Жамбыл Омари



жүктеу 5.01 Kb.

бет13/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

  Соныменен  біздің  жыл  санауымызға  дейінгі  екінші  мыңжылдықта  Ұлы  даланың 
(Арианам-вайджа)  дәл  орта  тұсында  шалқыған  Ворукаша  теңізі  Ақсақал-Барбы  көлі 
болуы мүмкін бе ? Менің ойымша әбден мүмкін.  
 
16. 1216 жылғы Ырғыз-Торғай сағасындағы соғыс 
  Қазақ даласының дәл ортасында, Ырғыз-Торғай арасында болған бұл соғыс туралы 
тарих  оқулықтарында  жүрдім-бардым  айтылады.  Моңғол  әскерін  бастап  Жошының 
келгені, осы жерде меркіттерді жеңіп, одан кейін Хорезм шах әскерімен шайқасып қалғаны 
тарихшыларға белгілі.  
  Бізге тақырыбымыздың аясында батыс бағыттағы жорықты басқаруға Жошының 
аттанғаны  және  бұл  соғыстың  нәтижесі  аса  маңызды.  Осы  себептен  әңгімені  ертерек 
уақыттан бастаған жөн деп есепетейміз. 
  Біріншіден,  Темучин  құрған  моңғол  тайпаларының  бірлестігі  2006  жылы  Ұлы 
Құрылтайда жәй жан сақтау үшін құрылған мемлекет емес, алысты меңзеген стртагиялық 
жоспары бар империялық құрылымның негізін салды деп есептейміз. 1206 жылы Онон 
өзені бойында жиналған құрылтайда Темучин иелігі «қамақ моңғол» мемлекеті  атанып, 
ал Темучиннің өзі «Шыңғыс  қаған»  лауазымын алды. Осы Құрылтайда бекітілген мөрде 
«Көкте Тәңірі, жерде-Қаған бір. Әлем иесінің  таңба мөрі» деген жазу  заңдастырылды, 
яғни  Шыңғыс  қаған  жәй  ғана  мемлекет  басшысы  емес,  ол  қарапайым  моңғол 
жауынгерлері арасында әлем иесі болып танылды.  «Көкте -Тәңірі, жерде-Қаған бір. Әлем 
иесінің    таңба  мөрі»  деген  айшықты  сөз  Байырғы  Түркінің  Орхон  жазуларындағы  
мемлекет тағдыры мен халықтың ішкі ниетінің арасын қосып тұрған қанатты ұғымдарды 
еске түсіреді.  Сонымен бірге біз «жабайы моңғолдардың» басы сәл қослылып, ортасынан 
бір жігерлі азамат шыға салысымен империя құру тұралы жоспар құра бастағанына таң 
қаламыз.  
  Темучин  әлі  елінің  басын  құрай  алмай,  біресе  Тоғырыл  ханға,  біресе  Джамухаға 
жалтаңдап жүрген кезде, оның ордасына алқа-қотан ауылын алып келіп қосылған Барын 
руының  азаматы  Хорчи  Усун  былай  дейді:  «Біз  Боданшар  боғдоның  ұстап  әкелген 
әйелінен  туғандықтан  Жамухамен  кіндіктес,  әрі  үндес  адамбыз.  Сондықтан  да 
Жамухадан  іргені  аулақ  сала  алмаймыз.  Бірақ,  құдіретті  Тәңір  келіп,  маған  аян  берді. 
Қырдың  қызыл  сиыры  келіп,  Жамуханы  сәл  айналып  жүрді  де,  үйімен  қоса  сүзгіледі. 
Сөйтіп, бір мүйізін сындырып алып, сыңар мүйізді болып қалған соң «Мүйізімді бер» деп 
Жамухаға қарай мөңіреп тарпыланды. 

138 
  Тағы мұқыр кер сиыр үлкен үйдің арбасына жегілген екен деймін. Ол Темужиннің 
соңынан үлкен арбасын сүйрете ұмтылып: 
  Тілге көнсе жер мен көк, 
  Темужинжді ел иесі болдырғай, 
  Тасып бара жатырмын,-деп мөңіреді.  
  Жасаған Тәңір, менің көзіме осылай көрсетті. 
  Егер сен,  Темужин, менің алдын ала болжап айтқанымдай ел қожайыны болсаң, 
маған қандай жасқылық істер едің ?-деді. Соонда Темужин: « Шынында мен мұқым елді 
билесем сізді түменнің нояны болдырар едім» деді (77, 50-51 бб.). 
  Осы  мемлекеттік  идеология  моңғол  ортасына  қалай  келді,  кім  алып  барды  деген 
сұраққа жауап беру оңай емес. Бұл біздің ойымызша моңғолдың арасында кең тараған 
«Біздің  ата-бабамыз  Бөрте  бөрі  мен    Марал  сұлу  Арал  теңізінің  жағалауындағы  ұлы 
даладан  келген  екен»  деген  әңгімеге  байланысты.    Бұл  сөз  жоқ,  жоғарыда  айтылған  
Ұлытау даласы, Ырғыз бен Торғайдың төменгі ағысы, Ақсақал Барбы көлінің айналасы, 
бір сөзбен айтқанда Сарыарқа даласы.  
  Қазақтың  «Қиян  дала»  деген  тарихи  және  әфсаналық  ұғымына  негіз  болған  осы 
жер. Моңғол тарихшылары Бөрте бөрінің (Бөрте шина) түп-төркіні Қият текті екенін текке 
айтып жүрген жоқ. Қият «Авеста» сияқты тым көне заманның руханият мұрасында хион, 
хиюн, хионит  атанып жүрген ел. 
  Екіншіден, Бөрте бөрі мен Марал сұлудың тұқымынан Боадншар әулетінің ерекше 
тәрбиесі.  З.Қинаят ұлы «Бөрте Шиноның он үшінші ұрпағы және моңғолдардың келешек 
билеушісі Боржығын әулеті осы Боданшардан басталады. Боданшар-Боржығын әулеті 
анасы  Алан-гоадан  қалған  наным-өсиет  бойынша  өз  тегін  «Тәңіріден  жаратылған  ақ 
сүйек-ару ұрпақ» деген сенім татартты, шынымен үш өзен бойын мекен еткен моңғол 
тобының  басын  қосып  билік  жүргізу  міндеті  Боданшар  әулетінің  үлесіне  тиді.  Осы 
кезеңнен Бөрте Шино әулетінің Боржығын атымен жаңа дәуірлеу  кезеңі басталады.  
Тіптен Шыңғыс хан бастаған Моңғол империясы тұсында да бас билік тек Боржығын 
әулетінен  шыққандардың  ғана  құзырында  болғаны  белгілі...Моңғолдар  өзіндік  ат 
атауымен тарихтан көрініс бере бастаған Х ғасырдың соңы немесе Боданшар әулеті үш 
өзен «Керулен, Онан, Тула» бойына келіп қоныс тебе бастаған тұсы болды. Боданшар Х 
ғасырдың соңында Моңғол тектес бірер ру-тайпаның басын қосып, моңғолдың тайпа 
бірлігінің негізін қалады...» дейді (58, 15 б.).  
  Боржігін  әулеті  жастайынан    өздерінің    «нұрдан  жаралып,  өмірде  қандай  қағажу 
көрсе  де  ақыры  ерлдік  істері,  қайрат  жігерінің  арқасында  жеңіске  жететініне»  үлкен 
сеніммен тәрбиеленеді. Жас уақыттарынан бері олар әуелі қият екенін, содан кейін Бөрте 
шино  екенін,  содан  кейін  Боржігін  әулеті  екенін  мақатан  тұтып  өседі.    З.Қинаятұлы 
жазғандай бұл әулет «боржығындық- нирундық»  ережелеріне дақ түсіретін болса өзін де, 
өзгені де аямайды. Бұл дала аристократтарының көпшілігіне тән қасиет-айтылған сөзде 
тұру,  өзінің  мақсатына  адалдық,  бабаларының  айтқанын  жеріне  жеткізбей  қоймайтын  
және  жауларына  кешірімсіздік.  Шыңғыс  ханның    ұлдары  мен  немерелері  тұсында  да 
жүргізілген  соғыстардың    көпшілігі  бабаларының  кезінде  жасалған  бағдарламалары 
бойынша  жүргізілді  және  ешқандай  жағдайда  да  қаған  тұқымы  ол  жолспарлардан  бас 
тартқан жоқ.  

139 
  -Міне,  осы  Қиян  даласына  Жошы  1216  жылы  меркіт  тайпасының  ұлы 
қақтығыстардан  аман  қалғандарын  қуып  келді. Сонау Ырғыз бен Торғайдың  сағасына 
қашқан  осынау  елді  қумауға  да  болушы  еді,  бірақ  қазақша  айтқанда  «ежелгі  жау  -ел 
болмас,  етектен  кесіп-жең  болмас».    Кейбір  тарихшылар  мен  әдебиетшілер  Шыңғыс 
қаған  меркіттерді  қыруға  Жошының  әдейілеп  жіберді  дейді,  кім  білсін,  рас  та  болар. 
Шығыс авторларының бірі Әл-Джузджани былайша жазады: «Туши (Жошы хан-Ж.О.) 
Шыңғыс  ханның  үлкен  ұлы  еді.  Ол  ерекше  батыл,  жаужүрек,  нағыз  ер  және 
жауынгер  болды.  Оның  қабілеті  мен  күшінің  орасан  болғаны  сондай,  тіпті 
одан  әкесінің  өзі  де  сескенер  еді.  Хижраның  615  жылы  (1218-1219  жж.) 
хорезмшах  Мұхаммед  Иемектің  (Кемек  –  Ж.О.)  иакафтанының  ұлы 
түркістандық  Қадырға  бағынышты  тайпаларды  қырып-жоймақ  болып 
жорыққа шыққанда Тамғаштан (Шығыстан – Ж.О.) аттанған Туши (Жошы) 
да  осы  өлкеге  келіп  қалған  еді,  сөйтіп  хорезмшахтың  әскерімен  тәулік  бойы 
соғысты…»(110, 14 б.). 
  Тарихи  деректерге  көңіл  қойсақ  хорезмшах  қосындары  мен    моңғолдың 
жауынгер  жігіттері    арасындағы  бұл  соғыс  Торғай  даласында  болған  сияқты. 
Хорезмшах әскері қимақ (кемек) тайпаларын шаппақ ниетпен келсе, моңғолдар 
өздерімен  жауласқан  найман  мен  меркітті  қудалап  келген:  «Шыңғыс  ханның 
үлкен  ұлы  Жошы  хан  Түркістан  маңында  отырған,  кезінде  Күшлікпен  бірге 
болған  рулардан  жиналған  халықты  бағындыруға  аттанды.  Ол  кезде  Сұлтан 
Мұхаммед  Шыңғыс  ханның  өзімен  соғысуға  аттанғанын  есітіп,  әскер  жиып, 
Самарқандқа келіп еді. Сол жерде Жошы хан Түркістан тарапындағы елдерді 
шапты  деген  хабар  алып,  тездетіп  сол  жерге  аттанды.  Жолда  Қабыл  мен 
Қамаж  деген  екі  судың  арасынан  көп  өліктерді  ұшыратты,  арасынан  тірі 
қалған  бір  адамды  тауып,  хабар  сұрады.  Ол  айтты:  «Жошы  ханның  біздің 
жерімізге  келгенін  есітіп,  одан  қашып  шығып  едік.  Жошы  әскері  бізді  осы 
арада қуып жетіп, қырып, көбімізді айдап, кейін қайтты». Бұл хабарды есітіп, 
Сұлтан  Мұхаммед  Жошы  ханның  әскерінің  артынан  қуып,  ертесі  күні  оған 
жетті.  Жошы  хан  Сұлтан  Мұхаммедтің  қуып  жететінін  көріп,  бектермен 
ақылдасты. Олар: «Шыңғыс хан бізді Сұлтан Мұхаммедпен соғысуға жіберген 
жоқ,  шап  деген  елдерін  шаптық.  Жау  көп,  біз  азбыз,  сондықтан  біз  жүре 
берейік, егер бізді қуып, азғана әскер жетсе, онымен соғысайық», - деді. Сонда 
Жошы  хан  тұрып:  «Ертең  елге  барғанда  әкеме,  ағаларыма  не  айтамын? 
Алыстан  жауды  көріп  қаштық  деймін  бе?»  –  деді  де,  бектерінің  сөзін 
тыңдамай, жаумен соғысуға дайындалады. Жошы хан алдыңғы әскер тобымен 
Сұлтан  Мұхаммед  әскеріне  қарсы  бірнеше  шабуыл  жасап,  тушыға  дейін 
жетіп,  Сұлтан  Мұхаммедтің  қалқанын  үш  рет  шапты.  Шах  әскері  кері 
шегінуге  жақын  еді,  осы  кезде  сұлтан  Жалел-ад-дин  үлкен  тапқырлық  және 
ерлік  көрсетіп,  оны  жеңілуден  сақтап  қалды.  Соғыс  кешке  дейін  созылды. 
Кеште моңғолдар өздерінің шебінің бойында от жағып, өздері шегініп кетті. 
Таңертең Сұлтан Мұхаммед әскері моңғолдардың түнде кетіп қалғанын біліп, 
өз ауылдарына қайтты» (110,70-71 бб.). 
  Бұл  шайқастың  уақытын  анықтауда  тарихшылар  арасында  қайшы  пікірлер  бар. 

140 
Жошы  хан  бастаған  әскердің  Хорезмшах  жасағымен  қазақ  даласындағы  алғашқы 
шайқасы 1216 жылы болған сияқты. Әлкей Марғұлан Жошы хан меркіттердің ауылдарын 
Қайдауыл  өзенінің  бойында  қуып  жетіп  түгел  қырып  тастады  дейді.    Шындығында 
меркіттер  түгел  қыврылмаған  болуы  керек,  егер  қырылған  жағдайда  абақ-керейдің 
арасында меркіт атты ата жүрер ме еді ?!  Сонымен Жошы хан Алаша хан мен Уыз ханға 
қоныс  болған  Ұлытау  өлкесіне  алғашқы  рет  1216  жылы  келді  және  осы  жерде  қимақ-
қыпшаққа қарсы аттанған Хорезмшах әскеріне алғаш күшті соққы берді. 
  Енді  біз  өзіміздің  басты  тақырыбымызға,  яғни  Кетбұқа  ноянға  қайта  оралайық.  
Барлық  әңгіме  Кетбұқаның  Жошы  хан  өлімін  атасы  Шыңғыс  қағанға  естіртуінен 
басталады, ал Жошы мен Кетбұқа арасындағы достық және сыйластықтың тарихы қай 
уақытқа  бастар  екен  ?  Бұл  біздің  ойымызша  Кетбұқаның  Жошы  ордасындағы  аталық 
қызметінен басталса керек. 
   
   
 17. Кетбұқаның аталық қызметінің басталуы  
  Еуразия  көшпелілерінің  ертелі-кеш  құрған  мемлекеттік  құрылымдарында  орда 
ісімен және саяси мәселелермен аталықтар айналысады. Олардың міндеті ханзададарды 
тәрбиелеу, мемлекетті басқару ісіне баулу,  орталық мемлекеттік жүйені қалыптастыру, оны 
рулық және аймақтық сепаратизмнен қорғау. Орда деп қазақ ханның билігін іске асыратын 
орталық аппаратты айтады.  Мемлекеттің әкімшілік  басқару қызметіндегілерді төре дейді, 
орталық  биліктің  қара  шаруасын  атқаратын  адамдарды  төлеңгіт  дейді.  Орданың  бүкіл 
тіршілігін  үйлестіріп  отыратын  адамдарды  аталық  дейді.  Осы  дәстүр  ерте  замандардан 
бері өмір сүріп келіп Қазақ мемлекетінің саяси құрылымында аса маңызды орын алатын 
«аталық» институтына негіз салды. 
 Біз арғы заманды айтпай-ақ қоялық, Қазақ хандығының бірнеше ғасырлық 
тарихына  арналған  еңбектерді  ақтара  отырып,  оның  ішінен  аталық  институты 
мен  болған  уақытта  аталықтар  туралы  бір  сөйлем  де  кездестіре  алмаймыз.  Ең 
болмағанда  хандық  дәуірде  қазақ    саяси  элитасының  құрамында  аталықтар 
болды  деген  бір  жол  ақпарат  жоқ.  Қазақ  хандығына  қатысты  деректерде 
«аталық»  сөзі  кездескеннің  күннің  өзінде  зерттеушілер  оны  басқаша 
түсіндіреді.  Мысалы  ХУІІ  ғасырдың  соңындағы  орыстың  елшілік 
жазбаларының  ішінде  Тәуке  ханның  жанындағы  ақылшысы  Барқы  аталық 
туралы  мәліметтер  бар.    Ресейден  келген  елшілік  мәселесінің  тағдырына 
қатысты хан сарайындағы кеңесте сібірлік татар Таушке Мерген дегеннің «нам 
де до государевых слобод какое дело,  хотя де и всех вырубят и пожгут нам де 
до того дела нет, для того,  что де мы люди торговые, а не воинские» деген 
сөзі үшін Барқы аталық ұрысты дейді: «И Тевки ханов лутчей человек Аталык 
Барху  батыр  стал  его  Таушку  бранить  за  то,  что  он  такие  непристойные 
слова говорит. И Тевки хан Таушку Мергеня с товарищи, по его челобитью, в 
Бухары  отпустил,  а  их  Андрея  задержав  сказал...»  (32,с,387).  Түп  нұсқадағы  
осы  дерек  Н.Г.Аполлованың  «Присоединение  Казахстана  к  России»  кітабына 
(Алматы,1948)  да  енген,  бірақ  өзгертілген  түрінде:  «один  из  лучших  людей 
Тауке, Берху батыр, стал упрекать Таушку в том, что он непристойные слова 

141 
говорит»деп  берілген  (5,с.126).  Бұл  жерде  зерттеуші    екі  қатені  қатар  жіберіп 
отыр,  біріншіден  «Барху»  атауын  «Берху»  деп  берген,  екіншіден  «аталық» 
лауазымын мәтіннен алып тастаған. Тарихи зерттеу үшін көне деректердегі әр 
бір  сөз  қадірлі  екені  белгілі,  егер  математика  сабағында  есепті  шығару  үшін 
теңдеу элементтері түгел берілмесе шешілмейтіні сияқты тарихи зерттеулердегі 
сәл  ағаттық,  сөзге  мән  бермеу  өз  кезегінде  үлкен  қателіктердің  туындауына 
себеп  болады.  Ресей  патшалығы  заманында  және  кешегі  Совет  тоталитаризмі 
тұсында 
қазақты 
мемлекетсіздендіру 
саясаты 
жүргізілгені 
белгілі. 
Н.Г.Аполлованың да осы шаруаға қатысы болды -ау деп ойлаймыз. 
       Осы сияқты 1694 жылғы түпнұсқа деректерде Әз Тәуке хан заманындағы атақты 
елші Тайқоңыр Құлтабай аталықұлының лауазымы да, аты да нақты көрсетілген. Мысалы 
Тәуке ханның  Петр І -ге хатынан үзінді: «И ныне к твоему пресветлому величеству своего 
надежного холопа Тайкумура батыря Култабая аталыкова сына послал, прошение наше 
от вас чтобы пожаловали, чтобы за таких худых воровских людей за дело и речи их лиха 
не  зделайте,  мурза  Кильдея  отпустите...»    (5,  с.15).  Енді  осы  Тайқоңыр  Құлтабай 
аталықұлының  аты-жөні  қазіргі  күні  зерттеуілерде  «Тайкомур  Колтубай  Аталыков», 
екіншісінде  «Тайкамур  Аталыков»  т.б.  жазылады.    Мысалы  «Тайкамур  Аталыков  был 
направлен ханом Тауке в октябре 1693 года в Тобольск с порученем вызолить Кильдея» (74, 
кн,ІІ,с.345).  Б.С.Сүлейменов  пен  В.Я.Басин  «Казахстан  в  составе  России»  кітабында  
Тайқоңырды  би  деп  атайды  «Так    прибывшие  в  Уфу  в  сентября  1715  года  казахское 
посольство во главе с бием  Тайкомуром явилось как бы ответом на приезд в казахские 
кочевья весной того же года башкирских посланцев во главе с Карт батыром». Бұл жерде 
де екі қате бар, біріншіден Тайқоңыр Ресей үкіметіне Тәуке ханның қайтыс болып, оның 
орнына Қайыптың  таққа отырғанын  хабарлауға  аттанған болатын,  екіншіден  Тайқоңыр 
аталық  би  емес,  батыр  деген  атақпен  белгілі.  Осы  мысалдар  зерттеушілердің  көне 
құжаттармен  нақты  жұмыс  істемейтінін  және  көптеген  маңызды  ақпаратқа  көңіл 
бөлмейтінен көрсетеді. Қазақтың «би» дегені, ерте түркі дәуіріндегі  «бек» деген ұғымы 
рулық және аймақтық басшыларға берілетін лауазым. Ал «батыр» атағы  болса, ол ханға 
да, аталыққа да, қара халықтың өкілдеріне де беріле береді.  
  Қазақтың ауызша дәстүрінде Кетбұқа кемеңгер қария, саусағынан күй тамған өнер 
адамы.  Араб  деректеріне  қарасақ  Кетбұға  Шыңғыс    хан  әулетін  тәрбиелеген  аталық, 
Иерусалимге дейінгі жерді бас идірген  даңқты қолбасшы. Осы сияқты аз-маз ел есінде 
сақталған    азды-көпті  деректер  болмаса  басқа  дерек  аз,  бірақ  соның  өзі 
Кетбұқаның  өз  заманында  Ұлы  даланың  ерен  тұлғасы  болғанын  көрсетеді.  
Оның 
жастық 
шағы 
Орталық 
Азияны 
түгел 
қамтыған 
алапат  
шапқыншылықтың  тұсына  сәйкес  келді.  Бір  қарағанда  бұл  жеке  тайпаларды 
басқарған  көсемдердің  өз  ара  бақталастығы  сияқты  көрінеді.  Жекелеген 
адамдардың мансабына байланысты  осыншама қан төгудің қандай қажеттілігі 
бар деп жан қинайсың. Ал шын мәнінде бұл жаугершілік жаңа күшті жүйенің 
өмірге  келу  заңдылығы  болатын.    Бұл  күрес  өз  бетімен  жабайы  құландай 
жайылып  жүрген  дала  халықтарын  шыңдады,  олардың  арасынан  мықты 
тұлғалар  өсіп  шықты.  Тай  таласта  талқаны  шыққан  тайпалар  жаңа 
құрылымдарға  енді,  империяға  қызмет  жасай  бастады.  Бұл  жүйені 

142 
қабылдамағандар қыр асып жаңа жұрттарға көшті. Осы қиямет-қайым заманда 
өсіп шыққан тұлғалардың бірі Кетбұқа еді.  
  Найман мемлекеті өз ара ауыз бірлігінен айрылып, жауларына жем болып 
қалғанда  бұғанасы  қатып,  жаңа  таныла  бастаған  Кетбұқа  босқан  елмен  бірге 
Жетісуға  бет  алған.  Ендігі  елдің  үміт  күткені  Таян  ханның  ұлы  Күшілік  еді. 
Міне  осы  тұста  Құба  тегіннің  жолын  қуып,  қобызын  күңіренткен  Кетбұқа  ел 
ісіне де араласа бастады. 
  Шыңғыс  хан  1227  жылы  қайтыс  болған  соң  биліктің  Үгедейге  көшкені 
белгілі,  осы  кезеңде  жаулап  соғыстары  да  жалғасты,  сонымен  бірге  мемлекет 
шаруасын, басқару  ісін құру да аса маңызды болды. Біздің ойымызша  осы екі 
бағытта  да  Кетбұқаның  орны  елеулі  болған  сияқты.  Мәселен  Батыс  жорығы 
бірнеше жыл дайындықты талап етті, соның арқасында Шыңғыс империясы Еуропаны 
ортасына  дейін  ойсыратып,  ойып  алды.    Осы  Батыс  жорығын  кім  дайындады,  бұл 
жорыққа өз ұлыстарымен үлкен ұлдар аттансын деген идея кімдікі ? Жарайды, Сүбедей 
баһадүр әскери  дайындыққа жауап берсін  дейік, ал бүкіл Еуразиялық далалық аймақты 
қамтыған  осы  жорыққа  идеологиялық  дайындық  та  керек  емес  пе  ?  Оның  үстіне  осы 
алапат аймақтағы жүздеген жауынгер тайпалар мен халықтарды кімдер ымыраға келтіріп 
отырды ? Осы сияқты ауыр мәселелерді қашанда хан сарайын, яғни әкімшілік жұмысын  
басқаратын Кетбұға ноян сияқты адамдар  шешеді. 
  Мәселен  қазақтың  шежіресінде  Жошы  ханды  Шыңғыс  ханның  емес,  Алаша 
ханның ұлы қылып көрсетеді: «Алаша хан екі қатын алған кісі дейді. Үлкен қатыннан 
бала тумай, кіші қатыннан 70 жасқа келгенде бір бала туып атын Жошы хан қойған. 
Шыңғыс ханның Жошы деген баласы болған екен. Сол Жошы хандай болар ма екен деп. 
Алаша  ханның  Домбауыл  деген  мергені  болған....»  (50,  8  т,  145  б.).  Сөз  жоқ,  қазақ 
шежірешілері  Жошының  Шыңғыс  ханның  ұлы  екенін  біледі,  бірақ  тақ  мсәселесіне 
келгенде Жошыны Алаша ханнан таратады. Себебі қазақтың билеуші әулеті түп негіздегі 
Алаша ханнан өз генеалогиялық бастауын алуы керек. 
  Жошыны Шыңғыстың емес, Алаша ханның ұлы қылып көрсету идеясы кімдікі ? 
Ол  идея  Қазақ  мемлекеті  үшін  қызмет  жасаған  сол  заманның  идеологтарының  -
аталықтарының  қолынан  шыққаны  сөзсіз.    Бұл  идеяны  шежіреге  еңгізу  Ұлы  даланың 
орталық алқабын мекендеген  ұлыстар үшін өзінің билеуші әулетінің жалғастығын сақтау 
ниетінен  туындады  деуге  келеді.  Алаша  хан  «жалпы  хандардың  бабасы,  қазақтың  үш 
жүзінің  атасы»  болғандықтан,  оған  алып  барып  Жошыны  жалғау    саяси  жүйенің 
тұрақтылығы үшін керек болды деп есептейміз. Қазақ шежіресіндегі Жошы ханның ата-
тегі  туралы  мәліметтердің  моңғол  деректеріне  негізделген  ресми  тарихнамадан  елеулі 
айырмашылығы  бар.  Біздің  пікірімізше  қазақтың  шежіреші  қариялары  Жошы  ханның 
шығу тегін, ата-бабасын нақты біле отыра, қазақ мемлекетінің билеуші әулетінің құқықтық 
және  сакралді  маңызын  сақтап  қалу  үшін,  оның  генеалогиясына  түбегейлі  өзгерістер 
енгізген.  Осылайша  Жошы  хан,  атағы  жер-жаһанға  жайылған,  Моңғол  империясының 
негізін  салушы  Шыңғыс  ханның  үлкен  ұлы  емес,  қазақтың  бірінші  ханы,  әфсаналық  
қаһарман Алаша ханның баласы болып саналады.  
   Сонымен  әлі  күнге  қазақ  тарихынан  өз  орынын  таба  алмай  жүрген 
аталықтар кімдер ? 

143 
 Шығыс деректері бойынша ең толық көрсеткіш авторларының бірі Брегель 
мен  Бұхар  хандығы  туралы  тамаша  зерттеу  еңбектің  авторы  Анке  фон 
Кюгельман аталық ұғымына мынадай анықтама береді: «Аталык (тюркоязычн.: 
отцовство»)  в  Золотой  Орде  и  при  ее  прямых  преемниках  занимал  место 
воспитателя  принца  и  отвчал  также    за  домашнее  хозяйство  своего 
подопечного;  кроме  того  аталык  мог  служить  также  хану  в  качестве 
советника и доверенного лица. В узбекских ханствах Средней Азии сфера задач 
аталыка  претерпела  постепнное  преобразование,  однако  отдельные  стадии 
этого  процесса  до  сих  пор  не  изучены.  В  любом  случае,  аталык  выполнял 
функцию  главного  советника  и  уполномоченного  лица  в  военных  и 
админстративных  вопросах    как  при  шайбанидах,  так  и  при  аштарханидах» 
(55,с.95). 
 Бұл  жерде  айтылатын    Шыңғыс  ханның  Жошы  деген  үлкен  ұлынан 
тарайтын әулеттердің бірі Шайбан тұқымы 1500 жылдардан бастап Мәуреннахр 
өлкесінде  билік  құрды.  Әілқайырдың  немересі  Мұхаммед  Шайбаниға  ерген 
Ұлы  даланың  жауынгер  тайпалары  Орта  Азия  жерін  бағындырып,  Бұхара 
Шәріп  (Қасиетті)  пен    Самарқанд  (Семізкент)  қалаларын  иеленіп,  Өзбек 
хандығы  атанған  мемлекет  құрып,  оны  жүз  жылдай,  яғни    1599  жылға  дейін 
биледі.  Орта  ғасырлық  Шығыс  тарихы  бойынша  белгілі  маман  А.Якубовский 
Бұхар  хандығының  билік  құрылымын  сипаттай  келе  аталықтардың  орнын 
ерекше  жоғары  бағалайды:  «В  ХУІІ  веке  в  Бухарском  ханстве  сформировался 
довольно  сложный  аппарат  управления.  Первое  место  в  чиновной  иерархии 
занимал ближний и первый человек, как его звали русские, аталык, т.е. ханский 
дядька  или  воспитатель.  В  документах  ХУІІ  века  он  выступал  с  чертами 
первого  министра.  Согласно  табели  о  рангах,  составленной  в  ХУІІІ  веке, 
аталык  заведывал  орошением  страны;  ведал  реку  благородной  Бухары  от 
Самарканда  до  Каракума....Второе  место  после  аталыка  занимал  диванбеги 
т.е.  министр  финансов,  ведавший  сбором  дани  –харадж,  и  составлявший 
дафтары  т.е.  податные  списки;  он  же  принимал  у  иностранных  послов 
грамоты  для  вручения  хану.  На  третьем  месте  после  аталыка  занимал 
парванчи..., на четвертом- дадха ...».  
 Қазақ  хандығының  билік  құрылымы  Бұхар  үлгісіне  жақын  болғаны 
белгілі.  Қайып  хан  1718  жылы  Петр  патшаға  жазған  хатында  «А  послал  я  от 
себя к Вашему величеству старинного своего слугу и аталыка Араслан-батыря, 
лутчего человека, сына его Тантая-батыря большим посланником» дейді.  Біздің 
кітабымызда  қазақтың  аталықтар  әулетінің  Орта  Азиялық  шайбанидтерге  де 
қатысы  бар  екені  төменде  айтылады.  Екі  орадағы  тығыз  қарым  қатынастар 
әсіресе Абдоллах ІІ (ХУІ ғ.екінші жартысы) тұсында тарихи деректерге ілінген. 
Шайбан  әулеті  әлсіреген  уақытта  Мәуреннахр  билігін  Жошының  кіші 
балаларының бірі  Тоқай  Темірден  тарайтын  Аштарханидтер  қолдарына   алды. 
Өмір  деген  күрес,  мәңгілік  ештеңе  де  жоқ.  Сонау  Алтын  Орда  ыдырап  Ұлы 
далада қан төгіс бұлғақ басталғанда ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен  
алған биліктен Шайбан тұқымы жүз жылға жетер жетпесте айрылды.   

144 
 Тарихи  аңыздарға  қарағанда  Астраханды  ХУІ  ғасырдың  ортасында 
орыстың  патшасы  Қаһарлы  Иван  алғанда  тақтан  айрылған  Жар  Мұхаммет 
сұлтан  мен  оның  баласы  Жан  Мұхаммет  сұлтан  жан  сақтап  қашып  Бұхара 
қаласына келген екен (116, с.484). Бұхараның ол кездегі ханы шайбан әулетінің 
өкілі Ескендір бұларды бауырына тартып Жан Мұхамметке өзінің қызын беріп 
күйеу  қылады.  Осы  некеден  туған  Бақы  Мұхаммет өзінің нағашысы  Абдоллах 
ІІ- нің жанында қызмет атқарып, ел билеу ісіне қатысып жүріпті. Адоллах өліп, 
оның  баласы  Әбдімүмин  хан  тағына  әсер  ететін  сарай  маңындағы  үміткер 
топтардың  қолындағы  ойыншыққа  айналған  уақытта  Бақы  Мұхаммет  биікті 
қолына  алып  алды  да  оның  ұрпақтары    бұл  өңірде  1599  жылдан  бастап  1785 
жылға  дейін  билік  құрды.  Осы  әулеттің  ішіндегі  хандардың  арасында  қазақ 
шежіресінде  1711-1747  жылдары  билік  құрып,  ақыры  маңғыт  тайпасының 
өкілдерінің қолынан қайтыс болған Әбілпейіз хан көп айтылады.  
 Шежіре  Әбілпейізден  кейін  билік  маңғыт  руының  көсемі  Мұхаммет 
Рақым аталыққа көшті дейді. Ол алғашқы кезеңде өз жанына аштарханидтердің 
жас  сұлтандарын  ұстап,  регент  түрінде  мемлекетті  басқарды  да,  кейін  Даниял 
аталықтың баласы Шаһмұраттың кезінде маңғыт әулеті өздерін хан атай астады. 
Соныменен  аталық  атауы  Бұқар  хандығының  саяси  құрылымының  ең    негізгі 
элементтерінің бірі деп атауға болады. 
  Аталық  мансабы  Бұхар  хандығының  саяси  құрылымынан  өзінің  толық 
мағынасында көрініс береді, әрине өзге түркі ұлыстарында да аталық әулеттері 
болған.  Тіпті    орта  ғасырларда  оғыз-  селжүк  тайпаларының  «атабек»  деп 
атайтын  лауазымы  да  осы  аталық  атауынан  өз  бастауын  алады.  Селжүк 
империясының  кезінде  Дамаск,  Мосул,  Алеппо,  Мадрид,  Әзірбайжан,  Фарс, 
Керман  басқа да толып жатқан ұлыстарда атабектердің билігі жүрді. Лен Пуль 
Стэнли  бұл  мәселе  туралы  «При  каждом  сельджукском  султане  была  свита 
мамлюков,  большею  частью  привезенных  из  Кыпчака;  они  занимали  высшие 
должности  при  дворе  и  в  лагере;  в  награду  за  усердную  службу  их  нередко 
отпускали  на  волю.  Неизбежным  результатом  такой  системы  было  то,  что 
изнеженные  господа  постепенно  должы  были  уступить  место  свои 
мужественным  рабам.  Когда  сельджукская  империя  распалась  на  части,  их 
мамлюки,  прежде  сражавшиеся  за  них,  сделались  опекунами  (атабеками)  их 
юных  наследников;  скоро  они  вышли  из  зависимого  положения  и  стали 
пользоваться  всеми  преимуществами  власти»  дейді(116,  с.413).Атабек 
мансабы орыс тіліндегі «наместник» деген ұғымға бір табан жақын. 
 ХУІІІ  ғасырдың  басында  Ферғана  өлкесінде  жеке  саяси  иелік  ретінде 
өмірге  келген  Қоқанд  ханығы  да  өзіне  дейінгі  қалыптасқан  үлгі  бойынша 
аталық  мансабын  саяси  басқару  жүйесінің  мықты  бір  тетігі  есебінде 
пайдаланды. Қоқанд тарихымен терең айналысқан тарихшылар «аталык титул в 
Средней Азии давался лицам особо почетным и уважаемым» дейді. «Тарих и-
Кашгар»  кітабындағы  дәлелдерге  қарағанда    аталык  атағы  бұл  өлкеде 
наместник пен ханзадалардың тәрибешісі қызметін қатар қамтиды: «Хан снова 
выступил  в  поход  на  киргизов.  Субхан  Кули  бек  препятствовал  ему.  Хан 

145 
потерпев неудачу, обвинил в этом Субхан Кули бека. Он (хан) назначил Шахбаз 
бека аталыком Йолбарыс хана и правителем Кашгара» (112,с.220). 
 Қоқанд  хандығында  жергілікті  елдің  басшыларынан  хан  билігі  жанында 
аталықтар сайланып отырған. Осы өлкенің тарихын жақсы білетін Құрбанғали 
Халид  «Тауарих  хамса»  кітабында  ХІХ  ғасырдың  ортасында  Қоқанд  билігіне 
өте  белсенді  араласқан  Қанағат  шах  туралы  жазады.  Бұл  аталық  Қастек 
түбіндегі  орысқа  қарсы  соғысты  басқарған,  Тәшкент  аймағына  билігі  жүрген 
адам: «Бәрі осыны ақыл көріп Хұдияр ханға кісі жіберді. Хұдияр хан да Мәлле 
ханның  қазасын  естіп,  әмірдің  кеңесімен  Жизақ  бекінісіне  келген  екен,  сонан 
Тәшкентке  жетеді,  халық  оған  еруге  келісім  береді.  Хан  Қанағат  шахқа 
«аталық»  мансабын  берді.  «Аталық»  (уәзір  ағзам)  –бас  уәзір  мәніне  келеді. 
Нәсілі  өзбек,  жасы  ханнан  үлкен  болып,  қызметпен  уәзір  дәрежесіне  жетсе 
«аталық»  деген  атақ  берілетін  ғұрып  болатын.  Ал  жарлыққа  оның  мөрі  хан 
мөрімен  бірдей  жүреді.  «Аталық»  атағын  алмаған  уәзірде  ондай  дәреже 
болмайды.  Ал  «аталық»  сөзі  «ата,  бектен»  алынған,  үлкен  дәреже,  мансапты 
білдіреді» (125,25 б.). 
    Сонымен аталық мансабы Орталық Азия мемлекеттік тарихының негізгі  
белгілерінің  бірі.  Қалай  зерттесек  те  аталық  институтының  түп  төркіні  көне 
ғасырлардың  қойнауына  қарай  бастайды.  Біздің  пікірімізше  Қазақ  хандығы 
өмірге  келген  ХУ  ғасырдың  ортасында  билік  институттарын  құру  барысында 
Ұлы  даланың  тарихында  белгілі  бірнеше  ондаған  мемлекеттердің  басқару 
тәжірибесі талқыға түсті. Мысалы қазақтың үш жүзге бөлінетін үштік жүйесі өз 
бастауын  көне  заманнан  алады.  Сақ  дәуірінде  үштіктің  қалыптасқан  саяси 
құрылымның  үлгісі  есебінде  жұмыс  істеп  тұрғанын  көреміз.  Скифтердің 
айтуынша,  олар  барлық  халықтардан  жас  және  шығу  тегі  былай  дейді  ежелгі 
грек  тарихшылары:  «бұрын  адам  аяғы  баспаған  олардың  жерінде  Тарғытай 
атты  бірінші  адам  туған;  Тарғытайдың  ата-анасы  деп,  Зевс  пен  өзен 
құдайының  қызы  Борисфенаны  айтады.  Сонымен,  Тарғытай  шыққан  тегі 
осылай, олардың айтуынша, ал одан үш ұл туған: Липоксай, Арпоксай, кенжесі 
Колаксай.  Олардың  заманында  скиф  жеріне  аспаннан  алтын  заттар  түскен: 
соқа,  мойынтұрық,  айбалта  және  тостаған.  Ағайындылардың  үлкені  бұл 
заттарды  бірінші  көріп  қойып,  жақындап  барып,  алайын  деп  ұмтылғанда, 
алтын  жалындап,  оны  жолатпапты.  Ол  кетісімен  екінші  жақындап  еді, 
алтынмен  жаңағы  тағы  қайталанды.  Соныменен,  алтын  жалындап,  өзіне 
оларды  жақындатпады,  бірақ  үшінші  бала,  ең  кенжесі,  жақындағанда 
алтынның жануы тоқтап, ол алтынды өзіне алып барды. Үлкен ағалары осы 
таңғажайып  оқиғаның  мағынасын  түсініп,  бүкіл  патшалықты  кенжесіне 
берді.  
 Сөйтіп,  енді  Липоксайдан  қазір  «аухат»  атанып  жүрген  скиф  руы 
тарады,  ортаншысы  Арпоксайдан  «катиар»  және  «траспи»  атанғандар.  Ал 
кенжесі  Колаксай  патшадан:  «паралат»  аталатындар  тарады;  олардың 
барлығының  ортақ  аты  –  «сколот»,  бір  патшасының  атына  байланысты 
қойылған атау, ал оларды скиф атандырғандар – эллиндер».  

146 
 Осы  Геродот  келтірген  аңыздағы  үштік  жүйе  Еуразия  көшпелілерінің 
саяси  -әкімшілік  құрылымына  негізгі  ірге  тас  қызметін  жасады.  Бірақ  Алтын 
Орда  құлағаннан  кейін  пайда  болған  ұлыстардың  ішінде  бұл  нұсқаны 
пайдаланбағандары да бар. Олардың ішінде тарихи әдебиетте «тоқсан екі баулы 
өзбек  одағы»  немесе  Әбілқайыр  хан  құрған  «Көшпелі  өзбек  мемлекеті»  деген 
атақпен  қырық  жыл  өмір  сүрген  мемлекет  те  белгілі.  Бірақ  түптеп  келгенде 
мемлекетте  дұрыс  генеалогиялық  иерархияның  болмауы,  тоқсан  екі  тайпаның 
бәрі  бірдей  тең  болуы,  біртұтас  жүйе  құра  алмаған  себепті  жылдам  ыдырап 
кетті. Өзбек арасындағы тоқсан екі тайпаның бәрі де Шайхы Бұрқы диуананың 
құдіретімен бір әке, тоқсан екі анадан туды деген онша қисынға келмейтін аңыз 
көшпелі  мемлекеттің  ірге  тасы  қызметін  атқаратын  туыстық  қарым-
қатынастарға негіз бола алған жоқ.  
   Жаңа ту көтерген Қазақ мемлекетінің алдында осы сияқты толып жатқан 
мысалдар бар еді. Таңдау ең көне нұсқалар мен ең көне тұлғаларға түсті, қазақ 
этносының құрамына ондаған-жүздеген көне тайпалар мен рулар енді, олардың 
басын  қосатын  идея  да  қарапайым  да  түсінікті  болуы  керек  еді  және  түп  ата 
этноарх  көне  заманға  табан  тіреуі  керек  болды.  Осылайша  өмірге  «атамыз 
Алаш,  керегеміз  ағаш»,  «Алаш  деп  ұрандамағанды  әкең  де  болса  ұрып  жық» 
сияқты  мемлекетті  қалыптастыруға  қажет  формулалар  пайда  болды.  Аталық 
институтының өмірге келуі де осы кез.  
    Найман  елінен  Қазақ  хандығы  құрылар  заманда    Қаракерей  мен  Матай 
тайпалары  белсенді  болса  керек.  Мемлекет  ішінде  сатыланған  саяси  құру 
жұмыстары жүргізілген уақытта рулар мен тайпалардың бір жағынан ата жолы, 
екінші  жағынан  саяси  белсенділігі ескеріледі.    Аталық  институты  мемлекеттік 
билікті  күшейту  құралдарының  бірі.  Аталық  ру  тайпалық  құрылым  мен  саяси 
билік  арасындағы  дәнекер,  хандық  биліктің  қазықтарының  бірі.  Ол 
көшпелілерге тән сепаратистік көңіл ауанын басып,  генеалогиялық жолдармен 
елді  ұйымдастырып  хан  маңына  топтастырады.  Сонымен  бірге  аталық  күшті 
рулардың  өкілі  болғандықтан  әскери  жауынгерлік  қосындарға  басшылық  ету 
функциясын да атқарады. Кез келген жағдайда өз ру-тайпасының күшіне сүйене 
отырып бағынбаған  елдерді хан дәргейіне   келтіру аталықтың міндеті. Аталық 
институты  хандық  билікті  үлкен  ру  тайпалар  арқылы  қолтықтау,  демеу  деп 
айтуға  болады.  Қазақтың  дәстүрлі  билік  жүйесі  дегеніміз    осы  «аталық» 
институтынан нақты көрінеді. 
  Кетбұқа аталық лауазымын қалай алды деген сұрақ болары заңды. Біз бұл 
тұрғыда  Жошы  ханның  жас  шағынан  Дәшті-Қыпшақ  өлкесіндегі  тұркі 
тайпаларымен  жақын  болғанын  ескеруіміз  керек.  Тек  1207  жылдары  Ібір  -
Сібірді алғанда ғана емес, жалпы кейінгі соғыстарда да Жошы елге мейірімділік 
танытып  отырғаны  аян.  Жошы  хан  туралы  қызықты  әңгімелердің  бірталайы 
Шығыстың  белгілі  тарихшыларының  шығармаларында  кездеседі.  Тек  қана 
қазақтың ауызша дәстүрі ғана емес, сонымен бірге Шығыс жазбалары да Жошы 
ханның  Дешті-Қыпшақпен  ертеден  байланысы  болды  деп  айтуға  мүмкіндік 
береді.  Оның  да  өз  себептері  мен  мысалдары  бар.  1207  жылы  Жошының 

147 
Оңтүстік  Сібір  өлкесін  бағындырғаны  белгілі:.  «Зучи  ойрад,  бұйрад,  барга, 
урсуд,  хабханас,  ханхас,  тува  тайпаларын  қоса  түмен  хәргис  жеріне 
жеткенде…  Чингис  хаган  Зучиге:  Ұлдарымның  үлкені  сен,  үйден  алғаш  рет 
шығып,  жолың  құтты  болып,  барған  жеріңде  адам  мен  ат  шығындап 
қинамай,  бақытты  орман  жұртын  бағындырып  келдің.  Осы  жұртты  саған 
бердім деп деп әмір етеді» (77, 56 б. ). Егер тарихи деректерді терең сараптасақ 
Дәшті  Қыпшақ  аталатын  алқаптың  бір  шеті  Сібірдің  орманды  даласы. 
Жошының мейірімділігінің бір мысалы Хорезмді жаулап алу кезінде Жошы мен 
Шағатай арасындағы келіспеушілік тарихы. 
  Осы баяндалған оқиғадан  кейін Шыңғыс Орта Азияны, немесе сартауыл 
жерін басып алуға дайындықтар жүргізе бастады. 1216 жылы Жошының меркіт 
пен найманды Ырғыз бойына дейін қуып келгені белгілі. Көптеген жазабаларда 
Жошы  әскері  қашқан  елді  қырып  жіберді  дейді.  Меркіттер  түгел  қырылмаса 
керек.  Ал  Шыңғыс хан  тарапынан  найманды  қыру  туралы  нұсқау  болған  жоқ, 
екінші  мәселе  найманды  қырып  жіберу  де  мүмкін  емес  еді.  Найман  елі  1216 
жылы  қырғын  тапты  деген  де  дерек  жоқ.  Бұл  ел  Шыңғыс  ханға  күші 
жетпегендіктен  емес,  өзінің  ішкі  саяси  дағдарысынан  шыға  алмай  бағынды. 
Моңғол  мен  Найман  арасында    ата  кегі  дейтін  елеулі  қарама-қайшылық  та 
болмаған. Осы себептерден біз 1216 жылы батысқа аттанған Жошы хан мен сол 
кезде найман елінің  билігін қолына алған Кетбұқа арасында келісім болды деп 
есептейміз.  Біз әр түрлі деректерді салыстыра келе Кетбұқаның аталық қызметі 
қызметі  1216  жылдан  басталды  деп  айтуға  негіз  бар  деп  ойлаймыз.  Бұл  кезде 
Кетбұқаның жасы  отызға жаңа келді. Қазақта «отызында орда бұзды» деген сөз 
бар,  бұл  батыр  болар  азаматтардың  отыз  жасында  жаугершілікпен  болсын, 
мәмлегерлікпен болсын жау ордасын алуы керек екенін айғақтайды.  
  Бұдан кейінгі оқиғалар бізге белгілі. 1219 жылы Шыңғыс хан Хорезмшах 
иеліктеріне  қарсы  аттанды.  Онсыз  да  Сыр  бойындағы  қоныстарына  тыным 
бермей  отырған  Хорезм  әскер  басыларымен  тіл  табыса  алмаған  дала 
тайпаларының  көпшілігі  Жошы  қосындарына  қосылды.    Осы  наразы  елді 
бастап  Кетбұқа  бидің  сартауыл  еліне  қарсы  жорықта  Жошы  ханның  жанында 
болғаны  күмәнсіз.  Сартауыл  еліне  жорықтың  кезінде  Кетбұқаның  Жошының 
жанында әрі би, әрі аталық,  әрі Лев  Гумилевше айтқанда «штаб бастығы» қызметі 
басталды. Бұл  ең алдымен мемлекеттік қызметті үйлестіру ісі, жергілікті тайпалар мен  
орталық  билік  арасындағы  қарым-қатынасты  реттеу,    елдің  дәулетін  көбейтіп,  еңсесін 
көтеру.  
  Жылдар  өткен  сайын  Жошы  хан  Арқаның  ғажайып  кең-байтақ  даласына,  ерлік 
және азаматтық дәстүрлеріне бауыр баса берді. Алаша хан заманын есте сақтаған, ертеден 
осы  өлкені  қоныс  қылған  тайпалар  мен  рулар,  олардың  сайыпқыран  көсемдері  Жошы 
сияқты  мықты,  кемеңгер  тұлғаға  үлкен  үміт  артты.  Ұлы  даланың  құдыретті  уақытын, 
Алаша мен Уыз замандарын аңсаған қариялар қазақтың билеуші әулет генеалогиясына 
редакция жасап Жошы ханның тегін Алаша ханнан тарата бастады. Осылайша әкесі мен 
баласы,  яғни  Шыңғыс  пен  Жошы  арасы  айрылды:  «Шыңғыс  ханның  үлкен  ұлы  Туши, 
қыпшақ  жерінің  ауасы  мен  суын  көргенде,  әлемде  бұл  жерден  артық  жер,  ауасынан 

148 
артық  ауа,  суынан  тәтті  су,  жайылымынан  кең  жайылым  жоқ  деп  тапты    -  деп 
жазады  Джүзджани,  -  ол  әкесіне  қарсы  шығуды  ойлай  бастайды,  ол  өзінің 
маңындағыларға «Шыңғыс ханның есі ауысты, ол қаншама халықты қырып, қаншама 
патшалықты қиратты» (31, с.53 ). 
  Қазақ  даласында  Жошы  ұлысы  аталатын,  түптеп  келгенде  Қазақ  хандығының 
негізін салған, атақты баһадүр және мемлекет басшысы Жошы ханның өмір баянын бір 
шолып өткен артық болмас.  
 

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал