Жамбыл Омари



жүктеу 5.01 Kb.

бет14/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

17.  Жошы хан шежіресі 
 
  Қазақтың 
тарихи 
аңыздарында, 
дәстүрлі 
музыкасында, 
жыр-
толғауларында  ерекше  орын  алатын  Жошы  хан  туралы  қандай  деректер  бар  ? 
Сонау  ХІІІ  ғасырдың  басында  өмір  сүрген  осы  ханзаданың  біздің  рухани 
мұрамызға осыншама кіріккенін қалай түсіндіруге болады ? Жошыға дейінгі ел 
билеушілерінің  ішінде  де,  одан  кейінгі  замандағы  хандар  мен  сұлтандардың  
арасында  да  небір  айтулы  азаматтар  болғаны  анық,  бірақ  олар  туралы  тарихи 
ақпараттың көпшілігі уақыт сынына төтеп бере алмай ұмытылған.  Жошы хан 
туралы  тарихи  аңыздар  мен  күйлердің,  жырлар  мен  толғаулардың  қазақ 
жадында тасқа басылған таңбадай сақталуы ғажайып феномен емес пе ?  Қазақ 
халқының  Жошыны  есте  қалдыру  үшін  жасаған  амал-әрекетінің  өзі  ғажап.  
М.Ж.  Көпейұлы  жинақтарындағы  Жошы  туралы  шежірелік  деректер  оның 
Алаша  ханның  екінші  әйелінен  туған  баласы  екенін  баяндаудан  баталады: 
«Алаша  хан  екі  қатын  алған  кісі  дейді.  Үлкен  қатынынан  бала  тумай,  кіші 
қатынынан  70  жасқа  келгенде  бір  бала  туып,  атын  Жошы  хан  қойған. 
Шыңғыс ханның Жошы деген бір баласы болған екен. Сол Жошыдай болар ма 
екен деп» (50, 8 т.,157 б.). 
  Қазақ  шежіресіндегі  Жошы  ханның  ата-тегі  туралы        мәліметтердің 
моңғол  деректеріне  негізделген  ресми  тарихнамадан  елеулі  айырмашылығы 
бар.  Біздің  пікірімізше  қазақтың  шежіреші  қариялары  Жошы  ханның  шығу 
тегін,  ата-бабасын  нақты  біле  отыра,  қазақ  мемлекетінің  билеуші  әулетінің 
құқықтық  және  сакралді  маңызын  сақтап  қалу  үшін,  оның  генеалогиясына 
түбегейлі  өзгерістер  енгізген.  Осылайша  Жошы  хан,  атағы  жер-жаһанға 
жайылған, Моңғол империясының негізін салушы Шыңғыс ханның үлкен ұлы 
емес,  қазақтың  бірінші  ханы,  әфсаналық    қаһарман  Алаша  ханның  баласы 
болып саналады.  
  Қазақ  шежірешілерінің  Шыңғыс  ханның    Жошы  деген  ұлы  болғанын 
білетінін көптеген  мысалдармен дәлелдеуге болады. Тіпті,  ауызша әңгімелерді,  
қария  сөздерді  айтағанда  қазақ  арасында  жазбаша  тараған  «Шыңғыс-наме» 
нұсақалары  болғаны  белгілі.  Қазақ  төрелері  де  өзінің  шыққан  тегін  жақсы 
білген және оны жазбаша не «Насаб-наме» түрінде, не «Шыңғыс -наме» түрінде 
сақтап  отырған.    ХІХ  ғасырдың  ортасында  Польшаның  тәуелсіздігі  үшін 
күрсекен,  сол үшін   Қазақ  сахарасына жер  аударылып  келген  поляк  халқының 
азаматы Адольф Янушкевич өзінің күнделіктерінде осы тақырыпқа қатысты бір 

149 
қызық  деректі  баяндайды.  Ол  қазақ  төрелерінде  Шыңығс  хан  шежіресмінің 
жазба  нұсақаларының  болуына  қатысты  :  «Әйтседе,  қазақтар  Шыңғыс  хан 
туралы ештеңе естітіп-білмеген екен деп ойлап қалып жүрме. Қайта бәрі де 
бірінің  аузына  бірі  түкіріп  қойғандай,  оның  қыстауы  мына  жерде  еді  десіп 
отырады. Ал сұлтандар, қазақ ақсүйектері, хан болған ата-тектерімен бірге 
Азияның  мұзбалақ  қожасының  атын  да  мақтанышпен  атайды.  Өзіңе 
жолдаған хаттарымда талай жазған Барақ сұлтан маған өз шежіресін оқып 
берді. Менің тілегім бойынша, шежірені маған деп хатшысына көшіртті. Бір 
хатшының өзі бірнеше міндет атқарады: молда да, сарай күтушісі де, қонақ-
қопсыға дәмдеп тамақ пісіруші де,  балаларын оқытатын мұғалім де сол. Бұл 
шежіре  сонау  Адамнан  басталып,  сан  ғасырларды  қуалап,  талай 
ақсақалдардың,  пайғамдарардың,  Мұқмамбеттің,  сопылардың,  Шыңғыс 
ханның  есімдерін  тізбелеп,  Орта  орданың  соңғы  ханымен  аяқаталады. 
«Осында  жазылғанның  бәрі  рас  болса,  онда  біз  қытай,  бұқар,  түрік  және 
россия  императорларының  өзімен  туыс  болып  шығамыз»  деді  ол,  шежірені 
оқытқаннан соң, әдеппен. 
-Менімен  де  туыссың,-дедім  мен,-өйткені  менің  түп  төркінім  Адамнан 
басталады !» (129, 175 б.).  
  А.Янушевичпен  пікірлес  болған  атақты  Найман  ішіндегі  сыбан-матай  
елінің сұлтаны Барақ Солтыбайұлы. Өз заманында алыс-жақын елмен тілдесуге 
жететін сауаты да,  ел басқаруға келетін айла-шарғысы да, атан жілікті бір ұрып 
сындыратын қауқары мен құдіреті де болыпты. А.Янушкевич Барақты «Сағат 
9-да сауыт киген маңғаз би шекаралық бастықтың киіз үйіне келді де, атынан 
түсті.  Әскери  туды  киіз  үйге  таяу  жерге  қадады  да,  өзі  жалаң  қылышпен 
қасында  күзетіп  тұрды.  Әне-міне  дегенше  біздің  лагерьді  қоршаған  алаңға 
құлақты  жара  айғайлап,  бірін-бірі  басып-жаншып,  үш  жүзден  астам  салт 
атты сау ете қалды. Олар ұзындығы 15 қарыс найза, үскі, мылтық, айбалды, 
шоқпар,  сойыл,  садақпен  т.б.  қаруланған.  Бұл  жабайы  әскерді  белгілі  қазақ 
батыры  Барақ  сұлтан  басқарады.  Оның  дене  бітімі  де,  бет  әлпеті  де 
Запорожьенің  қарт  гетмандарын  еске  түсіреді.  Оның  күжірейген  мойынан, 
сірә,  ешкім  де  басын  жұлып  ала  алмас!  Оның  денесі  граниттен  қашап 
жасалғандай  шып-шымыр. Арғы атасының зиратында жатқан дәу тасты 17 
жасында-ақ  орнынан  көтеріп  тастаған.  Қазір  35  жасында  зеңбіректі 
дөңгелегімен қоса бір-ақ ырғап қолымен қозғайды» деп сипаттайды.  
  Жошы ханға қатысты қазақ деректері мен моңғол жазбаларының  екі түрлі 
сөйлейтіні белгілі. «Моңғолдың құпия шежіресіндегі»  тарихтың аңыздық көне 
қабаттары  қазақпен  өзара  ұқсап  келгенімен  Шыңғыс  заманына  жақындағанда 
шынайы    оқиғаларға  сүйенеді.    Лубсан  данзанның  «Алтын  шежіресі»  де  
Жошының  туғанын  «Шыңғыс  қағанның    Бөрте  ханымынан  Жошы,  Шағатай, 
Өгедей, Толы деген төрт ұл, Алақа бегім, Елалтын бегім, Шешеке бегім деген 
үш қыз туған» деп кәдімгі насаб-намаларда қалыптасқан тәртіппен баяндайды 
(63, 160 б).  
  Сонымен  бірге  моңғол  шежірешілік  дәстүрінде  Жошы  ханның 

150 
Шағатайдан аулақ, суық болуының өзіндік себептері айтылады және ол тарихи 
оқиғаларға  талдау  жасағанда  Шыңғыс  хан  мен  Жошы  арасындағы    қарама-
қайшылық  та  анықталады.  Осы  туралы  Рашид-ад-Диннің  «Жамиғ  ат-тауарих» 
кітабына  жүгінейік:  «Жошы  хан  өзінен  үлкен  Фуджин  бегім  атты  апасын 
санамағанда, Шыңғыс ханның балаларының ішіндегі үлкені еді. Ол төрт ұлдың 
(олар  «төрт  күлік»  аталған,  яғни  тірек  немесе  басқалардан  жоғары  тұрған 
адамдар), бес қыздың анасы, Қоңырат тайпасынан шыққан Дай ноянның қызы
Бөрте  Фуджиннен  туған  еді.  Шыңғыс  хан  өміріндегі  үлкен  күрестердің  бас 
кезінде,  оның  әлемдік  державасының  сипаты  әлі  тағдырдың  парақтарына 
түспеген  кезде,  оның  жоғарыда  аталған  әйелі  Бөрте  Фуджин  Жошы  ханға 
жүкті болады. Сол кездерде меркіт тайпасы оңтайлы жағдайды пайдаланып, 
Шыңғыс  ханның  үйін  тонап,  екіқабат  әйелін  алып  кетеді.  Осының  алдында 
ғана ұзақ уақыт Керей патшасы Оң ханмен жаулықта болса да, (бірақ) дәл сол 
кезде  олардың  арасында  татулық  болғандықтан,  олар  (меркіттер)  Бөрте 
Фуджинді  Оң  ханға  жібереді.  Шыңғыс  ханның  әкесімен  аңда  болып,  Шыңғыс 
ханды  балам  деп  атаған  Оң  хан  Бөртеге  құрметпен,  мейірімділікпен  қарап, 
келіндерінің  қатарына  қосып,  өзге,  жат  адамдарға  көрсетпей,  тұмсықтыға 
шоқытпай,  қанаттыға  қақтырмай  күтті  және  күзетті.  Шыңғыс  хан  бұл 
туралы  білген  соң,  Оң  ханға  жалайыр  тайпасынан  шыққан  әмірі  Сабаны 
жібереді.  Оң  хан  Бөрте  Фуджинге  құрмет  көрсетіп,  Сабамен  қайтарып 
жібереді. Жолда келе жатқанда ол ұл туып, сол себептен оған “Жошы” есімі 
беріледі.  Саба  азғана  ұннан  қамыр  жасап,  сәбиді  соған  орап,  оған  зақым 
келтіріп  алмас  үшін  абайлап  жүріп  отырып,  Шыңғыс  ханға  жеткізеді.  Ол 
өскен соң әкесімен әңгімесі жарасатын, айырылмайтын серігі және бақыт пен 
бақытсыздықтарда көмекшісі болады. Бірақ онымен інілері Шағатай, Үгедей 
арасында әрқашанда ұрыс-керіс, келіспеушілік болады» (100, т.2, с.64-65) 
  Моңғолдың  «Құпия  шежіресі»  Бөрте  ханымның  жау  қолына  түсу 
оқиғасын  және  одан  құтқарылғанын  толығымен    суреттейді.  Ол  әңгімеге 
қарағанда Темучиннің  жаңа үйленген кезі Бұрқан-Халдун тауының бауырында 
екі-үш  үй  жақын  туыстарымен,  өзге  елден оқшау  өмір  сүріп  жатса  керек.  Сол 
кезде  бұрыннан  тісін  қайрап  жүрген  Үш  Меркіт  тайпасының  жауынгерлері 
келіп  ауылдың  тас-талқанын  шығарып  Бөрте  ханымды  ұстап  алып,  ат  артына 
өңгеріп алып кетеді: 
  «Хуагчин  кемпір  ала  сиырын  шықпыртып,  тездетіп  жүрмек  болғанда 
күймесінің  оқпаны  бырт  ете  түседі.  Енді  орманға  кірмек  боп  жатқанда, 
Бәлгүтәйдің  шешесін  екі  аяғын  салақтатып  міңгестірген  әскерлер  артынан 
шауып келіп: Мына күймеде не бар дегенде кемпір жүн бар дейді. Әскерлердің 
басшысы  бауыртайлар  түсіп  көріңдер  дегенде  басқасы  түсіп  қараса,  ішінде 
жас  қатын  отыр  екен.  Оны  күймеден  сүйреп  шығып,  Хуагчин  кемпір  екеуін 
міңгестіріп  алып,  жапырылған  шөпті  қуалай  жүріп,  Тәмужиннің  артынан 
Бұрқан-Халдунға  қарай  беттеді.  Бұл  шабуылдаған  әскерлер  үш  мәргидтікі 
болатын…  ертеде  Чиләдүден  Өәлүн  әжейді  тартып  әкеткендіктің 
қарымтасын қайтару үшін келіп, әйелдерін алып, атамыздың өшін алдық деп 

151 
үйлеріне қайтып кетті» (77,42 б). 
  Осылай  Бөрте  Шыңғыс  ханның  әкесі  Есугей  бахадүрдің  ескі  жаулары 
меркіттердің  қолына  түседі.  Оны  Чиләдүдің  інісі  Чилэгэр  балуанға  береді. 
Әйелінен  айырылған  Шыңғыс  хан,  әкесінің  ескі  досы,  керей  Тоғырыл  ханнан 
(Уан, Оң) көмек сұрауға мәжбүр болады. Ол былай жауап қайтарады: 
Бытыраған еліңді, 
Біріктіріп берейін. 
Ай дейтін болсын ажасы
Қой дейтін болсын қожасы. 
Қалың мәргидті, 
Қапа ғып, 
Ханша Бөртеңді 
Қайтарайын өзіңе 
  Тоғырыл  ханның  ұсынысымен  Джамуханның  екі  түмен  әскері, 
Тоғырылдың  екі  түмені  және  Шыңғыс  ханның  адамдарынан  әскери  одақ 
құрылады. Олар жедел жиналып, кенеттен түнге қарай меркіт жұртына шабуыл 
жасап, олардың тас-талқанын шығарады.  Осы түнгі соғыстың кезінде Шыңғыс 
хан қашып бара жатқан меркіттің бейбіт елінің ішінен Бөртені тауып алады. Бір 
әңгімелерде  меркіттер  Бөрте  ханымды  Керейіт  Тоғырыл  ханға  беріп  жіберген 
екен  делінеді.  Бұл  шамасы  кейінгі  тарихшылардың  Жошы  ханның  тегі 
меркіттерге  байланысты  болмасын  деген  ниетінен,  не  саяси  тапсырмадан 
жасалған тұжырым.  
  Моңғол  шежірелері  Шыңғыс  хан  балалары  арасында  келіспеушілік  пен 
реніштің  болғанын  да  жасырмайды.  Татулыққа  негізінен  нұқсан  келтіретін 
Шағатайдың аусар мінезі, көре алмаушылығы  болса керек. Оның әсіресе тиісе 
беретіні  өз  ағасы  Жошы.  Шағатай  үлкенді-кішілі  жиындарда,  тіпті  әкесінің 
алдында, Жошыны кемітіп, жолда туғандығын бетіне басып, «меркіт сыйлығы» 
деп мұқатады.   
  «Моңғолдың  құпия  шежіресіне»  сүйенсек  «тышқан  жылы  (1219  жылы) 
қатынының  ішінен  Шыңғыс  хан  Құлан  деген  ханымын  ертіп,  бауырларының  ішінен 
Отчигин ноянды үлкен сарайға ие қылып қылдырып, Арай асуынан асып Сартауыл елімен 
соғысуға  аттанды».    Орта  Азияға  қарай  аттанар  алдында  мұрагерлік  мәселе 
талқыланған  кеңес  болады.  Сол  кеңестің  кезінде  Шыңғыс  ханның  жанына 
ерткен  Есүй  ханым  :  “Туған  дене  солатын,  толған  гүл  де  оңатын...  Асқар 
таудай  денеңіз,  опат  болса,  көнеміз.  Қалың  елің  монғолды  кім  билер  деп 
сенеміз?”—    деген  кезде,  Шыңғыс  хан:  «Мен  де  ата-бабамның  артынан 
бармайтындай,  бұл  жайды  ұмытып  кетіппін.  Мен  өлім  соқпай  өтердей, 
шынында да ойламаппын. Ал ұлымның үлкені – Зучи еді. Кәне, сен не айтасың? 
Сен  айт!  –  дейді.  Зучи  сөйлеуден  бұрын  сөзге  Цағадай  араласып:  Зучиге  сөз 
сөйле  деп,  оны  неге  нұсқағалы  отырсың.  Біз  меркіттің  қоқсығына 
бағынбақпыз  ба?  –  дегенде  Зучи  қарғып  тұрып,  Цағадайдың  алқымынан  ала 
түсіп, бүй дейді: 
  -Мені  қаған  әкем  сырт  көрмегенде,  сен  неге  мені  шеттетіп  отырсың? 

152 
Сен  менен  қандай  білгір-мықтылығыңмен  артықсың?  Сен  тек  долы  шарқыа 
яқтылығыңмен  ғана  артық  шығарсың?  Сенімен  атысып  мерт  болсам 
бармағымды  кесіп  берейін,  күресіп  жығылсам  жерімнен  тұрмайын?  Қаған 
әкемнің жарлығы білсін дейді» (77, 120 б. ). 
   Бөрші  мен  Мұқылай  ағайынды  екеуін  ажыратқанда  ғана  Шыңғыс  хан: 
«Жошы  ұлымның  үлкені  емес  пе!  Бұдан  былай  шеттетпеңдер»,-  деген  екен  -
мыс. Осындай пікірталастан кейін мұрагерлікке Шыңғыс хан жанындағы кеңес 
ханның  үшінші  ұлы  Үгедей  ұйғарады.  Осы  оқиға  әкенің  де,  баланың    да  
көкірегіне  беріш  болып  қатса  керек.  Бұл  қарама-қайшылық  кейін  Сартауыл 
еліне қарсы жорық кезінде өзінің шыңырау шегіне жетті де, Жошы өз ұлысында 
жеке мемлекеттің туын көтерді.   
  Шыңғыс  ханның  Орта  Азияға  шабуылына  кіріспес  бұрын  біз  «сартауыл» 
ұғымына  сипаттама  беруіміз  керек.  Себебі  «Моңғолдың  құпия  шежіресінде» 
Шыңғыс  ханның  Хорезмшах  иеліктеріне  емес,  сартауыл  еліне  аттанғаны 
айтылады.   
  Сарт деп Орталық  Азияның  оңтүстік  бөлігінде  - шығыстағы Қашқария  
өлкесінен    батыстағы  Хорезмге    дейінгі  алқапта    мекен  ететін  байырғы 
отырықшы қауымдастықтарды айтады. Егер  біз  Азия  картасының осы тұсына  
жоғарыдан    қарасақ,  сарт    қоныстарының    ежелгі  Шығыстың  отырықшы 
өлкелері    мен    Ұлы    даланың  көшпелілер    әлемінің  арасындағы    маргиналды 
белдеуді    алып    жатқанын    көрер  едік.  Орта    ғасырлық  араб-  парсы  
саяхатшылары  «Хорезм маңында  үйдің үстіне шығып кеткен   лақ  Алмалыққа 
дейін жерге түспейді» деп, ең  алдымен, осы сарт  белдеуін  айтқаны  еш күмән  
келтірмейді.  
  Сонымен сарт деген ел кім болмақ, осы  сөздің мағынасы қандай, бүгінгі 
күні бұл ұғым нені  білдіреді ?  
Қазақтың  эпостық    жырларында,  өлең-  қиссаларында,  шежірелерінде 
«сарт»  атауы  жиі  кездеседі.  Басқасын  былай    қойғанда  «Қобыланды  батыр»  
жырындағы сартты менсінбей, «Жеті кәміл  пірім-ай, Сарт болып- ақ қеттің бе» 
дегенінен    бастап,  Кенесары  –  Наурызбайды    жоқтаған  Нысанбай  жыраудың  
«Өзіміз  шапқан Созақта, Сарттан ақыл сұрадық»  деуіне дейінгі мың жылдық 
қазақ тарихы  сарт  жұртымен байланысты. Қазақ  түсінігінде «сарт»  атауы ең  
алдымен    отырықшы  елді  -мекеннің    тұрғыны.  “Көмекей    жырау»    атанған 
әйгілі  Бұқар  жырау  пікірінше  қорғанды    шаһар    қаланың    қадірін  сол    жерде 
өмір  сүретін сарт қана біледі - «Қорғанды  шаһар  қаласын, Қазақ білмес, сарт  
білер. Аңсаған  құлан  қадірін,  Айдалада қақ  білер»
  Қазақ арасынан  «сарт»   сөзінің  мағынасын  ғылыми әдебиетте талқыға   
алғаш    салған    Самарқанд  облысының    әскери    губернаторының    жанында  
аудармашылық  қызмет атқарған  Серәлі Лапин деген азамат.  С. Лапиннің сарт 
туралы  жазғандарына  алғаш қарсы  шыққан В.В. Бартольд болды. Ол  қазақ 
адвокаты      келтірген  “сарт  деген  сөз  сары  иттен  шығады»  деген  әңгімені 
халықтық    этимологияның  бір  көрінісі  деп    мақаланы    қатты  сынады.  
Шығыстанушы  «сарт»    сөзі    жазба    әдебиетте    алғаш  рет    моңғолдар  

153 
тарапынан      қолданылғанын    ескерте  отырып,  Шыңғыс    ханның  Қарлұқ  
билеушісі  Арслан-ханға    «сен  сартқа  ұқсайсың,  сенің  атың    бұдан  былай  
Арслан-сартақтай    болсын»  дегені  бар,  моңғол    тілінен    мағынасын  іздеуді  
ұсынады.  
Біз В.В. Бартольдтің ұсынысымен сарт сөзінің  мағынасын моңғол   тілінен  
іздеп көрдік, бірақ  көңілге  қонымды  ешнәрсе  шықпады. Моңғол   тіліндегі  
кездесетін  «сарт»  сөзі  малдың    төбелін,  қасқасын    білдіреді,    немесе    қимыл- 
қозғалысты нұсқап,  желбір- желбір қағу,  талпаң - талпаң  ету дегенді (қазақша  
сарытанау    болу    т.б.),    немесе    моңғол    ішіндегі    сартуыл  тайпасын  білдіреді 
(15, 413 б.). Моңғол  ішіндегі  сартуыл  тайпасы хотон (хотын) деп те  аталады,  
олар ерте  уақытта не моңғол, не  қалмақ арасына еніп, кейіннен ассимиляцияға 
ұшыраған  Шығыс  Түркістанның,  иә  болмаса  Түркістан-Тәшкент,    иә  болмаса 
Хорезм  сарттарының тұқымы болуы керек.  
  «Сарт»  сөзінің    мағынасы  туралы  жазылған    аз-кем  тарихи  әдебиетті 
ақтара отырып, біз ХХ  ғасырдың басында Түркістан өлкесінде қызмет  жасаған 
тамаша  ізденгіш    өлкетанушы  -  ғалым  Н.  Остроумовтың  жазғандарына  тәнті  
болдық. Ол «сарт»  атауы санскриттің  тілінен аударғанда « көпес», «сатушы»  
деген мағына  білдіретінін  жазады: «  слово «сарт» может  быть  обьяснено 
от смешения  арийцев с туранцами еще в  древние  времена и  составляет по 
численности довольно  многочисленную группу,  населяющую  города и многие  
селения  нашей и других областей края» дейді (92 , вып.1, с. 19).  
Автордың  келтірген екі гипотезасы да  ғылыми  жағынан  қисынды  деп  
есептейміз. Біздің  пікірімізше, «сарт»  атауы санскрит сөздігінде болуы заңды, 
себебі  бұл    атау  қазақ  жерін    сонау  қола    дәуірінде  мекен  қылған  арий    және  
туран елдерінің арасында, б.з.д. екінші мыңжылдықтың соңғы  кезеңінде, Ұлы 
Еуразиялық    далада    біз  әлі  күнге  дейін    толық    ұғынып    болмаған    күрделі 
этносаяси    т.б.    процестер    болғаны  анық.  Оның    нәтижесінде    далалық  
аймақтағы  кен    өндіруге    негізделген    кешенді    шаруашылық    ыдырады  да,  
көшпелілік  күшейе  берді.  Сонымен  бірге    әлемнің    әр    тараптарына  
бағытталған  миграциялар  күшейіп, олардың басым  бөлігі Түркістан  арқылы  
Иран  (Ариан)      және  Үндістан  өлкесіне  қарай  аттанды.  Этникалық    тұрғыдан 
бұл    күрес  мүмкін    арий  және  тур    этностары  арасындағы    қарама- 
қайшылықтардың    негізінде  жүргізілуі  мүмкін.  Біздің    пікірімізше,    Сыр 
бойындағы  осы  қозғалыс,  араластық    нәтижесінде    алғашқы  сарт    қауымдары  
өмірге келді. Сырдарияның көне замандағы  атауы «Яқсарт» болуы да  белгілі 
дәрежеде сарттарға қатысты болуы әбден мүмкін.  
Шәкәрім    шежіресінде    де  «сарт»  сөзі  Яксарт    деген    сөзден  шыққан  
делінеді ( 59, 95 б.): «Өзбек-сарт» деп  айтатұғынымыз   өзімізден  айрылған 
өзбек,  татар  және    қарақалпақ    деген  ел  бар,  ол    тіпті  қазақ    аталған  соң  
айрылған. Сондай  елдердің  бәрі де сол Сырдарияға  барып  орнығып, бұрынғы 
сарт  атанып  отырғандармен  бірге  сарт    атанған»    дейді    шежіреші.  Сарт 
қауымының    біртекті  нәсіл    емес,  түбі  құрама  екенін    біз    төменде    дәлелдеп 
көреміз. Шәкәрім  жазуы бойынша сарт деген  қауым «өз алдына бір ел, яғни бір  

154 
атаның  аты  емес,  біздің    қазақтар  Түркістанның    күншығыс, 
күнбатысындағы    отырықты  түрік    нәсілдерін  һәм    түрікше    сөйлеп,  түрік 
болып  кеткен  тәжіктердің  бәрін  сарт  деп  атайды».  Бұл  пікірді  Шәкәрім  
алдымен  қазақ    түсінігіне  негіздеп,  екіншіден    Ресей  ғалымдарының  
жазғандарына сүйеніп айтқаны сөзсіз.  
Шәкәрім  өз  шежіресінде  көбірек сілтеме   жасайтын В.В. Радлов бірнеше 
еңбектерінде сарт мәселесіне қысқаша  тоқталып кетеді. Оның  пікірінше : «Как  
киргизы,  так  и  узбеки  называют  оседлое  тюркское    население    долины  Шу  и  
городов  Токмак,  Мерке,  Аулиеата,  Туркестан,  Чемкенд,  Ташкенд,  а  также 
часть  тюркских жителей  Ходжента, Джизака, Уратепе и Замина сартами» 
(98,  с.  102).  В.В.  Бартольд  өз    мақаласында  В.В.  Радловпен  кейбір    мәселе  
бойынша    келіспей    сарт    қатарына  Ферғана  өңірінің    тұрғындарын  да    қосу 
керек еді  деген пікір  білдіреді. Сонымен  бірге келіспеушілік В.В. Радловтың 
Хиуа сарттары парсы тілінде сөйлейді  деген пікірінен  де  туындады.  
Қалай  болғанда да  біз ХІХ-ХХ ғғ.  басындағы  этнографиялық әдебиетті  
ақтара  отырып,  Н.  Остроумовтан    артық  бұл    мәселеге  терең    бойлаған  
зерттеушіні көргеміз жоқ. Оның   пікірінше «сартов не должно  смешивать ни 
с узбеками, ни с  таджиками, как это некоторые делают» (92 , вып.1. с. 20). 
Бұл  пікір В.В. Радловтың да, В.В. Бартольдтің  де т.б. зерттеулердің  сарт түбін 
парсымен,  тәжікпен      байланыстырған  топшылауларын    жоққа  шығарады. 
Әрине,  сарт  қауымы  антропологиялық    тұрғыдан    көз    ұясы  терең,  қалың  
қабақтың астына орналасқан, мұрынды, беттері ұзынша,  сопақ,  жалпы қазаққа 
қарағанда  жүндес      болып    келеді.  Б.э.д.  ІІ-  ші    мыңжылдықта  қазақ    жерін  
мекендеген    қауымдардың  көпшілігі    европеоид        кескіндес    болғаны 
антропология    ғылымда    әлде    қашан    дәлелденген.  Бұл    нәсілдік  
ерекшеліктердің  біразы    қазақ    түр-түсінде  де    сақталған.  Н.  Остроумовтың  
«сартов  следует  считать      средним  типом  тюрко-  иранцев»    деп    отырғаны 
осы (92, вып.1. с. 21). Қазақ  сияқты сарт  қауымы да  аралас нәсілдік  топ,  тек 
оның өн бойында  европеоидтық  кескін   көбірек  сақталған.  
Белгілі  антрополог    Уйфальви    сарттардың    осы    антропологиялық 
ерекшелігін  ескере  отырып  «в  Сырдарьинской    области    живут  пять  разных 
народов:  киргиз-  кайсаки,  узбеки,  сарты,  таджики  и  курама»    деуі  сол  
себептен.  Бұл  кітап    Парижде    1879  жылы    жарық  көрген.  Антропологтың  
айтуына    қарағанда  Түркістан    сарттары  қой  көзді  және  эпикантусты  болып  
келеді /сонғы  ерекшелік дала  қазақтарында  әлі де сақталған, ол көздің  ішкі  
бұрышының /етінің /  жабық болуы: « по физиологическим особенностям и по 
формам  отдельных  частей    туловиша,  сарты  отступают  от  общего    типа   
человеческого тела и приближаются  к монгольскому или тюрко-монгольскому  
типу».  
Шәкәрім  жазғандай сарт қауымы түркі тілінде сөйлейді. «Сарты говорят 
на древнетюркском языке,  приближаюшемся к джагатайскому диалекту» деп 
жазады  Н.  Остроумов.  Дегенмен  сарт  арасында    парсы  және  араб  сөздері  жиі 
қолданылады,  бұл    негізінен  жазба      әдебиеттің  және  исламнің    әсерімен 

155 
болғаны анық. 
  Зерттеушілер сарттың  еңбекқор, шыдамды, көн тері  болатын,  мінездері  
жуас, бейбітсүйгіш  келетінін, үлкен  батырлықтың сарт ішінен  шықпайтынын  
жазады.  Бірақ  егер билік  әлсіресе, немесе ниеті жаман  адамның сөзіне еріп  
сарттың  секемшіл, жасырын, қауіпті  болып шығатынын ескертеді. Қазақ ауыз 
әдебиетінде де  сарт  мінезінің осы тұстары өте жиі сынға ұшырайды. Ол сауда 
үшін  жанын салып   жіберу,  қолыңда  байлығың мен билігің болса мойындап,  
бағың  тайса    басыңнан  аттап  кететін    опасыздық  т.б.  Орта    ғасырлық    араб  
ғалым- тарихшысы Ибн- Халдун бұл  мінезді  отырықшы елдердің  бәріне тән 
қылық деп санаған.  
-Міне, осы Сыр бойындағы сартауылдың шаһарларын бағындыруды Жошы 
хан  атқарды,  бірақ  Хорезм  мемлекетінің  астанасы  Үргеніш  үшін  болған 
шайқастан кейін әкесімен кетісті.  
  Парсы  тарихшысы  Джувейнидің  айтуына  қарағанда  Шыңғыстың  көзі 
аман  тұрған  кезінде  солтүстігі  ұзын  аққан  Ертіс,  оңтүстігі  Хорезм  өлкесі, 
шығысында  Алтай  бастап,  батысында  Бұлғар,  Сақсин  жерлеріне  дейінгі  алып 
дала, одан әрі моңғол атының тұяғы жетеді-ау деген өлкелер Жошының үлесіне 
тиді.  Осы  ұлан-ғайыр  ұлыстың  орталығы,  хандарының  мекені  Ұлытау  болды. 
Өтеміс  қажы  өзінің  «Шыңғыс-намэ»  кітабында  Жошының  Ұлытауға  келуін 
былай  суреттейді:  «Иошы  хан  оның  үлкен  ұлы  болатын.  Ол  (Шыңғыс  хан) 
(Оған)  көп  әскер  беріп  аттандырып:  «Сенің  жылқыларыңның  жайылымы 
болсын»  деп,  Дешті-Қыпшақ  уалаятына  тағайындайды.  (оған)  Хорезм 
уалаятында  береді.  Иошы  хан  Дешті-Қыпшақ  уалаятына  аттанып,  Ұлығ-
тағқа жетеді» (124, с.136 ) . 
  Жоғарыда  біз  Жошының  Дәшті-Қыпшақ  өлкесімен  байланысы  ертеден 
болған  сияқты  дедік.  Оның  бір  дәлелі  1216  жылғы  Ырғыз-Торғайдың 
сағасындағы  соғыс  болса,  екіншісі  мына  оқиға.  Шыңғыс  хан  елшілерінің 
Отырар  қаласында  өлтірілуі  орта  ғасыр  тарихының  жылнамасына  жақсылап 
тұрып  енген  үлкен  соғыстың  өртін  бұрқ  еткізгені  белгілі.  «Құпия  шежіреде» 
(Ныгуча тобчыйан): «Бұдан соң Чингис хаған сартауыл еліне жіберген Чухуна 
бастаған  жүз  елшісі  өлтірілгенін  естігенде:  «Алтын  арқанымызды 
сартауылдарға  қидырып,  қол  қусырып  отырамыз  ба?  Чухуна  бастаған  жүз 
жігітіміздің  кегін  қайтарып,  сартауылдармен  соғысып,  егеске  қысас  істеп, 
соғысайық деді…Тышқан жылы (1219) қатынының ішінен Чингис хаган Хулан 
деген  ханымын  ертіп,  бауырларының  ішінен  Отчигин  ноянды  үлкен  сарайда 
қалдырып,  Арай  асуынан  асып,  сартауыл  елімен  соғысуға  аттанды.  Ең 
алдымен  Зевті жүргізеді.  Артынан  Сүбедейдің  айдарлы Тогучарын жүргізеді. 
Бұл  үшеуін  жүргізерде:  Сұлтан  хаганның  өлкесін  шеттей  жүріп,  арғы 
жағынан шығып, біз барғанда  келіп қосылыңдар дейді…». Монғол шежіресіне 
қарасақ    баһадүрлер  Жебе,  Сүбедей  және  Тоғычар  бастаған  әскердің  алдыңғы 
бөлігі  Орта  Азияны  солтүстіктен,  яғни  қазақ  даласы  арқылы  айналып  өтіп, 
Хорезмшахтың  сыртынан  шықты.  Жаудың  қоршауында  қалған  Хорезмшах 
Текеш  баласы  Жалел-ад-дин  басқарған  хорезм  әскері  моңғолдардың  ұдайы 

156 
соққысынан оңтүстікке қарай шегіне-шегіне  мемелекетінен  айрылды.  
  Орта  Азияны  (Сартауылды)  жаулап  алуда  (1219-1223  жж.)  Жошы  өз 
әскерін  Сырдария  бойымен  жүргізіп,  Сығанақ,  Үзкент,  Баршынкент,  Ашнас 
(толық  қиратылды),  Жент,  Жаңкент  т.б.  қалаларын  бағындырды.  Сырдария 
бойындағы  белгілі  қалалардың  бәрін  жаулап,  оларға  басқарушы  тағайындап, 
Жошы  өз  әскерлерімен  Орта  Азиядағы  ең  ірі  қала  Үргенішке  аттанды.  Қалаға 
Шағатай  мен  Үгедейдің  әскерлері  де  тартылды.  Үргеніш  жан-жағынан 
қоршалған  соң,  шабуылдар  басталды.  Әбілғазы  баһадүр  ханның  айтуы 
бойынша хорезмдік әскерлер жеті ай бойы, таңертеңнен кешке дейін шайқасты. 
Моңғолдар Үргеніш маңынан тас атқыштарына тас таба алмай, тұт ағаштарын 
шауып, қоршаудағы қаланы сонымен атқылады. 
  Үргеніш  қарсыласқаны  үшін  қатыгездікпен  жазаланды,  қаланы  басып 
алған  соң,  моңғолдар  жастарды,  әйелдерді,  балалардың  және  қолөнершілерді 
бөліп  алып,  қалғандарын  өлтірді,  «әскердегі  әр  жауынгерге  төрт  адамнан 
тиді, ханзадалар оларды өлтіру туралы бұйрық берді», - деп жазады Әбілғазы. 
Осы қоршау кезінде шығынның көп болғаны сонша, Рашид-ад-дин: «Сол кезде 
өлгендердің  сүйектерінен  тұрғызылған  төбешіктер,,  Хорезмдегі  ескі  қаланың 
төңірегінде әлі күнге дейін тұрған көрінеді», - дейді. Үргеніш түбіндегі соғыс 
Жошы хан інілері арасындағы жанжалды одан әрі ушықтырып жіберді. Жошы 
Орта  Азия  өркениетіңнің  көп  заман  орталығы  болған  тамаша  қаланы  аман 
сақтауды жоспарлады. Шағатай Жошының айтқанымен жүрмек түгілі, оның әр 
ісіне  қарсы  болып,  барлық  шаруаны  тежеп  отырды.  Осы  жағдайды  естіген 
Шыңғыс  хан  балаларын  өзіне  шақырып,  билікті  Үгедейге  тапсырды.  Әкесі 
берген  билікті  қолға  мығым  ұстап  алған  Үгедей  Хорезм  империясының 
астанасын  тас-талқан  қылып  шапты.  Осыдан  кейін  бір  жағы  Шағатайдың 
қылығына,  екіншіден,  әкесінің  билікті  Үгедейге  жығып  бергеніне  наразы 
болған Жошы қош айтпастан Дешті-Қыпшақ даласына кетіп қалды.  
  1222-1223  жылдары  біз  Жошы  ханды  Шығыс  Дешті-Қыпшақтың 
орталығы  Ұлытау  маңында  көреміз.  Кетбұқа  ноян  Сырдың  бойындағы  қалаларды 
алған кезде Жошы ханның жанында болды. Хорезмшахтардың астанасы атақты Үргеніш 
шайқасында  Кетбұқа  ноян  талай  ерліктер  жасады.  Шыңғыс  ханның  «Жасақ»  тәртібі 
бойынша  Жошыға  көмекші  болуға  тиіс  Шағатайдың  озбырлық  мінезін  де  көрді.  Осы 
дүрдеараздықтың кесірінен Жошы, Шағатай, Үгедей бастаған моңғол әскері алты ай бойы 
Шығыстың ең тамаша қалаларының бірі, талай мың жылдық тарихы бар Үргенішті ала 
алмады.    Бұл  хабар  Шыңғыс  ханға  жеткен  уақытта  қаған  ұлдардың  ішінен  билікті 
Ұгедейге берді. Осыдан кейін моңғолдар қаланы алды, бірақ әкесінен әділет таба алмаған 
Жошы Сарыарқа жеріне кетті. Оған еріп Ұлытау даласына Кетбұқа ноян да келді.   
  Жошы  ұлысының  осылайша  негізін  салынды.  Ертістен  батысқа  және 
«Қаялық(Қойлық)  пен Хорезмнің шекарасынан татар аттарының тұяғы жетер жетер 
жерге  дейінгі»  үлкен  алқаптың  билеушісі,  яғни  Жетсіудың  солтүстігінен  бастап  бүкіл 
шығыс  Дәшті-Қыпшақ  Төменгі  Еділ  бойына  дейінгі  өлкені  билеушісі  Жошы  хан  Ұлы 
даланың жоқшысы айналды.  

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал