Жамбыл Омари



жүктеу 5.01 Kb.

бет12/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

  Кетбұқа  найманның моңғол билігін мойындамаған ең жауынгер тобының өкілі еді, 
ата  жұртты  жау  алған  уақытта  оның  ата-аналары  Алтайдан  көшсе,  болашақ  атылық-
жыраудың  балалық  шағында    Жетісуға  келді.  Бұл  ғажап  өлке  ол  кезде    қара  қытай 

124 
гурхандарының  қолында  еді.  Міне,  бірнеше  ондаған  жыл  жазбада-  қидан,    қазақтың 
шежіресінде -қытай аталатын түркі-моңғолдың бір тайпасы осы жерге иелік етеді.  Қара 
қытайлардың, олар да найман сияқты  сегіз тайпа, әуел баста  мекендеген жері Мәнжүрдің 
ораманды даласы болатын.  
  Кетбұқа әулеті Жетісу жерінде найман мемлекеті құрылғанда Күшліктің жанында 
болды да, одан кейін босқын  елді бастап  Ұлытауға келді.   Бір жағы Бағаналы елінің 
ежелгі  қонысы  Сырдария  болса,  екінші  жағы  көлденең  аққан  Есілдің  бойы,  ортасында  
Атбасар, Ырғыз-Торғай, Ұлытау баурайы, яғни кейінде  Жошы ұлысы аталған елдің дәл 
ортасы.  Бір бойына бектігі мен жыраулығы жарасқан осы Кетбұқа қай жылдары 
өмір сүрді?  
  Бұл туралы осы уақытқа дейін нақты жорамал  не  деректі дәйек айтылып 
көрген жоқ. Бірақ заманы белгілі. Ол  —  XIII ғасырдың бірінші жартысы. 1225 
жылдары Шыңғыстың ұлы Жошы өлгенде Кетбұқа бар адам. Ел ағасы атанған 
дер  шағындағы  уақыты.  Ал  ол  кезде  неше  жаста  еді?  Ұлы  жыраудың  ғұмыры 
мен  өнеріне  қатысты  қазіргі  уақытта  бүкіл  анықтамалықтарға  еніп  кеткен 
жалғыз  ғана      топшылау  бар.  Ол  өз  тамырын  сонау  1974  жылғы  «Қазақ  совет 
энциклопедиясының»  бесінші томынан алады. Онда: «Кетбұға (шамамен 1150-
1225)    —  жырау, күйші    композитор,   аңыз  кейіпкері. Руы   —    Найман,   оның 
ішінде  Балталы  (?).  14-ғасырда  жазылған  ’’Шаджарат  әл-атрак  ("Түрік 
шежіресі")  атты  кітаптағы  деректер  мен  ел  аузындағы  аңыздар  бойынша, 
Дешті Қыпшақ әмірі -Жошы хан аң аулап жүріп қаза тапқанда, Шыңғыс ханға 
қаралы  хабарды  жеткізуге  ешкім  батпайды.  Сонда  Кетбұқа  бас  кетер  ауыр 
міндетті өз мойнына алады...» делінген (47, 5 т, -406 б).  
  Бұл  жерде  біздің  ойымызша,  бірнеше  түрлі  сәйкессіздік  бар.  Біріншіден, 
Кетбұқаның  туған  жылы  деп  нақты  жылды  сеніммен  көрсету  қиын.  Оның 
себебі егер Кетбұқа ноян  1225 жылы жетпіс бес жасында өлсе, онда 1225 жылы 
өлген Жошының қазасын Шыңғыс қағанға қалай естіртеді? Барлық аңыз және 
шежіре  нұсқаларында  Жошының  өлімін  Шыңғыс  қағанға  естіртікен  адам  
Кетбұқа екендігі айтылады. Екінші, Кетбұқаның  руы Балталы емес, Бағаналы. 
Әрине,  бұлар,  ағайындас,  бір-біріне  жақын  елдер,  бірақ  Бағаналыны  Балталы 
деп  атауға  бола  қоймас.  Энциклопедияның  өзінде  дәл  сол  бетте  «Кетбұқа» 
тайпасын  таратқан  мақала  оның  Бағаналы  екенін  дәйектейді.  Осы  сияқты 
әттегенайлар  болмаса  мақала  авторының  «Алайда  ұрпақ  аузынан  Ұлығ  (ұлы) 
жыршы  деген  атақ  алған  Кетбұқаның  өз  кезінде  шығармалары  халық  арасына 
кең  тараған,  көшпелілер  арасында  сөз  өнерінің  дамуына  ерекше  ықпал  еткен 
көрнекті  түлға  болғандығы  байқалады»  деген  пікірі  оқырман  қауымға  аса  маңызды 
болды.  
  Қазіргі күні қолданыста жүрген жинақтардан  қарасақта  Кетбұқа туып-өлді дейтін 
жыл  мөлшерлері  сол  «Қазақ  совет  энциклопедиясына»  сүйеніп  көбінесе  1150-1225 
жылдарды    көрсетеді.    Жошы  хан  1227  жылы  емес,  одан  екі  жыл  бұрын,  яғни    1225 
жылым қайтыс болды  деген жорамал бары рас,  ал дәл сол жылы Кетбұқа да қайтыс 
болды деуге қисын жоқ. Егер Кетбұқа Жошы ханның өлімін Шыңғыс ханға естірткен адам 
болса, ол қалайша 1225 жылы қайтыс болады ? Осы күнге дейін Жошы ханның өлген 

125 
жылы не 1226, не 1227 жылдың басы деген жорамал болды.  Шыңғыс ханның  1227 жылы 
16  тамызда  66  жасқа  қараған  шағында  қайтыс  болғаны  белгілі.    Парсы  тарихшысы 
Казвини Жошы әкесінен алты ай бұрын өлді дейді.  Бұл жерде сәйкеспейтін мәселелер 
бар. Оның бастысы  Шыңғыс ханның 1226 жылы Си Ся еліне жорыққа шығып кеткені.  
«Моңғолдың  құпия  шежіресіне»  және  басқа  да  деректерге  қарасақ  Жошының  өлімі 
туралы хабарды Шыңғыс хан шығысқа жорыққа аттанбай  тұрып естігені анық.  Қытай 
деректерін,  Рашид-ад-дин  жазбаларын  салыстыра  қарап  Жошы хан 1225  жылы қайтыс 
болды  деген  қазақтың  белгілі  тарихшысы  Зардыхан  Қинаятұлының  пікірімен  біз  де 
келісіміз. Ғалым  «Жошы хан 1179 жылы қараша айында туып, 1225 жылы күздің соңғы 
айында  Европа  жыл  санауы  бойынша  46,  шығыс  жыл  қайыруы  бойынша  47  жасында 
өмірден өткеніне көз жеткізе аламыз» дейді (58, 162 б.). 
  Бұл  тарихи  ақпараттардан  біздің  Кетбұғаға  қатысты  алатын  мәліметіміз  біреу,  ол 
Кетбұғаның  Жошы ханның өлімін Шыңғыс естірткен жылы 1225 жыл екендігі. 
  Егер біз қолданыстағы  әдебиетке сеніп  Кетбұқа 1150 жылы туды дейтін болсақ,  
онда    елдің  алдында  жүрген  жырау  және  жауынгер  азаматтың  1190-1206  жылдардың 
аралығындағы қарбаласта бір рет болса да аты  аталар  еді ғой ?!   Соныменен осындай 
қисындылық    тұрғысынан  салыстыра  отырып  біз  Кетбұқа  ноянның  туған  жылы 
Жошымен қатарлас   болған- ау деп шамалаймыз, яғни біздің кітаптың басында айтылған 
1885 жыл Кетбұқа жырау өмірге келген жыл деп айтуға әбден сенімді. Бұған көз жеткізу 
үшін Кетбұқа өмірнінің  соңғы  сәттері  туралы  тамаша  нақты деректер қалдырған    араб 
деректеріне көбірек көңіл бөлуімізге келеді.  
  Біз үшін араб деректерінің маңыздылығы Кетбұқаның 1260 жылы қария жасында 
болғандығы. Осыған байланысты атақты жырау, қолбасшы, аталық Кетбұғаның туған  -
өлген  жылдары  1185-1260  жылдарға  сәйкес  келетіні  туралы    жорамал  жасауға  болады.  
Олай болса Жошының өлімін Кетбұқа Шыңғыс ханға    45 жасында жеткізді деуге келеді 
және  сол  кездің  өзінде  Кетбұқа  Жошы  ханның  жанында  аталық  қызметін  атқарған 
кемеңгер.              
  Енді  Кетбұқаның  жыраулық  өнері  туралы  бірер  сөз.  Дүниені  тітіренткен 
Шыңғыс  қағанның  алдында  қобыз  сарнатып,  сөз  толғап,  қаралы  хабарды 
естіртетіндей Кетбұқаға бұл өнер қайдан қонды, ондай жыраулық қасиет үрім-
бұтағында  бар  ма  еді?    Бар  еді  және  мақалдап,  мәтелдеп,  ишарамен  сөйлеу 
дәстүрі  сонау  Тоныкөк  абыздан  қалған  Кетбұқаның  ата  мұрасы  еді.  Түркі 
қағанатының  данагөй  абызы  Тоныкөктің  дәстүрін  жалғаған  кемеңгер  Тата-
Тұнға  Таян  ханның  ақылгөй  бас  уәзірі  әрі  хатшысы  болған  ғой.  «Монғолдың 
құпия шежіресіне» сүйеніп  «Таңба-мөр Моңғол билігіне Найман ханы Таянның 
әкімшілік басшысы ойғыр Тататунга арқылы жеткені белгілі. Әрине, Найман 
ордасы орда құрып, таңба ұстаған Түріктік мемлекет мирасының алғашқысы 
емес, тек оны жалғастырушысы болды» дейді З.Қинаятұлы (58, 117 б.). Анық 
айтылған сөз. Найманның ХІІ-ғасырдың аяғында өмір сүрген ақыны Құба тегін 
«наймандар  осы  Инаншы-Білге  билік  еткен  кезде  гүлденіп  өсті, 
қарақытайлардан  бостандықты  жеңіп  алды»  деп  жырлағаны  да  жоғарыда 
жазылған  жағдайаттардың  дәлелі.  Демек,  ол  кезде  үлкен  жыраулық  дәстүр 
қалыптасқан және ақын-абыздарды ел билігіне сайлаған. Кетбұқа сол көне түркі 

126 
толғауларының  уызын  бойына  сіңіре  сусындаған  адам.  «Шыңғыс  ханның 
байлаулы төрт қасқырының бірі» өзінің інісі  Хасардың өзі Кетбұқаның ұстазы 
Тата-Тұнғаны сыйлап, кешірім сұраған. Демек, ақынның қадірі де, оның өзінің 
жеке басының қасиеті де қазіргіден жоғары бағаланған.  
 
  15. «Бозінген» -Найман мемлекеттілігін жоқтау күйі 
  
   Қазақ  өзінің  тарихын  күймен  -жырмен  жазған  дүниедегі  сирек 
халықтардың  бірі.  Қазақтың  ауыз  әдебиетінде  сақталған  тарихына  қатысты 
алғашқы  теориялық  ізденістер  көрнекті  шығыстанушы  және  этнограф 
Ш.Ш.Уәлиханов: «Көшпелі халықтардың тарихы, жалпы жазба әдебиеті жоқ 
тайпалардың  тарихының  басты  қайнар  көзі  олардың  жартылай  ертегі 
тәріздес  аңыздары  мен  олар  араласқан  өркениетті  халықтардың 
жылнамаларынан  алынған  үзінділер  болады.  Әсіресе,  бұл  біздің  Орта  Азия 
көшпелілері үшін сөзсіз шындық. Тарихтың олар туралы мағлұматы тіпті аз, 
екіншілері туралы тіпті ештеңе де жоқ» деген еді (23, т.2,с.49).  Шоқан қазақ 
даласының әр қиырынан жинақталған тарихи аңыздар мен эпикалық жырларды 
салыстыра  зерттеген  уақытта  таң  қаларлық  ұқсастығын  және  кермет  дәлдігін 
атап  өтеді:  «Ауызша  берілгеніне  қарамастан  көптеген  жылдар  бойы  және 
көптеген  ұрпақ  өкілдерінің  аузынан  өтіп,  көптеген  жырлар  мен  аңыздар 
информаторлардың таңғажайып қабілеттері мен жадының арқасында және 
халықтың    өлеңге,  жырға,  аңыздар  мен  ертегілерге  деген  махаббатының 
арқасында осы күнге дейін жеткілікті дәрежеде таза сақталған, ал олардың 
ұлан-байтақ даланың әр қиырынан жасаған көшірмелері бір-біріне өте ұқсас»  
(22,  т.2,  с.157).  Ғалымның  әлі  күнге  дейін  маңызы  кетпеген  қазақ  этникалық 
тарихына және Орталық Азия басқа да халықтарына қатысты пікірлері ауызша 
тарихтың арқсасында дүниеге келді. Ш.Уәлиханов түркі-моңғол халықтарының 
этникалық мәселелерін зерттеу барысында жазба  қайнар көздерді кең көлемде 
қолданды,  сонымен  қатар  «әлі  күнге  дейін  ғалым  назары  түспеген  халықтың 
аңыздары, жырлары  жазба тарихта  белгілі болған оқиғалармен салыстыра  
қарағанда  тарихи  мәнге  ие»  дейді    (25,  т.1,  с.302).  Біздің  міндетіміз  қазақтың 
жадында  сақталған  көне  заманның  жырлары  мен  күйлерінен  тарихтың  ақ 
бидайын айырып алу.  
  Кетбұқа  жыраудың  жүрегінен    шыққан  «Бозінген»  күйі  де  сол  тарихи 
заманның  оқиғаларын  тізбелемесе  де  ахуалын  дәл  көрсететін  шығарма.  «Бұл 
оқиға тым есте жоқ ескі заманда да емес, жадымызда жаңғырығы қалған бергі 
заманда да емес, жадымызда жаңғырығы қалған бергі заманда да емес, тарихта 
аты  мен  жазған  хаты  қалған  Шыңғыс  хан  мен  Жошы  ханның  тұсында  өтсе 
керек»- деп бастайды Тұрсын Жұртбай.  Қазақта  «қырық жыл қырғын болса да, 
ажалды өледі» деген қанатты сөз бар ғой. Қаншама шапқыншылыққа толы қилы 
кезеңнің арасында да бір толас тапқан мамыражай шақ туып, сайын дала еркін 
тыныс  алған  сондай  күннің    бірінде  екі  жолаушы  жолға  шығыпты.  Бұл  екеуі 
жай жолаушы емес өнерімен елді таңдандырған күйші екен. Аңызға сенсек, бұл 

127 
тұс  жаугершілік  заманы  болатын.  Бірақ  сол  жылы  қыста  қар  қалың,  күн  аяз, 
көктем  ұзақ  болғандықтан  елдің  малы  жұтқа  ұшырап,  жұрт  қатты  күйзеліске 
түсіпті.  Үйірлі  жылқыдан  мінерге  ат,  келелі  түйеден  сауынға  інген,  қоралы 
қойдан тігерге тұяқ қана қалса керек. «Күн күркіреп, жаз шығар өлмегенге», деп 
аталарымыздың өлеңге қосқанындай, жер қарайып, көк шығып, елдің аузы аққа 
ілініпті.  Жаугершілік  заманы  болса  да,  ағайын  жұрттың  амандығын  білу  үшін 
алысқа  аттанған  екі  күйші  жапан  далада  жортып  келе  жатыпты.  Жортып  келе 
жатып,  көз  ұшында  қарайған  бір  отауды  көзі  шалып,  ат  басын  солай  қарай 
бұрыпты.   
  Әлгі  екі  жолаушының  көзі  шалған  үйдің  іші  де,  сырты  да,  үй  иелері  де 
жүдеу  еді.  Себебі,  отағасының  жалғыз  ұлы  дүниеден  ерте  кетіп,  әкесін  қайғы 
қасіретте  қалдырыпты.  Қысқы  жұттан  бар  малы  қырылып,  жалғыз  інген  ғана 
аман шығыпты. Сол інген көктемде боталап, әлгі үйді қуанышқа кенеліпті. Төрт 
түліктің ең күштісі болса да, түйенің ботасы нәзік келеді. Әлдебіреудің көзінің 
сұғы  тиіп,  ойнақтап  жүрген  бота  аяқ  астынан  өліп  қалады.  Ботасынан 
айырылған  інген  ен  даланы  ащы  зарға  толтырып,  күнұзақ  боздап,  ботасын 
жоқтаумен  болады.  Өркешін  шайқап,  шудасын  желкілдетіп  әр  төбенің  басына 
бір  шығады  да,  өзегіне  толған  өксігін  баса  алмай,  қайтадан  үйге  келіп,  өлген 
ботасының  тұлыбын  иіскеп,  екі  көзінен  жас  парлап,  шөгіп  жатып  алады  екен. 
Баласынан  айырылған  адамдардың:  «Ботасы  өлген  інгендей  боздап  қалдым», 
деп  жоқтау  айтып  жылауы  тегін  емес.  Інгеннің  зарындай  зарлы  үн  болмаса 
керек-ті.  Мына  жануардың  шерлене  боздаған  дауысын  естіп  өзінің  жалғыз 
ұлының  қазасын  есіне  алған  отағасы  сыртта  күрсінеді.  Ботасынан  айырылған 
інгеннің  боздауы  мен  жалғызынан  айырылған  қарияның    ішінен  жалын  атып 
сыртқа  шыққан  өксігін  естіген  есті  қыз,  бір  аңызда  әлгі  шалдың  келіні  деп  те 
айтылады, үйде отырып күрсінеді.  Күрсінеді де, күбісін қолына алып, інгенді 
саууға  барады.  Хайуан  да  болса  өзекті  жан  иесі  ғой,  қан  тамырына  өкініштің 
уыты  тараған  інгеннің  емшегінен  сүт  шықпай  қойыпты.  Ботасының  тұлыбын 
иіскеп  барып  иитін  жануар  енді  оның  тірілмесіне  көзі  жетіп,  әбден  күдерін 
үзген екен. Кірпігіне жас үйірілген қыз уайымын әкесіне білдірмейді. Қалайда 
қартың көңілін жұбатып, інгеннің боздауына  тыйым салып, жануарды иітудің 
амалын ойлайды. Қызының да қиналғанын көрген қария:  
- Үшеумізді  бірдей боздатып қойған, тәңір-ай, - деп налиды.   
Сонда ақылды да зерделі қыз әкесін жұбатып:  
          -  Әке,  өзегіңді  өксікке  толтырып,  қайғылана  беріп  қайтесіз. 
Құдайдың  да  бір  жақсылығы  бар  шығар.  Жұтатқан  тәңірім  жұбата  да  біледі. 
«Таңғы нәсіп – тәңірден» деуші еді ғой. Шыдай тұрайық, - депті.  Қызының  не 
ойлағанын қарт адам қайдан білсін. Уайымының уыты ішін өртегені аздай, енді 
қорек  етіп  отырған  шұбаттан  қағылған  әкесінің  өзегін  жалғау  үшін  әлгі  қыз 
тосын  бір  шешімге  бекінеді.  Өлген  ағасын  тірілте  алмасын  біледі,  бірақ  мына 
інгенді иітіп алпыс  екі тамырды зар қақсатқан боздауын тыйдырып, әкесін жан 
азабынан құтқаруды ойлайды. Сол ойға бекінген қыз бір күні:   
-  Әке, боз інгенге қосылып боздап отыра береміз бе. Тірі тіршілігін жасау 

128 
керек.  Өзекке  ілінген  уайым  өлтірмей  қоймайды.  Мына  боз  інгенді  иітіп, 
боздауын  қойдырайын.  Күні-түні  құлақ  етіңді  жеп,  жүрегіңді  кеміріп  сенің  де 
жұлын-жүйкеңді  жүйкелетті.  Маған  ақ  батаңды  бер.  Сайын  далаға  сауын 
айтайын. Кімде кім батасы өлген боз інгеннің боздауын тоқтатып, емшегін иітіп 
берсе, мені соған қосыңыз, - дейді.   
  Шерлі  әке  аңғарлы  қызының  уәжіне  тоқтап,  тілеген  тілегіне  рұқсатын 
беріпті. Әдепті де әдемі қыздың елге айтқан сауынын естіген не бір бекзадалар 
мен  мырзалар,  күйшілер  мен  әншілер,  қобызшы  мен  сыбызғышылар  жан-
жақтан ат сабылтып келеді. Бойындағы  өнерін аямай сарқа көрсетіп, сан түрлі 
күй  шертсе  де  боз  інген  міз  бақпапты.  Сол  баяғы  қалпын  сақтап,  екі  көзі 
мөлдіреп,  ботасының  тұлыбын  иіскеумен  болыпты.  Амалы  таусылып,  сағы 
сынған  өнерпаздардың  басы  салбырап,  қайтайын  десе  –    әдемі  қызды  қимай, 
қайтпайын  десе    –    қыздың  қойған  шартын  орындай  алмай,  жұрт  аяғы  да 
сирейді. Боз інген боздауын қоймайды. Қайғысы сейілмеген қарт бірде:  
  -  Боз  інген  боздауынан  жазбады.  Мен  сорлыны  не  алмады,  не  қоймады. 
Бұл Жаратқанның несін алдым соншама! – деп назаланыпты.   
Сонда ақылды қыз тағы да баяғыдағы сөзін айтып:  
  - Жаратқанның бізге де бір жақсылығы бар шығар. Шыдай тұрайық,  
әке, - дейді.   
  Қыздың    сол  айтқан  сөзін  естігендей,  сәске  көтеріле  екі  жолаушы  әлгі 
үйге  қарай  беттейді.  Мұны  көрген  қыздың  оң  қабағы  тарта  бастайды. 
Жолаушылар үйге таянғанда қыздың көзі екеуінің қанжығасындағы домбыраға 
түседі.  Жүрегі  әлденені  сезгендей  лүпілдеп  сала  береді.  Кеуіп  қалған  күбінің 
ішін  шәйіп,  білегін  сыбанып,  бетіне  шырай  кіре  бастайды.  Жолаушылар 
аттарынан түсіп үйге қарай аяңдайды. Келген адамның біреуі сондай еңселі, ақ 
сақалы  кеудесін  жапқан,  көзі  ойлы,  саусақтары  салалы,  көкірегі  күйдің 
көрігіндей  үні  гуілдеп  шығатын  ақ  қанат  қыран  сияқты  бірден  қасиетті  адам 
екен. Есті қыз бұл жолаушыны бірден тұспалдап білді. Ол иісі ел-жұрт Аталық 
жырау    –  Ұлығ  би  атап  кеткен Кетбұқа  еді.  Ал  жанындағы  серігі  қыр  мінезді, 
қияқ  мұрт,  аршын  бойлы,  апайтөс,  саусағы  шыбықтай  солқылдаған,  сіңірі 
қатпаған  жігіт  екен.  Қыздың  көңіліне  шоқ  түскендей  болып,  алабұртып  қоя 
береді.  Өзі  ылғи  да  әкесіне  қайталап    айта  беретін:  «Бізге  де  құдайдың  бір 
жақсылығы бар шығар. Күте тұрайық»,  -  деген тілегінің дәл осы жолы қабыл 
болатынын  іші  сезгендей  еді.    Қамкөңіл    қария  өзінің  қамкөңіл  тіршілігін 
айтып, сөзінің аяғын боз інгенге тіреп:  
      -Е, бұл екеуіміздің шеменімізді ерітетін пенде де шықпай қойды. Өнер 
азып,құлаққа  кірмейтін  болғаны  ма,  жоқ,  қайғы  біздің  саңылауымызды  сартап 
қылған ба, білмеймін. Боз інгеннің боздауын қойдырып, емшегін иіткен адамға 
«мені қосыңыз» деген соң, қызыма берген ақ батам да қабыл болмады, қайтейін, 
- деп күрсініп жіберді де, төмен қарап отырып қалды.  
  Мынау  қарияның  көкірегіне  толған  запыранды осы  отырған  екеуінің бірі 
сейілтіп  кетуі  керек  екенін  Ұлығ  би-Кетбұқа  да,  жас  оғлан  да  түсінді.  Түсінді 
де, үнсіз отырып қалды. Не істемек керек? Аталық жырау  – тәжірибесіне, тұла 

129 
бойындағы  ұлы  қасиетіне  сенеді.  Жас  серігі  талантына  сенеді.  Ата  салтын 
аттап, бірінші боп күй тартудан бас тартса – жеңілгенінің белгісі. Кетбұқа қызға 
қарады.  Қыз  төмен  қарады.  Қабағы  дір  ете  түсті.  Мұның  мағынасы  не?  Күнің  
өтті  дегені ме?  Күнің өтті...  
  Кетбұқа шамырқанып кетті де:  
-  Өзімнің күнім өтсе де, күйімнің күні өткен жоқ! Көнегіңді алып ботаның 
тұлыбының  қасына  бар,  қарағым,    -    деді  де,  өзі  атының  қанжығасындағы 
домбырасын алып келуге кетті.  Қызының қабағындағы дірілді байқаған әке:  
-  Қызым,  сауға  сұрап,  ниетінен  қайырсам  қайтеді,  -  деді.  Сонда  қыз  әлі 
орнынан қозғалмаған жас күйшіге қарап қойып:  
    -  Әке, Ұлы жыраудың бетінен қақпаңыз. Киелі жанның жанын жасытпа. 
Әуелі нарды идірсін. Қалғанын көре жатармыз,  -  деді де,  көнегін алып інгенге 
қарай беттеді.  Үмітсіз дүние бола ма? Тамырлары суалып, тарамыс тартқан боз 
інген ботасының тулаққа айналған терісін көргенде ойнақтап жүрген ботасы көз 
алдына  елестеп  кетті  ме,  кім  білсін,  ентелей  келіп  тұлыпты  иіскеп-иіскеп 
жіберді.  Ерінмен  екі-үш  түртіп-түртіп  қалып,  көні  қатқан  тулақ  екеніне  енді 
сенгендей  қалыппен  меңірейіп  ұзақ  тұрды  да,  боздап  қоя  берді.  Қарияның 
айтқаны  рас  екен,  мына  ащы  үн  тұла  бойыңды  шымырлатып,  сай-сүйегіңді 
сырқыратады  екен.  Жүйкесі  бар  адамның  егілмеуі  мүмкін    емес.  Қамкөңіл 
қыздың  әкесі  де  төмен  қарап,  уайымның  тереңіне  батып  кетіпті.  Ботасының 
қайтып  келмесіне,  енді  тірі  көрмесіне  иланған  інген  де  бар  қасіретін  бойына 
жиып,  қан  тамырлары  сіңір  боп  кеуіп  қалыпты.  Ұлығ  жыраудың,  Аталық 
жыраудың, атақты Кетбұқаның да көкірегі шерге толы еді. Елінің зары, жерінің 
зары,  қыршынынан  қиылған  боздақтардың  асыл  арманы    оның  да  көкейінде 
өксік боп тығылып, жүрегі егіліп жүрген болатын. Мынау мұңлықтардың мұңы 
Кетбұқаның  да  жанын  тебірентіп  жіберді.  Шабыты  қысқан  жырау  шамырқана 
басып,  ботасының  тулақ  терісіне  түңіле  қараған  інгеннің  алдына  келіп  малдас 
құрып  отыра  кетті  де,  домбырасының  құлағын  бұрап,  күйге  келтірді  де,  қос 
ішекті шанақты қағып-қағып жіберіп, әлдебір азалы әуенді тарта жөнелді. Әуен 
барған  сайын  тыңдаған  адамның  да,  шерлі  жануардың  жа  жүрек  тамырын 
солқылдатып,  шымырлата  сыңсып,  тереңге  шым-шым  батыра  берді.  
Домбыраның  көмейінен  күй  емес  –  күйік,  әуен  емес  –  өксік,  ызың  емес  –  зар 
төгіледі.  Тереңнен  шымырлап  жоғары  көтерілген  теңіздің  толқынындай  күй 
әуені  кеудені  керіп  барады.  Лықси-лықси  арнасын  керген  шер  толқыны 
шарасынан  асып  барып,  қайта  кері  қайтып,  сәл  саябырсып  алады  да,  тағы  да 
лықси жөнеледі. Домбыраның мынау солқылдатқан қоңыр үні жүйке-жүйкеңді, 
тамыр-тамырыңды  қуалап,  шемен  боп  қатқан  сезім  түйіршіктерін  ерітіп, 
өкініштің  уытын  өзегіңді  өртеген  ыстық  жалынға  айналдырып  жібергендей. 
Қамкөңіл  қарт  та,  тамыры  суалған  інген  де,  қиылған  қыз  да,  қияқ  мұрт  жас 
күйші  де  демдерін  ішіне  тартып  бір  сәтке  тынши  қалыпты.  Күй  әуені  сол 
сарынмен  сәл  ғана  саябырсып  барып  кенеттен  енесіне  еркелеген  ботаның 
ойнақтағанын  еске  салатын  ырғаққа  көшкенде,  о,  ғажап,  боз  інгеннің  жүйкесі 
босап,  ыңыранып  қоя  беріпті.  Күй  одан  да  әрмен  екілене  екпін  алып,  ботасыз 

130 
қалған  нардың  алпыс  екі  тамырын  қуалай  ерітеді.  Үкідей  үлпілдеген  ерке 
ботасының  еркелей  ойнақтағаны,  жып-жылы  ернінің  емшегін  қытықтағаны, 
тәтті  тілімен  тамсана  емшегін  сорғаны  есіне  түсіп,  інген  қайта-қайта 
ыңыранып, емірене түседі. Бір кезде әлгі әуен інгеннің жүрек тамырын суарып 
алғандай  солқылдата  келіп,  ілме  қағысқа  ауысып,  арлы-берлі  лықсып  тұрып, 
ботаның емшекті емірене сорпылдата сорғанын елестетіп, домбыра шанағынан 
төгілген күй:  
 - Көс-көс! Көс-көс! Көс-көс! – деп сөйлеп қоя береді.  
  О,  жасаған!  Сол  кезде  боз  інген  ыңыранып  барып,  екі  бұтын  талтайтып 
жіберіп иіп сала беріпті. Кеуіп қалған желініне нәр жүгіріп, бірте-бірте емшекті 
сүт кере бастайды. Інген ыңыранған сайын көзінен жасы боталап, жанарын жуа 
беріпті.  Кетбұқа  да  домбырасының  қағысын  мың  құбылтып,  бірде  баяулатып,  
бірде  төпеп-төпеп  жіберіп,  ара-арасында  ілме  қағыспен  солқылдата  шертіп, 
нарды  идіріпті.  Табиғаттың  мына  құдіретті  күшіне  таң  қалған  қарт  пен  жас 
күйші де күймен бірге егіліпті. Тас емшегі жібіген нардың ешкіммен жұмысы 
жоқ, күйдің әуеніне балқып, ботасының тулақ терісін иіскеп қойып ии беріпті, 
ии беріпті... Тек осынау шапағатты шақта, күйдің әрбір үні жүрегіне шаншудай  
қадалған    бір  адам  бар  болатын.  Ол  шалдың  қызы  еді.  Оның  да  жүрегін 
шымшыған  бір  мұңы  бар  еді.  Ұлы  жыраудың  алғашқы  домбыра  қағысын 
естігенде-ақ  боз  інгенді  иітпей  қоймайтынын  білген.  Інген  ыңыранған  кезден 
бастап-ақ көнегін жоғары көтеріп, түйенің емшегін көлегейлей берген. Желінді 
сүт  керней  бастаған  сәтте  нәзік  те  тегеуірінді  саусақтарымен  емшекті  мықтап 
қысып ұстап, сүт шығармай отыр еді. Күй үстемелеген сайын інгеннің емшегі 
жарылып  кете  жаздай  сыздап  барады.  Бағана  әкесінің  дегеніне  көнбей: 
«Қалғанын  көре  жатармыз»  дегендегі  амалы  осы  еді.  Бірақ  мынау  Ұлы  күй 
жануар  түгіл  мұның  өзінің  де  тамыр-тамырын  иітіп  барады.  Желіні  сыздаған 
інген енді тезірек сауса екен деп ыңырана бастады. Емшекті қыса-қыса саусағы 
қарысқан  қыздан  да  дәрмен  кетті.  Сол  кезде  інгеннің  желінін  көнегімен 
көлегейлеген қызға қараған Кетбұқа жырау ақырын ғана қасын қағып: «Қалай, 
иіді  ме?»  дегендей  ишара  танытады.  Саусағының  арасынан  сыздықтап  шыға 
бастаған  сүтті  көрсетпей,  барынша  емшекті  қыса  түсіп:  «Жоқ,  әлі  иіген  жоқ», 
деп  басын  шайқайды.  Шынымен  күйінің  құдіреті  кете  бастағандай  сезінген 
Кетбұқа  домбыраны  бұрынғыдан  бетер  зарлатып,  біресе  мамырлата,  біресе 
қоңырлата,  біресе  төкпелете  тартады.  Әуенге  әбден  елтіген  боз  інгеннің  тұла 
бойы  тұтас  сүт  боп  еріп,  желінін  жарып  жібере  жаздардай  боп  ииді.  Дәрмені 
кетіп  бара  жатқан  қыз  бұдан  әрі  шыдай  алмайтынын  біліп,  күйші  жігітке 
қарағанда, көзінен жасы ыршып-ыршып кетіпті. Мұны жігіт те, Кетбұқа жырау 
да байқай қалыпты. Жануарды қинамас үшін Кетбұқа жорта күйін баяулатып:  
-  Паһ, шіркін, күйім келіскенмен күнім өтіп кетіпті ғой,  -  деп, жас  
күйшіге кезегін беріпті.   
  Жас  күйші  де  қыздың  ықыласынан  шығу  үшін  барын  салып  домбыраны 
шабыта  тартады.  Жігіт  шанақты  бір-екі  қағып  қалғанда-ақ  қыз  сыздап 
тұрғанемшекті  қысып  отырған  саусағын  жазып  жібереді.  Сол  сәтте  ағыл-тегіл 

131 
иіген  нардың  сүті  көнектің  түбін  тесіп  кете  жаздай  жөнеліпті.  Жігіттің 
де,қыздың әкесінің де қабағы жадырап сала беріпті. Әдепті қыздың ықыласына 
риза болған жігіттің ыстық сезімге толы бұл күйінің аты   – «Күйдім-жандым» 
екен. Ал Ұлығ жыраудың күйінің атын халық  –  «Нар идірген» деп атап кетіпті. 
Уәде бойынша қарт өзінің қызын жас жігітке қосыпты.  Бірақ та ботасы өлген 
боз  інгенді  иіткен  Кетбұқа  жыраудың  күйі  екенін  білген  қария  Ұлы  күйшінің 
көңілінде кірбің, өкпе-наз қалмасын деп:  
 - Ұлығ жырау, көні қатқан тулақты тірілткендей боп боз інгеннің алпыс екі 
тамырын иіткен сіздің күйіңіз. Бірақ жастың тілегі жаста ғой. Қызым емшекке 
иіп келген сүтті іркіп қалды. Әуелгі төрелік өзіңізде, - деген екен.  Сонда Ұлығ 
жырау кеудесін кере демін ап, бір күрсініпті де:  
-  Өзім  қартайсамда,  күйімнің  қартаймағанын  көріп  бір  жасап  қалдым. 
Елімнің жарасына ем іздеп жүріп, жастарының жүрегіне жара салып қайтейін. 
Тек  өнерде  «неғылайын»  деген  сыпайылық  болмайды.  Домбырамның  меселі 
қайтпасын, күйімнің құты қашпасын, - деп тағы бір күй тартыпты.  Кетбұқаның 
бұл  тартқан  күйі  әкесіне  айтқан  сырын  білдіреді  екен.  Сондықтан  да  кейін  ол 
күй  –  «Ақсақал»  деп  аталыпты.    Күй  тартып  болған  соң,  Ұлығ  жырау    –  
Кетбұқа домбырасын қолына алып, кермедегі атына қарай аяңдай жүргенде, боз 
інген  боздап  жіберіп,  күйшінің  артынан  ере  жөнеліпті.  Сонда  намысқа 
тырысқан  жас  күйші  Кетбұқаның  соңынан  ерген  інгенді  өзінің  күйімен  кері 
қайырып  алыпты деседі» (2, 13-21 бб).   
  Міне,  «Нар  идірген»,  «Күйдім-жандым»,  «Ақсақал»  атты  үш  бөлімнен 
тұратын күй осылай дүниеге келген екен» деп аңыз етеді еліміз. Оны шығарған 
сонау Шыңғыс хан, Жошы хан заманында өмір сүрген Ұлығ жырау, Аталық жырау 
– Кетбұқа.  
  Жоғарыда аттары аталған үш күй де бір-бірімен байланысты екені сөзсіз. Кетбұқа 
елінің басынан кешкен тарихы мен тағдыры осы күйлерде баяндалады. Тағдыр Орталық 
Азияның халықтарының басына сол заманда небір қиын оқиғаларды үйіп-төкті.  Тарих 
сахнасына бір халықтар кенеттен шыға келіп, екінші халықтар ізім-қайым кетіп жатты. 
Сол халықтардың ішінде бағы бары некен -саяқ еді. Біздің тарихнамада Қидан, шығыс 
жазбаларында  Қара  қытай  аталған  ел,  бүкіл  шығыс  алқапты  билеген,  қазіргі  заманның 
алып мемлекеті Қытайдың атын берген империя қайда ? Қара қытайлардың ізінше тарих 
сахнасына  шығып  алып  мемлекет  болған  Найман  ұлысы  неге    жабайылықтан  жаңа 
шығып келе жатқан тайпалардың жемі болды ?    
  Ортағасырлық  Найман  мемлекетінің тарихы  Кетбұқаның Бозінген күйі арқылы 
сипататады.  Біздің  ойымызша  Бозінгеннің  негізгі  мазмұны  аласарына  заманда 
мемлекетінен айрылып Моңғол империясына телінген, бөтен әулеттің  қызметіне жегілген 
найман азамттарының көкіріндегі шерге ұқсайды.  Мәшһүр жазбалары арқылы сақталған 
Жошы хан турлы аңыздың бір нұсқасында дүниенің жалғандығы, адам өмірінің өтпелі 
екендігі,  яғни  қазақтың  тіршілік  туралы  түсініктерімен  қоса  өріліп    «Бозінген»  күйінің 
шығуы  туралы  қысқаша  хикаят  берілген.    Алаша  хан  ұлы  Жошының  өлгенін  көктем 
айында мал төлдеп жатқан уақытта естиді дейді аңыз. Жалғызының жайрап қалғанына 
ызаланып   Хан жарлық қылды дейді: 

132 
«-  Төрт  түлік  малды  төлінен айырсын,  жаңа  туып  жатқан  төл  енесіне 
жамырамасын,  хайуан  да  мендей  аза  тұтсын,  зарласын  –  деп.  Өзі  ас-суын 
ішпей, теріс қарап жатып алыпты. Хан  қара қылды қақ жарған әділ екен. Екі 
даугер  келсе,  ұйқыда  жатса  да  шошып  оянады  екен.  Ас  ішіп  отырса,  аяғын 
жерге қоя салады екен. Сол екі даугердің көңілін дауаламай ішкені ас болмайды 
екен.  
Қатыны  келіп:  Тақсыр,  есік  алдында  екі  даугер  келіп  тұр  депті.  Хан 
төсектен басын жұлып алғандай: Дауы не екен сұрадың ба? - депті. 
-  Сұрадым,  біреуі  бөтен  жұрттың  жолаушысы  екен,  біреуі  өзіміздің 
күнде көріп жүрген Жолбас екен, жолаушы ұзын жолға кетіп бара жатқанда, 
қайтарымда  алармын  деп  Жолбасқа  ат  басындай  алтын  қалдырып  кеткен 
екен.  Сол  жолаушы  барған  сапарынан  қайтып  келіп,  енді  алтынын  алып 
кетейін десе, Жолбас алтынды бермепті. Баяғыда сенікі болғаны не керек, енді 
көзім көріп, қолым үйреніп, бауыр басып қалыппын, бермеймін депті. 
-  Хан:  -  Аманатты  сақтар  болар,  иесі  сұрай  келсе,  өзіне  қайырар  болар 
былшылдамасын берсін. Мен айтты де,  - дегенде ханым төрелігіңізге құлдық 
тақсыр.  Хан  екі  сөйлесе  қара  болады,  қара  екі  сөйлесе  қатын  болады  деген 
екен.  Бұл  бала  жасаған  иемнің  сіз  бен  бізге  сақтатқан  аманаты  емес  пе? 
Аманатын  иесі  өзі  алды,  өзінікін  өзі  алды  деп  өкпелегенмен  өкпе  жүре  ме”  – 
дегенде хан басын көтеріп алыпты. Сенікі дұрыс екен де, менікі бұрыс екен  – 
деп сабасына түсіп, отын оттап, суын ішіп мал баласын жамыратыпты. 
-  Сонда  бір  бозінген  жеріп  ботасын  алмапты.  Хан  осы  бота  өлсе  обалы  маған, 
менің мойнымда қалады-ау деп түйенің ботасын алғызғанға қыз беремін деген соң баяғы 
Кетбұға  бес  саусағын  сірімен  қаптап  алып,  күй  тартып,  хан  баласының  мән-жайын 
домбыраның  күйімен  сөйлеп,  естіген  жұрт  та  су  болып  ағылыпты.  Інген  де  есінен 
танып,  балқып  кетіп,  еміреніп  ботасын  емізіпті.  Сол  күйдің  аты  “Бозінгеннің  күйі” 
атанып қалыпты» (50 , 8 т.,117-121 бб.). 
  «Күйдім-Жандым» күйі де  жігіт пен қыз арасындағы махаббат емес, осы бір ауыр 
кезеңде  өзегі  өртенген  Найманның  ел  басшыларының  рухани  жағдайы  десек  орынды. 
Рашид-ад-дин  «Шыңғыс  хан  заманында  найманның  патшалары  Нарқыш-Таян  және 
Эниат-қаған  деген  адамдар  еді.  Екеуі  бір  әкенің  балалары  еді.  Қырғызды  күйрете 
жеңгеннен кейін Эниат-қаған ағасы Нарқыш-Таянға арнайы көрініске келген жоқ, сый 
тартпады» дейді.  Пенденің  көзі дүниеге тойған ба,  бір тайға бола, бір атым насыбайға 
бола шала бүлінетін қазақтың мінезі бар, ағасы інісіне кәдімгідей ренжіді. 
  Нарқыш-Таян    інісін  шақырды.  Ағам  шақырып  жатыр  деп  жүгіре  басып  келген 
інісін құшақтап тұрып Нарқыш-Таян: «сый беретін адам табылмағаны ма, әлде ағаңды 
енді көрмеймін дедің бе ?» деді өкпесін  жасыра алмай.  Осылай ағайынды екі патша бір-
бірінен  ірге  ажыратты.  Бір  жұмырдықтай  болып  отырған  найман  арасына  алауыздық 
осылай кірді. 
  Осыдан кейін бірталай заман өтті. Эниат-қағанның екі баласы бар еді. Бұйрық және 
Таян  деген.  Өз  кезегінде  олардың  арасына  да  наразылық  кірді.  Бірде  Бұйрықтың 
қарамағындағы ауылдар Таянның ордасының жанынан көшті.  Жақын өткені сонашалық 
Таянның  ауылының  кигіз  үйлері  де    Бұйрықтың  түйелерінің  үстіне  артылып  бара 

133 
жатқандай еді. Бұйрық Таянды ағам екен деп сәл тоқтап, ерулік жасап алуына боллар еді, 
бірақ тоқтамады. 
  Таян  ренжіді.  «Мен  де  елдің  иесімін,  егер  Бұйрық  осы  жерге  келіп,  көшін  
тоқтатып,  аялдаса,  мен  оны  күтіп  алмас  па  едім,  риза  қылмас  па  едім,  енді  келмесе 
тоқтамса өзі білсін»,-деді. 
  Бұйрық тоқтамады, көшін бастап ағасының ауылының үстінен өтіп кетті. 
  Таян-хан:  
  -Біз  оны  қонақ  қылып  күтеміз  бе  деп  дайындалып  едік,  енді  олар  тоқтамай  өтіп 
кетті, олай боса өзіміз аухат қылайық, келіңдер, -деп өзді-өзі  той-думан қылып отырды. 
  Осы жиында, той -думан қызғанда Құбатегін жырау жыр бастады: «Эниат қаған 
мен Нарқыш Таянның заманында екеу ара наразы болып, бірін-бірі кешірмеді, найманның 
әр азаматы әмір, әр әйелі ханым болатын мүмкіндіктен айырылды, халықтың да санын 
өсірмеді. Енді келіп сіздер бір бұқаның басындағы екің мүйіз, бір сиырдың басындағы екі 
мүйіз бір-бірінен ажырамайтын қос емес пе ? Бүгінгі күн екі ағайынды бір-біріңмен басың 
қосылмайды,  бірлігің  жоқ,    теңіздей  толқып  жайылып,  жан-жаққа  қарай  шашылып  
бара жатқан, Найман ұлысын кімге тапсырамыз» деп жырлады ақылгөй жырау. 
  Таян  хан  бұл  сөзді  естігеннен  кейін  қызарақтады,  өзінің  ағасы  екенін, 
жауаптылығын есіне алды. Жанындағы нөкерлеріне: 
-Бұйрыққа    айтыңдар.  Қателік  бізде  !  Жақын  күндерде  ол  бізге  келмесе,  біз  оған 
барамыз. Бізді алдымыздан шығып күтіп алады ма, жоқ, әлде қарсы алмай қырғи-қабақ 
болып қала береді ме, өзі білсін,-дедің. 
  Бұйрық болса хабаршыға : «Адам жасы келсе де, ұлық болса да ақылы келмейді» 
деген мақал бар ғой, кейде олардың әлдебір себептермен қайырымды да болатыны да бар 
дейді. Ден сау болса, бір кездесерміз» деп басқа жаққа қарай көшіп кетті. Осылайша бір 
әкенің екі баласы-Таян хан мен Бұйрық, өз ара ынтымағы болмай, елдің де алауыздығы 
күшейді. Болып -толысып тұрған найман елі,  жауларының олжасына айналды» (с.136). 
  Ал  «Ақсақал»  күйі  болса  қазақтың  ұлы  даласының  орта  шенінде  орналасқан 
тарихы әфсанамен араласып кеткен Ақсақал-Барбы көліне қатысты болуы керек. Бұл тым 
ерте  замандардан  бері  Орталық  Азия    жауынгер  елдерінің  ел  басшыларының  басы 
қосылатын,  ел  тағдырын  сөз  ететін,  жауынгер  қолбасшылдары  ай  мүйізді  ақ  сарыбас 
қошқарларын  сойып  өз  ара  татулық  туралы  ант  беретін  қасиетті  жер.  «Авеста» 
жырларында  айтылатын    «Ворукаша»  көлі  осы  Торғай  мен  Ырғыздың  құярына 
орналасқан  Ақсақал-Барбы  көлі.  Бұл  найман  елі  сонау  Алтайдан  Қара  Ертісті  қуалап  
төмен түсіп, Жетісуға, одан Сарыарқаға келгенде шыққан күй. 
  Жоғарыда  біз  қазақ  жерінде  ерте  заманда  Қарақорым  деген  қаланың 
болғанын  жаздық,  бірақ  оның  қай  жерде  екені  әлі  де  анықталған  жоқ.  Сол 
сияқты  ерте    заманда    қазақ  жеріндегі    ең    үлкен  көлдердің      бірі  атанған 
Ақсакал-Барбы    көлі    қазіргі    географиялық    карталарда    жоқ.  Бұл  екеуі  де 
Ұлытаудың  оңтүстік-батыс  жағында  орналасқан  ежелгі  дүниенің  табиғат  және 
мәдениет  ғажайыптары.  Табиғат    тозады,  тарих    ұмытылады,  өмір-тіршілік  
өзінің    жалғасын    тауып    алға    жылжи    береді.  Біздің    бүгінгі    уақытымыздан  
бар-  жоғы  екі  ғасыр    бұрын  Арқа    жерінде  шалқып-толқып    жатқан  ұлы 
көлдердің  бірі Су  аяғы Құрдымға, борпылдық  боз топыраққа,  жалпақ сорға, 

134 
тегістігінен  маса  таятын  тақырға  айналғаның  көргенде  адам  тіршілігінің  
жалғандығына  тағы  да бір  дәлел  табасың.  
П.И.    Рычковтың    жазуына    қарағанда  Ақсақал-Барбы    көлінің    айналасы  
екі  жүз  шақырымнан  да  көп, Ор  бекінісінен  жүрген  салт атты   адам бес  
күнде    жетеді.  Суы    тұщы,  аздап  тұздың  дәмі  білінеді    «вода  в  нем  несколько 
солоновата и довольной  глубины, рыбы имеет  множество. Лес, кругом  оного 
тальник,  или  кустарник,  а  поодаль-  называемый  саксеул.  В  сие    озеро    впали 
степные    реки  Тургай,  коих  счисляется  шестьдесят  шесть,  да    Улкияки, 
которых  счисляют    тридцать  шесть,  и    три  Иргиза.  Между  киргизцами 
Средней    и  Меньшей    орд    есть  оно    почти  на  самой  средине,  и  обе  оные 
разделяет,  так  что  с  одной  стороны  Меньшей,  а  с  другой    Средней  орды  
кочевья» (105, с. 113).  
Сонымен  Ақсақал-Барбы  көліне  Торғайдың  66  саласы,  Өлкейектің  36 
саласы,  Ырғыздың  үш  саласы  қосылып,  ұшан  теңіз  су  құяды.  Ақсақал-
Барбының оңтүстік жағы Арал Қарақұмымен ұштасып кетеді. Қарақұм, немесе 
Арал  Қарақұмы  Кіші    жүз  және  Орта    жүз    қазақтарының  шекарасында 
орналасқан,  көшпелі  мал    шаруашылығына    өте  қолайлы,    соған    бола    сонау 
Алаша хан, Уыз хан дәуірінен  бері  белгілі, қасиетті қоныс.  
П.И. Рычков «Топография Оренбургской  губернии» кітабында  Кіші  жүз 
руларының қысқы қонысына мынадай  сипаттама   береді: 
«Зимовья  же  сей  орды    знатнейшие  суть  следующие,  а  именно,    от 
Оренбурга    к  стороне  Орской  крепости:  1)  по  двум  рекам,  называемым 
Камышла-Иргиз и Таил-Иргиз, коя, также  вышед  с северной стороны, впало в 
озеро  Аксакал.  Вершины  всех  оных  от    Орской  крепости    скорою  ездою  дней 
около  трех;  2)  по  озеру  Аксакалу,  до  которого  от  Орской  крепости  в  правую  
сторону конной езды  дней с семь. Из оного  ж озера  вышли разные  протоки и 
впали  в  реку  Сыр-Дарью;  3)  при  урочище,  называемом  Кара-кум,  то  есть 
черный  песок,  которое    есть  по  сю  сторону  Сыр-Дарьи,  а  от  Аксакала 
расстоянием  один  день,  а  от  Орской    крепости  дней  с  восемь.  Отсюда    по 
самую Сыр-Дарью пошли  пески, и киргизцы, кочуя тут, довольствуются водою  
из выкопанных колодцев и из текучих  ключей; 4) при урочище Турнаке: Турнак  
же называется большой камень, который лежит на самом устье Сыр-Дарьи, 
на  берегу.  Сие    урочище  от  Оренбурга  расстоянием  конной  езды  дней  с 
пятнадцать.  В  другую  ж,  то  есть  в    сторону  Каспийского  моря,  сей  же 
Меньшей орды киргизцы  зимуют  по Эмбе и по текущим в нее с обеих сторон 
речкам,  почти до самого устья, где она в Каспийское море впала. Ближайшее  
к  сей  реке    расстояние    от  Оренбурга  дней  восемь;  5)  по  ту  сторону  реки  
Эмбы, по урочищах Большом и Малом Бурсуках, то есть  песках, от  Эмбы реки 
конной езды  дня четыре, от Оренбурга ж прямо в полдень  дней в  двенадцать
где  зимуя,    довольствуются    снежною  водою,  а  пока    снегу  нет,  то  из  
колодцев;  6)  при  озере  Каракуле,  между  Эмбы  и  Яика  рек,  расстоянием  от 
Яицкого  Антонова    форпоста  три  дня:  7)  по  двум    рекам  Уиле  и  Кииле, 
которые  текут  с  западной    стороны  в  озеро    Каракуль,  расстоянием  от 

135 
Оренбурга  до тех мест шесть или  семь; 8) по речкам Гадыгаиты и Бултурды, 
которые    вышли    с  полуденной    стороны  и  впали    одним    устьм  в  реку  Яик. 
Казаки  называют их Утвы. Расстоянием  они от Илецкого городка вниз  дна 
полтора.  Кроме  означенных    урочищ    нередко    случается,  что  оная  орда  за 
недостатком кормов по самому Яику зимует,  а иногда  табуны их  лошадиные 
и  на  сю  сторону  Яика  реки  перепускаются.  Но    в  таком    случае    для  
спокойства  их    киргиз-кайсацкого    берутся  от  них    аманаты.  Тако  ж  и  сие  
случалось,  что  многие    улусы    около  Аральского  моря,  а  иногда  и  в 
каракалпакском владении  зимовали. 
Впрочем, вся Меньшая  орда разделяется  на две части:  одни называются 
алчинцы,    а  другие  семиродцы,  по  именованию  Джатыру,  из  которых  первые  
гораздо     сильнее последних» (105, с.77-78). 
Арал  бойындағы  Қарақұм мен Ақсақал  Барбы көлі  П.И. Рычковтың Орта  
жүз қазақтарының  қоңысы  туралы жазылған  суреттемесінде  де  кездеседі: 
«Средняя  ж  киргиз-кайсацкая    орда      знатные  кочевья  имеет    в  
нижеписанных местах, а именно:1) дальние улусы обыкновенно кочуют по реке 
Сарасу, которая вышла  из Зюнгор, и течет  близ Туркестана, на расстоянии 
от Орской крепости от пятнадцати до двадцати  дней  конной  езды; 2)  по 
вершинам  реки  Ишима,  расстоянием  от  реки  Жилана  в  левую    сторону  дней 
шесть, а от Орской  крепости дней пятнадцать; 3) по реке  Жилану, которая 
вышла от Зюнгорской  стороны из горы, называемой Улу-Тау, то есть  большая 
гора, и скрылась в землю от Орска в левую  сторону расстоянием  скорой езды 
девять    дней,  а  от  реки    Большой    Тургай    до  оного  Жилана    один  день;  4)  с 
вершин Тобола-реки по оной   и по  впадающим  в нее рекам  и рекам до устья 
реки  Уя,  при  котором  построена  Усть-Уйская  крепость,  от  Оренбурга  
расстоянием  девятьсот  шестнадцать  верст;  5)  по  рекам    Чертанлыку  и 
Гилкувару, кои впали  в реку Тобол недалеко от вершин  оного, и по впадающим  
в те две реки  мелким  речкам, расстоянием от Верхояицкой  крепости конной 
езды полтретья дня. Верхояицкая ж  от Оренбурга пятьсот восемьдесят две 
версты; 6)  по реке Каят, коя впала в Тобол пониже Чертанлыка и Гилкувара, и 
по  текущим в Каят  мелким речкам, от Усть-Уйской  крепости расстоянием 
конною    ездою  два  дня;  7)по  озеру    Чалкару,  которое    находится    при  горе 
Карачатау, куда  надлежит  ехать вверх  при Ори реке, а потом, оставя оную 
вправе,  вверх  по  Камышле  до  вершин    до  помянутого  озера  три  дня,    и  так   
будет  оно  от Орска  в левую сторону, 8)  по трем  рекам, называемым Ул-
Куяки, которые  вышли от  вершин Тобола и впали  в реку Тургай. До вершин их 
расстояние от предупомянутого озера  два,  а от Орска  влево дней пять, 9) по 
речке  Текутурмас, коя  вышла  из гор от  стороны Тобольских  вершин и впала 
в  реку  Сара-Тургай,  расстоянием  от  Улкуяков    день,  а  от  Орска    влево  семь 
дней,  10)  по  реке  Сара-Тургай,    коя    вышла  с  Сибирской  стороны  от  вершин 
Ишимских  и впала в Большой  Тургай, расстоянием  от Текутурмаса полдня, 
от  Орска ж  влево   семь    дней     с  половиною, 11)  по реке    Большому    Тургаю, 
которая  вышла  из гор  неподалеку ж  от Ишимских  вершин  и впала в озеро  

136 
Аксакал,  расстоянием  от  Сара-Тургая  полдня,  от  Орска    же    влево    восемь 
дней,  12)    по    озерам,  именуемым  Карсак-Баши,  коих  в  Тобольских    и  Сара-
Тургайских  вершинах есть немало; 13)  по Аксакалу озеру, от Орска  с левой 
стороны, при котором по правую  сторону  обыкновенно Меньшая, а по левую   
Средняя  орда  кочуют, и тем озером обе оные орды разделяются; 14) по Усь 
Узюке, то есть по  трем истокам, которые  вышли  от полудня  из Бухарской  
стороны и впали  в Аксакал озеро, по ту сторону оного. Сверх  сих  еще  разные  
речки и урочища есть, где оная орда  кочевьями  своими  располагается, но  они  
не все  ведомы и не так  знатны, для того  сюда  и не внесены. 
В  сей    Средней    орде      генерально    четыре    рода    состоят,  яко    то: 
найманы, аргинцы, увак-гирейцы  и кипчаки» (105, с. 79-80).  
  Ақсақал-Барбы  тым  ерте  замандардан  Еуразия  көшпелілерінің  қасиетті 
жиындарын  өткізетін  жер.  Соңғы  бас  қосулардың  бірі  атағы  дүйім  қазаққа 
белгілі  1710  жылғы  «Қарақұм    кеңесі»  аталатын  қазақтын    ірі  мәжілісі  Осы 
Ақсақал-Барбы  көлінің  жағасында өтті.  
Ендігі  әңгіме    «Ақсақал  -Барбы»  атауының  мағынасы  туралы.  Неге 
Ақсақал, неге Барбы деген сұрақтар тарихқа құштар әр азаматты қызықтырары 
сөзсіз.  
Біз  Ақсақал-Барбы  көлін  «Авестада»  айтылатын  Ворукаша  теңізімен 
байланыстырамыз.  Әдетте  зерттеушілер  Ворукшаны  Каспий,  не  Арал  көлдері 
деген  жорамал  ұсынады.    Бұған  дәлел  ретінде    «Ардвисура»  гимніндегі 
«Толқыны  таудай  Ардвисура  Хукария  тауларынан  бастауын  алып  Ворукаша 
теңізіне құяды» деген шумақтарды келтіреді. Біз бұл пікірді қолдай алмаймыз. 
Зерттеушілер  бірауыздан  Ардвиді  Сырдариямен  байланыстырады,  біз  осы 
пікірді  қолдаймыз.    Авестада  толқыны  таудай  Ардви  Датия  өзенімен    қатар 
аталады  және  Ардвиге  қатысты  «ол  жер  бетіндегі  бүкіл  суды  қоссақ,  соның 
бәрінің  қосындысына  тең».  Датия  арилердің  оңтүстік  шекарасында  жанай 
ағатын өзен ретінде Әмудариямен байланыстыруға сұранып тұрғаны анық.  
Ал  Ардви  Каспий  мен  Аралға  құяды  деген  ғалымдардың  жорамалы 
тексеруді  қажет  етеді.  «Авестада»    Ворукаша  теңізінен  бастау  алып  өзендер 
ағып жатыр, ал Каспий мен Аралдан ағып шығатын өзен жоқ екені бізге мәлім. 
Ендеше  ертеде  Торғай,  Ырғыз,  Өлкейекті  қабылдап,  одан  Сырға  қарай  ағатын 
бір-екі    салаға  (Саумал  көл  мен  Телікөл  татыдан  шығатын  салалардың  ізі  әлі 
бар) бастау болатын Ақсақал-Барбы мифтік Ворукаша емес пе екен ?  
Осыдан  он  бес  жылдай  бұрын  Б.И.Вайнберг  «Этногеография  Турана  в 
древности»  кітабында  Ворукашаны  қазіргі  заманда  Дариялық  тақыр  аталатын 
Сырдария  мен  Сарысу-Шудың  сағалары  арасына  орналасқан  алқаппен 
байланыстырып көріп еді. Шын мәнінде Сарысу өзені Бетпақ даланы кесіп өтіп 
Телікөл татыға, ал Шу Алатаудан басталып, Бетпақтың оң жағалауымен Саумал 
көлге  келіп  құяды.  Ерте  заманда  екі  өзеннің  қосылып,  Сырдаряға  оң 
қапталынан  құйғаны  Саумал  көлден  Сырға  қарай  жатқан  ескі  арналардан 
көрініп тұр.  
Бүгінгі  күні  Торғай  мен  Ырғыз  Су  аяғы  Құрдым  деген  жерде  қалың 

137 
борпылдақ    топырақ  басқан  алаңқаймен  бітеді.  Одан  батысқа  қарай  Шалқар 
теңіз аталатын ащы көлдің алыстан сағымдай құлпыратын көгілдір толқындары 
ойнайды,  одан  әрі  жүрсек  жыл  сайын  ортайып  барып  бара  жатқан  көлдің  ақ 
таңдақ  жағалауларын    көреміз.  Жер-су  атауларына  қарасақ,  қазақтың  тарихи 
аңыздарына  құлақ  салсақ    Сарысу  мен  Шудың  аяғы  тарихтың  жазылмаған 
оқулығы  сияқты.  Жалғыз  ғана  Домбауыл  батырға  қатысты  толып  жатқан 
деректерді  осы  жерлерден  (Еңкей,  Қабанқұлақ,  Бесқұлан)  көреміз.  Ал 
Домбауыл  батыр  қай  заманның  адамы?  Ұлытаудағы  дыңға,  Домбауылға 
қатысты өзен-су, жер атауларына қарасақ оның Шыңғыс ханнан бірталай ғасыр 
бұрын өмір сүргені сөзсіз. 

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал