Жамбыл Омари



жүктеу 5.01 Kb.

бет16/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

  «Айхандын  (Чынгыс  хан)  баласы  өлгөндө  хандын  каарынан  коркуп,  эч 
ким даап айта албай коёт. Ошондо Кет Бука ырчы угузган дешет: 
-Туу-туу, туу куйрук, 
Тулпар качты, Айханым, 
Туурунан ажырап, 
Шумкаркачты,Айханым, 
О, не болот, Айханым? 
Алтын боолуу ак шумкар 
Айды көздөй сызыптыр, 
Алтын боосун тытыптыр, 
О, не болот, Айханым? 
Күмүш боолуу акшумкар 
Күндүкөздөйсызыптыр, 
Күмүш боосун тытыптыр, 
О, не болот, Айханым? 
Абаданагалабулутсөгүлөт, 
Аяктап жамгыр төгүлөт, 
О, не болот, Айханым? 
Көктөн көк ала булут сөгүлөт, 
Көнөктөп жамгыр төгүлөт, 
О,  не  болот,  Айханым?  –  деп,  Бука  комузун  черткенде  Айхан  падыша 
анынколунан комузун алат да: 
-Туу-туу,туукуйрук, 
Тулпар качса карматпай, 
Менин туйгунум өлгөн турбайбы! 
Ошондо шорум курбайбы! 
Алтын боолуу ак шумкар, 
Айды көздөй ал сызса, 
Менин арстаным өлгөн турбайбы! 
Анда бир шорумкурбайбы! 

165 
Көктөн көк ала булут сөгүлсө, 
Көнөктөп жамгыр төгүлсө, 
Көзүмдүн жашы турбайбы! 
Менин шорум курбайбы! 
Кет,кет,Бука,кетБука! 
Кеби жаман ит Бука. 
Комузуңду колго алып
Сүйлөткөнүкелдиңби? 
Бүгүн Айхан падышаңды 
Ыйлатканыкелдиңби? 
Жолчуханды тапсаңар, 
Кыркыңда пашаа кыламын. 
Жолчухандытаппасаң, 
Башыңарды  аламын  –деп  жооп  кайтарып,  кан  айбалтаны  белине  кыстарып, 
Буканы  жанына  алып  токойго  кирсе,  Жолчуханды  жолборс  басып  жатыптыр. 
Бука жолборстун маңдайына барып күү чертет. Жолборс күүгө көшүй түшкөндө 
Айхан  аны  мээге  чаап  өлтүрүп,  жонунан  жоон  тасма  кайыштай  тилип, 
Жолчухандын  өлүгүн  айылына  алып  кайтыптыр»,  –  деп  баяндап  чертсе, 
Арстанбек  менен  Муратаалы  «Айхан»  деген  атта:  «Илгерки  өткөн  заманда 
баласын  кулан  тепсеп  өлтүргөндө,  Бука  деген  ырчы  Чынгызханга  мындайча 
угузуптур: 
-Алтынбоолууакшумкар 
Алтын боосун тытыптыр, 
Айды карап сызыптыр. 
Күмүшбоолуукөкшумкар 
Күмүш боосун тытыптыр, 
Күндү карап сызыптыр, 
Алэминеболучу? 
Туу түбүндө көк бука,Күндү карап өкүрөт 
Алчагаймүйүз,акэркеч 
Айды карап бакырат,Бул эмине шумдугу? 
Асманданбулутсөгүлөт 
Аяктап мөндүр төгүлөт, 
Көктөналабулутсөгүлөт, 
Көнөктөп мөндүр төгүлөт, 
Бул эмине шумдугу? 
Чынгызхандын жообу: 
-Алтын боосун тытканы, 
Айды карап сызганы 
Ал кулунум, ботом болгону. 
Күмүш боолу көк шумкар
Күмүш боосун тытканы, 
Күндү карап сызганы, 

166 
Бул кулунум, ботом болгону. 
Тумтук мүйүз көк бука 
Туу түбүндө өкүрсө, 
Ал атасы болгону. 
Алчагай мүйүз ак эркеч 
Айды карап бакырса, 
Ал энесиболгону. 
Асмандан булут сөгүлсө 
Аяктап мөндүр төгүлсө, 
Көкалабулутсөгүлсө, 
Көнөктөп мөндүр төгүлсө, 
Көзүмдүн жашы болгону, -деп, андан ары ачууланып: 
-Кет, кет, кет, Бука, 
Кеби жаман ит Бука. 
Сенинайтаркебиңбулэмес, 
Менин  угаар  кебим  бул  эмес!  –деп,  ырчыны  капастагы  арстан,  жолборско, 
таштап жиберерде, Бука ырчы: 
-Кыздарысокконкыялдай, 
Кылыгы жакшы Айханым. 
Келиндер сайган кештедей, 
Кеби жакшы Айханым. 
Элчи менен ырчыга, 
Кан алдында кай өлүм? – дегенде, Чынгызхан ачуусунан кайтып, ырчыны 
өлтүргөнэмес  экен»  –  деп  таржымалдап  чертишчү  экен.  Бұл  дерек  Белек 
Солтоноевтың  «Кызыл  кыргыз  тарыхы»  қолжазаба  кітабында  сақталған.  (114, 
82-83 бб.).  
  Бұл  жырдың  екінші  нұсқасын  Шекербек  Шерімқұлов  деген  қобызшы 
жырлаған  екен:  «Ал  эми  кийинки  муундун  көрүнүктүү  комузчусу  Шекербек 
Шерикулов «Кетбука» деген ат менен күүнү аткарардын алдында: «Айхан алты 
шаардын ханы болуп, ордосу Үч деген жерде кан уюгу деген ордо болуп, тагы 
Үч  болуп  аталган  да  бара-бара  Турпан  деген  атак  пайда  болот.  Бул  шаар  үч 
жерге  салынгандыктан  Үчкө  айланып,  Үч  турпан  аталат.  Анын  каны  Айхан 
болуп, баласы токтобой өлүп турат. Бир баласы токтоор бекен деп ырым кылып, 
жар таштын бооруна атайлап үй салдырып, ошондо бактырат. Бала 6-7 жашка 
келгенде  жемиш  менен  кошо  келген  каракурт  Канбаланы  чагып  өлтүрөт.  калк 
чогулуп  суук  кабарды  угузалбай  турганда,  Кетбука  деген  комузчу  ханга  ал 
кабарды минтип ырдап угузган экен: 
-Туукуйругунбиркучау 
Тулпар качты, Айганым. 
Туурунанбошонуп, 
Шумкар качты, Айганым. 
Алтынтака,күмүшмык, 
Алтын туур ордунан 

167 
Туйган качты, Айганым. 
Алтын ордо багынан 
Булбул качты, Айганым. 
Деңиз толкуп чайкалып 
Көл бөксөрдү, Айганым. 
Теректүптөнжулунуп 
Жер бөксөрдү Айганым. 
Алатоокулап,басболуп, 
Бел бөксөрдү, Айганым. 
Берекелүүнурчачып 
Эл бөксөрдү, Айганым. 
Алтындайрасоолуп 
Көл бөксөрдү, Айганым. 
Төрөлөрдүнуругунан 
Төл бөксөрдү, Айганым. 
Каражандантаптаттуу 
Ынак көчтү, Айганым. 
Касиетибашкача 
Чырак өчтү, Айганым. 
Айгандынжообу: 
-Кет-кет, кет, Бука 
Кебисуук,итБука! 
Карап турган кашымда 
Көзүң курсун, ит Бука 
Теректүптөныйгылса, 
Тургузар улам Юшыдыр,- дейт,  
Ырчы 
болсо 
бул 
суроону 
кайталап, 
көзүнө 
жаш 
алганда, 
Чынгызхан: 
-Көзүңдөнжашчубурду, 
Көңүлүң капа болгонбу? 
Ырыңжүрөкмуңайтты, 
Жошы өлгөн бейм?-деп, көзүнөн жашын буурчактатканда,  
Кетбука:-Сойлөмегөэркимжок, 
Сен сойлөдиң, о-ханым. 
Оозярлыгынөзүме 
Туьз 
(түз) 
сойледиң, 
о-ханым,- 
дегенде 
Чынгыз 
хан: 
-Кулунун алган куландай 
Кулунумданайрылдым. 
Айрылышкан ак куудай 
Эр  уулумдан  айрылдым,-деп,  кан  жуткузган  кайгынын  кара  туманына 
каптала эмне кылар айласын таппай отуруп калыптыр»,- деп жауап береді.  
  Жошының жұмбақ өлімі туралы  тақырыпты одан әрі  Ақселеу Сейдімбек 
ағамыз қаузаулап «Қазақтың күй өнері»  атты кітабында былайша баяндайды: 

168 
  «Әлқисса,  қаралы  хабарды  естіген  соң,  Шыңғыс  хан  төсектен  басын 
көтермей  құсаланып  жатып  алса  керек.  Көкірегін  қайғы  кемірген  қаған 
ешкімді  қабылдамапты.    Көңіл  айта  келгендерге  тіс  жармапты.  Әлемді 
алақанында  ұстаған  Шыңғыс  ханның  қаһарынан  сескенген  нояндар  да  оның 
жанына  түскен  уытты  қайтара  алмапты.  Дүние  тынышталып,  демін  ала 
алмағандай  тылсым  күйге  түсіпті.  Сонда  Шыңғыс  ханның  бәйбішесі, 
Жошының  шешесі  Бөрте  ханымның  өзі  қағанның  ордасына  келіп,  оны  былай 
деп жұбатыпты. Жай сөздің сергітпесін білген Бөрте ханым Шыңғысқа:  
 -  Хан  ием,  сен  қара  жамылып,  қайғырып  жатқаныңда  ел  арасына  жік 
түсті.  Дау-дамай  қаулап  кетті.  Соған    басу    айтпасаң  болар  емес.  Басынды 
көтер,— дейді.  
Бүған елең ете қалған Шыңғыс хан шынымен елегізіп:  
 -    Таңертең  айтқандарынан  түсте,  ал  түсте  айтқандарынан  кешке 
тайқып шығатындары ұят емес пе бұлардың. Қырыстанбай жүрсе, Шыңғыс 
қағанның үрім-бұтағына кім тиіспек?— дейді. Сонда:  
   -    Хан    ием,  бұл  дауға  шешім  айтпасаң,  бұдан  былай  бұлттай  денең 
бұлғаң етсе, бұлар еліңді билете ме? Осы дан былай ожар денең оқыс болса, 
отаныңды  отамай  ма?  Қүұарда  өскен  самырсындай  көп  бауырыңның  сағы 
сынбай    ма?  Өштес  болған  бұл  құл-құтан  өсіп-өнбей  толыспаған,  көкөрім 
балбөбегіңе көп елінді билете ме?— деп тақпақтай жөнеліп, Шыңғыс ханның 
назарын өзіне аударады. Содан кейін барып қағанның аңысын бағып отырған 
Бөрте үжін мынадай әңгіме айтады.  
 -    Сенің  бір  нояның  өзінің  алтын  тізгінді  досына  өзі  олжаға  түсірген 
алтын-күмісін сыйға тартыпты. Ол бұл олжаның қарымын бір реті келгенде 
қайырар  деп  үміттенеді.  Алайда  арада  қаншама  жыл  өтсе  де,  әлгі  ноянның 
досы бұған ешқандай ілтипат көрсетпепті. Досына көңілі қалған ноян ренжіп, 
өзінің  берген  олжасын  қайыруды  талап  етіпті.  Анау  қайырмайды.  Билер  де 
әділ  билік  айта  алмапты.  Бір  бөлегі  олжаны  “қайырып  берсін”  десе,  екінші 
жартысы  “жоқ,  олжа  сұраусыз”  депті.  Осы  дау  еліңді  екіге  бөліп,  егер  қып 
тұр.  Қайсысынікі  дұрыс?  Бергендікі  ме,  алғандыкі  ме?  Соны  айтшы,  хан 
ием?— дейді Бөрте үжін.  
Шыңғыс хан Бөрте үжіннің түпкі ойын аңғармай:  
-  Е, олардың  мұнысы несі?  “Жеті  қат  жер  тулақтай  ғана  боп  тұрғанда 
кездесіп ем олармен. Шалқар дария бұлақтай боп тұрған шақта достасып ем 
олармен”.  Билік  әділ  болмаған  екен.  Сый  мен  олжаны    ала    білген  кісі  оның 
қарымын  қайтара    да    білуі  керек.  Алаған  қолым  —    береген  емес  пе!—    деп 
қалады. Бөртенің ел ішінде болмаған дауды ойдан құрастырып айтқандағы  
күткені осы сөз болса керек. Бөгелместен:  
-  Хан ием! Сен де сол нояндарыңа ұқсап тұрсың. Сенің де  ісің дұрыс емес 
екен  ғой  онда.  Елінді  иесіз  қалдырғаның  Тәңірінің  жолы  емес  көрінеді  онда. 
Себебі:  Тәңірім  саған  жұбанышың  болсын  деп  бала  берді.  Ол  ер  жетті. 
Жұмсап  қызығын  көрдің.  Атсаң  —  жебең,  шапсаң  —    қылышың,    ұшсаң  — 
қанатың болды. Тәңірімнің саған берген сыйын енді сенің де қайтаратын кезің 

169 
келген  екен.  Құдіреттің  күшіне  бойсұнып,  ісіне  көну  керек.  Тәңірім  саған 
Жошыны  сыйлады.  Енді  сол  сыйын  мерзімі  келгенде  сен  де  қиналмай  өзіне 
қайтара біл!— деп Шыңғыс қағанның есін жиғызып, қайғысына тоқтау салған 
екен».  
  Ақселеу Сейдімбектің «Күй-шежіре» атты кітабына  енген екінші аңыз да 
қазаққа  бұрыннан  белгілі  және  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  шығармаларының 
ішінде  жүрген  дүние.  Бірақ  Мәшһүр  Шыңғыс  ханның  орнына  Алаша  хан 
атауын қолданады: «Сол кезде Шыңғыс ханның Домбауыл  деген адал берілген 
құлы  бар екен.  Бала  кезінен көз алдында өскен Жошыға деген Домбауылдың 
көңілі  алабөтен    болса  керек.  Жошының  өлімінен  кейін    Домбауыл  ант    суын 
ішіп, жер бетінен құлан тұқымын құртпақ болады. Сөйтіп,  байтак  даланың 
шығысын орап, Тарбағатай тауынан Іле өзеніне дейін құлан өте алмайтын ор 
қазады. Батысында Құланөтпес, Терісаққан өзендерінің арнасын терендетеді. 
Сонан соң Қабанқұла, Әңкей, Бөкен  деген үш тұлпарды баптап, құлан аулауға 
шығады  ғой.  Батысы  мен  шығысы  орланған  құландар  үйір-үйірімен 
Бетпақтың  шөліне  жөңкіледі.  Домбауылдың  күткені  де  осы.  Шөлге 
шығандатып,  шалдыққан  құландарды  Домбауыл    аяусыз  қырады.  Бетпақтың 
байтақ даласы қан сасиды.  
  Содан,  күндердің  бір  күнінде  Домбауылдың  салған  сүргінінен  бес  құлан 
сытылып  шығып,  Шу  өзенінен  әрі  өтіп  кетеді.  Шудың  табанына  жете  бере 
Қабанқұла  шөлден  ұшып  өледі.  Әбден  титығына  жетсе  керек,  кешікпей-ақ 
Әңкей де зорығып өледі. Кейін жаңағы аман қалған бес құланнан тұқым тарап
кең дала қайтадан құланға толған екен дейді» (108, 276 б).  
  Ақселеу  ағамыз  Жошының  өлімі  Шыңғыс  ханнан  болды,  қағанның 
жасырын  жіберген  жасағы  Жошының  аң  аулап  жүріп,  оңашаланатын  сәтін 
бақты деуші еді. Міне, өткен өмірдің жаңғырығындай осы оқиғалардың айғағы 
сияқты  “Ақсақ  құлан”  күйі  сахара  төсінде  атадан  балаға  мирас  болып  қалған. 
Аңыздың  астарында  ақиқаттың  ізі  бар.  Күні  бүгінге  дейін  Ұлытаудың 
төңірегінде  қиырдан  көз  тартып  Жошы  ханның  мазары  тұр.  Сол  Жошы  хан 
мазарын  өлгеннен  кейін  де  қорғап  жатқысы  келгендей,  дәл  жанында  Домба- 
уылдың  кешені  асқақтайды.  Ұлытау  жерінде  тұрған  Дүзен  моласының 
шығысында  Ақсай  деген  өзек  созылып  жатыр.  Сол  Ақсайдың  басын  “Дабыл 
қорасы”  деп  атайды.  Бұл  —  Жошының  құланға  дабыл  қаққан  жері.  Дәл  осы 
манда  “Топырақ  суырған”  деп  аталатын  ойпаң  бар.  Жошының  құлан  таптап 
кеткен  денесін  осы  жердегі  топырақ  арасынан  тапқан  соң  солай  аталып  еді, 
дейді. Ал Тарбағатайдың  Іле өзеніне дейін қазылған құлан өтпес ордың сорабы 
әлі  бар.  Оны  кезінде  Уәлиханов  Шоқан  да  тамсана  жазған.  Сондай-ақ,  Шу 
бойындағы  “Бесқұлан”,  “Қабанқұла”,  “Әңкей”,  “Бөкенсан  Нұрасы”  деген  жер 
аттарын  естігенде,  апыр-ай,  ата-бабамыз  өз  тарихын    дала    төсіне  тарланның 
тұяғымен  жазғандай-ау,  деп  қайран  қаласың.  Ол  аз  десеңіз,  Ұлытаудың  басын 
алып,  солтүстікке  қарай  ұмсына  созылған  Құланөтпес,  Терісаққан  өзендерін 
көргенде,  аңыздың  ақиқаттан  туғанын  мойындамасқа  шараңыз  қалмайды.  Бұл  
да    ештеңе  емес-ау,  Ұлытау  төңірегінің  хат  танымайтын  қарттары  айтатын 

170 
әңгіме сорабының ту-у сонау XIII ғасырда өмір сүрген  араб жиһанкезі Ибн аль-
Асир жазып қалдырған деректермен үндес шығатыны немесе XV ғасыр мұрасы 
“Түркі шежіресінде” қайталануы адам айтса нанғысыз құбылыс сияқты. Бірақ, 
ақиқаты солай (108, 277 б).  
  Шындығында  да,  Ақселеу  ағамыздың  танданса  таңданатындай  жөні  бар. 
Жоғарыда  келтірілген  аңыздардың  бәрі  де  Кетбұқаның  өмірінен  хабар  беретін 
дерек  көзі,  сол  заманның  көркем  баяндалған  шындығы  болып  табылады. 
Шығыс  жазбаларында  сақталған  қазақ    Жошы  мен  Кетбұқаның  өмір 
деректеріне  негізделген  ғажайып  жыр  қазақтың  аңыздарының  мазмұнымен 
сәйкес.  Алаш  ұлдары  моңғолдардың  дәстүрлі  жерлеу  салтын  бұзып, 
Сарыарқада Жошы ханға керемет күмбез тұрғызады. Ол Жошы ханның ордасы, 
сол  жердегі  қалашық  жанында  орналасқан.  Уақыт  салмағымен  бұзылған  бұл 
қалашықтың орыны даланың ұлы билеушілерінің бірінің даңқын еске түсіреді. 
Шыңғыс  хан  Орхон  бойынан  атойлап  шыққан  дәуірде  түркі-моңғол 
тайпаларының  ішінде  бәлендей  шекара  болған  жоқ.  Шығыстың  ең  ғұлама 
тарихшысы Рашид-ад-дин «монголдар түріктердің бір саласы болып табылады» 
деп тегін айтпайды, ол «түрік пен моңғолдың бүкіл тайпалары мен бұтақтары 
бір-біріне  жақын  және  барлығының  ата  тегі  бір  болған»  дейді.    Шыңғыс  хан 
құрған  держава  түрік    тайпаларының  ғасырлар  бойы  қалыптастырған  саяси 
құндылықтарына  негізделді.  Сол  себепті  Жошы  хан  туралы  сыр  шертетін 
қазақтың  тарихи  аңыздары  мен  күйлері  қайғылы,  аянышты  сарындарға  толы. 
Оның  ішінен  біз  үкілеген  үмітті  де,  сағыныш  пен  аңсауды  да,  орны  толмас 
өкінішті  де  аңғарамыз.  Моңғолдың  төл  шежірелері  Шыңғыс  ханға  аса  көңіл 
бөледі  де,  оның  балалары  туралы  сараң.  Оның  есесіне  қазақтың  шежіресі 
Жошыны  аса  бір  көңілшектікпен,  іштегі  бір  зар-өксікпен  суреттейді.  Біздің 
пікірімізше  сол  заманды  да  осы  контексте  бағалауымыз  керек  болар.  Жошы 
атының қазақ руханиятында алған орыны Ұлы дала империясын құрамыз, төл 
мемлекетімізді жаңғыртамыз деген Арқа көшпелілерінің үмітіне теңбе-тең. 
 
Жошы заманында Ұлытау қайта жаңғырды. Осынау байтақ өлкеде ерте 
заманда билік жүргізген Алаша мен Уыз хандардың аруақтарын ел еске түсіріп 
ұлы  астар  өткізді.  Сарысу  бойлай  оңтүстікпен  солтүстікке  тартатын 
меридиандық  жол  бойында  жаңа  қалалар  бой  көтерді,  сауда  керуендері  жүрді, 
ел  мен  ел  араласты.  Алаш  ірге  тасына  негізделген  Жошы  ұлысы  аталатын 
мемлекет  дүниеге  келіп,  аз  уақыт  болса  да  өзгеден  алапаты  асты.  Жошының 
өлімі  қара  бұлттай  болып  жаңа  шығып  келе  жатқан  күн  шұғыласын  қымтай 
жапты,  халық  көңілін  дәрменсіздік  пен  тағдырға  мойынұсыну  басты.  Бірнеше 
мың  жыл  бойы  адамзат  көшінің  басында  болған  көшпелілер  бұдан  әрі  марғау 
тіршіліктің  соқпағына  түсті.  Адамзат  көшінің  мұрындығы  Еуропаның  қолына 
көшті.  Жошы хан қазақтың хандар әулетінің негізін салды. Мемлекет билеуші әулетсіз 
қалыптаспайды.  Қоғамда  ел  мен  жерге  жауап  беретін,  ұлттың  ары  мен  намысын 
жоқтайтын,  өзі  мемлекеттік  биіктерден  көріне  білетін  әлеуметтік  топ  қалыптаспай 
халықтың  бағы  жанбайды.  Жошы  қазақ  халқын  бірнеше  ғасыр  бойы  алға  сүйреген, 
биліктің  қиындығы  мен  азабына  төзе  білген,  басын  ел  үшін  бәйгеге  тіккен  қазақ 

171 
хандарының даңқты бабасы.  
   
20. Батыс жорығы және Кіші Азия саясаты 
   
  1227 жылы тамыз айында Таңғұт еліне жорық кезінде Хара-Хото (Эцзин-ай) қаласы 
түбінде  қаза  болды.  Еуразия  әлемінің  орталық  бөлігін    бағындырып  үлгерген    Моңғол 
империясы  өзінің  өмірін  жалғастыра  берді.    Расында  да  ол  кезеңде  Орталық  Азия 
аймағында    моңғолдарға  қарсы  тұратындай  күшті  мемлекет  қалмаған  да  еді.  Шыңғыс 
ханның  көзі  тірісінде мұрагер болып  сайланған  Үгедей  қағандық  билікті жалғастырды. 
Жаңа қағанды таққа отырғызу салтанатына арналған  ұлы той 1229 жылы өткізілді және 
оған  моңғол  бекзадалары  түгелге  жуық  қатысты.    Бұл  жолы  Моңғол  ордасында  үлкен 
саяси бағдарлама қабылданған жоқ, негізінен осы кезеңге дейін империя құрамына енген 
аймақтарды  одан  әрі  бекіту  өзектірек  еді.  Осы  құрылтайдың  шешімдеріне  сәйкес  бір 
жағынан Шығыс Азияда жауынгер шүршіттер қоныстанған жерлер түгел бағындырылса,    
екінші жағынан  Батыс Азияда  Жалал ад-дин қарсылығын жоюға бағытталған соғыстар 
жалғаса  берді.  Шыңғыс  ханның  алғашқы  жорығы  кезінде  керемет  ерліктердің  үлгісін 
көрсеткен Жалал ад-дин 1224 жылы Үндістаннан қайтып келді. Келді де әкесінің бүкіл 
иелігін  қайтарып  алды.  Бірақ  мемлекетті  қайтадан  қалпына  келтіріп,  шаруашылығын 
орнына  келтірудің  орнына  қайта-қайта  өзінің  батыс  көршілермен  жауласты.  Ақыры 
Анатолия селжүктері, Ирак иеліктерін басқарған халиф, Кавказдағы грузиндер қосылып 
1230  жылы  Арзинджан  түбінде  Жала  ад-диннің  тас-талқанын  шығарды.  Осы  кезде 
моңғолдар да Хорезм аймағына қайта келді. 
  1230-1231  жылдың  қысында  Үгедей  Иранды  бағындыруды  аяқтауды  жоспарлап 
Әмудария бойына отыз мыңдық әскер аттандырды. Қарақорымда Шыңғыс хан өсиеттерін 
орындау мақсатында әлемнің бұрыш-бұрышына әскерлер аттанып жатты. Қытай, Корей, 
Үндістан  моңғол  аттарының  табанында  қалды.  Еурпаны  жаулап  алуға  Жошының  ұлы 
Бату хан бастаған үлкен немерелер дайындыққа кірісті. 
  Міне, осы кезеңде 1231 жылы Шормаған бастаған моңғол әскері Хорезм аймағына 
енді.  Жалпы Мәуреннахр елі де, елге басшылық жасауға тиісті Жалал ад-дин де Шыңғыс 
хан жорығынан кейін әлі естерін жинаған жоқ еді.  Ибн ал-Асир деген тарихшы жергілікті 
елдің  моңғолдардан  қорқынышы  сондай,  бір  моңғолдың  атты  жауынгері  тұтас  бір 
қышлақтарды қырып-жойып бағындырушы еді дейді. Қарсылық жасаудың орнына Жалал 
ад-дин  батысқа  қарай  қашты.  Ақыры  1231  жылы  15  тамызда  қазіргі  Түркия  жерінде 
Диярбақыр қаласының маңында жау қолынан өлді.   
  Осы  жылы  моңғол  әскерлері    Бағдат  халифатының  шекараларына  жақындап 
тоқтады.  Шормаған ноян бастаған қолдың алдында Бағдат, Шам шаһары және Мысыр 
тұр еді. 
  Тек  осы  шаруалар  бір  жақты  болған  соң  ғана    империяның  жаңа  саяси 
бағдарламасын  анықтаған  Құрылтайға  дайындық  басталды.    1235  жылы  Қарақорымда 
өткен  бұл  Құрылтайдың  орыны  ерекше.      Қазіргі  тілмен  айтсақ  бұл  ұлы  бас  қосуда 
«Империяның  әскери  жағдайы  және  Бағдат  халифаты  мен  Еуропа  жұрттарын  жаулап 
алуды жалғастыру» мәселесі қаралды.  
  Бұл жерде Ұлы Құрылтайдың қалай өткендігін, шешімдердің қалай қабылданғанын 

172 
нақты суреттеп беру өте қиын. Дегенмен біздің ойымызша Еуропаға аттанатын жорыққа 
көп көңіл бөлінген сияқты. Бұл сол кезде Шыңғыс хан «Жасағының иесі» деген құрметті 
атаққа  ілінген  Шағатайдың  «Сүбедейдің  соңынан  ұлдардың  үлкендерін  жіберейік. 
Ұлдардың үлкендері аттанса әскер мол болады. Әскер мол болса, көзге жойқын көрінеді. 
Онда дұшпан қолы көп, жат елдер де көп. Сол шеттегі елдер кеселді. Адамдары ыза 
болса,  өзін-өзі  жарып  жіберуден  тайынбайды.  Дірілдеп  тұрған  саймандары  да  бар 
деседі»  депті.  Шағатай  ағайдың  сақтықпен  айтқан  осы  ақылы  бойынша  ұлдардың 
үлкендерін әдейі жіберейік деп жан-жаққа жар салып, Бату, Бөрі, Күйік, Мөңке бастаған 
адамдарды жорыққа аттандырмақ болған жай осылай екен» дейді (77,143 б.).  
  Сүбедей  баһадүрдің  соңынан  аттанған  бұл  жас  ханзадалардың  тобын  Жошының 
ұлы  Бату  бастайтын  болды.  Үгедейді  жарлығында  «бұл  жорыққа  аттанған  барлық 
туыстар мен нояндарды Бату басқарады» делінген. 
  Шәкәрім  «Шежіресінде»  Қазақ  хандарының  тарихы  Жошының  ұлы  Бату 
ханнан  басталады:  «Шыңғыстың  үлкен  баласы  Жошы  хан  өлген  соң,  орнына 
Бату  Жошы  баласы  хан  болды,  -дейді  Шәкәрім  қажы.  Оны  орыстар  Бати 
дейді, лақап аты Сайын хан еді. Оның орыс жұртын қаратып алғаны – 1242-
інші жылы. Батудан соң інісі Бүрге хан (Берке хан, Береке хан  – Ж.О.) болды. 
Жошыдан бұрын ол Еділ, Жайықта қыпшақ атанып тұрған түріктер бар еді. 
Сол себептен Дешті Қыпшақ ханлығы деп аталушы еді. Бүрге хан кезінде  үш 
ордаға  бөлініп:  Алтын  Орда,  Ақ  Орда,  Көк  Орда  деп,  бәрінің  үстінен  Алтын 
Ордадағы Бүрге хан билеуші еді. Ақ Ордаға Жошының Шибан (Шайбан, Сыбан 
–  Ж.О.)  деген  баласы  хан  болып,  бер  жақтағы  тамам  көшпелі  ел  Көк  Орда 
атанып, оған Жошының Тоқайтемір деген баласы хан еді. Біздің Әбілмансұр – 
Абылай хан сол Тоқайтемір нәсілі. Жоғарғы Бүрге хан мұсылман болып, Береке 
хан  атанып,  оған  еріп,  інісі  Тоқайтемір  де  мұсылман  болып  еді.  Өйтсе  де 
халыққа  мұсылмандық  орнықпай,  олардан  соң  жоғалды.  Бүргенің  орнына 
Тоқайтемірдің Мөңкетемір деген баласы үлкен хан болып, онан соң, оның інісі 
Тудамөңке  болып,  онан  соң  жоғарғы  Мөңкетемірдің  баласы  Тоқтағу  болды. 
Онан  соң  жоғарыдағы  Батудың  Мыңтемір  деген  баласының  Тұғрұл  дегеннің 
баласы  Өзбек  хан  болды.  Мұның  хан  болғаны  1301-інші  жылы  еді 
(Шындығында  -1312-1342  жж.  хан  болды-Ж.О.)  .  Бұл  Өзбек  хан  мұсылман 
болып,  халқын  да  мұсылман  қылды.  Сол  мұсылмандық  бұзылған  жоқ.  «Дін 
Өзбектен  қалды»  деген  мақал  сол.  Және  сол  ханның  атымен  барша  Жошы 
ұлысы Өзбек атанды. 
Жошы ұлысының үлкен ханы тұратұғын Алтын Орданың орны осы күнгі 
Еділ  суының  бойында,  Астрахань  мен  Саратов  арасындағы  Царев  деген  қала 
еді.  Ноғайлар  Сарай  деп  атап,  оны  орыстар  Царев  деп  кетті.  Сол  кезде  де 
біздің қазақтың орны осы Сарыарқада еді». 
 Біздің  ойымызша  Ақ  Орда  деп  Жошының  үлкен  баласы  Орда  Еженнен 
тараған  ұрпақтың  иеліктері    атанған.  Орда  Еженнің  алғашқы  ордасы  Алакөл 
бойында тігіліп, кейіннен Ұлытаудағы Жошы ордасына келгенге ұқсайды. Бұл 
Жошы  ханның  өзінең  қалған  ескі  орда  болатың.  Ақ  Орда  атануы  осы  себеп 
болуы  тиіс.  Көк  Орда    Ақ  Орданың  батысында  пайда  болды,  яғни  Шайбан 

173 
билеген  аймақта.  Шайбан  ұлысының  орда  құрған  орталығы  Ақкөл-Жайылма 
жері.    Егер  Шайбан  /Шибан/  ордасы  түр-түске  байланысты  атаумен  аталса  ол 
Боз  орда  атануы  керек  еді.  Алтын  Орда  –батыс  деретерінде  (орыс 
жазбаларында) осылай аталады, ал шын мәнінде түркі-моңғолдың шежіресінде, 
іс қағаздарында -Ұлық Ұлыс атанған.  
  Шәкәрім  шежіресінде  аты  аталатын  Тоқай  Темір  –  Жошының  кіші 
ұлдарының бірі. Сол қол сұлтандарымен бірге Орда Еженнің жанында еншілес 
болды. Кейіннен Тоқай Темір ұрпағынан көптеген патшалар шықты (Қазан және 
Қырым хандары т.б.). 
  Осындай себептерге байланысты қазақ хандарын Тоқай Темір тұқымынан 
тарату  дәстүрі  тарихнамада  орын  алды.  Шын  мәнінде  олардың  насаб-намасы 
Орда  Еженге  барып  қосылады.    Өтеміс  қажының  «Шыңғыс  –наме»  кітабы 
бойынша  Мөңке  Темір  Бату  ханның  (Саин  хан)  немересі  Бату  ханнан    екі  ұл 
туған: Сары- Тақы (Сартақ) және Туған. Осы Туғаннан Туда Мәңку мен Мөңке 
Темір  бірінен  кейін  бірі  Саин  ордасының  (Алтын  Орда)  ханы  болды  (Қара.: 
Утемиш –ходжи. Чингиз-наме /Факсимиле, перевод, транскрипция, текст, прим. 
исслед. В.П. Юдина. Коммен. и указ. М.Х. Абусеитовой/. Алма-Ата, 1992. с. 99). 
Шәкәрім  шежіресінде  айтылатын  Орыс  (Ормамбет  хан)  –Ақ  Орданың 
билеушісі. 
Біраз 
уақыт 
Алтын 
Орданың 
(Ұлығ 
Ұлыс) 
тағында 
отырды.П.Савельев,  А.Ю.Якубовский,  П.П.Иванов  Муин  ад  дин  Натанзидың 
шығармасына  сүйене  отырып,  Орыс  ханды  Жошының  үлкен  баласы  Орда 
Еженнен  таратады.  Басқа  дерек  көзерінде  (Бахр  ал  асрар,  Тауарх  и  гузида  и 
нусрат  нама)  Орыс  хан  Жошы  ханның  кіші  ұлдарыны  ң  бірі  Тоқай  Темірдің 
тұқымы    (Жошы-Тоқай  Темір-Өз  Темір-Қожа  Бадық-Орыс  хан).  Орыс  хан  Ақ 
Орда тағына ХІУ ғасырдың  60 жылдары әкесі қайтыс болған соң отырды. Ақ 
Орданың  астанасы  Сығанақта  осы  кезеңде  ақша  соқтыра  бастады.  Орыс  хан 
тұсына  Ақ  орда  ірі  мемлекетке  айналды,  осыдан  кейін  Орыс  хан  біраз  уақыт 
Алтын  Орда  тағында  отырды.  Бірақ  белгісіз  себептермен  өз  жұртына  қайта 
оралды  («Ормамбет  хан  Ордадан  шыққан  күні,  Асан  ата  қайғырып  айтыпты 
жыр»).  Низам  ад  дин  Шами  және  басқа  деректерде  Орыс  хан  1380  жылдары 
қайтыс болды. Қазақ шежіресінде Орыс хан «Ормамбет хан» аталады және оған 
қатысты аңыз -әңгімелер көп.  
  Шыңғыс  әулетінің  жас  өкілдерінің  бірін    Кіші  Азияға  аттандыру  туралы 
әңгіме ертеде басталған еді.  1224 жылы Сартауыл еліне жорық аяқталған соң Шыңғыс 
ханның  Ертіс  дариясының  алқабында  көптеген  шаруаларды  талқылау,  сараптау 
барысында  өзінің  немерелерімен  кездескені  белгілі.    Сол  немерелердің  ішінде  Төленің 
балалары 10 жастағы Құбылай, 6 жастағы Хулагу аталарының ұлы жоспарын орындауға 
сол  кезде  -ақ  ыңғайланған  болуы  керек.    Бұл  жиынға  Жошының  ересек  болып  қалған 
ұлдары Орда Ежен, Бату, Шайбан да қатысты, олардың міндеті әкелерінің иеліктерін батыс 
бағытта ұлғайту болатын. Ал Төленің  көздерінен ұшқын атып тұрған, зейінді  балалары  
шамасы Қытай мен Хорезм бағытындағы жорықтарын  басқаруы керек болған шығар.   
  Қарап отырсақ Шыңғыс ханнан кейін таққа отырған Үгедейдің де, одан кейін осы 
орында  билік  құрған  Мөңкенің  де  жасаған  жұмысы  Шыңғыс  хан  аманатын  орындау 

174 
болғанын көреміз.  Бір ғажабы бірнеше ұрпақ бойы тек қана Шыңғыс хан түзген  «Жасақ» 
ережелері ғана емес, сонымен бірге Шыңғыс хан аузынан шыққан ұсыныстар мен ойлар  
да моңғолдың стратегиялық бағыты есебінде іске асып отырған.  
  Осы өсиеттерге сәйкес Шормаған тез арада Хорезм шекарасынан шығып Иранның 
шығыс  аймақтарын  тізе  бүктірді.  Өзі  билік  құрған  он  жыл  ішінде  (1231-1241  жылдар) 
Шормаған  моңғол  билігін  ұлан-байтақ  өлкеге  қайта  орнатты.  «Моңғолдың  құпия 
шежіресінде»  :«Чормаган  хорчи  Бағдат  елін  бағындырады.  Олардың  жері  жақсы, 
бұйымы асыл екенін білген Өгедей хаган: «Чормаган хорчи, сол жерге әмірші болып, асыл, 
алтын аптаған  бұйым, патша зер,  жібек,  меруерт, маржан,  бойы сұңғақ, аяғы ұзын 
арғымақ,  жүк  артатын  түйе,  қашар  тәрізділерді  жыл  сайын  жіберіп  тұрсын»  деп 
жарлық етеді» деген қызықты мәліметтер бар  (144 б.).  
  Шормаған Бағдат еліне алдын ала жіберілген күшті басқарады. Бұл тәсілді Шыңғыс 
хан  Батысқа  иелік  ету  үшін  жүргізген  күрес  барысында  да  қолданады.    1241  жылы 
Қарақорым Шормағанды найман Байджумен алмастырды. Оның мойнына Иранды тұтас 
бағындыру және  Ирандағы моңғол иеліктерін сыртқы жаулардан қорғау болатын.  Байджу 
ноян  келгеннен  кейін  Иран  аймағынның  шекарасына  қарай  орналасқан  исламиттермен 
күрес басталды. Осыған дейін олар соғыстардың кезінде өздерімен өздері болып, бейбіт 
халыққа не істеймін десе соны істеп, шектен шығып кеткен еді. Осы себепптен Байджу 
ноян  Мөңке  қағанға    хат  жазып  исламиттер  мен  Бағдат  халифына  қарсы  күрсеуге 
қосымша күш сұрайды дейді деректер.  
  Исламиттердің  күшеюіне  байланысты  Иран  аймақтарында  ел  азаматтық 
соғыс алдында тұрғаны басқа да мысалдардан белгілі. Мөңке ордасына келген  
атақты қази Шамс-ад-дин Казвини бірде хан ордасына келген уақытта  сыртқы 
шапанын  шешті  дейді.  Қаған  қараса  шапанның  ішінен  Шамс-ад-дин  Казвини  
сауыт киіп алған екен. 
  -Мұныңыз  не  ?  -дейді  таңқалған  Мөңке  қаған.  Сонда  Шамс-ад-дин 
Казвини: 
  -Біздің елде исламиттерден қорқыныш өте күшті, сол себептен мен киімнің астынан 
осы сауытты киіп жүремін, -дейді-мыс. 

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал