Жамбыл Омари



жүктеу 5.01 Kb.

бет15/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

  Қаракеңгір 
өзенінің 
жағасында, 
Жошы 
күмбезінің 
жанында, 

157 
археологиялық  әдебиетте  «Жошы  ордасы»    аталып  жүрген  орта  ғасырлық 
қалашық  орны  жатыр.  Бір  жағы  хан  сарайы,  бір  жағы  қонақ  үй,  нан  салатын 
тандыр пештердің орны - кішігірім қоныс. Әкесі мен інілеріне өкпелеп Дешті-
Қыпшаққа  тартқан  Жошы  осы  құрылысты  салумен  айналысқан  жоқ  па  екен?! 
Қалай  дегенмен  де  Шыңғыстың  1222  жылы  қыста  жіберген  хабаршысы 
Жошыны Ұлытаудан жолықтырып әкесінің шақыруын жеткізді. 
  Джувейни жазады: «Шыңғыс хан сол қыста (1222-1223 жж.) Самарқанд 
маңына келіп, өзінің Дешті-Қыпшақтағы үлкен ұлы Тушиге (Жошыға) хабаршы 
жіберіп, аң қуып, оның ішінде жабайы есек (әңгіме құлан не тарпаң жөнінде 
болуы  керек  –  Ж.О.)  атып  қызықтауға  келіп  кетсін  деп  хабаршы  жіберіп 
арнайы  шақыртты…Фенакент  (Сырдария)  өзенінің  маңында  барлық  ұлдары 
жиналып  құрылтай  өткізіп,  ол  жерден  шығып  Құланбасына  (Шу  өзеніндегі 
Бесқұлан өткелі болса керек – Ж.О.) келді. Қарсы жақтан әкесіне сәлем беріп, 
тағзым етуге Жошы да  келді. Әкесіне әкелген сыйының ішінде 20 мың ақ боз 
ат бар еді». 
  Шәкәрім  «Шежіресінде»  Жошы  ұлысының  құрылуына  ерекше  көңіл 
бөлінеді:    «Ақырында,  Шыңғысхан  тамам  татар-мағолды  алып,  төрт 
баласына  ел  бөліп  бергенде  үлкен  баласы  Жошы  менен  онан  кіші  баласы 
Шағатайға  татар  атанған  елдерді  бергенде,  соның  ішінде  татар  атанып 
және  Жошыға  тигені  –  Жошы  ұлысы,  Шағатайға  тигені  –  Шағатай  ұлысы 
атанған.  Онан  кейін  біздің  Жошы  ұлысындағы  аталарымыз,  Жошы  нәсілінен 
Өзбек хан мұсылман болғанда, барша Жошы ұлысы Өзбек атанып, онан кейін 
Әз Жәнібек ханға еріп, Ноғай ханынан бөлінгенде, қырғыз-қазақ атанған еліміз. 
Ол кезде ол атпен аталған ел жалғыз ғана біздің үш жүздегі қазақ емес, көп ел 
еді. Оның көбі отырықты өмірге    кіріп, әр жерге барып, бір талайы ноғай, 
башқұрт  атанып,  бір  талайы  өзбек,  сарт  атанып  кеткен.  Ақырында  қазақ 
деген ат бізде қалған. 
  Жоғарыда айтып едік, Адам пайғамбардан бері қарай осы уақытқа шейін 
үзілмей жазылып келген шежіре жоқ деп, Әз Жәнібек ханнан бері қарай біздің 
қазақ  аталары  туралы  шынды,  өтірікті  айтылған  сөздер  бар.  Соның  ішінде 
анықты  дегенін  һәм  дұрыс  шежіре  хабарына  тура  келгендерін,  шежіре 
кітаптардың сөзіне қосып жазамын...» (59,120 ). 
  Ескі шежірелерде (Әбілғазы) Алаша ханнан екі бала – Татар, Моңғол туды 
делінеді.  Рашид-ад-дин  татар  елінің  түп-тегі  түрік  дейді  және  татарға  үлкен 
тарау арнаған. Ол кітаптың екінші бөлімінде «Раздел второй относительно тех 
тюркских  племен,  которых  в  настоящее  время  называют  монголами...» 
шежіреші  Татар  елі  ертеде  өз  бетімен  мемлекет  болған  еді  дейді.  Біз 
Шәкәрімнің ізімен «қазақ атанған елдің» де тарихына жақындадық. 
  
19. «Ақсақ құлан -Жошы хан» 
  Қазақтың  тарихи аңыздары Жошы хан өлімін бәрімізге мағлұм «Құлан қырғыны» 
оқиғасымен байланыстырады: «Алаша ханның жалғыз баласы Жошы бала күнінде 
аңға шығып, аты құланмен елігіп-желігіп, бала атына ие бола алмай, аттың 

158 
басын  тоқтата  алмай  жығылып,  ат  сүйретіп  өлтірген.  Қасында  бірге 
шыққан  жігіт-желеңі  ел  бетін  көре  алмай,  қашып  зым-зия  жоғалып  кеткен. 
Аңға кеткен бала келмеген соң хан да, жұрт та түйсінген…». 
  Біз  жоғарыда  Жошының  қазақ  шежіресінде  не  себепті  Алаша  хан  баласы 
аталатынын жаздық. Бұл тақырыпшада біздің міндетіміз Жошы өлімінің себептерін және 
оны Кетбұқаның Шыңғыс ханға қалай жеткізгенін  ашып көрсету. 
  Жоғарыда  көрсеткендей  1223  жылы  Орта  Азия  жерін  жаулап  алу  негізінен 
аяқталды. Шыңғыс қаған  1225  тауық  жылы  Хорезмшах  Мұхамедтің  ұлы  атақты 
Жәлеладдинді  қуып  барып  Үндінің  солтүстік  аймақтарын  тас-талқан  қылған 
жалайыр    Бала  ноян  жорықтан  оралған  соң  моңғол  жұртына  қайтты.  Қыстай 
Ертіс  өзенінің  аңғарын  жайлап,  жаз  шыға  Алтайды  Арай  асуынан  кері  асқан 
Шыңғыс  хан  Ғұн  заманынан  бері  болмаған  ірі  жаулап  алудың  бір  кезеңін 
аяқтады.  Осы жаулап алу барысында  ұланғайыр жерді ұлысқа бөліп, ұлдарына 
билік  тізгінін  беріп  кетті.  Еділ-Жайықтан  Алтай  тауларына,    Ібір-Сібірден 
Сырдарияға    дейінгі  қазақ  даласы  үлкен  ұлы  Жошының  еншісіне  тиді. 
Шағатайға  Мәуреннахр  мен  Шығыс  Түркістан  және  Жетісу  шылбырын  
ұстатты.  Қағанның  Толы  өзенінің  бойындағы  Қара  ормандағы  ордасына 
Жошыдан басқа ұлдарының бәрі Шыңғыспен бірге еріп барды.   
  Қаһарынан  қар жауып, заһарлы деміне мұз қатқан қағанның қарғысынан 
қорықпай,  құрылтайға  да  қатыспай,  дараланып  қалған  Жошының  бұл 
қарсылығының орынды себептері де бар еді. Ержүрек, алып күштің иесі, зерек  
те    білімді,  әділ Жошы  Дәшті  -Қыпшақ  даласы  аталатын  алапат  зор  аймақтың 
басшысы  болып  қалды.    Буыны  қатпаған  жас бозбала  кезінен  әкесінің соңына 
еріп  небір қатерлі  жорықтардан  өткен  Жошы  енді өз  бетімен  тіршілік жасауға 
бел буса керек.  
  Парсы тарихшысы  Джүзжани баяндауынша: «Жошы Қыпшақ даласының  
жері  мен  суын,  ауасын  көрген  кезде,  дүниеде  бұдан  артық  жердің,  бұдан 
артық    caф    ауаның,  мөлдір  судың  болуы  мүмкін  емес  екенін  ұғып, 
қыпшақтарды  жақсы  көріп  кеткені  сонша,  өзі  осында  қалып,  бұл  елді 
бүліншіліктен  азат  етуге  бел  байлаған.  Ол  өзінің  пікірлес  адамдарына: 
’’Шыңғыс  қаған,  сірә,  алжыған,  өйткені  осыншама  жерді  ойрандап,  мұнша 
халықты  қырғынға  ұшыратты.  Сондықтан  мен  аңға  шыққан  кезде  әкемді 
өлтіріп,  мұсылмандармен  одақ  құратын  шығармын»,-  дегенді  айтқан-мыс. 
Жошының  бұл  ойын  Шағатай  сезіп  қап,  әкесіне  жеткізген-мыс,  сол  себепті 
әкесі оған білдірмей у беріп өлтіруге әмір еткен, -деп жазады.   
  Қалай дегенмен де, Жошы Шыңғыс ханның ордасынан бөлініп қалды  да,  
Дешті-Қыпшақтағы түркі тілдес тайпалардың  басын  қосып, дербес мемлекет 
құруға  кірісті.  Бұл  бүгінгі  қазақ  жерін  қамтитын  ұлыс  еді.  Ойранға  ұшырап, 
жаугершіліктен,  берекесіздіктен    әбден  зықысы  шыққан  көшпелі  қазақ 
тайпаларының барлығы берекеге, ынтымаққа, татулыққа ұмтылып, жұдырықтай 
жұмылып, Жошы ханның төңірегіне топтасты. Алты арыс Ұлытауға жиналып, 
Кетбұқаны Ұлығ би сайлады. Қазақ ауыз әдебиетінде айтылатын:  «Алты  алаш 
бас қосып, қыл құйрықты, бөрі басты ақ  ту  көтеріп, жеке хандық құрған жері -

159 
қасиетті  Ұлы  Тау»,-  деген  сөздердің  түп  төркіні  осында  жатса  керек. 
«Жошының  хан  ордасын  Ұлытаудың  етегіне  қондыруы    да    сондықтан. 
Кетбұқа би монғол мен қазақтың тілін де, дәстүрін  де, билік-заңын  да жақсы 
білетін. Шыңғыс ханның мемлекетті басқару қақындағы деңгейінде әр ханның, 
әр қолбасының қасындажөн білетін, данагөй, көпті көрген бір кеңесші болсын 
деген  жарлығы  болатын.  Мұны  ұлдарына  да,  ұлдарының  ұрпағына  да  өсиет 
еткен  және    кеңесшінің  келісімінсіз  келелі  шешім  қабылданбаған»  дейді 
Кетбұқа  тақырыбына  көлемді  зерттеу  арнаған  Тұрсын  Жұртбай  (2,43  б). 
М.Мағауинның «Қобыз сарынында»: «...Кетбұқа жырау Шыңғыстың оң тізесін 
басты»,- делінетіні де осы заманға ұқсайды. Доспанбет жыраудың:  «Кетбұғадай 
билерден кеңес сұрар күн қайда!» деп аңсайтын мамыражай қысқа заман да осы 
өтпелі кез.  
  Жошы  хан  Ұлытауға  орныққан  уақытта  Дәшті-Қыпшақ  даласының 
тұрғындары  әлі  де  Шыңғыс  хан  билігін  мойындаған  жоқ  еді.  Жаңа  билікке 
қарсылық  сөз  жоқ  болды  және  ол  мәселе  Шығыс  авторларының 
шығармаларында  айтылады.  Жошы  хан  мен  Кетбұқа  ноянның  бірнеше  жылы 
Шығыс  Дәшті-Қыпшақты  жайлаған,  Сырдың  бойын  қыстаған    елмен  тіл 
табысуға арналғаны сөзсіз. Жошы ұлысы құрылғанда ел  бір еркіндік алып, есін 
жиып, шаруашылығы дамып, мемлекеттің іргесін бекітті. Жеті жылдың ішінде 
елдіктің  мәйегі  ұйып  үлгерді.  Бірақ  күн  өткен  сайын  Шыңғыс  хан  мен  Жошы 
арасындағы  қарама-қайшылық  та  шиеленісе  берді.  «Кетбұқа  Шыңғыс  қаған 
Арқаны  өрлей  өтіп,  Ертіске  қыстағанда  жол-жөнекей  серік  боп,  ордасына 
ұзатып  салған,  -деп  баяндайды  Тұрсын  Жұртбай  бұл  күрделі  тіршілікті.- 
Өмірінің  аяқталып  келе  жатқанын,  қайтып  қыпшақ    пен    сартауылдың  жерін 
баспайтынын  білген  Шыңғыс  қаған  Самарқаннан  аттанарда    Хорезм    шахы 
Мұхаммедтің  шешесі,  Ұлытау  қыпшағының қызы  Теркен хатун  мен  әйелдерді 
тізгізіп  қойып,  сыңсу  айтқызған.  Мұны  естіген    дала    тұрғындары  ханның 
қаһарынан  қорқып,  жол  бойы  әйелдерді  сыңсытып  қойып,  ел  ағалары  қарсы 
алып,  шығарып  салып  отырған.  Соның  ішінде  Ұлығ  би  Кетбұқа  да  бар  еді. 
Жошы  бұл  рәсімге  өзі    бар-    май,    Кетбұқаны  жіберген.  Сонда  үлкен  ұлының 
ордадағы қастандықтан  қорқып келмегенін, іштей әкесіне өкпелі  екенін сезген 
Шыңғыс хан Кетбұқаға:  
      -Жошы  алтын жүгенімнің алтын тізгіні еді. Орман халқына аттанғанда 
адам мен атты шығындамай, бітіммен бағындырып, маған тұңғыш олжам деп ақ 
сұңқар,  ақбоз  ат,  қара  бұлғын  сыйлап  еді.  Сол  жұртты  енші  етіп  беріп  ем. 
Шағатаймен  қағысқанда:  “Екеуіңнің  басың  бір  хандыққа  қосылмас,  Жер-ана 
кең, өзен-көл көп қой. Бөгде елді бодам етіп, жеке-жеке болындар. Өз елдеріңді 
кеңейте  беріңдер.  Екеуің  елге  күлкі,  дұшпанға  таба    болмай,  ынтымақтасып 
жүріндер”,  деп  ем.  Қоштасуға  сырқаттанып  келмей  қапты.  Қыпшақтың  алтын 
тізгінін  қолына  ұстаттым.  Көшсе    —    көшің,  керсең    —  керегең,  байласа    — 
арқаның  ұқсас  Кетбұқа,  сені  кеңесші  етіп  тағайындаймын.  Тұңғышымның 
жаманат хабарын жеткізген жаушының  да, сол елдің биінің де басын аламын, 
Кетбұқа",—  деп  көзінің  сұғын  қадады.  Бұл  сөздің  астарын  Кетбұқа  қалай 

160 
түсінді?  Жаулаған  елінде  жалғыз  қалып    бара  жатқан  ұлын  ел  иесіне    аманат 
қып тапсырғаны ма, жоқ, өзінің жасырын жансызының таяуда Жошыны қатерге 
ұшырататынын  біліп, кекеткені ме?». 
      Жошы  хан  өлімі  тарихнамада  әлі  күнге  шешімін  таппаған  жұмбақтар 
сұрақтардың  бірі.    Бұл  тақырыпқа  жазушылардың    ішінде  әр  түрлі,  соның 
ішінде шығыс тарихшыларының еңбектеріндегі дерек көздеріне сүйеніп Жошы 
өліміне кінәні Шыңғыс хан тарапынан іздейтіндер бар. Рашид-ад-дин әкесі мен 
баласының  араздығы  туралы  жазады,  бірақ  олардың  арасындағы  жаулықты, 
Жошы ханның Қарақорымға келуден бас тартуынан деп түсіндіреді. Жошы хан 
үлкен  ордаға  бармағаным  қатты  ауырғандықтан  десе,  Шыңғыс  хан:  «Жошы 
қарсылық көрсетті, әкесінің сөзіне құлақ аспайды» деп қатты ашуланады. Қалай 
болса да Жошы не 1225 не 1226 жылдың басында қайтыс болады. Джүзджани 
сияқты тарихшылар, тікелей оның өліміне айыпты Шыңғыс хан дейді. Рашид-
ад-дин  болса,  ол  да  өзінің  күмәнін  жасырмайды.  Бірнеше  рет  шақырғанда 
Қарақорымға келмегені үшін Шыңғыс хан ұлының жазасын тартқызбақ болып, 
Жошыға  қарсы  басқа  ұлдарын  жорыққа  дайындағаны    мәлім.  Хан  ордасының 
маңында  Дәшті-Қыпшақтан  келген  жолаушылардың  ішінде  «Жошыны  көрдік, 
ол аң аулап жүр» дегендер болады. Бірақ осы хабардың ізін ала «Жошы қайтыс 
болды»  деген  қайғылы  хабар  келеді.  Осы  құпия  өлім  көптеген  аңыздардың 
шығуына себеп болады. 
  Шыңғысты  өз ұлын  өлтіруге  көп  әйелінің  бірі,    Сартауыл  еліне  жорыққа 
аттанғанда  жанында  болған  Құлан    ханымның  қытысы  бар  деген  бір  болжау 
бар.  Осының  дәлелі  ретінде  жергілікті  өлкетанушылар  Сарысу  мен  Кеңгірдің 
қосылатын  жеріндегі  қазіргі  күні  құлап  қалған  Құлан  ана  күмбезінің  орнын 
нұсқайды.  Шамасы  өгей  шешесі  Шыңғыс  ханның  тапсырмасымен  Жошыға  у 
беріп өлтірген екен-мыс.  Әдеби шығармаға лайық әсерлі оқиға, бірақ байсалды
жан-жақты әділ ғылыми пікір емес.   
  Жошы  өлімінің  негізгі  болжамы  құлан  аулап  жүріп  қайтыс  болды  деген 
оқиғаның төңірегінде. Шыңғыс ханның «Жасақ» ережелері бойынша аңшылық 
әскери-жауынгерлік  тәжірибе  мектебі  және  одан  моңғолдың  жастары  бәрі  де 
өтуі  керек.  Бірақ  құланның  соңынан  қуып  қайтыс  болды  деген  әңгіме  тек 
Жошыға  ғана  қатысты  айтылады,  жалпы  ат  құлағында  ойнайтын  дала 
азаматтарының аттан құлап өлуі, не құлан тобырының аяғының астында қалуы 
аса сенімсіз.  
  Екінші  бір  сенімсіз  дүние  қазақ  аңыздарының  негізгі    нұсқаларында 
Домбауыл батырдың аты аталады. Бұл жалпы түрік-моңғол халықтарының көне 
аңыздарының    кейіпкері  қазақ  шежіресіне  біресе  қыпшақ,  біресе  торғауыт  т.б.  
елдің  өкілі  ретінде  кіреді,  яғни  оның  шығу  тегі  тым  әріде  болғандықтан 
нақтыланбаған. Қалай болғанда да Домбауыл батыр (Дамдағұл, Тоқтағұл, Дабу 
Мерген)  және  Дуа  соқыр  (циклоп)  түркі-моңғолдың  түпкі  этногенетикалық 
бастауынан.  Осыған  қарағанда    Жошы  хан  туралы  аңыздарда  бірнеше  ерте 
тарихи  замандардың  әңгімелері  қабаттасып  кеткенге  ұқсайды.  Енді  аңыздың 
Домбауылға қатысты бөлігінен үзінді келтірейік:  

161 
  «Алаша ханның Домбауыл деген мергені болған. Түп-тегі Қыпшақ. Жошы 
хан  жеті  жасқа  келгенде,  бір  күні  Домбауыл  мергенге:  Аңға  шығайық,  маған 
бүгін құлан атып бер, құлан атқаныңды көргем жоқ деп болмай мергенді аңға, 
құлан  атуға  алып  шыққан  екен.  Елсіз  далада  келе  жатса,  құланның  мың 
қаралы көп тобы көрінеді. Домбауыл мерген балаға айтады: 
-  Бұрынғылар  айтушы  еді: «Қалың табын атпа, қағар  киелісі  болады!»  – 
деуші еді десе. 
Бала болмай: 
- Біреуін атып бер! – деп, болмаған соң: 
-  Ал  ендеше  мен  атайын,  сен  екі  атқа  ие  болып  күтіп  тұр,  –  деп,  бұғып 
атуға жөнеледі. 
  Мерген  барып  атады.  Мылтық  дауысынан  үркіп  шошып,  қаптап 
жөнелгенде,  ат  ұстап  тұрған  баланың  үстін  басып,  ат  пен  бала  құланға 
араласып,  көп  құлан  атты  да,  баланы  да  еліктіріп  алып  кетіп,  екі  атты  да, 
баланы  да  быт-шыт  қылып  жеп  кеткен.  Артынан  қарап,  бірнеше  уақыттан 
кейін  баланың  бір  жалғыз  сирағын  тауып  алып,  соған  арнап  там  салған.  Ел 
болып хан жарлық қылып: 
- Құлан менің тұқымымды құртты, мен құланның тұқымын құртамын! – 
деп, өзіне қараған барлық халқын жиып, құланды қыратын ор қаздырған. Осы 
күнге “Құлан өтпес” деген өзен содан қалған… 
 
Сонда көзге көрінген құланнан бір топ құлан көптен құтылып кетіп 
бара  жатқан  соң,  Домбауыл  мерген  Аққабақ  пен  Еңкейторы  атты  бірісін 
мініп,  бірісін  қос  атқа  алып,  бірнеше  жолдаспен  құланның  соңына  түсіп,  бір 
сөтке қуып, бәрін қырып, ең аяғында бес құлан құтылады. Бір көлдің суалған 
орнына  барып,  қыр  соңын  жалап  тұрады.  Екі  ат  ұшып  шыдамай  өледі.  Екі 
аттың өлген жері аттар атымен аталып қалған: Аққабақ, Еңкейторы аты – 
бүгін бар ат. Бес құлан құтылған жер «Бес құлан» аталған...». 
        Бұл аңыздың тым көне екендігін біз тек Домбауыл атының кірігуінен 
ғана емес, сонымен бірге Құлан өтпес, Бес құлан т.б. жер-су атауларының шығу 
тарихынан  да  анықтай  аламыз.  Аңыздың  екінші  бөлігі  тарихи  жағынан  
хронлогиялық  уақыт  мөлшерін  анықтауға  келетін  оқиғалардан  құралған:  «... 
Алғашқы  Жошы  хан  өлген  кезінде  бірнеше  күн  хабар  болмаған.  Хан  да,  ел  де, 
барлығы түсінген. Сонда хан халқына жарлық қылған:  
-Кімде-кім баламның (өлімін) есіттірген жанды ауызына қорғасын құйып 
өлтіремін! – деп. Деген соң ешкім білсе де, естірте алмаған. Ханның Кетбұға 
деген  әнші-күйшісі,  домбырашысы  бар  екен.  Бір  күн  күй  тартқанда  былай 
тартқан: 
Алаша хан, Жошы хан, 
Атқан құлан жосысқан, 
Дәл кездесті осыған. 
Құлан теуіп өлтірді-ау, 
Бұйрығын ақтан келтірді-ау! – деп, тартады дейді.  
Алаша хан сонда Кетбұғаның қасында отыр екен: 

162 
-Е,  Кетбұғам,  сенің  домбыраңның  даусы  боздады-ау!  Сен  домбырамен 
айтып  отырсың-ау:  Алаша  хан,  Жошы  хан,  Атқан  құлан  жосысқан,  Құлан 
теуіп  өлтірді-ау,  Бұрығын  аттан  келтірді-ау  –  деп  отырсың-ау!  –  дегенде, 
жұрты, елі шулай қоя берген екен: 
-Міне, тақсыр, өз аузыңнан есіттік! – деп.  
Сонан кейін хан өзін-өзі өлтіре алмай, Кетбұғаға тап беріпті:  
-Сен тартып домбырамен есіттірдің! – дегенде, Кетбұға: 
-Мен емес, тақсыр, домбыра ғой! – дегенде, хан айтқан екен:  
-Сертім  пісінсін!  –  деп  домбыраның  тесігінен  қорғасын  құйған  екен. 
Сонымен ханның серті орындалған екен».  . 
  Бұл оқиғаны Тұрсын Жұртбай ағамыз аңыздарға сүйене отырып былайша 
тамылжыта  сипаттайды:  «Жасынан  аңкөс  Жошы  Бетпакдаланың    жиегін  ала 
аран  қаздырып,  қысқы  қансонарда  құлан  аулауға  шықты.  Ханның  жарлығына 
дәт айтатын кез емес. Әрі қыстық соғымды қамтып қалу үшін ат жалын тартып 
міне  алатын  бар  жігіт  саятқа  аттанды.  Ұланғайыр  даланы  дөңгелей  қоршап, 
көлденең  қазылған  аранға  қарай  құландарды  жосылта  қуды.  Түздің  тағысы 
жолындағы  аң  атаулының  бәрін  үркітіп,  кейін  таптап,  кейін  қалың  үйірдің 
арасында  солармен  қоса  жортып,  апанға  тақады.  Сытылып  шыққан  ақбөкен, 
елік,  қасқыр,  түлкілерді  аңшылар  бір-бірлеп  соғып,  қанжығасына  байлады. 
Мұндай олжаға бұрын-  сонды батып көрмеген жұрт аранға құлаған құландарды 
бауыздап, үлес  қамына  кірісті.  Сол  кезде бір  ақсақ  құлан қаумалаған  жұрттың 
арасынан  ытырыла  қашады.  Нөкерлеріне  қайыру  бермей,  кең  далаға  көсіле 
шабады. Аңның қызығына әбден берілген Жошы түз құланының соңынан тұра 
қуады. Мінгені құлан мен жылқының буданынан шыққан тарпаң еді. Монғолдар 
ұзақ жорыққа төзімді  болу  үшін жылқысын тағы құландардың үйіріне қосып, 
одан  туған  құлынды  тай  кезінде  ғана  үйрететін.  Ал  Жошының  астындағы 
тарпаң  бестісінде  ғана  жүген  көрген  еді.  Қиқуға  әбден  желіккен  тарпаң  тағы 
құланның  соңынан,  өр-еңіс,  ор-жазық  демей  құйғытады.  Жасақтардың 
ешқайсысы оған жете алмай, ханнан  да, құланнан да көз жазып қалады. Үш күн 
іздегенде,  әр  жерде  шашылып  жатқан  киімдерімен  қоса,  Жошының  денесін 
тауып алады. Асау тарпаң құланның үйіріне қосылған соң, иесіне ерік бермей, 
түз тағысымен қоса еліріп шаба берген. Қолы қарысып, қалың шаңға қақалған 
Жошы ақыры естен танған. Үзеңгіге аяғы ілініп қалып, сүйретіліп өлген. Өзіне 
қауіпті  жауды  тарпып,  шайнап  өлтіретін  көкшіл  құлан  тұқымы  Жошының  өлі 
денесінің  де  быт-шытын  шығарған.  Тек    тізгінге  қарысып  қалған  оң  қолы 
қолқасынан  үзіліп,  сол  күйі  тарпаңның  басында  кеткен.  Сөйтіп,  Жошының 
сыңар  қол  денесін  ғана  жерлеген.  Аңыз  бойынша,  құлынын  өлтіргенін  көрген 
ақсақ құлан ен далада шайнап өлтіріпті-міс дейді.  
  Аңыздың  аты  —  аңыз,  әрине.  Қағанның  қаһарынан  үрейленген  халық 
Жошының  қазасын  естіртуден  қатты  қорқады.  Естірткенге  де  —  өлім, 
естіртпесең  де  —  өлім.  Сонау  Тибет  шекарасындағы  Шыңғысқа  қыс  ішінде 
жету де қиын. Бармаса, бүкіл елді қан қақсатып, Жошының кегін қуып, жаппай 
қырады.  Ақыры  елінің  еңкейген  еңсесін  көтергендей  боп,  Кетбұқа  қаған 

163 
ордасына  аттанды.  Дәл  сол  кезде,  1226  жылы  күзде,  таңғұттарға  жорыққа 
аттанып  бара  жатып,  шұбар  атымен  құлан    аулауға  шыққан  Шыңғыс    хан  да  
аттан  жығылып,  талаураған  денесін  көтере  алмай  қалған  еді.  Оның  үстіне, 
таңғыттың  Бұрхан  ханы  мұның  елшісіне  кекетіп  сөз  айтып,  мазақ  қып 
қайырды.“Өлсем де бұл салмақты мысқылды көтеріп өлмеймін. Жасаған тәңір 
ием,  қолдай    көр”,—    деп  шаптығып  отырған  шағында  Жошының  қазасын 
естіртуге Кетбұқа келіп жетті.  
  Шыңғыс  қағанның  қаған  аталғанда  шығарған  жарлығы  бойынша  ордаға 
“асығыс  хабармен  келген  кісі  алдымен  сақшыға  хабарлап,  үйдің  сыртында 
сақшының қасында түрып, сөзін айтатын” ("Құпия шежіре"). Ұлы әміршінің өзі 
де  талмаусырап,  жаралы  қасқырдай  күйініп  жатқанын  естіген  Кетбұқа 
жаманатты  бірден  естіртпей,  дәстүр    бойынша    қаза    иесінің  көңілін  жүбату 
үшін  қобызын  қолына  алып,  орданың  сыртында  тұрып  зарлата  жөнелді.  Ащы 
дауысты  қобыз  аңырап  қоя  бергенде-ақ  Шыңғыс  хан  Жошының  қазасын 
естіртіп отырғанын сүм жүрегі сезді. Өзі де ажалмен бетпе-бет кеп арпалысып 
отырғанда, мынау ішегі үзілердей боп күңіреніп, жүрек тамырынды солқылдата 
тартқан қазд... қазаның үрейлі үні жанын қолқасымен қоса суырды. “Ах!” деп 
жалыны  сыртқа  шыға  күрсінгенде,  қобыз  үні  тына  қалды.  Мүқым  дүние 
тылсым  күйге  түсті.  Іштен  “Айт!”  деген  дауыс  естілді.  Дәті  жетпеген  Кетбүқа 
тағы    да    қобызын    сарнатты.  “Айт!”  деген  сөз  тағы  естілді.  Енді  амалы 
қалмаған Кетбұқа даусын созып атақты жырды бастады».  
 
Бұл жырдың толық нұсқасы орта ғасырлық «Шаджарат-ал-атрак» атты 
шығармада  келтірілген.  Жошы  ханның  өлімін  маңайындағы  уәзірлерінің 
Шыңғыс ханға жеткізе алмағандығы туралы баяндайды. Барлық әмірлер кеңесе 
келіп, осы ауыр хабарды жеткізу үшін Ұлығ-жыршыны көндіреді. Шыңғыс хан 
жырла деп бұйрық бергенде, Ұлығ жыршы түрік жырын айтады: 
Теңіз баштан бұлғанды кім тұндырар? А ханым? 
Терек түппен жығылды кім тұрғызар? А ханым? 
Шыңғыс хан жауап ретінде: 
Теңіз бастан бұлғанса тұндырар ұлым Жошы дүр, 
Терек түптен жығылса тұрғызар ұлым Жошы дүр, -  
дегенде  Ұлығ  жыршы  өз  сөздерін  екі  қайталап,  көздерінен  жас  ағады. 
Шыңғыс хан сонда айтты дейді: 
Көзіңнің жасын шоқұртыр көңілің толды болғай ма
Жыры көңіл өкіртер Жошы өлді болғай ма? 
Ұлығ жыршы Шыңғыс хан сұрағына берген жауабы: 
Сөйлемеске еркім жоқ? Сен сөйледің, а ханым! 
Өз жарлығың өзіңе жаб ашу ойладың, а ханым! 
Сонда Шыңғыс ханның жылап отырып айтқаны: 
Құлынын алған құландай құлынымнан айрылдым, 
Айрылысқан аққудай ер ұлымнан айрылдым,- 
дегенде, Кетбұқа  құланның үйрінің шабысын, аң қуған адамдардың айқай-
шуын,  Жошының  құлан  тобының  аяқ  астында  қалғанын  қобызбен  жеткізіп, 

164 
соңында  тырс  еткізіп  ішегін  үзіп  жіберді  де,  үнсіз  қалды.  Осыдан  кейін  қыр 
өңірінде  ертеден  қалыптасқан  тәртіп  бойынша  қазаны  естірткеннің  соңынан 
қағанға көңіл айтады:  
Ақсақ қүлан шошыған,  
Таудан төмен жосыған.  
Балаң өлді — Жошы хан,  
Нанбайсың ба осыған?  
Арымайтын семіз жоқ,  
Құрымайтын теңіз жоқ,  
Өзіңе берсін денсаулық!—  
  Шығыстың «Шаджарат-ал-атрак»  шығармасына  енген  жоқтаудың  толық 
нұсқасын  қырғыз  халқының  ішіне  ертеде  сіңген  ішкілік  найман  жыршылары 
сақтаған: 

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал