Жамбыл Омари



жүктеу 5.01 Kb.

бет10/23
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

   
  Оңгіттер 
  Наймандармен  тарихы  тығыз  байланысты  тайпалардың  бірі  -оңгіт 
аталады.  Деректерге  қарағанда    Алтын  хан  әулетімен  жақынырақ  болған 
сияқты,  сол  себепті  Шың-Машындағы  атақты  қамалды  ең  бір  қауыпті 
тұстарында  күзету  осы  оңгіттерге  тапсырылған  дейді.  Рашид-ад-дин  олардың 
саны Шыңғыс хан заманында төрт мың шаңырақ деп көрсетеді: «Алтын хан деп 
аталатын Қытай билеушілері өзінің мемлекетін моңғол, керейіт, найман және 
де  басқа  көшпелі  тайпралардан  қорғау  мақсатында  моңғолдар  -утөк, 
түріктер-буркур  атайтын  қамал  тұрғызды,  оның    бір  шеті  Мәнжүр 
(Джурдже)  өңірінен  басталып,  Қарамүрэн  өзенін  жағалай,  Қытай,  Шың, 
және  Машын  жерімен  жүреді;  оның  аяғы  Таңғұт  және  Тибет 
уәләйаттарында. Осы қамал еш жерде өтуге мүмкіндік бермейді. Әуел баста 
бұл  қамалды  күзету  оңғұт  тайпасына  тапсырылған  және  кеңеспен  келісіп 
міндет жүктеген» (100, 1 т, кн.1, с.140).  
  Шыңғыс  хан  заманында  оңғұт  елін  Алакуш-тегін-кури  деген  адам 
басқарды. Ол деректерге қарағанда Шыңғыс ханға ертеден іштартқан көсем еді. 
Сол  себепті  найманның  Таян  ханы  Шыңғыс  ханмен  соғыспақ  болып  өзіне 
одақтас  жинап  осы  Алакуш-тегінге  хабар  жібергенде,  оңғұт  басшысы  бірден 
моңғолдарға  айтып  қояды  да  қауіптен  сақтандырады.  Осыған  қарағанда 
наймандар мен оңғұт арасы тым жақын болмаған сияқты, яғни бұл елдер жұрт 
ойлап  жүргендей  туыс  елдер  емес.  Соңғы  кезде  оңғұттар  қазақтың 
құрамындағы  уақ  тайпасының  атасы  деген  әңгімеге  жоғарыда  баяндалған 
жағдай үлкен көлеңке түсіріп тұр.  
  Алакуш  тегіннің  тұқымдары  Шыңғыс  хан  құрған  мемлекетке  көп 
қызметтер  жасады.    Рашид-ад-дин  оңғұттың  бірсыпыра  азаматтары  Хулагуге 
дейін-ақ Иран жеріне келді деп баяндайды. Солардың ішінде Үгедей қағанның 
заманында  керейіт  ішінде  тұмат  тайпасынан  шыққан  Бенсил  ноянның  нөкері 
есебінде  келген  Шың-Темірді  ерекше  атауға  болады.    Шың  -Темір    кейіннен 

106 
Иран жерінде басқақ, яғни алым-салық жинау  қызметін атқарды. Тұмат Бенсил 
ноян  және    оңғұт  Шың  -Темірге  еріп  келгендердің  ішінде  найман  тайпасынан 
Құл-Болат  деген  азамат  бар  екен.  Оның  балалары  кейіннен  Хулагу  ордасында 
біреуі  -бауыршы,  яғни  ас-аухат  жағына  жауапты,  екіншісі  -жарғышы  қызметін  
орындады.  Сол  заманда  Иран  жеріне  келгендердің  ішінде  Куркуз  деген  ұйғыр 
бар екен. Оның балалары Құтлық бұқа, Жайла бұқа т.б. белгілі.  
  Шың-Темір қайтыс болғанда Бенсил ноян Куркузға осы жағдайды қағанға  
хабарлауға тапсырма береді. Құл Болат Бенсил ноянға «Осыны жіберген дұрыс 
емес,  ол  ұйғыр.  Ол  барып  өзінің  шаруасын  ғана  шешіп  келеді,  сіздің 
тапсырмаңызды  жасамайды»  деген  көрінеді.  Бенсил  болмай  Куркузды 
Қарақорымға аттандырады. 
  Құл  Болат болжағандай, Куркуз Қарақорымдағы  қағанға  барып өзіне деп 
Шың  Темірдің  орнын  алып  келеді.  Енді    Куркуз  бен  Шың  Темірдің  ұлы  Онғу 
Темір  арасында  дау  басталады.  Моңғол  дәстүрі  бойынша  әке  қызметі  көп 
жағдайда  балаға  қалушы  еді.  Оңғу  Темір  Қарақорымға  аттанып,  қағанға 
жолығып, өзінің әкесінің қызметін қайтарып алады және қаған осы дауды шешу 
үшін Арғын ағаны елші есебінде бекітеді.  
  Ақыр түбінде екі жақтың дауы басылмай қойғандықтан иран еліне басқақ 
болып  Арғын  ағаның  өзі  қалды.  Басқақ  түрік  -моңғол  халықтарының 
империялық  дәістүрінде  бағынышты  өлкелердегі    орталық  биліктің  өкілі 
болғандықтан  оынң  қызмет  мәртебесі  де  аз  емес  еді.  Оның  жанында  үлкен 
кеңсе қызметі, алым-салық жүйесі  және тұрақты әскери қосын болды.  
   
 
Қырғыз және Кем-кемжиут 
  Бұл  атауларды  ортағасырлық  тарихшылар  әуелі  жер  атауы  есебінде 
қолданады. Мысалы Рашид-ад-дин жазбасында «Қырғыз және Кам-камджиут 
қатар жатқан екі уәләйат, олар екеуі бірігіп бір мемлекетті құрайды».  «Кем» 
деген сөз ежелден Енесай өзені маңын жайлаған ел үшін өзен деген мағынаны 
білдіреді.  Бұл  жерді  негізінен  қырғыздар  мекендеген.  Оның  бір  шекарасы 
тайжуыт  елі  мекен  қылған  Селенгі  болса,  екінші  жағы  барғу,  тұмат,  кори, 
байауыт  атанған  елдер.  Рашид-ад-дин  «Кем-Кемжиуыттің  бір  жағы  найман 
елінің  жаз  жайлайтын  жазықтары  мен  қыс  қыстайтын  тауларымен 
шекаралас дейді». 
  Бұл  наймандар  қазіргі  күнде  біздің  солтүстіктегі  жақын  көршілеріміз 
Алтай телеуіттерінің және Тува халықтарының  ішінде кездеседі. 
  Заманында наймандардың қырғызбен әрдайым соғысып отырғаны белгілі. 
Жазба  деректерде  бұл  дәстүрлі  жаугершілік  қара  қытайлардың  заманында  
басталып, наймандарда өз жалғасын тапты дейді.   
 
  Ойрат 
  Найман  елінің  солтүстік  Сегіз-өзен  (Секиз-мурэн)  бойындағы  көршілері 
ойраттар еді. Шыңғыс хан заманында олардың басшысы Құтұқа бек деген кісі 
еді.  Ол  Шыңғыс  ханмен  алғашқы  бетте  қарсыласқанымен,  кейін  бітісіп  кетті. 

107 
Бұл қарым-қатынастардың бейбіт жүруіне орман елдерін бағындыруға жауапты 
болған  Жошының үлкен үлесі барлығы  барлық шежірелерде айтылады.  
  Осы  жақсы  қарым-қатынас  кейінгі  замандарда  да  сақталды.    Құтұқа 
бектің ұлы Торэлчиге Шыңғыс хан өзінің қызы Чичиганды берді дейді деректер. 
Осылайша    Торэлчи  «гурген»  атаған  алды,  яғни  хан  әулетінің  күйеу  баласы 
деген  атақ.  Одан  туған  Бұқа-Темір,  Буртоа,  Барс-Бұқа  атты  балалар  Моңғол 
империясының ірі қызметтерінде болды.  
  Рашид-ад-дин  «Иран  мен  Тұранда  ойрат  тайпасынан  шыққан  толып 
жатқан  әмірлер  болды,-  дейді.  Олардың  ішінде    Арғын  аға  деген  әмір  аса 
белгілі  еді,  бірақ  шыққан  тегіне  байланысты  оған  жеткілікті  құрмет 
көрсетілген  жоқ.  Оның  әкесі  Үгедей  қағанның  билік  құрған  заманында 
жоқшылықтан  өзінің  баласын  сиырдың  бір  аяғына  айырбастап,  жалайыр 
тайпасының Елеуке-Қадан деген бір әміріне беріп еді. Ол әмір Үгедей қағанның 
атабектерінің бірі еді.  Бір жолы Елеуке -Қадан өзінің ұлдарының бірін Үгедей 
ордасын күзететін түнгі күзетке жібергенде Арғын ағаны да қосып жібереді. 
Жас  бозбала  өзінің  пысықтығымен  көзге  түсіп,  бірте-бірте  өте  ірі  және 
сыйлы қызметтерге көтерілді. Ақыры Иран еліне басқақ болды» дейді (100, 1 т, 
1 кн, с.121).  
  Осы  Арғын  аға  1252  жылы  Хулагу  хан  әскерінің  авангардын  бастаған 
Кетбұқа  ноянды  Иран  жерінде  қарсы  алды.  Қарадан  шығып  хан  дәрежесіне 
жеткен  екі  кемеңгердің  Ирак,  Сирия,  Палестина  арқылы  Мысырға  дейінгі 
жорықты ұйымдастыруды ақылдасқаны анық.  
 
Жоғарыда  аттары  аталған  елдердің  бәрі  де  наймандарға  тонның  ішкі 
бауындай  етене  жақын,  жаугершілік  заманда  бірде  дос,  бірде  дұшпан  болып 
жүргендері  деректерден  анық  көрінеді.  Шыңғыс  хан  көтерілгеннен  соң  жоғарыда 
аттары  аталған  тайпалардың  көпшілігі  моңғол  атанып  кетті.  Олардың  ішінде  империя 
тұсында ескі құрылықтың әр аймақтарына барып тұрақты қоныстанып қалғаны да аз емес 
еді. Рашид-ад-дин «...как в настоящее время, вследствие благоденствия Чингиз-хана и его 
рода,  поскольку  они  суть  монголы,  разные  тюрккие  племена,  подобно  джалаирам, 
татарам,  ойратам,  онгутам,  кераитам,  найманам,  тангутам  и  прочим,  из  которых 
каждое имело определенное имя и специальное прозвище, все они из-за самовосхваления 
называют себя монголами, несмотря на то, что в древности они не признавали этого 
имени.  Их  теперешние  потомки,  таким  образом  воображают, что они  уже  издревле 
относятся к именам монголов и именуются, а это не так, ибо в древности монголы были 
лишь  одним  племенем  из  всей  совокупности  тюркских  степных  племен»    дейді  (100,  
т.1,кн.1, с.102-103). Осылайша біз моңғолдың шығу тарихына және оны әлемге танытқан 
Шыңғыс хан тақырыбына де келдік. 
   
 
 
 
11. Шыңғыс ханның шыққан тегі 
    ХІІ  ғасырдың  соңында  Орталық  Азия  үстіртін  мекендеген  көшпелі 
мемлекеттер  мен  тайпалар  бірлестіктері    арасында  күрес  қыза  түсті.  Еуразия 
даласындағы қазан бұрқ-сарқ қайнап жаңа бір тіршіліктің жолына түсе бастады. 
Мыңдаған  жылдар  осылай  болған  еді.  Бұл  қым-қуыт  жағдай  әлемдік  жаңа 

108 
империя  құрылатын  кезеңнің  жақындағанын  көрсетеді.    Орта  Түрік  дәуірінің 
басында  Орхон  және  Енесай  аралығында  мемлекеттілік  құрылымдардың  жаңа 
қағидалары  жасалды.  Тарихта  Білге  қаған  жазуы,  Күлтегеннің  жыры, 
Тоныкөктің  өсиеті  аталатын  рухани  мұралар    ең  алдымен  Еуразиялық 
көшпелілердің  ортасында  жаңа  көзқарас,  жаңа  идеология  пайда  болғанын 
хабарлайды.  
  Қазанның  одан  әрі  қайнауы  барысында  Ұйғыр  қағанаты,    Қара  қытай 
империясы,  Найман  мемлекеті  сияқты  жаңа  мемлекеттік  құрылымдар  өмірге 
келді. Бірақ олардың бірде-біреуі Еуразия көшпелілеріне тағдырдың өзі жазып 
қойған  әлемдік  империя  құру  мүмкіндігін  пайдалана  алмады.  Әр  түрлі 
объективті  және  субъективті  себептер  осы  аталған  елдердің  мүмкіндіктерін  
шектеді,  қолдарын  байлады.  Жағдай    қият-боржігін  тайпасының  ішінде 
Темучин  сынды  жас  көсем  пайда  болып,  тарыдай  шашыраған  және  бір-біріне 
араз аз моңғолдың басын қосып, одан кейін маңындағы бір-бірімен қырқысып 
жүрген көшпелі елдерді ұйыстыра бастағанда ғана өзгерді. Біз қият деген елдің 
қайдан пайда болғанын бұл жерде қаузауламаймыз, ол тым ұзақ әрі тым терең 
әңгіме.  Қият  халқы  өз  бастауын  қазақ  даласынан  алатынын,  қияттың  атасы 
Домбауыл  мергеннің  тастан  соғылған  биік  дыңы  Ұлытау  жерінде  тұрғанын 
айтсақ та жеткілікті.  
  Орталық  Азия  үстіртіне  жақындағанымыз  дұрыс  болар.  Рашид-ад-дин 
Шыңғыс  ханның  ата-бабаларын  Ергене  көңге  барып  қоныс  қылған    Қиян  мен 
Нүкіс  деген  азаматтардан  таратады.  Моңғол  тілінде  Ергене  деп  Далай-нор 
көлінен бастауын алатын Арғын өзенін атайды. Осы Ергене көңде талай заман 
өсіп-өнген қауым бірталай ел болып шыққанда орталарында Бөрте-шона деген 
бір  сыйлы  әмір  болыпты-мыс.  Бөрте-шонаның  тұқымдарының  ішінен  Дауын 
Баян  белгілі  болды,  оның  қоралас  тайпасының  қызы  Алан-Гоа  атты  әйелінен 
тараған ұрпақтың орыны ерекше. Бөрте шонаның Гоа Марал (Коай-марал) атты 
бәйбішесінен  туған  балалардың  ішінде  патшалыққа  бәрінен  бұрын  қолы 
жеткені Баташы хан екен.  Оның Тамаш деген ұлы болыпты. Осы Тамаштың бес 
ұлы бар еді, үлкені Коришар мерген әкесіне орынбасар болды. Өзге төрт баласы 
дүниенің төрт тарапына кетпек болып сол жердегі өзеннен өтпекке сал буыпты. 
Моңғол ішіндегі Дүрбен аталатын ел сол төрт ұлдың тұқымы делінеді. Моңғол 
ішіндегі  Баяуыт  аталатын  тайпаны  Баялик  дейтін  бір  адамның  баласы  дейді, 
ертеден  қияттарға  қызметке  белгіленген  болса  керек.  Коричар  мергеннің  бір 
ұлы  Куджам  -Борагұл,  одан  Екэ-Нидун,  одан  Сим-саушы.  Осылардың  бәрі  де  
әке  шаңырағына  ие  болған  ұлдар.  Осы  Сим  Саушыдан  түркі-моңғол 
халықтарының аңыз-жырларына Домбауыл, Домрул, Добу түрінде енген Дауын 
Баян  туады  дейді.  Оның  жайлаған  жері  Бұрқан  Халдун  тауынан  ағатаны  үш 
өзен-Онон, Керулен және Тоғлы бойы.   
  Жоғарыда  біз  Дауын  баян  мен  Алан  гоадан  туатын  Белгүнтай  және 
Бүгінтай атты балалар туралы айттық. Оларды «дарлекин»  атайды. Дауын баян 
қайтыс болған соң  Алан гоа Тәңірінің ғажап шешімімен Күн сәулесінен жүкті 
болып  Букун-Катаки,  Салджи,  Боданшар  атты  үш  ұл  туды  дейді  ескі  аңыздар. 

109 
Бұларды  «нирун»  атайды.  Солар  қазіргі  моңғол  аталатын  елдің  негізін  салды. 
Үшеудің үлкенінен  Қатаған, ортаншысынан -Салджиут, кішісінен -Шыңғыс хан 
әулеті тарады.   
  Боданшардың  екі  ұлы  болыпты  делінеді.  Оның  үлкені  -Бұқа,  кішісі  -
Бұқтай. Шыңғыс хан осы Бұқадан тарайды дейді Рашид-ад-дин  Орталық Азия 
шежірешілерінің  деректеріне  сүйеніп.  Бұқадан  Дутум-менен.  Моңғол  деп  әуел 
баста дарлекиндерді атаған болса керек. Рашид-ад-дин Буктайдың Начин деген 
баласы  моңғол  тайпасынан  қыз  алды  дейді,  яғни  моңғол  деп  Боданшардан 
бөлек  бір  ел  аталып  отыр.  Бұл    елді  Боданшар  тұқымымен  қоныстас  және 
билеуші    әулетіне  «боғол»,  яғни  бағынышты  болып  келетін    дарлекин  елі  деп 
ойлаймыз.  
  Тайжуыттар  (тайджиут)  осы  Начинның  тұқымы  деген  де  сөз  бар,  бірақ 
басқа  шежірелерде  олар  Дутум-  Мененнің  немересі  Чарак-лингум  ұрпақтары 
болып айтылады.  
  Бізге  қызықтысы  дарлекин  тобында  Жалайыр  атының  жүруі.  Олардың 
саны әуел баста көп болса керек, бірақ сол замандағы соғыстарда көп қырғын 
тауыпты. Рашид-ад-дин олардың Шың-Машын қытайларымен көрші тұрғанын 
айтады. Осындай бір қырғын соғыстардан кейін жалайырдың бір тобы Дутум-
Мененнің  жұртына  келіп  жаужұмыр  қазып  күн  көріп  жүріп,  одан  Дутум-
Мененнің  бәйбішесі  Мунулунменен  келіспей  қалып,  оны  сегіз  ұлымен  өлтіріп 
тастайды.  Бұл  қырғынан  Дутум-  Мененнің  тоғызыншы  ұлы  Қайду  ғана  тірі 
қалады.  Шыңғыс  хан  осы  Қайдудан  тараған  ұрпақ.  Өзге  жалайырлар  аға  мен 
інімен  келіспей  неге  Дутум-Мененнің  ұлдарын  өлтірдіңдер  деп  оларды 
Қайдудың құлдығына (утегу-богол) берген болса керек.  
  Қайду  ханнан  кейін  оның  ұлы  Байсұңқар.  Одан  кейін  шежіре  Түмбине 
ханды  атайды.    Шыңғыс  хан  заманына  дейін  бұл  әулет  әбден  өсіп-өніп  үлкен 
тайпаға  айналды.  Түмбиненің  көп  ұлының  ішінде  шежірелер  Қабыл  ханды 
ерекше атайды. Қият аты осы Қабыл хан ұрпағында қалды дейді Рашид-ад-дин 
(100,  т.1,  кн.2,  с. 32).  Шыңғыс  хан    Қабыл  ханның  тұқымы,  бірақ оның  Қадан 
батыр  тағы да басқа  ұлдары боржігіннен  шыққан жас ханзаданы қолдамағына 
белгілі.  Қадан  батырдың  бір  ұлы  Алтан  Тоғырыл  (Он)  ханмен  одақтасып 
Шыңғыс ханмен соғысқаны белгілі.  
  Қабыл  ханнан  Бартан  батыр.  Осы  Бартан  батырдың  үшінші  ұлы  -Есугей 
батыр.  Есугей батыр тұсында бұл әулет қайтадан боржігін- қият атай бастады. 
Рашид-ад-диннің  жазуына  қарағанда  Есугейден  тараған  ұрпақ  өздерінің 
антропологиялық  бейнесімен  Алан-гоа  сипаттаған  көзі  шегір,  сары  адам 
түріндегі Көк тәңірінің ұрпағы дегенді еске түсіреді екен. Бұл қасиет патшалық 
билікке  тән  белгі  ретінде  мойындалған.  «Боржігін»  деген  сөз  көзі  шегір,  сары 
адам  деген  мағына  береді  және  қазақ  тілінде  «быржиған»  т.б.  түрде  әлі  де 
қолданылады.   
  «Шыңғыс»  тым  ерте  замандардан  бастап  Орталық  Азия  халықтарында 
патшаларға берілетін атақ болса керек. Қазақтың тарихшылары мен әуесқойлар 
ішінде  «Шыңғыс»  атауын  сан-саққа  жүгіртетіндер  көп,  ал  шын  мәнінде  бұл 

110 
туралы  ХІХ  ғасырдың  ортасында  осы  тақырыпты  алғашқылардың  бірі  болып 
ашып  көрсеткен  Доржы  Банзаровтан  асып  жазғандары  жоқ.  Бурят  тарихшысы 
былай  дейді:  «Шыңғыс  хан  пайда  болғанға  дейін  Монғол  жерінде  толып 
жатқан ұсақ тайпалар өмір сүрді, олардың көпшілігі  ел деп аталатын, және 
олардың басшыларына ел-хан деп лайықты танылушы еді, ал бұл өлке Қытай 
ықпалында болғандықтан кейбіреулерінің аттарын қытайлық титул ван, яғни 
князь  әшекейлендіруші  еді.  Егер  билеуші  өз  қол  астына  осы  сияқты  бірнеше 
елді бағындырса, оларды қосып гур атаушы еді, билеуші де өз кезегінде гур-хан 
деп атанды. Қара қытайлардың хандары осы мағынада гур-хан атанды. Оның 
тағы бір мысалы Шыңғыстың жауы және бақталасы Джамуханың Шыңғыс 
ханға қарсы тайпалардың бас қосуында гурхан атағын алуы.  
  Темуджинге  Орта  Азияның  бүкіл  тайпаларын  бағындырған  соң,  оған 
өзінің жағдайына және деңгейіне сәйкес атақ керек болды, ел- хандар мен гур -
хандарды жеңген ол осы атақтарды алса, өзін төмендетер еді, себебі олардың 
барлығы  оның  бағыныштыларына  айналды.  ...Шыңғыс  ханға  Қытай 
императорларының  «хуан-ди»  атағынан  кем  емес  бір  жоғары  атақ  керек 
болды.  Менің  ойымша,  Темуджин  бүкіл  Монғолия  жерін  б.з.д.  214  жылдан 
бастап біздің заманымыздың 93 жылына дейін билеген хиун-ну халқының ұлы 
хандарының  tchen-yu,  чен-ю,  солтүстік  қытай  тілінде  және  қазіргі  жаңа 
қолданыстағы шань-юй атты көне титулды қайта жаңғыртты» (13, с.176). 
  Қытайлықтар бұл титулды өзінің иероглифтерімен сипаттауға күш салып, 
оның  мағынасы  туралы,  ол  хан  деген  атақпен  бірдей  дегенге  келтіреді,-дейді 
Д.Банзаров.    Сонымен  қатар  ғалым  қытай  деректеріне  сүйеніп  Хиун-нулар 
өздерінің  хандарын  «Тәңірі  -кубу»,  яғни  «Тәңірінің  ұлы»  деп  атағанын  да 
жазады.  Бұл    tchen-yu  (шыңғыс)  сөзінің  мағынасын  император  лауазымына, 
яғни  Тәңірінің  ұлы  атағына  тең  екенін  хиун-нулардың    қытайлықтарға 
өздерінше түсіндіруінен шыққан. 
  Біз  «Шыңғыс»  атауы  туралы  әңгіме  болғанда  осы  жорамалды 
қолдайтынымызды  жасырмаймыз.  Еуропалық  тарих  ғылымында  біздің  түркі-
моңғолдың  өткен  тарихы  туралы  қиысынсыз  дүниелер  көп  айтылады.  Оның 
бәрі  бұл  халықтардың  өзінің  шежіре  деректері  еуропалықтарға    түсініксіз 
болғандықтан  туындайды.  Екінші  жағынан  еуропалықтар  хунну  (хиун-ну-
Банзаровша)  халқының  тарихи  аңыздары  мен  мемлекеттік  титулдары 
моңғолдарға  дейін  сақталуы  мүмкін  дегенге  сенбейді.  Олар  үшін  жазба 
мәдениеті жоқ сауатсыз халықтардың тарихи санасы да тайыз.  
  Шын  мәнінде    түркі-моңғол  халықтарының  тарихи  аңыздары  бірнеше 
мыңжылдық  оқиғаларды  сол  қалпында  сақтай  алады.  Бұл  туралы  найман 
арасында  өмір  сүрген  атақты  шежіреші  ғалым  Құрбанғали  Халидұлының 
«қазақ  нассабшылары  (шежірешілері  деген  мағынада-Ж.О.)  жүз,  екі  жүз 
жылғы  істерге  таласып  отырмайды.  Уақиға  мың  жылдың  ішінде  болса  да  
ішінде жүргендей біле береді» деген тағлымды сөздері айғақ бола алады (125, 
(66  б.).  Сонымен  «шыңғыс»  сөзі  ежелгі  Ғұн    императорларының  «шан-юй» 
титулымен  байланысты  және  Ғұн  тілінде  империя  басшысы  деген  лауазымды 

111 
білдіреді.  
  Моңғолиялық  қазақ  ғалымы  И.Қабышұлы  Темучинге  Шыңғыс  (Жеңіс, 
Жеңгіз)  деген  есімді  еншілеген  сол  кездегі  керейлердің  ханы  Торы  (Тоғрыл) 
екенін  айтады:  «Өзі  үлкен  бір  елдің  билеушісі,  әрі  әкесі  Есукейдің  андасы 
болғаннан  кейін  Торы  бұл  есімді  «жақсы  тілек,  жарым  ырыс»  қылып  айтса 
айтқан шығар. Алайда Шыңғыс хан шапқан сайын төске өрлеп, маңайындағы 
Татар  (тата,  тетан)  мен  Қоңыратты  қоластына  бағындырып  алғаннан 
кейін,  Керей  елінің  өзіне  ауыз  салды.  Әкесіндей  болған  Торыны  (Уаң  ханды) 
туған жерінен безіндіріп, ақыры ол найман қарауылдарының қолынан кездейсоқ 
қаза тапты».  
  Қалай болғанда да «Шыңғыс» титулының Орталық Азияда ғұн дәуірінен 
бері  сақталғанына  күмән  жоқ.  Оны  кезінде  Ғұн  империясының  құрамында 
болған  тайпалардың  бәрі  де  білгені  анық,  империялық  «шыңғыс»  атағына 
ұмтылып,  бірақ  әр  түрлі  кездейсоқ  жағдайлардың  себебінен  ол  мүмкіндіктен 
айрылып қалған найман қариялары да бұл титулды еске түсіріп отырса керек.  
   
12. Керейлер мен моңғолдардың найманға қарсы соғыстары 
 
  Керейіт  ордасындағы  бақаталастық  пен  көре  алмаушылық  Темучинге 
пайдалы  болғаны  анық.    Темучиннің  әкесінің  андасы  болған  Он  ханды 
қолдағаны  моңғолға    жақты,  бірте-бірте  моңғолдардың  жанындағы  қоныстас 
өзге  тайпалардан  күші  аса  бастады.  Бұрын  Селенгі  өзені  бойын  жайлаған 
меркіттер  Темучинге  дес  бере  қоймаушы  еді.  Моңғолдардың  Он  ханмен 
бірлескен  шабуылы  1187  жылы  Қарас-Мұрас  деген    жерде  жеңімпазды 
анықтаған  жоқ.  Бұл  жолы  меркіт-удуиттардың  бірнеше  ауылы  шабылып, 
олжаны  Он  хан  алған  еді.  Меркіттерді  біржолата  жеңу  1197  жылы  іске  асты. 
Осының  алдында  Он  хан  ғана  1187  жылы  елінен  қашып  Темучин  ордасын 
паналаған, осы жағдай керейіттерді тағы да пайдалануға мүмкіндік берді. 1197 
жылы,  қазақша  есеппен  жылқы  жылы,  Он  хан  қайта  күшейіп  Темучиннің  қас 
жауы  меркітті  шапты.  Осы  соғыста  Тоқта  бектің  ұлы  Тоғызбек  өлді.  Тоқта 
бектің қыздары мен екі ағасы қолға түсті. Тоқта бектің өзі Баргуджин-Тоқымға  
жеріне барғұт еліне (бурят) барып жан сақтады.  
  Ендігі кезек наймандарға келді. Жылқы жылы өтіп, енді оның орнына қой 
келді.  Хижраның  есебі  бойынша  бұл  595-ші  жыл,  еуропалық  есеппен  1199 
жылы  Шыңғыс  хан  Он  ханды  ертіп  найманның  Бұйрық  ханына  аттанды.  Бұл 
кезде  найманның  екіге  бөлінген  уақыты,  Бұйрық  хан  ағасына  бағынбай  өзінің 
ұлысын ертіңп Алтайдың қойнауында Қызылбас деген көлді жағалай отыр еді. 
Қазіргі  күні  Қытайдың  Синьцзянь  өлкесіндегі  бұл  көлді  «Үліңгір  көлі»  деп 
атайды.  Бұйрық хан мен Темучин әскерінің алғашқы шайқасы Үліңгір көлінің 
маңында  болды.  Қыс  болып  қалған  уақыт,  жау  шабады  деген  ойларында  жоқ, 
бейбіт  жатқан  ел,  тас  -талқан  болды,  көпшілігі  қолға  түсті.  Бұйрық  хан  осы 
ойсырай  жеңілгеннен  кейін  аз  ғана  нөкерлерін  ертіп  Енесай  қырғыздарына 
қашып  құтылады.    Рашид-ад  -дин  оны  Кем-Кемжуит  еліне  барып  паналады 

112 
дейді. Бәрі бір қырғыз. 
   «Бөлінгенді  бөрі  жейді»  дейді,    Бұйрық  хан  өзінің  өзге  найманнан 
бөлініп,  оқшау  тірішілік  кешкенінің  жазасын  алды.  Бірақ  моңғолдар  мен 
керейдің жолында найманның атақты батыры Көксау-Сабрақтың  ауылдары бар 
еді. Батырдың қарауылшысы Еди-тұқлық найман ауылдарын аңдыған керей мен 
моңғолдардың алдынан кездесті. 
  Көксау-Сабрақтың  қыстауға  қонған  жері  Бәйтерек-Бешір  деген  шұрайлы 
жер  еді.  Бұйрық  ханның  ауылдары  жау  талауында  қалды  дегенді  естіп, 
батырдың  маңындағы  жауынгер  азаматтар  жылдам  жиналды.  Бұлар  Көксау-
Сабрақтың жанында бүкіл өмірін найманның мүддесі үшін сарп қылған, талай 
қанды қырғынды көрген мықты жауынгерлер еді. Ту көтеріліп екі жақ майдан 
даласында  шайқасып  қалды.  Бұйрықтың  ауылдарын  ұйқылы  -ояу  қалпында 
шауып,  үлкен  олжаға  кенеліп,  жайбарақаттанып  қалған  керейлер  мен 
моңғолдардың алдыңғы қатары баудай түсті. Керей мен моңғол әскері шегініп 
қайтадан шеп құрып, қатарын жөнге келтірді. Осы қарбалас қыс уақытында кеш 
те ерте түсті, көзбайлана бастады. 
   Тұра  қашуға  Бұйрық  ханның  ауылдарынан  алған  мол  олжа  бар, 
аяқтарына  байлау  болды.  Бір  жағынан  олжаны  тастап  кетуге  қимаса,  екінші 
жағынан алдында Көксау-Сабрақтың әскері, моңғол мен керейлер абыржып түн 
құшағына енді. Осы дүдамал кезде қашанда оңай олжаға асыға ұмтылатын Он 
ханның  жүйкесі  шыдамады.  Соңдарына  ошақтарының  оттарын  маздата  жағып 
жауды  алдаусыратып,  одақтастарын  қапы  қалдырып,  керейіттер  қос  тіккен 
жерлерінен,  Қара-Сауыл  өзенін  бойлап  елдеріне  қарай  қашты.  Олардың  кейін 
қозғалғанын  көріп  Джамуха  сеченнің  соңынан  ерген  жігіттер  де  ат  басын 
жіберді.  Тарихи  шежірелерге  қарағанда  қатар  қашқан  екеуі  таң  атқан  соң 
кездескен  екен  дейді.  Темучин  де  екі  одақтасы  қашып  бара  жатқан  соң  қалай 
найманның  ортасында  қалсын,  ол  да  нөкерлерімен  есің  бар  да  еліңе  қайт  деп 
кейін тартты.  
  Көксау-Сабрақ  таңертең  әскерін  майдан  даласына  алып  шығып,  қатарын 
құрса, алдында  жаудың от жаққан ошақтары ғана қалған, өздері зым-зия қашып 
кеткен.  Батыр  жаудың  ізімен  алға  тартты.  Эдер-Алтай  деген  жерде  өкшелей 
қуып  жаудың  соңынан  жеткен  Көксау-Сабрақ  жігіттері  керей  мен  моңғолдың 
қолында кеткен адамдары мен мал-мүліктерін түгел қайтарды. 
  Енді  жауды  болашақта  сабақ  болатындай  бір  талқандап  жіберу  керек, 
болмаса  олардың  өзінің  бейбіт  ұлыстарын  шауып  есе  қайтару  керек.  Қыстың 
көзі  қырауда  жорық  жасап,  бейбіт  елді  тонағанды  қойсын.  Көксау-Сабрақ 
найман қолын талай заман басқарған адам, осындай мүмкіндікті құр жіберсін бе 
?!  Найманды  шапқан  жаудың  күштісі  керейіттер  еді,  ендеше  керейіттерді  бір 
үйретіп жібермесе болмайды.   
  Керейіттің  найманмен  шекарада  қонған  ауылдары  жау  аяғының  астында 
қалды.  Бұл  қырғыннан  тек  Он  ханның  інісі  Джакамбу  мен  Нилкэ-Сангун  ғана 
аман  шығып,  өздерінің  ағаларына  қарай  тартты.  Жауды  соңынан  ертіп  алып 
келген осы Он хан, өзі енді жауабын берсін. Өрт сөндіргендей болып келген екі 

113 
інісінің түріне қарап-ақ Он хан жағдайды түсінді.  Бұлар не жау боламыз, не дос 
боламыз  деп  келіп  отыр,  егер  қол  үшін  бермесе  сол  найманның  өзіне  барып 
беріледі де, бұған жау болып шығады. Сол себепті Он хан өзінің ұлы Сангунға  
әскер жинап беріп найманға қарай аттандырды, қайткен күнде де жауда кеткен 
адамдары  мен  малдарын  қайтарып  алып  бермекке  керек.  Амал  жоқ,  тағы  да 
моңғолдарға жалыну керек болды, олар күш қоспаса жалғыз Сангун найманға 
ештеме қыла алмайды. 
  «Моңғолдың құпия шежіресі» бұл жолы Темучин Сангунге көмекке өзінің 
жанындағы  жан  жолдастары,  «төрт  күлік»    атанған  -Бөрші  ноян,  Мұқалай 
гойон,  Борағұл  ноян  мен  Чилауын  баһадүрді  жіберді  дейді.  Бұлар  Сангуннің 
соңынан жеткенде наймандар керейлердің быт-шытын шығарып, Сангуннің өзі 
қолға түсетін жағдайда болса керек, бері қуып келеді екен. Он ханның Сангунға 
ақылшы  қылып  жіберген  Тегін  Кури  және  Итурган-Ютаку  деген  екі  аға  әмірі 
опат болған. Төрт күлік келіп майданға араласып Сангунды аман алып шығады 
дейді. Бұл шежіре моңғол заманында жазылғандықтан, оның ішінен осы жолғы 
болған  соғысты  шынайы  сипаттайтын  наймандарға  қатысты  деректер  табу 
қиын.    Найман,  керей  және  моңғол  арасындағы  қарым-қатынас  барысы  аздап 
моңғолға іш тарта  суреттеледі. Біздің түсінгенімізше наймандар іргелі ел де, ал 
керей,  моңғол  т.б.  тайпалық  деңгейден  әлі  шыға  қоймаған  ұлыстар.  Егер 
найманның Көксау-Сабрақ атты бір батыры олардың біріккен қолын тықсырып, 
елдерін шауып кетіп жүрсе наймандардың оңай болмағаны анық. 
  Осыдан  кейін  Темучин  найманға  тиіспей  Он  ханды  ертіп  алып  өзінің 
жақын  туыстары  тайчуидтерді  талқандады.  Тайчуидтерден  кейін  қатаған, 
салджиут, қоңырат, татар, дүрбен  тайпалары жиналып, бас көтеріп, олармен де 
соғысуға тура келді. Заманында тайчуидтерді Қадан тайшының балалары -Туда, 
Курил  және  Тарғұтай-Қырылтық  бастаушы  еді.  Енді  тайучуидтердің  көпшілігі 
қырғын  тапқан  уақытта    салджиут,  қоңырат,  дүрбен    алға  шықты.  Оларға 
татарлар қосылды. Осылай Темучинге қарсы тайпалар бас қосып көк айғыр, көк 
бұқа, көк төбет сойып бір-біріне адал болмаққа, Темучин мен Он ханға қарсы 
бірігіп  соғыспаққа  ант  берді.  Ертеден  Орталық  Азияның  түркі-моңғол 
халықтарының  арасында  бұдан  өткен  ауыр  ант  жоқ  еді,  айғыр,  бұқа,  төбетті 
қылышпен  бауыздаушы  еді.  Бауыздап  жатып  «О,  Көк  Тәңірі-Бай  ана  біздің 
қандай  құрбандық  шалып  тұрғанымызды  қара.  Бұлар  жер  бетіндегі 
тіршіліктің бастауы, тамыры, киесі. Егер біз өз сөзімізде тұрмасақ, келісімді 
бұзсақ  онда  осылардай  біз  де  құрбандыққа  кетейік»  дер  еді.  Рашид-ад-дин 
«Шыңғыс  хан  Он  ханмен  бірге  Онон өзеніне  жақын  Қатын  нур  деген  жерден 
аттанып  Буир-нур  көлінің  жағасында  сол  тайпалармен  соғысты.  Қырғын 
соғыс  болды,  ақыры  Темучин  қолы  жеңді»  дейді.  Моңғолдардың  бағына 
Темучиннің  қайын  атасы  Дай  сечен  қоңыраттардың  өзге  тайпалармен  келісіп, 
жорыққа аттанғанын айтып қойды. 
  Түркі-моңғолдың жыл санауы бойынша тауық жылы, григорианға салсақ 
1201 жылы Темучинге қарсы тайпалар Арғын өзенінің жағасында  тағы да бас 
қосып  Жамуха  сеченді  өздеріне  гурхан  сайлады.  Рашид-ад-дин  «гурхан  деген 

114 
атақ сұлтандар мен патшалардың үстінен қарайтын басшы деген мағынаны 
білдіреді»  дейді  (100,  т.1.  кн.2,  с.120).  Темучинге  наразылар  аз  емес  еді,  бірақ 
жалпы елдің ниеті Темучин жағына бұра берді.  Тіпті бір жағы Джамуха сеченге 
ақ  үйлі  алып  барып,  оған  бас  ұрып  жатқанда,  екінші  жағы  Темучинге 
бүйректері бұрып тұрды. Джамуханы «гурхан» сайлаған жиналыстың хабарын 
да Темучин өзіне қарсылас болып жүрген қоралас руының адамдарынан естіді. 
Шұғыл  аттанған  моңғол  жасағы  өздеріне  қарсы  ниетте  одақ  құрып 
жатқандардың тас-талқанын шығарды.  
  Бұл  соғыстарда  жеңілген  батырлардың  бәрі  де  жан  сақтап  Бұйрық  ханға 
келіп  қосылды.  Осылайша  оның  жанында  меркіттің  басшысы  Тоқтай  бекті, 
дүрбен мен татардың басшысы Акуту батырды, ойраттың басшысы Кутука бекті 
көреміз.  Арада  үш  жыл  өтпей  жатып  найман  мен  моңғол  тағы  да  шайқас 
даласында кездесті.  Аз уақыт болса да бұл уақытты саяси жағдай өзгерген еді. 
Темучин  маңынан  болашақта  ұлы  империяға  қызмет  жасайтын  айлалы  және 
ақылды азаматар мен олардың соңынан ерген топтар анық көріне бастады. Тіпті 
Тәңірінің  өзің  де  Темучинге  жол  ашып  тұрғандай  көрінеді.  Аңыздарға 
қарағанда екі  жақтың әскері кездескен уақытта найман бақсылары жәді тасын 
алып  шығыпты.  Жәді  тасын  зікір  салып  суға  тастап  еді,  өздерінің  үстіне 
жаңбыр  мен  қар  аралас  құйып  берді-мыс.  Бұл  кезде  найманның  қолы  мен 
одақтастары  Күйтен  деген  жерде  еді.  Суық  ұрған  әскер  таудың  арасында 
жаурап, аяқ-қолдары үсіп мүсәпір болды да қалды. Тау мен тас мұз болып қатып 
адамдар  мен  аттар  аяқтары  тайып,  құздан  құлап  жатты.  Джамуха  сечен  осы 
жолы  тағы  да  сатқындық  жасады.  Жағдайдың  ушыққанын  көрген  ол  өз 
қарамағына ерген елді ертіп, жүрмегендерін сабақты инесіне дейін тонап алып 
Темучинге қосылды.  Сол кезеңдегі Темучинге қарсы топтарды бастап жүрген 
Джамуханың опасыздығы осымен аяқталған жоқ, ол кейін Накйман ордасының 
талқандалуына да үлес қосты. Темучин мен Тоғырыл хан найманды шапқанда 
тізе  қоса  қимылдады,  осы  себепті  жауынгерлігі  мәлім  Бұйрық  хан  ойсырай 
жеңілді.  Тағы да найман билеушісі басын әзер сауғалап,  қашып құтылды. Егер 
осы  жолы  наймандар  жеңсе  Орталық  Азия  олардың  қол  астына  өтуші  еді  де 
болашақ  империяны  құрушылар  наймандар  болар  еді.  Бірақ  тарихтың 
доңғалағын  кері  айналдыру  мүмкін  емес,  бақ  құсы  қият  билеуші  әулетінен 
шыққан Темучинге қонып тұрды.  
  Бақ  құсы  Темучинді  керейлермен  жауласқанда  да  қолдады.  Құдай 
тағаланың  құдіретімен  мемлекеті  бар  елдерден  көрі  өз  ара  ырду-дырду  болып 
жүрген  жабайы  тайпалар  бірлестігі  мен  Темучин  маңына  жиналып  жатқан 
тұлғалардың  мысы  басып  кете  берді.    Елінің  саны,  күші  мен  қуаты  жағынан 
наймандардан  сәл  ғана  кейін  тұрған  керейіт  елі  де  Темучинге  қарсы  тұра 
алмады.  Тағдыр  айдап  Тоғырыл  хан  Таян    ханның  жасауылдарының    қолынан 
қаза тапты.  
  Таян  хан  маңайындағы  әлі  де  моңғолдарға  бағына  қоймаған  меркіт, 
қатаған,  дүрбет  тайпалары  және  бұрын  талқандалған      керейттер  мен 
татарлардың  біраз  бөлігімен  одақ  құрып,  Темучинге    қарсы  жорыққа 

115 
қамданады.  Алайда  бұл  хабарды  алысымен,  Темучин  ертерек  қимылдап, 
одақтастар  әскеріне  тұтқиылдан  шабуыл  жасап,  оларды  тас-талқан  етеді.  Таян 
хан  соғыста  қаза  тауып,  оның  ұлы  Күшілік  аман  қалған  жұртын  бастап,  бұл 
кезде  Алтайдың  түстігінде  жүрген  ағасы  Бұйрық  ханға  келіп  паналайды. 
Осыдан  кейін    найман  елінің  ұлан-байтақ  қонысы-Алтын  Алтай  аймағы  
моңғолдың қоластына қарады.  
  Қанаттас  отырған  ірі  көршілері  наймандар  мен  керейіттерді  осылайша 
жеңгеннен  кейін  бұл  өңірде  енді  Шыңғыс  ханды  тоқтата  алатын  күш  те 
қалмаған  еді.  Аз  уақытта  ол  қазіргі  моңғол  жерінен  бірнеше  есе  көп    келетін 
аймақты түгел бағындырып алды.   
  1206  жылы  киіз  туырлықты  көшпелілер  Онон  жағасына  құрылтайға 
жиналып,  «тоғыз  сирақты  ақ  ту  көтеріп»,  Темучинді  Орталық  Азия 
көшпелілерінің  жаңа  империясының  Шыңғыс  деген  титулмен  ұлы  ханы  етіп 
көтерді.  

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал