан шыққан Туракина ханым жүргізді.  Бірақ бұл кезең    
Шыңғыс хан құрған империяның бір ауыр кезеңі болып есептеледі. Көп заман орталық 
билікке  ақылшы  болған  қиданның  билеуші  әулетінен  шыққан  Елюй  Чуцай  да  осы 

175 
қиындықтардан 1243 жылы қайтыс болды. Үгедей қағанның салғызған Қарақорым қаласы 
да  құлази    бастады.  Тарихта  кейде  осындай  қызықты  оқиғалар  болады.  Кеше  ғана 
Шыңғыс  ханның  басты  жауы  меркіт    болған  еді,  енді  келіп  сол  әулеттің  билігі  меркіт 
қызының қолына көшті.   
  1245  жылдан бастап   қағандық билікті Үгедей  ұлы Күйік хан атқарды. Бұл кезеңде 
Бату хан мен Күйік арасы қатты ушықты. Бұл олардың әкелерінен бері келе жатқан егес 
еді. Батыс жорығының кезінде Бату Үгедей қағанның ұлы Күйік пен Шағатай ханның ұлы 
Бөріден талай қарсылықты көріп еді. Батудың ежелгі жауы Күйік  1248 жылы ол да белгісіз 
жағдайда қайтыс болды. Енді келіп биліктің шылбырын өз қолына Күйіктің жесірі Оғыл-
Қаймыш алды. Бұл дүбәрә уақыт тек 1251 жылы Мөңкенің қаған сайлануымен тоқтады. 
Онон өзенінің жағасында жаңа  құрылтай өтетінін, сонда қаған сайланатынын естіген Бату 
ата  мекенге  інісі  Беркені  жол  жүруге  шұғыл  дайындады.  Ол  орыс  кінәзі    Александр  
(Невскийді) мен ұлы Сартақты анттастырып дос етіп, өкіл баласы ретінде бауырына басты  
да,  екеуіне Неврюй ноянды кеңесші сайлап, інісін шығарып салуға сапарға шықты. Жолай 
қыпшақ  даласын  кесіп  өтіп,  Ұлытаудағы  әкесі  Жошы  ханның  күмбезіне  мінәжат  қып, 
Ұлығ  би  Кетбұқа  ноянды  Беркенің  жанында    бірге  құрылтайға  ертіп  жіберді.  Қалың 
әскермен барған Беркенің күшімен оның жақтасы Мөңке ұлы қағандыққа сайланды. Сол 
құрылтайда Қытай мен Иерусалимдегі соғысты аяқтау туралы шешім қабылданды. Шын-
Машынға — Құбылай, Палестинаға — Хулагу аттанатын боп бекітілді. Мөңкенің қаған 
сайланғанын қалаған бірінші адам сол кездегі Шыңғыс тұқымының үлкені Бату хан еді.  
  Бірақ бұл жолы  да  хан сайлаумен көптеген саяси мәселелерді талқылауға  мүкіндік 
болмады. Тек Таяу Шығыс бағытына көбірек көңіл бөлу мәселесі өзекті еді. Рашид-ад-
дин  «Ұлы  Құрылтайдан  кейін  бір  жыл  өткенде,  мемлекет  тағында  әбден 
орныққан соң, дос пен қас арасы біржолата шешілген соң  Мөңке қаған батыс 
пен шығыста бағындырылмаған елдер болса соларды бағындыруды ойланды.  
  Әуелі  өзінің  кіші  інісі  Хулагуды  тәжіктер  көп  мекендеген  елдерде  дін 
бұзушылықты көзін құрту үшін жіберсе, одан кейін ортаншы інісі Құбылайды 
шығыстағы  қалалық  аймақты  бағындыруға  аттандарды»  дейді  (100,  т.2, 
с.144). Жас ханзадалардың жорыққа атанған жылы әр түрлі деректерде әртүрлі 
айтылады, шешім 1252 жылы болған, бірақ үлкен сапарға дайындық жасауға да 
бірнеше жылды талап етеді.   
  Ол кезеңде Иран және онымен жапсарлас өлкелерде империяның атынан 
әкімі  әмір Арғын аға  болатын. Хижраның 646 жылы, григориян есебімен 1251 
жылы,    ол  Қарақорымда  шақырылған  Ұлы  Құрылтайға  аттанғаны  белгілі.  Бұл 
құрылтай  тамыз  айының  соңына  қарай  өткізілді.  Арғын  аға  Мөңке  ханның 
ордасына  жеткен  уақытта  Құрылтай  да  аяқталып,  оған  қатысқан  моңғолдың 
бекзадалары ауыл-ауылдарына қарай тарай бастаған еді. Келгенінің екінші күні 
Арғын  аға  мемлекет  істеріне  белсене  кіріскен  Мөңке  алдында  қабылдауда 
болды.  
  Арғын  аға  Иран  өңірінде  әлі  де  алым-салық  ісінің  дұрыс  жолға 
қойылмағанын  айтып,  өзінің  ұсыныстарын  білдірді.  Мөңке  Иран  аймағында 
алым-салық  мәселесін  тез  шешуді  тапсырып,  әр  орта  шаруадан  жеті  динар, 
кедей  отбасылардан  бір  динар    алуға  рұқсат  етті.  Бұдан  басқа  ешқандай  да 

176 
салық  жиналмауы  керек,  әйтпесе  елдің  шаруашылығы  күйзеліп  кетеді.  Осы 
жарлықтарды  алған  соң  Арғын  қарамағындағы  еліне  қайтуға  асықты.  Әмірдің 
жанында атақты тарихшы Ала-ад-диннің әкесі сақып-диуан қызметін атқаратын 
Беха-ад-джин  Джувейни  бар  еді.  Хорасанға  келгеннен  кейін  Арғын  халыққа 
Мөңке ханның жарлықтарын баян етіп,  ел басшыларына алым-салықты шектен 
тыс  көп  жинамауын  жеткізіді.  Осыдан  кейін  жанына  Наджм-ад-дин 
Килябадиды  ертіп,  Қыпшақ  Дербенті  арқылы  Арғын  Бату  иелігіндегі  елге 
аттанып,  ол  жақта да  елге де  империялық  алым-салық жүйесін енгізді.  Мөңке 
қағанның талабы осылай еді.  Осы сапардан қайтып келгеннен кейін Арғын аға 
Хулагу жеткенше Иран еліне билігін жүргізе берді.  
  Мөңке  қаған  будда  іліміне  жақын    тұратын  Хулагудың  қасына  сол  елдің 
салтын,  дәстүрін,    ислам    шариғатын  білетін  ғұлама,  тәжірибелі  әрі  сенімді 
кеңесші  іздестірді.  Бату  бұл  лауазымға  мұсылмандықтың  шартын  жатқа 
айтатын  және  жасақ  құрамындағы  керей,  найман,  қыпшақ,  қоңырат,  жалайыр, 
қаңлы  әскерлерінің  табынатын  көсемі  Кетбұқа    ноянды    ұсынды.  Алпысты 
алқымдаған,  қызбалығы  жоқ,  мәмігерлік  тәжірибесі  мол,  Шыңғыс  ханды  да, 
Жошыны  да  көзі  көрген  бұдан  артық  адам  табыла  қоймайтын.  Құрылтай 
бекітті,  ал  ол  шешімге  қағанның  өзі  де  қарсы  тұра  алмайтын.  Кетбұқа  ноян 
бұған амалсыз көнді.  Бас  тартса: “Е, ұлы әкеміз ұстатқан алтын тізгінді үзгің 
келе ме? Еркінсіген екенсіндер, ендеше, ұмытқандарыңды есіңе салайық”, деп 
халықты  тағы    да    жаппай  жазаға  тартатыны  анық.  Тағдырдың  жазғанына 
көнгеннен басқа лажы жоқ.  
  Рашид-ад-дин «Төле ханның бесінші ұлы Хулагу хан оның бәйбішесі Соркуктани 
бегімнен  дүниеге  келді.  Ол  қайыр-шапағаты  мол  ұлылыққа  жеткен  билеуші  еді  Оның  
істері  атасы  Шыңғыс  ханның  еңбектеріндей  еді.  Оның  тұқымынан  Иран  мен  өзге  де 
мемлекеттерді билеген ұлы және ықпалды патшалар шықты, олар осы елдерде қазір де 
қызмет жасап жатыр» деп баға береді (100,  т.2 , 105 б.).  
  Мөңке қаған Хулагудың сол жақ қанатын қорғау үшін  татар тайпасынан шыққан 
Сали  ноянды  екі  түмен  қолменен  аттандырады.  Оған  дейін  Құндыз,  Бағлан,  Бадақшан 
бағытындағы әскерді Мэнгэту басқарады екен. Ол өлгеннен кейін бұл жақтағы түмендерге  
Хукуту атты әмір иелікке жіберіледі. Одан кейін Хулагуды Иранға аттандырарда Сали ноян 
Хукутудың орнына аттанды. 
  Мөңке  қаған  Сали  ноянға  «Сен  бара  жатқан  ел  Хидустан  мен  Хорасан 
аймақтарының жапсары және Хулагу аттанып бара жатқан уәләйаттармен шекараласады. 
Сен енді оның әскерінің бір қосыны ретінде біржолата сол жақта болуың керек, бұдан 
былай  сенің  шаруаң  да,  сенің  әскерің  де  Хулагуге  тапсырылған,  сен  енді  соның 
қарамағыңдасың» десе керек. 
  Сали ноян: -Қай уақытқа дейін мен ол жақта болуым керек ?-деп қайта сұрайды. 
Сонда Мөңке қаған:- 
-Сен   қашан да сол жақта боласың,-депті. 
  Сали ноян Хиндустан мен Кашмирді жаулап алып, Хулагуге тұтқынға түскендерден 
толып  жатқан  үнділіктерді  жіберіп  отырды.  Ол  заманда  Шыңғыс  ханның  «Жасақ» 
заңдарына сәйкес моңғолдың негізгі әскерінен басқа, жергілікті жаулап алынған жерлерде 

177 
гарнизон  болып отыратын әскери қосындар да бар болатын. Оларды «тама» деп атайды. 
Хулагуге Үндістан мен Кашмир өлкесіне аттанып, империя мүддесін қорғап жатқан тама  
әскрелер де бағынды, яғни жат жерде, жау ортасында Хулагудың билігін қалыптастыру 
үшін алдын ала көптеген шаралар жасалды.  Мөңке хан өзінің жанындағы ағайындарымен 
және кеңесшілерімен ақылдаса отырып,  алыс елге аттанып бара жатқан Хулагуге тағы бір 
көмек жасады. Ол әлемнің әр  тарапына  Шыңғыс ханның пәрменімен аттанған моңғол-
татардың негізгі  әскерінен Хулагуге  енші бөліп беру.  Шешім бойынша әр он адамнан 
отбасымен бірге екі адам бөлінеді, оларды Шыңғыс әулетінің жас нояндары бастап келіп 
Хулагуге қосылады. 
  Мөңке  қағанның  тағы  бір  шаруасын  айта  кетпесек  болмайды.  Хулагу  әскеріне 
қосымша деп Қытайдан әдейілеп алғызып мың қытайды тас атқыш, мұнай лақтырғыш,  
арбалет    қаруларымен    (манджаники  ва  нафтандаз  ва  чархандаз)  қосты.  Осы 
дайындықтың  мұқият  жасалуынан  -ақ  моңғол-татар  басшыларының  әр  іске  салмақпен 
қарағанын, көшпелілердің жаулап алу соғыстары оңайшылықпен жүрмейтінін, алдын-ала 
үлкен дайындық шаралары өтетінін аңғаруға болады. Оның мысалдарын әлі де тізбелей 
беруге болады: 
  -Бағдат  бағытында  аттанатын  Хулагу  әскерінің  жолда  мұқтаждық  және  қиындық 
көрмеуі  үшін  Мөңке  алдын  ала  жасауылдарды  аттандырып,    Қарақорымнан  бастап 
Жейхун дариясына дейінгі маршрутқа кірген жол бойындағы жайылымдық жерлер мен 
оазистерді  «қорық»  деп  жариялады.  Хан  қорығы  атанғаннан  кейін  ол  жерге  ешкім  де 
жақындай алмайтыны анық еді. Жорықтағы әскердің мініс аттары, жүк көліктері жолда 
ашықпауы керек;  
  -Осы жасауылдар әскердің жолында кездесетін өзендер мен терең өзектердің бәріне 
берік көпір салынуын және қадағалады; 
  -Иран жеріне ертерек аттанған Байджу-ноян мен Шормаған Ұрым өлкесінен және 
басқа аймақтардан келе жатқан әскерге деп әр адам басына шаққанда бір тағар ұн мен бір 
саба шарап дайындауға кірісті. 
  Осы  тақырыпқа  қалам  тартқан  Л.  Гумилев  өзінің  «Қиял  патшалығын  іздеу» 
кітабында «Мал өрісін қалың әскердің ат тұяғы таптамас үшін алдын ала жасақтың 
жүретін жолы белгіленіп, ел-жұрт көшірілді. Өзендерге көпір салынып, бекет-бекетке 
азық-түлік  қоймасын  ашты.  Қытайдан  қамал  бұзатын  қару-жарақ  жасайтын 
қолөнершілер  шақырылды.  Асықпай  қозғалған  әскер  1256  жылы  ақпанда  ғана 
Әмударияның сол жақ жағалауына өтті. Оның есесіне, 1257 жылы Ирандағы исмаил 
әулетінің барлық қамалын жермен-жексен етіп, 1258 жылы қаңтарда Бағдатты алды» 
дейді (29, 219 б. ) .  
  Сонымен Хулагудың қарамағына Шормаған хорчимен Иран жеріне барған әскери 
қосындары,  оның  соңынан  атанған  Байджу-ноян  басқарған  әскери  жасақтар  да  енетін 
болды.  Жалпы  сипаттайтын  болсақ  Иран  мен  Үндістан  сияқты  ежелгі  өркениеттердің 
тұтастай Хулагу  ұлысына енуі керек еді. Бұл талай жылдар ойластырылған, дайындық 
жұмыстары  біртіндеп  жүргізілген,    империяға  жаңа  өлкелерді  біржолата  қосуға 
бағытталған керемет шаруа болатын. 
  Батысқа аттанатын Хулагу бастаған моңғол-татар қосыны Қарақорымда бас-аяғын 
жинақтады.  Оның  құрамында  Шыңғыс  хан  әулетінің  жас  оғландары  да,  талай 

178 
жорықтарды бастан өткерген қарт  сарбаздар да, Қырым мен Қытай арасындағы жауынгер 
көшпелі елдердің жасақтары да, шаруашылық ісін жүргізетін момын қолөнершілер мен 
сауда ісінің адамдары да  бар еді.  
  Хулагуды  алыс  сапарға  аттандырар    алқалы  жиында  Мөңке  қаған  сөз  сөйлеп, 
ағалық жолмен ақылын айтты: 
«Саған  қарамына  көз,  санына  тіл  жетпейтін    ауыр  қолмен  Тұран  жұртын 
жағалап отырып Иран жеріне өту тапсырылады. 
  Үлкенді-кішілі    істеріңде  атаң  Шыңғыс  ханның  дәстүрі  мен  заңдарын  ұстан, 
негізге ал. Әму Жейхунынан Мысыр  жағындағы мемлекеттерге  дейін бағынышты еліңе 
қамқор  бола  біл,  саған  бағынған,  сенің  заңыңды  қабылдаған,  бұйрықтарыңды  және 
тыйымдарыңды орындайтын    елге   қайырымды  бол,  сый- сыяпатыңды аяма, ал  кім 
табан  тіреп  қарсылық  жасаса,  бас  көтерсе  оларды  бала-шағасымен,  туыс-
туғандарымен қорлыққа сал,  оларға шөл даладай бол, Кухистан мен Хорсаннан бастап 
бекіністері мен қорғандарын бұз .  
  Осы жерлерді тыныштандырған соң Иракқа баруға дайындал және қашанда жол 
тонаумен айналысатын күрдтер мен лурларды аласта.  
  Егер  Бағдат  халифы  қызмет  қыламын  және  тыңдаймын  десе,  оны  ешқашан 
ренжітпе, ал егер ол кеудесіне нан пісіп, бізбен жүрегі және тілі қас болып қалса, оны да 
жаулардың қатарына қосып жібер.  
  Сенің  қандай  шаруада  болсын  ақылға  жүгінгенің  және  қисынмен  іс  қылғаның 
керек.  Қандай  жағдайда  болмасын  қырағылықты  ұмытпа    және  адамшылықтан 
шықпа.  Шаруа  халқын  тым  көп  салықпен    тұқыртпа    және  жеп  отырған  нанынан 
айырма, оларға еңбек жасауға және  оның қызығын көруге мүмкіндік бер. Жаугершілікте 
қансырап қалған жерлерді қайта гүлдендір, жаудың иеліктерін Тәңірінің күшімен жаулап 
ал, өзіңнің  жайылымың мен қыстауыңды көбейте бер,  ал басқа жағдайдың бәрінде 
Докуз-хатунмен ақылдасып, келісіп жұмыс жасарсың» деді (100,  т.3 , с.24).  
  Мәжілістің  соңына  қарай  кіші  бауырын  осыншама  қиын  тапсырмамен,  жат  елге 
мәңгілікке    жұмсап  отрығаны  ішін  күйзелтіп  жіберді  ме,  Мөңке  қаған  Хулагуге  «Осы 
шаруалардың бәрін де атқарған соң, өзінің ата -жұртыңа қайтарсың» деді. Бір жағы  
алыс-жақын  туыстарын  алысқа  аттандырып,  жолашар  жасап  жатқан    Қарақорымда  
қалатын қамкөңіл азаматтар  бар, екінші жағы жол қамымен жүрген жолаушы шығып бара 
жатқан жауынгерлер бар,  бәрі де Мөңке ханның осы сөзінен кейін көңілдері боталап  қоя 
берді ... 
  Хулагу әскерінің алдында жүріп отыруды  Мөңке қаған Кетбұқа ноянға тапсырды. 
Талай  шайқасты  бастан  өткерген  кемеңгер  аталық    Шыңғыс  тұқымы  жас  ханзаданың 
жолын ашып отырмаққа жақсы. Рашид-ад-дин : «Алға қарай әскердің бас қосыны қылып 
найман тайпасынан шыққан Кетбұқаны  он екі мың адаммен аттандырды. Ол бауыршы 
деген атақтың иегері еді.  Кетбұқа бір сәт те кешеуілдемей алға оза берді. Хорасан өлкесіне 
келген  соң Кетбұқа империя туларының  келгенін күтпей,  Кухистан өлкесін жаулап алуды 
бастады»  дейді (100, т. 3, с.23 ). 
  Хулагу  бастаған  негізгі  көш  ақырын  қозғалды.  Жол  бойы  Шыңғыс  тұқымынан 
шыққан ел билеушілері көп еді,  жергілікті елдің бектері де, батырлары да, көпестері де,  
барлығы да өз хал-қадірінше Хулагу көшіне қызмет жасап, ерулік беруге дайын отырды. 

179 
Көш  Алмалық  қаласына  жақындағанда  алдарынан  Шағатай  немересі  Қара  -Хулагудың 
жесірі  Ургана-қатын  қарсы  алып  сый-сияпат  көрсетіп,  тамаша  тарту-таралғы  жасады. 
Ургана қатын ойраттың тайпасынан шыққан атақты Туралчы-гургеннің қызы еді.  Күйеуі 
өлген  соң  бірсыпыра  уақыт    балалары  өскенше  Шағатай  ұлысына  билікті  өзі  жүргізді. 
Еркек басты, ер азамат орнына жүретін әйел дейді деректер. 
  Түркістан аймағына жақындағында сонау Шыңғыс хан заманынан бері Түркістан 
мен Мәуреннахр аймағының  шаруашалық жұмыстарын билеп отырған атақты Масуд бек 
және сол жерлердегі әмірлер қарсы алды көшті.  Сонымен көш тек 1255 жылдың күзінде 
Самарқанд маңына келіп тоқтап, Хулагу  Масуд бек тіккен алтын шатырға түсті. Бұл жерде 
жергілікті басшылар қырық күн бойы ханзаданы күтті. 
  Одан  аттанғаннан  кейін  Кеш  қаласына  тоқтады.  Бұл  жерде  Шыңғыс  хан  атынан 
бүкіл Иран өңіріне билік жүргізіп отырған Арғын аға жанында  толып жатқан Хорасан 
өңірінің  азаматтары,  көсемдері  мен  дінбасылары  бар  қарсы  алды.  Осы  жерде  Арғын 
ағаның кеңесімен Хулагу Рум, Фарсы, Арран, Ширван т.б. аймақтарджың басшыларына 
хат жолдап, өзінің бұл аймаққа иелік етуге келгенін білдірді. 
  Осы  хатты  алған  соң  қымбат  сыйлықтарымен  Рум  сұлтандары  Иза-ад-дин  мен 
Рукн-ад-дин, Фарстан -атабек Сайд, оның ұлы Музаффар-ад-дин,  келді, ал Ирак, Хорасан, 
Әзірбайжан, Ширван, Арран, Грузин т.б. иеліктерден де өкілдері Хулагу алдында тізе бүкті.  
  Әмудария өзенінен    Хулагу  көші 1256 жылдың  1  қаңтарында өтті.  Рашид-ад-дин 
көш  өзеннен  өтіп  жатқанда  Хулагу  өзенді  жаңамалай  жүрді  дейді.  Бір  уақытта  қамыс 
арасынан  бірнеше  жолбарыс  шыға  келді.  Аттар  жолбарысқа  беттемей  қорыққан  соң 
ханның  нөкерлері    түйелерге  мініп,  қамысты  қоршады  және      оншақты    жолбарысты 
өлтірді. 
  Осылайша  Хулагу  да өзінің  қызмет орнына      келіп жетті.  Бірақ көш  қызығы бұл 
жерде де тоқтамай қыс бойы  той -думанмен өмір өтті дейді тарихшылар. Шамасы осы  
қызықшылықты  тоқтатайын  деді  ме  Арғын  аға    бір  күні  Хулагудың  хандық  қызметіне 
арналған алтын шатырды алып келіп тікті- «Весною эмир Аргун ага приказал изготовить 
царский  приемнывй  шатер  со  всеми  службами,  соответствующий  чертогам  такого 
государя, так что при перевозке и при перемене места он был удивительно легок, и к ним 
утварь,  усыпанную  драгоценными  камнями.  Однажды,  в  очень  счастливый  день,  их 
воздвигли и устроили собрание с многообразным великолепием. Хулагу все это одобрил. В 
добрый  час,  под  счастливой  звездою,    он  воссел  на  престол  счастья  и  подушку 
могущества» (100, т.3,с.26). 
  Арғын  аға  Иранды  Хулагуге  тапсырып  өзі  Мөңке  қағанның  қарамағына  атанды, 
бірақ  Хулагудің  жанына  осы  елдің  жөнін  білетін  өзінің  ұлы  Ахмет  бастаған  бітікші-
хатшылары  мен  қаражат  және  шаруашылық  жағын  басқаратын  сахиб  және  атақты 
тарихшы  Ала ад-дин Ата Мәлік  Джувейниді қалдырды. Осындай кеңесшілер ортасында 
жорықтың өте жауапты екенін білген Хулагу Кетбұқаның кеңесі бойынша оған үш жыл 
дайындалды. Мұндай тиянақты дайындық бұрын-сонды жүргізілмеген еді.  
  Сонда  Мөңке  қағанның  осыншама  шығын  жұмсап,  Хулагуды    тек  Иерусалимге 
аттандыруына  не  себеп болды?  Тек  қана жаулап алу ма,  әлде дін мәселесі ме?  Жоқ.  Кез 
келген соғыстың мақсаты, өктемдікпен қоса, олжаға да негізделеді. Моңғол билігіне осы 
Кіші Азиядан, одан әрі Иерусалим мен Мысырдан  түсетін олжа аса маңызды ма еді ?  

180 
Шормаған хорчы Бағдат еліне алғаш жорық жасағанда, “олардың жері жақсы, бұйымы 
асыл” екендігін білген Үгедей қаған: “Шормаған хоршы, сол жерге әмірші (мөрші) болып,  
асыл алтын, аптаған бұйым, парша зер, жібек, меруерт, маржан, бойы сұңғақ, аяғы ұзын 
арғымақ,  жүк  артатын  түйе,  қашыр  тәрізділерді  жыл  сайын  жіберіп  тұрсын”  деп  әмір 
беретіні рас, бірақ сол Үгедейдің өзі Қарақорымда өзіне арнап алтыннан аптап, күмістен 
қаптап салынған сарайда емес, кигіз үйде тұрған ғой ?!  Бұл жорық бірнеше мың жыл 
бойы әлемді билеген Еуразия көшпелі империяларының адамзат баласына бақташылық 
жасау  қызметінің  жалғасы,  оның    өмір  сүру  заңдылығының  көрінісі.  Оны  Бату  мен 
Құбылайды қайтадан бірін —  Еуропаны, бірін —  Қытайды жаулап алуға жұмсағанынан-
ақ байқауға болады.  1241 жылы Гүйік қағанның өліміне байланысты толық жүзеге аспай 
қалған  Кіші Азия  жорығы  Мөңке қағанның тұсында іске асты.  
   
21. Исламиттер мен Асасиндерге қарсы соғыс 
   
  Кетбұқа ноян көздеген жеріне жылдам жетті. 1252 жылдың тамыз айында 
атқа  қонаған  Кетбұқаның    қосыны  1253  жылдың  наурызын  айын  Әмудария 
жағасында қарсы алды. Бұл кезде Хулагу өзінің ордасынан жаңа ғана аттанып, 
Жетісуді беттеп келе жатқан болатын.  
  Кетбұқа  жаулап  алуды  Кухистаннан  бастады.  Бірнеше  уәләйаттарды 
бағындырғаннан кейін  моңғол-татар әскерінің алдында Гирдекух атты бекініс 
кездесті.  Бұл  кезде  бағындырған  аймақтарды  бағыныштылықта  ұстап  отыру 
үшін  әскердің  көп  бөлігі    қалашықтарда  қалдырылған  еді.  Кентбұқа    қол 
астындағы бес мың жігітімен  1253 жылдың мамырында Гирдекухты қоршады.  
Оның  оңай  жаңғақ  емес  екені  бірден  белгілі  еді,  тым  үлкен  бекініс 
қорғандарының  артында  тығылған  исламиттер  де  тым  жауынгер  еді.  Кетбұқа 
қашарға  айдап  әкелінген  жергілікті  халыққа    бекіністі  айнадыра  ор  қазғызды, 
ордың  алдына  шыққан  топырақты  жал  қылып  үйгізді.    Жан  жақтың  бәрі  жау 
болғандықтан Кетбұқа джауынгердердің артынан тағы да ор қазғызып, оған да 
биік  қылып  жал  көтерді.  Бұл  жаудың  сырттан  тұтқиыл  келіп  қалмау  үшін 
жасалған  амал  еді,  екінші  жағынан  қоршаудағылдар  да  ещкіммен  хабарласа 
алмай тас шеңгелде қалды. 
  Енді  осы  қоршауға  Бөріні  қалдырып  өзі  Михрин  бекінісін  қоршады.  Тас 
атқыш  «манжаник)  машиналардың  топылдатып  қамал  қабырғаларын  күндіз-
түні  ұрып  быт-шытын  шығарды  да  бейбіт  халық  ақ  ту  көтеріп  берілді. 
Қарсыласқандар қылыш жүзінен өтті. 
  Осы  жылы  Кетбұқа    тағы  да  бір  мықты  бекініс  Шахдизді  алды,  онда  да 
қарсыласқандары  жер  жастандырып,  моңғол-татар  империясының  туын 
көтерді.  Кетбұқаның  қарамағындағы  Меркітай  қосыны  бұл  кезде  Тарум  мен 
Рудбарды  бағындырып,  Мансурие  мен  Улухнишнуге  шабуыл  жасады.  Шығыс 
тарихшылары  бұл  қалаларды  алу  он  сегіз  күн  бойы  жүрді  және  кейін 
халыұқтың көпшілігі қырғын тапты дейді. 
  Бірақ   Гирдекух  оңай  берілетін  түрі жоқ  еді. Бекіністі  қорғаушылар  1253 
жылдың  желтоқсан  айында  түн  жамылып  моңғол-тарардың  қорғанысы 

181 
жалынан өтіп кетіп жүз шақты жауынгерді өлтірді. Олардың ішінде Кетбұқаның 
тапсырмасымен  қоршау  жұмыстарына  басшылық  жасап  жүрген  әмір  Бөрі  де 
бар еді. Кетбұқа тағы да қайтып келіп Гирдекухтың маңынлдағы Тун, Туршин 
және  Зиркух  шахарларын  шауып,  малдарын  айдап,  сыртта  жүрген  адамдарын 
тұтқынға  алды.  Осылайша  бірнеше  қалалы  аймақты  қатар  қыспаққа  алған 
Кетбұқа қолына қалалар беріле бастады. 
  Кетбұқаның  бұл  жорығын  оңайлатқан    исламит  иеліктерінің  өз  ішіндегі 
жанжалдар  болды.  Әр  қаланың  бекініс  қорғанына  тығылған    қарсы  топ  басын 
қосып  ұйымдасқан  қарсылық  жасай  алмады.  Оның  үстіне  1255  жылдың 
желтоқсан  айында  исламит  билеушісі  Ала  ад  -динді  өзінің  баласы  Хуршах 
өлтіріп  қарсыластар  лагері  тіпті  әлсіреді.  Бұл  кезде  Хулагу  келіп  өзінің 
патшалық қызметіне де кіріскен еді.  
  Марко  Поло  саяхатының  кітабында  Кетбұқа  ноянның  Иран  және  Ливан  жерінде 
асасиндерге  қарсы  соғыстары  да  баяндалған.        Асасиндер  немесе  хашишин  деп  Таяу 
Шығыс жерінде мұсылман-исламиттердің ішіндегі жабық және жасырын сектаның бірін 
атайды. Олардың көп кездесетін жері Кухистан маңы, жалпы Мазендаран өлкесі. Бұлар 
діни фанатиктер және өздерін өздері құрбандыққа шалуға дайын тұрады. Осы себептен 
ертеде оларға қатысты «фидаи» деген ұғым да қолданылады.  
  Хашишин  деген  сөзді  адам  өлтіріуші,  зұлым,  сатқын,  тонаушы  деген    мағынада 
Еуропа  елдері  (француз,  ағылшын,  испан,  итальян)  әлі  де  қолданады.  Бұл  сөздің  түпкі 
мағынасы «гашиш» шегуші болуы керек, себебі әбден гашиш тартып алған мас адамға 
адам өлтіру де, өзінің басын қауіпке тігу де оңай.  
  Марко  Полоның  жазбаларындағы    Солтүстік  Иран  жеріндегі  Хулагу  ханның 
асасиндерге қатысты бір әңгімесін келтіре кетейік: «В стране Мулект (дін бұзушы деген 
мағынадағы сөз-Ж.О.) в старину жил горный старец. Мулект значит (жилище) арамов. 
Старец по ихнему назывался Ала -один (шын мәнінде Ала-ад-дин Мұхаммед). Развел он 
большой, отличный  сад в долине между двух гор. Такого и не видано было. Были там 
самые лучшие в свете плоды. Настроил он там самых лучших домов, самых красивых 
дворцов,  и  не  видано  было  прежде.  Они  были  золоченые  и  самыми  лучшими  в  свете 
вещами  раскращены.  Провел  он  там  каналы;  в  одних  было  вино,  в  других  молоко,  в 
третьих мед, а в иных вода. Самые краксивые в свете жены и девы были тут; умели они 
играть на всех инструментах, петь и плясать лучше других жен. 
  Сад этот, толковал старец своим людям,-есть рай. Развел он его таким точно, 
как  Мухаммед  описывал  сарацинам  (мұсылман  деген  мағынада-Ж.О.)  и  тамошние 
сарацины верили, что этот сад-рай. Входил в него только тот, кто пожелает стать 
асасином. При входе в сад стояла неприступная крепость; никто в свете не мог овладеть 
ею; и другого входа туда не было. 
  Содержал старец при своем дворе всех тамошних юношей ...Были они стражею и 
знали  понаслышке,  что  Мухаммед,  их  пророк,  опсиывал  рай  точно  так,  как  я  вам 
рассказывал.  Приказывал  старец  вводить  в  этот  рай  юношей,  смотря  по  своему 
желанию, по четыре, по деясяти, по двадцати, и вот как: сперва их напоят., сонными 
брали и вводили в сад; там их будили. 
...Проснется юноша и как увидит все то, что я вам описывал, по истине уверует, 

182 
что находится в раю, а жены и девы во весь день с ним; играют, поют, забавляют его, 
всякое его желание исполняют; все что он захочет, у него есть; и не вышел бы оттуда по 
своей  воле.  Двор  свой  горный  старец  держит  отлично,  богато,  живет  прекрасно; 
простых горцев уверя\ет, что он пророк; и они этому, по истине, верят. 
  Захочет  старик  послать  куда  -нибудь  кого  из  своих  убить  кого-нибудь, 
приказывает  он  напоить  столько  юношей,  сколько  пожелвает,  когда  же  они  заснут, 
приказывает перенести их в свой дворец. Проснутся юноши во дворце, изумляются, но не 
радуются, оттого что из рая по своей воле они никогда не вышли бы. Идут они к старику 
и, почитая его  за пророка, смиренно ему кланяются, а старец их спрашивает, откуда 
они пришли.  Из рая, отвечают они и описывают все, что там, словно как в раю...готовы 
они и на смерть, лишь бы только опять  попасть в рай, не дождутся они дня, чтобы 
идти  туда.  Захочет  старец  убить  кого-либо  из  важных,  и  прикажет  испытать  и 
выбрать самых лучших из своих асасинов; посылает он многих из них в недалекие страны 
с приказом убивать людей; они идут и приказ его выполняют; кто цел остается, тот 
возвращается ко двору, случается, что после смертоубийства они попдаются в плен и 
сами убиваются» (Марко,с.64) 
  Осы асасидердың ұясына 1262 жылы Хулагу әскері шабуыл жасады. Бұл жазалау 
шаралары 1253 жылдың наурызында басталған дейді ғалымдар, ал исламиттерге қарсы 
негізгі  шабуыл  1256  жылы  болған  екен.  Оны  Марко  Поло  былай  сипаттайды:  «Алау 
(Хулагу-Ж.О.),  царь  восточных  татар,  узнал  обо  всех  злых  делах,  что  творил  старец,  и 
решил уничтожить его. Набрал он из своих князей и послал их с большою ратью к той 
крепости; три года осаждали они ее и не могли взять; будь там продовольствие, никогда бы 
не взять ее, но через три года нечего было там есть. Так-то был взять и убит старец Ала-
один  вместе  со  всеми  своими;  с  тех  пор  и  поныне  нет  более  ни  старца,  ни  асасинов. 
Кончилось и владычество старца, и злые дела, что творил он в старину» (48, с. 65). 
  Деректерге қарағанда исламиттердің басшысы Ала-ад-дин Мұхаммед 1255 жылы 
Йезд қаласына таяу Ширкух тауларында өлтірілген. Бұл өлімге моңғолдардың қатысы жоқ 
болса  керек,  Деректерге  қарағанда  оны  өзінің  баласы  Рукн-ад-дин  Хуршах  жалдамалы 
адам өлтірушіні аттандырып өлтіріген, кейін ізін жабу үшін  асасинді жіберіп оны өлтірген, 
бала шағасын ұстап алып қаласының ортасындағы алаңда отқа жаққан.  
  Енді  Хуршах  өзі  жеке  дара  билеуші  болғанда  моңғол-татармен  тіл  табысцу  не 
соғысып қарсылық көрсету оның қолынан келетін жұсмыс екені анықталды. Жергілікті 
елдің  басшылары  да  Хуршахтан  үміт  үзе  бастады.  Хулагумен  келісімге  олар  өздері 
қожалар бастап келле бастады. Хуршах солардың ықпалмен келіссөздерді бастады, тіпті  
бекініс қалалрын өзі де жроймақ болды. Бірақ бұ уәделерді тосатындай моңғол-татарда 
уақыт болмайтын. 
  Хулагу 1256 жылдың 2 қыркүйегінде жорыққа шығуға жарлық шығарды. Оның оң 
қолы болып Мазендараннан Бұқа Темір мен Көке-Элкей аттанса, сол қанаты болып Хара 
мен  Семианнан  Негудер  огул  мен  Кетбұқа  ноян  бастады.  Ортада  негізгі  түмен  қолды 
жанына ертіп Хулагу ханның өзі жүрді.  
  Моңғол-татар әскерінің қара бұлттай түйіліп келе жатқанын естіп Хуршах тағыда 
бітім іздей бастады. Хулагу ордасына Хуршахтың 7-8 жасар баласы бастаған елшілік келді. 
Оның  құрамында үш жүздей белгілі дегдар азаматтар мен қызметкерлер және елшілер бар 

183 
еді.    Хулагу  хан  баланы  қайтарып  жіберді,  оның  орнына  аманатқа  Хуршахтың  інісі 
Шираншахты талап етті.  Осы Шираншах Рукн-ад-динге Хулагудың оның қарамағындағы 
елддегі  бүкіл  бекініс-қорғандарды  қиарату  туралы  талабын  жеткізді.  Бұл  моңғол-
татаралрдың бүкіл өздері жаулап алған жерлерде ел басшыларына қойылатын алғашқы 
талабы еді. Бұдан былай әр қаланы бектердің өздері емес,  мемлекет қорғайды және бейбіт 
халықтың  амандығына  жауап  береді.  Хуршах    қалалардың  бекініс  қамалдарын  қиратса 
оған Хулагу тиіспейді. Талап осындай, ал егер қала қамалдары құлатылмаса онда татар-
моңғол әскері оларды күшпен құлатады және бейбіт елін қырғынға ұшыратады.  
  Хуршах кешеуілдете бергеннен кейін Хулагу әскер басыларға исламит қоныстарын 
қоршай  бастауды тапсырды. Ұл бекіністердің ішіндегі ең күштісі Таликан қамалы еді, осы 
бағытта хан басқарған қол 1256 жылдың қазан айының соңында аттанды. Таликан тым 
үлкен қамал еді және бір қарағанда жау ала алмайтын тас қорған сияқты. Қаланың алып 
жатқан аумағы алты фарсангтай еді, бір фарсангта жеті шақырым болса, сонгда есептей 
беріңіз ... 
  Әскербасылармен болған кеңесте олардың бір бөлегі – татар-моңғолдың әскері бұл 
жерге  көп  шоғырланды,  аттың  азығы  таусылды,  жауынгерлердің  азығы  үшін  сонау 
Армениядан  бастап  Керманға  дейінгі  аймақ  қосымша  салық  төлеуде,  одан  да  кері 
қайтайық. Тек Бұқа Темір, Сейф-ад-дин бітікші және Кетбұқа ноян  бастаған топ қоршауды 
жалұастыра беріуді талап етті.  
  Хулагу  осынау  қиын  жағдайда  тағы  да  Хуршахқа  талап  қоюды  дұрыс  көрді.  Бес 
күннің  ішінде  Хуршах  берілмесе  онда  бекініс  қамалдарын  күшейте  берсін,  татар-
моңғолдың әскері шабуылды бастайды (100, т. 3 , с.30) .  
  Хуршах  өзінің  әскербасылары  мен  ақылшыларын  жинады.  Жағдай  мүшкіл  еді, 
қарсыласу  мүмкіндігі  шектеулі  болатын.  Амал  жоқ  қазынадағы  қымбат  дүниелер  мен 
мүліктерді  аямай  артып,  тарту-таралғымен  Хулагудың  алдына  өзініің  баласы  Таркияға 
қоса, тағы бір інісі Ираншахты жіберді. Олардың жанына жалпы шығыс аймаққа белгілі 
қожа  әулетінің  өкілдері  қосылды.    Бұл  елшілік  Хуршахтың  Хулагу  алдына  келіп, 
жеңілгендігін мойындап, бас сауғасын келісуге келді.  Осыдан үш күн өткен соң Хуршах 
өзінің уәзірлерінің қожалырын, балалыр мен туыстарын ертіп өзінің ата-бабасы екі жүз 
жыл билік құрған қаланы тастап Хулагу хан ордасына келді.  
  Осыдан кейін 1256 жылдың соңында Рукн-ад-дин Елханға келіп алдына жығылды. 
Хулагу өзінің  аталығы Кетбұқамен ақылдаса отырып Рукн-ад-динді исламиттерге қарсы 
соғысқа пайдаланбақ болады, себебі Ирак және Ливан тауларында әлі де  қарсыласу жүріп 
жатты.  Рашид-ад-диннің  «Когда  Хулагу  хан  увидел  Хуршаха,  он  понял,  что  тот  юн, 
неопытен  и  неразумен.  Он  обласкал  его  и  обнадежил  посулами»  дейтін  себебі  осы. 
Расында да Хуршахтың Хулагу қолына келуі  бұл өңірдегі қалалық қоныстардың бәріне де 
берілді және бейбіт өмірге көшті. Тек Люмбсер бекінісі  бір жалдай қамал есіктерін ашпай 
қойды,  ал  Кетбұқа  алдымен  шабуылдаған  Гирдекух  қамалы  әлі  жиырма  жылдай 
қарсыласып, Хулагу баласы Абақа ханның тұсында тізе бүкті.  
  Бірсыпыра  жылдар  Хулагу  Хуршахты  Казвин  қаласында  құрметтеп  ұстады,  тіпті 
моңғолдан  қыз  алып  беріп,  жас  жұбайлардың    тойын  да  тойлады.    Қалай  болғанда  да 
Рашид-ад-дин айтқандай «ол кезде Хуршах керек еді, оның көмегімен Сирия бағытындағы 
бекіністердің  көпшілігі  алынды.  Егер  Хуршах  болмағанда  оларды  жаулап  алуға  толып 

184 
жатқан әскер шығын болар еді, уақыт кетер еді». Осылайша Хуршахтың көмегімен Шам 
жеріне қарай жол ашылды.  
  Кейін Рукн-ад-динді Хулагу Қарақорымға Мөңке ханға жібереді. Не себептен осы 
бір шала ес жергілікті билеушіні Ұлы ханға аттандырады оны анықтау қиын. Шыңғыс хан 
әулетінде  сол  заманда  әр  түрлі  айла  амалдар  қолданылады.  Қайткен  күнде  де  Рукн-ад-
динның ажалы Қарақорымға бара жатқан жолда болған сияқты. Рашид-ад-дин «Затем он 
отправил  его  на  служение  к  каану  (Великому  хану  Мунка).  О  смерти  его  рассказы 
разляины. Подлинно то, что когда до каана дошло известие, что едет Хуршах, он послал 
гонцов, чтобы его по дороге убили» (100, т.3,  с.27-32). Шыңғыс хан немерелері арасында 
исламиттердің  көсемін  өлтіру  алдын  ала  келісілген  шара  болуы  әбден  мүмкін. 
Исламиттердің  қарсылығы  тоқтады,  негізгі  күштері  талқандалды,  ендеше  өз  әкесін  өзі 
өлтірген, өз еліне опасыздық жасаған Хуршахтың не керегі бар ?! 
  Осының  дәлелі  моңғолдардың  Рукн-ад-динді  Қарақорымға  аттандырғаннан  кейін 
Абхер мен Казвин қалаларының арасында оның туыс -туғанын, алыс-жақын ағайынын, 
жақтастарын,  бесіктегі баласынан  бастап,  сақалы  ағарған  қариясына дейін жинап  алып 
қырып тастағаны.  Рашид-ад-дин «осыдан кейін  исламиттердің ізі де қалған жоқ, олардың 
билігі бұл аймақта жүз жетпіс жеті жылға солзылып еді» дейді. 
  Ала-ад-диннің жау ала алмайтын бекінісі -биік таудың басындағы Аламут аталған 
қалашық  дейді  білетіндер.  Ол  шамасы  Каспий  теңізі  мен  Кавказ  арасындағы  таулы 
өлкедегі  қорғандардың  бірі  болса  керек.  Батыс  Эльбруста,  теңіз  деңгейінен    3689  метр 
биіктікте,  биік  жартастардың  үстінде,  жау  ала  алмайтын  жерде  осы  Аламут  бекінісінің 
орыны әлі де бар дейді.  Рашид-ад-дин Хулагу ханның осы бекіністі алғаннан кейін, оның 
мұнарасына шыққанын, Эльбрус тауыңың ұлылығына,  оның көз қызырықтырар көркіне 
сүйсінгенін жазады. 
   

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал